Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 35

Total number of words is 4421
Total number of unique words is 2219
37.5 of words are in the 2000 most common words
52.7 of words are in the 5000 most common words
60.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Бьяртурға бір хатты ұстатты да, қош айтысып, өз жөнімен кете берді.
Мұндай хат алу Бьяртур үшін өте сирек кездесетін, тіпті бірінші рет
дерлік кездескен оқиға еді. Ол бұрын өз борышын уақтылы өтеу керектігі
жөніндегі ескертпе есеп-хаттар ғана алып тұратын. Өйткені ешкімге
тəуелсіз, өз еркі өзіндегі дербес адамдар басқадай хат алмайды. Ал
мынадай хаттар əдетте біреуге тəуелді, өз еркі өзінде жоқ адамдарға ғана
жолданады. Бьяртур хаттың сыртындағы жазудан оның кімге тиесілі екенін
екі рет оқып болды да ары-бері аударыстырып, оны асты-үстінен бірдей
мұқият қарап шықты. Екі ұлы əкесі конвертті ашып тұрған кезде оның екі
жағына жасырына келіп, жақындай түсті, оның мына хатты оқып
тұрғандағы беті-жүзінде болып жатқан құбылыстарға қараумен болды.
Бьяртур бір жапырақ қағазды көзінен алыстау ұстап, сəл қиғаштана қарады,
қастарын тырыстырып, қабағын тыржита, басын шалқайта тұрып, онда не
жазылғанын мұқият оқып шықты.
Ол хатты тағы бір рет оқып шығып, ойлана түсіп, желкесін қасыды.
Балалар не болып қалғанын білмей, бастарын қатырды. Бьяртур хатты
үшінші рет қайталап оқып шықты да, бүктелген қалпы қалтасына салып,
кетіп қалды. Бұл хатта қандай құпия, қандай жаңалық бар екенін оның
өзінен басқа əлі ешкім де біле алған жоқ.
Көктемнің жарық түні еді. Жасыл түсті шалшықты балшықтың үстінде
шарбы бұлттар қалықтайды. Бұл кездің құс атаулыға ұнайтыны сонша, олар
тіпті кеш болғанда да тоқтаусыз сайрай береді. Иə, көктем ілгері ентелей
түсіп, күн өткен сайын күшіне мініп келеді. Бьяртур өрістегі жайылымның
оңтүстігіне тағы да барып қайтуды ұйғарды. Онда бір саулық қоздауы тиіс
еді. Соны иіріп қайтпақшы. Мезгіл кеш болса да ол кенже ұлын ерте кетпек
болды.
Əке, сенімен бірге мен-ақ барайын. Нонни əлі жас қой. Ерте жатып,
ұйықтай берсін, - деді үлкен ұлы Гвендур.
Əкесі келіспеді:
- Мен айттым ғой - менімен бірге кішкентай Йоун барады, - деді. - Сен
өзің жатып, дем ала бер. Оның есесіне мен сені ертең бұдан əлдеқайда ерте
оятамын.
Əкесі шалшықты балшықты бетке алып, ірі адымдап барады, ал баласы
аяғын тапыр-тұпыр тез басып, бір төмпешіктен бір төмпешікке секірумен
еріп келеді. Олар осылай еңіске түсті. Бойлап өскен сиыр жоңышқа көкке
көтеріле ұмтылады, ал оның жанында аласа сарғалдақтар мен құлмақ өсіп
тұр. Судың сұрғылт айдынында емін-еркін жүзіп, серуендеген үйректер
өздерінің салып алған ұяларына беттеп барады. Тынымсыз шықылықтаған
балшықшы құс Бьяртурға таусылмастай ұзақ ғажайып сага айтып бергісі
келгендей-ақ оның қыр соңынан қалмай келеді. Ал құлақ түріп тыңдай
қалсаң, ондай ғажайып сага айтып беруге ешқандай мазмұны жоқ сияқты:
мың жылға дейін таусылмай созыла беретін хи-хи-хи деген шиқыл ғана.
Əйтеуір бір кезде алыс өлкеде жүргенде осы сага есіне түсе қалса, сен
оның керемет жақсы əрі əдемі екеніне, өзге сагаларға қарағанда барынша
тартымды естілетініне, бəлкім, жер бетіндегі ең əдемі сага осы екендігіне
кенеттен көз жеткізетініңе дау жоқ. Сонда сен: "Бұл саганы о дүниеге
барғанда тағы да еститін шығармын. Құдайға мадақ айту мерекесі
қарсаңындағы түнде осы шалшықты балшықта серуендеп қайтуыма рұқсат
ететін болар" деп үміттенесің. Сонда сен бұл ғажайып саганы, басқа
ешқандай саганы емес, тап осы сағаны тағы да еститін боласың.
Олар іздеген саулығын балшықты көгалдан тапты. Ол аман-есен
қоздапты. Бұл өте жақсы болды. Бьяртур қозыны ұстап алып, құлағына
жалма-жан ен салды. Енесі таяу келіп, ақырын ғана емірене маңырады.
Бьяртур оны да ұстап алып, желінін ұстап көрді. Иə, сүті жеткілікті екен
Ертең - Құдайға мадақ айтылатын күн. Кішкентай Соула төменге, поселкеге
түсіп, онда пастордың қарамағында бір апта бойы болады. Өйткені
Аустаның Үш құдай мерекесіне дейін шоқындырылып, христиан дініне
қабылдануы керек. Таңға жуық күшті жаңбыр жауатын түрі бар. Бұл көк
шөп үшін жақсы-ақ. Бьяртур жағалаудағы арша өсіп тұрған төмпешікке
жайғасып отырды да өзеннен көз алмай, ұзақ қарады. Өзен асықпай, баяу
ғана ағып жатты. Қарсы беттегі жағалауға суды шалпылдата екі үйрек келіп
қонды. Олар бұған тағзым еткендей болып, мойындарын ие түсіп, ерсіліқарсылы жүзді. Оларға бала да қызыға қарады. Бəрі де барынша баяу, тыптыныш мүлгіген қалпында. Шамасы, мына шалшықты балшық өзінің
бұрынғы кінəлары үшін кешірім сұрап жатқандай. Осы бір шалшықты
балшықты жазықта не сұмдықтар болмады дейсіз?! Енді, міне, иен дала
өзінің сүйікті ерке перзентімен ақырғы рет қош айтысып жатқандай.
- Иə, кішкентай Иоун, - деді əкесі. Ол мұны күтпеген жерден Иоун деп
атады. Ал бала оған емес, қасынан баяу жылжып ағып жатқан өзенге
қараумен болды. - Менің саған бір нəрсе айтуым керек. Үйге содан кейін
баратын боламыз.
Үнсіздік орнады.
- Төменде, Фьордта, бір əйел тұрады, - деді Бьяртур. - Рас, мен оны
танымаймын да, білмеймін де. Бірақ сондай бір əйелдің бар екені күмəнсіз.
Шамасы, оның судьямен туыстық қарым-қатынасы болуы керек. Бірақ
менің ол жағында жұмысым жоқ. Кім болса, ол болсын, мен үшін бəрібір.
Бірақ сол əйел алыстағы, сонау батыс жақтағы үлкен бір елде туып-өсіп,
біздің елге сол жақтан келген көрінеді... Біреулер ол елді Америка деп
атайды. Шамасы, жер шарының басқа бір бөлігі болуы керек.
- Иə, мен оны білемін, - деді бала.
- Ім... Сен оны қайдан білесің? - деп сұрады əкесі.
- Иə, мен мұны оқып білгенмін.
- Е, солай ма еді? - деді əкесі. - Бірақ оқып білгеннің бəріне бірдей сене
беруге болмайды. Бір нəрсенің басы ашық - ол жақта шөбі шүйгін
жайылым жетіп артылатын көрінеді. Біздегіден бірнеше есе жақсы, тіпті
салыстыруға келмейді деседі. Онда қойлар жыл он екі ай бойы ешкімнің
қарауынсыз өз аяғымен жайылады екен деп сандырақтайтындар да бар.
Онысы, əрине, қып-қызыл өтірік. Америкада малды қалай азықтандыру
керектігі туралы əңгімелер де құлаққа кіре бермейді. Бірақ ол елде,
жұрттың айтуына қарағанда, түрлі кəсіп үйренуге болатын көрінеді. Мұның
өзі болашағы алдағы жас жігіттер үшін ете пайдалы. Кəсіп үйренсең,
ешкімге тəуелсіз, өз еркің өзіңдегі дербес азамат бола аласың.
- Иə, солай екені рас, - деді баласы. - Ал ол елде үлкен өзендер бар ма
екен?
- Үлкен өзендер дейсің бе? Иə, бар деседі. Бірақ үлкен өзендер басқа
елдерде де бар ғой.
- Ал қалалар ше?
Қой əрмен! Сайтан алсын сол қалаларды!.. Жұрттың қала туралы
айтқан көпірме сөзіне құлақ асып, сене берме! Сонымен, жалпы айтқанда,
əлгі əйел өзінің үлкен еліне қайтқанда сені бірге ала кетуін өтіндік. Сенің
нағашы жағыңнан бір туысың - ол сонда тұрады - сені өз қолына алғысы
келетін көрінеді. Пайдалы кəсіп үйренгеніңді қалайды дейді. Менің
түсінуімше, ол сенің жол шығыныңды төлеуге ақша салып жіберіпті. Əлгі
əйел сенбі күні таңертең жүріп кететін сияқты. Марқұм шешең сенің
болашағыңнан үміт күтіп, неше түрлі жоспарлар жасаушы еді. Сол арманы
орындалсын. Мен сенің сонда барғаныңды жөн деп санаймын.
Бала ештеңе деп кесімді жауап қатпады.
- Мен сені ертең кешке Фьордқа жеткізіп саламын, - деп, əкесі сөзін
жалғастыра түсті. -Əрине, сен өзің осыған келісетін болсаң.
Тағы да үнсіздік.
- Не болды сонымен? Барғың келе ме?
- Иə, барғым келеді, - деп, бала жылап жіберді.
- Е, солай ма?! - деп, үн қатқан əкесі орнынан ақырындап көтеріле берді.
- Солай екен ғой. Менің сенен қайта-қайта сұрап отырған себебім, меніңше,
адам өзінің көңіліне қонған, өзі дұрыс деп тапқан нəрсені ғана істеуі тиіс. Ол орнынан тұрды да. - Сен өзіңе айтылған нəрсенің бəріне бірдей сене
берме, жартысына сенсең де жетіп жатыр - оған еш өкінбейсің. Басқасының
бəрін де ұмыт. Егер өзің дұрыс деп тапқан нəрселеріңді ғана істесең, еш
өкінбейсің. Ұтып шығасың.
Əкелі-балалы екеуі үйге қайтып оралған кезде ондағылардың бəрі
ұйықтауға жатып қалған еді. Кішкентай Нонни үн-түнсіз шешінді де
əжесінің жанына қисая кетті.
Нонни енді жылағанын қойды. Балшықты алқаптан құстардың сайрап
салған əні естіледі. Бəлкім, бұл құстардың салған əнінің жаңғырығы болуы
да мүмкін. Осы əн оның жан дүниесін тебіренте берді. Ол көктемнің
мүлгіген, қып-қысқа түнінде бірде-бір рет үзілмеді. Бұл оның жан дүниесі
ешқашан ұмытпайтын - қандай алыс елге кетсе де, қандай салтанатты
сарайлардың үлкен залдарындағы қабылдауда болса да есінен бір елі
шықпайтын əуезді дыбыстар ғой. Бұл - өзі туып-өскен Исландияның
шалшықты балшығындағы құстардың көктемнің тамылжыған қысқа
түнінде сайрап салған сүйікті əуендері ғой!
Иə, йен далаға қатал қыстан кейін көктемнің жаймашуақ, нəзік əрі
керемет байсалды күндері келіп жетеді. Қазір баланың көз алдына
алыстағы жаңа елдердің көркем көрінісі елестейді. Ол елдер бұған теңіздің
түбінен көтерілген су перілері сияқты көрінеді. Олардың тұңғиық тереңнен
алып шыққан қымбат бағалы ұлу қабыршақтары мен інжу-маржандары
жазғы күннің алғашқы шуағына малынып, жарқ-жұрқ етіп тұрғандай. Енді
бірде əлгі байырғы елдерден гүлденген бау-бақшалардың жұпар иісі
аңқиды. Теңіздің көгілдір айдынына құшақ жая созылып жатқан əдемі
ақшаңқан қалалар қызықтыра көз тартады. Содан соң оның көз алдынан
Колифорнияның жап-жасыл шулы ормандары, Жер орта теңізінің
жағасында күн сəулесіне малынып, алтындай жарқыраған пальма
ағаштарының аллеялары тізіліп өтіп жатыр. Əне, Миссисипи өзені. Оның
екі жағалауындағы ну орманда бұғы мен барыс қатар жүр. Олар өздері
тұрақтайтын қолайлы орын іздейтін сияқты. Міне, осыдан кейін бала бүкіл
дүниеге арнап əн шырқауға тиісті емес пе?!
Сығырайған кішкентай терезенің алдында, əжесінің кереуетінде көсіле
жатып алып, алыстағы шетсіз-шексіз кеңістікті ойша елестетудің өзі де
бақыттың ең шырқау шегі шығар. Өйткені бала сондай ортада өмір сүру
үшін жаралған емес пе?! Тап қазір оның жан дүниесі бейне бір байсалды
тыныштық тапқандай - көктемгі мақпал түннің мүлгіген тыныштығына
ұқсайды. Бірақ ол сонда да ұйықтай алмады. Ол өзін енді тіпті ешқашан
ұйықтамайтындай сезінді. Ендігі өмірі осы көктемнің мақпал түтініндей
мəңгі-бақи созыла беретіндей болып көрінді. Бұған дейін жап-жас болса да
жан түршігерлік қорқынышты оқиғалар дауылын басынан кешірген оған
ендігі бүкіл өмірі рақатта өтетін сияқтанды. Анау көрінген таулардың арғы
жағында ешқандай да ел жоқ деп түсіндіріп келген күндер қалды. Сөрелер
мен шкаптардағы кəстрөлдер мен табаларға тіл біткенін ойша тамашалап
жатты. Іш пыстыра зарықтыратын көңілсіз сəттерден зорға дегенде
арылатын күндер де келмеске кетті. Əкесінің қатты қорылын естіп жатып,
ұшы-қиыры жоқ кеңістік пен таусылмайтын шексіз уақыт арқылы бөтен бір
бейтаныс дүниеге сапар шегу туралы қиялдап, көп нəрсені көз алдыңа
елестететін кездер де ұмыт бола бастады. Айтпақшы, ол қиялмен сапар
шегудің елестері еді-ау. Енді, міне, нақты өмірдегі алыс сапарға
шықпақшы.
Нонни бұл түні көз іліндіріп алуды тіпті де ойлаған жоқ. Үйдің төбесіне
қарап жатып, ондағы мəтке ағаштың бұтағын, оның жалғыз көзді адам
сияқты көрінісін көз алдына елестетіп, есіне түсіргісі келді. Ноннидің
қиялы одан əрі шарықтай берді: əлгі жалғыз көзді адам сияқты бұтақ
мұның нағашы жағынан туысқаны болып көрінді. Мұның жол шығынына
деп ақша жіберген де сол... Яғни қандай қиял болса да əйтеуір бір
орындалатын сияқты. Адам көз алдына қиялмен елестететіндерінің бəрі де
өмірдегі нақты шындыққа айнала алады екен. Сəті түскен бір тамаша күні
сен сол шындықтың билеуші қожасына айналуың да əбден мүмкін. Өйткені
сен ол шындықты бұдан бұрын қиялмен жасап қойған болатынсың. Тіпті
үйдің төбесіндегі қураған бұтақтың төңірегінде тəтті қиялдан өзге ештеңе
де жоқ, мына бүгінгідей өмір шындығы үш ұйықтасаң, түсіңе де кірмейтін
күндерді бір түрлі сағынғандай да боласың. Сонымен алғашқы түні
Ноннидің көзіне əлдебір мұң ұялады. "Мама" деген сөз оралды оның
ойына. Сол сəтте-ақ оның көз алдына марқұм шешесі елестеді. Ол
шынында да кімнен болса да жоғары, кімнен болса да жақсы еді-ау! Нонни
шешесінің əрбір күрсінісін естіген сайын өзінің жүрегі қатты сыздап
ауырған күндерді есіне түсірді. Міне, жүрегін сыздата ауыртатын сол ауру
енді мұның өмір бойы есінен шықпайды. Ол шырқап салатын əрбір əнінен
айқын сезілетін болады. Бұл енді қандай ну ормандарды араласа да, қандай
ғажайып өлкелерді тамашаласа да марқұм шешесін ешқашан есінен
шығармайды. Ол шалшықты балшықтағы əрбір кішкентай төбешіктің
көкжиекпен ұласқан биік тауларға ұқсап кететін күндерді де ешқашан
ұмытпайды. Жоқ, бұл оның ешқайсысын да ұмытуға тиіс емес. Қазір ол
өткен күндерге көз жіберіп, оны өмір шындығынан тыс əлдебір биік
шыңның басынан шолып тұрғандай сезінді. Екі ортада шалқып жатқан
теңіздер, көсіліп жатқан көп елдер, ұзаққа созылған жылдар мен ғасырлар
бар сияқты. Соның өзінде де ол мына кіп-кішкентай жылы бөлмені айқын
көре алатындай. Өйткені ол бұл бөлмеде марқұм шешесінің ауырып
жатқандағы əрбір ыңқылына мұқият құлақ түрумен болған; талай-талай түн
ішінде оның ұйықтап жатқанын немесе ояу екенін жанашырлықпен байқап
білген. Бұл шағын бөлме алыс елдердегі ну ормандарды аралап жүргенде
де көз алдынан кетпейтін болады.
- Иə, балақайым, - деді əжесі таңертеңгісін. Ол əдетте қолынан
тастамай, қыбыр-қыбыр тоқып отыратын істі былай ысырып қойды.
Мұндай кідіріс онда өте сирек болады. Ол немересі Нонниге жартылай
жабылған қабағының астымен қарады. - Мені өз өмірінде не көрмеді десең
де болады!
Терезеден күн сəулесі құйылып тұр еді. Оның тозаңданған жолағы
тікелей еденге жетіп тіреледі. Ауста терезенің тұсында Ноннидің киімін
жамап отыр. Баланың мерекеге киетін кеудешесі тозып, екі жеңінің
шынтағы тесіліп қалған болатын. Əжесі оған жаңа шұлық пен биялай
тоқып берген. Соула "Америкаға барғанда киесің" деп жаңа байпақ та
тіккен. Ноннидің бір күні ерігіп отырып, қарт əжесінің беті-жүзіндегі шымшытырық əжімді санап шықпақ болып əуреленгені кенеттен есіне түсіп
кетті. Енді міне сол əжімдердің саны қанша екенін біліп үлгермеген бойда
алыс сапарға жүріп барады. Солай бола тұрса да сол шым-шытырық
шимайланған əжім іздерінің мұның есінде сол қалпында түп-түгел
сақталып қала беретініне сенімді ол əженің төсегі жанында үн-түнсіз соңғы
рет түрегеп тұрып, біресе ана затқа, біресе мына затқа мұқият қараумен
болды. Бөлменің төбесін жабуға салынған мəтке ағаштарға да көз жүгіртті.
Олар шіри бастаған сияқты. Үйдің төбесі бəсең тартқандай көрінді.
Кереуеттің бір шетінде əкесінің шүберекке қалың оралған екі пышағы
жатқанына да назар аударды. Көз алдынан боялмаған қой жүні салынған
көрпе төселген кереуеттер де, адамдар ондаған жылдар бойы отыра-отыра
жылтырап кеткен орындықтар да, аяқтардың ауыр салмағымен
ойысыңқыраған, едəуір кір-қожалақ еден тақтайлары да, бір көзі сау, бір
көзі шытынап сынған кішкентай терезе де, терезенің арғы жағында
шамадан тыс биік шөптің сорайған сабақтары да, шалшықты балшықтың
бергі шеті де, оған қарай жарқырай ағып жатқан шағын өзеннің бұрылған
иіні де, бөлменің бір шетіндегі жылдар бойы от жағылып, осындағы барша
жанды жылытып, шай қайнатып, ас пісіріп ішіп келген плиталы пеш те, əне
оның үстінде сыртын ыс басқан, қазір түннен қалған салқын ботқа бар
кəстрөл де - бəрі-бəрі де бірінен соң бірі тізіліп өтіп жатты. Əне Ауста
жатыр - онымен кеше кеште ғана көк шалғынды жасыл сайдағы көк шөптің
үстінде отырып, ұзақ сөйлескен... Содан кейін онымен қайта тілдесуге
мұның батылы бармаған. Байғұс болған аяулы əпке-ай! Махаббаттың дəмін
ғана тата салып, оның өлім тілеп зарланатын себебі не екен?! Иə, оның
себебі - махаббаттан өзге ештеңе де емес. Иə, махаббат қана.. Махаббаттың
азабы масқара ауыр! Ол аяулы əпкесі Аустаны осындай халде жалғыз
тастап кетемін-ау деген ой келгенде өзінің қалай селк ете қалғанын сезді.
Бірақ енді мұның қолынан келер қандай жəрдем бар?! Алыс шетелден хат
алып отыр. Мұның ендігі тағдыры осы хатқа тікелей байланысты! Қыз
байғұс мұндай хат та алған жоқ: оның үстіне, шешесі, мұның сорына қарай,
қызының асыл арманы қандай болуы тиіс екенін қалауын ойша болжап
үлгермей жатып, ерте өліп қалды, Ауста қамкөңіл де шерлі қыз болып өсті.
Соуланың көзін ашар-ашпастан бұл өмірден көрген жалғыз жақсылығы
бар. Ол - бейшара иттің əлі қызылшақа жетімек мұны өзінің жылы
бауырына алуы ғана. Оның үстіне, енді келіп аңсаған асыл арманым деп
машақаты мол махаббатты таңдағанын қайтерсің?! Аяулы Ауста
Соуллилья, енді мен не істемекпін? Амалым жоқ, кетуім керек. Өйткені
махаббат мəселесінде саған өзіңнен өзге ешкім де көмектесе алмайды. Енді
сен көп ұзамай төменге, поселкеге түсесің, пастордың қарамағында болып,
шоқынасың - христиан дінін қабылдау рəсімінен өтесің... Ал мен алыс
елдерге ағайымнан хат алып, сонда кетіп барамын...
Кемпір жастығының астына қолын сұғып, əлдебір кішкентай
түйіншекті ақырын ғана суырып алды. Онда əртүрлі мата қиындылары,
тоқылған бұйымдардың қалдықтары мұқият бүктеліп оралған екен. Ол
əлсіз саусақтары дір-дір етіп, əлгі заттарды аударыстыра бастады.
- Сен əлі осында тұрсың ғой, менің тəтті тентегім? - деді əжесі, əлгі
түйіншектің арасынан ақыры бір нəрсені іздеп тауып.
- Иə, осындамын, əже, - деді немересі.
Бұл оның бірден-бір қымбат қазынасы, өз меншігіндегі бірден-бір
қимас байлығы еді: біреуі - үш бұрышты үшкіл жұқа орамал, екіншісі құлақ шұқып, тазартатын титтей ғана таяқша. Əжесі жөргегінен өз қолында
өскен немересіне онымен қоштасар сəтте осы қымбат қазыналарын
сыйламақшы еді. Өйткені басқа берер бір түйір де тəуір нəрсесі жоқ
болатын.
- Бұл, əрине, түкке тұрғысыз дүние, - деді ол. - Бірақ мына үшкіл
орамалды мереке күндері мойныңа тағуыңа болады. Əрине, ауа райы жақсы
күндері. Ал мына құлақ шұқып тазалайтын таяқша - біздің əулеттегі
ежелден сақталып келе жатқан қасиетті зат.
Кемпір немересіне ешқандай псалом-дұға оқып, бата тілеген жоқ. Тіпті
Иисустың да атын ауызға ала қоймады. Əр түрлі күнəлі істерден сақтанып
жүр деп те ескертпеді. Америкада жүрген балаларыма менің атымнан иіліп
сəлем бер де деген жоқ. Өйткені ол жарық дүниенің қиыр бір шетінде
күнкөріс қамымен ғана жүрген туған балаларын мүлде жат көріп, олардан
біржола безінген болатын. Кемпір Нонни Америкаға аттанып кеткеннен
кейін де балаларының жағдайы қалай екен деп ешқашан сұрастырған емес.
Кемпірдің немересі Нонниге бар айтқаны мынау болды:
- Осыдан барған жеріңде мен сенің екі нəрсені есіңнен
шығармағаныңды тілеймін -Кемпірдің əбден тозығы жетіп, шым-шытырық
əжім тілгілеп тастаған беті-жүзі əдеттегісінен əлдеқайда күшті қалтырап
дірілдегендей болды. - Менің сенен өтініп сұранарым, біріншіден, өзіңнен
дəрежесі төмен қорғансыз жандарға ешқашан дөрекілік жасап, оларды
қорлай көрме, екіншіден, тілсіз жануарды қинап, азапқа сала көрме.
- Нонни жаным, əжеңе алғыс білдіріп, рахметіңді айт, - деді Ауста. - Ол
кісі саған бар байлығын, ақыл-кеңесін беріп отыр ғой.
Нонни əжесіне қолын ұсынып, оған өз алғысын үнсіз ишарамен
білдірді. Өйткені оның жасаған сыйлығы үшін қандай сөздермен алғыс
айту қажет екендігін білген жоқ.
Кемпір бейшара немересінің жолына арнап бұл елдегі өте жұпыны атап
өтілетін Рождество мейрамымен тығыз байланысты заттарын түгел берді.
Ал Нонни оның енді қайтып Рождество мейрамына дейін тірі бола
қоймаспын деген ойда екеніне кəміл сенді.
ЕЛУ СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
РЕДСМИРИЛІК БАС БƏЙБІШЕ ЖЕҢІЛІСТІҢ АЩЫ ДƏМІН
ТАТТЫ
Үш құдай мейрамы қарсаңында Ауста поселкеден қайтып оралды. Ол
христиан дінінің негіздерін үйреніп қайтты деп үміттенуге əбден болады.
Ертең ол шоқындырылып, христиан дінін қабылдаудың ресми рəсімінен
өтуі тиіс еді. Бірақ үйге бүгін кайтып келуінде жатқан қандай құпия сыр
болды екен? Бьяртур поселкедегі бір əйелмен келісіп, Аустаға жаңа көйлек
тіктіріп бермек болған. Ол үшін алдын ала ақысын да төлеп қойған Бұлар
қыз үйге шіркеуде шоқындырылып, дінге кірудің ресми рəсімінен өткеннен
кейін ғана - Үш құдай мерекесі күні кешке қарай келуі жөнінде келісіп
қайтқан жоқ па еді? Бірақ, қалай дегенде де, оның бүгін, сенбіде, Үш құдай
мерекесінен бір күн бұрын кешке қарай қайтып келуінің себебі не?
Мұның себебі мынадай еді.
Кер атты салт мінген бір əйел шалшықты балшық арқылы келе жатты.
Ат аяғын батпаққа терең батырып алмас үшін ерекше сақтықпен абайлап
басады. Үстіндегі əйелдің киген көйлегінің кеңдігі сонша, оның етегіне
жарты приход сыйып кеткендей. Оның астындағы мінгені - əлдебір көтерем
əрі ақсақ ат емес, Редсмиридегі атақты Сорли деген ат еді. Ол -əрі жүйрік,
əрі жеңіл жүрісті, мойны құрықтай иілген келісті ат. Салт атты əйелдің
соңында асығып, төмпешіктен-төмпешікке секіре басып, кейде аяғын қара
лайға тізесіне дейін батырып, Соула еріп келеді. Оның ұнжырғасы төмен
түсіп, басы салбырап кетіпті. Жылап келеді.
Бьяртур қашанғы қонақжайлық əдетімен шалшықты балшық жаққа
беттеп барып, олардың алдынан шықты. Келген əйелмен жылы шырайлы
жарқын жүзбен аман-саулық сұрасты. Ат тізгінінің шылауынан ұстап,
жетекке алды. Қотанның құрғақ жерімен үйге қарай жақындап келе жатып,
ара-арасында қонақ əйелге əзіл айтып қояды.
- Бұл өңірде ақ қарға сирек көрінуші еді, - деді ол. - Қайдан келе
қалдыңыз?
Қораға кірген соң Бьяртур əлгі əйелдің қолтығынан демеп, аттан түсуіне
көмектесті.
- Сіз күн өткен сайын Редсмиридің нағыз бəйбішесі болып келе
жатырсыз, - деді Бьяртур. Өйткені бұл əйел Рим папасы сияқты əрі толық
болатын əрі барынша бəлсініп, маңғаздана түсетін. - Гвендур, балам,
Сорлидің ауыздығын алып, қотанның маңындағы отқа жібер, ал фру үйде
кофе қайнағанша осында менімен бірге бола тұрсын. Ал сен, Соула, тезірек
үйге кір, пештегі от жанып жатыр ма екен, соны байқа. Біз сен кеткелі от
жағып онша жарытып жүрген жоқпыз. Өткен жексенбіде бір аптаға
жетерлік етіп балық пісіріп қойғанбыз. Саған не болған, балам? Жүзің бір
түрлі сыныңқы ғой. Исландияның ұлы ақыны келіп отырғанда қабағыңды
ашып, ашық-жарқын жүргенің дұрыс.
Соула əкесіне жауап қатпады. Есіктің маңдайшасына басын соғып алмас
үшін сол жабырқаңқы көңілмен еңкейе түсіп, үйге кіріп кетті. Бьяртур мен
старостаның əйелі екеуі тыста, қорада қалып қойды. Олар онда Исландия
көктемінің поэтикалық жəне практикалық тұстары туралы қызу əңгімеге
кірісті. Аңғардағы керемет көріністерді əрқайсысының өзінше қалай
бақылап, қалай əсер алғанын айтысты.
- Қалай, Иоун қарт саулықтарының тезірек төлдеп бітетін түрі бар ма? деп сұрады Бьяртур.
- Жақындап қалды-ау деймін.
- Əрине, саулықтарының қоңы жақсы болар? Солай ма?
- Иə, жақсы, əрине.
- Рас, онда да біраз шығын болды. Бірақ, бақытына қарай аман қалғаны
да аз емес - жетіп артылады ғой. Ал шөптің шығымы қандай? Біршама
дұрыс? Иə, мұндағы, йен даладағы шөптің шығымы да жаман емес.
Биылғы көктемде қу түлкілер мен басқа да жыртқыш аңдар аз шығар? Бұл
жағы жақсы екен. Бізде де солай деп айта аламын. Оларға жемтік қайдан
болсын? Биыл мал өлім-жітімге ұшырай қойған жоқ қой. Мен мұнда түлкі
түгілі, кəдімгі ақ шағаланы да көре алмай жүрмін. Дегенмен мен бір күні
терең шатқалдың үстінде қарқылдап ұшып жүрген қалың қарғаны байқап
қалдым. Сіздерде қойды ішек құрты құтырына мазалап жатқан жоқ па?
Мұнда олар атымен құрып кетті. Төл алу бұрынғы қай кездегіден болса да
өте жақсы өтті. Бүгін-ертең аяқталады. Егер Капа деген саулығымыз биыл
да дер кезінде қоздап берсе, солай болады. Мен осы саулығымды ерекше
мақтан етемін. Ол дəл бүгін қоздауы тиіс. Мен оның жағдайын біліп
қайтайын деп, шалшықты балшықтың оңтүстік жағын аралап қайтуға
жиналып отыр едім...
- Немене, сіздің маған басқа бір нəрсе айтқыңыз келіп отыр ма? Е-е!
Солай ма? Онсыз да əңгімеміз жарасып отырған жоқ па? - деді Бьяртур
сөзін жалғастырып, əзілін араластыра. -Үйдің сыртына таман шығайық?
Тауға таман барғаным жақсы дейсіз бе? Мұныңыз жаңалық екен! Бірақ бұл
құрметті фрудың мені қалың бұтаның арасына соңғы рет оңаша шақыруы
емес шығар деген үміттемін. Бірақ қазір менде бұрынғыдай құштар шабыт
қайдан болсын?!
Алайда фрудың əзілдеуге зауқы жоқ еді. Ол өз етегін өзі басып, сүрініп
қалмау үшін көйлегінің етегін көтере ұстап, бұрышты айналып өтті де,
өзеннің бойымен тура тауға қарай беттеді. Бір кезде аялдап тоқтады да,
Бьяртурға өзен жағасындағы бір төбешіктің үстіне отыруды ұсынды.
- Дұрысын айтқанда, асыл текті фру, отырыңыз деп ұсыныс жасау менің
ретім еді. Өйткені сіз қазір менің қонағымсыз ғой. Менің жерімдесіз, - деді
Бьяртур əлі де əзілдесе түскісі келгендей. Бірақ фру мұның бұл əзілін де
əлгіндегідей салқын қабылдады.
Сонымен олар жайғасып отырысты. Фру өзінің күтімі күшті, кіпкішкентай, бірақ томпиған қолының жұп-жұмсақ алақанымен актерлерге
тəн айрықша ишара көрсетіп, жасыл көкті қайта-қайта сипай берді. Осы
сайтанның не айтқысы келіп отыр өзі? Бір нəрсеге арандатып, алдағысы
келіп отырған жоқ па екен? Енді мұның бір тұтам жеріне ауыз салып
жүрмесін əлі! Олай болса, мұның үйін бұзып тастауға дейін баруы да
мүмкін. Бұлардың ойларында не бар, не жоғын кім біліп болыпты! Бьяртур
бір шымшым насыбай алды да мұрнына тарта иіскеді.
- Насыбайдан сізге де ұсынуыма бола ма, құрметтім? - деп сұрады ол Бұл өзі ойды жинақтап айтуға жəрдемдеседі.
Бірақ фрудың темекі атаулыға бұрыннан құлқы жоқ еді. Тап қазір əзілге
де зауқы жоқ.
- Неге екенін білмеймін, - деді фру ақыр аяғында. - Бьяртур, өзіңнің
қызыңның бүгін үйге оралған кезінде жүзі жадырап қуана қоймағанын
байқаған да боларсың?
- Бəлкім, ол үйге жетіп алуға дейін сіздерден көтерем көп аттың біреуі
табыла қоймағанына таң қалып, ренжіген болар? Дегенмен бүл кезде
арнайы мініс аттарынан өзге жылқының бəрі де шымтезекті балшықта
жүрген болар, бəлкім? Жарайды, оқасы жоқ. Мен де, менің отбасы
мүшелерім де жаяу жүруге əбден үйреніп кеткенбіз.
- Шынын айтайын, оған жайлы да жуас ат ұсынылған. Бірақ үзілдікесілді бас тартты. Өз айтқанынан басқаға көнбейтін оғаш мінезі бар қыз
екен! Өзіңнен айнымай қалыпты.
- Бəлкім, ол оңбаған неме, христиандық момақан көнбістіктің мəнісін
терең түсіне қоймаған шығар? Əлде əлгі жарымес пастор бірдеңе деп
ренжітті ме екен? Ауста өзін біреудің тілдеп, ар-намысын қорлауына төзе
алмайды. Біздің хуторда қашан болса да тып-тыныш, ұрыс-керіс деген
болмайды. Ал дін мəселесіне келсек, мен оған ешқашан тиісіп, ауыр сөз
айтып көрген емеспін Шынымды айтар болсам, менің өз басым дін
дегенімізді біздің қоғамымыз үшін адамның ішін пыстырып, ығырын
шығаратын, əрі ешқандай пайдасы жоқ нəрсе деп санаймын. Рас, марқұм
пастор Гудмундур қой тұқымын жақсартудың қыр-сырына қанық еді. Көп
білетін. Ал менің кішкентай Соулам өзге қыздардың ешқайсысынан
ақылсыз емес. Ертең шоқындырылады, христиан дінін қабылдаудың ресми
рəсімінен өтетін болады. Бірақ ол діннің жықпыл-жықпыл нəзік тұстарын
əлі түсіне бермейді. Ал ежелгі сагаларға келетін болсақ, сөз басқа. Бұл
тұрғыдан алғанда оның жасындағы қыздардың да немесе ұлдардың да
ешқайсысы сага білу жағынан тең түсе алмайды. Мен бұған кəміл
сенімдімін. Бірақ олардың бəрі де бір нəрсеге қатысты бірдей болып шыға
келеді: біреуден жаман сөз естісе, жылап қоя береді. Ал мұнда тұрған
дəнеңе жоқ емес пе?
- Жоқ, бұл жерде діннің ешқандай қатысы жоқ, - деп жауап қатты фру. Өкінішке орай, мен саған мынадай бір жағдай туралы айтпақшымын. - Ол
əлдебір байсалды терең ойға шомғандай болып, əлгіндей актерлік
ишаратпен төбешіктің үстіндегі көк шөпті алақанымен сипалай түсті.
Бьяртур оның сөзін бөліп жіберді:
- Мен саған айттым ба, айтпадым ба, ол жағы есімде жоқ, менің бір кəрі
саулығым бар. Онымен көп жылдардың ауыртпалығын басымыздан бірге
кешірдік. Өзі баяғы марқұм пастор Гудмундур ойлап шығарған асыл
тұкымды қойдың ұрпағы. Мен оған Капа деп ат қойғанмын. Ол өзі
арқасына плащ жауып қойғандай көрінеді. Байғұстың екі бүйірінің шығып
кеткені сонша, тіпті адам аяйды. Бірақ қабырғаларында қырым ет жоқ
сияқты. Егіз туа ма деп қауіптенемін. Өйткені екі қозыны жарытпай ма деп
қорқамын. Бүгін кешке сол саулығымның жағдайын біліп қайту үшін
шалшықты балшықтың оңтүстік шет жағына баруға жиналып отыр едім.
Себебі, оның кез келген минөтте туып қалуы əбден мүмкін.
- Бьяртур, жарқыным, сөз тыңдашы, - деді əйел - Мен сені көп
ұстамаймын.
Сөйтті де ол істің төтесіне бірден көшті:
- Саған айтайын дегенім мына жағдай: Гудни біздің байырғы
экономкамыз, кішкентай Аустаны жөргегінен бастап тəрбиелеуге əрқашан
ерекше қамқорлықпен атсалысқанын өзің де жақсы білесің. Мұның өзіндік
себебі де жоқ емес, Ауста осы жолы Редсмириде болған кезінде ол əр
кештің өзінде-ақ Аустаның əлдебір нəрсеге ренжіп, қайғырған көңіл-күйін
байқап қалыпты. Байғұс қыздың жанын жегідей жеген аса ауыр уайымы
бар көрінеді. Өзінше оңаша ойланып отырып қалады екен. Еш нəрсеге
зауқы соқпай селсоқ жүреді дейді. Бір нəрсе туралы сұрай қалсаң, одан бір
ауыз жарытымды жауап естудің өзі қиын болыпты. Кешке жатқан кезде
Гудни оның жастықты ққшақтап жылай беретінін де байқапты. Түннің бір
уағына дейін жылайтын көрінеді.
Осы жерге келгенде əйел сөзін бөліп, үнсіз қалды да көк шөпті тағы да
сипалай бастады. Ол айтайын дегенін əлі де жеткізе алған жоқ еді. Өйткені
денесі əбден толып кеткендіктен тез ентігіп қала беретін. Енді аздап демін
бөліп, тыныс алуы керек болды.
- Иə, сонымен не болыпты? - деді Бьяртур, оның тыныс алу үшін өтірік
үзіліс жасап отырғанын байқамай. - Жастардың, əсіресе əйел баласының
жылаңқылығы да жаңалық болып па? Мен өзімнің итім мен əйелдеріме
əрқашан қайталап айтып келгенімдей: "Əйел жынысы еркек жынысына
қарағанда əлдеқайда нəзік жəне аянышты".
- Алғашқы түндері қыз өзінің жанын қинап жүрген не нəрсе екенін
айтудан үзілді-кесілді бас тартыпты.
- Иə, - деді Бьяртур, - тəуелсіз дербестікке бойы үйренген адамның өз
ойындағысын айтып, көп сөйлей беруінің не керегі бар? Оның үстіне,
мақалда айтылғанындай: "Жаңбыр бүгін нөсерлі жауса, ертең шелектеп
құяды" дегендей емес пе?
- Оның ештеңеге қызықпай, соншалықты селқостыққа салынуын біз
алғашқыда бізге, жалпы алғанда адамдарға бойы үйренбеген
ұялшақтығынан болар деп ойлап жүрдік. Ол тіпті жастардың жүгіріп жүріп
ойнайтын тамашасына қатысудан да тартынумен болды.
- Аяқ киімін тез тоздырып, бостан-босқа секеңдей секіре берудің не
қажеті бар? - деп, сөз қыстыра қойды Бьяртур.
- Содан Гудни байғұс қыздың таңертең тұрғанда да мазасы
болмайтынын: бір түрлі енжар, көңілсіз жүретінін, кей-кейде, əсіресе
киінер кезінде, жүрегі айнып, құсатынын байқап қалады.
- Шамасы, сендер жейтін жылқы етінен ұшынып қалған болар?
- Біз, қымбатты Бьяртур, қонағымызға ешқашан жылқы етін асып беріп
көрген емеспіз. Мен ондай əңгіме болғанын естіген де жоқпын. Балалар
алғашқы күні тамаша қой етінен пісірілген рагу жепті. "Байғұс қыздың
сүйсіне көп жеп қойып, күпті болып қалуы мүмкін-ау" деп ойлапты Гудни.
Бірақ ондай қолайсыз жағдай күн сайын қайталана берген соң оның
көңіліне басқа бір күдік келіпті. Сөйтіп кəнігі Гудни байғұс қыздың
тұлғасына, тұла бойына ол ертелі-кеш киініп, шешініп жатқанда барынша
мұқият назар аударумен болыпты. Сонда оның байқағаны - қыздың дене
бітімі оның жас мөлшерінен əлдеқайда ерте дамып, өсе түсіпті, кəдімгі
ересек əйелдер сияқты көрініпті. Оның үстіне, біздің бəріміздің де бірден
байқағанымыздай, қыздың бұрынғы шыбықтай бұралған қыпша белі адам
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 36
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.