Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 33

Total number of words is 3900
Total number of unique words is 2329
30.7 of words are in the 2000 most common words
43.8 of words are in the 5000 most common words
50.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жалғыздықтан жаны құлазыған Софья төсегінен тұрды да, Генридің
кабинетіне кірді. Үстеліне кеп отырып, көне грек тілінде бір шумақ
өлең жазды:
Уа, əмірші! Жетер-ау сенің түбіңе
Жүрегіңнің жалыны. Сағынды ғой қызың сені.
Сағынды ғой сорлы жұбайың. Аясаң етті соларды!
Британдықтар мақтауы артық па əлде менен де
Сана сергек болатын күндізгі жарықта елеңін қайта бір оқып
шыққан ол соңғы сұраққа, шамасы, «солай болғаны ғой» деп жауап
беруге тура келетінін ұқты. Генри əрқилы ғылыми қоғамдардан
лекция оқуды өтінген он шақты шақыру алған еді. Бұған қоса баспагер
Джон Мэрреймен, өзінің Микен жайлы кітабына клише əзірлеп жатқан
ағылшын граверлері Купермен жəне Уимпермен бір айдай жұмыс
істеуі керек-ті.
Тісегеннен кейін Андромаханың да қызуы қайтты. Катинго да қолаяғын бауырына алды. Бибі Виктория да бас көтеріп, қайтадан үй
шаруасын басқаруға кірісті. Жүрек талмасымен ауырғаны жайлы
ештеңе сезген жоқ. Софья дəрігер Скиадарассистен шешесіне күтім
жасайтын жақсы сестра тауып беруін өтінді. Үй-ішінің шаруасын
бірыңғайлаған ол үстіне «Амалиясын» киді. Балтырдан келетін ұзын,
қызыл ноқатты көк жібек юбкасы, жұқа полотнодан тігілген ақ
блузкасы, қысқа жекеті жəне қызыл барқыт тақиясы бар гректің
ұлттық костюмі осылай аталатын. Онымен бірге Андромаха,
Поликсена мен Спирос та келе жатыр еді. Пирейден олар Марсельге
жүретін пароходқа отырды. Одан əрмен Парижге поезбен бармақшытұғын. Бұл арадан оларды Генри қарсы алып, бəрі бірге Ла-Манштың
ар жағына өтпекші болатын.
Олар «Лувуа» қонақ үйіне тəуір орналасқан еді. Бірақ, арада екі күн
өткеннен кейін Генри Британ музейінің жанынан, Кеппелстрит
көшесінен жалдаған № 15 үйге көшті. Мұнда Софьяны ресми шақыру
күтіп жатқан. Ұлыбритания мен Ирландия Корольдік археология
институтының президенті лорд Талбот де Малахид өз советінің
бірауыздан мақұлдауымен: «Миссис Шлиман таяу күндерде, кешкі
сағат 5-те өтетін арнаулы мəжіліске қатысып, институтымызға ілтипат
көрсетуге шақырылады. Шлиман ханымға кеңілі қалаған тақырыпқа
хабарлама жасау ұсынылады», деп жазыпты.
Софья осы мəжілісте Англиядағы ең сыйлы институттардың бірі —
Корольдік археология институтының құрметті мүшесі дипломын
алмақ еді. Генри қуанышқа кенеліп жүрді. Ал, Софья қатты
сасқалақтады.
— Генри, мұндай жерде сөйлеп көрген жоқпын ғой. Не айтпақпын?
Генри оның көптің алдына шығуға жүрексініп отырғанына күлді.
— Көңілің нені қаласа сол жайында сөйле. Мысалға, грек мұрасы,
біздің Троя мен Микендегі қазбаларымыз жайлы айт.
— Сонда грекше сөйлеу керек пе əлде ағылшынша сөйлеу керек пе?
— Сөзіңді жұрттың бəрі түсінуі үшін ағылшынша сөйлеуің керек.
Былай етейік. Алдымен, сен айтарыңды толық етіп грекше жазып шық.
Сосын оны ағылшын тіліне аударармыз. Макс Мюллер текстің кедірбұдырын жөндеп берер. Алда əлі үш аптаң бар ғой. Сенің сөзіңе небары
жиырма минуттай уақыт бөлініп отыр.
Олардың уақытша тұрағы жайлы болғанымен, өте түнеріңкі-тұғын.
Қонақ бөлмедегі мүліктердің түсі бірөңкей қарақошқыл-ды. Асхана
қабырғаларына қоңырқай лак түс қағаздары жапсырылыпты. Жатын
бөлме мен төмендегі бөлмелердің терезелері жұқа перделердің
сыртынан қалың көк барқыт гардиналармен жабылып, бұлар қымбат
ағаштан жасалған жалпақ бұғатқа қола шығыршықтар арқылы ілініпті.
Үйдің ішінде жарық та, ауа да аз болатын. Ығы-жығы заттардың
көптігі сондай, бөлмеде аяқ аттап басатын жер жоқ-ты: нəн рояль,
үстелдер, кушеткалар, креслолар, гүл қойылған этажеркалар,
ширмалар, қырыққұлақ өсірілген құмыралар, пальмалар, жаңғақ
ағашынан жасалған, ойып өрнектеліп, піл сүйегімен безендірілген
шынылы шкафтар, фарфор қойылған ауыр буфеттер, муляж жемістер
салынған вазалар...
— Мына лабиринттен түнде қалай өтуге болатынына ақылым
жетпейді. Генри, сенен өтінішім, гардиналарды алып тастап,
терезелерді ашып, жарық пен кеуге Софья қатты шаттанып жүрді.
— Ол үшін сүймен керек бола ма деп қорқам. Ағылшындар таза ауа
екпеге зиянды деп есептейді.
Май айында күн ашық боп, жаймашуақтанып тұрды. Осы үймен қоса
жалданған аспаз əйел Софьяның таңғы асын төсекке əкеп беретін.
Таңғы тамақ та ағылшын дəстүрінше мейлінше мол əзірленетін. Сұлы
жармасынан жасалған ботқа, жұмыртқа, ветчина, гренкалар, повидло
мен шай берілетін.
— Генри, бұның бəрін қалай тауысам?! Ертеңгісін тек бір шыны аяқ
кофе ішіп үйренген адаммын ғой.
— Сен өзіңді ағылшын əйелімін деп ойла. Көргенде көз тоятындай
боп, бөксеңнің аздап бұлтиып тұрғаны жаман болмайды.
Бір қызығы, ұзамай Софья мұны түгел тауысып қоятын болды.
Афиныда əбден титықтатқан сырқаттың ізі де қалмады. Бұл жерде
өзіне тіреліп тұрған ешқандай шаруа жоқ-ты. Азық-түлікті аспаз əйел
өзі сатып əкеп, дастархан мəзірі жайлы Генримен ақылдасатын.
Таңертеңгі тамақтан кейін Софья халатын киіп, аяғына сүйретпесін
іліп, жазу үстеліне кеп отыратын. Үстелді Генри кітапхананың
оңтүстікке жəне шығысқа қарайтын терезелері арасындағы бұрышқа
қойдырған. Сөйлейтін сөзінің алғашқы нобайын қағазға түсірумен
айналысқан Софья күн сəулесіне шомылып, бірнеше сағат бойы
тапжылмай жұмыс істейтін.
Бұл олар үшін өте бір бақытты күндер болған. «Атенеум» клубына,
Корольдік археология институтына жəне Корольдік тарихи қоғамға
арнап Генри тағы да үш лекция əзірлеп жатқан. Маңғаздар мен
жайсаңдардың əдетте бір өздері бірнеше қоғамға мүше болатындығын
білетін ол бір айтқанын екінші жерде қайталамауға тырысты. Əрине,
бұл үшін үстел басында біраз тер төгуге тура келгені түсінікті еді. Олар
жұп жазбай таңертеңгі сегізден он бірге дейін жұмыс істейтін. Осынау
творчестволық турнир Софьяға қатты ұнап қалған еді. Сосын олар бір
таныстарына барып, үйде немесе бақта отырып түскі қонақ асыларын
ішетін — Лондонға жиі келіп жүретін Генридің достары өте көп
болатын. Софья ықылас қоя тыңдап, ағылшын сөзінің сазды əуенін
көңіліне тоқып жүрді.
— Сөйлейтін сөзіңнің ақырғы нұсқасын жазып біткен кезіңде Филип
Смиттен репетиция жүргізуін өтініп көрермін. Ол саған акцентсіз
сөйлеуге жəрдемдеседі,— деді Генри бірде.
Мəжіліс 8 июньге тағайындалған. Нақ қазір Генри де, Макс Мюллер,
Филип Смит пен Софьяның өзі де сөйленетін сөз бен оның айтылу
мақамына ырза-тұғын. Күйме оларды Нью-Берлингтон көшесіндегі 16
үйге дəл уəделескен уақытта — сағат бестен бес минут кеткен кезде
алып келді. Жанына ресми адамдар ерген Софья кең баспалдақпен
жоғары көтерілді. Оны Институт президенті лорд Талбот де Малахид
пен Уильям Гладстон қарсы алды. Гладстон бұл кезде премьерминистрлігінен қалған-ды, бірақ бұрынғыша парламенттегі либерал
партиясының лидері болатын. Олар Софьяны трибунаға ертіп келді.
Софья бой көрсеткен кезде зал тына қалды. Осынау орасан үлкен
залға жиналғандар оның жас екенін — Софья бар болғаны жиырма
бесте еді — жəне гректерше келбетті екенін көріп қатты таңырқады.
Лорд Талбот оны жұртқа жылы лебізбен таныстырды. Залда əдемі
киінген, шаштарын сəнді етіп баптаған əйелдер де көп-тұғын. Софья да
олардан қалыса қоймайтын: Генри оны Лондондағы ең модалы
тігіншіге алып барып, ол бұған қымбат жібектен ұзын кең көйлек пен
осы түске үйлесімді қалпақ тігіп берген. Əшекейден тек неке сақинасы
мен Генри Колонда алғашқы жүздесулері кезінде сыйлаған маржан
алқасын ғана таққан. Зейін сала көз тігіп қалған кескіндерді көрген
Софья — оған дейін бұл кафедрадан сөйлеген əйелдер саусақпен
санаулы еді жəне мына отырғандар ондайға куə боп көрмеген — ойда
жоқ жерден өзін еркін сезініп кетті. Сегіз жылдық жұбайылық өмірінде
ол небір соқтықпалы-соқпақты жолдан өтті, бірақ міне ақыры биік
шыңға шығып тұр — енді артқа көз жіберіп, өткен жолдарын есіне
алуына əбден ерікті.
Лорд Талбот оған гректің ұлттық жалауының түсімен бірдей етіп
іріктелген букет табыс етті. Софья алғашқы қатарда отырған Чарльз
Ньютонды, доктор Иеронимус Мириантеусты, грек қауымының
архимандрита Иоаннис Геннадиусты, Греция мен Түркия тарихы
жайлы кітап жинап, бүкіл жалақысын дерлік букинистерге жұмсаумен
аты шыққан Лондондағы грек елшілігінің қызметкерін жəне бірқатар
жаңа таныстарын бірден таныды. Сондай-ақ, мұнда Аргайль герцогы,
лорд Хаутон, Роберт Браунинг, баспагер Джон Мэррей де келіп отыр
екен. Оксфорд пен Кембриджден де көптеген профессорлар келіпті.
Қол шапалақталды. Қошемет басылғанша Софья да кафедраға бой
үйретіп қалды. Софья лекциясын мейлінше сергек те сенімді бастады.
Макс Мюллер грек тіліне тəн бірнеше айшықты сөз тіркесін ағылшын
текстінде қалдырып, жақсы істепті. Филип Смит Софьяны сөздің əр
буынын дұрыс дыбыстауға үйреткенімен, грек акцентін, əрине,
толықтай жоя алмаған. Бұл сөзді онан əрі сүйкімді ете түскен сипат
болды.
Софья сөзін өз халқының атына мадақ айтудан бастады:
— Бүкіл əлем қараңғылық құшағында жатқан шақта менің атабабаларым, бағзы гректер, өнер мен ғылымда күні бүгінге шейін ешбір
халықтың
қолы
жетпеген
биіктерге
көтерілді.
Саяси
институттарымыз, ел басқарған қайраткерлеріміз, шешендеріміз бен
философтарымыз, ақындарымыз ғасырлар бойы бүкіл адамзаттың
қошемет-құрметіне ие болып келеді...
Софья ежелгі грек тарихын қозғап өтті. Агамемноннан, Ахиллдан,
Одиссейден Периклге, Солонға, Платонға ауысты. Сосын қазбалар
жайлы айта бастады:
— Ұлы Александр басына Гомердің кітабын жастанып жатып
ұйықтайды екен. Гомерді ардақ тұтқанымыздың арқасында доктор
Шлиман екеуіміз Трояны аштық. Ал, Микендегі қазынаға сықасқан бес
патша қабірін тапқанымыз үшін біз Павсанийға борыштымыз. Қазба
жұмыстарына қосқан өз үлесім өте азғантай. Микенде Арыстандар
қақпасының қасындағы үлкен көрхананы қазып шығардым... Одан
ешқандай қазына табылмағанымен, ол да ғылымға аз да болса өз
пайдасын тигізбек: бұл арадан көңіл аударуға тұрарлық көптеген
керамика табылды. Бұлар көрхана топырақпен көміліп тасталған
замандар келбетін көз алдымызға елестетеді.
Ол Микендегі айтып жеткізгісіз бай қазына көмілген, адам қолы
тимеген патша қабірлерінің қалай қазылғаны жайлы əңгімеледі.
Аудитория қыбыр етпестен зейін қоя тыңдады. Жүрегін кернеген
қуаныш пен мақтаныштан Генридің езуі жиылмады. Ол өзін
Пигмалион тəрізді сезінді: он жеті жасар гимназия оқушысына үйленді
де, білім беріп, баулып, бүкіл əлемге белгілі адам етіп шығарды...
Жан толғантар əңгімесін аяқтай келе Софья Грецияға үлкен көмек
көрсетіп отырғаны үшін Англияға алғыс айтты. Бұндай көмексіз
Греция Түркиядан азаттық ала алмас еді, деді. Сосын ағылшын
əйелдеріне: «Гомерді жəне басқа да мəңгі жасайтын классиктеріміздің
шығармаларын түп нұсқадан оқуы үшін балаларыңызға ата-бабамның
əуезді тілін үйретуге шақырамын»,— деді.
Қағаздан басын көтерген Софья залға көз жіберді.
— Сөзімнің соңында Гомерді қадір тұтушыны аса үлкен инабатпен
тыңдағандарыңыз үшін рақмет айтқым келеді.
Жұрт түрегеп тұрып қол шапалақтады. Лорд-мэр кешкісін
Шлимандар құрметіне банкет берді. Оған Генри лекция оқыған барлық
он əдеби жəне ғылыми қоғамның өкілдері қатысты. Июннің аяғына
таман Лондоннан жүріп кеткенше атақты адамдар оларды бірінен соң
бірі шақырумен болды. Екеуінің құрметіне түскі жəне кешкі
қонақасылар беріліп, бақ ішінде қабылдаулар өткізілді. Осынау біріне
бірі ұласқан мерекеге Софья қатты шаттанып жүрді.
— Сенің шаттанатын ретің бар,— деді Генри оған лорд Эктонның
үйіндегі өз құрметтеріне өткізілген балдан кейін. — Өйткені, жұрт
көңіліңе қылау түсірмеуге тырысады, қасың мен қабағыңа қарайды,
құрмет тұтады.
— Несі бар, бұл жаман ба?— деп жауап қатты Софья балға арнап
киген көйлегінің ілмектерін ағыттыру үшін оған арқасын бере
бұрылып. — Афиныда неге осындай қуанышқа кезікпедік екен? Неге
бізге мұнда құрмет көрсетіліп, анда жеккөрініштілік пен сенімсіздікке
жолығамыз?
— Англия мен ағылшындарға, əсіресе Лондон мен лондондықтарға
деген сүйіспеншілігім сағат сайын артып бара жатқандығын сенен
жасырғым келмейді. Иоаннис Геннадиус бізді мұнда біржола көшіріп
алуды армандайды. Ежелгі жəне қазіргі заманғы Грецияға деген
махаббатымыз ардақты отаныңызға айтарлықтай пайда тигізер еді,
деп ойлайды...
Генри аз-кем іркілді де, Софьяны құшақтап сүйіп алды:
— Неге бізге қадіріміз бар жерде қалмасқа?
Бірақ, алдымен жақсылап демалу керек еді. Генрилекциялар мен
қабылдаулардан қатты шаршағанын айтқан. «Шаршадым» деген сөз
бұрын ауызынан шығып көрмеген. Софьяның қатты шошығаны сонша,
Парижде біраз бола тұру жөніндегі ұсынысына қарсылықсыз көне
кетті. Генри агентімен хабарласты да, Елисей далаңы, Жұлдыз алаңы,
Тильзит көшесі, 20 үйіндегі — өзінің жеке меншік үйіндегі бір пəтерді
үш айға босаттырып қойды.
Июль айы Парижде өте ыстық болып, қала жартылай қақырап
қалды. Генри қос торы ат жегілген күйме жалдап, олар Булон
орманының қоңыр салқын құшағына еніп, сауық-сайран өткізіп жүрді.
Кей кездері бұдан да əрірек шығып, Фонтенбло орманына барып,
орман ішіндегі кішкене жайлы қонақ үйге тоқтайтын. Кешкі
тамақтарын аулада, сылдырай аққан жүлгенің жанында отырып
ішетін.
Софья түсік тастаған кезден бері арада бес жылдай уақыт өткен-ді.
Оның наразы лебізін естіген доктор Веницелос:
— Шыдам керек, қымбатты Шлиман ханым! Табиғат — кемеңгер,
оның өз заңдары мен ойлағандары бар. Сол себепті оны асықтырмаған
жөн,—деп жұбатқан.
Енді міне, көңілі жайланып, төрт құбыласы тегістелген шақта ол
тағы да ана болатынын сезді. Бірақ, кейін өкпе-реніш тумауы үшін
Генриге ештеңе айтқан жоқ.
Микен жайлы кітаптың гранкаларын Генри екі-үш күн сайын алып
тұрды. Ағылшын текстіндегі қателердің көптігі зығырданын
қайнатты; тапқан олжаларын бейнелейтін гравюралардың сапасына
да кеңілі толмады. Гравюралар неліктен айшықты да айқын болуы
керек екенін түсіндіріп, Лондондағы Джон Мэррейге ұзақ-ұзақ хаттар
жазып жатты. Оның француздық баспагері Ашетт кітаптың
басылымына қатысты барлық шығынды Шлиманның төлеуін талап
етті. Шлиман өзін қаламы төселген жазушымын деп есептейтін, сол
себепті кітабына қаражат бөлу жөніндегі ұсыныс намысына тиген-ді.
Бірақ, бəрінен де қаттырақ батқаны — Троялық олжалардың көрмесін
ұйымдастыру жөнінде Кенсингтон музейінің дирекциясымен арада
жүріп жатқан келіссөздің тұйыққа тірелгендігі еді.
Августың ортасына қарай Шлиман ендігі жерде қол қусырып қарап
отыруға болмайтынын ұқты.
— Софидион, Лондонға барып, кітаптарымның барысын Филип
Смитпен бірге өзім қадағалауым керек,— деді ол Софьяға. —
Гравюраларды да Купер мен Уимпердің өз білдігінде қалдыруға
болмайды. Гравюралар жақсы жасалуға тиіс. Иə, бəрін де өзің
бақыламасаң
болмайды.
Ашеттің
француздық
басылымына
гравюралардың бір жиынтығын табуым керек. Келіссөзді əрмен
жылжыту үшін Кенсингтон музейі директорларымен де жүзбе-жүз
жолығысуым қажет.
Софья Парижде күйеуінен жырылып жалғыз қалғысы келмеген,
бірақ Генридің қандай да қиындық кезікпесін, бастаған ісін аяғына
дейін жеткізбей қоймайтынын білетін. Оның үстіне, Софьяның
өтініштеріне құлақ асып көрген кезі бар ма? Сол себепті ол:
— Бара ғой, қымбаттым, бірақ, құдай ақына, шаруаларыңды мүмкін
болғанынша тезірек бітіргейсің,— деп жауап қатты.
Генри кеткен соң екі күннен кейін секретердің кішкене суырмағын
ашқан. Мұнда Генри үй-іші мұқтаждарына жұмсайтын ақшаны
ұстайтын. Софья одан бар-жоғы төрт жүз франк тауып, аң-таң боп
тұрып қалды. Əлі өтелмеген қарыз қағаздары жатқан көрші суырманы
ашты. Бəрін есептеп көріп, асығыстықтық əрі жұмысбастылық
салдарынан Генридің өзіне екі мың франк қарыз қалдырғанын білді.
Келесі екі-үш күнде бітірген шаруасы — бірінің соңынан бірі кеп есік
қаққан кредиторларға қарызын қайтару ғана болды. Ұзамай сексен
доллардан дəнеңе де қалған жоқ. Қызметшілерінің жалақысын
төлейтін, азық-түлік, көмір сатып алатын да кез келді. Бұны қалай
төлемегін сұрап Софья оған телеграмма жіберді.
Бұған жауап болған жоқ. Бəлкім, Генри қала сыртында бір жерде
қонақтықта жүрген шығар, əлде Макс Мюллермен бірге Оксфордқа
кетіп қалды ма екен?... Софья оның шымбайына бататын хат жазды:
«...Менде, Шлиманның əйелінде, киімге жəне көмірге төлейтін ақша
жоқ деген сөзден ұялғанымнан жерге кірудің аз-ақ алдында жүрмін.
Ақшасыз да күнімді көрермін, бірақ бұл турасында əңгіме қозғаудың
өзі масқара ғой».
Бұл нысанаға дөп тиді. Генри оған:
«Қатемді түсіндім. Осы хатпен бірге чек жіберіп отырмын. Бұл саған
өзім барғанша жетуге тиіс. Мен сентябрьдің ортасына таман барып
қалармын», деген жауап қайтарды.
Чекке көз тастаған Софья ызадан өртеніп кете жаздады. Жіберген
ақшасы жарытымсыз еді. Тек тамаққа жететіндей ғана болатын.
Софьяның көзі жасқа толып кетті.
— Қыл елі жырақтаса болды — қас сараңға айналып шыға келеді.
Мейлі, енді өзінің арқасында ие болған атақ-даңқымызды қорек етіп
күнелтерміз де бірдеңе ғып.
Сырқаты барын сезінген Софья сентябрьдің ортасына таман бірден
екі дəрігерге — француз Шатильон мен грек Дамаскеносқа қаралды.
Екеуі де оның аяғы ауыр екенін анықтады. Сонда ғана Софья өзінің
болашақта ана болатындығының қуанышына басы бүтін берілді.
Ертеңіне Лондоннан Генри оралды. Софья оған өз жаңалығын айтты.
Генридің қуанғаннан есі қалмады. Софьяны құшақтай алып, Он
төртінші Людовик стиліндегі сары қамқамен тысталған мебельге
сықасқан тар бөлмелермен шыр айналдырып шықты.
— Менің ұлым болады! Грек ұлым! — деп айқайлады ол шаттанып.
Үйден жүгіріп шыққан Генри ақшасын аямай шашып, Софьяға
бұлғын терісінен тігілген əдемі кеудеше сатып алды. Үйіне қайтып
оралып, жібектей сусылдаған жылы теріні Софьяның иығына əкеп
жапты.
— Қыста жылы болады. Саған сондай үйлесіп тұр!— деді ол
қуанышы қойнына сыймай.
Софья өз көзіне өзі сенбей, жұмсақ та қалың теріні қайта-қайта
сипалай берді. Біріне бірі киліккен алуан сезімнің ұшығын ұстай алмай
қалды.
Генри Лондоннан қуанышты хабар əкеліпті: гранкалар мен
гравюралар тəртіпке келтіріліпті. Кенсингтон музейіндегі көрмесі
декабрьдің аяқ кезінде ашылып, кем дегенде жарты жылға созылатын
болыпты. Музей коллекцияларды Афиныдан Лондонға апаруға
жұмсалатын қаржыны өзі төлеуге келісіпті. Енді тезірек Афиныға
жетіп, Приам қазыналары мен басқа жүздеген Троя олжаларын
қырықтан астам жəшікке салып, буып-түюге кірісу керек. Екі ойлылау
боп жүрген Гладстон ақыры «Микенге» алғысөз жазып беруге
келісіпті; бұл бүкіл ағылшын тілінде сөйлейтін жұртшылықтың
алдында үлкен абырой əперетін нəрсе еді.
Генри келген алғашқы апта қуанышқа толы болды. Олар екі рет
Комедиялық операға барды. Генри Андромаханы циркке апарды —
бұл өздері Парижге алғашқы келген жылы Софьяға өте ұнаған цирк
еді. Сентябрьдің соңғы аптасында ауа райы ойда жоқ жерден құбылып,
аспанды сұр бұлт басып, жаңбырдан көз аштырмай қойды. Күн салқын
тартты. Бұдан бес жыл бұрынғыдай Софьяның жауырыны мен аяғы
сыздап ауыра бастады; бұл жақсылықтың белгісі емес еді.
Генри қатты мазасызданып, Спиросқа дəрігер Дамаскеносты
шақыртты. Түсік болғандығы жайлы хабардар дəрігер бұл жолы
хауіпті ештеңе жоқ деп тапты.
— Сонда менің Афиныға баруыма бола ма?
Генридің көзіне кілегей оралды.
— Қуанышым-ау, саған өйтіп жаныңды шүберекке түюдің не қажеті
бар. Марсельге дейін поезбен екі күн жүруің керек... теңіздің де қазір
тыныш емес уағы... толқын соғып, шаршатып тастайды ғой.
Софья дəрігерге қарай мойын бұрды. Түрінен үзілді-кесілді шешім
қабылдағаны көрініп тұр еді.
— Дəрігер Дамаскенос, сіз маған денім сау, бəрі де ойдағыдай демеп
пе едіңіз? Бірнеше күн жол шеккенімнен келіп-кетер не бар?
Дамаскенос келіспей бас шайқады.
— Мен жұбайыңыздың тілегін құптаймын, Шлиман ханым. Бұл
онша жеңіл сапар емес. Егер əлдебір күтпеген жағдайларға душар боп,
нəрестеден айырылып қалсаңыз, бұныңызды өзіңіз де ешқашан
кешірмеген болар едіңіз.
Софья дəрігер Шатильонды шақыруды талап етті. Ол да
Дамаскеностың пікірін қолдап шықты. Софьяның келіспеске амалы
қалмады.
— Күйеуім мен екі дəрігердің табанды қарсылығына қалай төтеп
бере алмақпын,— деді ол.
Кетер алдында Генри алтынды буып-түюге көмектесуі үшін
Спиросты өзіммен бірге Афиныға ала кетсем қайтеді деп сұрады.
Қазыналарды бөтен біреудің көріп, білмегенін қалаған. Софьяның жат
елде жалғыз қалып бара жатқанын көз алдына елестеткен Спиростың
өңі қуқыл тартып сала берді.
— Спиросты өзіңмен бірге ала кететін болсаң, онда өлсем өлейін
мен де кетем,— деп өре түрегелді Софья.— Афиныда Яннакисің бар
емес пе, сол көмектеспей ме?
Андромахамен бірге осы бөлмеде тұрған Поликсена Яннакистің
атын ести сала Софьяның алдына кеп аяғын құша жығылды.
— Шлиман ханым, өтінем сізден... Мені босата көріңіз. Күйеуім мен
балама барайын... Əлденеше ай болды... оларды сондай сағынып
жүрмін...
Софья аз-кем үнсіз тұрды да, жас келіншекті қолтығынан сүйеп,
жерден көтерілуіне көмектесті.
— Жарайды, Поли, бара ғой. Сүйетін адамдарыңнан алыста
болғанның қандай ауыр екенін өз басымнан жақсы білемін.
Генри Андромахаға күтушілікке Поликсенаның орынына басқа бір
француз
əйелін
тауып
берді.
Үй
қызметшілеріне
грек
мифологиясындағы есімдерді беретін дағдысымен оны Гекуба
атандырды. Сондай-ақ Софьяға көп ақша қалдырды. Бұнысы өте жақсы
болды. Өйткені, өзі жүріп кеткен соң арада екі күн өткеннен кейін
Софьяға Шлиманның пəтер жалдау жөніндегі агенті келіп, айдың
аяғында пəтерді босатуы керегін, себебі бұл пəтердің басқа семьяға
жалға беріліп қойылғандығын хабарлады.
— Босатқаны қалай?— деді ызаға булыққан Софья. — Немене...
күйеуім контрактыны ұзартқан жоқ па?
— Жоқ, мадам. — Агент кішіпейіл еді, бірақ айтқанынан қайтпайтын
қатал адам екенін де байқатып қалды. — Контрактыңыз июль, август,
сентябрь — үш айға ғана жасалған. Күйеуіңіз жаңадан шарт
жасамағаннан кейін басқа тұрғындар іздестіруге мəжбүр болдым. Олар
1 октябрьде келіп кірмек.
Софья креслоға құлай кетіп, агентке бақырая қарады.
— Өз күйеуімнің жеке меншігіндегі үйден қалайша қуып шықпақсыз
сонда?
— Мен Шлиман мырзаның меншігіндегі жүз пəтердің бірде-біреуі
бос тұрмауын қадағалауға міндеттімін. Егер ол маған бір ауыз бірдеңе
айтқан болса...
— Не істейміз, Спирос? — Софья ағасына қарай бұрылды.
— Көшеміз. Ертеңнен қалмай көшуіміз керек. Қарауыңызда басқа да
пəтерлер бар ғой. —Ол агентке бұрылды. — Бізге қандай кеңес бере
аласыз?
— Османн бульварында екі қабатты үй жалға беріледі. Қаласаңыз
қазір сонда ертіп барайын. Ол мадам Шлиманға ұнауға тиіс.
Спирос ұзамай қайтып оралып, Софьяға үйдің кең де таза екенін,
мына бөлмелердегідей үйме-жүйме мебельдің жоқтығын хабарлады.
Софья соған көшуге ұйғарым жасады. Спирос шағын фургон жалдап,
заттарын тиеді де, ертеңіне таңертең қарындасын Османн бульварына
алып барды. Ой да жоқ жерден жолыққан кедергіден жол тауып
шығып кеткендігіне Спиростың қуанышы шексіз еді. Үй иесі пəтер
ақысын бір ай бұрын беріп қоюды талап етті. Софья күтушілеріне
еңбек ақы төлеп, каминге отын сатып алды. Генридің өзіне қалдырған
бар ақшасы осымен тəмам болды.
— Ызадан жарыла жаздап жүрмін,— деді Софья Спиросқа. —Егер
доктор Генри Шлиман қарсы алдымда тұрса, бетіне түкірген болар ем.
Спиростың шек-сілесі қатып күлгені сонша, отырған орындығынан
түріктің түкті кілеміне құлап түсті. Ағасына қарап Софьяның өзі де
күліп жіберді.
— Ол қасымызда болса не ішіп, не киеміз демей, қарық боламыз да
қаламыз. Кетсе — қайыршылыққа ұшыраймыз. Бұндай қызық адамды
бұрын-соңды көріп пе ең? Қандай жағдайға душар боп
отырғанымызды оған хабарламаймын — өйтіп өзімізді табалаттырмаймын.
Аштан өлсек те ар-ұятымызды сақтап өлейік. Өзі
қайтып оралғасын бағзы заман оққағарларын көмгендей бізді де
туысқандық қабірге көме салар. Микендегі үшінші патша қабірінің
үстінен тапқандарымыз есіңде ме?
— Одан да анашымыз жиі қайталап айтып жүретін Крит мəтелін
есіңе ал,— деп мырс етті Спирос.— «Құдайға сенген құрауыз
жатпайды, ал жата қалса қарынын ұйқы тойғызады».
Генри ақын қиялының жемісі деп есептелетін қалалар мен ешбір
тарихи туындыларда тап басып көрсетілмеген патша қабірлерін
табуда таңғажайып түйсікке ие болғанымен, əйелінің мұқтаждыққа
ұшырағаны жайлы ойын оятатын түйсіктен құралақан еді. Ол Софьяға
сүйіспеншілік сезіміне толы ұзақ хаттар жазып, Афиныда бəрі де
ойдағыдай екенін: Приамның қазынасы, көз жауын алатын пифостар,
Афина Палладаны бейнелейтін мүсіншелер, ұршықтар, терракоталық
ыдыстар — бəрі де жəшіктерге мұқияттап салынып, кемемен Лондонға
аттандырылғанын хабарлап жатқан.
Генриді бəрінен қатты қуантқан жаңалық — Микен алтынының 18
октябрь күні өзі бұдан жеті ай бұрын жалға алмақ болған
Политехникалық мектептің үйінде көрмеге қойылғаны еді. Көрмені
ұйымдастыру жөніндегі барлық шаруалар мен жұмсалатын шығынды
Археологиялық қоғам өз міндетіне алғанын біліп, бұл жұмысқа үлес
қосуға шақырылмағанына алғашында. қатты ренжіген. Бірақ, көрменің
ашылуына келген Археологиялық қоғамның мүшелері, университет
профессорлары, мемлекет қайраткерлері өзін жылы шыраймен қарсы
алғанын, экспонаттар мейлінше əдемі, жүйелі орналастырылғанын
көргенде реніші су сепкендей басылып қалды. Археологиялық
қоғамның заказымен жасалған витриналардың биіктігі белден
келетін. Ағаштан ойылған əдемі аяқтары бар еді. Əрқайсысы он үш
бөлімшеден тұратын. Бір витринаның бірінші бөлімшесінде екі алтын
маска, екіншісінде — қанжарлар, үшіншісінде — алтын білезіктер
жатқан. Ең соңғысында он бес алтын тостақ пен ваза тұр еді. Өңге
витриналарға алтыннан соғылған көкірек қаптамалары, диадемалар,
алтын белдіктер, арыстандар мен грифондар қойылыпты. Əр
витринаның жанында қарулы күзетші бар. Экспонаттарды қолға ұстап
көруге болмайтын, оның есесіне витрина үстінен еңкейе қарап, осынау
ғажайып олжалар мен олардың нəзік өрнектерін қанша уақыт сүйсіне
зерделесең де ерікті едің. Əйелдер сəнді қалпақ, жеңдері буф стилінде
тігілген жекет, ұзын юбка киіпті. Ал, еркектер фрак киіп,
цилиндрлерін қолдарына ұстапты. Генри кей кісілердің өз олжаларын
үлкейткіш шынымен қарап жатқанын байқап қалды.
Көрмеге король мен оның ханымы да келіп, Шлиманды сарайға
түскі қонақасыға шақырды. Афины газеттері оны көкке көтере
дəріптеп жатты. Ықылым замандардың айтып жеткізгісіз мол
қазыналарына қатты тəнті болған олар Генриді мақтауға сөз таппады.
Көшеден кездескен бейтаныс адамдар да оны тоқтатып, алғыс
жаудырып жүрді. Көрме түскі сағат бірден төртке шейін жұмыс
істейтін. Микен алтынын көруге құмартқандар осы сағаттар
аралығында Политехникалық мектептің ауласында кезекке тұратын.
Шлиман семьясына тек октябрьдің аяғында ғана оралды. Пəтер
арендасын ұзартуды ұмытып кеткенін, қалдырған ақшасының екі-ақ
күнге жеткенін біліп, ұялғанынан шиедей қызарып кетті.
— Неге маған телеграмма салмадың? Қалай күн көрдіңдер?
— Қайыр сұрадық,— деп шағып алды Софья.— Андромаха екеуіміз
қолымызға қалайы бақыраш ұстап, кеудемізге: «Генри Шлиманның
аш-жалаңаш семьясына құдай үшін көмектесе көріңдер!» деген сөз
жазылған плакат іліп, Риволи көшесін кездік.
— Өзіме сол керек! — деп налыды Генри. — Бірақ, бұндай жағдай
енді ешқашан қайталанбас. Бүгін банкке барамын да, əр айдың бірі мен
он бесінде өзіңе қанша керек болса сонша ақша бөліп тұруға нұсқау
беремін. Ал, қазір тезірек киініңдер. Семьямды түскі асқа апарамын.
Өткеннің есесін қайтарамыз.
— Бірақ, бəрін бір кеште қайтаруға тырыспа. Асқазанымыз бүрісіп
қалды ғой, көтере алмаспыз,— деді Софья бұлданғанын қоймай. Бірақ,
бұнысының осымен тəмамдалатынын да өзі біліп тұрған.
Генри үйінде екі күн болды да, Германияға жүріп кетті. Оң жақ
құлағы бір жылдан бері қатты ауырып жүрген. Кей кездері жанын
қоярға жер тапқызбай зар қақсаттыратын. Қазір сол қабынып кеткен.
Осының салдарынан құлағының естуі де кеміп бара жатыр еді.
— Афиныда дəрігерге көрінгем,— деді ол Софьяға.— Дəрігер теңізге
шомылғанды қоюға кеңес берді. Бірақ, одан ешқашан бас тарта
алмаймын. Бір жеріңді өбектегеннен гөрі, бүкіл денеңнің саулығын
сақтаған дұрыс.
— Бұл анау-мынау ауру емес қой, Генри,— деді көңілін мазасыздық
билеген Софья. — Сен көпшіл адамсың. Құлағыңды емдеуге көңіл
бөлуің керек.
— Сонда сен дəрігер фон Трелчке көріну жөніндегі ойымды қолдап
тұрсың ғой? Ол Вюрцбургте тұрады, құлақ аурулары жөніндегі
Европадағы таңдаулы мамандардың бірінен саналады.
Шлиман үйіне ноябрьдің ортасына таман келді. Құлағының
қабынғаны басылып, ауырғаны тиылайын депті. Фон Трелч күнде
кешкісін құлағын құрамына апиын қосылған ертіндімен жууға кеңес
беріпті. Қандай теңізге де болмасын қысты күні шомылуға үзілдікесілді тиым салыпты. Тағы да Софьяның бірде аяғы, бірде белі
ауыратынды шығарды. Бірақ, олар сағына қауышқан кездерінде
аурулары жайлы айтпауға, өмірдің қызығына берілуге келіскен.
Өйткені, Генри тағы да жол жүрмек-тұғын. Бұл жолы Лондонға барып,
Кенсингтон музейіндегі көрмеге арналған бағалы экспонаттарды
қарсылап алып, жəшіктерінен шығаруы керек еді.
Джон Мэррейден «Микеннің» бір данасы келді. Бұл парламент
мүшесі, қадірменді Уильям Гладстон қол қойған мақтауға толы ұзақ
алғысөзі бар, көркем безендірілген қалың кітап-тұғын. Кітапқа елеулі
деген алтын ожаулардың, айбалталардың, түймелердің, піл сүйегінен
жасалған бұйымдардың, Гера бейнелерінің, алебастр вазаларының бес
жүз елу фотосуреті берілген болатын. Суреттердің көпшілігі
натуралды көлемде еді. Сондай-ақ, мұнда қос бетті алған жеті гравюра
(оның төртеуі түрлі-түсті), декорацияланған терракоталық вазалар
мен ыдыстардың он үш гравюрасы, мұнымен қатар, акрополь төңірегі
мен бес қабірі бар дөңгелек агораның топографиялық карталарын
жəне Софья қазып шығарған қазына қоймасының планын қосып
есептегенде сегіз карта бар еді. Кітаптың мұқабасы қоңыр былғарымен
тысталып, жоғары жағына Арыстандар қақпасының суреті алтын
бояумен бедерленіпті. Фронтисписінде Арыстандар қақпасының
қасындағы қазына қоймасы бейнеленіп, астына: «қазып шығарған
миссис Шлиман» деп жазылыпты. Американ баспагерлері «Скрибнер,
Армстронг жəне К» мұқабаның жоғарғы жағына алтын бояумен
бедерленген гравюра беріпті. Онда тазартылған дромоста, көрхананың
қақ кіре берісінде тұрған Софья бейнеленіпті; гравюрадан залдың бір
бөлегі, арқалық пен оның үстіндегі ортасы бос үшбұрыш көзге
шалынады.
«Микен» жарыққа бойтұмар тағып шығатынын Генри ешкімге
айтпай құпия ұстап жүрген. Бұл бойтұмар — Софья мен оның қазына
қоймасы еді.
Софья күйеуіне сүйсіне көз тігіп, құшақтап сүйіп алды.
— Сен қандай мейірімді едің, жаным!
Генри ыңғайсыздана езу тартып, қарсылық білдіргендей иығын
қомдап қойды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 34
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.