Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 42

Total number of words is 4405
Total number of unique words is 2157
38.7 of words are in the 2000 most common words
53.2 of words are in the 5000 most common words
61.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жол тартты. Гвендур аулаға келіп жеткенде ат байлайтын қора əлдеқашан
қаңырап бос тұр екен - жұрттың бəрі бет-бетімен тарап кетіпті. Ол атынан
түсті де тұп-тура үйге беттеді. Көше жақтағы үлкен есік бірден ашылды.
Кең пальто киген Ингольв Арнарсон шешесімен бірге есік алдына шығып
келе жатты. Ол шешесімен сүйісіп қоштасты да автомобильге отырды.
Соңынан іле-шала қызы да шықты. Үстінде көгілдір көйлегі бар, пальтосын
білегіне іле салыпты. Сары шашы жалт-жұлт етеді. Ол атасының мойнына
оралып, сүйісіп қоштасты. Сөйтті де текпішекті баспалдақпен жүгіре түсіп,
автомобильдегі əкесінің жанына барып отырды. Қыз өзінің ақ орамалын
бұлғап, əжесімен жəне атасымен қимай қоштасқандай болды. Гвендур
автомобильдің терезесінен оның мəз-мейрам болып шаттанған күлкісін
ғана көріп қалды. Осының өзі де ғажайып сиқырлы көрініс болды. Мотор
зыр ете қалды да əуелі тық-тық еткен қатаң, соңынан жұмсақ үн шығарды.
Автомобиль орнынан қозғала бергенде қыз əкесіне қарап күліп қойды.
Олар Гвендурдың жанынан зулап өте шыққанда күн сəулесі автомобильдің
терезелеріне, лак жағылған бояуларына жарқырай шағылысты. Жас
жігіттің мұрнына бензиннің жағымды жақсы иісі сезілді. Ал автомобильде
отырғандар мұны көздеріне де ілген жоқ, көрмей өте шықты. Гвендур
лакты бояуы жалт-жұлт еткен машина қашан ұзап кеткенше одан көз алмай
қарап, шіркеу алдындағы бос алаңда жападан жалғыз қала берді. Ол бұған
дейін ешқашан тап мұндай жалғызсырап, көңілі құлазып көрген емес еді.
Ол қораға тыққан қамшысын тауып алды да, атына мініп, шауып ала
жөнелді. Автомобиль төбеден асып көрінбей кетіпті. Бір минөттен соң биік
асудан өтіп бара жатты... Қызға ат сыйлаймын дегенім қандай есуастық еді!
Оның астындағы атына қатты қамшы басқаны сонша, бейшара шыдай
алмай, шыңғыра кісінеп жіберді. Иə, бұл шынында да кəрі-құртаң нашар ат
болып шықты. Еш нəрсеге жарайтын түрі жоқ. Енді мұны сатып алатын
ақымақ біреу табыла қалса, тезірек құтылғаным жөн екен деп берік байлам
жасады.
***
- Қызым, сен азырақ күте түр, - деді альтинг депутаты. - Мен ана бір
лашыққа кіріп шығайын. Ондағы бір қарт адаммен сөйлесуім керек. Сөйтті де автомобильді жолдың шетіне шығара беріп тоқтатты да, моторды
өшірді. - Əлде сен де бірге барасың ба?
- Жоқ, - деді қызы. - Бармаймын. Туфлиім былғанады.
Қыз əкесінің соңынан қарап отыра берді. Ол хуторға барып кірді. Əкесі
тым сымбатты, екі жауырыны қақпақтай кең екен. Енді байқады.
Бьяртур қотанда жүр еді, мұның алдынан шығып қарсы алды. Ол мұны
"Жарқыным, Инге" деп атады. Үйге кіруге шақырды. Бірақ Ингольв
Арнарсон өте асығыс екенін өзінің ескі досына жəне өкіл ағасына бір
минөтке ғана қайырыла кетуді жөн көргенін айтты. Сөйтіп оны иығынан
қағып қойды. Жиналысқа неге бармағанын сұрап еді, Бьяртур өзінің
жиналыс іздеп барып, кім-көрінгеннің судай сапырған неше түрлі жалған
сөздерін тыңдауға зауқым соқпайды деп жауап қатты.
- Қайдам, мен сені түсінбедім, - деді альтинг мүшесі. - Меніңше, қазіргі
аса маңызды əрі қажетті мəселелер туралы пікір таласын тыңдау кімге
болса да пайдалы. Адамның санасы сергиді, ойы тазарады.
- Ал мен айдың аманындағы тап бүгінгідей тамаша жексенбі күні
адамдардың біріне-бірі: "Сайтан алсын сені!" деп, қайта бет көріспестей
салғыласып жатқанын аса маңызды əрі қажетті мəселе пікір таласы деп
білмеймін. Бұрынғы замандарда мұндай дау-дамай пікір таласы деп
саналмайтын. Ол кезде тек ерлік жасау ғана болатын. Халық арасында
неше түрлі нағыз батыр, ұлы адамдар бірін-бірі жекпе-жек сайысқа
шақыратын немесе жер қайысқан қол жиып, қаптаған қалың жауға қарсы
қанды шайқасқа шығатын.
Ал альтинг депутатының ежелгі ескі дастандарда жырланатын көзсіз
батырлық көрсету саясаты туралы əңгіме тыңдап тұруға уақыты жоқ еді.
Ол тікелей іске көшті. Өзінің біреулерден Жазғы мекендегі Бьяртурдың
құрылыс салумен айналысатын ниеті бар екен дегенін естігенін айтты. Егер
осы сөз рас болса, онда құрылысты қашан бастамақшы -соны білмек екен.
- Бастағым келген кезде бастаймын. Оның саған қажеті қанша? - деді
Бьяртур.
- Егер құрылысты осы жазда бастар болсаң, онда осы бастан қам жеп,
алдын-ала келісіп алуымыз керек. Өйткені осы аптаның ортасында мен іссапарға кетіп қаламын. Одан, шамасы, сайлаудан кейін ғана оралатын
шығармын.
- Ал сен, сүйікті Инге, маған басқа біреулердің сенен гөрі анағұрлым
тиімді шартпен ұсыныс жасап қоймағанына кəміл сенімдісің бе? - деп
сұрады Бьяртур.
- Мен саған ешқандай шарт ұсынайын деп келген жоқпын. Олай деп
ойласаң, қателесесің, - деп жауап қайтарды альтинг депутаты. Тұтынушылар қоғамы ұсақ-түйек сататын шағын ғана дүкен емес. Бізді
əлдебір көпестің: "Бізден мынадай тауарлар сатып алыңдар!" деп зар қағып
тұратын саудагер əйелдері сияқты екен деп ойлап қалма. Тұтынушылар
қоғамы - сенің ең басты мүддеңді көздейтін ұйым. Сен онда өз
шарттарыңды өзің ұсынатын боласың. Бөгде біреулер тіпті де араласпайды.
Цементтің де, басқа құрылыс материалдарының да бағасын басқа ешкім
емес, тек өзің анықтайсың. Қандай төлем жасауды да өзіңнен-өзің талап
ететін боласың. Менің сенен сұрап білейін деп тұрғаным - маған беретін
қандай бұйрықтарың бар? Мені өзімнің қызметшім деп біл Қандай
құрылыс материалдарын қай кезде алғың келеді? Кассадан қанша несие
алуың керек екенін мен есептеп берейін бе əлде оны өзің-ақ есептеп
шығара аласың ба?
- Несие беретін кассадан қарызға ақша алу тиімсіз. Одан кəдімгі
үйреншікті банкіден сұрағаным əлдеқайда жақсы.
- Иə, құрметті Бьяртур, кəдімгі үйреншікті банктің əлдеқайда тиімді
екені сонша, енді сен қара да тұр, егер біздің Тау короліміз алдағы
Рождество мерекесіне дейін өзінің хуторынан жəне бүкіл мал-мүлкінен
айырылып шыға келсе, мен оған тіпті таң қалмас едім. Сөйтіп ол өз күйеу
баласының батырағына айналады əлі. Ал мен оның күйеу баласын қай күні
түрмеге тығып жібергім келсе, ол тап сол күні түрменің түбінен
табылатынына күмəнданба. Маған сене бер, осы жаз аяқталмай жатып,
халықтық банктің бүкіл тағдыры тек менің ашсам алақанымда, жұмсам
жұдырығымда болады. Сонда мына алдамшы алаяқтардың жемқор тобы
түгелдей белшелерінен батқан қарыздарын өтей алмастай зиян шегіп,
банкротқа ұшырамаса, онда менің атымды Ингольв Арнарсон емес,
басқаша қойыңдар! Міне, сонда менің осы сөзімді естеріңе түсіресіңдер.
Алдамшы алаяқтарға сеніп қалып, өздерінің тағдырын солардың қолына
тапсырғандар əлі-ақ бармақтарын шайнап, өлердей өкінетін болады. Ал
біздің несие беретін кассамыз, жарқыным Бьяртур, ұзақ мерзімді несие
бере алмайтын болғанымен, өте сенімді. Ұзақ мерзімді несиеден не пайда
бар? Егер хутор ұзақ мерзімді ипотекалық қарызынан қашан құтыламын
дегенше ол өз иесінің тек қағаз жүзіндегі ғана меншігі болып қала береді.
Қолыңнан келер шараң жоқ!
Бұл өзі қарызға қатысты өте күрделі мəселе еді. Бьяртур екі ойлы
болып, қобалжи бастады. Ол қарапайым ғана шаруа болатын.
Бұған дейін табиғаттың қатал күштерімен де, сиқырлы зұлым күш
иелерімен де құр қолымен күресіп келді. Бүкіл білімін ежелгі ескі жырлар
мен сагалардан ғана сарқып алған болатын. Ал оларда адамдардың босқа
артық сөзді шығын етпей-ақ бір-бірімен кескілескен ашық шайқасқа
шығатыны, қанды қырғыннан соң адамдардың тау-тау болып үйілген
мəйіттері ғана қалатыны айтылатын.
- Біздегі құрылыс материалдары Виктегі бағамен салыстырғанда үштен
бір есе арзан, -деп сөзін жалғастыра түсті төраға. - Біздің қоғам жаздыгүні
цементті шетелдерден тікелей сатып əкелді. Мұндай қолайлы жағдай
барлық уақытта бірдей қайталана бермейді. Оның үстіне, алдағы күзге
қарай қойдың бағасы елу кронаға дейін көтерілетін сияқты.
- Сендердің, соның ішінде əсіресе сенің, қашан өтірік сөйлейтіндеріңді,
қашан шын сөйлейтіндеріңді адам біліп болмайды, - деді Бьяртур. - Ал,
меніңше, сендер барлық уақытта да өтірік айтасыңдар. Мен солай деп
ойлаймын.
Альтинг депутаты оны иығынан қақты да қарқ-қарқ күлді. Содан соң
кетуге айналды.
- Сонымен мен саған цементтің алғашқы бөлігін күні ертең жіберетін
боламын, - деді ол - Қалған іс өзінен-өзі жүріп кетеді. Сен сызба жоспармен
менің орынбасарыма барып таныса аласың. Тас қалаушылар мен ағаш
ұсталары бізде жетіп артылады. Қалағаныңша шақыруыңа болады. Ал
саған қанша мөлшерде несие керек екенін біз шамалап біліп отырмыз. Бізге
ертең немесе бүрсігүні келіп, жолығып кет, қалған егжей-тегжейлі əңгімені
сонда жалғастырамыз.
Автомобиль Жазғы мекеннің алдынан өтетін жолдың үстінде тұр еді.
Астындағы мінген аты одан үркіп, қос құлағын тікірейтіп, ойнақши
бастаған соң Гвендур тақымын барынша қатты қыса түсті. Ақырында жаяу
түсіп, атын шылауынан ұстап, жетекке алды. Батып бара жатқан күннің
сəулесімен жарқырай көрінген машина бейне бір қиял-ғажайып
ертегілеріндегі адам таң қаларлық кереметтің дəл өзі сияқты. Ол өзінің
ерекше ғажайып бейнесімен қоршаған табиғатты сұлулық салыстыруға
шақырып тұрғандай. Гвендур атын жетектеген бойы оған тым жақын
барды. Ашық терезеден көгілдір түтін будақтайды. Алдыңғы орында жалғыз қыз. Ол темекі шегіп отыр екен. Жас жігіттің көзі əуелі оның екі
иығына, алмадай жұмыр аппақ мойнына, алтындай сап-сары қос
бұрымына, оң жақ бетіне түсті. Гвендур тым таяу келіп қалса да қыз оған
мойын бұрып қараған жоқ. Ашық терезеден бұрынғысынша сақина
тəрізденіп дөңгелене шығып жатқан көгілдір түтін жоғарыға баяу
көтеріледі. Гвендур машинаға өте жақын келіп:
- Қайырлы кеш, бикеш! - деді.
Қыз селк ете қалды да қолындағы папиросын жасыра қойды. Бірақ оны
іле-шала аузына қайта жақындатты.
- Мені сонша қорқытқаның қалай? - деді ол, аздап мұрнынан
міңгірлеген əуезді үнімен.
- Саған өзімнің атымды көрсетейін деп едім, - деді ыржия күліп.
- Аты несі? - деп, соншалықты немкеттілікпен самарқау сұрақ қойды
қыз, ондай жануар туралы бейне бір бұрын-соңды естіп-білмегендей-ақ.
- Иə, - деді жігіт өзінің атын көрсетіп. Қаншаға сатып алғанын да айтты.
Өйткені бұл округтағы ең қымбат аттың бірі екенін ескертті.
- Солай де, - деді қыз, атқа көз қиығын да салмастан. - Ал менің онда
қандай жұмысым бар деп ойлайсың?
- Сен мені шынымен-ақ танымай отырғаннан саумысың? - деп сұрады
жігіт.
- Қайда көргенім есімде жоқ, - деп жауап қатты қыз, алдағы созылып
жатқан жолға қараған бойы. Ал Гвендур екі көзін қыздан сонда да айырар
емес.
Ақырында қыз мойын бұрып, бұған соншалықты өктем менмендікпен
жеркенішті қарады. Гвендур бейне бір оның жеке басын қорлаған адам
сияқты көрінді. Сөйтіп тым салқын сарынмен үн қатты:
- Сен неге Америкаға кетпей қалғансың?
- Мен сол түні пароходқа жетіп үлгере алмадым, кешігіп қалдым.
- Ал содан кейінгі пароходпен неге кетпедің?
- Менің мынадай ат сатып алғым келді.
- Ат сатып алғым келді?..
Жігіт батылдана түсті де былай деді:
- Мен сенімен кез болып, табысқаннан кейін осында жүріп те тəуір адам
бола алатын шығармын деп ойладым.
- Қаңғыбас неме! - деді қыз.
Жігіттің бойын ашу-ыза кернегендей сезім пайда болып, қызарып кетті.
Əлгіндегі күлкісінің ізі де қалмады. Тек үстіңгі ерні зорлана қалтырап,
дірілдей берді.
- Мен қаңғыбас емеспін! - деп айқайлап жіберді ол - Мен саған мұны
дəлелдеймін! Сен əлі менің кім екенімді білетін боласың!
- Егер сен ойыңа алған арманыңды жарты жолда қалдырып кеткен
болсаң, онда нағыз қаңғыбас жансың. Қаңғыбастың тап өзісің! Шөп басын
сындырмайтын жалқаусың! Қоян жүрек қорқақсың! Иə, су жүрексің! Менің
саған көз қиығын салғаным ұят-ақ. Ал сөйлесіп тұрғаным одан сайын
масқара!
Гвендур бір адым кейін шегінді. Оның көзінен от шашырады. Қыздың
қылығына қарай бұл да қалыспай мінез көрсетті:
- Осыдан қара да тұр. Біз де тап Редсмиридегі сияқты, бəлкім, тіпті одан
да жақсы, одан да көркем үй салып алатын боламыз.
Қыз бұған мұрнынан міңгірлеген жеркенішпен күлді де қойды.
- Сендер, Редсмиридегілер, - деп, тағы да айқайлап жіберді Гвендур, біздің бəрімізді де аяқтарыңның астында таптап тастамақ боласыңдар! Иə,
солай деп санап келдіңдер, солай деп əлі де ойлайсыңдар! - Жігіт қайтадан
жақын келіп, жұдырығын түйе қыздың тұмсығына тақап, ызалы сес
көрсетті. - Мен сендерге көресіні көрсетемін!
- Менің сенімен сөйлескім де келмейді, - деді қыз. Мазамды алмай,
жоғал əрі!
- Бірнеше жылдан соң мен Жазғы мекеннің нағыз иесі боламын. Бай
шаруаға айналамын. Сенің атаң сияқты дүрілдеймін. Бəлкім, одан асып
кеткен бай болармын! Міне, сонда көресің мені!
Қыз аузындағы түтінді дөңгеленген сақина тəрізді етіп сыртқа
шығарды. Көзін сығырайта түсіп, жігітті басынан аяғына дейін жүгірте
шолып шықты.
- Менің əкем көп ұзамай бүкіл елді билеп-төстейтін болады. - Ол енді
көзін бадырайта ашып, еңкейе түсті де, бейне бір қауіп-қатерге толы қоқанлоққы жасап қорқытқандай түр танытты. - Білдің бе, бүкіл Исландияға
билік жүргізеді, бүкіл елге билік жүргізеді!
Гвендур бір түрлі үрпие қалғандай көзін төмен түсірді.
- Сен маған бүгін неге осынша қатыгез бола қалдың? Менің Америкаға
саған бола бармай қалғанымды өзің де жақсы білесің ғой. Сен мені
шынымен сүйетін шығарсың деп ойлап қалып едім.
- Сен ақымақ есексің! - деді қыз. - Егер сен Америкаға кетіп қалғаныңда
онда, бəлкім, аздап сүйген де болар едім. - Дəл осы кезде қыздың ойына бір
тапқыр жауап сап ете қалды. - Əсіресе сен мұнда қайтып оралмайтын
болғаныңда! Ой, əкем келе жатыр. Қараңды батыр енді! - Қыз
папиросының түбіртегін жол бойындағы шұқырға лақтырып жіберді.
- Сен біреумен əңгімелестің-ау деймін, қызым? - деді Ингольв
Арнарсон. - Жұғымдылық - жақсы қасиет.
Əкесі машинаға отырған бойда сигаретін тұтатты.
- Мына жігіт осы хутордың тұрғыны, - деді қыз. - Бұл Америкаға кетпек
болған екен, бірақ...
- Ə, бұл сол жігіт екен ғой, - деді альтинг депутаты, стартерді баса
беріп. - Бала, Америкаға кетіп қалмай, өте дұрыс істеген екенсің. Бізге
осында, өз отанымызда күресетін қиыншылықтар да жетіп артылады. Бізге
қажымай-талмай күресу керек, қалай да жеңіп шығу қажет. Өзіңнің туыпөскен жеріңе деген сенімің болсын - еткен еңбегің сонда ғана жанады. Бəрі
Исландия үшін! Айтпақшы, сенің жасың қаншада?
Гвендурдың жасы əлі он жетіде ғана еді - сайлауда дауыс беруге əлі
құқығы жоқ болатын.
Альтинг депутаты мұны білген бойда бұл жігітке деген ынта-ықыласын
бірден тоқтата қойды да, машинаны жүргізетін тетікті тезірек басуға
тырысты. Бұл онымен қоштасқан белгі бергендей бір саусағын абайсызда
қалпағының бір шетіне тигізіп үлгерді, бəлкім, қалпағын жай ғана аздап
түзетіп кигісі келген де болар.
Олар жүріп кетті. Жолдың шаңы бұрқырай көтеріліп, бірте-бірте
шұбатыла артта қалып жатты.
АЛПЫС СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
ОСЫ ЗАМАНҒЫ ПОЭЗИЯ
Қандай шиеленісіп, былыққан іс болса да əйтеуір бір реттеліп, өзіненөзі жүйеге келеді. Дегенмен де бұған көптеген адам қашан кезі келіп, көзі
жеткенше сене бермейді. Сөйтіп жүріп, аңсаған армандарымыздың қалай
орындалғанын білмей де қаламыз. Əсіресе ондай арманға жету үшін өзіміз
ешнəрсе жасай қоймаған кезімізде жиі-жиі солай болады. Бьяртур əлі
ойланып-толғанып, белгілі бір шешім қабылдаймын дегенше цементтің
бірнеше тонна алғашқы партиясы аулаға түсіріліп жатты. Адам өзіне лайық
ең жақсы үйде тұратын кезім келіп жетті-ау деген кезде ондай үй жер
астынан өзі өсіп шыға келгендей немесе аспаннан түсе қалғандай болады
екен Өзіміз не нəрсеге лайық болсақ, өмір соның бəрін де оп-оңай бере
салады. Мұның тек жеке адамдарға ғана емес, тұтас бір халыққа да қатысы
бар. Мысалы, кешегі соғысты алып қарайық. Ол кейбір адамдар мен кейбір
халықтарды, олардың өздері ешқандай күш-жігер жұмсап, қиналмаса да,
шырқау биікке көтеріп əкетті. Исланд халқына ең күшті деген кемеңгер
саяси қайраткерлердің өздері жасай алуы екіталай өте-мөте күмəнді
жақсылық атаулының бəрін де біздің жерімізден жырақ əлдебір жақта аяқ
астынан бұрқ ете қалған бір ғана алапат соғыс үйіп-төгіп артығымен бере
салды. Қадірлі адамдар қатарына қосылған Бьяртур өзінің Жазғы мекенінде
неше түрлі қиын-қыстау жағдайлар болып өткенін мойындауға бейімделе
бастады. Несі бар, жамандық көрмей, жақсылыққа жете алмайсың. Бірақ ең
жақсысы - бүл алақан жайып, басқа біреудің несібесі есебінен тамақ
асырап көрген жоқ. Басқа біреудің несібесі - өз еркі өзіндегі, ешкімге
тəуелсіз дербес адам үшін барып тұрған қатерлі у. Басқа біреудің несібесіне
қарап, алақан жаю - өз еркі өзіндегі, ешкімге тəуелсіз дербес жанды шын
мəніндегі қымбат бостандығынан біржола жұрдай ететін бірден-бір сұмдық
нəрсе. Бір кезде біреулер Бьяртурға сауулы сиыр сыйламақ болған. Бірақ ол
өз дұшпандарынан сыйлық ала салатын адам емес. Егер Бьяртур сол
сиырды бір жылдан кейін-ақ сойып тастаған болса, оның себебі мұның
алдында неғұрлым жоғары, неғұрлым абзал міндеттердің тұрғандығында
ғана еді. Бүл сол кездің өзінде-ақ айтқан болатын: болмашы нəрсеге бола,
сиырдың жем-суы үшін ақша шаша беретін ниеті жоқ екенін, ондай ақша
болашақта қажет болатынын жасырған жоқ. Бəлкім, салтанатты сарай
салып алуды ойлаған шығар. Енді міне ол тұтыну қоғамының дүкенінде
тұрып та сол ойын айтты: үй салған соң оны салған сияқты етіп салу керек:
ол екі қабатты, еңселі, екінші қабатының үстінде жəне бір үйшігі бар
ғажайып үй болуы тиіс. Алайда Бьяртурды бұл ойынан қайтуға əзер
көндірді - үйді кəдімгідей бір қабат етіп салу да жаман емес, оның да
үстінде шатыры, астында жер төлесі болады. Сонда ол да үш қабат үйге
айналып шыға келеді. Бьяртур несие беретін кассадан ақша алды. Құрылыс
салынбаған жер ұзақ мерзімді несие алуға кепіл бола алмайды деп
саналады екен. Сондықтан да əзірше несие бір жылға ғана берілетін
болыпты. Сондай-ақ салынатын құрылыс үшін жұмсалатын несие
мөлшерінің алғашқыда отыз пайызы кепіл ретінде ұстап қалынатыны да
айтылады. Соның өзінде тұтыну одағы тарапынан кепілдік тапсырылуы
шарт көрінеді. Ал тұтыну қоғамы салынатын құрылыс үшін жұмсалатын
несиенің екінші кезегін аларда тағы да кепіл ақша қалдыруды талап етеді
екен Сонымен касса Бьяртурға несиенің екінші бөлігін алдағы күзде беруге
келісті. Ол кезге дейін үй толық салынып бітуі шарт. Үй салынып біткеннен
кейін кездегі жұмсалатын екінші несие міне, сонда ғана беріледі. Бүл
несиенің есебінен құрылыс материалдарын алғаны үшін тұтыну қоғамына
қайтарылуы тиіс қарыздар өтелуі керек. Жоғары деңгейдегі
қаржыгерлердің ойлап тапқан бас қатырарлық күрделі механизмі, міне,
осындай еді. Осындай қызмет гүрлерін көрсетпек болғаны үшін хутор
тұрғыны Бьяртур сайлауда Ингольв Арнарсон Йоунссон үшін дауыс берді.
Өйткені ол халық үшін аса маңызды мəселелерді альтингте талқылап шешу
кезінде бұлардың сенімді өкілі ретінде қатысуы керек. Тұтыну қоғамының
өкілі альтингке тағы мүше болып өтті. Сөйтіп көпестер қауымына
есеңгірете ауыр соққы берілді.
Енді тұтыну қоғамының өкілі үшін дауыс бергендер мəз-мейрам болып,
шаттыққа бөленді, ал банк директоры үшін дауыс бергендердің
ұнжырғалары темен түсіп, өлердей өкінумен болды. Өйткені, біріншіден,
банктің іргетасы қатты шайқалып, жағдайы нашарлады, енді оның кезкелген уақытта банкротқа ұшырауы əбден мүмкін: ал, екіншіден, банк
директорын жақтаушылар Редемири қожайындарына ашықтан-ашық жау
болып шыға келді. Өйткені өздерінің бастарына өздері тілеп алған қиын-
қыстау қатерлі жағдай туа қалған кезде бұлар ендігі жерде кімнен көмек
күте алмақ? Осының бəрінің үстіне, шетелдіктердің бір-бірімен одан əрі
соғыса беруге мұршалары қалмаған болып шықты. Сондықтан да ендігі
жерде ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы кез келген минөтте күрт
төмендеп кеткелі түр.
Үйдің іргетасы қаланатын қазан шұңқыр тебенің дəл үстінен қазылды.
Бұрынғы ескі жер үйдің оңтүстік жағына таман жап-жақын. Тас
қалаушылар, ағаш ұсталары келіп, жертөленің құрылысын бірден бастап
жіберді. Жертөле ете тамаша болып шықты. Жұмыс бір апта бойы
тоқтатылғаннан кейін тұрғын үй қабатының қабырғалары шұғыл түрде
қалана бастады. Онда торт бөлме жəне ас үй болады деп жоспарланған.
Ендігі жетпей тұрғаны жас балалар ғана. Аулада асыр салып, тыным
таппай, секіріп ойнап жүретін кіп-кішкентай, əр нəрсені білуге құмар
балалар - ауланың сəні ғой. Бір кезде, осында қой қораның қабырғалары
қалана бастаған кезде асыр сала улап-шулап, ойнап жүрген жас балалар
қандай сүйкімді еді. Қазір мұнда сол кездегіден де қызық болар еді.
Өйткені қызықты нəрсе өте коп - ағаш пен бетонның иісі бұрқырайды,
тарс-тұрс соғылған балғалардың үні мен бетон араластырғыш
қондырғылардың у-шуы құлақ тұндырады. Жүмысшылар да, машиналар
да, аттар да коп. Құм мен киыршық тас тау-тау болып үйіліп жатыр.
Бұрынғы кезде терезенің көздері екі қабат етіп салынбаушы еді, темірбетон дегенің де қолданылмайтын. Үйдің қабырғалары қарапайым тəсілмен
қалана салатын, бірақ өте қалың болатын. Пішен шабылатын кез келгенде
үйдің шатырын қалау мен төбесін жабу ғана қалды. Бұған дейін ақша да
таусылып біткен еді. Бьяртурдың қалаға баруына тура келді - несие беретін
кассадан тағы да қарыз алу керек болды. Бірақ бүл кезде Ингольв Арнарсон
астанада жүр еді. Касса Бьяртурға несие беруден үзілді-кесілді бас тартты қалған несиеңді тек күзге қарай ғана ала аласың дегенді айтты. Көктемде
тұтынушылар қоғамында үйдің төбесін жабатын шифер мен терезелерге
көз салатын əйнектер жоқ болатын. Өйткені үй салушылар өте көбейіп
кеткендіктен ондай материалдар тіпті де жетіспейтін. Дүкен енді терезеге
көз салатын əйнектердің кезекті партиясын алдағы жылдың жазында, ал
шиферді содан соң, күзде күтіп отырғандарын айтты. Ондағылар "Күзде
қойдың бағасы қандай болатынын білуді күтетіндерін де жасырмады.
Сөйтіп Бьяртур бастап жіберген үйдің құрылысы жаз бойы тоқтап қалды.
Қара жолмен ары-бері өткен-кеткен жолаушыларға бүл үйдің құрылысы
бейне бір көзге шыққан сүйелдей өте сиықсыз көрінді. Олар бүл жерде
жарасымды жайлы үй жасыл желекке бөленіп тұратын шығар деп
ойлайтын. Енді міне əлдебір дүлей дауылдан кейін қирап қалған
үйінділердің жиынтығына ұқсас жұпыны үйдің сүлдері ғана тұрған қораш
көріністің куəсі болуда. Алайда Бьяртур енді бүл үйдің құрылысын бітіре
алмай, осылай қалдыратын шығар деп ойлағандар қатты қателескен еді.
Осыдан бір жыл бұрын аяқталған соғыс күзге қарай бағаны бұрынғыдан да
шарықтата қымбаттатып жіберді. Мұндай бағаны Исландияда бұрын-соңды
ешкім көрмек түгілі, естіген де емес. Күздігүні Əйелдер одағының астанада
өткен бір жиналысында Редемириден барған фрудың дуалы аузынан
шыққан "Исландия шарықтап көкке көтерілген ел" деген қанатты сөзі бүкіл
елге тарап кетті.
Бір қойдың бағасы елу кронаға дейін жетті. Астаналық газеттер
шаруалардың бұрынғы жəне қазіргі мəдениетінің артықшылығын тілдері
жеткенше асыра мадақтаумен болды. Шаруалардың оған тікелей өздері
қосқан үлесіне үлкен мəн берілді. Бьяртур кассадан тағы да ақша алды.
Ағаш материалдары, терезеге көз салынатын əйнек, үйдің төбесін жабатын
шифер жеткізілді. Жүмысшылар да келтірілді. Күзге қарай жаңа үйдің
төбесі жабылды. Сырттан қарағанда үй дайын болып қалған сияқты
көрінді. Алайда шатырды енді жауып бола бергенде жəне бір қырсық кез
болды: десятник жертөленің қабырғалары бірнеше жерінен жарылып
тұрғанын мəлімдеді. Бүл, оның ойынша, жер асты дүмпуінің салдары
көрінеді. Бірақ Бьяртур биылғы жазда ешқандай да жер сілкінісі
болмағанын айтып, оның пікірімен келіспеді.
- Кореяда жер сілкінісі болды ғой, - деді десятник. - Жалпы алғанда
ондай жарылған жерлерден келетін қауіп-қатер жоқ - оларды жай сылақтың
өзімен-ақ оп-оңай бітей саламыз.
Ондай жарықтары бола тұрса да үй иесі бүл ғимараттың келешектегі
ғажайып көріністерін көз алдында мақтанышпен сүйсіне елестетуден рақат
сезіміне бөленіп жүрді. Оған қайта-қайта сүйсіне қараудан жалықпайды,
өзіне-өзі əлдебір нəрселерді айтып күбір-күбір етумен болды.
Таудағы қойларды жинап, айдап қайтқан сапардан кейін Бьяртур баласы
мен екеуі екі салт атқа мініп, Фьордқа барып қайтпақ. Үйдің құрылысы
үшін əлі де толып жатқан ұсақ-түйек нəрселер керек екен. Бьяртур жол
бойы үн-түнсіз келе жатты. Ал иен даланың шығыс жақ шетіне жете
бергенде Гвендурға мынадай сұрақ қойды:
- Көктемде сен Ауста менің өлеңдерімді əншейін сүйкей салған нашар
нəрселер деп айтты деген жоқ па едің?
- Иə, оның осы тəрізді бір нəрсе айтқаны рас болатын, - деп жауап берді
Гвендур.
- Сонда қалай, оның достары қазіргі жаңаша поэзияны жақсы көре ме
екен?
- Солай-ау деймін, - деді баласы. - Ол əлдебір жас ақынмен некелескен
көрінеді.
- Жарайды. Өлеңді қазіргі ақындар сияқты жазудың түк те қиындығы
жоқ, - деді Бьяртур. - Лақылдаған құсық сияқты ақтара береді. Ішкі
ырғақтан жұрдай. Тек соңғы сөздері ұйқасса болды.
Гвендур өзі өлең жаза алмайтын. Сондықтан да ештеңе деп жауап
қатпады.
Аз ғана үнсіздіктен соң əкесі былай деді:
- Егер сен қалада Ауста Соуллильяны тағы да кездестіре қалсаң, менің
қазіргі жаңа поэзия тəсілімен жазылған үш шумақ өлеңімді оқып бер. Ол
ойлап жүрген шығар: мен жаңаша өлең жаза алмайды деп. Тыңдап көрсін
қане!
- Мен ол өлеңді жаттап ала алсам, - деді Гвендур.
- Жаттап алмай, несі бар?! Небары үш шумақ өлеңді жаттай алмаймын
деген сөзіңді бұдан былай ешкімге есіттіре көрме! - Бьяртур өз ішінен
əлдебір нəрселерді күбір-күбір етті. - Бүл соғыс туралы үш шумақ өлең еді:
Бұл дүние ажал төкті
Он миллион адамға –
Өлім дəмін татты бəрі.
Онда менің ісім қанша –
Жолы болсын, кетсін əрі!
Таудағы алып жартастардың
Жанындағы жекпе-жек
Сұмдық еді сұрапыл,
Көктемгі гүл тапталғанда
Табылмады қайырымды тірі жан,
"Қой!" деп айта алатын тек бір ақыл.
Содан бері жырларымның нəрі жоқ,
Еңбегім - еш, тұзым - сор,
Үміт еткен қуанышым əрі жоқ!
Ақша, мүлік, дүние - байлық
Енді маған қажет емес, өзің біл,
Өз үйімде өспеген соң лала гүл!
- Оған өзің барып, оқып бергенің жақсы болмас па еді? - деп сұрады
Гвендур.
- Менің өзім? - деп таң қалды əкесі. - Жоқ! Менің ондай адамдарды
көргім де келмейді.
- Қандай адамдарды?
- Менің сенімімнен шықпай, алдап кеткен адамдарды! Ондай
адамдардың өздері келіп, аяғыма жығыла кешірім сұрасын Ал менің
олардың алдында бас ұрып, кешірім сұрайтын жайым жоқ. Оның үстіне, деп, қосып қойды Бьяртур, - менің Аустаға ешқандай да туыстығым жоқ.
Үш қайнасақ, сорпамыз қосылмайды.
- Бəрібір оған сенің барып шыққаның дұрыс болар еді, - деді жас жігіт,
оз айтқанынан қайтпай. - Əрине, Аустаға қиын тиетініне күмəнданбаймын.
Оны екіқабат болып қалдың деп, үйден қуып жіберген өзің едің ғой.
- Менің кімді қуып жібергенімде сенің жұмысың болмасын! Өзіңді
қуып жібермегеніме тағдырыңа риза болып, шүкіршілік ет. Егер сен əдепсіз
қылық көрсете беретін болсаң, сені де қуып жіберуден тайынбаймын.
- Ал сен Аустаға кіріп шығатын болсаң, ол бейшараның қуанып
қалатыны сөзсіз.
Бьяртур атының тізгінін тез жұлқып сілкіді де, былай деп жауап қатты:
- Жоқ, мен көзімнің тірісінде оған ешқашан да бармаймын, тіпті аяқ
баспаймын. - Содан соң аздап үнсіз қалды да ұлына оның иығының үстінен
мойын бұра қарап, былай деді: -Егер мен өле қалсам, сен оған сəлем айт:
мені жерлеуге келіп қайтсын - топырақ салсын.
Ауста Соуллилья таяуда ғана Сандейрдегі күйеуінің үйіне көшіп барған
еді. Ол шағын ғана үй болатын. Оны үй деп айтудан гөрі төбесі
гофрирленген қаңылтыр темірмен жабылған жертөле деуге көбірек келетін.
Ол Орталық Африкада тұратын зəңгілердің лашықтарына ұқсайтын. Терезе
алдындағы табанша тақтада құмыра ретінде қойылған тот басқан екі
қаңылтыр ыдыстың біреуінде əлдебір гүл өсімдігінің сабағы жоғары
ұмтыла түсіп, өмір сүру үшін жанталаса күресетін тəрізді. Бөлмеде екі
кереует түр: біреуі - Ауста мен күйеуінің, ал екіншісі қарт енесінің кереуеті.
Үй иесі осы кемпір екен Баласы жұмыссыз жүрген көрінеді. Ауста
Соуллилья інісін кəдімгідей жылы жүзбен қарсы алды. Бірақ оның сол көзі
оң көзіне қарағанда едəуір бадырайып кеткендей көрінді. Өңі боп-боз,
жүдеп кетіпті. Бұрынғысына қарағанда мұны едəуір жатырқап қалғандай
ма қалай? Ауырып бүлінген тісін жұлдырып тастапты, орны үңірейіп түр.
Ол інісімен шүйіркелесіп сөйлесе қоймады. Оның Америкаға неге бармай
қалғанын да сұраған жоқ. Шамасы, ондай алыс сапардан бас тартуда тұрған
таң қаларлық ештеңе жоқ деп ойласа керек. Өйткені Америка кімді болса
да жарылқай қояды дегенге онша иланбайтын. Гвендур оның екіқабат
екенін бірден байқады. Аустаның сүйріктей ұзын саусақтарының, ондағы
өмірлік күштің молдығына сүйсіне қарады. Бірақ сонымен қатар екі иығы
қушиып, арықтап кеткенін, құрғақ жөтелден қиналып жүргенін де байқады.
- Сен, немене, суық тигізіп алғансың ба? - деп сұрады Гвендур.
Ауста суық тигізіп алмағанын айтты. Бірақ осы бір қу жөтелден құтыла
алмай жүр екен. Таңертең қақырғанда қан түкіретінін де жасырған жоқ.
Гвендур енді оның некесі ресми түрде қашан қиылатынын сұрады. Бірақ
Ауста бүл жолы алдағы болатын үйлену тойы туралы көктемде Бьяртурдың
ұлына айтқанындағыдай, бір жас ақынға тұрмысқа шығатын болдым деп
хабарлаған кезіндегідей мақтаныш сездіре қойған жоқ.
- Менің қалай тұрып жатқанымды білудің кімге керегі бар? - деді ол
- Бүгін таңертең əкем өзінің саған арнаған үш шумақ өлеңін оқып бер
деп əмір берген еді. Соны оқып берсем, қайтеді?
- Қажеті жоқ, - деді Ауста. - Мен үшін түк те қызық емес.
- Менің ойымша, оқып бергенім артық бола қоймас, - деді де, Гвендур
үш шумақ өлеңді түгел оқыды.
Ауста тыңдап шықты. Тыңдаған сайын жүзі жылып сала берді, өңі де
жұмсара түсті. Енді болмаса еңіреп жылап жіберуге сəл-ақ қалды. Əлде ыза
болып, бұлқан-талқан ашу шақырар ма екен? Бірақ ештеңе демеді. Ойында
не болса да жүрегіне тас түйін етіп түйіп алды да, теріс бұрылып кетті.
- Жаңадан салып жатқан үйіміздің төбесін жауып үлгердік, - деді
Гвендур. - Күзге қарай кіріп аламыз.
- Солай ма еді? - деді Ауста. - Ал менің оған қатысым қанша?
- Əкемнің осы үйге байланысты өз жоспарының болуы тіпті де ғажап
емес, Егер сен қайтып баратын болсаң, үлкен бір бөлмені саған беретініне
кəміл сенімдімін.
- Мен бе? - деп сұрақ қоя жауап қатты. Ауста басын кеудесінен тез
көтеріп алды да, мақтанышпен былай деді: - Мен өзімді жан-тəнімен
сүйетін талантты жас ақынмен некелесіп қойған адаммын!
- Дегенмен де сенің бізге келгенің дұрыс болар еді, - деді Гвендур.
- Сен сонда мені өзімді жан-тəнімен сүйетін адамды біржола ұмытып,
тастап кете алады деп шынымен-ақ ойлайсың ба?
Пештің жанында манадан бері тұрған кемпір осы кезде сөзге араласпай
қала алмады:
- Олай болса, сен менің бейшара балама неге аз да болса
қайырымдылық жасамайсың? Сен үйде болған кезіңде сорлы балаға күн
көрсеткенді қойдың ғой!..
- Өтірік айтасың! - деді ашу-ызаға булыққан Ауста, кемпірге жалт
қарап. - Мен оны өте жақсы көремін, сүйемін. Бүл дүниеде одан артық
сүйетін ешкімім жоқ. Басқа біреулердің көзінше сенің мұндай сөздер айтуға
қандай құқығың бар? Мені оған қаталсың, күн көрсетпейсің дегенің қай
сасқаның? Ұят қайда?! Мен оған шамадан тыс артық қамқорлық жасап
жүрмін! Менің құрсағымдағы нəресте оныкі емес деп айтып көрші қане!
Тіліңді кесіп алайын сенің! Ал егер Жазғы мекеннің иесі Бьяртур менен
кешірім сұрау үшін жер бауырлап, еңбектеп келіп, аяғыма бас ұрса да оған
ішім жылымайды. Оның маған жасаған зұлымдығында шек жоқ. Жарық
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 43
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.