Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 28

Total number of words is 3911
Total number of unique words is 2262
31.5 of words are in the 2000 most common words
45.0 of words are in the 5000 most common words
52.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
деген ой келеді,— деп жауап қатты Генри ойлы жүзбен.— Бірақ, ол біз
қазып шығарған құлпытас стеналарын көре алмағаны анық, өйткені ол
кезде бұлар қалыңдығы он екі — он төрт футтай тас-топырақпен
көміліп жатқан. Бұдан: егер Павсаний мына стеналарды көрмесе онда
бұлардың да патша қабірлеріне ешқандай қатысы жоқ, деген
қорытынды жасауға болады.
Сентябрьдің алғашқы он күнінде Софьяның жұмысшылары
үшбұрыштың арқалыққа дейінгі жерін түгел аршып шықты.
Жұмыстың өніңкіреген себебі — Генри оған тағы да екі арба бөліп,
дромостағы қоқыр-соқырды тезірек тасып шығаруға көмектескен.
Табалдырықты табу үшін құрылыққа жеткенше қазу керекті. Бірақ,
қазірдің өзінде Софьяның қоймасы көлемі жағынан Атрей қоймасынан
кем түспейтіндігі белгілі боп қалды; көлбеу жолының ұзындығы мен
ені де тап сондай еді.
— Микен патшалары қазына-байлықтарын толоста
сақтайтындықтан, патша семьясы бұнда жиі келіп тұрса керек. Сонда
дромос пен кірер жол осыншама мол топырақпен қай кезде көмілген?
Патшаның қазына-байлықтары өлгенде өзімен бірге жер қойнына кете
баратын мүлік болды ма? Əлде балаларына мұра боп қалатын ба еді?
— Мынаның кімнің көрханасы екенін білсек, бұл сұрақтарға жауап
қайтару қиынға түспес еді,— деді Софья.— Кейбір геометриялық
əшекейлер Грециядағы ең ежелгі деп есептелінетін Аттика
вазаларындағы əшекейлерді еске салады. Бұның өзі дромостың
ықылым замандар бұрын көмілгендігін білдірмей ме екен?
Арқалық толық аршылып алынған кезде, Софья үшбұрышқа өлшеу
жүргізді: табаны алты футтан астам, биіктігі он футтан астам боп
шықты. Арқалықтан бір заманда кіре берістің көркін келтіріп тұрған
декорациялық мүсіндер тобының ізін тапты. Есік топырақтан
тазартылып, күмбез ішіне енгенде əлгі көне мүсіндерді сол жерден
ұшыратармын деген үміт білдірді.
Сентябрь орталанып қалғанымен, күн əлі де аямай шыжғырып тұр
еді. Күшті жел пайда боп, шаң көтеріп, одан жұрттың көзі қабына
бастады. Софьяның түрік паранжесін киюге тура келді. Генридің дерті
күн өткен сайын азабын арттыра түсті; одан көңілін алаңдату үшін өзі
қолға алған істің маңыздылығы жайлы мақтанышқа толы мақалалар
жазып жатты. Мысалы, Микен жайлы болашақ кітабына арналған
жазбаларында ол: «Осындай-осындай қиындықтарына қарамастан
қадым заманғы қаланы қазудан артық қызықты нəрсе табыла қоймас.
Бұл өзін мəңгілік даңққа бөлеген қала: мұндағы əрбір бұйым, тіпті
қарапайым қыш сынығының өзі тарихтың жаңа бетін ашып отырады»,
деген еді.
Хат алмасылғаннан кейінгі кезеңде акропольде орнаған мамыражай
бейбіт өмір ұзаққа созылмады. Дромосын қазып жатқан Софья жолына
көлденең жайғасқан үш қатар тас тепкішектерге кезіккен. Шлиман бұл
тепкішектер эллиндік вилланың кіре берісі деген жорамал айтты.
— Генри, мен бұларды былайырақ апарып қойсам деп ем, əйтпесе
дромосты тазарта алмаймыз.
— Əрине. Тастарды мүмкіндігінше абайлап ажыратып, кейін
бұларды кімнің, қашан салғанын анықтауға болатындай етіп
жинастырыңдар.
Бірақ, Стаматакис жандарына жетіп те үлгерген. Ашудан түтігіп
кетіпті.
— Əй, жұмысшылар!— деп айқай салды ол.— Қазуды дереу
доғарыңдар! Тепкішектен былай кетіңдер! Бұл көненің көзі. Оларды
сақтау керек.
Софьяның жанжалдасуға құлқы жоқ еді. Байсалды қалыпта:
— Стаматакис мырза, сонда мына тепкішектерді қалай сақтамақ
ойыңыз бар? Басқа жерге апарып қоймасақ дромосты тазарта
алмаймыз ғой,— деді.
Эфор оны оқты көзімен атты.
— Апарсам апарам! Мен бұларды сақтап қалам! Астынан туннель
қазам да, бəрін тұтастай бір-ақ көтерем.
— Зіл батпан тас тепкішектердің астынан туннель қазу мүмкін емес.
Өзіңізді басып қалады,— деді Генри.— Одан да Шлиман ханым
бұларды былай алып шықсын да, апарған жерінде жұмысшылар
бұрынғы қалпына келтіріп қайта құрастырсын.
— Өйтуге болмайды! Тепкішектерді басқа жерге апару үшін
Шлиман ханымның жұмысшыларына бұларды бір-бірінен ажыратуға
тура келеді. Тепкішектер өзінің құнын жоғалтады. Ал, мен бұларды
тұтастай көтерем. Маған берілген нұсқаулар есіңізде шығар. Мен
ежелгі дəуірдің əрбір ескерткіші үшін жауап берем.
Стаматакис кетіп қалды. Кішкене үнсіздіктен кейін Софья:
— Енді не істейміз?— деп сұрады.
— Кешегі хатында шешең Андромахаға салқын тиіп қалды деп
жазыпты. Афиныға барып, қызымның қасында бірнеше күн болып
қайтсам демеп пе ең?
— Андромаханың қасында болсам, көп уайымдай қоймас едім,
дегем.
— Ендеше, кешке Нафплионға алып барам. Ертеңгі пароходпен
жүріп кетерсің. Сенен өтінерім: Афиныға барғасын уақыт тауып, ағарту
министрі мен Археология қоғамындағы досымыз Касторкисқа кіре
шықшы. Стаматакиске аяушылық білдіріп, мына жұмысынан
босатқандары жөн ғой, өйткені Микенге кеткенін айдауға кеткендей
сезініп жүр. Сосын, құдай ақына, бізге инженер жіберулерін өтінші.
Август айында аңқа кептірер аңызаққа оранған Афиныны сентябрь
туғалы қоңырсалқын самал кезіп жүрген-ді. Күйме Парфенонға қарай
көтерілді. Микендегі адам айтқысыз аптаптан кейін жан рақатындай
көрінген хош иісті ауаны Софья кеуде кере жұтып келеді. Музалар
көшесіне бұрылған кездерінде өзінің Троядан осылай қайтып келе
жататын шақтары есіне оралды. Шамасы, енді өмірі өстіп. өтетін де
шығар. Троядан соң Микен, Микеннен соң Тиринф, Тиринфтен соң
Орхомен. Ал, Орхоменнен кейін ше?..
Бибі Викторияны ревматизм əбден діңкелетіпті, бірақ жиенін
бұрынғысынша жаны қалмай мəпелеп жүр екен. Бес жасар
Андромаханың қызуы əлі қайта қоймапты. Бұл бір өте қуанышты
кездесу болды. Кейін Спирос Софьяға құпия түрде:
— Андромаха салқын тигеннен гөрі саған деген сағыныштан
сырқаттанып жүр,— дегенді айтты.
Софьяның жүрегі шым етті. Айтылған сөздің астары барын аңғарып
та қойған: сен өз сəбиіңді ұмытып кеттің дегенді білдіргені еді бұл.
Бірақ, кейде əйелге екінің бірін: не күйеуін, не баласын таңдауға тура
келетін жағдайлар болады ғой. Андромаха сырқатынан əбден айыққан
кезде Софья кешкісін қызын жанына алып жатты: Андромаха
шешесімен бірге ұйықтағанды сондай жақсы көретін.
— Маматай, енді Микенге бармайсың ғой?— деп сұрады ол.
— Барамын, жаным. Ұзақ уақытқа емес, жаңбыр басталғанға дейін
— екі-үш аптаға ғана. Бармай қалуыма болмайды. Ал, келесі жылы сені
де ала кетеміз.
Дасистің үйінде балалар өте көп, солармен ойнайсың.
Андромаха қуанғанынан қолдарын шапалақтап жіберді.
Оңтайы келген алғашқы күндердің бірінде-ақ Софья дəрігер
Скиадарассиске кіріп шыққан. Ол бұған ішек құртын емдейтін дəріні —
қырыққұлақ аталығының эфирлік тұндырмасы мен кастор майын
берген. Дəріні алысымен Софья бұны Нафплионға аттанатын алғашқы
пароходпен Генриге жөнелту үшін Спиросты Пирейге жұмсаған. Екі
күннен кейін телеграмма келді:
«Құрт шықты: ұзындығы қырық фут. Тəуір боп келемін».
Гректер қоныстанған, бірақ əлі де болса Түркияның қол астында
жатқан аудандардағы, əсіресе Фессалиядағы жағдай бүкіл Афины
жұртшылығының делебесін қоздырып отыр еді. Орыс патшасынан
қашып, осынау солтүстік облыстардан орын тепкен черкестер
гректерге тепкі көрсетіп, тіпті өлтіріп те жүрген-ді. Афины
көшелерінде демонстрациялар өткізіліп, «Соғысқа əзірленіңдер!»
деген ұрандар айтылып жатты.
Спирос пен енді аз уақытта университет студенті атанбақшы інісі
Панайотис оны Пникстегі наразылық митингісіне алып барды.
Университет оқытушыларының патриоттық сезімге толы жалынды
сөздерін тыңдау үшін мұнда сегіз мыңдай афинылық жиналған
болатын. Ойда жоқ жерден Софьяға өте бір сорақы ой келді: олар енді
Трояға ешқашан қайтып оралмайтындай, қазбалар сол аяқталмаған
күйінде қалатындай көрініп кетті. Бірақ, өзі талай апта бойы қолына да
ұстап көрмеген газеттерді оқып шыққаннан кейін ешқандай соғыстың
болмайтындығына көзі жетті. Алыстағы Босния мен Герцеговина
провинциялары сұлтанға қарсы бүлік шығарып, түріктер соларды
тəртіпке салумен шұғылданып жатыр екен.
Софья үй ішінің жаңалықтарын аса үлкен ықыласпен тыңдады.
Жездесімен бірге жұмыс істеу үшін Панайотис археологияны
зерделеуге ұйғарым жасапты. Спирос Софьяға Генридің бухгалтерлік
кітаптарын тексеруге көмектесті. Софья оған күйеуі сəлем
жолдағанын, қазбалардағы бір бригаданы басқару үшін Микенге
шақырғанын айтты.
Софья афинылық «Эфимеристегі» мақалаларының жұртшылыққа
ұнағанын естіді. Ол Генриден гөрі ұстамдырақ жазған, теория жасауға
талаптанбаған, ғалым археологтардың ашуын келтіретін идеяларды
алға тартпаған. Əйел адам жазған археологиялық мақаланың
афинылық газеттің бетінде алғаш рет жарияланып отырғаны осы еді.
Софья тек доктор Шлиманның зайыбы болғасын ғана грек
жұртшылығының еркектер жағы оның бүл «күнəсіне» кешірім жасаған.
Энгастроменостардың байырғы танысы, халық ағарту министрі
Георгиос Милессиске Софья хат жолдады. Милессис жауабын
шабарман арқылы жіберді: оны ертең таңертең сағат онда қабылдауды
өзіне үлкен бақыт санап отыр екен.
Софья үстіне не киіп баратындығын мұқият ойластырып алды.
Қызғылтым тафтадан тігілген костюм жəне ақ атлас блузка киді.
Балтырынан келетін ұзын юбкасының етегі сол атласпен əдіптелгенді. Арголида аптабында тотыққан өңі мен бетіндегі қызыл шырайды ақ
барқыт лента айқындай түсіп тұрған. Осылайша сəнді киінгенде оны
жиырма төрт жаста деп ешкім айта қоймайтын: əлдеқайда егделеу,
байсалдылау көрінетін.
Көрікті адамдардың қатарына жатпайтын Георгиос Милессис аса
сөзшең де емес еді; Пелопоннестегі Кранидион округінің өкілі ретінде
ұзақ жылдар бойында парламентке мүше боп келген. Микенде
бірнеше рет болып, Арыстандар қақпасын, циклоптық қабырғалары
бар қамалды жəне оның үстінен бой көтерген биік тауды өз көзімен
көріп қайтқан.
— Байқауымша, инспектор Стаматакиспен араларыңызда дау
шығып жатыр-ау деймін,— деді ол. Дауысына қарап оның қай жақты
қолдап отырғанын аңғару қиын еді.
— Солай болып тұр. Инспектор Стаматакис жайлы артық ештеңе
айтпай-ақ қояйын дегем, бірақ Микендегі жұмысымызды таласу мен
татуласудың тізбегі деуден басқа шара қалмай тұр. Қызық олжалар
кезігіп қалуы ықтимал. Арыстандар қақпасы мен қазына қоймасын
қазу...
— Өз басым бұлар қашан қазылар екен деп көптен армандап
жүргем!
— ...тоқтатылды. Мүмкін болса тəжірибелілеу инспектор
жіберсеңіздер. Жəне ол біз бірдеңені бүлдіріп қойып, қызметімнен
айырылып қалам-ау деп қалтырап-дірілдемейтін, ақыл тоқтатқан адам
болса тəуір болар еді.
Георгиос Милессис Софьяға арқасын беріп, креслосымен бірге теріс
айналды. Бұрылып, бұрынғы қалпын сақтап отырған кезінде адам
танымастай өзгеріп, айбынды қайраткерге айналып шыға келді —
жадаулау жүзі жоғары биліктің құдіретімен жігерленіп кетіпті.
— Эфор Стаматакис Спартадағы музейдің құрылысын қатаң
қадағалай білген адам. Археологиялық қазбалардың үш жаңа
инспекторының құрамында Делостағы жұмыстарға да ойдағыдай
бақылау жүргізді. Бəлкім, ол өз жұмысына шектен тыс жауаптылығы
мен адалдығы үшін айыпталып отырған шығар. Сондай-ақ, сіздің
күйеуіңіз де, жасыратын не бар, шамадан тыс ашушаң адам.
— Сонда оны ауыстырады деп үміттенуге болмайды ғой?— деді
Софья өкініп.
— Сіздердің кінəларыңыздан осынау адал жанды, əрі ақылды жас
жігіттің болашағына зиян келетін болса, бұған кейін өздеріңіз де қуана
қоймассыздар деп ойлаймын. Əйткенмен, бірер минут күте тұрсаңыз
эфор Стаматакиске хат жазып берейін, сізге кішіпейілірек болуын
өтінейін. Сондай-ақ, доктор Шлиманның археологиялық білім-танымы
мен түйсігіне көбірек көңіл қоюын сұрайын.
Келесі күні таңертең Софья Археологиялық қоғамның ғылыми
советінің мүшесі Ефтимиос Касторкиспен жүздесуге барды. Бұл жолы
үстіне шілтермен көмкерілген əдемі жібек көйлек киді. Софья мұнда
шабуылды басқа бағытқа жүргізді: Стаматакистің есімін мүлдем
атамады десе де болады, бірақ оның есесіне қай жерден қазуға
болатыны, қай жерден болмайтыны жайлы беделді пікір айта білетін
құрылысшы инженерге қалай мұқтаж екендерін сенімді қып баяндауға
бар өнерін салды.
— Бұл ойыңызға қосылам, Шлиман ханым, мəселені шешудің бірден
бір дұрыс жолы осы. Менің бір жақсы танысым, мамандығы бойынша
инженер Карилаос Суидас деген кісі жақында ғана Корфудан оралған
болатын — онда оның дачасы бар еді. Сол кісіні келесі пароходпен
Пирейден Нафплионға аттануға үгіттеп көрейін.
Софьяның көзінде жас мөлтілдеп қоя берді — Касторкиске бұдан
артық алғыстың керегі де жоқ еді.
Арада бірнеше күн өткен соң Софья Генриден телеграмма алды:
«Қуанышыма қарай, инженер Карилаос Суидас қазына қоймасының
қабырғаларын құламайтын берік деп тапты; Арыстандар қақпасын
қазуға да рұқсат етті. Тіпті тамаша болды. Өзіңнің ынтық күйеуің».
Екі күннен кейін екінші телеграмма келді:
«Аргос, 30 сентябрь 1876 жыл.
Өзің келмейінше ешқандай қазба жұмысы жүргізілмек емес. Келесі
дүйсенбіде Нафплисннан күтем. Қайтсең де жететін бол. Əйтпесе
өлгенім. Шлиман.»
Софья телеграмманы қайталап оқыды да, мəз бола сықылықтай
күлді.
Бірақ, жүруге асыға қоймады — Андромаханы қия алмаған. Бақса,
бұнысы білгендей-ақ боп шығыпты. Арголидадан тағы бір телеграмма
келді:
«Афиныда қала бер. Бразилияның ұлы мəртебелі императоры дон
Педрога қазбаларды көрсету үшін турне үкіметі мені Трояға
шақыртып жатыр».
Генридің Трояға сапары Софьяға тағы да үш апта бостандық берді.
Бұл күндерді ол қызымен бірге өткізді. Сапардан алған əсерлерін
əңгімелеп, Софьяны алып қайту үшін Генри 21 октябрьде Афиныға
келді. Ғыссарлық жотасындағы қазбалар азып-тозып кетіпті. Өзі
траншеяларды балшықтан тазартқан кезден бері көне қаланың
қираған қалдықтарына жан баласы жуымапты. Əйтсе де, қазбаларды
қолына Гомердің кітабын ұстап аралап көрген, Шлиманның
түсініктемелерін тыңдаған Ұлы мəртебелі дон Педро шектен тыс
шаттыққа бөленіпті. Түрік үкіметі Шлиманға ырза боп қалғанға
ұқсайды.
Софья Андромахаға ұзамай қайта оралуға уəде берді. Спирос жол
жарағын қамдап, қарындасымен жəне күйеу баласымен бірге Аргосқа
аттанды.
Бұлар келген күннің ертеңіне жаңбыр жауып, бүкіл жұмыс алаңын
суға бөктірді. Софьяның өзі жоқта табылған олжаларды көрсетпекке
Генри оны Стаматакистің үйіне алып барды. Үш апта бостандық
кезінде өңіне шырай кіріп, көңілі жадырап үлгерген Стаматакис
оларды аула арқылы шоланға қарай бастап, есіктің кілтін ашты.
Шоланның іші əрі қараңғы, əрі сыз болатын.
Генридің əсіресе қатты мақтан тұтқаны бес қаруын асынып,
майданға аттанып бара жатқан алты жауынгер бейнеленген вазаның
сынығы еді. Бəрі де үстеріне сауыт киіпті, сауыт астынан
көйлектерінің шашақты етегі шығып тұр. Сол қолдарында қалқан, оң
қолдарында найза.
— Агамемнонның Трояға өзімен бірге алып барған жауынгерлері,
міне, тап осындай болатын.
Олар шоланнан шыққан кезде жаңбыр басылып та қалған-ды. Генри
аяқтарына етік киюге, сосын Деметриостың ұлдарының бірін ертіп,
семьялық фургонмен қазбалар басына баруға қолқа салды.
Барар жерге жақындаған кезде олар тоқтап, қазына қоймасына жаяу
кетті. Генри Софьяны дромостың басталар жеріне алып барды. Күйеуі
жолды кіре берістің енімен бірдей етіп кеңейтіп, траншеяны сегіз
футтай тереңдеткенін Софья бірден байқады. Дромосты толықтай
тазарту үшін оның ойынша əлі де он футтай қазу керек екен.
— Тепкішектердің орнын ауыстыруға Стаматакистен рұқсат
алғансың-ау деймін.
— Ол рұқсат беретін бе еді. Ақыры, айтқанын жасатты. Астынан
үңгіп, туннель қазды, бірақ онысы құлап қалды. Сосын бөлшектеп
шығаруға тура келді.
Генри кіре берістің ұзындығы он үш футтай ойығын да жартылай
аршып қойыпты.
— Соңғы кедергіні өзің алып тастағаныңды хош көрдім. Өйткені, бұл
өз бетіңмен жүргізген қазбаң ғой. Спирос саған көмектесер. Қоймаға
сен бірінші болып қадам басуың керек.
— Бұл мен үшін аса қуанышты сəт болмақ,— деп мойындады Софья.
— Кіре берісті көміп тастағаннан бері толостың ішіне біреу-міреу еніп
көрді ме екен?
— Уəли паша мен одан бұрынғы басқа бір тонаушылар төбедегі
тесік арқылы арқанмен түсуге тəуекел етіп жүрмесе.
Қайтып кеп фургонға отырған олар Арыстандар қақпасына қарай
қозғалды. Қақпаға бағытталған жолдың деңгейі едəуір төмендепті
жəне қақпаның ортасынан ені алты футтай ойық жасалыпты. Əйтсе де
табалдырық əлі толық аршылмапты. Арыстандар қақпасының қос
қанатында төбе-төбе топырақ жатыр. Софья бұларды неге
тасытпағанын сұрады. Генри кіржіңдей жауап қатты:
— Археология қоғамы рұқсат етпей қойды. Арыстандарға темір
таяныш орнататын тағы бір инженер жібермекші.
Генри Софьяны қолтығынан алды. Олар Микен қамалына тұңғыш
рет қақпа арқылы кірді. Бірден ортадағы террасаға беттеді. Генри
бұны сауда жасайтын орын емес, агора деген байлам жасады. Дəлірек
айтқанда, зират үстіне орнатылған жиналыс өтетін алаң деп тапты.
— Павсаний «батырлардың бейіті алаңның шегінде болуы үшін»
Мегарадағы агораны осылай етіп орнатқандарын жазады.
Қазбалардың тереңдігі қазір он екі футқа жеткен-ді. Енді Генри
бұның агора екендігіне күдіктенуді де қойған.
— Кейбір көне агоралар дөңгелек болатын. Софоклдың «Эдип
патшасында»: «Артемида агораның əдемі дөңгелек орындығында
отыр», делінген. Еврипид те өзінің «Орестінде» «агора шеңберін» еске
салады. Кей тұстарында тік тақталардың үстіне көлденең тақталар
қойылған. Бəлкім, бұл ақсақалдар советі жайғасатын аса үлкен
дөңгелек орындық қызметін атқарған шығар.
Генри Софьяға жаңадан қазылған төрт шахтаны көрсетті: бұның
екеуі өрнегі бар құлпытас стеналарының, екеуі өрнексіз, қарапайым
стелалардың астынан қазылыпты.
— Мына тақталар мұнда қабір барын білдіріп тұр жəне мен бұл
қабірлерді таппай қоймаймын.
Сосын Генри оған өзі патша сарайы деп есептеген ғимараттың
қираған қалдықтарын көрсетті. Жеті бөлмесін аршып та үлгеріпті. Ең
үлкенінің ені он үш, ұзындығы он сегіз фут екен. Микенге алғаш
келген сапарларында олар тау басына көтеріліп, сол жерден Атрей
патша өзінің қазына қоймасына сүйсіне көз тігіп отыратын сыртқы
ауланы кезіктірген. Қазір Софьяны мына палаталар Атрей мен
Агамемнонның сарайы болуға лайық па деген күдік билеп тұр еді.
Бірақ, сыртына ештеңе шығарған жоқ: өйткені, Генри өз пікірін
олжаны күнделігіне сипаттап жазып отырған кездің өзінде-ақ өзгерте
салудан жүз жанбайтынын ол жақсы білетін. Себебі, Генри ақиқатты
іздеп қадым замандардың қараңғы түкпірлерін кезіп жүр ғой, ал одан
бұрын онда кім барып көріп еді?
Харватиға оралған олар киім ауыстырып киді. Үйде бұларды
телеграмма күтіп жатыр екен: Бразилияның императоры қазбаларды
көрмек үшін жексенбі күні таңертең нөкерін ертіп Микенге келмек.
Коринфтен шығып осылай қарай бет алмақ.
— Дон Педро жексенбі күнін осында өткізуді ұйғарса, оған қонақ асы
беру керек,— деді Софья.
— Бірақ, Харватида мұншалықты көп адам сиятын үлкен бөлме жоқ
қой,— деп ескертті Генри.— Неге бізге ерекше бірдеңе ойлап
таппасқа... Атрейдің қазына қоймасын тазалап жіберіп, үстелдер
қойып, шырақ жарығында қонақ асы берсек қайтеді?
Софья құйттай Андромахадан аумаған қылық көрсетіп, алақанын
шапалақтап жіберді.
— Тамаша! Егер дон Педро өзің айтқандай адам болса, бұның оған
өте қатты ұнары анық. Қазына қоймасы дайын, мен дастархан мəзірін
ойластырам, ал Иоанна қыздарымен бірігіп керемет түстік əзірлейді.
Генри Деметриостың ұлдарының бірін сол бойда Аргосқа, епископ
Теоклетос Вимпосқа телеграмма салуға жөнелтті. Ол епископты тауап
ету рəсімін жасауға жəне император дон Педромен бірге түстік ішуге
Микенге шақырған. Микенге шейін жарты күндік жол еді, бірақ
Вимпостың келетіндігіне сенімді болғаны сонша, Харвати мэрінің
үйінен оған бөлме жалдап та қойды.
Епископ Вимпос сенбі күні келді. Генри мен Софья оны Атрейдің
қазына қоймасын көрсетуге алып барды. Ол бұның архитектурасына,
тегістеліп жылтыратылған екі зор тас тақтамен жабылған, биіктігі он
жеті фут есік ойығына қарай бастайтын ұзын жолына таң-тамаша
болды.
Епископты олар диаметрі елу футқа тең, биіктігі де сонша, дөңгелек
залға əкеп кіргізді. Жарық мұнда есіктің ойығынан ғана түсіп тұрған.
— Мына. күмбез берік брекчияның жақсылап өңделген
тақталарынан жасалған. Біртіндеп тарыла түсетін шеңбер тəрізді
етіліп, асқан зор шеберлікпен, бірінің үстіне бірі қаланған,— деп
түсіндірді Генри.— Тақталардың арасында ешқандай дəнекер жоқ, тек
өз салмақтарының күшімен ғана тұр. Төртінші қатардан бастап жоғары
қарай өрілген тақталардың бəрінде де аралары тең етіліп ойылған
тесіктер бар. Көпшілігінде қола шегелердің жұрнақтары əлі күнге
шейін сақталып қалған. Бұл шегелердің басы жалпақ болған жəне
шамасы,— бұған басқа дəлел табу қиын,— толостың ішкі бетін
безендірген қола розеткалар осыларға бекітілсе керек. Гомер былай
дейді ғой:
Аспандағы ай мен күндей тұратын еді жарқырап,
Зевске сыйлы Алкиной патша тұрағы.
Үй ішінде — мыс қабырға іргесінен басталып,
Төбесінде тоғысатын асыл көкше болатпен .
— Ғажап!— деп дауыстап жіберді, ауыр күрсініп алған Вимпос.—
Бірақ, неге маған алдымен тапқан олжаларыңызды көрсетпей, мына
көрхананы көрсетіп тұрсыздар?
— Əр нəрсенің өзінің реті бар,— деп езу тартты Генри.— Мысалға,
бұның себебі, біріншіден, сіз Бразилия императорымен бірге
қонақасыны дəл осы арадан ішесіз. Екіншіден, ертең таңертең дон
Педро келген кезде, осы күмбездің астында тауап ету рəсімін жасай
аласыз ба — соны білгім келген. Əрине, сізді тыңдауға бүкіл деревня
келеді, ал Харватидағы шіркеу өте кішкентай, талап білдірушілердің
төрттен бірін де сыйғыза алмайды.
Вимпос оң жағына көз қиығын салып қойды. Онда жартастан ойып
жасалған торт бұрышты камера бар-тұғын. Іші көзге түртсе көргісіз
қараңғы болатын, еденін жарғанаттың қалыңдығы бір метрлік жидіген
саңғырығы басып жатқан. Генри бұны да қазып көріп, бір үлкен табақ
пен əктен қашалған мүсін тапқан. Соған қарағанда, бұл камерада
жоралық құрбандық шалу рəсімі орындалып отырған болса керек.
Бірақ, бұл жайында ол жұмған ауызын ашқан жоқ.
— Сонда сіз тауап ету рəсімін ертедегі құдайлар мекендеген осынау
қазына қоймасында немесе көрханада жасағанымды қалап тұрсыз ба?
— Егер мүмкін болса.
— Неге мүмкін болмасын. Өзіммен бірге престол жаймасын, шырақ,
кадило мен қасиетті су құятын тостақ ала келгем. Бірақ, бұлай
жасағанымыз жөн бола ма?
Генри мен Софья үнсіз қалды.
— Микендегілер қандай дінді тұтынған еді?
— Олардың діні политеизм болатын.
— «Трояның көне бұйымдары» атты кітабыңызды оқып шыққаннан
кейін сізге мəжуси құдайлары жайлы мейлінше аз ойлап, көбіне
христиан құдайы жайлы ой кешуге кеңес етіп хат жазып ем ғой.
— Ол хатты еске алғым келмейді. Ол біздің достығымызға лайық
емес.
Епископ қызарып кетті.
— Өкпеңіз орынды. Арамыздағы осы бір түсініспестікті біржола
ұмыту үшін, ертең таңертең осы жерде тауап ету рəсімін жасаймын.
Христос Зевстен қуаттырақ. Ертең мен мына мəжуси мекеніне қасиет
дарытып, оны православие ғибадатханасына айналдырам.
Жанына нөкерін ерткен дон Педро таңертеңгісін келді. Оған ілесе
Аргостың префектісі мен Нафплионның полицмейстері де жетті.
Императорға серік боп жүрген ресми адам — ескі достары Стефанос
Куманудис екенін көрген Генри мен Софья қатты қуанып қалысты. Ол
Афины университетінің философия профессоры болатын, əрі
Археология коғамының секретары еді. Осы кісінің арқасында
Афиныдағы Дионистің театры, Атталдың стоясы сияқты көптеген көне
ескерткіштер бүлінуден аман сақталып қалған-ды. Дон Педроның
зиялы адам екені бітім тұлғасынан-ақ аңғарылатын. Антикалық
сипаттағы үлкен басы, рим сенаторының кеудесін еске салатын зор
кеудесі, бұрқыраған ақ шашы, қоңырқай көздері соны айғақтап
тұрғандай еді.
Қазір дон Педро елуде болатын; Бразилия тағына он бес жасында
отырған. Оңтүстік Америка оны кемеңгер де білімдар əкім ретінде
білетін. 1850 жылы ол күл саудасына тыйым салды, ал бес жыл бұрын
құлдарға бостандық берді . Өз еліне көптеген прогрессивті
реформалар енгізді, ғылым мен өнерді қастерлеп, қамқорлық көрсетті,
білімнің кең тарауына жағдай жасады. Дон Педроның Генриге
айрықша ұнағаны — Гомерді жатқа біледі екен жəне өзінің Троя жайлы
кітабын да оқыпты, оған қоса Троядағы қазбалармен доктор
Шлиманның таныстыруын түрік үкіметінен өзі өтініпті. Ол да Генри
сияқты энтузиаст болатын, жаңа идеялар мен жорамалдарды алға
тартуды ұнататын. Бұндай идеялары мен жорамалдары əсіресе
археология саласында көп еді.
Дон Педро мен оның достары қазына қоймасына Генри Аргостан
жалдаған үш күймемен келді. Император кортежінің соңында бұралаң
жолдармен убақ-шубақ боп хорваттықтар шұбырып келе жатты.
Епископ Вимпос қолдан жасалған алтарьдың арғы бетінде тұрған-ды.
Оң жағы мен сол жағынан жанған шырақтар қызыл жайма,а сəуле
сумаңдатады. Жұмбақ та жан сүйсінерлік көрініс! Генри
бразилиялықтарды алтарьдың қақ алдына бастап əкелді. Өзі, Софья,
Стаматакис пен Куманудис. Аргостың префектісі мен полицмейстер
Леонардос мəртебелі қонақтың арт жағына келіп тұрды. Олардың
артынан Харвати мэрі мен Дасистер семьясы қатар түзеді. Толостағы
қалған орынды жүздеген хорваттықтар мен таяу деревня тұрғындары
толтырды.
Епископ Вимпос тауап ету рəсімін жасады. Оның жүдеулеу өңі
мейлінше сергек те суық еді. Қойма күмбезінің астында ладанның хош
иісі шумақтала бастады. Адамның көптігі сондай, тізе бүгетін де орын
қалмаған, бірақ епископ бұны көрсе де көрмегендей боп тұр. Ол
мəжусилер
мекенін
православиелік
грек
ғибадатханасына
айналдырып жатқан. Уағызы өте қысқа болды: «Жалғанда жалғыз
Құдай бар, ал Иисус соның ұлы».
Бейне бір ар-ұятының алдында ақталғысы келгендей, епископ
тобырға екілене бата беріп жатты — қалай дегенмен, ол бүгін Зевсті,
Гераны, Аполлонды аластап шықты ғой; сөйтіп толос қақырап қалды.
Генри мен Софья дон Педрога Софьяның қазына қоймасын,
Арыстандар қақпасын, стелалар мен агорадағы құлпытастарды
көрсетіп келгенше Дасистер толостың ортасындағы саты ағаштарға
ұзын тақтайлар төсеп, оның үстіне ең əдемі дастархандарын жайып,
бүкіл деревнядан жинастырған ең тəуір ыдыс-аяқтарын əкеп қойғанды. Шырақтар жағылып, олардың ара-араларына күзгі гүл шоқтары
орналастырылды. Түскі сағат екіде Софья қонақтарын орынорындарына отырғызды. Əркім өз есімі жазылған карточка жатқан
орынға жайғасты — Софья бұны кеше кешкісін даярлап қойған. Дон
Педро Софьяға қарап бұрылып, шат көңілмен:
— Бейнебір ғасырлармен табақтас болғалы тұрғандай сезімдемін,—
деп сыбырлады.
Епископ Вимпос қонақтарға бата беріп, ырзашылық уағызын оқыды.
Еркектерге узо құйылды, бокалдарға Арголида шарабы толтырылды.
Харвати əйелдері тойға лайық тамаша тағамдар əзірлепті: голубцы,
фаршталған мидиялар, маринадталған креветкалар, тұздалған құрғақ
корюшка, етпен бұқтырылған баклажан, тұтастай қақталған қой,
пісірілген балапан, кішкене құмыраларда көкөніспен бірге
бұқтырылған бауыр, макарон мен ветчина, пудинг əкелінді. Ал,
десертке баклава, тазартылған бадам қосылған жаңғақ торты жəне қою
қара кофе берілді. Дон Педро орынынан тұрып, король Георг пен
король ханымы Ольганың, епископ Вимпостың, өзіне серік боп жүрген
профессор Куманудистің, осындай дəмді де мол тағам əзірлеген
Харватидегі барлық əйелдердің жəне қонақасы иелері — доктор
Шлиман мен Софья Шлиман ханымның — «олардың арқасында,— деді
дон Педро,— бүгінгі күн өмірімдегі ең бір есте қаларлық күнге
айналды»— денсаулықтары үшін тост көтерді.
Генри үстел астынан Софьяның қолын қысып қойды. Олар үстел
басындағыларды бір-бір шолып өтіп, өздеріне таңдана көз тігіп
отырған Стаматакистің жанарымен жолығысып қалды.
Қара жаңбырлардың басталуына көп қалған жоқ-ты. Генри
жұмысты ноябрьдің ортасына таман аяқтауды ұйғарған. Яғни, алда əлі
үш апта бар еді, ал қазір қазбада жетпіс үш адам ғана жұмыс істеп
жатқан. Генри бірнеше жұмысшыны Арыстандар қақпасын қазуға
қойды — қайтсе де соның табалдырығына жетуге əрекеттеніп жүрген.
Жұмысшылардың бір тобын жəне екі арбаны Софья мен Спиросқа
бөлді. Қалған адамдарына тік тақталардың қос шеңберінің ішін,
агораны қаздырды. Патша қабірлерінің дəл осы арада екеніне көзі
анық жетіп тұрған жоқ еді. Тек ғайыптан тайып бұ жолы да жаңылмай,
дөп басып жүрмесе! Сондай-ақ, ол Лондондағы Макс Мюллерге
жібермек оймен ретін тауып, бірнеше қыш сынығын тығып тастады.
Қазбаға кедергі келтірмеулері үшін барельефі бар төрт стеланы
Генри мен Стаматакис Харватиға апарып қоюды ұйғарды. Осыған
дейін Генри бұларды орағыта қазып келген, енді стелалар
əкетілгеннен кейін қазба алаңын кеңейтуге мүмкіндік туды. Тағы да
үш футтай тереңдеген кезде бір қызық олжа кезікті: екі тас тақта
бірінің үстінде бірі жатыр екен, ал үшіншісі көлбеу бұрыш жасап,
жоғары қарай сорайып тұр. Көлденең жатқан тақтадан адамның үш тісі
бар жақ сүйегі табылды.
Тағы да бір апта бойы жаңбыр жауды. Генри балшық пен батпаққа
қарамастан қазба жұмыстарын жалғастыра берді. Сөйтіп, ақыры
құрылыққа да жетті. Осы арада Генридің жүрегін қуанышқа кенелткен
бір тосын жаңалық кезікті: жартастан ені он, ұзыны жиырма футтық
төрт бұрышты апан ойылыпты. Егер бұл арадан... қабір қазғылары
келмесе, жартасты ойып нелері бар? Қазу қиынға соғып тұр еді —
нөсерден кейін шұңқырдың іші суға толып кеткен. Бірақ, Генри
қиындыққа қарамай қаза берді, сөйтіп бірінің үстінде бірі жатқан тағы
да бірнеше тақтаны қазып шығарды.
Сол екі ортада Софья да бір кішкене жеңіске қол жеткізіп үлгерген.
Оның жұмысшылары кіре берістің табалдырығын аршып, есік
ойығына кептеліп тұрған бос топырақты оп-оңай босатып алған еді.
Осы қоқыр-соқырдың бəрі арбаға тиеліп болғасын бригада жұмысын
тоқтатып, Софьяны қаумалап тұра қалды — Софья толостың ішіне
қарай қадам басты. Залдың іші күмбездегі тесіктен себезелеген
жарыққа шыланып тұрған. Уəли паша осы тесік арқылы ішке түсті
дегенге Софья сенбейтін; ендеше топырақпен көміп тастағаннан бері
толос күмбезінің астына енген жалғыз адам өзі болуға тиіс. Тек
археологтарға ғана таныс осынау мақтаныш сезімін ол өмір бойы
ұмытпақ емес.
Софья жұмысшыларын жанына шақырды. Құрал-саймандарын ала
кірген олар толостың ішін тазалай бастады. Қазына қоймасы талауға
ұшырамаған болса, мұнан қызықты олжалар табылып қалуы ықтимал
еді. Себеттерге салып, арбаға апарып тиеп жатқан топырақты Софья
күрекке іліккен жерінде-ақ саусағымен үгіп, тексеріп тұрған. Əйтсе де
шырша əліпті өрнегі бар көк мəрмəрдың сынығынан басқа ештеңе
табылған жоқ.
Фотограф келіп, қазбалар мен жер қойынынан табылған заттарды
суретке түсіруге кірісті. Бұл Афиныда фотоателье ұстап отырған
ағайынды Ромаидистердің бірі болатын. Генриге қазбалардың чертежжоспарын жасайтын инженер керек еді. Полицмейстер Леонардос оған
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 29
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.