Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 13

Total number of words is 4330
Total number of unique words is 2243
37.2 of words are in the 2000 most common words
52.7 of words are in the 5000 most common words
60.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тұратын адамдар. Бұрын солтүстік жақтағы иен дала Сандигилде тұрған.
Сандигил менің қарамағымдағы діни қауым құрамына тіркелген. Отағасы
əлдебір ішкі дерттің зардабынан қайтыс болған. Олардың қолдарындағы
бар байлығы - небəрі он жеті арық-тұрық қой, тозығы жеткен оны-мұны үймүліктері, өткен күзде өздерімен бірге ала келген екі көтерем жылқы. Иə,
бар байлығы осы ғана. Бейшаралар қайғыдан қажып, еңселері езіліп отыр.
Марқұм шалы қырық жыл бойы хуторға ие болса да алдағы қиын-қыстау
қаралы күндерге арнап ешнəрсе артылдыра алмапты. Жерінің де құнары
кем екен, өнім өндіріп те жарытпапты.
- І-ім, əйтеуір бір жапырақ болса да жері бар екен ғой! Солай ма? - деп
сұрады Бьяртур.
- Иə, олардың жері бар екені бар, - деп жауап қатқан пастор кенет жалт
бұрылды да, есікті айқара ашып, дауыстап жіберді: - Финна мен Халбера
кемпірді тез шақырыңдар. Мұнда оларды өз үйіне алып кеткісі келетін адам
отыр деңдер.
Аздан соң есік ашылып, арғы жағынан екі əйел қатар көрінді. Шешесі
бір нəрсені тоқып келеді. Ол қолдан тоқылған сұрғылт, қоңыр түс аралас
тор тақия киіп алыпты. Тұйық адамдарда жиі кездесетін əдет бойынша екі
қасы жоғары көтеріңкі. Ол басын көтеріп, тік қараған жоқ. Мойнын аз ғана
бұрды да, көзінің қиығын салды. Онысы бейне бір өзінің мұрнының ұшына
қарағандай болып көрінді. Қызы қырық жастарда. Бірақ біртүрлі икемсіз.
Сондай-ақ бір аяғын аздап қиралаңдата басады екен. Оның есесіне, жүзі
жылы: жұп-жұмсақ əрі нəзік көрінді, шешесіне тіпті ұқсамайды.
Екеуі табалдырықтан аттай бере кілт тоқтады. Бір-біріне иін тіресе таяу
тұрғаны сонша, есікті жабу мүмкін болмай қалды.
Кемпір іс тоқуын тоқтатпады. Ал қызы əлдебір үміт ұшқыны жылтжылт еткен үлкен көздерін ер адамдарға аудара қарады. Шамасы, бетін
аздап үсік шалған-ау - көкшіл қызғылт белгі байқалады. Дəл қазір оның
жүрегі аттай тулап, жиі соғып тұрған болуы керек.
- Біздің еңсемізді езіп бара жатқан зіл батпан ауыртпалықты жеңілдетіп,
қамқорлық жасауға ниет білдірген адам, міне, алдарыңызда отыр, - деді
пастор. - Бұл сендерді өзімен бірге ала кетпекші. Мұның əйелі кеше ғана
қайтыс болды. Бұған Құдайдың өзі куə. Ал мұның қайғы-қасіретінде шек
жоқ.
- Иə, түсінікті. Бейшараға қиын болған екен! - деп күбір ете қалды
кемпір. Бірақ бұларға əлі де басын көтеріп қараған жоқ. Қызы Финна мына
соры қайнаған адамға барынша жаны ашып, аянышпен қарады.
- Егер мен қателесіп отырмасам, бұлар Урдарсельден келген сияқты,
марқұм Тоурариннің жесірі мен қызы болып жүрмесін, - деді Бьяртур, екі
əйелге кезек-кезек қолын ұсынып. Осыдан бес жыл бұрын, күзді күні
старостаның тау ішінде жүрген қойларын айдап келуге барғанында өзіне
соншалықты меймандостық көрсетіп, жылы шыраймен қабылдағанын еске
алып, бұларға шын көңілінен алғыс айтты. Иə, бүл өзінің ескі досы
Тоураринді, сол бір жаны жайдары, іскер адамды ұмытпаған болатын. Ауру
қойларды емдеуге келгенде онымен теңесе алатын ешкім табылмайтын.
Қозыларды темекі жапырағынсыз қалдырғаннан гөрі өзінің отбасы
мүшелерін қантсыз, кофесіз қалдыруға əбден құлықты еді. Өзінің
қойларына ен салғанда олардың екі құлағын да шеміршегіне дейін шұнтита
кесіп алатынын да ұмытпапты. Мұның есінде қалған жəне бір нəрсе Тоурариннің ақшыл қоңыр түсті иті болатын. Ондай ит өте сирек кездесетін
- ол көзге түртсе көргісіз қараңғының өзінде күндізгі жарықтағыдай айқын
көре алатын. Кəдімгі көріпкелдің өзі еді. Енді ондай итті табу қайда? Табу
өте қиын!
Барлық істің сəті түсе кетті. Алғыс сезіміне бөленген Финнаның жүзі
жайнап шыға келді. Ол бір кезде өз үйінде болған қонақтың еш нəрсені де
ұмытпай, бəрін де есте сақтағаны үшін дəн ризашылықпен қатты тебіренді.
Өйткені сол күнгі болған оқиға мұның өзінің де түп-түгел есінде еді. Қалай
дегенде де ол күні бұлардың үйінде Редсмиридегі атақты бақташы Бьяртур
болып еді ғой... Күні кешегідей есінде. Оның үстіне, оларға қонақ жиі бара
бермейтін. Əсіресе ірі шонжарлар тұратын мекендерден өте сирек келетін.
Сонда шешесі мен қызы бір-бірінің құлағына сыбырлап: "Утиредсмириден
келген қонақтың бабын табу киын. Өйткені олар қолайлы жақсы өмірге
үйренген. Енді не істеу керек?" дескен. Сонда Халбера тұрып: "Сөніп бара
жатқан шоқтың қозына күлше пісіріп берсек қайтеді?" деген болатын. Ал
қызы: "Жоқ, олай етуге болмайды. Сіз оны шымтезектің шоғына піскен
күлшені жей қояды деп шынымен-ақ ойлайсыз ба? Ол Утиредсмириден
келіп отыр ғой!" деген
- Сіздің есіңізде ме, мама? - деп сұрады қызы.
Бірақ кемпір:
- Ешқайсысы да есімде жоқ, ұмытып қалыппын, - деп жауап қайтарды.
Шынында да ол өзінің оңтүстік жақта өскенінен жəне бірнеше
псаломнан өзгенің бəрін де есінде сақтай алмаған еді. Қазір əбден қаусап
біткен кемпір ғана. Құдіреті күшті Құдай Тоураринді өзіне алып кеткен
кезде, Құдайына қараған осы бір ізгі ниетті адам, осы отырған пастор,
аяушылық білдіріп қамқорлық жасамағанда бүл бейшаралардың күні не
болатын еді? Оны кім білсін?..
- "Жазғы мекеннің иесі Бьяртурдың сендерді өз үйіне алып кеткісі
келеді", деп мен айтқан жоқ па едім? Міне, айтқаным келді! - деп, пастор
шыдамсыздана сөз бөлді. - Бүл өткен көктемде кең аңғардан тамаша жер
сатып алды. Бұл - жаңа тұрпатты қоныстанушы. Бьяртур қазір альтинг
отырыстарында жиі айтылып, астаналық газеттерде қайта-қайта жазылып
жатқан жаңалықтарды өз жерінде кеңінен қолданбақ...
- Мен астаналық газеттерде жазылып жүрген нəрселерге илана
бермеймін. Бірақ кімде-кім бостандықты аңсап, жоғары бағалайтын болса,
кімде-кім өз еркі өзінде, ешкімге тəуелсіз дербес адам болғысы келсе,
Жазғы мекеннің жайлы орын болатынына, жақсылыққа кенелетініне көміл
сенімдімін.
Кемпір қарлыққан даусын созып, былай деді:
- Қымбатты Бьяртур, менің заманым кезінде сенің əйелің жайдан-жай,
өз ажалынан өле қалды дегенге ешкім де сенбеген болар еді. Мұндағы
байырғы тұрғындардың айтуына қарағанда, сен тұрған төбе мен қой қора
тұрған жер туралы жаман атақ атам заманнан бері сақталып келе жатқан
көрінеді ғой.
- Тьфу! - деп, жүрегі шошып кеткендей тіл қатты пастор. - Сенің
Урдарселіңде де қорқынышты құбыжықтар туралы əңгіме аз емес еді ғой!
Мен өзім де сондағы тауда жүріп, тапа-тал түсте екі рет адасып кеткен
болатынмын. Күн шайдай ашық жексенбі еді ол. Өтірік айтсам, Құдайдың
өзі куə!
- Иə, кей-кейде бізге кейбір қонақтар келер алдында неше түрлі
құбыжық елестер байқалып т\ұратын. Оның есесіне, көршілеріміздің бəрі
де жақсы адамдар еді. Қырық жыл қатар тұрғанда бір жамандығын да
көрген емеспіз. Бұған Құдай да, адамдар да куə.
- Менің шешем ол кезде бізді ешқандай да елестің мазаламағанын
айтып отыр. Рас, кейбір қонақтар келер алдында ондай əңгімелер гу-гу
естіліп қалатын, - деп түсіндірді қызы. - Ал онда, иен далада, біздің жақсы
көршілеріміз болатын. Олар бізден риясыз көмегін ешқашан аямайтын.
- Сен қайдағы жақсы көршілер туралы көкіп отырсың?! Шіркеу
кітабында ондай бірде-бір адамның аты жоқ.
Ал біз олармен көптеген кесе кофе ішкенбіз. Əңгіме-дүкен құрғанбыз.
Аңсаған армандарымызды бірге бөліскенбіз, - деді қызы. Қант үнемдеуді де
білмейтінбіз.
- Рас, онда бізді қонақ етіп, керемет сыйлайтын: кофе де, қант та, басқа
түрлі тағамдар да жетіп артылатын, - деп, кемпір мақтанышпен қостай
түсті.
Пастор бөлме ішінде ерсілі-қарсылы тынымсыз жүрді, бұртиып
ашуланғанын жасыра алмады. Ал Бьяртур бүл өмірде, жалпы табиғатта
адам таң қаларлық түсініксіз нəрселер көп екен-ау деп ойлады.
Шіркеу кітабына жазылмаған деп қанша қайталап айтсақ та жаны
жақсы, жүрегі жомарт адамдардың өмірде аз болмағанына, қазір де бар
екеніне сенуге əбден болады. Олардың ешкімге зияны жоқ, қайта пайдасын
тигізеді, қайырымдылық жасайды. Ал, қайдағы бір құбыжық елестер,
сиқырлы зұлым күштер бар деу ешқандай ақылға қонбайды. Мұның өзі кез
келген христианға жанаспайды да, жараспайды да. Шамасы, менің
ойымша, папа дəуірінен қалған қисынсыз нəрсенің, жоққа құлай сенудің
сарқыншақтары болу керек, -деді Бьяртур.
Ол əлгі екі əйелді қайдағы бір қисынсыз қиялдан туған құбыжық
күштерден қорқудың тіпті қажеті жоқ деп көздерін жеткізе иландыруға бар
күшін салды.
ЖИЫРМА БІРІНШІ ТАРАУ
СҮЙЕКШІЛЕР
Сенбі күні таңертең сүйекшілер көрінді. Олар хуторға соғатын жолмен
тіке тартып келеді. Ертіп алған иттері бар. Өздері төртеу - бəрі де
Бьяртурдың ескі таныс достары: Тау королі, ундирхлидтік скальд Эйнар,
адам сенбейтін əрі əдеттен тыс оғаш оқиғаларға құмар истадальдық
Оулавюр жəне марқұм Розаның əкесі, өзінің туған қайын атасы
нидуркоттық Тоурдур қарт. Олар мына жолға əрқайсысы əр жерде бейне бір
кездейсоқ түскендей-ақ бір-бірінен едəуір алшақ, үзіліп-созылып келеді.
Бірінші болып Тау королі жетті, одан кейін бірінен соң бірі тағы да екеуі
келді. Ең соңында нидуркоттық Тоурдур екен. Бəрі де тойға келе жатқандай
салтанатты киініпті, шалбарларының балақтарын ұйықтарына мықтап
салып алыпты.
Блауфьельді қалың қар басып жатыр еді. Оның үстіне, сықырлаған сары
аяз түскен болатын. Жел тұрып, жаяу борасын басталған. Бүл кезде қойдың
бəрі қорада қолға қарап қалған.
Бьяртур қайғы келсе, еңсесі езіліп, құлай бермей, қарсы тұра білетін
қайратты да қажырлы жандардың бірі еді. Ол езінің қонақтарын құшақ жая
қуанып, риза болған көңілмен қарсы алды:
- Қане, келіңіздер, төрлетіңіздер. Мына аяз сүйек-сүйектеріңізден өтіп
кетті-ау, шамасы. Қазір оның бір амалын табамыз: əйелдер кофе қайнатып
жатыр. Ыстық-ыстық кофе ішіп алыңыздар.
Қонақтар қалталарынан пышақтарын алып, үстеріндегі қатып қалған
қарды қыра бастады.
- Иə, ауа райы оңбай түр, аяз қарып барады, - деді карт Тоурдур. - Ол
аздай-ақ, қар да біртүрлі жабысқақ. Табаныңнан түспейді, қатып қалған.
Қарт аһілеп-үһілеп барып, сыртқы есіктің жанына жайғасты: əбден
қалжырапты - бүрісіп отыр. Бет-жүзі көкпеңбек, сирек біткен көсе
сақалына саусылдаған мұз қатыпты, қабағы қызарған, көзінің сыртқы
мөлдір қабығының түсі мүлде өңіп, өзгеріп кетіпті.
Табыт қой қораның ортасына қойылыпты, астына шым ойып
төселгендіктен едəуір көтеріңкі түр. Оған қойдың жүні жаппай жабысып
қалыпты. Шамасы, өзендегі ойықтан су ішу үшін жапатармағай ұмтылып,
сүйкеніп өткенде шырышты тақтайға жабысып қала берген болуы керек.
Тоурдур карт қызының табытын көгерген суық қолдарымен ұстап көрді.
Бейне бір табыттың қаншалықты мықты екенін байқағысы келгендей.
Бəлкім, оның мұнысы қызының маңдайынан соңғы рет еркелете сипағаны
да болар... Сөйтті де табытқа жабысып қалған қыл-қыбырды біртіндеп
жұла бастады. Қой қораның бір бұрышы саулықтарды қамауға, екінші
бұрышы қозылар мен жалғыз ат үшін тең бөліне бейімделіпті. Мұндағы
иіс-қоңыстың бəрінен күшті мүңкіп тұрғаны - аттың несебі. Өйткені оның
ағып кететін жолы бұзылып, бітеліп қалыпты.
Жоғарыда шатыр ішінде, екі əйел əбігер əрекет үстінде: біреуі жас
нəрестені жұбатумен, ал екіншісі пештің оты сөніп қалмасын деп əлек.
Олар еденді де, үйдің төбесін де қырып, тап-таза етіп сүртіп қойыпты.
Марқұмның мəйітіне құрмет ретінде итті үйге кіргізбей, сыртқа жіберіпті.
Ал еркектер жағы ескі əдеттеріне басып, ауа райының жағдайы туралы
бұрынғы қай кездегіден болса да қызу əңгіме қозғап, екіленген іскерлікпен
пікір таластырды. Насыбай шақша бір қолдан бір қолға өтумен болды.
Ундирхлидтік Эйнар мынадай жағдайға байланысты еске алу өлеңін ала
келіпті. Умаждалған бір жапырақ қағазға жазылған өлеңді ол Бьяртурдың
қолына ұстата берді. Ал бүл мысқылшыл жүзін тыржың еткізіп, бір
жиырды да өлеңнің бас тақырыбына көз жүгіртті. Бьяртур өз досының
поэзияда ұстанатын бағытын ұнатпайтын - қағазды ары-бері аударыстыра
қарап шықты да, шатырға жабылған бөрененің бір қуысына тыға салды.
Нидуркоттан келген қарт темекінің дағы бар бет орамалымен қызара
суланған көзін сүртті. Қонақтар шығыстан соққан суық желдің, шамасы,
енді ұзаққа созылатыны туралы бір тоқтамға келген кезде Тоурдур енді
өзінің осы қыстан аман шығарлық қана мұршасы қалғанын айтты. Содан
кейін сөзге араласқан жоқ. Өйткені оның қазіргі жасы ауа райының қандай
болатынын болжау үшін əуре болатындай халде емес еді. Қарттың ендігі
өмірінде су диірменнің жанындағы жапырайған жаман лашығынан өзге
ешнəрсе де қалған жоқ болатын. Бірақ, тап қазір мұның ол жағдайға ызасы
келіп отырған жоқ - тек соз айтуға шамасы келмей отыр. Өйткені аузын аша
берсе болды, тамағына əлдебір тас тұрып қалғандай қиналады. Тоурдурдың
түрі адам таң қаларлық еді - енді болмаса қиқ-қиқ күліп жіберетіндей
көрінді, ақылынан адасып, алжаса бастағандай. Оның беті-жүзі сыртынан
емес, ішкі жағынан жырым-жырым жарылып, сол ғана күш түссе, қаусап
түсетіндей эсер етеді. Тіпті ауа райы туралы айтылған артық əңгімені де
көтере алмайтындай.
Оулавюр əдетте жаңбырлы жаздан кейін аязды қыс келетінін айтты. Бұл
түсінікті де, деді ол. Өйткені ылғалдылық пен құрғақшылықты табиғаттың
өзі реттеп, бірін бірімен ауыстырып отырады. Тау королінің айтуынша,
биылғы суықтың ерте түсуіне қарағанда, Рождество мерекесіне дейін
жылымық күндер туып, ұзақ сақталады. Осыдан алты жыл бұрынғы
қыстыгүні тап солай болған көрінеді. Ол аязды күндер қаншалықты ерте
түссе де қыстың шаруаға жайлы, жұмсақ болатынына, жалпы алғанда күні
бұрын уайым жеп, даурығуға негіз жоқтығына жеке оз басының сенімді
екеніне, тіпті мына отырған жұртты түгел иландырмақ болды.
Ал Эйнар қыстың қандай болатынын əдетте өзінің күні бұрын
байқайтын сезімі мен көрген түстеріне қарай анықтайтынын мəлім етті. Ол
биыл қыстың қатты болатынын сезіпті. Сондықтан да жем-шөпті осы
бастан үнемдеп жұмсау қажет көрінеді. Оның есесіне, көктемнің жаймашуақ жылы күндері əйтеуір бір туатын сияқты: өйткені түсінде оңтүстік
жақтан əдемі киінген қыздар келіп жүр екен. Бірақ ол күндерді коп күтуге
тура келетін шығар, шамасы.
- Ой, түсіңде əйел баласын көріп жүрсең, онда жақсылық күтпей-ақ қой,
- деп жорыды оның түсін Бьяртур, алдамшы үміттен алдын ала
сақтандырғысы келгендей. Əйелдерге түс түгілі, өңіңде де сенбеу керек.
- Ал егер, жалпы алғанда, түске сену керек болса, əйелдерді көрген
түстің несі жаман, несі кем?
- Ой, масқара-ай! - деп сөзге араласты Редсмириден келген, үй
шаруашылығын жүргізуші əйел - "Əйелдерге сенбеу керек!" деген не
сұмдық? Əйелің əлі табытта жатқанда бұлай деп айтуға қалай аузың
барады? Ұялмайсың ба?!
- Қане, көрген түстеріміз туралы қай-қайдағы əңгімелерді осымен
доғара тұрайықшы, -деді Тау королі, əлгі екі көрнекті ақын-скальдты
əрқашан татуластырып жүретін əдетімен. - Күздігүні осында бас қосқанда
айтқан əңгімелеріміз естеріңде ме? Ұмытпай тұрғанда айтып қояйын: мен
Финсеннен жаңа дəрі-дəрмектер алдым. Оған жергілікті тұрғындардың,
соның ішінде сенің де, Бьяртур, шағымдарыңды толық жеткіздім. Сонымен
ол бізге ең жаңа, арнайы жасалған ерекше дəрі-дəрмектер жазып берді.
Енді ол жаңа дəрі-дəрмектің иттерді ішек құрттарынан құтқарып қана
қоймайтынына, сонымен қатар олардың қанын тазартып, жүйкесін
нығайтатынына жан-тəнімен ант-су ішіп, уəде беріп отыр.
Жұрттың бəрі де "Мұның өзі өте дұрыс болған екен" десті. Түлкі деген
Құдайдың бəлесі, ал ішек құрт одан да жаман. Бұл отырғандардың
əрқайсысы өз иттері туралы бір нəрсені қайталап айтудан жалықпайтын
еді: ішек құрт ол иттердің қай-қайсысына да қатты зардабын тигізген.
Мұның өзі адамдарға да, хайуандарға да қатерлі. Сондықтан да мына
отырғандардың барлығы да Тау королінің осы қатерге жол бермеуін өтініп
сұрады.
- Иə, əрине, солай етуім керек. Коп ұзамай, өткен жылдардағы сияқты,
менен арнайы хат алатын боласыңдар. Мен емдеу жұмыстарын альтинг
сайлауы кезінде жүргізсем деймін. Бəрің де иттеріңді ерте келіңдер. Сонда
екі жұмысты да қатар бітіреміз. Өз көмекшілері жоқ хуторлықтарға екі
жұмысты осылай қатар бітірген өте пайдалы.
- Ит емдеушінің көмекшісі туралы мəселе не болды? - деп сұрады
Истадальдан келген Оулавюр. Өйткені ол да, басқалар сияқты, осы бір əрі
жіліктің майлы басы боларлық, əрі құрметке бөлерлік қызметтен дəметіп,
қызыға армандап жүретін. - Өткен күзде округтық судья біздің округқа
ондай қызмет беру мəселесін шешіп те қойды деген жоқ па едіңіз?
- Мен саған қалай десем екен, - деп, бəлдене жауап қатты Тау королі. Заман қиын болып түр ғой. Ондай кез-келген шығынды көтеруге округтың
шамасы келе қояр ма екен өзі? Оның үстіне, сен білесің бе, біздің шіркеу
қауымына ондай көмекші беру осы жұмыспен жан-тəнімді сала айналысып
жүрген маған, маған ғана емес, доктор Финсеннің өзіне де сенімсіздік
білдіру болып шығар еді. Мұның өзін тіпті өкіметке сенімсіздік білдіру
деуге де негіз бар. Бізді, қалай дегенде де, дəрі-дəрмекпен жабдықтап
отырған солар ғой. Мені қойыңдаршы, өз орнымды өзге біреуге қуанақуана бере салуға қазір-ақ дайынмын. Мен судьяның өзіне былай деп ашық
айтқанмын: "Мен бүл қызметтен не біржола кетемін, не оның бүгінгі
жағдайына толық жауап беретін боламын!"
- Мен баяғыдан бері айтып келе жатырмын ғой, - деді Оулавюр, онша
өкініш білдірмей-ақ. - Егер дəрі-дəрмек жолындағы ғылыми ізденіске
қаржы жұмсауға о бастан сараңдық жасамағанымызда иттеріміздің бəрі де
сау болар еді.
- Мен сендерге айттым ғой, - деп жауап кайтарды Тау королі. - Бізді
дəрі-дəрмекпен өкіметтің өзі ғана жабдықтайды.
- Өкімет бізді, əрине, алдамайды, - деді Нидуркоттан келген қарт,
қайдағы бір қисынсыз сенімге берілгендігін білдіруге асығып.
- Дұрыс айтады, - деп сөзін жалғай түсті Тау королі. - Мен де осындай
пікірдемін. Біздің өкімет, əсіресе соңғы кездегі өкіметіміз, халық игілігі
жолында аянбай еңбек етіп келеді. Ал альтингтегі өкіліміз - өте жақсы
адам. Өздеріңіз көріп жүрсіздер ғой, доктор, емдеуші дəрігер ретінде де
қолынан келгеннің бəрін де аянбай жасауға əрқашан əзір.
Аз ғана үзіліс орнады. Ер азаматтар ойға шомды, көздерін төмен салып,
күректей жап-жалпақ құс басқан алақандарына қарады. Ендігі əңгіме
саясатқа бет алып бара жатқанын байқады.
- Менің ойымша, бұл мəселеге кейбір адамдар мүлде басқаша қарайтын
сияқты, - деп, қарсы пікір білдірді Эйнар. - Бір нəрсенің басы ашық: кімдекім Фьордтағы көпеспен сауда-саттық жасаспаса, ол адам фьордтық
кандидат үшін дауыс беруге қатыстырылмайды.
- Ол рас. Біз өзіміздің старостамызды жақсы білеміз ғой, - деді Бьяртур.
- Ол, егер саудаға салынатын болса, үкіметтің өзін сатып алуға да бар. Ал
оны қымбатырақ бағаға сатып алушы табыла қалса, пайда табу үшін тағы
біреуге сатып жіберуге əрқашан əзір.
Үй шаруашылығын жүргізуші əйел пеш плитаның жанында əлдебір
нəрсемен əбігер бола жүріп, күбір ете қалды:
- Өзін жарылқап отырған қамқор адам, тіпті өкіл əкесі болып кеткен кісі
туралы Бьяртурдың аузынан мұндай сөздер есту қандай ұят, қандай масқара
еді! Жақсылықты білмейтін адамның қыр соңынан қырсық атаулының екі
елі қалмайтынына таң қалудың қажеті жоқ екен-ау, өзі.
Эйнардың саяси көзқарасын дұрыс деп тануға болмайтыны айдай
айқын нəрсе еді. Сондықтан да Тау королі оған дұрыс бағыт сілтеуге көшті.
- Эйнар, Құдай үшін айта қойшы, марқұм шешең бір кезде үзбей алып
келген дəрі-дəрмектері үшін доктор Финсеннен "Қарызыңызды төлеңіз"
деген қағаз алып көріп пе еді?
Эйнар дəрігерге екі жүзге тарта шыны сауыт дəрі-дəрмек үшін күні
бүгінге дейін қарыз екенін жасыра алмады. Тау королінің не айтқалы
отырғанын емеурінінен таныды.
- Сол қарызыңа енді аз ғана тиын-тебен қоссаң, сиыр сатып алуыңа да
болады екен-ау! -деді Тау королі, кекесін білдіре.
Эйнар кенет сөзден тосылып қалды: өйткені, ол сиыры мен қойларының
тең жартысын кепілге қоюға мəжбүр болған еді. Старостаның қарызынан
осылай құтылуды ойлаған. Əңгіме мұның "Сиыр дегеніміз сиыр, дəрідəрмек дегеніміз дəрі-дəрмек, ал үкімет дегеніміз үкімет қой" деген сөзімен
тамам болды. Енді бұл алдағы сайлауға дауыс беруге қатыспай-ақ, үйінде
тып-тыныш отырғанды артық санады.
Əңгіме саясатқа бет бұрған кезде истадальдік Оулавюр оған шалашарпы əрі тым ықылассыз құлақ түрді. Осы кезде жас нəресте оянып кетіп,
жылай бастады. Үй шаруашылығын жүргізетін əйел орнынан тұрып, оны
тербетуге бет алды. Оулавюр кіп-кішкентай тіршілік иесіне - егер өлі
тіршілік иесі деп айтуға келе қойса - сүйсіне қараудан жалықпайтын
жандардың бірінен болатын. Оның үстіне, бұл нəресте жарық дүниеге одан
кеткен адамның орнын басып келіп отыр ғой.
- Осыны ойлай бастасам-ақ, ақылым жетпей басым қатады. Сонда қалай
өзі - кенет жаңадан кіп-кішкентай дене пайда болады, оған жан бітеді.
Осының бəрі қайдан келеді жəне неге келеді? Біліп көр, қане! Өз басым
осыны күндіз демей, түн демей жиі ойлаймын, жатсам да, тұрсам да
есімнен шықпайды. Ал егер өмірге адамдардың бірі келіп, бірі кетіп
жатпай-ақ, өздері ұзақ өмір сүре беретін болса, мұның өзін өте оңай түсінер
едік қой. Бəлкім, қарапайым еңбек адамдары тұрмысы оңалып, ғажайып
жақсы өмірге кенелгенше тірі жүре тұратын заман алдағы кезде əйтеуір бір
туатын да шығар.
Бұл мəселені үй шаруасын жүргізуші редсмирилік əйелдің өзі де
түсінбейді, не түсінгісі келмейді. Истадальдан келген Оулавюр сөзін одан
əрі жалғай түсті.
- Өмірге жаңа келген жас нəрестені суға қоя бере салсаң, өзінен-өзі
жүзіп кете алады деседі ғой. Сол рас па екен өзі? Мені таң қалдыратын бір
нəрсе - міне, осы! Сенің бұрынды-соңды осылай етіп көргенің бар ма,
Гудни?
Гудни ондай тəжірибені ешқашан жасап көрген еместігін айтты.
"Əлгіндей қисынсыз деректерді қалтаңызға қайта салып қойыңыз!" деп,
салқын жауап қайтарды. "Егер ондай тəжірибені оз балаларыңызға жасап
көрсеңіз, былайғы жұрт оған қалай қарар еді, не дер еді, ə?" дегенді де
ескертті. Оулавюр оған бүл жөнінде қиналып, əуре бола қоймаңыз, мен
емізулі жас нəрестенің машақатты тəрбиесімен айналысуды онша ұната
бермеймін дегенді айтты.
- Бірақ күшіктерді талай рет суға тастап көрдім, - деді ол сөзін
жалғастырып. - Сізге өтірік, маған шын, сонда мынадай бір қызық жағдай
болды. Қажет десеңіз, айтып бере аламын. Мен өзеннің жағасында тұрып,
жан қалтамдағы бəкіммен олардың басын кесіп алып, денелерін суға тастап
жібердім. Сен қалай деп ойлайсың? Олар жүзіп кете алды ма, жоқ па?
Бүл əңгіме жұрттың назарын бірден өзіне аударды, саясат туралы пікір
талас та, біреуін Фъордтан, екіншісін Виктен екі бірдей кандидат ұсыну
туралы дау-дамай да жайына қалды. Əйелдердің ойынша, күшіктер, əрине,
су түбіне батып кетті деп саналды. Эйнар "Бəлкім, олар су ішінде өздерін
өздері ұстай алған шығар" деген болжам айтты. Ал Тау королі күшіктер су
түбінде жүзіп жүрді деген пікірінен қайтпады.
- Жоқ, олай емес, - деді Оулавюр, мына отырғандардың барлық есідертін саясат мəселелерінен ғылыми тақырыпқа бірден аударып жібере
алғанына шынымен-ақ мақтанып. Мен сіздерге айтайын, олар кəдімгі басы
бар, басқа да дене мүшелері түгел тірі күшіктерше жүзіп кетті. Өліп
кетейін, менің осы айтқандарым өтірік болса!
- Бұл жерде түсініксіз нəрсе көп, - деп, сөзге араласты Бьяртур. - Оған
ешкімнің де таласы жоқ. Сіздер сенсеңіздер де, сенбесеңіздер де, мынадай
бір мысал келтірейін. Бүл жағдай марқұм əкемнің басынан бала кезінде
өткен екен. Бірде ол хутордың есігі жанындағы қия беткейінде бұзау
сойғалы түр екен. Оны екі бұтының арасына қатты қысып, кəдімгідей етіп,
алқымынан бауыздап жібергенде, мен сіздерден сұрайын, не болды деп
ойлайсыздар? Əлгінде Олуавюрдің қойған сұрағын қайталайын,
бауыздалған бұзау не қылды?
Бұл сұраққа жауап беруден Оулавюрден басқалардың бəрі де алдын ала
тосылып қалды. Ал ол, өзінің ғылыми ақыл-ойға бейімділігін танытқысы
келіп, былай деді:
- Меніңше, бауыздалған бұзау, басы жоқ болса да, өзінің күнделікті
өрісіне қарай қаша жөнелген болуы керек.
- Таптың, жарайсың? Оулавюр! - деді Бьяртур. Сенің ойың дұрыс-ақ
дерлік. Бірақ оншалықты дəл емес. Өйткені Рейкья аңғарының хуторға жапжақын жерінде жылы бұлақ бар еді, онда тереңдігі кісінің белуарынан
келетін иірімді шүңет болатын. Жұрт онда кір жуатын, басқа да заттар,
тіпті жүнді де жуатын. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, əлгі басы кесіп
алынған бұзау ылдидағы тап сол бұлаққа қарай тікелей тартқан көрінеді.
- Мен ондағы төбенің етегінде жылы бұлақ болғанын қайдан білейін! деді Оулавюр, ренішті, өкпе сарынын аңғартып.
Тап осы кезде көптен күткен кофе əкелінді, табиғаттың ғибрат аларлық
ғажайып сырлары туралы қызықты əңгіме тоқтатылды. Кофе өте дəмді екен
- мұндай кофені қоғамда жоғары лауазымы бар адамдардың өздеріне де
ұялмай ұсынуға əбден болады! Ішкен сайын шып-шып терлетеді.
- Ішіңдер, достарым, ішіңдер!
Кофемен бірге Рождество мейрамына ірі мейіз қосылып пісірілген,
бəліштің қалың кеспелтектері де, майға пісірілген, молынан қант себілген
қытырлақ нан мен жұмсақ құймақтар да келтірілген еді.
- Жеңдер, достарым, жеңдер!
Отырған жұрт тəтті тағамға жабыла лап қойды. Мұндайда əлгіндей
пікір тартыстары мен дау-дамайдың не қажеті бар, сайтан алсын түге!
Адамдар кофе құйылған кеселерді бірінен соң бірін босатып, қайта
ұсынумен болды. Ауыздардың шылп-шылп шайнағаны, қытыр-қытыр
тістегені, өңештердің қылқ-қылқ жұтып жатқаны, насыбай иіскеген
мұрындардың пысқыра пысылдағаны .ғана естіледі.
- Енді менің сіздерді қашан қонақ етіп, дəм тарттырарымды бір
Құдайдың өзі ғана біледі, - деді Жазғы мекен иесі Бьяртур.
Олар тамақты кеңірдектеріне келгенше тоя ішіп-жеді, ауыздарын
қолдарының сыртымен немесе жеңдерінің ұшымен сүртіп əлекке түсті.
Сонда барып үнсіз тыныштық орнады. Мұндай үнсіздіктің бүгін əйтеуір бір
орнайтыны белгілі еді. Өйткені мəйітті жерлейтін уақыт келді. Жұрт
жыбырлаған тамақтарын кəдімгі шіркеуге кіргендегідей үсті-үстіне жөтеле
жұтынды, көздерін мəн-мағынасыз босқа адырайтты.
- Қалай, жаназа үйде оқылмай ма?
- Жоқ - деді Бьяртур, - мен анау оңбаған, қырсық пасторды олай айтып,
бұлай айтып, тауға қарай көтерілуге көндіре алмадым. Басын сайтан дуалап
қойғандай, қай-қайдағы сылтауларды айтады... Дегенмен жаназаның қажеті
қанша? Онсыз да бəрібір емес пе?
- Шешесі байғұс үйде жылап қалып еді. Сүйегін шығарарда Құдайға
сыйынып, əлде бір дұға оқып, дауыс шығарыңдаршы деп өтінген де
болатын, - деп, қарт бейшара имене жасқанды. - Мен де киіз кітабымды -
иманшартты ала келіп едім...
- Соның қажеті қанша, қымбатты Тоурдур? - деп сұрады Бьяртур.
- Өйткені Роза марқұм біздің перзентіміз еді ғой. Ол христиан қызы
болатын, - деп, күрсіне көзіне жас алды Тоурдур.
- Қыз əкесінің бұл рəсімге қаншалықты зор мəн беретініне көз жеткізген
Бьяртур ақырында оның айтқанына амал жоқ көнді.
Сыртқы есіктің жақтауына байланған Блеси ерттеулі тұр. Ол ауыр
қимылдайтын, тұмсығы ұзын, ерінді келген ат еді. Оқтын-оқтын астыңғы
ернін қыбырлатып, үстіңгі ернін жыбырлатып, пысқырынып алады. Бейне
бір өзімен-өзі сөйлесіп тұрғандай. Тіпті құлағын қайшылап та қояды.
Мынау үйдің ішіндегі болып жатқан оқиғаларды оның мұңлы көзінен
көріп, оқуға да болғандай еді. Текпішек сатының астындағы ит құйрығын
бұтына қысқан бойы дір-дір етеді, ұлып та қояды.
Суаттан кайтқан қойлар қотанға келе бастады. Олардың кейбіреулері
аттың жанынан қысылып-қымтырыла сүйкенген бойда қораның ішіне кірді,
шоп салынбаған бос ақырға тұмсықтарын тығып, көңілдері қалғандай
кезек-кезек маңырады. Қораға одан кейін кірген қойлар да тап солай
реніштерін білдірді. Біраз қой сыртта қалып қойды. Олар бөтен иттердің
көбейіп кеткеніне таңдана қарасты. Мұның бəрі де жерлеу алдында
марқұмды шығарып салып, қоштасып қалуға жиналған топтың қарасын
көбейткендей əсер етті. Қазіргідей қалың қар иен даланы да, қатып қалған
шалшықты балшықты да қымтай жауып жатқанда осылай қара көбейтудің
өзі де көңілге көп жұбаныш сияқты.
Жұрт табыттың жанына жиналып, оны жан-жағынан қоршап алды.
Нидуркоттан келген Тоурдур қарт кемпірі бет орамалға мұқият орап,
арнайы беріп жіберген иманшартты - киіз кітапты қойнынан шығарды.
Оның бүктеп белгіленген бетін іздеп, біраз əуреленді.
- Біздің арамызда жаназаны бастап жіберетін даусы күшті ешкім жоқ
па? - деді ол
Киіз кітап қолдан қолға өтті. Бірақ жаназаның əуенін білетін ешкім
табылмады. Мұнда жиналғандардың бəрі де шіркеуге ілуде бір бас
сұғатындар еді. Жаназаны қандай əуенмен айтуды естерінде сақтай
алмапты. Иманшарт ақыр аяғында Тоурдур қарттың оз қолына қайта
оралды. Сөйтіп ол өз білгенінше есінде бар əуенмен дауыс шығарып көрді.
Оған жалт қараған бір қой қоса маңырап қоя берді. Ал қарт əке сүйікті
перзентінің жаназасын шығару үшін білген əуенін айта берді. Оның айтып
тұрғаны киіз кітаптағы жиырма бесінші псалом еді. Онда жаралы Христті
алып шығып, жер қойнына берген кездегі қайғылы жыр мен əуен айтылуы
тиіс болатын. Тоурдур мұның бəрін жатқа білетін. Сондықтан да киіз
кітапқа қарамай-ақ, өлімсіреген əлсіз, қырылдап шыққан даусымен бар
білгенін айта берді. Бірақ жаназа əуенін ол да дұрыс орындап жарытпады,
қайта-қайта жаңылысып қала берді. Тыңдап тұрғандардың бəрі де оның
əуенді бұзып, жалған айтып тұрғанын бір кісідей түсінді.
Байлаулы тұрған ат құлағын тіге қайшылады да пысқырып жіберді. Ит
жаназа əуеніне қосыла əлдебір үрейлі үнмен ұлуын қоймады. Оны біреу
ұрып қинап жатқандай естіледі. Ақырдан жемшөп таба алмаған қойлар
қораның ішінен де, сыртынан да маңырап, улаған-шулаған болды.
Тоурдур карт жаназа жырының ең соңғы жолын бар даусымен қатты,
түгел естірте оқыды. "Шынында да сен Құдайдың сүйікті ұлысың!" деп
аяқтады ол жаназаны. Оның қызара қабынған екі көзінен төгілген ыстық
жас бүл кезде сирек сақалына сорғалап тұрды. Ол сөздерді дұрыс айта
алмай, бұрмалай бергенін, тісі жоқ қызыл иегі икемге келмей, дауысы
ыбылжып шығумен болғанын, айтқан əуені үздік-үздік дауыс желбезегі мен
жақ сүйектерінің əлсіз дірілі сияқты естілгенін өзі де сезінген еді. Ол бүл
түрінде сөйлейін десе əлі тілі шықпаған, тек тынымсыз жылауды ғана
білетін кішкентай жас нəрестені елестететін еді. Тағы да үнсіз тыныштық
орнады. Ер кісілер бір-біріне қысыла көз тастасты. Тоурдур карт өзінің
қып-қызыл бет орамалымен жүзін жауып, бүкіл денесі селк-селк етіп,
қалтырап-дірілдеген жылауын тоқтата алмады. Редсмириден келген Гудни
осы кезде сыбыр ете қалды:
- "Біздің қамқор əкемізді" оқымайсыз ба?
Тоурдур қартты құлап қалмасын деп қолтығынан демеп тұрған Тау
королі оның құлағына:
- Гудни енді "Біздің қамқор əкемізді" оқыған дұрыс болар еді, - дейді
деп сыбырлады.
Бейшара қарт қалтырап-дірілдеген, бойын да тік ұстай алмаған, жүзін
жапқан қызыл орамалын да жылжытпаған қалпында "Біздің қамқор
əкемізді" еңіреп жылап тұрып зорға оқып шықты. Сөзінің көбі еңіреген
даусымен араласып, анық естілмеді. "Біздің қамқор əкеміз, егер сен жеті
қат аспанда болсаң, ..." бізден тым алыста, қайда екеніңді ешкім білмейтін
жерде екенсің ғой. Сені еш жерден табу мүмкін емес... "Біздің күнделікті
нəпақамыздан айыра көрме... Аз да болса беріп тұр... Біз оны сенің даңқың
арта берсін деген ниетпен ішіп-жейміз ғой. Егер өзіміздің көпеске немесе
несиесін алып, қарыз болған біреулерге берешегімізді өтей алмай қалсақ.
онда бізді кешіре гөр". "Бізді азғындық жолға сала көрме". Онда біз
өзіміздің бақытымызға жете алмай, жұрдай боламыз ғой. Ал біз "сенің жеті
қат аспандағы жанға жайлы тамаша патшалығыңа барудан үміттенеміз".
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 14
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.