Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 24

Total number of words is 4241
Total number of unique words is 2340
33.9 of words are in the 2000 most common words
49.6 of words are in the 5000 most common words
56.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
одақтар ең күшті деген жеке адамдардың өздері үшін де катерлі бола алады
екен. Сөйтіп, Миридегі Иоун енді ұсақ шаруалардың бірлестігіне бар күшін
жұмсап, қырғидай тиетін шығар деп ойлауға əбден болатын еді. Өйткені
оның Викадағы сауда үйінің шаруасы шалқайып, күйзеліске ұшырады ғой.
Бірақ староста олай етпеді.
Неге? Ол енді Рейкьявиктегі ұлын, өкілетті өкілді шақырып алды да
Фьордта онымен бірге тұтынушылар қоғамын құра бастады. Сөйтіп, ол
қоғамға жақын маңдағы, борышын өтеп құтылған ерікті азат шаруаларды
ғана емес, сонымен қатар Бруниге қарыздар кедей шаруаларды да тарта
түсті. Оларға өте тиімді шартпен көп ақша берді, қайткен күнде де көпеске
берешек қарыздарынан тезірек құтылып, тұтынушылар одағына кіруді
ұсынды. "Біз, шаруалар, бір-бірімізді қолдауымыз керек" деді ол. Бұрын
жеке дара болуды ғана көксейтін ол енді аяқ астынан бірлестікті жақтаушы,
шаруалардың қамын жеуші жанашыр жан бола қалды. Мұндай адамдар
кімге қай кезде не деп айтуды жақсы біледі. Ол, егер исландиялық
шаруалар шынымен-ақ көпестердің табан астындағы тепкісінен құтылғысы
келетін болса, əлдебір əрекет жасап, шара қолдануы, өздерінің мүдделерін
өздері қорғауы керек дегенді айтты. Ал тұтынушылар қоғамы шаруалардың
өндірген өнімін əділетті бағамен сатып алады жəне оларға қажетті деген
тауарларын арзанға беретін болады. Шынтуайтына келгенде, тұтынушылар
қоғамы дегеніміз пайда табуды ғана көздейтін іскерлік кəсіпорын емес,
қайта шаруалардың бір-біріне өзара көмек көрсетуіне негізделген
қайырымдылық қоғамы болып табылады деп үгіттеді. Мысалы,
дүниежүзілік рынокта баға жақсы болып тұрса, шамамен отыз қозы сатқан
шаруаның алпыс крон пайда табуына болады. Ал үш жүз-төрт жүз қозысы
барлар ақшаның астында қалады, мыңдаған кронға не болады. Ондай
одақтардың кедейлерге де, байларға да тиімді болатыны басқалар түгілі,
балаларға дейін белгілі. Ешкім ешкімді алдап соқпайды.
Күзге қарай Бруниден хат келді. Онда ол өзінің алыс-беріс сауда
жасайтын клиенттеріне шетелге барған сапарынан жақында ғана қайтып
оралғанын хабарлапты. Ол жақта қай кездегіден де керемет сəтті саудасаттық жасағаның өз клиенттеріне бұрын-соңды болып көрмеген өте тиімді
артықшылықтар беретін мəмілелерге қол қойылғанын жазыпты. Хатқа қоса
тауарлардың бағасы көрсетілген прейскурантты жіберіпті. Бұл 0бағалар
тұтынушылар қоғамындағы бағадан əлдеқайда арзан болып шықты. Сөйтіп
күздігүні бұрын-соңды болып көрмеген сауда қызу жүріп берді.
Бақталастық бəсекелесі күшейді. Ингольв Арнарсон шаруаны иығынан
қағып жақын тартса, Тулиниус Йенсен оны мойнынан құшақтайды.
Ингольв Арнарсон клиентті құшақтаса, Тулиниус Йенсон оның бетінен
сүйді. Бір созбен айтқанда, христиан дінінің біріңді-бірің жақсы көріңдер
деген қағидасының рухы сауда-саттық саласында ақылға қонымды əрі
əдеттегі үйреншікті шекараның шегінен шығып кетті. Біреудің біреуге
берешек қарызы туралы сөз ету ұмыт қалды. Ол ол ма, жалпы жұртқа
қаладағы қымбат бағалы тауарлар бейне бір далада қалғандай тықпалап
ұсынылатын болды. Бұған қарағанда, енді бір-екі жылда жұрттың бəрі де
бақуат шаруаларға айналатын шығар!
Бьяртур мұндай ұрымтал сəтті жағдайды пайдаланып, өзіне көптеген
құрылыс ағаштары мен темір-терсек сатып алды.
- Енді, міне өзіңе екі қабатты бетон үй салып алуыңа да болады, - деді
Тулиниус Йенсен, оны құшағына алып тұрып. - Ал егер қаржы жағынан
қиналып бара жатсаң, қысылма, ақша табылады. Қалауың білсін, керегінше
ала бер. Мен саған көмек қолын созуға əрқашан əзірмін.
- Үй салып алатын болдық! - деп Жазғы мекендегі балалардың
қуаныштары қойындарына сыймай, шуылдасты. Олар жаңадан салынатын
үй Утиредсмиридегі сияқты екі қабатты болар ма екен əлде Тау королінің
үйі сияқты бір қабатты үлкен үй болар ма екен деп, төзімдері таусылғанша
бастарын қатыра болжам жасаумен болды. Қалай дегенде де енді тұрғын
бөлмеден басқа сəн-салтанатты үлкен бөлме де болады əйтеуір. Болашақ
құрылыс олардың қиялын сан саққа жүгіртті. Бірақ олардың бүл туралы бір
нəрсе сұрап білгісі келсе, Бьяртур бірден тыйым салып тастаудан танбады.
Өзінің қандай жоспары бар екенін айтқысы келмей: "Онда сендердің
шаруаларың болмасын, өз жұмыстарыңды біліңдер!" деп, беттерін
қайтарып тастаумен жүрді. Балалар əкесінің айтқанына амалсыз бағынды.
Бірақ құрылысы əлі басталмаған үйдің алуан түрлі артықшылықтары
туралы қиялдары қанат қағып, шарықтаумен болды. Ауста өзінше үлкен ас
үйдің суретін салып, бірнеше дөңгелек қақпағы бар темір плитаның, ыдысаяқтар қойылатын шкаптар мен сөрелердің қай жерлерінде болатынын
ойша белгілеуден жалыққан жоқ. Ол жаздыгүні үйге келіп, түскі ас
əзірлеуге қалай кірісетінін көз алдына елестетіп, күні бұрын қуанып жүрді.
Міне, сондай кезде кенет есік ашылып, жарық та кең ас үйге баяғы кең
пальтолы қонақ жігіт кіріп келсе ғой, шіркін! Ол құс пен балық тізілген
түйіншекті тастай беріп, бұған достық қолын ұсынып сəлемдесер еді-ау.
Кейбір адамдардың ондай достық қолы ұсынылғанын өмір бойы, тіпті өлеөлгенше ұмытуға болмайды екен. Ауста өзі туралы осылай қиялдап,
армандады. "Ал, əкеміз сəн-салтанатты кең бөлме сала қойса, - деп
уайымдады ол, - біз оған ілетін əдемі суреттерді, қабырғаға жақын қоятын
диванды қайдан табамыз?"
Шабындықтағы ылғал пішеннің ең соңғы қалдықтарына дейін жинап
алынды. Ауста оны мұқият тырмалады, ал əкесі шөмелеге салумен болды.
Əкесімен бірге жұмыс істеу қызға қатты ұнайтын Өйткені мұның
жұмысына риза болып, оның өте-мөте мақтағанына тең келетін еш нəрсе де
жоқ. Міне, ең соңғы бір құшақ пішенге дейін жинап алынды. Үсті бастарын
су басқан, киімдері былғанған олар ылғал шөмеленің үстіне отырыса кетті.
Бьяртур бір шымшым темекі алып иіскеді. Ал, Ауста жұмыстан
қалжыраған қолдарының жап-жалпақ алақандарын екі тізесіне қойып
отырып, тобығына дейін су кешкен аяқтарына аянышпен қарады. Қыздың
маңдайы жазық болатын. Мұндай кең де ашық маңдай бұлардың
əулетіндегі ешкімде жоқ. Бұлардың маңдайлары енді келгенімен тым тар.
Иə, қыздың доға тəріздес қиылған қара қастары да оны бұлардың əулетінен
басқаша көрсететін сияқты. Бет əлпеті де солай: көркем үлгімен құйып
қойғандай келісті иегі дөңгеленген бітімімен екі жақ бетіне жарасымды
жалғасады. Алқызыл түсті топ-томпақ төменгі ернінің иіле жымдасқан
тұстарында қаншама сұлулық тұнып түр десеңізші!.. Əне, Ауста əкесіне
жалт бұрылып қарап еді, мұның көзі оның көзіне түсті. Оң көзі адам таң
қаларлықтай мөп-мөлдір, жап-жас əрі бақытты нұрға тұнып тұрғандай
мейлінше тап-таза екен. Ал аздап қылиланған сол көзінен мүлде бөлек
жанның басқаша сезімі - жау қолына байлап берілген тұтқынның
қорқынышты құшағындағыдай əлдебір құпия əрі əлжуаз нəзік қиял тəрізді
бір нəрсе байқалады. Марқұм шешесінің көзінен айнымайды. Аузына келіп
тұрған сөзін ешқашан еркін айта алмаған, ұдайы қорқыныш пен үрейде
өмір сүріп, күтпеген жерден қаза болған, некесі қиылған заңды жары бола
тұрса да, мұның жүрегін жібітіп, жақсы көргізіп үлгере алмаған марқұм
Розаның көзі. Бейшара толық ашылып бітпей жатып, солып қалған гүл
сияқты жап-жас күйінде дүниеден өтті. Бьяртур уақыттың мұнарланған
пердесі арқылы бұрынғы өткен бұлдыр күндерге көз жіберіп жатқандай еді.
Кенет күздің салқын лебі бетін сипап өткендей болды да, ол өзінің қатты
шаршағанын сезінді. Беті-жүзін күздің сұрғылт салқын тұманы қалқалай
бастады. Мұндайда байқап қарасаң, аз өміріңнің өзін де өзге біреудің өмірі
ме деп қаласың!
- Əке, - деді Ауста. - Мен сенің үй салатын болғаныңа қуаныштымын.
Осы кезде ол əкесінің жүзіне, бұрын ешқашан ешкімге көрсетпеген,
бұған дейін ешкім біліп болмаған, тіпті оның əдемі жазылған өлеңдерінде
де бейнеленіп көрмеген жүзіне сүйсіне қарады. Бұл оның əкесінің жан
дүниесінің жарқын жүзі еді. Оның мұндай жүзін бұған дейін Аустадан өзге
ешкім де, ешқашан да көрмеген болатын. Оның өлеңдері құйтырқы қызық
əзілдерге толы болғандықтан мазмұнын қалай жұтаңдатса, оның өміріне
солай əсер ететін. Қазір Аустаның оның мойнына асыла кетіп, сақалды
иегінің астындағы жып-жылы жеріне бетін басқысы келіп-ақ еді. Бірақ ол
орнынан тұрып, қызының су болған шашынан мейірлене сипады.
- Сенің əкең өз өмірінің жайнаған гүліне арнап əйтеуір бір үлкен үй
салып беретін болады, - деді ол - Бірақ биыл күзде емес. Асықпай қоя тұр...
Бірақ биылғы күзде емес.
Бұл күзде ол осыдан он екі жыл бұрын өзеннің жағасына таяу жерден
қазылған ескі жертөлесінің орнына төбесі қаңылтырмен жабылған қой қора
салумен қанағаттанды. Сиырдың тұратын орнын қозы қамайтын қораға
айналдырды. Өздері тұратын бөлменің астындағы орын сиыр мен атқа
арнап қайта жасақталды. Еденге тас төселді, бір жақ бүйіріндегі
қабырғадан тесік шығарылып, одан сыртқа көң-қоқыр лақтырылатын
болды...
Балалардың көңілдерін қалдырып, қаншалықты түңілдіргенімен мұның
өзі үлкен оқиға еді. Хуторда округтағы нағыз шеберлер саналатын жаңа
адамдар пайда болды. Олар қой қораның қабырғаларын шымтезектің ойып
алынған қатпарлы қабаттарынан қалап тұрғызды. Сондықтан да ол алыстан
қарағанда жолақ өрнектер салынған тоқыма бұйымға ұқсады. Мұнда
қолына қағаз, қалам, сызғыш жəне ара ұстаған шебер ағаш ұстасы да
келген еді. Бірақ ол еш нəрсені жазып-сызып жатпай-ақ, көзбен мөлшерлеп,
ойша есептеп шығара береді екен.
Ағаштың жас жоңқасының жағымды иісі күзгі лас лайсаң мен тезек
аралас жаңбыр суының иісімен араласып, қолқаны қабады. Түскі ас кезінде
даурыға дауыстап айтылатын алуан түрлі əңгіме, шайналып сөлі сорылған
темекі жапырағының иісі де, жарыса өлең оқу да осында. Алыс елдерден
жетіп жатқан жаңалықтар айтылады, тосыннан бейтаныс соз тіркестері,
кей-кейде ұрыс-керіс, бейауыз былапыт сөздер естіліп қалады. Қант
қосылған кофе ішіледі...
- Көпес қашаннан нағыз опасыз доңыздың тап өзі еді ғой. Шаруалардың
қанын сүлікше соратын тойымсыз болатын. Арзанға алып, қымбатқа сату ежелден келе жатқан əдеті. Қайтсе де пайда тауып, ақшасын көбейтуді
көздейді. Қазір көпес шаруалардың қарғыс атқан қас жауына айналғаны
жұрттың бəріне аян болды.
- Дегенмен де ол қиын-қыстау кезде көбімізге жəрдем жасап, көмек
қолын созды емес пе?
- Оның ондай махаббаты көпке созылмайды. Тиісті мөлшердегі сомадан
артық қарыздана қалсаң, сенің есебіңнен қос уыс қара бидай ұнын да
босаттырмайды. Шаруа өзінің есебінен əлгі қос уыс ұнды жалыныпжалбарынып сұрап алуы үшін табанынан тозып, қаншалық азапқа түседі
десейші!
Қазір тұтыну қоғамы пайыздық өтем дегенді енгізді. Егер мəміле сəтті
де тиімді бола қалса, сауда жасалған соманың есебінен саған деген
пайыздық төлем есептеп шығарылады. Бірақ шаруаның ондай төлем
алғанын көрген кім бар қане? Олай ету көпестің ойына да кіріп-шыққан
емес.
- Иə, бұл редсмириліктердің ойлап тапқан амал-айласына ұқсас
пайыздық төлем ғой! Пайыздық төлем деген аты ғана. Жіліктің майлы
басын бəрі бір оз қолдарынан шығармайды.
- Енді олар Фьордта несие беретін касса ашуды ойластырып жатқан
көрінеді. Оны ашуға кімде-кім үлес қосса, пайыздық өсім алады-мыс.
Пайыздық өсім дегені не сонда?
Иə, егер несие кассасына ақша салсаңыз, ол өзінен-өзі өсіп, көбейе
береді-міс. Ал егер ол ақшаны əлдебір бай адам қарызға ала тұрса, оны өз
кезегінде кассаға мол мөлшердегі пайыздық өсімімен қоса қайтаратын
көрінеді.
- Ал редсмириліктер қарызға алынған ондай ақшаны жоғалтып алдық
деп, əдейі көзбояушылыққа дейін барудан тайынбас еді. ()л өзгелердің
есебінен өйтіп-бүйтіп жағдайдан шығудың жолын тауып, шығынның есесін
қайтарған бола қояды.
Бьяртур басқалар қанша үгіттеп, жалынса да өзінің көпесіне құлай
сеніп, оған ақырына дейін адалдық танытты. Старостамен істес болғаннан
гөрі көпеспен істес болу əлдеқайда тиімді деп білді. Редсмириліктер құрған
одақтардың бəрі өзге де ойлап тапқан айлакерлік амал-əрекеттері сияқты
тек өздерінің ғана пайыздық төлемдер алып, мол табысқа кенелуін
көздейді. Бьяртурдың ойына мынадай өлең жолдары орала кетті:
Əйел бізде жеткілікті, бірақ ішерге асы жоқ,
Құдай білсін - қайтсем қойым болар тоқ?!
Редсмириден қарыз алман, беті аулақ! –
Өле-өлгенше құтылмайсың - жол сол-ақ!
Бар малыңды ең əуелі санап ал,
Содан кейін қойларыңды қырып сал
"Редсмириден қарыз алып көргеннен
Өле қалған көп артық қой!" - дер ем мен.
Өлген жақсы жексұрын боп жүргеннен
Редсмирилік болып өмір сүргеннен!
Көпестер, тұтынушылар қоғамдары атаулының бəрінен де жүректі
тебірентетін тəтті қиял артық. Əсіресе, күзгі кеште, аспанда көшіп бара
жатқан бұлттарды тамашалаған қандай жақсы! Көз алдында керемет
көріністер пайда болады. Ауста Соуллилья кішкентай терезенің алдына
отырып алып, аспандағы бұлттардың құбыла түскен ойынына қызыға қарап
қалыпты. Төменде Финнаның сиырмен сөйлескен даусы естіледі. Оны
азықтандырып болып, енді қашан су ішкісі келетін кезін күтіп жүргендей.
Қарт əже белі бүкірейген қалпында кереуетке сүйеніп отыр. Қара көлеңке
үйде бір саусағын аузына салып отыратын əдетімен əлдебір псалом-дұға
оқуға кірісіпті. Бүл өзі қандай жұмбақ жан еді? Айтуына қарағанда,
оңтүстік жақта сіңлісі бар болып шықты ғой.
Əне, көк аспанда əлдебір материктердің сұлбасы пайда болып,
теңіздердің айқын ашық бояулы құбылмалы жағалаулары, ертегілердегі
сияқты əлдебір ғажайып елдер мен қалалар бірінен соң бірі тізіліп өтіп
жатқандай. Теңіздің айнадай жарқыраған көгілдір айдынында қара қошқыл,
қызыл түсті сарайлар бой көтергендей, ал артынша биік мұнараларымен
бірге суға батып кеткендей болады. Бір кезде теңіздің өзі де жайылып,
гүлге оранып, жайнап тұрған жеміс бағына айналады. Оның айнала
төңірегін қоршап жатқан таулардың таң қаларлық керемет көріністерін
тамашалауға болады. Оларды кəдімгідей жаны бар тірі шыңдары бір-біріне
бастарын ие жақындасып, құшақтасады. Қашан бұлтты жел айдағанша
құшақтарын жазбайды. Бұрын Ауста терезе алдында бұлай отыра бермеуші
еді. Енді онда отырып алып, өзінің ол жігіт туралы бүкіл ой-арманын
аспандағы жөңкіле көшетін бұлттар арасында пайда болатын құбылмалы
бейнелермен байланыстыратын болды.
Ол жігіт туралы ой-арман. Ертегілердегі айтылатын алыстағы ғажайып
елдер, төсінде алуан түрлі қайықтар жүзіп бара жатқандай көк теңіздер, бұл
өмірде жоқ тамаша бояулары жарқыраған көркем қалалар мен гүлге
оранған жеміс бақтары - бұлардың бəрі де жөңкіле көшкен бұлттардың
ғана арасынан көрінеді. Мұның бəрі де сол бір жігіт туралы бейне бір үнсіз,
мылқау ойлар ғана, оқиғасыз естеліктер, ешқандай негізі де, қоршаған
кеңістігі де жоқ болашақ туралы ой-арман ғана. Ал ол, ол... Ауста сиырдың
сыздықтата ақырын су ішіп тұрған дыбысын, өгей шешесінің Букодламен
өмір туралы... -бəлкім, ол да бұлттар арасындағы өмір туралы болар əңгіме айтып тұрғанын естіді. Ал Ауста өзін ол жігітпен бірге мына бір
халық жырында айтылатынындай, тұтас елдердің иесі сияқты сезінеді:
Менің жарым салт атпенен орман кезіп келеді,
Қалың орман, жасыл орман
Оған өзі жолын ашып береді.
Елестейді көк теңіздің төсінде
Желбірете желкен жайып жүргенің,
Сүйіктім-ау, мейлі қайда жүрсең де,
Мен сенімен біргемін!
Менің жарым жан көрмеген
Басқа жақта, жат өңірде жерленді,
Оған қалай барар жолды
Таба алмаспын мен де енді.
Қымбаттым-ау, қайғы-зарым ұмыт болар.
Менің осы - ойлай-ойлай білгенім.
Сүйіктім-ау, мейлі қайда жерленсең де,
Meн сенімен біргемін!
Сүйген жарым, біз екеуміз кездесіп ек,
Əлі есімде, орманда,
Көктемдегі гүлге оранған
Жеміс бағы сияқтанып тұрғанда,
Тағдырымды, бақытымды
Тек сол жерден тапқанымды білгенмін.
- Сүйіктім-ау, мейлі қайда болсаң да,
Мен сенімен біргемін!
ІІІіркін-ай əлгі көрініс мəңгі созылып тұра берер ме еді! Құбылмалы
ашық түсті бояуларға бөленген əлгі ойындар ғасырлардан ғасырларға
жалғаса берер ме еді!..
Сөйтіп Ауста əр кеш сайын көк аспанның үнсіз сазын қиял құшағында
тыңдайтын болып алды.
ОТЫЗ ЖЕТІНШІ ТАРАУ
КІШКЕНТАЙ ГҮЛ
Жаңа қой қораның кең болғаны сонша, Бьяртурды: "Қойымды көбейте
түссем бе екен!" деген ой қайта-қайта мазалай берді. Ондайда аузы тыным
таппайтын қорен сиырды қоса асырап отырғанын ұмытып та кететін. Ол
қойдың аяғымен жайылуына болатын əрбір күнді құр жібермеуге қуана
тырысты. Ондай күндері балалар қойды шалшықты балшықта бақты.
Бьяртур өзінің қойларын бұрынғысынша жақсы көретін. Олардың
қамын жеп, тынымсыз ойланатын. Қойды қалай бағудың жай-жапсарын
жақсы білетіндігімен кеңінен танымал болатын. Отарын биылғы қыстан,
əсіресе, ең бастысы, көктемнің көк өзек шағынан аман алып шыға алса ғой,
шіркін! Өйткені жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін кезі -көктем өтемөте қауіпті. Қойдың қырылып қалуы оп-оңай. Бұл - мыңдаған жылдардың
тəжірибесінен белгілі жайт. Өйткені ешқандай жазығы жоқ осы бір
момақан жануарлар көктем кезінде өле салуға тым бейім.
Оның есесіне биылғы қыстан адамдар жақсы шықты. Финна көп
жылдан бері қыста қинайтын ауруынан айықты. Оның жүкті болып
қалғаны таяуда ғана, яғни наурыздың бас кезінде белгілі болды. Өйткені
Финна да шешесі сияқты еді - емшегі көпке дейін білінбейтін. Бықсып
жанатын плиталы ошақтың үздіксіз будақтаған ащы түтінінен таңертеңгі
мезгілде екі əйел де тұншыға жөтелумен болатын. Ол жөтел кешке қарай от
қашан жақсы тұтанып, лаулап жанып кеткенше ұстамалы ауру сияқты тағы
да қайталанатын. Оның үстіне, сиырдың жас тезегі мен аттың сұйық
зəрінен қабаттаса шығатын жеркенішті қоламса иіс қолқаны қабатын,
өкпенің тыныс алуын қиындататын. Финнаның қайта-қайта ауыра беруінің
бір себебі сол болатын.
Сонда да болса ол бейшара сиырды күтіп-бағудың соңында өзі ғана
жүретін. Бірақ Бьяртур жексұрын Букодлаға жем-шөп салуға тыйым салып
тастады. Өзі жеткіліксіз жем-шөпті Финнаның сиырға молынан шашып,
ысырап етуіне жол бермеді. Бьяртур ендігі қалған жақсы шөпті жас
қозылар мен олардың енелеріне, өзге жем-шөпті нашар жейтін қойларға
сақтауға ұйғарған болатын. Финна сиырға жем беріп, суарып, астын
тазалап, көң-қоқырын сыртқа шығарады, қораны тап-таза етіп ұстайды.
Ондай күтімді сиыр да біледі - сүтті молырақ беруге тырысады. Ол
Букодланы ескі тарақпен ерінбей-жалықпай ұзақ қасылайды, онымен
əңгімелескен болады. Оған реті келсе, итке деген балық сүйегін Бьяртурға
көрсетпей, жасырып əкеп береді. Тіпті аздап кебек аралас үн шалып та
жемдейді. Кейде сиырдың да іші пысып, зерігетіні болады. Ондай кездері
Құдайдың көктемі шығатын күн бола ма, болмай ма деп төзімі таусылып,
торыға қамыққандай даусын соза түсіп, кəдімгідей шағынған үнмен ұзақұзақ мөңірейді. Оның мұңын түсінетін əйел сол сəттерде сиырдың жүрегі
де жиі-жиі соғып, мына өмірдің мақсат-мұратсыз, босқа өтіп жатқан азапты
өмір екенінен шошынатынын сезеді. Өйткені Финнаның өзі де бұл өмірдегі
рақат дегеннің не екенін көріп-білмей-ақ келеді. Ол тапа-тал түсте сиыр
қораға түсіп, сиырдың əукесі мен арқасын сипап жұбатқан болады. Бұл
өмірде ерте ме, кеш пе, əйтеуір бір кезде ізгіліктің зұлымдықты жеңетін
кезі келетінін айтып, түсіндіруге тырысады. Оның мұнысын аз да болса
түсінгендей сиыр саябыр тауып, тынышталады да қайтадан күйіс қайтаруға
кіріседі. Осы бір аузы тынбайтын тойымсыз қорен əрі ақымақ жексұрын
сиырмен қайдан қоралас болғанына өкініп, одан қалай құтылудың амалын
таба алмағандай қоршаудың арғы жағында тұрған ат жеркенішті
өшпенділікпен қатты пысқырып жіберді. Оның есесіне, балалар сиырды
қалай жақсы көруді шешелерінен үйренді. Жаныңды жадыратып, жай
таптыратын, бүкіл отбасындағы өмірдің көркін кіргізетін қасиетті сүт
беретіні үшін бағалайтын болды. Сүттен Халбера кемпір де дəм тататын.
Тіпті Титла итке де қалатын. Кəдімгі ұн шалып, малға берілетін сұйық
быламық.
Ішіңді қатырып, қинайтын осы бір тағамға жоламайтын жалғыз жан
бар. Ол - Бьяртур. Ол темекі жапырағы қосып қайнатылған сүтпен ауру
қозыларды емдеуді ғана біледі.
Рас, соңғы кезде балалардың беттеріне қан жүгіріп, қызыл шырайлана
бастады. Көздерінен денсаулығы жақсы балалар сияқты нұр шашылып
тұратын болды. Бұрын олар сəл болса-ақ суық тиіп ауыра беретін. Əлжуаз
əрі босаң еді. Бойкүйез еріншектікті қойды, кеудесіндегі əлдебір
жабырқаңқы немесе мұңды көңіл күйден арылғандай күй кешті.
Бұрынғыдай іштерін су мен ауа керіп тұрғандай қолайсыздықтан құтылды.
Ауста Соуллилья əкесі оқып шық деп берген дастандардың ең бір күңгірт,
бұлыңғыр тұстарын да оп-оңай түсіне алатын болды. Əкесінен қара
күйемен ысталған əйнекке жазып жүріп, əріптерді біліп алудың сəті түсті.
Ауызша есеп шығаруда да қабілеттілігін көрсете білді. Биылғы қыста
қыздың бойы тез өсіп əрі толысып шыға келді. Көйлектері тар болып,
сыймай қалды. Жеңін жəне белінің бүйірін тіліп, қосымша үшкіл салып,
кеңітуге тура келді. Ауста - қазір он төртке шыққан үлкен қыз. Екі беті
қызыл шырайлы, төсіндегі қос алмасы томпайып тұр. Бойында əлдебір
түсініксіз сезімдер мен түсініктер пайда болатынды шығарды. Кейде
мазасы болмай, ауырып та қалады. Оның көйлегінің етегіне жап-жалпақ
көмкерме əдіп салынды. Өйткені жұп-жұмыр қос балтыры мен мықты екі
тізесі сандарына дейін жалтырап көрініп тұратын болған еді.
Қыстыгүні пастор келді. Аустаның оқуын байқап көріп, табыстарына
таң қалды. Ол өзінің ғана емес, өзіне тете інісінің де сауатын ашқан еді.
Бірақ қыздың Құдай туралы, дін заңдары жөніндегі білімі қандай? Масқара
болғанда дін заңдарынан хабары жоқ екен -оны тіпті де оқымапты. Құдай
туралы түсінігі болмаса да оған бет алды босқа табынады екен əйтеуір.
- Бұл - жарамайтын іс, - деді пастор. - Құдайды білмеу - ұят. Тіпті заңға
сай келмейді. Қызды шіркеуге алып барып, шоқындыратын уақыт
əлдеқашан жетті.
- Менің осы жаңаша христиандыққа сене қоятын құлқым жоқ, - деді
Бьяртур. - Бұрынғы пасторымыз жақсы-ақ еді. Марқұм болған пасторымыз
Гудмундурды кім білмейді!? Оны бір көрген адам өмір бойы ұмыта
алмайды. Əсіресе оның жаңадан шығарған қойларының тұқымын
айтсаңшы! Бүл өңірде оның даңқын шығарған да, оның есімін ғасырлар
бойына сақтайтын да сол қойлар.
Мына бір жаңадан келген пасторға Бьяртур адам екен деп те қарамайды.
Соны да пастор деп атауға бола ма екен?! Нағыз тазша баланың өзі. Қойлар
туралы түсініктен мүлде мақұрым екенін қайтерсің?! Рас, ол қой туралы
соз еткенді жақсы көреді, бұл салада өзін білікті біреу етіп көрсеткісі
келеді. "Ауылшаруашылық хабаршысы" деген басылымнан оқыған
теориясымақ бір мəселелерді соғады да отырады. Енді, міне, арнайы кітап
ашып, оған барлық қойларды тіркеп жазып, олардың əрқайсысына ен
салып, нөмірі жазылған сырға тағу керек дегенді шығарыпты. Бұл кейін,
күздігүні əр қозының қай саулықтан туғанын шатастырып алмау үшін керек
көрінеді-міс. Ол сонымен қатар əлжуаз нашар қозыларды тірі қалдыруды
қойлардың алдында да, əркімнің өзінің алдында да, тіпті Құдайдың
алдында да өлім жазасына лайық күнə жасау деп біледі. Өйткені оларды
сату тиімсіз көрінеді - қойлардың болашақтағы тұқымы сондай əлжуаз
нашар қозылардан тарайтын болады, сөйтіп мал тұқымы азғындайды екен.
- Пастор Гудмундур қой туралы ешқашан ешкіммен тіс жарып
сөйлеспейтін, - деді Бьяртур. Қой тіркейтін ешқандай кітап та жүргізген
емес. Онда өзінің ежелгі еврейлер туралы жалғыз кітабынан өзге ешнəрсе
де болған жоқ. Бірақ қой туралы білімі нағыз үлы адамға, ғұлама ғалымға
тон еді. Оның қызметкерлерінің айтуына қарағанда, Гудмундур өзінің
қойларын өзге қойлардан жүріп кеткен ізіне қарап айыра біледі екен. Біздің
шіркеу қауымының маңдайына енді қайтып ондай пастор біте қоймас, сірə!
Олар Аустаны шіркеуге алып барып шоқындыруды келесі жылға дейін,
Хельги біраз өскенше қалдыра тұру жөнінде келісті. Бірақ пастор оны
биылғы қыстың өзінде, яғни шоқындырудан əлдеқайда көп бұрын
поселкеге алып келуді, сөйтіп Құдай туралы діни ілімді - ең болмаса, оның
ең қажетті негіздерін оқып үйренуін талап етіп отырып алды. Сондай-ақ
қыздың бұл жаста білуі тиіс басқа пəндерден де - атап айтқанда
географиядан, зоологиядан, Исландия тарихынан хабардар болуы
керектігін айтты.
- Қалай дедің, "география" дедің бе? Балалардың екеуі де өзіміздің
аңғарды бес саусағындай біледі. Оларға аңғардағы əрбір шоқы, əрбір
жартас, əрбір бұлақ-бастау, өзеннің əрбір бұрылысы жақсы таныс. Олар
мұнда ешқашан адасып кетпейді - кез-келген ауа райында да жол таба
біледі. Ал зоологияға келсек ше? Олардың бұл пəннен де хабары мол.
Хутордағы əрбір қойды жаңылмай таниды. Өйткені олармен, өзіңіздің
қолымыздағы жануарлармен, бірге жүріп, бірге өсіп келеді. Оларға қашан
жəне не қажет екенін айтқызбай түсінеді. Тарихты да жаман білмейді. Қане,
кішкентай Аустам менің, айтып жіберші, Гримур Эгир деген кім болған?
Ауста Соуллилья ұяла жауап берді:
Жаяу Хрольвтің қас жауы болған.
Дұрыс айтасың! - деді Бьяртур. - Ал ол өлгеннен кейін қайда барды?
Ауста ұяла тұрып, басын төмен салды:
- Тозаққа барды, деді ол.
- Əне, ол сорлыға не болғанын көрдің бе, пастор Теодоур? – деді
Бьяртур, қарқ-қарқ күліп. Сөйтті де сөзін жалғастырды. – Осымен қош бол,
пастор Теодоур. Өзің де сондай жағдайға ұшырап қалып жүрме.
Наурыз айының бас кезі болатын. Бьяртур шалшықты балшықта
жайылып жатқан қойға баруға бет алды. Ауа райы құбылып тұрды біресе
жабысқақ қар жауды, біресе басылды, тіпті күннің көзі шайдай ашылып та
кетті. Балалар қойды кезегімен жаятын. Бьяртур Хетья деп аталатын бір
қойдың басы қан жоса болып жүргенін байқап қалды. Алғашқыда қойдың
мүйізі сынған болар деп ойлап еді, соңынан неғұрлым мұқият байқап
қараса, оның екі құлағына бірдей ен салынып, əлдебір таңба басылыпты.
Мұндай жаңалыққа қатты таң қалды. Қойдың қан-қан құлақтарын ақырынақырын кезекпе-кезек ұстап көріп, бұл өзі не қылған ен екенін, жалпы не
болғанын байқап білмек еді, бірақ олардың құлақтарының шұнтитып
кесілгені сонша, ондағы басылған нендей таңба екенін айырып біле
алмады. Бұны кездейсоқ оқиға деуге болмайтын еді. Бьяртур ойланып
қалды. Ол үй ішінің адамдарының бірінен де олардың көздеріне аңғарда
жүрген бөгде біреулер түскен-түспегенін егжей-тегжейлі сұрап шықты.
Жоқ, олар ешкімді де көрмепті. Арнайы келген де ешкім болмапты. Сонда
Бьяртур былай деді:
- Егер аңғарда жүрген ешкім көрінбеген болса, мұның өзі көп жылдар
бойы кездеспеген түсініксіз жағдай екен! - Содан соң ол қойдың
құлағындағы таңбаның адам таң қаларлықтай өзгеше екенін айтты.
Осы кезде Хельги күтпеген жерден былай деді:
- Бағана, қар жауып тұрған кезде маған бір салт атты адам көлді кешіп
өткен сияқты көрінген болатын.
- Көлге қарай дейсің бе? Қол жақтан не жейді ол? Өзіңнің есің дұрыс
па?! Атының түсі қандай?
- Ол жағын байқай алмадым, - деп жауап қатты Хельги. - Аты болған
жоқ-ау деймін...
- Өзі кімге ұқсайды екен? Байқап қарамадың ба, есуас неме?
- Жапалақтап қар жауып тұрғанда қалай байқайсың?! - деді бала. Меніңше, ол адамға ұқсамайтын сияқты еді.
- Сонда неге ұқсайды? Айтсаңшы адам сияқты!..
Бала нені көргенін анықтап айта алмады: əйтеуір дөңгеленген бір нəрсе
көлге барыпты да суға түсіп кетіпті.
Бьяртур одан сайын ойланып қалды. Басқалар да аң-таң болысты. Іс
тоқып отырған кемпір əлдебір нəрсе деп міңгірледі. Бүл өзі, не де болса,
жақсылықтың белгісі емес қой!..
Көктемде айрықша абай болу керек. Осында хуторда отырып, біз де
əлдебір нəрсені байқағандай едік. Бұл құбыжық зұлым күштер бізге
көресіні көрсетеді əлі... Немесе тапа-тал түсте отардағы қойға, ай-шай жоқ,
ен салып, таңба басты деген не сұмдық?!.
Күн жылына бастады. Ойда жоқ жерден болған оқыс оқиға тудырған
қорқынышты уайым да сейілді. Жылы жел тұрды. Көктемгі жаңбыр жауды.
Еңістегі қар еріп кетті. Бұған дейін қар көрпесін жамылып жатқан сарғыш
қоңыр солғын шөпті аңғардың сай-саласы енді жасыл түске ене бастады.
Көп ұзамай жайылымға жасыл желек жайқала өсті. Өзен тасып ақты,
көлдегі сең бұзылды. Финна есік алдына шығып, көктемгі таза ауаны сіміре
жұтты. Қарғалар хутордан алысқа ұшып кетіп жатты.
Кішкентай Нонни қой асықтарын беткейге алып шығып ойнады. Бір
күні үйге ол өте маңызды жаңалық айтқалы жүгіріп келді: хутордың тап
түбінде сап-сары бақбақ гүл өсіп түр! Таулы аңғарда жылдың бұл
мезгілінде бақбақтың гүл ашуы - сирек кездесетін оқиға. Балалар шешесін
ертіп кішкентай гүлді көруге шықты. Гүл өзінің жап-жас əлсіз сабағын
қысқы күннің көзіне бағыттап, батыл да қуанышты қалпында жоғары қарай
ұмтылады. Мəңгілік гүл сияқты. Олар өздерінің жаңадан пайда болған
досына шаттанған қуанышпен əрі мейірлене сүйсініп, ұзақ қарап тұрды.
Өйткені ол алдағы жаздың келе жатқанын қыс ортасында жеткізген
хабаршы ғой. Олар бейне бір қасиетті орынға зиярат етуге барған
адамдардың құдіретті күш-қуатқа үнсіз ықыласпен тауап етуге ниет
еткеніндей
ықыласты
тебіреніспен
гүл
жапырағының
шетіне
саусақтарының ұшын тигізіп көрумен болды. Оған бейне бір: "Сен бұл
жерде жалғыз емессің, біз бармыз. Біз де сен сияқты өмір сүруге
ұмтыламыз" деп жатқандай. Сөйтіп, бұл күнді ерекше шұғыла шашқандай
сезінді. Қыстың қорқынышты да қолайсыз жексұрын күндері артта қалды.
Бұл күн жайдары да шайдай ашық бұлтсыз көк аспам сияқты жадырап сала
берді. Олар үшін бүл күн нағыз бақытты күндердің бірі болған еді. Олар
бүл күнді өмір бойы ұмытпақ емес. Кенеттен аттың кісінегені естілді.
Оның алғашқы кісінегені ерекше сыңғырға толы. Əлдебір жүрексіне
жасқанумен қатар ризашылықтың белгісі де сезіледі. Ол қатерлі ажал
тырнағынан құтылған сəтте "Уһ!" деп, ауыр дем алғандағы сияқты үзіліпүзіліп шықты. Бірақ соның өзінде де байсалды қуаныштың лебі еседі.
Қыстың қыспағы мол күндерін Құдай туралы ілімнен хабары жоқ жас
қыз да ұмыта бастады. Бірақ ауа райының қолайсыз күндерінде əлдебір
нəрседен қорыққан жоқ дейсіз бе? Қорықты, əрине. Қорыққанда қандай!
Бір бұл ғана емес, басқалар да қорықты. Ондай үрейлі ұзақ түндерде
оңайлықпен таң да ата қоймайды. Ал күндізгі күн күндізге ұқсамайтын. Тек
көктемнің келуін тағатсыздана күтесің, сол үшін ғана өмір сүретіндей
боласың. Бірақ оның тез келе қоятынына сенімің жоқ екенін сезесің. Міне,
алғашқы бақбақ гүлі, жылқының алғашқы кісінеуі. Қашан мəңгілік көз
жұмып, о дүниеге аттанғанша үзілмес үмітпен тағатсыздана күтетін
көктемнің сағынышты сазды белгілері білінді. Енді аздан соң шалшықты
балшық та көк-жасыл түске енеді. Ондағы тіршілік те өткен жаздағы
сияқты қыза түсетін болады: құтандар су кешіп тұрып бейне бір инабатты
жас қыздар сияқты сыпайылық танытып, иіле сəлемдеседі. Тау ішіндегі
кішкентай сарқырама сулар күнге бір табан жақындай түсу үшін аспанға
атыла ағады. Міне, сол кезде алыс өлкеден ол да - баяғы жұмбақ жігіт те
келетін болады.
Қорқынышты жұма да келіп жетті. Жазғы мекен тұрғындары бұл күні
əйтеуір біреудің -не Құдайдың өзінің, не Иисуспетрустың төрттағандалып
өлтірілгенінен еміс-еміс хабардар болатын. Дегенмен олар төрттағандап
азаптап өлтіру дегеннің қандай болатынын тым бұлдыр елестете алатын.
Өйткені айқышты ағаштың қандай екенін ешқашан көріп білген емес. Ал
оған адамды қалай төрттағандап өлтіретінін көз алдарына мүлде елестете
алмайтын. Ондай сұмдықтың қандай болатынын көрсек, білсек деген ынтаықыласы атымен болған жоқ-ты. Ал поселкеде осы төңіректе ойдан
шығарылған алуан түрлі ежелгі ескі əңгімелер тіпті де таусылмайтын.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 25
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.