Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 26

Total number of words is 3873
Total number of unique words is 2264
32.0 of words are in the 2000 most common words
44.6 of words are in the 5000 most common words
51.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Пəрменге сəйкес, қазбаның іргесіндегі алты жүз акр жер Генриге
берілген еді; бұл жерге оның тұрғын үйлер мен шаруаға қажет жайлар
салуына хақы бар-ды. Губернатор Ибрагим паша асығыс қалқайта
салынған жаппаларды көріп шықты да, қалтасынан пəрменнің
көшірмесін алып, тиісті жерін тапқан соң:
— Доктор Шлиман, сіз пəрменнің шартын бұзып отырсыз!— деді.
— Бұзып деймісіз? Мен тіпті əлі жұмысқа кіріскен де жоқпын ғой.
Жотадан əлі ештеңе ала қойғам жоқ...
— Пəрменге сəйкес, сіз мына алты жүз акр жерге тастан жəне
ағаштан үй тұрғызып, қоймалар салуыңыз керек.
— Алты жүз акрге үй салу деген не сұмдық? Не үшін? Бұл деген
тұтас бір қала ғой. Маған мына құрылыстар да жарайды.
— Сізге ненің жарайтыны, ненің жарамайтыны жайлы пəрмен
сізбен тəжікелесіп жатпайды. Алты жүз акрге түгел құрылыс салуға
міндетті екендігіңіз мұнда айдан анық айтылған.
— Губернатор Ибрагим паша, пəрменді бұлайша ұғыну кісінің
күлкісін келтіретін нəрсе. Шын мəнінде не үшін мына алты жүз акрды
толтырып құрылыс салмақпын? Сұлтанның үкіметінде осыны желеу
етіп, жұмысқа кедергі келтіретін керітартпалар табыла қояр ма екен?
— Мен дəнеңе де білмеймін. Пəрменде не айтылса, соның
орындалуын талап етуге тиіспін, əйтпесе Константинополь мені
арқамнан қаға қоймайды. Алты жүз акр жерге тастан жəне ағаштан
үйлер тұрғызбайынша ешқандай қазба жұмысы жүргізілмек емес.
Генри босқа айтысқаннан пайда жоқ екенін ұқты. Əрине,
Константинопольге барып, ағарту министрінен көрменің шартын
түсіндіретін, яғни əлгі алты жүз ;акрға толтырып үй салу міндет
еместігін көрсететін хат жаздырып алуына болатын. Бірақ, оған түрік
өкімет орындарының жайбасарлығы жақсы мəлім-ді. Бұны қиындата
түсетін тағы бір жай — арқа сүйер жалғыз ықпалды досы — сыртқы
істер министрі Рашит паша жауларының қолынан қаза тапқан. Сыртқы
істер министрі болып Сафуат паша тағайындалған. Яғни ағарту
министрлігіне жаңа адам келген-ді. Бəлкім, бұл мүлдем бейтаныс, тіпті
теріс ниеттегі адам шығар. Пəрмендегі ақылға қонымсыз шартты
алдырып тастайтынына сенімі толық еді, бірақ бұған тағы да қанша
апта мен ай қажет болатынын кім білсін. Жəне қайтып оралғанда
көретін күні не болмақ? Сол бұрынғыша аттаған сайын аяқтан шалу,
жоқтан өзгеге бола тиісіп, тыныштығын кетіру, жұмысшы қолынсыз
қалдыру, олжаларға ғылыми сыпаттама жасауға тыйым салу ғой...
Трояға қайтып оралып, қазбаларды аяғына жеткізем деп босқа
əуреленіпті.
Əйелі мен кішкентай қызынан, үйреншікті шаруасынан қол үзіп, екі
ай бойы Константинополь қонақ үйін күзетті. Тағы да екі ай қазбалар
басында өтті. Бұнда да траншеялар мен террасаларды үш жылдың
ішінде жинақталған ластан тазартудан басқа жарытымды ештеңе
тындыра алмады. Сөйтіп, сонша уақыт босқа рəсуа болды.
Ол құрал-саймандарды буып-түйіп, жинақтап Пирейге аттандыруға
əмір етті де, Софьяға біржола қайтып келе жатқандығын айтып
телеграмма салды.
Қайтар жолда қалың уайымнан қабағы ашылмай қойды.
Софья оны Пирейден қарсы алды. Қолындағы бір парақ ақ қағазын
оңды-солды бұлғалап, пристаньда тұр екен. Мұншалықты
шаттанғанын Генри бұрын-соңды байқамаған.
— Микенді қазуға рұқсат алдық! Қазір бастасақ та болады!— деп
айқайлады Софья.
ЖЕТІНШІ КІТАП. МИКЕН
Оларды Нафплион пристанынан қарсы алған полицмейстер
Леонидас Леонардастың төсіндегі түрлі-түсті медальдарды жазғы
кештің жайма шуақ шұғыласы алтынға малындырып тұр еді.
— Біз бұл сəтті екі жыл бойы күткенбіз!— деп дауыстап жіберді
Генри.— Өзімнің ғалым достарымды таныстыруға рұқсат етіңіз.
Доктор Ефтимиос Касторкис осы жерде, Пелопониесте туған, қазір
Афины университетінде грек археологиясының процессоры. Доктор
Спиридон Финдиклис, Археология қоғамының вице-президенті,
университетте филологиядан сабақ береді. Доктор Иоаннис Пападакис
— математика мен астрономия профессоры, университеттің бұрынғы
ректоры. Бұл кісілер менімен бірге Нафплионға баруға
инабаттылықпен келісім берді. Мұнда бір апта болып, Тиринф пен
Микенді көріп шықпақ.
Осынау екпінді есімдер аталған сайын Леонидас Леонардас иіліп
тəжім етіп тұрды.
— Сіздерге арналған бөлмелерді «Олимп» қонақ үйінен өзім барып
таңдап алдым. Сіздер 1874 жылы өзім арнайы барып амандасу
құрметіне ие болған номерде тұратын боласыздар.
Шамадандарды иықтарына артқан зембілшілерді жандарына
ерткен Шлимандар қонақ үйге шейін — ол таяқ тастам жерде ғана еді
— жаяу барды. Қонақ үйдің иесі кешкі асты бақ ішіндегі үлкен платан
аясына əзірледі. Генридің көңілі шат-тұғын: оған, Арголидаға, ғалымархеологтар қонаққа келіп отыр. Бəрі бірлесіп Тиринфте бірнеше
барлау шурфтарын салады, сосын Микенді көріп шығады. Бір сөзбен
айтқанда, Афины университеті бұның қазбаларына немқұрайды
қарамайтын боп тұр ғой.
Софья таң елең-алаңда оянды. Генри дағдылы ертеңгілік
шомылуынан қайтып оралған екен. Түкті сүлгімен денесін қатты
ысқылағаны сонша, кеудесі мен иықтары қып-қызыл боп кетіпті.
— Тұратын уақыт болды, сүйіктім. Күймелер де келді. Түскі тамақты
осындағы аспаз əзірлеп берді.
Софья жақсылыққа ырым етіп, ұзын жең, кең етек көйлегін киді.
Троядағы соңғы сəтті апталарда осы көйлегін киіп жүрген. Мойынына
жұқа шарф салып, басына кең жиекті қалпақ, қолына ақ биялай киді —
шілденің шақырайған күні аяусыз күйдіріп тұрған. Олар жолға күн
көтеріле шықты. Нафплионнан Тиринфке дейін бар-жоғы бір ғана
миль еді. Ұзамай бесеуі де циклоптық қабырғалардың іргесінде тұрды.
Қабырғаға қаланған тастар адам айтқысыз ірі болатын.
— Мына қабырғаны көзім көріп тұрғанымен, көңіліме ештеңе қонып
тұрған жоқ,— деді Софья.
Олар үлкен жолдан бұрылып, тастақты жайпақ Тиринф үстіртінің
оңтүстік етегін бойлап аз-кем ілгері жүрді. Делбешілер тағам мен
салқын сусындар салынған себеттерді қабырғаны жағалай созылған
ішкі галереяға апарып қойды. Бұл галерея бір кезде азық-түлік пен
қару-жарақ сақталған казематтарға қарай бастайтын. Жалпақтығы 25
футтан 50 футқа дейін жететін қабырғада садақшыларға арналған
енсіздеу алты саңылау бар-ды. Шлиман бастаған топ қамалға
циклоптық əдіспен қаланған қабырға тіреп тұрған жалпақ пандус
арқылы енді. Қамал қақпасының сол жағында мұнара тұр еді. Генри
оның биіктігі қырық футтай болатындығын көзбен мөлшерледі. Егер
талым серіктерінің сөзіне сенуге болса, бұл Грециядағы ең көне
құрылыс көрінеді.
Бұл жерден оларды Деметриос Дасис қарсы алды. Бұдан бірнеше
апта бұрын Шлиман оған барлық троялық құрал-саймандарды:
жүздеген қайла мен күрек, қол арбаларды жөнелткен болатын. Осы
жарақтың бір бөлегі — төрт күндік барлау жүргізуге дəлме-дəл жететін
бөлегі — Тиринфке жеткізілген. Деметриос Хариптидан он жұмысшы
ала келген-ді. Генри топтың əр мүшесі, оның ішінде Софья да бар,
қарауына екі жұмысшыдан алып, қазатын алаң таңдауына ерік берді.
Профессор Касторкис пен Софья ортадағы террассадан, өңге екі
профессор төменгісінен қазуды ұйғарды.
Ал, Шлиманның өзі үстіңгі террасаны көлденеңінен кесіп өтетін
жалпақ траншеяның жобасын белгілеу үшін Деметриосты жəне қалған
жұмысшыларды ілестіріп жоғары көтерілді.
Софья мен профессор Касторкис саз балшық құйылып бекітілген
шағын тақталардан тұрғызылған екі үйдің қабырғаларына кезікті.
Өзге екі топ төменгі қамалдан əйелдің емшектері мен сиыр мүйізін
еске салатын, тəу етіп жоғары көтерілген қолдар бедерленген,— бұл
Гераның ерте заманғы бейнесі болатын,— қызыл-жасыл бояулармен
сырланған мүсіншенің үлкен бір кесегін тауып алды. Топырақты
мұқият себелеу кезінде бояуы бар көптеген қыш сынықтары
ұшырасты. Күн шыжғырып тұрған, бірақ олар түскі тамақтарын ішкен
күмбезді галереяның іші қоңырсалқын еді. Ортадағы террасаның он үш
шурфы мен төменгінің үш шурфынан терракоталар жолықты.
Бұндайлардың жолығатынына олардың күдігі болмаған. Кешкісін
еркектер суға түсіп қайтты. Сосын бəрі Шлимандардың қонақ
бөлмесіне жиналды. Софья күндізгі олжаларды алдарына жайды.
Бұлардың ішінде триподтар, тұтқалары арнайы тесілген үлкен
вазалар, кішкене құмыралар, көзелер, кубоктар, тостақтар мен əртүрлі
ыдыстар бар еді. Олардың біразы қолдан жасалған, біразы құмыра
шарығынан шыққан дүниелер-тұғын.
Бес күннен кейін керуен Микенге жол тартты. Генри барлық
табылған керамиканы себеттерге салып, университет профессорлары
Микеннен оралғаннан кейін Афиныға қайтатын пароходпен бірге
Археология қоғамына жөнелтуге жарлық берді. Деметриос Шлиманға
алпыс жұмысшы жалдағанын, олардың қазба жұмысын бастауға əзір
екенін мəлім етті. Патша қабірлерінің орынын егжей-тегжейлі
сипаттап берген Павсаний жазбаларынан аңғарғандарын басшылыққа
ұстанған Генри қазба орынын белгіледі. Үш профессордың үшеуі де
Шлиманның табысқа жетуіне шын жүректен тілектестік білдірді.
Қонақтар жүріп кеткеннен кейін Шлиман көңілсіздеу күлімсіреп:
— Шіркін-ай, Археология қоғамының бақылаушысы қызметіне
мына жас өскін Стаматакистің орнына солардың біреуін үгіттеп
көндіргенімізде ғой! Стаматакиспен Афиныда екі рет əңгімелескем, сол
қабаттарымыздың барысында ол бар болғаны бір-ақ рет езу тартты.
Менің ойымша, бұл жақсылықтың нышаны емес,— деді.
Деметриос Дасистің семьясы Шлимандарды құшақ жая қарсы алды.
Бұлардың келуін екі жарым жыл бойы күтіп жүр екен. Қонақтар
жататын бөлмелер даяр етіліп қойыпты: оттай ыстық күн көзінен
қорғану үшін терезеге жаңа ағаш қақпақ жасапты, еденді қырып,
айнадай ғып жуыпты.
Софья себетке салып сейсеп, көпшік тыс, сүлгі мен одеялдар əкелген
— октябрь-ноябрь айларында күн суытып кететін. Үш-төрт ай бойы
ештеңеден мұқтаждық көрмес үшін сабын жəне басқа да туалет керекжарақтарын да ұмытпаған. Олар күзгі қара жаңбырлар өздерін
Микеннен қуып шыққанша қазбақшы еді.
Деметриосқа Афиныдан жазған хатында Генри кереует жанына
қоятын екі тумбочка жасауды, гардероб орынына пайдалану үшін
жатын бөлменің бұрышына перде құрып қоюды өтінген болатын.
Трояны қазған кездерінде киген барлық ескі киімдерін өздерімен бірге
ала келген. Сондай-ақ, шіркеуге барғанда немесе Аргос пен
Нафплиондағы достарына қыдырғанда ұялмас үшін бірқатар тəуір
киімдерін де ала шыққан. Софья шамаданын ашып, иконын тумбочка
үстіне қойды да, Микенде жолдары болуын, Генридің барлық болмаса
да бірқатар батыл ойларының жүзеге асуын тілеп, Əулие Марияға
жалбарынды.
Бұдан біраз бұрын Генри Аргостағы бөлімшесінен Дасистер атына
есеп ашу жайлы Гректің ұлттық банкіне нұсқау берген. Мұндағы ойы
күтпеген шығындарға жұмсайтын қаражаттары болмай қалмасын
дегендік еді. Сосын оларға өздері Ғыссарлықта пайдаланған душтың
чертежін жіберген. Душ — су ағызар шынжыры бар бөшке қойылған
шағын ғана қалқа — ашық ауада орнатылуға тиіс еді. Ал айда, екінші
Янмакисті қайдан іздеп табарсың? Рас, еңбек ақыны төлеу бұнда көп
қиындыққа түспейтін: бригадасы қазып шығарған топырақтың текше
метрлері үшін тиесілі ақшаны Деметриосқа сенбі күндері бір-ақ
беруіне болатын. Бірақ, кейбіріне күнбе-күн, кейбіріне апта сайын
төлеп тұруға тура келетін басқа деревнялардан жалданған
жұмысшылардың ыңғайын қалай таппақ? Генри Деметриостың
ортаншы ұлы Николасты таңдады. Бұл өзі таяуда ғана он алтыға
толған, жанарынан жігер ұшқындап тұрған, ашаңдау келген ұзын
бойлы сары бала болатын. Аргос мектебінің бірнеше класын тəмамдап,
қазір қолына не түссе соны басынан аяғына дейін оқып білімін
толықтырып жүрген-ді. Генри оған блокнот беріп, Яннакистің
жұмысты қалай жүргізетінін көрсетті. Бұған қоса Николаосқа
жұмысшыларды сумен қамтамасыз етіп тұруды қадағалау да жүктелді.
Таяу маңдағы бұлақтан толтырылған бөшкелер бірінен соң бірі
шұбырып келіп жататын екі аяқты арбаларға тиелейік. Тамыздың күні
таңертеңнен бастап-ақ күйіп кететін. Акропольде ыстықтан бой
жасыратын жер жоқ еді. Аңқасы кепкен жұмысшылар бөшкелерді
арбадан түсірген бойда-ақ босатып үлгеретін.
Жұмысшыларға күніне екі жарым драхма, немесе елу цент, ал
десятникке бес драхма төленетін. Николаос күніне бір доллар алатын.
Дасистердің қуанышында шек болмады: ұлдары оқуын əрі жалғау үшін
келесі жылы Нафплионға бармақ! Троадада Шлиман жұмысшыға бұдан
аздау төлеген: өйткені түрік провинциясындағы тұрмыс дəрежесі
төмендеу еді.
Археология қоғамы жіберген күзетшілері Панайотис Стаматакистің
жолдың арғы бетіндегі үйге орналасқанын олар көршілерінен естіп
білді. Дерезнядағы шоланы үймен жапсарлас салынған жалғыз қыстау
осы еді. Ол осыны таңдапты. Шоланның есігіне құлып салдыртып,
кілтін қалтасына басыпты. Енді қазбадан табылғанның бəрі осында
сақталатын болды. Дасистердің келісімімен Генри Стаматакисті түскі
қонақасыға шақыртты. Стаматакис шақыруды қабыл алмады. Келесі
күні, сегізінші августта, əулие Пантелеймонның мерекесі өткізілген
еді. Мерекеге орай арнайы келген священниктің уағызын тыңдау үшін
деревня тұрғындары тайлы-таяғы қалмай кішкене шіркеуге жиылған.
Шлимандар Дасистер семьясымен бірге келді, бірақ Стаматакис бой
көрсетпеді. Бұл деревня адамдарының шамына тиді. «Деревня
священнигінің уағызын тыңдауды өзіне ар санағаны ғой», деген сөздер
де естіліп қалды.
Стаматакис тоқтаған үй иесі əйел:
— Жападан жалғыз отырады да қояды. Тамақты өз бөлмесіне
алдырып ішеді,— дегенді айтты.
— Бəлкім, ол ұялшақ шығар?— деген болжам жасады Генри.— Тағы
бір шақырып көрейік.
Олар оны тағы да шақырды, Стаматакис тағы да бас тартты.
Кешкісін, күннің ыстығы қайтқан мезгілде, екеуі Атрейдің қазына
қоймасына қарай көтерілді. Осынау ғаламатты дүниеге келтірген
таланттың талғамына таң-тамаша болған Софья қойма алдында
кішкене кідіріп қалды. Сұлулықпен сұхбат адам жанына жігер
құятыны белгілі, Софьяның да жаны жай тауып, рақат сезімді бастан
кешті.
Стаматакис бүкіл мереке бойында бөлмесінен адым аттап шыққан
жоқ. Кешкісін Генри Софьяға:
— Қалай ойлайсың, кішіпейілдік көрсетіп өзім кіріп шықсам қайтер
екен? Өйткені, бізге бірнеше ай бірге жұмыс істеуге тура келеді ғой,
достасып кетсек жаман болмас еді,— деген ұсыныс айтты.
— Ондайды ойыңа да алма,— деп Софья үзілді-кесілді қарсылық
білдірді.— Сен емес, ол саған құрмет көрсетуге міндетті. Гректер өте
тəкаппар келеді, өйткені ата-бабалары сондай болған ғой. Стаматакис
мырза одан əрмен шалқайып жүрер.
— Мейлі, ендеше, бармасам бармай-ақ қояйын. Грек мінез-құлқына
қатысты жайлар өзіңе тиесілі сала ғой,— деп езу тартты Генри.
Ертеңіне ерте тұрып, кофе ішіп алған соң, қашырларына мініп, тауға
тік өрлейтін бұралаң жолдармен Арыстандар қақпасына аттанды.
Дүйсенбі күні мереке қарсаңында Деметриос акропольдің террасасына
ауыр құрал-саймандарды: күрек, қайла, шығырларды жарып қойған.
Келе жатқан жолдарынан қабырғадан енсіздеу ойыққа қарай
бақташылар соқпағы бұрылатын. Қамалға құрал-саймандар жеткізген
Деметостың жұмысшылары осы тесікті пайдаланған еді. Ғыссарлықты
қазған түріктер мен гректер тəрізді мына алпыс жер қазушының
киімдері де назар аударарлықтай ала-құла болатын. Аргостықтар
шалбарларының сыртынан ақ немесе крем түсті қалың матадан
тоқылған, белі бүрмелі юбка киген-ді. Үстеріндегі киімдерінің бəрі де
əйелдер қолдан тоқып, бояған ирили атты матадан тігілген еді.
Генри жұмысшыларды бірнеше топқа бөлді. Сосын Арыстандар
қақпасынан қырық футтай жерден бастап, оңтүстік бағытқа қарай
тартылатын траншеяның орнын белгілеп берді. Бұның барлық ауданы
жүз футқа жақындайтын. Деметриос өз қарамағына қырық адам алды,
ол адам Генримен бірге Арыстандар қақпасына кетті. Жұмысшылар
бұны тазарта бастаған шақта Софья:
— Бізге ана күмбезі ойылған екінші қазына қоймасына баруға
болмас па екен?— деп сұрады.
Соңғы серуендері кезінде бытысқан шөп пен бұтаның арасынан азар
дегенде өткен олар күмбездің қара түнегіне үңіліп қараған болатын.
— Оған неге ықыласың ауып тұр? Ол қамал қабырғасынан төрт жүз
футтай жерде орналасқан ғой, яғни өзіміз іздеп жүрген патша
қабірлерінің бірі сонда деуге ешқандай негіз жоқ емес пе?
— Бұған жауапты сонда барған соң берейін.
Олар тікенек бұталар ескен, ойқы-шойқы тастақты беткеймен
амалдап төмен түсіп, артынша қолдан үйілген жотаның төбесіне қарай
өрледі. Тастардың ара-арасынан бой көтеріп тұрған шөптер мен
бұталарды əрлі-берлі жапырып, метрге жуық жерді босатты да,
етпеттерінен жатып, ішке үңілді. Бейне бір тереңдігін өлшегілері
келгендей, күн сəулелері тесіктен лотостың қараңғы қойнына қарай
жарыса сүңгіп жатыр.
— Бұл құрылысты үш мың жылдық қапастан құтқарып алу — асқан
зор да қиын міндет,— деген пайымдау айтты Генри.— Ал, дромосын —
есігіне қарай бастайтын ұзын да көлбеу жолын — тауып, тазартып
шығару одан да қиын. Бірақ, бұл археологияға қосылған сүбелі үлес
болар еді.
Софьяның қара торы өңінде күлкі ойнады. Мойылдай қара
көздерінде жігер оты ұшқындады.
— Осы қойманы ешкімнің көмегінсіз өзім қазып шығарсам деп ем.
Егер мұны ғасырлар құшағынан айыра алсам жəне бұл да Атрейдің
қазына қоймасы сияқты асқан əдемі боп шықса, онда археологияға үлес
қосқаныма көзім шынымен жетер еді.
— Жəне кəрі күйеуіңнің бұл іске ешқандай қатысы болмас еді.
— Тек азын-шоғын ғана болмаса... Ондашы, бұнда ертең таңертең
келейік. Сен маған қазба орынын белгілеп алуға көмектесесің. Мен тек
өзіңнен артылғанды ғана. қанағат етуге тырысам: маған бірнеше
жұмысшы, азын-аулақ қайла мен қол арба берсең болады.
Олар Арыстандар қақпасына қайтып оралып, одан таматакисті
жолықтырды. Шлиманның жұмысшыларына ақырып-жекіріп, қазуды
қолма-қол тоқтатуларын талап етіп жатыр екен. Генри сияқты ол да
құдды Афиныда жүргендей киініпті: жилеті бар қоңыр костюм, ақ
көйлек, қоңыр галстук тағыпты. Стаматакис ашаңдау келген, кескінді
жігіт болатын тістері аппақ қардай еді. Шаң-топыраққа бөгіп жатқан
қазыналардың үстінен — сөрелерінде ғасырлар кемеңгерлігі
жинақталған Афины ұлттық кітапханасының көркіне көз тігіп
тұрғандай басын биік көтеріп ұстайтын. Бұл түрі мына тастан да қатты
жерді қазып алақан соғады босқа əурешілік санайтын адамның түріне
ұқсайтын.
Шлиман онымен жылы жүзбен амандасты.
— Қайырлы таң, Стаматакис.
Стаматакис тіл қатпай, жай ғана бас изей салды.
— Ойдағыдай орналасқан боларсыз?— деп сұрады Софья.
— Ойдағыдай дерлік дəнеңесі жоқ.
— Қандай өкінішті. Біз түскі тамақты өзімізбен бірге ішкеніңізді
қалар едік. Сізді екі рет шақырғанбыз. Келіңіз. Дасистер қуана қарсы
алады. Үй иесі əйел мен қыздары тамақты сондай дəмді пісіреді.
Стаматакис оларға көзін сығырайта қарап қалды: Софья мен Генри
Арыстандар қақпасының жанында тұр еді, бастары қақпаның
арқалығынан асыңқырап тұрған.
— Бірден ескертіп қойғаным жөн шығар,— деді бақылаушы суықтау
үнмен,— сіздермен ешқандай достық қатынас жасамақ емеспін. Мен
мұнда мемлекет қызметкері жəне Грек археология қоғамының өкілі
ретінде келдім. Енді барлық қарым-қатынасымыз қазбалар мен
табылған олжаларға тікелей қатысты нəрселермен ғана шектелмек.
Тек сөйткенде ғана өзіме берілген нұсқауларды бұлжытпай орындай
алам.
Софья мен Генри таңырқап қастарын керді. Бұл да Ғыссарлықтағы
алғашқы күзетшілері Георгий Саркистен аумай қалған біреу боп
шықты; бұны да қазбалардың қызықтырмайтыны көрініп тұр.
— Ықтиярыңыз білсін,— деп Генри де қатты кетті. — Тек, тəңір
жарылқасын, аяққа орала бермеңіз, əйтпесе аяғыңызды сындырып
алуыңыз ғажап емес.
Стаматакис кекетіп ерінін шығарды да, сызданып:
— Бос сөзді қайтесіз. Одан да əмірімді жақсылап тыңдап алыңыз,—
деді.
— Сіздің əміріңізді бұл жерде ешкім де тыңдамайды. Сіздің
міндетіңіз — тапқан олжаларымызды алып, Афиныға жіберіп отыру
ғана. Басқа түк те емес.
Стаматакис əдемі тістерін ақситты.
— Барлық олжаны маған көрсетуге міндеттісіз. Іс-əрекетіңізді
бақылап отыруға мүмкіндігім болуы үшін бір мезгілде тек аралары
жақын екі-ақ жерден ғана қаза аласыз. Жəне қазатын жерді өзім
көрсетіп берем...
— Жоғал əрі шешеңнің көріне!— деп Генри оны неміс тілінде
балағаттап жіберді. Софьяның бұны түсінбейтінін білетін.
— Бара алмаспын,— деді Стаматакис былқ етпестен.
Шлиманның жұмысшылары қайла-күректерін қолдарына қайта
алып, Арыстандар қақпасының кіре берісіндегі тапталған тастопырақтан, күл-қоқырдан тұратын үш мың жылдық сауытты
сетінетуге кірісті. Стаматакис оларға жалт бұрылып:
— Дереу доғарыңдар! Кірер жолды қозғауға болмайды!— деп айқай
салды.
— Неліктен?— деп сұрады Шлиман.
— Дəл осы деңгейден ауытқымау керек. Өйткені, көне жолдың
қандай тереңдікте екені бізге беймəлім. Циклоптық блоктарды көтеру
жəне оларды қақпа жанындағы қабырғаларға қайта қондыру бұл
деңгейден əлдеқайда жеңілге түседі.
— Мен тек кіре берістің орта тұсынан жіңішке траншея тартуды
ғана көздеп тұрмын. Бүйір-бүйіріндегі қыртыстары сол қалпында
қалады. Мына тастарды жоғары көтеруге ол əбден жарайды.
— Бұ да жөн екен,— деп жұмсарды Стаматакис.
— Рақмет,— деді Шлиман, сосын жұмысшыларына бұрылды:—Қаза
беріңдер. Тас пен топырақты əуелі себетке салып, сосын барып арбаға
апарып төгіңдер.
Ертеңіне таң алагөбеңде Деметриос алпыс үш жұмысшы ертіп келді.
Генри он екі адамды Арыстандар қақпасында қалдырды, қырық үш
жер қазушыны Деметриос алды. Софьяға сегіз жұмысшы тиді. Күйеуін
жанына ілестірген Софья өз бригадасын əудем жердегі қазына
қоймасына қарай бастады.
— Ал, қанеки, Генри, күмбездің тесігіне таяу жердегі төбеге
шығайық та, дромостың қай жақта болуы мүмкін екенін
ойластырайық.
Генри төңірегін мұқият барлап алды да, қалтасынан компасын
суырып, блокнотына əлденелер жазып, есеп-қисап жүргізді.
— Траншеяны кіре беріске көлденең салмақсың ба?
— Иə. Есік ойығының үстіндегі үш бұрышқа мейлінше жақындатсам
деймін. Үш бұрыштың төбесіне жеткенімізде арқалыққа шейін қанша
фут, одан төмен қарай табалдырыққа шейін қанша фут қазуымыз
қажеттігін ап-анық ажырататын боламыз. Өйткені, Атрей қоймасының
көлемі бізге белгілі ғой.
— Бəрекелде. Ендеше, траншеяны жотаның оңтүстік жағынан қаз.
— Неге оңтүстіктен? Не себепті?
— Жер бедеріне көзің сал. Шығыс пен батыс жақтарында биік
төбелер тұр, солтүстік жағы акропольға бір қырындау. Сонда кіре беріс
үшін ең ыңғайлы жақ оңтүстік беті боп шығады.
— Түсінікті. Енді Атрей қоймасының мөлшерімен өлшегенде мына
тесіктен дромосқа дейін қанша барын шамалап көрші.
— Əрине, қолмен қойғандай етіп айта алмаспын, бірақ траншеяны
осы арадан қырың футтай жерден қазғаның дұрыс болар. Фасад
күмбезінің төбесінен түспеуің үшін бірер фут артықтау алдым.
Траншеяң тиісті тереңдікке жеткенде үш бұрыштың табанынан екі-үш
футтай қашықтау өтпек. Лайықты тереңдікке жеткесін бетіңді қазына
қоймасына қарай бұрып, көлбеу қаза бастайтын боласың.
Троадада Софья тосын қиындыққа жолыққан — ондағы
жұмысшылар əйелге бағынуды ар санайтын. Мұнда ондай ештеңе
байқала қоймады. Оның жер қазушылары Харватида туып-өскен
адамдар еді. Бұдан екі жыл бұрынғы сол бір алғашқы кеште бұлар да
басқа ауылдастарымен бірге Шлимандармен жүздесуге жиналып,
Генри оқыған «Агамемнонды» зор ықыласпен тыңдаған. Қазір Генри
оларға:
— Мына қойманы Шлиман
тыңдауларыңызды өтінем,— деді.
ханым
қазады.
Айтқанын
Софья Генри көрсеткен ара қашықтықты өлшеп, белгі салды да,
сегіз жұмысшыға қаздыра бастады. Сосын Ғыссарлықта қолданған жіп
пен қазықтың орнына тастарды пайдаланып, қос қатар қып тізіп, жер
астында жасырынған дромосқа белінен асылатын траншеяның енін
белгіледі. Одан соң тағы да сондай тастардан оңтүстікті көрсететін
жебе жасады.
Арада көп уақыт өтпей-ақ, оңай олжаға жетудің қиын екендігі
белгілі болды. Топырақ тастай қатты еді, ірі-ірі кесектер де жиі
жолығып жатты. Дромос пен оны жиектеген циклоптық қабырғаларды
тік бұрыш жасап кəсіп ететін траншея жиырма бес футқа созылатын.
Ұзақты күн ішінде жұмысшылар тереңдігі бар болғаны бірнеше дюйм
ғана жыра салды.
Күректерін қолға алғандары сол еді, Арыстандар қақпасы жақтан
жүгіре басып Стаматакис те жетті.
— Қойманы қазуды дереу тоқтатыңыздар.
— Неге тоқтатамыз?
— Мына тұтасып қалған топыраққа ешкімнің де қол тигізуге қақы
жоқ. Ол толосты өріп шығарған тастарды ұстап тұр. Босатсаңыздар
бүкіл құрылыс қирайды.
— Мені жотаны түгел қазады деп кім айтты? Менің мақсатым —
дромосты іздестіру, оны топырақ пен тастан тазарту, қоймаға кіретін
есікті тауып, ондағы қоқыр-соқырды сыртқа шығару. Сонда жұрт қазір
Атрейдің қазына қоймасын қалай қызықтап жүрген болса, бұны да
солай қызықтайтын болады. Менің ойымша, археолог жұмысының
мəні де осында жатыр-ау деймін.
— Шлиман ханым, білімді маман боп шығу үшін мен университетте
талай жылды сарп еттім. Археология мəселелері жөніндегі пікірімді
мойындағыңыз келмейтіндігінің себебі неде?
— Күрек ұстап, қолыңыз күстенген болса, мойындаған да болар ем.
— Ə, əңгіме қайда жатыр! Сіз кабинеттен шықпайтын ғалымды жек
көреді екенсіз ғой. Тағдыр сəтін салып, Ғыссарлықты қазғаныңызға
дандайсып жүр екенсіз ғой.
— Тағдыр сəтін салған дəнеңесі жоқ. Ғыссарлықты қазған себебіміз
— күйеуім Гомердің Троясы тап сол жота екендігін кемеңгерлікпен дəл
тапқан болатын.
Стаматакис қолын бір-ақ сілтеді.
— Сізбен салғыласып тұруға зауқым жоқ, Шлиман ханым. Бұл араны
қазуға үзілді-кесілді тыйым салғанымды айтып, күнделігіме ресми
жазба түсіремін. Бұл жайында бүгін кешке Афиныға телеграмма
жолдаймын.
— Аргос пен араға сапарыңыз көңіліңізді біраз сергітер деп сенем.
Оған шейін мен дромосты тауып, тазартып та қоям. Кіретін есігін
аршығанымыздан қазына қоймасына келіп-кетер түк те жоқ.
Стаматакис үн қатпастан жалт бұрылды да, Арыстандар қақпасына
қарай бет алды. Софья жұмысшыларының біріне Генриді шақыртты.
— Абзалы, оны мына тесіктен төмен сүңгітіп жіберу,— деді Генри.—
Стаматакисті тізгіндейтін бұдан басқа тағы бір амал бар. Бүгін кешке
қоғамға телеграмма жолдап, жол қаражатын өзім көтеретінімді айтып,
құрылысшы инженер жіберулерін өтінем. Мейлі, өздері кімді қаласа
соны жіберсін. Ол мұндағы құрылыстардың бəрін мұқият қарап
шығып, қазба жүргізуге ресми түрде рұқсат ететін болады.
Шлиманға да қиындықтар аз кезігіп жатқан жоқ-ты. Жұмысшылары
орасан зор тас блоктарға тап болды. Бұлар, шамасы, ішкі циклоптың
қабырғадан құлап түскен тəрізді. Шлиман бұның шешуін сол бойда
тауып та қойды: қамалды қоршауға алып, біздің дəуірімізге дейінгі 468
жылы қолға түсірген аргостықтарға бұл тастарды микендіктердің
өздері лақтырған болса керек. Мұнда Троядағыдай мəдени қатпарлар
жоқ, деп ұйғарды ол. Сондықтан мына топырақтың бəрі жоғары
террасалардан үгітілген болуға тиіс. Оны қазу онша қиындыққа
түспеді, бірақ қол күшіне сүйенетін қарабайыр техниканың дығал
тастарға шамасы жетпейтін. Арнаулы көтергіш механизмдер
алдыртуға тура келетін тəрізді. Əзірше оның он екі жұмысшысы
пиоктарды жіппен шырмап, Арыстандар қақпасынан Ақырын-ақырын
алыстатып, қамал қабырғасының сыртына сүйреп апарып жатыр еді.
Жұмыс соңына қарай Софья екеуі əр жерден бірнеше қыш сынығын
тапқан-ды. Басқа ештеңе ілікпеген. Бірақ, Стаматакис солардың өзін
өте маңызды олжаны білді. Сынықтарды бірін қалдырмай себетке
салып, Харватиға апарып шоланына тығып тастады.
Үшінші күні олжа көбірек кезікті. Қамал қабырғасының ішкі бетінде
жұмыс істеп жатқан Деметриостың бригадасы бір үлкен тұрғын үйдің
күлге айналған қалдықтарына тап болды. Ұзамай сау қалған
қабырғаларының да нобайы айқындала бастады. Бұларды қарап
шыққан Генри оны сұрапыл күшті өрт кезінде құрыған үй деген
тұжырымға келді. Өйткені, үйдің артқы қабырғасының міндетін
атқарған қамал қабырғасы сүңгіден қап-қара боп кетіпті. Жұмысшылар
іргеден қызыл, сары жəне қоңыр түсті, архаикалық өрнегі бар əдемі
қыш сынықтарын, сиырдың керамикадан жасалған мүйізді басын жəне
— ең кереметі — төрт тісі бар ересен үлкен темір ашқыш тапты.
— Бəлкім, бұл Арыстандар қақпасының кілті шығар!— деп шаттана
үн қатты Генри.
Қай олжаға да болмасын құныға тап беріп жүрген Стаматакис күңк
етіп:
— Бұл əуесқойларды қойсаңшы! Тапқаны жалғыз ғана кілт
болғанымен, жетіп барып жеті батпан қақпаны ашып та қойды,— деді.
Бірақ, Генри оның сөзін естіген жоқ: ол іргеден теңгелер, эллиндік
жəне македондық терракота, жіңішке мойынды биік вазалар тауып,
мəз-мейрам боп жатқан.
— Стаматакис мырза,— деді ол күзетшіге,— сіз классикалық көне
дəуірдің білгірісіз ғой. Тарихшылардың айтуынша Микен қай кезде
құлапты?
— Біздің дəуірімізге дейінгі 468 жылы, қамалды аргостықтар басып
алған кезде.
— Ендеше, мына эллиндік вазалар мен македондық теңгелерге көз
салыңыз.
Стаматакис олжаларға шұқшия қарап қалды. Генри сөзін əрі
жалғады:
— Шамасы, Микенде кейінгі замандарда да тіршілік болған болуы
керек. Оның ішінде эллиндік те, македондық та мекендердің орын
тепкені анық. Бұның бəрін жыл санауымызға дейінгі үшінші — бірінші
ғасырларға жатқызған дұрыс шығар. Павсаний біздің дəуіріміздің 170
жылы осында болған кезінде бұл жер көптен қаңырап жатқан-ды.
Мына олжаларымыз Микеннің жасына кем дегенде тағы да бірер жүз
жылды қосып отыр.
Стаматакистің жанарында құрмет сезіміне ұқсас əлдене ұшқын
шашқандай болды.
— Эллиндік мекендер дегеніңізге таласпай-ақ қояйын. Мына арадан
тапқан керамикаңыз соның айғағы. Ал, македондық мекендер бұл
жерде атымен болған емес.
Генридің дауласқысы келмеді. Македон дəуіріне жататын дəл
осындай биік вазалар мен терракоталық мүсіншілерді музейлерден
көргеніне сенімді еді. Əйтсе де Стаматакисті тығырыққа тіреп,
тұқыртпауды жөн көрді.
Күн қайнап тұр еді. Төңіректе бір тал шөп жоқ, айналаның бəрі
бұрқылдаған аң шаң. Нафплион мойнағы алыста болатын, Генри
ертеңгісін теңізге шомылу дағдысынан ажырап, діңкелеп жүрді. Кешкі
тоғызға шейін күн жарық боп тұратын. Жұмысты таңғы сағат бестен
бастайтындықтан, жұмыс уақыты он алты сағатқа созылатын.
Жұмысшылардың науқастанғандарынан басқалары түгел келіп жүрді.
Бірақ, науқастанғандардың өзі де саусақпен санарлық еді. Мұндағы
жұмыс уақыты Троядағыдан гөрі ұзақтау болатын, алайда күн тимес
үшін жақсылап қамданып алған Софья бұған қыңқ ете қойған жоқ. Су да
тапшы еді — жаздың аяғына қарай барлық жылғалар мен құдықтар
құрғап қалған-ды. Əйтсе де Иоанна Дасис меймандары қазбадан
оралған бойда душқа түсуі үшін бірнеше литр су сақтайтын. Душтан
шыққасын Софья үстіне жұқа көйлегін киіп, Генри тек пиджагін ғана
шешіп, екеуі төмен түсіп, кешкі ас əзірленген верандаға баратын.
Мұнда оларды көкөністен жасалған салқын сорпа, қуырылған балапан
мен салқын артишок күтіп тұратын.
Софья мен Генри Дасистердің өз адамдарындай боп кетті. Осы
деревня мен төңіректегі басқа да деревняларының барлық ер
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 27
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.