Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 07

Total number of words is 4342
Total number of unique words is 2272
35.5 of words are in the 2000 most common words
50.8 of words are in the 5000 most common words
57.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қызметкері жоқ, бірлі-жарым қойы жоғалса, оны тек өзі іздеуге мəжбүр
болатын ұсақ-түйек хуторлықтармен уақытты босқа өткізу қажет емес деп
білді. Осы ұсақ-түйек адамдар арасында нидуркоттық Тоурдур қарт та бар
еді. Ол - Жазғы мекен иесі Бьяртурдың туған қайын атасы. Бейшара
балаларының көбінен жастай айырылды, ал тірі қалғандарынан ешқандай
опа таба алмады. Бірден-бір үміт артқан арманы - жекеменшік диірменінің
рақатын да көре алған жоқ. Ол осының бəрін басынан кешіріп, бəріне де
төзе білді. Бірақ əдеттегі өзге жұрт сияқты қатыгездікке де салынбады,
тағдырына да налымады. Бəрін де пəлсапалық байсалдылықпен, басқа
түссе баспақшыл тақуа діндарлықпен қарсы алып, шыдай берді, шыдай
берді. Тап қазір оған өзінің сүйікті қызы Розаның мына түтінге толы
бөлмесі əлдебір ерекше құттыхана сияқты болып көрінді. Тіпті көзіне жас
алды. Роза оның сатымен көтерілуіне көмектесті. Күн қақты болған бетіне,
ұйпалақтана өскен аппақ сақалына өзінің бетін басып, бауырына тарта
құшақтап көрісті.
- Шешең байғұс сенің алдыңда шын жүректен бас иіп, тағзым етуімді
əрі мына бір азын-аулақ сыйлықты табыс етуімді сұраған еді, - деп, бет
орамалға буылған кішкентай ғана түйіншекті ұсынды, оның ішінде жарты
қадақ қант пен азырақ кофе бар еді.
Роза əкесінің құшағынан айырылмады. Оның төсіне басын төсеп,
алжапқышының етегімен көзінің жасын сүртумен болды. Розаның бүл
мінез-құлқынан шын жүректен шыққан перзенттік мейірім мен өзіндік
берік бір беттілік айқын аңғарылғанына Бьяртур таңдана қарады. Ол
Розаның мұндай жан екенін бірінші рет көріп тұр. Енді бір қас қағым сəтте
Роза уайым-мұңды батыл сілкіп тастады да өзінің сезімінің қандай екенін
көрсетуден тайынбайтын қыз екенін толық танытты.
- Ардақты əкем, аяулым менің! - деді ол. - Мен сені соншалықты қатты
сағындым ғой!
Розаның əкесін көргісі келіп, сарғая сағынғаны, төзімі таусыла күтіп
жүргені Бьяртурдың ойына осы уақытқа дейін бірде-бір рет кіріп те
шықпапты. Оның əкесінің төсіне жас балаша еркелеп жабысып қалғанын
көргенде неке қиылған тойдан кейінгі алғашқы түннің өзінде-ақ, мұның
бұған дейін көз алдына елестетіп, армандап жүргеніндей, өзінің жеке
билігі, яғни көсіліп жатқан кең дала королінің билігі, тіпті де шексіз емес
екен-ау деп, ұялап қалған күдікті ойын қуып тастап, одан арылуға
мұршасыз екеніне тағы да көз жеткізді.
Ер азаматтар жайғасып отырды да қалталарынан насыбай шақшаларын
суырысты. Енді олар алдағы ауа райы туралы өте байсалды да мазмұнды
əңгімеге кірісті. Бұл тақырып талқыланған кезде білгірсінген ескі əдетпен
жиі-жиі қайталанатын бірыңғай ұқсас сөз тіркестері қайта-қайта ауызға
алынды. Олар əуелі қыс айларындағы ауа райының қандай болғанына
жалпы шолу жасасты, бірте-бірте көктемдегі жағдайға тоқталды. Содан
кейін ғана саулықтар, қозылар, олардан қырқылған жүннің сапасы туралы
əңгімеге ауысты, жазғы ауа райын да ұмыт қалдырмады. Əр апта сайын
болып отырған өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып өтті, бірінің сөзін
бірі түзетіп, нақтылай түсті. Айтылған тұжырымдардың дəлдігіне кепілдік
беруге болатындай жағдайға келісті. Олар ауа райы құрғақ болған,
нөсерлете жаңбыр жауып, дауыл соққан кезеңдердің бірде-бірін ұмыт
қалдырмай, егжей-тегжейлі əңгімеледі. Тіпті ауа райының қандай
болатынын алдын ала болжаған көріпкелдердің лағып кетіп айтқандары
жайына қалып, бəрі де табиғаттың өзінің қалауынша болып өткендерін де
ұмытпапты. Сөйтіп əркім табиғаттың қатыгез күштеріне қарсы, өзіндік
дұрыс дүниежүзілік соғысын жеке өз бастарынан қалай өткізгені сөз
болды. Əркім өзінің орған пішенін құрғақ кезінде немесе жаңбырдың
астында қалып, бүліне бастаған шағында атқа артып, үйді-үйлеріне қалай
тасып алғанын айтты. Кейбіреулердің шапқан шөбі жинаусыз қалыпты,
енді біреулерінің шөбін жел ұшырып кетіпті, үшінші біреулердің шөбін
өзендегі су ағызып əкетіпті.
Бұлардың ішінде Тау королінен өзгелерінің бəрі де батырақ жолдауға
шамасы жоқ кедей шаруалар болатын. Сондықтан да олар əдетте өздерінің
жасөспірім балаларын, кəрі-құртаң шалдарды, ақыл есі кем, сондай-ақ
кемтар жандарды көмекші ретінде пайдаланатын.
- Иə, мен оз шаруашылығымды он бес жыл бойы батырақ жалдамай-ақ,
жалғыз өзім жүргіздім, - деді қазір əл-ауқаты жағынан орта шаруа қатарына
қосылған Тау королі. -Шынымды айтсам, менің ең бақытты шақтарым да
сол жылдар екен. Жалданған жұмысшыларға жалақы төлеу дегенің - кімді
болса да қайыршылық халге душар етпей қоймайтын шығын.
Ундирхлидтік Эйнардың пікірінше, байлар не десе десін, өзіңе қолбала
боларлық жанашыр жақының керек. Немесе əйтеуір бір жалшы қызметкер
ұстау қажет. Онсыз бұл өмір, өмір емес! Тіпті ешқашан да жөнді өмір бола
алмайды. Ол дегенің тəнің үшін азап көруден көз ашпайтын нағыз итшілік
өмір, ол рухани жаның үшін арып-ашып, аштан өлумен бара-бар.
- Басқаны қайдам, тап сенің жыланатын жөнің жоқ, Эйнар, - деді
Гилиден келген Круси. - Қолында ұлың Стейни бар ғой.
Бірақ Эйнар мұның өзі мардымсыз жұбаныш қана екенін еске салды: оз
адамың болса да, өзге адам болса да ақы талап ететінін білмейсіңдер ме
түге? Оның үстіне, жердегі жұмысты теңіздегі жұмыспен салыстыруға
болмайды. Шамасы, Стейни де, бір күні басқалар сияқты тайып тұрады-ау
деп қорқамын.
Жастар өсіп жетіле салысымен ата-анасына қарасын көрсетпейтін
қырсық шалды ғой бізді. Өйткені, жердің аты - жер, теңіздің аты - теңіз.
Мысалы, Урдарсельде тұрған марқұм Таураринді алайық. Бейшараның үш
ұлы бар еді. Бəрі де соқталдай-соқталдай жігіт болды. Бірақ, амал қанша, оз
күндерін өздері көрер кезде үшеуі де теңіз төсіне тайып тұрды. Біреуі сонда
жүріп, суға кетіп өлді. Қалған екеуі сонау Америкадан бір-ақ шықты. Олар
биылғы көктемде əкелері өлгенде сорлап қалған шешесіне ең болмаса төртбес жол хат жазып, көңіл айтуды да білмеді емес пе? Олай ету ойларына
кіріп шықпапты. Шешелеріне бірнеше крон ақша салуға да жараған жоқ.
Енді қызы мен екеуі ғана қалған кемпір байғұс өз хуторын пасторға беріп
отыр. Өйткені пастордың оларды шіркеудің діни қауымы есебінен
асырауды міндетіне алғаны белгілі.
Эйнар тап осындай күн менің де басыма туатын болар деп шамалайтын.
Өйткені оның да екі ұлы кетіп қалған болатын, ал қолындағы үшіншісі
мұның сөзіне құлақ қоюдан қалып барады. Бірақ Гилиден келген Круси
балалардың қайғысы əлі ештеңе емес қой, ең қиыны кəрі-құртаң мүсəпір
қарттарды бағу деп санайтынын айтты. Олардың арандары ашылып,
қомағайлана тамаққа тоймайтынын айтсаң, ешкім сенбей күйдіреді түге.
Крусидің өз əкесі осыдан бір жыл бұрын сексен бес жасында қайтыс
болған еді.
- Бəріңіз де білесіздер, мен қайын енемді асырап бағуға мəжбүр
болдым. Менің төлейтін салығымның мөлшері сол үшін де аздап қана
кемітілді. Қазір сол кемпір сексеннің екеуінде. Қайтадан кəдімгі бала
сияқты болып қалды. Көзіне не көрінсе, соны алып, ойнап отырады.
Биылғы жаз бойы ас үйдегі ыдыс-аяқ атаулыны одан жасырып қоюмен
болдық. Ақылынан адасып, алжасқаны сонша, қолына іліккен затты
бұрыш-бұрышқа тығып қоятынды шығарды.
- Ал кезінде ол өз ісіне өте пысық, жинақы жан еді ғой, - деп сөзге
араласты нидуркоттық Тоурдур.
- Ей, қайырымды жандар, сендер бүйтіп уайымдай бермеңдер, - деді
Гилтейгадан келген Тоурир. Бұл Сидейнка деген қыздың əкесі болатын. Сол
қыз өткен қыста ойламаған жерден бала туып алып, əкесін ата атандырған
еді. Тағдыр қайда айдаса да ұлдар өз күндерін өздері көреді ғой. Кəріқұртаң қарттар да ештеңе емес. Олардың кейбіреулері тым ұзақ жасайды
демесең, төніп тұрған ажалынан қашып құтыла алмайды. Кезегімен о
дүниеге аттана береді. Қыздарды айтсаңдаршы, қыздарды, қайырымды
жандар- ау! Оларды не бай алмайды, не құдай алмайды. Неше түрлі əуресарсаңға салады, машақат көрсетеді! Мынадай қиын-қыстау заманда мен
қыз өсірген бейшараларды қатты аяймын. Сіздер қалай деп ойлайсыздар?
Қазіргі сапалы жүннен үйде қолдан тоқылатын жүн шұлықтарды кие қояды
деп ойлайсыздар ма? Қателесесіздер, өліп бара жатса да кимейді! Оларға
тек жұп-жұқа жібек шұлық киіп, кербездену керек. Ата-анасымен жыл
бойы салғыласып ұрсысудан көз ашпайтыны да содан.
- Көп адамның жақсылықты қыздан көріп жүргені бекер емес, - деп
қарсы дау айтты Тау королі. - Қыздардың күміс күлкісі мен сыпсың-сыпсың
тез сөйлеген үнін өз үйінде естіген қандай ғанибет десеңізші!
- Онда тұрған қайдағы ғанибет? Олардың қалтасын ақшаға толтырып
беру оңай емес. Ал олар қалаға барып, ақшаны бет қаратпай, оңды-солды
шашқанды қалайды. Тіпті талап етеді. Оңтүстікке барып қызмет еткенді
ұнатады. Егер ата-анасы бұған келісім бермесе, онда оларға көресіні
көрсетеді! Бəленің басы биттің қабығындай жұп-жұқа жасанды капрон
шұлық сатып əпер деуден басталады. Ал сонда ол қандай шұлық? Барып
тұрған көзбояушылық! Қаншама ақша шашып, сатып алған əлгі шұлықты
түкке алғысыз зат демеске амалың жоқ. Сайтан алғыр сол шұлықтың
ұзындығы сонша, тіпті қыздардың шабына дейін жетеді, бірақ титтей де
жылытпайды. Ал егер, резеңке бауы босап, аяқтың басына түсіп кетсе,
қолдан келер қайран жоқ, масқара болады! Біздің кезімізде шұлық деген
əйелдердің іш киіміне - панталонға жетіп тұрса, жарай беретін, ешқандай
да айып саналмайтын. Ол кездегі əйелдер қазіргідей ұятсыз емес еді ғой,
қазіргідей бір тұтам ғана белдемше көйлек кимейтін.
- Иə, тап солай болатын, - деп келісе кетті Тау королі. - Бірақ қазіргінің
бір жақсы жері -белдемше көйлек тігуге бұрынғымен салыстырғанда аз
ғана мата жетіп артылады.
- Мұның ақыры немен тынар екен? Менің білетінім, сенімді біреудің
айтуы бойынша, қағаз сияқты жұп-жұқа жасанды шұлықтар көп ұзамай-ақ
іске аспай қалатын көрінеді. Сондықтан да бір қыз бір емес, екі жібек
шұлық сатып алып, қабаттап киіп алатынды шығарыпты, - деді Тоурир.
- Не дейді? Жібек шұлық?!
- Иə, дəл солай. Жібек шұлық! Тап-таза жібек талшықтарынан
тоқылған! Мен ол қыздың кім екенін де айтып бере аламын: пастордың
ортаншы қызы. Ол өткен жылы Рейкьявикке барып қайтып еді ғой.
- Жұрт не демейді, аузына келгенін оттай береді, - деп міңгір ете қалды
Нидуркоттан келген Тоурдир.
- Менің қызым Сдейнканың бойындағы кемшілігі аз дей алмаймын
Бірақ өсек-өтірікке өзгелердей тым құмар емес. Ол əлгі жібек шұлықты өз
көзімен көргенін айтып, ант-су ішті. Əйелдер əуелгіде сəнқойлықтың,
соңынан ақымақтықтың салдарынан өзі қысқа бір тұтам белдемше
көйлектің ішінен іш киім киюден қашқақтайды. Содан барып шабына
жеткізе жұп-жұқа жасанды шұлық киюге тырысады. Ал ондай шұлықты
бір қозының бағасына зорға сатып аласың. Содан белдемше көйлекті
қысқарта түспегенде қайтеді? Ұятсыздықтың өршіп кеткені сонша, енді көп
ұзамай, тек жібек шұлықпен ғана жүру сəнге айналады. Сонда белдемше
көйлектің мүлде керегі болмай қалады.
- Соңғы жеті жылдың ішінде мен өзіме жөні түзу бір шалбар да сатып
алмадым, - деп тағы да міңгірлеп қоя берді Тоурдур. - Сонда мынадай
сəнқойлық бізді қайда алып барып соқтырады? Əрине, қалтамызды
қақтырып, тақыр кедейге айналдырады. Егер жұрттың бəрі ар-ұятты жиып
қойса, арына да, жарына да адал əйел қалмай бара жатса, сондай
сұмдықтан басқа не күтуге болады?! Ондай ұшып-қонба жеңілтектік талай
қыздың əкесінің сорын қайнатады, бүкшең қағып ертелі-кеш тынымсыз
еңбек етуге мəжбүр етеді.
Біреу тұрып пастордың қыздары өте жақсы өмір сүреді, оларға бəрі де
жеткілікті екенін айтып қалады...
- Оларға, əрине, бəрі де жеткілікті, - деді Тоурир. - Пастордың өзі де
жаман тұрмайтынын білмейсің бе? Қалай жаңа жыл дегенше қазынадан
оның қалтасына бір жарым мың крон тегіннен-тегін өзі келіп құйыла
бастайды. Сонда бұл оның дарақы қылжақбастығына жасалған сый-сияпат
болғаны ма? Міне, нағыз өмір деп осыны айт! Ал, біз сияқты бейшараларға
ондай өмір қайда?
- Олай болуы мүмкін емес, - деді нидуркоттық Тоурдур, - Бір жарым
мың крон дегеннің қандай байлық екенін білесің бе өзің? Шамасы, бұл оған
берілген уəде ғана шығар.
- Мен өзім сөзімнен танып көрген жан емеспін, - деп, оның бетін
қайырып тастады Тоурир.
- Оу, тоқтаңыздар, ол кəрі қақпастың жақсы жақтары да бар, - деді
Бьяртур. Оған пастор туралы айтылған жағымсыз сөздер ұнаған жоқ еді.
Өйткені қойдың тəуір тұқымын ойлап тапқан оны жан-жүрегімен жақсы
көретін. - Өзі ғалым басымен соншалықты қылжақбас қарт болғанына
қарамай, қойлары қандай тамаша десеңіздерші! Мен оның əлгі бір жарым
мың кронды үш қызына қоса жасау ретінде берсе де алмас едім - одан гөрі
асыл тұқымды бір қошқарын алғанды артық санаймын. Айтпақшы, осы
күзде қалада еттің бағасы қандай екенінен хабарларыңыз жоқ па?
Тау королі оз естігендерін егжей-тегжейлі айтып берді. Бірақ мəселе
бағаға келіп тірелгенде сырттан сұрап білген бағаға сенім артуға
болмайтынын да ескертіп өтті. Қауым старостасы хуторларының бірін
жалға алған, Кельдтен келген Хродлогур өзінің тоқтыларын əрқашан
Миридегі Иоунға сататынын айтты. Өйткені оның Йоуннан жалға хутор
алғаны үшін оған бəрібір ақы төлеуіне тура келеді екен. Ал оның есесіне
мүттəйім карт бағаның айырмасын бұған қолма-қол қайыратын көрінеді.
Сөйтіп ол мұның тоқтыларын неғұрлым арзанға алуға тырысады. Ал, бұл
қымбатқа сатамын деп алысқа мал айдап əуре болмайтын көрінеді: көк
аспанда тыраулаған тырнадан қолға қонған сары шымшықтың өзі артық
деп жүре бергенді ұнатады екен. Оның үстіне, Фьордта нақты ақшаны
ешқашан уақытылы ала алмайсың - қашан болса да қарызға белшеңнен
батасың да жүресің.
Бьяртур кейде қолда нақты ақшаның болғаны жақсы екенін жоққа
шығармайды. Ал егер кімге қарыз беру, кімнен қарыз алу дегенге келетін
болсақ, онда тоқтыларды тек Бруниге несиеге беру керек. Өйткені қауым
старостасымен мəміле жасаса қалсаң, ақшаны көзімен көріп, қолымен
ұстайтын тек соның өзі ғана болып шығады. Ол Бруни кімнен несиеге
тоқты алуға келіспесе солардың есебінен ғана байып отыр. Себебі, ол бүл
жерде Фьордтағы Бруни беретін бағаның үштен екісін ғана ұсынады. Ал
оңтүстіктегі, атап айтқанда, Викадағы тірі қойларды сатудан қанша пайда
табады? Бруни сұрайтын бағадан екі есе қымбатқа өткізеді. Оның үстіне,
бүл қойды өзгелер сияқты жиырма-отыз бастан ғана емес, жүз-жүздеп
сатады. Ол аз десеңіз, Викада сауда фирмасындағы бағаны тек өзі ғана
белгілейді.
- Дəл осы айтқаның рас бола қояр ма екен? - деп тағы да күмəнданды
Нидуркоттан келген Тоурдур, құлашты кеңге сермейтіндерге сене
бермейтін əдетіне басып. - Шіркіннің тəуекелшілін соншама! Қойларын
көсіліп жатқан ұшы-қиырсыз кең даламен талай поселкелерді басып өтіп,
сонау оңтүстікке айдау кімге болса да қымбатқа түседі. Жолшыбай мал
шығыны да болмай тұрмайды, жиі кездеседі.
Тау королі Брунидің несиесі коп адамды қиындықтан құтқарып қалып
жүр деп пайымдайтынын білдірді. Бруни өзінің əріптестерін ренжітпеуге,
олардың шаруасы шалқайып, кері кетпеуіне қамқорлық жасайды. Бруни өзі
сенген біреуге қарыз бермепті дегенді естіген жан жоқ болар-ау, шамасы?
Рас, ол қазіргі қиын-қыстау кезеңде қолма-қол нақты ақша төлеуді ол да
ұнатпайды. Шамасы, көптен бері одан нақты ақша ала қойған ешкім де жоқ
шығар. Оның үстіне, Бруни тəуір тауарларға тым сараң. Оның есесіне,
өзімен істес болған əріптестердің жоқшылықтан қиындық көргендері
кемде-кем. Ондай жағдай жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы
көктемде ғана кездесіп қалатыны да рас. Сайып келгенде, Тау королі сөзін
былай деп түйіндеді: жалпы алғанда, барлық мəселе ақшаға барып тіреледі
деуге болмайды: мен ақшаның не кенін көзімен көрмеген талай жанның ел
қатарына қосылып, абыройға бөленгенін білемін.
- Ұмытпай тұрғанымда айта кетейін... - деді ол. - Биылғы көктемде бас
қосқан жиында округтық судья менен "Ит емдеудің тəсілін білетін тəуір
біреуді табуыңа болмас па екен?" деп сұрады.
- Сұрағаны дұрыс қой, - деді Бьяртур. - Иттердің жағдайын қатаң
қадағалап тұру қажет. Бəлкім, сен өз құлағыңмен естіген де шығарсың?
Мен үйлену тойым жүріп жатқанда айтып едім ғой: сенің түкке тұрғысыз
сұйық дəрің көмектесуге дəрменсіз болып шыққан кезде мен өз итімді өзім
емдеймін.
- Менің округтық дəрігердің өзінен алған дəрімді түкке тұрғысыз деуге
ешкімнің де құқығы жоқ, - деп, оның сөзін бөлді Тау королі салқын үнмен.
- Ол дəрі ғылымның ережелері түгел сақтала отырып жасалады. Бірақ ол
дəрі барлық уақытта бірдей дұрыс қолданылады деп кепілдік беруге
болмайды. Округтық судьяның маған дені дұрыс көмекші табуың қажет
деуінде осындай сыр бар.
Шаруалар қайткен күнде де шұғыл шара қабылдау керек деген
ұйғарымға келді. Өйткені биылғы көктемде Утиредсмиридің өзінде де
топалаң ауруы кездескен болатын.
- Иə, мен бұл жағдайды ойластырамын, - деді Тау королі өзіне
жүктелген міндеттің жауапкершілігі соншалықты зор екенін сезінген
адамша. Бүл - өте маңызды жұмыс. Бірақ дəрігердің жалпы алғандағы
жұмысы сияқты абырой əпере бермейтін жексұрын қызмет. Бұған ысылған
іскер адам керек. Бəлкім, мен өзімнің болашақ көмекшіме судьяның жоғары
еңбекақы тағайындауына қол жеткізе алармын. Бірақ əзірше ондай уəде
бере алмаймын.
- Бұл жұмысты қауым старостасының өзіне жүктеуге де болады ғой, деді Бьяртур. Мири туралы естелік мұның жан-жүйесіне тікендей қадалып,
мазасын алатын. - Меніңше ит емдейтін ең жақсы көмекшіңіз болуға сол
лайық.
Бұл ұсыныс жай қалжың ретінде қабылданды да қонақтардың
ықыласын аудара қоймады. Олар қабақтарын тыржитып, мырс-мырс күлді
де қойды.
Осы кезде үйге Роза кофе алып кірді. Шыны аяқ жетіспегендіктен жұрт
кофені екі кезекте ішуіне тура келді.
- Ішіңіздер, іше түсіңіздер, - деді Бьяртур. - Майлы кілегейіміз жоқ асқазанымыз ауырады деп қорықпай-ақ қойыңыздар. Оның есесіне біз кофе
дəнін аямаймыз.
- Даниялықтардың майлы кілегейінен дəм татып көріңдер, - деді Тау
королі, қойныңдағы төс қалтасынан қаңылтыр жайпақ құтыны шығарып.
Оның тығынын аша бастағанда шаруалардың көздері күлімдеп, жүздері
жайнап сала берді. Мен тауға сапар шеккенде өз серіктестерімді сыйлауға
əрқашан қуаныштымын, - деді ол, сөзін жалғастыра түсіп. Сөйтті де əр
ыдысқа аздап арақ құя бастады. - Кім біледі, ертең поселкеге қайтып
оралғанда, бəлкім, сендер де мені əлдебір нəрсемен қуантатын
боларсыңдар. Соңғы жылдары салықтың зіл батпан салмағы шаруалардың
еңсесін езіп бара жатқанын өздерің де жақсы білесіңдер. Бəлкім, таяудағы
болашақта кедей-кепшік шаруалардың қауымдық кеңесте өз өкілі де болып
қалатын шығар. Жарайды, оны айтып, күні бұрын тон пішпей-ақ қоялық.
- Печеньеден де алып отырыңыздар, достар, - деп өтінді Бьяртур. Мына сайтан алғыр қантты да қалдырмаңыздар. Роза, Тау короліне тағы бір
шыны аяқ кофе құйшы.
- Иə, иə, достарым, - деді Тау королі, өз қойнынан суырып берген
қаңылтыр құты отырғандарды түгел аралап шыққан кезде. Биылғы пішен
шапқан кезде ауа райы онша қолайлы бола қойған жоқ. Бірақ соған
қарамай, шамасы, əлдебір өлең жолдарын шығарған боларсыңдар.
- Дұрыс айтасыз. Қазір жақсы өлең тыңдағанның өзі де бір ғанибет қой,
- деп қолдай кетті оны өзгелер.
- Түсінуге қиын өлеңдерге менің құмар емес екенімді білесіңдер, - деп
сөз қыстырды Эйнар.
- Кейбір жағдайда өзім шығаратын қарапайым ғана болмашы
өлеңдерімде мен ондағы ырғаққа мəн беріп, бас қатырып жатпаймын,
барынша шындықты айтуға тырысамын.
Жазғы мекен иесі Бьяртур Эйнардың поэзиясын менсінбейтін. Мұны
жұрттың бəрі де білетін. Өйткені оның өзі ежелгі өлең үлгілеріне еліктеп
өскен. Бірақ дінді дəріптейтін мақтау өлеңдер мен тым жаңаша сəн қууға
бейім өлеңдер жазуға мүлде құлықсыз болатын. Сондай-ақ қисынсыз
қиялға құрылған ерсі өлеңдерді де жек көретін.
- Əкем марқұм, - деді ол, - өлеңді өте жақсы көруші еді. Өзі де жаман
жазбайтын. Өлең жазудың ережесін бала кезімде сол кісіден үйренген едім.
Сол əдісті əлі күнге дейін қатаң ұстанып келемін. Қазіргі скальдтардың
(ақындардың) неше түрлі құбылтып, соңғы кездегі сұлусымақ сəнге салмақ
болған əрекеттерін, мысалы Утиредсмиридегі бас бəйбішенің
жаңалықсымақтарын тіпті де қажетсінбеймін. Мен өз əкемнен оның
өлеңдерінің жеті жинағын мұра етіп алып қалдым. Мынаны атап айтуға
тиістімін: бұрын біздің елімізде өлең жазатын небір шебер шайырлар
болған. Олар өлеңнің өз өлшемін қатаң сақтайтын: бір шумақ өлең төрт
жолдан ғана тұратын. Олардың өлеңдері əр түрлі мақаммен оқи беруге
жақсы келетін. Соның өзінде көркемдік қасиетін, мазмұны мен мəнін
ешқашан жоғалтпайтын. Олар қайдағы бір қайғы-қасіретті, мұң-зарды, əр
түрлі жылаңқы жырларды жазудан аулақ болатын. Дінді дəріптейтін
псаломдар жазуды пасторлардың үлесіне қалдыратын. Олар ешнəрсеге
мойымаған, шағынып жылап-сықтауды білмеген ержүрек жандар еді,
көкіректерін қағып, желпіне мақтанудан да аулақ болатын. Мысалы, Ульвар
туралы римдерді* алыңыз. Оларда тек үлы шайқастар, ерен ерлердің қанға
бөккен кескілескен ұрыстары ғана суреттеледі, əсерлі жырланады. Міне,
жүрек жұтқан нағыз батырлар деп соларды айту керек! Олар қазіргі
ақындар сияқты əйелдердің алдында құлша жорғалап, еңбектеген емес. Ал
əлдебір атақты сұлу туралы естіп-біле қалса, ол қыз дүниенің қай
қиырында болса да бас салып тартып əкелуге аттанатын. Мақсатына жету
үшін талай елді бағындырып, халқына ойран салатын. Олардың жүріп
өткен жерінде тау-тау өліктер қалатын.
Шаруалар поэзия туралы ұзақ дауласты, əрқайсысы өз пікірінде қалды:
біреулері ежелгі жырларды, оның ерлік рухын жақсы көретінін, ал енді
біреулері бүкіл адами немесе Құдайға құлшылық ететін поэзияны сүйетінін
айтысты. Олардың осындай дау-дамайға беріліп, ұзақ отырып алғаны
сонша, тіпті бірде-біреуінің оз өлеңін оқуына уақыт қалған жоқ.
- Кімде-кім кісінің түсінуі қиын күрделі де терең ойлы өлең жазса, оның
өзінше менменсіп, дандайсып кететін əдеті болады. Ондайлар адамның жан
дүниесі туралы жазатын ақындардан өздерін тым жоғары қояды, - деді
Эйнар.
Бьяртур оның бүл сөзіне жауап ретінде өзін ешқашан да ұлы скальд деп
санамағанын, дегенмен қалай болса солай атүсті сүйкей салынған
өлеңсымаққа жаны шыдай алмастай қарсы екенін айтып салды. Төрт
жолдан ғана тұратын бір шумақ өлеңнің де ырғақты ұйқасы өзара үйлесім
табатын болуы тиіс.
- Егер мені шын мəніндегі скальд деп танысаңдар, - деді ол - шумақ
сайын үштен кем ырғақты да үйлесімді ұйқасы жоқ өлеңді* халық арасына
таратуға ешқашан да келіспес едім.
Тау королі өзі сыйлаған ішкілік бұлардың барған сайын бойын
қыздырып, ойын оятып, сөзді көбейтіп бара жатқанын көрді де бүл жерде
поэзия мəселелерін айтысып-тартысып талқылап отыруға уақыт жоқ екенін
ескертпек болып былай деді:
- Мен сендердің қызу айтыс-тартыстарыңа аралассам, саған не жоқ деп
қарсы бола қоймассыңдар деп ойлаймын. Мен өз өмірімде бірде-бір өлең
жазып көрген жан емеспін. Бірақ, меніңше, ақындар əрқашан ақиқатқа
деген махаббат пен үйлесімді ырғақты ұйқастың қақ ортасын мықтап
ұстануы керек сияқты. Олар шынайы шындықты ырғақты ұйқасқа
айналдыра білетін болсын, онсыз ешқашан да шындықты жырлай алмайды.
- Ырғақты ұйқасқа түспеген ақиқатты шындық деуге болмайды, - деді
Бьяртур. - Егер ырғақты ұйқас дұрыс қосылса, осының өзі ақиқат.
- Түк түсінсем, бұйырмасын, - деп қарсы пікір айтты Эйнар. - Сіздер
сияқты ақылды адамдардың аузынан осындай сөздерді естігеніме таң
қаламын. Өйткені ырғақты ұйқас дегеніміз ырғақты ұйқас, ал ақиқат
шындық дегеніміз ақиқат шындық қой. Олардың бір-біріне қандай қатысы
бар?!
Истадальдан келген Оулавюр бүл пікірталасты барынша немкеттілікпен
селсоқ тыңдап отырған болатын. Бірақ өзінше ғылыми сипаттағы əйтеуір
бір ой-пікір айтып қалуға, сөйтіп күрделі проблеманы шешіп тастағансып
отыруға құмар ескі əдетіне басып, мына əңгімеге аз да болса өз үлесін
қосуды артық санаған жоқ:
- Иə, жігіттер! Бүл өмірде шынында да түсінуі қиын құпия құбылыстар
аз емес, - деп, ыңғайы келіп қалған кезде сөз қыстыра қойды. - Сонымен
келесі пасха мерекесі сенбіге тура келеді деседі ғой...
Отырғандар əңгіме тақырыбын күрт бұрып жібергендіктен аз-кем
аңтарылып, үнсіз қалды.
- Сенбіге? - деді ойланыңқырап барып үн қатқан Тау королі. - Олай
болуы мүмкін емес, пасха мейрамы барлық уақытта тек жексенбіге тура
келеді.
- Иə, мен де тап осылай деп ойлайтынмын, - деді масайрай сөйлеген
Оулавюр. - Бүл жолы мен мұны "Халық достары" одағы шығарған
күнтізбеден көрдім. Онда соқырға таяқ ұстатқандай етіп, айқын жазып
қойыпты: келесі жылғы пасха сенбіге тура келеді екен.
- Шамасы, бұл қателік болар, - деді Тау королі.
- Күнтізбеде де қателік болушы ма еді? Қате кетуі мүмкін емес.
Күнтізбеде қате жіберуге кімнің жүрегі дауалай алады? Осынша ойға
қалып, басым қатты... Айтпақшы, мынадай бір жағдай есімде сақталып
қалыпты: осыдан бірнеше жыл бұрын пастор Гунчмундурдың үйінде
қонып шыққаным бар еді. Сонда бір көне кітаптан оқығанмын: күн жыл
сайын аздап кешігетін көрінеді. Егер осы жағдай рас болса, онда уақыттың
да кейін қалып, кешігуі дұрыс қой. Таураттың бір жерінде жазылғанындай,
күн бір орында қозғалмай, тұрып қалған* деседі.
- Қымбатты Оулавюр, - деді Бьяртур. - Осы айтып отырғаныңа өзіңнің
сенетініңді жан баласы ести көрмесін. Кітаптарда жазылған нəрселердің
бəріне де құлап сене бермей, абаймен қарау керек. Мен кітап атаулыға,
соның ішінде əсіресе Таураттағы əңгімелерге ешқашан да сенбеймін.
Кітапта жазылған нəрсенің дұрыстығын тексеріп шығуға ешкімнің де
шамасы келмейді. Кітаптар қанша қажет болса, сонша өтірік айта береді.
Өйткені сен онда айтылған оқиғалардың басы-қасында болып көрген
жоқсың ғой... Егер уақыт шіркін шынында да анда-санда бір күннен
кешігіп тұратын болса, онда Пасха мейрамы əйтеуір бір кезде Рождество
мейрамымен бір күнге тұспа-тұс келер еді.
- Мен тарихта айтылатын бір нəрсеге кəміл сенемін, - деді Тау королі. Өлі Иисустың жексенбі күні таңертеңгісін қайта тірілгені анық. Олай
болса, пасха мейрамы жексенбіге тура келуі тиіс: Бүл жерде уақыттың
кешігіп артта қалып қоятынында немесе ілгері озып кететінінде тұрған
дəнеңе жоқ.
- Мен оның қашан тіріліп жүргенін білмеймін, - деді Бьяртур. - Өзім
қасында болғаным жоқ. Бірнеше əйел ғана болыпты-мыс қасында. Бəлкім,
олар ұстамалы қояншық ауруы бар əйелдер шығар. Олардың сөзіне қалай
сенерсің? Бір мысал келтіре кетейін. Осыдан бірнеше жыл бұрын
Утиредсмириде оңтүстік жақтан келген бір əйел болды. Бір күні ол біреудің
тау беткейіне тастап кеткен нəрестесінің жылаған даусы құлағыма үздіксіз
естіліп тұр деп болмады. Жаздыгүнгі түнге қараған кешкі мезгіл еді.
Нəресте шырылдап жылап, өксігін баса алмай жатыр деп қайталауын
қоймады. Бардық. Сонда не болды деңіз? Нəресте деп жүргеніміз мауыққан
жабайы мысық екен, сайтан алғыр!
- Жарайды, жетер енді! - деді Тау королі. Оның мынадай ұзақ-сонар
дерексіз əңгімеге араласқысы жоқ еді. - Бьяртур жабайы мысық туралы
айтып өтті ғой. Ал сендер түлкі туралы не ойлайсыңдар? Айтыңдаршы!..
- Ойлап қою ғана аздық етеді. Нақты бір нəрсе жасау керек, - деп жауап
қайтарысты оған. - Бұл туралы қауым старостасымен ақылдасып алған жөн
болар?
- О, сұмпайы жылпос қу түлкі қауым старостасын онша
мазасыздандыра қоймайды, -деді Бьяртур. - Былтыр ол жиырма түлкі
терісін сатты, сатқанда да қымбатқа сатып, мол пайда тапты.
Басқалар да пікірін білдірді: "Көресіні əлі түлкіден көретін боламыз"
десті олар. Түлкі былтыр қойға қара күзде қырғидай тиген еді, сол
қылығын биыл да қайталайды. Шаруалар түлкіні тілдері жеткенінше
балағаттап, қарғап-сілеумен болды. Ал Тау королі байсалды кейіппен
сөйледі: түлкінің адамдар үшін зұлым жауыз болып табылатынына күмəн
жоқ екенін беделді түрде мəлімдеді. Ал Нидуркоттан келген карт ақырында
былай деп қорқытты:
- Түлкі былтыр күшті лаң салып еді, əсіресе көктемде құтырып кеткен
болатын. Енді оның салар сойқанын күзде күте беріңіздер, - деді ол.
Кофе ішіліп бітті. Тау королі қаңылтыр құтысының аузын жауып, қойын
қалтасына қайта салды. Таң атып, айнала жарық болып қалған еді.
Қойларды бір-бірінен айқын айыруға толық жетеді.
- Иə, - деді Тау королі, орнынан көтеріле беріп. - Мына көсілген далада
мен талай рет болған едім. Бірақ бұған дейін мені ешкім де ешқашан
бүгінгідей жайдары меймандостықпен жақсы қарсы алған емес. Қонақжай
қожайынның үйіне қыстың суық күнінде келген қандай жақсы! Бізді өте
жақсы күтті, дəм татқызды. Енді қойларды қуып ұстап, бөлуге кірісу керек.
Бірақ Бьяртур мəселе меймандостықта тұрған жоқ деп пайымдайтынын
айтты.
- Ең бастысы, — деді ол, - ешкімге тəуелсіз дербестікте. Сен өлісің бе,
тірісің бе, онда өзіңнен өзге ешкімнің жұмысы жоқ болса, міне, сол жақсы!
Меніңше, нағыз тəуелсіз дербестік дегеніміз, міне, осы! Біреудің қол
астында бағынышты болған адамның қанына сіңген қасіреті - бостандықты
аңсап, оған ұдайы сағынышпен сусап көз ашпауы.
- Иə, - деді, Тау королі. - Бүл жағдай маған өте түсінікті.
Исландиялықтар - тəуелсіз дербестікті жанындай жақсы көретін халық.
Исландияда бір кезде оз бостандығы өздерінде болған хевдингтер* тұрған.
Олар елінің короліне бағынып, бас игеннен гөрі еркіндікте өліп кеткенді
артық көрген. Олар тап мына өзің сияқты жүрек жұтқан батырлар болған,
Бьяртур. Сенің өзің, Бьяртур, жəне сен сияқты басқа да жандар бостандықты бəрінен жоғары бағалайтын исландиялықсыңдар. Сендер
исландиялық тəуелсіз дербестіктің арқа сүйеп келген, əлі де арқа сүйей
беретін нағыз берік тірегісіңдер. Роза, шамасы, мына аңғардың солғын гүлі
сияқты жүдеп-жадап бара жатпаған сияқты ғой. Мен оның тап бүгінгідей
гүл-гүл жайнағанын бұрын-соңды көрген емеспін. Роза, өзің айтшы, мына
мидай жазық кең далада өзіңді-өзің қалай сезініп жүрсін?
- Əрине, мұнда өзіңді-өзің өте-мөте емін-еркін сезінеді екенсің, - деп
жауап қатты Роза, мұрнын сып еткізіп бір тартып қойып.
- Иə, - деді Тау королі əлгі ішілген арақтан кейін оның үнінде бай
шаруаға тəн əлдебір айбынды тəкаппарлық пайда болған сияқты. - Егер тап
осы үйдегі сияқты рух күштілігі біздің бүгінгі ұрпағымыздың бəрінің
бойында болса ғой, шіркін! Онда Исландия өзін қандай болашақ күтіп
тұрғанын ойлап, алаңдай қоймас та еді.
- Солай деңіздер, - деді Нидуркоттан келген қарт Тоурдур. - Біздің
аттанатын уақытымыз болып қалған жоқ па? Менің əлгі көтерем көлігіме
қонғанымша қаншама уақыт керек десеңдерші!
Ол босағада тұр еді. Ұзақ жасап, өмір бойы кедейшіліктен көз ашпай,
əлдебір алыс арманды аңсаумен келе жатқан осы бір қаудырап-қаусап
тұрған қарттың көңілін аулап, оған бір ауыз жылы сөз айтпай жанынан өте
шығу қиын болды. Тау королі оны арқасынан бір-екі рет жігерлендіре
қағып-қағып қойды да былай деп тіл қатты:
- Иə, құдіретті Тоурдур қартым! Мына өмір біздің бəріміз үшін бейне
бір лотерея ойыны сияқты.
- Қалай-қалай дейсің? - деп қайталап сұрады ешнəрсе ұқпай қалған
қарт. Ол əлгі теңеудің не екенін түсінген жоқ. Өйткені өзі өмірінде қолына
лотерея билетін бір-ақ рет ұстап көрген еді. Осыдан бірнеше жыл бұрын
Редсмиридегі бас бəйбіше зиратты жөндеуден өткізу үшін деп бір құлынды
қайырымдылық қорына арнап лотерея ұтысына тіккен болатын. Лотерея
ойынының ұтыс қорытындысы бойынша қауым старостасы өз құлынын өзі
ұтып алған еді.
- Əке, қымбаттым менің, - деді Роза, оны сүйемелдеп аулаға алып
шыққан соң. - Бүгін түнде таудағы лашыққа қонғанда абай болыңыз —
жылы жамылып жатыңыз.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 08
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.