Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 31

Total number of words is 4274
Total number of unique words is 2221
37.3 of words are in the 2000 most common words
52.9 of words are in the 5000 most common words
61.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
болатынмын. Кəдімгі кітаптарда жазыла беретініндей жағдай ғой. "Бір
жауымнан қашамын деп одан жаман жау қолына тап болдым" дегендей.
Оттан құтыламын ба десем, лаулаған өрттің ортасынан бір-ақ шыққандай
болдым. "Осымен бəрі де біткен болар: бүгін ауырып, ертең өлетін
шығармын" деп ойладым. Енді, міне, өзіңіз қараңызшы, өмірдің жайнаған
гүлі дерлік қандай сүйкімді қыз маған өз қолымен ыстық кофе алып келе
жатыр! Қарап тұрсам, менің əлі бір азырақ көрер күнім бар сияқты. Жоқ,
құрметті əже, адамның біржола көзі жұмылғанша жолы болмай, барлық
нəрседен үміт үзерлік торығумен ғана өтетіндей бақытсыз күн кешуі
мүмкін емес. - Қонақ жігіт кереуетке отырған орнынан зор ризашылықпен
көтерілді де өзіне кофе алып келе жатқан, бейне бір жайнаған өмір гүлі
сияқты қызға қарай ұмтыла берді де Аустаның қолындағы кофені алды.
Оның бəтіңкесі шешілмеген аяғы кереуеттің үстінен бейне бір таяқ
сияқтанып сорайып тұрды. Балалар "Бұл өзі қандай аяқ?" дегендей
əдеттегіден өзгеше аяққа таңдана қараумен болды. Бұл аяқ мына адамның
кеңінен танымал атақты біреу екендігінің белгісі сияқты көрінді. Ауста
қонақ жігітке треска балықтың майы жағылған бір жапырақ қара бидай
нанын ұсына беріп, оның бетіне құмшекер де септі. Ол мұндай құрметті,
анда-санда өзіне ғана жасырын жасағаны болмаса, өзге ешкімге ешқашан
көрсеткен емес. Ол мұндай дəмді тамақты байлықтың биік шыңы деп
санайтын. Мұғалім жігіт бұрын-соңды дəл мұндай дəмді тағам жеп
көрмегенін зор ризашылығымен қоса айтты.
- Құдайға шүкір, бізде беті қызаратын қыздар əлі де бар екен ғой, - деді
ол, өзі ризашылық білдіріп алғыс айтқан сайын Аустаның ыңғайсыздана
ұялып, беті қызара түскенін байқап. Өзі ап-арық, үстіндегі көне көйлегінің
шынтағы жыртық қыздың көрсеткен кызметіне ол шынымен-ақ риза болып
отыр ма екен? Адамзат өмірі мұхитының айдынында емін-еркін жүзіп
көрген адам да осындай бола ма екен?! Ұлы адамдар қандай қайырымды да
мейірімді келеді! Ауста қай мəселеде болсын оның көңілін табуға берік бел
буды. Өйткені ол сонау алыстағы Калифорнияның шуылы басылмайтын
жасыл ормандарын, Жерорта теңізінің жағасында күннің алтын сəулесіне
малынып тұрған пальма ағаштарының аллеяларын тастап, мынадай қақаған
қыстың ортасындағы қарлы боранда қатерлі иен даланы басып өтіп, бұл
үйдің балаларын оқыту үшін келді ғой! Бұрын Ауста таңертеңгілікте
ұйқысынан қинала-қинала зорға оянушы еді. Енді таң саз бере бастаған
алакөлеңкеде орнынан қуанышты көңіл-күймен тұрып, оған таңертеңгі
кофеге қосып беретін құймақ пісіруге құлшына кірісетін болды. Оның
жүзінде əрқашан күлкі ойнап тұрады деуге болмайды, əрине. Екі езуінен
күлкінің ізі білінбейді. Бұл қонақтың қазіргідей қатал қыс кезінде, ал
жарқылдап күліп жүретін жайдары жүзді жігіттің жаз кезінде келгеніне таң
қалудың керегі жоқ. Мұның ойлы да байсалды көздерінен көтеріңкі
жайдары көңіл-күйдің лебі есіп тұрады жəне қыздың жан дүниесіне
неғұрлым терең бойлайды. Мұндай кезде жан дүниең мен тұла бойыңдағы
жұмбақ атаулыны айтқызбай-ақ көріп-біліп тұрғандай əсер аласың. Əлдебір
мұңайған шақтарыңда сол бір кездерді еріксіз ойша елестетесің, өзіңнің
көңіліңді аулап жұбататындай сезінсең. Жоқ, Аустаның бұл жігітке бойы
үйрене бастады, енді ол аздап қызарғанымен онша қысылып
ыңғайсызданбайды. Одан өзінің əкесі туралы пікірі қандай екенін сұрап
білуге бел буды.
- Иə, қымбатты қалқам, - деді ол, - сенің əкең нағыз викинг қой.
Сонымен қатар ол викингтің сен сияқты кіп-кішкентай, сарғылт шашты
аққұба сұлу қызы да бар екен. Мен бұлай шығар деп тіпті де ойлаған жоқ
едім.
- Мен ол үшін Бруниде қолайлы жұмыс табылған шығар деп
үміттенемін, - деп сұрады кемпір.
- 0, жоқ. Өкінішке орай, олай бола қоймады-ау деймін, - деп үн қатты
мұғалім жігіт. -Қазір көпестер монополистер емес қой. Бұрынғыдай бəрін
өздерінің айтқанына көндіретін күндері əлдеқашан өтіп кеткен. Қазір біз
демократияның игілігін пайдалана алатын дəрежеге дейін өсіп жетілдік-ау
ақыры.
- Сандырақ сөз, - деді кемпір.
- Қазір бəрін де айтқанына көндіріп, айдауына жүргізетін нағыз
шынжыр балақ, шұбар төс шонжар - Ингольв Арнарсон Иоунссон ғой,
құрметті əже, - деді мұғалім жігіт. - Бұрын жетім-жесірлердің ақысын жеп,
байып кеткендер қазір сазайларын тартып жатыр. Қазір заман өзгерді, өзге
ғасыр келді. Ол өткен заманмен жанталаса айтысып-тартысып, оны батыл
шайқасқа шақыруда. Жаңа заман кедей-кепшіктер мен езілген
бейшаралардың əділдікке қол жеткізе алатындай болуын талап етуде. Ол
өзін "Жаңа ғасырға одада" айтылатындай, еркін, ұлы əрі күшті сезінеді.
Қазіргі билік сауда-саттықты дамытуға берік негіз қалап жатқандардың
қолына көшті. Сондықтан да Тулиниус Йенсен Рождество мерекесі
қарсаңында үлкен кемеге мінді де басқа бір жаққа тайып тұрды. Біз саудасаттықтың Ингольв Арнарсон жүргізген қағидаттарды қызу қолдадық əрі
жеңіп шықтық. Ол басқа елдерде жүрген жерінен Исландияға қайтып
оралды. Жай ғана оралған жоқ озық ойлы экономистердің адамгершілікке
негізделген ізгі мұраттарын ала келді. Ол бұған дейін көпестердің езгісінде
болып, қаналып келгендердің жағдайын жақсартты, олардың несие алуын
қамтамасыз етті. Жылдар бойы қара бидайдың қос уыс ұнын сұрап ала
аламай жүргендер де қарық болып шыға келді Біз олардың жағдайды өз
қолдарына алуына жəрдемдестік. Мен шетелдік əдебиетті, шетелдік
ғалымдардың жазған кітаптарын бас алмай оқуға құмар, бірақ жоқшылық
пен аштықтың азабынан арыла алмай жүрген үлкен бір отбасының иесін
білетінмін. Ингольв Арнарсон өткен күзде оған тегіннен-тегін бір бөшке
тұздалған қой еті мен толып жатқан əртүрлі бакалея тауарлары салынған
жəшік беріп жіберді. Ал, сіз бұған не дейсіз? Ол ол ма, содан кейін оның
қасапханада екі апта бойы жұмысқа орналасуына көмектесті. Ал біздің
елімізде жұмыс таба алмай, сандалып жүргендер мен көше-көшенің
қиылысында сырнайын сарнатып, қайыр сұрап тұрғандар көп. Мұны бəрі
де көпестердің бəрін де өздері билеп, өздері төстеуіне төзіп келгендіктің
салдары. Бізді қиын-қыстау жағдайдан құтқаратындар бұған дейін
қандарын сүліктей сорып келген қатыгез қанаушылардың тап өздері
болады деп ойлап, қатты қателесуінің зардабы. Иə, құрметті əже, Ингольв
Арнарсон - ұлы адам əрі өте епті, тəсілқой адам. Оған кімді болса да, алдап
түсіріп, жерге отырғызып кету түкке тұрмайды. Бұрын ол үкіметтің көз
алдында аса маңызды қызмет атқарып жүрді. Ал кейін, реті келген кезде, ол
қызметінен көрер көзге бас тартты, өзінің өмірі мен атақ-абыройын
езілгендердің жолында құрбан етпек болып, тəуекелге барды. Əдетте
қолында билігі бар адамдар қалай əрекет жасаудың тиімді тəсілдерін біле
бермейді. Кедейлердің жағына шыққандар туралы газеттер бірімен бірі
жарыса шулап, жазып жатады, ауыздарына келгендерін айтудан
тартынбайды. Ал біз соның өзінде де оның Брунидің үйіне кіріп алуының
ретін таптық. Жазғы мекеннің иесі Гудбьяртур Йоунссон мен оны соңғы
рет көргенімде Ингольв Арнарсонның жиһаздарын мұнаралы əдемі үйге
тасып жүрген болатын. Менің білуімше, Гудбьяртур тұтынушылар
қоғамының қоймасына жұмысқа тұрған болуы керек.
- Иə, өзім де солай деп білгенмін, - деді кемпір. - Өмірдің өзі солай
құрылған ғой - біреу өлмей, біреу күн көрмейді. Біреулер келіп жатады,
біреулер кетіп жатады. Көпестерді көп адам жерден алып, жерге салып
жамандайды. Əрине, жұрттың бəрі, кім болса сол сұқтана көз тігетін
ақшаны аман сақтап қалу оңай емес. Жұрт жаңа сыпырғыны жаңаша
сыпырады, жақсы сыпырады деп мақтайды, ал ескі сыпырғыны
жамандауға дайын тұрады. Мен де өз өмірімде талай көпесті көріпбілгенмін, қарағым...
Қаусаған кəрі кемпірмен сөйлескенде əр нəрсеге егжей-тегжейлі
шұқшия тоқталудың қажеті жоқ екенін мұғалім жігіт кеш байқап қалды да
тезірек аяқтау үшін əңгімені басқа арнаға бұрып жіберді: қалай дегенде де
əйтеуір бір ертелі-кеш əділет күні шұғыласын шаша туатын болады. Енді
бізді алдымызда ең жақсы күндер, тамаша заман күтіп түр.
- Иə, енді біздің бəріміз үшін жақсы күндер жақындап қалды! - Бұл
сөздер қақаған қатты қыстың қарауытқан қатыгез сазындағы қайырманың
əлдебір əдемі жаңа да жарқын əуеніндей естілді, суық аяздың үскірігімен
қатып-семіп қалған, қыстың қатал күнтізбесінің заңдары езгілеп тастаған
жаралы жүректерді жылытып өткендей болды.
Міне, енді кез келген мерекені жұрттың бəрі де керек қыла қоймайтын,
Жаратушы иеміздің түсініксіз шешімдері мен қайғы-қасіретінен құтылудың
бірден-бір тəсілі ретінде темекі жапырағын шайнап, оның сілекейлі сөлін
қылғыта жұту деп тануды тоқтататын кез келе жатыр.
Содан кейін мұғалім жігіт əуелі өзінің жеке басына қажетті заттар
салынған қапшықтың аузын ашты. Онда адамды өмірге құштар етіп, берік
байланыстыратын немесе ең кем дегенде оның қыспағына төзе алатындай
ететін біраз дүние бар болып шықты. Сонда ол қандай заттар еді? Олар
жамау жапсырылған бірлі-жарым көне көйлек пен тесіліп қалған өкшесі
жөргемделіп қайта тоқылған ескі ұйық болатын. Оларды əлдебір терең
сиқырлы сыры бар зат сияқты ерекше байсалдылықпен қолына абайлап
алып көрді де, бір сөз де айтпастан, жастығының астына тыға салды. Ұлы
адамдар өздерін əрбір ұсақ-түйек нəрсенің кезінде де осылай ерекше
көрсете білсе керек. Балалар əлгі екі заттың жастықтың астына қалай жымжылас жасырылғанын көріп отырды. Ең соңында манадан бері көздерін
сүзіп отырған мына балаларға тікелей арналған заттарды - оқу құралдарын
шығара бастады. Ол мұны өзінің қызметіне қатысты борышын өтеу үшін
ала келген еді. Төрт бұрышты орама пакетті сүйсіне сипай түсіп, ол былай
деді:
- Иə, менің жақсы жас достарым, қазір сендер мына пакеттің ішінде
бүкіл дүниенің ақыл-ойы жатқанын көресіңдер!
Шынында да солай болып шықты. Пакетте əлі бояуының иісі де
кетпеген жап-жаңа кітапшалар бар екен. Олардың əрқайсысы жылтыр
қағазға оралып, белінен ақ жіппен буылыпты. Кітапшалар кемпірқосақтың
барлық түсін түгел қамтитын бояулармен əшекейленіпті, іші-сырты бірдей
əсем безендірілген. Əрі небір тамаша əңгімелер болып шықты. Олардың
біреуі бұларға белгісіз əлдебір аңдар тұқымы туралы, екіншісі мүлде басқа
халықтар мен олардың əлдеқашан сүйектері қурап қалған корольдері
туралы, үшіншісі əртүрлі ғажайып елдер туралы, төртіншісі кəдімгі
сандарға қатысты түсінуі қиын пəн туралы, бесіншісі ұзақ жылдар бойы
күткен христиан дінінің Исландияға қалай енгізілгені туралы еді. Бəрі де
жанға қажет қасиетті ғажап дүниелер. Дүкеннен қазір ғана сатып
алынғандай су жаңа кітаптар. Оқысаң, бəрін де білетін боласың. Тек оқи
бер, оқи бер!
- Бұл кітаптардың беретін білімі адамды неғұрлым жоғары рухани
сатыға көтереді, оның жан дүниесін жабырқатар қараңғылық пен қайғықасіреттен құтқарады. Иə, біздің бəріміз үшін жақсы күндер осылай
жақындап келеді!
Балалардың əр кітапты ұстап көруіне рұқсат етілді. Тек саусақтарының
ұшымен ғана түртуге болады. Кітапты кір қолмен ұстамайды - тез
былғанып, тозып қалады.
- Ең əуелі бұл кітаптардың бəрін де қағазбен қаптап, мұқият орап қою
қажет. Мұқабасын былғап, түбіршегін тоздыруға болмайды. Кітап дегеніміз
де əр халықтың ең қымбат қазынасы. Ол халықтың өмірін монополия
кезіндегі* түрлі-түрлі зорлық-зомбылығынан, жұқпалы аурулардың
зардабынан, жанар таулардың атқылаған қауіп-қатерінен талай рет сақтап
қалды. Мен бұл жерде бүкіл елімізде тарыдай шашырап жатқан
хуторлардың, жеке үйлердің жылдың басым көпшілігінде кісі бойы келетін
үрінді қардың астында қалып, қиын-қыстау күн кешетінін айтып та
отырған жоқпын. Біз, қарап тұрсақ, қаншама ғасырлар бойы жыл сайын
өмір сүріп келе жатыр екенбіз. Сендердің əкелерің мұны жақсы біледі.
Бірақ оның өзінше қыңыр мінезі де бар екен. Ешкімнің айтқанымен жүре
қоймайды. Алайда, ол сендерге, міне, мынадай кітаптарды арнайы адам
жұмсап, беріп жіберді. Сендер бұл кітаптарды барынша мұқият күтіп
ұстаңдар.
Балалар əкесін алғыс сезімімен еске алды. Тебіренгендері сонша, тіпті
көздеріне жас алды. Ол бұларды өзі қаншалықты алыста жүрсе де
ұмытпапты. Бұлардың əкесі, міне, қандай тамаша адам десеңізші! Ал Ауста
Соуллилья балаларға: "Көрдіңдер ме, мұндай əке кімде бар? Ешкімде жоқ!
Балаларымды оқытып, сауатын ашсын деп арнайы адам жібергенін
көрдіңдер ме?" дегендей салиқалы сөздер айтты.
- Бұл кітаптарда алыстағы əр түрлі елдер туралы айтыла ма? - деп
сұрады кішкентай Нонни.
- Иə, қалқам, əр түрлі жаңа елдер туралы да, ежелгі елдер туралы да
айтылады. Теңіз астынан көтеріліп, өздерінің қымбат бағалы інжу-
маржандарын жазғы күннің таңертеңгі алғашқы шуағына жуатын бейне бір
су перілері сияқты жаңадан пайда болған елдер туралы да, хош иісті
гүлзарлары, жапырақтары баяу желмен ұдайы сыбдыр қағып тұратын
жасыл ормандары бар, Италияның көгілдір тауларындағы сияқты айдың
жарығына малынып тұратын мың жылдық тарихы бар бекініс-қамалдары,
тып-тыныш көкшіл теңіздің құшағына ене созылып, күн шуағына бөленіп
жататын, ақшаңқан үйлері көз тартатын көрікті қалалары бар ежелгі елдер
туралы да баяндалады.
Иə, мына өздеріңнің əпкелерің айтып отырғанындай, басқа балалардың
маңдайына мұндай бақыт жазыла бермейді. Əлгі айтылған ұлы елдердің
бəрінде де болып, өз көзімен көріп қайтқан адамның аузынан шыққан
тартымды əңгімені олардың барлығы бірдей ести алмайды.
Балалар кітаптан көпке дейін бас көтеріп, мойын бұра алмады. Бірақ
мұғалім олардың бір кеште барлық суреттерді қарап шығуына рұқсат
етпеді. Əр кітаптан бір-бір суретті жақсылап көріп шығуды ұсынды.
Мысалы, осы хутордың жоғарғы жағындағы биік тау сияқты орасан зор
алып Римнің көріністерін тамашалауға немесе мойны құрықтай ұзын, егер
осы үйдің есігінің алдына тұра қалса, мойны төбедегі түтін шығатын
мұржадан да асып түсетін жирафтың суретін көруге болатынын айтты.
Мына қызыққа қараңыз: бүгінгі кеш көзді ашып-жұмғанша дерлік тез
өтіп кетті. Кештің бұлай тез өтіп кететінін бұрын ешкім де байқаған емес.
Балалар кітаптарын қағазбен мұқият қаптап алды. Олардың мұғалімге əлі
де жүздеген сұрақ қоюға құлқы бар еді. Бірақ ол "Бүгінге осы да жетеді"
дегендей сыңай танытты. Шынында да ол шаршаған еді, енді ұйқысы
келген болатын. Ал балалар білімге құмарта қомағайланғанымен мына
ақыл-ойдың қайнар көзінен бəрін де бірден біліп алуға батылдығы жеткен
жоқ.
Мұғалім жатуға ыңғайланды, ал балалардың оған риза болғаны сонша,
оның қалай шешінетініне дейін қызыға қарады. Тек Ауста Соуллилья ғана
əжесі жаққа жақындап, алысырақтан қарап отырды. Мұғалім таяғын
кереуеттің үстіне тастап, үстінен мамық көрпемен жауып қойды. Мүмкін
таяғы да жаурайтын шығар. Ақырында ол оң аяғындағы бəтіңкесінің бауын
ағыта бастады. Оның əр қимылы өзіне қиынға түсіп жатқандай көрінеді.
Кейбір қылығы старостаға ұқсап кетсе, енді бір қылығы қаладағы кітап
сатушы шалды еске түсіреді. Қай-қайдағы нəрселер қайдан еске түседі
осы?.. Бұл қол орамалын аузына тосып, неге қатты жөтеле береді? Иə, бұл
қылықтарының бəрі де ерекше. Оның ерекше адам екенін көрсетеді. Ал
екінші жағындағы бəтіңкесінің ішінен басқа бір нəрсе шықты. Аяққа
ұқсайды. Иə, аяқ. Нағыз аяқтың өзі дерсің. Бірақ кəдімгідей жаны бар аяқ
емес. Жаны бар аяқта қалай дегенде де оның ақ немесе қоңырлау түсті
терісі, балтырында өскен жүні болса керек еді. Олай емес, ерекше аяқ.
Жалт-жұлт еткізіп бояп қойған сияқты, түсі қызғылт-қоңыр, еті де, қан
тамырлары да жоқ. Фабрикадан жасап шығарылған бұйым сияқты. Оны
көргенде кішкентай Нонни өзінің сезімін тоқтата алмай, айқайлап жіберді.
- Соула, сен мына қызықты қара! Мынау өзі қандай аяқ? Көрші өзің!
Бірақ Ауста Соуллилья, əрине, ер адамның жасанды аяғына қарай
қойған жоқ. Олай ету қыздың тарапынан əдепсіздік болар еді.
- Өзіңді-өзің осылай ұстауға ұялсаңшы сен! - деп жауап қатты оған қыз,
мойнын бұрып та қарамастан. Алайда бұлар ертесіне қой қорада болғанда
Ауста ол аяқтың қандай аяқ екенін, қандай ерекшеліктері бар екенін
сұрамай тұра алмады. Қойларды азықтандырып болғаннан кейін "Мұғалім
қандай ғажайып адам! Одан дəріс алып, сабақ оқитынымыз қандай жақсы
болды! Оқу аяқталатын алдағы көктемге дейін көп нəрсені біліп шығатын
шығармыз!" деп қуанысты. Балалар ол туралы өте көп əңгімеледі. Оған
қатысты нəрселердің бəрі де, тіпті ақырын сыбырлап сөйлеген үнінен
бастап жасанды аяғына дейін немесе төсекте өзімен бірге жатқан, бейне бір
жаны бар сияқты таяғына дейін қызық көрінеді де тұрады. Иə, Жазғы
мекендегі балаларға Құдай аяқ астынан берді де қалды. Олардың үйіне
қандай адам келіп тоқтады десеңші! Неге екенін қайдам, балаларда
Брунидің мұнаралы биік үйін Ингольв Арнарсон Ионссонға тартып əперген
де, сөйтіп кедей-кепшіктердің тұтыну қоғамында қара бидайдың қос уыс
ұнын несиеге алып тұратын еткен де тап осы адам болуы керек деген
түсінік пайда болды. Осындай атақты да əдемі адамдардың үлкен
қалалардан қоңыр көйлек киіп келетіні не əдеті екен осы?
Міне, ол бұлардың бөлмесінде жатыр. Ол - жаңа елдерді де, ежелгі көне
елдерді де көрген, күннің таңғы шапағына, айдың жарық сəулесіне
бөленген жерлерде талай болған, көрген-білгені өте-мөте көп адам. Шіркінай, оның айтқан əңгімелерін есте сақтап, басқа біреулерге жырдай етіп
айтып берер ме еді?! Бірақ дəл соның өзіндей етіп айтып беру қайда?!
Басқа ешкімнің де қолынан келмейді! Ол енді осында жатыр, ойлы да
салиқалы көздерімен балаларға қарап қояды, үстіндегі мамық көрпені өзіне
тарта түсіп жамылады. Ол бұлардың шаңырағында бүгін тау ішіндегі қиын
да қатерлі сапардан аман қалғанына қуанып жатыр. Жапырағы жайқалып,
сыбдыр қаққан орман арасында өскен ол осыншама қиын-қыстау сəттерді
осы балалардың игілігі үшін басынан кешірді ғой. Апырай-ай, біз де ер
жетіп, мұның жасаған жақсылығын өзіне қайтара алар ма екенбіз?!. Осы
кеште балалар ұйқыға кетер алдында оларға мынадай бір ой келді: біз де
темекі жапырағын шайнамай-ақ əжеміз сияқты жүз жасай алсақ-ау шіркін!
Мейлі сонда да əр кеш сайын шешініп, əр таң сайын киінуге қазіргідей
қинала ерінбес едік. Оларға осының өзі де зор бақыт сияқты еді: өйткені
ертеңгі болашағыңды үлкен үмітпен əрі қуана күткенге не жетсін!
- Иə, деп сыбыр етті мұғалім, - бұл бір жандары жайсаң, қарапайым
адамдар жайлаған орта екен. Үлкен қалаларда даңғой менмендік
жəрмеңкесін аралап жүрген жерімнен мен мұнда қалай келіп қалдым осы?!
- Ол бір күрсініп алды да сөзін жалғастыра түсті. Иə, иə, иə, əр қиырдағы
алыс өлкелерде мен шарламаған жол қалмаған сияқты. Тіпті құлама тік
беткейлермен де жоғары қарай тырмыса өрмеледім. Мен халық өте жиі
қоныстанған өлкелерде - өзімшілдік өршіп тұрған жерлерде де болдым.
Онда адамның рухы тыпырши қанат қағып, ұшып-қонады сабыр таппай,
сергелдеңге түседі. Онда да күнделікті өмірдің шалшықты балшықтағы
сияқты жалғыздықтың тастай суық құшағы қадам басқан сайын күтеді те
тұрады. Ол өмірде күнəден пəк тазалық та, жанға жайлы демалу да,
шынайы мөлдір махаббат та жоқ – бəрі сатулы. Ал мына жерде мен өзімді
рақатқа бөленетіндей сезінетін сияқтымын.
- Ауста Соуллилья, қалқам, менің жаныма бір шыны аяқ кофе қоя
салшы. Түнде жүрегім ауырып жүрсе дегенім ғой. Бірақ бүгін жүрегім
ауыра қоймас, сірə.
Содан кейін балалар шешінді де шамды өшіріп жатып қалды. Қарт
əженің тұсындағы сөреде ғана кішкентай май шам өлімсірей жыпылықтап
тұрды. Қыздың есіне əкесі кеткелі бері суға шомылмағаны түсті. Сөйтті де
жатар алдында жуынып-шайынып алды. Шашын тарап болып, төсегіне
жатты. Соңғы кезде ол Гвендурмен екеуі бір кереуетте қатар жататын. Көне
көйлегін басынан асыра шешінгенде оның сыбдыры анық естілді. Өйткені
көйлек қызға өте тар болып қалған еді. Ауста ішкі белдемше көйлегін
шешуге мұғалімнен ұялды. Сөйтті де мамық көрпенің астына кіріп кетті.
Қатарында інісі жатыр. Осы кезде əжесі де май шамды өшіре қойды.
- Қайырлы түн болсын! Жайлы жатып, жақсы тұруға жазсын!- деп
сыбырлады ол қараңғы түн құшағында жатып.
Оның соншалықты сыпайылықпен білдірген мұндай лебізіне Луста
Соуллилья не деп жауап беруді білмеді. Жүрегі алқына соғып, аз ғана
үнсіздіктен кейін:
- Иə солай... - деп шала-шарпы жауап қатты.
Қонақ қорылдай бастады, ал балалар "Енді алдағы жаңа өміріміз жақсы
болады" деген үмітпен тəтті ұйқыға əлдеқашан кіріскен. Олардың
мұрындарын манағы кітаптардың жағымды иісі əлі де жыбыр-жыбыр
қытықтаумен болатын.
Ауста бірте-бірте қайдағы бір шым-шытырық ойлардың шырмауында
қалды, əлдебір түсініксіз құбылмалы дүниенің құшағына еніп кеткендей
болды. Бəлкім, дүние атаулының ең таңдаулы тамашасы да осы болар.
Бірақ кейбір нəрселер ақылға қона бермейтін, ерсі көрінетін сияқты.
Мысалы, үйдің төбесіндегі мұржадан түтін орнына əлдебір аңның сорайған
ұзын мойны көрінеді, ал алыстағы тау ғажайып көркем шіркеуге айналып
кеткен сияқты. Оған көтеріліп шығатын қоңыр саты аяқ басқан сайын
сықыр-сықыр етеді. Бірақ ол шіркеудің қоңырау қағылатын биік
мұнарасына тұп-тура алып баратындай көрінеді. Ауста Соуллильяның сол
мұнараға көтерілгісі келеді. Алғашқыда ол үрейі ұшып, өзін өте-мөте сақ
ұстаған еді. Бірақ осындай қиын жолға түсуге тəуекел еткеннен кейін
батылдана одан əрі жүре беруге, барған сайын жоғары көтеріле беруге тура
келеді. Бірақ сатысы құрғыр тым қауіпті, сынып кетердей сықыр-сықыр
кетеді... Ол өзінің əкем де соңымнан еріп келе жатыр екен-ау дей ойлайды.
Оны ойласа, қорыққанынан жүрегі ұшып кете жаздайтындай сезінеді.
Өйткені бұл кейін шегінер болса, одан жақсылық күтудің қажеті жоқ қолына түссең, сабаудан тайынбайды. Ауста неғұрлым жылдамдата
адымдап, ілгері кетуге тырысады - қоңырау қағылатын мұнараға бірінші
болып жетпекші! Ақырында ол өзінің тынысы тарылып, қинала
қалжырады, бойын қорқыныш биледі. Солай бола тұрса да оның əлгі қоңыр
сатымен бір өзінің əлі де болса жеке жүгіріп биік мұнараға көтеріле
алатынын ойша елестетсе, балаша қуанады. Сондықтан да басқыштан
басқышқа адымдай түсіп, бүкіл жолды ақырына дейін қалай да түгел жүріп
өтуі тиіс. Мұны басқа ешкім де білмеуі керек. Бірақ саты кенеттен тарылып
сала берді. Ауста қабырғаға сүйенуге мəжбүр болды, ал сатының сынып
түсердей сықыры барған сайын күшейіп барады. Қорқыныш əлгі
қуаныштан бірнеше есе асып түсті. Ой, бұл өзі қалай болып кетті? Алыстан
тып-тыныш қызықтап, ақырын ғана қарап тұра бермей, шіркеуге кіріп,
үрейі ұша қорқып несі бар еді сонша?! Егер əкесі енді аздан соң қуып
жетіп, "Шіркеудің қоңырау соғылатын биік мұнарасына неге тезірек шығып
үлгермедің?" деп, шапалақпен тартып-тартып жіберсе не істемек? Міне,
осы кезде оған жоғары жақтан əлдебір тесік көрінді. Ол толық жабылмай
қалған есіктің саңылауы екен. Одан əлдебіреудің бұдан көз алмай, қарап
тұрғаны байқалады. Оның жүзі бұған қайдан таныс? Ол мұны шынымен-ақ
қуантпақ па? Жоқ, Жоқ! Беті аулақ! Бұл баяғы түрі қорқынышты зұлым
ойлы шал ғой. Ол кітап сатушы болатын. Ол некесіз туылған өзім сияқты
құбыжық көрінетін бірнеше балам бар деп еді-ау! Əне таяғына сүйеніп,
сүйретіліп келе жатыр. Оның да кигені қоңыр көйлек... Осы бір ұсқыны
жаман шал қоңыр көйлекті қайдан тауып алды екен?.. Қолында кітабы бар.
Мұны күтіп түр. "Қазір мен саған бірнеше кітап көрсетемін. Ең жаңа, жұрт
іздеп жүріп оқитын өте сирек кездесетін кітап. Өзің қарап шықшы,
құрметті фрекен. Соған ұнамауы мүмкін емес! Солай ма?"
Қайдағы бір жаман түстер көріп, адам айтып болмайтын қорқынышты
құбыжықтан үрейі ұшқан Ауста ояна кетсе, қара терге малшынып жатыр
екен. Екі қолы бірдей су болып кетіпті. Бұл қорқыныштан түні бойы арыла
алмады. Ал ертеңіне соның бəрі көз алдына қайта елестеді. Қалжырап
қатты шаршағанын бір-ақ білді.
Ауста көзін ашқан бойда өз даусынан өзі шошып кетті. Орнынан атып
тұрып, зорға дегенде есін жиды. Жүрегі аттай тулап, аузына тығылды.
Сулы алақанымен маңдайының терін сүртті. Жоқ, жоқ, жоқ! Өзіне төніп
тұрған ешқандай қауіп жоқ екен. Тек жаман түс қана көріпті. Өзінен екі-үш
қадам жерде құрметті қонақ ұйықтап жатыр. Ол - бұлардың ең жақсы
күндерін жақындату үшін, өмірлерінің мəнді де сəнді болуы үшін келген
жан, Ауста оған құймақ пісіріп беруге, сөйтіп денсаулығын түзеп алуына
жəрдемдескісі келді... Қыздың қорқынышы бірте-бірте толық басылды. Ол
мұғалімнің қалай тыныс алып жатқанына құлақ қойды. Оған деген барлық
ізгі тілегін іштей айтып білдірген болды. Иə, енді бұлардың бəріне де ең
жақсы күндер туады. Ауста осындай оймен төсегіне қайта жатты.
ЕЛУІНШІ ТАРАУ
ПОЭЗИЯ
Сонымен білім шұғыласы жарқырап сала берді.
Сөйтсе дүниежүзілік мəдениеттің хабаршылары дегеніміз балалардың,
бəлкім, алғашқы кештегі қабылдағаны сияқты, орасан үлкен Рим қаласы
мен мойындары құрықтай жирафтар ғана емес, сонымен қатар алып денелі
піл де, шағын ел Дания да екен. Басқа да көптеген дүние болып шықты.
Күн өткен сайын жануарлардың жаңа түрлері, жаңа елдер, жаңа корольдер
мен жаңа құдайлар таныс бола бастады. Ол ол ма, кіп-кішкентай ұсақтүйек болып көрінгенімен аса қуатты цифрлар өз алдына бір бөлек. Бір
қарағанда жаны жоқ сияқты ол цифрлардың іс жүзінде өз өмірі, өз
тіршілігі, олардың əрқайсысының өз мағынасы мен атқаратын міндеттері
бар болып шықты. Оларды бір-бірімен өзара қосу не алу арқылы өзің
қалаған қажетті басқа бір цифрды табуға да болады екен. Ақырында
балалар поэзия əлеміне де енді. Ол ұлы деген елдің өзінен де ұлы көрінеді,
ол аспанмен тілдесетін зəулім де ақшаңқан алып сарайлар сияқты əсер
етеді. Оны сүйсіне тыңдаған сайын адамға қос қанат пайда болып, оның
жан дүниесі бейне бір қыран бүркіт сияқты шарықтап, биікке көтерілгенде,
қайта зымырап, төмен самғағанда аспаннан нұр нөсері құйылып, екпінді
жел ысқырығы естілгендей болады.
Балалардың күн сайын таңертең қойға шөп салып жүргендегі
əңгімелері, міне, осы төңіректе өрбиді. Олар өздерінің көңілсіз күйкі
тіршілікпен өтіп жатқан өміріне кенеттен осы бір адамның, жай ғана адам
емес, кітапта жазылғандардың бəрін білетін, біліп қана қоймай, ондағы
суреттелетін ғажайып дүниені түгел шарлап, өз көзімен көріп-білген
адамның келе қалғанын таң қала əрі қуана сөз етеді. Ол алуан түрлі
қалаларда болып, олардағы айуанханаларды көріп қана қойған жоқ,
сонымен қатар адам жанын қуанышқа кенелтетін, ең аз дегенде рақат
тыныштыққа бөлейтін жасыл ормандарды да аралаған. Ол сенің жан
жүрегіңді тебірентерлік сөз тауып айта біледі. Егер Гвендур қойдан да гөрі
басқа жануарлар түрін өсіруді немесе қозылардың есебінен саулықтардың
санын көбейте түсуді, сөйтіп едендегі тақтайлардың санымен салыстыра
отырып, үйдің төбесі жабылған арқалық мəткелердің қанша екенін есептеп
шығаруды армандаумен ғана шектелсе, кішкентай Нонни алыстағы
ғажайып елдер туралы ойлаумен болды. Ол ондай елдердің шынында да
бар екенін растайтын нақты дəлелді енді тапқандай. Ондай елдер жас
балаларды жұбату үшін ойдан шығарылған жалған нəрсе еместігіне көз
жеткізді.
Ал Ауста Соуллилья ше? Ол поэзия қанатына мініп, əлдебір алыс өлкеге
зымырап ұшып барады. Бір күні көктемнің тамылжыған тұнық түрінде
оған сол өлкеден мұның құлағына жаңғырық сияқты бір нəрсе естілген
болатын. Бұл жаңалықты жеті таудан асып, алысқа кеткен бір кішкентай
қыз туралы əңгімені оқып отырғанда естіген еді. Қазір бұған сол жаңғырық
əлдебір əдемі əн болып тағы да жетті. Ауста əлгі қызды өзім екенмін деп
сезінді. Қазір оған бақыт, тағдыр, қайғы-қасірет дегеннің бəрі де түсінікті.
Жүздеген мың тастың арасындағы шөлдің ортасында бой көтере өсіп
тұрған нəзік те дəрменсіз аянышты гүлді көргенде өзіңе-өзің мынадай
сұрақ қоясың: өмірдің алуан түрлі кедергілерді бұзып-жарып,
табандылықпен алға басатыны несі екен осы? Осы гүлді сабағымен жұлып
алып, онымен өз түтігіңді тазартсаң, қалай болар еді? Жоқ, ол гүлді жұлып
ала көрмеңіз! Өйткені бұл өсімдік те сіз бен біз сияқты мына өмірдің əрі
шектеулі, əрі шексіз екенін ойлайтын болуы, ізгілікке деген махаббатпен
жігерлене түсіп, жүздеген мың тастардың арасындағы шөлдің ортасында
тіршілік ететін болуы керек. Қатыгез сұмдыққа барудан сақтана көріңіз.
Нəзік гүлді жұла көрмеңіз: бəлкім, ол да біреудің Ауста Соуллильясы
болар.
Ауста скальдтардың мəнерлі сөздерін, олардың əсерлі əндерін ерте
түсініп үлгерген еді. Сол алдын ала жасаған əзірлігі өте пайдалы болды.
Бірақ бір айырмашылығы сол, ескі əндер топырағы құнарсыз, өсімдіктер
дүниесі кедей, оның есесіне қатпар-қатпар тасқа бай елдерді көзге
елестететін, ал жаңа поэзия, керісінше, гүлдердің ғажайып кең тынысына,
мұңға, аңқыған жұпар иісіне толы болатын. Мұғалім өлеңді Аустаның
əкесінен мүлде басқаша, əсерлі оқиды екен Екпінді ырғақты ұйқасқа,
əсіресе ішкі ырғақты ұйқасқа сала дауыстап оқудың орнына мұғалім өлеңді
сыбырлағандай етіп, баяу дауыспен өте мəнерлеп оқығанда скальдтардың
құпия сырларының тұңғиық тереңіне сүңгіп кеткендей болады. Ондайда
бөлмедегі нəрселердің бəрі де өздеріне жан біткендей əсер етеді. Олардың
əрқайсысының өз сыры, өз құпиясы бар сияқты. Егер Ауста кереуеттің
суық жақтауын алақанымен сипап қараса, оған енді кəдімгі ағаштың өзі
жұп-жұмсақ əрі жылы сияқты сезілетін болды: ішкі жағынан бейне бір
жанды жүрек соғып, жылытып тұрғандай. Мұғалім бұл қыздың алғаш рет
ғашықтық сезіміне бой алдырып, көшпелі бұлттармен тілдескісі келген
кезінде іздеп таба алмай, қатты қиналған сөздерін білетін болып шықты.
Ал, бұл ол кезде əлі тым жас еді: əлгі бұлттардың не деп бара жатқанын
түсінбейтін. Сондықтан да қыз ол бұлттардың бойынан мүлде жоқ нəрсені
іздеген еді. Сол бір күндері бұлардың жеріне аң аулау үшін келген адамның
поэзиядан хабары жоқ болатын. Шамасы, ол бұл қыздың жанын тіпті де
түсінбеген болуы керек. Ал, дұрыс түсініктің болуы -адамның бойындағы
ең қымбат қасиет. Аустаға мынадай ой келді: егер Иоунның қызы Одур
шынымен-ақ сол аңшыға күйеуге шығатын болса, мейлі шыға берсін, бірақ
оның аузынан ешқашан да ешқандай дастан ести алмайды. Осының өзіненақ Аустаның кеудесін мақтаныш сезімі кернеді.
Рас, ол аңшының еріндерінен күлкінің белгісі білінбесе де жүзінен
күлкі ойнап тұратын, көздері нұр шашпайтын, жайнап тұрмайтын. Ал
үнінде мына мұғалімдегі сияқты адамды өзіне бірден баурап əкететін
əлдебір сүйкімді қасиет байқалмайтын.
Бұл мұғалім тұтас дастандарды жатқа біледі жəне ақырын ғана
сыбырлап отырып, мəнерлеп оқығанда бүкіл тұла бойыңды тебіренте
дірілдетеді, көзіңнен жан дүниеңді жадырата жас ағызады, қатып-семіп,
өліп қалған жүйкелеріңе жан бітіреді.
Бір қиырда жатқан алыс хутордағы жап-жас қызды бəрінен де бұрын
ізгі адамгершілік қасиеттер туралы өлеңдер, əсіресе əлдебір таңғажайып
əдемі құндылық жолында, мысалы, отан игілігі жолында, өзін-өзі құрбан
етуге, теңдесі жоқ ерлік үлгісін көрсете алған жанкешті ұлы адамдар
туралы өлеңдер баурап алатын сияқты көрінетін. Былтырғы сол бір
көктемгі түнде ондай ерлікті бұл қыздың өзі де жасай алатындай болып
сезінгені бар. Ол кезде бұл сыртқы есік алдындағы табалдырықта тұрып,
қызық қиялға берілу үстінде болатын. Жо-жоқ, ол қиял бұлай емес, тіпті де
бұлай емес еді. Бұл қызды қазір бəрінен де бұрын тебірентетін нəрсе –
көкірегіне асқақтата тəтті мұң ұялататын, бүкіл дүниені құшағына
тұтасымен ала алатындай асыл арманы орындалмаған шерлі жүрек жəне
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 32
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.