Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 33

Total number of words is 4372
Total number of unique words is 2185
37.2 of words are in the 2000 most common words
54.2 of words are in the 5000 most common words
63.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
нарттай қызарып, көздері жалт-жұлт етіп, жайраң қағады. Жүзін жырымжырым етіп тұрған əжімдері де күтпеген жерден жайылып, тегістеле
түскендей. Жап-жас, жасөспірім жігітке ұқсайды. Оның жүзінен балаша
дерлік шаттанған қуаныш лебі еседі. Ол өзінің дəрісін тізесінің үстіне
қойып, қыздың бетіне жəне шамның жарығына қуана қарады. Балалар
шамның жарығынан оянып кетті, орындарынан тұрған бойда олар да
мұғалімге қарады.
- Реңіңіз өте жақсы. Құлан-таза жазылып кеттіңіз бе? - десті.
- Иə, мүлдем жазылып кеткен сияқтымын. Жақсы деуден де жақсы! Мен
енді бақыттымын десем де болады. Тіпті өте-мөте бақыттымын! - деді
мұғалім. Содан соң былай деп қосып қойды: - Көңілім хош. Өте хош! Неге
екенін білесіңдер ме? - деді ол Сөйтті де ол бүкіл дүние жүзіне жар сала
көрсеткісі келгендей болып, қолындағы дəрісін төбесіне көтере ары-бері
айналдырып бұлғады. - Неге екені сол - бүгін түнде ешқандай да қайғықасірет болмауы тиіс. Мен олардың бəрін жер бетінен жойып жібердім.
Енді, міне, ешқандай ауыр азап та, ауру-сырқау да жоқ. Бүгінгі түні менің
басыма бақыт құсы қонғандай, бүкіл дүниені басқарып билеу кілті қолыма
тигендей болды.
Бұдан былай ғазиз жүректер қалтырап-дірілдеп азап шекпейді, қайғықасіреттен қарс айырылып, қиналмайды. Құмға барып, құрдымға кетіп
жатқан кішкентай өзеннің жағасындағы қара-көлеңке лашықта жартылай
жалаңаш əрі аш балалар да болмайды. Қойлар кең аңғарда емін-еркін
жайылатын, ішек құрттан біржола құтылатын, өз билігі өзінде, ешкімге
тəуелсіз азаматтың игілікті жалғыз аты да белі бүгіле ауыр жүк көтермейтін
болады. Оның есесіне, экватордың құмды шөл даласында жайқала өсіп
тұрған орманда өмір сүреміз, Миссисипи өзенінің жағасындағы
ормандарда қол мерген аңшы да, бұла өскен бұғы да жыртқыш аң ілбісін де
бірін-бірі шын жүректен қуана қарсы алып, тату-тəтті бейбіт тіршілік
ететін болады... Шын жүрегімізден аңсаған арман-тілегіміз түгел
орындалады! Қане, балалар, келіңдерші, сендерді құшағыма алып,
бауырыма басайын. Ал сендер өздерің аңсаған кез келген армантілектеріңді ойларыңа алып жасырыңдар - əрқайсысыңның сол аңсаған
арман-тілектеріңнің қандай екенін шешіп беретін уақыт келді.
Балалар оның неге қуанып жүргенін көпке дейін түсіне қоймады.
Бəлкім, оның бұларға үйреткен жыр жолдары жалғасының қуанышы болды
ма екен? Ал мұғалімнің əлгі айтқан сөздерінен кейін балалардың ұйқысы
біржола қашып кетті. Олар мамық көрпенің астынан шығып, мұғалімге
жақындай түсіп, əлемнің кайта өркендеу дəуіріне белсене қатысқысы
келгендей. Мұғалім оларды кереуеттің үстіне отырғызды, бəрін де иығынан
құшақтап, өзінің кеудесіне қарай тартты, əлдебір көне өлеңнің жыр
жолдарынан үзінді оқыды.
Бұлар ойша жасыруы тиіс арман-тілектерді оның күтпеген жерден тура
тауып, шеше алатыны таң-тамаша қаларлық қызық сияқты елестеді. Бірақ
балалар алғашқыда өздерінің арман-тілектерін ойша қалай жасырарын
білмеді. Бұлардан адамдар өздерінің арман-тілектерін ойша жасыруға
келген қас қағым сəтте олардың ауыздарына сөз түспей қалады дегенді
естігендері бар еді. Сол рас екен. Оның үстіне, адамдар өздері өмір бойы
күтіп жүрген ондай сəттің, бəлкім, дəл сол кезде келіп қалғанын да көп
ретте байқай алмайды. Кішкентай Ноннидің өзі де ондай арман-тілекті
ойша жасыруға болатынына жəне оның қалай да орындалатынына
бұрыннан сенетін. Өйткені ол арманшыл жас қой. Сонда да болса, жемежемге келгенде сол Ноннидің де аузына сөз түспей, едəуір қиналды. Ал
Ауста мұның өзі жай қиял ғана болар деп ойлады. Бір таң қаларлық нəрсе,
басқа ешкім де емес, Гвендур, кəдімгі парасатты көрінетін Гвендурдың тап
өзі, бірінші болып белсенділік танытты жəне ондай сəтті сағаттың келіп
жеткенін өзгелердің бəрінен бұрын түсінді. Ол əр нəрсені сол өзгеріссіз
түрінде қабылдап, өзінше тек солай ғана болуы тиіс деп ойлайтын, оның
өзгеше табиғаты мен шығу тегі қандай екенін сұрастырып жатуды тіпті де
қажет деп санамайтын кельдтік Хродлогур сияқты ой топшылайтын.
Сонымен Гвендур бірінші болып арман-тілегін ойша жасырды.
- Менің арман-тілегім, - деді ол, - біздің қойларымыз қыстан аман
шықса екен, ал əкеміз қыс бойы жұмыс істеп, көп ақша тапса екен, содан
соң күзге қарай тағы да қосымша қойлар сатып алса екен дегенім еді.
- Досым менің, - деді мұғалім оны бетінен сүйіп, - сенің бұл армантілегің сөзсіз орындалады. Қойларың емін-еркін жақсы жайылып, қос-қос
егіз қозыдан туатын болады. Күзге қарай қораға бүкіл округтегі ең жақсы
қозыларды ерте келеді. Хутордағы қой басы көбейеді. Фьордта жүрген
əкеңнің несиеге алған ақшасы да еселеп өседі. Бұл жерге тақтайдай тегіс
даңғыл жол салынады. Иен дала арқылы өтетін сол жолмен бұл жаққа
дүниежүзілік мəдениет іс жетеді. Ал сол мəдениетке ілесе келген қыруар
мол күміс теңгелер тасқындап құйылатын болады. Осында, тап осы төбенің
үстінде, ертегілерде айтыла беретін салтанатты сəнді сарай сияқты екі
қабатты ғажап үй тастан қаланып, бой көтереді. Ол үйдің іші-сыртын ең
күшті электр шамдарының жарығы нұрландырып тұратын болады.
Сонымен, алғашқы арман-тілек туралы əңгіме тəмам болды. Ал
кішкентай Нонни былай деп шешті: егер мұның бəрі тіпті кəдімгі түстен
артық бір нəрсе болмаса да, мұндай қас-қағым сəтті елеусіз қалдыруға да
рұқсат етілетін шығар. Алайда мұның өзі кенеттен түсім емес, өңім болып
шықса ше?!
Өлім халінде жатқан адамдар, егер Құдай шынымен-ақ бар болып
шықса, онда нем кетіп барады дегендей, одан көмек сұрап, тап осылай
жалбарынады. Тағдыр мұның кез келген өтінішін орындағалы тұрған осы
бір қас қағым сəтте Нонни қандай арман-тілегін ойша жасыруы керек?
Кейбір адамдар бір ғана арман-тілектің орындалғанын қанағат етеді. Шын
бақытты адамдар солар.
Өйткені бір өмірге бір ғана арман-тілектің орындалуы əбден жетіп
жатыр, одан артығын өзіне сыйғыза алмайды. Мұның шешесі өзінің шексіз
қайғы-қасіретіне қатысты бір ғана тілек тілеумен өмірден өтті. Ал мұның
бірден-бір тілегі - өзге елдерді аралап көру.
- Қандай елдерге барғың келеді? - деп сұрады мұғалім.
- Жасыл орманы көп елді көргім келеді, - деді ол салған жерден. Миссисипи сияқты алып өзені бар елде, жыр жолдарында айтылатын
сияқты бұғылар, ілбісіндер жүретін жерде болғым келеді. Мен сондай елде
болуды армандаймын.
Мұғалім былай деді:
- Маған қалам, қағаз, сия бере қойшы.
Ол үстелдің үстіне иіле еңкейіп, ірі-ірі əріптермен көсілте хат жазды.
Қаламұшты салмақ сала басып жазғаны сонша, тіпті оның шиқылы естіліп
жатты. Ал бала мұғалімнің қолының əрбір қимылын қызыға қадағалаумен
болды. Бірақ мұның өзі не өңі, не түсі екенін еш айыра алмады.
Мүмкін, мұның бəрі де жай ойдан шығарылған ойын ғана шығар?
Бəлкім, тап осы минөт оның бүкіл өмір жолы анықталатын ең биік
шыңдарының бірі болар?
- Міне, - деді мұғалім. Сөйтті де балаға барынша байсалды түрде
маңғазданып, əлгі хатты ұсынды. - Мына хатты Фьордқа бірінші кезекте тез
жеткізуге тырыс. Бұл анау-мынау хат емес, сиқырлы хат. Сенің армантілегің сөзсіз орындалуы тиіс.
Бала асып-сасып абыржыған кейіппен хаттың қайда, кімге
жолданғанына қарады. Хат аты-жөні шетелдік əлдебір əйелге жолданған
болып шықты. Бəлкім, ол əйел уездік судьяның үйінде шығар. Конверттің
сыртында одан арғы егжей-тегжейлі ештеңе көрсетілмепті.
Нонни ұйқыға жатар алдында құпия терең сыры бар əлгі хатты əжесінің
сөресіне алып барып қойды. Сөйтті де ол өз құлағын өзі шымшып алды:
"Бұл өзі өңім бе əлде түсім бе?" деп, біліп алайын дегендегісі. Бəлкім,
ертеңгісін оянғанда мұндай ешқандай да хат болмайтын шығар?
Ал таңертең ұйқысынан оянып, көзін ашқан бойда Нонни əжесінің
сөресіне қарай ұмтылды: "Түндегі хат бар ма əлде жоқ па?" деп іздей
бастады. Міне қызық - сөреде кешегі хат сол күйінде жатыр. Сыртында іріірі əріптермен жазылған бірнеше сөз бар. Судьяның үйінде тұратын болар
деп шамалаған шетелдік əйелдің аты-жөні ғана. Ол конвертті тез ала салып,
қалаға кетіп бара жатқан бірінші жолаушыға тапсырды, оны көрсетілген
мекен-жайға жеткізіп беруді қатты өтінді.
Сөйтіп жасырылған екінші арман-тілектің шаруасы да шешілді. Ендігі
кезек үшінші арман-тілекке келді.
Мұғалім балалардың ұйқыға ерте жатуына болатынын бүгін де ескертті.
Ал олар тəтті ұйқыға кеткен кезде мұғалім қолын созып шамды өшірді
де, Аустаны аш белінен құшақтады.
ЕЛУ ҮШІНШІ ТАРАУ
БОЛМАЙ ҚОЙМАЙТЫН НƏРСЕ
Бұл өзі ерекше қорқынышты болды.
Бұдан күшті қорқыныш енді қайтып ешқашан, тіпті ешқашан бола
қоймайтын шығар.
О, Құдайым қасиетті!
Ая мені - құтқарушым деп білемін өзіңді,
Жалбарынған бір өзіңе есті менің сөзімді:
Жан-тəнімді билеп алған мына дүлей сезімді
Жеңе алатын күш-қуат бер бір ғажайып төзімді.
Не болмаса, рақым етіп, көп күнəмді кешірші –
Күнəлілер өртенетін тамұқ отын өшірші!..
0, Құдайым қасиетті!
Түсем бе деп мен қорқамын қара түнек тозақтан,
Күнəсі көп пенде қашып құтылмайтын азаптан.
Махаббаттың өзек өртер отынан да жалынды
Тозақ оты өртей ме деп, қинай ма деп жанымды.
О, Құдайым қасиетті!
Мен пендеңмін, - амал қанша, не салсаң да көнемін,
Күнəм үшін азап шегіп, өртенемін, өлемін,
Күнəм бар деп қорыққаннан, өкінгеннен не пайда,
Тағдырыма жазылғанын тəуекел деп көремін!
Ауста плита пештің жанында псаломды тыңдап тұра берді. Қыздың
қолы кішкентай көрінгенімен жалпақ алақандары едəуір қатайып, көкшіл
тарта бастаған. Буын-буындары аздап толыса түскен. Бірақ сүйріктей
саусақтары тігінші шебердің саусақтары сияқты ұзын болып көрінеді. Бас
бармағының тарамыс сіңірі ісінген сияқты. Білегі жасамыс əйелдің
білегіндей əжептəуір əлеуетті. Ол пештің ішіндегі күлді шығарып, тор көз
темір шілтердің үстіне аршаның қарауытқан құрғақ бұтақтарын тамызық
етіп салды. Аласа өсетін қайыңның ылғал бұтақтары отқа тиген бойда
шытырлап жана бастады. Ауста қызу жанған тамызықтың үстіне қойдың
қиынан жабылған жаппа тезекті қалады. Пештің мұржасына жел үйіріліп,
үйдің ішін түтін қаптады.
Иə, Ауста - бой жетіп қалған қыз. Ол қазір пешті өзі жаға алады.
Балалық шақ қайта оралмастай өтіп кеткен.
Наурыз айының аяқ кезі еді. Таң бозарып, терезеден болмашы жарық
түсе бастады. Бүгінгі түннен кейін күн қатты суытты. Тіпті қатты суытып
кетті. Қыздың тұла бойы қалтырап-дірілдеп, тісі-тісіне тимей сақылдап қоя
берді. Шашы да ұйпалақтанып қалыпты, бір бұрымының өрімі тарқатылып
кеткен. Ауста əлі беті-қолын жуып, шашын тарап үлгермеген еді. Көнетоз
тар іш көйлегін асығыс-үсігіс кие салыпты. Оның бөксе тұсындағы
қыртысын жазуды да ұмытыпты. Ауста еңкейген кезде оның екі аяғы
балтырынан санына дейін жарқ-жұрқ ете түседі. Жіп-жіңішке, əлі толысып
жетілмеген қос тізесіне қарағанда балтыры мен санының бұлшық еттері
тым толық, тұрпайы əрі мықты көрінеді. Ал Ауста, оның үстіне, сырт
көйлегін киюді де ұмытыпты. Қырсыққанда қайда екенін де табу қиын.
Шұлықтары тарта киілмегендіктен сирағынан төмен, аяғының басына
түсуге жақын əрі буылтық-буылтық... Бірақ дəл қазір оның қандай маңызы
бар?.. Ауста бұрын шыбықтай жіп-жіңішке еді. Қазір епетейсіз толып
кеткен сияқты. Ол өзін өткір пышақпен, иə нағыз пышақпен іші жарылған
жəне əбден кескіленген балық сияқты сезінді. Ауырмаған жері қалмаған басынан аяғына дейін ауырады. Əр қимылы азапқа салып, қатты қинайды.
Бейне бір іші жарылып қана қоймаған, сонымен қатар бөлек-бөлек
кескіленгендей сезінеді. Еңсесі езіліп біткендей. Қазір оның өлердей аңсап
тұрғаны бір-ақ нəрсе: қалың мамық көрпенің астына кіріп алып, ешкім
мазаламайтын тыныштықта өлген адамдай, ештеңені де білмей ұйықтау.
Өйткені оның бүгін таң алдында ғана қалғып-мүлгіп, кірпігі зорға ілінген
болатын. Соның өзінде зəресі қалмай, қатты қорыққан. Енді қайтып ондай
қорқыныш ешқашан, тіпті ешқашан да бола алмайды!
Ауста тіпті əжесінің бетіне қараудан да қашқақтайды - бірақ оның жүзін
ойша көріп жүр. Отырған отырысы көз алдына келеді: ол теңселе түсіп,
тізесіне қойған ісін тоқтаусыз тоқып отыр. Басы қалт-құлт етеді. Екі беті
мен маңдайын ежелгі руна жазулары сияқты қалың əжім қаптаған. Ауыр
қимылдайтын көкшіл қабағының астынан екі көзі тынымсыз жылт-жылт
етеді. Бірақ ол көздер бəрін де көріп, бəрін де біліп отыр. Ол көздер өмірдің
өзі сияқты кең де ауқымды: Құдай да, жын-перілер де, саған төніп келе
жатқан қауіп-қатердің бəрі де түгел қамтылған кəдімгі өмір шындығы
сияқты. Онда түнде ұйықтап жатқан кездегі түстерді де, ну орманның
ортасында қалай адасып жүргеніңді де көре аласың.Шарықтап аспанға
ұшқаныңнан, аңсаған арман-тілегің мен тəтті қиялдарыңнан бастап қарт
əженің ежелгі псалом-дұғаларына дейін көрініс табады. Таң атып, күн
күшіне мінерден көп бұрын, тіпті жаңа ғана тұтанған əлсіз оттың маздап
жанатын кезінен көп бұрын псалом-дұғалар оқу басталады. Сол псаломдұғалардың əсерімен рақатқа бөленген əр минөтің таусылмайтын шетсізшексіз азапқа айналып, мыңды миллионға көбейткендей артып шыға
келеді. Ондайда бүкіл өмірің бір түннің ішінде өте шыққандай болып
көрінеді. Ауста өзін бүгін тап осылай сезінді: бүкіл денесі бөлшек-бөлшек
кескіленіп, қанға бөгіп жатқандай. Бұдан былай ешқашан, тіпті ешқашан...
Алдап, арбап, еліктірген сезім бойды биледі,
Махаббаттың құрбаны бол, ғашығыңды сүй деді.
Жаныма да, тəніме де қарғыс айтты аямай,
Кінəлі өзім - Құдай маған "Тозақта отқа күй!" деді.
Өлім тілеп, қасірет уын сіміруге шамам жоқ,
Мен қорқамын - қандай тəтті ед шыбын жан!
О, Құдайым, енді менде қолдан келер қайран жоқ –
Мен күнəнің шырмауына шыға алмастай шырмалғам.
Ауста түтінге шашалған жөтелін қайтсем басамын деп қысылды:
ешкімді оятып жібермеуге тырысты. Мейлі ешқайсысы да оянбай-ақ
қойсын, ұйықтай берсін, ұйықтай берсін - мұны көрмей-ақ қойғаны, бұған
назар аудармағаны, мұнымен тіл қатып сөйлеспегені жақсы. Тіпті ешқашан
таң атпай-ақ қойса да болар еді. Пештегі от өшіп қалып, плитада тұрған су
қайнамай-ақ қойса екен! Ауста енді өзінің кешегі қыз емес, тіпті басқа
біреу екеніне кəміл көз жеткізген еді. Мұны осы күйінде көргендердің бəрі
де шошып кетіп, біржола қуып жіберуі де мүмкін. Ал інілері ше? Олар енді
бұған тіпті іні емес шығар. Жоқ, дұрысында, бұл оларға əпке бола алмайды.
Ауста өзінің ол балалардай бола алмайтынын көптен бері байқайтын;
оларға сонау бала кездерінің өзінде-ақ бір түрлі іштей қызғанышпен
қарайтын. Олардың əлдебір түсініксіз себеппен өзінен бəрібір жоғары
тұрғандарын түсінетін. Аустаға əйтеуір бір нəрсе жетіспей тұратындай
көрінетін. Міне, енді соның зардабын тартуда. Олар мұндай азапты
бастарынан ешқашан кешірмейтін болады, ал мұның тағдырын түсінулері
өте қиынға соғады. Сөйтіп бұлар бір-бірінен мəңгілік дерлік қол үзіп,
хабарсыз кетеді. Жо-жоқ, бұл дүниеде Аустаға не болғанын ешкім де
түсінбейтін болады. Қыз жападан-жалғыз тұра берді, тіпті ол өзінің бұл
дүниеде бар екенін де байқай алмайды. Бұл жағдайды жөндеп, қалпына
келтіру мүлде мүмкін емес. Енді ол осы жалғыздықтан құтыла алмаған
қалпында дүниеден өтетін болады. Туған-туыстарымен байланыс
атаулының бəрі де быт-шыты шыға үзіліп тынады. Енді оның басқаша
өмірі басталмақ. Бəрі де бұрынғысынша қалып отыр. Өзгерген тек бұл ғана.
Бұдан былай бұған да əр күн, барлық күн көңіліне бөтен, жат болады да
тұрады. Бөтен, жат екені өз алдына, ол күндер шешімі табылмайтын қиын
жұмбақтарға, тұйыққа тіреле беретін шытырман жолдарға, қисапсыз көп
қайғы-қасіреттерге толы болмақ. Шіркін-ай, мына əлі жылып үлгермеген
судың үстінен қараған бойда жүз жыл тұра бере ме еді! Анау ұйқыда
жатқандар да ояна қоймаса ғой - бəрі бір бұл енді олармен байланысын
үзіп, жат болып та үлгерді ғой. Бар болмыс пен жоқ болмыстың белгісіз
арасында өмір сүре берсе... Жоқ, дұрысында, өмір сүрмесе, қандай жақсы
болар еді! Əлде бүгінгі түнгі оқиғалардың қазіргі қасіретті салдарының
себебін іздеп бас қатырмай-ақ, мына бықсып өшіп бара жатқан оттың
жанында қайыңның ылғал бұтақтарының шырт-шырт жана бастағанына
құлан иектеніп, енді-енді атып келе жатқан таңның бұлыңғыр сұрғылт
жарығында қимылсыз қарап тұра бергені дұрыс па? Сонда өзіне таныс емес
қорқынышты құбыжық жыртқыш құстың болат пышақтай өткір тұмсығын
еміс-еміс қана есіне түсірер ме еді? Ол мұның үстімен канат қағып, бір-ақ
рет ұшып өтті, шалшықты балшықты бетке алып, ұзап кетті де, көзден
біржола ғайып болды ғой.
Бірақ келесі қас қағым сəтте-ақ Ауста болған оқиғаның себебін қалай
түсіну керек деп жауап іздей бастады. Ең бастысы - бұл өзі не істеді? Жоқ,
бұл өзі ешнəрсе де жасаған жоқ. Бар болғаны - бұл оның қуанышты
болғанына қуанды. Сөйтіп отырғанда мұның тұла бойымен əлдебір əсерлі
ток жүгіріп өткенін сезді. Мұғалім түн ортасында өз қолымен шамды
өшіріп, мұның аш белінен қапсыра құшақтай алған кезде, тұла бойымен
əлгі əсерлі ток жүгіріп өткен қас қағым сəтте, бұл оның мойнынан мүлде
еріксіз қалай құшақтай алғанын өзі де байқамай қалған еді. Бұл қыз соған
да кінəлі ме? Онда адамның бойымен неге əлдебір əсерлі ток күтпеген
жерден жүгіріп өтеді? Шамасы, өмір дегеніміз осы болар? Ондай кезде
қолыңнан не келе қояды? Ештеңе де істей алмайсың! Өйткені сен де жаны
бар, сезімі бар тірі адамсың ғой. Оның əр қимылына шынымен-ақ тыйым
салынатын болғаны ма? Онда оның өмірге келіп несі бар? Өмірге келген
кезінде, иттің жанында жатқанда-ақ неге шетінеп кетпеді? Титланың
бүргеге толы жып-жылы бауырында, бəлкім, ішек құрты да бар шығар,
мұның өмір ұшқынының біржола сөніп қалмай, жылт-жылт тұтануының
керегі не еді? Əкем байғұс тау аралап тоқты іздеп кеткенде сол итті неге
ерте кетпеді екен? Жоқ. Аустаның ешқандай кінəсі жоқ. Бұл сол иттің
бауырында жатып, кездейсоқ тірі қалған минөттен бастап күні бүгінгі атқан
таңға дейін ешнəрсе де, ешқандай да жаман нəрсе жасап көрген жоқ. Тек
қана оның тұла бойын əлдебір əсерлі ток аралап өтті де қойды...
Дегенмен... Дегенмен бұл оның еркіне жол берді ғой... Неге жол берді
екен? Сол бір қас қағым сəтте бұл əкесін неге еске алмады екен? Қайран,
жанашыр əкем-ай! Аустаның тұла бойын кескілеген азапты ауру енді
жүрегіне дейін жетіп, жанын шыдатпастай қатты сыздатты. Жо-жоқ, əкем
бұл жағдайды ешқашан да білмеуі тиіс. Ол кеше ғана бəрін де, үйдің
ішіндегіні де, сыртындағыны да түп-түгел бұған сеніп тапсырып еді ғой. Ең
алдымен өзіңнің аман-саулығыңды ойла, өзіңе-өзің сақ бол деп, мұны
өзінің кеудесіне қас қағым сəт қысып тұрып, ақылын айтып кеткен жоқ па
еді? Ал бұл...
Ауста бүкіл денесі діріл қағып, еңіреп жылады. Ол өзін-өзі тоқтата
алмады. Сорғалаған көз жасы бетін жапқан саусақтарының ара-арасынан
өтіп, плитада тұрған суға тырс-тырс тамды. Ол еңіреп жылағанын
естіртпеу үшін екі шынтағын екі бүйіріне басты. Бүгінгі түні мұғалім мұны
аш белінен қапсыра құшақтады. Екеуі бірге жатты - енді оларды бір-бірінен
ажырата алатын ешқандай да күш жоқ сияқты көрінді. Ауста нағыз
қуаныш, нағыз бақыт осы екен ғой деп кəміл сенді. Тіпті əкесін де, бұл
дүниеде бар нəрсенің бəрін де ұмытып кетті... Дегенмен бұл оның
қойнынан шығып кетпек болды... Бірақ олай ете алмады. Олай етуге
мұршасы болмады, ақырында өзінің де олай еткісі келмеді... Бұл жағдайдан
бəрібір қашып құтыла алмайсың - өйткені мұның өзі де өмір ғой. Осы
жерде өзі тұтатқан мына отқа қадала қарап, тап солай тұра бергені дұрыс
сияқты.
Қожасының үйірілген қамшысының астында
Қайқаңдаған, жаутаңдаған аянышты қаншықтай
Мен қорқамын зерем ұшып көптігінен күнəмнің
Тозақ оты қинай ма деп, оңайлықпен жан шықпай!
Жалбарына жалынамын - құтқар жанымды азаптан,
Жын-шайтанның арбауынан, күнəлі істен, мазақтан.
Осы бір тақуалық ой тізбектері мұның соңынан тынымсыз ызың қағып,
бейне бір күнəкарлар тобыры қыр соңынан қалмай еріп келе жатқан, ал
ежелгі жауы мұны қорғанысы жоқ бір бүйірінен оқыс шабуыл жасаған
сияқты. Қаптаған қалың жау бұған Құдайдың атынан қарғыс айтып, қатал
үкім шығарып жатқандай сезінді. Үмітсіз торығу деуге боларлық зарыға
қамыққанда жанын қайда қоярға білмей, төзімі таусылып, шыдай алмады.
Христиандық мораль қағидасында адамды азапқа салудың шегі болмаушы
ма еді өзі? Ауста əжесінің жанынан көз ілеспес жылдамдықпен тез өтті де
мұғалім жатқан кереуеттің қасына барып тоқтады - оның құшағы бүкіл азап
пен қайғы-қасіреттен қалай да аман сақтап қалатын қасиетті қорған сияқты
көрініп кетті. Өлердей қорқыныштан қашып құтылғысы келгендей Ауста
мұғалімнің бетіне бетін басып, оның көйлегінің ағытулы жағасынан өзінің
суық алақанын қойнына сұғып жіберді... Ал ол бұған көмек қолын созудың
орнына ұйқысырап, əлдебір мұңды үн шығарды да қабырғаға қарай теріс
айналып, жата берді. Оның жамылған мамық көрпесі жерге түсіп кетті де,
жартылай жалаңаш қалды. Қыз өзінің іш көйлегінің қайда қалғанын енді
ғана көрді - умаждалған қалпында осында, мұғалімнің көрпесінің астында
қалыпты. Ауста қорқыныш пен үмітсіз торығудың сезімінен əлі де арыла
алмаған қалпында іш көйлегін тез жұлып алды да, мұғалімнің көрпесін
оның үстіне қайта жапты. Ол бұған дейін жалаң бұт жатқан еркекті
ешқашан көрмеген еді. Өзінің бақытына қарай, қазір де анық көре алған
жоқ - терезеден түсіп тұрған қара көлеңкеде еш нəрсені анық байқау
мүмкін емес еді. Бұл сонда не істеген? Мына жатқан ер адамның кім
болғаны?
Таң атып, жарық түсе бастады. Ауста інілерімен бірге қой қораға кетті.
Наурыздың жұмсақ таза ауасы қандай жақсы! Қойға шөп саламын деп
жүріп, Ауста көңілін жұбатты, мазасызданғаны басылайын деді. Бірақ
сонда да болса, інілерінің бетіне қарауға батылы бармайды. "Бұған не
болды өзі?" деп, бір нəрсені сезіп қалар ма екен деп қорқады. Ал мұғалім
қабырғаға қарай теріс айналған қалпында əлі ұйықтап жатыр еді. Ауста
үйге кірген бойда оның қалай тыныс алып жатқанын тыңдап көрмек
болғанда ешқандай демі шыққаны байқалмады. "Бұл өзі өліп қалғаннан сау
ма?" дегендей үрейі ұшып кетті.
- Кофе ішкің келе ме? - деп, бірнеше рет сыбырлай үн қатты. - Суып
қалмай тұрғанда ішіп ал
Жоқ, ол өлмепті. Тірі екен! Ұйқысынан оянып, көзін ашты. Ауста бұған
қатты қуанды. Ал ол бұған ауыр ыңқылмен ғана жауап берді. - Қыз оның
бұл қиналысы қазір-ақ қоятын шығар деп үміттенді. Ол ыстық кофе алып
келді, мұғалімнің жайланып отыруына көмектесті.
Мұғалімнің өңі сұп-сұр еді. Ауырып отырғаны көрініп тұр. Сақалы өсіп
кеткен, шашы ұйпаланып қалыпты. Ол Аустаның бетіне бұрылып қараған
жоқ. Ал қыз оның кереуетіне келіп отырды. Оған жақындай түсті. Мұғалім
ешқандай ыңғай-ықылас білдіре қоймаса да бұл оның шашын жұмсақ
алақанымен сипай түсіп, бір қолындағы сынық тарақпен қайта-қайта
тарады.
- Мына кофеңді іше отырсаңшы, - деді ол, мұғалімнің шашын тарай
түсіп.
Иə, Ауста оның шашын тарай берді. Бұл өзі əншейінде ақылға
сыймайтын ерсі нəрсе сияқты еді. Бірақ Ауста ондай еш нəрсені де ойына
алған жоқ - бəрін де кəдімгідей емін-еркін жасай берді: оған жақындай
түсіп, сүйемелдеп отырды, қолтығындағы жастығын қайта-қайта түзеумен
болды. Мұның бəрі де өзінен-өзі жарасымды табиғи үйреншікті нəрсе
сияқтанды. Қыздың ұялшақ қылығынан ешқандай да із қалмағандай. Ол
мұғалім жігіттен: "Еш жерің ауырып отырған жоқ па? Не нəрсеге зауқың
соғады? Ұялмай айта бер" деп сұраумен əлек. Өйткені бүгін түнде мұның
басынан өткен нəрсенің мына бейшара мұғалімнің басына түсуі мүмкін
нəрсемен салыстырғанда еш нəрсе емес сияқты көрінді.
- Сірə, мен өлетін шығармын, - деді мұғалім, ыстық кофеден ұрттап
отырып. - Маған жаның ашып, əуре болма. Мен ондай құрметке лайық жан
емеспін.
Мұғалім шашын сипап, тарағаны, қолындағы бос шыны аяқты ізетпен
кері алғаны үшін Аустаға алғыс айтқан жоқ: ыңқылдаған бойы жатып
қалды. Ал бұл оның көрпесін қамқор қолдарымен қайта жапты. Қыздың
тамағы құрғап, жүрегі аттай тулап, қатты соқты. Мұғалім жігіт оған бір рет
те бұрылып қарамады, бір ауыз жылы сөз де айтпады, ең болмаса сыбырлап
ишарат білдірмеді.
Ол біраз уақыт осылай жатты. Ал Ауста оның жанына отырып,
барынша нəзік əрі шын берілген сезіммен елжірей қараумен болды. Кенет
еріндері жыбырлап, əлде бір нəрселерді сыбырлады:
- О, құдіреті күшті Құдай, өзің жəрдем ете гөр. Мен бейбақты кеше гөр!
- дегені анық естілді.
Ауста оны мынадай азап үстінде жеке қалдыра алмады. Мұғалімнің
кереуетіндегі төсектің шетіне отырған бойы оның əрбір ыңқылы мен ауыр
күрсінісіне құлағын түре берді. Дəрісі таусылған болатын - шыны сауыт
əлдеқашан босап қалған. Енді бір Құдайдан өзге жəрдем сұрар жан жоқ.
О, Құдайым қасиетті!
Қинай көрме жанымды.
Қайырымдылық - бір өзіңнен тілегім.
Өз еркіңде, кешем десең, түк емес,
Кəміл сенем, білемін!
Күш-жігер бер - ұнжырғамды түсірме,
Рухымды қашырма,
Тамұқтағы жанып жатқан жүрегімді
Су себелеп сақтай гөр,
Күш-жігер бер, махаббаттың өшірме отын,
Оны қолдап, жақтай бер!
Бұл күні Құдай кенеттен осы хутордағы əрекет етуші ең басты
кейіпкерге айналды. Оны жұрттың бəрі де - əрине, əрқайсысы өзінің халқадарынша - жете түсінгендей болды. Құдай дегенің, міне, осындай болады
екен!..
Бұл күні біраз уақыттан кейін мұғалім Құдайға жалбарыну жағынан
қарт əженің өзін де жолда қалдырып кететінін көрсетті. Кемпірдің келісті
ырғаққа толы, əбден жаттанды болып қалған псалом-дұғалары мұғалімнің
қазіргі жан айқайына қарағанда түк те əсерлі болмай қалды. Ол төсектен
бойын бірнеше рет көтерді. Бəрінен де түңіле үмітін үзгендей болып, көзін
бадырайтып ашты да алдыңғы жағына тік қарады. Сөйтті де маңдайының
терін сүртіп, ауыр күрсініп, былай деді:
- Құдайым-ай, мен тап бүгін өлетін шығармын! Құдайым-ай, мен саған
не жазып қалдым?!. Егер менің көзімді жойғың келсе, онда мені қинай
бермей, неғұрлым тез əрі біржола алсаңшы!
Ауста оған су ұсынды: неге екенін қайдам, оған əйтеуір салқын су
адамның тəніне де, жанына да жəрдем етіп, дертін тезірек жазатын сияқты
болып көрінетін.
Мұғалім судан бірнеше рет жұтты да тағы да ыңқылын баса алмай,
қайта жатты. Ауста енді ол ұйықтайтын шығар деп үміттенді. Бірақ
ұйқының ауылы алыс еді. Ол аздан соң қайтадан бойын көтеріп, былай деп
сұрады:
— Мен осы не істедім?
Ауста енді оған су ұсынуын қойып, құлағына еңкейе түсті де сыбыр ете
қалды:
- Сен ерсі ештеңе де жасаған жоқсың! - деді де, даусын одан сайын
бəсеңдете түсіп: -Сен солай етуге тиісті болдың. Егер сол əрекетің жаман
болса, оған ең алдымен мына мен кінəлімін.Сен ешқандай да жаман əрекет
жасаған жоқсың. Мені қайғы-қасіретке душар еттім деп ойлама. Егер
қаласаң, тағы да солай жасауыңа болады. Мұны əкеме білдірмейміз.. Құдай
сен ойлап жатқандай мейірімсіз де қатыгез емес.
Ауста оның мойнынан құшақтап, бетіне бетін тақады. Ендігі тағдырын
осы жігіттің тағдырымен біржола байланыстыруға, өмірінің соңына дейін
онымен бірге болуға бел буды. Мұғалім жігіт өзін неғұрлым ауыр сезінген
сайын Ауста өзін-өзі солғұрлым ұмыта бастады.
Мұғалім жігіт төсекке қайта қисайғанда да қыздың қолын жібермеді.
Қыздың қолының қызуы қандай жақсы, қандай жағымды еді жанын жай
таптырып барады. Ол өзінің жанына араша түсіп, аман алып қалатындай
болып көрінген Аустаның жүзіне жартылай жұмулы көздерімен үздіксіз
қарады да жатты.
ЕЛУ ТӨРТІНШІ ТАРАУ
ӨМІРДЕ ГҮЛІҢ БОЛҒАНҒА НЕ ЖЕТСІН!
Бьяртур түні бойы жол жүрді. Қаладан түн жарымы ауа шығып таң боз
бере йен даланың батыс шетіне ілікті. Құштарлық аптасының қақаған суық
таңы болатын. Көп ұзамай, айнала төңірек жарық болып, түн біржола артта
қалды. Мыңдаған қадам жол жүрді, мыңдаған тың ойлар келіп-кетіп жатты.
Бəрі де тұңғиық қараңғы түннен таң жарығына дейінгі таусылмайтын ұзақ
сағаттардағы сияқты бірімен-бірі мидай араласып кетті. Енді көп ұзамай
таң жарығының суық шапағы йен даланың қарлы алқабына құйыла
бастайды. Таудың сірескен мұз басып жатқан биік жартасты шыңдары да,
жол үстінде мұз болып, қатып қалып жатқан іздері де алтындай жарқырап
көрінетін болады. Ол өзінің меншгіндегі жерге, осыдан көп жыл бұрын
сатып алған, ал қазір ешқандай борышы жоқ жерге, өзінің жекеменшік
үйіне сүйсіне қарайды. Олардың бəрі де таң шапағының ақшыл көк
бояуына малынып тұр. Күн мен түннің көктемгі тепе-теңдігінің өткеніне
екі аптадай уақыт болған. Енді екі аптадан соң жаз келеді. Батпақты дала
үстін əлі мұз басып жатыр.Қол мұзының еритін белгісі білінер емес. Иен
даланың оңтүстік бөлігі əлі аппақ қар көрпесін мықтап жамылып жатыр.
Оның арғы жағында көгілдір таулар көк аспанмен ұласады, бейне бір ұқсас
жамылғы жамылып алғандай көрінеді. Мына кеңінен көсіліп, жайылып
жатқан жермен, жалпы жер атаулымен ешқандай қатысы жоқ сияқты.
Тау ішіндегі бір жықпылда мұның, Бьяртурдың шағын үйі бой
көрсетеді. Айнала төңірегін тапталған қар басып жатыр. Ал қарсы бетіндегі
шағын шатқалда сорайған ұзын мұз сүңгілер көрінеді. Осы қарап тұрған
жерінен өз үйінің қардың қалың қалпағы жауып тұрған шатырының
сұлбасы анық байқалады. Бьяртур көтеріп келе жатқан жүгін жерге қойды
да, өзінің шағын отбасы жəне өткен қыста бейтаныс бір адамның алдында
кенеттен "Менің өмірдегі гүлім" деп атаған Ауста тұрып жатқан өз
иелігіндегі жерге көз жүгірте ұзақ қарады. Ол бұл жерден өзге бір елдерге,
жеңіп қайтармын деген үміті болмаса да тəуекел етіп, жорыққа аттанған,
енді жеңіспен əрі олжалы оралған жауынгер сияқты мақтанышпен қарап,
біраз тұрды. Расында да ол қаладан едəуір тəуір тауар, ең бастысы əрі таң
қаларлығы - тұтынушылар одағынан несие алып келе жатқан болатын.
Бұл дүниеде екі мерекенің арасында əншейінде адамның ойына кіріпшықпайтын небір алуан түрлі кездейсоқ оқиғалар болып жатады. Ал
кездейсоқтық, Редсмиридегі фрудың сөзімен айтқанда, "Құдайдың
көмекшісі" болып, шаруаның шаруасын қашан болса да шалқайтып,
күйзелтіп кетеді. Өйткені ол оқиғаларды алдын ала болжап білуге олақ,
оның үстіне Рождестводан пасхаға дейінгі аралықта жердің ешқандай
алдын ала ескертусіз жəне оның келісімінсіз-ақ теңіз бетіне төңкеріліп
түсуі əбден мүмкін екенін білмейді. Жазғы мекен иесі Бьяртурдың тығыз
байланыс жасап, ісін ойдағыдай жүзеге асырып жүрген көпес досы мұның
сеніміне мықтап кіріп алған болатын. Сондықтан да Бьяртур оның бүкіл
байлығына - жарасымды зəулім мұнаралы үлкен үйіне қызғанышпен
қарамайтын. Бұл əрқашан былай деуші еді ғой: "Сайтан алсын. Менің
біреудің зəулім мұнаралы үлкен үйін қызғанып нем бар?" Жұрт оны ұсақ
адамдарды қанағанда қанып ішеді деп жамандайды. Бірақ ол қаншалықты
алдамшы, алаяқ шал болса да маған дегенде барынша адал. Маған одан
артығының не қажеті бар?" Оның көпес досы туралы пікірі осындай еді.
Жұрттың ол туралы айтқан дəлелдері де, қорқытып сақтандырғандары да,
əртүрлі уəде беріп, үгіттегендері де бұған еш əсер етпеді. Сонымен ақыры
не болды дейсіз ғой? Бір күні сол көпес аяқ астынан жоқ болып кетіпті.
Алды-артына қарамай, кетіпті де қалыпты. Өмірде бар-жоғы да белгісіз.
Аспанға бу болып ұшып кеткен сияқты. Дүкені қаңырап бос тұр. Сауда
істері жөніндегі кітабының қайда екені белгісіз. Зəулім мұнаралы үлкен үй
борышын өтеу үшін сатылып кетіпті. Аңғарда шаруа өзінің қалған өмірінің
негізін қаламақ болып жүргенде оның іргетасы бір-ақ күнде быт-шыты
шығып қирапты. Бір аяғы Исландияда, екінші аяғы үлкен құрлықта
тұратын алып алпауыт-коммерсанттар осылай күтпеген жерден ұшты-күйлі
жоқ болады да кетеді. Бьяртурдың үлесіне тиесілі нəрсенің бəрі де із-түзсіз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 34
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.