Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 21

Total number of words is 4202
Total number of unique words is 2262
36.2 of words are in the 2000 most common words
53.2 of words are in the 5000 most common words
61.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
көзіне бірі қалай шеп салғаны жайында неше түрлі оқиғалар айтылды.
Жұрттың пікірі бойынша, адам төзгісіз дерлік шектен шығып кеткен нақты
мысалдар келтірілді. Ауста олардың күбірлескен əңгімелеріне құлақ
тікпесе де көпке дейін үйықтай алмады. Ол өзіне-өзі əлі де келе алмай, дірдір етіп, мазасыздануда еді. Өйткені дастандарда ғана суреттелетін сұмдық
оқиғалар жаңа ғана мұның көз алдында соншалықты дөрекі əрі жеркенішті
түрде болып өткен-ді.
Аустаның жүрегі еркектердің ұйқыға жатуға жинала бастағанын
көргенде ғана орнына түсті. Олар қақырынды, түкірінді, сіңбірінді,
бəтеңкелерінің бауларын шешті, дамбалдарын көтеріңкірей тартып қойды.
Əкесі кереуеттің бір шетіне отырды. Мұрнын шұқып, тазартқан болды. Аяқ
киімінің бауын ағытты. Шалбарын шешті. Ауста оның əр қимылын қалт
жібермей, қарады да жатты. Ол соншалықты ұзақ шешінетіндей көрінді.
Əкесі өзінің қасына жатқан кезде барып көңілі жай тапты. Ауста ешқашан
əкесінің бауырына дəл қазіргідей қысыла еніп көрген емес еді. Ал əлгі
төбелестен кейін оған барынша жақындай түскісі келді. Ол өзінің бүкіл
денесін қалтыратып, дірілдеткен қорқынышты жағдайдан əлі де арыла
алмай, тісі тісіне тимей сақылдаумен жатқан болатын
Еркектер, христиан дінінің əдеті бойынша, бір-біріне жайлы жатып,
жақсы тұру туралы тілек білдірісті. Олар аунап түсіп, жайғасып жата
бергенде астарындағы сым кереует сықыр-сықыр етті.
- Сəл əрірек жылжышы, қызым. Мына сайтан алғыр кереует тым тар
екен ғой. - Ауста амал жоқ, қабырғаға қарай сығылыса түсті. - Міне,
осылай, жаным менің! Қабырғаға қарап жатып,ұйықтай бер енді.
Ауста қабырғаға бұрылып, теріс қарап жатты.
Бірақ қыздың бəрібір ұйқысы келмеді. Қабырға суық екен - мұның
қалтырап-дірілдеп жатқаны да сондықтан болар. Мамық көрпе енсіз. Əкесі
оның басым көпшілігін өзіне тартып алды. Енді мұның арқасы ғана
жылыды. Бірақ қалтырап, дірілдегенін қоймады. Еркектердің бəрі ұйқыға
кетіп, қорылға басты. Ал Аустаға қабырғадан соққан суық ұйқы бермеді.
Уақыт өтіп жатты. Қызда əлі ұйқы жоқ. Ақырында көзін ашып жатты.
Терезелерге перде тұтылған екен. Үйдің іші жартылай қараңғы. Шамасы,
уақыт түн жарымынан асып кеткен болуы керек. Қыздың екі тізесі
көрпеден шығып жатыр. Қалқаланған қабырғаның қуыс-қуысынан суық
соғып тұрған сияқты. Əкесі бұған жайлы жатып, жақсы түр деген тілек те
айтқан жоқ еді. Мұның үрей құшағында жатқанын біле тұра ондай тілек
айтпағаны несі екен? Біртүрлі қорқынышты. Бұл - құпия сыры мол осы
үйдегі, өзі көптен көруге құштар үлкен өмірдегі оқиғалар тізбегі. Соның
салдарынан көзінің шырымын алуға да шамасы жоқ. Үйықтай алмайды.
Енді, міне, сол өзі аңсаған өмірдің ортасында жатып кенет тағы да қорқып
кетті. Бойын үрей билеп, тағы да үйықтай алмай қойды. Өзін əйелдері
қызыл панталон киетін сұмырай еркектер жан-жағынан түгел қоршап
алғандай сезінді. Міне, өзінің табиғатына мүлде жат əрі түсініксіз өмірдің
ортасында бұл, жападан-жалғыз қыз, қалай жатып, қалай ұйықтай алмақ?
Жападан-жалғыз? Жоқ, жоқ, жоқ, бұл тіпті де жападан-жалғыз емес.
Қасында əкесі барда бұл ешқашан жалғыз бола алмайды. Мейлі, ол бұған
жайлы жатып, жақсы тур деген тілек айтуды ұмытып кете-ақ қойсын,
бəрібір жалғыз болмайды. Өзінің қасында қатар жатса, тірі жатса болғаны!
Əкем, жаным, əкем, əкетай. Сенің кішкентай Аустаң осында. Өзіңнің
қасыңда жатырмын. Ол əкесінің мойнындағы, сақалы мен көйлегінің
жағасы арасындағы жұп-жұмсақ, жып-жылы аппақ жері қайдан, қалай
ойына түсе кеткенін өзі де білмей қалды. Ол жерге екі ернін жапсыра
жақындап, жабыса түскенде қорқыныш атаулының қайда қашып кеткенін
білмей қалды. Жұрттың бəрі қорылдап жатқанда мұның жалғыз өзі тіпті
ұйықтай алмаса да, тұла бойының қалтырап-дірілдегені əлі басыла қоймаса
да, əкесінің жанында жатқанына Ауста өзін барынша бақытты сезінді.
Өйткені əкесі - мұны барлық бəле-жаладан, қиындықтан батыл қорғайтын,
ешкімге ешқандай қарызы жоқ, ешкімге тəуелсіз, ешқашан еш нəрсеге таң
қалмайтын, қандай сұраққа болса да қаймықпай жауап бере алатын білгіш,
қазіргі Жазғы мекеннің иесі əрі белгілі ақын - елге танымал тұлға. Енді
Ауста төсекте жатып, əкесіне қарай барынша баяу, кереуеттің бірде-бір
сықыры естілмейтіндей сақтықпен ақырын аударыла бастады. Өзінің
қыбырлап қимылдағанын ешкімге сездірмеуге тырысты. Ақырын-ақырын
аударыла түсіп, аз ғана тоқтады да тағы да жабыса жақындай түсті.
Бөлмеде құлаққа ұрған танадай тыныштық. Адамдардың о дүниеден
естіліп жатқандай түнгі қорылы, сыртта, қала үстінде ұшып жүріп сайраған
құстардың тынымсыз шықылықтаған үні ғана құлаққа келеді. Сөйтіп
жатып Ауста əкесіне қарай толық аударылды. Жоқ, ол бұл дүниеде жалғыз
емес екен -сенімді сүйенішінің жанында оның алып та күшті кеудесіне
басын тығып, көзі шайдай ашық жатыр. Енді бірде басын жастыққа
жақындата түсіп, көзін тарс жұмды да бетін əкесінің сақалы астына басты,
оның мойнындағы жақсы көретін сүйікті жеріне ернін тақап, еміріне
жабысты. Ауста дүние есігін енді ашқалы шала-жансар жатқан сол бір
суық түнде əкесінің қорқынышты құбыжық күштермен құр қол шайқасқан
қажымас батырдың нағыз өзі болғанынан хабардар еді.
Ауста алғашқыда əкем ұйықтап жатыр, ешнəрсені байқаған жоқ деп
ойлады. Уақыт өте берді. Қызы оның тыныс алған деміне, жүрегінің дүрсдүрс соққан күшті дүрсіліне құлақ тігіп жата берді. Бірақ оның өте баяу да
сақ қозғалысына қарағанда, əкесі де ұйықтап жатқан жоқ сияқты. Қыз
өзінен-өзі ұялып, қатты қысылды. Құдайдан енді оның орнынан атып
тұрып, мұны шапалақпен тартып жіберуін ғана тіледі. Өйткені ол бұған
қабырғаға қарап, ірі бұрылып жат деп еді ғой. Бері бұрылып жатуға батылы
қалай барған?! Өзінің ендігі жердегі соншалық дəрменсіздігі салдарынан
Ауста əкесіне одан сайын тығылып, жабыса түсті. Тағы да едəуір уақыт
өтті. Олардың жүректері біріне-бірі қарсы таяу жерден аттай тулап,
жылдамдата соқты. Ауста ұйықтап жатқан болып, қыбыр еткен жоқ. Ерні
əкесінің мойнына жабысып қалған қалпында. Əкесінің абайсызда аздап
қана қызына қарай жақындаған қолы жағдайды өзгертіп жіберді. Қыздың
киген панталонының түймесі ойда-жоқта ағытылып кетті. Соның артынша
Ауста оның қарулы қолының жып-жылы алақанын сезді.
Қыз бұған дейін мұндай жағдайды ешқашан сезінген емес еді. Енді
өзінің қорқынышы қайда кеткенін сезбей қалды. Бүкіл тəні мен жанын
билеп алған діріл енді тіпті басқаша байқалды. Қыздың ернінде көпке дейін
тамақ ішпей, ашыққан адамның үстел үстінде жайнап тұрған тағам
түрлерін көргендегі ашқарақ тəбеті ашылғандағыдай əлдебір құштарлық
пен құмарлық сезімі оянғандай болды. Ал сол бір сезім əкесінің
қимылдағанынан да қысылмады. Мұның əкесінің бауырына кіріп, жабыса
түсуіне еш нəрсе де кедергі бола алмайтындай көрінді. Сөйтті де əкесінің
мойнынан қос қолдап, қатты құшақтады. Əлдебір рақат сезіміне бөлеген
осы бір белгісіз өктем сезім қыздың қас қағым сəтке дүниедегінің бəрін де
ұмытуға мəжбүр етті. Бəлкім, үлкен өмірдің əлі белгісіз ғажайып сыры да
осында болар?
Тап осы сəтте ол өзінің өмірінде ешқашан ұмыта алмайтын тосын оқиға
болды - қыздың енді ғана оянған жастық сезіміне жарық сəуле емес, қара
көлеңке түскендей еді! Ауста бұл дүниедегінің бəрін де ұмытып, рақат
сезіміне бөленіп жатқан кезде əкесі оны іргеге қарай итеріп тастап,
төсектен тұрды да киіне бастады. Шұлығы мен шалбарын тез-тез киді де,
бəтіңкесінің бауын байлады. Кеудешесін киіп, сыртқа шығып кетті. Есікті
итере жапты. Ауста оның дəлізбен кетіп бара жатқан адымдарын да анық
естіп жатты. Енді сыртқы есікті тарс еткізіп жапты да, қайда кеткені
белгісіз, біржола ғайып болды. Қыз қорылдап жатқан еркектердің арасында
жападан-жалғыз қалып қойды. Қазір ол есінен тана мелшиген, қимылсыз
қалпында жатыр. Еш нəрсені ойлауға да мұршасы жоқ сияқты. Əкесі сол
кеткеннен мол кетті. Қыздың жан дүниесінде əкесіне деген өкпе өршіді.
Бұл оған не істеді соншама? Дүние бүлінетіндей дəнеңе де болған жоқ қой.
Ауста еш нəрсені жөнді түсіне алмады. Бірақ əйтеуір бір жан
түршігерліктей сұмдық оқиға болғандай, бəрін де бұлыңғыр сезінеді.
Мұның өзі оның өткен қыста Аустаның сага мəтініндегі түсініксіз сөзге
бола шапалағымен тартып жібергенінен жүз есе жаман еді. Сонда бұл оның
өмір бойы кешірмейтініндей шынында да əлдебір ұят нəрсе жасап қойғаны
ма? Бірақ бұл əкесіне не істеді соншалықты? Оны тап мұның істегені
қалай? Бұл кешірілместей сұмдық оқиғаның өзі де əкесінің мойнынан
құшақтап, бауырына етене ене түсіп, жабысқанына қатысты болатынын бұл
қайдан білсін? Сонда бұл қандай күйге душар болды? "Аяулы əкетайым- ау,
мен саған не жаздым соншама? Менің соншалықты шектен шыққан ақымақ
болғаным ба?" Оның жүзін жас жауып кетті. Өксіп-өксіп, өкіне жылады.
Бетін құс жастыққа басып жатты - қорылдаса, тыныш ұйқыдағы еркектерді
оятып алармын деп қорықты. Шамасы, əкесі үйге кетіп қалған-ау. Егер бұл
оның соңынан ермек болса, кері қуып жібереді-ау! Масқара!..
Ақырында қыздың көз жасы сарқылды. Ол төсектен көтеріліп отырды.
Əбден торығып, бар нəрседен үмітін үзгендей. Иə, əкесі шынымен-ақ кетіп
қалыпты. Бұл енді жалғыз қалды. Мына сұрқия зұлымдыққа толы өмірде
бір өзінің қолынан не келеді? Дəрменсіз бейшара емес пе? Тамақты қайдан
табады? Қарны ашса, не істейді? Бəлкім, Мангидің əкесі - кеше таразыға
тартып, жүн өлшеп алған қоймашы мұның өз үйінде тұруына рұқсат етер?
Əлде батылданып алып, көпестің тұп-тура өзіне барғаны дұрыс па? Немесе
өткен көктемде мұнымен мейірімін төге еркелетіп сөйлескен өкілетті өкіл Иоунның ұлы - өз үйінде қалдыра тұрар ма екен? Белгілі бір тоқтамға келе
алмай, Ауста бар нəрседен күдерін үзіп, орнынан тұрды да көйлегін, одан
соң кебісін киді. Мойнындағы алқасының бауы үзіліп, ұсақ моншақтары
төсекке шашылып қалыпты. Əкесі тастап кеткеннен кейін енді мұның
моншақ не теңі? Бүкіл өмірі қор болды емес пе? Өйткені бұл өмірде
жападан-жалғыз қалды ғой!
Ауста аяғының ұшымен ақырын басып, есікке жетті де қаракөлеңке
дəлізге өтті. Табалдырықтан асыға-үсіге аттап, сыртқа шықты. Көктемнің
жап-жарық түнінде көшеде қыбыр еткен жан жоқ. Майда жаңбыр сіркіреп
түр. Тұман тау беткейінің бел ортасына дейін көтеріліпті. Ауста қазір
сағаттың қанша болғанынан хабарсыз. Таң толық атқанша əлі талай уақыт
бар сияқты - көшеде тірі жан көрінбейді. Үлкен шығанақ үстінде теңіз
құстары шаңқылдайды - олардың үні дала құстарының тамылжытып,
сайрата салатын əніне мүлде құсамайды. Ауста басының ауған жағына
қарай жүре берді.
Ол мына кең дүниенің қыбырлаған тірі жан көрінбей, қаңырап бос
тұратынын, тіпті қаланың өзі де елсіз дала сияқты меңіреу тыныштыққа
бөленетінін бұған дейін көз алдына елестетіп көрген емес. Төңіректе ешкім
жоқ. Көшелер мен үйлердің үстін салқын жаңбыр тұмшалап тұр. Кейбір
ғимараттар қисайып, қыңырайып кеткен сияқты. Терезелерінің көздері
қирап қалыпты. Үйдің шатырына жабылған қаңылтырлардың бояуы
көтеріліп, сыдырылып түскелі тұр. Кейбір тұтас қаңылтыр табақшаларды
жел ұшырып түсіріпті. Қара май жағылған қағаздың сыртындағы лақтарды
су шайып кетіпті. Қабырғада жалбыраған қағаздары ғана көрінеді. Қай
дуалдың, қай шарбақтың болсын жанынан балықтың сүйектері мен
басының мүңкіген жағымсыз иісі шыға келеді. Теңізге түсе берістегі
беткейде бірнеше сиыр күйіс қайтарып тұр. Бір мысық көшені кесіп,
жүгіріп өтті де жоқ болып кетті. Əлем-жəлем сəнді киінген жас жігіттер де,
далап жағынған жас сұлулар да көрінбейді - қаңыраған кеңістік пен
мүлгіген меңіреу тыныштық қана...
Ауста қаланың бас көшесімен тауға қарай соншалықты сенімсіз де
дəрменсіз, аяғын ілби басып бара жатты. Шашынан жаңбыр өтіп кетті,
көйлегі де малмандай су болды. Оны елең қылмады. Инді бұған бəрібір
емес пе? Кенет қарсы алдынан тұманды жара ат жетектеп келе жатқан
біреудің бұлдыр бейнесі көрінді. Ол жақындап келген кезде бұл əкесін тани
кетті.
- Бұл не жүріс? Жатып ұйықтай бермедің бе? - деп сұрады Бьяртур.
Қыз басын көтерместен теріс айналды, əкесінің сұрағына жауап қатқан
жоқ.
- Осында күте тұр, - деді əкесі. - Мен қазір арбаны алып келейін
Ауста бір тастың үстіне жайғасып отырды. Жаңбыр оның шашы мен
мойнына құйылып, жуып барады. Саусақтары сіресіп, қатып қалды. Сөйтіп
ол көңілсіз енжар қалпында отыра берді. Қалтырап-дірілдеп тоңды, қарны
ашты, əлсіреп қалжырағандықтан ұйқысы келді. Бір кезде түнгі
тыныштықты арба дөңгелегінің сақұр-сұқыр еткен дыбысы бұзып жіберді.
Бұл арбасын атқа жегіп келе жатқан əкесі еді.
- Арбаға мінгің келсе, міне ғой, - деді ол.
Бірақ Ауста жаяу жүргенді ұнатты.
Əкесі арба жегілген атын бұралаңдаған қисық жолмен өрге қарай
жетелей берді. Қыз арбаның соңынан ілесіп келеді. Жаңбыр күшейе түсті.
Сонау жоғары жақты ауыр қалың перде сияқты берік тұмшалап алды.
Аустаның үсті-басы манадан бері малмандай болды. Су шашынан ағып,
мойнына, арқасына, кеудесіне құйылды. Кенет ол өзінің бет орамалын есіне
алды. Оны осы заманның шынжыр балақ, шұбар төс мықтылары үлкен
ықыласпен сыйлап еді-ау. Ал бүл қуана қабылдаған. Кішкентай Аустаның
бет орамалы қайда қалып қойды екен?! Жоғалтып алған болды ғой. Бірақ
мұның өзі соншалықты маңызды да емес қой. Қазір бұған бəрі-бір емес пе?
Еш нəрсенің де қажеті жоқ. Ол осылай ой үстінде келе жатып, аяқ
астындағы езіліп кеткен балшыққа тайып жығылды. Орнынан көтерілгенде
көйлегінің былғанып, тіпті жыртылып та қалғанын көрді.
- Ат бейшара асу үстінде аздап демін алсын, - деді əкесі. - Өзіміз де
тамақтанайық.
Кешегі о шеті мен бұ шетіне көз жетпейтін теңізді жаңбыр мен тұман
тұмшалап алыпты. Түк те көрсетпейді. Үлкен қала орналасқан ойпат та
көзден ғайып болды. Алдыңғы жақта толып жатқан төбелердің сілемі
тұманның қойнына сіңіп бара жатқандай. Ендігі жүрер жол əрі суық, əрі
ұзақ болатын сияқты. Ауста алда өзін бір-біріне ұқсас, мəңгі таусылмайтын
күндердің тізбегі күтіп тұрғандай сезінді.
Бұлар жол жиегіндегі ылғал тастың үстіне отыра кетті. Əкесі бұған
аркасын беріп, теріс қарап отырды. Оның тізесі үстінде азық-түлік
салынған дорба бар. Ол Аустаға қатып қалған бір жапырақ нан мен
балықты өзінің иығынан асыра ұсынды. Бұл кеше түскі астан қалған
болатын. Қыздың тамаққа тəбеті болмады. Осыдан біраз бұрын қарын
ашқанын да ұмытып кетті. Нан мен балық су тигеннен кейін тіпті дəмсіз
көрінді. Сонда да қинала-қинала шайнап жұта берді. Əкесі бір ауыз тіл
қатпады. Олар бір-біріне теріс қараған бойы отырды. Жаңбыр тас үстіне
тырс-тырс тамып тұрды. Екі-үш шайнамнан кейін Аустаның жүрегі айнып,
құсқысы келді. Бірнеше адым жерге ұзап барып, əрең дегенде құсты. Əуелі
əлгі ішіп-жегенін құсты. Содан соң лақылдата запыран тастады.
Артта ұшы-қиыры жоқ иен дала қалып бара жатты.
ОТЫЗ ҮШІНШІ ТАРАУ
ҚАТЫГЕЗДІК
Бұл жаз хутор тарихындағы естен шықпайтындай кез болды: Бьяртур
үй ішіндегілер əлдебір оқиға туралы айта бастаса-ақ, оның уақытын : "бұл
үйде Фрида сайтан тұрған жаздан пəлен жыл бұрын" немесе "бұл үйде
Фрида сайтан келген жаздан түген жыл кейін" деп көрсететін болды.
Фрида кім еді сондай-ақ?
Фриданы жұмысқа жалдау оқиғасы былай еді. Бұрынғыдай емес, енді
хуторда сиыр пайда болған соң қосымша жұмыс қолы керек еді – қысқа
қажет пішен дайындау осыны талап етеді. Кезінде ресмириліктердің қояр
да қоймай ұсынуымен Бьяртурға сұмырай сиырды қалай еріксіз тықпалаған
болса, тағы да тап солай, солардың күштеп көндіруімен жалдамалы
жұмысшы əйел осы хутордан бір-ақ шықты. Əрине, Бьятур бірден көне
қойған жоқ.Олардың,редсмириліктердің, мұның ісінде несі бар? Бьяртур
олар туралы не ойлайтынын қайдағы бір ұят, былапыт сөздерді қысылыпқымтырылмай-ақ, молынан қолдана жүріп толық жеткізді. Солай бола
тұрса да Фрида Жазғы мекеннің бір тұрғынына айналды.
Бүкіл поселкені қалай болса солай алдап-сулауға амал-айласы əбден
жеткілікті староста Бьяртур үшін оның қалтасы қиналмай көтеретін
қызметші əйелді, əрине, оп-оңай таба қойған еді. Фриданың шіркеу қауымы
есебінен жəрдемақы алып қана күн көріп жүргеніне көп болатын. Ол барып
тұрған сүйкімсіз əрі жексұрын, ұрысқақ əрі қазымыр кемпір саналатын.
Сондықтан да оны қолына алуды қалайтын адам табыла қоймайтын. Ол
өзінің қожайындарымен ұдайы ұрсысатын да жүретін жəне тап қазір кімге
өзі қызмет етсе, соның үстінен алуан түрлі өсекті өрттей қаулататын.
Оларды "жалаң аяқ, жалаң бас сараңдар" деп атайтын. Мұнысы шындыққа
жақын да еді. Ол əдетте өзінің ойын бүкпей, ашық айтатын. Оның онымұны ауру-сырқауы таусылмайтын, денсаулығын түзеу үшін ұдайы дəрідəрмек қабылдауға құмар болатын. Ал дəрісі таусылып қалса, төсек тартып
жатып алатын.
"Мен мұндай "сəн-салтанатты" сырқаттан бас тарта қоймаймын" деп
күйдіретін өзгелерді. Алғашқыда оған дəрі-дəрмек шіркеу қауымы есебінен
дəрігер Финсеннен сатып алынып жүрді. Бірте-бірте бұл жағдай старостаға
ұнамады. Бүйте берсе, салық төлеушілерді қайыршыландырып бітірер деп
ойлаған староста енді оған дəрі-дəрмекті өзі қайнатып, өзі жасап беретінді
шығарды. Өйткені ол өзін медицина саласынан едəуір хабарым бар деп
білетін. Əсіресе шіркеу қауымына масыл болғандарға қатысты кезде
осылай деп ойлаймын Олардың еңбегін тегін пайдаланатын Оның өзі
жасайтын дəрілер удай ащы келетін. Сонда да болса, оларды алушыларға
күңкілдеп ұрсып жүріп, зорға дегенде беретін Фридаға келгенде сараңдық
танытпайтын - əдетте ондай дəрінің тұтас бір, кейде екі бөтелкесін бірден
бере салатын. Өйткені бүл кемпірдің еңбегіне жұмыс қауырт болып, бастан
асып жатпаса, ақшалай ақы төленбейтін. Ал биылғы жазда старостаның
көмегі арқасында Бьяртур Фриданың көрсететін қызметі үшін оған
аптасына бірнеше крон ғана ақы төлейтін, қалған жартысына жүнмен
нақты есеп айырысатын артықшылыққа ие болды.
Фрида қайдағы бір Иусуспетрус дегенге құлай сенетін жəне бүкіл
дұғасын соған арнап, тілек тілейтін. Жазғы мекенде адамдар бір-бірімен
əңгіме ететін еш нəрсе бола қоймаушы еді. Фрида келді де ол көзге шыққан
сүйелдей ерекшеленді. Аулада жүргенде Бьяртурдың есіктің сыртынан
сөйлесетін əдеті бар еді. Сөзін бейне бір аспанға қарап, айдалаға айтып
тұрғандай болатын. Кімге арнап сөйлегені де белгісіз сияқтанатын. Оны
үйдегі əйелі Финнаның естіген-естімегенімен де жұмысы жоқ. Сонда оның
айтып жүретіні: бүгінгі ауа райының қалай-қалай құбылатыны, үй
шаруашылығына катысты мəселелер немесе əйтеуір бір тапсырмалар
туралы əңгімелер. Мұның бəрі кімге айтылып жатқаны белгісіз
болғандықтан да нақты жауап естуді қажет етпейтін. Мұндайда екі үлкен
ұлы əкесінің көзін ала бере бірімен-бірі итерісе кететін Ал егер Бьяртур
олардың бұл қылығын байқап қалса, сазайларын беретін - не шапалақпен
тартып жіберетін, не жұдырық жұмсап, қойып қалатын. Балалардың іссіз
ерігіп қарап отыруына рұқсат етілмейтін.
- Хельги, саған ұят емес пе, баланың мазасын ала бермесейші! - дегенде
Бьяртур үнемі Хельгиді кінəлі санайтын. "Бала" деп Гвендурды атайтын.
Қарт əже өзінше тербетіле отырып, əлдебір нəрселерді міңгірледі. Ал
Ауста Соуллилья бой жетіп қалған қыздың сұраулы көзімен бейне бір
қабырғаның арғы жағынан не төбедегі аспаннан құлақ түре қарап
тұрғандай көрінеді. Ол ешкімге сырын ашпайды, ойын бөліспейді. Бұл
мінезі үн-түнсіз үндемей жүріп, өлең шығаратын, содан соң ол өлеңдерін
жұрттың бəрін таң қалдыра қонақтарына оқып бере қоятын Бьяртурға
ұқсайды.
Барлық тұрғыны өздерін бір-бірінен аулақ ұстауға, өз ойларын өздері
ғана білуге тырысатын хуторға күтпеген жерден бой бермейтін сөз тасқыны
лап қойды.
Бір күні арқасында оны-мұны салған түйіншегі бар бір кемпір осы
Фрида келе қалды. Ол келгеннен жағы тынбай, сөйлеуден тіпті де танған
жоқ. Күні бойы үзбей сөйледі. Нонни мен əжесі əбден жалығып, ұйқыға
кеткенде ғана дамыл тапты. Оның əр нəрсенің басын шатып мылжыңдаған
ұзақ сөзі жаңбырлы күні шатырдың төменгі жиегінен тынымсыз сорғалап
құйылатын су сияқты эсер етті. Шабындықтағы орылған шөпті жинап
жүріп те өзімен-өзі сөйлесуден шаршамайды. Балалар оның сөзін ұрлана
келіп тыңдайды. Кемпір шіркеу қауымында не болып жатқанын, хутордағы
істің жайын егжей-тегжейлі баян етеді. Қай əйелдің күйеуіне немесе қай
еркектің əйеліне опасыздық жасап, бір-бірлерінің көзіне шоп салып
жүргені жайындағы өсек-аяңды өршітеді, некесіз туған қай баланың əкесі
кім екенін айтып береді. Қойларды аштан қатыратын бай шаруалардың
атына былапыт балағатты қардай боратады. Поселкедегі қадірлі де құрметті
саналатын адамдарды барып тұрған ұры-қары деуден танбайды.
Саростаның өзін де оңдырмай жамандайды. Оның қабатында пастордың
да, тіпті судьяның өзінің де, бүкіл басшылықтың да сыбағасын беріп
үлгереді. Өзгелер былғаныш саздан басқаны байқамайтын жерден бүл коп
нəрсе көретін тəрізді. Өзін өзгелерден əрқашан биік санайды. Сыртынан
кімді болса да сыбап сынап, жекіп, ұрсып жүреді. Ол өзінің сөзін əрқашан
біреулерге қарғыс айтумен ұластырады. Əсіресе басқаларға қысым жасаған
қатыгездердің масқара қылығын, "тағылық іс-əрекетін" айыптап, ашу-ызаға
булығып, күйіп-піседі де жүреді. Ол өңінде не түсінде өзімен-өзі немесе
далада өзінше кетіп бара жатқан біреулермен сөйлессе де осы тақырыпқа
соқпай өтпейді. Итпен, қоймен, тіпті əнші құстармен сөйлессе де'осы. Ол
"қатыгез тағылық іс-əрекеттерге" қарсы мəңгілік əрі өліспей беріспейтін
наразылық күрес жағдайында жүретін. Сондықтан да оның көзқарасынан
адамның түсіне кіретін, бірақ қанша жақындап қалса да анықтап көруге
болмайтын, қандай тұқымдас топқа жататыны белгісіз құбыжық жыртқыш
аңдарға ғана тəн əлдебір ызалы өжет, шамшыл мінез танылатын. Қарт əже
бүкірейген иығын Фридаға қарай беріп, теріс айналды да, иен даланың
ғасырлар бойы үнсіз жатқан меңіреу мінезіне басып, өзінше терең ойға
шомғандай болды. Финна ешқандай мəн-мағынасы жоқ қысқа буынды
бірер сөзді анда-санда ғана қыстыра қояды. Хельги бұл əңгімелерді
көздерін сығырайта түсіп, мəз болып мазақ еткен күлкімен тыңдайтын.
Кейде кешке қарай кемпірдің белдемше көйлегін тығып қоятын немесе жеп
отырған ботқасына байқатпай тас тастап жіберетін. Ал Бьяртур: "Көресіні
осы кемпірден-ақ көретін болдым-ау!" дегендей, "қарғыс атқан жалмауыз
кемпірдің" бірде-бір сұрағына жауап қатпай, жеркенішті көзқараспен бір
қарап, өте шығатын. Гвендур болса, əкесінің басқа да қылықтарын
айнытпай қайталайтыны сияқты, бұл мінезіне де қатты еліктейтін. Бірақ
кішкентай Нонни көздерін бадырайта түсіп, кемпірдің сандырақ сөздерін
құмарта тыңдап, олардың басын қосып біріктіре алмай, əуре-сарсаңмен
отыратын. Ол барған сайын кемпірге жақындай түсіп, оның тілінің қалайқалай бұралаңдайтынын жəне екі ернінің қалай-қалай жыбырлайтынын
жақсылап тұрып көруге тырысатын. Сондай-ақ оның аузынан атқылап
шығып жататын тасқынды сөздердің саны мен əсерлі күш-қуатын
тамашалаудан да жалықпайтын. Мұндайда кемпір де онымен ересек
адаммен сөйлескендей, сөз таңдап жатпай, аузына келгенін айтып, кезкелген тақырыпта сандырақтап, əңгіме соға беретін.
***
"Бір күні қыстың қаһарлы қатты бораны соғып тұрғанда, корольдің
əйелі сарайдың терезесі алдында іс тоқып отыр еді..." Пішен жинар
алдындағы түні Ауста Соуллилья сыртқы есіктің табалдырығы жанындағы
тас үстінде шамның жарығымен оқыған кітап осылай басталатын. Оны
түннің жарымы ауа бере оқып болып, қайтадан тағы бір рет оқуға кіріскен
еді. Екінші рет оқып шыққанда тан да атып қалды. Ол иен даланың үсті
арқылы шығысқа қарай ұзақ көз тікті. Əлгі ертедегі оқиғалардың бəрін көз
алдына елестетті. Қар аруына бір аспаз кезігіп, оның соңынан жеті таудан
асқанша, оны қиындықтан құтқарғанша жүріп отырады. Сонымен Қар аруы
ергежейлілер арасына барып пана табады. Бірақ оның басына алуан түрлі
қауіп-қатер қайта-қайта тонумен болады. Ақырында өліп қалған аруға
керемет сұлу бір ханзада тап болады. Ол Қар аруын шыны табытқа салып,
өз корольдігіне алып кетеді. Аустаның кішкентай Қар аруына жаңы ашып,
оның барлық қуанышы мен қайғысына ортақтасқаны сонша, көзіне талай
рет жас іркіліп, кеудесі өксікке толды. Бірақ мұның бəрі де қайғы-қасіреттің
удай ащы əрі ауыр өкініш сезімінен емес, қайта ізгі жақсылық пен сұлулық
жолында жан аямай, мерт болуға дейін алып баратын жан дүниесіне бұл
ертегінің мейлінше жақын əрі түсінікті болғанынан еді. Мөлт-мөлт тамған
көз жасының арасынан əлгі керемет сұлу тірі ханзаданы, ал шыны
табыттың ішінде жатқан өз бейнесін де анық көргендей болды. Корольдің
қызметшілері табытты көтеріп келе жатып сүрініп кеткенде Қар аруының
жұтқыншағына тіреле тұрып қалған алманың бір түйірі ытқып шығады.
Енді ол орнынан көтеріліп, ханзадаға қарады. Екеуі бір-бірімен құшақтаса
сəлемдесті. Бейне бір баяғыдан бері таныс жандар сияқты. Қар аруы
басынан кешірген қыруар қайғы-қасіреттен кейін корольдің келіншегі
болды. Ауста адам тағдырын барынша шыншылдықпен, ізгілікке деген
жанашырлықпен жəне орасан зор сүйіспеншілікпен көрсете білетін
поэзияның ғажайып құдірет-күшін өз өмірінде бірінші рет сезінді.
Мұндайда адамдардың өздері де жақсара түсіп, өмірді неғұрлым тереңірек
түсінеді екен. Сондықтан да біз ор адамның өмірінде ізгілік пен
жақсылықтың əйтеуір бір жеңіп шығатынына сенеміз, үміт артамыз.
Бьяртур қызметші кемпір жалдағанымен өзінің жеке дара шаруаға төн
əдеттерінен арыла алған жоқ. Бұрынғысынша тынымсыз жұмыс істей
берді. Қашаннан қалыптасқан əдеті бойынша түн жарымынан тұрады, оған
іле-шала аш қарын жүріп, жұмыс істейді. Ал балалардың кофе қайнағанша
ұйықтай тұруына рұқсат етіледі. Кемпір пештің жанында қыбыр-қыбыр
əуреленеді. Немерелерін ұйқысынан ояту оған жаздың күнінде де, қыстың
күнінде де оңайға түспейтін. "Осындай да балалар болады екен-ау! Бұрынсоңды көрсем, көзім шықсын" дейді. Оның дауыс көтере шырылдағанын
балалар естімейді. Естісе де елең қылмайды. Сондықтан оларды төсектен
күшпен жұлып тұрғызбақ болады. Бірақ бұл əрекетінен де түк шықпайды балалар резинадай созылып жата береді. Бейшараның əлсіз қолдары
оларды одан əрі сілкілеп-жұлқылауға жарамай қалған кезде балалар
бұрынғысынан бетер қатты ұйқыға кетеді. Көздеріне қорғасын құйып
қойғандай - тіпті ашылмайды. Ақырында əйтеуір бір төсегінен тұрып,
киіне бастағанымен көздері қайта жұмылып, бойларын ұстай алмаған
адамдай теңселе түседі де, бастарын жастыққа қойып, тағы да жантаяды.
Ондайда амалы таусылған кемпір олардың жақтарынан су шүберекпен
салып-салып қалады - тезірек ұйқысынан оянып, көздерін ашсын
дегендегісі. Əжесі оларға əр таң атқан сайын: "Сендер ешқашан оңған адам
бола алмайтын шығарсыңдар түге!"- деп, күңкілдеп ұрсумен болады.
Балалар үйтіп-бүйтіп тұрғаннан кейін де жүйке жұқартып бітеді: еш
нəрсе ішуге де тəбетіміз жоқ, құсқымыз келіп тұр деп күйдіреді. Олардың
тəбеті даладағы жұмыс қызып, едəуір уақыт өткеннен кейін ғана ашылады.
Дəмді тағамдарды көргендей-ақ тамсана түседі. Содан соң балалар жұмыс
басындағыларға арнап кофе құйылған құтыны көтеріп, топалаң тиген
қойлар сияқты аяқтарын зорға басып, шалшықты балшық жаққа қарай баяу
ілбіп бара жатады. Аяқтарының жүруге икемі келмейді, тізелері шаншып
ауырады, бүкіл денесі ауыр тартып, дем алуды аңсайды. Шіркін-ай, ана бір
екі төмпешіктің арасына сүрініп құлай кетер ме еді! Сүрінуге ешкім тыйым
салмайды ғой əйтеуір. Үстіміз былғанады деп қорқудың да қажеті жоқ. Қас
қағым сəттен кейін-ақ орнымыздан тұруға əрекет жасап бағамыз ғой.
Соның өзінде тəтті ұйқының рақатын тағы бір сезініп үлгереміз! Кейде
балалардың қиналатыны сонша, тіпті маңдайларынан суық тер сүмектейді.
Шалшықты балшықты кешіп келе жатып, белдерін бүге еңкейіп тұрып,
құсып та алады. Терлері қатып қалғанын сонда барып сезеді. Əлгі ішкен
кофесін қайта құсқанда ол бұрынғысындай тəтті емес, ашқылтым дəмі бар
бірдеңе болып кері шығады. Содан кейін ауыздарына удай ащы сұйық бір
нəрсе толады. Таңертеңгі кезде балалардың тісі жиі-жиі ауырады. Кейде
күні бойы қинайды. Ондайда балалардың аузында əлдебір жағымсыз дом
пайда болады. Демінен мүңкіген қолайсыз иіс шығады.
Ересек екі балаға бір-бір шалғы орақ берілді. Ал кішкентай Нонни
əйелдердің орған шөбін жинауға жəрдемдесті. Өйткені əйелдер шалғышы
ерлерден қалып қоймауы тиіс. Балалар əp күні он алты сағаттан жұмыс
істейді. Ара-арасында тамақ ішу үшін екі рет, кофе ішу үшін бір рет үзіліс
жасалады. Түстен кейін ашық аспан астында жатып азын-аулақ көз
шырымын алуға рұқсат етіледі. Күн шұғыласы төгіліп тұратын ашық
күндері шамадан тыс ауыр еңбектің өзі де ұмыт болып, адамдар болашақты
ойлап, тəтті қиялға беріледі, алдан күтетін армандарынан алданыш
тапқандай болады, неғұрлым еркін бостандықта, мүлде басқа бақытты
өмірге кенелетіндей сезінеді. Бақытты өмір туралы мұндай мəңгілік арманқиял адамзаттың таңы атып келе жатқан сонау ежелгі заманда да
құлдардың алдамшы жұбанышына айналғанын ешкім ескере бермейді.
Ондай шуақты сəттерде аспандағы Күннің өзі де сенің жағыңда сияқты
көрінеді. Бірақ, өкінішке орай, биылғы жазда ондай шуақты ашық күндер
аз болып тұр, яғни балалар шалғы орақтарын ырғақты серпінмен сілтей
жүріп, қайдағы бір алыстағы бақытты ел туралы қиялға берілетін сəттер
сирек кездеседі. Өйткені жаз жаңбырлы болды. Ал шалшықты балшықтағы
көгалды кешіп жүріп шөп орғаныңмен тұрмай, жаңбыр өтіп, үсті-басың
малмандай болған кезіңде қазіргідей нақты шындықтан шалғай қайдағы бір
тəтті қиялға берілуге де мұршаң қалмайды. Балалардың мереке күндері
киетін оңды киімдерінің жоқ екені сияқты жаңбырдан қорғайтын киімдері
де жоқ. Бар киімі - шұрқ тесік фуфайка, кенеп көйлек немесе іріп тұрған
шыт көйлек. Қазіргідей қиын-қыстау кезеңде жүнді, жүн матаны ең қажетті
деген мақсатқа болмаса, кез келген нəрсеге рəсуа етіп жұмсай берудің реті
жоқ. Бьяртурдың өзінде ғана жалғыз былғары кеудеше бар. Оны тек
салтанатты жағдайларда, мысалы, қойшылардың жиналысына немесе
күздігүні қалаға барған кезінде киеді. Жазғы мекендегі үйде киім деп атауға
тұрарлық нəрсе сол ғана. Бьяртур оны жұмысқа ешқашан киген емес.
Өйткені ол былғары кеудеше - мұның ешкімге тəуелсіз дербестігінің
символы ғана. Кейде жаңбыр таңертеңнен бастап құйып кетсе жəне оның
жуық арада басыла қоюына үміт жоқ болса, онда Бьяртур өзінің былғары
кеудешесін қызына ұсынатын Ауста кеудешені киіп алып, əкесіне көзінің
астымен бір қарап қойып, басын көтермейтін. Бар болғаны сол. Ал Фрида
кемпірдің, мейлі ол шіркеу қауымының қамқорлығында болса да, жуан
жіптен тоқылған көнетоз жүн кеудешесі бар. Сондай-ақ оның дөрекі кендір
белдемшесі де болатын. Сөйтіп биылғы жаздың үздіксіз дерлік жауған
жаңбыры үш кішкентай қорғансыз қызметкердің жəне қыс бойы төрт ай
төсек тартып жатқан əйелдің үсті-басын малмандай су етумен болды.
Олардың ескі-құсқы киімдерінің əр талшығына дейін су өтіп кетті,
орамалдары мен тоқыма қалпақтары умаждалып, мыж-мыж болған бір
нəрселерге айналды. Шаштарынан да су өтіп, мойындары мен бетіжүздеріне сорғалап ақты. Бас киімдерінің бояуы езілген су арқылы
кеуделеріне құйылды, үсті-бастарын ағал-жағал етті. Осылайша ол
бейшаралар шалшықты балшықтағы көгалды əрі балдырлы суды кешіп
бірнеше сағат бойы тұрып қалып жүрді. Ондай кезде толассыз жауған
жаңбырды көріп, біріне-бірі: "Немене, Құдайдың шелегінің түбі түсіп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 22
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.