Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 10

Total number of words is 4320
Total number of unique words is 2202
35.8 of words are in the 2000 most common words
52.1 of words are in the 5000 most common words
60.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
реттен қозғалтты. Өзге қай жерде болса да мұның өзі үлкен қиындық
тудырған болар еді. Өйткені қойтастың салмағы кемінде елу фунт келетін.
Бірақ Бьяртур үшін əлгі қойтасты бір түннің ішінде елу төрт рет қозғалту
əбден үйреншікті нəрсе еді.
Ол мұндай үлкен тастарды қозғауды қатты ұнататын. Денесінің
қалтырап-дірілдегені тез басылып, түйіншегін жастана сала қайтадан
ұйқыға кетумен болды. Ол төртінші рет оянғанда өзін жақсы дем алып,
сергек сезінгенін байқады. Таң боз беріп, енді-енді атып келе жатыр екен.
Жалма-жан жолға шығып, таудың ішін аралауға кірісті, оның қуыс-қуысын
шолып шықты. Жаяу жүріп, денесі жылынған кезде тағы бір тастың үстіне
отыра қалып, қан аралас пісірілген əсіптен жеп, оразасын ашты.
Бьяртур тау арасындағы асудан асып, түске қарай Рейкья аңғарына
қарай түсті. Мұнда кейбір жерлер əлі жып-жылы екен. Олардың құмдауыт
беткейлерінен бу бұрқырайды. Бірақ жылы бұлақтар көрінбейді. Енді аздап
темен түссе, иен дала басталады. Оның кей жерлерінде темірлі судың беті
қызғыш түске боялған сияқты көрінеді. Тау етегінен еңіске құлаған
беткейдегі шалғынды алқапты арша мен бұта аралас шөп жауып жатыр.
Қойлардың бүл жаққа жайылу үшін жиі-жиі өтіп кететін əдеті бар болатын.
Бірақ бұл жол осы жақта Бьяртур қалай аталатынын өзі де біле бермейтін
бейтаныс құстардың даусынан өзге ешқандай тіршіліктің белгісі байқалған
жоқ. Олар өздері жайғасып алған жылы орындарынан көтеріле ұшады.
Шамасы, жылы бұлақтардың маңында болатын көп құстардың бір түрі
болса керек.
Бұл аңғарда емдік қасиеті мол бірнеше жылы арасан бар еді. Бьяртур
мейірін қандыра су ішіп алу үшін солай қарай бұрылды. Ол осы судың
адам ағзасындағы зиянды сұйық атаулыны жуып-шайып əкететініне, қан
құрамы мен бауырды тазартатынына, əр түрлі аурудың алдын алып,
күнілгері сақтандыратынына құлай сенетін. Сондықтан да бұл суды кем
дегенде жылына бір рет рақаттана ішіп тұруды қажет деп санайтын.
Бьяртур енді шығысқа қарай барғысы келді. Ондағы өзіне белгілі
шатқалдарды түгел аралап шықпақ болды. Ол шатқалдар иен даланы кесіп
ағатын Иекуль өзеніне қарай құлдилайтын. Бүгін йен даланың шығыс жиегі
шектесетін тау етегіндегі лашықта түнеп шықпақшы. Жол тым алыс еді.
Аяз онша күшті емес болатын. Бірақ аспанды бұлт қаптай бастады.
Кейінірек, күндіз қалың қар түсті. Бьяртур Иекуль өзенінің батыс
жағалауымен жүріп отырды. Өзеннің арғы бетінде өзге округтың
жайылымы жалғасып жатыр. Қойлар ағысы қатты, мол сулы терең өзеннің
арғы бетіне ілуде бірде ғана өте алатын Өзеннің ирең-ирең етіп, бұралаңдап
ағатын иіндерінде шоп қалың өсетін де онда қойлар қыс ортасына дейін
жиі-жиі бой тасалап қала беретін.
Осы аңғарда поселке мен мұздақ биіктің арасында бір кезде жалғыз
хутор болатын. Бірақ онда көптен бері ешкім тұрмайтын. Өйткені,
айтушылардың сөзіне қарағанда, хуторды құбыжық сиқыр күштер жайлап
алған көрінеді. Өзеннің ағысы боран соғып тұрғандай қазір де қатты еді.
Бір түрлі қарақошқыл көрінеді, ал ағысының гүрілі алыстан естіледі.
Қалың қардың бүркеп тұрған пердесінің тасасындағы қараңғылық
əдеттегіден əлдеқайда қою сияқты. Жапалақтап жауған кар жер бетін көп
ұзамай-ақ тұтасымен жауып үлгерді. Жүру қиындай түсті. Аяз да күшейе
бастады. Ол суықтың бəрін де қатты ағып жатса да енді-енді қата бастаған
Иекуль өзені өзімен бірге алып келіп жатқандай.
Бьяртур мұндай қою қараңғылықта қой іздеп болмайтынын түсінді.
Қарды боран күшейе түсті, айналаны түнерген қараңғылық басты. Ол енді
өзінің үйінің төңірегінде жайылып жүрген қозыларын уайымдай бастады.
Өйткені мынадай қарлы боранда олардың қырылып қалуы ғажап емес. Ал
қазір ол қозыларды құтқарып қалу үшін иен даланы кесіп өтіп, үйге оралу ақылға қонбайтын нəрсе. Бьяртур осылай деп санады: кеш батып, түн
болып қалды. Ұйтқып соққан карлы боран күшейіп келеді, ал өзі тау кезген
ұзақ жүрістен қалжырап бітті. Сөйтіп ол енді ақылға қонымды бірден-бір
дұрыс шешім қабылдады -алғашқы жоспары бойынша Йекуль өзенінің сол
жағалауы бойымен жүріп отырып, тау етегіндегі лашыққа жетіп, қонып
шықпақ. Алайда адам өзінің қас пен көздің арасында қандай жағдайға тап
болатынын барлық уақытта бірдей біле бермейді. Кейде алдын-ала дəлмедəл жасалған жоспарды ақылға қона бермейтін, адам сенгісіз кездейсоқ
жағдайдың өзі де быт-шыт етеді. Жазғы мекеннің иесі Бьяртурдың бүгінгі
түнде көздеген жоспары тап осылай болып шықты. Тау беткейін жырып
жатқан коп шатқалдың бірін Бьяртурдың енді кесіп өтпек болғаны сол еді,
анадай жерде шатқалдың беткейінде секіріп ойнап, асыр салып жүрген
бірнеше жүйрік жануарды көріп қалды. Олар судың жиегіндегі жардың
басына барып тоқтады. Бьяртур олардың бұғылар екенін айқын аңғарды біреуі бұқасы, үшеуі ұрғашысы екен. Олар едəуір уақыт жағалауда
топтанып тұрып қалды: бұқа-бұғы жағалаудағы жардың дəл басында, ал үш
ұрғашы бұғы оның арт жағында тұрды. Бұқа-бұғыдан əлдебір қорғаныс
қимыл күткендей. Бір кезде бəрі де мүйіздерін желге қарата бұрды да,
адамға теріс қарап тұрды. Өйткені жел өзен жақтан соғып тұр еді.
Бьяртур шатқалдың бір шетіне тоқтады да, бұғыларға мұқият қараумен
болды. Бұғылар тұрған тұрыстарын ұдайы құбылтты,
Бьяртур оларды тек арт жағынан ғана көре алды. Олар, шамасы, өлі де
жап-жас ғажайып жануарлар болуы керек. Бьяртур: "Менің жолым болайын
деген екен" деп ойлады. Несі бар, бір бұғыны, əсіресе олардың бұқасын
ұстап алса, тіпті де жаман емес қой! Өйткені, оның денесінің ірілігіне
қарағанда, етке қарық қылатын түрі бар. Ал бұғының еті -байбатша
шонжарлардың дастарқанына қойылатын сүйікті тағамның тап өзі! Егер,
Бьяртур жоғалған қойды іздеп таппаған күннің өзінде, бұғыны ұстап алмақ
болған əрекеті сəтті аяқталса, ештеңеден де ұтылмайды. Ал, егер бұқаның
өзін ұстап алса, оның қанын жерге тигізбей, қалай сойып алмақ? Бұғының
қаны дегеніңіз ғажайып дəмді шұжық қой! Сондықтан да оны үйге
мүмкіндігінше тірі жеткізген дұрыс болар еді. Енді Бьяртур қалтасынан
жолаушы үшін өте қажет екі затты - пышақ пен бір буда бас жіп іздей
бастады. Оның екеуі де бар болып шықты - бір буда жуан жіп пен бүкпелі
бəкі табылды. Енді ол өзінше былай деп ойлады: "Қазір мен бұқаның
үстіне секіріп түсіп, жығып салайын: пышақпен танауын тесіп, жіп өткізіп
аламын да шылбырлап жетелеймін Сонда оны иен дала арқылы алып өту
қиын болмайды. Жоқ дегенде белгілі бір жерге дейін жетектеп барып,
мықтап байлап кетемін де, көмекке адам ертіп келемін. Бұл жерден Жазғы
мекенге дейін небары бір-ақ күндік жол". Осындай жоспар жасап алған
Бьяртур ақырын-ақырын бұқпалап барып, шатқал мен өзен арасындағы тар
жерде топталып тұрған бұқаларға таяп қалды.
Ол шатқалдың биіктеу жағасына өте-мөте сақтықпен өрмелеп шығып,
байқап қарап еді, бұғыларға дейін небары он екі футтай ғана жер қалыпты.
Оның бойында əккі болған жырынды аңшының сезімі ойнап шыға келді.
Тіпті жүрегі дүрс-дүрс соғып қоя берді. Ол шатқалдың қия бетімен тағы да
жоғары көтеріле түсіп, ең биікке шығып алды да, бұқаға таман таянып
барды. Енді жарты қадам қалғанда оны бірден бас салып, бір мүйізінің
түбінен мықтап ұстады да, айырылмай қойды. Бейқам жануарлар ойда
жоқта адамның қалай пайда бола қалғанынан қатты шошып, селк ете түсті
де, бастарын жоғары көтеріп, құлақтарын үрейлене тіге қалысты. Ұрғашы
бұғылар қарлы боранның құшағына еніп, төмендегі өзенге қарай жан
ұшырып қаша жөнелді. Бұқа-бұғы алғашқыда мүйізіне жабысқан
Бьяртурды қоса-моса алып қашпақ болды. Бірақ Бьяртур аяғын жерге
мықтап тіреп тұрып алды, ал əлеуетті қолдары бұғыны тырп еткізбеді.
Бұғы басын қалай бұлғалақтатса да адамды лақтырып тастауға дəрменсіз
болды. Аздан соң Бьяртур бұғының əлдебір нəрсемен майлап қойған
сияқты мүйізінен айырылып қалатынын сезді. Бұқа-бұғы соншалықты тез,
шапшаң қимылдайды екен Ал, Бьяртурдың оны мықтап ұстайтын өзге
нүктесі болмады, іздеп таба алмады. Ақырында ол тіпті бұл бұғыға шамасы
келетініне күмəндана бастады. Бұғының мүйізі - қауіпті құрал. Егер ол
ішіңді жарып, ішек-қарныңды араластыра ақтарса, одан лəззат ала
алмайсың. Бұқа-бұғы мен Бьяртурдың арасындағы жанталасқан жекпе-жек
арпалыс осылай басталды. Ал бұл айқаста Бьяртурға қарағанда Бұқабұғының жағдайы өте-мөте ұтымды еді. Тіпті жағаны бойлап, Бьяртурды
едəуір жерге дейін сүйреп əкетті. Бьяртурдың есіне кенет өзінің бала
кезінде құрық тимеген шу асауды бас білдіріп үйреткен бір əдісі түсе кетті:
ол енді Бұқа-бұғымен қатарласа жүгіріп барып, арқасына қарғып мініп
алуы тиіс. Бьяртур тап солай етті де. Қас қағым сəт өткенде ол бұғының
үстінде жайдақ отырып, оның мүйіздерінен мықтап ұстады. Кейін оның
өзінің айтуына қарағанда, желаяқ жүйрік бұғыны салт міну оның өзіне
таныс өзге жануарлардың қай-қайсысынан болса да өте-мөте қиын əрі
қолайсыз екен: құлап қалмау үшін соншалықты көп күш-жігер жұмсапты.
Абырой болғанда ол серуен көпке созылған жоқ. Арқасындағы жексұрын
жолаушысын едəуір жерге дейін алып қашып, шауып барған, бірақ оны
лақтырып тастап, құлатып кетуге мұршасы болмаған Бұқа-бұғы енді
мейлінше жанкештілік əрекет жасауға тəуекел етуді ойлады. Əне, ол бір
жағына шұғыл жалт бұрылды да Иекуль өзеніне қойды да кетті, онда өзінің
жүзуіне қолайлы тереңдікті де тез тапты.
Иə, жоғалған қойын іздеп, жолға шыққан Бьяртур толып жатқан
осындай оқыс оқиғаларға тап болды: əне, ол Йекуль өзенінің суына
белуарынан батып кетіп бара жатыр. Астына мінгені үйреншікті кəдімгі ат
емес, қайдағы бір шытырман оқиғаларды іздеген атақты серілер мінетін
сəйгүлік тұлпарлар сияқты ойнақшыған жүйрік көлік. Бьяртур тап осы
оқиғаны мақтаныш тұта қойды ма екен, сірə.!? Əй, қайдам, ондай
мақтаныш оның үш ұйықтаса, түсіне де кірмейтіндей болған шығар! Оның
өзіндік əрі əдеттегіден тыс сол бір сапары туралы ойланатын бос уақыты да
қалмаған болар, шамасы. Өйткені оның бүкіл назары қайткен күнде де
тепе-теңдік сақтауға шоғырланып, бұғының арқасынан ауып түсіп
қалмауды ғана ойлаған шығар. Ол бұғының мүйізінен қатты ұстаған бойы
оның екі бүйірінен аяғын босатпау үшін екі тақымын барған сайын қыса
түскен болатын. Бьяртур ауаны үсті-үстіне қомағайлана терең жұтты, екі
көзі қарауытып сала берді. Ағыс бұғыны кей-кейде төменге қарай ала
жөнеледі. Соған қарағанда, бұғының жағаға шығатын ойы тіпті де жоқ
болуы керек. Өзеннің арғы жағасы тік жар əрі биік екен. Соның өзінде
қалың тұман арасынан анда-санда зорға көрінеді. Бьяртур өзін-өзі шетсізшексіз мұхиттың асау толқынды айдынында ескексіз ескі қайықпен еріксіз
жүзіп бара жатқандай сезінді. Өзеннің екпінді ағысы бұғыны суға батырып
та жіберді. Ондай кезде су Бьяртурдың иегіне дейін жетеді. Ал судың
суықтығы сүйектен өтеді. Бьяртурдың көзі қарауытып, басы айнала
бастады. Ол əуелі не сұмдықтың бұрын болатынын біле алмады — өзі
есінен танып, құлап қала ма əлде бұғы суға батып кете ме? Мұның қайсысы
болса да осымен бəрі де бітті деген сөз еді. Олар Иекуль өзенімен одан əрі
жүзіп бара жатты.
ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ
ЖЫР ЖОЛДАРЫ
Ақырында Бьяртур Бұқа-бұғының жағаға шыққысы келетінін сезді-ау
əйтеуір. Байқап қараса, бұлар өзеннің шығыс жақ жағалауына едəуір жақын
жүзіп келеді екен -жағалаудағы мұздың жиегіне дейін бірнеше шынтақтай
жер бар. Олар мұзды жағалауды бойлап, əлі де біраз жүзді. Өзеннің
жиегіндегі жып-жылтыр көкпеңбек тайғақ мұздың арғы жағы алынбас биік
қамалдың қалың қабырғасы сияқты. Оған шығу тіпті де мүмкін емес.
Бьяртур əйтеуір бір қолайлы кезеңді күту керек екенін сезді: бұғы
жағалауға неғұрлым жақын қалған сəтте оның арқасынан аунап түсіп,
мұздың бетіне еңбектеп барып шығып алуға əрекет жасау қажет. Мына
суық судың ішінде қала беруге ендігі жерде тіпті де болмайды. Бірақ ол
көзсіз ерлік жасап, суға секірудің ажал қатері екеніне күмəнданбады. Бір
кезде бұғы жағалаудағы мұздың жиегіне жарты шынтақтай жақын қалды.
Осы сəтті пайдалана қойған Бьяртур бұғының мүйізін қоя бере салып, суға
аунап түсті. Сөйтіп Бьяртур бұғымен біржола қоштасты. Оны қайта көре де
алған жоқ. Содан бері оның бұл жануардың тұқымына деген жеркенішті
жек көруінде шек болмады.
Сол кезде де, одан кейін де Бьяртурға бұғы да Колумкиллиден бір де
кем емес сұмырай албастының өзіндей көрініп кетті.
Жағалаудағы мұздың шеті осал еді. Мұз Бьяртурдың салмағына шыдай
алмай, сытыр-сытыр сынап кете берді. Сынып түскен осындай бір мұз
бөлігімен бірге ағынға ілесіп, ағып кете жаздады. Шамасы, пешенесіне
жазылған əлі де көрер жарық дүниесі бар болған шығар - бір кезде оның
қолы едəуір қатты қалың мұзға ілікті де өлдім-талдым дегенде мұздың
үстіне зорға шықты. Оның тұла бойы қалш-қалш етіп, тісі-тісіне тимей
сақылдаумен болды. Үсті-басы малмандай су. Жағалаудағы мұз үстінде
қала беру əлі де қауіпті еді. Бьяртур тезірек жағалауға көтерілуге тырысты.
Бірақ бұл да қауіпті. Өйткені, тік жардың бетін жып-жылтыр көк тайғақ
мұздақ басып жатыр. Егер қолы не аяғы тайып кетсе, жарық дүниемен
біржола қош айтысудан өзге ешнəрсе қалмайды. Суық суға шомылып
шығуға осылай мəжбүр болып, əбден қалжыраған Бьяртур жағалаудың
құлама тік жарының үстіне əзер дегенде өрмелеп көтерілді. Енді, міне, ол
аман-сау қалпында асау Иекульдің шығыс жағалауында - өзге оркугтың
жайылымы жағында тұрды. Үстіндегі кеудешесін шешіп, суын сықты.
Содан кейін денесін қыздырып, киімін құрғатпақ болып қардың үстімен
ары-бері сырғанауға кірісті. Қар Йекульдің суынан əлдеқайда жылы
көрінді. Оқтын-оқтын тоқтап қалып, екі қолын қайта-қайта құлаштап
сермеді - бүл да денесін жылытудың əрекеті. Ол Бұқа-бұғының өзен
суымен сүйрелеп, қандай қатерлі ойын көрсетіп, масқара еткенін енді ғана
сезінді. Біріншіден, Бьяртур өзеннің тау етегіндегі батыс жақ жағасында
тұрған дап-дайын баспана лашықта түнеп шығу мүмкіндігінен айырылды.
Оны бұдан да гөрі қатты мазалаған нəрсе өзінің ойда жоқ жерде өзеннің
шығыс жақ жағалауына шығып қалғаны болды - жүрер жолы арғы бетте,
батыс жақ жағалауда қалды. Енді арғы бетке өтуінің бір-ақ жолы бар: үйіне
барар бағытынан кері бұрылып, талай жерді айналып өту арқылы паромға
жетуі керек. Ал ол жақтан бері қарай Иекуль өзенінің аңғарымен кейін
түсіп, ең таяу хуторға бару үшін кемінде он бес сағат жол жүруге тура
келеді. Мұның өзі Бьяртур күндіз демей, түн демей, тынбай жүріп
отырғанның өзінде кемінде екі тəулік уақытты қажет етеді. Оның үстіне,
ауа райының мынадай жағдайын қайтерсің! Ал қораға қамалмай,
жайылымда қалып қойған қозыларының тағдыры не болды екен?!
Бьяртурдың бүкіл денесі сырқырап ауырды, бірақ ол мұны оншалықты
елеген жоқ. Егер ол қарға көміліп жатпақ болса, үстіндегі су киімі суықтан
бəрібір сақтай алмайтын еді. Қар барған сайын қиыршықтанып, тікендей
өткір болып, аяз күшейе түсті. Қар қалыңдай бастады. Оның қаудырап
қатып қалған сырт киімі өзі қозғалып жүрген кезде суықты ішкі киіміне
өткізбейтін сияқты. Кірпігі мен сақал-мұртын ақ қырау қаптады. Азық
қалтасында тас болып қатып қалған бір жарым тостаған қан аралас шұжық
бар. Қолындағы таяғынан айырылыпты. Көзге түртсе, көргісіз қараңғылық
орнады. Ол пышақпен тілгілейтіндей қою. Шығыстан соққан жел бетіне
үрлейді. Бьяртур кез келген төмпешікке сүрініп-қабынып əрең жүріп келе
жатты. Кей-кейде қар үріндісі көміп тастаған белуардан дерлік келетін
шұқанаққа құлап түседі. Қиыршық қар жел ұшырған күл сияқты Бьяртурдың көзін аштырмайды. Бір жақсысы - Бьяртур алған бағытынан
жаңылыспайды, ауытқымайды. Өйткені оның сол жағында сарқырап ағып
жатқан өзеннің көңіл жабырқатар шуы үздіксіз естіліп келеді.
Ол өзін қаншалықты нашар сезінсе, тағдырын соншалықты көбірек
тілдеп, балағаттаумен болды. Ежелгі ақындардың жырларында дəріптелетін
атақты шайқастарды есіне түсірді. Тісі тісіне тимей келе жатса да ең жақсы
өлең жолдарын, əсіресе Гримур мен Андри сияқты алып күш иелері туралы
шумақтарды міңгірлеп айта берді, айта берді. Ол өзін зұлым алып
Гримурмен ұзақ арпалысып келе жатқандай сезінді: трольгамалық бұл
жексұрын жын-перімен баяғыдан бері үйреніскен жауы секілді əрдайым
шайқасқа шығып жүргендей көрінетін еді оған. Бірақ тап бүгінгі шайқас
шешуші шайқас болмақ. Ол Гримурдың жүрек айнытар жексұрын өмір
жолын, оны сəуегей балгер Грауа су жағасында жолықтырған кезінен
бастап ойша шолып шықты. Ашу-ыза кернеп, сұп-сұр болып кеткен ол
əлдебір зұлымдықпен қастық ойлайды. Бьяртур оның, кек кернеген зұлым
сиқыршының, бұл əрекетін скальдтың өлең жолдарымен суреттеді. Əне,
оны жер жұтып, белуарына дейін батып барады. Жан даусын шығара айқай
салады, аузынан жалын лаулайды. Ешқандай адамның оны жеңіп шығуы
мүмкін емес сияқты еді.
Бір құбыжық түн жамылып,
Жүрді жолдың бойында.
"Адам етін қорек етсем,
Қызыл қанын сімірсем,
Жіліктерін мүжісем!"
Деген арам ниеті бар ойында.
Тау сілкініп, теңіз тулап,
Астан-кестен болсын мейлі дүние,
Оны елейтін құбыжықтың түрі жоқ:
Тамашалап, риза боп қуанбақ ол
Ыза буып, ашу қысқан
Сайтандардың биіне!
Бьяртурдың бұл сайтанға деген бір мысқал да аяушылығы жоқ еді. Ол
əр шұқанаққа құлаған сайын өршелене түсті, тіпті де берілмеді - еселенген
күш-қуатпен қайта-қайта өрмелеп шығып, ілгері жүре берді, жүре берді.
Қиналған кезде тістене түсті, аузынан от-жалын шашқан Гримурды үстіүстіне тілдеп, балағаттаумен болды. Ол өзін Гримурды қашан тозақтың ең
алыс азапты түкпіріне қуып тыққанша, сөйтіп оны семсерін сүңгіте
тілгіленгенше, жер мен теңіздің казіргі астан-кестен қозғалысы сияқты
ақырғы демі біткенше қалтырап-дірілдеп, жан тəсілім еткенінше тыным
таппауға бейне бір бекем бел буғандай сезінді.
Бьяртур Гримурдың сазайын тартқызып, тозаққа қуып тықтым-ау
ақыры деген əсерден арыла алмай, оны қайта-қайта көз алдына елестете
берді. Оны ақынның мəңгі өлмейтін өлең жолдарымен күшейте түсті.
Алайда жəне бір асудан асқанда қарсы алдынан ұйтқып соққан қарлы боран
Бьяртурдың көзін аштырмады, аяғын да ілгері бастырмады. Онда ұзыннан
өші, қысқадан кегі бардай-ақ құлағына ышқына уілдеумен болды - шамасы
келсе, құлатып түсірмек. Аласапыран айқас үздіксіз жалғаса берді. Бьяртур
жер мен көкті сілкіндірген жан түршіктірерлік керемет дүлей күштің
құбыжық иесімен жекпе-жекке түскендей:
Басын шайқап, тісін қайрап,
Құтырынды құбыжық.
Тастар ұлып, би биледі сайтандар,
Мың құбылтып, қисаңдатып бет-аузын,
Азан-қазан, айқай да шу –
Қарап тұрсаң бір қызық!
Бұл жолы Бьяртурдың көз алдынан Андридің Гарекпен шайқасы өтіп
жатты:
...Аузын ашып, ақситады тістерін
Ақ көбігі шашырайды жан-жаққа
Аттың басын қоя беріп Андри
Қуып жүріп ұстап алмақ Гаректі.
Құйын ұйтқып, алаулайды от-жалын,
Ысқырады, ызылдайды айнала.
Таңдамайды адам ба, əлде басқа ма,
Болат семсер соғылады тасқа да.
Əне, Гарек сілтеді сом семсерін –
Тіліп түсті ол Андридің сауытын.
Қан майданда кім елейді ондайды,
Андри де ұмтылды алға долдана.
Дүлей күшпен сермеді ол да қаруын –
Жауын жеңіп, кек алмаса бола ма?!
Кескілескен шайқас суреттері осылай одан əрі жалғаса береді, жалғаса
береді.
Жоқ, жоқ, мұндай зұлым жын-перілердің лайықты қатаң жазасын
тартқызбай болмайды. Гаректің немесе Жаяу батыр Хрольвтің, тіпті
Бернауттың шешуші шайқастарда жеңіліс тапқанын естіген жан бар ма,
сірə? Жоқ! Тап сол сияқты Жазғы мекеннің иесі Бьяртур қаншама сүрініпжығылып, шұқанаққа құлап шыққанымен де табиғаттың зұлым күшіне
қарсы тұра алмапты деген сөзді ешкімнің естімеуі де, айтпауы да керек!
"Қарлы боран қаншалықты құтырына қатты соққанымен жеңілмеймін, ең
ақырғы демім қалғанша қарсыласып бағамын!" Ақырында ол аз-кем кідірді
де арқасын кəдімгі үйдің қабырғасына сүйегендей етіп, желге қарсы тосты.
Бірақ жел де, бүл да бірін-бірі тұрған орындарынан қозғалта алған жоқ.
Енді Бьяртур қарға көміліп жата қалуды, сөйтіп тынығып алуды ұйғарды.
Ол үшін терең шатқалдың ішінен өзіне қолайлы ық жерді іздей бастады.
Күртік қардың астынан қос қолдап үңгір қазды да оған еңкейіп кірді, содан
соң сыртқы тесікті қармен бітеп алуға кірісті. Алайда қар онша тығыз емес
еді, құлап түсе берді. Ал Бьяртурдың қолында өзге ешқандай құралы
болған жоқ. Жарытымсыз нашар баспана тұрғызған болып еді, бəрібір
қайта-қайта құлаумен болды. Бьяртурдың күртік қардың астында ұзақ
уақыт қалуы да қауіпті еді - денесіне суық өтіп, аяқ-қолы сіресіп, жан
кеткендей ұйи түсті. Тұла бойы тоңазып, қатып қалғандай болды. Ең
жаманы сол - ұйқы қыса бастады. Ал мынадай қарлы боранда ұйқы-дұшпан
ажал құшағына оп-оңай енгізеді. Бəрінен де бұрын жып-жылы əрі тыптыныш сияқты жалған үміт əлемінің алдап-арбап қызықтырғанына бой
алдырмауы керек. Бьяртур ондай əзəзіл əрекетке беріліп, қар үстінде
ұйықтап қалмауы үшін əдетте бала кезінен жатталып, есінде қалып қойған
қайдағы бір бейауыз, былапыт өлеңдерді бар даусымен айқайлап оқитын
еді. Бірақ қазіргі жағдайда өлең айтуға мұршасы келмеді, даусы шықпай
қала берді. Оның үстіне, ұйқы-дұшпан барған сайын қыса түсіп, сезімі мен
санасын əлдебір бұлыңғыр үмітпен шырмап, тұмшалай берді. Бьяртурдың
өзі көріп-білген адамдардың немесе ежелгі дастандардан оқыған
кейіпкерлердің бейнелері көз алдынан ойша елес беріп, тізіліп өтіп жатты:
үлкен табаққа салынып, буы бұрқырап тұрған жылқы еті келді, қой қорада
у-шу маңыраған қойлары көрінгендей болды. Енді бірде оның алдында
сауыт-сайманын киген Берноут батыр тұрды, пастордың жібек шұлық
киген жеңілтек қыздары ұшқалақтана көлбеңдеді. Ақырында ол өзінің өзге
бір адамға - Ульвар Балуанның бауыры менмен Гримурға айналып шыға
келгенін байқамай да қалды. Ағайынды ол екеуінің əкесі король еді, ол
қартайып, қаусаған шағында жап-жас ханымға үйленген болатын. Төсек
қызығын көре алмай, түні бойы іші пыса зерігіп, жабырқана жалыққан жас
əйелге тіпті қиын еді. Бір күні оның назары өзінің сымбатты сұлу
тұлғасымен де, күш-қайратымен де, ерлігімен де елдегі еркек атаулының
бəрінен де асып түсетін менмен Гримурға, корольдың үлкен ұлына түскен
еді. Жас ханымның ғажайып жас жігітке деген ынтызар ықыласы мен
махаббаты күшейе түсіп, күндіз күлкісін қашырды. Төзімі таусылған ол
ақырында бір күні түнде Гримурдың жатын бөлмесіне өзі баруға тəуекел
етті. Гримурдың əкесі, қаусаған карт король туралы зілді де күлкілі
кескінмен ғашығына былай деді:
Оның маған корольдігі не керек!
Король мені мазақ етті, қорлады.
Қаусаған шал, қауқары жоқ бойында –
Ұзақ таңға от-жалын боп жанды тəнім,
Дөңбекшідім, күттім талай ынтыға.
Гримурға өгей шешесінің бүл қылығы тіпті ұнаған жоқ. Ал ұяттан
жұрдай мына сөздері арына тиді. Ол енді өгей шешесін ақылға келіп, арам
ниетінен қайтару үшін көп əрекет етті.
"Орынымнан қозғалуым киын!" деп,
Жатады, тек түні бойы - тірі елік.
"Сен зарыға күткен мынау сыйың" деп,
Құмарымды қандыратын түрі жоқ.
Үмітімді үздім мүлде əкеңнен, Онда əлгіндей əрекеттің бірі жоқ!
Менмен Гримур асып-сасып есін жиямын дегенше мынадай оқиға
болып үлгерді:
Құмарын бір қандыруға ынтыққан,
Есі шыққан əйел сонда шыдамай,
Ар-ұятты жиып қойып біржола,
Кіріп барды төсектегі өгей ұлдың қойнына.
Көрген кім бар бұрын-соңды өмірде
Шектен шыққан зор сұмдықты, масқараны мынадай?!
Енді Менмен Гримурдың төзімі таусылды, өгей шешесінің өрескел
масқара ниетіне қалай да жол бермеу керек екенін жете түсінді. Сөйтті де
атып тұрып, қасиетсіз ханымды барынша ашу-ызамен көкірегінен кері
итеріп жіберді:
Король ұлын ашу қысты ызалы,
Шапалақпен екі тартты аямай –
Өгей шеше қылығына төзбеді,
Ол аздай-ақ көкірегінен бір тепті.
Шалқасынан құлады ол еденге,
Жорта жылап көрсетті көп көз жасын
"Сен бұзылған зинақорсың!" дегенге.
Король ұлы айқай салды күйініп:
"Жоғал əрмен! Көрсетпе енді қараңды!..
Қуу керек адам емес, айуанды, арамды!.."
- Сайтан алсын сені! - деп айқай салды Бьяртур. Енді ол күртік қардың
ортасында тікесінен тік тұрып, ойы бұзық ханымды, оның барлық арам
ниетті айла-шарғысына қарамай, кеудесінен өзі кері итеріп тастағандай
сезінді. Дастандардың кейіпкерлері бұзылған əйелдің ырқына көніп,
зинақорлыққа салынғанын құлағы естіп, көзі көрген кім бар? Өйткені
ондай жағдай шешуші шайқастар кезінде əдетте қорқақтардың ырду-дырду
қуанышына айналумен аяқталады ғой. Ондай сабаздардың бəрі де əдемі
əйелдердің құшағына енгенде өздерін ең мықты батырлар ретінде сезінеді,
ал кескілескен қанды шайқастар кезінде нағыз қоян жүрек қорқақтардың
өздері екенін көрсетіп шыға келеді. Жазғы мекеннің иесі Бьяртурдың
кескілескен қиын-қыстау шайқастың қызған кезінде ту сыртын өзінің
өліспей беріспейтін дұшпанына қарсы тосып, əлде бір ханымның
қылығына қызықпай, қайсарлық танытқанын ешкімнің де ести алмайтыны
əбден өкінішті-ақ. Бьяртурдың ызасы келді. Ол күртік қардың ортасында
бар күш-жігерімен жанталаса тырбанып, үсті-басын екі қолымен ұрғылай
берді. Тұла бойы рақат тыныштыққа бөленуге, жауға беріліп, қолындағы
қаруын тастауға қызықтыра арбап тұрған маужыраған қатерлі зұлым
сезімнен арылғанша тыным тапқан жоқ.
Бьяртур бір мезгіл денесін жылытып алу үшін ілгері жүруің жалғастыра
берді. Ақырында мұз болып қатып қалған қан аралас шұжықтың бір бөлігін
қойнына тығып жылытпақ болды. Қойнында алақанымен жұдырығын қыса
ұстап, əзер жылытқан оны қатыгез қысқы түннің қараңғы құшағында
қармен тұздықтағандай етіп, шетінен кеміріп жеуге кірісті.
Бүл өзі шексіз ұзақ түн болды. Бьяртур бір түннің ішінде тап бүгінгідей
мұншалық көп өлеңді өте сирек оқитын. Бүгін ол өз əкесінің бүкіл
өлеңдерін, ежелгі барлық көне дастандарды ойша оқып шықты.
Өзіне белгілі барлық өлеңдерді, басынан аяғына қарай, аяғынан басына
қарай жатқа оқып шығуға болатын, соншалықты шеберлікпен жазылған өз
өлеңдерін де қырық сегіз түрлі мақамға салып оқыды. Неше түрлі былапыт,
əдепсіз шумақтарды да ұмыт қалдырған жоқ. Бір кезде марқұм шешесі
үйреткен бір псаломды да оқып жіберді. Осы өлкедегі старосталар,
көпестер мен судьялар туралы ел арасына ежелден кең тараған əзіл өлеңдер
де назардан тыс қалмады. Ол күртік қардан оқтын-оқтын тысқа шығып,
қашан алқынып, тыныс алуы қиындағанша кеудесі мен екі иығын қос
қолдап сабалаумен болды.
Оның үсіп кетемін бе деп қорыққаны сонша, енді күртік қардағы
үңгірден кетуге тəуекел етті. Шамасы, таң атуға жақын қалған болуы керек.
Бір күн бойы қардың астында жату, талғажау ететін тамақ та ішпей, адам
тұратын баспанадан алыста болу тіпті оңайға түскен жоқ. Ол тағы да жолға
шықты. Алғашқыда ол басын тік көтеріп, кеудесін желге қарсы тосып,
қаттырақ адымдап еді, шатқалдан көтеріліп, бір асудан асқаннан кейін
əбден қалжырады, аяғын басып жүруден қалды. Амал жоқ, төрт аяқтап
еңбектеуге көшті. Тасты беткейлерде аяғы тайып кетіп, тас қияға сырғанап,
шатқалға, оның жыралы жерлеріне талай рет құлады. Қолындағы қолғабы
да түсіп қалыпты. Енді сірескен саусақтары ашып, икемге келмей, жаны
кете бастады.
Келесі күні Йекуль аңғарындағы ең таяу хутор Брунның тұрғындары
тəтті ұйқының құшағында жатқанда, қарлы боран бұрынғысынан бетер
құтырына бір тəулік бойы соқты. Сонда да болса хутордағы ұйқысы сергек
əйел терезе сыртынан естілген əлдебір жұмбақ дыбыстан біреудің алқына
ентіккен тынысы мен қатты қағылған есік тарсылынан оянып кеткен еді.
Əйел жалма-жан күйеуін оятты. Олар есік қағып тұрған қандай жан болды
екен деп таң қалысты. Мынадай қақаған карлы боранда бір қияндағы алыс
хуторға қонақ келе қояды деп күту - ақылға қонбайтын нəрсе. Сонда бүл
адам ба екен, əлде жын-пері мен екен? Үй иелері үстіне жылы киімдерін
жамылып, қолдарына шам ұстап, есікке таянды. Сөйтіп сыртқы есікті
ашқан кезде күртік қардың үстіне, бұлардың аяғының астына бір адам
құлап түсті. Рас, оны адам деп тану да қиын еді. Мұз құрсауға тұмшаланған
ол соқталанған қар сияқты ішке қарай аунады. Беті-жүзін мұз
қабыршақтары тұтасымен жауып алыпты. Үсті-басы қардан көрінбейді. Ол
қос тізерлеп отырып, арқасын қабырғаға сүйеп еді, əлсіз мойны былқ-сылқ
етіп, басы кеудесіне құлап түсті. Мұны біржола өлтіріп тынудан үмітін
үзген əлдебір зұлым күштің құбыжық иесі осы есікке əдейі айдап əкеп
тыққандай. Шамның əлсіз жарығы қонақтың бетіне түсті. Ол тынысын
зорға алды, кеудесінен қарлыққан сырыл ғана естіледі. Бейшараның
жөтеліп, түшкіргісі келеді, бірақ мұршасы жоқ. Үй иесі оның кім екенін,
қайдан жүргенін сұрады. Əлгі адам кеудесін көтеруге тырысты да өзінің
Жазғы мекеннің иесі екенін айтты. Осы кезде үй иесінің баласы да
ұйқысынан оянған еді. Олар əкелі-балалы екеуі қонақты ішкі бөлмеге
сүйемелдеп алып бармақ болды. Бірақ ол ондай көмектен бас тартты.
- Мен өзім жүріп бара аламын, - деді ол.
Бьяртур үй иесі ұлының кереуетіне кесе-көлденең түсіп жатты.
Алғашқыда сұрақтарға жөнді жауап қайтара алмады, мас адам сияқты тілі
бұралып, əлдебір нəрселерді зорға дегенде міңгірледі. Мөңірер алдында
демін ішіне тартып, ырс-ырс ететін өгіз сияқтанып, ауыр тыныс алып
жатты. Бір кезде оған тіл бітті.
- Менің сұйық бір нəрсе ішкім келеді, - деді ол
Үй иесі əйел оған бір тостаған жылы сүт берді. Шамасы, бір жарым
литрдей болар. Бьяртур оны бірден сіміріп салды. Тостағанды иесіне
қайтарып беріп жатып:
- Сізге үлкен рахмет, шешей! - деді Бьяртур.
Ол мосқал жастағы əйел екен. Қолына шам ұстасы да, бұған сүт
ұсынуы да - бəрі-бəрі де мұның өз шешесіне өте-мөте ұқсайды екен. Ол
мұның сақал-мұрты мен қасы-қабағындағы мұзды жылы алақанымен сипап
тазартты, сіресіп қатып қалған киімдерін қос қолдап тартып шешіндірді,
үсіген жерлерін мұқият іздестірді, қолы мен аяғының саусақтарында мүлде
жан жоқ сияқты, еш нəрсені сезбейді. Ал үсік шалған терісі оттай ыстық
екен. Алайда, оншалықты қауіпті ешнəрсе жоқ сияқты. Тұла бойын
құрсаған қабыршақ мұз еріген соң ол осы үйдің баласының жылы төсегіне
жалаңаш шешініп жатты да, басын құс мамықпен жауып, тұмшалап алды.
Ол мұндай рақат төсекті ілуде бір рет қана көре алатын еді. Əйел қонаққа
ас əзірлеу үшін шығып кеткен кезде əкелі-балалы екеуі қонаққа таяу келіп
отырды. Одан асып-сасып абыржыған түрмен көз алмады - мынадай кісі
таң қаларлық құбылысқа сенерін де, сенбесін де білмеді. Тіпті не деп айтар
соз таппады. Ақырында қонақтың өзі тіл қатты. Ол құс мамықтың астында
жатып, қарлыққан дауыспен былай деп сұрады:
- Сіздер қойларыңызды жайылымнан жинап алдыңыздар ма?
Үй иелері қойлардың əлдеқашан қорада ұсталып келе жатқанын
айтты. Одан адам өміріне қауіпті мынадай қақаған қарлы боранда бұл
жаққа, мына йен далаға, қалай келіп қалғанын сұрады:
- Адам өміріне қауіпті дедіңіз бе? - деп мазасыздана сұрады Бьяртур. Онда тұрған не бар тəйірі! Мен қашан да болсын ең басты, ең маңызды
мəселе қойлар шығар деп ойлаймын.
Олар енді Бьяртурға үстін-үстін сұрақ қоюмен болды.
- Сіздер білесіздер ме, мен мына йен далаға өзім үшін рақат сезіміне
бөленуді мақсат тұтып, жоғалған бір тоқтымды іздеп шыққанмын. Сөйтіп
жүріп асудан асып түскенімді де сезбей қалыппын.
Ол аз ғана үнсіздіктен соң сөзін қайта жалғады:
- Бүгінгі боран қандай қатты болды десеңізші!
- Бүгін ғана емес, кешегі түнде де содан кем болған жоқ, - деді үй
иелері. - Ауа райына дауа жоқ. Нағыз күшті дауыл
- Иə, - деп келісті Бьяртур. - Өткен түнде де жел құтырына қатты соқты.
Үй иелері Бьяртурдың сол сұрапыл боранда қайда қонып шыққанын
сұрады.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 11
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.