Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 12

Total number of words is 4385
Total number of unique words is 2181
36.0 of words are in the 2000 most common words
51.6 of words are in the 5000 most common words
60.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бағынбай, қарсы шығып, өзінің Гудниге ешнəрсе де қарыз емес екендігін
шегелеп тұрып есіне салған болар еді. Бірақ қазір ол өзін таяқ жеген
төбеттей сезініп, əлгінде Титла лақтырылған текпішек сатымен, ешнəрсе
сездірмей, төмен түсіп кетті. Ол қорадағы қараңғы қапаста не істерін
білмеді. Толып жатқан қиыншылық атаулының бірінен соң бірін басынан
кешірген ол əбден қажып бітті, өзін-өзі жеке басының еркі жоқ, бəріне
тəуелді, бұл өмірге мүлде қажеті жоқ əлдебір басы артық адам сияқты
сезініп, əбден қорынды. Оған тіпті мынадай да ой келді: бүл өмірде тірі
адамдар, өлген адамдарға қарағанда өздерінің мүлде қажетсіз басы артық
адамдар екенін кей-кейде іс жүзінде көбірек сезінеді екен-ау. Ақырында
жинаулы тұрған шөмеледен бір құшақ пішенді жұлып алып, еденге төседі
де бейне бір бұралқы ит сияқты бүк түсіп жата кетті. Қалай дегенде де ол
тап қазір өз үйінде ғой.
Таңертең Бьяртур жас нəрестенің іңгəлап жылаған даусынан оянып
кетті. Ол жоғары көтерілген кезде ерлі-зайыптылардың төсегі үстінде
нəрестені қос тізесінің арасына алып отырған Гудниді көрді. Ол кеудесінің
түймесін ағытып жіберіп, нəрестені өз кеудесінің қызуымен жылытып отыр
екен. Ал оның қарсы алдындағы кереуетте Бьяртурдың қайтыс болған
əйелі, жас нəрестенің туған анасы жатты. Гудни бір шымшым жүнді матаға
орады да бөтелкенің тығыны етіп, емізік жасады. Содан соң емізік соруды
үйрете бастады. Бьяртур бөлменің ортасына жете бере тоқтады да, мына
көріністі қысылып-қымтырыла тамашалады. Оның бойында əлдебір
ұялшақтық сезімі оянғандай болды. Содан соң оның жел қаққан сақалды
жүзі мен қызара ісінген екі көзінде қуаныш күлкісі ойнап шыға келді.
- Міне, сенің қызың. Аман-сау. Өмірге қайта оралды! - деді Гудни, жас
нəрестені қалай тірілтіп алғанына айрықша мақтанып.
- Аман қалғанға ұқсайды, - деді Бьяртур. - Бейшараның көрер жарығы
бар екен ғой!
Ол Гуднидің тізесінде жатқан əлі əлсіз, нəзік жаралған, жұдырықтай
ғана жанды сүйсіне тамашалап, қызыға қарап шықты.
- Бұл нəрестені бірден тəй-тəй басып, шауып кетеді деп ойлауға
болмайтын еді, əрине, -деді Бьяртур, біртүрлі кешірім сұрағандай. Тəңір
жарылқасын, өзің-ақ айта қойшы, адам баласын мұндай кезінде көру
қандай аянышты еді!
- Ah, қандай сүйкімді сəби, - деді Гудни, нəрестені маңдайынан
мейірлене сипап. - Енді саған əкең қандай əдемі ат ойлап табар екен?!
- Əрине, қалай дегенде де, мұның, кіп-кішкентай нəрестенің əкесі, енді,
əрине, мен боламын ғой. Бұған ең əдемі ат тауып қоямын.
Гудни аз-кем үнсіз қалды. Ол нəрестенің аузына емізік салды да
əлдилей бастады. Бьяртур бұларға аз ғана қарап тұрды да өзінше əлдебір
нəрселерді ойлап болып, ақырында батыл шешіммен үн қатты:
- Бəрі де жақсы болды! - Ол дию-перінің күлін көкке ұшырарлық, құс
басқан күшті де тұрпайы қолымен нəрестенің бетін сипаған болды. Сөйтті
де: - Мен бұған Ауста Соуллилья* деген ат қоямын.
Бьяртур бұл кіп-кішкентай тіршілік иесінің ешкімі де жоқ екенін бір
түрлі мақтаныш еткендей болып, ендігі жерде онымен қайғыны да,
қуанышты да бірге бөлісуге біржола батыл бел буды.
- Бұл туралы енді қайтып сөз етпейтін боламыз, - деді ол, бейне бір
өзінше тіл қатып.
Бьяртурды күтіп тұрған машақаты мол əрекеттерді айтып тауысудың өзі
де қиын еді. Өйткені қойлар Утиредсмириде қалып қойды. Əйелін
жерлеудің қамын ойластыру керек. Табыт табу қажет. Пасторды шақыру,
мəйітті жерлеушілерді қабылдау, қалаға барып қайту, ас беру сияқты
шаралар бастан асады.
- Қымбатты Гудни, - деді Бьяртур, - менің саған бір өтініш айтқым
келеді: сен менің қамыр илеуіме жəрдемдесе аласың ба? Асқа арналған
бəлішті барынша мол пісіруіміз керек. Оған мейізді де, əлгі дөңгелек ірі
қараны - сендер қалай деп атаушы едіңдер, алхор ма еді? - соны да аямай
қоса бер. Үнем жасаймын деп əуре болма. Ақысын жақсылап төлеймін.
Құймақ та жетіп артылатын болсын. Жұрттың бəрі тойғанынша емін-еркін
жесін. Мен əйелімнің асынан ешнəрсені де аямаймын, қонақтарды
кейбіреулер сияқты дəмсіз быламықпен шығарып салуды қаламаймын.
ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ
МАШАҚАТЫ МОЛ ƏРЕКЕТТЕР
Жазғы мекенде əлдебір сиқырлы елес күштердің жүгенсіз қылықтары
қайтадан басталғанына жұрттың ешқандай күмəні қалмады. Гудни онда
жалғыз болмауы үшін өзіне серік қызметкер іздеді. Розаның өлімі туралы
алып-қашпа əңгімелер тарады. Ондай əңгімелер Жазғы мекеннен
қаншалықты ұзаққа жеткен сайын соншалықты үрейлі, қорқынышты бола
түсті. Жұрт оларға құлай сенді. Өйткені бүл хутор тұрған жер туралы
жаман атақ ертеден бері кеңінен мəлім болатын. Хутордағы алғашқы
жылдың өзінде мұндай сұмдық басталса, болашақта бұдан да масқара
оқиғаларды күту керек шығар деген күдік күшейді. Шіркеу қауымы
кеңесінің төрағасы бірде поселкеде Бьяртурмен кездесіп қалған кезде оған
мынадай емеурін танытты: "Қазір бізде бір қызмет орны кез келген күні
босағалы түр. Келемін десең, ойланып көр, Бьяртур. - Сенің хуторыңдағы
қазіргі қиын жағдайдың, ерте ме, кеш пе, əйтеуір бір кезде бүкіл қауым
тұрғындарына қауіп төндіретінін ұмытпа. Өзің бойдақ қалдың, қолыңда
жетімек жас нəрестең бар - ендігі көрер күнің не болмақ? Жұрттың
айтуына қарағанда, Утиредсмири қожайындарының жас жетімек нəрестені
өз тəрбиесі мен қамқорлығына алуы туралы өтініш жасасаң, оған құлақ
асып, күп алатын түрі бар. Тіпті əдеттегідей ақы да сұрамайтын көрінеді.
Бірақ саған қояр жалғыз шарты оларға өз иелігіңдегі жерді қайтарып беру
екен.
- Мен айтар едім: бұл ұсыныс саған өте-мөте тиімді, - деді төраға, сөзін
түйіндей келе.
Бьяртур Утиредсмири қожайындары, мұның өзіне тікелей айтпаса да,
басқа біреулердің аузымен ұсыныс жасағанына қарағанда, мұнда бір
құйтұрқы сыр болуы керек деп ойлады.
- Сіздер, бастықтар, - деді ол, - балаларды Утирдсмириге тəрбиеге
беруді тиімді деп санайтын болуларыңыз мүмкін. Ал мен олай деп
ойламаймын: Керісінше, тым қымбатқа түседі. Мұны өз басымнан өткізген
тəжірибеден білемін. Мен олардың тəрбиесінде он сегіз жыл бойы болдым
емес пе? Ал қазір, өз еркім өзімде, ешкімге тəуелсіз болған, еліміздің азат
азаматына айналған кезде, өз балаларымды өзім тəрбиелеп, адамдар мен
Құдай алдындағы борышымды адал орындайтын боламын. Оларды басқа
біреудің тəрбиесіне бермеймін.
- Мынадай да жағдайдың болуы мүмкін ғой, - деді шіркеу қауымы
кеңесінің торағасы. -Сен қаншалықты күш сала қиналсаң да қарызыңнан
құтыла алмасаң ше? Əсіресе иен далада шоп шабу үшін қызметкерлер
жалдаған кезде қайтпекшісің? Сонда сенің өз еркің өзіңдегі тəуелсіз
бостандығыңның не тамтығы қалмақ?! Ал өз басың қызметке кіріп алсаң,
жағдайың жақсарып сала берер еді.
- Мен өз отарыма ие болу жəне жер сатып алу құқығына қол жеткізу
үшін он сегіз жыл өліп-талып жұмыс істедім. Өзіме сарай салып алдым.
Рас, ол корольдер тұратын, əшекейлі мəрмəр тастар мен порфирден
салынбаса да сарай деген аты бар ғой əйтеуір. Оның іргетасын қалау үшін
он сегіз жыл еңбек еттім ғой. Əзірше мен шіркеу қауымына да, көпестерге
де ешқандай қарыз емеспін Ал старостаға жерім үшін жарнамды мұқият
төлеп келемін. Сондықтан да менің үйім де сіздің немесе старостаның үйі
сияқты "өзі үйім, кең сарайдай боз үйім". Менің старостаның балаларында
ешқашан жұмысым болған емес. Олардың кімнің фамилиясын алып
жүргеніне де мəн бермеймін - ол жөнінде шу көтеріп те жүрген жоқпын.
Оның есесіне мен старостадан бір нəрсені батыл талап ете аламын: менің
жеке басымның ісіне араласпасын, артына қарап, жайына жүрсін! Мен
баламды қалай шоқындырамын, оған қалай деп ат қоямын - онда жұмысы
болмасын! Старостаға да, басқаларға да тап осылай деп сəлем айтыңыз.
Сол күні Бьяртур Стадурда тұратын пасторға кетті. Бүл оны осы шіркеу
қауымындағы қойдың тамаша тұқымын ойлап шығарғаны үшін қатты
құрмет тұтатын. Бьяртурдың ішке кіруін өтінді: бөлмені темекінің көк
түтіні қаптап алыпты. Пастор ерсілі-қарсылы тынымсыз адымдап жүр екен.
Шамасы, не діни уағыз айтуға, не өзінің шаруашылық есебіне дайындалып
жүрген болуы керек. Ол өте сирек кідіріп, одан да сирек отырды. Пастор
толық денелі, шашы қудай аппақ, мұрны көкшіл тартқан, қазымырлығы
мол əрі іскер қарт еді. Ол қашан болса да бір жаққа асығып тұрғандай
болып, аса бір менмен маңғаздық танытуды ұнататын. Шыққан тегі атақты
да күшті . Оның жас кезінде оңтүстік жақта өзіне қарасты шіркеу қауымы
болатын. Бірақ өз өмірінің басым көпшілігін осында өткізіп келеді. Уақыт
өте берді, пастор дəулетті əрі шаруаға бейім адам болып шықты. Соған
қарамай, шаруалар қатысып отырған кездің бəрінде де жер бетіндегі
өткінші игілік атаулы туралы барынша жеркенішпен əңгімелейтін, ауыл
шаруашылығы туралы өзінің білгенінің бəрін де жасырын ұстайтын.
Пастор əдетте ісі басынан асып жататын адамдардың басым көпшілігі
сияқты өте аз сөйлейтін. Өзімен əңгімелесіп отырған адамның айтқан
сөздерінің бəрін де қисыны жоқ сандырақ бір нəрсе деп қабылдайтын.
Пікір айтуға келгенде тым қатал еді, əңгіме не туралы болса да оз
айтқанынан қайтпай, қырсығып отырып алатын. Бірақ ол пікірінен өзгелер
келіскеннен кейін тез қайтатын. Пастор адамдарға мейлінше аз сеніп, одан
Кім туралы болса да жылы лебіз ести қою өте қиын еді. Бұл ретте ол тек
Дания королінің отбасы мүшелерін ғана жоғары бағалайтын. Оларды
барынша талантты əрі қайырымды жандар деп білетін. Əсіресе принцесса
Августаға табына бас иетін. Оның портреті мұның жұмыс кабинетінде
ұдайы ілулі тұрады. Алайда ол принцесса өмірден əлдеқашан озған
болатын. Пастор өзіне қарасты шіркеу қоғамы мүшелерінің мінезқұлқының тазалығына сене бермейтін. Егер бұл туралы сөз бола қалса, тек
тұманды бұлдыр тұспалдармен ғана шектелетін. Өзі осы қоғамға келгелі
бері құпия қылмыс түрлері көбейіп кетті деп ойлайды. Жалпы жұрттың
пікіріне қарағанда, пастор Гудмундур басына қайғы-қасірет түскен
адамдарға көмек қолын созудан ешқашан тартынбайды. Ол біреудің біреуге
ұрсып жатқанына да немесе біреуді біреудің мақтап жатқанына да шыдай
алмай, шыр-пыр болады. Əдетте Құдайға сене бермейтін адамдар арасында
дін туралы барынша байсалды ыждағаттықпен ұзақ уағыз айтуды ұнататын.
Ал дінге құлай сенетін адамдар арасындағы əңгімесі бəлендей тақуалық
сипатта бола қоймайтын. Діни уағыздары бір-бірімен тығыз байланысты
бола бермегендіктен, кей-кейде тіпті түсініксіз болып кететіндіктен
тыңдаушы муридтері пастор Гудмундурдың айтқандарына онша сенбейтін.
- Сенің тағы да хутор аралап, сенделіп жүрісіңе жол болсын? — деді
пастор Бьяртурға, əдеттегі қазымырлық қылығына басып. Сөйтті де
жанынан жылдам жүріспен өтіп бара жатып қолын ұсынды. Қорқорын
құшырлана сорып, түтінін будақтатып өтті. Көкала түтін шауып бара
жатқан аттың артында қалатын қою шаң сияқты Бьяртурдың төбесіне
будақ-будағымен үйіріліп, төне түсті.
- Менің хутор аралап, сенделіп жүргенімді қашан көріп едіңіз? - деп
сұрады Бьяртур. -Бірақ мен бұл жолы поселкеде болғанымды жəне шіркеу
қоғамы кеңесінің төрағасымен жолыққанымды жасырмаймын.
- Тьфу, қойшы сол қауым кеңесінің төрағасын! - деп, пастор жеркеніш
білдірді де, пеш жанында көмір салулы тұрған шелекке түкіріп өтті.
- Біз онымен едəуір əңгімелестік. Мен өзіме-өзім былай деп сұрақ
қойдым: осы біз екеуіміздің қайсымыз бостандықта, ерікті болуды жақсы
көреміз. Соны сұрау үшін сізге, пасторға, арнайы бұрылдым.
- Бостандықты? Осылай дедің бе? - деп қайталап сұрады пастор. Ол
жүрісін кідіртіп, Бьяртурдың бетіне кішкентай көздерін қадап, тесіле
қарады. Қандай бостандықты жақсы көретінін түсіндіруді талап етті.
- Мен кедейлерге керек бостандықты айтамын.
- Ал, меніңше, бостандық дегеннің байларға да, кедейлерге де керегі
жоқ, - деп асыға-үсіге жауап берген пастор тағы да ілгері жүріп кетті.
- Өзіңіз қараңызшы, - деді Бьяртур, - менің жəне шіркеу қоғамы
кеңесінің арамыздағы түсініктің арасындағы айырмашылық мынада: мен
əрқашан бостандық беруді талап етумен келемін, ал ол біздің қайқайсымызды да жерге тəуелді етіп қоймақшы.
- Біздің жолымызда өзін-өзі құрбан етіп, азап шеккен Құтқарушымыз
берген бостандықтан өзге бостандықтың болуы мүмкін емес, - деді пастор,
аузы аузына жұқпай жылдамдата сөйлеп. Оның сөз мəнері болар-болмас аз
ғана бір нəрсе сатып алғысы келіп тұрған адамға "Менде кенептен басқа
мата қалған жоқ" деп менсінбей қарап, одан құтылғанша асыққан төзімсіз
саудагердің қылығын еске салды. - Бұл жерде мəселе ертедегі
ғұламалардың жазып кеткендегісіндей екен. - Сөйтті де əлдебір түсініксіз
басқа тілде дəйектеме келтірді. Содан соң былай деп сұрақ қойды: Бостандық дегеніміз не өзі? Иə, өзім де ойлаушы едім, сені бүл жөніндегі
түсініктен мақұрым болар деп. Бірақ сенің тау етегіндегі өз хуторыңда өзің
емін-еркін тұрып жатқаныңа қарсы екен деп ойлап қалып жүрме. Ол жер
саған өте-мөте жайлы да қолайлы. Бұрынғы ата-бабалар айтып кеткендей...
- Осы жерге жеткенде пастор тағы да түсініксіз жəне бір бөгде дəйектеме
келтіріп өтті.
- Қымбатты пастор, мен сізбен ежелгі еврейлер тілінде пікір таластыра
алмаймын, - деді Бьяртур. Маған басқа біреулердің не айтып, не
қойғанының бəрібір, оған мəн бермеймін. Ал, қой мəселесіне келетін
болсақ, оны ешкімнен кем білмеймін деп айта аламын. Мен сіз шығарған
қой тұқымының осы өлкеге коп пайда келтіргенін де жақсы білемін.
- Қарғыс атсын соларды! - деді пастор, тоқтаусыз жүріп бара жатып.
Көп пайда келтіріпті-міс. Солай ма? Əрине, қарнының қамын жеп,
құлқынына құл болғандар үшін "пайдалы болған" шығар. Бірақ олар бұған
мəз болмауы тиіс, қайта ұялуы керек емес пе?
- І-ім, Тауратта қойды Құдай жіберген құрбандық - Көк қошқар демеуші
ме еді?
- Жоқ, олай емес, - деп жауап қатты пастор. - Мен Таураттағы қойды
Құдай жіберген құрбандық - Көк қошқар еді деп түсіндіруге қарсымын. Бұл
жерде мен қойды да Құдай жаратқан дегенді жоққа шығарғалы отырған
жоқпын. Бірақ Құдай иеміз қойды өзге жануарлардан артық көреді-міс
дегенге үзілді-кесілді қарсымын! - Ол азырақ үнсіздіктен кейін біртүрлі
айып таққандай үнмен былай деп қосып қойды: - Тау мен тасты, елсіз иен
даланы кезіп, қой соңынан жүгірудің не қажеті бар? Сонда тұрған мəнмағына қайсы?
- Мен ағымнан жарылып, шын жүрегімнен шыққан шынымды айтар
болсам, онда біз екеуіміздің қой туралы пікірлеріміз бір-бірінен тіпті де
алшақ кетпейді. Мен сияқты оқымаған адамнан күтуге болатын
алшақтықтан əлдеқайда аз. Шынымды сізге айтайын, пастор Гудмундур,
мен бүл жерге аса бір маңызды мəселе жөнінде ақылдасқалы келдім.
Көптен бері ойымда бар, тіпті түсіме де кіріп жүрген мəселе еді.
Сондықтан менің сізден сұрайын дегенім... сіз күзге қарай маған бір ісек
қошқарыңызды сатпас па екенсіз? Құдай қаласа, ақысын қолма-қол, нақты
төлейтін боламын Қажет болған жағдайда, Құдайдың қолдауымен, сіздің
көпестегі есебіңізге ақшалай аударуыма да болады.
Бьяртур пастордың тікелей шабуылға шығуына сылтау қалдырмау үшін
тақуалық тəртіп пен "қарынның қамын ойлап, құлқынның құлы болудың"
қақ ортасындағы қолайлы қағиданы табуға бар күшін жұмсап бақты. Бірақ
бүл əрекеті іске аспады. Пасторды қандай амал-шарғымен болса да алдап
түсіруге болмайтын еді.
- Ақша аударуыма да болады? - деп, жақтырмаған ашулы сарынмен
сұрақ қойды. - Құдай үшін өтініп сұраймын: маған арнап ақша аударудың
қажеті жоқ. Менің аға қызметшіммен сөйлесіп көр..
- Менің өзіңізбен келісіп алмай тұрып, қызметшіңізбен сөйлесуге
құқығым жоқ қой.
- Егер кофе ішкің келсе, бірден айт, - деді пастор. - Құдайдың өзі куə,
менде арақ жоқ.
- Мен арақ жоқ жағдайдың қай-қайсысында да кофеден бас тартып
көрген емеспін. Өмірін арақсыз өткізуге тура келген мен сияқтылар аз емес,
өте көп.
Пастор кофе қайнатуға тапсырма беру үшін ас үйге шығып кетті. Аздан
соң темекісінің түтінін үздіксіз бұрқыратып қайта оралды - төбесінде
түйдек-түйдек түтін үйірілді.
- Сен тек қана цикорий алатын боласың, - деді пастор. - Айтпақшы, мен
сенің өз жаныңды о дүниедегі азаптан құтқарудың қамын жеп жүргеніңді
ешқашан байқаған емеспін. Сендердің қай-қайсың да тау ішінде
сенделумен жүріп, кешірілмес бейқамдыққа бой алдырып қана қойған
жоқсыңдар, ежелгі надандықтарыңның салдарынан белшелеріңнен күнəға
батып тынғансыңдар. Онымен де қоймай, адамды қалай болса солай алдап
кетуді ойлаудан шаршамайсыңдар.
Пастордың сəнді киінген қыздарының біреуі қош иісі бұрқыраған кофе
құйылған үлкен мыс шəйнек, əдемі суреттер салынған фарфор кеселер, əр
түрлі сортты пирожныйлар, қант жəне қаймақ алып кірді. Пастордың қызы
Бьяртурды танып, оның Жазғы мекенінде өзіне жəне жанындағы бірге
барған достарына шын жүректен жақсы қабылдау жасағаны үшін алғыс
айтты. Ол тіпті Бьяртурдың өткен жазда қолма-қол суырып салып
шығарған өлеңдерін де есінде сақтапты, əлі күнге дейін ұмытпапты. Оны
Бьяртурдың құрметі үшін жатқа соғып, оқып та берді. Пастор ол өлеңдерді
ықылассыз тыңдады да өзінше əлдебір нəрселерді міңгірледі.
- Тьфу, - деді ол. - Мұның бəрі қай-қайдағы былапыт нəрсе ғой. Латын
тіліне аударуға келмейді. Сен бара бер, Гунса, бүл жерде саған қарап тұрған
ештеңе жоқ.
Қыз шығып кеткен бойда пастор еңкейе түсіп, жазу үстелінің тартпасын
тартып, жəшігін ашты да мойнына дейін дерлік толтыра арақ құйылған
құтыны суырып алды. Сөйтті де оның тұтас бір стақанын шəйнектегі
кофеге араластырып жіберді. Содан соң кофені фарфор кеселерге құя
бастады. Бьяртур пасторға жəне кофеге деген құрмет білдіріп бір ауыз сөз
де айтқан жоқ. Екеуі кофе іше бастады. Үшінші кесені ішіп болғанда
Бьяртурдың маңдайынан шып-шып тер шықты.
- Іш, досым, іш, - деді пастор. - Мынадай ауа райында əйелдер сені
кофеге қансын деп сыйлады емес пе?
- Мен қазірдің өзінде үш кесе ішіп қойдым, - деп, сыпайылық танытты
Бьяртур.
- Қайдам, мен өзім күніне отыз кеседен кем ішіп көрген емеспін, - деді
пастор оған жауап ретінде. Сөйтті де біресе Бьяртурдың кесесіне, біресе
өзінің кесесіне кофе күюмен болды. Сонымен əрқайсысы алты кеседен
кофе ішіп, үлкен шəйнекті де босатты. Бьяртурдың маңдайынан да, екі
самайынан да ірі-ірі тер тамшылады. Ол кеседегі əшекейлі суретті
тамашалай отырып, былай деді:
- Мына еріккен қыздар тым тəуір екен-ау, өзі. - Ол кесенің сыртындағы
жапон қыздарының суретін айтып еді. - Менің Жазғы мекеніме жүздерінде
ғажайып күлкі ойнаған перизат қыздардың суреті салынған əдемі кеселер
жеткенше қай заман десеңізші! Міне, солай, қымбатты пастор, - деді ол,
маңдайының терін жеңімен сүртіп жатып. - Ал бұл екі арада менің
өмірімнің ұйқы-тұйқысы шығып бітті. ... Əйелім, айтпақшы, өткен
көктемде некемізді өзіңіз қиған əйелім, қайтыс болды.
- Не дейді? Қалай қайтыс болды? - деп əлдебір күдікпен сұрады пастор.
- Бүл жерде менің қандай кінəм бар? Ешқандай қатысым жоқ қой!
- Əрине, ешқандай кінəңіз де, қатысыңыз да жоқ. Менің айтайын
дегенім, тіпті басқа нəрсе еді, - деді Бьяртур болған оқиғаға пастордан
барлық жауапкершілікті түгел алып тастағандай сыңаймен. - Ол бейшара
табиғи өз ажалынан қайтыс болды, шамасы. Қансырап қиналғаннан өлген
болуы керек. Мен бұл сұмдықтың қалай болғанын жақсы білемін. Оны
қойыңызшы, тұқымын өзіңіз шығарған қойдың бір жасар тоқтысы
Гудлбрау қайда құрып кетті десеңізші!.. Адамның ақылына қонбайтын
нəрсе! Ол қорада байлаулы қалған. Содан із-түзсіз жоқ. Бұл оқиға өткен
күзде, таудағы қойларды алғашқы қаумалап айдап қайтқан кезде болған
еді... Мен Гудлбрауды үйде қалған əйеліме серік болсын, бір мезгіл оның
көңілін ауласын деп тастап кеткенмін...
- Бұл жайында мен ештеңе де айта алмаймын, - деп, өте салқын үн
қатты пастор. - Өзің білесің, мен қой ұрлаумен айналыспаймын ғой. Менің
сенен өтініп сұранарым - мені бұл іске араластыра көрме.
- Жалпы алғанда менің бір тоқтамға келіп, батыл бел бууым керек қой, деп, ойға шома жауап қатты Бьяртур. - Тым болмаса əйелім жөнінде. Енді
не істеуім керек?
- Бүл ретте мен саған дəл қазір-ақ басқа бір əйелді айттыра аламын.
Мінезі жібектей жұмсақ. Айтқаныңды екі етпейді, көнбіс қыз. Бірақ өзімен
бірге тұратын кемпір шешесі бар. Тəуекел етемін десең, қабырғаңмен
кеңесіп, ойланып көр. Кемпірдің бір қасиеті -псалтырды түгелдей жатка
соғады.
-. Əуелі əйелімді жерлеп алғаным жөн болар, - деп, əдеппен тіл қатты
Бьяртур.
- Ой, осы жерлеу дегеннен жек көретін нəрсем жоқ, - деп ескертті
пастор.
- Мəселе мынада болып түр, марқұмды жерлемей тұрып, хуторда
ешкімнің де қалғысы келер емес. Адамдардың ақымақтығында, қайдағы бір
жоққа сене кетуінде шек жоқ қой.
- Сендер оны уақытша, ең болмаса көктемге дейін өздерің жерлей
тұрсаңдар да жарайды ғой. Мен мынадай ауа райында биік тауға көтеріле
аламын деп уəде етуге де жарамаймын. Мен əбден қалжырап, қажып біткен
қартпын. Туа біткеннен өкпем жарым, бəлкім тіпті бауырымда қатерлі ісік
те бар болар. Оның үстіне, сенің əйеліңнің ажалы неден болғаны да анық
емес, əлі дəлелденбепті. Сендер, сол аңғардың тұрғындары, біздің
əйелдеріміз өзіміз тауда қой іздеп жүргенде ана дүниеге аттанып кетіпті деп
айта салудан ешқашан тайынбайсыңдар. Ал, менің білуімше, əйелдерге де
қойдың күтімі сияқты қамқорлық жасалуы тиіс. Тіпті де кеш болмауы
керек. Өзімді қатал тағдырым айдап келіп, осы өңірде өткізген отыз жыл
өмірімнің барысында мұнда кездескен сан-алуан ажал түрлері туралы
ерінбей-жалықпай, егжей-тегжейлі ұзақ əңгімелер айтып бере аламын. Егер
өз мүридтеріме жаным ашымайтын адам болсам, толып жатқан қылмысты
сұмдықтың бетін ашып, дəлелдеп берер едім. Оның үстіне, өзіміздің іріпшіріген өкімет орындарымен шатасып, айтысып-тартысып жатуға мұршам
жоқ. - Əбден қартайдым, қалжырап біттім. Өйткені біздің өкімет нағыз ірі
ұрыларды, əзəзіл бұзық арандатушыларды, тіпті кісі өлтірушілерді,
ешқашан саусақпен шертіп те жазаламайды. Қайта маңдайларынан сипап,
босатып қоя береді.
- Дегенмен де сіз менің Розамнан əлдеқайда күмəнді жағдайда
өлгендердің талайын жерлегеніңіз өтірік емес қой.
- Иə, солай да шығар, - деп ауыр күрсінді пастор. - Бірақ қазір мен, "бір
аяғым жерде, бір аяғым көрде" дегендей, ажал аузында тұрмын ғой.
Ауруым асқынып кеткен...
- Менің сізден өтініп, жалбарынып сұрайтын бір-ақ нəрсем бар
- егер ауа райы қатты бұзылып кетпесе, Редсмириге келе қойыңызшы.
- Редсмири шіркеуіндегі күрек сынып қалған. Құдай-ақы солай, - деді
пастор, қайдағы бір болмашы сылтауларды бірінен соң бірін шұбырта тізіп.
- Егер бүтін күрек болмай, əлдебір сынық нəрсенің қалдығы ұсынылса,
онда мен марқұм Розаның қазіргі тағдыры үшін жауапты бола алмаймын. Қиямет күні де, одан кейін де, кепілдік бермеймін. Ал сен, байқаймын,
менен марқұмға қатысты бірнеше жылы сөз айтып, лебіз білдіруімді талап
етпексің. Ондай лебіздің мынадай ауа райында не қажеті бар? Өз басым
түсінбеймін. Оның үстіне, айта берер сөз де қалмады.
- Ұзақ сездің өзі де қажет бола қоймас, - деді Бьяртур.
- Бəлкім, мұндай сөзді редсмирилік ақын əйел айтар? - деп ұсыныс
жасады пастор. -Былтырғы көктемде суырылып сөйлеп, тоқтамай қойып
еді ғой. Енді қара күзде сөйлемейтіндей не көрініпті оған?
- Сізден жасыратын не сырым бар менің? - деді Бьяртур. - Өз басым ол
əйелдің сөзіне илана қоймаймын. Сізге енді айтайын, сол көктемде сөзді
өзіңіз-ақ сөйлегенде дұрыс болатын еді. Дегенмен де мен, шынымды
айтсам, жалпы алғанда, ондай сөздердің, əсіресе ұзақ сөздердің
ешқайсысына да сенбеймін.
- Алайда мен сөйлер болсам, ұзаққа сермеймін, көп сөйлегеннің көкесін
танытамын, -деп жауап қатты пастор. - Өйткені сөз сөйлей бастаған кезде
толып жатқан ойлар бірінен соң бірі іркілмей ағылып келе береді, келе
береді. Ондайда өзіңді-өзің қалай тоқтатарсың, бəрін де - адамдардың бірбіріне деген өзара қарым-қатынасы туралы да, шіркеу қауымына деген
көзқарасы туралы да қалай айтпай кете аларсың!..
- Бұл өзі қалай қарауға байланысты. Кейбіреулердің ойынша, соз аз
болса, жауапкершілік те кем. Бірақ, маған салса, бəрібір, не айтсаң да бола
береді, тек марқұмның атына жаман сөз айтылмауы тиіс. Ең бастысы - сөзді
пастордың өзі дер кезінде жəне тиісті орында сөйлегені. Олай болмаса,
кімнің аузына қақпақ қоярсың? Кім көрінгеннің тілі қышып, ойларына
келгенін соға береді: мені жарытып сөз сөйлеуге жөнді тапсырыс та бере
алмапты деуі ғажап емес. Ал мен ондай қорлыққа төзе алмаймын. Өйткені
өз еркі өзінде, ешкімге тəуелсіз дербес адам деген атым бар. Əйелім де өзім
сияқты тəуелсіз, дербес адам болатын.
- Сонда сен ондай соз үшін қанша ақы төлей аласың?
- І-ім... Бұл жөнінде өзіңізбен келісіп алуымыз керек сияқты. Менің
ойымша, сіздің маған деген берешегіңіз бар болуы керек. Есіңізде ме, өткен
көктемнен қалған еді ғой. Сол қарызыңызды өтегеніңіз жөн-ау деп
санаймын. Тегі қарызды өтеуді тым кешіктіре бермеген дұрыс.
- Жоқ! Олай деме! - деп, пастор үзілді-кесілді қарсы болды. - Мен сенің
өзіңмен небəрі бір жаз бойы ғана некеде тұрған, оның үстіне, күтпеген
жерден өліп қалған əйелің туралы соз сөйлемеймін. Менің бұл істі
ушықтырмағаным үшін Құдайға мың да бір мəрте шүкір де. Біздің былай
деп келіскеніміз жөн: мен неке қияр кезінде сөзді тегін айтқан боламын. Ал
ондағы сөздің орнына марқұмды жерлеу кезіндегі созбен ауыстыру
жөніндегі мəмілеге бара алмаймын.
- Мен былай деп ойлаймын, қымбатты пастор: менің əйелімді жерлеу
кезінде де сіздің сөз сөйлеуіңізді талап етуге заңды құқығым бар. Рас, Роза
қосағымен қоса ағаратын күнге дейін өмір сүре алған жоқ. Бірақ ол қалай
дегенде де менің əйелім. Оның үстіне, христиан қызына тəн ғажайып мінезқұлқымен жақсы əйелім бола білді ғой.
- Ол христиан дінінде ме еді өзі? - деп, ашу шақыра тіл қатты пастор.
Өйткені ол, кім де болса мейлі, біреу туралы айтылған мақтау сөзге төзе
алмайтын іші тар адам болатын.
- Иə, христиан дінінде болатын, - деді Бьяртур. Пастордың қайткен
күнде де көңілін аулап, ықыласын аударуға құштарлық танытпақ болып.
Бəлкім, шын мəніндегі христианка бола қоймаса да оған өзінше ұқсап
бағуға барынша тырысатын еді.
- Міне, мұның жаңалық екен. Бұл жақтағы адамдар шынында да
христиан болуға бет бұра бастапты, - деп, пастор қызбалықпен тіл қатты. Ал Рангарвальд округының тұрғындарын дінді қатаң ұстанатын шын
мəніндегі тақуа жандар деуге əбден болады. Ондағы əрбір екінші хутордан
кем дегенде бір əулие немесе пайғамбар адамды кездестіресің. Ал мен
мұнда қуғын-сүргінде жүрген отыз жылдың ішінде шынайы христиан
сезімі бар, Құдай алдында құлшылық етіп, өзінің күнəлі ісіне өкініп жүрген
бірде-бір жөні түзу адамды кездестіре алған жоқпын. Қайда қарасаң да
қаптаған қылмыстан, жүрек айнытарлық ауыр қылмыстан көз аша
алмайсың... Он төрт адамның өлімін, толып жатқан тастанды балаларды
көрдім. Ал қасақана түсік жасау туралы сөз етпей-ақ қояйын.
- Жарайды, ол жайында мен ешнəрсе білмеймін. Білетінім - бір-ақ
нəрсе: өз əйелім өте жақсы адам еді. Ол Құдайға да, адамдарға да жантəнімен беріле кəміл сенетін. Бірақ онысын жұртқа жария етуді
ұнатпайтын. Егер сіз менің əйелім туралы соз сөйлейтін ниетіңіз бола
қалса, онда, Құдай үшін деп айтайын, тек қана əлдебір жақсы сөз айта
көріңіз. Өйткені мен оны өте жоғары бағалаушы едім.
Күйеуімен небəрі бір жаз ғана тұрып, қайтыс болып кеткен қатардағы
əйелдің атына артық айтылған бүл əсіре мақтауды пастор Гудмундурдың
əдеттегісінше жоққа шығаруына қарапайым əдеп сақтау ережесі мұрша
бермеді. Бұл жолы ол шешенсіген əрі ғибрат айтқансыған ділмарлықпен
əлденеше ишарат жасап, принцесса Августаның ілулі тұрған портретін
нұсқап, мынадай сөздерді айтумен ғана шектелді:
- Егер сен əйел атаулының, соның ішінде ғажайып принцессаның,
адамгершілігі мол əйелдің үлгісі бола алатын жанды көріп-білгің келсе, ол,
міне, көз алдыңда тұр. Ал сендер, түкке тұрмайтын аянышты
адамсымақтар, бұл періштелердің қасиеттері туралы ойландыратын аз да
болса бір нəрсе біле алсаңдар, сол да жетіп артылар еді. Сендер, өздеріңнің
шама-шарықтарыңа қарамай, ізгі ниетті қасиетті рухтың алдында
өздеріңнің биттеп кеткен бастарыңды июге əрқашан арланған боласыңдар.
Былайша алып қарағанда, сендер өздеріңнің кінəларыңнан жəне ішек
құрттың салған əлегінен əр көктем сайын қырылып жататын қой құрлы
жоқсыңдар, сана жағынан олардан да төмен деңгейде қалып қойғансыңдар.
Ештеңе ойламайсыңдар. Ал король Христианның балаларын күн сайын
таңғы сағат алтыда оятатын тамаша тəртіп болған - олар, балалар, ауа
райының қандай екеніне қарамай, Құтқарушы иемізбен рухани
сұхбаттасудан жалықпаған. Олар сарайдағы шағын шіркеуде ондағы дін
қызметкері аштан бұралып, дауысы қырылдап, жөнді шықпай əлсірегенше
Құдайға құлшылық етуді ұнататын. Көрдің бе, адамдар сондай болуы
керек.
Осы кезде Бьяртур шыдай алмай, қарқ-қарқ күліп жіберді:
- Ха-ха-ха! Мұнысы Редсмиридегі бір қомағай иттің қылығына ұқсайды
екен! Ол ит жылқы етіне қанша тойса да оны жеуден бас алмайтын
болыпты.
- Сен не деп оттап кеттің? - деп сұрады пастор, байсалдылық танытпақ
болып. Бірақ өзінің ешнəрсеге түсінбей, аң-таң қалып, аузын ашып, қасын
керген қалпында қимылсыз отырып қалғанын аңғарған жоқ.
- Мəселе былай болған екен, - деп түсіндіре бастады Бьяртур. Редсмириде қаладан келген бір жас жігіт тұрыпты. Есіл дерті біреулерге
арамдық жасау, бұзықтық істеу болғандықтан жұрт оны жек көріп кетіпті.
Сөйтіп жүріп ол ауладағы иттердің бəрінің көңілін тауып, достасып алуға
ұйғарыпты. Соның ішінде менің де итім болған деседі. Менің итті жақсы
көретінімді өзіңіз де жақсы білесіз ғой. Итім өзіме əбден берілген нағыз
досым еді. Өзі ақылды болатын. Ха-ха-ха!..
- Түкке түсінсем, бұйырмасын! - деді пастор, əлі де аң-таң қимылсыз
қалпын өзгертпей.
- Түсінбейтін ештеңесі де жоқ, - деп жауап қатты Бьяртур, күлкісін тыя
алмай.
- Ит жұдырықтай-жұдырықтай етті бірінен соң бірін қылғытып жұтып
жатқанын көргенде барып мен де бір-ақ түсінгенмін. Мəселе мынада екен:
əлгі Құдай атқан жігіт иттерді өзіне үйретіп, олардың көңілін табу үшін ас
үйдегі жылқы етін қыс бойы ұрлаумен болыпты.- Мына əңгімең адамның
жүрегін айнытады! - деп айқайлап жіберді пастор. -Құдай үшін жоғал
арман! Қараңды батыршы!
- Жарайды, қымбатты пастор, қарамды батырайын, - деді Бьяртур
байсалды үнмен. -Өзінің ойын білдіргені үшін ешкім айыпты бола алмайды
ғой. Солай емес пе? Мен бұдан ешкімге ешқандай зиян келе қоймас деп
ойлаймын. Кофе беріп сыйлағаныңыз үшін үлкен рахмет! Мен мұндай
дəмді кофені көптен бері ішкен емеспін. Сонымен біз күздігүні сатылатын
тоқты туралы, басқа мəселелер туралы да келістік қой? Солай ма?
- Мен алдағы көктемге жетер-жетпесте-ақ өлетін шығармын деген
үміттемін. Өле кетсем, қайдағы бір қағылған-соғылған сұмырайлардан
біржола құтылар едім. Көрісе алмай қалсақ, осымен мəңгілікке қош бол
Бірақ Бьяртурдың пастормен бұлай қоштасу ниеті жоқ еді. Ол салмағын
бір аяғынан екінші аяғына ауыстыра тұрып, ақырында ойындағысын батыл
айтып салуға бекінді:
- Менің айтқалы тұрғаным мынау, пастор Гудмундур. Егер мен дұрыс
есітіп, дұрыс түсінген болсам, сіз маған бір, бір емес-ау екі əйел туралы
əңгіме айттыңыз ғой деймін.
- Не деп тұрсың? - деді пастор мезі болып, ашуланған сарынмен.
Немене, екеуін де алып кетпек ойың бар ма? Мен олардан құтыла алмай
отыр екен деп ойлап қалма.
- Сонда олар не қылған адамдар өзі?
- Олар қайырымы мол Құдайдың құдіретімен аспан асты, жер үстінде
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 13
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.