Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 27

Total number of words is 4261
Total number of unique words is 2153
37.3 of words are in the 2000 most common words
53.3 of words are in the 5000 most common words
61.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
көбейіп бара жатса, онысымен қоймай, қойлардың алқымына жармасып,
қанын соратын болса, онда, тəжірибесі мол көнe көз қарттардың
айтқанындай - рас бұл жөнінде газеттер əлі жұмған ауыздарын ашпай отыр
- ол тышқандарды қойдың алқымындағы жараланған жерге жапсыра қатты
езу керек, ішек-қарны шығып кеткенше жаншу керек. Тышқандардан
құтылудың ең тиімді де сенімді жолы осы ғана.
- Мынауың еске алу өлеңдері ғой. Псалом-дұға тəрізді екен. Ал мен сол
сайтан алғыр псалом-дұғаларды ұнатпаймын. Мейлі тірілер туралы
болсын, мейлі өлілер туралы болсын, бəрі бір ешқайсысын да жақсы
көрмеймін, - деп салды Бьяртур. - Менің бұл мінезімді сен бұрыннан
білесің ғой. Йомсборгтық викингтер туралы ешқандай псалом жазылған
емес. Олар кескілескен шайқастарда нағыз адал ерлікпен қаза тапқан
болатын. Егер мен жаңылыспасам, Миклагардта Гриттирден*
қатыгездікпен кек алғанда да ешқандай псалом-дұға жазылған жоқ
болатын. Ал ол Исландиядағы ең бірінші құрметті азамат еді. Егер екі əйел
бірдей о дүниеге бір күнде қатарынан аттанғанда да оларға арнап псалом
жазып əуре болудың не қажеті бар? Құдайдың сөзі деп айтылатындардың
қай-қайсысы болса да, сондай-ақ, жалпы алғанда, барлық рухани
нəрселердің бəрі де ұнамайды, ішімді пыстырып жіберді. Ал сен екеуіңнің
біреуің маған мысық сатсаңдар, онда мен мұны нағыз достықтың, ізгі
қызмет көрсетудің үлгісі деп білер едім. Ол мысықтың мінезі тым жаман
болғанында тұрған дəнеңе жоқ. Оған өкінбеймін.
Кешке қарай Бьяртур үйіне қайтып оралды. Қапқа салып ала келген
мысықты қораның ішіне босатып қоя берді.
- Бұл не өзі? - деп сұрады балалары.
- Бұл - мысық, - деді Бьяртур.
Бұған бүкіл үй-іші болып кеш бойы қуанысты.
Приходтағы əңгіменің бəрі де бейне бір ауа райы өзгеріп шыға
келгендей осы хутордың төңірегінде болды. "Жазғы мекенде атжалмандар
қаптап кетіпті" деген сөз ауыздан-ауызға тез тарап жатты. Міне, енді
жоғары қабатқа көтерілетін тесіктің жанындағы сатының үстінде мысық
отыр. Жолағы бар сұр мысық. Ол əркімге үлкен күдікпен əрі айбат шеге
қарайды. Көзінің қарашығы үлкейіп кеткен. Мысық алдыңғы бір аяғын
көтеріп, бір түрлі шағынғандай болып мұңаяды. Бірақ қимылы ширақ.
Исландияда мысықтар қаншама шағынып мұңайса да өздерін қорқақ
сезінбейді. Оларды қорқақ деп ешкім де айта қоймайды.
- Мысықты мұқият бақылаңдар. Итке тиісіп, бір жерін жабыса тістеп
алып жүрмесін, -деді Бьяртур, үйден шығып бара жатып. Сөйтті де кенет
өзінен-өзі ойланып қалды: "Осы мен есімнен адасып жүрген жоқпын ба?
Мысыққа сенгенім қалай болар екен?".
Сонымен бұл хуторда мысық пайда болды. Ол тапа-тал түсте үйдің
үстіңгі қабатына шығатын тесіктің жақтауына отырып алып, қорадағы
иттің шабалана үрген даусына құлағын тігумен болады. Мысық итке
жақындап барса-ақ оның ызасын келтіреді, жүнін тікірейте түсіп баж-баж
етеді. Егер ит тұрғын бөлмеге кіріп кетсе, ол да ере кіреді. Терезенің
алдындағы текке секіріп шығады. Мұнда мысық үшін орын жеткілікті-ақ.
Ол иттің соңынан біразға дейін мұқият қарап отырады да, бір кезде
көздерінің қарашығын кішірейтіп, ақырында терең пəлсапалық ойға
шомғандай екі көзін жұмады. Ал ит кеткен бойда кемпірдің төсегіне
қарғып түсіп, үсті-басын əбден жаланып, тазарған соң емін-еркін
жайғасып, бүк түсіп жатып алады. Мысық туралы кемпірдің аузынан
"Оңбаған мүттəйім, алдамшы" дегеннен басқа сөз шықпайды. Сөйте тұрса
да мысық оған үйір болып алды. Оған кемпірдің айтатын сөзі емес, жылы
қабақ танытатын ісі ұнайды. Кемпірдің кеудесінде жаны бар тіршілік иесі
атаулыны ренжіткенін ешкім ешқашан көрген емес. Мысықтың, əсіресе,
қарт адамдарға неге үйір екеніне таң қалуға болады. Бəлкім, мұның өзі
олардың тарапынан ешқандай күтпеген теріс мінез танылмайтындығынан
да шығар, олардың жанында өздерін əрқашан қауіпсіз, тыныш сезінетінінен
де болар. Мұның өзі -қарттыққа жарасымды жақсы қасиеттер ғой. Мүмкін,
оларды қарт адамдарға жақын тарттыра түсетін нəрсе қолға ұстап көруге
болмайтын, түр-түсі көзге көрінбейтін əлдебір нəрсенің, христиан діни
ілімінде мəңгі жасайтын жан деп аталатын нəрсенің қасиеті болар.
ҚЫРЫҚ ЕКІНШІ ТАРАУ
СОЛ ЖАҚ БЕТ
Аңғардағы алыс хуторда болып жатқан бассыздықтарды жоюға,
"оңбаған, мүттəйім, алдамшы" мысықтың көмегі қаншалықты тие қойды
екен?
Кешке қарай Бьяртур оны қолтығына қысып ұстаған бойы қой қораға
алып барды. Бірақ оның мысыққа деген ерекше сенімі мен ықыласы
байқала қойған жоқ. Бьяртур бұл күні кеш жатты жəне балалар мен кемпір
ұйқыға кеткенше əртүрлі нəрселермен айналысып, көпке дейін жүріп алды.
Ең соңынан Ауста жатты. Ол да пештің жанында қыбыр-қыбыр етіп жүріп
алған болатын - кір жуды, жамау жамады, содан кейін жуынып-шайынып,
өзін-өзі тəртіпке келтіре жиналды. Бұл кезде Ауста бойжеткен қыз ретінде
өзінің шашын күтіп-баптауға, таранып, сылап-сипауға көп уақыт бөлетін
жасқа толған болатын. Кейде ол су жылытып алып, аяғын екі тізесінен
асыра, мойнын, екі иығы мен қолтығын жəне кеудесін мұқият жуатын.
"Мейлі, - деп ойлайтын Бьяртур, - барлық қыздар сияқты бұл да жуыныпшайынуға құмар ғой. Бірнеше жылға дейін осылай болады əлі. Жастық шақ
- қыздың гүлдей құлпыратын кезі. Бұлар да өсу барысында ылғалды өз
бойына көбірек тартуға тырысатын жасыл желек сияқты емес пе? Бала туа
бастаған кезде əйелдер мұншалықты жуынып-шайынуын өздері-ақ қояды".
Бьяртур шамды өшіріп, төсегіне жатты. Екі қолын желкесіне айқастыра
қойды. Көпке дейін ұйықтай алған жоқ. Ал Ауста өлімсірей жанған
шырақтың жарығымен əлі де жуынып-шайынып, шашын тарап, сыланыпсипанумен жүрді. Оның үстіне, ішкі белдемше көйлегі ғана бар еді.
Айнаның сынық бөлшегіне қайта-қайта қарап қойып, белдемше көйлегінің
иық бауларын шешті де, екі иығы мен қолтығын жуа бастады. Бір кездегі
кіп-кішкентай сүйкімсіз жап-жас қыз бой жетіпті. Өмірдің заңы солай, оны
енді еш нəрсе де тоқтата алмайды. Ауста бұл кезде өзіне əкесінің көз
жүгірте қарап жатқанын жақсы білді. Егер ол бəрін де көріп жатпаған
болса, бəлкім, əлі де ұзақ жуына берген болар да еді. Бірақ ол қарап
жатқанда жуына беру бір түрлі ыңғайсыз. Бір таң қаларлығы - неге екенін
қайдам, қыз өзінің ойында ешқандай бөтен жол беруге болмайтын сөкет
ниеті жоқ екенін оған түсіндіріп айтпақ болды. Неге олай етпекші? Ол
жағы белгісіз. Бəлкім, сонау бір кезде, жас шағында, бөтен қалада болғанда
оның қойнына кіріп, жабыса құшақтағанынан ба екен? Бұл сол бір сағатты
əлі күнге дейін ұмыта алмайды. Сол түнді есіне алса болды, екі беті ду ете
қалып, қызарып кетеді. Əсіресе өгей шешесінің тірі кезінде солай бола
беретін. Ал кейінірек сол түн есіне түссе, үрейі ұша қорқып кетеді. Аңғал
балалық шақтың қателіктері көпке дейін қалай ұмытылмайды десеңші!
Көпке дейін жаныңды қинай беретінін қайтерсің! Бірақ соншалықты
ыңғайсызданып, қиналатындай-ақ онда ештеңе де болған жоқ еді ғой! Ол
түні ол үлкен өмірдің көріністерінен ғана қатты шошынған. Ал əкесі əлі
жасөспірім мұны іргеге қарай итеріп тастап, тысқа шығып кеткен болатын.
Ауста осы бір жағдайға түсіне алмай қойған. Сол бір түсініксіз
жағдайдың қорқынышынан өзінен-өзі үрейленетін, жүрегі қысылып қинала
беретін болған. Сол қорқыныштың содан бері қыр соңынан қалмайтыны
иесі екен? Ауста осы жағдайды ойына ала бастаса-ақ, бойын қорқыныш
билеп қоя береді. Əсіресе ондай ойдан біржола арылғысы келген кезде
ерекше қатты қиналады. Кейде ондай қорқыныш түсіне де кіреді: қайдағы
бір құбыжық жыртқыш аңдар, сиқырлы зұлым күш иелері, жауыз жандар
бой көрсетеді. Немесе терең шатқалға түсіп кетіп, жол таба алмай адасып
жүреді - не жоғары шыға алмайды, не төмен түсе алмайды. Оның түсіне
əсіресе тау-тау болып үйіліп жататын қоқсықтар жиі-жиі кіреді. Бұл оларды
қанша жинауға тырысса да қайта-қайта үйіліп қала береді. Сонда мұның ісəрекетінде ақылға қонымсыз қандай есуастық орын алып жүр? Бұл
ешқашан да біреуге жамандық істеуді ойына да алған емес еді ғой. Сөйтесөйте ол өзін дəрменсіз бейшара əрі бақытсыз біреу ретінде сезінетін. Бар
болғаны осы ғана. Əлгіндей ауыр ойлар оның еңсесін кейін де езумен
жүрді. Жоқ, енді Ауста ер адам бар жерде, əсіресе əкесі отырған жерде
үстіндегі көйлегін ешқашан шешпейтін болды.
Бьяртур оның шырақтың əлсіз жарығы түсіп тұрған бетін ғана көріп
жатыр еді. Ол дəл осы кезде Аустаны қандай ауыр ойлар қинағанын, əрине,
білген жоқ. Олай болады деп ойламаған да. Бьяртурдың көріп жатқаны қыздың сол жақ беті еді. Ол енді қыздың жан дүниесін оның сол жағынан
айқын көргендей болды. Оны ішкі жағынан қарағанда бір түрлі ескіріп
тозған, қайғы мен мұңға батқан, бақытсыз болып көрінетін сияқты. Оның
жан дүниесі - қыздың өзінен мың жыл бұрын бар, тозығы жеткен ескі бір
нəрсе. Тіпті басқа біреудің жан дүниесі емес пе екен деп те қаласың. Ол
əлдебір сенімсіздікке, тұрақсыз құбылмалы үмітке, ерекше құштарлық
үстінде берген сертке, уайым-қайғы мен өлердей өшпенділікке толы еді.
Томпиған толық төменгі ерні соншалықты сұлу иіліп тұр. Егер оң жағынан
қарасаң, ол əдемі бүктетіліп, көз тарта көрінеді. Мына қалпында оны əлі он
бес жастағы қыз екен деп сенбеуге де болады. Оның жүзінен əлдебір
қымбат нəрсесін жоғалтып алғандай сезім байқалады. Бəлкім, сол бір
соқыр сезімі оның ажал атаулыға деген өшпенділікке толы, өзге еш нəрсеге
қызықпайтын да ұмтылмайтын ішкі жан дүниесіндегі адам шошынарлық
арпалыс сезіміне сай келетін де болар. Бірақ осының өзі, қаншалықты ауыр
болса да, барлық сəтсіздіктерге төзе білуге жəрдемдесетін еді.
- Сен менің сөзімді тыңдашы, жаным балам, - деді Бьяртур, "Осы маған
не болды өзі -ақылымнан адасып, жынданып кеткеннен саумын ба өзі?"
деген ой үстінде.
Қызы белдемше көйлегінің иық бауларын тез көтере қойды да, əкесіне
шошына жалт қарады. Тынысын ала алмай, булығып қалды. Көздерінен
əлдебір ұшқын атып, абыржығаны байқалады. Бірақ Аустаның бұл жерде
не жазығы бар?
Ал Бьяртурдың оған айтайын дегені "Маған оң жағыңмен бұрылып
қарашы" деген өтініш қана еді. Өйткені оған адамның оң жағынан қарау
қатты ұнайтын. Бьяртур бұл қыздың шешесінің жас кезінде, оның қайтсем
көңілін табамын деп əлек болып жүргенде де, тап осындай өтінішті талай
рет жасаған. Бірақ одан бері қанша көп уақыт өтті десеңші!
- Сен сол жағыңнан қарағанда тіпті басқаша көрінеді екенсің. Бейне бір
зұлым перілер сенің орныңа басқа бір көріксіз біреуді қалдырып кеткен
сияқтысың. Міне, енді бəрі де басқаша! Тамаша құлпырып шыға келдің.
Абайла, салқын тиіп қалмасын. Суды шалпылдатып көп түсе беруге
болмайды. Ол зиянды. Өте қажет кезде ғана жуынып-шайыну керек. Менің
өз басым суды шалпылдатып ешқашан ұзақ шомылған емеспін. Таңертең
əжеңнің от жағуына жəрдемдес. Ол бейшараның плитаны қыздырып от
жағуы барған сайын қиындап барады. Денсаулығы жарамай, əбден
қалжырап бітті ғой.
Аздан соң Бьяртур орнынан тұрды да сыртқа шығып кетті. Қой қорада
жағдай тыныш па екен - соны біліп қайтпақ.
Қорада бəрі де орын-орнында екен. Мысықтың жасыл көк көздері
біресе сонау алыс бұрыштағы ақырдың жанынан, біресе саты
баспалдақтарының үстінен көрінеді. Дегенмен бұлардың, мысық пен
екеуінің арақатынасы нашар еді. Бір-бірін өлердей жек көретін болып кетті.
Өйткені Бьяртур итін жақсы көретін. Ол үйге қайта кіргенде Ауста жатып
қалған болатын. Байғұс қыз мықтап қымтанып жатыр ма екен? Мысықтың
қарауыл болуына қарамастан, Бьяртур түні бойы алаңдаудан арылмайды:
қой қораға кемінде екі-үш рет түсіп шығады. Сөйтеді де жан-жағына
жақтырмаған кейіппен түкіреді.
Аспанға жұлдыздар тарыдай шашылды. Ит шəуілдеп үрумен болды.
Бəрі де əдеттегідей тып-тыныш сияқты. Адамдар алаңсыз ұйқыда. Əртүрлі
түс көріп жатыр. Біреулерінің түсіне не екі крондық, не елу эйрирлік күміс
теңгелер кірсе, енді біреулері біресе ұшы-қиыры жоқ теңіз жағасында
немесе оймақтай ғана шағын көлдің бойында серуендеп жүреді.
ҚЫРЫҚ ҮШІНШІ ТАРАУ
ТАБИҒАТТАН ТЫС ЗҰЛЫМ КҮШТЕРМЕН ƏҢГІМЕ
Рождество оразасының екінші жартысында ауа райы өзгеріп сала берді қалың қар жауды. Ол күні-түні бірдей бірнеше тəулік бойы ақырын ғана
жайымен жапалақтап, бірақ толассыз жауды. Сол жайымен жапалақтай
түсіп жатқан ұлпа қарға қарап тұрсаң, өзге дүниеден түгелдей қол үзіп
қалғандайсың - тіпті өзіңнің əлі тірі екеніңе сенгің де келмейді.
- Ешқандай өзгерістің болмағаны қандай жақсы, - деді Бьяртур. - Ал
кейбіреулер өміріміз адам жалықтырарлықтай біркелкі деп шағынады.
Оларға мектептегі оқушы, жас балаларға үзіліс берілетіні сияқты өзгерістер
жасап тұрған ұнайды. Ақыл-есі тоқтаған ересек адамдарға ондай
өзгерістердің қажеті қанша!
Екінші жағынан алып қарағанда, өзгеріс атаулының жоқтығына ең
болмаса мысық сияқты оп-оңай төзе алмайтын адамдар да болады.
Терезенің сыртында көгілдір-сұр көрпе жамылғандай күртік қардың үйінді
шоқысы барған сайын биіктеп барады. Ал терезенің ішкі жағында мысық
көзін бір ашып, бір жұмып, əлдебір маңғазданған қалпында зұлымдық
ойлап отырған сияқты. Ақырында қар басылды. Күннің көзі ашылып, аяз
күшейе түсті. Адамның өңменінен өтіп кетерлік суық жел қар үйінділерін
биіктете берді. Бұл қыста жем-шөп жеткілікті еді, табиғи апат қауіп төндіре
алмайтын. Ал сиқырлы зұлым күштер қайтадан құтырына келіп, тағы
қиғылық салмас па екен? Қазір бір түрлі тынышталған сияқты. Бьяртурды
поселкеге мысық іздеп баруға мəжбүр еткен кездегі қауіп-қатер жоқ деуге
болады. Ол мысықты арқасынан сипап тұрып былай деді: "Сенің итпен
тістесе таласып қалатының болмаса, бəрі де жаман емес-ау!". Осылай
ойласа да ол бұл ақымақ мысықтың сиқырлы зұлым күштердің бетін қалай
қайтарғанын əрі ойлап, бері ойлап, бəрі бір түсіне алмай қойды. Қалай
дегенде де өзі түні бойы мазасызданып, қой қораға қайта-қайта шығып,
онда не болып жатқанын біліп қалудан құтылғанына риза.
Бірақ сиқырлы зұлым күштер сол бойы зым-зия жоғалып кеткен жоқ.
Шамасы, олар аяздың күшейіп, күртік қардың үстінде із қалмайтын кезді
күткен болуы керек. Бір күні таңертеңгісін Бьяртур əдеттегісінше ерте
тұрып, қой қораға кірді. Кірген бойда қол шамын жағып жіберіп, жанжағына көз жүгіртіп еді тағы бір сұмдықты көрді: теңкиіп-теңкиіп он қой
өліп қалған немесе демі бітіп, өлгелі жатқан халде екен. Олардың
əрқайсысы əр жерде, кейбіреуі ақырдың жанында жатқан болатын.
Қойларды соншалықты қатыгез айуандықпен қинап өлтіріпті.
Кейбіреулерін алқымынан бауыздапты. Енді біреулерінің бас сүйегіне тот
басқан шеге қағылыпты. Біразы ауыр шоқпармен ұрған соққыдан бел
омыртқалары үзіліп, кирелеңдеп жатыр. Мұндай сұмдық жағдай туралы
айтып жатудың өзі өте ауыр. Бəлкім, сондықтан да шығар, əйтеуір
Гудбьяртур Иоунсон бұл оқиға туралы сол кезде де, кейін де жұртқа жария
ете беруден тартынған болатын. Ол не істерін білмей, қатты састы:
құлақшынын жұлып алып, екі қолымен басын қысып ұстады. Əлгі
қойлардың бірінен соң бірін көріп шығып, денесінде əлі жаны бар, бірақ
əрең тыныс алып жатқандарын өзі бауыздады. Ол өзін-өзі одан əрі ұстай
алмады: күрт кері бұрылды да, тістене түсіп, жұдырықтарын түйді,
былапыт қарғыс сөздерін қардай боратты. Жерге түкіріп жіберіп,
Колумкиллидің сиқырлы зұлым күштерін қандықол Гунверімен қоса
жекпе-жек шайқасқа шақырды. Оларға пұтқа табынушылардан бастап,
Таураттың талаптарына бас иетіндерге дейінгілердің өзі білетін бүкіл
қарғысын үсті-үстіне тасқындата боратты. Оларды басқа еш жерде емес,
тап осы қой қораның жанында қанды шайқасқа шығуға шақырумен болды.
Бьяртурдың бұдан басқа қолданар амалы да, айтар сөзі де қалмаған еді. Ол
сиқырлы зұлым күштердің барлығын да жекпе-жек шайқасқа шақырды,
өздерінің ерлігін сол ашық шайқаста көрсетуін талап етті. Егер олар
өздерінің ар-намысын қымбат санаса, дақ түсірмей қорғағысы келсе, онда
бұдан былай жасырына бермей, ашық шайқасқа шығатын болсын деп
жариялады. "Жұрт ұйқыда жатқанда тонап кету, өлтіріп кету ерлікке
жатпайды. Ол - барып тұрған пасықтық, қорқақтық!" - деп, сіресе қатып
қалған қатыгез табиғат пен аспанға жұдырығын қайта-қайта түйіп, сес
көрсетті. Ақырында бұдан басқа айтар қаһарлы қатал сөз таппай, Бьяртур
бар даусымен өкіре жылап жіберді. Оған қосымша иті ұлыды. Мұның бəрі
не деген қорлық, масқаралық! Одан құтылар күн бар ма, жоқ па?
Шығыстан сібірлеп таң атып келе жатты.
Бьяртурға сиқырлы зұлым күштерді қанша қарғап-сілегеннен ештеңе де
шықпас, қуып жібере алмаспын деген ой келді. Осындай қарғап-сілеулерді
неғұрлым көп естіген сайтанның солғұрлым күшейіп, өшіге түскені туралы
ертеректе естіген ескі əңгіме ойына түсті. Енді мұның қолынан келер
қандай амал бар? Мүмкін, осы жерге Хальбера кемпірді кирелеңдете ертіп
келіп, псалом-дұға оқытқан жөн болар? Əлде пастордың өзін алып келген
дұрыс па? Оның Иисус есімін көне еврей тілінде айтып шыққаны жөн
болар? Бірақ мұның өзі оның, Жазғы мекен иесінің, əлі де болса қасиетті
рухтарға табынып, бас июі болып табылмайды. Өз еркіндігі өзіндегі
адамдарға діннің қажеті жоқ. Ол кез келген сиқырлы зұлым күштердің
ешқайсысынан да қорықпайды - олардың алдында ешқашан айылын жиып
көрген емес. Ал басқа да күштер туралы сөз етудің өзі артық.
Ежелгі əңгімелерде көне тілдердің бірінде аталған Иисус есімі күшінің
алдында қандай сиқырлы зұлым күш болса да бағынып, бас иеді деп
айтылушы еді. Алайда осы бір басы таз, білімі аз жап-жас пастор
Теодоурдың сиқырлы зұлым күштерді жеңіп шығуға шамасы келе қояды
деген үміт тым мардымсыз болатын. Ол күштерді тозаққа жөнелту бұл
түгілі неше түрлі дуалар жасай білетін бұрынғы пасторлардың да
қолдарынан келмей, босқа əуреленгені белгілі еді. Сиқырлы зұлым
күштерге өзінің толық билігін жүргізіп, оларды бір шыбықпен айдайтын
бірден-бір ғұлама адам бұл дүниеден əлдеқашан өтіп кеткен.
Балалар қардың үстінде тұрып, əкесінің əрбір қимылын жіті
қадағалады. Ал ол қойлардың кесіп алынған бастарын қабырғаның бір
бұрышына алып барып үйіп қойды. Үнсіздікті ақыры кішкентай Нонни
бұзды.
- Əке, - деді ол, - біздің Хельгиге хутор маңында əлдебір елестер жиіжиі көрінетін болып жүр.
Бьяртур еңсесін көтеріп, тікесінен тік тұрды, қолындағы қанға
малынған пышағын қысып ұстап:
- Нақты айтқанда қандай елестер? - деп сұрады.
- Ешқандай да елес көрген жоқпын. Бұл өтірік айтып тұр, - деді Хельги.
- Өтірік айтып тұрғаның қалай? Өткен күзде, əкеміз қалаға кеткен кезде,
біз есік алдындағы тастың үстінде отырғанда маған таудағы құлама судың
өрге қарай аққанын көргенің туралы айтқаныңды шынымен-ақ ұмытып
қалдың ба?
Бьяртур пышағын қолына қысып ұстаған бойы үлкен ұлына таянды.
Сөйтіп Хельгиден көрген-білгенінің бəрін де жасырмай, егжей-тегжейлі
айтып беруді қатаң талап етті. Бірақ бала ештеңе көрген жоқпын деуден
танбады. Бьяртур ұлының иығынан жұлқа тартып ұстады да: "Егер көргенбілгеніңнің бəрін тап қазір айтпайтын болсаң, онда менен жақсылық
күтпе!" деп қорқыта ескертті. Баланың зəресі ұшып кетті. Ол əлдебір
баланы, жоқ, бала емес, ересек жігітті, дұрысырақ айтқанда ақ шашты кəрі
кемпірді, оның өрілген қос бұрымын көргенін асып-сасып, былдырлап
зорға баяндады.
- Сен оны қай жерден көрдің?
- Кейде ол қой қорадан үйге қарай жүгіретін. Мен оның соңынан талай
рет қудым да...
- Сол кезде маған неге ештеңе айтпадың?
- Бəрі бір менің айтқаныма ешкім сенбейді ғой деп ойладым.
- Сонда ол қалай қарай кетіп еді?
- Білмеймін. Астында аты болатын. қайырылып қарамастан, шаба
жөнелген.
Бьяртур əлгі белгісіз қашқынның түрі-түсін, белгілерін есіне түсіріп,
егжей-тегжейлі айтып беруді тағы да қатаң талап етті. Бірақ баланың
жауабы сөзінен жаңылысып, əртүрлі бола берді. Бірде ол адамның сақалы
бар еді десе, енді бірде өрілген қос бұрымы бар еді дейді. Ақырында оның
кигені əйелдің белдемше көйлегі болып шықты.
- Əйелдің белдемше көйлегі?! - деп таң қалды Бьяртур. - Сонда ол
қандай белдемше көйлек еді?
- Қызыл болатын. Ол адамның мойнына орап алған бір нəрсесі бар еді.
- Мойнына орап алған бір нəрсесі? Орап алғаны не болды екен?
- Білмеймін. Шамасы, ол орап алғаны бөкебай болар. Иə, бөкебайға
ұқсайтын.
- Бөкебайға ұқсайтын! Сайтан алсын сені, оңбаған неме! - Мə саған
қызыл бөкебай! -деп, шаңқ ете қалды да, баланы шапалақпен аямай тартып
жіберді. Байғұс бала тəлтіректеп құлап қала жаздады. - Не болса, соны
оттама!
Табиғаттан тыс құбылыстардың бір ұнамсыз жері сол, ол адамзаттың
бұрыннан қалыптасқан түсінігін өзгертіп, оларды бір төбешікке үйіп-төгіп,
араластырып жібереді. Адамның табан тірер топырағы тербетіле бастайды.
Ақыл-ойы өзге бір салаларда шарқ ұрып, ұшып жүргендей болады. Ол
дұрыс қорытындылар жасаудан қалады. Тіпті көрер көзге айқын
нəрселердің өзін де түсіне алмайды.
Құбылыстардың, тіпті бір-біріне тікелей қарама-қарсы құбылыстардың
да, арасындағы өзара жігі жойылып сала береді. Ундерхлидтік Эйнардың
"Өлім дегеніміз өлім емес, өмір дегеніміз өмір емес" деген пайымдаулары
сияқты түсініксіз бір нəрсеге айналады. Адамдар құбылыстарды рет-ретіне
қарай əртүрлі топтарға бөледі. Бейне бір ойын картасын түс-түсіне қарай
бөлген сияқты. Ал табиғаттың сыры белгісіз тылсым күштері адамдардың
өміріне күтпеген жерден килігеді де, ондағы бар нəрсенің бəрін де жинап
алынбай қалған пішенді күзгі нөсер жаңбыр суының тасқыны өзімен бірге
ала жөнелетіні сияқты тас-талқан етіп өзгерте бастайды. Көп адамның
пікіріне қарағанда, табиғаттан тыс құбылыстарды Құдай өзінің құдіреті
қаншалықты күшті əрі өзінің қаншалықты кемеңгер екенін дəлелдеу үшін
жіберетін көрінеді. Сонда Жазғы мекен иесі Бьяртурды табиғаттың
əдеттегіден тыс тылсым күштеріне шынымен-ақ алдандыртып, мазақ етіп
кете беретін болғаны ма? Əлде былайғы жұрттан ақыл сұрауға мəжбүр
етпек пе? Əлде бұл сиқырлы зұлым күштер мұның қойларын түгел қырып
бітіп, осы хуторды 1750 жылғы сияқты тып-типыл етіп қиратып кеткенше
түрлі псалом-дұғалар оқытып, дуа жасатып, дəрменсіз жүре бермек пе?
Тымық кештің бірі еді. Бьяртур қойларды қораға қамауға асықпады. Ол
ойы онға бөлініп, жайылымда жайбарақат жүріп алды. Өзімен-өзі сөйлесіп,
табиғаттың əдеттегіден тыс тылсым күштерін балағаттап тілдеуден
жалыққан жоқ. Тіпті қай бағытта жүріп бара жатқанын да байқамады. Бір
кезде ол кенет таудың батыс жақ етегіне дейін жетіп қалғанын көрді.
Бəлкім, ол бұл жақтан өзінің досы ундерхлидтік Эйнарды, əлде басқа
біреуді кездестірмек ойда болған шығар?
Жаңа айдың жіңішке орағы жарқ ете қалды. Іңір қараңғылығы қоюлана
түсті. Көп адам əдетте ымырт жабылар кездегі іңірді сол күнгі уақыттың ең
бір жақсы кезі деп біледі. Таудың биік төбесіндегі жайбарақат қысқы
көріністің орта шенінен лақтырылған ұсақ тастар қоршап жатқан жерде
қабыр төбе асқақ көрінеді. Онда сиқырлы зұлым күштің иесі атақты
Колумкилли жерленген. Қабір төбенің төменгі жағы терең құлама құз.
Төбенің бір бүйірін ай сəулесі жарықтандырып тұр, екінші бүйірі қара
көлеңке тұмшалап алыпты. Бұл уақытты күндіз деуге де, түн деуге де
келмейді. Айдың төгіліп түскен жұмсақ жарығы бүкіл көріністі
көріктендіріп, тамаша тыныштық құшағына бөлегендей деуге болады.
Бірақ Бьяртур бұл таңғажайып көріністің рақатын сезіне алған жоқ. Ол
бейне бір өзіне олжа етіп, қоректенуі үшін басқа бір жануарды қыр
соңынан қалмай, құтырына қуып келе жатқан аңға, жанталаса ұмтылған
қатыгез жыртқышқа қатты ұқсайтын еді. Бьяртур шабуылға бірден шыққан
жоқ. Тоңазып қатып қалған жерден бір кішірек тасты алды да қойнына
тықты.
- Иə, сендердің екеуіңнің де мəңгілік жатқан жерлерің осы болды ғой! деді Бьяртур. Ол өлердей өшпенділігін жасыра алмай, молаға қарады. ,
Төбенің етек жағында тұрып, жер тепкіледі. Бірақ мұнысына олар
ешқандай үн қатпады. Бьяртур сонда да болса, сөйлей берді, сөйлей берді.
Бейне бір олардың арам ойларын, қылмысты қылықтарын түгел
мойындатқысы келгендей. Екі əйелі мен балаларын өлтіргені үшін
айыптайтынын ашық айтты. Енді қойларына ауыз сала бастағанын бетке
басқысы келгендей.
- Несі бар, қолдарыңнан келсе, аямаңдар! Сендерге бағынып, бас иетін
мен жоқпын! Олай деп ойласаңдар, ел-жұртқа күлкі боласыңдар түге!
Менің хуторымның үстіне тауды төңкеріп тастасаңдар да бəрібір! Мен бұл
жерден ақырғы демім таусылғанша кетпеймін! Кетіре алмайсыңдар! Менің
бағындырамын деп есуас болмаңдар! Дəмеленбеңдер!
Тағы да жауап жоқ. Тек ашық аспандағы шашыраған жұлдыздардың
нəзік сəулелері жылт-жылт етіп, жердегі адамды жəне оның қас
дұшпандарын мазақ ете жымыңдап күліп тұрған сияқты.
Сонда барып Бьяртур былай деді:
- Сендер байқаңдар, менің қойнымда тасым бар! - Сөйтті де оларға
тасты алып көрсетіп, құлаштап сілтегісі келетінін байқатты. - Бірақ сендер
бұл тасты мен сендердің бастарыңа тастау үшін алып келді екен деп
ойламаңдар! Бəлкім, сендер: "Бұл бізден қорқады, сондықтан да басымызға
тас тастау үшін келіп түр" дерсіңдер?! Сендер: "Бұл біздің басымызға
ақыры тас тастауға мəжбүр болады. Өйткені ол шынында да өзінің екі
əйелінен бірдей көз жазып қалғаны сияқты Ауста Соуллильядан да
айырылып қаламын ба деп қорқады" дерсіңдер! Бірақ менің сендерге
айтарым: "Жазғы мекеннің иесі Бьяртур - өз еркі өзінде, басында
бостандығы бар адам. Ол - Исландия жерін адамдар алғаш қоныстанған
кезден бастап, күні бүгінге дейінгі ең ерікті, ең азат адам! Сонда менің
басыма тауды төңкере құлатсаңдар да басымызға құрметпен тас тастайды
деген үміттеріңді біржола үзіңдер!"
Бьяртур құбыжық зұлым күштерге деген өз өшпенділігінің белгісі
ретінде қолындағы тасты төмендегі құлама құзға құлаштап тұрып
лақтырып жіберді. Тас шатқалдың жалаңаш тас қабырғасына тиіп,
төмендегі терең түбіне жеткенше тарс-тұрс еткен дыбыс шығара домалап
бара жатты. Мұның өзі ежелгі ескі аруақтардың мəңгі тыныштығы
бұзылып, мазасызданған үні естіліп, оған бейне бір құбыжық алып күш
иесі мен оның серіктері таң-тамаша қалып жатқандай əсер етті. Ит құздың
жиегіне жетіп келіп, бар даусымен шабалана қатты үрді. Бьяртур құбыжық
зұлым күштердің елестерімен есеп айырысып, кек алғандай болған тап осы
сəтте адамдардың ешқайсысынан жəрдем сұрап, көмек күтудің қажеті жоқ
екенін бұрынғы қай кездегіден де айқын сезінді. Қазір ол тап осы жерден
құбыжық зұлым күш иелерінен жекпе-жекке шығып, оларды ешкімнің
көмегінсіз-ақ жеңіп шығуға бұрынғы қай кездегіден болса да батыл бел
буған еді. Бұл жолда ол өзінің басын өлімге тігуден тіпті де
тайынбайтынын көрсетті. Сөйтті де аздан соң кері бұрылып, өзінің кең
аңғарына қарай жүріп кетті.
ҚЫРЫҚ ТӨРТІНШІ ТАРАУ
ДІНИ ЖОРАЛҒЫ
Поселкенің қаладан қайтып келе жатқан тұрғындары жолшыбай Жазғы
мекенге бұрыла кетуді əдет қылып алды. Балалардан сиқырлы зұлым
күштердің елес көрсетулері туралы сұрап-біліп, сол жаңалықтарды
поселкеге жеткізгенше асықты. Ондай елестер туралы өңі өзгертіліп, өсе
түскен алып қашпа əңгімелер ауыздан-ауызға тез тарап жатты. Адамдардың
ақыл-ойы мен жан дүниесінің бір нəрсемен айналысатын іс-əрекеті жоқ, іш
пыстырарлық тып-тыныш кезеңде ондай əңгімені кəрі демей, жас демей,
жалпы жұрт соншалықты зор ынтамен тыңдайды. Олар сиқырлы зұлым
күштердің бой көрсеткен əрекеттеріне барынша оңай сенеді. Ал
қырсықтың басы атжалмандарда екеніне шеттерінен күмəн келтірумен
болды. Өйткені біздің бəріміз де адам сенбейтін нəрсеге тез илануға, ал
шындық атаулыға күмəндана қарауға бейім тұрамыз ғой.
Сонымен поселке тұрғындары Бьяртурға барған сайын жиі-жиі соғатын
болды. Адамдар қызық өзі. Олар қай-қайдағы өсек-аяңның, алып қашпа
əңгімелердің қаншалықты шындық екенін сұрастырып білуден, сиқырлы
зұлым күштердің қырсығы қандай болғанын өз көздерімен көріп қайтудан
күш-қуатын да, уақытын да аямайды. Естіген əңгімелерін тез қағып ала
қояды да көпке дейін естерінен шығармайды. Бьяртур бəрін де егжейтегжейлі сұрастырып білуге жандары құмарларға қысқа ғана жауап
қайтарумен болды: "Егер шынымен-ақ білгілерің келіп бара жатса, сол
сиқырлы зұлым күштердің соңынан қалмай, есірік адамдай жүгіре
беріңдер, жүгіре беріңдер. Табандарың тозғанша жүгіріңдер. Бұл сендердің өз жұмыстарың! Ал мен өз басым ондай оттаған сандырақ
сөздерге құлақ қоймаймын!"-, деді. Мəселенің бүкіл мəні осында еді. Бір
күні əлгі сайтан алғыр мысық қорадағы қойларды қасқыр тигендей
үркіткен болатын. Сонда естерінен тана шошып кеткен қойлар бірінің
үстіне бірі шыға ескіріп қашып, қабырғаларға соғылыпты, ақырдың
жиегіне құлап түсіпті, сөйтіп жүріп бастарын жарыпты, мүйіздерін
сындырыпты, тот басқан шегелерге ұрылыпты.
Балалар қонақтардың сұрақтарына жауап беріп, олардың көңілдерін
тапқанына мəз болысты... Олар үйдің маңында өздерін қоршап тұра қалып,
бұлардың сиқырлы зұлым күштердің елестерін көргені туралы əңгімеге
құныға құлақ қояды. Ал балалар болса, өздерін өз өмірлерінде бірінші рет
мардымсыған маңғаз адамдарша сезінді. Өйткені олардың əңгімелерін жұрт
ынтыға тыңдады ғой! Редсмиридегі бас бəйбіше Аустаға Бьяртурдан
жасырып азын-аулақ кофе, қант жəне шетелдік талантты көп
жазушылардың біреуінің "Қарапайым өмір салты" деп аталатын кітабын
беріп жіберген еді. Балалардың айтуына қарағанда, олар сиқырлы зұлым
күштердің иелерін өз көздерімен көрген болып шықты. Тіпті олармен
тілдесудің де реті келіпті. Əсіресе үлкен ағасы мен кіші інісінің көргені көп
екен. Олардың қой қораға кіруі-ақ мұң екен, сиқырлы зұлым күш иелері
көп күттірмей-ақ келе бастайтын көрінеді. Балалар қараңғы түнде жарқжұрқ еткен көздерін көріпті, бірақ олардың сөздерін жақсы түсіне алмапты
- өйткені мұрындарынан мыңқылдаңқырап сөйлейді екен. Сонда да болса,
бұлар айтқандарын едəуір түсініпті. Сиқырлы зұлым күштер өздерін
былайғы жұрттың елеп-ескермей, ұмыт қалдырып кеткеніне риза емес
сияқты. Өздерінің бар екендігін оқтын-оқтын білдіріп қойғысы келетіні де
сондықтан көрінеді. Сиқырлы зұлым күштің иесі өзіне тиісті құрметтің
түр-түрі түгел жасалмайынша оны дəріптейтін уағыздар айтылмайынша,
псалом-дұғалар, діни дұғалар оқылмайынша, əсіресе өлгендердің
аруақтарын еске алып тұрмайынша, тыныштық бермейтінін айтыпты.
Кейбір қонақтар қой қораның жанына жақындай түсіп, өздері білетін
əлдебір псалом-дұғаны міңгірлете ұзағынан созып оқыды немесе "Біздің
əкеміз" дұғасынан үзінділер келтіруге де кірісті. Аустаның қонақтарға кофе
əзірлеп беруге үлгере алмай, есі шығып жүрді. "Иə, - депті балаларға əлгі
сиқырлы зұлым күштің иесі, -ертең қонақтар бұдан да көп келетін
болсын!". Ол пұтқа табынушылардың əдеттегі көп құдайларының біреуі
емес, нағыз Құдайдың өзі көрінеді. Сондықтан да адамдардан өзіне
құлшылық етіп, табына дұға оқуды талап етіпті. Шамасы, мұның өзі оларға
пайдалы болса керек.
Бүкіл приходта сиқырлы зұлым күштер туралы айтылмаған əңгіме
қалмады. Олар аңғардағы бірнеше үйді тас-талқанын шығара қиратып
кетіпті-міс, тапа-тал түсте үйдің шатырының үстінде секіре сайран салып
жүріпті-міс, өзіне кімде-кімнің құрметпен дұға арнағысы келмесе, алдымен
соның сазайын тарттырамын, кек аламын депті-міс. Сөйтіп бұрын
ешкімнің назарын өзіне аударта қоймайтын осы бір шағын хутор қазір
бүкіл округтың жəне бүкіл өлкенің дерлік мұқият əрі жіті назарында болып
тұр. Бұрын бұл жерде болып көрмеген адамдар ғана емес, иттер де қаптап
жүр. Олар кей-кейде сумаң қағып, тіпті үйге де кіріп кететін болды. Егер
сиқырлы зұлым күштер мен олардың қатыгездік қылықтары туралы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 28
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.