Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 18

Total number of words is 4257
Total number of unique words is 2274
34.9 of words are in the 2000 most common words
49.3 of words are in the 5000 most common words
56.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Сиыр көп ұзамай-ақ Жазғы мекеннің Бьяртурдан өзге тұрғындарының
бəріне қатты ұнады. Олар өзара достасып кеткендей болды. Бьяртур
бұрынғысынша иті мен көтерем кəрі аты Блесиді ғана жақсы көрді. Кемпір
байғұс жоғарыға бір шелек сүт көтеріп шыққан. Сөйтіп балаларының аузы
бір-бір кесе сүйікті жылы сүтке жарып қалған. Ал Финна - олардың шешесі
- бір тостаған сүт ішіп, мейірін қандырған кеш ұмытылмастай мерекеге
айналды. Мына ұшы-қиыры жоқ йен даладағы аңғарда! жаңа заман
басталған сияқты көрінді. Бəрі де жайнап сала берді. Сырттағы қар басып
жатқан шетсіз-шексіз далада қысылып-қымтырылған тіршілік дүниесіне
бейне бір көрікті көктем қайта келгендей болды. Тіпті ағалы-інілі ересек
екі баланың арасындағы таусылмайтын айтыс-тартыс та тоқтады. Олардың
бірін-бірі былапыт балағат сөздермен сыбауы да, "Мен сенің көресіңді
көрсетемін əлі!" деген өзара қоқан-лоққысы да естілмейтін болды.
Ауста өзінің кеудешесін тоқып бола салысымен тоқыма бізіне жаңадан
жіп ілгегін орап, іш көйлек тоқуға құлшына кірісті - ол бұл іске күні бұрын
алдын ала үлкен əзірлікпен жəне үлкен сеніммен кірісу талап етілетін
сияқты сезінді. Ал оның əжесінің есіне қайдағы бір əдемі əрі түсінікті
оқылатын псалом-дұғалар түсті. Оларда бейтаныс латын сөздері сирек
кездеседі екен. Кемпірдің айтқан ертегілерінде кездесетін сиқырлы зұлым
күш иелері де бұрынғысына қарағанда əлдеқайда қайырымды бола түскен
сияқты. Ол кенет бұрын оңтүстік жақта болған бір сиқырлы күштің елесін
көз алдына келтіре қойды. Ол елес, егер өзіне күнделікті тамағын беріп
тұрса, осы үйдің отбасы мүшелері сияқты мүлде жайбарақат, тыныш өмір
сүре беретін сияқты көрінеді. Қар астында қатып-семіп қалған адамдар да
бұрынғыдай үрей туғыза қойған жоқ. Тіпті мынадай оқиғалар да болыпты түпсіз терең құзға құлап мертіккен адамдар үш тəуліктен кейін аман
құтқарылыпты. Екі аяғы бірдей сынып, мүсəпір мүгедек болып қалғанына
қарамай, адам айтса сенгісіз ұзақ ғұмыр кешіпті. Ең кереметі сол - арада
апта өтпей жатып-ақ көптен сырқат Финна кереуетінен тұрып, біреудің
сүйемелдеуімен бөлме ішінде бірнеше қадам жасай алатын болды. Ол сөзге
араласа бастады. Үйдегі отынның жағдайы қандай екенін сұрасатын халге
келді. Бұл - былтырғысына қарағанда кеудесін үш апта бұрын көтерді деген
сөз. Ол өзіне шұлық сұрады. Ол шұрқ тесік екен. Финна өзінің тоқыма бізін
тауып алып, төсегінің үстінде отырған бойы шұлықтың сетінеген жерлерін
бүтіндеп тоқуға кірісті. Енді бір күні ол ұйқысынан ерте тұрып, епті
қолымен пешке от жақты. Бүл таңда бөлме ішінің түтіні əлдеқайда аз
болды - шөпшек отын шапшаң тұтанып, кофе де тез қайнады. Келесі күні
Бьяртур əйелінің сиыр қорада жүргенін көрді: Финна сиырға шөп салып,
оны əукесінен сипап, əлдебір нəрселерді айтып, əңгімелесіп тұр екен.
- "Мен бұл сайтан алғыр жануарға мұншалықты ерте шөп салу керек
екенін білген жоқ едім!" деді де қойларын азықтандыруға бұрылып жүре
берді.
Міне содан бастап оның əйелі күн сайын ерте тұрып, сиырға шөп
салатын, оны уақытымен сауатын болды. Сиыр қораның едені құрғақ əрі
таза болуына қамқорлық жасады. Мұндай күтімге сиыр да риза еді. Финна
оны сүйсіне отырып, қақтап сауып алып жүрді. Сауған сайын алғысын
білдіре оған бір нəрселерді шын ықыласымен айтатынды шығарды. Финна
өз бойында туа біткен сезімді басшылыққа алып, халықтың ежелгі
тəжірибесіне қарсы шықты - ол сиыр қораның есігін оқтын-оқтын ашып,
оның ауасын тазартып отырды, тіпті үйдің төбесінен күннің жарығы
түсетін тесікті біржола бітеп тұрған ойма шымды алып тастады. Кəрі Блеси
өзінің мұндай көңілсіз сиырмен катар тұратын көрші болғанына ренжулі
сияқты - бір түрлі жүйкесі жұқарып, төзімсіз бола түсті. "Қартайған
шағымда құдай маған мұндай көршіні қайдан душар қылды?" деп
тұрғандай. Бұған қарағанда "Гудмундур қошқары" мен оның бақталас
серігінің қылығын "тамашалау" да жетіп артылатын еді ғой - олар ортадағы
қашаның арғы жағында бір-бірімен түнімен тепсініп, сарт та сүрт сүзісіп
шығады. Олардың қылығын өлердей жек көретін Блеси сан сағаттар бойы
тікесінен тік тұрып шыдайтын. Анда-санда құлағын қайшылап қойып,
ортадағы қашаның қоршауынан мойнын асыра беріп, сиырдың алдындағы
ақырдан Редсмириден келген шөптің бір уысын қарпып қалудың сəтін
аңдып тұратын. Ал түнде ұйықтамай тұратын кезінде сиырды тістеп алудан
да тайынбайтын. Сондықтан да Финна қашаның қоршауына тағы бір ағаш
қосып, шекараны қауіпсіз етті.
- Мұның бізге жасаған жақсылығы көп-ақ, - деді əйел, мына сиырға
деген зор сүйіспеншілігі мен ризалығын білдіре.
- Бəлкім, сен күзде осы сиырға арнап шөп оратын батыраққа өзің ақы
төлейтін шығарсың деп үміттенемін, - деді Бьяртур, кекете сөйлеп. Қарғыс атқан осы сиыр үшін қысқа шөп қалдырамын деп бір қойымды
союға тура келер еді. Бірақ мен ешқашан олай етпеймін!
- Біздің Букодланың қамын бір Құдайдың өзі жей көрсін, - деді Финна
оның сөзіне жауап ретінде. Ол көзіне жас ала жүріп, сиырды
бұрынғысынан бетер мейірлене сипаумен болды. Бүл əйелдің Құдай туралы
өзінше түсінігі бар еді. Оны Шығыс елдерінің кейбір халықтары сияқты
сиырмен тікелей байланыстыратын. Ал ол елдерде Құдай дегеніміз сиыр
деген ұғыммен пара-пар. Сондықтан да оны қасиетті, киелі жануар деп
құрмет тұтады.
Бүл жылы көктем бірден шығып, қар тез еріп кетті. Бьяртур қойларын
шалшықты балшыққа айдап салды. Онда олардың аузы көкке тезірек тиеді:
көктемгі тамаша шоп -қияқтың жас өскіні оны жеген жəне асқазаны қорыта
алған қойларды ауруынан құлан таза айықтырып жібереді. Ал биыл қойдың
қоңы əдеттегіден əлдеқайда жақсы - тіпті бұдан да жұмсақ жайлы қыстан
кейін де олар дəл қазіргідей мықты болып көрген емес. Шалшықты
балшықты кешуге зорға дегенде мұршасы келетіні, жүні ұйысқан, кірқожалақ, сорайған арық мойындарын созып, баяу қимылдаған көтерем
қойлардың жасаураған көздерін көрудің өзі соншалықты аянышты
болатын.
Бьяртур қойды өзі бағып жүрді. Олар батпаққа батып қалса, сүйеп
шығару керек деп сақтық жасады. Бірақ биылғы көктемде тек кейбір
қойларды ғана екі тізесіне дейін батпаққа батқан жерінен шығарып алуға
тура келді.
Жылғалар мен жыралардағы қарға дейін түгел еріп бітті. Күннің көзі
оңған шүберектей түсі қашқан құрғақ шөптер мен тасқын суының деңгейі
көтерілген өзендерді шұғыласына бөледі. Оңтүстік жақтан йен даланың
алғашқы достары - жыл құстары келе бастады. Əне, жылы желдің өтінде
отырған ала мойын торғайдың баяу сайраған көктемгі əні естіледі. Езіле
еріген балшықтан көк қияқтың жас иісі мен шіріген шөптің ескі иісі аралас
сезіледі. Тыным таппай сайрайтын балшықшы құс қойларды қораға дейін
шығарып салады: шамасы, əлдебір қызықты да күлкілі оқиға туралы түгел
айтып сайрағысы келетіндіктен "хи-хи-хи-хи!" деп шырыл қаққанын
қоймайды.
Кішкентай Нонни өзінің сүйікті ойыншықтарын - қой асықтары мен
сүйектерін - таудың етегіндегі қия беткейге алып шықты. Кішкентай
өзеннің тасып, суы жайылғаны сонша, тіпті үлкен теңізге ұқсап кетті. Бала
қиялындағы қиян дүние осы теңіздің арғы жағынан басталатын шығар деп
ойлап қалуға да болады. Бірақ таудағы қар түгел еріп біткен кезде өзен
қайтадан кішірейіп, баяғы қалпына қайта келеді. Бəлкім, оның да сары
уайымға салынып, мұңға бөленгені болар? Тіпті де олай емес. Мөп-мөлдір
əрі көңілді қалпында табанымыздағы тап-таза құм мен ұсақ тастардың
үстімен, сарғыш тартқан өсімдік басып жатқан жағалаудың екі арасындағы
арнамен сылдыр қағып, жөңкіле ағады. Ол мыңдаған жылдар бойы тап
осындай көңілді ағысынан танған емес: əp көктем сайын оз тілінде əлдебір
қысқа сагалар айтып, азын-аулақ əуенге де басады.
Жағасында отырған бала мыңдаған жылдардың үніне құлақ түреді. Бала
мен өзен мəңгілік айырылмас екі дос іспетті. Олардың төбесінен шетсіз де
шексіз бұлтсыз көк аспан сүйсіне қарайды.
Иə солай!
ОТЫЗЫНШЫ ТАРАУ
ЗАМАННЫҢ ШЫНЖЫР БАЛАҚ,
ШҰБАР ТӨС МЫҚТЫЛАРЫ
Староста қаладан үйіне қайтып келе жатты. Ол өткен жолғысындағы
сияқты тағы да бір өзі емес, соншалықты маңызды адамға тəн жаңа
серіктері де бар. Олар өзінің екі перзенті -оңтүстіктен енді ғана оралған
өкілетті уəкіл Ингольв Арнарсон мен осы заманғы білім бұлағынан
сусындап келе жатқан жиырма жасар жас сұлу Одур еді. Малды өріске
айдап салып, қораның көңін тазартып жатқандар оларды көрген бойда
жұмыстарын тоқтатып, күректеріне сүйеніп, өздері бұрын көрмеген
көрініске таңдана қарап қалысты. Бьяртур жаңа ғана қоздаған саулықтар
мен өлі əлжуаз қозыларды қоя салып, қонақтарды қарсы алу үшін олардың
алдынан шықты. Қыз ат үстінде қозғалмай отыра берді. Мына лайға
малынып, былғануға асықпағысы келеді. Ал староста ықылассыз болса да
лажсыз атынан түсті, оған іле-шала аяғында қорқынышты саптама етігі бар
лауазымды өкіл де солай істеді. Староста өзінің əдеттегі дағдысы бойынша
екі саусағын ғана ұсынып сəлемдесті. Үй иелерімен Ингольв мүлде
басқаша амандасты. Ол өкімет билігінің басында отырғандармен араласқұраласы бар, былайша айтқанда мүмкіндігі мол адам ретінде қарапайым
адамдарды жатырқай қойған жоқ, Жазғы мекен иесі Бьяртурмен оның
қолын қысып, амандасуға арланбады. Қайта оны иығынан қағып-қағып
қойды. Тіпті құшақтасып амандасуға сол-ақ қалды. Шамасы, бүл
шешесінен жұққан əдеті болу керек. Қазір ол жаңа ғана агроном болып
келген, əлі ұшқалақ, бөтен біреудің жерінде ешқандай кінəсіз құстарға
үстін-үстін оқ атып, мəз-мейрам болып жүрген немесе Жастар одағының
мүшелерімен бірге салт атпен салтанат құрып, отансүйгіштік əндерді
шырқата салып жүрген баяғы желөкпе жас емес. Жоқ, ол бұл жылдар
ішінде əлдеқайда байсалды болыпты. Көрген жанды өзіне бірден тартып
əкете алатын тұлғалы азамат. Кəдімгі көп жиналыстарда шешендерге тон
салмақты да дəлелді сөйлеудің əртүрлі əдістерін үйреніпті. Қолын сермеп,
көкірегін алға беріп, басын кейін қарай шалқайта тастап, барынша
мəнерлеп сөйлеуге тырысады. Жазғы мекеннің иесі Бьяртур Ауста
Соуллильяға бұрын қалай көрінсе, қазір де сол қалпында. Ол қандай
маңызды тұлғаларға болсын құрдай жорғалап, құрмет көрсетіп, жағыну
дегенді білмейді. Тіпті олардың əдетте қарапайым бұқара халықпен қалай
болса солай тіл табыса кететіндеріне де иліге қоймайды. Онымен қатар
қойып салыстырғанда маңғазсынған мына мырзалар қайдағы бір ақылға
қонбайтын - алты саусақты, үш көзді құбыжық біреулер сияқты.
- Менің мына бикештің аттан түсуіне көмектесуіме болар ма екен? Ат
үстінде аяғы сіресіп қалатын болды ғой, - деді Бьяртур сыпайы ғана. Бірақ
жас қыз аттың үстінен есіктің жанындағы тасқа ешкімнің көмегінсіз-ақ
секіріп түсті. Оның атқа мінгенде киетін балағы тар, денемен дене болып
тұратын тар шалбары, жарқыраған жаңа етігі бар еді. Қыз таудың оңтүстік
күнгей бетінде желден таса өсіп тұрған əрі мықты, əрі күшті солқылдақ тал
шыбық сияқты көрінеді. Оның салт атпен аз сапар шекпегені көпті көріп,
көпті білгені бірдей байқалады. Сəнді киініп, гүлдей жайнаған ол үйдің тас
табалдырығының үстіндегі тар есіктің жанында тұрды. Бұл үйді салу үшін
Гудбьяртур Йоунссон өзінің, өлгені бар, тірі қалғаны бар, балаларымен
бірге он екі жыл бойы қарызын өтеп келген, оған дейін он сегіз жыл бойы
жатпай-тұрмай зорыға еңбек еткен болатын. Ал Одур бикеш шайқала өсіп
тұрған гүлдердің арасындағы еңселі сарай үйде тұрады, оған тас төселген,
тап-таза жолдар арқылы жетуге болады.
- Рахмет, - деді қыз. - Біздің асыққанымыз жөн болар. Мен үйімді қатты
сағындым, тезірек жеткім келеді.
Алайда староста ұлымен екеуі үйдің ішіне кіріп шыққанды қалады. Үй
иесімен ақылдасатын маңызды мəселе бар көрінеді. Өкінішке орай, қашан
болса да алдыңнан əлдебір жұмыстар шыға келетінін қайтерсің! Олар
есіктің алдындағы көлкіген судан аман өтіп, жоғары көтерілген соң Одур
əлгі екеуінің кереуеттің үстіне отыруына қолынан келгенінше кедергі жасап
бақты - биті жұғар деп қорықты. Бірақ староста ешнəрсені елең қылып,
жеркенген жоқ. Бит деген де сөз болып па - талай көрген үйреншікті
нəрсесі. Ол бұрын өзі келген сайынғы əдетімен жалп етіп отыра кететін
кереуеттің үстіне емін-еркін жантая жатты. Ингольв Арнарсон сандықтың
үстіне барып отырды. Ол басын шалқалата бөлме ішін шолып шықты.
Жүзінен күн шұғыласы төгіліп тұрғандай болғанымен күлкісі шешесіне
тартқан екен - тым суық. Жас бикеш үстелдің үстіне отырды. Старостаның
өзімен-өзі болып, терең ойға шомғаны сонша, өзіне қойдың жағдайы мен
ауа райы туралы қойылған сұрақтарды естіген жоқ. Ақырын қозғала түсіп,
қойнынан əмиянын шығарды -ақшаға тиер-тиместе саусақтары дір-дір етті.
Бірақ жүзінен қайдағы бір қастерлі құрмет белгісі байқалады, онысын бар
ынта-шынтымен беріле байсалды түрде жасағандай болып көрінеді. Белгілі
бір жауапкершілікті сезінетін сияқты. Ол əмиянын ашып қарады да басын
ақырын ғана кейін шалқайтты, темекі жапырағының аузындағы сілекей
сөлін төгіп алмас үшін төменгі ернін жымқыра түсті.
- Сенің маған сиыр үшін өткен қыста беріп жіберген ақшаңды өзіңе
қайтарып берсем деген ой мені көптен бері мазалап жүр еді. Сиырдың
ақшасын басқа біреулер төлеп қойған болатын.
- Қоя тұр, қоя тұр. "Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан
құйрық?" Жазғы мекен иесі Бьяртурға мұндай сыйлық жасап жүрген кімдер
сонша? "Басқа біреулер төлеп қойған болатын" деген не соз тағы да? Менің
борышымды өтей салыңдаршы деп мен ешкімге де қолқа салған емес едім
ғой! Менің қарызымды өтемек болып сандырақтағандардың бəрін де
сайтан алсын шетінен!
- Бұл борышың қалай десең де өтеліп қойды.
- Мен ондай садақа сыйлықты көктен де, жерден де күткен емеспін.
Қабыл алмаймын. Тіпті Құтқарушының өзі жіберсе де қабыл алмаймын!
Менің қарызымды басқа біреулердің өтеуге ешқандай құқығы жоқ. Мен
ондай "қамқорлық" жасаушыға тыйым саламын!
- Қайдағы Құтқарушыны айтып кеттің!? Саған қол ұшын созып, көмек
көрсетіп отырған - Əйелдер одағы! - деді староста.
- Енді жетпей тұрған сол болғаны ғой! - деп тез жауап қатқан Бьяртур
əлгі Əйелдер одағын жерден алып, жерге салып əбден балағаттады. Өзімен-өзі болып, жайына жүрген адал жандарды өздеріне ұдайы қарыздар
əрі қара табан құл етіп алмақ қой. Жəрдем көрсеттік деп жер-көкке жая
мақтанбақшы десеңші одан да! Мен бұл сиырды əйтеуір бір күні бауыздап
тастаймын да етінің борша-боршасын шығара қиқалаймын. Бұған күмəнің
болмасын! Бұл сұмырай сиыр менің балаларымның үйреншікті тамағына
деген тəбетін жойды. Қазір олардың жүдеп-жадап, тыриып қалғаны сонша,
тіпті бір-бірімен төбелесуіне де шамалары жоқ. Ол ол ма, əйелдер де
қыңырланып, шəлкес мінез шығара бастады. Бір сөзбен айтқанда, бүл сиыр
бізге сор болды - ұрыс-керісті күшейте түсті.
- Жұрттың айтуына қарағанда, сенің балаларың да, əйелің де осы
көктемнен бері əлденіп, тəуір бола бастаған көрінеді ғой.
Алайда Бьяртурды бұл ескертпе де жуасыта алмады. Ол өзіне жаны
ашып қамқорлық жасағысы келетіндердің бəріне де əрқашан бір түрлі
күдікпен қарайтын.
- Сенің де, Əйелдер одағының да менде, менің əйелімде еш
жұмыстарың болмасын! Балаларыма да жандарың ашымай-ақ қойсын түге!
Мен əзірге саған да, Əйелдер одағына да бір эйрир де қарыз емеспін. Мұны
мықтап естеріңде сақтаңдар! Менің отбасымның ішкі істерінде сенің де,
Əйелдер одағының да шаруасы болмасын! Əйел де, балалар да, өлі-тірісі
бəрі бірдей, менікі. Олар жүдеп-жадап, ауруынан айығып, қутаң қағып кете
ме -бұл тек менің ғана жұмысым! Мен кішкентай шоқы аспанмен таласқан
биік төбеге, шағын шұңқыр түпсіз терең тамұққа айналғанша өзімнің
адамгершілік ар-ожданым мен құқығымнан, өзімнің ешкімге тəуелді емес
дербестігімнен өлсем де айырылмаймын!
Староста мұның екілене соққан екпінді борандай батыл байламына не
деп жауап қатудың ретін іздей қоймады. Соншалықты немкеттілікпен
жадыраңқы жайнаған жүзіне қарағанда əлгі сөздер оның жанына бата
қоймаған да секілді. Өйткені ол да ешкімге тəуелді жан емес, құлашын
кеңінен сермеуге дағдыланған адам. Ал, шындығына келгенде,
қайырымдылық, христиандық сезім атаулыға сенбейтіндігі жағынын
Бьяртурдан бір де кем түспейтін
Ол қолындағы бір уыс қағаз ақшаны масаттанған байсалдылықпен
əмиянына қайтадан салды. Сөйтті де бұл түкке тұрғысыз азын-аулақ ақша
өзінің иесіне қайтарылатынын айтты. "Мен сені бұл ақшаны алсаң да ал,
алмасаң да ал деп қыстамаймын" деді.
Сонымен, жалпы алғанда, христиандық өзара қайырымдылықтың үлгісі
болуға тиісті əрекет жөніндегі əңгіме тамам болды. Қазіргі заманның
шынжыр балақ, шұбар төс күштілерінің өз еркі өзіндегі ешкімге тəуелсіз
дербес шаруаны жақын тартқансып, оны бойға үйрету, өз айтқандарынан
шығармау жөнінде жасамақ болған ерекше ғажап əрекетінен ешқандай
нəтиже күтудің қажеті қалмаған сияқты да еді. Бірақ тіпті олай емес екен!
Лауазымды өкіл енді өзінің əшекейлі күміс шақшасынан өте ұсақ уатылған,
хош иісі бұрқыраған насыбай ұсынды. Сөйтті де осы бір ешкімге тəуелсіз
қарапайым адамның қасынан айналсоқтап шықпай қойды.
- Иə, иə, құрметті қартым, - деді Ингольв. - Сені ырыққа көндіру оңай
емес екенін көріп тұрмын.
Екеуі де бір-бір шымшым насыбай иіскеді.
Содан кейін өкілетті уəкіл Жазғы мекен иесі Бьяртурдың мұны бір
шағын іс жөнінде күткен-күтпегенін сұрап білмек болды.
- Күтуін күткен жоқпын. Күтсем деген ойым да бола қойған жоқ.
- Бəлкім, сен мынадай жағдайды білетін де шығарсың? - деп бастады
сөзін өкілетті уəкіл. - Англия тоқымашыларының арасында қозғалыс пайда
болды. Ол өзі көпестер құрған кіріптарлық торына түскен мына сендер
сияқты шаруалар үшін өте пайдалы. Ондай қозғалыс Исландияда өткен
ғасырдың өзінде-ақ етек алған болатын: Тингей округындағы көпестердің
езгісінен қайыршыланған шаруалар ақырында өздерінің тұтыну
қоғамдарын құрған еді. Исландиядағы кооперация қозғалысы осылай
басталған Ал қазір ондай қоғамдар бүкіл елімізде жаппай канат жайып
келеді. Олар сауда-саттық жасау барысында шаруалар үшін əділет орнатуды
қамтамасыз етеді. Енді, міне, ондай тұтыну қоғамдары аса ірі сауда
кəсіпорындарына айналып, көпестерді сауда саласынан ығыстырып
шығуда. Ағылшын тоқымашыларынан үлгі алған Тингей округының кедей
шаруалары қазірдің өзінде Исландияның енді қалыптасып келе жатқан жас
қоғамы үшін тамаша үлгі көрсетіп отыр.
Біздің поселкедегілер Фьордтағы сауда-саттық сендерге, шаруаларға,
мүлде тиімсіз деп санайды. Өйткені сендердің өнімдеріңді ондағы көпестер
өздері белгілейтін өте арзан бағамен сатып алады да одан өздері жасаған
тауарларды өте қымбат, удай бағамен қайта сатады. Міне, мұның аты -
шаруаларды аяусыз қанау, ту-талақай етіп тонау. Олар осы тəсілмен жыл
сайын сендердің қыруар қаржыларыңды қысылып-қымтырылмай молынан
қымқырады.
Өкілетті өкіл жергілікті шаруалардың қалталарынан көпестер бір жыл
ішінде қағып əкететін ақша бұлардың өздеріне арнап өте жақсы бір үй,
тіпті орташа үй, ең болмады дегенде əр хутор сайын дұрыс жабдықталған
электр қондырғысын сатып алуларына толық жететінін есептеп шығарды
- Ондай электр қондырғысы сендерге ғана лайық шығар деген ой келеді,
- деді Бьяртур.
Ол ақшаларды Бруни сауда үйі оз қалтасына басып қалады. Дегенмен
оның қыруар бөлігі Тулиниус Иенсеннің жəне оның отбасы мүшелерінің
ұдайы Данияға барып тұруларына -көңіл көтеріп, серуен құрып қайтуына
немесе емделіп келуіне жұмсалады. Бірақ көпестердің балалары сіңірі
шыққан кедей, азап шеккен аянышты жандардан фирма сүліктей сорып
алатын мол қаржыны қаншалықты дарақылана төгіп-шашқанымен тауыса
алатын түгі жоқ.
- Кішкентай Инге, кезінде Данияға сен де барғыш едің ғой, - деп сөз
қыстырды Бьяртур. Бірақ оның бұл сөзіне көңіл бөлген Ингольв болған
жоқ. Сөзін одан əрі жалғастыра берді.
- Фирма меңгерушісінің Фьордта өзіне арнап нағыз салтанатты сарай
салып алғанын жұрттың бəрі біледі. Тіпті көрген жанды таң қалдыратын
тамаша зəулім мұнарасын қайтерсің! Фирманың ғимараттарын қайта салуға
сан мыңдаған крон жұмсалды.
- Иə, - деді Бьяртур, - ол кəрі қақпас өзіне мұнара тұрғызғысы келсе,
салып алмағанда қайтеді?
- Оның үстіне, дəрігер альтингте сол фирманың мүддесін қорғайды.
Қазынадан қыруар қаржыны осы фирманың айлақтар жəне оларға кіре
беріс жерде құрылыстар салуына бөлдірді. Бұл жерде мəселенің бүкіл мəні
мынада: дəрігер сол фирманың Фьордтағы балық кəсіпшілігінің ортақ иесі
болып табылады. Біз өзіміз қаншалықты құнарлы, бай өлкеде тұрсақ та өзге
округтардан коп артта қалып қойдық - қоғамдық даму сатысының төменгі
деңгейінде тұрмыз. Бірақ қазір жаңа заман туып келеді. Оңтүстік жақтағы
халыққа жаны ашитын бауырларымыз қатардағы қарапайым шаруалардың
қаншалықты қайыршыланып бара жатқандарын айқын көре білді.
Сондықтан да олар Тингей округының үлгісі бойынша шаруалардың көзін
əлгі қанды қол қарақшылардың қылмысты қылығына қарсы күреске шығу
үшін қол ұстаса күш қосу қажеттігіне кəміл жеткізуді қалайды. Өйткені
қанды қол қарақшылар жеке тұлғалардың да, мемлекеттің өзінің бар
байлығын да сыпырып-сиыра талан-тараж етіп, өз қалталарын толтыра
түсудің ғана қамын жейді. Ал сендер, кішкентай шашыранды хуторлардағы
соры қайнаған шаруалар, саусақтарыңды сорып, əрең-əрең күн көресіңдер.
Сендердің, керек десеңдер, жөні түзу киімдерің де жоқ. Ал азық-түліктің
тапшылығынан көктемге қарай нағыз ашаршылыққа душар боласыңдар.
Өліп-талып күш-жігер жұмсай жүріп жинаған бірнеше крондарыңнан өзге
ақшаны жылдар бойы көрмейсіңдер...
- Жазғы мекенде ақша дегенің əбден жеткілікті, - деп қарсы дау айтты
Бьяртур.
- ...Бəлкім, жылына бірнеше крон жинай алатын шығарсыңдар. Сен
мұны өзің де жақсы білесің ғой, қымбатты Бьяртур. Бүл - шырылдаған
шынайы шындық. Ішкеніміз -алдымызда, ішпегеніміз - артымызда, уайымқайғымыз жоқ, төрт құбыламыз түгел деуіңнің мүлде қисыны жоқ. Ең адал
жан саналатын сенің өзіңнен сұрайыншы, осының бəріне қалай қарайсың?
Халықтың тоналып, қайыршыланып бара жатқанына не дейсің???
- Ім... Шынымды айтсам, мен сендердің, шіріген байлардың, бірбірлеріңмен қырқыса тістесіп, шайнаса таласқандарыңды көргім де
келмейді. Бұл өзі жақсы нəрсе емес қой. Ал менің көпесте шаруам жоқ.
Оның ісіне араласпаймын: олай етіп нем бар, маған бəрібір. Одан
жамандық көрген жерім жоқ. Мен бір нəрсені жақсы білемін: биыл менің
қойларым қыстан аман шықты, Құдай алдында да, адам алдында да
қарызым жоқ, оз ақшам өзіме жетіп артылады, менің өзім де, отбасымның
мүшелері де денсаулығымыз нашар деп шағына алмаймыз. Бір сөзбен
айтқанда, редсмириліктерден кем тұрмаймыз. Олар да ажал тырнағынан
қашып құтыла алмайды. Біз де солаймыз. Ал, шындығына келетін болсақ,
менің балаларымның денсаулығы Фьордтағы көпестің балаларының
денсаулығынан əлдеқайда күшті. Сенің сөзіңе қарағанда, ол өзінің
балаларын емделуге жыл сайын теңіздің арғы жағына жіберетін көрінеді
ғой. Бізде мына иен даланы өзге ешқандай жерге ауыстырғысы келе қоятын
ешкім жоқ.
- Тым бөсіңкіреп кеттің, қымбатты Бьяртурым...
- Мен "қымбатты Бьяртур" емеспін. Менің аты-жөнім - Гудбьяртур
Иоунссон. Жазғы мекеннің ешкімге тəуелсіз шаруасымын.
- Жарайды, солай-ақ болсын, Гудбьяртур Иоунссон, - деді салқын
күлкімен өкілетті өкіл. Ал менің аты-жөнім Ингольв
Арнарсон. Менің атымнан байқалып тұрғанындай, осындағы алғашқы
ізашарлар ұрпағынанмын.
- Ол рас, сенде көп нəрсенің аз-аздап қоспасы бар, - деп келісе кетті
Бьяртур.
- Мен осы елдің байлығы тезірек игерілгенін қалаймын. Адамдар мұнда
суыққа тоңып, көп өмірін босқа өткізді. Мың жыл бойы өзін де, малын да
ашаршылықтан арылта алмай, қатты қиналды. Еліміздің байлығын сонда
да игере алмады. Мен саған мынаны айтайын: біздің елімізде екі партия
бар. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайтыны сияқты, олар бір-бірімен
тату-тəтті ынтымақта тұра алмайды - қашан бірін-бірі жеңгенше тынымсыз
күресе беретін болады. Олардың бір жағында - консерваторлар мен
реакционерлер. Шаруаларға күн көрсетпейтін де солар. Өйткені ол
партияның мүшелері - көпестер, теңізде жүзетін кемелердің иелері,
шенеуніктер, дəрігерлер. Ал екінші партияның шаруаларға көмектескісі
келеді. Олардың өндірген өнімдерін лайықты бағамен сатқанын қалайды.
Ал оларға сатылатын нəрселердің өзгелердің ғана баюына жол бермеуін
кездейді. Сондықтан да тұтыну қоғамдарын құру ауадай қажет. Содан кейін
біз шаруаларды арзан жұмыс қолымен қамтамасыз етпекпіз. Бұл мақсатқа
теңіз жағалауындағы қалалардан капитализмнің көзін жойғанда ғана қол
жетеді. Өйткені олардағы жүмысшылар деревняға қайта қоныс аударуға
мəжбүр болады. Ақырында шаруаларды ақшамен қамтамасыз ету қажет. Ол
үшін біз ауылшаруашылық банкін ашпақпыз. Мемлекет сол банк арқылы
шаруаларға өте төменгі өсім пайызымен несие бере алатын болады. Міне,
сонда олардың құрылыс салуына, электр қуатын хуторға жеткізуіне,
ауылшаруашылық машиналарын қанша мөлшерде аламын деп қаласа,
сонша мөлшерде сатып алатын болды. Міне, бұл - біздің бағдарламамыз,
Исландияның жаңа ізашарларының бағдарламасы. Сөйтіп исландиялық
шаруалардың өздерінің азат елінде азат азаматтар ретінде өмір сүре алатын
жаңа заманы жақындап келе жатыр. Біз исландиялық шаруаның қоғамнан
өзіне лайықты жоғары орын алуын, олардың сый-құрметіне бөленуін
қалаймыз. Халықтың бұл тобы осының бəріне де лайықты еңбек сіңірді.
Өйткені бұл топ қара түнек қаскөй күштерге қарсы күрес жүргізуде
Жаратушының өзіне көмек көрсетуге бейім тұруы тиіс.
- Иə, мұндай жырды тыңдай-тыңдай құлағым сарсыған, - деді Бьяртур,
желкесін қаси түсіп.
- Бірақ сен, аяулы досым, ақырында, мынаны түсінуің керек: саған ақша
табудың тиімді жолы мен тəсілі көрсетіліп отыр ғой.
Бірақ Бьяртурдың тап осыны түсінгісі жоқ еді. Бай шаруалар мен
олардың бай балалары мұның байып шыға келуіне көмектесетін болады
деген қағида миына мүлде қонбады, қонатын да емес. Бүл олардың өздері
үшін Əйелдер қоғамын жəне Тұтынушылар қоғамын құрамыз дегеніне
тіпті де қарсы емес. Мейлі, қанша қажет болса, сонша құра берсін.
- Бірақ менің байлардан көмек сұраған жерім жоқ еді ғой. Олардың
айтқанына көніп, айдауына жүруімді күтуге уақыттары жете қоймайтын
шығар. Бұған дейін əрқашан былай болып келді: одақ құрмай да, одақ
құрып та ақшаны көсіп алумен болдыңдар. Ал енді шығынға
белшелеріңнен баттыңдар. Мен бəрін де білемін Мені ондай одаққа кіруге
ешқашан қызықтыра алмайсыңдар - сендердің шығындарыңды бөліп
төлескім келмейді. Өткен отыз жылдан бері мен тек биыл ғана старостаға
берешек қарыздарымнан зорға дегенде құтылдым. Кім біледі, мен əлі,
бəлкім, жап-жақсы жаңа қора салып алармын. Қозылардың қорасы бөлек
болатын шығар. Өйткені менің малым жылдан-жылға азайып бара жатқан
жоқ, қайта көбейіп келеді. Отарымда жабағы жүні қырқылмаған жетпіс
саулығым бар, оған жиырма тоқтыны қос. Мұншалықты көбейген себебі мен бұған дейін ешқашан сиыр ұстап көрген жоқпын. Маған əлі де болса
уақыт беріңдер, мен сендердің Редсмиридегілеріңдегіден де көп сиыр
сатып алатын боламын. Ал өзіме арнап жаңадан тұрғын үй салып алу - жан
рақаты. Дегенмен əзірше ондай ешқандай да қажеттілік туа қалған жоқ.
Үйдің төбесін жабуға салынған арқалық мəткелер əлі мықты. Тек төбеден
аздап тамшы таматыны бар. Ал байлармен бірге көпестерге қарсы одаққа
кірудің беті аулақ. Көпестер менің олармен істес болған кезімнің бəрінде де
маған ешқандай жамандық жасаған жоқ. Жиырма жыл бойы тек адалдық
танытумен келеді...
- Бірақ соның бəрі де шіркеу қарамағындағы қайырымдылық
қауымының қамқорлығына алынып, тамақ асырауға көшумен тынушы еді
ғой. Соны қалай ұмыттың, досым-ау? - деп, оның сөзін бөлді Ингольв
Арнарсон.
Бьяртур орнынан ұшып тұрып, бір-бірімен байланысы жоқ, қисынсыз
əңгімені қызбалана айтып кетті. Ол - өз еркі өзіндегі азат исландиялық
азамат. "Бəрін де сайтан алсын түге, мен үшін бəрібір - сырдың суы
сирағымнан келмейді! ... Маған десе, тірідей кескілеп, қиқалап бөлшекбөлшек етіп тастасын. Утиредсмиридегі зират қақпасы алдында Гунверді
осылай өлтірген болатын. Бірақ ол сонда да бағынбай, бəрімізді қарғапсілеп кетті. Біз, қалай десеңдер де, соның қарғысына ұшырадық. Енді келіп
Əйелдер одағы немесе Тұтынушылар одағы дей ме-ау, қай-қайдағы бір
нəрселерді айтады. Жо-жоқ, мен, Бьяртур, басымды кесіп алсаңдар да
кірмеймін ондай одаққа!.."
- Қане, əкетай, Инги! Болсаңдаршы енді, жетті ғой əңгімелерің! Ертерек
үйге жетіп алайық. Уақытты босқа өткізіп отырғандарыңды шынымен-ақ
түсінбейсіңдер ме? Ендеше мен бір өзім кете беремін. Босқа сандырақтауды
ұнатсаңдар, онда қала беріңдер.
Мұны айтқан старостаның өз қызы еді. Оның төзімі таусылған болатын.
Ол əкесі мен ағасы сияқты бір айтқанынан қайтпайтын қиқар емес еді.
Бірақ қазіргі заманның шынжыр балақ, шұбар төс мықтылары бола тұра
осы бір қатардағы қарапайым шаруаны жалынғандай үгіттеп, соншалықты
күш-жігер жұмсауының, оны əлдебір апатты жағдайдан қайтсе де құтқарып
қалудың не үшін қажет екенін мүлде түсіне алмады. "Бұлардың несі кетті?
Ақымақтық жасаса, жасай берсін, оны зорлықпен дұрыс жолға саламыз
деп, бастарын сонша қатырғаны қалай?". Егер Одур бикеш осылай
асықтырмағанда олардың əлі қанша уақыт бойы отыра беретіні белгісіз еді.
- Мына қыздың аты - Ауста Соуллилья, - деді староста өзінің ұлына,
қарапайым шаруаның қора жанында тырмаға сүйеніп тұрған қызын нұсқап
көрсетіп. Қыз жол жүріп бара жатқандарға аңыра таң қалып, көз алмай
қарап түр еді. - Биыл он торт жасқа толады.
- Дұрыс-ақ, - деп қостай тіл қатты өкілетті өкіл Ол атының тізгінін
тартып тұрып қызға қадала қарады. - Қап, мен ұмытып барады екенмін ғой.
Амансың ба, Ауста?! Сен өзің бой жетіп, үлкен қыз болып қалыпсың ғой.
- Сен өзіңе орамал сатып алдың ба? - деп сұрады староста. - Есіңде ме,
өткен қыста мен саған ақша беріп кетіп едім ғой.
- Ол бақыр теңгені батпаққа түсіріп, жоғалтып алған, - деп
айқайлағандай болып жауап қатты тас табалдырық жанында тұрған
Бьяртур. - Əрине, əдейі жоғалтқан жоқ. Кездейсоқтық қой. Соны соз етудің
де қажеті жоқ. Ол мынадай ақша еді ғой, көрдің бе, қарашы бері...
- Сен, оңбаған неме, қиқарлығыңды қоймайсың-ау əйтеуір, - деп соз
қыстырды староста.
- Қане, қозғалсаңдаршы тезірек! - деп айқай салды старостаның қызы
шалшықты балшық жақтан. Үйге жетіп алуымыз керек қой!..
- Иə, Ауста Соуллилья, - деді өкілетті өкіл - Сен сүйкімді қыз болып
қалыпсың. Əзірше қош бол Қош бол!
ОТЫЗ БІРІНШІ ТАРАУ
ƏН ТУРАЛЫ ОЙ
Таң боз бере шырылдайды қызғыш құс,
Торғайлар да өнмен таңды тойлайды.
Сылдыр қаққан өзендерде балық шоршып ойнайды
Ал қарақұс су бетінде қалықтауын қоймайды.
Əнші құстардың оңтүстік жақтан осындағы үйреншікті жазғы мекенін шалшықты балшыққа қайтып оралғанына да біраз уақыт өтті. Сүттей
сұрғылт тартқан былтырғы шоп аңғарлар мен төбелердің күнгей
беткейлерінде бой көрсетіп үлгерген жасыл желектермен біте қайнасып
кеткендей тұтаса араласып көрінеді. Бұл - көктемнің күшіне міне бастаған
кезі. Енді сиырды өріске шығаруға болады. Осы төңіректегі əңгіменің
жалғасып келе жатқанына да бір аптадан асып барады. Финна ондай мереке
үшін жанға жайлы, шуақты, жадыраңқы жылы күнді таңдауға ұйғарым
жасаған еді. Міне, бүгін тап сондай күн де келіп жетті: қораның қақпасын
ашып, сиырды сыртқа алып шықпақ болды. Аяқтарын нық баса алмай,
əлсіз ырсылдап келе жатқан сиыр даланы көре сала кең танауын кеңінен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 19
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.