Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 38

Total number of words is 4454
Total number of unique words is 2156
38.2 of words are in the 2000 most common words
52.9 of words are in the 5000 most common words
60.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ол əкесіне тартқан ұзын бойлы жас жігіт болып өсті. Бірақ оған
қарағанда мінезі жұмсақтау. Бір таң қаларлығы - ол поэзиямен, өзінше өлең
шығарумен мүлде аз айналысады. Дегенмен оның бұл ерекшелігі тіпті де
кемшілік деп саналған жоқ. Өйткені бұған дейін жазылған өлеңдер жетіп
артылады. Жер бетіндегі бар нəрсенің бəрі де жырланып болған сияқты.
Олардың өте жақсы жазылғандары да аз емес. Оның үстіне, Гвендур ер
жетіп келе жатқан кезде жұрт поэзия туралы емес, дүниежүзілік соғыс
туралы ғана ойлайтын болған. Өйткені ол Құдайдың теңіз бен құрлыққа
жолдаған ырыс-берекесі деп танылған. Гвендур - екі жауырыны қақпақтай,
тығыз денелі, аздап епетейсіздеу, өте сирек алынатын жəне анда-санда бір
рет қана таралатын сарғыш шашты жігіт. Жүзі жел қағып, тотыға түскен.
Мейірімді көздерінен батылдық пен ерік-жігер ұшқыны атып тұрады. Бірақ
сол ерік-жігер дегеніміз не өзі? Оның бойында дүлей күш бар еді.
Ол Жазғы мекендегі шаруаның жалғыз ұлы атанды. Шағын тоқтының
өзі отыз, қырық, тіпті одан көп крона тұратын, үй-жайында бір, одан соң
тағы бір сиыр пайда болған кезде мұның өзі зор абырой саналатын жəне
ешқандай күмəнді дау-дамай, қарсы пікір туғызбайтын - кəдімгі əдеттегі
қалыпты нəрсе болып табылатын. Осыдан біраз уақыт бұрын кедей шаруа
қатарында болып келген Бьяртур енді өзі жұмыс күшін жалдайтын батырақ ұстайтын халге жетті. Олар көктем мен күз кезінде, ауа райының
қандай болғанына қарамай, кез келген уақытта табыла кететін. Бірақ,
өкіншке орай, жоғары ақы төлеуді талап ететін. Ал тəулігіне он төрт
сағаттан жұмыс істейтін Солай бола тұрса да жалдамалы батырақтар
қоғамдық даму сатысында бақуат шаруаның баласынан əлдеқайда төмен
тұрады деп саналатын. Өйткені əйтеуір бір сəті түскен күні ол бала, яғни
Гвендур, осы бір шағын патшалықтың мұрагер иесі болып шыға келетіні
сөзсіз. Ол қаршадайынан осы үй-жайдың барлық жұмысын өзі атқарды,
былайша айтқанда, отымен кіріп, күлімен шықты, түнде түсінде, күндіз
есінде шаруашылықты қайтсе жақсы жүргізуге болады деп ойлаудан
жалықпады, жерді жанындай жақсы көрді. Қандай қиыншылық болса да
қаймықпады, қарсы тұрып, жеңіп шығуға тырысты, мақсат-мұратына жету
жолында кербез сəнқойлық дегенді білмеді. Ол саулықтардың аман-есен
жəне уақтылы қоздағанына, қыстан қоңды шығып, көктемгі жайылымға
түгел өргеніне шын пейілімен қуанатын. Онда бұдан өзге қуаныш
болмайтын. Бəлкім, шынайы қуаныш дегеніміз осы болар? Ол тұрғын үйдің
аздап қисайып, қыңырая бастағанына бола ешқашан ренжіп, уайымдаған
емес.
Ал Бьяртур менің ұлым тап осындай болып өсуі тиіс деп санайтын.
Бірақ бір өкінетіні -əттең, шаруаға бейім осындай бір топ малсақ
балаларының болмағаны. Бірақ, амал қанша! Гвендурдың жасы он жетіден
асып барады. Оның қазірдің өзінде алты бірдей бəсіре сүтті саулығы, тəптəуір тері байпағы, жексенбі күндері киетін көгілдір түсті костюмі,
шынжыр баулы қалта сағаты бар. Он жеті жасында осынша байлыққа ие
болған исландиялықты іздеп табудың өзі қиын. Бірақ байлық деген
қажырлы еңбекпен келеді. Гвендур өзінің екі бауыры сияқты есік алдына
шығып, тас табалдырыққа отырып алып, қайдағы бір қысыр əңгімелерді
көбейтіп, бос қиялдарға берілмейтін, сиқырлы зұлым күштермен араласып,
достасуды армандамайтын. Мұның ешқайсысы да жақсылыққа алып
бармайды деп білетін. Енді міне ол екеуі де жоқ, əрқайсысы өзінше өлген
есепті. Ал бұл тірі жүр, алты бəсіре саулығы бар.
Ол кезде поселкеде жұрттың берекесі қашып, ыдырай бастаған еді.
Біреулер мұны елеулі күйзеліс деп атады. Осы ыдырау мен күйзеліске төтеп
бергендер көп емес, аз ғана адам болды. Мұның өзі ең алдымен ақшаға
байланысты еді. Өйткені адамдардың басым көпшілігі өмір сүруді басқара
білудің бірден-бір тетігі ақша деп түсінді. Ақша көп пе əлде аз ба, немесе
көп те емес, аз да емес пе - міне адамның бүкіл өмірі осыған тікелей
байланысты. Қазір адамдардың ашқан бір жаңалығы - ақша олардың
ойлағандарынан əлдеқайда көп екен. Бұрын қолына небары екі кронаны
ілуде бір ұстап көргендердің өзі қазір тіпті ондаған кронаны уыстай
бастады, бұрын он-жиырма крона ұстап көргендердің қалтасында мың-мың
крона жүретін болды. Ал қалталары қалыңдаған сайын оған тіпті үй артына
айналып барып келе қоятын оңай əрекет сияқты соншалықты
немқұрайдылықпен селсоқ қарайтынды шығарды. Ол ол ма, көздерінен
жасы сорғалап отырған, бұрын ақшаның не екенің білмейтін қаусаған
қарттардың өздері де енді өз еріктерінен тыс коммерциялық операциялар
жүргізе бастады. Ол операциялардағы сомалар "Түн"* деп аталатын атақты
астрономиялық дастандағы цифрларды еске салатын болды. Гилтейгалық
Тоурирдің өзі тамаша үй-жай сатып алыпты. Жұрттың айтуына қарағанда,
ақшасын қолма-қол нақты төлепті.
Ал истадальдық көк жөтел Оулавюрдың өзі кіп-кішкентай үй-жайын
қырық мың кронаға саудалап, иелік қағазына қол қойдырып алғанын естіді.
Енді бұған не деуге болады?! Фьордтағы банкке басқа адамдар да ақша
сала бастады. Бұрын ол банкті онда əдетте жүз мың крона ақшасы жататын
редсмирилік старостаның есімімен ғана байланыстыра ауызға алатын еді.
Бірақ оның сонша ақшасының болғаны екіталай десетін. Өйткені қарызға
белшемнен батып қалдым деп ең алдымен зар жылайтын тап осы староста
болатын. Бұл банк ең үлкен пайызбен өсімпұл төлейтін. Жұрттың
айтуынша, бұл банкке салынған ақша банк кітапшасына жазылып,
тіркелген бойда кəдімгі атжалмандарша тез өсіп-өніп, көбейіп кететін
көрінеді. Салымшылардың қатарында Жазғы мекеннің несі Бьяртур да бар
еді. Банкідегілер оны зор құрметпен қарсы алып, пайыздық өсім төледі.
Сонда қалай болғаны? Бьяртур Редсмиридің иелерінен пайыздық өсім ақша
алған болып шықпай ма? Жоқ, бəрі де керісінше жүріп жатыр!
Бьяртурдың үй-жайындағы аулаға староста үш бірдей мініс атымен
келіпті - екеуі жетекте. Өзі əдемі етік киіп алған. Шамасы, оны қарызын
өтеген біреуден түсірген болуы керек - дүние жүзілік соғыс дегенің,
адамдардың үлкен не кіші дəрежесіне қарамай, бəрін де сыйлыққа қарық
қылып тұр ғой. Староста аттарының біреуі тағасын жоғалтып алғанын
айтып, шағына зорлап қоя берді.
- Айтпақшы, - деді ол, - мына қарғыс атқыр жол балшықты даладағы
жайылымның рəсуасын шығарыпты ғой - қандай өкінішті!
- Өкінбей-ақ қой, балшықты даладағы жайылым менікі, - деді Бьяртур.
- Сенің енең əлі тірі ме өзі?
- Онда қандай шаруаң бар? Оны асырап отырған сен емес, мына
менмін. Ол əлі бөтен біреуге күні түсіп, масыл болып көрген жоқ. Сенің
оны бұл жерден алып кетіп, приходтың асырауына тапсырмақ болған
əрекетіңнен ешнəрсе шыққан жоқ - мен тұрғанда шықпайды да!
- Ал оның меншігіндегі үй-жайын не қылдыңдар?
- Қандай үй-жайы туралы айтып тұрсың?
- Өзінің жеке меншігіндегі байырғы үй-жайы ше - соны айтып тұрмын.
- Оның Сандгил йен даласындағы ескі үй-жайы сол бұрынғы қалпында
тұр. Оны қайтейін деп едің?
- Осы сенің қыңыр мінезің қалмай-ақ қойды-ау, - деді староста. - Əккі
болған есектен бетер қыңырсың! Сенен көктемнің жайма шуақ күнінде де
бір ауыз жылы сөз ести алмайсың.
- Қылығыңа қарай қыңыр мінезге тап болатын сенің өзің. Бəрін де
өзіңнен көр, - деді Бьяртур.
- Жұрт сені осы үй-жайыңды, жеріңмен қоса сатып, енесінің үй-жайына
көшеді екен деп жүр. Сол рас па?
- Енемнің ескі үй-жайына көшпек пе екенмін? Оттапты түге!
- Ондай болса, сен мұнда, бəлкім, жөні түзу үй салып алатын
шығарсың?
- Салғым келсе, салып аламын. Онда сенің жұмысың қанша?
- Жоқ, сенің жаның шықпасын соншама. Мен əлгі сөздің рас не өтірік
екенін білсем деп едім. Егер рас болса, мүмкін, менің бұрынғы өз
қыстауымды өзіме қайта сатарсың?
- Қымбатты Иоун, бұл жердің соңғы он сегіз жыл бойы Жазғы мекен
деп аталып келе жатқанын ұмытпағаның жөн. Біз сенімен соңғы кезде
сирек кездесетін болып кеттік қой -бəлкім, ұмытып қалған шығарсың?! Ал,
менің ойымша, Жазғы мекенді Редсмириге қосып аламын деп жүргеніңде
Редсмиридің өзін Жазғы мекенге мен қосып алатын шығармын Байқа,
қартым!
- Рас, Редсмири сатылатын болды. Жетпіс мың кронаң болса, сал менің
қолыма -Редсмири сенің үй-жайыңа айналып шыға келеді!
- Мен оны өзім қалаған кезде ғана сатып алатын боламын.
- Несі бар, олай етуіңе де рұқсат. Ойланып көр. Əлі уақыт бар. Күтемін.
Өзің ойланып-толғанып болғанша менің өз қыстауымды өзіме сат. Он мың
крона қолма-қол санап беремін.
- Иə, шынында да ойланатын бір нəрсе бар. Ол кроналарың жалған
ақша болуы əбден мүмкін ғой.
- Он бес мың крона! - деп, қыза-қыза қойып қалды староста.
Бірақ Бьяртур оған жауап ретінде бұдан бұрын жүздеген рет айтып
жүрген тым қатты үйреншікті болатын сөздерін қайталап, мықтап тұрып
сазайын берді.
Бұл кезде старостаның аты тағаланып та болып еді. Оған қарғып мінген
бойда:
- Мен айтарымды айттым - он бес мың крона! - деп қайталады ол, ер
үстіне жайғасып үлгермей. - Осы бағаны тағы да береді екен деп ойлама айнып қалуым да ғажап емес. Ал егер өзіңнің құрылыс салғың келсе, онда
мəселе басқа - еркің білсін! Егер банкіден несиеге қарыз аламын десең, мен
саған кедергі жасамауға тырысамын.
Он бес мың крона дейді! Шалбарының бірнеше жамауы бар, барып
тұрған аяр əрі қатыгез, алақанындағы екі эйрирлік бақыр ақшаны төрт
айналдыра тексеріп қарамай тұрып, қолынан шығармайтын соншалық
сараң бүгін аяқ астынан "он бес мың крона" дей қалуын қарашы! Өзінің есі
дұрыс па? Əрине, ол он бес мың кронаны өзінің табан ақы, маңдай терімен
тапқан жоқ. Олай болса, ол жалған ақша емей немене?! Сонша ақшаны
еңбекпен табу мүмкін бе? Əрине, мүмкін емес! Таразы Қоңырауы Эйнарды
ежелгі руналық жазуы бар, алтынмен апталып, күміспен қапталған, асыл
тастардан көз салынып, əшекейленген қымбат қалқанды Боргте қалдырып
кеткені үшін Скаллагрим ұлы Эгиль* оны соңынан қуып барып өлтіргені
сияқты əлгі оңбағанды да соңынан қуып барып, өлтіріп келгенім дұрыс
шығар, шамасы?! Ал бұл мұның үй-жайына немесе өзі үй-жай салатын
орынға ақша ұсынумен болды. Редсмири иелерінің осы аңғардағы
шаруаның мазасын алып, тыныштық бермейтін себебі неде болды
екен?'Олардың бір қарағанда тиімді сияқты көрінетін ұсыныстар айтудан
жалықпай, ұдайы қызықтыра бергісі келетін себебі не? Жоқ, Бьяртур
олардың айла-шарғысына көнбейді - ақыр аяғына дейін өз жерін өзі
иеленетін болады. Онда өзінің қойларымен бірге жəне өзінің қойлары үшін
бұрынғысынша өмір сүре беретін болады. Бір күні, өзі де дүниеден озып,
өзінің қойлары да өлген кезде, мұның жалғыз ұлы осы аңғардағы
шаруалардың туын көтеріп шығады, шаруалар мəдениетін ілгері
бастырады, болашаққа қарай бастайды. Сөйтіп ол мəдениет əлі мыңдаған
жылдар бойы өмір сүре беретін болады. Егер бұл өзі, яғни Бьяртур,
құрылыс салатын болса, - ал бұл уақыты келген кезде жаңадан жақсы үйжай салуды алдын ала шешіп те қойған - оны Редсмири иелерінің айтуымен
емес, жеке өзінің қалауымен ғана жүзеге асырады. "Жаным Гвендур, мен
өлген соң олардың ақшаға қызықтырмақ болған айла-шарғысына ешқашан
алданып қала көрме. Егер сен осы жерде тұра беретін болсаң, - ал мен сенің
осы жерде бұдан былай да тұра беретініңе кəміл сенемін, - өзіңді осы
жердің нағыз қожасы ретінде ұста!" Бұл жерде қой жақсы өседі, анаумынау қойлар емес, денсаулығы мықты, суыққа төзімді, жібектей жұмсақ
жүні қалың қой өседі. Қой өсіру - шаруаның ең үлкен ерлігі. Иə, қазір ақша
да, əртүрлі көзқарастар да тау суындай тасып жатқан кезде, уақыт пен
кеңістік арасында адамдар мен дүние-мүлікті бір-бірінен бөліп тұратын аса
қуатты қалың қабырғалар қирап жатқан кезде, мүмкін емес нəрсенің бəрі де
мүмкін болып жатқан кезде, өздеріне ешқашан ешнəрсе де тілеп көрмеген
адамдардың ойында жоқ арманы аяқ астынан өзінен-өзі орындалып жатқан
кезде кімнің болса да тағдыры мызғымас жартастай өзгеріссіз қала беруі
мүмкін емес. Қазір қойлардың өзі де бейне бір маңғаз шенеуніктер сияқты
нан жейтін, тіпті таңдап жейтін болды. Кəдімгі тойымсыз қорен
сиырлардың алдында шелек-шелек дəмді майшабақ тұрса, оған ешкім таң
қалмайды. Сиырлар ондай əуес тағамды құлақтарын тікірейте түсіп,
көздерін тарс жұмған бойда рақаттана жей береді. Исландиялықтар енді
Америкаға өздерінің кемелерін жіберетін болды. Бір кезде, осыдан тоғыз
жүз жылдан астам бұрын, Жолы болғыш Лейв* ашқан, бірақ соның
артынша біржола жоғалтып алған Америкаға кеме қатынасы қайта орнады.
Иə, қазір қай салада болса да кең көлемді қуатты құлшыныс бар. Асыптөгіліп жатқан мол бақыт, елдің барлық каналдарымен ағылып келіп жатқан
байлық жағдайында адамдар қандай ұлы оқиғалардың өзіне де таң
қалмайтын, қандай төтенше алапат апатқа ренжімейтін болды. Міне,
осындай күндердің бірінде мистер Гудмундур Гудбьяртурссонға, - яғни
кəдімгі Гвендурге - алыстан хат келгені туралы хабар тиді. Оны өзі барып,
қол қойып алуы үшін Редсмириге сапар шекті. Хаттың сыртына
Американың маркасы жапсырылыпты. Гвендур ол хатты өз хуторының
маңындағы биік төбенің басына шыққанша ашқан жоқ. Өйткені Редсмири
шонжарлары мұның құпия сырын сезіп қалар деп қауіптенді. Төбенің
басындағы бір тасалау жырада былтырғы қураған шөптің ара-арасымен
енді ғана бой көтеріп келе жатқан көктің үстіне - уақыт мамыр айының бас
кезі еді - отыра қалды да хатты ашты. Конверттің ішінен екі көгілдір қағаз
шықты. Олардың бетінде өзіне таныс емес, əлдебір əріптер мен біреудің
кісі түсініп болмайтындай иректеп қойылған қолы бар екен. Ал үшінші
қағаздан Ноннидің анық əріптермен əдемілеп жазған хатын оқыды. Ол
былай деп жазыпты: "Нағашы ағамыз саған екі жүз доллар жіберіп отыр.
Оны ала салысымен Америкаға жетуге асық. Қазір соғыс бітті, заман
оңалып келеді. Сен мұнда қалаған мамандығыңды алып, адам қатарына
қосыласың". Сен туып-өскен жеріңді қаншалықты сүйіп, жақсы көрсең де
Америкаға кетіп қалуыңа əбден болады, - деп жалғастырыпты хатын
алыстағы інісі Нонни. - Жұрттың бəрі де алып кемелерге мініп, ұшы-қиыры
жоқ үлкен теңіз арқылы Америкаға келіп жатыр. Шынында да жерін шексіз
сүйетін, одан ешқашан қол үзіп кеткісі келмейтін сияқты көрінетін
адамдардың Америкаға қоныс аударуына кедергі болып, қолын байлайтын
бірден-бір нəрсе - жер де емес, жерге деген сүйіспеншілік те емес, қолдың
қысқалығы, яғни қаржының жоқтығы. Исландияның тау аңғарларын
мекендеп келген байырғы тұрғындар - исланд халқының бетке ұстар
перзенттері, халықтың негізін қалайтын ұл-қыздары, оның өмірлік маңызы
бар жүйке тамырларын құрайтын, болашағын сақтап қалатын шаруалар
мəдениетін іс жүзінде нақты жүзеге асыратын жандар соңғы қырық
жылдан бері Америкаға ағылуда. Олардың есуастық мүсəпір түріне қарап,
Израильдің шөл далада адасып қалған бейшара балаларын көзге елестетуге
болады. Өйткені олар сонау Исландиядан ағаш астауларын қолтықтап, теңіз
құстарының жүні саситын мамық көрпелері мен төсеніштерін арқалап
келеді - Америкада бейне бір ондай заттар мүлде табылмайтын сияқты
көрінетін болулары керек. Сондай-ақ Польшаның өмірлік жүйке
тамырларын құрайтын адамдар да соңғы елу, тіпті жүз жылдан бері
өздеріне мүмкіндік туа қалған бойда құс жастықтары мен сүйікті
арбаларының доңғалақтарын арқалап артынып, тартынып, толассыз келіп
жатыр. Олар да Америкада құс жастық пен арба доңғалақтары табылмайды
деп қауіптенетін сияқты. Ал енді мысал ретінде қазір тапталып сола
бастаған көк шөптің үстінде отырған исландиялық жас жігітті, он жеті
жастағы Гудмундур Гудбьяртурды, алты бəсіре қойы, теріден тігілген
тамаша байпағы жəне басқа да байлығы бар жігітті алып қарайық. Иен
даладағы жер алқабына, өзінің үй-жайының жоғары жағындағы шырқау
биікке көтерілген тау жоталарына, шалқып жатқан шалқар теңізге, көктем
күніндегі бала қиялының арманына толы болашағы зор əрі əкесінің шексіз
мүмкіндіктері мол шаңырағына деген сүйіспеншілігі арқылы берік
байланысы бар адамды іздеп табу қиын. Ертегілерде айтылатынындай, тау
ханымының төсін аймалаған адамнан асқан бақытты ешкім де бола алмақ
емес. Міне енді конверттің ішінен түсініксіз жазулары бар екі көгілдір қағаз
шыға келгенде мұның бар арманы іске асқандай болды. Ол Исландия
құстарының сайрап салған əндерін соңғы рет естіп отырғандай сезінді,
тіпті өзі жарық дүниеге келген мына көсіліп жатқан кең аңғармен ойша
қоштаса бастаған сияқты. Ал өзі осы аңғармен біте қайнасып, біртұтас
тұлғаға айналып кеткенін де ұмытқандай. Енді бұл "кім болғысы келсе, сол
бола алатын" елге кетуге біржола бел байлаған шешім қабылдағандай
сезінді. Ол елде мал тек ірі қараның басымен саналатын көрінеді. Қой сауу
сияқты болмашы ғана өнімсіз жұмыс туралы сөз ететін ешкім жоқ деседі.
Мүмкін, бұл онда барған соң қолынан өнері тамған ағаш ұстасы болатын
шығар. Өзінің нағашы ағасы сияқты теңіздің арғы жағындағы Батысқа
қоныс аударған мың-мыңдаған исландиялықтар ондай өнерді меңгеріп
кетіпті ғой. Олар мыңдаған жылдар бойы жөні түзу бір шеге қаға алмаған
адамдар емес пе еді? Енді ағаш ұстасымыз деп көкіректерін қағып жүрген
көрінеді. Олар өздері бақыт іздеп барған елде адамдарға шын мəнінде
лайықты тұрғын үйлер салатын болып алыпты. Мұны сонау Наполеон
соғыстарынан бері ғасырдан ғасырға созылып келе жатқан уақыт бойы
шым мен шымтезекті құрылыс материалы ретінде пайдаланған азаптан
құтылғанының, бейне бір қанды кек қайтарғандай болғанының қуанышы
деп санаса керек.
Гвендур аңғарға түсіп, Жазғы мекенге келген кезде - Құдайдың өзі куə əкесінің салған үйі қыңырая қисайып, бүкірейіп тұрғандай бір түрлі күлкілі
болып көрінді. Ол өзінің Америкаға кетуге ойы бар екенін əкесіне айтпақ
болды. Əлгі екі көгілдір қағаз көп ақша... Соғыс бітіпті. Бұл онда барған
соң кім болғысы келсе, сол бола алады екен. Бəлкім, мүйізді ірі қара өсірер,
мүмкін, шын шебер ағаш ұстасы болар.
Əкесі терең ойға шомып, осынау кең аңғарды шола қарап тұр еді.
Бəлкім, ол өзінің көктемгі тəтті қиялында өз ұрпағының болашақта өсіпөніп жапырақ жая гүлденгенін көріп тұрған да болар. Мүмкін, ондай
бақытты болашақты көз алдына елестетпеген де шығар, өйткені ондай
мақсат-мұратқа жетуді ойламаған да болар. Олай болса, бұл жөнінде майын
тамыза жазудың да қажеті жоқ. Бəлкім, Бьяртур өзінің ауыр еңбегінен
ешқандай поэтикалық шабыт ала алмаған да болар. Қалай дегенде де
ешқандай себеп-сылтаусыз миллиондаған адамды өзара қырып салған,
кейбіреулердің пікіріне қарағанда, олар мұны өздері көңіл көтеріп,
рақаттана сүйсіну үшін жасаған француздар мен немістерден артық шабыт
шақыра алмаған да шығар. Бірақ бір нəрсенің басы ашық еді. Ол өзінің
əйтеуір бір күні өлетінін, ана дүниеге аттанатанын білетін. Сонда мұның
қойларына кім ие болады, оларға кім қамқорлық жасап, бағып-қағады?
Денсаулығы күшті жап-жас шаруа жігітті өз елінің мыңдаған жылдардан
бергі байырғы дəстүрін жалғастырушы болады деген үміт артылған, өзінің
отанымен жəне туған халқымен етене жақын, тіпті біртұтас тұлғаға
айналып кеткен адамды екі жапырақ көгілдір жалған қағаздың шыныменақ ақыл-есінен адастырғаны ма? Гвендур төбеден хуторға қарай түсіп келе
жатып, өзінің еліне, халқына, тіпті жеке өз басына, өзінің өткен өмірі мен
қазіргі өміріне, болашақ өміріне осылай опасыздық жасайтын ойда еді.
Бьяртур бір ауыз ғана сөз айтты:
- Америкадан келген хаттарға сенуші болма.
азықтандыратыны жөнінде жазғанының бəрі өтірік.
Малды
қалай
- Онда мен, бəлкім, ағаш ұстасы болармын, - деді Гвендур.
Əкесі жеркенішпен жерге бір түкірді де былай деп жауап қайтарды:
- Мен өз өмірімде талай ағаш ұстасын көрдім. Олар ешқашан есі дұрыс
адамның жұмысын істеп жарытқан емес. Бір поселкеден екінші поселкеге
сандалып жүріп, басқа біреулердің шегесін қағумен өмірлерін өткізеді.
Домалаған тасқа мүк те өспейтінін біліп қой.
Баласы лəм-мим деп тіл қатпады.
Əкесі сəлден соң сөзін қайта жалғастырды:
- Мен өзімнің ұлдарымның бəрінен айырылдым. Бірақ ешқашан өкінген
жоқпын, шағынып сөз де айтқан емеспін. Болған іс болды, амалым қанша!
Ал сен қойдың жайын білетін малсақ балам едің. Біразырақ жас
болғаныңда арқаңда қамшы ойнатар едім...
- Егер адамның қолында мол ақша болып тұрса, - деді баласы, - оны
неге пайдаланбасқа, үлкен елге сапар шекпеске?
- Үлкен ел дейсің бе? Бұл - нағыз ақымақтардың оттаған сөзі! Біздің
Жазғы мекен ешқандай елден кіші де, кем де емес. Осы Жазғы мекенде
нағыз азамат бола алмаған адам ешқандай бөтен елде жүріп нағыз азамат
бола алмайды. Қаңғырып жүрген адамнан ешқашан нағыз азамат
шықпайды. Ал сенің інің Иоунның жөні бір басқа. Ол қаршадайынан
шетелдерге, алыс елдерге сапар шегуді қанына сіңіріп, армандаумен болған
еді. Ол қой туралы ешнəрсе де ойламайтын, есіл-дерті басқада - алыс
елдерге сапар шегуде болатын. Ал сен ше? Сенің мыңғыртып қой өсіре
алатын қабілетің бар. Мен сені ешқайда да жібермеймін. Менің мына
жерді, Жазғы мекенді саған қалдырып кетуім керек. Сен оны қасиетті
құнарлы жер сияқты етіп жылына екі рет өнім өндіруге қабілетті бола алар
едің. Сенің болашағың туралы мен міне осылай ойлап келдім. Сені өзімнің
ұлдарымның ішіндегі ең адал, ең сенімді перзентім деп келіп едім. Сен
мұртың енді ғана тебіндеп келе жатқан жас жігітсің. Бірақ, кім біледі,
келешекте сəтті үйленіп, бай шаруа бола аларсың.
Жас жігіт баяу үнмен жауап қатты:
- Менің жасым он жетіге толды. Өз тағдырымды өзім шеше алармын
деп ойлаймын. Рас, мен қойларды əрқашан жақсы көріп келдім. Бірақ өзім
туралы үн шығарып, ештеңе айтқан емеспін. Ал менің не туралы ойлап
келгенімді сен білесің бе өзің? Мен, сəті түскен жағдай кез бола қалса,
ондай мүмкіндіктен айырылып қалмай, қалай да пайдалануым керек деп
ұдайы ойланып келдім. Жастардың да, қарттардың да тап осылай
ойлайтынына кəміл сенемін. Адамдардың армандауға, əлдебір нəрседен
үміт етуге батылы жете бермейді -өле-өлгенше жұмыс істеумен өтеді.
Мына хатты ашып, оқып көргенше дəл осындай сəтті жағдайға тап
болармын деп менің өзім де сенген жоқ едім. Бірақ, не екенін анық
білмесем де, əйтеуір бір сəттілік болатынын күтіп жүргенмін.
Бəлкім, бұл менің бүкіл өмірімде бір-ақ рет кездесетін сəттілік шығар.
Тағдыр маған да жылы шырай танытқан болар. Мен ақылы ауысқан есалаң
біреу емеспін. Бірақ өз өмірімде кездескен осы бірден-бір сəттілікті
пайдалана алмай қалсам, жынданып кетуім ғажап емес. Өйткені өзінің
ойындағысын дауыстап айтуға батылы жететін адамдар сияқты үлкен де
кең дүниеге шыға алмасам, бүл дүниеде əйтеуір бір пайдалы біреу бола
алмай қалсам, онда жынданып кетуім əбден мүмкін.
- Менің ондай ақымақтықты естігім де, білгім де келмейді, - деді
Бьяртур. Сол бір жын-перілердің əлемі туралы əңгімені тыңдауға құлқым
жоқ! Ондай дүние туралы сен не білесің? Дүние дегеніміз не өзі? Дүние
деген осында, Жазғы мекенде, менің хуторымда. Міне, дүние деген осы! Ал
егер сен ақылыңнан адасқан болсаң, қайдағы бір американдық көгілдір
ақшаны көріп, - ол ақша табан ақы, маңдай теріңмен табылмаған ақша
атаулы сияқты жалған ақша екенін ұмытпа, - қызбалыққа салынып,
аспандағы Ай мен Күнге қол жеткізем деп, асығып-аптығатын болсаң,
Жазғы мекеннің қадірін, нағыз ғажайып дүние екенін, ерте ме əлде кеш пе,
əйтеуір бір білетін боласың. Сен менің бұл сөзімді əрқашан есіңде
сақтайтын бол.
Суық меңіреу үнсіздік орнады.
АЛПЫС ҮШІНШІ ТАРАУ
ЖАЛҒЫЗ ТҰРҒАН ЖАЛАҢ ЖАРТАС...
Бьяртурдың ұлын өзінің айтқанына үгіттеп көндіргісі келмеді. Өйткені
мұның өзі дəрменсіздік белгісі болар еді. Өз еркі өзіндегі тəуелсіз де дербес
адамның өзіне тəн іс туралы ғана ойлауы, өзгенің ісіне араласпауы тиіс. Ал
Бьяртур өз-өзін басқа біреулердің үгіттеп көндіруіне ешқашан жол беріп
көрген емес. Өз айтқанымен ғана жүретін. Ұлымен ашық сөйлескен күннен
бастап бұл балам бар екен-ау дегенді біржола ұмытты. Гвендурға бір ауыз
тіл қатқанды қойды, оған ешқандай тапсырма да бермейтін болды.
Шабындық жерде батырақ жұмысшымен бірге терең ор қазды, айдаудағы
адамдай күні бойы азапты жұмыс істеді. Əкесіне баласы да тіл қатқан жоқ.
Бірақ алдағы аз күнде бөлек кетемін-ау деген ауыр ой еңсесін езе берді, жан
дүниесінде əлдебір қорқыныш пен мұң ұялады. Туған жерге деген
сүйіспеншілік шынында да оның қанына сіңген қасиет еді. Бірақ соның өзі
де бұдан ешқандай сөз айтуды, түсінік беруді талап ете қойған жоқ.
Гвендур енді туып-өскен жерінен қол үзіп, қайдағы бір ауаның құшағына
еніп, ұшы-қиыры жоқ бос кеңістікке, белгісіз бір жаққа бет алып кетіп бара
жатқандай сезінді. Енді оның жағдайды өзгерте алатындай шамасы
қалмады. Адам шын мəніндегі нақты дүниеде өмір сүреді, оған бала
жасынан бой үйретеді, оған нағыз ер адамша тіктеп қарай алады. Алайда
қазір мұны қайдағы бір белгісіз алыс дүние өзінің құлақ естіп, көз көрмеген
зор мүмкіндіктерінің бар екендігімен қызықтырып, еліктіре түседі. Мұның
қолында оған емін-еркін кіретін билеті бар. Ол - екі көгілдір қағаз ақша.
Енді бұл шын мəніндегі үйреншікті нақты дүниеде өмір сүруін тоқтатып
үлгерген де сияқты. Оны əлден-ақ жатырқап, қол үзіп қалғандай сезінеді.
Оның бетіне тура қарауға батылы жетпейді. Ол əлдебір үміт ұшқынымен
қызықтыра түсетін қонақжай алыс елдің билігіне біржола, бəлкім, өмір
бойы бас ие бағынғандай. Бəлкім, бұл ендігі жерде адам болудан қалған да
шығар.
- Мен ертең кетемін, - деді Гвендур.
Оның сөзіне ешқандай жауап қайтпады.
- Сен менің бəсіре қойларымды сатып алмас па екенсің?
- Жоқ, сатып алмаймын. Оның есесіне, тап сен үшін деп айтайын,
оларды шымтезекті батпаққа батырып, тұншықтырып өлтіруге бармын.
- Жарайды. Онда мен ол қойларымды Ауста Соуллильяға сыйға беріп
кетемін. Ертең қалада болғанда осылай деп айтамын.
- Сен өзің не оттап тұрсың? - деді əкесі. - Сен жынданған шығарсың!
Шынымен-ақ кетпексің бе? Сені онда оп-оңай өлтіріп тастайды ғой.
- Соғысып жатқан ешкім жоқ. Соғыс əлдеқашан біткен Ешкім де
өлтірмейді.
Олар бұдан соң бір ауыз да тіл қатысқан жоқ.
- Əже, - деді Гвендур. - Мен ертең кетемін.
- Шамасы, онша алыс кете қоймассың деп ойлаймын, балам, - деді
кемпір.
- Америкаға кетіп барамын.
Халбера тоқып отырған ісің тізесінен түсіріп алды. Ол немересіне
көзінің қиығымен бір қырынан қарады да қолындағы тоқыма бізін шілтерлі
тақиясының астына сұғып жіберіп, басын қасыды.
- Міне енді басымдағы биттер бет-бетімен жан-жаққа жарысып қаша
бастады, - деді де, ол іс тоқуға қайтадан кірісіп кетті.
Гвендур таңертең денесі дел-сал болып, əбден қалжырап тұрды. Ол
əжесімен қоштаса бастады. Бұл қоштасудан ешқандай да қимастық
сезімінің поэтикасы байқалған жоқ. Əжесі тіпті Америкадағы жақын
туыстарына сəлем айта бар да демеді. Ал əкесі баласына атын берген жоқ.
Сондықтан да ол шығыс жақты бетке алып жаяу тартты. Үстіне көк
костюмін киді. Шынжыр бауы бар сағаты мен əшекейлі жылтырақ
байпағын бет орамалына орап, қолтығына қыстырды. Қол жүгін күні бұрын
жөнелтіп қойған болатын. Шалбарының балағын былғап алмас үшін кең
қонышты ұйығының ішіне салып жіберген.
Құстар бір-бірімен жарыса əдемі шықылымен əн салып, сайрай
жөнелді. Биік таудың үстін бозғылт тұман тұтаса басып жатыр. Көк шөпке
шық түсіпті. Қара қоңыр балшықты алқапта құрғақ жердің ойдым-ойдым
көк жасыл сілемдері анда-санда бір көрінеді.
Əкесі бұл кезде шабындықта ор қазуға кірісіп кеткен еді. Гвендур
қоштасып кету үшін оған əдейі бұрылды. Ал Бьяртур оны көзіне де ілген
жоқ, тіпті басын ордан жоғары көтермеді. "Қош бол!" деген бір-ақ ауыз сөз
айтты.
- Əке, - деді баласы, ордың жиегінде бір түрлі ыңғайсызданғандай
болып. - Мені сөге жамандай көрмеші.
- Мен сенің жолың болмайды-ау деп қорқамын, балам, - деп жауап
қатты Бьяртур. - Онда адал адамдардың күн көруі тым қиын. Ал мұнда
жүрсең, сен де мына мен сияқты өз еркі өзіңдегі, ешкімге тəуелсіз дербес
адам бола алар едің. Сен өз патшалығыңды өзгеге құл болу үшін тастап
бара жатқаныңды сезбейсің. Айта бергеннен не шығады, пайда жоқ. Ал мен
осында бір өзім қаламын, қашан көзім жұмылып, о дүниелік болғанша
қажымай-талмай жұмыс істеймін. Кішкентай Нонниге де осы сөзімді айта
бар. Осымен қош бол, кете бер.
Сөйтіп Бьяртур ең соңғы ұлынан да айырылды. Өз еркі өзіңде, ешкімге
тəуелсіз дербес адам болу жолындағы арпалысқан ұзақ күрестің мақсатына
енді жеттім-ау деген кезде айырылды. Осы мақсатқа жетсем бе деп, бұл
өзге балаларының бəрін де құрбан еткен жоқ па еді?! Енді не болды? Ол
сонда да көз алдына молшылық пен тəуелсіз дербестікті елестете берді.
Мейлі кеткісі келгендер кете берсін - бəлкім, бір есептен осылай болғаны
да дұрыс шығар. Адамның күш-жігері жалғыз қалғанда байқалады. Адам
жалғыз болып туады, жалғыз болып өледі. Олай болса, бұл неге жалғыз
өмір сүре алмайды?! Байқап тұрсаң, адам өмірінің басты мақсаты да
жалғыздықтың қиындығын жеңу болып табылады. Бьяртур күректі қолына
қайта алды да жұмысына қызу кірісіп кетті. Кенет оған бір ой сап ете
қалды. Жер қазғанын қоя салып, басын ордан жоғары шығарды.
- Əй, сөзіме құлақ сал, - деп айқай салды əкесі. Сөйтті де ұлының
соңынан жүгіре басып, оны қуып жетті. - Айтпақшы, кеше кешке сен Ауста
Соуллилья туралы не деп едің?
Мен былай дегенмін: егер сен менің бəсіре қойларымды сатып
алмайтын болсаң, онда ол қойларды соған сыйға тартып кетемін!
- Ə, солай ма еді? - деді əкесі. - Ал онда қош бол. Соғыс бітті деп
қаншама даурықса да олардың сені əйтеуір бір ақымақтықпен өлтіріп
қоймайтынына ешқандай да сенімім жоқ. Ол есалаң жындылар төрт жыл
бойы тоқтаусыз соғысты. Енді олардың аяқ астынан ақылы кіре қалды,
қайдағы бейбіт келісім жасалды дегенге бола қайырымды жандарға
айналып шыға келді дегенді қай ойың айтады? Жоқ, олай емес, есалаң
жындылар қашан да есалаң жындылар болып қала береді.
Баласы əкесінің терең ойға толы бұл ескертпесіне не деп жауап
қайтарудың ретін таба алмады.
- Менің саған айтар тағы бір нəрсем бар, - деп, баяу үн қатты əкесі.
Сөйтті де тағы да үнсіз қалды. - Егер сен Ауста Соуллильяны көре қалсаң,
оған былай деп жеткіз. Биыл ерте көктемде əкем йен даланың оңтүстік
жағын кезіп жүріп, ондағы жалғыз тұрған жалаңаш жартасқа жақындап
барғанда оның ойына мынадай екі шумақ өлең жолдары орала кетіпті деп
айт. Алдымен жақсылап тыңдап ал:
Аппақ қардан жамылғысы,
Қалың қабақ - қатал түсі.
Жалғыз жартас - баяғыдан
Осы аңғарды күзетем деп
Тапжылмастан тұрған кісі.
Жалғыз жартас.
Өспейді онда
Гүл де, шөп те, дақыл да,
Күн сəулесі сейілте алмай
Қараңғылық, қапасты.
Өзің айтшы, қатыгездік осынша
Адамдарға жараса ма; мақұл ма?
- Есіңде сақтай аласың ба?
- Мен өзім түсінген нəрсенің бəрін де есімде сақтай аламын, - деп жауап
қатты ұлы. -Бірақ "қараңғылық қапастан" деген сөздер нені білдіреді?
- Оның саған мүлде қатысы жоқ. Бұл - бар болғаны жалғыз жартас
туралы өлең ғана. Мен қараңғы қапас тұңғиықтағы сиқырлы зұлым
күштердің ешқайсысына сенген де, оларды мойындаған да жан емеспін.
Сен мұның дəлелі ретінде Аустаға менің Гунвер кемпірдің моласы басына
құлпытас орнатқанымды жəне оған өз атымды қоса жаздырғанымды айт.
Ал мына өлеңге келетін болсақ, мен өзімнің ойымды өзімше еркін айтқым
келді.
Гвендур өлеңді бастан-аяқ түгел жаттап алды да енді қайтып ешқандай
сұрақ қойған жоқ.
- Ал, жалпы айтар болсам, оған менің сəлемімді жеткіз. Менің
жағдайымның бəрі де сол бұрынғы қалпында екенін айт, - деді əкесі. - Тек
бір ғана өзгеріс бар - былтыр қыс қатты суық болған жылдан бері үйіміз бір
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 39
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.