Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 40

Total number of words is 4333
Total number of unique words is 2198
37.1 of words are in the 2000 most common words
51.7 of words are in the 5000 most common words
60.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Аттар əкелінді. Олар пысқыра түсіп, жүгені мен ноқтасын сыпырып
тастағысы келгендей. Қыз бен жігіт атқа қонды. Қыз тізгінін, жігіт
ноқтаның шылбырын қолына алды. Қыз шалқып жатқан теңізге таңдана
қызығып тағы да көз жүгіртті. Мына жігіт сол теңізбен сапар шегеді-ау
деген ойдан арыла алмады. Ал жігіттің екі көзі қызда болды - басқа жаққа
мойын бұруға мұршасы келмеді.
- Біздің жолымыз айырылысар кез келді, - деді қыз қатты мұңайып.
Сөйтті де жігітке боз биенің мойнынан асыра қолын созды - қоштаспақ
болды. Қыздың қолы соншалықты жылы, аппақ əрі жап-жас, жұп-жұмсақ
еді. Гвендур оның қолын үн-түнсіз алды. Қыз оның əлі де бірге болғысы
бар екенін, қимай тұрғанын анық байқады. Əрі көңілденіп, қуанды, əрі
мұңайып, жабырқады.
- Елге қайтып оралғаныңда мен сені қарсы алатын боламын - Қыз бұл
сөзді қалай айтып қалғанын байқаған жоқ. Шамасы, өзін де, оны да
жұбатып, көңілдерін жадыратқысы келген болуы керек.
Гвендур ештеңе деп жауап қатпады. Қыз атының тізгінін тартып, едəуір
кідірді. Ол боз биенің жалын құшақтап, жігітке мойнын соза қарай берді.
- Аттарың тамаша екен, - деді Гвендур, боз биенің маңдайынан еркелете
сипай түсіп.
Қыз тағы да күлді: еркектердің бəрі бірдей - уақыттан ұтқысы келсе, кез
келген нəрсені сылтау ете қояды.
- Сен маған осы аттарыңды сатар ме едің? - деді Гвендур.
- Сат дейсің бе? Сен кетіп бара жатқан адамсың ғой. Олардың саған енді
не қажеті бар?
- Мейлі, менің аттарым болып қала берсін дегенім ғой. Менің оларды
сатып алуға ақшам жетеді.
- Жоқ, мен саған бұларды сатпаймын. Өзің қайтып оралғанда сыйға
тартамын - ат мінгізген боламын.
- Сонымен сенің атың кім болды? .
- Атымның кім екенін өзің қайтып келгенде бір-ақ білесің.
- Сенің атыңның кім екенін білмей кетсем, мен онда қалай өмір сүре
алмақпын?
- Сенің ол жақтан маған арнап хат жазғың келер, бəлкім?
- Иə, хат жазып тұратын боламын.
- Тағы да біраз жер ілгері жүрейік, - деді қыз. - Ол жағын сөйлесе
жатармыз.
Олар ілгері жүріп кетті. Аттар иен дала арқылы батысты бетке алып,
тағы да бас бермей, шаба жөнелді. Алда - боз бие, соңында - сары ат.
Құрғақ жолдың шаңы көтеріліп, қаптаған бұлттай артта қалып жатты.
Алдарынан жел соққандай сезінді. Олар батуға бет алған күннің соңынан
көңілді күлкісін жалғастыра қуып келе жатқан секілді. Басқаша қараған
адамға бұлттың арасын жарып өтіп, лаулаған жалынға қарай жарысып бара
жатқан əлдебір қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлеріне ұқсайды.
Мұның өзі дүниедегі ең бір ғажайып көңілді саяхат еді. Олар енді аттың
басын еркін жіберді, бір-бірімен сөйлескен де жоқ. Алдағы сонау алыста
иен дала төсінде жарқырап жатқан қол көрінді. Оның жағалауында қапқара биік жартас бой көрсетіп тұр. Сұрғылт мүк, ағарып қуарған ескі шөп
пен қызыл балшық байқалады. Оңтүстік жақтағы алыста ақшыл көк түтін
тəріздес бұлт таудың төбесін қымтап алыпты, ал одан едəуір арыда қар
басып жатқан аппақ мұз қабаттары көрінеді. Теңіз əлдеқашан көзден ғайып
болған. Кеш түсіп келе жатты. Үрейі ұшқан дала құстары улап-шулап
аспанға көтеріліп, үріккен қойлар бет-бетімен қаша жөнелді.
Олар көлге жете бергенде қыз боз биенің тізгінін босатып, оның қалай
қарай жүруіне де толық еркіндік берді. Сары ат оның соңынан ілесіп
отырды. Алғашқыда мүк басқан тастақ жермен жүрді, одан соң шалшықты
балшықты кешіп, көлдің жағасындағы жерге жетіп тоқтады. Көл бетінде
қос аққу жүзіп жүр. Қыз атынан секіріп түсті. Гвендур да солай жасады.
Бұл екеуі енді көлдің жағасындағы биік жерге келіп тұрды. Күн йен
даланың жиегіне жетіп жығылды. Салқын соға бастады. Қыздың ерінің
артқы қасында үлкен жылы плащ байлаулы еді. Қыз оны алып, өз иығына
жапты. Қалтасынан тəтті тағамдар алып, Гвендур екеуі бөлісіп жеді. Содан
кейін жағалауға жақын барып жайғасты.
- Отыр, - деді қыз. Гвендур да отырды. - Анау қос аққуға қарашы, - деді
қыз тағы да. Гвендур аққуларға қарауын қарады. Бірақ үндеген жоқ. - Сен
тоңып қалған жоқсың ба? -деді қыз.
- Жоқ, тоңған жоқпын.
- Сен тоңып қалдың, мен көріп отырмын ғой. Кел, жақынырақ отыр.
Мына плащты бірге жамылып, жылынып алайық. Сенің үстіңдегі
киіміңнен түтіннің, құс жүнінің иісі шығады ғой, - деді қыз, Гвендур
жақындап отыра бергенде ішек-сілесі қата күліп.
- Не дедің? Түтін мен құс жүнінің иісі шығадың қалай?
- Иə. Ол ештеңе етпес, - деді қыз. - Оның есесіне шашың қандай əдемі
еді! - Сөйтті де қыз оның шашын сүйріктей аппақ жұмсақ саусақтарымен
сипай бастады. - Сенің кеудең кең, жауырындарың қақпақтай ғой өзі. Көзің
де нағыз еркектің көзіндей сүйкімді екен -ойнап тұр.
Қос аққу көлдің жиегіне жақын жүзіп келіп, бұл екеуін құттықтап,
ақырын ғана сыбырлап тіл қатқандай болды.
- Анау аққуларға қарашы. Қандай сұлу, қандай əдемі жүзеді! Олардың
əр қимылы əдемі.
- Иə, - деп, жай ғана үн қатты Гвендур. Ол да қос аққуға қарады. Қыз не
көріп отырса, соның бəрін де көрді. Алғашқыда аққулар бұған əдеттегі су
құстары ғана сияқты еді. Соңынан барып түсінді: бірі еркегі, екіншісі
ұрғашысы екен Олар жұбын жазбайтын ғашықтар екен. Қыздың тұспалдап
айтқан сөзінде əлдебір терең сыр жатыр екен-ау.
- Бұлар бірін-бірі жақсы көреді. Махаббаттарына берік, - деді сөзін
жалғастыра түскен қыз, қос аққудан көз алмай.
Гвендурда үн жоқ, қыздың мына сөзінен кейін оның білегінен өз
еркінен тыс шап беріп ұстай алды. Оған бұдан артық не жауап қайтаруды
білген жоқ. Қыздың жұп-жұмсақ қолының қызуын сезді. Жүрегінің дүрсдүрс соғып тұрғанын да байқады. Міне, бұл нағыз өмірдің өзі! Жігіт
қыздың қолын жібергісі келмейді, қыз да кет əрі емес, қолын кейін тарта
қоймайды. Гвендур бұлардың жандарынан баяу жүзіп бара жатқан
аққулардан көз аудармай отыра берді.
- Қарашы, олар ерекше ғажайып сұлу көрінеді емес пе? - деп сұрады
қыз. Сөйтті де өзінен-өзі селк ете қалып, жас жігітке жабыса түсті де, оның
құшағына кіріп кетті. Қыздың шашы жігіттің бетіне тиіп, жағымды
жыбырымен жақсы қытығын келтірді. Жігіт өзінің ыстық еріндерін қыздың
бетіне тақады...
- Сен енді Фьордқа қалай жетпексің? - деді қыз, оның жүзіне шалдуар
мекерлікпен қулана қарап.
- Мен енді ешқайда да асықпаймын - деп жауап берді Гвендур. Алдымызда ұзақ түн бар. - Содан соң былай деп сыбырлады: - Мен сені естүссіз сүйіп қалдым! "Қайта оралып келгеніңше күтемін" деп уəдеңді
бересің бе?
- Тсс... үніңді шығарма, - деді де, қыз жігіттің ернінен сүйіп-сүйіп алды.
Əуелі бір рет сүйді де, сықылықтап күлді. Содан соң үсті-үстіне қатарынан
екі рет сүйді. Гвендурды бейне бір өзінің жеке меншігі сияқты етіп қызу
құштарлықпен қайта-қайта ұзақ сүйе түскен қыз едəуір өксіп жылағандай
болды да көзін рақаттана жұмып жата берді.
Уақыттың қалай тез өткені белгісіз. Гвендур ұйқысынан оянып, қыздың
жылы плащының ішінен көтеріле беріп қараса, күн əлдеқашан таудан асып
кетіпті. Суық түсе бастапты. Көлдегі қос аққу да ғайып болыпты. Мүмкін
мұнда ешқашан ешқандай аққу болмаған да шығар? Бəлкім, соның бəрі де
алдамшы елес қана болар? Мына түн де көктемнің иен даланы тұмшалай
жаба түсетін кəдімгі көп түндерінің бірі емес пе өзі?
Қыз оған аттарды тауып келуге əмір берді. Сөйтті де теріс айналып,
жылы плащты қымтана жамылды да умаждалып қалған көйлегінің қыртыстырысын жазды, шашын тарап, тəртіпке келтіре бастады. Гвендурдың
ойына ештеңе де кіріп-шыққан жоқ. Ол уақыт пен кеңістіктің не екені
жөніндегі түсінігінен де айырылып қалыпты. Аттар бұлардан ұзап, көлдің
арғы жағына өтіп кетіпті. Сары аттың басындағы ноқтасы түсіп қалыпты.
Оны ұстау қиын болды - жанына жолатпай, қаша берді. Сөйтіп жүргенде
Гвендур шалшықты батпақтың шұқырына түсіп кетті, тізесіне дейін ұйыққа
батып кете жаздады. Аяғындағы жалт-жұлт етіп жарқырап тұратын
байпағы əбден былғанды. Ол ақырында аттарды қыздың алдына алып
келді. Қыз боз биеге бірден қарғып мінді де, тізгінін қолына алып, шаба
жөнелді, оны екі бүйірінен бірдей қамшылады. Бейшара боз бие кедірбұдырға, тау-тасқа қарамай, оқтай ұшып барады.
Сары аттың бабын табу бұрығысынан да қиын болды. Жігіт оны
шылбырмен ауыздықтағаннан кейін ол шеңбер жасап, көпке дейін
тынымсыз шапқылаумен болды, мөңки түсіп, алуан түрлі ожар қылықтар
көрсетті. Гвендур енді ғана түсінді: ат əлі жөнді бас білдірілмеген екен. Бұл
ақырында зорға дегенде жолға шыққан кезде қыздың қарасы əр жерден бір
көрініп, тым ұзап кетіпті. Бір төбеден соң бір төбеге шауып шығып, алға
қарай зымырап барады. Сары ат бір кісінеп алды да бар күшін сала оның
соңынан оқтай ұшты. Бірақ онша төзімді емес екен, ұзаққа шаба алмады.
Аздан соң қара терге түсіп, ақ көбікке малшынған соң желе жортуға көшті.
Бір еңіске түсе бере сүрініп кетіп, омақаса жығылды. Ұшып кеткен Гвендур
беті мен қолын жаралап алды. Құлаған кезімде сағатым сынып қалған жоқ
па екен деп, қалтасынан алып көріп еді, - сынбапты. Сағат екі болыпты.
Қыз қарасын көрсетпей, ұзап кете барды. Уақыт зымырап өтіп барады.
Бұлар қаладан тым ұзап кетіпті. Жұрт ұйқысынан оянғанша бұл Фьордқа
əрең дегенде жетуі мүмкін. Ал мына сары атты қалай етеді? Фьордка жаяу
тартып кетуден бұрын біреудің атын өзіне тапсыруы керек қой.
- Ей, Ей-Ей! - деп, үсті-үстіне айқай салды.
Бірақ кыз тым ұзап барады. Аздан соң бір төбеден асып, біржола
көрінбей кетті. "Қалай да қуып жетіп, атын беруім керек қой" деп ойлады
Гвендур. Енді ол қыл шылбырды екі қабаттап, сары атты мықтап
ауыздықтады, оған қайтадан қарғып мініп, қызды қуып жетуге əрекет
жасады.
- Ей! Ей! - деп, айқайлаумен болды ол. - Мына атыңды ала кет!
Ол иен даланың батыс жақ шетіне жеткен кезде бүкіл аңғар Жазғы
мекенге дейін алақандағыдай айқын көрінді. Бұл кезде сағат үш болып,
шығыстан таң білініп келе жатқан кез еді. Боз биенің тұяғынан көтерілген
шаң будақ-будақ болып, алыстай берді. Қыз сонау төменде, аңғардың батыс
бөлігінде қарауытады. Боз бие барған сайын екпіндей шабады. Енді қуып
жету мүмкін емес сияқты. Оның үстіне, баптап суытылмаған сары ат
болдырып қалды. Бірақ бұл сонда да асыға түсіп, ілгері ұмтылды,
ұясындағы ұйқысынан оянған балшықшы құстар оған əр жартастың, əр
төбенің түбінен əлдебір нəрселерді айтқандай шиқылдайды. Не істеу
керектігін шешіп алуға тура келді. Егер бұл сары атты осында қалдырып,
Фьордқа жаяу тартатын болса, пароходтың жүретін уақытына дейін жетіп
үлгеруі екіталай. Пароход кешігіп жүрсе ғана үлгеруі мүмкін. Сағат үш
болды. Жайдақ аттың ауыздығымен алысып, шаба беруден əбден шаршады.
Қайта-қайта құлаудан қалжырады. Оның үстіне, қатты қарны ашты. Байқап
қараса, кеше таңертең қонақ үйде тамақ ішкеннен кейін азын-аулақ тəттіден
өзге нəр татпапты.
Егер қазір ол сары атпен Фьордқа кері кетіп қалса, пароходқа үлгере
алар ма еді? Мұндай лажсыз қиын-қыстау жағдайда мұның бұл қылығын
қыз кешіретін де шығар, бəлкім? Ол осылай ойлана-ойлана басын қатырды.
Ақырында тəуекел етуге бел буды. Мұны арам оймен алдап кетті деп ешкім
де ойлай қоймайтын болар? Ол сары аттың басын Фьордқа қарай кері
бұрып еді, қырсыққанда аяғын баспады, жүрмей тұрып алды. Гвендур екі
алақанымен қанша сартылдата ұрса да, екі бүйірінен тақымымен қысса да,
текпілесе де міз бақпады - орнынан тапжылған жоқ. Тек алдыңғы екі аяғын
аспанға көтеріп, бір орында айналсоқтап тұрып алды. Өйткені ол өзінің
жемдес серігінің батысқа қарай құйғыта шауып кеткенін көрген еді. Енді
сары атты шығысқа қарай аяқ бастыру мүмкін емес. Ақырында Гвендур
үмітін үзіп, сары аттың басын тартпай, еркіне жіберіп еді, ол боз бие кеткен
жаққа жазық аңғармен шаба жөнелді. Аузындағы шылбырдан құтылу үшін
оны тістелей шайнап, анда-санда бір кісінеп қойып, осқырына пысқырып
ілгері ұмтылды. Жазғы мекеннің тұсына жете бергенде шалшықты балшық
жақтағы ойпаңға түскен кезде батыстағы төбелердің бірінен боз биені
қамшылап, заулатып бара жатқан қыздың қарасын көріп қалды. Онша ұзап
кете қоймапты. Гвендур сары аттың басын хуторға қарай бұрды -күшпен
зорға бұрды. Онда барған соң сары аттың ноқтасын сыпырып алып,
босатып қоя берді. Ол көгал жерде аздап тыныстаған соң төрт аяғын тік
басып, бір сілкініп алды да жəне бір рет пысқырды. Бейшара ақ көбік терге
малынып, əлі де діріл қағып жүр еді. Күн шықты. Хутордың созылыңқы
ұзын көлеңкесі орасан зор сарайды көзге елестеткендей болды. Бұл жерде
тек таңертеңгілікте, əлі күн шықпай тұрғанда ғана құлаққа ұрған танадай
тыныштыққа бейне бір өзіндік сұлулыққа бөленетін салтанатты минөттер
орнайды. Қазір тап солай тамылжып тұр. Бір кезде құстардың сайрай
бастаған əрі жұмсақ, əрі нəзік үні естілді. Көлдің беті айнадай жарқырады.
Өзен күмістей сыңғыр қақты. Көгілдір таулар бұл дүниеге бейне бір
ешқандай қатысы жоқтай-ақ аспанға асқақтап, көкке ғана көз тігеді. Енді,
міне, бүкіл аңғар өзінің сұлулығы тамылжыған тыныштығы жағынан
ақиқат нақты болмыстан қол үзген, онымен бейне бір ешқандай
байланыссыз сияқты болып көрінеді. Ол ол ма, кей-кейде сенің өзіңнің де
мына дүниеге ешқандай қатысың жоқ сияқты сезінетін кездерің болады.
Ондайда адам мына дүниеде тіпті мəңгі өмір сүрсе де өзін-өзі түсіне
алмаған болар еді.
Бұл шаруа мекенінде ешкім ұйқысынан оянбаған еді. Оған дейін елі
біраз уақыт бар. Жас жігіт бүгін көп нəрсені басынан кешірді. Ол
бақшаның қоршауы жанындағы көгалда отырып, ұзақ ойға кетті. Ойында Америка. Теңіздің арғы жағында жатқан ғажайып ел. Ол елге барсаң, кім
боламын десең де қолыңнан келеді! Бірақ мұның сондай керемет
мүмкіндіктен шынымен-ақ айырылып қалғаны ма? Жарайды, соншалықты
өкіне қоятын дəнеңе жоқ. Махаббат одан əлдеқайда жақсы, əлдеқайда
маңызды! Махаббат дегеніміз нағыз ғажайып Американың өзі! Мына
қыздың шын сүйетіні рас па екен? Əрине, рас. Шын сүйеді. Осы дүние
қызық, өзіне-өзі ұқсамайтын ондай өзге ештеңе жоқ. Соған қарағанда, ол
шындыққа ұқсай да бермейді. Бəлкім, ол қыз Редсмиридегі ең жақсы
атақты жылқыны мінгендіктен жеткізбей, қара үзіп кеткен болар? Əлде
бұрынғы тұрағын аңсаған басы қатты биені тоқтата алмай кетті ме? Осы
теңдесі жоқ тəтті таңда оның қиялы шын шарықтаған еді. Енді біраз
жылдан соң бай шаруаға, Жазғы мекеннің иесіне айналамын. Ал мына сұлу
қыз менің келіншегім болады. Егер біздің алғашқы кездесуіміз осылай
басталған болса, əрине, осылай аяқталуы тиіс емес пе? Ол өзінің бақытын
тапқандай сезінді. Бірақ ол бақытының өзінен бір түрлі ұзап, озып
кеткеніне жол болсын? Гвендур қыздың бұл қылығын қайта-қайта ақтап,
оған кір жұқтырмауға тырысты. Қыз шынында да басы қатты боз биені
тоқтата алмаған болар? Бұл енді Америкаға баратын ақшасына асыл
тұқымды бір жақсы ат сатып алмақ. Сонда бұл келешекте өзінің сүйген
қызынан қалып қоймай, онымен қатар құйғыта шабатын болады. Гвендур
өз хуторының жанындағы көгалда шалқасынан көсіліп жатып, көк аспанға
көз тігумен болды, өзінің махаббатын енді біржола жоғалтып алған
Америкамен қайта-қайта салыстыра берді. Американы жолы болып, алғаш
рет ашқан бақытты Лейв те жоғалтып алған жоқ па еді? Бəрібір,
Америкадан махаббат жақсы! Гвендур иен даладағы бір белестен кейін бір
белеске көтеріле зымырап бара жатқан ғашығын көз алдына бейне бір
жарық түндегі сұлу сағымдай елестеумен болды. Қыз мұның қолына
қонған сұлу қаршығадай болып көрінді. Қыздың алтындай жалт-жұлт
жарқыраған шашын қарсы алдынан соққан жел желбірете түседі, ал үстіне
жамыла киген плащы боз биенің екі бүйіріне жалбырай соғылады. Қыз бір
белестен соң бір белесті басып өтіп, көгілдір кеңістікте көзден ғайып
болды. Сөйтіп жатып Гвендурдың өзі де көгілдір кеңістіктің құшағына
қалай енгенін байқаған жоқ. Өйткені ол ұйқыға кеткен еді.
АЛПЫС АЛТЫНШЫ ТАРAY
САЯСАТ
Ингольв Арнарсонның табысқа жетіп, жолы бола кеткенінің сыры неде
еді? Ол соншалықты мол күш-қуаттың биік шыңына қандай талантының,
қандай ерлігінің арқасында адам таң қаларлықтай жылдамдықпен қалай тез
көтерілді? Ол кешегі белгісіз біреуден бүгінгі даңқты адамға, кешегі көзге
ілінгісіз біреуден бүгінгі өкімет адамына қалай айналып шыға келді? Ол
шынында да сонау жас жігіт кезінің өзінде елдің алдыңғы қатарлы
азаматтарының қатарына қосылған болатын, саяси өмірдегі ықпалды
тұлғалардың біріне айналып үлгерген еді. Альтингте өз партиясына
басшылық етті. Оның портреті газет бетінен түспеді, ал аты-жөні үлкен
əріптермен теріліп, бірден көзге ұрып тұрды. Бəлкім, ол бұрынғы заманның
ұлы адамдары сияқты қажымай-талмай еңбек етудің арқасында өсіп,
беделге бөленген болар? Əлде қай жерден қандай затты болмашы арзанға
алып, қай жерге қымбатқа сатып, пайда табудың көздерін көрегендікпен
таба білді ме? Мүмкін, ол қиын-қыстау ауыр жылдарда мұнда да, онда да
көптеген жер сатып алып, оны бағасы көтерілген кезде қайта сатумен
айналысқан шығар? Əлде көктемнің көкөзек шағында шаруаларға қарызға
пішен таратып, кепілге қой алып отырған болар? Немесе ашаршылық
кезінде жұртқа несие ретінде азық-түлік не ақша беріп, өсімқорлықты,
үстеме пайыз алуды кəсіп етті ме екен? Əлде елсіз жерлерде жасырынып
жүрген қашқын, қылмыскер сияқты аштан бұралып, ішіп-жемін үнемдеп,
байыды ма екен? Немесе тəулігіне он сегіз сағат бойы бел шешпей жұмыс
істеп, тырысып басқа да көпеске қашан болса да қарызға белшесінен
батудан көз ашпай, енді қайтып несие алмайтын, үнемі түлкіқұрсақ аш
жүретін кедей шаруаның есебінен қор жинап алды ма екен? Бəлкім, оның
үйінде бір ғана, оның өзі де сынық орындығы бар шығар, немесе тақыр
кедей не батырақ сияқты алба-жұлба кір-қожалақ ескі киім-кешек киіп қана
жүре беретін өзіне өзі сараң біреу ме екен? Мың-мыңдаған қағаз ақшаны
бірінен соң бірін сандықтың түбіне салып, мол жинап, қашан өзі қарыз
бере алатын касса ашқанша ешкімге тиісті өсім пайызымен де ақша
бермейтін, несие сұрап келген кедей-кепшіктерге "Садағаң кетсін, ақшам
жоқ. Ақша тауып, борышымнан құтылу үшін өзім де жанымды сатуға
əзірмін!" деп аузын қу шөппен сүртіп, жылап қоя беретін барып тұрған
өтірікші сараң ба? Жоқ, Ингольв Арнарсон ондай адамдардың біріне де
ұқсамайтын. Ол əрқашан болса да қолы ашық, жаны жомарт жан болатын.
Бұл қасиет оның шешесінен дарыған еді. Ал бұлай болса, бəлкім, оның
меншігінде кеме де бар шығар? Кедей балықшыларды, олардың өміріне
қатерлі жағдайларға қарамай, қалай да балықты мол аулауға мəжбүр етіп
келген болар? Ал одан түскен қыруар пайданы қалтасына баса берген
шығар? Қымбат бағалы қызыл ағаштан алуан түрлі жиһаздар, майлы
бояумен салынған тамаша суреттер сатып алғаны, үйіне электр жарығын
жүргізіп алғаны соның нəтижесінде ғана мүмкін болған шығар? Ал
балықшылардың тапқаны тамағына жетпейтін азын-аулақ тиын-тебен
алатыны да соның салдары болар?
Бəлкім, ол адамдар ашаршылыққа ұшырап, қырылып жатқан Данияға
немесе одан да басқа алыс елдерге астық алып барып сатудан қыруар пайда
тапқан болар? Мүмкін, оның өз дүкені бар көпес шығар? Сөйтіп өз
қойларының бағасын өздері ғана белгілейтін бай шаруалардың алдында
құрдай жорғалауға мəжбүр шығар - өйткені олар өз айтқандарына көнбесе,
басқа көпеспен сауда жасайтын боламыз деп бопсалап қорқытады ғой! Ал
өзі қарыздар кедей шаруаларды көктем кезінде аштан қатырып, олардың
адам қатарына қайта қосылуына қасақана мұрша бермейтін қырсық біреу
ме екен? Жоқ, Ингольв мұндай да адам емес еді. Ол өзінің атақ-даңқ пен
сый-құрметке бөленуге деревнядағы өсімқорлықтың жəне көпестің қан
сасыған соқпағымен де емес, əділ сот пен бүкіл Исландия қоғамы бақыт
пен құрметке бөленудің жолдары деп осы уақытқа дейін танып келе жатқан
үйреншікті жолдармен де емес, тіпті басқаша тəсілмен жеткен болатын.
Ингольв Арнарсонды ұлы адамдар қатарына қосқан ең алдымен оның
озық идеялары -адамзатқа деген мызғымас махаббаты, халыққа өмір
сүрудің жақсы жағдайларын тудыру жəне сауатын ашу қажеттігі туралы
берік сенімі, елге басшылық жасау жүйесін жетілдіре түсу, сөйтіп үкіметтің
көпестердің қолындағы қатаң өкімет билігінің дəрменсіз қуыршақ
көмекшісі ғана болып қалмай, халықтың өнім өндіруші ұсақ топтарының,
əсіресе шаруалардың əл-ауқат дəрежесін көтеру жолындағы күресте ең
қуатты одақтасы болу туралы идеяларының арқасы еді. Яғни арадағы
жемқор делдалдар мен басқа да арамтамақ біреулердің шаруалар есебінен
байып шыға келулеріне жол бермеуді жақтады. Ингольв шаруалардың əлауқат дəрежесін жаңа сатыға көтере түсуге, олардың еңбегін тек сөз
жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде сый-құрметке лайықты етуге тырысты.
Осындай ізгі мұраттары үшін шаруалар оны альтингтегі, сондай-ақ
өздерінің тағдырын шешуге қатысы бар басқа да органдардағы өз өкілі етіп
ұсынды.
Мұндағы сайлау округы көпке дейін мүлде елеп-ескерусіз қалып келген
еді. Бірақ Бруниге арқа сүйеген қарт доктор Финсен альтингте үн
шығармады, мəселе көтермеді деп айтуға болмайтын. Ол халық "бітпейтін
мəселе" деп атап кеткен мəселені ондаған жылдар бойы альтингте қайтақайта көтерумен болды. Ол "бітпейтін мəселенің" мəні мемлекетті Фьордта
айлақтар жəне оларға кіре беріс жерлерде сауда-саттық жасайтын
құрылыстар салуға мəжбүр ету болып табылатын. Ондай құрылыстар
салынуын салынды-ақ. Бірақ көктем келген сайын ол құрылыстарды
теңіздің тасқын суы шайып кетіп отырды. Мəселе қайта көтерілетін.
Осылай бір емес, бірнеше жыл қайталана беретін.
Ингольв альтингке депутат болып сайланғанға дейін бұл мəселе бірдебір рет қағидатты түрде көтерілмеген болатын. Ингольв оның есесіне
сайлау округының халық неғұрлым жиі тұратын елді мекендеріне баратын
жолдар мен көпір салуды мықтап қолға алды. Ал бұл игі істің бастамасы
ғана еді. Енді ол тың жатқан жаңа жерлерді мол мөлшерде жыртуды жəне
халық үшін жап-жақсы қолайлы тұрғын үйлер салуды ұйымдастыруға
кірісті. Ол Рейкьявиктегі халық банкін - балық саудасын жасап,
белшелерінен пайдаға батып қалатын арамтамақ алып-сатарлар үшін алуан
түрлі береке-байлықтың таусылмас қайнар көзін жоюды, сөйтіп оны
мемлекеттік ауылшаруашылық банкі етіп қайта құруды мақсат етті. Оның
үстіне, мемлекет халықтық банктің қыруар мол мөлшердегі қарыздарын
өтеуге кепіл болып қалған еді. Ал жаңадан құрылатын ауылшаруашылық
банкі, Ингольвтің түпкі ойы бойынша, аз ғана өсім пайызын алу арқылы
шаруаларға ауыл шаруашылығын қарқынды жүргізу жəне құрылыс салу
үшін ақшалай несие беруі тиіс болатын. Ол ол ма, Ингольв мемлекеттің
қаржысы есебінен арнаулы қор ашуды да көздеді. Ондай қор шаруалардың
ауыл шаруашылық құрал-жабдықтарын - тракторлар, соқалар, тырмалар,
шөп шабатын, егін оратын машиналар, тіпті тоқыма машиналары мен
сүттің майын айыратын сепараторлар сатып алуы үшін оларға қарыз ақша
беруі тиіс болды. Қоғамдық қаржылар есебінен құрылатын жəне бір қор
шаруалардың аулаларында көң жинайтын цистерналар мен тыңайтқыш
қордалар сақтайтын бастырмалар салу үшін ақшалай қарыз беруі керек:
өйткені Ингольв көң-қоқыстарды ашық аспан астында үйіп-төгіп, жинап
қоюға немесе қазулы орлар мен шұқырларда сақтауға қаны қас, үзілдікесілді қарсы болатын. Сондай-ақ жанына жақын, жақсы көретін жұмысы
деревняны электрлендіру болатын. Бірақ оның бұл жоспары бұлдыр
болашаққа ысырылып қалумен келе жатты. Ингольв ең зəру ауыл
шаруашылық мəселелерін түнде түсінен, күндіз есінен шығармайтын. Ол
əлі де тұтыну қоғамының төрағасы болып табылса да, өзінің тұрақты
мекен-жайы Фьордта деп саналса да, мұнда ол бейне бір құрметті қонақ
сияқты ғана болып кететін, жыл бойы уақытының көбін астанадағы
жұмыстармен айналысып жүріп өткізетін: өз партиясының газетін
шығаруға зор көңіл бөлетін, сессиялар арасында комитеттердің жұмысына
басшылық ететін, сондай-ақ өзіне шаруалар сеніп тапсырған қызмет
түрлерімен айналысатын. Ал тұтынушылар одағында өзінің орынбасары
болатын, Арнарсон ешқашан өз қара басының қамын ойлап, оңай олжа
табуды көксемейтін. Қысқасы, қазіргі жаңа заманның шын мəніндегі нағыз
адал адамы Ингольв Арнарсон еді. Оның бір ғана өзгешелігі енді Иоунссон
деп аталуында болатын.
Алдағы көктемде жаңа сайлау өтетін болды. Ингольвтің альтингке тағы
да сайланатынына ешқандай күмəн жоқ сияқты. Оның орнына басқа
біреудің ұсынылып, өтіп кетпеуі туралы сөз етуде қисынсыз нəрсе сияқты
еді. Бірақ жағдай аяқ астынан өзгеріп шыға келді. Алыпсатар саудагерлер
мен капиталистердің қасарыса көрсеткен күшті қарсылығына тойтарыс
беру оңай емес. Ең болмаса олар, кейбір жерлерде жеңіліске ұшырауы тиіс
қой.
Соңғы жылдары берекелі заман орнаған кезде, сауда-саттық өріс алған
қалаларда əркім өз қара басының қамын ойлаған бағыт тіпті күшейе түскен
болатын. Ал бұл сайлау округында ондай екі қала - Фьорд пен Вик бар еді.
Оларда кеме иелерінің, ұсақ қолөнершілер мен саудагерлердің, сондай-ақ
жаңадан пайда болған қуатты коммерсанттың ықпалы зор болатын. Ол
өзінің төңірегіне деревнядағы жəне қалалардағы өз еріктері өздеріндегі
дербес жандарды біріктерген-ді, тіпті шаруаның қызына - Тау королінің
қызына үйленген-ді. Бірақ жұрт əлгі коммерсанттың бір кезде барып тұрған
кəдімгі алаяқтың өзі болғаны, ол үшін тиісті жазаға да тартылғаны туралы
алыпқашпа əңгімені де гулетіп жіберді.
Викте шетелден келген, социализм деп аталатын бір ілімнің ықпалы
барған сайын күшейіп келе жатқан кез еді. Оның үстіне, арнайы
тапсырмамен жіберілген арандатушылар бірімен-бірі жанталаса жарысып,
балықшы лашықтарының шын мəніндегі тұрғындары мен үрерге иті,
сығарға биті жоқ қаңғыбас бейшаларды Құдайға да, адамдарға да қарсы
қатар айдап салды. Құдайдың да, адамдардың да бұған дейін оларды
өлердей өшпенділікпен жек көрмей, бейне бір жарылқап келгені сияқты
əңгімелерді судай сапырды.
Ондайда Арнарсон былай дейтін:
- Социализм дегеніміз бастан-аяқ қып-қызыл өтірік. Социалистер
адамзатты Құдайдың өзі жарылқап, жетілдірмейінше орындалуы мүмкін
емес шексіз уəдені үйіп-төгіп беру арқылы бейшара адамдардың басын
айналдырып бітеді. Ал олардың шын мəніндегі түпкі мақсаты - ел
байлығын талан-таражға салып тонау мен кісі өлтіру.
Бірақ Ингольв Арнарсонға қауіптісі социалистер емес еді. Қауіп-қатер
оған басқа жақтан төніп тұрған болатын. Капитализм Ингольвке қарсы
басқа бір балама үміткерді ұсынды. Ал ол үміткердің қуатты қолдаушысы
тұтас бір банк еді. Ол банк атақты халықтық банктің тап өзі болатын. Оны
Ингольв түп-тамырымен жойып жіберіп, орнына шаруаларға қызмет ететін
əрі өзінің жақтастарының ашса алақанында, жұмса жұдырығында болатын
мемлекеттік банк құрмақ еді. Ол үшін тиісті өкілдік алуы ғана керек
болатын. Рейкьявиктегі алаяқтар өздерінің Інжілін деревняда кеңінен
насихаттау үшін сенімді адамын халі қыл үстіндегі қауіпті жағдайда тұрған
халықтық банк директорын жіберді. "Сонымен не болды?" деңіз.
Капитализмнің ешқандай қағидат ұстанбайтын осы бір ардан безген
қарабет өкілі өтірікті қардай боратты: шаруаларға Ингольв Арнарсон
ұсынып жүрген ізгілікті нəрселерді ғана емес, одан да артық əрі мол
жақсылық жасаймын деген өтірік уəдені үсті-үстіне үйіп-төкті. Ең таяудағы
уақытта сайлау округы аумағындағы шаруалардың барлық ауласында, тек
бұл сайлау округының аумағында ғана емес, бүкіл еліміз бойынша электр
жарығы жарқырап тұратын болады деп бөсті - құрғақ уəдеге қарық қылды.
Бұған Ингольв Арнарсон былай деп жауап қайтарды:
- Бұл ардан безген қарабеттің үйіп-төккен уəделері мен социалистердің
берген уəделерінің бір-бірінен айырмасы ақылға қонымсыз суайттығының
қайсысы қай дəрежеде күштірек болатындығында ғана. Рас, банк
директоры ешкімді көзбе-көз тонауды немесе өлтіріп кетуді ұсына
қоймайды. Бірақ ол - біздің елімізге халық қоныстанып, мекендей бастаған
сонау ерте заманнан бастап күні бүгінге дейін адамдарды қанын сора
аяусыз тонап, қажет болса, қырып-жойып өлтіріп келген ат төбеліндей
байлармен байланысын күшейтіп, жемтіктес болып алған жағымсыз
сұмырайдың дəл өзі. Бұл ретте оған социализмді уағыздаудың еш қажеті де
жоқ.
Банк директоры шаруаларға Ингольв Арнарсон бұған дейін ұсынған
игіліктердің жəне оған қосымша тағы да бірқатар əлдебір жақсылықтар
жасаудың бағдарламасы бойынша үйіп-төгіп уəде берген соң, егер
альтингке сайлана қалса, мұның бəрін де ең таяу кезде жүзеге асыратын
боламын деп ант-су ішкендей болған соң енді саудамен айналысатын қала
тұрғындарын үгіттеп, насихат айтуға көшті. Атап айтқанда, ол Вик
тұрғындары үшін қалада үлкен банк жəне кеме жолдары қатынасының
кеңсесін салып бермек, ал Фьордта сүйек ұнын тартатын диірмені бар
зауыт жəне көмір шахтасын ашпақ болды. Теңіз жағасында тұратын
сайлаушылардың жанына оның бұл уəделері майдай жақты. Банк өкілі
олардың қолдауына сөзсіз не болғанына көз жеткізді. Енді сайлау
жақындаған сайын əр минөт қымбат бола бастады. Ингольв Арнарсонның
жағдайы нашарлай түсті. Енді бұл қандай амал жасауы тиіс? Жоқ, аса
құрметті сайлаушылар, Ингольв Арнарсон əлдебір аңқау ақымақ емес, ол
өзі ұсынған тартымды саяси уəделерді басқа біреудің пайдаланып кетуіне
жол бере алмайды!
Сонда бұл не айтты? Бəлендей жаңалық айтқан жоқ. Өзінен бұрынғы
доктор Финсеннің үйреншікті болған сүйікті ісі - қазір ұмыт болған
атышулы "мəңгілік мəселені" - айлаққа кіреберіс құрылыстар салуды қайта
қолға алатынын айтты. Ол ғана емес. Егер альтингке қайта сайланатын
болса, тек айлақ пен оған кіреберіс құрылыстар ғана емес, сонымен қатар
Фьордта жалпы құны кемінде жарты миллион крона тұратын өте үлкен
айлақ салуға уəде етті. Ондай кең көлемді құрылыс бағдарламасы жүзеге
асатын болса, Фьордтың тұрғындарына ғана емес, онымен көршілес Виктің
де жұмысшыларына қажетті жұмыс орындары жеткілікті болады. Үлкен
айлақ салынып болғаннан кейін мемлекет басқа да көптеген құрылыстар
салуға кіріседі. Олардың бəрін тізіп айтып шығудың өзі оңай тимейді - көп
уақыт алады. Теңіздегі құрылыс жұмыстарын қолға алу бұдан бұрын дəл
қазіргідей өте шұғыл да зəру мəселе ретінде күн тəртібіне қойылып көрген
емес. Арнарсон банк директоры салып беруге уəде еткен сүйек ұны
зауытын Викке ауыстыратын болды. Ал банк директорының қолындағы
күшті көзірінің бірі болып саналатын ірі кеме кеңсесін ашудың орнына
Виктегі ұсақ кеме иеленушілердің компаниясына мемлекет есебінен орасан
зор мөлшерде қаржы бөлгізуге уəде берді, басқа да артықшылықтар жасай
алатынын айтты. Компанияның тез өсіп, гүлденетініне, сөйтіп бүкіл халық
ең соңғы кедейге дейін байып шыға келетініне, яғни олардың əл-ауқат
дəрежесінің неғұрлым жоғары сатыға көтерілетініне кепілдік берді. Көмір
шахтасын екі қалаға тең бөлетін болды. Əрине, ол шахталарда шынында да
нағыз сапалы көмір өндіріле қалса. Ал жай ғана қоңыр көмір, құрғақ құм
немесе тек топырақ шыққан жағдайда мəселе басқаша болады. Іс əбден
шиеленісіп, кімнің көбірек əрі жақсы уəделерді үйіп-төккенін айырып білу
мүмкін болмай қалған кезде сайлаудың қандай нəтиже беретіні ондай
қыруар көп уəделерге емес, кімнің шешендік өнері қаншалықты күшті
шығатынына, сөйтіп сайлаушылардың жүрегіне қалай тура жол тауып, əсер
ете алатынына байланысты болып қалды. Тұрақты жұмыс алатын болдық
деген үмітке қарық болған көптеген жұмысшылар енді социализмнен
үзілді-кесілді бас тартты деген əңгіме гулеп кетті. Олар, шамасы, ауқатты
адамдардың қатарына қосылып, əлдебір компаниядан немесе фирмадан пай
үлестерін сатып алатын болармыз деп дəмеленді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 41
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.