Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 15

Total number of words is 4348
Total number of unique words is 2239
36.8 of words are in the 2000 most common words
52.8 of words are in the 5000 most common words
60.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ернінің арасынан шиқылдап шықты, ырс-ырс етіп демін қинала алып
жатты. Соған қарағанда, жетеміз деген нысана жақын қалған болуы керек,
арғымақ тұлпарлар шетсіз-шексіз кеңістіктегі құлақ тұндыратын шудың
ара-арасымен аман-есен жеткеніне қуанып, тұяқтарымен жер тарпитын
көрінеді. Міне, енді туған өлке де кең құшағын жайып қарсы алғандай
болды.
Өзгелердің тыныс алуы тіпті басқаша еді. Олардың үнінде əкесінің
қорылына тон ерекше күшті екпін жоқ. Арғымақ аттардың шабытты шабыс
дүбірі де байқалмайды. Мысалы, қарт əжесінің тыныс алуына қараңыз.
Байқап отырсаңыз, бүл баланың қатарында қандай да бір тіршілік иесі
жатыр екен деудің өзі қиын емес пе? Тыныс алуы тым баяу əрі əлсіз, андасанда бір рет зорға дегенде қимылдайды. Мұндайда кемпір байғұстың
тыныс алуы біржола тоқтап қалған жоқ па екен деп те ойлауға болады.
Бірақ бала оның үстіне еңкейе түсіп, тынысын мұқият тыңдағанда əлдебір
леп шығып жатқаны, тіршілік белгісінің бар екені байқалады. Кемпір
бірнеше сағат жаны жоқ адамдай қимылсыз жатқан еді, енді оның бойынан
бейне бір ұзақ уақыт бойы тұрып қалған шалшықтың астынан ілуде бір
көтерілетін кішкентай көпіршіктер тəрізді белгілер біліне бастады. Ол
белгілер кемпірдің əлдебір нəрселерді айтпақ болған міңгірінен, ашулы
үнінен, болымсыз ғана былдырынан, естілер-естілмес сыбырынан о
дүниенің хабары сияқты қайдағы бір қорқынышты дұғалардың үзіліпүзіліп естілген түсініксіз сөздерінен байқалады. Өйткені бүл кемпірдің де
өзге барлық адамдардағы сияқты басқа ешкімге белгісіз өз дүниесі бар
болатын. Ол тылсым дүние марқұм əкесінің өмір бойы жақтырмай, жек
көріп өткен дұғалар мен əуендер, ішекше созылатын ұзақ өлеңдер дүниесі
еді. Ол тылсым дүние əрі қатыгез, əрі мейірімді Құдайдың, бəріне де
шыдай білген жаны сірі төзімді əкесінің, тозақтың адам төзгісіз ауыр
азаптарын айтып, алдын ала қорқытатын діни қызметкерлердің дүниесі
болатын. Кемпір байғұс бұл туралы тіс жарып ешқашан ешкімге айта
қоймайтын. Ал əлдеқалай сұрай қалсаң, оған түсінуі мүлде қиын қайдағы
бір дұғалар оқу арқылы жауап қайтаратын. Əжесі соншалықты көп дұға
оқи алатынына, дүниедегі мəңгілік өмірдің рақаты туралы өте-мөте мол
білетініне қарамай, өзінің берік ұстаным сенімін өзге ешкімге
тықпаламайтын. Рас, ол Нонниге ұйқыға жатар алдында дұға оқуды
үйрететін. Өйткені дұға атаулы оның оз дүниесінің тілі болатын. Бірақ
Нонни үшін əкесінің қорылын естігенде елес беретін дүние өмір
шындығынан қаншалықты шалғай жатса, ол дұғалар да соншалықты
қисынсыз бір нəрселер сияқты көрінетін. Əжесінің оқитын дұғалары мен
орындайтын əуендерінен, айтатын сөздерінен еріксіз үзіп-шалып зорға елес
беретін мүлде өзге жат дүние баланың бойында қорқыныш сезімін
тудыратын. Ол қорқыныш шалшықты батпақтың əрі лай, əрі ұлы суы, ол
судағы балдыр мен əлдебір сүйкімсіз түкті өсімдік, жыбыр-жыбыр жүзіп
жүрген жəндіктер туғызатын үрейден күшті болмаса, тіпті де кем емес еді.
Əке-шешесінің төсегіне қарама-қарсы тұрған кереуетте жасы үлкен
ересек үш бала -Хельги мен Гвендур кереуеттің бас жағында, ал Ауста - аяқ
жағында жататын. Хельгидің ұйықтап жатқандағы тыныс алуы, Аустаның
өксіп жылаған үні мен тісін шықырлатқаны -ұйқының бұл тілі қай дүниеге
тон болды екен?
Сөзсіз əрі мағынасыз тілде ақылға қонбайтын парықсыз ашу-ызадан
өзге ештеңе де жоқ. Ал, көзінен жас, өңменінен өксік шықпай құр жылау тəніңе біз сұғып алғандай қатты ауыртады. Мұның езі əлдебір қорқынышты
сұмдық хабар қыздың тұла бойын тесіп етіп, бір дүниеден екінші дүниеге
ауысып жатқандай. Ол дүниелердің бірде-біреуі, ол дауыстардың
ешқайсысы бүгінгі күннің заңдарына немесе əдеттегі жан дүниеміздің
сезімдеріне тіпті де бағынбайды.
Осы бір қысқы таңда, үйде бейне бір ешкім жоқ сияқты, жұрттың бəрі
де тым алыста, өзді-өзі ұйқы құшағында жатқан кезде, мұның шешесі қайда
болды екен? Жазғы мекендегі шағын бөлмені бөтен дүниенің көлеңкесі
тұмшалап алған, онда неше түрлі ғажайып оқиғалар болып жатқан кезде
мұның шешесі неге көрінбейді?
Ол да тəтті ұйқыда ма екен, əлде көзі ашық қалпында күйзеле қиналып
жатыр ма екен? Əкесінің қорылы оның ауырсына ыңырсығанын жөнді
есіттірмейтін де шығар? Ауруын ұмыттыратын шипалы қол түсінде де
табылмағаны ма? Байғұс бала бір өзі ояу жатыр, күндізгі жарықты зарыға
күтумен болды. Ал оны айнала қоршаған тастай суық əрі жат дүние үшін
баланың бары-жоғы бəрібір сияқты көрінеді. Мұндайда бала анасының
ыстық құшағын бұрынғысынан да күштірек сағына түседі.
Бірде, шамасы, қысқы күннің жарығы əлі біліне де қоймаған түн ішінде
болуы керек, бала тіпті алыста, өзінің түсі əлемінде жүр еді. Қаншалықты
қысып қинайтын болса да, түн жарымындағы соншалықты тəтті қалғыпмүлгудің де өз рақаты бар. Осылай ұйқылы-ояу жатқан кезінде мұны
белгісіз біреу шақырып тұрғандай болды. Ол кім екен өзі? Алғашқыда
оның даусы алыстан естілгендей болып еді, бірақ бұл оған онша мəн бере
қойған жоқ еді. Енді бірде əлгі дауыс бүл көрмеген шет елдердің бірінен
келіп тұрғандай көрінді. Бірақ бірте-бірте жақындап келе жатқан сияқты.
Тіпті ыңырсыған үні мен ауыр күрсініп, дем алғанына дейін естілгендей
болды. Барған сайын жақындап, келіп те қалғандай. Жаңа ғана поселкені
аралап жүргендей еді, енді тіпті бөлмеге кіріп үлгерген бе, қалай? Сөйтсе
əлгі дыбыс шешесінің жатқан кереуетінен келуде екен. Ноннидің ұйқысы
шайдай ашылып кетті. Өзі əжесінің төсегінде жатыр екен. Бөлмеде кіпкішкентай май шам өлімсірей жанып түр. Əжесі белі бүкшиіп, мұның əкешешесінің кереуеті жанында қыбыр-қыбыр етіп, əлдебір нəрсе жасап жүр.
Бейшара еш тыным таппайды. Əкесі кереуеттің жиегінде шешесінің
қолынан ұстап, сүйемелдеп отыр. Екінші кереуеттегі балалар құс мамықты
жамылып, жатып қалыпты. Бірақ анда-санда бастарын шығарып,
қорқынышқа толы көздерін бадырайта ашып, əкесі отырған кереует жаққа
қарап қояды. Олар бірінің бетіне бірі қараудан қорқады, өтірік ұйықтаған
болады. Бүгінгі түн олардың шешесі қатты қиналды. Ыңқылы барған сайын
күшейе түсті, үні де аянышты естілумен болды. Бейшара жаны қиналғанда
айқай сала шыңғырып жібереді, жылап та алады. Бұл дүниенің қайғықасіреті осындай-ақ болар. Бала орнынан атып тұрып, неге бұлай екенін
сұрамақ еді. Бірақ батылы бармады, төсегіне бүк түсіп жатып қалды. Əжесі
пеш-плитаның жанында тағы бір нəрселермен əуре, шамасы, от жағудың
қамы болар - бұл оның отпен жүргізетін бітіспес күресі. Кемпір байғұс
бірнеше ұрпақты тəрбиелеп өсіру барысында су жылыту үшін от жағамын
деп қанша азап көрді десеңізші! Арада аз уақыт өтті. Бала тағы да ұйқыға
кетті. Сыбыр-сыбыр дауыстар жəне бір жақтан естіле бастады. Оның əкесі
текпішек сатыны сықырлатып төмен түсті. Қазір ол қайда екен? Редсмири
шіркеуінде болар, əлде одан да алыс бір жаққа кетті ме? Жоқ, ол үйде
шығар. Бірақ ол төменге түсіп-шығатын тесіктің қақпағын жауып, бір
жаққа кетіп барады.
Əкесі есікті жапқан бойда шешесі еңіреп қоя берді, бұрынғысынан да
қатты шағынып жылады. Əлдебір суық саусақтар пышақтай өткір сүйір
тырнақтарын баланың жүрегіне сұққылап жатқандай боды. Дүниедегі ең
жақсы көретін адамыңның қайғы-қасіреттен көз ашпай, қинала қор
болатын себебі не екен осы?! Соны көріп-біле отырып, оған ешқандай
көмек көрсетуге дəрменсіз болғаннан ауыр не бар?..
Баланың санасына бір ой сап ете қалды: шешесінің қор болып, қайғықасірет шегіп жатқанына тек əкесі ғана кінəлі екен. Өйткені Бьяртур оны
қашанда жеке меншігі ретінде иемденіп, тағдырына қалай болса солай,
қатал билік жасап келеді емес пе? Енді келіп оған соншалықты қамқор бола
қалғаны қалай? Осының өзі екіжүзділік емес пе? Тіпті қолынан ұстап
сүйемелдей қалғанын қарашы. Бұрын ол ешқашан бұлай етіп көрген емес.
Оның үстіне, түн ішінде поселкеге қашып барады.
Сүйген жүрек те осынша тұрақсыз, осынша опасыз болады екен-ау!
Дегенмен де адамға деген жанашырлықты тек жүрек арқылы ғана сезуге
болады. Бірақ ұйқы - дұшпан. Ол сүйген жүректің қандай асыл сезімінен де
күшті. Шешесінің соншалықты қатты қиналып жатқан кезінде анау
өлімсіреп тұрған шамның жарығы да өшіп бара жатты, сақырлап қайнаған
судың дыбысы да алыстап, əлсірей бастады, тұтанған отынның шырт-шырт
жанғаны да естілген жоқ. Қарт əжесінің күңкілдеген сездері де, сыбыры да,
міңгірлеп оқыған дұғасы да қалғып-мүлгіп отырып көрген түсіндегі
оқиғалармен араласып кетті. Əлгіде ғана жүрегіне қадалып қиналған өткір
пышақтай үшкір тырнақтар да ұмыт болды. Енді қауіп-қорқыныштан да,
жанды қинаған азаптан да ада, бейне бір аульвалардың ғажайып өміріндей
тамаша түс көру басталып кеткендей еді. Міне, ол түн жарымындағы аса
қызықты тəтті түстің шырмауында қалды да оның санасы ұйқының түпсіз
тереңіне суси төгіліп, ақырын батып бара жатқан құм сияқты бұлдырап,
бəрін де ұмыта бастады.
Кеше мұның əкесі жас нəрестенің мəйітін поселкеге жерлеу үшін алып
кеткен болатын.
Ал шешесі ше? Оның жаны жай таба алды ма? Бір бірінен айнымайтын,
алдағы үміт сəулесі сезілмейтін қысқы күндердің қиындығына ол да мына
өз балалары сияқты амалсыз көндіге алды ма? Əлде ол өзінің бəрінен де
үміт үзіп, торыққан қиын-қыстау жағдайын жасырып жатыр ма? Енді оның
ешқандай кешірімді жақсылық бола қоймайтынына, адам жүрегіне
жанашырлық жəрдем күтудің керегі де жоқ екеніне шынымен-ақ көзі
жеткені ме? Балалардың қорқынышы бірде күшейіп, бірде басылумен
болды. Ал олардың шешесінің үздіксіз шерлі жүрегі шеккен азапта шек
жоқ еді.
Балаға адамдар тап бүгінгі таңдағыдай ешқашан ұзақ ұйықтап көрмеген
шығар деген ой келді. Қойлар əлдеқашан қимылдап, тұрып кетіпті, тіпті
бір-бірімен сүзісіп жатқаны да естіледі. Əкесі, қазіргі қорылына қарағанда,
енді көп ұзамай оянатын болуы керек. Асханадағы оны-мұны ыдысаяқтардың бəрі де таңның атуына таяу қалғанын сезгендей тым-тырыс.
Селдіреген сұп-сұйық көгілдір жарық себелей бастаған терезе қысқы
күннің өте баяу ашылып келе жатқан көзі сияқты. Мыналардың бəрі де
оянып кетерміз деп шынымен қорқып жатқаннан сау ма өзі? Бала ақырын
болса да қабырғаны тақылдатып ұруға кірісті. Əкесінің қаншама тыйым
салып, жазамен қорқытпақ болған əрекеттеріне қарамай, ол бұл əдетін
қойған емес. Əсіресе таңның атуы тым ұзаққа созылып бара жатқанда
осылай жасайды. Бұдан ешнəрсе шықпаса, шиқылға басатын, əуелі
тышқанның ақырын шиқылына, содан соң бірте-бірте неғұрлым күшті
шиқылына көшетін. Қазір де солай етті. Бұл шиқыл бейне бір байқаусызда
иттің құйрығын басып кеткенде шошына қыңсылағанындай күшті шықты.
Бұдан да нəтиже шықпаған соң енді ит болып қатты қыңсылады. Енді ашық
тұрған есіктен зюйд-вестің өзі баса-көктеп кіріп келе жатқандай еді.
- Қане, қағынба енді! Осы жынданғаның да жетеді!
Мұны айтқан əжесі еді. Бірақ бала өз дегеніне жеткен болатын. Кемпір
əлдебір нəрселерді міңгірлеп айта бастады. Содан соң орнынан көтеріліп
тұрмақ болды. Ақырында ентіге ырсылдап төсектен əрең шықты. Оның
күндегі ерлігі осылай басталады. Ол қаудыраған қалың кездемеден тігілген
кеудешесі мен белдемшесін киді. Содан кейін сіріңке іздей бастады.
Сығырайған шамның шала көлеңке жарығында бала оны əлі орамалын
тартпаған жалаңбас күйінде көрді. Жел қағып тотыққан, қатпар-қатпар
қалың əжім тілгілеп тастаған беті-жүзін, омырайған аузын, имиген иегін,
тыриған арық мойнын, түсе-түсе сұйылып, сиреп кеткен сұрғылт
шашының жіп-жіңішке бұрымын көрді де үрейі ұша қорқып кетті -сиқырлы
зұлым күштің өзі екен деп қалды. Бала əжесі басына жүн орамалын салған
кезде барып таң енді ғана атты деп санады.
Əне, əжесі орамалын тартты. Оның əрбір баяу қозғалысы мен жанжағына жүгіре алаңдаған көзқарасы бала үшін жаңа күннің жолдаған
құттықтауы, қайта оралған шындықтың берген сəлемі сияқты еді. Осы бір
томаға-тұйық жанның жүн орамалдың арасынан көрінетін əбден танымал
беті-жүзі, міңгірлеп сөйлеген сөзі, мұрнын пысылдата тартқаны,
күңкілдеген үні - бəрі-бəрі бала үшін тап сондықтан да қымбат болатын.
Кемпір төмен қарағанда көзінің қиығымен өз мұрнының ұшын көргісі
келген адам сияқты еді. Ол от жақпақ болып көп əуреленді, ырс-ырс етіп
қиналды. Енді көп ұзамай əкесі оянады, тыр-тыр қасынып, қақалыпшашалып жүріп, қақырынып-түкірінеді, бір шымшым насыбай иіскеп
болып шалбарын іздейді. Киіне салып, қойға шөп салуға шығады.
Атқан таңның қайнаған қызу еңбекке толы алғашқы кезі, міне, осылай
басталады. Мұнда күннен-күнге өзгеріссіз қайталанатын бір-ақ нəрсе бар,
деп ойлады бала. Ол əжесінің пеш-плитаға от жағу үшін тамызық тұтата
алмай азапқа түсуі. Өйткені отын қашан да ылғал болады. Ал кемпір байғұс
ірі-ірі ылғал шымтезекті ұсақтап, жұқа қатпарларға айналдыратын, оның
неғұрлым құрғақтарын тамызыққа таяу қалауға тырысатын. Бірақ оның
өзінде де от оп-оңай жана қоймайтын, баяу сырт-сырт етіп, үйдің ішін көзді
ашытатын қою ылғал түтінге толтыратын, тіпті танауың мен қолқаңды
қауып, тынысыңды тарылта түсетін. Бала басын мамық көрпенің астына
тықты. Бірақ түтін оның ішін де кеуледі. Қабырғадағы май шам төменге
алынып, оның жарығы жақыннан түсті. Кемпірдің үйреншікті міңгір-міңгір
сөзінің таусылатын түрі жоқ болса да шам жарығының жақындауы жақсылықтың белгісі, көптен күтіп, ынтыға аңсап жатқан таңертеңгі
кофенің буы бұрқырап, иісі аңқып келіп қалатынының белгісі. Ұнтақталған
кофенің отта тұрған шəйнектегі қайнап жатқан суға салған кездегі мұрны
жаратын хош иісі-ай десеңші! Бойға қуат, ойға нəр беретін кофені
рақаттана ішетін кез де жақындады-ау, əйтеуір!
Плита-пештегі оттың қашан лаулап жанатын уақыты ұзаған сайын əлгі
қуанышты сəттің ауылы əлі алыста қала береді, кофеге деген құштарлық та
күшейе түседі. Мұндайда уақытты неғұрлым тезірек өткізу үшін Нонни
үйдің төбесін жабуға салынған сырғауылдарға барынша мұқият үңіле
қарауға кірісетін əдетіне көшті. Рас, бала оларды таң ата бере күн сайын
көреді, олардың қайсысының қандай ерекшелігі бар екенін түгел біледі.
Солай бола тұрса да Ол көзін аша сала сол зерттеуін жалғастыра түсуден
танбайды. Əсіресе əне бір екі сырғауылдың бұтақтарын көру үшін қайтакайта үңілді. Егер бөлмедегі түтін азайып, от қызып жана бастаса, əлгі
бұтақтарды егжей-тегжейлі айқынырақ көруге болар еді. Бүл бəрі де дұрыс,
су қазір-ақ қайнайды дегенді білдіреді. Сонда бүл екі бұтақтың қандай
қасиеті болғаны? Олар ағайынды екі жігіт сияқты. Бір-біріне қатты
ұқсайды: екеуінің де қақ маңдайында жалғыз-жалғыздан көзі бар, екеуі де
дөңгелек жүзді - баланың шешесінен айнымайды. Сонда олар мұның
шешесінің аузынан түсіп қалғандай болып, қалай ұқсаған? Мəселе былай
еді: ол екеуі мұның шешесінің туған бауырлары болатын. Олар өздеріне
табысы мол жұмыс, жанға жайлы жақсы тұрмыс іздеп, бүл бала өмірге
келмей тұрғанда-ақ теңіздің арғы жағына кетіп қалған. Барған жерінде
мақсаттарына жеткен көрінеді - содан бері тым-тырыс, еш хабар-ошар жоқ.
***
- Менің тан, қалатыным - неге екенін қайдам, осы баланың көзіне
көрінбейтін нəрсе жоқ, - деп ойлады ішінен шешесі бір күні Нонни оған
таң ата бере көзіне елес беретін көріністер туралы онымен көзбе-көз
əңгімелесіп отырғанда. Олардың сыбыр-сыбыр сөйлескен бүл əңгімесін
өзге ешкім де білмеуі тиіс еді. Өйткені бұлар əр түрлі əн-жырлар, ғажайып
алыс өлкелер туралы сөз етіп отырған болатын.
- Егер адам құлақ естіп, көз көрмеген алыс жаққа кетіп қалса ше? - деп
сұрады баласы шешесінің кереуеті шетінде оның қолынан еркелей ұстап
отырып. - Сонда ол өзі арман еткен бақытына жете алар ма еді?
- Жете алады, жаным, жетеді əрине, - деді шешесі шаршаған үнмен.
- Қандай адам болғысы келсе, сондай адам бола ала ма?
- Бола алады, - дей салды ол, селқос жауап қатып.
- Көктем келе салысымен мен хутордың қарсы бетіндегі таудың шырқау
биігіне шығамын да алыстағы сол елдерді көруге тырысамын.
Шешесі бұл жолы үндеген жоқ.
- Мама, былтыр мен бір күні аңғарда атқылап жатқан сарқырама су
көрдім. Бір қызығы -ол желдің соққан күшімен төменнен жоғары қарай
көтеріліп, таудан ары асып ағып кетті.
- Жаным-ау, мен де сені түсімде көріп жүрмін, - деді шешесі.
- Айтшы, қалай көрдің, не көрдің?
- Түсімде аульва əйел мені биік жартасқа алып кетіпті. Енді қарасам, бір
құмыра сүт ұсынып, "Іш осыны!" деп түр екен. Мен сіміре ішіп салдым.
Сонда ол былай деді: "Сенің ұлың Нонни дүние жүзіне белгілі əнші
болады. Сен оны жақсы көр, əрқашан мейірімді бол!"
- Қалай əнші бола алмақпын сонда? - деп сұрады баласы.
- Білмеймін, - деді шешесі.
Бала шешесінің кеудесіне бетін басып, құшарланған мейіріммен,
иіскеді. Бұл сəтте оған шешесінің дүрсілдеп соққан жүрек жылуынан өзге
ешнəрсе де керек емес еді.
Бір кезде ол басын көтерді де:
- Мама, мен неге бүкіл дүние жүзіне белгілі əнші болуым керек?
- Ол жай ғана түс қой, - деді шешесі.
- Сонда мына мен ұшы-қыры жоқ йен далаға да арнап əн салатын
боламын ба?
- Иə, жаным. Солай болады.
- Шалшықты балшыққа ше?
- Оған да.
- Тіпті тауларға да арнап əн саламын ба?
- Аульва əйелдің айтуы солай, - деді шешесі.
- Яғни, менің Редсмири шіркеуіне барып, он үйренуім қажет екен ғой.
Солай ма, мама? -деп ойланып қалды баласы.
- Солай болатын сияқты, - деді шешесі.
Бала шешесінің кеудесіне тағы бетін басты. Оның айтқан тамаша
болашағы туралы рақаттана ойға шомды. Өзін қанаттандыра шарықтатқан
тəтті қиялдың құшағынан көпке дейін босана алмады.
- Мама, деді ол ақырында, - сен маған дүние жүзіне арнап əн айтуды
үйретесің бе?
- Үйретемін, - деп ақырын ғана сыбыр етті. Көктем шықсын.
- Сөйтті де ол шаршаған қалпында көзін қайтадан жұмды.
Баланың назары төбедегі сырғауыл бұтақтардан шкап сөресіндегі онымұны ыдыс-аяқтарға, қабырғада ілулі тұрған қара шөмішке, еденде тұрған
қара құмыраға ауды. Ал олардың бəрі де бейне бір ештеңе бола
қоймағандай-ақ жайбарақат қарап түр екен Бірақ ол бейне бір құлпыра əсем
киінген əдемі қыздар сияқты, сезімді билеп ала жөнелетін нəзік те көркем
кеселерді көргенде əлдебір ынтықтырған құштарлыққа бой алдырды, тіпті
олар туралы ешқашан тіс жарып ешнəрсе айтпаймын деп өзіне өзі берген
сертін де ұмытып кетті. Ол өзінше əдеп сақтаған болып, бір көзін
жұмғанымен əлгі көркем қыз кеселерден екінші көзін ала алмады. Бала
былай деп ойлап жатты: бір қарағаннан шошып кетерліктей көрмеңдер, мен
де оңай емеспін. Сондағы оның ойына алғандары өзінің дүние жүзіне
арнап он салатын əндері, қысқы кеш ертеңгі таңға дейін қаншалықты ұзақ
болса, соншалықты алыс, əлі өзі көріп ілмеген ғажайып елдер болатын.
***
Ақырында шəйнектің əдетте ысылдаған таныс дауысы естілді. Бұл ондағы судың бұрқ-сарқ қайнауына өте аз қалғанының белгісі. Мұндай
кезде баланың қарны ашқаны қатты сезіледі - ол атып тұрып, жиюлы
тұрған шөптің, тіпті шымтезектің немесе жай тезектің үстіне ескіріп кетуге
əзір сияқты. Сөйтіп жатып, оның өзіне берілетін бір үзім нан туралы
ойланып, зарыға үміттенетінін қайтерсің! Мұнысына таң қалуға болмайды.
Бір жапырақ ол нанның үзімі қандай болады? Əжесі оны бүтін наннан кесіп
бере ме əлде жарты наннан үзіп бере ме? Ол нан арғы жағынан күн
көрінетіндей жұп-жұқа болып жүрмей ме? Оған не жағып жеуге болады?
Əжесі нанның үстіне балықтың майы тамшылаған семіз кесегін салып
берер деймісің! Бермейді! Олай етсе, нанның қатты қабығы тап кешегі
сияқты жібімей де қалады-ау. Ол аузынан дəмі кетпейтін ондай дəмді
майлы тағамды ешқашан тоя жеп көрген емес. Əділін айту керек, əжесі
байғұс онша сараңдық жасамайды -кей-кейде оң қолының бас бармағын
балықтың тоңазыған майына молынан батырып алып, қара нанға жағып
бере салады. Оның есесіне, қантқа келгенде өте үнемшіл - шақпақ қанттың
бір шетінен ұшып түскен жұп-жұқа сүйір сынығын ғана береді. Бірде
Нонниге қанттың ең кішкентай сынығы тигені бар... Бала, міне, осының
бəрін əлдебір үреймен қауіптене еске салып жатты.
Бөлме ішін кофенің хош иісі жайлады. Бүл бүгінгі таңның ең
салтанатты сəті еді. Осы хош иісті сіміре жұтқан кезде көрген қиыншылық
атаулының бəрі де ұмыт болып, болашаққа деген үміт оты лаулай түседі.
Бəлкім, бұл шынында да алыс өлкелерге, бір қияндағы ғажайып елдерге
кетіп қалатын шығар? Адам айтса нанғысыз дерлік бір сəтті күн, көктем де
шығар, құстар əн салып, тау беткейлерінде сарғалдақ гүлдер де бой
көрсетер. Бəлкім, оған дейін мамасы да ауруынан айығып, құлан таза
жазылып кетер. Былтырғы жəне оның алдындағы жылдардағыдай күн де
ұзара түсер.
Шəйнектегі қайнаған судың кофе əзірленетін ыдысқа құйылған
сарылымен қатар əжесінің бүгінгі ең бірінші сөзі - шырт ұйқыда жатқан
Аустаны ояту үшін жалынышты дұға оқығандай болып естілетін кіріспе
сөзі құлақтың құрт етін жей жаздайды. Ондай дұға құдайдың құтты күні
таң ата салысымен қайталанады. Аустаға ол дұға əрқашан жаңа сияқты
болғанымен Нонни оның ор сөзіне дейін өмір бойы ұмытпайтындай етіп
əлдеқашан жаттап алған.
- Қане енді, ұялмайсың ба? Бұл дегенің масқара ғой! Бой жетіп қалған
қыз дейді-ау сені де. Енді не десем болады, айтатын сөзім де қалмады!
Осылардың ойында не бар екен өзі?
Мұндай болмашы ғана жазғыра ұрысқаннан оянып жатқан ешкім жоқ.
Олай деп күтудің өзі де қиын емес пе? Былайғы жұрт мына кемпір қайдағы
бір ескі псаломды жаңа дұғамен араластыра оқып жүрген шығар деп
ойлайды.
Ауста, əрине, ояна қойған жоқ, кереуеттің бір шетіне басын беріп, аузын
жартылай ашқан бойы шалқалап ұйықтап жатыр. Бір қолын құлағының
астына төсепті, екінші қолы құс мамықтың сыртында алақан жая жартылай
ашық қалыпты. Түсінде бейне бір əлдекім оның қолына бақыт ұстата
қоятындай. Көйлегінің жағасына таяу салынған жамау көрініп жатыр.
Кемпір байғұс өлі де жалынышты дұға оқып жүргендей міңгір-міңгір етеді.
- Бұлардың басында бір шайнам ми болсайшы, түге. Құдай біледі - түк
жоқ! Қалай адам болар екен? - Кемпір Ауста туралы айтқанда əрқашан
көпше түрде сөйлейтін. Қазір де солай: - Бұлардың дені бүтін көйлегі де
жоқ тіпті!.. - Енді ол даусын қаттырақ шығарған болды: - Соула, тұр енді! Іс
тоқуға кірісетін уақытың болды, қызым-ау. Қазір ертеңгі ас ішесіңдер.
Арғы жағында көп ұзамай түскі ас та əзір болады.
Балалар əжесінің уақыт туралы түсінігіне таң қалумен жатыр.
Қайнаған су кофе əзірлейтін ыдысқа соншалықты əдемі əрі естілерестілмес дыбыспен құйылып, буы бұрқыраған қалпында мұрынды
жарардай хош иіс аңқытты. Ауста бəз баяғысынша əлі ұйықтап жатыр, ал
əжесі оны оята алмай əлек.
- Мына қалпыңмен қалай адам боласыңдар? Өздеріңе өздерің сірə
шарасыз масыл болумен өтесіңдер ғой өмірден.
Ауста Соуллилья сонда да оянған жоқ.
- Сен, немене, мен саған кофені байдың бəйбішесіне апарғандай етіп,
төсекте жатқан жеріңе əкеліп береді деп шынымен-ақ ойлайсың ба? Сен əлі
он үштесің ғой. Рас, он төрт жасқа толатын кезің жақын қалды. Шіркеуге
барып, шоқынасың, дін жолына түсесің. Оған дейін саған əкеңнен талай
таяқ жегізіп үлгертемін əлі.
Əжесінің таңертеңгі кезекті өсиет-уағызы Соулаға бұл жолы да мүлде
əсер етпеді. Қарттықтан қалжырап, əбден титықтаған Халбера кереуетке
таянып келіп, ұйқыдағы Аустаны əлсіз қолдарымен шамасы келгенінше
сілкілей бастады. Қыз тек сонда ғана сығырайтып көзін ашты. Соның
өзінде зорға ашты. Үрейлі көзін жыпылықтатып, жан-жағына абыржи
алақтады. Бір кезде есін жиып, беті-жүзін екі алақанымен жаба түсіп,
мұрнын пысылдатты.
Ауста қара шашты, аққұба келген, сопақ жүзді, иегі шығыңқы жас қыз
болатын, бір көзі сəл-сəл қылиланып тұрады, қастары мен кірпіктері қапқара, ал көзінің өзі болат түстес сұп-сұр. Ол осы хутордағы беті-жүзі
құлпыра жайнап тұрған əдемі де айқын келбеті бар бірден-бір жан еді.
Сондықтан да Нонни өзінің əпкесіне таңдана қарап, бүл өзі бəрімізден
өзгеше қалай пайда болған деп ойланып қалатын. Бүгін оның жүзі өте
солғын. Оның ересек жандардың бет əлпетіне ұқсас сопақ жүзінде талай
қиыншылықты басынан кешірген деуге боларлық əлдебір қынжылысты
қам-қарекеттің табы бар. Ноннидің есі кіргелі бері Аустаны өзімнің əпкем
деп біледі. Қыздың екі иығы мен кеудесінің кескіні əлі жартылай ғана
ашылған гүлдің бейнесіне ұқсай қоймайтын. Ол не əлдеқашан ашылып
біткен, не гүл ашатын түйіні болмаған сияқты болып көрінеді. Жасына
қарай кемеліне келе бой жеткен қыздың жұп-жұмсақ дөңгелене томпиған
пішіні байқалмайды. Рас, дəл қазір Аустаны əлі жап-жас қыз деп те,
кемеліне келе бой жеткен деп те айтуға келмейтін еді.
- Міне, мен сенің кофеңді мұнда қойдым, Соуллилья, - деді əжесі
қолындағы кофе құйылған кесені бөлменің алысырақ шеткі бұрышына
апарып қойып жатып. - Мен саған кофені жақын барып қолыңа ұстатады
деп ешқашан да үміттенбе.
Қыз əлі шашын тарап, керіле есінеп, үсті-үстіне тамсанып отырып
алды. Ол жастықтың астында жатқан белдемшесін суырып алды да жылы
мамық көрпені жамылып отырған күйінде киді. Көрпенің астынан
шығарған ұп-ұзын жалаңаш аяқтарына кимек болып, жуан жіптен тоқылған
қалың шұлықтарын алды, ешкімнен ұялып, қысылып-қымтырылмай-ақ бір
аяғын екінші аяғының үстіне айқастыра салып отырды. Нонни оның əлі
толысып жетілмеген дене бітіміне көз жүгірте қарап шықты. Ол жасы
үлкен əпкесі болса да бұл дене бітімі жағынан өзінің ағаларымен
салыстыра қарағанда əлдеқайда төмен деңгейде екеніне кəміл көз жеткізді.
Бірақ баланың бұдан артық ойға беріле түсуіне уақыты қалмады - əжесі
кофе əкеп берді де енді мұның ағаларын оятуға кірісті.
Нонни өзіне тиесілі сыбағасы нанның қай шетінен қалай кесілгенін,
балық майы қаншалықты мөлшерде жағылғанын, оның сыртқы қатты
қабыршаққа да жетер-жетпесін, бұған қанттың қандай шақпағы - үлкені ме,
əлде кішісі ме - қайсысы тигенін өз көзімен енді ғана көре алды. Терезеден
бірте-бірте баяу шашырап жарық түсе бастады. Қысқы таң қалың қабағын
тағы да көтере ашты.
Күн осылай басталды.
ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ТАРАУ
КҮНДІЗ
Бұл отбасында тамақты əдетте үнсіз, бірақ салтанатты жағдайда
отырып ішеді. Былайша қарағанда бір түрлі құпия дастарқан ба деп те
қаласың. Əркім тізесінің үстіндегі тарелкаға үңіле түсіп, балықты
сүйегінен соншалықты мұқият назар аударып тазалаумен болады. Сағат
жөндеуші шебердің жұмысын көзге елестетеді. Ал ботқа жегенде
тостағанды иегінің астынан алыстатпайды. Əкесі үлкен тостағандағы
ботқаны көзді ашып-жұмғанша тез жеп бітеді! Кемпір байғұс тамақты
пештің жанында жұрттың бəріне теріс қарап отырып ішеді. Таңертеңгі асқа
əр күні сұлыдан пісірілген ыстық ботқа, қан аралас өсіп, бір үзім нан,
кешегіден қалған тұзды балық, бір түйір қант салынған ыстық кофе
беріледі. Соның ішінде бəрінен тəттісі қант. Шешесі тамақты бейне бір
қонақтаған құс сияқтанып, кереуеттің шетіне жартылай жайғасып отырып
жейді, əне ол альтинг мүшесі жіберген сексен шыны ыдыстың біреуін алды
да дəрі ішуге кірісті. Оның беті бозарып, солғын тартқан, бадырайған
көздері тынымсыз ойнақшып жылт-жылт етеді. Аузы ойылып кеткен
сияқты, тамақты қинала шайнайды. Əкесінің тостаған тола ботқаны
соншалықты тез тауысып қойғанына, ал шешесінің енді-енді ғана балыққа
қолын тигізіп, оны жеркене жұтып отырғанына бала кей-кейде біртүрлі
ыңғайсызданып қалады. Балалар тамақ ішіп болғаннан кейін бір шайнам
дəмді ет пен қара бидай нанының қалың бір тілімін сүйсіне жеуді əрқашан
армандаумен келеді.
Бьяртур таңертеңгі асын ішіп бола салысымен төсектің бір шетіне қисая
кетті. Бұл - оның бала кезден қалып қойған дағдысы. Қатты қорылдап,
бірнеше минөт көз іліндіріп алғаннан кейін ол басына аяқ астынан қатерлі
қауіп төнген адамша орнынан жалма-жан ұшып тұрып, қой қораға қарай
асыға ұмтылатын. Бьяртур ол қора мен бастырманы үйге жапсарлас салып
алған болатын. Ал жас қозылар мен тоқтылар тұрған бөлмеге жалғас
қашаға қамалатын. Ересек балалар шөп салынатын ақырларды тазартады,
малдың астын күрейді, өзеннен мұз ояды, үй маңындағы қайта-қайта қар
басып қала беретін жолды аршиды. Қойлар күртік қардың үстіне он сегіз
текпішекті жіңішке қуыс жол арқылы көтеріледі. Адамдар да солай жоғары
шығады. Терезенің тұсындағы қардың арасынан да op тəріздес қуыс
қазылған. Ол арқылы күннің жарығы үйдің ішіне жетеді.
Хутордағы нағыз күндізгі үйреншікті тіршілік Бьяртур мен ересек
балалар қой қораға шыққаннан кейін басталады жəне таусылмастай ұзаққа
созылады. Кештің ауылы өте алыс, тіпті бүгін кеш түспейтін сияқты
көрінеді. Үйдің ішіне жарытымсыз жарық түсті - өйткені терезенің көздері
тым кішкентай, ал сырттағы күртік қар терезеден əлдеқайда биік. Күндіз
екі кереуеттің төсегі жинаулы тұрады, ал үшіншісінде шешесі қимылсыз
жатады да қояды. Кейде ол төсегінде өте баяу қимылдап, ауырсына
аударылып жатады. Ондайда естілер-естілмес жартылай ыңырсиды.
Өйткені бейшараның жата-жата жамбасы тесілуге айналған. Бұрын ол əр
босанған сайын əр қыста үш ай бойы төсек тартып жатуға мəжбүр ететін
кеселге душар болатын. Ал былтыр босанғаннан кейін өзі қатарынан төрт
ай жатып қалды. Нəрестесі шетінеді.
Ауста терезе алдындағы кереуеттің үстінде өзіне кеудеше тоқып отыр.
Оның аяғы еденге жете қоймайды. Оның есесіне, оқтын-оқтын қабырғаға
сүйеніп, қалғып-мүлгіген бойда көз шырымын алып үлгереді.
Əжесі ұршығын алып, жіп иіре бастайды. Үй ішінде ұзақ күнге
созылатын зырылдаған ызың естіледі. Шыр айналған ұршық уақыт
доңғалағы сияқты. Ол бізді өзімен бірге сонау бір алысқа, əркімнің өзі
жетіп жығылатын жеріне алып бара жатқандай.
Енді Ноннидің біраз ғана ойнауына болады. Ол малды өріске айдап
салуға кірісті: яғни əр кереуеттің үстіне асықтарын бір-бірлеп қоя бастады.
Бұл - оның өріске шыққан малдары. Ол қойларды ең жоғары жайғастырды.
Мұнысы - оларды тау басына жəне оның қия бетіне айдап салғаны. Қойдың
жақ сүйектері сиырларды бейнелейді. Сондықтан да оларды кереуеттің
аяқтарына арқандап қойды. Кішкентай Ноннидің сиырға деген көзқарасы
Жазғы мекен иесінің көзқарасынан мүлде бөлек. Сондықтан да ол бірден
он сиыр ұстайды. Енді бір кезде ол əлдебір алыс сапарға аттанады. Оның
аттары да сүйектер.
Ол иен дала мен таудың арғы жағындағы жат өлкелерге баратын
жолдарды жақсы біледі. Сондықтан да өзінің жылқыларын фьордтардың
(тауға еніп жатқан шығанақтардың) жағасына айдап апарады: жол ұзақ əрі
қиын. Бұл бөлменің ішінде ондай алыс сапарлар жасау баланың бір өзіне
ғана белгілі ережелерді ұстанған жағдайда ғана мүмкін бола алады. Ол
үшін тіпті кереуеттің шеттері - күртік қар басып жатқан жəне сиқырлы
зұлым күш иелерінің елесі қаптаған қатерлі тау шатқалдары мен тасты
соқпақтар саналады. Кейде ол жолда келе жатып (терезенің алдындағы
үстел астында) түнеп те қалады. Нонни үшін көктем шығып, қар кеткен,
шешесі ауруынан жазыла бастаған кезде ғана оның алдынан нағыз кеңістік
ашылады, бөлмедегі қиялмен елестететін жалған кеңістік біржола
жойылады. Нонни "сиыр қорасы" мен бөлменің төменге түсіп-шығатын
есігінің аузына дейінгі алақандай ғана жерге орасан зор қашықтықты
сыйғыза алмай қиналудан құтылады.
Нонни қалада дəрігерлермен жəне дүкеншілермен сөйлесіп жүреді. Ол
орасан көп мөлшерде мейіз сатып алады - өйткені оның үйінде тəттісіз
тамақ ішілмейді ғой. Сөйтіп баланың бөшке-бөшке, жəшік-жəшік, қап-қап
мейіз, ақ шақпақ қант сатып алуына тура келеді. Докторда дəрі құйылған
бес жүзге тарта шыны құты бар екен - Утиредсмиридегі староста қойының
санымен бірдей. Бірақ баланың одан бір тамшы да дəрі сатып алмағаны таң
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 16
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.