Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 41

Total number of words is 4348
Total number of unique words is 2136
38.5 of words are in the 2000 most common words
54.2 of words are in the 5000 most common words
61.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- Бұл істің немен тынатынын əлі ешкім білмейді, - деді Тау королі. Жоқ, бұл істе тым бір жақты кету жақсылыққа алып барып соқтырмайды.
Əсіресе, саясат мəселесіне сақ болу керек. Ингольв Арнарсон - əрине,
қабілетті жігіт. Оның бүкіл əулеті қабілетті жандар. Шеттерінен шешен.
Сөйлер сөзге ағып тұр. Бірақ оның осы жолы көп дауыс жоғалтып
алатынын мен былтыр-ақ сезгенмін. Өйткені теңіз жағалауында
тұратындардың бəрі де жеке кəсіпкерлік туралы бастама көтеру жөнінде бір
ауыздан сөз етуде екен. Сондықтан да мен тұтынушылар қоғамынан
шығатынымды былтыр-ақ жариялап қойғанмын. Бұл жерде мəселе менің
жекеменшік ісімде емес. Өйткені саясат жекеменшік іске жатпайды. Мен
мұны жеке адам ретінде айтып тұрған жоқпын. Ал, екінші жағынан алып
қарағанда, менің өз ісімді Виктегі күйеу балама түгелдей тапсырып
қойғаныма таң қалудың қандай қажеті бар? Бұл əрекетім арқылы мен
Редсмири тұрғындарын кемсітейін деген ойдан мүлде аулақпын. Ингольв
Арнарсонның үйіп-төгіп берген уəдесін тыңдасаң, аузыңнан сілекейің
шұбырып қоя береді. "Ал егер ол сайланбай қалса не болмақ?" деп сұрақ
қоюыма рұхсат па? Егер оның партиясы жеңіліп қалса ше? Көп адамның
ауызы осылай деп күні бұрын қисайып отыр. Міне, мұндай жағдайда көңқоқыс сақтайтын цистерналар мен іс тоқитын машиналарды күте- күте
көзіміз талып жүрмесіне кім кепіл?! Сондай-ақ жайлы үйлерді кім салып
береді? Сөйтіп Ингольвке дауыс бергендердің жағдайы қалай болар екен,
сірə? Өйткені көп нəрсенің шешуі банк директорына байланысты ғой.
Астаналық шонжарларды аяғынан шалып сүріндіру оңай іс емес. Ал ондай
үлкен адамдардың саған жақсы қатынаста болғанының ешқандай
артықтығы да, зияны да жоқ.
Бір нəрсенің басы ашық еді: Тау королі тұтынушылар қоғамында болған
кезінде қазіргі өзінің күйеу баласының көмегіне арқа сүйеп, бүгінгі таңда
қолға алып отырған шараларына баруға тіпті де батылы жетпес еді. Қазір
ол үй салуға бекем бел буды. Оған бірнеше жүк машинасы ағаш жəне
цемент тасыды - маусым айына дейін үй дайын болады.
Бьяртур оған көзінің астымен бір қарап қойды да былай деп жауап
қатты:
- І-ім, қызын саудагерге беру екінің бірінің қолынан келе бермейді.
- Ой, жарқыным Бьяртур-ай, сендердің ешқайсысың Редсмиридегі
отбасымен құда жекжат бола қойған жоқсыңдар ма? - деді Тау королі. Олай болса, мен сенің олардан неге айырылмай жүргеніңе тіпті де
түсінбеймін!
- Маған олармен туыс болуымның не қажеті бар? Мен өзіммен істес
болып жүрген адамға дауыс беремін, - деді едəуір намыстанып,
шамданғандай болған Бьяртур. - Мен оған істі адал жүргізген кезінде
əрдайым дауыс беремін. Сенің астаналық шонжармен аралас-құралас
болуыңа бəлкім, əлдебір себептер болған шығар? Сен соны мақтаныш
көресің. Ал менде ондай себеп те, ықылас та жоқ.
- Жұрт сені үй салады дей ме осы?
- Егер үй салғым келген күннің өзінде оған саясаттың не қатысы бар?
- Не қатысы бар дегенің қалай? - деп, сұрақ қоя жауап берді Тау королі. Меніңше, егер үй салғың келсе, онда банкке арқа сүйеудің ешқандай зияны
жоқ.
- Егер маған қажет болып жатса, тұтыну қоғамынан құрылыс
материалдарын сатып алу қиын бола қояды деп ойламаймын.
- Бір ғана құрылыс материалдарын алумен ұзаққа бара алмайсың,
қымбаттым Бьяртур, -деп қарсы болды Тау королі. - Жұмысшыларға ақы
төлеу үшін ақшаны қайдан аласың? Ағаш ұсталары мен тас қалаушылар əлі
құдайы несиеге жұмыс істемейді. Үй салар болсаң, қолыңда бірнеше мың
крона тұрғаны дұрыс.
- Ой, маған ақша табу оп-оңай, - деді Бьяртур. - Осыдан біраз күн бұрын
келген бір үлкен адам маған кассадан кез келген минөтте қажетіңше қарыз
алуыңа болады деп уəде беріп кетті.
- Иə, несиеге қарыз беретін касса ғой, - деп, іліп ала жөнелді Тау королі.
- Ондай касса туралы мен ешқандай жаман пікір айтпаймын. Өйткені
редсмирилік Иоун соғысқа дейінгі көп жылдар бойы приход кеңесінде
мына менімен бірге қатар отырды ғой. Не айтары бар -ол өте тамаша адам!
Егер қайдағы бір кездейсоқ сенімсіз адамдар əуелі оның жолын тосып,
аяғына орала жығылып, ақша сұрап алып, соңынан онымен соттасамын деп
қоқан-лоққы жасап келген болса, онда Йоунның ешқандай кінəсі жоқ. Олар
не үшін соттаспақ болды? Иоуннан өздерінің келіскен шарттары бойынша
қарызға ақша алғаны үшін бе? Өз басым оның банк ашқанына тіпті де таң
қалмаймын. Өйткені оның ақшасы үнемі айналымда болады. Ол үшін өзіне
тиісті небары алты пайыздық заңды өсім алып отырады. Мұның өзі оның
əлдебіреулерден өкімет орындарының назарынан тыс алақан жайып, қарыз
сұрап жүргенінен əлдеқайда жақсы ғой. Рас, ол бір кезде он екі пайыздан
жиырма пайызға дейін өсім алып келген болатын. Бірақ ондай қылығы
үшін түрмеден бір-ақ шығуы əбден мүмкін еді. Ал несие беретін банк сенімді əрі салмақты іс. Қажет бола қалатын азын-аулақ соманы қарызға
бере қоятын ондай несие кассасының өз приходында болғаны қандай
жақсы! Бірақ азын-аулақ соманы, соның өзін өте қажет болып, қысылған
жандарға ғана берген дұрыс. Оның үстіне, несие кассасы қоятын шартқа
сəйкес ешкім де мол мөлшерде қарыз ала алмайды. Кімде-кім құрылыс
салатын болса, қырық жылға дейінгі ұзақ мерзімге берілетін қарызды ең
үлкен банкіден ғана алуды дұрыс көреді.
- Маған ондай ұзақ мерзімге қарыз алудың қажеті не? Бір-екі жылдың
өзінде-ақ қайтарып беремін. Соғыс тоқтап, бейбіт заман орнаған бойда
бағаның бəрі төмендеп кетеді деп бөскендер аз болған жоқ еді. Бірақ
жүннің бағасы тап биылғы көктемдегідей ешқашан жоғары болған емес.
Менің сенімді біреулерден естігенімдей, алдағы күзде қойдың бағасы да
қымбаттай түсетін көрінеді.
Тау королі ойланып қалды, əлдебір күдікпен сақалын сипай берді. Ол
өзінің ойын атпай тұрып, əдетте сақалын олай да, былай да сипаумен
болатын. Оның көзіне əрбір ой шын жазбаша түрде қағаз бетіне түскеннен
кейін ғана, яғни ресми құжатқа айналғаннан кейін ғана күшіне енетіндей
көрінетін. Өйткені ол тым ұзақ жылдар бойы шенеунік болып келген еді.
Оның қамқорлығында жануарлар да, адамдар да, тіпті дін қызметкерлерінің
өздері де болған-ды. Сондықтан да ол тым атүсті асығыс
қорытындылардың жасалуына жол бермейтін.
- Иə, иə, - деді ол едəуір уақыттан соң, - жарқыным Бьяртур, менің
саған, өзіме тікелей қатысы болмаса да, бір достық кеңес бергім келеді.
Бірақ сен мұны ресми тұлға ретінде айту үшін келді екен деп ойлап қалма.
Екіншіден, мен сені сендіріп, көзіңді жеткізу үшін жай ғана жеке тұлға
ретінде де сөйлеспеуге тырысамын. Жоқ, мені ондай да, ондай емес те деп
таны. Сенің өзің жақсы білесің, мен кооперативтік қозғалысқа дұрыс нəрсе
екен деп ешқашан толық қолдау көрсеткен жан емеспін. Дегенмен де оның
көптеген пайдалы жақсы жақтары бар екенін білемін. Мен оның жақсы
тұстарын редсмириліктердің, атап айтқанда, ең алдымен фрудың жеке
өзінің іс-əрекеттерінен айқын көріп, əрқашан бірінші болып танып, қызу
қолдау көрсетіп келдім. Рас, мен қашан болса да істің алтын аралығын
қолдауға тырыстым. Сондықтан да мəселенің екі жағын да дұрыс деп
табуыма мүмкіндігім мол болды. Қалай дегенде де істің қай жағының
дұрыс екені толық дəлелденіп, жеңіп шыққанға дейін сондай ұстаным
жасаймын. Ал тап қазір мен жоғары дəрежелі адамдар сенім білдірген өкіл
ретінде, - рас ол жөнінде қолымда əлі жазбаша құжатым жоқ, - саған өте
тиімді шарттармен несие қарыз ұсынам ба деп тұрмын. Егер сенің
шынымен құрылыс салу ниетің бар болса, астаналық банктен қырық
жылдық ұзақ мерзімге ипотекалық қарыз ретінде қаржы алып бере аламын.
Бір ғана шарт қоямын Ол түсінікті де. Сен өз еркі өзіңдегі, өзге ешкімге
тəуелді емес дербес адамсың, - мен сенің қаңына сіңген ондай қасиеттің
бар екенін жақсы білемін. - Қазіргі заманның бізден нені талап ететінін
түсінетін болуың керек. Бір сөзбен айтқанда, сенің қазір қай жаққа қарай
бағыт ұстауға ақылың жететін болуы тиіс.
АЛПЫС ЖЕТІНШІ ТАРАУ
CAЛT MIHETIH AT
Бұл көктемде Жазғы мекен тұрғыны Гвендурдың есімі жұрттың бəрінің
аузынан түспеді. Оның себебі: біріншіден, Америкаға кетпек болғаны,
екіншіден, тіпті бəйгеге қосатын ат сатып алуы! Ол мұндай атты əлдебір
алыс приходтан келген адамнан қымбат бағаға сатып алды. Жұрт
Гвендурды күлкіге айналдырды. Бұл ақымақ жігіт Ингольв Арнарсонның
жалғыз қызының соңынан қалмай, түні бойы салпақтап жүріп, пароходтан
қалып қойыпты. Бұған ішек-сілең қата күлмегенде қайтерсің?! Біреулер бұл
жігіт ақылынан адасқан болуы керек десті. Екінші біреулер сатып алған
аты түкке тұрғысыз нашар, кəрі-құртаң бірдеңе дегенді айтты. Осындай да
ақымақ болады екен-ау! Енді ол барша жұртқа, барлық жерге ақылынан
адасқан есуас біреу ретінде белгілі болды. Əлдебір шет аймақтардың
бірінде жиналыс бар екен дегенді естісе, атына міне салып, сонда тартып
отыратынды шығарды.
Шаруалар оны бейне бір өшпенділікпен мазақ етіп, мəз болысты. Ал
қала тұрғындары оны деревняның қолапайсыз жігіті ретінде күлкі етті.
Қымбатқа сатып алған атынан түспей, барлық базарды аралап жүретінін,
альтинг депутатының жалғыз қызының соңынан қалмай, түні бойы əуресарсаңға түскенін мазақ етісті. Пайдакүнем саудагерлер оны жол бойында
тоқтатып, атының тісін ашып көріп, келемеж етті. Бұл атты өздері сатып
алып, иесіне бұдан да нашар атты алдап тықпалауға тырысты.
Жаздың орта шеніндегі жексенбінің бірі еді. Приход тұрғындары сайлау
алдындағы жиналысқа Утиредсмириге шақырылды. Пастор бұл жағдайды
пайдаланып қалуға -жиналыс алдында түскі намаз оқу рəсімін өткізуге
тырысып бақты. Əлдебіреу тым ерте келген екен - Құдайға құлшылық ету
намазына қатысып үлгерді. Алайда саясатқа ынта қоюдың күшейіп кеткені
сонша, тіпті жай қарапайым адамдардың өздері де ескі нанымдарынан бас
тарта безініп, өздеріне күшті басшылықтың алыстағы аспаннан емес,
жақындағы жерден жасалып отырғанын түсіне бастады.
Гвендур өзінің атын салт міне салып, Құдайға құлшылық ету намазына
екпіндете шауып жеткен еді. Ат байланатын орынның жанында деревняның
бір топ жастары тұрған болатын. Олар Гвендурды əдеттегідей мазақ еткен
күлкімен қарсы алды: Америкаға неге кетіп қалмағанын айтып, наразы
екендіктерін білдірді, ал кейбіреулері оның атын айналдыра қарап шығып,
соншалықты салқын əрі қолдамаған пікір білдірді. Гвендур аз-кем кідірді
де екі қабатты үлкен үйге жасырын түрде тез көз жүгіртті. Əсіресе оның
екінші қабатының төбесіне салынған шағын үйшікке қайта-қайта қарай
берді. Өзінің жекеменшік атын салт мініп, шауып келгенін байқаған ешкім
бар ма екен деген үмітпен қарайды. Бірақ бұл атақты үйдің терезесінен əр
жақтан жиналған қағылған-соғылған тобырға көз сала қоятын ешкім жоқ
еді. Ақын əйелдің қыш құмыраларда мəпелеп өсірген сəнді өсімдіктерінің
күн сəулесіне ұмтылған гүл жапырақтары ғана көрінеді. Жас жігіт
старостаның отбасы мүшелері шіркеуге кетіп қалған болар деп ойлады.
Сөйтіп өзі де солай қарай бет алды. Ол шіркеудің есігі алдына жайғасып
алып, іште отырғандарға айнала көз жүгіртумен болды. Қыз алдыңғы
қатардағы скамейкада, амвонның жанында отыр екен. Ол қызыл қалпақ
киіпті. Гвендур мен қыздың екі арасын бірнеше қатар отырған адамдар
бөліп тұр. Сондықтан да ол осынша көп бастың арасынан қызыл қалпақты
қайта-қайта іздестіреді. Гвендур тұла бойымен электр тогы жүріп өткендей
сезінді - өкпесі алқынып, үлкейе түскендей, ал жұдырықтай жүрегі тым
кішірейіп кеткендей болды. Саз үніне ерекше сезімталдық танытты.
Псалом-дұғаның үнінен құлағы бітіп қала жаздады, екі көзінің алды
тұманданып сала берді. Уақыт созыла түсті, ал псалом-дұға оқудың сəнін
келтіретін дауыстап жылап-сықтаудың əлі аяқталар түрі жоқ. Мұндайда
қызға қалай жақын бара аларсың? Оңаша шығып кет деп қалай айта
аларсың? Шамасы, дұға оқу аяқталып, қыз өзінің жанынан өтіп бара
жатқан кезде оны шынтағымен түртіп қалып, құлағына "Көшеге шыққан
соң бұрыштың арғы шетінде күте тұр" деп сыбырлағаны жөн шығар? Жоқ,
мұнысы дұрыс болмайды. Қызды шіркеу ішінде кідірту -əдепсіздік. Оның
үстіне, қандай қызды десеңші! Бұрыштың арғы шетінде күте тұр, оңаша
кездесейік демек болғаны не деген масқара!? Егер оны ат қора жаққа
барып, өзінің сатып алған байталын тамашалауға шақырса, бір жөн болар
еді. Бірақ Гвендурға тағы бір ой сап ете түсті. Шіркеудің ішінде жылқы
туралы сөз ету ерсі болмас па екен? Өйткені Киелі кітаптың қайсысын
алып қарасаң да жылқы туралы бір ауыз сөз кездеспейді, тек есектер
туралы айтылады. Гвендур көзі бұлдырап, бозғылт тұманның арасынан
пастордың алтарьдан шыққан, мехрапта тұрып тағы бір ұзақ псаломдұғаны даусын соза бастап жібергенін көрді. Жұрттың бəрі де отырған
орындарынан тұрды. Қыз да түрегелді. Гвендур оның үстінде көгілдір
пальтосы бар екенін байқады. Бұл дүниеде оның екі иығындай сұлу иық
ешкімде жоқ шығар сірə? Иə ол иыққа салмақ салуға тіпті де болмайды.
Қызыл қалпағының астынан алтындай сары қос бұрымы көрінді. Қыздың
кигені өте қымбат қалпақ еді. Ол бұлардың бүгінгі салтанатты кездесуінің
сəтті минөтіне өте-мөте жарасатын сияқты. Бірақ бүгін қыз бұған
соншалықты қатал əрі тым менмен болып көрінді. Мұның жағына ең
болмаса бір рет мойын бұрып қараса, несі кетеді? Сонда мұның толқын ата
тасқындаған махаббат сезімі оған қалай да жетер еді. Бірақ, амал қанша, ол
қыздың басқа біреудің байталын қызықтайтын құлқы бар дейсің бе? Ал
егер бұл өзінің осы байталын қызға сыйлық ретінде беріп кете салса,
қайтер еді? Өйткені бұл байтал да қымбат тұрады - мың кронаға жақын.
Дегенмен де ол қыз мұның сыйлығын қабыл ала қояр ма екен? Егер
қабылдаса, бұл үйіне қуана-қуана жаяу қайтар еді. Егер қыз қалауын
білдіріп, үйіңе дейін жер бауырлап, еңбектеп бар деп бұйырса, солай етуге
де əзір. Гвендур да осының бəрін тап бүгін ашық айтуға деген құштарлық
күшейе түсті. Өйткені бұл қызды бірінші көрген қас-қағым сəттің өзінде-ақ
оның құлақ кесті адал құлындай сезінген еді. Сондықтан ол қыз бұған не
бұйырса да - салт атқа мініп жүр десе де, жаяу кете бер десе де, тіпті үйіңе
дейін жер бауырлап, еңбектеп жет десе де сөзсіз орындалатын еді. Гвендур
бұл қыздың жолына ең ұлы орасан зор мемлекеттің өзін құрбандық етті
емес пе?! Ал ол елде адамның кім боламын десе де өз еркінде болатын,
адам өмір бақи тынымсыз əрі мəн-мағынасыз жұмыс істей беруге тіпті де
тиіс емес еді... Иə, бұлар да қол жағасында емін-еркін оңаша ойнап-күліп
жатқан болатын. Сонда қол бетінде махаббаттың символындай қос аққу
жүзіп жүрген. Қазір олар қайда екен? Бəлкім, біржола ұшып кеткен болар?
Əлде олар бұлардың көзіне көрінген бос елес қана ма еді? Жо-жоқ, бос елес
емес! Ол қыз мұны шын сүйген болатын. Содан соң өзінің боз биесіне
мініп, бұған жеткізбей, көгілдір кеңістіктің алыс түкпіріне еніп, көрінбей
кеткен...
- Христ қауымындағы қымбатты аға-інілерім мен апа-қарындастарым,
менің сендерді аға-інілерім мен апа-қарындастарым деп батыл айтуыма
толық негізім бар. Сендер сонау биік аспанға шарықтап шыға алатын үш
əріпті, кішкентай ғана үш əріпті білесіңдер ме?
Пастор ақырында амвонға көтерілді. Енді ол ұзақ-сонар тағы бір
псалом-дұға оқуға кіріссе екен. Сонда бұл жас жігіт жігерленген шабыты
келіп, əлдебір батыл шешім қабылдап та қалар еді...
- Қане, қымбатты аға-інілерім мен апа-қарындастарым, біздің
бəрімізден жоғары тұратын сол үш əріп, небары үш кішкентай əріп туралы
терең ойланып көріңдерші...
Иə, бұл сүйген қызына астындағы атын сыйлауға біржола бел буды.
Бірақ ол мұның сыйлығын қабыл ала ма əлде қабыл алмай ма - ол жағы əлі
белгісіз. Егер қабылдай қойса, бұл оған өле-өлгенше риза болар еді, тіпті
өмір бойы қарыздар болып қалар еді. Қыздың былай деуі де мүмкін-ау:
"Немене мені аты жоқ деп ойлайсың ба? Менде ат дегенің жетіп артылады.
Ат қорада толып тұр!" Бірақ Гвендур əлі үмітін үзген жоқ. Бəлкім, қыз
мынадай сөздер айтып қалар: "Мынау бір керемет жақсы ат екен. Бұрынсоңды өзім көрмеген сұлу жылқы! Мен мұны зор ризашылықпен қабыл
аламын Өйткені өз қолыңмен сен сыйлап тұрсың ғой! Сен өзің де сұлу
жігітсің, күштісің, кеудең құшақ жетпестей кең, жауырының қақпақтай
жалпақ... Бірақ сен өзің атсыз қаласың ғой. Үйіңе жаяу қайтасың ба?"
Сонда бұл оған: "Ештеңе етпейді. Маған жаяу кету былай тұрсын, тіпті
төрт аяқтап, жер бауырлап, еңбектеп кетуге де бармын! Ол ол ма, ит болып
үр десең де əзірмін. Тек сенің қалауың білсін. Мен көп ұзамай, Жазғы
мекеннің иесі боламын. Жақында құрылыс салуға кірісеміз. Редсмиридегі
сияқты үлкен, екі қабатты, екінші қабатының үстінде үйшігі бар əдемі үй
тұрғызатын боламыз. Бірақ біз оны сендер сияқты ағаш пен темірден ғана
емес, тамаша тастан салатын боламыз..." деп жауап қайтарар еді. Е, Құдай,
өзің кеше гөр: шіркеуде жылқы туралы емес, тек есектер туралы сөз айту
керек еді-ау!
- Қане, кімді кім шығарып жіберді? - деп, пастор даусын салтанатпен
соза түсіп, сұрақ қойды. Жазғы мекеннен келген жігіт адамды емес, əлдебір
атты шығарып жіберген болар деп ойлады жəне солай болып шықса екен
деп бүкіл жан-жүрегімен қалады. Пастор амвонның үстінен төменге еңкейе
иіліп қарады
- Сөйтіп оны шығарып жіберді, - деді пастор бар екпінді "оны" деген
сөзге түсіріп.
Өкінішке орай, жас жігіт əңгіме кім туралы екенін өз ойымен өзі болып
отырып ести алған жоқ еді.
- Қане айтыңдаршы кімді кім шығарып жіберді? - деп сұрады пастор.
Бұл жолы ол едəуір ұзақ үзіліс жасап, шіркеуде ғибадат етіп отырғандарды
түгел шолып шықты.
"Бəлкім, бұл сұраққа менің жауап беруіме тура келсе, қайтемін?" деген
ой келген кезде Гвендурдың зəре-құты қалмай, қатты дегбірсізденді. Құдай
жарылқап, пастор өз сұрақтарына өзі жауап бере бастады:
- Оны Пилаттың жауынгерлері шығарып жіберді. Олар оны қашан
шығарып жіберді? Олар оны сағат бестің кезінде шығарып жіберді. Қайда
шығарып жіберді? Ашық аспан астына шығарып жіберді. Оны неге
шығарып жіберді? Өйткені ол жерде қалдыруға рұқсат етілмеді.
Жас жігіт уһ деп енді ғана еркін дем алды.
Егер қазір бұл Құдайға құлшылық ету уағызының аяқталуын күтпей-ақ,
ақырын-ақырын сытылып, шіркеуден шығып кетсе қайтер еді. Бұл ең соңғы
қатардағы скамейканың шет жағында отыр ғой - кім байқай қояр дейсің?
Тізесін бүге еңкейіп, есікке жақын барса, сыртқа шығып кету қиын емес.
Сөйтіп ат байлайтын аула жаққа барып, өзінің атын жетектеп алып келеді.
Құдайға ғибадат ету рəсімі аяқталғанша шіркеудің есігі алдында атын
тізгінінен ұстап, күте тұрады. Ал қыз шіркеуден шыққан бойда тізгінді
оның қолына бере қояды да: "Міне, бұл енді сенің атың болады!" дейді.
Осылай ойлаған кезде оның есіне мына қаптаған халық түсе кетті. Сонда
бүкіл поселке халқы бұл туралы не айтпақ?
Кедей шаруа ұлының Утиредсмиридегі бай Йоунның немересіне ат
сыйлағаны ерсі болмас па екен? Мұны масқара етіп, мазақ етсе, не істемек?
Осыншалық өрескел батылдығы үшін бұған қыздың өзі де ренжіп жүрмей
ме? "Сөйтіп жалпы жұрттың күлкісіне қалмаймын ба?" деген ой келгенде
жігіттің маңдайынан сұп-суық қара тер бұрқ ете түсті. Ол ойланған сайын
енді не істеу керектігін білмей, шатаса берді, шатаса берді.
- Христ қауымындағы қымбатты аға інілерім мен апа-қарындастарым, деді пастор. -Уақыт зулап өтіп барады. - Осы бір терең мағыналы сөзді
айтқаннан соң ол едəуір ұзақ үн-түнсіз тұрып алды. Алға қарай ұмтыла
еңкейіп, Құдайға құлшылық етіп отырғандарды түгел шолып шықты да,
олардың жан дүниесіне барынша жіті үңіле түскендей болды. Əсіресе
Жазғы мекеннен келген Гвендурға ерекше шұқшия қадалған сияқты. - Иə,
уақыт зулап өтіп барады, - деп қайталады ол əлгі сөзін. - Ойлап
қараңдаршы. Кеше сенбі еді. Бүгін жексенбі келді. Ертең дүйсенбі болады.
Содан соң сейсенбі келіп жетеді. Осыдан аз ғана бұрын сағат бір еді. Қазір
екі болыпты. Енді бір сағаттан соң үш болады. Одан соң төрт...
Осы бір терең ойланып айтылған, мəн-мағынаға толы сөздерді Гвендур
ең алдымен өзіне арналғандай қабылдады. Ойлап қараса, шынында да
уақыт зулап өтіп барады екен. Ал бұл əлі бір шешімге тоқталған жоқ.
Жүрегі қысылып, дүрс-дүрс соққан сайын маңдайынан суық тер
тамшылайды. Құдайға құлшылық ету рəсімі де аяқталып келеді. Бірақ
қызыл қалпақты қыз өзінің тұрған орнынан қозғалар емес. Басын сəл ғана
кейін шалқайтты. Өйткені пастордың аузынан шыққан əрбір сөзді жан
дүниесіне терең сіңіру үшін оған қадала қарап тұрып тыңдауға тырысқан
еді. Ал Гвендур бейшараға пастордың кейбір сөз тіркестері шала-шарпы
естілуден аспады. Оның үстіне, жас жігіттің басы өзіндік шым-шытырық
ойларға толы болатын.
- Осы кезде тау екі жарылды, Христ қауымындағы қымбатты ағаінілерім мен апа-қарындастарым. Шіркеудегі қасиетті перде жоғарыдан
төменге дейін қақ айырылып түсті. Дүние қапас қараңғылық құшағында
қалды, барлық жерде қараңғы түнек орнады.
Иə, шын мəнінде қараңғы түнек орнағандай болды. Құдайға құлшылық
ету рəсімі аяқталып келеді. Міне, аяқталып та қалды. Соңғы псалом-дұға
оқылды. Гвендурдың көзі бұлдырап, ешнəрсені жөнді көре алмады, құлағы
да нашар естігендей боды. Жұрттың бəрі орындарынан тұрды. Бұл да
көтерілді. Қызыл қалпақ мұның жанына жетіп, қабаттаса бергенше осы
орында тапжылмай тұра бергені дұрыс па əлде жұртпен бірге сыртқа қарай
жылжи бергені жөн бе? Бəрібір күтіп тұрды. Ол мұның жанына жете
бергенде бетіне қарап, өзінің бүкіл махаббат сезімін білдіруге тырысып
көрмек. Жоқ, тұнжыраған көздерін үн-түнсіз қадап, мөлиген мүсəпір кейіп
танытады. Шамасы, осылай еткені дұрыс болар? Міне бұл оған алыстан
қадала қарады. Махаббат жалынын қалай жеткізсем екен деген оймен
басын қатырды... Міне енді ғана айқын көрді - қызыл қалпақ тіпті де бұл
қиялдаған қыз емес, осы поселкедегі жасамыс əйелдің бірі болып шықты.
Ол осындағы біреуден некесіз бала тауып алған əйел еді. Атап айтқанда,
гителгалық Тоурирдің ортаншы қызы болатын. Енді бұл өзі ынтыға күтіп
тұрған қызыл қалпақтан қатты жерінді. Гвендур ақырында есін зорға
дегенде жиды. Бірақ бұған дейін аттай тулап, тыным таппай тұрған жүрегі
енді су сепкендей басылып, тым-тырыс бола қалды. Бəрі де бос əурешілік
екен. Айнала төңірегі де қаңырап бос қалғандай сезілді. Гвендур манадан
бері псалом-дұғалар əндете оқылып, Құдайға құлшылық ету уағызы ұзақ
айтылып жатқанда шіркеудің ішінде текке отырып, өзінің жан дүниесін
босқа қинаған болып шықты.
Құдайға құлшылық ету рəсімі аяқталғаннан кейін жұрт шіркеуден ағыла
шығып, жиналыс өтетін орынға қарай беттеді. Аулада, старостаның
терезесі алдында, айнадай жарқыраған су жаңа автомобиль тұр. Жұрт оған
қызыға таң қалып, айнала қарап өтуде. Біреулер оның терезесін бүгілген
саусағының сүйегімен қағып көріп, əлдебіреулер дөңгелегінің резинасы
қаншалықты қатты, төзімді екенін байқауда. Гвендур да машинаның
терезесін тықылдатып, дөңгелегінің сыртқы резинасын күшпен басып
көрді. Альтинг депутаты мұнда Құдайға құлшылық ету рəсімі өтіп жатқан
кезде келіп, əке-шешесінің қонақ күтетін бөлмесінде отырған болатын. Бұл
үйге машина мінген банк директоры да келіп жетті. Ол өзінің жақтастарын
бірге ала келіпті. Көлігі есік алдындағы көгалды алаңның бір шетіне жетіп
тоқтапты. Староста оны қарсы алуға арнайы шықты. Үстіне кигені - далдалы шыққан ескі кеудеше. Ит қорада бір жыл бойы жатқан жыртық
төсеніш пе деп ойлап қалуға болады. Старостаның бүгінгі салтанатты
жағдайда арнайы киіп шыққан киімінің түрі осы. Оның ырсиған түймесіз
жағасын ағылшын түйреуішімен ілгектеп қойыпты. Шалбарының балағын
ұзын қонышты тоқыма шұлығының ішіне салыпты. Шұлығын қайта-қайта
жоғары түріп қояды. Келісті пальто киген, ақ жағалы құрметті қонақтар
өздерін құттықтап қарсы алып тұрған оны қайыршы ма деп қалып,
қалталарына еріксіз қол жүгіртуде. Сөйтіп оның қолына əрқайсысы бес
эйрир ұстатып жатты. Жиналысқа келгендерге залға кіріп, жайғасып отыру,
аз ғана күте тұру ұсынылды. Өйткені кандидаттар жиналысқа кофе ішіп,
көңілдерін жайлап болмай, бара қоймайды. Гвендур бір бұрыштағы
скамейкаға жайғасты, бас киімін екі тізесінің үстіне қойды. Əлдебір жігіт
насыбай иіскетіп, сыпайыгершілік жасап еді, бұл шыдай алмай, қатты
түшкіріп жіберді. Міне кандидаттар да келді. Ингольв Арнарсон Иоунссон.
Мұндай жақсы адамды бұл дүниеден іздеп таба алмайсың. Құдай ұмыт
қалдырған мына кең аңғарға кедей шаруаларға арнап тамаша жолдар
салдырған осы адам. Оның беті-жүзі, көзілдірігінің астынан жарқыраған
өмірлі, өктем көзқарасы қандай! Күйкі тіршіліктен арып-ашып, қалжырап
біткен кедей шаруаларға бейне бір төбелерінен құйылып тұрған күн
сəулесіндей ғой. Ол сыңғырлаған сұлу үнімен емін-еркін, ешқандай
қысылып-қымтырылмай сөйледі. Оның аппақ қардай жең ұшы ерекше сəн
беріп тұрған кішкентай қолдарының соншалықты жатық та жарасымды
қимылы қандай тамаша! Оған қызыға қараймын деп отырғанда сөзінің мəнмағынасына назар аударудың өзі қажет болмай қалады. Оның қолының
сиқырлы қимылынан көз алмай, қарап отырудың өзі əбден жеткілікті.
Жазғы мекеннен келген жас жігіт оның айтқан сөздерімен жұрттың бəрінің
неге бірден келісе кетпейтініне түсіне алмай-ақ қойды. Бірақ өзінің жүрегі
тағы да аттай тулап, оның қызын сүйетіні қайтадан есіне түсіп кеткенде
осы бір құдіретті адам, сыртта, терезе алдында жарқырап тұрған ғажайып
автомобильдің иесі, шынында да өзінің туған қайын атасы сияқты көрінген
еді.
Жиналыс қызу жүріп жатты. Халық мүддесі үшін ең зəру, ең қажетті,
маңызды мəселелер көтерілумен болды. Олардың шегі жоқ көп сияқты:
тұтыну қоғамдары жəне шаруалар туралы: көпестердің жəне алыпсатар
саудагерлердің озбырлығы, банктердің күйреуі жəне кеме қозғалысы
компанияларының шеккен зияны туралы: шаруаларға берілетін несиелер
туралы, аграрлық реформа жобалары туралы, құрал-саймандар салуға
көмектесіп, қол ұшын беретін қорлар туралы, күл-қоқыс сақтайтын
цистерна ыдыстар туралы, телефон желілері туралы, экспорт мəселелері
туралы, жол жəне көпір құрылыстары туралы, жаңа жерлерді жыртып,
кеңінен игеру туралы, халыққа білім беру туралы, тұрғын үй құрылысы
туралы, деревняларды электрлендіру туралы сияқты болып жалғаса береді.
Ингольв Арнарсон орнынан қайта-қайта тұрып, кеудесін ілгері қарай
ұмтыла керіп, кəнігі əртістер сияқты екі қолын кезекпе-кезек сілтеп, өзінің
бəсекелес қарсыласын бас изеп көрсетіп қойып, алуан түрлі мəселелердің
шешімі қалай етсе дұрыс болатынына бұлтартпас дəлелдер келтіруден
жалыққан жоқ. Ол елдегі банктердің орасан зор мөлшерде ойсырай зиян
шегіп отырғанына, халықтың ақшасын сұрқия саудагерлердің талантаражға салып жібергеніне, қаржы төңірегіндегі дау-дамайдың өрши түсіп
келе жатқандығына, мұның өзі кеме қозғалысы компанияларының шаш
етектен пайда тауып, оңай олжаға кенелуіне, халықтың арасында қу тақыр
кедейлердің ежелден əлеуметтік еншісі болып келе жатқан өкпе ауруының
етек алуына, олардың шұрық тесік лашықтарда барынша тығыз тұрып,
ауыр өмір сүрулеріне, крона бағамының құлдырап төмен түсіп кетуіне,
қарапайым еңбек адамдарын ар-ұяттан безе тонап, күйзелтіп келе
жатқанына, халыққа білім беру саласындағы қазіргі саясаттың оңбай
отырғанына, сөйтіп, исландиялықтардың қайдағы бір мешеу даму
сатысындағы қара зəңгірлердің (негрлердің) деңгейінде қалуына өзімен
бəсекелес осы үміткер əріптесі ғана кінəлі деген айыптауларды қардай
боратып, оның бір басына үйіп-төкті. Шаруалар енді-енді бастарын
біріктіріп, өздерінің құқықтарын жəне тұрмыс жағдайларын жақсарту
саласындағы азын-аулақ қол жеткен табыстарын баянды етіп, сақтап
қалайын десе, тағы да тап осы адам - менің бəсекелес үміткер əріптесім олардың жолына кесе-көлденең тұрып алып, кедергі келтіріп отыр дегенді
айтты. Сөйтіп бұл адам еліміздің басына түскен зіл-батпан аурытпалықты
мың жыл бойы өз иығымен көтеріп келе жатқан жəне ұлттық
мəдениетімізді толып жатқан дұшпандарымыздың тарапынан жасалған
қастандықтардан қызғыштай қорғап, сақтап келе жатқан шаруалар
сословиесін масқаралап, сұмдық қорлыққа душар етпек.
Гвендур Ингольв Арнарсонның бұл айтқандарымен түгел келісті.
Өйткені өзін əлі де оның туған күйеу баласымын деп білді. Оның жол жəне
көпір салумен айналысып қана қоймай, енді əркімнің өздерінің қалауынша
қолайлы жақсы үйлерде тұруы үшін күш салғысы келетін керемет
кемеңгерлігін өзіне зор мақтаныш тұтты. Ал, солай бола тұрса да,
кейбіреулердің Ингольвтің қарсыласы - тым семіз, оның үстіне сөз сөйлеуге
де онша шебер емес, өзін шашынан көп қылмыстары бола тұра ар-ұяттан
безіп, соншалықты міз бақпай, салмақты ұстайтын адамның айтқандарына
сонша неге құмарта құлақ қоятынын тіпті де түсінбеді. Ингольв оған бетің
бар, жүзің бар демей, əрбір кінə таққан сайын қысылып, ыңғайсыздану
орнына бейне бір мəз болып, ыржың-ыржың күлетінін қайтерсің?! Ол осы
уақытқа дейін неге түрменің түбінде шіріп кетпеген? Таң қалуға болады!
Ақырында альтинг депутаттығынан үміткер екі кандидат та елді жəне
халықты қиын-қыстау жағдайлардан қалай алып шығатыны туралы егжейтегжейлі баяндап болғаннан кейін енді айтатын ештеңе де қалмады.
Жиналыс жабық деп жарияланды. Əлгі бір-бірімен бітіспес қас дұшпандар
сияқты көрінген бəсекелес екі балама кандидат əлдебір нəрселер туралы
шүйіркелесе əңгімелесіп, бақтың ішімен қол ұстаса қатар кетіп бара жатты.
Бірімен бірі сырлас əрі қимас достар сияқты қарқ-қарқ күліп қояды.
Жиналыс кезінде көп адамның көңілі көтеріліп, мəз болып қалған еді. Бірақ
мына екеуі сияқты қатты қуанған өзге ешкім болған жоқ. Ал оларға
алғашқыда сыртынан қараған адамдар енді бұл екеуі көздеріне қан толған
ашу-ызамен бірімен бірі жағаласа кетер, қызыл ала қанды төбелес болар
деп күткен еді. Сөйтсе бəрі де бекер екен. Олар қақпа алдына жете бере
бірінің қолын бірі қайта-қайта шын жүректен құшырлана қысып, ұзақ
қоштасты, бейне бір құпия кездесіп, енді қоштасуға қимай тұрған көңілдес
ашына еркек пен əйел сияқты бірінің көзіне бірі ұзақ қарап, телміріп тұрып
алды. Бір кезде банк директоры жүріп кетті. Жұрт желкелерін қасып қала
берді. Аздан соң əлгі жиналысқа қатысқандар да тарқай бастады. Олар ат
қорадан аттарын алып шығып, топ-тобымен шауып ала жөнелді. Гвендур əр
нəрсені бір сылтау етіп, старостаның үйін төңіректеп көпке дейін жүріп
алды. Терезеге ұрлана көз тастап қояды. Ол тіпті əр түрлі ойға кетті. Үйдің
сырт жағына барып, артқы есікті қақса қайтер еді? Атымды тағалап алайын
деп, балға мен қалып сұрасам қайтеді? Əлде бір стақан су сұрағаны дұрыс
па? Бірақ бұдан не шығады? Қағылған есікке үй қызметшісі шығады ғой.
Ал ол барлық істі бүлдіреді. Ақырында аяқ астынан бір ой сап ете қалса
болар ма?! Бұл енді өзінің қамшысын ат қораның бір қуысына тығып қояды
да оны түсіріп алған болып, осынау төбенің басына жеткен жерінен мұнда
қайтып келеді. Сөйтіп есік қағады да егер осындағы біреулер оның
жоғалған қамшысын тауып қалған жағдайда оны өзі тағы бірде оралғанша
тығып қоя салуын өтінетін болады. Сонда старостаның үйінде болатын
əңгімелердің бірінде, кім біледі, мұның аты аталып, осында болып кеткені
айтылып та қалар. Бəлкім, əлдебіреулер мұның қамшысын іздеуге
жасырынып шығатын болар. Сəті түссе қыздың өзі тауып алуы да ғажап
емес. Гвендур қамшыны қабырғаға қаланған тастардың терең бір қуысына
тықты да өз жөнімен кете берді. Жаңа өзі ойлаған төбенің басына
көтерілген кезде атының басын кейін бұрады да, төмен түсіп, Редсмириге
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 42
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.