Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 37

Total number of words is 4145
Total number of unique words is 2168
35.4 of words are in the 2000 most common words
49.5 of words are in the 5000 most common words
56.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Францияда ежелден бар орасан зор ғажайып шіркеу қирап қалыпты. Ал ол
шіркеу жүз жылдан астам уақыт бойы мызғымай тұрған болатын.
- Маған салса, Франциядағы шіркеуді қалай қиратса, олай қиратсын.
Маған бəрібір, -деп, жеркенішті күлкімен мырс ете қалды Бьяртур. - Егер
сол даңғой есерсоқтар біздің Редсмиридегі шіркеуді де қиратып кетсе де
көңілім баяғыдай болып, ешқандай реніш білдірмес едім.
- Иə, олар, өкінішке орай, тек шіркеулерді ғана емес, тұтас қалаларды да
жермен-жексен етіп жатқан көрінеді. Парижде де, Лондонда да, тамаша
сарайлар мен кітапханаларды былай қойғанда, қыруар қазына - көптеген
алтын, қымбат бағалы асыл тастар жойылып кетіпті деседі.
- Мейлі, ол алтындар да, қымбат бағалы асыл тастар да менікі емес, деді Бьяртур. -Сəнді сарайлар да солай, бөтен біреулердікі. Ал
кітапханаларға келетін болсақ, біздің приходтың кітапханасын он жылдан
бері құрт-құмырсқа жайлап, қабырғалары көгеріп, зəктеніп кеткен.
Ешқандай соғыссыз-ақ қирағалы тұр.
- Ал қаланы атқылау кезінде быт-шыты шыға қирап жатқан қымбат
бағалы тамаша мүсіндер туралы не айтар едің?
- Мүсіндер? Ол не қылған сайтан алғыр нəрселер? Өзің сол мүсіндерді
əйтеуір бір кезде өз көзімен көргендей болып, не соғып отырсың?!
Осы кезде Тау королі еріксіз үндей алмай қалды. Өйткені ол шынында
да нағыз мүсін дегеннің не екенін көрген емес еді. Ол ғана емес, осында
отырғандардың ешқайсысының да мүсін жөнінде түсінігі жоқ болатын Рас,
Редсмиридегі фрудың бір кезде мүсін дегеннің не екені туралы айтып
бергені бар. Сондай-ақ
Гилтейгалық Тоурирдің қызы осыдан көп жыл бұрын кішкентай ғана
фарфор күшік сатып əкелген.
Міне, сол фарфор туралы...
Мен сондай ескі-құсқы қоқыр-соқырды қиратып тастағанда тұрған
ешнəрсе де жоқ деп санаймын, - деді Бьяртур. - Шынында да солардың не
керегі бар осы? Халықты ақымақ етіп, ызасын келтіргеннен өзге еш
пайдасы жоқ. Қазір қарапайым тостағандармен немесе эмальды сапты
аяқтармен кофе ішкендерді мүсіркеудің не қажеті бар? Мысалы, менің өз
басым өмір бойы осындай ыдысты пайдаланып келемін, одан кеміп қалған
еш жерім жоқ.
- Ал, меніңше, - деді гилтейгалық Тоурир, - олардың бəрінің де соғысып
жатқан ең бірінші себебі мінез-құлқы бұзылған арам ниетті адамдардың
қайткен күнде де шетелдерге басып кіріп, ондағы əйелдерді зорлау болып
табылады. Менің шетелде болған бір адамның өз аузынан естуім бойынша,
жер бетіндегі ең оңбаған жексұрын жандар əйелдердің соңынан қалмай
жүгіре беретін солдаттар мен генералдар көрінеді. Ондай оңбаған шетелдік
солдаттар мен генералдар туралы толып жатқан əңгімелерден əбден
құлағым сасыды. Тіпті айтуға аузым бармайды. Айтсаң, Исландиядағы
бірде-бір адам сенбейді. Менің өзімнің үш қызым бар. Мен олар туралы еш
нəрсе айтпаймын. Бірақ біздің елімізге əлдебір француздардың немесе
немістердің келмегені үшін соңғы кезде Құдайға мың мəртебе шүкіршілік
етемін. Өйткені солдаттар мен алуан түрлі генералдар күнəдан пəк
қыздарымыздың бастарын айналдыруы əбден мүмкін еді ғой.
- Жарайды, əйелдер туралы айта берудің қажеті қанша? - деді Бьяртур. Олар соғыссыз да өз ойларына келгенін істей алады. Мен əйелдердің
жағдайын жақсы білемін ғой. Олардың басым көпшілігі ойнап-күліп, көңіл
көтеруді жек көрмейді. Рас, əйелдердің бұл қылығы ешкімге де ұнамайды,
бірақ оларға бəрібір тыйым сала алмайсың.
Гилтейгалық Тоурир қарсы пікір білдірді, Бьяртурдың тым қатты əрі
дөрекі айтқанына тоқталды. Байғұс қыздар-ай! Ол өзінің қыздары туралы
ойға шомды. Бірақ, қалай дегенде де шындықтан қашып құтыла алмайсың.
Егер қыздар зұлымдық пен зорлыққа батыл қарсы тұра алар болса, мұның
өзі олардың өздері үшін қандай жақсы болар еді!
- Мен зұлымдық пен зорлықтың арасында əлдебір айырмашылық бар
деп білмеймін. Өйткені ол екеуінің де көздейтін мақсаты бір, - деді
Бьяртур.
Эйнар бұл əңгімеге араласпады. Өйткені оның əйелі мен жалғыз қызы
өкпе ауруынан қайтыс болған еді. Сондықтан да оның отбасындағы
зұлымдық пен зорлық туралы сөз ету мүмкін емес болатын.
- Бірақ, - деді ол өзінің үйреншікті əдетіне басып, - мен Тау королінің
пікіріне қосыламын. Егер бір көзімізбен соғыстың мақсат-мұратына, ал
екінші көзімізбен қырылып жатқан адамдар мен жаралы болған
мүгедектерге қарайтын болсақ, онда не айта алар едік? Бір-ақ нəрсе айта
алар едік: қайдағы бір мақсат-мұрат туралы армандағаннан гөрі
адамдардың өмірін аман сақтап қалу туралы ойлаған артық дер едік. Егер
əлгіндей мақсат-мұрат жер бетіндегі жасайтын адамдардың өмірі мен əлауқат жағдайын жақсартуды көздемей, оларды миллиондап қыра беруді
көздейтін болса, ондай мақсат-мұраттың кімге керегі бар?! Өйткені мақсатмұрат дегеніміз өмір болмаса, ал өмір дегеніміз мақсат-мұрат болмаса, онда
мақсат-мұратта қандай мəн-мағына қалмақ? Сонда өмір дегеніміздің өзі не
болмақ?
- Егер олар əлдебір мақсат-мұратты көздеп, жанталаса беретін болса,
онда өз обалдары өздеріне, - деді Бьяртур. - Соғыстың болғанын тілеген
адамның ажалды өзі іздеп бара беруіне болады. Егер ондай есуас жынперілерге барып тұрған ақымақтық салдарынан əлдебір мақсат-мұрат
жолында бірін-бірі қыра беру қатты ұнайтын болса, онда мен үшін бəрібір.
Менің қалай дегенде де ол үшін күйіп-пісетін жағдайым жоқ. Бəрін де
сайтан алсың түге! Тағы да қайталап айтамын: олар бір-бірімен барынша
ұзақ соғыса берсін. Біз үшін ет пен жүннің бағасы арта түскені жақсы!
- Ал соғыса-соғыса ақыр аяғында ешкім қалмаса, не болады? - деп сөзге
араласты Круси.
- Онда біз, жігіттер, кеме жасақтап мінеміз де теңіз арқылы оңтүстіктегі
елдерге барамыз, - деді Бьяртур. - Ондағы жайылымдардың жағдайымен
танысамыз. Содан соң оңтүстікте қойды қалай көптеп өсіруге болатынын
ойластыра бастаймыз. Ал мен гилтейгалық Тоурирдің немерелері
Лондонның қарғыс атқан фарфорлары мен мүсіндері тас-талқан болып
қирап жатқан үйінділері арасынан сап-сары бақбақ гүлдерін теріп жүргенін
көріп, қуанғанымнан рақаттана күлер едім. Кім біледі, мен арғы
жағалаудағы Париж жермен-жексен болған орында мəуелі бақ өсіретін
шығармын! Ха-ха-ха!
- Мен бұл жерде Эйнардың айтқан сөзіне қосылуға тиістімін, - деді Тау
королі. - Өйткені сен, қымбатты Бьяртур, тым асыра сілтеп бара жатырсың.
Соғыс деген тек ақымақтық салдарынан ғана болмайды. Қалай дегенде де
біз, мына сені мен олай деп, жеңіл-желпі ұшқары пікір айта салмауымыз
керек. Рас, осы соғыстың арқасында бізде молшылық, береке-ырыс пайда
болды. Күн сайын дерлік байып келеміз. Бірақ, екінші жағынан алып
қарасақ, Эйнар да белден басыңқырап жіберді. Соғыс бар жерде мақсатмұрат бар дейді. Естеріңде болсын, мен бұл сөзімді приход кеңесінің
мүшесі ретінде айтып отырған жоқпын. Құдайға шүкір, бұл соғыстың
біздің приходқа тікелей қатысы жоқ қой. Бірақ тікелей өз атымнан айтар
болсам, соғыстың аты соғыс. Ал соғыс дегеніміз не? Ол бей-берекет ала
ауыздық, болмашы түсініксіздіктен өзара келіспей қалушылық. Менің
түсінігімше, ең басты күрес Франция жəне Германия деп аталатын елдердің
арасында жүріп жатса керек. Дегенмен бұл соғысқа Англия да белсене
араласуда көрінеді. Оның əсіресе теңіздегі соғыста атқаратын рөлі күшті
деседі. Англияның тамаша əскери кемелерінің есебі жоқ көп екен Егер
əлдебір өзге пайдалы нəрсеге жұмсалатын болса, ондай кемелер кез келген
халықтың мақтаныш етуіне əбден лайық. Соғыс басталған жылы көп
ұзамай, жаздыгүні менің бірде Фьордтағы уездік дəрігерге бара қалғаным
бар. Мен онда едəуір ұзақ отырып, кофе іштім. Барған жұмысым ауру
малды емдеу үшін дəрі-дəрмек ала кету еді. Сөйтіп отырғанымызда соғыс
туралы əңгімеге кірісіп кеттік. Ол шетелде шыққан бір ғажап кітапты алды
да маған ондағы суреттерді көрсете бастады. Сөйтіп мен Франция мен
Германияны өз алақанымдағыдай айқын көрсем болар ма! Мен ол
суреттерді тігінен де, кесе-көлденеңінен де бірнеше рет аударыстыра көріп
шықтым, бір-бірімен мұқият салыстырып қарадым. Сонда не байқадың
дейсіңдер ғой? Байқағаным -Франция мен Германия дегендеріңнің бірбірінен ешқандай айырмашылығы жоқ екен. Шын мəнінде ол екеуін бір ел
десе де болады. Араларында фьордтар түгілі, жіп-жіңішке бұғаз да жоқ,
тұтасып жатыр. Қай жағына қарасаң да көретінің - қаптаған ормандар,
таулар, далалар мен қалалар. Табиғаты да бірдей - тым болмаса титімдей
айырмасы болсайшы шіркіннің! Ал суреттегі адамдардың түрі-түсіне
келетін болсақ, өзге адамдармен салыстырғанда мен оларды тіпті ақымақ
емес, тіпті де зұлым ниетті емес деп батыл мəлімдей аламын.
Германиядағы адамдар да Франциядағы адамдардан тіпті де ақымақ сияқты
көрінбейді. Өзіміз көріп жүрген кəдімгі адамдардан айырмашылығы жоқ.
Суреттеріне қарап отырсаң, немістер шаштарын қысқа алдырады екен. Ал
француздардың көпшілігі ежелгі ескі сəнді ұнататын көрінеді. Кəдімгі
біздің поселкенің адамдары сияқты сақал қоятын болып шықты. Басқалар
сақал қойып жүрсе де кейбіреулерінің иегі тап-тақыр, жап-жалаңаш.
Шындығын айтатын болсам, маған немістер де, француздар да өзіміздің
поселкеміздегі адамдар сияқты барынша адал əрі жақсы жандар болып
көрінді. Міне, сондықтан да мен былай деп ойлаймын - егер қажет болса,
мен мұны тинге мəжілісінде де ашық мəлімдей аламын, - осы екі халықтың
арасындағы
жанжалды
ала
ауыздық
қайдағы
бір
болмашы
түсініспеушіліктен туындаған болуы керек. Олардың əрқайсысы өздерін
бір-бірінен артықпыз деп ойлайды. Ал, шындығына келгенде, олардың
шаш алдыруы мен сақал қоюындағыдан өзге айырмашылығы жоқ.
Олардың əрқайсысы өздерінің елін, неге екені белгісіз, екіншісінің елінен
артық деп санайды. Ал байқап тұрсаң, Германия мен Франция - бір-бірінен
ешқандай айырмашылығы да, артықшылығы да жоқ біртүтас ел Ақыл-есі
бүтін адамның ол екеуінен айырмашылық таба қоюы тіпті де мүмкін емес.
Төбелесіп жатқан екі адамның қайсысын қолдау керек екенін айыру қашан
да өте қиын. Ондайда ең дұрысы - екі жағын да "Сенікі дұрыс!" деп, мақтап
қою. Ал жеке өзімнің не ойлайтыныма келетін болсақ, олардың
қайсысының жеңіп шығатын кезін барынша төзімділікпен күте тұрамын.
Қайсысы жеңсе, сонысы жеңсін - маған бəрібір. Ертелі-кеш əйтеуір
біреуінің жеңетіні белгілі деген үмітпен күте беремін. Сондай жеңіс болған
кезде осы екі ел бір-бірімен қосылып, бір елге айналады деген үмітімді
үзбеймін. Өйткені шын мəнінде олар бір ел ғой. Сонда олардың арасында
бұдан былай ешқандай ала ауыздық та, ешқандай түсініспеушілік те бола
қоймайды. Олар біз екі елміз деп өзеурегенін ұмытатын болады.
АЛПЫС БІРІНШІ ТАРАУ
СЕНІМ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Ел мен халықты байыта түскен дүниежүзілік соғыс одан əрі жалғаса
берді. Көптеген адамдар - əсіресе аңғал да қайырымды жандар - оны
Құдайдың рақымы түсіп жіберіле салған ырыс-береке деп білді. Соғыс төрт
жылға созылды. Созылған сайын бүкіл халықтың ризашылығын күшейте
түсті. Барлық қайырымды жандар бұл соғыстың ғасыр аяқталғанша
тоқтамай, жалғаса беруін тіледі. Шетелдерде Исландия тауарларына деген
сұраныс күшейіп, оның бағасы қымбаттай берді. Үлкен құрылықтағы
мемлекеттер ол тауарларды өздеріне көптеп алып кету үшін бəсекеге түсіп,
өзара күресумен болды. Бұрын исландиялықтардың аштық пен құлдық
құрсауынан қысым көріп, көпестер мен əртүрлі қырсық атаулыдан азап
шеккендеріне мейлінше немқұрайды қарап келген, ал қазіргі өте қабілетті,
бірақ исландиялықтар үшін түсініксіз жұмбақ қалпында қалып келе жатқан
есуас даңғой жауынгер-сымақтар бұлардың қолдарындағы тауарларын
таласып-тармаса жұлып алу арқылы елдің байлығын көбейтіп, құтберекесін кіргізе берді. Көптеген исландиялықтар бұрын өздері əзер
дегенде жалға алып келген жерлерін енді өз меншіктеріне сатып ала
бастады. Өйткені жердің шын мəніндегі бірден-бір құнды қазына екенін
түсінді. Соғысқа дейін жер ала алмай, жанталаса күш-жігер жұмсап
келгендер енді сатып алған жерлеріне үй-жай салуға кірісті. Бұрынғы
қарыздарынан құтыла алмағандар қарызға одан сайын белшелерінен батты.
Ал ешкімге ешқандай қарызы жоқтарды песис беретін мекемелер
құшақтарын жая, жылы шыраймен қуана қарсы алатын болды. Адамдар
бұрынғысына қарағанда егінді көбірек салумен айналысты, қолдарындағы
мал басын арттыра түсті, тіпті балаларын мектепке жібере бастады. Кейбір
шаруалардың үй-жайларында үлкенді-кішілі фарфор күшіктер, саз
аспаптары, тіпті күйсандықтар пайда болды. Əйелдер саусақтарына қосқостан металл сақиналар салатынды шығарды. Олардың көпшілігі сəнді
сырт киімдер мен əдемі етіктер сатып алды. Ал бұрын қатардағы еңбек
адамдары мұның ешқайсысына да қол жеткізіп көрген емес еді. Үкімет
халықты қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз етудің кең көлемді
бағдарламасын белгіледі. Альтингке Ингольв Арнарсон Иоунссон сияқты
жұртқа жаны ашитын жігерлі адамдарды сайлаған поселкелерде жолдар
мен көпірлер салына бастады. Фьордтан үлкен аңғар арқылы Жазғы
мекенді жанай өтіп, Утиредсмиридің өзіне дейін созылатын тас жол
салынды. Ол жолмен өздігінен жүретін, көз ілеспес жылдамдықпен
былайғы жұрттың үрейін ұшыра заулап өте шығатын алғашқы арбалар да
пайда болды. Жұрттың жапа-тармағай байлыққа ұмтылуы, бүкіл елдегі
тарыдай шашылып жатқан үй-жайлар мен поселкелерге жаңбырдай жауған
ақшаның көптігі кейбіреулерді ақылға салып, дұрыс ойлау қабілетінен
айырды. Жердің бағасы шектен тыс шарықтап кеткенін жоққа шығаруға
болмайтын еді. Жанталаса жарысып, құрылыс салуға құныға түсудің де
шектен шығып кетуі жиі кездесті. Мектептегі балаларды жеделдете
оқытып, əйтеуір бір мамандық түрлерін неғұрлым тезірек үйреніп шығуына
баса көңіл бөлінді. Болып жатқан өзгерістерге аздаған адамдар ғана
байсалды байыппен қарап, өмір сүрудің қалыптасқан түрін өзгертуге
асыққан жоқ - фарфор күшіктер сатып алуға қызықпады, балаларды
оқытуға ақша төлеуге бармады, мал басын бірте-бірте баяу өсіруге
тырысты, өздерінің жеке шаруашылығын шамаларына қарай жүргізді,
неғұрлым жоғары да биік мақсатқа асықпай жетуді көздеді. Ондай
адамдардың қатарында Жазғы мекен иесі Бьяртур да бар еді. Ол сəнсалтанат пен асып-төгіліп жататын молшылыққа əлі де болса қызыға
қойған жоқ. Алдағы кезде мал сатып алу жəне батырақ жұмысшылар
жалдау үшін бірте-бірте ақша жинай берді. Бұрын ол уақыт өлшемін
қарғыс атқан Фриданың пайда болған кезінен бастаушы еді - оны барлық
қайғы-қасіреттің жиынтық бейнесі сияқты көретін. Енді ол күндер кайтып
келместей алыста қалды. Қазір Бьяртурдың отарында екі жүз елу саулық
бар. Оған екі сиыры мен үш жылқысын қосыңыз. Жаздыгүні бұл шөп
шабатын жалшылар ұстайды. Қыстыгүні шаруасына қарайтын экономка
əйел жəне бір батырақ жұмыс істейді. Бьяртур тіпті екі қой қораны адамдар
тұратын баспана етіп қайта жабдықтады. Қой қораның көң-қоқысын сыртқа
лақтыруға арналған тесігіне енді төрт көзді кішкентай терезе орнатылды.
"Үлкен өзен бұлақтан басталады" дейді халық мақалы. Мұның өзі
салауатты алға жылжу еді, онда ешқандай да күйзелістер мен төңкерістер
болған жоқ. Бəрі де бейне бір өзінен-өзі емін-еркін жүріп жатқандай əсер
қалдырды. Бьяртурдың өзі де ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. Ол
бəлендей асып-тасып, сəн-салтанат құруға ұмтылмады. Зор дегенде өзіне
шөмеленің үстіне жатып, бес минөттей дем алуға ғана мүмкіндік берді.
Соның өзінде ұйықтап қалмай, шалшық суға құлап түссем жақсы болар еді
деп үміттене ойлайтын. Ол өзіне жалданған батырақтардан жазда да, қыста
да адал жұмыс істеуді талап етті. Оңаша қалған сəттерінде бұрыннан
үйреншікті əдеті бойынша күбір-күбір етіп, ұйқастыра өлең шығарумен
айналысты. Кемпір байғұс Құдай тағаланың өзі үрлеп өшіре салуды
ұмытып кеткен шалажансар жанған шырақтай болып, əлі де тіршілік етуде.
Ол өзінің байырғы псалом-дұғаларын күбір-күбір оқып, іс тоқығаннан бір
жаңылмайтын, болып жатқан жаңалықтардан мүлде бейхабар отыра
беретін. Тіпті үлкен аңғар арқылы тас жол салынғанын, өздігінен жүретін
алғашқы арбалардың Фьордқа дейінгі аралықты қырық бес минөтте, ал
Утиредсмириге дейінгі аралықты ширек сағатта жүріп өтетінін айтсаң,
тіпті де сенбейтін. Ол Құдайдың өз жолынан өзге əлдебір жолдар бола
алады екен дегенге мүлде иланбайтын. Оған адамдар дүниежүзілік соғыс
болып жатыр деп қуана хабарлағанда да сендіре алмаған. Ешқандай
дүниежүзілік соғыс жоқ, ондай соғыс болмайды, сендердің соғыс деп
жүргендерің, менің бұрынғы кездерде естігенімдей, шетелде бола беретін
кəдімгі соғыс қана деген жауап қайтаратын. "Дүниежүзілік соғыс деген не
өзі? Осы жұрттың ойлап таппайтыны жоқ!" дейтін.
Ол тіпті əлдебір жақта басқа дүниенің бар екендігіне де күмəнданатын.
Оның есесіне, бұлардың өздері тұратын хуторының үстін қарғыс атқан
зұлым күштердің жайлап алғанына, бұдан былайғы жұрттың ертелі-кеш
əйтеуір бір көздері жететініне кəміл сенетін. Өйткені Колумкиллиді осы
хутордың қыр-соңынан қалмай, қырсыққа шалдырып жүргендерді
тырнағына бір іліккен соң ілуде бір рет қана босатып жібереді деп білетін.
- Ал өзім бұдан қырық жыл тұрған Урдарсельде күн керемет қызарып
батушы еді, адамдар рақаттана бақытқа бөленетін, - дейді ол.
Кемпір байғұс өзінің туған үйін ұдайы сағынумен өмір сүріп келе
жатқан еді.
Енді біздің кооператив бірлестіктері туралы, шаруалардың тұтыну
қоғамдары туралы сөз еткеніміз жөн. Олар пайда болған жерлерде аралық
делдалдардың керегі болмай қалды, шаруалар өздерінің өндірген
тауарларын өздері жақсы бағамен сата бастады. Саудада, құрылыста,
өндірісте жəне шаруашылықта өзара пайдалы көмек түрлері қалыптасты.
Ондай одақтар шаруалар сословиесін қиындықтардан құтқаруға жəне кедей
шаруаларды Даниядағы сияқты ауқатты топқа айналдыруға тиіс болды.
Фьордтағы тұтыну қоғамы басқа ел тұтыну қоғамдары сияқты өсіпөркендеп көркейе түсті. Арам тамақ алып сатар саудагерлер бірінен соң бірі
су түбіне кетіп, тұншыға бастады немесе су бетінде əрең дегенде қалқып
қана жүрді. Шаруалар ендігі жерде сауда-саттықты да, ауыл
шаруашылығын да, құрылысты да, тіпті электрлендіру ісін де өз қолдарына
алды. Шаруаларды қолдайтын астаналық газеттер енді Исландияда кең
көлемді ірі ауыл шаруашылығының берік негізі қалана бастады, ол қазіргі
заман талаптарына толық сай келеді деп, жарыса жазумен болды. Олардың
жазуына қарағанда, ендігі жерде ауыл шаруашылығы исландиялықтардың
негізгі табыс көзіне, халық бостандығының ең басты іргетасына айналатын
көрінеді. Ол сонымен қатар ұлттық ерекшелікті бұлжытпай сақтап
қалудың, халықтың рухани байлығы мен қажырлы күш-қайратын да
арттыра түсетін болады десті. Кімде-кім шаруалардың мүддесіне қиянат
жасап, қарсы келетін болса, ол халықтың барып тұрған қаскүнем зұлым
жауы саналуы тиіс екен. Газеттер: "Аралық алып сатар саудагерлердің көзі
жойылсын!" деп ұран тастады. Өйткені тұтыну қоғамдары шаруалардың
жұмсайтын шығындарын жиырма бес пайыз кемітетін көрінеді. Ол
қоғамдар шаруаларды капитализмнің езіп-жаншуына қарсы күрес жүргізу
үшін, ұсақ-түйек өндіріс иелерінің мүддесі мен жалпы халықтың құқығын
қорғау үшін құрылыпты.
Бірақ мұның өзі де əлі маңызды міндеті емес көрінеді. Тұтыну
қоғамдарының алдында бұдан да жоғары мақсат тұр. Ол экономикалық
тұрғыдан алғандағы тиімділіктен əлдеқайда асып түседі. Ол қоғамдар
адамдардың өздерін тəрбиелеуге күш-жігер жұмсайды, олардың өмірге
деген көзқарасын кеңейтіп, тереңдете түседі, əлсіз адамдарға
жанашырлықпен жəрдем жасаудың жолдарын үйретеді.
Əлгі астаналық газеттер кенеттен шаруалардың мəдениетін жандарын
сала қорғау мақсатымен мəселе көтерді. "Бəрі де шаруалар үшін!",
"Шаруалар - ұлттың өмірлік жан жүйкесі, оны құтқарып қалатын бірден-бір
күш!" деген ұрандар тастады. "Биік таудағы аңғарлар - Исландиядағы
барлық керемет құндылықтардың алтын бесігі" деп жазды. Еліміздің
гүлденіп дамып, ілгері басуының салауатты негізі исландиялық
шаруалардың өмірі ғана болып табылады деп насихаттады. Таудағы мал
жайылымында жүрген шаруалар ауаның тазасын жұтады. Ал ол ауа
шаруаның организміне сіңген соң оған жұмбақ сыры терең өмірлік күшжігер береді, оның тəні мен жанын сауықтырып, жетілдіре түседі. Табиғатананың шаруаларға сыйлап отырған ондай ғажайып əлем туралы қала
тұрғындарының ең қарапайым түсініктері де жоқ. Ондай ғажайып əлемнің
лəззатынан мақұрым қалғандар өздерінің бір минөттік өткінші
қыңырлықтан рақат алатындардың бойында қыңыр мінез қалыптасатыны
өзінен-өзі түсінікті. Қой баққан шаруаның бүкіл өмірі ерлік істерге толы.
Оны тау-тас пен кең аңғардағы қарлы борандар əбден шынықтырады.
Деревнялардағы тамаша өмірге жететін ешнəрсе жоқ - ол халыққа ғажайып
тəрбие берудің ең жақсы негізгі, ғибратты мектебі. Шаруалар деревнядағы
мəдениетті дамытудың бар ауыртпалығын өз иықтарымен көтеріп келеді.
Алдын ала көрегендікпен болашақты болжау жəне барынша байсалдылық
таныту - олардың қанына сіңген қасиет. Олар өздерінің бұл қасиетін
бəрінен де жоғары қоя біледі, еліміздің жəне халқымыздың игілігіне
жұмсауға əрқашан əзір. Балық майы құйып толтырылған шамның қысқы
ұзақ түнде өлімсіреп жанған жарығында олардың бойында осындай асыл
қасиеттер дарымағанда біздің еліміздің тарихи тағдыры не болар еді?
Біздің халықтың өзге барлық өркениетті халықтардың оқу-ағарту ісінен
жоғары тұрған бүгінгі оқу-ағарту саласының тағдыры не болар еді? Егер
шаруаның балалары əлі кереуеттің аяғына сүйеніп, енді-енді тəй-тəй басып
жүре бастаған кезінен ежелеп оқуды үйренбегенде, қара күйемен ысталған
шынының бетіне əріптерді біртіндеп жазып үйренбегенде, қой қораның
қаракөлеңке қуысында отырып Інжілге шұқшия түспегенде, егер ол əкесі
айтып берген ерлік сагаларды естіп өспегенде немесе қарт əженің ыңырсып
отырып салған əсерлі əуендерін құлағына құя бермегенде, егер кеш сайын
Хетльгрим Пьетурссонның өлеңдерін мұқият тыңдап əрі жаттап жатып
ұйқыға кетпегенде, біздің халқымыздың оқу-ағарту ісінің халі мүшкіл
болатыны сөзсіз еді. Ал табиғаттың игі əсерін қайда қоясыз? Иə,
Исландияның кең аңғарлы, құлама сулары бар, биік таулары мен сілемді
жоталары созылып жатқан ғажайып табиғатының өзі неге тұрады! Ондай
таулардың арасында тұратын адамдар - нағыз адамдар, табиғаттың төл
перзенттері. Олардың өмірінің мəні Құдайдың өзіне көмек көрсетуде болып
табылады.
Бұрын шаруа мəдениетінің артықшылығы мен шаруа сословиесінің
құндылықтары туралы қалың көпшілікке арналған уағызбен анда-санда
редсмирилік фру ғана айналысушы еді. Бəлкім, өзінің қала өмірінен қол
үзіп қалғанынан кейін солай болған да шығар. Ол өзінің ондай уағыздарын
негізінен алғанда үйлену тойының салтанатты кештерінде айтатын. Бірақ
поселкедегілер оның уағыздарына пастордың уағызына деген деңгейде ғана
көңіл бөліп, атүсті назар аударатын. Ал енді келіп оның ойын астанада
шығатын əрі бүкіл елге тарайтын байсалды газеттер іліп əкетті де сан алуан
тұрғыдан талдап түсіндіре бастады. Газет бетіндегі əр бағанадан бейне бір
редсмирилік фру Рим папасының ізгі ниетті беті-жүзін еске салатын
кескінді келбетімен өзінше өте-мөте салқын күліп, қадала қарап тұрғандай
болады. Былайша қарағанда, ол барлық жағынан толық жеңіске жеткен
сияқты əсер қалдырады. Сөйтіп шаруа мəдениетіне деген ынта-ықылас
күшейе түсті, жұрт оны бейне бір өзіндік Інжіл сияқты көріп, зор сеніммен
қабыл алды. Енді қайтып ешқандай кедейшілік болмайтын, ешқандай
сиқырлы зұлым күштер қырсығын тигізбейтін сияқты жағдай қалыптасты.
Колумкилли ше? Енді ол жөніндегі сандырақ сөздерді кім тыңдай қояды?
Жоқ, исландиялық шаруа ғасырларға созылған ұзақ ұйқысынан енді ғана
оянды жəне бір мəселенің басын ашып алу керек - ол шынында да ондай
ұзақ ұйқыда болды ма өзі? Бірақ қалай дегенде қозғалыс бар. Ол жұрттың
күтпеген жерінен өз партиясын құрды. Ол партия - ескішіл
консерваторларға, қара бастарының ғана қамын жейтін өзімшілдерге,
аралық алып сатар делдалдарға жəне неше түрлі ұры-қарыларға қарсы
қажымай-талмай қайрат көрсете күресетін партия. Ол - кооператорлардың,
ұсақ-түйек тауар өндірушілердің, шаруалардың, күш-жігері мол,
прогресшіл адамдардың партиясы, əділеттілік пен ізгі мақсат-мұрат
иелерінің партиясы. Ингольв Арнарсон Иоунссон əділетсіздік атаулыға
қарсы, жаңадан туып келе жатқан алтын ғасырдың асыл мұраттары
жолында жан аямай күреседі деп, альтинге сайланған алғашқы адамдардың
бірі болды. Оған дауыс бергендердің бірі Жазғы мекеннің иесі Бьяртур еді.
Енді мұның тұтыну қоғамынан алатын несиелерінің мөлшері жыл санап
өсе түсті. Сонда Жазғы мекен иесі Бьяртурдың Ингольв Арнарсонға жəне
басқа да редсмириліктерге шынымен-ақ құлай сеніп қалғаны ма? Олай деп
айту қиын еді. Бірақ бір нəрсенің басы ашық болатын: көктемде таудың
Редсмири жағындағы терең жылғасына көпір салу мəселесі көтерілгенде
тас жол жəне бірнеше көпір салуға альтинг арқылы қаржы бөлдірген тап
осы Ингольв Арнарссон болатын. Бір күні Бьяртур кешке қарай жұмыс күні
аяқталардан едəуір бұрын батыс жақтағы асудан асып, əлгі жылғада көпір
салып жатқан жұмысшыларға барды да олармен едəуір əңгімелесті.
Бьяртурдың неге сеніп, неге сенбейтіні туралы оның осы əңгімесіне қарап
отырып ой түюге болатын еді.
Жұмысшылар жартастың жарықтарына темір сына қағып, сынып
түскен бөліктерін болат қашаумен тегістеп, үшкірлеп жатқан. Көпір өзеннің
жіңішке шатқалы ағып өтетін тұсынан салынып жатыр екен. Оған əлі биік
тіреулер мен қыруар көп тас қажеттігі көрініп тұр. Көпір сонда ғана берік
болмақ.
- Тас талқандап жатыр екенсіңдер ғой, жігіттер! - деді Бьяртур, өзінің
жер учаскесіндегі жартастың мемлекетке пайдалы игі іске жарап
жатқанына біртүрлі мақтаныш сезімін білдіргендей болып.
- Тап солай. Бірақ осы бір сайтан алғыр тастарды талқандағаннан гөрі
сұлу қызды құшақтаған əлдеқайда жақсы болар еді!
- Мен сендерден ондай əдепсіз əңгіме естігелі келген жоқпын, өңкей
жын-перілер түге!
- Сенімен əдепсіз əңгіме айтысудың қажеті жоқ. Ең болмаса, бір-екі бой
жеткен қыз өсіріп отырсаң ғой, міне сонда бізге де көңілдірек болар еді.
Амал қанша, сенің оған мұршаң келмеген- ау, шамасы?!
- Мұршамды сұрап қайтесің?! Егер менімен күш сынаспақ болсаң, мына
жұп-жұмсақ ұсақ тасты майдалағаннан өзге ауырырақ жұмыспен
айналысып, шыныға түскенің дұрыс болар еді.
- Саған не керек өзі? - деп сұрады жұмысшылардың біреуі.
- Не керек екенінде жұмысың болмасын! Қайда тұрғаныңды біл. Бұл менің жерім! - деді Бьяртур. - Сұрақты мен қоямын, жауапты сендер беруге
тиістісіңдер.
- Мынауың нағыз король ғой өзі!
- Кімде-кім ешкімге қарыз болмаса, нағыз король сол, - деді Бьяртур. Егер мен бір жігітті жұмысқа жалдасам, оған мемлекеттен кем ақы
төлемеймін. Менің сендерден сұрайын дегенім мынау: сендердің
араларыңда моланың басына қоятын құлпытас қашай алатын ешкім жоқ
па?
- Моланың басына қоятын құлпытас дейсің бе? - Жұмысшылар енді
мысқылдауын қойды - біреудің қайғысын мазақ етуге болмайды ғой. Ондай жұмыс қолымыздан келмейді. Əдемі де мəзік жұмыс жасап көрген
емеспіз.
- Əдемі де нəзік болуы тіпті де міндетті емес. Моланың басына қоятын
құлпытасқа аздап ұқсаса, əбден жетіп жатыр - жоғарғы жағын енсіз,
төменгі жағын енді етіп қашасаңдар болғаны.
- Олай болса, жасап көреміз, - деді тас қалаушылар. - Бірақ оны негізгі
жұмыстан қолымыз бос кезде əрі бағасы дұрыс болса ғана жасаймыз.
Бьяртур өзінің жалпы сараң адам емес екенін, əсіресе мынадай
тапсырыс беріп тұрып, сараңдық жасауға болмайтынын айтты.
Жұмысшылар оны дұрыс түсінді. Жақын адамның моласы қасиетті
саналады, одан ақша аяп қалуға болмайды.
Сонымен саудаласу басталып кетті. Екі жақ та, əсіресе жұмысшылар
жағы, əрі сақ, əрі сыпайы сөйлесті. Өйткені мұндай сауданы алғаш рет
жасап көруі еді. Ақырында өзара келісімге келді. Бьяртур əдемі əшекей
жасаймыз деп əуре болудың қажеті жоқ екенін қайта-қайта ескертті. Ал
жазуы қажет пе? Айтпақшы, жазуы болуы керек екен ғой! Осы жағы
қиындау соғатын түрі бар. Өйткені жұмысшылардың тасқа жазу түсіру
шеберлігі жоқ болатын.
- Бас қатыратын ештеңе де жоқ, - деді Бьяртур. - Марқұм əйелдің жəне
құлпытасты қойған адамның аты ғана жазылады.
- Марқұм сенің зайыбың ба еді?
- Жоқ, - деді Бьяртур. - Олай деуге болыңқырамайды. Бірақ ол қалай
дегенде де əйел ғой. Бейшараға кезінде мен де, басқалар да өте-мөте
əділетсіз болып едік, көп қиянат жасағанбыз. Біз сірə өз пікірімізді
білдіргенде, əсіресе қиын-қыстау кезеңде іс-əрекет жасағанда көбінесе
əділетті бола бермейміз. Соның салдарынан қарғысқа ұшырап, басқа
біреудің асырап-бағуына душар боламыз ба деп қорқамыз.
- Марқұмның моласы Редсмириде ме?
- Редсмириің не сенің? Онда жерлеп не көрініпті сонша? - деп үстін-
үстіне сұрақ қойып, қорына ренжіді Бьяртур. Сөйтті де əлдебір зор
мақтанышпен былай деді: - Жоқ, тіпті де олай емес! Марқұм тірі кезінде
Редсмириге бас сұққан емес, оның тұрғындарына жолап көрген жоқ.
Ондағы зиратқа да аяқ басып көрмеген. Марқұмның мəйіті менің жерімде
жерленген болатын. Əне, анау төбенің басындағы жартастың жанында
жатыр.
Жұмысшылар не дерін білмей, Бьяртурға таңдана қараумен болды.
Ақырында олардың біреуі былай деп сұрақ қойды:
- Сен осы сиқырлы зұлым күштің иесі туралы айтып тұрғаннан саусың
ба?
Екінші бір жұмысшы былай деді:
- Сен, жын-пері, бізді мазақ еткелі тұрсың ба?
Бірақ Бьяртурдың ойында оларды мазақ ету мүлде жоқ болатын Ол
басқа біреуді мазақ етіп, қорлау дегенді бұрын-соңды білген емес. Қашан
болса да барынша байыпты, байсалды сөйлейді. Гунвер кемпірдің басына
құлпытас қою көптен бері ойында жүр еді. Өйткені марқұм бірнеше ғасыр
бойы осында, Бьяртурдың сатып алған жерінде жатыр. Кезінде оған жынперілермен байланысты болыпты-мыс деген неше түрлі жала жабылып
келіпті. Енді оны сол жабылған жалған айыптаулардан арылтатын, ақтап
алатын кез келді. Бьяртур оны бағы ашылмаған кəдімгі бейшара əйел екен,
тіпті Исландияның халқынан да бақытсыз сорлы екен деп ойлады. Қиынқыстау ауыр кезеңдерді Бьяртурдың өзі де басынан аз кешірген жоқ. Бірақ
мұның көргендері сонау көне заманда, мысалы, атап айтқанда, ауыр
ашаршылық күйзелткен немесе сауда монополиясының азабын шеккен,
оның үстіне сиқырлы зұлым күш иесі Колумкилли адамдарға алуан түрлі
қорлық көрсеткен, шексіз үстемдік етіп, билеп-төстеген кездегі елдің
басына түскен ауыртпалықпен салыстырғанда түк те емес. Бьяртур мұны
жақсы біледі. Байғұс əйелдің адамдар алдында жасаған күнəсі де аз емес
болуы əбден мүмкін. Бірақ күнəсіз адам қайда бар? Жоқ қой! Бейшараны
адам өлтірді деп айыптайды. Адамды кім өлтірмейді? Байқап тұрсаң,
жұрттың бəрі де өлтіреді емес пе? Адам деген кім өзі соншама? Ол қиынқыстау ауыр жылдары кім көрінгеннің аяғы астында жататын күл-топырақ,
тіпті одан да құнсыз бір нəрсе. Бьяртур ол əйелді ежелден иен далада
жатқан жақын көршісі санайтын. Бірақ осы уақытқа дейін ол бейшараға
көмек қолын созып көрмепті. Енді міне құрылықта да, теңізде де жақсы
заман орнады - тағдырын ешкім түсінбеген бейшара əйелдің алдындағы
айыбымызды жуып-шаятын, моласының басына құлпытас қоятын,
өткендегі өсек-аяң, жала атаулыны ұмытатын кез келді деп білді Бьяртур.
Ол əлгі əйелдің жоққа сенушілер қойған жалған атын, яғни лақап атын
емес, шын атын қайтарып беруге құлықты болды. Сөйтіп тас
қашаушылардың құлпытасқа "Гунверге — Бьяртурдан" деп жазуды
тапсырды.
АЛПЫС ЕКІНШІ ТАРAУ
БИЛЕТ
Гвендур ер жетті
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 38
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.