Latin Common Turkic

Арманын Аңсаған Жандар - 23

Total number of words is 4521
Total number of unique words is 2056
38.9 of words are in the 2000 most common words
53.6 of words are in the 5000 most common words
61.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қарайтын, аулада біресе алдыңғы екі аяғын, біресе артқы екі аяғын көтере
асыр салып жүгіретін. Ауста оны үш түсті деп жақсы көретін. Бұзау
беткейді кезіп жүріп, хош иісті жас шөпті рақаттана иіскейтін. Жаңбыр
жауа бастаса, енесінің бауырына барып тығылатын.
Бұл күн Жазғы мекендегі хуторда қалғандарды ауыр мұңға батырып,
қатты жабырқатқан жексенбі еді. Букодла байғұс қорадан шықпай, бұзауын
іздеп, үздіксіз мөңіреумен болды. Қанша рет өріске айдап салса да қайта
оралып келіп, табалдырықтың жанында мөңіреп тұрып алады. Үйдегілерге
зарын айтып, мұның шаққандай болады. Оның мөңіреген зарлы үні тау
жаңғырығына жалғасады. Бақытсыз бейшараның үлкен көздерінен ірі-ірі
жас тамшылары бырт-бырт төгіледі. Сөйтсе, сиырлар да жылайды екен.
Финнаның Букодлаға тура қарауға апта бойы дəті шыдамады – өзін
кінəлы сезінгендей жүрді. Сондықтан да оны Фрида кемпір сауатын болды.
Адамнан қатыгез ешкім жоқ. Олар тілсіз момақан жануарлардың алдында
өз кінəларынан қалай ақтала алмақ? Азаптың алғашқы күндері əрқашан
ауыр болады. Бірақ адамның бір бақыты уақыт өте келе қандай ауыр
қылмысты да, оның азабын да ұмытып кетеді. Кəдімгі баянсыз махаббат
сезімін ұмытып кеткен сияқты.
ОТЫЗ БЕСІНШІ ТАРАУ
ҚҰТТЫ ҚОНАҚ
Жаңбыр құйып тұр. Ауста Соуллилья түскі ас əзірлеу үстінде. Ол су
болған көйлегін шешіп кептіріп алу үшін ыстық плитаның үстіне жайды.
Оның буы шыға бастады. Ауста жалаң аяқ, жалаң бас, тозығы жеткен
жыртық белдемшесімен жүр. Балық тазалаумен əуре. Кəстрөлдегі су
көпіршіп қайнай бастады.
Кенет төменнен біреудің аяғының тықыры естілді. Сыртқы есік
ашылып, біреу қора арқылы кіріп келе жатты. Сатының сықыры да естілді.
Артынша жоғарыға көтерілетін тесіктің қақпағы ашылды. Əне келген
адамның өзі де көрінді. Ол жан-жағына көз жүгіртіп шықты. Басында қалпақ, үстінде - су өтпейтін плащ.
Оның ішінен жағалы пальто киіпті. Доғалы белдік, былғары бау, жалтжұлт еткен мыс түймелер. Аяғында қонышы биік брезент саптама етігі бар.
Қандай нөсер болса да су өтпейді. Көгілдір көздерінің жанары ашық.
Жылы жүзді жан екені байқалып түр. Ол Аустаға жап-жас жігіт сияқты
болып көрінді. Қонақ жігіт сыпайы сəлем берді, ал қыз не деп сəлемдесерін
білмей, бұрынғы əдетінше үн қатпастан қолын ұсынды. Бірақ, бір
таңқаларлығы, жігіт қолын созбады - қыздың қолын алмады. Кең де қалың
пальто киген ол бұлардың кішкентай бөлмесінде коп орын алып тұрғандай.
Ауста ол басын үйдің аласа төбесіне соғып алар ма екен деп қауіптене
ыңғайсызданды. Қонақтың берген сəлеміне қарт əже де жауап қатқан жоқ.
Ол тоқып отырған ісін қоя салып, қонаққа көзінің қиығымен қарады.
Қонақтың қолында екі түйіншек бар еді - бірінде форель балықтар,
екіншісінде ақбас қараша қаздар болатын.
- Жас балық пен құс еті, - деді қонақ. - Əуес ас қой. Тағамдарыңыздың
бұл да бір түрі болсын.
Ер адамның күнге күйіп, тотыққан жүзінен інжудей аппақ бейне бір
əдемі тізілген тістері жарқ ете қалғандай болды, ал оның күміс қоңыраудай
сыңғырлаған сұлу үні Аустаға ерекше жағымды естілді.
- Соула, - деді карт əжесі қарлыққан даусымен, - қонаққа орындық
ұсынсайшы.
Бірақ Аустаның отырыңыз деп айтуға батылы жетпеді. Тозығы жеткен
белдемше көйлегінен, өзіне епетейсіз ұзын сияқтанған қолдарынан,
балтырына жұғып қалған балшықтан қысылды. Ол аздай-ақ, плитаның
үстіне кептіруге қойған жыртық көйлегінен бу бұрқырап жатқан еді...
Қыздың қысылғаны сонша, қонақтың жүзіне, тіпті түрлі түсті бояуымен
құлпырған форельге де тура қарай алмады. Шамасы, бүл адам осылардың
ішіп-жейтін тағамы жоқ шығар деп ойлап тұрған да болуы керек. Енді бүл
оған не демек? Осы жерде əкесі болғанда не дер еді?..
- Қане, бірнеше форельді кострөлге салайық, - деді де, қонақ жігіт
қолына пышақ алды. Оның жіп-жіңішке қоңырқай қолдары тап-таза əрі
нəзік көрінді. Еш жерінде ойылып, құс басқан, сызат түскен белгі
білінбейді. Қолы қолына жұқпайтын шебер де екен - өте əбжіл
қимылдайды. Бірнеше форельдің ішін көзді ашып-жұмғанша дерлік аршып
тастады. Оның ұрық бездері мен уылдырығын тостағанға аударып, бір
бөлек қойды. Ал жуып тазартылған балықты кəстрөлге салды.
- Тамаша балық екен, - деді оя Салмағы төрт фунтқа жуық. - Сөйтті де
форельді қарт əжеге көрсетті. - Өте жақсы, дəмді балық.
- Иə, иə, - деп қуанды қарт əже. - Солай да болар. Əркім үйренген
тағамын жақсы біледі ғой. Бірақ өзгелер үшін өз талғамыңмен ғана тағамтамақ таңдамау керек. Менің жаңадан ауланған балықты жеуге тəбетім
тартпайды. Ал тұщы суда өсетін балықтың тіпті де дəмі болмайды.
Жаңадан ұсталған балықтың жас етін асқазаным қорыта алмайды. Бір түрлі
күшті сияқты көрінеді де тұрады. Содан барып, денемді бөртпе басып
кетеді.
Қонақ жігіт олай болуы мүмкін еместігін айтты. Өйткені балықтың жас
еті денсаулыққа өте пайдалы ғой.
- Сіз қай жақтан келдіңіз өзі?
- Оңтүстіктен.
- Өзім де солай шығар деп ойлап едім. Мүсəпір екенсіз ғой, - деді
кейуана көбінесе үйінен жырақта жүрген жанға қарт адамдардың
аяушылық білдіретін əдетімен.
Ауста Соуллилья қонақ жігіттің қолы қолына жұқпай форельді көз
ілестірмейтін əбжілдікпен тез соятынына тұрған орнынан қозғалмай,
қадала қарапты да қалыпты. Қолының қозғалысы əбден машық болған
қасаптың қимылындай өте тез əрі сенімді. Бейне бір бар жұмыс өзінен-өзі
жүріп жатқан сияқты. Оның үстіне, бəрі де дұп-дұрыс. Оның Ауста жақ
бетінде əлдебір күлімдегендей белгі білінеді. Бірақ оның ойында күлсем
деген ниет мүлдем болған жоқ еді. Қонақ жігіт өте сұлу да сымбатты əрі
мейілінше мейірімді көрінді. Ол форельді кəстролге салып болды да, оның
ернеуіне дейін толтыра су құйды. Содан кейін аздаған тоң май сұрады.
Қайнап жатқан форельдің жағымды хош иісі бүкіл бөлмені алып кетті. Бұл
бір атақты үлкен адам, құтты қонақ болды ғой. Ал, оның осы маңға келген
алғашқы күнінен бастап Аустаның ойында не болғанын, нені армандағанын
ешкім біліп болмайтын еді.
Қонақ қорқорын алып, темекіге толтырды. Содан соң рақаттана тартты.
Тобылғының бал-шырын аралас, тіпті одан да тəтті, одан да ұнамды иісі
аңқып қоя береді. Мұндай тəтті хош иіс оз алдына бір дүние тəрізді. Ол
жағымды иіс қонақ жігіт кеткеннен кейін көпке дейін сақталып тұрады.
- Қош болыңыздар, - деді де, қонақ жігіт көзден ғайып болды. Оның
өзінің соңынан сыртқы есікті жапқаны естілді.
Ауста терезе алдына тез жетіп барды да оның құйып тұрған жаңбыр
астында су өтпейтін қалпағы мен плащын, кең пальтосын киген қалпымен
жүгіре басып кетіп бара жатқанына қарады да тұрды. Жоқ, мұндай адамға
жаңбыр дегенің түк те қорқынышты емес. Жүрісі қандай жеңіл əрі
жарасымды еді! Қыз кенеттен басы айналып, жүрегінің аттай тулағанын
сезді. Жүрегінің дүрсілі басылғанша сол орында тұра берді.
Қарт əже қонақ жігіт оңтүстік жақтан келгендіктен одан бір нəрсе
туралы сұрамақ болғанын енді ғана есіне түсірді. Бірақ қарттықтан қаусап,
əбден шаршап-шалдыққаны сонша, тіпті не туралы сұрамақ болғанын
ұмытып та қалды.
- Сен, Соула, ұялсаң етті - əлгі бейшараға кофе ішіңіз деп айтпадың да
ғой.
Ал Ауста Соуллилья оның не деп отырғанын естіген де жоқ. Ол өзін
адам таң қаларлықтай ыңғайсыз сезінген қалпында қалған еді: ұп-ұзын
қолдары мен сидиған арық жалаңаш аяқтарын, тозығы жеткен жыртық
белдемше көйлек кигенін көрсеткенінен əлі қысыла ұялып тұрған болатын
Өзімді нағыз ұнамсыз кейпімде көріп кетті-ау деген өкініш өзегін өртеп
бара жатқан.
- Мынау құс па? - деп, жақтырмай сұрады Бьяртур кешке қарай,
қонақтың қалдырып кеткен түйіншегін көріп. - Құстың етін жеп тойынған
жанды көрсем, көзім шықсын!
- Оны асып берсем қайтеді? - деп сұрады əйелі.
- Менің естуімше, атақты адамдар тек қана құстың етін жейтін көрінеді
ғой, - деді Халбера.
- Француздар тіпті құрбақаны да жей береді деседі, - деді Бьяртур.
Ол күс етіне қолын да тигізген жоқ. Бірақ балық пен құс алып келіп
тастаған қонаққа ренжімегені де көрініп тұрды. Келесі жексенбі күні
таңертеңгі ас ішіп болғаннан кейін былай деді:
- Танымайтын басқа біреуден жарымаған жарлы жан сияқты сый-садақа
қабылдауға шеттеріңнен шеберсіңдер. Ал əлгі бейшара жігітке тым
болмаса жексенбі күні бір ұрттам сүт беріп жіберу ешқайсыңның ойларыңа
кірмейтіні қалай? Ұят емес пе?
Бүл əңгіме йен даладағы көлдің шығыс жағалауындағы шатырға Ауста
Соуллильяны бір құмыра сүт беріп жіберуге жұмсаумен аяқталды. Онымен
бірге кішкентай Нонни де кетті. Ол беті-қолын тазалап жуып, шашын
тарады. Аустаның біреуі түзу, екіншісі қылилау көздері өте үлкен əрі қапқара сияқты көрінді. Ауста қой терісінен тігілген кебісі мен марқұм
шешесінен қалған көйлегін киді. Ол көйлегін қалаға барып келгеннен кейін
жуып, тазалап жамап қойған болатын. Бірақ өңі оңып кеткен. Түсі көз
тартарлықтай емес еді -кəдімгі көп шүберектің бірі сияқты көрінді. Бірақ
Аустаның бақытына қарай, сиыр бұзаулап, қуанышы қойнына сыймай
жүрген. Мұны оның өңі кірген жадыраңқы жүзінен де байқауға болатын.
Құмыра толы сүт көтерген əпкесі мен інісі шалшықты балшықтың
бойын жағалап шығысқа қарай бара жатты. Ауста Соуллилья бір түрлі
толқу үстінде еді - бір ауыз тіл қатқан жоқ. Үш күннен бері жаңбыр
басылып, жер құрғап қалған. Бірақ ауа райын біржола жақсарды деуге
болмайтын еді. Соның өзінде шабылған шөптің көпшілігін жинап алды. Ал
бүгін күннің көзі шайдай ашылды. Рас, шалшықты балшықтағы шөп
солғын тартып, күн шұғыласының көктемгі кездегідей нəзік-көгілдір
түсінен айырыла бастаған кезі. Шалшықты балшықты мекендейтін құстар
жылы жаққа топ-тобымен қайта бастаған кез еді. Өткен өмірінің кінəлі
істеріне өкінгендей болып, шөп түбінде жападан-жалғыз жасырынып
жататын тау құдірет ілуде бір кездесіп қалады. Əне, ол Аустаның аяғының
астынан пыр етіп ұша жөнелді. Қыз қорыққанынан селк ете қалды.
Құстардың сайраған əуендері естілмейді - құлаққа тек жүректің сыңғыр
қаққан сұлу əні ғана келіп тұрғандай.
Шатырдың айналасында еш нəрсе көрінбейді. Əпкесі мен інісі шатырға
жете бере тоқтады. Бір түрлі ыңғайсызданды. Есігі де, есігінің жақтаубосағасы да жоқ мына шатырдың қай жерін қағып, белгі берерін білмей,
аңтарылды. Дегенмен батылы ұстап, шатырдың ішіне сығалап қарады. Іші
түкті қап-төсектен шығып келе жатқан жігіт бұларға ұйқылы көзімен
қарады.
- Сіздер маған келіп тұрсыздар ма?
- Жоқ, - деп жауап берді Ауста Соуллилья. Сөйтті де сүт құйылған
құмыраны жерге қоя салды. Інісінің қолынан шап беріп ұстап, жетектеген
бойы қаша жөнелді.
- Ей, балалар, тоқтаңдар! - деді ол. -Мынау не? Мен мұны не істеймін?
- Ол сүт қой, - деді кішкентай Нонни, қашып бара жатып, қайырыла
мойнын бұрып.
- Тоқтаңдар дедім ғой. Ұялмаңдар, - деді шатыр иесі бұлардың соңынан.
Балалар оны тыңдамай қаша берудің ретін таппады. Тоқтай қалып, оған
бейне бір үріккен аң сияқты одырая қарасты.
- Бері келіңдер. Жақындасаңдаршы, - деп тағы да қайталады ол.
Бірақ балалардың оған жақындауына батылы жетпеді. Бір орында
тұрып, оған қадала қарады. Ал ол құмыраның қақпағын ашты да аузына
тосып, əлдебір сақтықпен бір жұтым сүтті ұрттады. Сөйтті де ернін сүртіп,
түкіріп тастады.
- Тоқтаңдар, қуырылған құс етінен дəм татыңдар, - деді ол.
Балалар оған қадала қараған бойы тұра берді. Содан кейін
шағын төмпешікке отырысты. "Қуырылған құс еті" деген қандай
болады екен деп таң қалысты. Бұл не істер екен деп ойлады олар. Əлгі адам
жалаң аяқ, жалаң бас, шалбаршаң əрі көйлекшең жүрген бойда шатырдың
жанында ас əзірлеуге кірісті. Балалар оның əрбір қимылына жіті қараумен
отырды.
Ол балаларға бұрылып қарамастан:
- Жақынырақ келулеріңе болады. Бұл тіпті де қауіпті емес, - деді.
Оның бұларға бұрылып қарамастан, теріс қарап отырған сəтін
пайдалана қойған балалар шынында да жақынырақ келді. Шатыр иесі
балаларға қорқатын, ұялатын дəнеңе де жоқ екенін, шатырдың ішіне кіріп
отыруларына болатынын айтып түсіндірді. Əлдебір нəрсе ойлап, секем
алып қалмасын дегендей, олардың беттеріне бұрылып қарамауға тырысты.
Балалар оған ілесе шатырдың ішіне кірді. Əуелі ұл, одан кейін қыз кірді.
Екеуі де шатырдың тіреуіне арка сүйеп отырысты. Олардың өмірінде
бұрын-соңды тап мұндай тосын оқиға болып көрмеген еді. Темекінің,
жемістің, иіс судың хош иісі аңқиды. Ауста кофе түстес қоңыр қолдардың
əбжіл қимылынан көз алмай, қызыға қарады да отырды: примусты қалай
тұтатып, қалай жаққанын, табаға қалай май салып, қалай шыжғырғанын
тамашалаумен болды. Үй иесі табаға ішек-қарны алынып, жуып тазаланған
үш үйректің етін салып, қуыра бастады. Қуырылған еттің тəтті иісі басқа да
хош иістермен араласа шықты. Жігіттің жұп-жұмсақ көрінген қоңырқай
жүзінен əлдебір жылы күлкінің ізі байқалады. Ауста оның бұларға
бұрылып қарамағанына қуанды.
- Сендер ойын ойнай білесіңдер ме? - деді ол, бұларға көз аудармастан.
- Жоқ, білмейміз, - деп жауап қатты балалар.
- О-оһ! - деп, созылыңқы үн қатты ол. - Неге білмейсіңдер!? Сонда
қалай болғаны?
- Əрқашан белгілі бір іспен айналысу керек, - деді Нонни.
- Неге олай?
Балалар неге олай екенін шынында да білмейтін.
- Ойын деген қызық қой, - деді ол.
Ал балалар неге қызық екенін түсінбеді. Оның осы балалардың өздері
туралы немесе өзі тұратын жердегі адамдардың балалары туралы айтып
отырғанын айыра алмады. Ауста ол менің жүзіме тура қарап қояр ма екен
деп қауіптенді. Сөйтіп екі беті қызарып шыға келді.
- Сендер неге құс атып жемейсіңдер? - деп сұрады үй иесі.
- Əкеміздің құс атқысы келмейді, - деді Нонни. Бірақ оның мұндай сөзді
қашан айтқаны тіпті де есінде жоқ болатын.
- Ал сендер мен сыйға алып барып берген құсты қайттіңдер? Асып
жедіңдер ме? Оны майға қуырып жеу керек еді.
- Біздің үйде май жоқ.
- Неге?
- Əкеміздің май шайқайтын күбі сатып алғысы жоқ.
- Сонда сендердің əкелерің нені жақсы көреді?
- Өз қойларын жақсы көреді, - деп жауап берді Нонни.
Шатыр иесі балаларға бір түрлі таңдана қарады. Ол енді ғана байқады:
бұлардың сөйлесіп отырғаны кəдімгідей мазмұнды əңгіме екен.
- Өз қойларын жақсы көреді? - деп қайталап сұрады жігіт, бұрыннан
таныс сөздердің мағынасын түсінбеген адамдай. Сөйтті де табадағы
үйректің етін аударыстыра бастады. Оның астыңғы жағы қызыл қоңыр
түске еніпті. Шыжғырылған май бұрынғысынан бетер шыжылдай түсті.
Шатырдың іші қоңырсыған майдың жағымды иісіне толды.
- Яғни, өз қойларын ғана жақсы көреді екен ғой, - деді үй иесі. Ол өзінеөзі сөйлегендей болып, басын шайқады. Балалар қойды жақсы көру
оншалықты жақсы нəрсе емес екендігін жете түсінбесе де аздап бір нəрсені
сезінгендей болды. Нонни Хельгиге сол нəрсені жеткізуге асықты: мына
жүрген атақты үлкен адам, шамасы, бұлардың əкесінің пікірімен онша
келісе қоймайтын сияқты.
Ауста үй иесін басынан аяғына дейін шолып шықты - оның беліне,
аяғының саусақтарына дейін қарап үлгерді. Жағасы айқара ашық қоңыр
көйлегі жарасып түр. Ауста мұндай көйлекті бұған дейін көрген емес.
Мұндай адам нені қаласа, соның бəріне де ие бола алатын сияқты.
Əшекейлі əдемі табақтың бетіне салынған, ертегілердегі айтыла беретін
керемет үй осы жігіттің үйі емес пе екен? Жоқ, олай болуы мүмкін емес ол үйдің алдында жап-жас қыз тұр еді ғой. Мұның үйі орманның ортасында
тұрған жеке үй болуы тиіс. Алдыңғы жылы жерге түсіп кетіп, қойлар
тұяғымен таптап тастаған əдемі күнтізбедегі суреттен көрген үй сияқты
болуы керек. Орманның ортасындағы жеке үй. Бүл сонда бір өзі тұратын
шығар. Ол үйдегі бөлме көп болар, шамасы. Редсмиридегі бөлмелерден де
əдемі болуы керек, сірə. Редсмиридегі диваннан əлдеқайда əдемі диваны да
болуы тиіс. Аппақ Қар аруы туралы ертегі тап осы жігіт туралы шығар.
- Сенің атың кім? - деп сұрады ол
Күтпеген сұрақтан қыздың жүрегі тоқтап қала жаздады.
- Ауста Соуллилья, - деді ол, тез жауап қайтарып. Бірақ өлердей шошып
кетті.
- Ауста... Содан соң қалай-қалай? - деп сұрады ол.
- Соуллилья, - деп жауап қайтарды кішкентай Нонни əпкесі үшін.
- Таң қаларлық əдемі ат екен! - деді де, қызға арнайы бұрылып қарады.
Шынында да күн шұғыласына бөленген лала гүл сияқты сұлу ма екен деп
көз жеткізгісі келгендей. Қыз өз атының соншалықты ерсі екенін енді ғана
біліп, аздап өкінгендей болды. Ал ол сол ғана күлімсіреді де қойды, қыздың
қысылғанына кешіріммен қарады. Жігіттің көзінен əлдебір ізгіліктің, өте
күшті əрі нəзік ізгіліктің нышаны ойнап шыға келгендей болды. Қыздың
жан дүниесі жабырқап, сағына күтіп, армандап жүргені тап осындай ізгілік
нышаны еді ғой. Ауста ондай ізгілік нышанын түңғыш рет осы жігіттің
көзінен көрді... Бəлкім, енді қайтып ешқашан көре алмайтын да болар.
Бірақ ол көріп те, оны түсініп те үлгерді. Бұл -өзі аңсап армандаған ізгілік
нышанының дəл өзі!
- Мына аңғардың неге соншалықты сұлу, əдемі екені маған енді ғана
түсінікті болды, -деді шатыр иесі.
Оның бұл сөзіне Ауста Соуллилья не деп жауап берерге сөз таппады.
Аңғар неге соншалықты сұлу да əдемі дегені несі? Қыздың осыны ойлап
əбден басы қатты. Сонда оның бұған не айтпақ болғаны? Оның бұған дейін
естігендері өте əдемі жүн, өте əдемі иірілген жіп, əсіресе өте əдемі қойлар
туралы ғана болатын Бірақ бұған аңғардың қандай қатысы бар? Ал аңғар
дегеніміз мына жатқан шалшықты балшық емес пе? Жабысқақ сазды лай
ғана. Онда тобығыңа дейін су кешіп қана жүре аласың. Ал ағысты жерлері
бұдан да терең. Бұл аңғарда көлкіп жатқан көл бар. Онда, жұрттың
айтуынша, су перісі жайлайтын көрінеді. Ондағы төменгі төбенің үстінде
жападан-жалғыз үй - хутор түр. Жалаңаш жартасты тау бар. Жарық күндер
өте аз кездеседі. Қыз аңғарды тағы бір шолып шықты, шалшықты
балшыққа - өзі жаз бойы үсті-басы малмандай су болып, соншалықты
бақытсыз жан ретінде лай аралас пішен жинаған күндерін көз алдына
елестеткен жеркенішті шалшықты балшыққа қадала қарады. Сондағы
күндер мəңгі таусылмайтындай ұзақ көрінетін: атқан таңы мен батқан күнін
айырып болмайтын. Енді, міне, сол сұрықсыз аңғарды бұл соншалықты
сұлу, əдемі деп атағанына жол болсын!? "Мына аңғардың неге соншалықты
сұлу, əдемі екені маған енді ғана түсінікті болды" деуіне не мəн баp? Неге
олай дейді? Жоқ, оның бұлай деуі мұның атының Ауста Соуллилья
болғандығынан емес шығар. Ал егер бұл аңғар шыныменен-ақ сұлу да
əдемі болса, ол бұл жаққа осы бір ғажайып жігіттің келуінен ғана шығар?..
Табадағы қуырдақ əлі де шыжылдап жатты.
Бір кезде шатыр иесі оларды сыртқа шығуға шақырды. Олар көл
жағасына келіп отырды. Күндізгі сағат үштің шамасы еді. Жылы жел
соқты. Жігіт көк шөптің үстіне шалқасынан жатып, керіле созылды да көк
аспанға көз тікті. Ал балалар оның жатысына қарап, ұзақ қызықтады,
аяғының саусақтарына дейін қарап отырды.
- Сендер бір нəрсені білесіңдер ме? - деп сұрады ол, аспаннан көз алмай
жатқан бойы.
- Білмейміз, - деді балалар.
- Сиқырлы құбыжық күш иелерін көрген кездерің болды ма?
- Жоқ, болған жоқ.
- Ал қолдарыңнан не келеді өзі? - деп тағы сұрақ қойды жұмбақ жігіт.
Балалар оның қойған сұрақтарының бəріне бірдей "Жоқ, жоқ" деп
жауап бергенді тым ыңғайсыз сияқты көрді. Енді "Қолымыздан ештеңе де
келмейді'' деп бірден айтқылары жоқ еді. Айтпақшы, Ауста Соуллильяның
қолынан не келуші еді өзі? Есіне түсіргісі келіп, ойланып көргенімен
онысынан еш нəрсе шыға қоймады.
- Нонни əн сала алады, - деді Ауста.
- Қане, айтып көрші, - деп ұсыныс жасады, жұмбақ жігіт. Бірақ дəл осы
кезде Нонни, шамасы, əннің əуені қалай басталуы тиіс екенін ұмытып
қалған болуы керек - айта алмады.
Менің аяғымда қанша саусақ бар?
Ом саусақ бар, - деп, асыға қойып қалды Нонни, оның саусақтарын
алдын ала санап шықпай-ақ. Бірақ осынша асығыс жауап бергеніне өкініп
қалды: бəлкім, оңтүстік жақтағы адамдардың аяқтарында, кім білсін, он бір
саусақ болатын шығар деп ойлады. Ауста теріс айнала беріп, күліп жіберді.
Ол қандай күлкілі сұрақ қойды десеңші! Ол күлкісін тыя алмады.
- Өзім де осылай деп біліп едім! - деді жұмбақ жігіт, шаттана үн қатып.
Ол қыздың қалай күлетінін көру үшін көк шөптің үстінен көтерілді.
Қыздың күлкісінен оның бүкіл болмысы жандана түсіп, жарқылдап
көрінген еді. Көздерінен қулана қуанған ұшқын шашырады. Бұл - қыз
ыңғайға көне бастады деген сөз. Оның бет-əлпетінен қыздарға тəн жұмсақ
та жылы көрініс байқалды.
Табадағы қуырылған үйрек еті не болды екен? Шатырдың айнала
төңірегінде оның хош иісі аңқып қоя берді. Бүл өзі өте дəмді де хош иісті
ерекше тағам болар деп ойлағанда балалардың ауыздарынан сілекейі
шұбырды. Жұмбақ жігіт тəтті жемістер салынған қаңылтыр құтыны алып,
оның ішіндегісін тостағанға құйды. Тағам əзірлеумен барынша беріліп
айналысқаны сонша, енді балаларға назар аударуға мұршасы қалмады.
Ауста кішкентай Ноннидің мұншалықты ақылсыз əрі іш пыстырарлық
көңілсіз болғанына ызасы келіп, кенеттен ашу шақырды:
- Менен қалмай, ере келгенді білесің! Ал əн салуды неге білмей қала
қойдың? - деп кейіді.
Кешке жақын есік алдындағы табалдырық таста отырғанда өзінің аппақ
Қар аруы туралы ертегіні неге айтып бермегеніне өлердей өкінді - ертегінің
мəтінін басынан аяғына дейін жатқа білетін еді ғой! "Қыстың бір күнінде..."
деп басталатын. Рас, Ауста осы ертегіні айтуға сəл-ақ қалған еді. Бірақ
онымен мұның не айтқысы келгенін сезіп қояды ғой, дұрыс түсінбесе,
қайтемін деп қорыққан болатын. Ал қазір "Не болса, о болсын!" деп айта
бермегеніне өкініп отыр. Қазір, ала көлеңке іңір қараңғылығында, қол
жағасынан зорға дегенде көрінетін шатыр жаққа қайта-қайта көз
жүгіртумен болды. Ауста бүгін үйдегілер түгел ұйқыға кеткенше төсегіне
жатпауды ойлады. Сөйтіп отырғанда ол біреудің бұлдыр бейнесін байқап
қалды. Бейне бір поселке жаққа бет алып бара жатқан сияқты. Əрине сол,
соның тап өзі!
Жазғы мекендіктер ұйықтау үшін əлдеқайда жатып қалған кезде оның
батысты бетке алып, асудан асып кетпек болғаны қалай? Жолға
мұншалықты кеш шыққаны несі? Бəлкім, ол поселке жаққа əр кеш сайын
барып қайтатын шығар? Ауста оның мұнысын бұған дейін байқамаған
болуы керек. Айтпақшы, ол "Бұл аңғар соншалықты сұлу, əдемі" демеп пе
еді? Сонда ол не айтпақ болды екен? Бəлкім, ештеңе де айтқысы келген жоқ
шығар. Бұл сонда оның əзілдеп айтқан қалжыңына шынымен сеніп
қалғаны ма? Егер бүл аңғар шынымен-ақ сұлу да əдемі болса, онда ол неге
батысқа қарай бет алады, неге таудан асып, əрмен қарай кетпекші? Түн
қараңғылығы қоюланып, күн суыта бастады...
Ауста оны содан кейін екі күн көре алмады. Атқан мылтығының даусы
да естілген жоқ. Бірақ ол бəрібір қайтып оралды. Уақыт тым кеш еді.
Жұрттың бəрі жатуға ыңғайлана бастаған. Аустаның белдемше көйлегін өлі
шешіп үлгермегені қандай жақсы болған!
Ала көлеңкеде жұмбақ жігіт жоғары көтерілетін тесіктен басын шығара
беріп: "Қайырлы кеш!" деп дауыстады. Ол енді қалтасынан түн ішінде
жарқ-жұрқ еткен бір қорапты суырып алды. Ал əйелдер ішкі көйлектерімен
ғана қоршалана тұрған болатын. Жігіттің темекі тартатын қорқорынан
жылт-жылт еткен шоқ көрінді. Ол бықсып тұтанған темекісін құшырлана
сорған сайын бөлме ішіне темекінің жағымды хош иісі жайылып бара
жатты.
- Мен кетіп бара жатырмын. Қоштасып шығу үшін бұрылдым, - деді ол
- Сонша неге асықтың? - деп сұрады Бьяртур. - Мен оңтүстіктің
адамдары асықпайтын жандар шығар деп ойлаушы едім. Ешкім қуып
жатқан жоқ. Əлі біраз бола тұруыңа рұқсат еді ғой, досым-ау.
- Оныңыз рас. Дегенмен кетуімен тура келді.
- Жуырда сен біздің балаларға қуырылған құс етін беріп, қонақ етіпсің.
Айтып келді. Оныңа көп рахмет! - деді Бьяртур.
- Сол да сөз болып па? Ұсақ-түйек сый ғой, - деп, сыпайы жауап қатты
қонақ.
Оның рас, - деді Бьяртур. - Ол деген ұсақ-түйек сый. Ешқандай қауқары
жоқ тағам ғой. Адамның ашыққан кезде ғана жеуіне болады. Сен, байғұс
бала, мұндағы шалшықты балшыққа келгелі қатты жүдеп қалған
шығарсың?
- Жоқ. Керісінше, едəуір салмақ қостым.
- Ал біз мұнда қуаты мол тағамды жақсы көреміз. Тұздалған, қышқыл
тағамдарды ұнатамыз, - деді Бьяртур. - Айтпақшы, сенің құрылыс салудан
хабарың мол шығар, деп ойлаған едім. Білесің бе, менің құрылыс салып,
қонысымды кеңейтпек ойым бар.
Осы кезде Фрида өзін-өзі ұстай алмады.
- Қарай гөр мұның құрылыс салғышын! - деп, Бьяртурдың сөзін бөліп
жіберді. - Одан да ақыл-ойыңның құрылысын қайта жөндеткенің жақсы
болар еді. Оны іші-сыртынан бірдей сырлап, əрлеп қойғаның жөн.
Иə, Бьяртурдың құрылыс салғысы бар еді. Бірақ ондай ойы бар екенін
қайдағы бір ақыл-есі ауысқан, құдайшыл, масыл, ашу-ызаңды келтіретін
сұмырай біреулердің алдында айтудың қажеті жоқ еді.
- Қалай болғанда да мен сені өз жерімде көргеніме əрқашан қуанышты
боламын. Күндіз демей, түн демей, емін-еркін келе бер.
Жұмбақ жігіт үй иесіне қонақжайлығы үшін алғысын білдірді, бұл
ғажайып сұлу, əдемі аңғарға тағы да айналып соғатынына сендіріп, уəде
етті.
Бьяртур мұнымен алғаш рет кездескендегісіндей жауап қайтарды:
- Ғажайып сұлу, əдемі аңғар дейсің бе? Оны шабылған шөптің сапасына
қарай көре жатармыз.
Қонақ жігіт қоштаса бастады.
Осы кезде əлдебір оқыс оқиға болды. Əдетте ешқандай əңгімеге араласа
қоймайтын қарт əженің ойына бір нəрсе аяқ астынан сап ете қалған сияқты.
Ол қонақ жігіттің қоштасқалы ұсынған қолын өзінің əлсіз қолымен шап
беріп ұстай алды да, жібермей қойды. Оған əлдебір нəрсе дегісі бар.
- Егер мен дұрыс түсінсем, осы жігіт оңтүстік жақтан келген болуы
керек. Солай ма? -деп сұрады ол
- Солай екені рас, - деп қаттырақ дауыстады Бьяртур, қонақ жігіттің
мазасын ала беруді тоқтатқысы келіп. - Əрине, бұл жігіттің оңтүстіктен
келгенін өзіңізге талай рет айттым емес пе?
Қарт əже ол сөздерді өзінің жөнді ести алмай қалуы əбден мүмкін
екенін айтты - асарын асап, жасарын жасап, қаусап отырған кемпірден одан
артық не күтуге болады?
- Иə, - деп, құптай кетті Бьяртур. - Сіздің бір аяғыңыз жерде, бір
аяғыңыз көрде екенін жұрттың бəрі де біледі.
- Менің бұл жігіттен ақырында сұрайын дегенім бар... Мына мен де
оңтүстік жақтанмын ғой.. Ол жақта менің сіңлім қалып еді. Бəлкім, бұл
жігіттің оны білуі немесе кездейсоқ болса да жолығып қалуы əбден мүмкін
емес пе?
- Жоқ. Қайдағыны айтып қайтесіз?! - деп дауыстады Бьяртур.
- Олай болуы мүмкін емес. Бұл жігіт оны көрген жоқ.
- Сайтан алғыр-ау, бүл жігіттің оны көрген-көрмегенін сен қайдан біле
қойдың? - деп, киліге кетті Фрида кемпір.
Қонақ жігіттің қарт əжеден кейбір нəрселерді егжей-тегжейлі сұрап
білгісі келді. Кім біледі, бұл оның сіңлісімен кездейсоқ кездесіп те қалған
болар. Ол кісінің аты қалай болды екен?
Ол қарт əженің жүзіне қалта шамының жарығын түсірді. Кемпір байғұс
нұры қашқан көздерін сығырайта жүгіртіп, қонаққа əлдебір үмітпен
қараумен болды. Оның сіңлісінің аты Одрун екен.
- Одрун дейсіз бе? Рейкьявикте тұра ма?
- Жоқ. Ол еш жерде де тұрмайды. Оның ешқашан өз үйі болған емес. Ол
Меддаландтағы мырзалардың есігінде жүрді. Біздің туып-өскен жеріміз
сонда.
- Ой, сіз де қызықсыз, - деп, қарт əженің сөзін бөлді Бьяртур.
- Ондай адамдарды бұл қайдан біледі? Жыбырлаған жəндіктер сияқты
ұсақ-түйек біреулерді сұрайсыз...
- Мен оның ең соңғы хабарын естіген кезімде сіңлім Викаға таяу
маңдағы Мирдал деген жердегі біреулердің есігінде жүрген болатын.
Аяғын сындырып алып, ауруханаға түсіпті деп естігенмін. Оның өтініші
бойынша біреулер маған хат жазып жіберіпті. Менің ол хатты пошта
арқылы алғаныма отыз жылдай уақыт өтті. Содан бері бір-бірімізден
хабарсызбыз. Біз ағайынды екеуіміз-ақ болатынбыз...
- Иə, ол сіңліңіз əлдеқашан о дүниелік болып кеткен деп санай беріңіз
онда, - деді Бьяртур.
- Тьфу! - деді зығырданы қайнап, ашу-ызаға булыққан Фрида кемпір.
Сөйтті де қайтадан шабуылға шығып, дүрсе қоя берді: - Біздің
бақытымызға қарай, Құдай мен адамдар сенің айтқаныңа көніп, айдауыңа
жүрмейді əйтеуір. Əйтпесе сенен бəрін де күтуге болар еді.
Қонақ жігіт Одрун деген атты естімегенін, өйткені бұрын-соңды
Меддаланд жақта болып көрмегенін айтты.
- О-о! Ол Меддаландтан əлдеқашан кетіп қалған, - деді қарт əже. Бірақ
оңтүстіктің бір жерінде жүруі мүмкін-ау...
- Солай деңіз, қария, солай болуы да ғажап емес, - деді қонақ жігіт.
Хабар-ошар алыстан жетем дегенше не заман, - деді қарт еже қамығып.
Ол рас, деп қостады қонақ жігіт.
Менің сенен өтініп сұрайын дегенім мынау: сен оған менің атымнан
иілім сəлем айт. Əрине, егер кездестіре қалсаң. Сен оған былай де:
еркелетіп айт: менің жағдайым, Құдайға шүкір, жаман емес. Тек қана, өзің
көріп тұрғандай, тəнім де, жаным əбден тозып, қаусап бітуге таяу. Оған
тағы да мынаны айт: мен осыдан он үш жыл бұрын Тоурариннен біржола
айырылып қалдым - ол бейшара қайтыс болды. Ал ұл балаларым
əлдеқашан бет-бетімен кетіп қалды. Америкаға кетті дейді. Қазір мен
күйеуге тиген қызыммен бірге осында тұрып жатырмын.
- Иə, бұған бəрі де белгілі болды! - деп, дауыс көтерді Бьяртур.
Қонақ жігіт қоштасарда қарт əженің қолын тағы да қысты.
Оңтүстікке барған соң, сəті түсіп, жолыға қалсам, сəлеміңізді Одрунге
қалай да жеткіземін деп уəде берді. Ол үй ішіндегі басқа жандармен де
қоштасты. Əсіресе, Аустамен қимай қоштасты.
- Ауста Соуллилья, - деді, оны жас нəресте сияқты бетінен сипап.
"Ғажайып сұлу аңғардағы ғажайып сұлу есім!" дегенді қосып қойды. - Мен
бүл есімді ешқашан ұмытпайтын боламын.
Ауста ұйқысы келмей, ояу жатты. Құдайдың кім екенінен хабары
болмаса да одан жалбарынып тілек тілеумен болды.
Ойында - қонақ жігіттің "Мен бұл есімді ешқашан ұмытпайтын
боламын" деген жалғыз ауыз сөзі ғана. Иə, ұмытпайды. Ешқашан
ұмытпайды... Ауста оның алдағы жазда тағы да келетінін көңіліне медеу
тұта қуанды. Содан кейін көңіліне күмəн ұялады: əнеугүні түнде ол таудан
асып, қайда барды? Батысқа қарай неге кетті екен?
Таңертең бұлар ұйқысынан оянып, сыртқа шығып қарағанда шатыр
орнында жоқ болып шықты. Жаңбыр шелектеп құйып тұрды. Күздің
таянып келе жатқаны айқын сезілді. Жаңбырдың көңіл жабырқатар
сатырлаған даусына қарағанда, бейне бір басқа дүниеден құйылып
жатқандай тасқын судың тоқтайтын түрі жоқ. Белгілі бір ырғақтан, өрлеу
мен құлдыраудан ада жаңбыр үздіксіз əрі жалықтырарлық бір қалыпты
үнмен, еш нəрсеге бой бермейтін адуын күшпен жауды да тұрды. Бүкіл
өлкені ауыр мұңға бөлеп, қымтап алды.
Бөлмеде қонақ жігіт тартқан темекінің хош иісі əлі де тарқамай тұрған.
Ауста таңертеңгі ас əзірлеу үшін үйге қайта кіргенде мұны айқын сезді.
Алайда ол хош иіс көп тұрмады, бірте-бірте əлсіреп, ақырында жоқ болып
кетті.
ОТЫЗ АЛТЫНШЫ ТАРАУ
БЬЯРТУР ҮЙ САЛУҒА КІРІСТІ
Утиредсмири старостасы Иоун əдетте өзінің қойларын кімге жəне
əрқашан қандай бағамен сатқысы келетінін тек өзі ғана белгілейтін. Ал
Бруниге қарыздар болып қалған шаруалар бейне бір байлаулы бұзаудай
тырп ете алмай, тек соған ғана сататын. Округта өзінің Тулиниус Иенсенге
деген қызғанышы мен өшпенділігін жұртқа есіттіре ашық айтудан
тайынбайтын бірден-бір адам - ол староста. Ол қойды шаруалардан сатып
алып, йен дала арқылы солтүстікке айдап баратын да Викада өте қымбатқа
өткізетін. Ондағы сауда үйінің серіктес иесі өзі болатын. Бірақ уақыт өтіп,
заман өзгере берді. Тұтыну қоғамына жаппай қызығушылық бірте-бірте
арта түсті. Қоғамның бөлімшесі Викада да ашылды. Оның жұмысы жақсы
жүріп берді. Сауда үйі староста қанша көмек көрсеткенімен де шығынға
белшесінен батып, берекесі кете бастады. Міне, қиын-қыстау кезде ондай
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Арманын Аңсаған Жандар - 24
  • Parts
  • Арманын Аңсаған Жандар - 01
    Total number of words is 4448
    Total number of unique words is 2030
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 02
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2226
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 03
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2360
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 04
    Total number of words is 4358
    Total number of unique words is 2268
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 05
    Total number of words is 4440
    Total number of unique words is 2252
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 06
    Total number of words is 4347
    Total number of unique words is 2243
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 07
    Total number of words is 4342
    Total number of unique words is 2272
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 08
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2185
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 09
    Total number of words is 4366
    Total number of unique words is 2268
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 10
    Total number of words is 4320
    Total number of unique words is 2202
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 11
    Total number of words is 4314
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 12
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2181
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 13
    Total number of words is 4330
    Total number of unique words is 2243
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 14
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2269
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 15
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2239
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 16
    Total number of words is 4415
    Total number of unique words is 2283
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 17
    Total number of words is 4408
    Total number of unique words is 2287
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.9 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 18
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2274
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 19
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2238
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 20
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2219
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 21
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2262
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 22
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2250
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 23
    Total number of words is 4521
    Total number of unique words is 2056
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    53.6 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 24
    Total number of words is 4241
    Total number of unique words is 2340
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 25
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2279
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 26
    Total number of words is 4438
    Total number of unique words is 2036
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    55.0 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 27
    Total number of words is 4261
    Total number of unique words is 2153
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    53.3 of words are in the 5000 most common words
    61.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 28
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2139
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 29
    Total number of words is 4422
    Total number of unique words is 2090
    39.3 of words are in the 2000 most common words
    54.3 of words are in the 5000 most common words
    62.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 30
    Total number of words is 4468
    Total number of unique words is 2086
    40.6 of words are in the 2000 most common words
    55.4 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 31
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2221
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 32
    Total number of words is 4409
    Total number of unique words is 2062
    39.8 of words are in the 2000 most common words
    56.9 of words are in the 5000 most common words
    64.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 33
    Total number of words is 4372
    Total number of unique words is 2185
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    63.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 34
    Total number of words is 4437
    Total number of unique words is 2144
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    62.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 35
    Total number of words is 4421
    Total number of unique words is 2219
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 36
    Total number of words is 4385
    Total number of unique words is 2147
    38.9 of words are in the 2000 most common words
    54.4 of words are in the 5000 most common words
    61.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 37
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2168
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 38
    Total number of words is 4454
    Total number of unique words is 2156
    38.2 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    60.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 39
    Total number of words is 4530
    Total number of unique words is 2099
    40.3 of words are in the 2000 most common words
    56.4 of words are in the 5000 most common words
    64.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 40
    Total number of words is 4333
    Total number of unique words is 2198
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    60.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 41
    Total number of words is 4348
    Total number of unique words is 2136
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 42
    Total number of words is 4405
    Total number of unique words is 2157
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    61.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 43
    Total number of words is 4355
    Total number of unique words is 2156
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 44
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2178
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 45
    Total number of words is 4455
    Total number of unique words is 2126
    38.5 of words are in the 2000 most common words
    54.7 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Арманын Аңсаған Жандар - 46
    Total number of words is 3202
    Total number of unique words is 1615
    44.3 of words are in the 2000 most common words
    59.2 of words are in the 5000 most common words
    67.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.