Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 29

Total number of words is 4422
Total number of unique words is 2090
39.3 of words are in the 2000 most common words
54.3 of words are in the 5000 most common words
62.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
иесінің елестері біраз уақыт көрінбей кетті. Көктемнің көкөзек шағы
көтерем болған əлжуаз арық əрі ауру қойларды қырып салатынындай, сол
түні ол дінге сенудің тамырына балта шапты, келіп отырған алыс-жақын
көршілерін, дос-жарандарын қуып шығып, үйдегілерге алаңсыз жатып
ұйықтаңдар деп əмір берді. Кейбіреулердің пайымдауынша, ол мысықты
сол түні асып өлтіріп, көзін жойыпты. Егер сиқырлы зұлым күш иелері
Бьяртурды рухы қашып, жігері құм болады, мал-мүлкін түгел сатып, басқа
бір жаққа қоныс аударады деген есек дəмемен үміттенетін болса, онда олар
қатты қателеседі. Жын-перілер босқа арамтер болады. Бьяртур бейне бір
таудағы тұтас жартастай тұрған орнынан мызғымас беріктік танытты.
Шығынға қаншалықты көп ұшыраса да мойымады, бұрынғы алған бетінен
қайтпады. Кейіннен кездескен бірлі-жарым оқиға осында бұрын болған
оқиғалардың баяу естілген жаңғырығы ғана сияқты болды.
Күннің енді-енді ғана ұзара бастаған кезі еді. Аспанды таңертеңгіліктен
бастап аласа қою бұлт қаптап, жер бауырлап жатып алды. Айнала төңірек
қараңғылық құшағынан арыла алмады. Бьяртурдың жан дүниесіне де
жарық сəуле түскен жоқ. Тек түске қарай аздаған жарық болды да артынша
қайтадан қара түнек орнады. Түс кезіндегі аз ғана жарық қараңғылық
іргесін сөгіп, сейілтіп жібере алған жоқ. Бұл күні уездік судья келмек еді.
Бьяртур балаларына бүгін ешқандай жұмыс тапсырған жоқ. Əуелі ең басты
мəселені шешіп алуды күтетін сияқты: қалай дегенде де осы хутордың иесі
кім - Бьяртур ма əлде сиқырлы зұлым күштердің иесі жын-перілер ме?
Əкесі қалған қойларға шөп салуға шыққан кезде Гвендур итті ертіп бірге
кетті. Үлкен ұлы терезенің алдында екі тізесін бір-біріне тақап, үстелдің
бетіндегі ескі сызықтарды мұқият қарап, тамашалап отырды. Біреу бірдеңе
десе де үн шығарып, жауап қататын түрі жоқ. Ұршыққа да қолының ұшын
тигізбеді. Қарт əжесінің қасына қатар жайғасып алып, іс тоқып отырған
кішкентай Нонни оған анда-санда көзінің астымен бір қарап қояды. Ол
ағасының қазіргі көңіл күйін ешқандай сөзбен айтып жеткізуге болмайтын
бейне бір нəзік сезімталдықпен толық түсініп отыр еді. Бір кезде оған
жақын барды да:
- Хельги, осының бəріне пысқырып та қарама! Сиқырлы зұлым
күштердің иесіне қарсы судья не істей алады? Оның қолынан түк те
келмейді, - деді.
Бұған ағасы ештеңе деп жауап қатпады. Сəлден соң Нонни əжесінің
қасына қайта отырды. Құлаққа ұрған танадай тыныштық орнады. Қарт
əженің барынша баяу міңгірлеп, қайта-қайта оқып отырған псаломдұғасының əуені де естіле бермейді.
Судьяны күтіп алу үшін старостаның тау жақтан, яғни жоғарыдан төмен
түсуі, ал судьяның қала жақтан, яғни төменнен жоғары көтерілуі тиіс
болатын. Сөйтіп судья бəрін де өз тергеп, өзі анықтамақ еді. Бірақ судья
көпке дейін келе қоймады. Осы кезде қар жауа бастады. Старостаның көңіл
күйі бірден бұзылды. Ол балағат сөздерін араластыра отырып, өзінің
ақылына қонбайтын қайдағы бір сандырақ сөздерге бола əуре болып, босқа
жұмсайтын уақыты жоқ екенін айтты. Ол өздерін ғұлама білгір санайтын
маңғаз да менмен адамдар қарлы боранның белгісі білінгеннен-ақ мамық
көрпенің астына кіріп, көсіліп жатып алады. Апыр-ай, мына сайтан алғыр
судья да солар сияқты қара басының қамын ойлап, тəуекелге бармай, жатып
алар ма екен?! Староста үй иесінің кереуетіне жайғасты. Аяғында қардан
қорғайтын қалың шұлық болатын. Ол Ауста Соуллильяны шақырып алып,
аяғындағы шұлығын шешуге жəрдемдесуін өтінді. Бұл күні екеуі де -қонақ
та, үй иесі де - бірін-бірі жақтырған жоқ.
- Сен-ақ қашан болса да бір пəлеге ұшырайсың да жүресің, - деді қонақ
үй иесіне, өзінің темекі шақшасын іздестіріп жатып. - Бірінен кейін бірі
əйелің өледі, қойың қырылады, одан қала бере қайдағы бір жын-перілер
мен сиқырлы зұлым күш иелері айналдырады! Саған не болды соншама?!
Бұл сөзге шаруа былай деп жауап қайтарды:
- Өлім-жітім мен жын-перілер туралы мəселеге келетін болсақ, мен бұл
жерге ешкімді де шақырып, дауыстары қарлыққанша псалом-дұға оқуды
сұраған жоқпын. Жан туралы сандырақ əңгімені сағыздай созып,
шиеленістіріңдер деген де емеспін... Мұның бəрі Құдайдың да, адамның да
күлкісін келтіретін, бүкіл приходты масқара ететін нəрселер. Солай бола
тұрса да, мен, екінші жағынан əділ соттың болуын, əділеттілік орнауын
батыл талап етемін. Мұны бостандық орнаған елдегі өз еркі өзінде бар,
ешкімге тəуелсіз азат адамның қай-қайсысы да талап ете алады. Мен бір
нəрсені өте жақсы білемін: өкімет орындары менен алым-салықты дер
кезінде толық төлеп тұруымды жыл сайын талап етеді. Ал мен өкімет
орындарынан ешқашан еш нəрсе талап етіп көрген емеспін. Қазір менің
оларға төлейтін қарызым жоқ. Менің де оларға тұңғыш рет талап қойғым
келіп отыр.
- Сен өзің бері қарап, тыңдашы мені, - деді староста шайнап, сөлін
соратын темекі жапырағын тілінің астына салып жатып. - Басыңды
қатырып қайтесің, одан да мына мекен-жайың мен жеріңді маған қайта
сатып, мені алдап түсіріп, өзіңе қарыздар етіп қойғаның жақсы емес пе?
Осыны неге ойланбайсың?!
Соңғы күні басынан кешкен алуан түрлі толғаныстардан кейін Бьяртур
не нəрсе болса да барынша салқынқандылықпен қарауға біржола батыл бел
буған болатын. Жоқ, староста мұны ол жолынан тайдыра алмайды. Бұл
бəріне де төтеп береді!
- Иə, қымбатты Иоун, - деді ол, старостаның жаны ашығандай болған
сөзіне еліккендей. -Осы сенің қалжыңың-ақ қалмайды.
- Қалжың емес, бар шыным! Мен сенің бір құтсыз жаман хуторға
жармасып, неге айырылмай, өзіңді-өзің азапқа салып жүргеніңді мүлде
түсінбеймін?! Мұнда сенің екі əйелің қайтыс болды, қойың қырылып
қалды, балаларың да өліп тынуға таяу. Енді қандай рақат табамын деп
ойлайсың?.. Əне, байқұс қыздың, Соулбьерт пе еді, аты қандай еді, тұрысы
анау. Бойжетіп қалса да əлі сауатсыз, пұтқа табынушы сияқты. Шіркеуге
алып барып, Құдайға табынып, жалынып жалбарынуы керек екенін
ескертіп, жаны ашитын да ешкімі жоқ, - деді староста.
- Мəссаған ендеше! - деп қарсы жауап қатты Бьяртур. - Сен қашаннан
бері христиан дінінің жанашыр жақтаушысы бола қалдың?! Шамасы,
ажалыңның жақындап қалғанын сезіп, жаныңның қамын ойластырып,
уайымдай бастағансың-ау өзі?!
- Менің қамымды жеп, басыңды қатырмай-ақ қой. Христиан діні - менің
қашаннан арқа сүйер сенімді тірегім. Ол дінді басқалардың да өздеріне
қамқор көруін қалаймын. Тіпті талап етемін. Олай етпесем, заңның
билігіне ешкім де құлақ аспай кетеді. Иисус Христостың бейнесі менің
бөлмемнің төрінде үнемі ілулі тұрады. Оны мен марқұм шешемнің
көзіндей көріп, алып қалған болатынмын...
- Иə, иə! Орыс патшасының портреті де ілулі тұр ғой, - деп қыстыра
қойды Бьяртур.
- Ол рас. Орыс патшасының портреті де ілулі тұр. Мен ол патшаны өте
құрметті билеуші болды деп батыл айта аламын. Ол өз қол астындағыларға
əрқашан жақсы басшылық етті, жақсы билік жүргізді. Ал оның қол
астындағылар, бір жақсысы, сен сияқты қарағайға қарсы біткен бұтақ
тəрізді қиқар жандар емес еді. Олар сен сияқты қайдағы жоқ пəлені,
қайдағы бір сиқыр құбыжық күштер мен қорқынышты елестерді өз басына
қаптатпайтын.
- Ім... - деп ішін тарта үн қатты Бьяртур. - Асмундтың ұлы Греттир тіпті
де Құдайға құлшылық етіп, бас иіп көрген емес еді. Солай бола тұрса да
Миклагардқа дейін созылып жатқан оңтүстіктің халқы соның жоғын
жоқтап, кегін алған емес пе еді?! Греттир Исландиядағы ең ұлы адам
аталып еді ғой!
Староста өзі қисынсыз бос сандырақ деп санаған бұл сөздерге жауап
қайтаруды қажет деп таппады. Ол аузындағы темекі жапырағын суырып
алып тастады да ұйқыға бас қоймақ болды: "Ұйықтап алайын, содан соң
сөйлесерміз" дегендей ишарат көрсетті де екі аяқты кереуеттің үстіне
көсілте созды. Сөйтті де теріс бұрылып, жатып қалды.
- Соула, қымбаттым, пештегі отқа тағы да бірнеше шымтезек қалай сал,
- деді де, Бьяртур сыртқа, аулаға шығып кетті.
Даланы қар басып қалды. Уақыт барған сайын ұзарып, баяу созылды.
Тіпті өтпей қойды деуге де болатын еді. Қар толассыз жауап тұрды, ал
староста судьяны күтіп, ұйқы соғып жатты.
Əдетте шолтаң ете өте шығатын қысқы күннің ең жағымсыз жаман жері
жай қараңғылық емес, қайта, бəлкім, ол қараңғылықтың көзге түртсе,
көргісіз қою болмайтындығы да шығар. Символы қысқы күн болып
табылатын мұндай қараңғылық шексіздігін, кəдімгі дүниені жайлап алған
əрі қатыгездігімен ерекшеленетін əділ сот билігіне ғана ұқсайтын өзара
туыс сияқты шексіздікті, тіпті де ұмытып, есіңнен шығара алмайсың. Қыс
пен сот əділдігі - апалы-сіңлілі туыс сияқты. Көктемде, күн шұғыласын
шашып тұрғанда, оның екеуі де зұлымдық жасайтынын жақсы түсінесің.
Бүгін - ең қысқа күн. Мүмкін, осы күннен аман шыққандар ондай
зұлымдыққа душар бола да қоймас. Қалай дегенде де осылай деп үміт ету
керек. Өйткені, бүгін - əділеттілік күні, əділ сот билігі жүзеге асатын күн.
Кішкентай хутордағы кішкентай адамдардың өздері аңсаған əділ сот
билігін күтетін күн.
Бүкіл дүниені жайлап алған əділ сот билігін бұлар да көруі қажет қой.
Бірақ сол əділ билікті түсінудің өзі қиын, жатқан бір машақат! Əділ сот
билігін, əділеттілікті осы отбасының иесі, балалардың əкесі талап етіп
отыр. Əрине, əділеттілік əкесінің жағында болуы тиіс. Өйткені ол өз
қойлары үшін шөп шабады, пішен дайындайды. Қой дегеніміз
əділеттіліктің өзі ғой. Мейлі, балалардың шешесі де, өздері де жер
қойнында жатса да Бьяртур үшін бүкіл өмірдің мəні қойларда, тек қана
қойларда. Өйткені бұл жатса-тұрса жанның қамын жеп, соны ғана
ойлайтын, бүлік шығаруға ғана үміт артатын, сот əділеттігі дегеніміз барып
тұрған қас жауымыз деп білетін адам емес. Оның үстіне, бүкіл дүниені
жаулап алуға ақылы жетпейтін жан ғой. Ал сот əділеттігі өзінің табиғаты
бойынша ақымақтық үлгісі болып табылады. Оның үстіне, барып тұрған
зұлым да. Одан асқан зұлым жоқ десе де болады. Мұның бəрін толық
түсіну үшін старостаның қалай ұйқтап, жүрегінің не деп соғып жатқанын
тыңдау əбден жеткілікті. Оған қоса, əділеттілік абыздары үшін арнайы
пісіріліп жатқан құймақтың иісін аузының суы құри отырып сезіну де
жеткілікті сияқты.
Бьяртурдың ұлы сыртқа шығып, есікті жауып кетті.
Староста қатты қорылға басып, əлі ұйқыда жатты. Бет-əлпетінің кескіні
өте айқын көрінетін осы бір мосқал адам, мына жатысына қарағанда, бұған
дейін өмір бойы бірде-бір рет ұйқы көрмеген жанға ұқсайды.
- Соула, айналайын қызым, староста ұйқысынан тұрғаннан кейін
жейтіндей бір асым төс еті табыла ма? Бұл қыста Жазғы мекенде ет
үнемдеудің қажеті жоқ - барлық бөшкелер мен ағаш кеспектер боршаланған
етке аузы-мұрындарынан шыға толып тұр ғой! Оны бəрібір өлексе жемтік
деп, ешкім де сатып алмайды. Қайдағы өлексе жемтік, сайтан алғыр!
Өлексе жемтікпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ақымақтар мен
нақұрыстардың айта салған сөзі ғана. Ал барлық істі сот əділдігі шешіп
беретін болады. Айтпақшы Хельги қайда кеткен?
Иə, Хельги көрінбейді ғой. Ол қайда жүр? Əлгінде ғана осы бөлмеде
емес пе еді? Келетін шығар - атты бағу кезегі бүгін соныкі. Старостаның
əлі де оянатын түрі жоқ. Мейлі, бұлардың не жұмысы бар? Қанша
ұйықтаса, сонша ұйықтай берсін кəрі қақпас! Ауа райы мынадай бұзылып
тұрған кезде судьяның өзі де йен далаға қарай аяқ баса қоймас. Айнала
төңірек қарауытып, қар əлі жауып тұр. Таяқ тастам жер анық көрінбейді.
Егер үйдің есігі алдындағы қатып қалған күртік қарға қарасаң, бұл дүние
түгелдей дерлік көзден ғайып болып жоғалғандай. Еш нəрсенің түрін,
түсін, ара-жігін айырып болмайды. Көзің көр, көңілің соқыр сияқтысың.
Əлде сен де түк сезбейтін шырт ұйқыда жатқандайсың ба қалай?
- Əлгі бала қайда жоғалып кетті өзі? Гвендур, төменге түсіп, қарап
келші. Үйден ұзап кете қоятындай болған жоқ қой.
Бəрі де тоя тамақтанып алды. Баланы іздеуге ақырында Бьяртурдың өзі
шықты. Осы кезде староста да оянған еді. Шашы үрпе-түрпе ұйпалақтанып
кеткен ол кереуеттің үстінде қайта-қайта ұзақ есінеп, біраз отырды.
- А? Не болды дейсіңдер?
- Біздің Хельги... - деді Ауста Соуллилья. - Қайда жүргенін қайдам, жер
жұтып кеткендей жоқ.
- Хельги? - деп сұрады староста.
- Иə, Хельги, - деді қыз. - Менің інім.
- Ə, солай де, Ауста, - деп самарқау үн қатты староста, əлі де ұйқылы
көзін аша алмай. Ол енді темекі шақшасын іздей бастады. - Сенің інің
Хельги екен ғой... Байғұс балам-ау, саған обал болды ғой. Бьяртурға
айтсаңшы, мына хуторды сатып жіберсін. Сен біздің үйімізде-ақ жүре
бересің. Қашан келсең де есік ашық. Рұқсат сұраудың да қажеті жоқ. Келе
бер. Апыр-ай, сенің еріндерің менің марқұм шешемнің еріндерінен
айнымай қалыпты-ау өзі...
- А? Не дейсіз? - деп жалт қарады қыз.
- Сен осы он алты жасқа қарай аяқ бастың-ау деймін?
Иə, ол осыдан бір ай бұрын ғана он беске толған еді.
- Əрине, бұл өзі біз үшін масқара нəрсе болды. Бірақ амал қанша?! Біз
сені өз қолымызға бірден-ақ алуға тиіс едік. Иə, менің сенен сұрайын
дегенім: анау пісіріп қойғаның балық па?
- Жоқ, ет қой.
- Иə, айтпақшы, бұл Рождествода Жазғы мекендегі қой қора қан сасып
еді-ау! Ет мол болар, сірə?
- Мен сізге арнап құймақ пісіріп қойдым.
- Ой, қойшы сол құймақ дегеніңді! Ондай нəрсені көптен бері аузыма
алмаймын. Одан да бір түйір ет жегенім əлдеқайда жақсы. Əлгі сайтан
алғыр судьяны айтамын-ау, мынадай аласапыран қар түтеген боранда мені
мұнда шақыртып алып, өзінің жылы төсекте қорылға басып, тəтті ұйқыда
жатқанын қарашы! Байқаймын, бұл үйден, шамасы, бүгін кешке де кете
алмайтын шығармын.
Бірақ Ауста Соуллилья оның айтқан сөздерін барынша самарқау,
ықылассыз тыңдады. Өйткені оның бар есіл-дерті Хельгиге не болғанын
ойлауға ауған еді. Жүрегі əлдебір жамандықты алдын ала сезетін сияқты.
Ойына үрейлі қорқыныш сезімі ұялай берді. Ол енді бұл жерде
старостаның бары-жоғын да ұмытып кетті. Сөйтті де төменге түсетін
тесіктегі сатымен сыртқа шыққан бойы үйдің жанындағы үйінді күртік
қардың үстіне жүгіре көтеріліп, жан-жағына көз салды. Староста қарт
əжемен жəне кішкентай Ноннимен бірге үйде қала берді. Ол темекі
шақшасын тағы да қолына алып, оған сүйсіне қарады. Керіліп-созылды,
тыр-тыр қасынды, қайта-қайта есінеді. Уақыт өте берді. Енді оған ақыр
аяғында кемпірмен де əңгімелесуім керек екен-ау деген ой келді.
- Қане, қымбатты Бера, - деді староста. - Сен айтшы, осы бір
таусылмастай қарғыс атқан түкке тұрмайтын мылжың əңгімелер туралы
пікірің қандай?
- А? - деп, даусын созып отырып алды ол.
- Осы аспан мен жер бір-бірімен тоғысып, астаң-кестең болып кетті ғой.
Сен де солай деп ойлайсың ба?
Староста кемпірге жылы шырай білдіре қоймады деуге болмайтын еді.
Бірақ оның қайтарар жауабының қандай болатынына тіпті мəн берген жоқ,
барынша селқос қарады. Өзінің сөзін аяқтамай жатып, кеңірдегін керілдете
түсті, ұзақ есінеді.
- О, қазір мен көп ойлаудан да, көп сөйлеуден де қалдым ғой. Бірақ
осындай бір сұмдықтың ертелі-кеш əйтеуір бір болмай қоймайтынын
білетінмін. Бұдан да масқараның болуы ғажап емес еді. Хуторды қырсыққа
шалдырып жүрген біреу бар. Əрине, ол Құдайдың жіберген періштесі емес.
Ондайлар ешқашан да періште бола алмайды, болып та көрген жоқ.
- Иə, ешқашан ондай болған емес, ешқашан бола алмайды да, - деді
староста. - Ал егер сені басқа бір жақсы хуторға, не поселкеге
орналастырса, оған қарсы бола қоймайтын шығарсың?.. Егер судья өзінің
қолынан бір нəрсе келе алатынын тым болмаса бір рет көрсетіп, Бьяртурды
заңның атынан шығаратын үкімімен осы хутордан қуып тастай алатын
болса, əрине...
- О, егер өкімет билігі ондай ұйғарым жасаса, менің қарсы болар шамам
қайда?! Бір ауыз да қарсы сөз айта алмаймын. Мейлі, енді маған не көрсем
де бəрібір! Староста ретінде өзің де жақсы білесің, біз Урдарсельде марқұм
Тоурарин екеуіміз қырық жылдай бірге өмір сүрдік. Сонда мұндай
сұмдықтың ешқандай түрін кездестірмеген едік. Онда, тау ішінде, біздің
көршілеріміз жақсы адамдар болатын. Ал мұнда қашан болса да бір емес,
екі емес, үсті-үстіне қай-қайдағы бəлеге ұшыраймыз да жатамыз əйтеуір.
Əрине, мен мұның бəрі де Құдайдың құдіретімен болып жатқан жоқ деуден
аулақпын... Мысалы, өз басымды алайын. Тірі қалып, өмір сүріп жүрмін
ғой. Əрине, егер мұны өмір сүру деп санауға болса... Мен не көрмедім.
Алғашқы құрғақшылық кезіндегі пішен шабу кезінде Құдай менің бейшара
жалғыз қызымды да алды. Артында қаңырап үй-жайы, зар жылап
шуылдаған балалары қалды... Бұл жерде мен өткен көктемде қойлардың
топалаң тигендей қырылғаны туралы айтып та отырған жоқпын. Ал енді
жын-перілердің қырсығына душар болып отырғанымыз мынау.
- Иə, жын-перілердің қырсығы бұл, - деді староста.
Кемпір мұрнының астынан əлдебір нəрселерді міңгірледі.
- А? - деп анықтап сұрап білмек болды староста.
- А? - деп қайталады кемпір.
- Иə, менің сұрайын дегенім - əлгі жын-перілердің елестері делінетіндер
туралы өзің не ойлайсың?
- Егер старостаның өзі сұрап білгісі келіп отырса, - деді кемпір, - онда
мен жасырмай-ақ айтайын, тыңдай бер, қымбатты Йоун. Біздің
заманымызда бір əдет-ғұрып болатын -расында да жақсы əдет-ғұрып еді.
Жын-перілердің сойқан салған жеріне тұрып қалған ескі несебімізді
шашатынбыз. Ал зұлым күштер оның иісінен бастарын ала қашатын. Содан
қайтып ол жерге екінші рет аяқ баспайтын. Бірақ бұл хутордың - Жазғы
мекеннің иесі ондай əдет-ғұрып туралы естігісі де келмейді. Христиан
дініне қатысы бар ондай бір нəрсе десең, шоршып түсіп, қасарыса қарсы
шыға келеді. Ол - Бьяртурды айтамын - қашан да өзімен-өзі болады да
жүреді. Қарап тұрсаң, өзге жұрттан мүлде ерекше. Бұрыннан осындай екен.
Қазір ежелгі əдет-ғұрыптарымыз бен дəстүріміз аяқ асты болып, мүлде
ұмыт қалып барады. Оларды айта бастасаң, жұрттың бəрі жеркенішпен
жерге түкіреді.
- Иə, - деді староста, - Бьяртурмен тіл табысу өте қиын. Ол ежелден-ақ
əккі болған өгіздей қиқар мінезімен мəлім. Барлық уақытта да сондай.
Қолындағы балаларды тартып алып, дұрыс тəрбие беретін орынға тапсыру
керек. Соттың үкімімен солай еткен жөн. Ал, сенің өзіңнің жеке басыңның
жағдайына келетін болсақ, менің қымбатты бейшара Бертам, сені Гильдегі
Маркус Ионссонның өз қолына алатынына күмəнданбаймын, кəміл
сенемін. Ол кəрі-құртаң қарттарға жиырма жыл бойы қамқорлық көрсетіп,
асырап бағып келеді. Ол ешкімге қиянат жасап, ренжітпейді. Мен оның
қарт адамдарды ұрып-соғып жатқанын ешқашан көрген емеспін.
Мен біреудің үстінен шағым жасау дегенді білмеймін. Біреуді
жамандағанымды ешкім де ести қоймайды, - деп күбір-күбір етті кемпір. Бəрі де Құдайдың құдіретімен, тек Соның еркімен болатын нəрсе ғой. Мен
асарымды асап, жасарымды жасап, бір аяғым жерде, бір аяғым көрде
отырған жанмын. Өмір сүргім келмейді-ақ. Бірақ өле алмаймын. Сен саған
сенесің бе, кей-кейде мен өзімнің кім екенімді де есіме түсіре алмаймын.
Бір нəрсеге ғана сүйсініп, шүкіршілік етемін - немерем, кішкентай Нонни,
айналсоқтап қасымнан шықпайды əйтеуір. Өйткені ол баланың ақылы бар,
басы да, қолы да жақсы істейді. Ол кім көрінгеннің есігінде жүріп, күн
көруі үшін тентіретіп жіберуге қимайтын бала. Ол жөргегінен шықпай
тұрып-ақ, міне мына бұрышта менің қойнымда жатып келеді.
- Жарайды. Егер судья мына үйді сату туралы үкім шығарып беретін
болса, онымен қалған мəселелер жөнінде де сөйлесіп көрермін.
- Иə, əрине, старостаның өзіне қажетті мəселелер жөнінде сөйлесіп
көруіне əбден болады. Бұл өзі баяғыдан солай. Егер менің өз қалауыма
салсаңдар, менің əрине Ударсельге кеткім келер еді. Бірақ мен ешқашан,
тіпті жас кезімде де, бұл өмірден əлдебір ерекше жақсылық күтіп көрген
емеспін. Сонымен қатар еш нəрседен де, ешкімнен де, тіпті жыншайтандардан да қорыққан емеспін. Егер Құдайдың өзі бұл хуторды
біржола қаңыратып бос қалдыруды қалайтын болса, - ал мұны жұрттың
бəрі баяғыдан бері күтіп жүр, өйткені бұл жердің қандай қауіпті қырсық
шалған жер екенін жақсы біледі - қандай қарсылықтың болуы мүмкін?! Ал,
менің күнімнің не болары өзге жұрт үшін бəрібір емес пе, қымбатты
староста? Менің көзім көруден, құлағым естуден қалды. Саусақтарым да
қимылдай алмайды, жаны кетіп, үйи береді. Емшектерім де шандырға
айналып, əлдеқашан кеуіп біткен. Енді менің бұл дүниеде болғанымның да,
ол дүниеде болғанымның да бəрібір. Бірақ, шіркін-ай, Урдарсельдегі күннің
батуы қандай əдемі еді?!
Староста кемпірге таңдана қарады. Адам санатынан əлдеқашан шығып
қалған адамға не дей қоярсың? Оның өз сөзіне қарағанда, не өлінің, не
тірінің қатарында жоқ. Шынын айтқанда староста онымен бұл əңгімені
одан əрі қалай жалғастырудың ретін таба алмады. Ол иегін бір сипап қойды
да тағы да есінеді. Аузына темекінің тағы бір үлкен жапырағын тығып
жіберді.
- Темекі жапырағынан саған да берейін бе, байғұсым-ау? - деп,
мейірлене сұрады староста.
Кемпір оның не дегенін анық ести алмады. Ақырында өзіне темекі
жапырағын ұсынғалы отырғанын əрең түсінді.
- Аздап бойыңды да, ойыңды да сергітеді, - деп түсіндірді староста.
Бірақ кемпір темекіден сыпайы ғана бас тартты.
- Жоқ, жоқ, жоқ, рахмет! - деп, міңгір-міңгір етті ол. - Мен темекіні
ешқашан қажет еткен жан емеспін. Маған оның не керегі бар? Мен бəрі де
Құдайдың құдіретімен əрі қолдауымен болып жатқанына жəне тек қана
жақсылық болатынына кəміл сенетін жанмын ғой.
ҚЫРЫҚ ЖЕТІНШІ ТАРАУ
ОҢ ЖАҚ БЕТ
Баланың басқан ізін үздіксіз жауып тұрған қардың басып қалуы үшін аз
ғана уақыт жетіп жатыр. Бұл əсіресе күннің барынша қысқарып, түннің
барынша ұзарған кезінде осылай болады. Із ə дегеннен-ақ көміліп қалады.
Иен дала теп-тегіс аппақ мамық көрпесін жаңартып жамылады. Ізін əлі қар
жасыра қоймаған жапан далада жетімсіреген жалғыз баланың көзіне
ешқандай да сиқырлы зұлым күш иелерінің елесі көрінбейді. Тек көңілінде
ғана қорқынышты құбыжық бар. Осындай ең ұзақ түннің ертеңіне адам
өзін-өзі қалай сезіне алады?
Адамның көңіліне, тіпті кең-байтақ йен даланың өзіне де үрейлі
қорқыныштың үймелей түсіп, болашақтан əлдебір бақыт күтудің, ол
орындалады екен деп үміт етудің мүмкін емес екендігін сезінуі бірінші рет
емес. Оның есесіне хуторда ет жетіп артылады -дөңгеленген ағаш
бөшкелерде, күбішектер мен төрт бұрышты терең жəшіктерде толып тұр.
Ал поселкедегілер оны "өлексе жемтік" дейді. Қайдағы өлексе, қайдағы
жемтік?! Жап-жақсы ет! Солай бола тұрса да оны ешкім сатып ала қойған
жоқ. Үй ішінде өздерінің жеуіне тура келді. Расында ол əдетте Рождество
мерекесіне арнап соятын қойдың семіз етінен тіпті де кем емес. Бұл
хуторда бұрын-соңды биылғыдай молшылық болып көрген емес - жұрттың
бəрі де мереке күндері кəрі қойдың көн ұлтарақ сияқты қатып қалған етіне
қарық болып жүрді. Балалардың бетіне қан жүгіріп, қызара түсіп, бастары
зіл батпан ауырлап, асқазаны бұзылғандықтан денелері босаңсып,
қалжырай берді. Таңертең ішілетін кофеден кейін де, таңертеңгі желінетін
екінші астан кейін де ет беріледі, шыжғырылған шұжық ботқа орнына,
күйдірілген май кəдімгі су орнына жүрді. Етке тойған қомағай иттер
орындарынан зорға қозғала алатындай семіріп кетті. Адамға бұдан артық
не керек?!
Міне, Рождество мерекесі де келді.
Көптен күткен Рождество кеші. Кемпір ұйқыға жатарынан едəуір бұрын
іс тоқитын асай-үсейлерін жинап қойып, Ауста Соуллильяға былай деді:
"Ал енді, қызым, емін-еркін жуынып-шайына беруіңе болады". Өйткені ол
Рождествоның мейрамы содан кейін ғана басталады деп ойлайтын.
Халбераның ойынша, Ауста Соуллилья тек осы кеште ғана жəне оған
жуынып-шайынып ал деп бұйырғаннан кейін ғана жуынатын сияқты болып
көрінді. Ал Халбера өзі жуынып-шайынбайды, оған мұршасы жоқ, əбден
қартайып, қалжырап біткен. Бұл кештегі бүкіл мереке жуынып-шайынумен
ғана біте ме? Жоқ, олай емес. Кемпір жыртылып тозып біткен шəлі
орамалын шешіп алып, былай қойды да басын қара орамалмен шарт түйді.
Бұл қара жібек орамал болатын. Оның орта шеті əлі бүтін. Қолдан-қолға,
бір əжеден екінші əжеге асыл мұра ретінде талай рет өткен бұл орамал
кемпірлердің тарамыс қолдарының күс басқан ескі алақандарының май
жұқтыра отырып, сүйсіне сипалауымен жып-жылтыр болып кетіпті.
Өйткені олардың бəрі де бұл орамалды сирек кездесетін дүниежүзілік
байлықтың бір бөлігі немесе ол байлықтың əлі күнге дейін сақталып келе
жатқандығының дəлелі ретінде мақтаныш ететін. Бірақ бар болғаны осы
ғана емес. Рождество - бүкіл қымбат бағалы асыл заттарды көрсететін
мереке. Қара орамалын басына тартып алған кемпір енді сырғасын алып
көрсетті. Сырға дегеніміз мына кең-байтақ йен даладағы дамып жетілген
өркениеттің белгісі. Ол да ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде сақталады.
Сырға кезінде қымбат бағалы таза, бірақ уақыт табымен қарайып кеткен
таза күміспен қапталыпты. Кемпір оны құлағына тағып отырып, осындай
операция кезінде бет-аузын құбылта қисаңдататын ескі əдетін де
ұмытыпты. Енді, міне осыдан кейін Рождество мерекесі толық келіп жетті
дей беруге болады.
Бұл жолы Бьяртур бір қойдың жарты етін түгел асуды тапсырған еді.
Астауға сүзіп алынған піскен етті аударыстыра қарап шыққан отағасы оның
семіздігі мен бұрқыраған тəтті иісіне сүйсінді! Бьяртур, соңғы күндердегі
келеңсіз оқиғаларға қарамай, өзінің қуанышын білдірмей тұра алмады. Ол
былай деді:
- Иə, бұл енді нағыз мерекеге айналатын болды. Рождество деп осыны
айту керек!
Балалар бұған дейін Бьяртурдың Рождество мерекесіне тап бұлай
ерекше мəн бергенін естіп-білген емес еді. Енді міне, ол Рождество
мерекесінде мақтануға тұратын мұндай тамаша етке қарық қылған қойдың
екінің бірінде жоқ екенін айтты. Балалар етті үнсіз отырып жей берді. Бірақ
қабақтары жабыңқы əрі барынша селқос көңіл күйде болатын. Енді
олардың үшеуі ғана қалды. Олар қарлы боранда із-түзсіз хабарсыз кеткен
ағаларын естеріне алып, көз алдарына жиі-жиі елестете берді. Оны бүкіл
поселке болып соңғы екі күн бойы қатарынан іздесе де таба алмай қойған
еді. Жазғы мекеннің тұрғыны Бьяртур өзінің шеккен шығындары туралы
көп ойланып, уайым жеген жоқ. Болған іске болаттай берік болуды
ұйғарды. Бəрібір орнына келтіре алмайсың деп ойлады. Ол балаларының
бүгінгі Рождество мерекесінде де əдеттегі жай күндердей қабақтары
жабылып, көңілсіз бір түрлі жабырқаңқы отырғанына аздап реніш білдірді.
Міне, енді жатып ұйықтайтын кез де келді. Бірақ Рождество түнінде
Бьяртурдың асқазаны ауырып, мазасын алды, шала ұйықтатты, тіпті араарасында ұйқы бермей, ояу жатуға мəжбүр етті.
Жұрттың бəрі ұйқыға кетті-ау деген кеш мезгілде Ауста Соуллилья
шашын тарап, су жылытып, май шамның өлімсіреген əлсіз жарығында
əлдебір нəрселермен айналысып жүрді. Ал кереуетте жатқан Бьяртур одан
көз алмады. Рождество түнінің мүлгіген тыныш түнінде аздап қайнай
бастаған судың бұрқылы ғана естіледі. Ауста əкесі жаққа қарамауға
тырысады. Бірақ ол мұны өзін жаман қыз екенмін деп ойлағандығынан
жасаған жоқ па өзі?.. Апыр-ай, бұл сол бір жағдайды тағы да еріксіз еске
алуына не себеп болды екен? Шешесі бейшара ешқандай жамандық
жасаған жоқ еді ғой. Бірақ биылғы қыс бойы шешесі туралы сол бір естелік
көз алдына қайта-қайта келе береді. Соның бəріне де шешесінің өліміне
байланысты еске алатын сияқты болады да тұрады. Бұл, Ауста, өзін
шешесіне қарсы жасалған қылмысқа бейне бір өзінің де қатысы бардай
сезінеді. Мұның кінəсінен əкесі шешесіне қажетті дəрі-дəрмекті жеткілікті
əкеліп бермепті, оның үстіне, пальто да сатып əпермепті... Дегенмен де, бұл
əлі жастау кезінде, басқа қалада қонып шыққан сол бір түні бұл ақылға
қонымсыз əлдебір ерсі нəрсе жасаған да жоқ еді ғой! Ондай еш нəрсені
ойына да алған жоқ болатын. Мұның басқаша еркелеуіне тіпті де еш
мүмкін емес-тін.
Жайбарақат жай күндердің өзінде де, тіпті мына Рождество кешінде де,
қыстың бел ортасында Аустаға қорқыныш төнеді де тұрады: оны
қорқыныш туатын əлдебір белгісіз қорқыныш деп атауға да болады. Бірақ
шындығында өмірде ондай қорқыныш бола қоймайды. Дегенмен сол
"əлдебір белгісіз" қорқыныш Аустаға бір нəрсенің кешірілмеуі салдарынан
төнеді де тұрады. Сол қорқыныш, бұл екеуінің арасындағы, жанды
қаншалықты қинай түссе де, айтылмай жүрген əлдебір белгісіз үрей
кетпей-ақ қойды.
Ол - Ауста мен əлдебір белгісіз нəрсенің арасындағы үрей. Бəлкім, бұл
əкесі мен екеуі -бір-бірімен қоян-қолтық қол ұстаса жүріп, басқа бір
қорқынышқа қарсы бірлесе күресіп жүрген де болар? Оны өздерінің сезбеуі
де мүмкін! Өйткені бұл екеуі əрқашан өздерін бөлек сезінеді. Бірі - күшті,
бірі - əлсіз. Иə, ол екеуінің арасында шетсіз-шексіз шалқар теңіз жатқан
сияқты. Бьяртурдың өмірі тым ерте қалыптасып, бірте-бірте өтіп бара
жатыр, ал Аустаның үн-түнсіз бұйығы өмірі əлі қалыптасып та үлгерген
жоқ. Бұл екі өмірдің өзара үндесуі тіпті де мүмкін емес. Бьяртур — батыл
да берік, ал Ауста - нəзік те жас. Тіпті осы үйде бұдан бірнеше күн ғана
бұрын ойнап-күліп жүрген бала аяқ астынан жоғалып кеткенде де əкесі
ешкімнің үн шығармауын талап етті. Ал Ауста болса, əкесі ұйықтап
жатқанда көз жасын тыя алмай жылаумен болды. Ауста үлкен інісінің
өліміне мұншалықты қатты қайғырып жыламас та еді. Бірақ Хельги зымзыя жоқ болып кеткен түнгі қою қараңғылық мүлде саңылаусыз əрі өтемөте қорқынышты еді. Оны аяғандықтан Ауста үлкен інісінің тірі кезінде
өзін ренжіткен қиянат қылықтарын да кешірген болатын. Ал əкесі ше?
Бұлар, əкесі мен қызы, бір кезде бірін-бірі қалай түсіне алған десеңізші?
Бұл еңіреп отырған кезде оның ұйықтап жатуға қалай дəті шыдай алды
екен? Одан да жаманы - бірін-бірі түсіне алмаса да бірінің кінəсін бірі
қалай кешіре алған? Мейлі бұл қыз қазір үстіндегі барлық киімін тырдай
жалаңаш сыпырып тастап, қаншалықты мұқият жуынып-шайынса да оның
алдындағы əлдебір бұлыңғыр, түсініксіз де көмескі кінəсін, өзінің жанын
да, тəнін де қинап, қыр соңынан қалмай жүрген көлеңке тəрізді белгісіз
кінəсін ешқашан жуып тазарта алмақ емес көрінеді де тұрады. Ал ол, əкесі,
қазір де желкесін кереуеттің арқалығына сүйеп қойып, бу мен көлеңкенің
қыздың жап-жас тəнімен қалай арпалыса ойнағанына қызыға да таңдана
қарап жатыр.
Аустаның оң жақ беті күн ұзаққа ешқашан да бір қалыпты болып
көрінбейтін. Біресе қорқыныштан үрейленген, біресе əлдебір нəрсені
шыдамсыздана күткен тəрізді құбылып тұратын. Бейне бір алуан түрлі
бояудың түсіне еніп, біресе шұғылалы күннің жарығына бөленсе, біресе
баяу жылжыған көлеңкеге көмкерілетін Оның оң жақ беті бейне бір жанды
тіршілік сияқты: өзінің ішкі жəне сыртқы жан дүниесінде болып жатқан
шиеленісті сезімтал өзгерістердің қай-қайсысына да жауап беруге
дəрменсіз көрінетін. Ондайда қыздың бүкіл жаны мен тəні біртұтас
жалаңаш жүйке жүйесіне ұқсап кетеді: ол ешқандай зұлымдыққа төзе
алмайды. Бірақ, кім біледі, бəлкім, оның өз өмірінде зұлымдықтан өзге
күтетін ешқандай жақсылығы да жоқ шығар. Ал ондай жанды жұбатып,
құтқара алатын бір-ақ нəрсе бар. Ол - бақыттың өзін болмаса да оның
елесін көремін бе деп, құр қиялға берілген үміт қана. Егер бұл қыздың
зұлымдыққа қарсы тұрып, онымен күреске түсе алатын күшінің бар екенін
əрдайым байқатып тұратын ашу-ызаға толы сол жақ беті болмаса, онда
мұның тағдыры не болар еді?
Бьяртур Аустаны қасына шақырып алды да өзінің айтатын сөзін зейін
қоя тыңдауды өтінді. Иə, ол əртүрлі ойға шомғанда қателеспеген екен. Қазір
ол бəрін де айтып салатын шығар. Бьяртур оған отыр деп кеңес берді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 30
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.