Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 19

Total number of words is 4298
Total number of unique words is 2238
35.3 of words are in the 2000 most common words
51.7 of words are in the 5000 most common words
60.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
керіп, рақаттана мөңіреп жіберді. Қыс бойы қараңғы қапастағы мүңкіген
қолаңса сасық иіс-қоңыстан кейін күннің шуақты жарығын көргені,
көктемнің аңқыған хош иісін сезгені қандай қуаныш еді десеңші!
Өзгерістің аяқ астынан тез болғаны сонша, сиыр оған бірден бейімделе
алмады. Хутордың сыртындағы алаңға шыққаннан кейін ол көктемді қуана
қарсы алғанын білдіріп, барынша қатты мөңіреді. Содан соң жерге деген
сенімін біржола жоғалтқандай-ақ аяғын əлі де дүдəмал күмəнмен басып,
бірнеше қадам жасады. Көктемнің жұпар ауасын молынан жұтып тағы бір
рет мөңірегісі келіп еді, бірақ ол ойынан тез кайтты. Өйткені осы көріп
келе жатқаным өңім бе əлде түсім бе деп таң қалды. Ол қорадағы қараңғы
қапаста мүңкіген қолаңса сасық иіс-қоңыстан əбден ығыр болған еді,
көктемнің осындай шуақты ашық күнін аңсап, тəтті қиялға жиі-жиі
берілетін, көк-жасыл көгалды көксейтін. Сол асыл арманының
орындалғаны рас па əлде өтірік пе? Міне, ол соған сене алмай келеді. Сиыр
қия беткейге жеткенде желе жортып көрді - қуанышын əлі баса алатын
емес! Бір кезде ол құйрығын жоғары көтеріп, шоқырақ шабысқа көшті. Қыс
бойы қапаста тұрғандықтан өзін бұғаудан енді ғана босанған əлсіз екенін
сезінсе де шалшықты балшықты бетке алып, жөңкіле жөнелді. Бірнеше
үлкен шеңбер жасады, ирек-ирек айнала жүгіріп, тұзақ та жасады, ырс-ырс
етіп шаршады. Бірақ бұл көктемнің көңілді биі еді. Сиыр батпақты жерге
жете беріп, аяқтары тізелеріне дейін балшыққа батып кетіп, алқына
тоқтағанша балалар оның соңынан күлкіге көміле жүгіріп, у да шу, мəзмейрам болды. Сиыр түске қарай ғана дамыл тауып, отқа қарады - көк
шөптерді жұлып жей бастады. Алғашқы күндері Бьяртур сиырдың өрісте
емін-еркін жайылуына рұқсат етіп, кешірімді қайырымдылықпен қарап
жүрді. Соңынан пейілі тарылып, сиырға бір тал шөпті, тіпті қураған
қылтанақты қимайтын болды. Өрісте сиырдың жайылуына жетіп
артылатын бітік шөп бар еді. Бірақ Бьяртур оны қойлардың қыста жейтін
қымбат бағалы азығы санады. Ол Букодланы осы хуторға баса көктеп кіріп
алған, сөйтіп бəрін де астан-кестен еткен кесапат ретінде əлі де жек
көретін. Иесін иті де қолдайтын. Осы бір кəрі ит барынша консерватор
болатын. Ол өзінің енесі сияқты ақылды емес еді — жаңа туылған жетімек
жас нəрестені бауырына басып жылытып, ажалдан аман алып қалуды
білмейтін. Ендігі Титла тас табалдырыққа отыруды ұнататын. Ұйқылы-ояу
əрі мұңлы күйде отырса да əрқашан сақ болатын. Сиырдың қия басқан
аяғын аңдып отырып, ойда жоқ жерде, оған арт жағынан ұрланып барып,
аяғын тістеп алуға тырысатын. Қорғанбақ болған сиыр оны тарс еткізіп
теуіп жіберуге немесе сүзіп өлтіруге тырысып бағатын. Кейде оны қуып
ала жөнелетін. Бірақ жете алмайтынына көзі жетіп, қуғанын қоя қоятын.
Өйткені ит оған қарағанда əлдеқайда жылдам, епті де айлақор болатын.
Əне ол екеуі бір-біріне қарама-қарсы қадала қарап түр: ит тұмсығын
жоғары көтеріп, тістерін ақситады, ара-арасында шəу-шəу етіп, үріп те
қояды, ал сиыр басын бұлғақтатып, ашулы үнмен пысқырады.
- Осы бір қарасан келгір-ақ иттің мазасын алып болды-ау, - деді
Бьяртур, əрқашан итін жақтап шыға келетін əдетімен.
Бьяртур балаларының тұздалған тісті балық, сайда жəне треска сияқты
екінші сортты деп аталатын балықтарды, сондай-ақ былтырдан қалған, қан
аралас ескірген əсіпті барған сайын ықылассыз жейтін болғанына өте-мөте
ренжулі еді. Ол мына əйелінің сиырды соншалықты ризашылық сезіммен
жақсы көргенін əлдебір əдепсіздік сияқты санайтын. Өйткені бұған
барынша қымбатқа түскен азық-түлік түрлеріне балаларының тəбетін
тарттырмай қойған сол сиырдың кесірі деп білетін.
Бір күні сиырды тау ішіндегі шөбі шүйгін сайға айдап салған болатын.
Солып, шіри бастаған былтырғы өсімдік сабақтарының ара-арасынан
бойлап өсіп келе жатқан жас өскіндер шалшықты балшықты көк көрпемен
тұмшалай түсіпті. Бүкіл аңғар көкжасыл түске еніпті. Бірақ бұл ұшықиыры жоқ иен далада жалғыз сиыр зеріге бастаған сияқты. Ол талай рет
тау беткейімен батысқа қарай қашып кетпек те болды. Келесі күні
Букодланы бағып қайтуға ересек екі баланы жұмсаған еді. Олармен бірге
топ құру сиырға мүлде ұнаған жоқ. Букодла Утиредсмиридегі қорада
тұрған сиырларды сағынып, соларға жетуді көкседі. Жайылу орнына
поселке жаққа мойнын бұрып, тұмсығын көтере мөңіреумен болды.
Ақырында, балалардың бар-жоғына да қарамай, қаша жөнелді. Нағыз
қуғын басталды. Балалар оған тау беткейінің орта шеніндегі сайда қуып
жетті де бас жібінен мықтап ұстап, үйге қарай жетеледі. Есік алдына
келгенде сиыр əбден қалжырап, балаларға еріксіз бой ұсынып, бағынған
болатын. Оның жақ сүйегінің үстіндегі тамырлары білеуленіп кетіпті.
Құлақтарын қайта-қайта қайшылап, сілкілей берді. Үйден Финна шыққанда
барып байыз тапты. Ол енді сиырдың əукесінен, арқасынан сипап тұрып,
онымен адамдардың өмірі туралы сырласты. Басыңа қиындық түсіп, не
істеріңді білмей, дағдарып тұрған кезеңде саған жаны ашып, қолдау
көрсететін, жұбатуға тырысатын жақсы достың болғанына не жетсін!
Ертеңіне Финна сиырды өзі бағып қайтуға ұйғарды. Қасына кішкентай
Нонниді алмақ болды. Көктемнің жайма-шуақ жайлы күндері туды. Олар
біріне-бірі ұқсас, өзгеріссіз еді. Ал бүл - ауа райының жақсы болатынының
белгісі. Ол күндер жас баланың есінде ұмытылмастай қалып қойды.
Ешқандай бөтен оқиға жоқ: тіршілік етіп, өмір сүре бер, емін-еркін ауа
жұтып, рақаттана түс - одан басқа ештеңе де қажет емес.
Өрістегі жайылымда көп ұзамай қаз оты бой көрсетті, қызыл жəне ақ
қарамықтың хош иісті гүлдері ашылды. Жасыл бұталардың арасында
аралар гуілдеп ызың ,қағады. Иен далада құстар алғашқы жұмыртқаларын
сала бастады. Олардың аспанды əуелетіп махаббат əнін əлі шырқап
жүргендері де аз емес. Адыр-бұдырлы дөңестердің ара-арасындағы жылғажылғаны қуалап, бұлақ ағып жатыр. Көк майса алқаптағы ойпаңда сиыр
емін-еркін жайылып жүр. Қуысында аульвалар мекендейтін биік жартастар
аспанмен тілдесе бой көтереді. Тау беткейлері көк-жасыл масатыдай
құлпырды. Күн шұғыласы бірнеше күн бойы мейірлене құйылып тұрды.
Содан кейін тұман түсіп, күннің көзі екі күн бойы көрінбей кетті. Мұндай
тұманда дөңестер мен төмпешіктер əдеттегісінен əлдеқайда биік сияқты
көрінеді, ал биік таулар көзден ғайып болып кетеді. Төмпешікті басқан мүк
неғұрлым ашық түсті бола түсті. Шөптердің хош иісі аңқып тұрды. Оларды
шық басып, ылғалы көбейді. Шөптердің жапырағы мен сабақтарындағы,
сондай-ақ жер бетіндегі мөлдір маржан тізбегі көз қызықтырады.
Тұман сергіп, айнала ашыла түсті. Жоғарыдан аспан көрінді. Көкжиек
кеңейіп сала берді, бірте-бірте үлкен сайдың үстіне дейін жақындады. Биік
шоқылар аспанмен тілдескендей, оған ілесе аңқыған хош иіс, жасыл желек
жəне əсем əн қосыла көтеріліп бара жатқан сияқты. Сен өзіңді бейне бір
бұлт арасында ұшып жүргендей сезінесің. Сиыр ақырын қозғала жүріп, көк
шөптің сабағын тілімен орап, жұлып жейді. Ол жасыл талдың өзен үстіне
төгіле салбырап тұрған бұтағына да мойнын созады. Бала қолында іс
тоқитын бізімен тынымсыз жұмыс істеп отырған шешесіне жақын барып,
жар басына жайғасып алды. Олар сиырдың, шөптің, өзеннің сыбдырына бəрі-бəріне мұқият құлақ тігіп отырды.
"Баяғыда бір адам болыпты. Бір күні ол екі хутордың арасында келе
жатып қалың тұманда жолынан адасып қалыпты. Кенеттен қараса, өзендер
еңіске қарай емес, биікке беттеп, тауға қарай теріс ағып жатқандай
көрінеді. Ақырында ол ұшы-қиыры жоқ биік жартастар мен үшкір найза
тастардың арасынан бір-ақ шығады. Жартастардың биіктігі таудың өзімен
бірдей, аспанға атылғандай əсер қалдырыпты. Əлгі адам одан енді қайта еш
жерден жол тауып шыға алмайтындай сезініпті. Сол кезде қалың тұман
арасынан көгілдір көйлек, аппақ тоқыма тақия киген бір əйел шыға келіп,
оған: "Ер менің соңымнан" депті. Əйел басқа бір ауыз сөз қатпай, оны
əлдебір шағын хутордағы өзінің үйіне ертіп барыпты. Үй өте таза əрі əдемі
екен. Əйел əлгі адасқан жолаушыға ет турап, сарымсақ қосылған дəмді
сорпа беріпті. Оны қалағанынша ішіп бола бергенде үрімдей семіз ет жəне
қою кофе ұсыныпты. Содан кейін жолға шығарып салыпты. Тұман сейіліп,
көкжиек ашылған кезде жолаушы өзінің қай жерде екенін танып біліпті. Ол
енді өзіне көмек көрсетіп, ажалдан аман алып қалған əлгі əйелге алғысын
жаудырайын деп бұрыла берсе, əйел де, шағын хутор да жер жұтып
кеткендей зым-зия жоқ - орнында манағы найзатастар тұрыпты. Содан ол
адам өз үйін тауып келсе, онда ешқандай найза тастар да жоқ, тау да жоқ
екен. Өзендер де өрге қарай емес, еңіске қарай жөңкіле ағып жатыпты".
"Баяғыда тағы бір адам болыпты. Көктемнің көзге түртсе көргісіз
қараңғы түнінде əлдебір жақтан өзінің үйіне қайтып келе жатыпты. Жол
ұрып, қатты қалжырапты. Салы суға кеткендей ауыр күй кешіпті. Ол
староста мен көпеске қапа болып, оларды сыртынан балағаттай беріпті.
Өйткені енді оның шіркеу қауымының қамқорлығына өтіп, күн көруден
өзге амалы қалмаған сияқты. Бейшара өзінің белшесінен батқан қарызынан
құтыла алмапты. Қырсыққан көпес несие бере тұрудан біржола бас
тартыпты. Ал староста оның үйін тартып алмақ болып, доқ көрсетіпті.
Бəлкім, отбасын да шіркеу қауымының қамқорлығына көшіретін болар.
Балаларын əр жаққа таратып берер - қайда жіберерін кім білсін? Жай
күндері ішектерін шұрқырата аштан қатырып, жексенбі күндері жұдырық
пен таяқтың астында төмпештен көз аша алмай жүретін жерлерге жіберетін
шығар? Үйдегілер отағасын тамаққа талғажау боларлық бір нəрсе ала келер
деп асыға күтумен отырыпты. Ал ол лажсыз құрқол оралыпты. Өйткені өте
тəкаппар əрі менмен болғаны сонша, ешкімнен ешқандай көмек сұрай
алмайтын. Ол аяғын ауырсына баяу басып келе жатты. Бірақ бұл дүниеде
тап осы сағатта салы суға кетіп, еңсесі езіліп бара жатқан ешкімге белгісіз
адамдар аз деймісің? Енді бұған не істеу керек?
Осылай ауыр ойға шомып, уайымдап келе жатқан ол кенет
жартастардың арасынан жарқырап тұрған жарықты көрді.
Бұрын ол бүл жартастардың жанынан шайдай ашық күндіз де, тас
қараңғы түнде де талай рет етіп жүріп, мұндай жарықты көрген емес еді
ғой! Қалың жартастардың арасында мұндай жарықтың қалай пайда бола
қалғанына ақылы жетпей, аңырып келе жатты. Жақын келіп қарап еді,
шағын хутор бар екен. Есік алдында біреу түр. Ол жолаушыға бірден жылы
ұшырады. Хутордың иесі екен - аульва (періште) көрінеді. Өзі аз сөйлесе де
саз сөйлетін ақ жарқын, қарапайым, байсалды екен. Аульвалардың бəрі де
сондай болады -олардың басқа біреулерге қайырымды қамқорлық жасаудан
өзге жұмысы жоқ жəне айтқанын екі етпей орындайды. Əлгі шаруаға
жартастардың арасында кофе қайнатып берді. Өте қою əрі сүт қатқан, дəмді
екен. Кофе ішіп отырып, аульваға өзінің бар сырын жайып салды. Қалай
қиналып жүргенін айтты. Қоштасарда аульва оған былай деді: "Ертең
ұйқыңнан оянғанда табалдырығынан аттап, тысқа шыққан бойда жанжағына қарарсың" дейді.
Шаруа өз үйіне келсе, ондағылардың бəрі тəтті ұйқыда жатыр екен.
Шаруа өзінің тартқан жол азабын айтып, олардың мазасын алғысы
келмейді. Ал таңертең ұйқысынан ояна салып, тысқа шыққанда өз көзіне
өзі сенбей, таң-тамаша қалады - қапшық-қапшық үн, жəшік-жəшік қант,
қап-қап тамаша балық тізіліп тұр!
Бұл өңірде мұндай балықты əлі ешкім жеп көрмеген де болар. Ол ол ма,
тіпті құмыра-құмыра сусын да бар екен".
"Баяғыда бір кішкентай бала болыпты. Ол иен даладағы аңғарда
тұратын бөгде біреулердің қолында өсіпті. Оны өзге балалармен бірге
шіркеуге кіргізбепті. Оның не інісі, не қарындасы болмапты: оз атаанасынан алыста тұрыпты. Бірде, жаздыкүнгі жексенбіде, жұрттың бəрі
жақсы киініп, шіркеуге бет алыпты. Біреулер салт атпен, біреулер жаяужалпы шұбырыпты. Ал əлгі бала тұрған орнында олардың соңынан көз
алмай, қадала қарапты да қалыпты. Əлгілердің соңында өзенді бойлай
созылатын жалғыз-ақ соқпақ жолдың шаңы аспанға көтеріліп бара жатты.
Бала жүруге қауқары жоқ кəрі-құртаң кемпір-шалдардың қасында жалғыз
өзі қалып қойды. Қалай деп ойлайсың, осы жағдай оған оңай тиді ғой
дейсің бе? Жоқ, оңай тиген жоқ. Бала хутордан шығып, еңіреп жылаған
бойы жоғары көтерілді - тау етегіндегі жартастарға барды. "Адам
өміріндегі жамандық атаулының жақсылықтан көбінесе жоғары тұратын
себебі неде екен осы?" деген сұрақ төңірегіндегі терең ойға шому оған
ауыр тиді. Бірақ сен қалай деп ойлайсың? Ол тау етегіндегі жартастардың
арасында не есітті? Ол онда ғажайып он əуенін есітті. Ондай əнді кімнің
сала алуы мүмкін? Жəне оны бір адам емес, екі адам емес, тіпті үш адам да
емес, шіркеу қауымының бүкіл мүшелері қосыла салып тұрғандай естіліпті.
Бұл кəдімгі шіркеу қызметіндегілер сияқты еді. Бала мұндай көркем
псаломдарды бұрын-соңды естіп көрмеген болатын. Əн əуені қайдан
естіліп түр өзі? Кенет əлгі сиқырлы биік жартас баланың көзіне зəулім
шіркеу болып көрінді. Оның есігі бұған айқара ашық əрі тамылжи төгілген
күн нұрына бөленіп түр. Шіркеудің ішінде аульвалар отыр. Жасыл киім
киген пастор мехрап бөлмесінде тұр. Бала осы бір ғажайып шіркеудің ішіне
кірді. Бұрын-соңды мұндай жүзі жылы, келісті де сұлу өрі өздерін бақытты
сезінетін адамдарды көрген емес. Өмірді онмен өрлеп, бейбіт күйде
жарасымды келісіммен өткізу неткен жақсы еді! Псалом айтылып болған
соң пастор амвонға (уағыз айтылатын орын) көтерілді. Бала жүрек
тебірентерлік мұндай тамаша уағыздарды бұған дейін ешқашан естіп
көрген емес еді. Рас, ол мұндай дұғаны содан кейін де бірде-бір рет естіген
жоқ. Сонда да болса оны ұмытылмастай етіп жаттап алды. Оңашада ол
туралы коп ойланумен болды. Əрқашан осы уағызда айтылған қағидаларға,
заңдарға сай өмір сүруге тырысып бақты. Бірақ ол уағыздың не туралы
екені жөнінде ешкімге тіс жарып, ештеңе айтып көрген жоқ. Бəлкім, онда
бұл өмірде жақсылық жамандықты, қайырымдылық қатыгездікті ерте ме,
кеш пе əйтеуір бір жеңетіні туралы айтылатын болар. Содан соң пастор
амвоннан түсіп, жұртпен бірге түскі намаз оқуға кірісті. Ол соншалықты
жұмсақ та жағымды, құлаққа жылы тиетін дауыспен əндете ғибадат етті.
Балаға біздің жер бетіндегі пасторларымыздың бірде-біреуі тап осылай
қырағатымен əндете алмайтын сияқты көрінді. Оған əлдебір қайырымды
адамның жұмсақ алақаны маңдайынан сипап, жүрегін жылыта эсер етіп
тұрғандай сезілді. Ең соңғы псалом оқылып болғаннан кейін жұрттың бəрі
де орын-орындарынан тұрып, сыртқа қарай беттеді. Олармен бірге бала да
тысқа шықты. Жан-жағына көз салып қарап еді, онда ешкімді де көре
алмады. Шіркеу де жоқ, тек сиқырлы алып, жап-жалаңаш жартас
бұрынғысынша өз орнында мызғымай тұр екен. Құстардың шықылықтаған
дыбыстары естіледі. Олардың біразы жартастың қуыс-қуысындағы
ұяларына тынымсыз кіріп-шығып жүр. Пыр-пыр етіп ұшып та кетеді. Бала
содан қайтып сиқырлы жартастың қақ жарылып, шіркеуге айналғанын
көрген жоқ. Бірақ бұрынғы көргендерін есінде мықтап сақтап қалыпты. Бір
нəрседен қатты қиналып қысылғанда сол естеліктерінің өзін жұбаныш етіп,
қанағат тұтады. Сөйтіп сол бала тым жұпыны өмір сүріпті, бірақ өз
тағдырының ауыртпалығын айтып шағыну дегенді білмепті".
Осындай əңгімелердің бірінен соң бірін шұбырта айтып, тұман
тұмшалаған ақшыл аспаннан күннің көзі көрінер ме екен деп тəтті қиялға
бөленіп отырған шешесінің басына мың-мыңдаған майда мөлдір шықмаржандар төгіліп, жабысып үлгерген еді. Ол əлгі ертегілерін айтып бола
бере, бейне бір соның бəрі де Құдайдың құдіретімен болған нəрседей-ақ,
салтанатты байсалды түр танытып, еріндерін жымқыра қысып қойды,
тоқып отырған ісінің ілгек көздерін алақанымен сипап өтті. Айнала
төңіректі əлдебір көтеріңкі көңіл құпиясы жайлап алғандай. Жеңіл де
жайбарақат рақаттана тыныс алуға болады. Шешесінің ең жақсы көретін
бір дос аульва қызы болған екен. Бүл ол қыздың ағасын да жақсы білген
көрінеді. Бірақ мұның бəрі де сонау ерте кезде, əкесінің үйінде, Ударсельде
жүргендегі өткен оқиғалар еді.
- Мен шынымен-ақ ілгегімді тарқатып алғаннан саумын ба өзі? - деп, ол
өзіне-өзі сұрақ қойды да бір күрсінді. - Жарайды, оқасы жоқ. Ал əлгі əңгіме
өте ертеде болған оқиға еді. Қазір оның ешқандай маңызы қалмады.
Кезінде не болмады? Бəрін де бастан кешірдік. Енді ол күндер ешқашан
қайта келмейді.
Бірақ Нонниге мұның бəрі де өте-мөте маңызды болып көрінді. Сөйтті
де ол əкесі Аустаны Фьордқа алып кеткен кезде шешесінің сол достарына
кетіп қалып, өзіміз де аульв болайық деген ұсыныс айтты.
Біз өзімізбен бірге Букодланы да ала кетеміз, - деді Нонни.
- Жоқ, олай болмайды, - деді əйел, терең ойға шомып. - Тым кеш. Біз
кетіп қалсақ, əженің қас-қабағына кім қарайды? Оған кім көмектеседі?
Бала бүл сұраққа жауап таба алмады. Тек шешесінің мұңлы жүзіне
қадала қараумен болды. Ол үшін бұл дүниеде шешесінің мұңлы болса да
мейірімді жүзінен артық, одан əдемі еш нəрсе де жоқ еді. Шешесінің бетіжүзінен əрқашан төгіліп тұратын қайырымдылық, нəзіктік, мұңлы
көзқарасты өзге еш нəрсемен салыстыруға болмайтын. Кейін, коп уақыт
өткен соң да, осы күндерді есіне алғанда оның көз алдына шешесінің
сүйкімді беті-жүзі, бүкіл болмысы ең алдымен елес беретін. Мұндайда ол
өзін көгілдір таулармен біте қайнасып кеткендей, əлдебір ғажайып асқан
сұлулық əлеміндегі бақытты шаққа бөленгендей болатын. Оның бүкіл жан
дүниесі тамаша дем алып, сауыға түскендей. Ірілі-ұсақты нəрселердің бəрін
де - сұлулық пен қайғы-қасірет атаулыны араластырып, тұтас бір тасқынға
айналдырып жіберетін орасан зор күштің рақатын сезінетін. Бұдан басқа
ешқандай тілек тілеудің де қажеті болмай қалатын. Тіпті зіл батпан
салмағымен еңсені езіп жіберетін ауыртпалықтың, тіпті таусылмайтын
қайғы-қасіреттің зардабын тартқан күннің өзінде де бұл өмірден түңілуге
болмайды, өмір қалай еткенде де қымбат деп ойлаудан танған жоқ.
Сыбызғының үні өшкенде, жан досым,
Жер бауырлап, құстар безіп қашады.
Тұман басқан соқпақтар да сенімсіз,
Шатқалдар мен биік таулар еңсеңді езіп басады.
Ондай кезде туған өлкем жарқырайды жол бойы
Жер бетінде жайнап тұрған ұжмақтай.
Отандасым ол да келер көмекке,
Қасиетіңнен айналайын, пай-пай, пай!
Сырымыз бір, мұңымыз бір əрқашан
Сыбызғының сазға толы үніндей.
Оның үні бізге таныс əрдайым –
Өзгермейді, естіледі бүлінбей.
Аспаптың құлақ күйі бұзылса да
Қос ішек үзілсе де əлдеқалай,
Ол əнді жалғастыру одан əрі
Борышым бұл дүниеде болар талай.
Шешесі оған қалай əндете əуен айтуды үйретті. Кейін ол ер жетіп,
тынымсыз теңіз əнін тыңдаған кезде де шешесінің үйреткен əндерін есіне
алып, терең ойға шомудың өзі де үлкен бір бақыт екенін, одан артық
бақыттың болмайтынын білді. Өйткені ол əндерде адамзат үшін ең қымбат,
ең асыл армандар болатын. Шешесі отырған кішкентай шоқының өзі
аспанмен таласқан биік таулармен бой таластыра алатын. Қанатты əнші
құстардың өзі мұның шешесінің əнін - өмірлік ғажайып əнұран ретінде
тамсана тыңдайтын.
ОТЫЗ ЕКІНШІ ТАРАУ
ҮЛКЕН ӨМІР ТУРАЛЫ
Иван Купала күнінің қарсаңындағы түн. Бұл түні кімде-кім өзен суына
шомылса, алдағы болашағын болжап біле алады-мыс.
Дене бітімі тал шыбықтай сымбатты жап-жас Ауста өзен жағасын
бойлап, шалшықты балшықтың жып-жылы суын кешіп, төмен түсіп бара
жатты. Ертең ол қалаға сапар шегеді, ондағы үлкен өмірді оз көзімен көреді
Ауста Соуллильяның бүл қуанышты күнді алдын ала үлкен үмітпен
күткеніне көп болған еді. Сонау қыстан бері күндіз де, кешке де, ұйқыға
жатарда да осы сапар тезірек болса екен деп армандаумен келді. Күндіз
есінен, түнде түсінен қаланың елесі кетпей қойды. Шамасы, ол елесті
жүздеген рет көрген болар. Соңғы түндері Ауста ұйықтап кетемін бе деген
қауіппен көзін жұмбай жататынды шығарды. Сондағы асыға күткені алдағы шат-шадыман қызық өмірді көріп, тамашалау.
Бүгін күндізгі сағаттар зымырап өте шықты. Енді олар алысқа ұзап
кеткен жел сияқты. Қыз саусақтарының ұшы ұйып қалды, беті дуылдап
қыза түсті, кімнің не айтқанына мəн бермейтін, тіпті естімейтін де болды.
Ауста сұрғылт-көк түсті жұқа жүн матадан тігілген іш көйлегін алдын-ала
буып-түйіп, осы сапарға шыққанда киюге əзірлеп те қойған болатын. Оны
жексенбі күндері əдейі алып қарап, əдемілігіне құмары қанғанша
сүйсінетін. Ол сонымен қатар түрлі - қызыл жəне көк түсті жолағы бар
қоңыр белдемше көйлегін де осы сапарда кимек болып сақтап жүрген еді.
Ал бүгін кешке қарай əкесі Бьяртур осы үйдегі бірден-бір қойма, аузы
құлыптаулы сандықты ашып, ішінен өзінің мереке күндері ғана киетін
кеудешесіне орап салып қойған əдемі шұбар көйлекті суырып алды.
- Сен өлі тым талдырмаш болсаң да туған анаңның мерекелік көйлегін
киетін уақытың келді. Менің қызым жұрттың көзіне түскенде назары бəсең
тартып, қысылып-қымтырылмайтын, ұялып тұрмайтын болуы керек, - деді
əкесі.
Аустаның қуанғаны сонша, оның екі бетіне қан жүгірді - ду етіп
қызарып шыға келді, көзі оттай жайнап, күлімдеп қоя берді. Бүл оның
өміріндегі ең бір салтанатты, қуанышты шағы еді. Рас, көйлектің матасы
аздап өңін беріпті, қажалып сетінеген жерлері де бар сияқты. Бірақ не күйе
түспепті, не үйдің дымқыл ауасынан бүлінбепті. Көйлектің өне бойында
теңіздің арғы жағында өсетін алуан түрлі гүлдердің суреті бар екен. Кеуде
тұсында молынан салынған қаз-қатар бүрмесі бар. Соңғы айларда
Аустаның бойы тез өсіп, денесі аздап толыса түскенімен əлі де болса
сұңғақ бойлы жіп-жіңішке қыз еді - анасының көйлегі шақ келе қоймады,
екі иығы салбырап, төмен түсіп кетті, белі де кең, оның үстіне, ол да өз
орнында емес, қолпылдап тұр.
- Бақшаға қоятын қорқынышты қарақшыдан айнымай қалдың!
Ресмириде мұндай қарақшыны талай көргенмін, - деді Хельги қыздың
жынына тиіп.
Əкесі оны бөлмеден қуып шықты.
Дегенмен де көйлек жарасады екен. Разы болған Ауста əкесін құшақтау
үшін оған атыла ұмтылды, сақалының астындағы өзі жақсы көретін ыстық
жерге бетін басып, жабыса түсті. Қыздың еріндері толысқан екен-ау,
терезенің жарығы жағынан қарағанда астыңғы ерні сəл шығыңқы көрінеді,
əдейі иіп, қапсырып қойған Қызыл жидекке ұқсайды, екі езуінде кəдімгі
жасамыс адамдардағы сияқты, бірақ болар-болмас жұқа қатпар байқалады.
Бейшара қыз... Əкесінің сақалы оның қабағын қытықтап қышыта берді.
Жып-жылы лай су қыздың жалаңаш балтырына шашырап жатты,
аяғының астынан шылп-шылп еткен дыбыс естілді. Осы түні Ауста мөпмөлдір шыққа шомылады. Ол өзінің сымбатты тұлғаларының бар екенін
бүгін ғана сезінгендей. Өзеннің ағыны баяу шеткі қойнауында жүзіп
жүрген құтандар тұра қалып, қызға тағзым еткендей болады. Иван Купала
күні қарсаңында бүл батпақты ортада құтандардан өзге бірде-бір құс тап
осындай сыпайы əдептілік таныта алмайды. Сағат он екіден асып, бірге
кетіп бара жатты. Аңғарда көктемнің бейне бір жас ару сияқты жанға
жайлы мамықтай жұмсақ түні тамылжып тұрды.
Суға сүңгісе ме екен əлде сүңгімесе ме екен? Ауста асықпады, аяғының
ұшымен басып ақырын жүріп келеді. Міне, енді таң да атады. Сұрғылт
тартқан ақ тұман батпақты дала үстінен көтеріліп, бейне бір кеңінен
жайылған жұқа мата сияқты қия беткеймен жоғарылай берді, тау тұлғасын
жартылай белдеулеп, оның аясын жайлап, сыпайы ғана жауып қалды.
Көлдің айнадай жарқыраған теп-тегіс бетінде əлдебір таң қаларлық белгісіз
бір тіршілік иесінің, бəлкім, су перісінің көмескі кескіні көрінгендей
болды.
Өзен жағасындағы жылғаға қарай шық үстімен абайлап басқан екі
аяқтың ізі жосылып жатыр. Бұл кезде құстар да сайрағанын аз-кем үзе
қойыпты. Ауста олардың сайрағанын тағы да тыңдағысы келіп, жағада
үнсіз күтіп отырды. Енді ол күнделікті киіп жүретін көне көйлегін шешіп
тастап, тұтас бір өмірдей ұзаққа созылған қысқы қаракөлеңке күндер
туралы естеліктердің бəрінен арылта алатын аспанның, Иван Купала түні
аспанының астында үлкен үмітпен отыр. Осы түннің əйел құдайы
мүсініндей көрінген Ауста оның жартылай балалық жалаңаш тəніне күн
шұғыласы құйылғанда ерекше жетілген мінсіз сұлу секілді еді. Бұл өмірде
адамның аңсаған асыл арманы орындалар күннің қарсаңындағы түннен,
сол түннің өзі мен мөлдір шықтарынан артық тамаша ештеңе де жоқ.
Ондай кеште адамның тəні мен жаны бір-бірімен етене табысады. Əрі сол
біртүтас табысудың тілегі мөлдір шық сияқты тап-таза болады. Ауста
өзенді кешіп тұрып əуелі шашын жуды, содан соң оны мұқият тарады. Суда
тұрған екі аяғының саусақтары өзеннің құмды табанына батты. Көрген жан
таң қаларлық əлдебір су құстары қызды айнала жүзіп өтіп, күтпеген жерден
оған бұрылып, сыпайы бас иіп, тағзым еткендей болады. Шамасы, бүл
дүниеде ешкім де тап сол құстар сияқты əдептілікпен құрмет көрсете
алмайтын шығар.
Денесі тоңазыған қыз дірдек қағайын деді. Ол жағалауда ары-бері
жүгірді. Аустаның жүгіріп өткен іздері астаналық үлкен қалалардың
көшелері сияқты бір-бірімен айқыш-ұйқыш қиылысып жатты. Қыз өзін
соншалықты жеңіл сезінді. Мына тұманнан пайда болған ұсақ шық сияқты.
Түннің ылғалды жасыл көрінісі аясында ол кімді болса да таң қалдырарлық
тамаша тұлғаға айналды. Біраз жүгіргеннен кейін денесі жылынайын деді.
Құстар ұйқысынан оянды. Аспандағы көрініс өзінің барынша бай
бояуына еніп, құлпыра түсті. Енді бір сағаттан соң күннің көзі арыстан
аузы аталатын мына шөптердің шығын кептіре бастайды. Сөйтіп Иван
Купала түнінің қасиетті шықтарымен шынымен-ақ қоштасуға тура келеді.
Күннің алғашқы сəулесі түсе бастағаннан-ақ Бьяртур төсегінен атып
тұрып, бір шымшым насыбайды молырақ қамтып, ерніне салды. Сөйтті де
асығыс-үсігіс киінуге кірісті. Ауста Соуллилья бүгінгі қасиетті ұлы таңда
шынымен-ақ ұйықтап қалып жүрмесе не қылсын?! Жоқ, олай болуы
мүмкін емес. Қыз орнынан тұрған бойда екі көзін уқалап, ұйқысыз өткен
бүгінгі түнде көргендерін ұмытуға тырысты. Əкесі киініп болғанша одан
көз алған жоқ. Бьяртур атын алып келуге кетті, ол Ауста өзінің жап-жаңа іш
көйлегін бүгін түңғыш рет жуып тазартқан тəніне киіп алды. Ол өзінін бұл
тəнін жаңа көргендей болған еді. Содан соң белдемше көйлегін, жаңадан
тоқылған жүн шұлығын, қой терісінің былғарысынан тігілген кебісін киді.
Ең соңында анасының көзіндей болған əдемі көйлегін киіп, сəндене түсті.
Ауста бөлме ішінде ары-бері жүріп көрді. Əлдебір абыржыған үрей мен
асып-сасқан мазасыздықтан оның жүрегі алып ұшып, лүпіл қағумен болды.
Өгей шешесі кофе қайнатумен айналысты. Төсектен əжесі де тұрды. Ол
əдеттегісінше, сұқ саусағын аузына салды.
- Байғұс бала, фуфайкаңды ұмытып кетіп жүрме. Ауа райына сенбе.
Жаңбыр жауып жүрсе, үсті-басыңа су өтіп кетеді.
Ой, осы əйелдердің бір-бірінен айнымайтынын қайтерсің! Сонда Ауста
жырым-жырымы шыққан, оның үстіне кір-қожалақ ескі-құсқы киіммен
жұрт көзіне қалай көріне қояды деп ойлайды екен?
- Күн құбылмалы, жаңбырдың қалай құйып кеткенін байқамай да
қаласың.
- Аспанда бір шөкім де бұлт жоқ қой, - деді Ауста.
- Күннің көзіне қарап, алданып қалма. Өкініп жүрсең, кеш болады.
Бірақ таңертеңнен шайдай ашық күнге қалай сенбейсің? Сенесің! Көкжасыл масатыдай құлпырған аңғарға күн шұғыласы төгіліп тұр. Көгілдір
аспан астында көгілдір таулар да əлдебір тəтті қиял құшағында алаңсыз
мүлгіп жатқандай көрінеді. Байлардың үйіндегі жүздері жарқын, өздерін
əрқашан бақытты сезінетін балалар анау ұшы-қиыры жоқ шексіз көгілдір
аспанды енді кайтып ешқашан бұлт шалмайды деп қалай ойласа, бұл да
солай үміттенетін сияқты. Тап осындай тамаша күнде жаңбырдан қорқып,
тозығы жеткен ескі киім киіп шығу жан дүниесінде қайдағы бір есуастық
ойлардың орын алуына жол бергенмен бірдей ғой. Ауста өзінің күңкілдеуік
əжесімен осылай қоштасты.
Міне, енді ол əкесімен бірге сапарға шықты - кең дүниені өз көзімен
аралап көрмек. Кəрі Блеси жүк тиелген арбаны тартып келеді. Бұлар жолға
шыққан кезде əкесі Аустаның жүн толтырылған қаптардың үстіне шығып
отыруына рұқсат етті. Ал өзі алға шығып, атты жетегіне алды. Тамылжыған
тамаша таң. Ауста келер күннен мұншалықты мол қуанышты ешқашан
күтіп көрген емес еді. Қазір ол нағыз еркіндікке бұлқынып шыққандай
сезініп келеді. Оның алдынан барған сайын коп кеңістіктер ашыла түсетін,
ал өз өміріндегі қызығы жоқ сұрғылт та сұрқай күндер енді біржола артта
қалып бара жатқан сияқты көрінді. Көктемнің хош иісті салқын самалы
оның танауын ешқашан тап бүгінгідей жағымды қытықтап көрмеген. Ал
құстардың салған əні тап бүгінгідей алыстан, жаңғырған жаңаша үнмен
естілген емес. Оның үстіне, мұндағы құстар да бұлардың аңғарындағыдан
өзгеше көрінеді. Əнді де басқа бір əлемге арнап салатын сияқты. Жолдың
жиегіндегі жоталар да түрін өзгерткен. Оларда өсетін шөп те басқаша.
Таулардың көріністері өзгеріп сала берді. Олардың бұрыннан таныс
шыңдары кейін қалып жатты немесе қыруар қыраттардың тарау-тарау
сілемдері пайда бола бастады. Өзендер бұлардың аңғарындағыдай емес,
мүлде басқа бағытқа қарай ағады. Сай-салалар мен жыраларда жасырына
өсіп тұрған əлдебір таныс емес өсімдіктердің өзгеше хош иісі тəжірибесі аз
жолаушы қызды қызықтыра түседі. Ауста, кедір-бұдыры мол нашар
жолдың үстінде өзін арбаның селкілі аямай соғып келе жатқанына қарамай,
бүгінгі күн мен жол үстіндегі мына сапардың əлдебір ұсақ-түйек
ерекшелігіне дейін егжей-тегжейлі есінде сақтауға тырысады. Оған айнала
төңіректегі көріністердің бəрі де дүние жаратылған алғашқы күндегідей
эсер етті.
Бұлар қалың арша өскен беткейдегі бұралаң жолмен жоғары көтеріліп
келе жатты. Əр жотаға шыққан сайын бұрын-соңды көрмеген құстарды
тамашалады. Олардың келесі жотаға жеткенше шығарып салғанға дейінгі
сыңғырлаған əсем əндерін тыңдады. Осылай жүріп отырып, бұлар йен
даланың шетіне де жетті. Күн түс болуға таянды. Өсімдік түрлері азайып,
бірте-бірте жұтаң тарта берді. Бір кезде суық жел соқты. Жолаушы жас
қыздың алдында көз жалықтырарлық біртектес сұрғылт иен дала кеңінен
көсіліп сала берді. Құстар барған сайын сирек ұшырайды. Ал өзен дегенің
мүлде жоқ. Сонау алыстан күн көзіне шағылыса жарқыраған көл айдыны
көрінді. Бейне бір күшті дауыл үйінді тастармен қоса қол жағасына
шығарып тастағандай балшықты, жап-жалаңаш құлама жарлар толқындана
көзге түседі. Мүктің немесе бұл өңірде сирек өсетін басқа да өсімдіктердің
топ-топ көгілдір дақтары байқалады. Жайлауға жақын жерлерде күн көзіне
арқаларын тосып жатқан саулықтар мен жас қозылар бар екен. Олар
кездейсоқ жолаушыларды көріп, үрке жөнелді. Қыз денесін жылытып алу
үшін арбадан түсіп, əкесімен қатар жүрді. Үстінде шешесінің қолпылдаған
шұбар көйлегі бар. Иен даланың далиып жатқан суық қойнауы бүл екеуін
құшағына алды. Екеуі де үнсіз. Бір-бірінен айнымайтын бір тектес
көріністердің үздіксіз қайталануынан жалыққан Ауста енді өзіне беймəлім
нəрселерге назар аударғанды, оларға бола үсті-үстіне қуанғанды да қойды.
Қыз келесі бұрылыста мұны əлдебір өзгерістер, жаңа көріністер күтіп
тұрғандай үміттене келе жатты. Солай бола тұрса да бəрі де бір-біріне
ұқсас сұрқай көріністер қайталана берді. Көлден алыстап кетті. Ауста əлде
бір ерекше нəрсені күтуден шаршаған еді. Бір кезде жол кенеттен терең
аңғардың бойымен еңіске қарай тартты. Аңғардың ортасында өзен ағып
жатыр екен. Қыз аңғардың ішімен келе жатып жəне бір жота көрінер ме
екен деген үмітпен шығысқа қарай көз жіберді. Бірақ ондай еш нəрсені
көре алмады. Оған енді мына дүние осы аңғардың терең табанына біржола
түсіп кеткен сияқты еді. Жоғарыдан тек аспан ғана көрінеді. Ол да түрін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 20
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.