Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 36

Total number of words is 4385
Total number of unique words is 2147
38.9 of words are in the 2000 most common words
54.4 of words are in the 5000 most common words
61.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
таң қаларлықтай жуандап, толыса түсіпті. Сонымен Гудни бұл қыздың
асқазаны ауыратын шығар деген оймен кеше кешке оның ішін сипалап
көріпті. Көпті көрген тəжірибелі кемпір, əрине, істің жайы неде екенін
түсіне қойыпты. Сөйтіп қыздың шынын айтқызуға тырысып бағыпты.
Əрине, Ауста алғашқыда еш нəрсені мойындағысы келмей, қасарыса
қарсыласа беріпті. Гудни содан кейін мені шақыртыпты. Мен, əрине, не
болғанын бірден біле қойдым. Сөйтіп, бізден еш нəрсені жасырудың мүлде
қажеті жоқ, енді бар шындықты жайып салуы керектігін түсіндірдім. Ауста
сонда бəрін де ашық мойындауға мəжбүр болды. Оның бойына бала бітіп,
жүкті болып қалғанына төрт айға жуықтапты.
Бьяртур бейне бір соңынан кенеттен əлдебір дүбірлі айқай-шу естіп,
құлағын еліре тіге қоятын, мойнын ілгері созып, делебесі қозып, шауып ала
жөнелетін жүйрік ат сияқты елең ете қалды, фруға жалт қарады. Ал фру
басын тез көтеріп алды да, алғашқы қадамын жасағанын, бірақ одан не
шыға қойғанын бірден байқай алған жоқ.
Бьяртур соншалықты дөрекілікпен қарқылдап күліп алды да, былай деп
сұрақ қойды:
- Жүкті болып қалыпты?! Менің Соулам ба? Құрметті фру, бұл жолы
мені алдап түсіре алмайсың!.
Фру былай деді:
- Сонда мені қайдағы бір өсек-аяң тасып, хутор аралап жүр ғой деп
ойлайсың ба? Мен өзімнің шын сөзіме мұншалықты сенімсіздік бола қояды
деп тіпті де ойлаған жоқпын. Мен саған, саған ғана емес, жұрттың бəріне
де əрқашан жақсылық жасаумен келіп едім ғой. Менің жүрегім де, үйімнің
есігі де сендерге, шаруаларға, қашан болса да айқара ашық емес пе еді?
Мен өз еліміздегі ең қымбат, ең қасиетті нəрсенің бəрін де қорғап келе
жатқан жоқпын ба?! Шаруалардың жұмысын өз жұмысымдай, оларға
қамқорлық жасауды өзіме қамқорлық жасағандай, олардың жеңілісін өз
жеңілісімдей санап келген адаммын. Соны қалай ұмыттыңдар?! Исландия
шаруасының қажырлы еңбегін халықтың əл-ауқат дəрежесін көтерудің
мықты тетігі деп зор сеніммен санап келген мына мен емес пе едім? Соны
қалай ұмыттыңдар?
- Ол рас, Редсмиридегі Йоунның, тағы да сол сияқтылардың əл-ауқат
дəрежесін еселеп арттырғаның бекер емес, - деді Бьяртур, тілінің ащы уын
төге сөйлеп. - Бірақ мен халық дегеніміз тіпті де олар емес дер едім. Бірақ
олар үшін өзім де отыз жылдан астам уақыт бойы бел шешпей жұмыс
істедім. Ал қазір де солардың тұтыну одағына мүше болып кіруге мəжбүр
болдым.
- Иə, қымбатты Бьяртур, сенің өз пікіріңде қала беруіңе əбден болады.
Бірақ мен саған бір нəрсені ашық айтайын. Біздің приходтық кеңес сенің
осындағы ошағыңның шаңырағын ортасына түсіріп, қиратпақ болған
сайын мен саған бола араша түсуші едім. "Халық Исландия шаруасының
арқасында мың жыл бойы күн көріп, өмір сүріп келеді. Менің Бьяртурыма
тиісуші болмаңдар түге!" деуден танған емеспін. Ал қазіргі жағдайдың бет
алысы тіпті басқаша сипат алып барады. Енді бір нəрсені еріксіз
мойындауыма тура келеді: приходтық кеңестің ұйғарымы өте дұрыс болған
екен. Енді он бес жыл бойы шырылдап, сені қорғап келгеніме өкініп
отырмын. Приходтық кеңестің қауіптенгені тіпті де бекер емес екен.
Шынында да қауіптенетініндей бар болып шықты: əуелі сенің бірінші
əйелің адам таң қаларлық жағдайда өліп қалды; одан соң жыл сайын
бірінен соң бірі жас нəрестелерің туа салысымен немесе жасына жетпей,
шетінен шетіней берді. Сен байғұс оларды арқалап алып барып, біздің
шағын зиратымызға жерлеумен жүрдің. Ал былтыр екінші əйелің де өліп
қалды - ол марқұмның қалай қайтыс болғанын жұрттың бəрі жақсы біледі.
Соның бəрі аздай-ақ, биылғы қыста қойларың қырылып қалды, үлкен
ұлыңнан айырылдың. Ал мен болсам, сені қорғап, шырылдап араша
түсуден ешқашан танған жоқпын. Енді қайтып саған араша түсе алмаймын
- əбден қажып біттім. Қыстыгүні оның үстіне, қайдағы бір күдікті, арам
ниетті əрі маскүнем біреуді - ал ондайларды тек дарға асу керек - өзі ғана
емес, бала-шағасымен бірге приходтың асырауында жүрген арамтамақ,
жұқпалы ауруы бар, өкпесі шіріп кеткен көкжөтел біреуді балаларымның,
бой жетіп қалған қыз Ауста Соуллильяның қасы-қабағына қара деп өз
үйіңе, айтшы қане, не бетіңмен жібердің?!
- Қане, құрметті ханым, жетеді енді! Естідің бе? Енді қайтып көзіме
көрінбестей болып, тез қараңды батыр. Сен мұнда өз жеріңде емес, мына
менің жерімде отырсың!.. Егер сен тап бүгін осы жерге Аустаның қамын
жеп келген болсаң, мен саған бар шындықты түбінен қозғап, турасын
айтайын: сен оған бұл қамқорлығыңды тұп-тура он бес жыл кеш жасап
отырсың! Бұл қызды маған əлі шешесінің құрсағында жатқан кезде басқа
ешкім де емес, тап сенің өзің арамдықпен тықпалаған болатынсың! Егер ол
менің қызым деп саналатын болса, оған да сен кінəлісің. Өйткені сен оны
жарық дүниеге келмей жатып өлімге итермеледің. Маған жер сатқанда сол
сорлы қыз біздің өз жерімізде емес, өзге біреудің жерінде өлсін деп
ойладыңдар! Менің шаңырағымда мезгілінен бұрын дүниеге келген
баланың шындығында кімдікі екенін мен шынымен-ақ білмейді деп
ойлайсыңдар ма? Мен ол кезде албасты бұғыны салт мініп, өзімнің
жаныммен қайғы болып, ажалдан əзер дегенде аман құтылғанмын. Егер сен
мені ешқашан алдаған емеспін деп сендірмек болсаң, онда мен мынаны
айтайын: сен мен туралы өтірікті Нидуркоттың шатыры астында өткен
біздің үйлену тойымызда сөйлеген сөзіңде судай сапырған болатынсың.
Сонда сенің айтпаған нəрсең қалмады - əлдебір əлеміш əдемілік туралы
сандырақтарды да, қайдағы бір шетелдердің халықтары ұстанатын діндер
туралы түсініксіз əңгімелерді де соқтың-ай келіп. Соның бəрін де біздің
тағдырымызға, бақытты болашағымызға байланыстыра айтып тұрғандай
болып жалған əсер қалдырдың. Бірақ соның бəрі де өз ұлыңның
шаранасынан құтылу үшін, оны маған еріксіз таңу үшін айтылған сөздер
болатын. Өйткені сен редсмириліктерді, яғни өздеріңді масқара ететін
əңгімелердің таралып кетпеуін көздедіңдер. Ал енді бүгін келіп алып,
Аустаның жүкті болып қалғаны үшін барлық кінəні маған аударғың келсе,
ол əрекетіңнен түк те шықпайды. Бұл іске менің ешқандай да қатысым жоқ.
Біріншіден, ол қыз менен жүкті болған жоқ, екіншіден, оның əкесі тіпті де
мен емеспін. Олай болса, оның тағдыры үшін мен жауапты бола алмаймын.
Оның ең жақын туысы, əжесі сенсің. Қыздың тағдырына ең алдымен
жауапты болатын да сенсің! Ауста анасының құрсағына Редсмириде,
сендерде пайда болған. Сондықтан ол қыздан өмірге келмей тұрып қалай
құтылудың амал-айлаларын жасап бақтыңдар. Бірақ оның бəрінің де маған
ешқандай қатысы жоқ. Мен саған нақты əрі тура шындықты үзілді-кесілді
етіп бір-ақ айтайын: анау некесіз туған шата немереңді ал да, оған қатысты
өзіңнің жасаған күнəлі істерің үшін тозақтың төрінде дайын тұрған орныңа
осы бастан жөнеле бер! Енді Аустаны өз аттарыңа көшіріп алыңдар! Ол
қазір жүкті ме əлде жүкті емес пе маған бəрібір. Ол жағы мені
толғандыратын, мен уайым жейтін іс емес. Өздерің ойланыңдар, өздерің
шешіңдер!
- Сен сөз тыңдашы, - деді əйел бұрынғысынан əлдеқайда жұмсақ үнмен.
Ол Бьяртур отырған төмпешіктің көк шөбін біртіндеп жұла бастады. Болған істің бəрін де парасатты адамдар сияқты ақылға салып, асықпай
отырып сөз етейікші. Сен білесің бе, біз ол қыз аман-есен босанып, аяққолын жинап алғанша оған басқа бір жақтан қолайлы баспана да тауып
бере аламыз.
- Сайтан алсын сендерді! Өздеріңнің балаларыңа қолайлы баспананы
қайдан тапсаңдар, одан табыңдар - онда менің шаруам қанша. Тіпті
бездіріп, қуып жіберсеңдер де менің көңілім баяғыдай. Бұл ретте менің
білетінім бір-ақ нəрсе: мен өз борышымды адал атқардым, ал сендер өз
борыштарыңды атқарудан бас тартудың айла-шарғыларын жасап
бақтыңдар. Немесе өздеріңнің ұрпақтарың менің итімнің бауырында
шалажансар жатқанда қайда қалдыңдар? Өлсе, өле берсін, өлгені жақсы
деп, жолаған жоқ едіңдер ғой! Осы рас емес деп айтып көріңдерші қане! Ал
мен сендердің ұрпақтарыңды өз қамқорлығыма алдым, оны асырап бақтым,
өз өмірімнің гүлі ретінде менің үйімде он бес жыл бойы тұрып келді. Ал
енді, тап қазір осының бəрі де мені əбден қажытып, төзімімді тауысып
бітті. Енді менде ешқандай ақыларың қалған жоқ. Жетеді енді! Ол ол ма,
сендер менің шаңырағымды шайқалтып, ошағымның ортасына түсірмек те
болдыңдар емес пе? Сөйтіп мені сендерден сатып алған өз жерімнен қуып
шығуды көксеген жоқсыңдар ма? Өтірік деші осыны! Олай дей алмайсың!
Егер батылдарың барып, шамаларың келсе, əлдебір құқықтарың бар болса,
онда мені аямаңдар, қолдарыңнан келгенін жасай беріңдер. Ал қазір мен
сендердің көзіме көрінбей, қараларыңды неғұрлым тез əрі біржола
батыруларыңды талап етемін, тіпті бұйырамын да! Өздеріңнің сайтан
алғыр балаларыңмен бірге құрыңдар да, мені өз балаларыммен бірге
қалдырып, құлағыма тыныштық беріңдер! Біздің арамызда айтылатын
басқа сөз қалған жоқ. Мен енді жайылымның оңтүстік жақ шетіне барып,
саулығымның қоздаған не қоздамағанын біліп қайтуға кетемін.
Осы сөздерді айтып бола сала кең даланың тəуелсіз шаруасы өзімен
сөйлескен қонақ əйелге қош айтыспай-ақ, шағын өзенді кешіп өтті де
шалшықты балшықтың оңтүстік жақ шетіне қарай жүріп кетті. Бьяртурдың
соңынан иті жүгіріп, еріп бара жатты. Бьяртур фруға бұрылып та қараған
жоқ. Ал ақын əйел есінен танғандай болып, не істерін білмей, Бьяртурдың
соңынан көз алмай қарады да тұрды. Бьяртур жеңілмейтін, күші жойқын
армия сияқты əсер қалдырды. Оңбай жеңілген фру болды.
ЕЛУ ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
БҰЛ МЕН ҒОЙ
Бьяртур үйге қайтып оралғанда əбден кеш болып еді. Ол жолда көп
жүріп қалды. Бірі қоздаған, ал екіншісі қоздауға таяу екі саулықты айдап
келемін деп ұзақ əуреленді. Біріншісінің жалқы қозысы бар, желіні
тырсиып, сыздап тұр. Ал екіншісі, Капа, - тыриған арық, кəрі саулық.
Қампиған қарны жер сызады - шамасы егіз туады-ау. Бірақ желінінде сүттің
белгісі əлі білінбейді. Егіз қозыны жарытар-жарытпасы күмəнді. Қойды
айдап жүру тым қиын болды: екі саулық екі жаққа қарай қашады. Иті
оларды қуып жүріп қайтаруға жанталаса жүгіреді. Бірақ Бьяртур итіне
жекіре айқайлап, кері шақырып алудан танбады -өйткені көктемде, қойды,
əсіресе буаз саулықтарды қууға болмайды. Қозысын ертіп қашып бара
жатқан саулықты Бьяртур ақыры ұстап алды. Содан соң Капаны да ұстап,
жетекке алуға тура келді. Қозылы саулық қалай қашып кетудің амалын
таппай, қайта-қайта жұлқына берді. Екі саулықты үйге жеткізу осылай
қиынға түсті. Бьяртурдың тым кеш оралуының себебі де сол болатын.
Дегенмен ол өзінің көздеген мақсатына жетті. Өйткені Бьяртурдың
қиқарлығы екі саулықтың екеуінің қиқарлығын қоса алғандағыдан
əлдеқайда күшті еді. Ол өз өмірінде қойлардың қиқарлығын қалай жеңудің
көптеген тəсілдерін үйренген болатын. Ақырында екі саулық та қотанға
жеткізілді. Бьяртур қоздаған саулықты қораның ішіне кіргізіп, сауып алуды
ойлады.
Үйде тірі жан жоқ сияқты. Шамасы, ұйқыға жатып қалған болуы керек.
Бьяртурдың ешкімді оятқысы келмей, саулықты сауып алу үшін өзі əуресарсаңға түсті. Саулық қотанға қашумен болды. Бьяртур да соңынан
қалмады. Екеуінің қиқарлығы бірінен-бірі өтетін сияқты. Саулық ақырында
қорыққанынан қораға кіруге мəжбүр болды. Қозысы көз ілеспес
жылдамдықпен жеңіл секіре жүріп, қотанды бірнеше айналып шықты.
Ақырында қораның төбесіне шығып кетіп, енесін іздеп маңырап қоя берді.
Содан соң қора қоршауының үстіне секіріп түсті де əлі де маңырай жүріп,
өзеннің жағасымен тау жақты бетке алып, қаша жөнелді. Бьяртур саулықты
екі бұтының арасына мойнынан қыса ұстап тұрып тостағанға сауа бастады.
Саулық жер тепсіне тыпыршып, бұлқына түсті. Сонда да болса Бьяртур
едəуір уыз сауып алды да, саулықты босатып қоя берді. Ол да маңырап,
өзінің қозысының даусы естілген жаққа қарай қаша жөнелді. Кəрі саулық
Капа* қотанның бір шетінде көк шөпті жұлып жеп жүрді.
Түн жарық болғанымен онша жылы емес еді. Иен даланың шығыс жақ
бөлігі үстінде жаңбыр бұлты үйіріле бастады, ал тау жоталарын
мұнарланған тұман бүркей түсті. Құстар да сайрағанын қойды, тек оңтүстік
жақтан өзен үстімен ұшып бара жатқан теңіз құсы -гагардың мұңая
шағынған үні анда-санда бір естіледі.
Бьяртур үйге кірер кезде ауыз үйдің босағасында тұрған жəшік үстінде
бүкшиіп отырған біреуді көрді. Ол Ауста еді. Қыз екі жеңінен екі шынтағы
жылт-жылт етіп көрінетін көне көйлегін киіп, екі қолын екі тізесіне қойып
отыр екен. Кəдімгі əйелдерге тəн жұмыр білектері, сүйріктей саусақтары,
өзінше кері иіле қайқайған бас бармақтары айқын көрінеді - тəжірибелі
тігіншінің қолына ұқсайды. Оның қос балтыры тым толысып кеткен, ал екі
саны өзінің жас мөлшеріне қарағанда өте жуан еді. Оның бой жеткен жас
қыз екенін айқын көрсетіп тұр. Бұл енді Редсмиридегі бас бəйбішенің
немересі. Бьяртур кіріп келгенде Ауста қабағын көтеріп, көзін ашқан жоқ,
қимылсыз отыра берді. Оның басын кеудесіне түсіре бүкшиген бойы
ұйықтап отырғаны немесе əкесінің жүзіне тік қарауға батылы жетпей,
қорқып отырғаны белгісіз еді. Бьяртур оны шапалақпен аяусыз тартып
жіберді. Бейшара қыз теңселіп барып, құлап қала жаздаған бойы бір қолын
қабырғаға сүйеді, ал екінші қолының алақанымен көзін басты, жəне бір
шапалақ сарт ете түсер деп қауіптеніп, шынтағымен бетін қалқалай берді.
Бірақ Бьяртур оған екінші шапалақ жұмсаған жоқ.
- Бұл - менің сатып алған өз меншігіме айналдырған қасиетті жерімді
ел-жұртқа масқара еткеніңнің сыбағасы, - деді ол - Ал, менің бақытыма
қарай, сенде менің бір тамшы да қаным жоқ. Ішіңдегі некесіз пайда болған
шата шаранаңды неғұрлым жақын туыстарыңның үйіне барып туғаның
дұрыс. Қазірден бастап көзіме көрінбе, тез қараңды батыр! Менің ең соңғы
тілегім осы!
- Жарайды, əке, - деді Ауста. Сөйтті де зорға дегенде есін жиып,
шынтағымен бетін қалқалай жасырған бойы есікке қарай өте берді. - Мен
кеттім ендеше.
Бьяртур ауыз үй арқылы текпішекті баспалдақ сатымен жоғары
көтерілді де ішкі есікті ысырма ағашымен берік бекітіп қойды.
Ауста үшін оның шапалақпен аямай тартып жібергені де, үйден қуып
шыққаны да жақсы болды. Өйткені оның аяусыз соққысы ұдайы үрейлі
қорқынышта жүргеннен көп жеңіл еді. Ауста өзінің тап осындай тиісті
сыбағасын ертелі-кеш əйтеуір бір алатынын білетін. Енді, міне, сол күтіп
жүрген қорқынышты сəті де келіп жетіп, сазайын тартты. Бьяртурдың
соққысы мұның еңсесін езе түскен зіл батпан ауыртпалықтан біржола
құтқарғандай болды. Осы соққының өзіне бейне бір шіркеуге тартылып,
күнəдан пəк тазартылғандай əсер етті. Енді бұл өзін толық бостандық
алғандай сезінді. Ауста қорадан шыққаннан кейін аз-кем кідіріп тұрды да,
көктемнің мақпал қара түніне - өзінің ендігі өмірінің көктемгі мақпал қара
түніне əлдебір үмітпен қадала қарады. Бұл сəтте ол өз өмірін аман сақтап
қалу үшін қатерлі құздың басынан тəуекелге бел байлап, еріксіз секіріп
кеткелі тұрған жан сияқты еді. Жүрегі аттай тулап, дүрс-дүрс соқты. Бірақ
көзіне жас алмады. Түн салқын əрі дымқыл болатын. Иен даланың үстіне
бейне бір тұтасқан қабырғадай болып жаңбырлы қою қара бұлттар қаптап
келе жатты. Олар минөт сайын бір-бірімен араласа жақындай түсті.
Ал Ауста йен даланың батысына емес, шығысына көз жүгіртумен
болды. Иə, оның əкесі оны бойын билеген белгісіз қорқыныштан толық
арылтты. Енді оның тəні де, жаны да қорқыныш атаулыдан ада. Олардың
екеуіне де бəрі де ап-айқын болды. Өйткені Ауста бəрін де бірден тез
түсінді. Егер əкесі еш нəрсе айтпағанда да бұл өзінің бойында оның бір
тамшы да қаны жоқ екенін бəрібір түсінген болар еді. Əкесінің мұнымен
қоштасу ретінде аяусыз тартып жіберген шапалағы бұл екеуінің өміріндегі
қас қағым сəтке ғана созылған шынайы шындық болды. Тап осы қас қағым
сəтке дейін бұл екеуінің бір шаңырақ астындағы бірге өткізген өмірі, бірбірімен өзара қарым-қатынасы түгелдей жалған негізде қалыптасумен
келген еді. Ауста оның үйінде, бейне бір зұлым құбыжық алып күш иесінің
үйінде, өзі де сондай құбыжық тіршілік иесі сияқты бірге тұрып қана келді.
Енді, міне, қорадан шығып, есіктің сыртында тұрғанда ойлап қараса, өзі
тіпті де құбыжық тіршілік иесі емес екен. Ал əлгі бір қас қағым сəттің
ішінде өзін бұған дейін ұзақ уақыт бойы басын айналдырып алдап-арбап
келген сиқырлы күштің шырмауынан босанып, кəдімгі адам қатарына
қосылған еді. Бəлкім, ол енді өзін ертегілерде айтыла беретін қар аруы
немесе басқа да ғажайып қыздар сияқты сезінген болар. Енді бұл
Бьяртурдың алдында еш нəрсеге де міндетті емес. Бұл жерден біржола кету
керек!
Шалшықты балшықтың шығыс жақ бөлігіне жете берген кезде Ауста
бəтеңкесінің киюге жарамсыз екенін бір-ақ байқады, аяғына су өтіп кетіпті.
Үстінде екі жеңінің шынтағы тесік көнетоз көйлегі бар. Жалаң бас келеді.
Кең аңғарда өскен, осындай алба-жұлба киінген, кір-қожалақ бейшара қыз
ертегілердегі ханшайым қызға қалай айналмақ? Үсті-басы малмандай су
болса да мейлі. Онда тұрған ештеңе жоқ. Ол енді соңында қалып бара
жатқан үйіне бір рет те қайырылып қараған жоқ. Міне, енді ол емін-еркін
бостандықта, бейне бір ханшайым сияқты келеді, өзінің сүйген жігітіне
неғұрлым тезірек жету үшін ұзақ жолда сапар шегіп келеді. Аңғарда өскен
арманшыл қыз туралы ертегі шындыққа айналып бара жатқандай. Бұл
өзінің сүйген жігітін іздеп келеді, ендігі өмірін онымен бірге өткізеді. Ол
мұны ешқашан-ешқашан тастап кетпейді. Оның ақшаңқандай сəнді сарайы
теңіз жағасындағы жасыл орманның арасындағы көк шалғын алаңқайдың
ортасында алыстан көз тартады. Бұл енді ол сарайда тұрып, теңіз арқылы
келіп-кетіп жататын кемелерді тамашалайтын болады. Ол ол ма, сол
кемелердің бірімен теңіздің арғы жағындағы алыс елдерге сапар шегеді. Ол
жақта күн шуағына малынып тұрған пальма ағашының ғажайып сұлу
аллеялары бар. Иə, иə, иə! Тап солай болады. Ол үшін бүгін түні бойы таң
атқанша тынымсыз жүре беруі керек. Аяғындағы бəтеңкесі жарамай,
жыртылып қалса да еш нəрсе етпейді - ол бұған жаңа бəтіңке сатып
əпереді. Бұл оның теңіз жағасындағы ақшаңқан сəнді сарайын көп іздеп,
əуре болмай-ақ, тез тауып алады. Сөйтіп ол ұйқысынан оянып, тұрмай
жатып есігін қағады. Ол есіктің қағылғанын естіп, "Бұл кім болды екен?"
деп сұрайды. Ауста "Бұл мен ғой!" деп жауап қатады.
Ауста шалшықты балшықты бойлап оңтүстікке қарай жүріп келе
жатқанда көңіл-күйі көтеріліп, кеудесін əн кернегендей шаттықта болды.
Ол өзінің аяқ басқан жүрісінің соншалықты жеңіл екенін байқаған жоқ. Ол
жаяу жүріп келе жатқан жан сияқты емес, бейне бір ұшып келе жатқан
құстай сезінді. Жүрегі де жиі соғып, алып ұшты. Өйткені ол өзінің
бақытына, бостандығына жəне махаббатына жеткенше асығып келеді. Ол
өзін нағыз ханшайымға айналған кедей қыздай сезінді. Жоқ, бұл тек соның
ғана сүйіктісі болады! Басқа ешкімге де қарамайды. Сөйтіп алып ұшып
келе жатқанда Аустаның құлағына оның "Бұл кім болды екен?" деп,
ақырын ғана сұраған даусы қайта-қайта естілумен болды. Естіген сайын
Ауста: "Бұл мен ғой!" деп жауап қатумен келеді. Иен даладағы мың
бұралған жалғыз аяқ соқпақпен жылдамдата жүрген сайын табаны тайып,
жығыла жаздайды. Бірақ ілгері басумен болды. Бұл енді баяғы ғажайып
Ивандар түніндегі сиқырлы шыққа шомылған бос қиялға берілген
арманшыл жас қыз емес, қазір өзінің оңды-солын, қайда баратын бағытын
айқындап алған жан. Бұл енді шынайы махаббаттың не екенін біледі. Қазір
өзінің сүйіктісіне тезірек жету үшін бəрін құрбан етуге əзір. Бұл -шын
мəніндегі өмірдің өзі. Бұл - махаббат пен шетсіз-шексіз иен дала. Бұдан
былай басынан кешіретін нəрселерінің бəрі де нағыз өмірдің өзіне
айналмақ.
Махаббат пен иен дала. Аңғардың терең сайында əлі қар жатыр. Оның
астыңғы жағынан аяқ баса алмастай езіліп жатқан балшық көріне бастапты.
Аустаның қарсы алдынан дымқыл, суық жел есті. Көп ұзамай, бəтіңкесінің
жыртылып түсіп қалатын түрі бар. Аяғынан суық өтіп, сыздап қатты
ауырды. Шөл қысты. Үрінді қардың жанында айнадай жарқырап жатқан
шалшық судан ішті. Тым дəмсіз екен. Ауста қарны ашқанын, қатты
қалжырап шаршағанын енді ғана сезді. Кенеттен жабысқақ кар жауып,
борандата ұйтқып соқты. Қыз қою қараңғылық құшағында қалды. Əне-міне
дегенше үсті-басы малмандай су болды. Аустаның бойын қорқыныш
билейін деді. Өйткені йен даланың өзі қорқынышты. Бəлкім, өмірдің өзі де
тап солай қорқынышты шығар? Ол енді Хельгиді есіне алды. Ол өткен
қыста осы иен далада із-түзсіз жоғалып кеткен, ақырында тым болмаса
сүйегі де табылмаған інісі болатын. Бұл иен далада талайлар қаза тапты.
Бірақ мұның əкесі иен далада қаза болмас еді... Ол кенет Бьяртур өзінің
əкесі емес екенін, өзімен үш қайнаса сорпасы да қосылмайтын бөтен біреу,
құбыжық зұлым күштің алып иесі ғана екенін есіне түсірді. Сондықтан да
ол, Бьяртур, еш нəрседен де қорықпайды. Қорқып келе жатқан -Ауста.
Оның осы иен далада өліп қалуы да ғажап емес.Қорқыныштан ол
қарнының ашқанын да, ұйқысы келіп, қалжырап шаршағанын да ұмытып
кетті. Аустаға мынадай ой келді: Бьяртур мұны шапалақпен тартып
жіберген кезде бұл оның мойнынан бекер-ақ құшақтай алмаған екен, мені
аяй көр деп бекер-ақ жалынып-жалбарынбаған екен?! Жоқ, жоқ, жоқ! Онда
бұл теңіз жағасындағы ақшаңқан сəнді сарайды ойлап тұрып, қорқынышты
қалай да жеңіп шығуға тырысқан болатын. Бірақ ол ойлаған үйі қандай үй
болып шығар екен? Мүмкін, ол теңіз жағасындағы қарапайым қара лашық
шығар? Бəлкім, оның іші тола аш-жалаңаш балаларға толы болар? Ол бір
күні бұған осындай бір қара лашық туралы айтып берген жоқ па еді? Жоқ,
олай емес. Мұның елестеткені теңіз жағасындағы күн нұрына малынып,
жарқырап тұрған ғажайып ақшаңқан сəнді сарай болатын. Тіпті оның
жарқыраған сəн-салтанатты үйі жерде де, аспанда да бар болар? Енді көп
ұзамай, мұның сүйіктісі таңертеңгі күннің шапағына бөленіп, есік алдынан
күтіп алатын болады. Бұл теңізде жүзіп бара жатқан үлкен кемелерді көре
алады. Ал сүйіктісі есік қаққанда "Бұл кім болды екен?" деп сұрайтын
болады.
Бірақ дəл осы кезде иен даладағы сонау алыстан жарқырап жатқан
шағын бір көл көрінді. Ұйтқып соққан қарлы боран да басылды. Əлгі көл
мұның қорқынышты жаман түс көрген кезіндегі көл болуы керек. Адам
жападан-жалғыз жабырқап, көңілсіз келе жатқан кезде оған кеңінен көсіле
шетсіз-шексіз шалқып жатқан мұхиттың мол кеңістігі емес, қайдағы бір
аянышты шалшық көлдің елес беретіні несі екен осы? Яғни Ауста ұзақ
жолдың қысқа ғана бір бөлігін жападан-жалғыз, жараланған жалаң аяғымен
жаяу жүріп келе жатқан болды ғой. Бірақ оның жан дүниесіндегі жарқын
үміті тіпті де жоғалған жоқ еді. Алда əлі ұзақ жол жатыр. Ауста еріген
қардың шалшық суынан тағы да ішті де, орнынан əрең дегенде көтерілді.
Ол өзінің сүйіктісінің сəнді сарай есігінің ішкі жағында тұрып "Бұл кім
болды екен?" деген даусын тағы да естігендей болды. Оған осымен
мыңыншы рет "Бұл мен ғой!" деп жауап қатқандай еді.
Жазғы мекен тұрғыны Бьяртур бұл түні тіпті де шешінбестен, киімшең
жата кеткен болатын. Ол əрбір сағат сайын дерлік оқтын-оқтын тысқа
шығып, мана кешке қарай қотанда қалдырған екі саулықты қарап келумен
болды. Кəрі саулық Капа түн жарымы ауа бере күйіс қайырып, жатып
қалды да, екінші саулық қозысын ертіп, тауға қарай кетті. Ұзаңқырап
барып, қозысымен бірге ол да жатты.
Дүние құлаққа ұрған танадай тыныштыққа бөленді. Аздан соң таңмен
таласа оянған құстар ғана он салып, сайрай бастады. Басқалардың бəрі де
əлі үнсіз жатты.
Иə, Бьяртурдың шамасы шама екен. Капаның да қоздайтын сəті келді.
Таң ата бере Капа үшем тапты. Байғұс қозылар əлсіз аяқтарын тіреп,
орнынан тұрмақ болады. Сөйтіп енесіне жақындағысы келеді. Ал Капа
түрегеп тұрып қозыларының шаранасын жалап, емірене түсті. Кəрі саулық
жарады, бəрінен де озып, үшем тапты. Кəрі Капаның да Бьяртурмен бірге
басынан кешірмеген ауыртпалығы кемде-кем: бейшара саулық ішек
құрттың да азабын тартты, аштыққа да шыдап бақты, сиқырлы зұлым
күштердің қырсығына да ұшырады. Енді, міне, соның бəрі де біржола ұмыт
болғандай үш қозыны бірден тапты. Бьяртур Капаны қойларының құты
санайтын. Өткен күзде оны сойып алуға көзі қимай, аман қалдырған. Қазір
сол үшін де риза болып, алғыс ретінде үш бірдей қозы сыйлаған сияқты.
Қорадағы қойының саны күрт кеміп кеткен шаруа үшін үшем табу - жақсы
нышан, жақсы ырым. Бірақ, өкінішке орай, енесінің желіні қатып-семіп
қалған. Сүті жоқ. Бьяртур кеше кешке басқа саулықтан сауып алған уыз
сүтті жылытып əкеліп, қозыларды қолтығына қыса-мыса ішке алып кетті.
Капа оның соңынан қалмай, еріп отырды жəне əлдебір үрейлі күдікпен
үсті-үстіне үздіксіз маңырай берді. Өйткені қай жануар болса да адамдарға
барынша сенімсіздікпен қарайды, тіпті жақсылық жасап жатқан
адамдардан сезікті секем алады.
Бьяртур есіктің табалдырығына жайғасып отырып алды да қозыларды
екі тізесінің арасына қысып ұстап, бірінен соң бірінің аузына жылы сүтті
қауырсын түтікпен емізе бастады. Құдайым-ау, қандай жас, қандай
кішкентай, қандай нəзік еді. Егер əр заттың өзінің шама-шарқын пайымдап
қарайтын болсақ, тап осы арада мақтаныш ете қоярлық дəнеңе де жоқ. Капа
қорада қол созым жерде тұрып əлі əлдебір сезікті күдікпен қауіптене
қараумен болды. Өткені ол өте қорқақ болып жаратылған жануар еді.
Сондықтан да адамдарға сене бермейтін: шамасы, қойлардың осы бір
тұқымын ойлап шығарған пастор Гудмундурдың өзінің мінезіне тартқан
болуы да əбден мүмкін. Дегенмен де ол Бьяртурдың қандай қайырымды
іспен айналысып отырғанын көріп, оған барған сайын жақындай түсті де,
өзінің аналық жанашырлық үрейлі уайымымен оған үлкен де ойлы қоңыр
көздерімен қадала қараудан танбады. Жанашырлық жақсы сезімнің өзі
өмірде жиі кездесетін ізгілікті əрекеттердің қатарына қосыла бермейді.
Бірақ əйтеуір бір алдағы кезде оның бүкіл дүние əлемінде кеңінен салтанат
құратыны сөзсіз. Бəлкім, мұның өзі оншалықты тамаша иен дала да емес
шығар, иен даладағы оншалықты тамаша қора-қопсы да емес шығар. Бірақ
кейде мұнда адам таң қаларлықтай тамаша құбылыстар болып жатады:
адам мен жануар арасында бір-бірімен өзара түсіністік орнайды. Мұның өзі
Үш құдай күні таңертең болған еді. Саулық Бьяртурға тіпті жақындап
барды да, ризашылық сезіммен емірене түсті. Бьяртур үш қозыны бірдей
ұстап, алдына алып отыр еді. Капа өзінің тұмсығын оның ұсқынсыздау
дөрекі бетіне тақады, оған бейне бір алғыс сезімін білдіргендей болып,
сақалын жылы демінің лебімен аймалады əрі ақырын ғана мейірлене
маңырады.
Рим-Ницца.
1934-35 жылдың қысы.
БЕРЕКЕЛІ ЖЫЛДАР
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
АЛПЫСЫНШЫ ТАРАУ
ФЕРДИНАНДТЫҢ ӨЛІМІ
Дүниежүзілік деп аталған соғыс - бір кездегі Наполеон соғыстарынан
кейінгі ең жойқын соғыс - біздің еліміздің бағына Құдай тағаланың өзі
жолдаған береке-ырыс ала келді. Құдайдың рақымымен бұрқ ете қалған
дүниежүзілік соғыс біздің халқымызды жоқшылықтан, мəдениетімізді
жойылып кетуден құтқарып қалды. Өйткені балық пен балық майына деген
сұранысты еселеп арттырып жіберді. Мұндай соғыстан қалай айналып
кетпессің! Е, Құдай, көп ұзамай жəне бір осындай соғыс бұрқ ете қалса
екен, шіркін! Соғыс Фердинанд деген шетелдік бір бейшараны біреулердің
өлтіріп кеткенінен басталған көрінеді. Адамдар содан бері төрт жыл бойы
бірін-бірі қырып жоюмен келеді. Оларды кəдімгі кəнігі қасаптың ет
шапқанындай турап жатыр.
Таудағы қойларын іздеп шығар алдында Жазғы мекеннің шағын
бөлмесінде кофе ішіп отырған шаруалардың əңгімесі осы төңіректе болды.
Бұлардың өздері де өмір бойы соғысып келе жатыр еді. Олардың соғысы
тіпті дүниежүзілік соғыстан əлдеқайда маңыздырақ болатын Ол соғыстың
шығу себебі де қайдағы бір Фердинандтың өлімінен əлдеқайда күштірек
сияқты көрінетін.
- Халық сол бір оңбаған немеден құтылғаннан кейін "уһ!" деп демін
алған шығар деп ойлаймын, - деді Бьяртур.
- Мен бұл жөнінде еш нəрсе де айта алмаймын, - деп жауап қатты
ундерхлидтік Эйнар. -Мына менің, мен сияқты басқа да адамдардың
дүниежүзілік соғыс туралы əңгіме етіп не жұмысы бар осы?! Менің
естуімше, ол жігіт бір өте кішкентай мемлекеттің королі көрінеді, - аты кім
еді өзінің, есімде сақтай алмай-ақ қойдым. Мен оның қаншалықты ақылды
жігіт болғанын білмеймін. Өйткені біpге, исландиялықтарға, ондай
корольдердің қандай адам болғанына мəн беріп жатудың қажеті жоқ. Біздің
өз короліміз бар, Тay королі бар. Бізге сол корольге баға берсек те жетеді.
Құдай алдында біздің бəріміз де бірдейміз. Өз еркі өзінде, ешкімге қарыз да
емес, тəуелді де емес, жалшылықта жоқ шаруа - өзіне-өзі король. Ал, əлгі
Фердинанд пе еді, қалай еді өзі, қалай дегенде де адам ғой, жұмыр басты
пенде емес пе? Олай болса, христиандардың ол туралы ғайбат сөз айтуы
жарамайды. Адам қашан болса да адам ғой.
- Иə, аты кім дедіңдер оның? Байғұс жігіт өз пешенесіне жазылғанын
өзі көрді ғой. Сендерге бəрібір емес пе? - деді гилилік Круси. - Бірақ мен
бір нəрсеге түсінбеймін: сол оңбаған, қарғыс атқан Фердинандқа бола
қанды қырғын төбелес жасаудың не қажеті бар еді?
- Қайтесің сол перілерді сөз етіп? Мейлі, өзді-өзі қырылыса берсін, деді Бьяртур. - Олар неғұрлым ұзақ соғысса, бізге солғұрлым жақсы. Енді
олар қайғы-қасіреттің не екенін сезінген соң бұрынғы өркөкірек
менмендігін бəсейтеді. Енді олар тағамды таңдап, талғап жеуді қояды, не
ұсынсаң, соны қылғытып жұта беретін болады. Баға да қымбаттай түседі.
Көп ұзамай олар біздің тастаған тезегімізге дейін сатып алады əлі. Мейлі,
басқа халықтарға пайдалы болып тұрған кезінде бірін-бірі кескілеп қыра
берсін. Шетелдерде адам жетіп артылады, өлгендерді жоқтап ешкім жылай
қоймайды.
- Кей-кейде белгілі бір мақсат-мұраттар үшін де соғыса береді,- деді
ундирхлидтік Эйнар, шетелдіктердің əрекетін ақтай түскендей болып. Ол
Бьяртур қашан болса да - өлең жазғанда да, қара сөзбен айтқанда да - өте
күшті əрі қатал айтады деп білетін.
- Бьяртур, - деді ол сөзін жалғастырып, - сен тəжірибелі байырғы ақын
ретінде қай жерде соғыс болып жатса, сол жерде белгілі бір мақсат-мұрат
болатынын білуге тиістісің. Бірақ ол мақсат-мұраттың неғұрлым маңызды
мақсат-мұрат туралы ойлайтын адамдар үшін, бəлкім, ештеңеге тұрмайтын
елеусіз бір нəрсе болып көрінуі ғажап емес.
- Мақсат-мұрат? - деп таңдана сұрады Бьяртур, бұл сөздің терең мəнін
ұқпай.
- Менің айтайын дегенім "мəн-мағынасы" деген сөз еді, - деп анықтай
түсті Эйнар.
- Бірақ мен біздің заманымызда соғыс атаулының əлдебір мəн-мағынасы
болады дегенді ешқашан естіп-білген емеспін, - деді Бьяртур. - Ақыл-естен
жұрдай есуастар ғана соғысады. Ал ежелгі замандағы соғыстың жөні бір
бөлек. Онда викингтер бір қиырдағы алыс елдерге барып, өздерінің өмір
гүлі болатын сұлулар үшін соғысатын. Ал қазір тіпті де олай емес қой.
Қазіргілер əйтеуір бір белгілі мақсатты көздеп соғыспайды, жайдан-жай
қып-қызыл ақымақтық немесе қасарысқан қыңырлық салдарынан
соғысады. Бірақ мынаны атап айтқым келеді: бізге пайдасы тиіп жатса,
олардың ақымақтығы біз үшін жақсы.
- Меніңше, қымбатты Бьяртур, - деді Тау королі, - бұл істің екінші
жағына да қарау керек. Қазіргідей дүниежүзілік соғыс - Құдайдың өзі біздің
елімізге жібере салған береке-ырыс қана емес, атап айтар болсақ, біздің
шаруаларымыздың өндірген азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауы
ғана емес, сонымен қатар керемет күйзеліс те болып табылады. Соғысып
жатқан елдер аса ауыр апат зардаптарын шегуде. Мысалы, таяуда
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 37
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.