Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 13

Total number of words is 4004
Total number of unique words is 2351
33.3 of words are in the 2000 most common words
46.8 of words are in the 5000 most common words
53.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
алмас па екенсіз? Жотаның аумақты екені өзіңізге белгілі ғой.
— Əрине, мадам Шлиман. Адольф Лоран — тəп-тəуір маман, оның
үстіне өзі жас жігіт, бұл жұмыс оны қатты қызықтыруға тиіс.
Арада бірнеше күн өткенде Лоран кеп түстік ішті. Қысқа қып
қидырғандықтан шашы шөткедей тікірейіп тұрған, бір көзі қылилау
жігіт екен. Жалпы, оның бет пішіні құрап-сұрап жинап, қалай болса
солай қиыстыра салғандай əсер қалдыратын. Лоран узо бөтелкесі
қойылған буфетке қайта-қайта барғыштаумен болды, сөйтіп түстік ішу
тəмамдалғанша стақаны бір минут те бос тұрмады. Алайда, бұған былқ
еткен ол жоқ — аузына тамақты толтыра асап алып, өзі жұмыс істеген
елдер жайлы əр алуан хикаяларды сапырылыстырып соғып отырды.
Бір күні кешке қарай Джон Лэтам жіберген екі десятник келді.
Теодорос Макрис өзінің қос шығанағымен əйгілі таулы Лесбостың
басты қаласы Митилиниде туған. Бала кезінен еңбекке араласып,
аралдың түкпірінен теңізге қарай жол қашап, теңізде пристань салған.
Оның тіл байлығы бір-ер жүз сөзден аса қоймағанымен Джон
Лэтамның сендіргеніндей, күрекпен тілдесуге келгенде алдына жан
салмайтын.
Спиридон Адеметиу афиналық қара жұмысшының баласы болатын.
Ол да жастайынан жүк тиелген қол арбаны шайқалтпай, тепе-тең
ұстай алатын дəрежеге жеткен шағынан, жұмысқа кіріскен. «Ауыр қол
жұмысы Спиридон үшін айрықша рухани қажеттілікке айналды»-,
деген-ді ол туралы Лэтам. Генри екеуіне еңбек.ақылдарының бір
бөлегін алдын ала төлеп, Константипольға марттың аяғында-ақ аттана
беруге əмір етті.
Олардың дастарханынан алпыстың асуынан асқан профессор
Ксавье-Джон Ландерер сияқты қадірлі қонақ та, дəм татты. Ол
Мюнхенде туып-өсіп, медицина жəне жаратылыс тану ғылымдарын
сонда оқып-үйренген. Жиырма үш жасар жігіт кезінде король
Оттонның шақыруымен Афиныға келіп, сарай жанындағы аптекші
болды. Афины университеті оны химия мен фармацевтика
саласындағы өзінің тұңғыш профессоры етіп сайлады. Генри
профессор терракотадағы тотығу іздері мен балшықтың қара,
қарақошқыл, қызыл, сары, күл түстес сұр сияқты əр-алуан түстерінің
құрамында қандай химиялық компоненттер болатынын түсіндіріп
берер деп үміттенген.
Университет профессорларының арасынан да олар өздеріне
көптеген достар тапты; сөйтіп, жұмыстары ғылыми академиялық
негізге ие бола бастады. Бұл достары əрқилы саланың ғалымдары
болатын жəне, əділін айту керек, Гомердің Троясы жайлы Шлиманның
теориясын жақтай қоймайтын, бірақ күліп, келемежге де
айналдырмайтын. Олар бұның сенімділігін, қалған өмірі мен
дəулетінің негізгі бөлегін алға қойған мақсатын орындауға жұмсау
жөніндегі шешімін айрықша қадір тұтатын.
Генриді біркелкі жақсы танып үлгерген Софья оның тек қазба
орыны мен профессорлар арасында ғана өзін өте бақытты адамдай
сезінетінін білетін. Өйткені, Гомер — оның құдайы, ал академия пip
тұтатын қара шаңырағы еді. Бала кезінде-ақ университетте білім алу
мəселесін шешілген мəселе деп есептеп жүрген. Бұл арманын үй-іші де
қолдаған. Сол себепті жақын жердегі Ростокқа барса ма, əлде Мюнхен
немесе Берлин асса ма — соны ғана қиялдайтын. Шешесі қайтыс
болған кезде бұл тоғыз жаста еді. Əкесі үй қызметінде жүрген жас
əйелді жүкті қып қойып, пасторлықтан қуылды. Сөйтіп, тағдыр Генриді
ойламаған жерден тақырға отырғызып кетті. Дүкенде он сегіз сағат
бойы бел жазбау өз алдына азап болса, білімсіз кеще боп өсіп келе
жатқаны жайлы күйініш жанын жəне жегідей жейтін...
Сөйтіп, штат та іріктелді: олардың өз десятниктері мен инженері
бар — енді жаңа маусымға əзірлікке шындап кірісетін кез жетті. Генри
Лондондағы «Шредер жəне компания» фирмасындағы достары мен
компаньондарының көмегіне арқа сүйеуді ұйғарды. Жиырма екі
жасында ол бұлардың Амстердамдағы өкілі болған, ал өз бетінше орыс
тілін меңгерген кезінде фирма оны Россияға жіберген. «Шредер жəне
компания» Шлиманның қабілеті мен адамгершілік қасиетін өте
жоғары бағалайтын. Генри Лондоннан алпыс мықты қол арба
алдырмақ болды.
— Одан да пароход арқылы бір-ер үлгісін алдыр. Егер арба ұнамай
қалса, мында келген жүктен қалай бас тартасың?— деген кеңес берді
оған Софья.
— Расында да. Бұған қоса күрек, қайла, сүймендердің үлгілерін де
алдырамыз. Лондонға телеграмма жолдап, өзімізге не қажет екенін
түсіндіремін.
Бірақ, ол бұл шешімінен де айнып қалды: Германияны аралап,
музейлерден терракотамен жəне басқа да ерте заманғы
экспонаттармен танысқысы келді. Сосын Лондонға барып құралжабдықтарды өз көзімен көріп, көтере сатып алмақ болды.
Генри сол күні-ақ жүріп кетті.
Жүкті болғалы Софья жиі ауыратынды шығарды: қан кетіп, белі
ұйып, қарнының төменгі жағы ауыр тартатын болды. Көп жүрсе аяғы
сырқырайтын. Екі аптадан кейін қайтып оралған Генри бұны біліп
қатты абыржыды.
— Андромаханы көтергеніңде бұндай ештеңе байқалмап па еді?
— Жоқ.
— Ендеше, саған тынығу керек. Төсекке бар да, тыпыр етпей жатып
ал. Жақсылап демал.
— Жұмыс деген бастан асады. Айлар бойы төсек тартып қалай
жатам?
Бірақ, Генри айтқанынан қайтпады.
— Ендеше доктор Веницелосқа барайық. Ол бізге пайдалы ақыл
берер,— деп келісті Софья ақыры.
Софьяны ықыласпен тыңдап алғаннан кейін Веницелос бұлар бекер
үрейленіп жүр деп тапты. Анау-мынау ауруға аса көп мəн бермеу
керегін айтты.
Бірақ, мен оның мəн бергенін қалаймын, доктор!Маған оның өзін
күткені керек!—деп шаңқ етті Генри
Веницелос көзілдірігін алып, əйнегін орамалымен асықпай сүртті.
Құрметті Шлиман, əйеліңіз əдеттегі тіршілігін жасай берсін.Ол жас
денсаулығы да жақсы. Көп жүрсе,қимылдаса денсаулығы арта түспесе,
кемімейді.
- Шынында да солай еткенім дұрыс, Генри,— деп қостады оны
Софья.— Ақыл қосқаны үшін ақша төлеп, бірақ артынан оны
орындамаған адам ең ақымақ адам, дегенді өзің айтпап па едің?
Доктор Веницелостың сенімділікпен айтылған сөздері Софьяға
бірнеше апта бойы сеп боп жүрді. Апрельдің басында Генримен бірге
Троадаға баратындығы жайлы қайтадан əңгіме қозғай бастады.
— Сенімен бірге болғым келеді. Троада маған ұнайды, онда өзімді
өте бақытты сезінем. Айтпақшы, сен қазбаның қасынан өзімізге арнап
үй салуға уəде етіп ең ғой.
— Яннакиске ақша жіберіп, ағаш сатып алып қоюға əмір еттім.
Март айы туды. Софьяның жағдайы күрт нашарлап кетті. Əлдебір
жайсыз нəрсенің болып жатқанын сезіп жүрді. Белінің ауыр тартқаны
сонша, иіліп-бүгілудің өзі мұң болды. Тағы да қан кете бастады.
Төсекке жатуына тура келді. Доктор Веницелос күн сайын келіп тұрды.
Жағдайы жеңілдей қоймады. Март айының ортасында Софья түсік
тастады. Сол бойда Веницелос шақыртылды.
— Доктор, неліктен бұлай болды?
— Тағдырдың тəлкегі, мадам Шлиман.
— Бəлкім, менің айыбым бар шығар?
— Ешқандай да! Оның тіпті алдын алуға да болмайды. Ұрық
жатырға берік бекімеген. Бұндай бақытсыздық бала бітіп жатқан
сəттің өзінде-ақ тап болуы мүмкін. Сол себепті табиғат оны орынды
түрде аластап отыр. Өйткені, нəресте дұрыс дами алмас еді. Əл жинап,
оңалғаннан кейін əлі-ақ дені сау, жақсы бала тауып аласыз.
— Сонда мен тағы да балалы бола алам ба?
— Əлбетте.
— Бірақ, тек бұ жолы өзім айыпты болмасам болды ғой?
Доктор Веницелос оның самай шашын саусағымен іліп, еппенен
құлағына апарып қыстырып қойды.
— Бұл арада ешкім де айыпты емес. Реті солай болған ғой.
Бұндайдың қайталанатын жағдайы өте сирек. Оны дəрігерлік
тəжірибемнен білем. Көп уайымдай бермеңіз. Жақсылап ұйықтап
алыңыз. Тұрған кезіңізде өзіңізді өте жақсы сезінетін боласыз.
Беті мен қолына салқын су басып, бибі Виктория жанында əбігер
боп жүрген. Софьяның бойын қорқыныш пен үрей билеп алған-ды.
Дəрігер қанша жұбатқанымен, күйеуімнің алдында айыптымын-ау,
үмітін ақтамадым-ау деген ойдан зықысы шығып біткен. Жалғыз ғана
сенгені — Генри бұны бетіне салық етпес деген үміт еді.
Ол он бес сағат бойы оянбастан ұйықтады. Оянғанында төсегінің
жанында Генридің отырғанын көрді. Көздері бұлаудай. Софья оны
қолынан ұстады. Генри бұның өзінен де бетер қапаланып отыр екен.
Ұлым болса деп армандап жүр еді, байғұс! Грек əйел тауып алуының
өзі бір ғажап-ты, ал ұл бала сол ғажаптың жалғасы болуға тиіс еді.
Генри бəріне кінəлі доктор Веницелос деп мəлімдеді:
— Ол біздің үйге бақытсыздық əкелетін бəлекет. Көзім тіріде де, мен
өлген соң да ендігі жерде оған қаралушы болма. Өткен күндерді қайта
оралтып, оңбағанның ақыл-кеңесін орындамау үшін не бересің десе
ештеңе аямас едім. Ол оңбаған барлық үмітімізді үзді ғой.
— Сүйіктім менің! Босқа уайымдай бермеші,— деп жалынды оған
Софья.— Өзімнің де кім айыпты екенін білмей басым қатып бітті.
Бірақ, бұл кездейсоқтық қой. Қалай оның алдын аларсың? Құдайдың
өзі берді де, өзі қайтып алды. Ал, доктор Веницелос болса маған
күнделікті тіршілігіңді жалғастыра бер дегеннен басқа ештеңе айтқан
жоқ. Ол бұндай жағдай екінші рет қайталанбайды дейді. Мен саған əліақ ұл тауып берем. Сосын бəрін де ұмытасың.
Генридің өкініші ортая қойған жоқ, əйтсе де əйеліне деген
аяушылық сезімі басымдау шықты.
— Троадаға сапарымды кейінге қалдырам.
— О не дегенің, Генри! Онда апрельдің бас кезінде болуың керек.
Сенсіз ондағы жұмыс тоқтап қалады. Сенсіз Лоран да, десятниктер де
бармайды. Кішкене оңалғасын мен де жолға шықпақпын. Мені
Шанаққалада Калверттер қарсы алып, жақсы күйме мен ат айдаушы
тауып береді ғой. Тек сен үйімізді əзірлеп үлгерсең жақсы болар еді...
Генридің жанарында үміт оты жылт етті.
Ол жайында қам жеме. Барған бойда Яннакис пен екі десятникті сол
жұмысқа жекпекпін. Бірақ, алдын-ала ескертіп қояйын, одан əдемілік
іздеме, тек жан-жағыңнан жел кеулеп, төбеңнен тамшы ақпаса
болғаны...
Лондоннан жіберілген құрал-саймандар: алпыс қол арба, жиырма
төрт үлкен темір сүймен, жүз сегіз күрек, жүз үш қайла, домкраттар,
шынжырлар, жүк көтеретін шығырлар да келіп жетті.
— Бұны пароходпен Константинопольға апарып, одан басқа
пароходқа тиеп Шанаққалаға тасып, одан тағы да арбаларға артып
Ғыссарлыққа қарай сүйретілгенше Пирейден Бесік мойнағына шейін
бір кішкене кеме жалдасақ қайтеді? Жағамен жүрсең ол жерден
Ғыссарлыққа дейін бірнеше миль ғана. Бас-аяғы екі-ақ сағаттың ішінде
жүгімізді де түсіріп, баратын жерімізге де барып аламыз.
— Бірақ, бүкіл экипажымен қосып пароход жалдау қымбатқа түседі
ғой,— деп Софья маңдайын тыржитты.
— Басы байлы жалдамаймыз ғой! Бізге айына бір рейс жасаса
жарайды. Ауа райы жақсы болса үш күнде жетеді. Спартадан Еленаны
жəне оған қоса Менелайдың бар байлығын ала қашқан Парис үш
сөткеде жетіп үлгерген ғой. Ал, онда бу машинасы жоқ еді, тек
ескекшілері мен желкендері ғана бар-ды. Азық-түліктен де
тарықпаймыз. Қажет нəрселердің тізімін жолдасаң, Спирос сатып алып
пароходқа тиеп жібереді.
— Шынында да ыңғайлы-ақ. Ал, қайтар жолда
олжаларымыздың өзімізге тиесілі бөлегін ала қайтады.
пароход
— Егер бақылаушылар маусымның аяқталуын күтпей-ақ жұмыс
барысында бөліп алуға келіссе.
— Бақылаушылар дейсің бе? Олар қанша адам болмақ сонда?
— Халық ағарту министрінен хат алдым. Биыл жүз елуден астам
жұмысшы жалдауым мүмкін екенін естіген соң, бір бақылаушы бəріне
үлгермейтінін айтыпты.
— Георгий Саркисіміз қайда жүр екен?
— Сірə, кеңсесіне қайтып барған шығар. Айтайын дегенім, мен үшін
тек кемешік суға батпайтын бүтін, ал капитаны ауызына берік адам
болса болғаны. Сыртқа сыр шашқым келмейді. Айтуға тұрарлықтай
бірдеңе тапқан кезде ғана жар салармыз.
Портты бірнеше күн бойы аралап, ақыры іздегенін де тапты: бұл
капитан Андреас Папалиолостың «Таксиархис» атты кішкентай
пароходы еді. Түгелінен өз семьясы мүшелерінен тұратын
командасында өзінен басқа төрт адам: інісі, екі ересек ұлы жəне жиені
барды. Жастайынан теңіз толқынында өскен нағыз грек, тапалтақтау
келген қайратты қарт Генриге қатты ұнап қалды. Қарт жиырма бес
жыл бойы ішпей-жемей ақша жинапты, есесіне қазір өз пароходы бар
жəне ешкімге бағынышты емес.
Сол күні тамаққа Генри күлімсіреген көңілді жүзбен оралды.
— Шамасы, капитаны ауыз ашпайтын, өзі суға батпайтын кеме
тапқансың-ау?
— Оған қоса мен жердің тебінгідей-ақ екеніне тағы да көз жеткізіп
келдім. Капитан Папалиолостан өзі жайлы кімдер кепілдік бере
алатынын сұрағанымда, ол не айтты дейсің ғой? «Доктор Шлиман, мен
туралы басқадан гөрі өзіңіздің құрметті қайын енеңіз Виктория
Энгастроменостың кепілдік бергені дұрыс шығар», деді.
— Мамам ба?... Қалайша?
— Оны мен қайдан білейін! Кешкісін Колонға барып қайтайық.
Андромаха да күймемен қыдырғанды жақсы көреді.
— Капитан Папалиолос!— деп дауыстап жіберді бибі Виктория.—
Ойбай-ау, ол Криттен ғой! Біз танысқалы қай заман. Егер теңізге
шығып кетпеген болса туған күніме де үнемі келіп тұратын. Ол
жайында не білгіңіз келіп еді?
— Оған сенуге бола ма?
- Өзіңізге қалай сенсеңіз тап солай сене беріңіз. Сіз қазір біздіксіз
ғой, ал Папалиолостар Энгастроменостарды ешқашан жаманатқа
қалдырып көрген емес.
- Рақмет, қадірменді қайын ене. Ендеше, мен сол кісіге тоқтайын.
- Қоштасу қай-қайсысына да жеңіл тимеді.
- Бар болғаны бірнеше апта ғана ғой,— деп жұбатты Софья, - Күн
болса жылынып келеді, ұзамай бақта жұмыс істеймін. Сөйткенде
тезірек оңалам.
Оның көгершіндерді айрықша жақсы
бақтың арғы түкпірінен құпия түрде
құстардың бірнеше жұбын бос жіберген.
шыққан Софья көңілді əуенмен уілдескен
көріп, көз жасын сығып алды.
көретінін білетін Генри
кептерхана жасап ішіне
Ертеңіне таңертең баққа
көгершіндері бар күркені
Епископ Вимпос келді. Софьяның басындағы бақытсыздық жайлы
білетін. Көңіл айту үшін жəне діни уағыздарымен жұбату үшін алыс
Афиныға арнайы жол тартқан. Триполистегі екі жыл ізсіз жоғалмапты:
өзі жүдеп, су танасы тозып кетіпті.
«Сондай сұңғыла адам бола тұрып, қияндағы бір түкпірде тымтырыс жатқаны қандай жаман! Оған ғылыммен шұғылданатын,
жазатын, білімдерін пайдалы əжетке асыратын жұмыс тауып
берулеріне болатын еді ғой!» деп күйінді Софья іштей.
Шын мəнінде бұл жер аударумен бірдей нəрсе еді. Немен айналысып
жатырсың деген сұраққа ол тап солай жауап берді:
— Қызмет етемін, басқа ештеңемен шұғылданбаймын. Селолық
приходтарға барып тұрмын, епархия қазынасын қадағалаймын...
— Дəріс беруді қойдың ба?
— Жоқ, балаларды оқытып жүрмін. Мектеп аз ғой. Менсіз олар
сауатсыз боп өсер еді.
— Шіркеу сені Афиныға қайтаруға тиіс!
Жауап орнына ол жай ғана езу тартты.
— Сені түсініп тұрмын: университетте теологиядан, көне еврей
тілінен сабақ беруім керек деп ойлайсың ғой. Университетті өзім де
сағынып жүрмін. Кітапханасын, əріптестерімді, үміт етуге болатын
студенттерді сағындым. Кейде тіпті сырыңды айтып шешіле сөйлейтін
де адам таппайсың, жападан жалғыз жүресің де қоясың...
— Кітапханаң бар емес пе?
Ол тұнжыраңқы кейіпте бас шайқады.
— Өкінішке орай, Триполиске кетерде кітапханамды сатып кеткем
— қарыздан құтылу қажет болған.
Аяп кеткені сонша, Софьяның көзіне жас келді.
— Сонда өмір бақи осылай өтпексің бе?
— Құйттай ғана жарығым-ау, жаратқан иеміз басыңа не жазса да
шыдамдылықпен төзе бер деп үйреткен жоқ па едім саған? Енді сол
сөзімнен өзім таймақпын ба?! Жаратқан иеміз бен шіркеуімізді жантəнімен сүйдім екен, басыма түскеннің бəрін де байсалдылықпен
көтеруге тиіспін.
Осы əңгімеден соң Софья Генри кеткелі бері алғаш рет қала аралауға
жалғыз шықты. Коромеластың өзі кішкентай кезінен жақсы көретін
кітап дүкеніне бармақшы еді. Бұл — үш қабырғасына сөрелер
қойылған, сөрелердің əр тұсына: «Поэзия», «Тарих», «Əдебиет»,
«Ғылым» деген жазулар ілінген үлкен зал болатын. Француз, неміс
жəне ағылшын тіліндегі кітаптар өз алдына бөлек тұрған. Ол мұнда
жылына екі рет, əулие Василий күні мен өзінің туған күнінде,
ересектердің біріне еріп келіп, мұқабалар мен бояулардың иісіне
қанығатын. Оған өзі ұнатқан кітапты таңдауға ерік берілетін. Генридің
шұғыл шаруаларға деп қалдырған жүз долларының басым бөлегіне
Вимпос ағасына кітап алуды ұйғарды. Мұны күйеуінің де шұғыл шаруа
деп білеріне зəредей күмəн келтірмеді. Бір-біріне кездестіргені жəне
некелерінің сақталып қалғаны үшін олар бұған қарыздар еді, сол
себепті оны жалғыздықта қалдыруға болмайтын. Ең болмаса кітаппен
сұқбаттассын. Парижде Софья Генриге: «Жалғыздықтан жапа
шеккеннен аяғымды сындырып азап шеккенім əлдеқайда жеңіл»,
деген. Əлде «үйді ойлап, уайым жегенше» деп пе еді? Қалай десе де,
екеуі де бір мағына беретін нəрсе ғой. Астанадағы рухани жəне
ғылыми орта — міне, Теоклетос Вимпос осыдан сырттап қалған,
осыған қайғырып жүрген. Оның бұл қайғысы Софьяның таяудағы
тақсіретіне ұқсас еді.
Апрель
күндері
шуақты
боп
тұрды.
Таң
сəріде
аспан
алашабырланып, артынан көкпеңбек боп мөлдіреп шыға келетін.
Софья клумбалар мен бүр жара бастаған бұталарға күтім жасап,
көгершіндерге жем шашумен шұғылданды. Бірақ, бір таң қалар нəрсе
— еркін билеген əлдебір елегізуден ақыры арыла алмай-ақ қойды.
Есіл-дерті Ғыссарлыққа, қазбаларға, көптің арасына, олжаға килігу
қуанышына жету боп жүрген.
Генриден келіп жатқан хаттарда қуанышты хабар аз-ды.
«Жағдайымыз мəз емес. Төңіректегі табиғат, сондай жақсы,
басқасының бəрі де жаман»,— деп жазған еді ол.
Қазба шетіндегі үйлері əлі дайын болмаған. Генри құралсаймандарға арналған күркеге қонып жүрген. Үш күн бойы жаңбыр
жауып, төбелерінен тамшы өтіп кетті,Яннакис қазбаға жұмысшы
жинаумен айналысып,тамақ пісіруге қолы тимеді. Оның үстіне плита
да, қажетті ыдыс-аяқ та жоқ еді. Тамақты Қыбұлақтан алдыруға тура
келді. Төңірек балшыққа былғанып,күн суытып, берекетінің кеткені
сонша, кешкісін есеп жазудан да қалыпты. «Мүмкіндігің болса, құдай
ақына Афиныда кідіре тұр. Əбден оңалып, денсаулығыңды түзеп ал...»
Ал, егер ақи-тақи келмекші боп жатса, онда міндетті түрде плита,
он тəрелке, пышақтар, қасықтар мен шанышқылар, екі матрас (біреуі
үлкен, екіншісі кішкентай), одеялдар, сүлгілер, жұмыс киімін,
жыртылмайтын былғары башмақтар, сондай-ақ құмыралар мен
вазаларды, сынықтарды салуға арналған үлкенді-кішілі жиырма-отыз
себет ала келетін болсын. Софья айтқандарының бəрін де алды. Спирос
заттардың себетке ұқыптап салынуын қадағалады. Бұл себеттер
қайтарында Шлимандардың археологиялық материалдарын Пирейге
алып қайтуға тиіс еді.
Кезекті бір хаттан кейін Афиныда жата берудің өзі мүмкін болмай
қалды. Онда жазылған сөздерден жалғыздық пен жүрек сыздатқан
сағыныш лебі есіп тұрған.
«Ардақты да асыл жарым! Қалың қалай, періштем, жарығым, жанжүрегім? Не істеп жатыр екенсің сен? Тəбетің қалай? Қалай ұйықтап
жүрсің? Оңалдың ба кішкене? Қызымыздың халы қалай? Ол күніне кем
дегенде үш сағат таза ауада болуы қажет. Бағыңда нендей өзгерістер
бар? Бойыңа біткен қасиетті рух арқылы бейшара пальмамызға жан
бітіріп те қойған шығарсың? Көгершіндерің тірі ме? Бағың гүл жайнап,
құлпырып тұрған шығар.
Сүйіктім менің, күн сайын Пирейге барып суға түс, ал темір жол
ашылған кезде Фалеронға бар. Сенің əбден сауығып кеткеніңді
қалаймын. Маған бір ауыз жылы сөз жазып жіберші — сонда менің
түнім де күнге айналады».
Софья сол күні-ақ майдың бас кезінде
аттанатын пароходқа каютаға заказ беріп қойды.
Константинопольға
Ертең жүрем деп отырған күні Генриден он бес беттік мақаланың
қолжазбасы келіп түсті. Генри бұны бір сауатты туыстарына көрсетіп
қателерін түзеттіріп, афинылық «Пікірталас парақтарына» жіберуді
өтініпті. Бұған қоса фотографқа өткен жолы тапқан олжалары — крест
пен «свастиканың» қолдан салған суретін де апарып беруі керек еді.
Өйткені, мақалаға иллюстрациялар қажет-тұғын.
Бұл жұмыстың бəрін əкесіне тапсырып, Андромаханы үйренген
үйінен ажыратпау үшін ата-анасын Музалар көшесіне көшіріп əкелген
Софья бəрімен бір-бір сүйісіп қоштасып шықты. Спирос оны жүк
салынған сөмкелерімен бірге Пирейге алып келді.
Генри Шанаққала пристанынан қарсы алды. Оның кемеден түсетін
баспалдақтың түбінде тұрғанын көргенде де Софьяның жүрегі
дүрсілдеп қоя берді. Күйеуі қатты жүдеп кетіпті — костюмі қолпылдап
тұр. Беті сарғыш тартып, езулігіне терең əжім түсіпті — өздері
Қыбұлақта бастан өткерген берекесіз күндерде де ол мұншалықты
арықтамаған. Өткен апталардың ішінде ұйқысы қанып ұйықтай
алмағаны аңғарылып тұр. Оның үстіне газеттер мен ғылыми
қоғамдарға жіберетін есептері жəне бар — Софьяның көмегінсіз ол
грек тілінде үш есе шабан жазатын.
«Жаным-ай менің, жаным-ай, қандай көп қиындық көрген десеңші.
Қап, бəлем, ендігі шаруам сенімен болсын!»— деп ойлады ол жүрегі
елжіреп.
— Сен қандай сұлу едің,— деп сыбырлады Генри оны құшағына
қысып жатып.
Жолға киетін киім таңдаған кезде Софья күйеуінің «жұмыс
киімдерін киіп келу жайлы кеңесін мансұқ еткендігі, əрине, өзінен өзі
түсінікті еді. Сөйткесін жерде Афиныда соңғы аптада тіктірген
шілтерлі жағасы бар жібек блузка, етегі кең көгілдір юбка, өзіне өте
үйлесе кеткен көк түсті саржа жекет киген. Жалпы алғанда, күйеуінің
көзіне əдемі боп көріну үшін біраз əрекет жасаған.
Кішкене кейін шегінген ол Софьяның бетінен көз аудармай қарап
қалды.
— Бақытсыздыққа толы бүкіл өмірімнің ішінде ешқашан ешкімді
мұншалықты қуанышпен қарсы алған жоқ едім. Жақсылап қарап
алайыншы. Мен мұнда кетпен, күректер мен Түркия гректерінен басқа
ештеңе көрген жоқпын ғой. Сен толығыпсың. Бұл өте жақсы болған.
Көздерің күлім қағады.
— Өйтетін себебі, өзіңді көріп тұр ғой, Эррикаки. Сосын мамам
күніне үш дүркін тамақ пісіріп беріп тұрса қайтып толыспайын? Оның
есесіне енді сенімен айналысатын болам. Міне, мынау Андромахадан.
Қандай тəтті əрі қандай шынайы сүйіс еді. Мамасының да өзінің ала
келгендері бар шығар?
— Əрине. Үйіміз əзір болды ма?
— Əзір. Жанында ас үйі де бар. Яннакистың тек плита болмай
діңкесі құрып жүр. Тоқта! Айтпақшы, сен плитаны ұмытқан жоқсың ба?
— Əрине, ұмытқан жоқпын. Сосын мол ғып азық-түлік ала келдім.
Жарты жыл бойы не қаласаң соны ішетін боласың.
Олар себеттерді үлкен арбаға қалай тиеп жатқандарын көріп
қайтуды ұйғарды.
— Əне, анау, жастауы — десятник Деметриу,— деп нұсқады Генри.
— Оны көргенсің, есіңде шығар. Тиелген заттар тізімін соған бере сал,
өзі бəрін қадағалайды.
Қол ұстасқан екеуі көгілдір Дарданелдің нақ ернеуінде, алыс қиырға,
Галлиполь жасыл жоталарына көз тігіп тұрды. Күн бүгін мейлінше
жайма-шуақ еді.
— Софидион, сен өзіңмен бірге күн шуағын ала келдің. Соңғы үш
аптада біз жеті күн жоғалттық: жаңбыр жауды, мерекелер болды.
Əйткенмен, апрельдің алғашқы жартысында он бір мың текше ярд
топырақ шығардың. Ал, күн дегенің қақап тұрды.
— Соның бəрін тезірек көрсем деп тағатым қалмай барады.
Лоранның жұмысы қалай жүріп жатыр?
— Ол кетіп те қалды. Келісімді бір айын өтеді де кетіп қалды. Əй,
ішеді екен өзі де! Жотамызда бар-жоғы бір-ер сағат қана бой көрсетті.
— Жасап бермек болған чертеждері мен рельефтік карталары
қайда?
— Ол жағы ойдағыдай. Бұларды Фрэнк Калвертке көрсетпекке
өзіммен бірге ала келгем. Жұмыс алаңқайымыз жотаны тіліп өткен
кезде оның меншігіндегі бөлектен сау қалатын жер аз бола ма деп
қорқам.
— Оған əлдекімдер қой жаятын жайдақ жотадан гөрі Трояның бір
бөлегін иемдену тəуірірек емес пе?
Олар Калверттердікінде қонбақшы еді.
— Жол ауыр болғандықтан, Ғыссарлыққа жүрер алдында жақсылап
дем алғаның дұрыс шығар деп ойлағам.
Қолтықтасып алған олар орталық көшенің енсіздеу қаптал жолымен
жүріп кетті. Бейнебір өз еліне қайтып оралған адамдай Софья түйелер
керуеніне, себеттер артылған қара пониларға, пəренжі киген
əйелдерге сүйсіне көз тікті. Қоғамдық орындарда қалыптасқан
дəстүрді сақтайтын түрік əйелдерінің үстеріне кимейтін киімдері
жоқтай еді: балақтары бүрмелі боп келетін кең шалбар, ұзын юбка,
айшықты матадан тігілген елек — жоғарғы жағы тарлау, ал белінен
етегіне дейін тізілтіп түйме қадаған халат, осының бəрінің сыртынан
жеңі желпілдеген желең киетін. Басынан беліне дейін пəренжі бүркеп
тұратын.
— Мына киімнің ар жағындағы түрік əйелінің түр-келбеті қандай
екенін бір алла мен əлгі əйелдің күйеуі ғана білетін шығар,— деді
Софья күпірлік жасап.
Генри жанында келе жатқан жұбайына сүйіспеншілікке толы
жанармен қарайды. Өңі алабұртып кетіпті. Мына желеті мен жіңішке
алтын шынжыры болмаса тынысы тіптен кеңейе түсетіндей сезінеді.
Міне, ол Колондағы алғашқы кездесулері кезіндегідей, араларындағы
артық жиырма жасты аулақ серпіп тастап, қайтадан жас жігітке
айналды. Жан-жағына жалтақтай көз тігіп қойып, Софьяны шап беріп
құшақтап сүйіп алды.
— Мен саған ұл бала қарызбын,— деді сыбырлап.
Сол сəтте ғана Софья оның бұрынғы өкініштерінен біржола
арылғанын аңғарды.
Калверттер оларды ескі достарындай қарсы алды. Миссис Калверт
бейнебір жасы үлкен анадай Софьяны екі бетінен алма-кезек сүйді.
Эдит, Алиса, Лaypa жəне кішкентай баласы — төртеуі де үйде екен.
Əкесі анда-санда қыздарын көне бейіттерді қазу жұмысына алып
баратын. Бұндай бейіттер Троадада өте көп болатын. Түскі тамақтан
кейін ересектер кітапханаға ауысып, жұмсақ былғары креслоларға
жайғасты. Генри дөңгелек үстелге Лоранның чертеждары мен
пландарын жайды.
— Алдымен, жұмыс алаңымызды қай жерден əзірлейтінімізді
көрсетейін. Міне, мына жерден, «А» əрпінен, өткен жылы он төрт
футтың
траншеямызды
жүргізгенбіз.
Жотаның
төбесіне
көтерілгенімізде оның ұзындығы алпыс футқа жетті. Жолшыбай үлкен
ғимараттарды жолықтырам ба деп ойлағам, оның орнына біздің
заманымыздан бұрынғы III ғасырға жататын мəжіліс залымен
қанағаттануға тура келді. Биыл солтүстік-батыс мүйіске таман жерден
— міне, мына «В» əрпі тұрған тұстан қазбақпыз. Қамал қабырғаларын
да, Приам сарайын да осы арадан табам ба деген үмітім бар.
Генридің бүкіл стратегиясы чертеждардан айқын көрініп тұрған.
Оның ойы: жайпақтау солтүстік беткейден оңтүстікке қарай қазып,
жотаны қақ тіліп өту, сөйтіп осы алаңқайдан жотаның бедеріндегі
əрбір өзіндік ерекшеліктерге айрықша назар аудара отырып, барлық
басқа бағыттарда қазба жүргізу болатын.
Сызықтар мен цифрларға үңіле қарап қалған Фрэнк Калверт
ысқырып жіберді де, абыржып мұртын сипалады.
— Мынау орасан үлкен жұмыс екен, Генри. Жəне неткен батылдық
десеңізші! Сонда шамамен қанша топырақ шығармақсыз?
— Лоранның есебінше — жүз мың текше ярд. Қырық алты фут
тереңдікте құрылыққа жетем. Жотаның орталық бөлегі түгелдей
жалаңашталады. Сол кезде ұлы құрылыстарды үш мың жылдық
тұтқыннан босатып аламыз.
Калвертке көз тіккен Софья Генридің осынау төтенше жоспарын
алғаш рет естіген кезінде өзінің қалай қатты таңырқағанын есіне
түсірді.
— Мен бұлай ете алмаған болар едім... Маған мұндай ой да келмеген
болар еді... Мен Аякс жотасы немесе ағайым Фредериктің мекенжайындағы, Фимбрудегі кішкене ғибадатхана сияқты өзім... көп
дегенде бір-екі көмекшіммен жəне бірнеше күнде бітіретіндей шағын
қазбалар жүргізгенді ұнатам.
Генри не айтарын білмей отырып қалды. Оған Софья көмекке келді.
— Сізді түсінемін, мистер Калверт. Егер жазушы болсаңыз,
романнан гөрі əңгіме жазуды хош керер едіңіз. Ал, Генри болса,
Достоевский сияқты...
— «Қылмыс пен жазасын» жазып шықпақшы,— деп Калверт оған
көзін сығырайта қарады.— Өзімді сол романның кейіпкеріне ұсынар
едім.
ЬІңғайсыздау үнсіздік орнады.
— Фрэнк,— деді үнсіздікті бұзған Генри,— жотаның сіздің
меншігіңіздегі бөлегіне де еніп кетуім мүмкін тəрізді. Бұған қарсы
болмас па екенсіз?
— Ойбай-ау, о не дегеніңіз!— деп анау іле үн қатты.— Бұдан
бірнеше жыл бұрын алғаш кездескенімізде сізді не үшін асықтырдым,
не үшін сізге пəрмен алып беруге көмек көрсеттім деп ойлайсыз?! Мен
тек өз бөлегімнен табылған олжаны тең бөлуді ғана өтінер едім.
— Бұл өте əділ нəрсе болар еді, Фрэнк. Келісімімізді қалай бекітеміз
— қол алысумен-ақ шеше саламыз ба əлде қағаз толтырамыз ба?
— Осы уəдеңіздің өзі-ақ жеткілікті.
Қол алысқаннан кейін Фрэнк қабырғаға қиюластырған бардан
бренди бөтелкесін алды.
— Гомердің Троясы үшін! Айрықша бірдеңе табылса жазып жібере
салыңыз — мен сол бойда-ақ жетіп барам.
Трояның құрметіне тіпті Софья да бокалын босатып қойды.
Ғыссарлықтағы өзгерістер Софьяны қатты таңырқатты. Қайда
қараса да тарам-тарам боп жүгірген траншеялар шытырманы, жаңа
террасалар, топырақ жамылғысынан жалаңашталған қаланған тастар
қатарлары. Ал, ең басты жаңалық — жотаның солтүстік-батыс
шетіндегі қазбалар басталатын жердегі үш үйден тұратын кішкентай
поселок еді. Шығыс беткейдің етегіндегі жазықтан тағы да бірнеше
құрылыс бой көтеріпті. Генри өздері тұрғызған үш үйдің екі жүз
долларға түскенін мақтанышпен жазған болатын. Соған қарап Софья
ілдалдалап қалқайта салған барақтарды жолықтырармын деген. Бақса,
мыналар төбесінен су өтпейтін, əдемі есік-терезесі бар, оңды үйлер
екен.
Олардың үйі үш бөлмеден тұратын: жатын бөлме, кең асхана жəне
екі жақ қабырғасына сөрелер жасалған жұмыс кабинеті. Жаңа
олжаларды Генри түгелдей номерлеп қойыпты, бірақ тазартпапты.
Шанаққаладан жол-жөнекей сатып алынған, мыж-тыжы шығып тозған
жазу үстелі де осы бөлмеде тұрған. Бұл ескі үстел Софьяға өте ұнады.
Себебі үлкен болатын, екеуі қатар отырып жұмыс істеуіне əбден
жарайтын. Сол жақ қабырғадағы терезеден Эгей теңізі, Имброс жəне
Самофракия аралдары көрініп тұр.
Софья сүйікті иконын Яннакис амалдап жасаған киотқа
орналастырды, көйлектерін шымылдықпен көлегейленген бұрышқа
апарып ілді — бөлме Колонда қыз кезінде жатқан бөлмесінен аумай
қалды. Киім-кешектен ең лайықты дегенін іріктеп алған.
Əлдеқашаннан бері киілмей жатқан кең етекті үш көйлегі бар-ды.
Бұлар үйінді топыраққа өрмелеуге өте ыңғайлы еді. Қысқа жең, қынама
бел тағы бір көйлегі бар-тұғын. Бұның мына арада өте сəнді болып
көрінуі де мүмкін еді, бірақ өзіне ешқашан ұнамаған. Бұларға қоса
жұмысқа ыңғайлы юбкасы, блузкасы бар болатын. Шаңырайған
күннен қорғар көмегі жоқ шарфын тастап, бір жүн қалпақ пен бір ши
қалпақ ала келген.
Сондай-ақ, бір-екі пар былғары бəтеңке ала шығуды да ұмытпаған.
Генри оған өзге үйлерді де көрсетті: бірінде десятниктер Макрис
пен Деметриу тұрып жатыр екен, екіншісі ас үйге арналыпты. Яннакис
плитаны қондырып та үлгеріпті (арба түнде келген). Енді төбеден
мұржаға тесік оюға кірісіпті. Софьяны көріп баспалдақпен төмен
түскен дəу жігіт басын жерге жеткізе тəжім етіп, қолынан сүйді.
— Шлиманвиллаға келуіңізбен, ханым! Қожайын қатты қуанып
қалды-ау!
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 14
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.