Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 21

Total number of words is 3908
Total number of unique words is 2298
32.1 of words are in the 2000 most common words
45.7 of words are in the 5000 most common words
52.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
кезде де тіс жарып тіл қатпайтын болып алды. Бірақ, ашықтан ашық
ешкім ештеңе айтып көрген жоқ, үй маңына да бөтен адам аяқ басқан
жоқ, жалпы ешқандай бөтен оқиға болған емес. Əйтсе де, жұрттың
арасында адам түсінбейтін əлдебір сенімсіздіктің салқыны бары
байқалып қалды.
— Олар қазына жайлы қайдан білуі мүмкін? Жотада екеуімізден
басқа жан болған жоқ еді ғой,— деп мазасызданды əңгімелерін бұл
арадан ешкім естімейтініне анық сенімді Софья түн ортасында.
— Ештеңе білмейтіндеріне көзім жетеді,— деді Генри.— Бірақ, бізді
бір маңызды олжа тауып, соны жасырып жүр-ау деп сезіктенеді. Ал, не
таптық жəне ол қаншалықты бағалы дүние, одан олар, əрине, бейхабар.
Алдауға ұшырағандарын адамдар қайткен күнде де сезбей қоймайды.
— Бəлкім, өткен сенбіде ерте жібергенімізден секем алып қалған
болар? Бəлкім, бір амалын тауып тұран күн дегеніңнің жалған екенін
білген болар? Əлде өзімізді біртүрлі оғаштау ұстап, онымыз көзге
ұрып жүр ме? Мүмкін, оларды жұмыстың тəмəмдалып келе жатқаны
өкіндіретін шығар?...
— Бəрі де мүмкін,— деп келісті Генри.— Айқын нəрсе біреу ғана: бұл
жерден тезірек кетуіміз керек.
— «Омониа» қашан келеді?
— Есебімше, бес-алты күннен кейін келуге тиіс. Ертеңнен бастап
Яннакис пен Мастроянниске олжаның өзімізге тиесілі бөлегін салатын
жəшіктер жасаттырам.
Ағаш ұсталары жұмысты елең-алаңнан-ақ қыздырып жіберді.
Штативтері мен жəшіктерін арқалап Дольф Лоран мен фотограф
Зибрехт келіп, келген бойда қазба басына кетті. Софья терракотаны,
тастан жəне піл сүйегінен жасалған бұйымдарды буып-түюге
дайындаумен шұғылданып, жұмыс бөлмесінде қалды. Олар талдан
тоқылған жиырма-отыз себет тапқан. Соңғы үш жылда Софья
заттарды себетке орналастыруға əбден шеберленіп алған. Бұл
даярлықты Əмин əпенді көз жазбай қадағалады. Себетке немесе
жəшікке салынбақшы əр затты мұқият тексеріп, дəптеріне түсіріп, өзі
жасаған тізіммен салыстырып отырды. Ол табылған олжаның тізімін
Константинопольға апта сайын жіберіп тұрған болды. Алданып
қалғанын іштей сезгенімен шатақ шығарып, жұмыстарына бөгет
жасаған жоқ.
«Омониа» он үшінші июнь күні келді. Яннакис Драмалидан арба
сұрап алып, тас үйдің жанына əкеп қойды. Десятниктер жəшіктер мен
себеттерді арбаға тиеді, бақылаушы тиелген жүкті тексеріп тұрды.
Жүктің бəрін ол ашық-тесік жатқан кезінде-ақ тексеріп шыққан,
себеттердің ішін ақтарып қараған, содан соң ғана Софья мен Поликсена
бұларды сыртынан кенеппен қаптап, жіппен шаңдыған.
Ең соңынан Яннакис Генридің екі шамаданын, Софьяның буыншақтүйіншегі мен жол сандығын алып шықты. Бақылаушы багажға назар
аудармады: онда Шлимандардың бұдан бес ай бұрын Афиныдан
өздерімен бірге əкелген дүниелері жатыр деп есептеді.
Генри Яннакиспен бірге мойнаққа барып, жүктердің пароходқа
тиелуін қадағалады. Соның алдындағы кеште Софья шешесіне хат
жазған. Генри хатты капитан Теодорудың қолына ұстатып, барған
бойында Энгастроменостарға табыс етуін өтінді.
«Біз бірталай қызықты материал таптық, ол капитан Теодорудың
пароходымен барып жетпек. Осы хатты алысымен Спирос пен
Александросқа өзіміз барғанша багажымызды сақтай тұратын екі
қойма іздетіп таптыр. Қоймалар Афинының əр түкпірінде болатын
болсын жəне есігі жақсылап бекітілетін болсын. Кілтін өздерің
алыңдар. Қоймаға қожайындар үйінен кіретін қосымша есіктің
болмауын қадағалаңдар...»
— Ағаларыңа да хат жаз,— деп нығыздады Генри.— Пирейде бірдебір затты баж бақылауынан өткізбесін. Егер чиновниктер көнбесе,
багажды түгел пешеттеп, өзім барғанша қоймада сақтасын. Баж
қызметкерлерінің заттарымызға қол сұғуына жол бермеу керек.
Хатты тек қана бибі Викторияның қолына табыс ету керектігін тағы
бір рет ескерткен Генри капитанға жол болсын айтты. «Афиныда
кездескенше», деді анау басын изеп. Түтінін будақтатқан кішкене
пароход аздан соң Спорадыға қарай бағыт түзеді.
Сол күні Генри Құмқаладан екі балықшы қайығын жалдап алды да,
Яннакис құрал-саймандар мен жабдықтарды кешке дейін тасып
апарып та қойды. Бұлар Пирейге жөнелтілмек еді. Генри қайтадан
пайдаға асырғанша сондағы қоймаларды қоныс ете тұрмақ.
Ымырт жабылардан екі сағат бұрын Яннакис жұмысшылармен
ақырғы рет есеп айырысты. Бəрі тас үйдің жанына шақырылды.
Софьяның кеңесі бойынша Генри қазбаларға бата беруге Енишаһарға
кісі
жіберіп
священник
алдырды.
Мəжусилер
қаласының
траншеяларынан, қабырғалары мен қираған қалдықтарынан қатты
қысылып, ыңғайсызданған ол қызметін қалай болса солай атқара
салды. Сосын тапқырлық танытып, қазбаларға арқасын бере бұрылып
кетті де, жаны енді ғана жай тапқандай кейіппен жерлестеріне
жақсылап бата берді.
— Бəріміз бірігіп тау қопардық, бəріміз де есен-саумыз. Мен осыған
қуанып тұрмын,— деді Генри жиналғандарға.— Қанша қиындық
кезікті, қаншама қауіп-қатерді бастан өткердік — сөйтсек те бəріміз де
аманбыз. Осы үшін жаратқанға зор алғыс айтуымыз керек. Шлиман
ханым екеуіміз сіздермен қоштаса отырып, егіннен мол өнім
алуларыңызға тілектестік білдіргіміз келеді.
Священниктің келуі мен Генридің жылы лебізі жотадағы соңғы
күндердің берекесін алған сенімсіздікті сейілтіп жіберді. Жиналғандар
жапатармағай алғыс жаудырып, есектеріне мініп, деревняларына
қарай бүлкекке басты. Лоран мен Зибрехт десятниктермен жəне
суретшімен бірге Шанаққалаға тартты.
Жандарында Яннакис пен Поликсена ғана қалды. Генри екеуіне
бұрынғыша жалақы төлеп тұратындығын мəлімдеді. Жолға асығыстау
жиналғандықтан, мұнда қалған терракота мен қыш сынықтары əлі өте
көп-тұғын. Бұлардың бəрін Афиныға жөнелту қажет еді. Поликсенаны
құшағына алып тұрған Софья Яннакиске:
— Егер мүмкін болса бізді тышқандардан қорғаған ана үш мысықты
ұстап берші. Сосын маған екі лəйлек керек. Сен оларды ұстап бізге,
Пирейге жөнелте аласың ба?— деген өтініш айтты.
Яннакис не дерін білмегендей басын қасыды.
— Өмірімде лəйлек аулап көрмеп едім, Шлиман ханым. Жалпы,
оларды ешкім ауламайтын да сияқты. Əйткенмен, қолымнан келгенше
тырысып бағармын.
Скей қақпасын, Приам сарайын, қорғаныс қабырғалары мен тас
төселген жолды қарауылдап тұрған үйде олар соңғы рет қонып шықты.
Таң елең-алаңда өздерін кешеден бері Қыбұлақта күтіп жатқан күйме
іселіп, көшірі жүктерін арбаға тиеді.
Олар Смирна мен Шанаққала аралығындағы почта жолына қарай
бағыт ұстаған. Софья Троя қамалына, Троадаға, Дарданелге, Эгей
теңізіне, Скамандр мен Симоистың күмістей жылтыраған кескініне
соңғы рет көз жібермекке мойын бұрды. Июнь айының осынау жаймашуақ таңындағы ауаның мөлдірлігі сондай, ұмсынған қолың Имброс
пен Самофракия аралдарына барып тірелетіндей еді.
Генри екеуі тату-тəтті тұрмыс кешкен, туған үйіндей бауыр басқан
мекенді тастап бара жатқанын сезіп жүрегі шымырлап қоя берді.
Колондағы бақтарында өзіне күйеу болуға белгіленген бейтаныс
адаммен алғаш жүздескен күннен бері төрт жылға жуық уақыт өтіпті.
Сонда ол қандай көзге қораш, кəртамыс көрініп еді десеңші;
бойындағы көңіл қоярлық жалғыз ғана қасиеті — Россия мен
Калифорнияда дəулетін үш еселегені сияқты еді. Сосын ол Гомер мен
Троя жайлы сөйледі. Сонда қалай өзгеріп сала берді десеңші!
Приамның «мəңгі жасайтын қаласы» осында, Ғыссарлықта екенін де
жаңылмай дəл айтып берді. Цитадельді қалай қазып шығаратынын да,
қамал қабырғалары мен патша сарайына қалай жететінін де, Үлкен
мұнара мен сарайдан қосарлы Скей қақпасына қарай, одан əрі қызу
шайқастар өткен жазыққа қарай тартылған не жолды қалай
табатынын да алдын ала біліп отырдым.
«Бұл данышпан адам,— деп ойлады Софья Генриге көзінің қиығын
тастап.— Кемел ойлы кемеңгер. Жəне жер бетінде сирек ұшырасатын
қаһарман. Трояның өмірде болғандығына сенбейтін ғалымдардың,
тарихшылардың, филологтардың бəріне бір өзі қарсы тұрды. Жəне
бəрін де масқара ғып жеңіп шықты».
Енді қазір, Генридің қолында дау тудырмайтын дəлелдер тұрған
кезде, оларға өздерінің қандай сұңғыла да салауатты ғалымды ескеріп,
елемей келгендерін мойындауға тура келетін шығар.
Ал, осының бəрі оңайлыққа түсіп пе еді?
Парижде ауырып-сырқап, үйіне деген сағыныштан жəне
туғандарына пайда тигізуге дəрменсіздігінен тірі өлік боп жүрді емес
пе? Соның салдарынан Генримен де жиі-жиі сөзге келіп қалатын еді
ғой. Иə, оның мінезі ауыр: көңілі түссе — көл, көңілі түспесе — шөл.
Бірақ, көздеген мақсатына жету жолында ештеңеден аянып қалмайды.
Ал, Софья онда əлі сəби еді ғой. Генриді сүйіп кете алмайтын
шығармын, түбі ажырасармын деген ой келіп жүрген кездер де болған.
Ғыссарлықтың жонына тұңғыш рет күрек батырылып, топырақ
толтырылған алғашқы қол арба төмен қарай жүгіре жөнелгенде бəрі де
жөнделіп сала берді. Сақылдаған сары аязда да, ми қайнар ыстықта да,
шаң жұтып, безгектен аяқтарын əрең басып жүрген шақтарында да
жұптары жазылмай, жұмыла еңбек етті. Бастан кешкен қиындықтары
махаббаттарын нығайтып, бір-біріне жіпсіз байлады.
Бұл өңірмен қоштасу оған да оңай тиіп отырмаған шығар деген
оймен күйеуіне қарай бұрылған Софья оның қиялы басқа қиырды кезіп
кеткенін байқады. Ол ойша басқа сапар бастап бара жатыр еді. Оны
Олимпия, Тиринф, Микендер шақырып тұрған болатын. Былғары
орындыққа шалқайыңқырай жайғасқан Генри қарсы алдына қас қақпай
қарап қалыпты. Күйеуінің жүзіне көз жіберген Софья: «Бұл тек
бастамасы ғана», дегенді ұққандай болды.

 
АЛТЫНШЫ КІТАП. УАҚЫТ КӨПІРЛЕРІ
Пирей пристанында оларды Спирос қарсы алды.
— Бажда бөгеуіл болған жоқ. Бірде-бір себет ашылған жоқ.
Софьяның сандығын Ликабетке, ең жоғары көшеге апарып
орналастырдым. Сарайда кілттеулі жатыр. Міне, мынау кілті, мынау үй
иесі Папандоиулостың заттарды сақтау үшін алған жүз жетпіс
драхмасына берген қолхаты. Мен тек бір айға ғана төледім, өйткені
қандай ойларыңыз бары маған беймəлім болатын. Өңге олжаларды
Александрос мүлдем басқа Монастиракиге əкетті. Сондағы қамал
тəрізді қоршалған көне түрік үйінің ауласындағы сарайды жалдап
алды.
Генри риза бола езу тартып, Софьяға көз тікті.
— Айтқаның рас екен, патшайым Софья: криттіктер айлакер халық
көрінеді,— деді. Сосын:—Бəрі де ойлағандай етіп орындалыпты,— деп
Спиросқа қарап əңгімесін əрі жалғады.— Ə, міне Иоаннис Малтезос та
бізге күймеден қол бұлғап барады. Софьяны Музалар көшесіне апарып
салайық та, бірден Ликабетке, Папандопулосқа тартайық. Көзге түсіп,
күдік туғызбау үшін күймені үйден бірнеше квартал аулақта
қалдырайық.
— Онсыз да солай етуге тура келеді: жолымыз тік, жоғары өрлеуге
аттардың əлі жетпейді. Онда небары екі-үші үй ғана бар.
Софья үйінің табалдырығын аттаған кезде күн сəске боп қалған.
Оны шешесі, Мариго мен Катинго қарсы алды. Мəз бола айқайлап
Андромаха алдынан шықты.
— Маматайым келді!
Қызы тығыншықтай екен.
— Сен барда Андромаха жайлы алаң болудың қажеті аз,— деп Софья
шешесін сүйіп алды.
Үйді аралап шығып, күтімді ұсталғанын көріп ырзалық білдірді.
— Ешқашан сен сияқты ұқыпты бола алмайтын шығармын.
Бибі Виктория қызының сөзіне масаттана езу тартты.
Генри қайтып оралды. Сопақша келген ашаңдау өңінде күлкі
ойнайды.
— Бəрі де сол күйінде сақтаулы. Сандығыңның кілтіне қол тимепті.
Байқауымша, алтындарың Трояда көйлегіңе орап тасыған кездегіден
де əдемілеп кеткен тəрізді.
Бибі Викторияға түскі тамақ əзірлесуге көмектесіп жүрген қызметші
əйел қожайындарымен амандасуға келді. Осы жерде тағы бір жас қыз
тұрған. Андромахаға күтуші керек-ті. Бұл бибі Викторияның соған
лайық көрген қызы еді. Есімі Калипсо болатын. Он сегіз жастағы
колондық бұл қыз онша көрікті емес-тұғын. Бірақ, Андромаханы
айрықша жылы мейіріммен алдандырып жатқанын көрген Софья оны
сол бойда жалдап алды. Қызметші еркектері бұлар келгенше басқа
біреулерде жұмыс істеген екен, жақында астыңғы қабаттағы өз
бөлмесіне қайтып оралыпты.
Түскі астың алдында Софья күйеуін бақ ішіне ертіп əкетті.
— Сенсіз шыққым келмеген. Терезеден көз салып қана қойғам.
Июнь айының тамылжыған тымық күні болатын. Ырғай мен
шырмауықтың қаптап өскені сонша, жалғыз аяқ жолды түгел дерлік
жауып кетіпті. Қабырғаны жағалата отырғызылған лимон ағаштары
гүл төгіп бітіпті, қазір биіктегі бұтақтарында жасыл жемістері
бұлтиып тұр. Тұт ағаштары жасыл жапырақтарын жұмсақ
сыбдырлатады.
— Қандай əдемі!— деп дауыстап жіберді Софья.— Естір құлаққа
оғаштау болса да айтайын: мен өз бағымызға сүйсіне көз тігіп, хош
иісін құмарлана жұтып қана қоймаймын, дəмін де сезінгендей
боламын.
Кешкісін Андромаханы ұйықтатып, өздері төсек киімдерін киіп
алған соң Софья мен Генри Акропольға қаратылған верандаға шығып,
таза ауамен тыныстап отырды. Ай сəулесі астындағы Парфенонмен
қайта жүздесу қандай ғанибет еді! Генри таяу айлардағы жұмыстарын
жобаластыра бастады.
— Ең бастысы — қазынаның қайда сақталғанын құпияда ұстау.
Олжамыз жайлы Константинопольдағы американ елшісі Бокерден
басқа жан баласы білмейді. Ол бізге көп жақсылық жасаған адам, сол
себепті білуге қақы бар.
— Көмбені үйге əкелгің келмей ме?
— Əкелгім келеді. Бірақ тек кітабыма арнап суретке түсіру үшін
жарым-жартылап қана əкелсем деймін.
Қолына кішкентай шамадан ұстаған Спирос Ликабет пен араға жиі
қатынап жүрді: суретке түсірілген алтын бұйымдарды апарып тастап,
жаңа білезіктер мен сақиналар алып қайтатын. Кейде Иоаннис
Малтезос оны Монастиракиге алып баратын. Ол жақтан Спирос
себетке салып терракота мен басқа да көне дүниеліктерді əкелетін.
Үйге келген соң бұлар жуылып қалпына келтіріліп, суретке
түсірілетін. Фотограф Шлиманның 1871 жəне 1872 жылдары
тапқандарын ұзақ айлар бойына суретке түсірумен шұғылданған,
бұрыннан таныс адам еді. Шақырған бойда келе қоятын да, аппаратын
бірден Шлиманның кабинетіне кіргізетін: алтынды суретке түсірген
кезде онда қызметшілері түгіл, жекжат-жұрағаттары да жіберілмейтін.
Спирос сыр сақтай білетін, сондай-ақ фотограф та сенімді адам еді.
— Аузын алдым,— деп шынын айтты Генри.— Алтын жайлы
тісіңнен шығармайтын болсаң көп ақша берем деп уəде еттім.
Жұмыс барынша жедел жүріп жатты. Софья сегіз мың алтын
моншаққа жіп өткізіп, біреуі он бір баудан, екіншісі үш баудан тұратын,
моншақтарының саны бірдей екі алқа жасауға тиіс еді. Əдемі
үзбелермен жалғанған жүздеген жапырақшалардан тұратын көркем
диадемалар мен Софья тізген алқаларды Генри кітаптың бір парағына
орналастырмақшы болған. Екінші бір сурет үшін Софья үлкен стендіге
шолпылы алтын сырғалар мен жүзіктерді, былғары белбеуді
безетіндіретін əшекейлерді, пышақ саптары мен қындарын бекітті.
Бұлардың жоғарғы жағына шаш ұстайтын қалпақ алтын пластина
ілінді. Ал, бəрінің үстіне Генри сандықтың үлкен мыс ашқышын
орналастырды.
Софья көрген адамның көз жауын алатын он төрт алтын жəне күміс
тостақты, флакон мен вазаны сөреге қойды. Генри мыс қанжарлар мен
пышақтарды, үлкен ыдыстар мен семсерлерді, сондай-ақ осынау асыл
заттарды мыңдаған жылдар бойы сақтап келген мыс қазан мен
қалқанды мұқият тазартып шықты. Алтын бұйымдар түгелдей суретке
түсіріліп болған соң, Генри Приам көмбесін — алтын-күміс мүліктеріне
мыс қалқан мен қазанын қосып — тұтастай суретке түсіруге ұйғарым
жасады. Оқырман бір қарағанда-ақ бүкіл коллекцияны көз алдына
елестете алатын болсын, деді. Бірнеше сағатқа болса да коллекция
тұтастай Музалар көшесіне көшуге тиіс.
— Оны қай күні əкелген қауіпсіз болар екен?— деп сұрады Генри
Софьядан.
— Шіркеулік немесе мемлекеттік мереке күні əкелген дұрыс қой.
Бұл күндері дүкендер мен кеңселер жабық болады, жұрт демалып
жатады. Күймедегі сандықты ешкім де байқамайды.
29 июнь күні, жексенбіде, əулие Петр мен Павелдің күні
мерекеленген. Тек шіркеулер мен кофеханалар ғана ашық болды.
Музалар көшесінде қыбыр еткен қозғалыс байқалмады.
Жеткілікті мөлшерде пластинка алған фотограф таң елең-алаңнан
келді. Суретті жарығы мол жерде, бақ ішіндегі бастырма астында
түсіруге ұйғарым жасалды. Генри мен Софья сегіз мың алтын
бұйымды төрт ұзын үстелге тығыз етіп орналастырды. Мыс қалқан
мен қазан жерге қойылды. Фотограф бірнеше сағат бойы əуреленіп,
ақыры көп суреттің бірнешеуі болса да тəуір шығар деген үмітпен өз
жұмысын аяқтады. Бүкіл коллекция тұтастай суретке түсіріліп болған
кезде Генри:
— Ендігі кезек Шлиман ханымдікі,— деді.
Софья сол күні тік жағалы қара көйлек киіп шыққан. Мойылдай қара
шашы биіктеу етіп түйілген. Сол жақ бетінде меңі бар. Генри алтын
диадеманы əйелінің басына кигізді. Ұзын шолпылар Софьяның иығын
жапты. Софья алтын үзбелермен ұстатылған алты алтын мүсіншесі
бар алтын сырғаны құлағына тақты; екі ұзынша алтын сырғаны Генри
оның биік жағасына əкеп қадады. Троя алтыны барлық сəнсалтанатымен көрініс табуы үшін ол фотографтан Софьяны жақын
жерден түсіруін өтінді." Фотограф қара матаның астына сүңгіді. Ол
суретке түсіріп біткенше Софьяның да əптер-тəптері шығып, əбден
берекесі кетіп болды.
— Саған бүгін Троялық Еленаның өзі де қызғаныш білдірген болар
еді!— деп жіберді мақтаныштан масайраған Шлиман.
— Əй, қайдам, бүгін қызғаныш білдіре қоймас. Бəлкім, бүгінше осы
азабым да жетер?
— Жарайды, абайлап ағытып, қайтадан сандыққа салып тастайық.
Сосын Спирос оны Ликабеттегі құпия орынға апарып қояды. Енді бұл
қазына болашақ ұрпақтарға жететін болды.
Бұрын да, кейін де Шлиман ешқашан бұлайша қатты қателесіп
көрген жоқ-ты.
Монастиракидегі құпия орыннан терракота мен басқа да олжалар
салынған себеттер бірінен соң бірі келіп жатты. Эмиль Бюрнуфтің жас
əріптестері оларды құрастыруға жəрдемдесті. Генри мен Софья
мыстан, піл сүйегінен, тас пен мəрмəрден жасалған бұйымдармен
шұғылданды. Көне бұйымдармен жүргізілетін жұмысты жетік
меңгерген Софьяға ешкім теңдесе алмай жүрді. Генри көшірмеші
жалдап, Троя күнделігінің неміс тіліндегі екі данасын əзірлетіп жатты.
Біреуін Лейпцигке, екіншісін — Берлинге, француз тіліне аударуға
келісім берген грек елшілігінің қызметкері Александр Р.Рангабеге
жібермек ойы бар еді. Бірақ, бəрінен маңызды шаруа — əр кітап үшін
ең елеулі деген олжалардың екі жүзден астам суретін əзірлеу-тұғын.
Бұны да, əрине, өз қаражатымен жасатуы керек еді.
— Ақыл жетпейтін алапат жұмыс қой бұл!— деп жіберді Софья,
күйеуіне сүйсіне көз тігіп. Генридің бұны таңырқатуы ешқашан
таусылмайтын тəрізді.— Сен неміс тілінде екі жүз жəне француз
тілінде де соншама кітап шығармақсың ғой. Сонда сексен мың
фотосурет жасау керек болғаны ма?!
— Немене, аздау көрініп тұр ма?— деп күлді Шлиман.
— Сонда бұның бəрін қалай жасауға болады?
— Крисикопулос дейтін бір мырзаны фотографқа көмекші етіп
жалдадым. Екеуі сурет шығарады да, мен оларды қарап,
жарамсыздарын іріктеп отырамын. Суреттерді кітапқа желімдеу
жұмысы Лейпцигте, Брокгаузда жүргізіледі.
Ойға берілген немесе əңгімелескен кезінде Генри бір орында отыра
алмайтын. Үстел басынан ұшып тұрып, Афиныға қараған терезе
алдында əрлі-берлі теңселіп жүріп кетті. Қатты толғанғаны сонша,
оған Софья да елти бастады. Генри жанына кеп еңкейіп, қолын қаттықатты қысып қойды.
— Софидион, дəл қазір көңілімді мазалап жүрген нəрсенің не екенін
айтайын ба? Мен парламенттің бірнеше мүшесімен тілдестім. Троялық
коллекциямызды сақтайтын музейді салу үшін Афиныдағы жер
участогымыздың бірін жəне екі жүз мың франк ақшаны Грецияға
сыйға ұсындым.
Софья күйеуін құшақтай алды.
— Генри, сүйіктім, сені сондай мақтан тұтамын!
— Бірақ, мен оларға: музейді Греция иеленеді, алайда онда
жиналған коллекцияның қожасы ақырғы демім біткенше өзім
боламын, деген шарт қойдым.
— Неге өйттің? Сонда қазынаны
апармақпысың?— деп таңқалды Софья.
басқа
музейлерге
де
— Жоқ. Ондайды тіпті ойыма да алған емеспін. Бірақ, бұл арада
мəселе принципте болып отыр. Музей «Шлиман музейі» деп аталады,
сондықтан күллі əлемнің жұртшылығы көзім тіріде коллекцияның
қожасы өзім екенімді білуге тиіс.
Шлиман шалқайыңқырап кеткенді жəне бұнысына тежеу саларлық
дəрмені де жоқ-ты: өйткені, өмір бойы аңсаған арманы жүзеге асқан еді
ғой. Ол əсте де сараң адам емес-ті, керісінше төңірегіндегілерге
мейлінше мырза болатын. Семьясын толық қамтамасыз етті,
Софьяның туғандарына қамқорлық жасауды да міндетіне алды. Таяуда
ғана Спиросқа қашан келсе де жұмыс тауып беруге уəде етті. Сондайақ, қызметкерлері алдында да əрқашан адал еді, оларды құрметтеп,
еңбекақыларын мол ғып төлеп отыратын. Рас, кейде оның да жолдан
таятын кезі болатын: мысалға, Нью-Йорктағы бір танысын өзінің,
Генри Шлиманның натурализацияға документ алуға правосы бар деп
жалған ант беруге үгіттеп көндірген-ді. Немесе Индианаполистен үй
жəне шағын кəсіпорын сатып алуы да сондайдың бір мысалы болатын.
Ондағы ойы — осында орныққысы келетінін дəлелдеу-тұғын. Онсыз
некені бұзу мүмкін емес-ті. Генридің барлық жетістігі де жəне кейбір
сөгуге тұрарлық кемшілігі де, алдына қойған мақсатын орындау
жолында неге де болса бас байлайтындығында еді. Жағымсыз ісəрекеттерін ақтап алу үшін өз маңдайына əлемдік мəдениетке қомақты
үлес қосу жазылғандығын, сол себепті кей-кейде шалыс басуының да
заңды екендігін желеу ететін. Ал, ашуға булығып, бұлқан-талқан
болатын сəттері жайлы мүлдем еске алмауға тырысатын. Бұл мінезін
өзгерту, сабырлы болу жайлы ойламайтынын айтпағанның өзінде,
онысының себебін жөндеп түсіндіріп те бере алмайтын. Генри
келіншегіне басын бұрды:
— Музей мен коллекциямыздың ақысына грек үкіметінен Олимпия
мен Микенді қазуға рұқсат сұрап отырмын.
«Пікірталас парақтары» журналы Троя дəптерінің соңғы
тарауларын жариялай бастады. Афинылық газеттер көрнекті жерге
қазбалар жайлы мақалалар басып, Шлиманның Троядан табылған
олжалар мен Эллада жерінде жасырынып жатқан басқа да болашақ
олжаларды грек үкіметіне беретіні жайлы уəдесін жəне Афиныда
осынау олжаларды сақтауға арналған музейді салу үшін екі жүз мың
франк аударатындығы жөніндегі мырзалық ұсынысын кеңінен
талқылап жатты.
Жаздың ыстың күндері басталған. Шлимандар Фалероннан «Севиль
шаштаразын» тыңдады. Түскі астарын үйден ішпей, «Афины» қонақ
үйінен ішетін. Оның рестораны тағамының дəмділігімен ауызға ілігіп
жүрген-ді. Қаладағы жағдай мейлінше қиындап кетті. Соңғы
парламент сайлауына деген наразылықтың күшейгені сонша, қалаға
əскер тартыла бастады; корольді сынаған мақалалар басқаны үшін
афиналық «Таймстың» редакторы абақтыға жабылды.
Күннің ыстығы қайта қоймағандықтан, жағдайы келгендердің бəрі
деревняларға немесе теңіз жағалауына кетіп жатыр еді.
— Генри, Кифисьядан үй сатып алсаң қайтеді?
— Əзірше қоя тұралық, Софидион.
Бір күні таңертең, ауа əлі қоңыр салқын кезде олар Акропольдың
орталық есігіне қарай бастайтын кең мəрмəр баспалдақпен жоғары
көтерілді. XIV ғасырда Афиныны жаулап алған венециялықтар
тұрғызған Веция мұнарасының (кейде бұл Франк мұнарасы деп те
аталатын) көлеңкесіне келіп аз-кем кідірді. Акропольдың батыс
бөлегіндегі сəн-салтанаты мол қақпа — Пропилейдің оң жақ
қанатының орнынан бой көтерген бұл мұнара Афинының қай
түкпірінен де көзге ұрып тұратын. Оның табаны жүз алпыс шаршы фут
жерді алып жатқан, биіктігі — сексен, қабырғаларының қалыңдығы —
бес фут болатын. Мұнара антикалық құрылыстар мен Одеон Герод
Аттикадан опырылып алынған зор мəрмəр тақталардан көтерілген-ді.
Оны салу үшін классикалық антикалық, ғимараттар қиратылған, бірақ
өз басының ешқандай архитектуралық құндылығы жоқ-ты. Бұған қоса
мұнара бір заманда Акропольды түріктер иемденгенін əрдайым еске
сап тұратын. Грек археологиялық қоғамы бұл мұнаралы бөлшектеп,
Пропилейді қайтадан қалпына келтірудің жайын көптен ойластырып
жүр еді.
Генри мұнараға ынтыға көз тікті.
— Оларға көмектескен жөн ғой деймін,— деді ол ойлы жүзбен.
Бірде июль айының бас кезінде олар қоңырау күңгірінен оянды;
архиепископ Теофилос қайтыс болыпты.
— Жаңа архиепископ сайлауы өтетін болды ғой,— деді Софья.
— Епископ Вимпос сайланар ма екен?— деп сұрады Генри.
Олар сыртта, ас үйдің терезесі алдында кофе ішіп отырған.
Софьяның үстінде Парижден əкелінген қызғылтым түсті кең пеньюар
бар еді.
— Сайланып қалуы ықтимал. Сайланса шынында да ғажап болар
еді-ау!
Келесі күні түс қайта сағат бесте олар архиепископты жерлеуге
барды. Айшықты əдемі риза кигізілген марқұм қария қолын бата
беруге ұмсынған қалпында тақ үстінде шалқайып отыр еді. Сайлауға
қатысу үшін 11 июль күні Афиныға Теоклетос Вимпос келді. Оның
сайланатын-сайланбайтындығы
жайлы
Афины
жұртшылығы
арасында қызу əңгіме жүріп жатты. Ғылыми жұмыстағы табыстары
оны лайықты ізбасар етіп еді.
Шлимандарға соққан кезінде Софья ағасының бойында
айтарлықтай өзгеріс барын байқады. Өткен жолы қабағы қатыңқы,
көңілі пəс болатын; киімі де, сақалы да, тіпті көз жанары да өңін
өзгертіп, оқып кеткендей көрінген. Ал, қазір киімі де шыт жаңа,
дауысы да сергек.
— Екеуіңізді де Приамның Троясын ашуларыңызбен шын жүректен
құттықтаймын. Генри өз уəдесінде тұра біліпті,— деді ол.
Софьяның мойылдай көздерінде мазасыздың оты жылт етті.
— Сыр айтып, тəубеге келгің кеп тұр ма, балапаным?
— Иə, Генри екеуіміз моральға мүлдем сыйымсыз іс істедік...
Софья көмбені қалай тапқандарын, табылған нəрсенің тең
жартысын Константинополь музейіне беру жайлы пəрменді бұзып,
оны қалай құпия түрде Түркиядан алып шыққандарын епископқа
егжей-тегжейлі баяндап берді. Өздерін ақтап алу үшін түрік үкіметі
əзірлеп жатқан қазбалар жайлы заң жобасын алға тартты.
— Сен рухани қамқорыңнан күнəңді кешіруін өтініп тұрсың ба? Əлде
ет-жақын туысыңнан қолдау күтіп тұрсың ба?
— Екеуін де,— деді басын төмен түсірген Софья.
— Дін қызметшісі ретінде саған: «Құдайдың өзі кешірсін», демекпін.
Бірақ, өзімнің бұл оқиғаға қалай қарайтынымды сұрамай-ақ қойғын.
Қоштасам — өз бағыма күнə артам. Айыптасам — сүйікті жиенімді
өкпелетіп алам. Жалғыз ғана айтарым: күйеуіңнің cosine құлақ қой,
семьядағы жағдайдың бəріне сол жауап береді,
Софья епископқа назар салды: оның көзі қулана күлім қағып тұр еді.
— Бейнебір Дельфы көріпкелі құсап сөйлеп тұрсың ғой,—,деді
Софья мырс етіп. Сосын аз-кем үнсіздіктен кейін:— Афины
университеті сенің кандидатураңды қолдап отыр деп естідік,— деді.
Софьяның өз көзінен аумай қалған Вимпостың мойыл көздерінде
қуаныш оты ұшқындады.
— Мен əлі жаспын ғой — маған бұл жайында ойлау ертерек.
Православие шіркеуінде адамға жасының егделігі бедел береді. Қара
сақалдан гөрі ақ сақал көбірек құрметтеледі. Ал, мен өзің көріп
тұрғандай, əлі жарты жолда жүрмін — сақалымды енді-енді ғана ақ
шалып келеді.— Ол кеңкілдеп күліп алды.— Священник үшін
атаққұмарлық — үлкен күнə. Бірақ, шынымды айтсам, осы дəреже
жайлы ойланып жүргенім рас.
Алайда, бұл орынға Корфу архиепископы Антоний
Кариатис сайланды. Епископ Вимпос қоштасып шықпаққа Музалар
көшесіне келіп, əңгіме арасында:
— Менің ойымша, сайлау заңсыздау болды ғой деймін. Біріншіден,
синод кворум шақырған жоқ. Екіншіден, шіркеу істері жөніндегі
министрлікке хабарланбады. Егер бұл айтқандарым рас болса, жаңа
сайлауға қайта келетін шығармын. Оған шейін сақалым да əбден
ағаратын шығар,— деді.
Епископ Вимпос тек діни ілімнің ғана емес, сонымен бірге шіркеу
правосының да білгірі еді. Айтқаны айнымай келді. Шіркеу істері
жөніндегі министрлік Корфу архиспископының сайлауын заңсыз деп
тапты.
Яннакистің жолдаған хаты бұлардың басына төнген қатердің
алғашқы хабаршысы тəрізді болды. Троадада өздерін соңғы екі апта
бойында төңіректеумен жүрген дұшпандық ақыры ашық қимылға
көшіпті. Яннакис былай деп жазыпты:
«Аса құрметті Шлиман мырза, үкіметтің қуғынынан құтылу үшін
бірнеше күнге Афиныға барып қайтуым қажет болып тұр. Мені
Дарданелге екі рет айдап апарды. Жұрт мені кісі өлтірген екен деп
ойлап жүр. Шешем мен Поликсенаның, қарындастарымның көздері
жастан құрғайтын емес. Анда апарғасын олар жауап алды. Мен ештеңе
білмеймін, дедім. Əйтсе де, басыма күн туа қалса көмектесер ме екен
деп, досыңыз мистер Докосқа өтініш білдіріп қойдым.
Малайыңыз Яннакис».
— Соры қайнаған Яннакис!— деп жіберді Софья.
— Олар бұны қорқытып сыр тартпақ болған ғой,— деді Генри.—
Өткен жолы оны сенбі, жексенбіге үйіне жібергеніміздің қандай ақыл
болғанын енді көрдің бе.
Софьяны Яннакистің хаты қатты күйзелтті, əйтсе де күйеуінің істеп
жүрген əрекеті одан да бетер мазасыздандырды. Шлиман «Аугсбургер
альгемайне» атты неміс газетіне Приам патшаның қазынасын егжейтегжейлі суреттеп, Троядан табылған соңғы олжалар жайлы үлкен
мақала жолдаған.
— Неге өйттің, Генри? Троя алтыны жайлы Константинопольдегі
Бокерден басқа ешкім білмеуші еді ғой. Мақала жарық көргеннен кейін
контрабанда арқылы не алып шыққанымызды түріктер бес
саусағындай білетін болады ғой.
Генри əйелінің шамданып тұрғанын сезіп, сабырмен тыңдап алды
да, өзіне қарай ұмсынған қолын ақырын-ақырын қағып қойды.
— Ерте ме, кеш пе сырымыз бəрібір ашылады. Кітабыма жазған
алғысөзімде қазынаның қалай табылғанын тəптіштеп айтқанмын. Оған
қоса ең елеулі деген алтын олжалардың суреттері де берілмекші.
— Кітаптың жөні бір басқа да, газеттің жөні бір басқа емес пе?
Лейпцигтегі Брокгауз бен Париждегі Мезонев— салиқалы баспагерлер
ғой...
— «Аугсбургер альгемайненің» де сорлап отырған ештеңесі жоқ. Ол
ғылыми мақалалар жариялайды,— деп бөліп жіберді оның сөзін Генри.
— Ал, бұл мақала көмбемізді түріктердің тартып алуына көмектесіп
жүрсе қайтесің? Сөйтіп, беделіңе нұқсан келтірсе?! Өйткені, сен
пəрменді бұзып отырсың ғой. Неге олай асығасың? Кітабың жарық
көрген кезге шейін грек үкіметі музей жайлы ұсынысыңды
қабылдаған да болар еді. Сонда ол арқа сүйер қамқорыңа айналар еді.
— Софидион, қымбаттым, Троямыздың өмірде шынымен
болғандығына күдік келтірушілердің жағын қарыстыру үшін тапқан
олжамызды жұртшылыққа тезірек таныстырғым кеп тағатым қалмай
жүр. Ал, түрік үкіметіне келсек, ол алтынның қайда екенін əсте де
мақаладан білмек емес. Константинополь музейінің директоры доктор
Филип Детьеге алтынды алып кеткеніміз шын екенін мойындап хат
жазамын. Түрік үкіметі олжамызды түгелдей кəмпескелейтін заң
қабылдап, пəрменді бұзуға өзі оқталуы себепті алып кеттік деймін.
Бастаған істі аяғына жеткізу үшін Трояда бірлесіп үш айлық қазба
жұмысын жүргізуді ұсынады. Барлық шығынды өзім көтеріп алуға
міндеттенемін жəне бұл жолы табылғанның бəрі Константинополь
музейіне өтетін болады. Оның музей деген аты ғана. Барған адамға
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 22
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.