Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 25

Total number of words is 3920
Total number of unique words is 2287
30.7 of words are in the 2000 most common words
44.5 of words are in the 5000 most common words
51.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сайын көптеген хаттар, Шлиман жайлы мақала басылған газеттер мен
ғылыми журналдар келіп жататын. Бұл мақалалардың бірсыпырасы
мақтаса, бірқатары даттап жататын. Ол бірде біреуін жауапсыз
қалдырмайтын, кейбір хаттарының ұзақтығы əлгі мақалалардың өз
көлемімен де теңдесіп қалатын. Софья Акрополь үстінен асылған
күннің қызыл шапақтарынан оянған кезінде күйеуі төсегінен тұрып та
кететін.
Июнь айының аяқ кезінде Софья мен Андромаха оны «Византия»
кемесіне отырғызып салды. Жүрер алдында Генри Софьяға
Кифисьядағы өзіне ұнаған үйді жалдап алып берді. Үй биік теректер
аясында тұрған, ал бақтың артында сылдырап аққан жылға бар-ды.
Үйдің бір қанатында екі жатын бөлме, екінші қанатында тағы бір
жатын бөлме, ас үй мен дəретхана баp еді; орталық бөлегіне асхана
орынына пайдаланылатын үлкен қонақ бөлме орналасыпты. Қонақ
бөлменің алдында төбесі жабық веранда бар-ды, ал артқы əйнектелген
есігі жүзімдік жайқалған баққа қарайтын. Əлгі жылғашық сол бақтың
ар жағында еді. Софья үй ішінен Музалар көшесінен осында көшіріп
əкелді, шешесі мен ағаларын да шақырды. Ұзамай-ақ үйдің іші бибі
Виктория пісірген тағамдардың тəтті иісіне толды. Бұл оның ең
бақытты күндерінің бірі еді:Софья болса қасында, қабағынан қар
жауған доктор Шлиман жеті қырдың астында. Апасы Катинго да
балаларын Андромахамен ойнатуға жиі-жиі əкеліп жүрді.
— Желдің жапырақтарды қалай сыбдырлатқанын, бұлақтың қалай
сылдырап аққанын естіген кезімде,— деп сырын айтты Софья оған,—
төңірегімдегінің бəрін тарс ұмытам. Жəне маған бұның бəрі де қызық
көрінді! Əлгі дау-дамайға байланысты сорақылықтарды түгелдей
естен шығардым. Мен тек қазіргі қызығымды ғана білемін, алда не
болатыны жайлы ойлап бас қатырмаймын.
Алаңға қарай бастайтын көше қиқы-жиқы боп қазылып
жатқанымен, платандар көлеңкесінде қыдырып жүрген король
қосағын көрсету үшін Софья Андромаханы өзімен бірге алып шығатын.
Хаттар мен ашық хаттар Генриден күн сайын дерлік келіп тұрды. Ол
Авлидаға да соға кетіпті, жаңа темір жолдың соңғы пункті — Ламияға
дейін барыпты; бірер күн Фермопилыда болып, сонда жатып
Геродотты тағы бір оңып шығыпты; одан кейін Дельфыға аттанып, сол
жерден құдайларға табынудың мың жылдың тарихын қойынына
тығып жатқан, жақындаған адамның жүрегін лүпіл қақтыратын
жотаны жан-жақты сыпаттап жазған хат жіберіпті. Парнас тауына
көтеріліп, өзі қазуға ниеті ауып жүрген Орхоменнің қираған
қалдықтарын біраз айналшықтапты...
Август тез өте шықты. 22 августта қала халқы король ханымының
жиырма үш жасқа толуын тойлады. Софья одан бір жас кіші еді.
Генри сентябрьдің бас кезінде оралды. Софья мен Андромаха
Музалар көшесіне қайтып келді. Күн əлі ыстық болатын, бірақ
Конституция алаңында халық қашанғыдай қаптап жүрген:
афинылықтар жазғы демалыстан соң қалаға қайтып жатқан-ды.
Қаланың өкімет орындары жүк фургондарына орталық көшемен
жүруге тиым салды. Делбешілерге аттарын қамшылауға рұқсат
етілмейтін болды. Көптеген жаңа газеттер жарық көрді. «Ле пти
журналы Атен» атты жаңа француз апталығы шыға бастады. Француз
театры өз маусымын «Миньон» операсымен ашты.
Ареопаг істі қарауды 15 сентябрьге тағайындағанша адвокаттарына
екі аптаға жуық уақыт бойы сессияларға қатысып жүрулеріне тура
келді. Екі жақты да тыңдап алғаннан кейін сот істі талқылауға
қабылдайтынын мəлім етті.
— Енді қанша уақыт күтуге тура келеді?— деп сұрады Генри.
Онша көп емес. Алаңдамай басқа шаруамен шұғылдана беріңіз,—
деген жауап берілді оған.
Күз айында ол қайтадан шабуылға ұшырады. Троадада болып
қайтқан Детье Генридің қазып шығарған үйі Приамның сарайы емес,
Троядағы шаруа адамның ауласы деп мəлімдеді. Ұлттың кітапхананың
бұрынғы қызметкері афинылық Комностың лебізі бəрінен де
дарақылау боп шықты: ол Шлиманға көне дүниеліктерді қолдан
жасаттырды, ал əр жерден жиыстырылған қыш ыдыстар
коллекциясын Ғыссарлықтан табылған деп жариялап отыр деген
айып тақты. Комностың мақаласы гректің «Атеней» атты газетінде
жарияланды. Оның жарық көру мезгілі Генри мен Софьяның «Ареопаг
не деп шешер екен: Троя қазынасын түріктерге алып берер ме екен
əлде өздерінде қалдырар ма екен» деп дал боп жүрген кезіне дөп келді.
Париждегі Француз институты да шет қалмады: оның да ресми органы
Шлиманды жерден алып, жерге салу науқанына өз үлесін қосты. Кельн
газеті ар-намысқа тиетін мақала басты. 1830 жылғы Пелопоннеске
жасалған экспедицияға қатысушы, «археология ардагері» Вирлед Ау
Шлиманның теориялары мен тапқан дүниелерін өлтіре сынады.
Шанаққаладағы американ консулы қызметіндегі ағасының орынына
отырған Фрэнк Калверт Шлиман олжаларын ағылшындық
«Атенеумде» тас-талқан қылды.
Тек сорақы ғайбаттаулар ғана емес, сонымен бірге оның Трояны,
немесе тіпті олай болмаған күнде, бұған дейін беймəлім боп келген
ерте дүние мəдениетін ашқандығын, бірақ мүлдем кездейсоқ
ашқандығын мойындаулар да Шлиманның жанына қатты батып
жүргенді. Жаңадан бастағандар мен жəй əуесқойлар сияқты оның да
кездейсоқ жолы болып кетіпті-міс. Мұндай жағдайлар мың жылда
жалғыз рет қана жойылуы мүмкін... «Кездейсоқ жолы болған» деген
сөзден. Генри жарылып кете жаздайтын.
— Жолы болған дейді!..— деп ол Софьяға кеп мұңын шақты.— Бұл
қызғаншақтар мен арам ойлылардың жəне... надандардың сүйікті сөзі.
Біреудің тіршілікте бірдеңеге қол жеткізуі, екінші біреудің жеткізе
алмауы осылайша түсіндіріледі. Осы бір жалғыз ауыз сөз арқылы
өздерінің түкке татымсыз тіршілігін ақтап алады. Жұрттың бəрін бір
өлшеммен өлшейді. Жолы болу!.. Ойбай-ау, ол деген...
Софья еркелеп, оның ауызын алақанымен жаба қойды.
Сөйтіп, оған соғыс жарияланған еді.
Шлиман да сақадай сай тұрған — күні-түні тойтарыс берумен
болды. Софья оның қай кезде ұйықтайтынын да аңғара алмай жүрді,
Кельн газетіндегі мақалаға Генри — немісше, париждік «Журнал
оффисьельге»— французша, түріктердің айыптауларына — туристе
жауап беріп, Кальверттің екінші мақаласына ағылшынша жауап
қайтаруға əзірленіп жүрді. Кезекті бір құстаналаудан кейін алғашқы
минуттарда қатты ашынғанымен,— жазықсыздан жазықсыз жапа
шеккен бейкүнə адамның кейіпіне енген ол лағынет жаудырып, үйдің
ішінде əрлі-берлі теңселіп жүріп алатын,— артынан көп ұзамай
қайтадан сабасына түсетінін Софья байқап та қалып еді. Сосын жазу
үстеліне барып отыратын да жауап жаза бастайтын. Өзінің
дұрыстығын дəлелдейтін мысалдарды бір беттен соң бір бетке
толтыра жазатын: міне, Чарльз Ньютонның Ежелгі ескерткіштердің
корольдік қоғамының мəжілісінде айтқан пікірлері; міне, оның
«Академияда» жарияланған мақаласы; міне, Венадағы антика
профессоры Гомперстің мақаласы: ол Троядан табылған жазбалардың
шешуін тапқан — басқа, бұл көне Кипр жазуы екен, ал тілі — нағыз
грек тілі. Міне, Макс Мюллер «Академия» журналында троялық əріп
таңбаларын келтіріп, бұлар Кипр жазуына туыстас деген түйін
жасайды.
Тек жалғыз Англияда ғана Шлиманның айдыны асып тұрған. «Троя
күнделіктері» ағылшын тіліне аударылып жатқан, ол «Троя жəне оның
жұрнақтары» деген атпен таяу арада жарық көрмек еді. Баспагер Джон
Мэррей Дора Шмитц атты тəуір аудармашы тауып, редакторлыққа
антика тарихы жөніндегі белгілі маман, профессор Филип Смитті
шақырған-ды. Филип Смит кітапқа алғысөз жазған болатын. Алғысөз:
«Ендігі жерде «Троя» есімі тарихи дəстүрге сəйкес орналасқан
орынында тұрған ұлы қаланың — жаулары талан-таражға ұшыратып,
түгін қалдырмай өртеп жіберген қаланың —«ғаламат жұрнақтарымен»
мəңгілікке тығыз байланысты болады», деген сөздермен аяқталатын.
Бірақ бəрінен қуаныштысы — ықпалы мол Ежелгі ескерткіштердің
корольдік қоғамының 1875жылғы 24 июньдегі мəжілісінде лекция
оқуға шақырғаны болды премьер-министр Уильям Гладстон зор
ілтипат білдіріп, Шлиманды қоғам мүшелеріне таныстыруды
ұсыныпты — тек осының жалғыз өзі-ақ лектордың үлкен құрметпен
қарсы алынатындығын көрсетіп тұрған-ды. Троя жəне оның
жұрнақтары» кітабының жарыққа шығатын кезі де осыған тұспа-тұс
келетін. Генридің қуанышы қойынына сыймай жүрді.
— Англияда болғанынан кейін, Софья, континентті түгел аралап
шығамыз. Оның үстіне бұл нағыз демалуға қолайлы кез ғой:
Голландияға, Венгрияға, Данияға, Швецияға, Австрияға, Германияға
барамыз, менің туыстарыма соғып шығамыз. Бұл жолы музейлерде
зерікпейтін боласың: Троядан тапқан олжаларымызға ұқсас
экспонаттарды көресің.
Софьяның көзінде шаттық оты ұшқындады.
— Андромаханы бірге ала кетсек қандай жақсы болар еді! Жəне
Калипсоны да. Өзіміз шаруамен жүрген кезде оны күтетін кісі керек
қой.
Генридің көңілі шалқып тұрған.
— Келістік. Спиросты да Парижге бір аптаға шақыртып аламыз.
Сентябрьдің аяқ кезінде Ареопагтың жеті соты өз шешімін
жариялады. Істің мəніне терең бойламаған олар сот жүргізуде
жіберілген қателерді санап шығумен шектеліп, осының негізінде
апелляциялық сот шешімінің күшін жойды.
Константинополь музейінің адвокаттары алғашқы инстанция
сотына жаңа өтініш түсірді. Бұл жолы сот Генри Шлиман шартта
көрсетілген талаптардың біреуін орындамаған деп қаулы етіп, доктор
Шлиман тең жартысын Оттоман империясына төлеуге тиісті соманы
нақтылау үшін Троя қазынасының эксперттік бағасын анықтауға əмір
берді.
Түріктер бұл шешіммен келіспеді. Олар алтынды тұтастай талап
етіп, қайтадан апелляциялық сотқа өтініш етті.
Оныншы октябрь күні апелляциялық сот Константинополь
музейінің бұл өтінішін орындаудан бас тартты да, алғашқы инстанция
соты тағайындаған үш эксперт 21 ноябрь күні «Троя көне
бұйымдарында» келтірілген тізім бойынша — Генри оларды қазынаға
жақын да жуытпаған — алтынның бағасын анықтап берді. Мəрмəр
Аполлонды қосып есептегендегі барлық сома төрт мыңдай доллар
құраған еді.
Шлиман түріктерге жартысын төлеуге ойланбастан келісті. Бұл даудамайды тыятын-ды. Сөйтіп, ақыры олар азаптарынан ада болды.
Қыс жақындап қалған. Көше шамдарының өлусіреген жарығында
қуырылған каштандар сатыла бастады. Нөсер жаңбырлар жиілеп кетті.
Ал, Шлимандар той жасап жатқан болатын. Софья қиын кезеңде
Генриге аз да болса тілеулестік білдірген адамдардың бəріне
шабарман мен ат айдаушысы арқылы түскі қонақ асыға шақырту
жіберді. Қуанышының көптігі сондай, тіпті Луиза Бюрнуфты да
шақырды.
Түрік үкіметі соттың шешіміне өре түрегелмегенімен, бұл шешімді
грек сотының сұлтанмен кикілжіңге барғысы келмегені деп қана
бағалады. Əрине, түріктер өтем орынына төленетін екі мың долларға
қанағаттана қоймаған еді. Түрік елшілігінің бірінші секретары
Шлиманға Афиныға жаңа елші — Фотиадис бидің келе жатқанын, оған
əлгіден гөрі əділірек жəне қанағаттанарлық келісім жасау
тапсырылғанын хабарлады.
— Олар пəрменді қайта жалғастыруға ынталы екенімді біледі,—
деді Генри Софьяға.— Троядағы қазба жұмыстарын аяғына жеткізуге
асығып жаным шығып жүргені, жаңа пəрмен үшін не сұраса да
беретінім оларға жақсы мəлім. Түріктерге музейлерін жөндеуден
өткізу үшін сегіз мың доллар ұсынғанмын. Бұның əділ шешім екенін
олар түсінеді ғой деп ойлаймын.
— Түсінетін болса Фотиадис биді несіне жіберіп отыр? Уəде
бергеніңді ескерте салса да жетпес пе еді?— деп қарсылық білдірді
Софья.
— Мен уəдемді сот жүріп жатқанда, қазынаның тағдыры қыл үстінде
тұрған кезде бергенмін. Ал, қазір екі мың доллар төлесем болды — іс
тəмам.
Софья күйеуінің иығына қолын қойып, оған күлімсірей көз тікті.
— Ендеше, Фотиадис биді ақ пейілмен қарсы алайық. Критте қалай
дейтіні есіңде ме? «Ақша ардың садағасы», дейді.
Бірақ, Түркиямен арадағы бұл шаруа тек 1875 жылдың апреліне
таман, жүйкелерін əбден жұқартып барып қана біржола тəмамдалды.
Бұл шырғалаңға кінəлі Фотиадис би емес еді, Шлиманның екі мың
доллар штрафқа қосымша төлейтін сегіз мың доллары əбден
қанағаттандырған ағарту министрі Сафуат паша да емес-ті. Шатақты
шығарған адам доктор Филип Детье еді. Константинопольға
шақыртылып алынғаннан кейін оның беделі əжептəуір ақсап қалған
болатын. Бес айға жуық уақытқа созылған осынау келіссөз кезінде
олар тек Акрополға барып, жұмысшылардың көне тақталарды күйрек
əйнектей əлпештеп, Венеция мұнарасын баппен бұзып жатқандарын
сағаттар бойы бақылап тұрған кездерінде ғана жандарына тыныштық
тауып жүрді.
Генри Европаға саяхаттарына байланысты шаруаларды алдын-ала
ыңғайластырған. «Чаринг-Кросс» отеліндегі бөлмелері мейлінше
жанға жайлы болатын. Дос-жарандары оларға май айының гүлдерін
жолдаған еді, күтуші əйел бұны қонақ бөлмедегі биік вазаларға салып
қойды. Софьяға Лондон қатты ұнады. Күн қоңыр салқын боп тұрған.
Софья ағылшынша жеңіл акцентпен сөйлейтін.
— Ағылшындардың өздері де осылай сөйлейді,— деді ол өзін-өзі
жұбатып.
Генри мен оның Шредер кеңсесіндегі ескі таныстары Софьяға
Лондонды аралатып көрсетті. Олар Вестминстер аббаттығында,
Букингем сарайында, лондондық Тауэрде, Петтикоут-Лейндегі
базарда, Темза үстіне салынған көпірде болды. Лондонмен
салыстырғанда Афины неткен жүдеу көрінетін еді десеңші! Софьяны
көшедегі адамның көптігі қатты таңырқатты. Бəрі де сулық киіп алған,
қолдарында — қайда барса да қалдырмай ала шығатын қолшатырлар.
Ашық аспан астындағы кафе дегендерің атымен жоқ. Чарльз Ньютон
өткен жылғы қонақжайлылықтарына жауап ретінде Генри мен
Софьяға өз музейінің қазыналарын көрсеткен. Олардың құрметіне
түскі қонақ, асы берді. «Лорд юджиннің мəрмəрларына» таңдана көз
тіккен Софья: «Бұлардың орыны өз отанында, Парфенонда емес пе
еді!» деп күйінді. Келесі күні олар қауымдар читасында болды —
Гладстон екеуін көпшілікке арналған галереяға алып баруға əмір
етіпті. Парламенттік қызу айтыстар Софьяның музейдегі кешегі
пішінін ұмыттырып жіберді. Таңертеңгі жəне кешкі мəжілістер
арасындағы үзілістерде Гладстон оларды Темза жаққа қаратылған, күн
сəулесі ойнаған верандаға шақырды. Софья мұнда бірнеше
министрмен танысып, қаймақ қосылған құлпынаймен шай ішті.
Афиныдан шығарда-ақ басталған безгек Софьяны пароходта одан
əрі мазалап келіп еді. Алғашқы күндердің қуанышқа толы абырсабырымен алданған ол ауруға көп көңіл аудара қоймаған. Бесінші күні
таңертеңнен-ақ біресе тоңып, біресе жанып əбігері шыға бастады.
Перденің сыртында əйнекке жаңбыр сабалап тұрған. Софьяның тұла
бойы күйіп-жанып, басы сынып бара жатқандай көрінді. Генри жұрт
өзіне «Англиядағы ең тəуір медик» деп кеңес берген дəрігер Фаррені
шақыртты. Ол Софьяны «febricula» дертіне шалдыққан деп тапты, ал
Генриге: «Ауытқымалы безгек, өзінен өзі кетеді», деп түсіндірді.
— Бірақ, əйтеуір бір шара қолдану керек қой,— деді Шлиман
тықақтап.
— Миссис Шлиманды Брайтонға алып баруға кеңес берер едім.
Ондағы жылы ванналар дерт атаулыға мың да бір ем. Айнала теңіз,
күншуақ, тыныштық. Табиғат өз қателіктерін өзі түзете алады.
Шредер кеңсесіндегі агенттердің мейірбанды көмегі арқасында
Генри Брайтондағы Кингз-Роудтан бір тəуір үйді жалдап алды. Бұл
үйдің мисс Стили есімді өз күтуші əйелі бар екен. Генри Софьяның,
Андромаха мен Калипсоның ештеңеге мұқтаж болмауына қам жасады:
оларға жемістер мен көкөністер, басқа да тағамдар мол етіп жеткізіліп
тұрды. Бұған қоса əйелі Шлиман жайлы мақалалар мен хабарларды
жинап жүруі үшін күн сайын лондондық алты газет алатын болды.
Лондон поезына асыққан Генримен қоштасып тұрған Софья оған:
— Корольдік қоғамның мəжілісіне əйелдерді жібермейтінін білемін.
Сол себепті, Лондонда болған күнімнің өзінде де лекцияңды тыңдай
алмас едім. Бірақ, өзің кафедраға көтерілген минутта мен де баласы
Гектордың мəйітін алу үшін мол сый-сияпат арқалап ахейліктер
лагеріндегі Ахиллға аттанған Приам патша құсап құдайларға
құлшылық ететін болам,— деді.
Бу ванналары дауа болды. Ұзамай Софья Андромаха мен Калипсоны
ертіп пляжға суға шомылуға барып жүрді.
Шлиманның Ежелгі ескерткіштердің корольдік қоғамында,
Берлингтон-Хауста 24 июнь күні оқыған лекциясы құрмет пен
қошеметке бөленді. Бұған алты репортер қатысты. Олардың есептерін
Софья Генриге арнап қиып алып отырды. Оған əсіресе
«Иллюстрацияланған Лондон жаңалықтарындағы» сурет өте ұнады.
Мұнда доктор Шлиман ақ галстук тағып, фрак киген кейіпте
бейнеленген еді. Алынбалы жағасы жіңішке мойынын ұзарта
түскендей. Көзіне пенсне тағып алған Генри екі биік шырағдан
қойылған үстел басында лекция оқып отыр. Айнала-төңірегі өңкей
атақты адамдар — ғалымдар, жазушылар. Бұл оның өміріндегі ең
шуақты сəттердің бірі болғандығын Софья айтпай-ақ аңғарған.
Софья емделіп жатқан кезде Генри Оксфорд пен Кембриджден жаңа
достар тауып үлгерген-ді. Ол бұрын бір рет өзіне қолдау көрсеткен
Макс Мюллерді шексіз құрмет тұтатын. Екеуі достасып та алды.
Жексенбі күндері Генри Брайтонға келіп, теңізге шомылатын,
демалатын, сосын Софьямен біріге отырып саяхаттарының
маршруттарын қайта қарайтын: Берлингтон-Хаустағы қошеметтен
кейін лекция оқуға бірнеше шақыру алған-ды.
Июннің аяғында олар Парижге келіп, «Лувуа» қонақ үйіне
орналасты. Мұнда бұларды Спирос күтіп жатыр еді. Парижде
Софьяның безгегі қайта ұстады. Ауру меңдеткен Софья төсек тартып
қалған кезде Генри қатты абыржып, Спиросты өздеріне таныс грек
дəрігерді шақырып келуге жұмсады. Бұл бұдан бес жыл бұрын
Софьяның асқазанының ауыру себебін тауып, Шлиманға əйелін туған
жеріне, Грецияға алып баруға кеңес берген дəрігер еді.
Софьяны қарап шыққан ол:
— Бұл безгектің бір жағымсыз ерекшелігі бар — іші жиі қайта
оралып соғып отырады. Себебін ешкім де білмейді. Дегенмен, онша
қауіпті емес. Екі апта күтінсе — өтеді де кетеді. Тіпті, біржола кетуі де
мүмкін, - деді.
Екі апта!— Генри саяхат маршрутын қолына алып, жүретін кездері
белгіленген күнді саусағымен санады. Осы күннен басталып, алты елді
аралап шығатын сапарларының кестесі əр сағатына шейін белгіленіп
қойылған болатын.
— Бұндай жағдайда,— деді дəрігер салқын ғана,— сізге не
сапарыңызды кейін шегеруге, не мадам Шлиманды Парижде
қалдыруға тура келді. Оның қазіргі жағдайында қандай да бір сапар
жайлы ауызға алуға да болмайды.
Генридің түріне қараудың өзі аянышты еді. Софьяның да көңілі
жүдеп қалған.
— Бұл сапарлар жайлы сондай көп армандап едің ғой,— деп үгіттей
бастады оны Софья.— Оған қоса енді лекциялардан да бас тартуға
болмайды. Жалғыз бара бер. Менің ештеңем де кетпейді. Спирос пен
Калипсо маған қарайды ғой.
— Жалғыз кеткеніме шыныңмен қарсы емессің бе?
— Əрине, қарсымын. Бірақ, сені бұл сапардан тоқтатқым келмейді.
Тек бес аптада үлгеретін бол. Сенсіз Парижде бес аптадан артыққа əсте
де төзе алмаймын.
— Мен дəл сол бесінші апта толатын күні келем. Міне, мынау саған
екі мың бес жүз франк. Сіздерге бұның тең жартысы да жететінін
білем, бірақ керек боп қалуы мүмкін ғой.
Безгек бір аптаның ішінде-ақ өтіп кетті. Софья төсектен бас көтерді.
Спирос күйме жалдап, күндіз оны Булон орманына апарып қыдыртып
қайтатын. Олар көлеңкеге тоқтайтын, ал Андромаха көк майсада ойнап
жүретін. Софья циркте де бірнеше рет болды, бұны өткен жолы
келгенінде-ақ ұнатып қалған. Эжен Пиа Парижде еді, ол Софьяны
комедиялық операға апарып қайтты. Генридің тағы бір жолдасы оны
жұрт аузынан түспей жүрген комедияға алып барды. Шезлонгта
жайғасып отырып алған Софья ұзақ сағаттар бойына кітап оқумен
айналысатын. Генриге жазған хаттарында ағылшын сөздерін француз
сөздерімен алмастырып жіберетін. Күйеуі мұны да қағыс қалдырмай:
«Французшадан гөрі сен ағылшынша тəуірірек жазасың» деп жауап
қайтаратын.
Генри хатты жиі жазып тұрды. Лейденде ол «бірден музейге барып,
бəрін де мұқият зер салып қарап» шығыпты. Голландиядан ол
голландтық король ханымы Софьядан түскі қонақ асы іштім деп
мақтанды. Ал, хаттағы келесі сөйлемнің Софьяны састырғаны сонша,
өз көзіне өзі сенбей бірнеше қайтара оқып шықты: Генри одан қонақ
үйге тиісті төлемнің есебін апта сайын жіберіп тұруын сұрапты.
Алғашқы есеп салынған хатты алысымен ол Софьяға көне грек тілінде
жауап жазды:
«Қымбаттым менің, хатқа салған есебіңнен байқағанымдай,
таңертеңгі ішкен тамағың үшін сенен жеті франк, ең аз дегенде бес
жарым франк алады екен. Қымбаттым-ау, бүйтуге болмайды ғой, бұл
деген ұят қой. Таңертеңгі асыңды басқа бір жерден ішсеңші, бір жарымекі франкқа кез-келген жерден тоя тамақтануыңа болады емес пе.
Жарты ақылдар мен жарыместер таңертеңгі асына жеті франк жұмсай
берсін, ал сен бір жарым-екі франк жұмса. Таңғы кофеңді қонақ үйден
іш, бұл онша қымбатқа түспейді. Түскі асыңды да содан іш. Бірақ, тəңір
жарылқасын, төгіп-шашып таңғы тамақ ішкенді дереу доғаратын бол.
Өйткені, бұл жұтату дегеннің нағыз өзі ғой. Сенен қуанышты
жаңалықтар күтем. Жанымдай жақсы көретін жұбайымды құшыпсүйдім.
Шлиман».
Софья не дерін білмей ақтарылды. Осынау алаөкпе адамның мына
жұмбағының шешуін ойлап бір сағат бас қатырды.
«Грек үкіметіне жеке меншік жері мен музейін тарту етеді — бұның
бағасы кем дегенде 50 мың доллар. Түркияға Троадада бірлесе
жүргізілетін қазба жұмысының шығынын өзі көтеруге ұсыныс
жасайды — бұның да құны 50 мың доллар. Музейді қайта салдыру
үшін түрік үкіметіне сегіз мың доллар береді. Сөйтіп жүрген адам
əйеліне «Лувуа» қонақ үйінің ресторанынан таңғы тамағын ішуге тиым
салады. Өйткені, ресторанның тамағы бес-жеті франкқа түседі, ал
көрші кафеге барсаң отыз-қырық центке де тамақтанып шығуыңа
болады».
Адамдар қызық жаратылған-ау өзі!
Əлде бұл қасында болсам əрі дос, əрі көмекші, ал жырақта қалсам
масыл сияқты көрінетіндігімнен бе?— деп ойлады Софья.— Əлде бұл
оның дүниеде бəрін маңызды жəне маңызсыз деп екіге жіктеп
дағдыланғандығынан ба екен? Əлде ұсақ-түйекке ақша шығындауды
жаны сүймей ме екен? Қалай болған күнде де мен бəрібір таңғы
тамағымды қонақ үйдің ресторанынан ішетін боламын. Оның тамағы
да дəмді, қызмет көрсету мəдениеті де жоғары».
Сентябрьдің бас кезінде олар Шлиманды Солтүстік вокзалдан қарсы
алды.
Сол күні де, кейін де Генри мадам Шлиманның бес апта бойы таңғы
тамағын «Лувуа» қонақ үйінен ішкендігі көрсетілген есептер жайлы
жұмған ауызын ашқан жоқ. Өзі қалдырған бес жүз доллар жетпей
қалып, тағы да ақша салып тұруға мəжбүр болғандығы жайлы да
ештеңе деген емес.
«Екінің бірі — не ол өткендегі хатын енді қайтып есіне алмауға
ұйғарым жасады, не оны мүлдем ұмытып кетті», деп шешті Софья.
Алты жылдың жұбайылық əмірді артта қалдыра тұрса да, басына
бұдан өзге ой келе қоймады. Бірақ, өзінің бас бостандығы жолындағы
кішігірім қақтығыста жеңіске жеткен болатын.
«Əкемнің Греция азаттығы жолындағы майданда алған медалін
өңіріме тағып жүруіме енді менің де толық қақым бар», деп күлді ол
ішінен.
Парижде өзін қазба жүргізуге берілген рұқсат күтіп жатқанына
Шлиман нық сенімді еді. Түркиядан да, Грециядан да ешқандай хабар
болмағанын біліп, қабағы түсіп кетті.
— Қазатын ештеңе жоқ кезде мен үшін бұл өмірдің сəні жоқ,— деп
шағынды ол кешкі астың үстінде.— Сен мені əуейі деп есептейсің.
Жаңылған жоқсың. Таяу арада бір жерден қазба жұмысын бастамасам
болмайды-ау деймін.
— Сонда қай жерден қазбақсың, Генри?
— Рим музейінің бас директоры сеньор Фьореллиден хат алдым.
Оның хаты мені Римнің оңтүстігіндегі Альбаноға шақырады. Сондағы
жанартау лавасы жапқан топырақтың астында адам мəдениетінің ізі
бар-жоғын анықтау қызықтырып тұр.
Софья оның қол қусырып қарап отырғанша əйтеуір бірдеңемен
шұғылдануға құлшынып жүргенін аңғарды. Генридің Европадан алған
əсерлері солғын тарта бастаған кезде, үйге қайтатын да кез жетті-ау
деп шешті. Қайтып барған бойда түрік елшісіне өтініш білдірмек, бір
кезде үй-іштері араласып тұрған ағарту министрі Георгиос Милессиске
жалынып-жалбарынбақ.
Олар Марсельден аттанды. Генри Неапольден түсіп қалды. Оның
жолы болмағаны алғашқы хатынан-ақ аңғарылды. Қазба жүргізу үшін
жүзімдігін сатқан альбандық шаруа бақ ішінен, лава қабатының
астынан тауып алдым деп оған римдік көне этрустық вазаларды
көрсетіп, алдап соғыпты. Генри қаза-қаза құрылыққа шейін жетіпті,
бірақ тірнектей мəдениет ізін таппапты. Турасын айтқанда,
тақыршаққа отырып қалыпты.
Октябрьдің ортасында Шлиман Сицилияға, Палермоға келді.
Əлдебір чиновник оған Пантеллерия атты шағын аралдағы Марсала
маңынан қазуға кеңес беріпті. Софья сол жақтан телеграмма алды.
Онда:
«Жоқшылық пен қайыршылық жайлаған жерде тұрғандығымнан
сені шақырып алуға батылым баратын емес», делініпті.
Пантеллериядағы мəдени қабат өте жұқа боп шықты, бұл қабаттың
астынан да ештеңе табылмады. Шлиман Сегетаға тартты, одан шығып
Таорминаға, Сиракузыға бет алды — осылай əрлі-берлі жын соққандай
жортты да жүрді. Өйткені, оның қайткенде де қазуы керек еді —
қайдан қазса да, не қазса да бəрібір, əйтеуір тек қазса болатын.
Генридің қынжылысқа толы хаттары Софьяны бұрынғыдан да
батылырақ
қадамға
итермеледі.
Ол
өздерінің
адвокаты
Делагеоргиспен ақылдасты. Адвокат əзірше түріктерге тілек білдірмей
тұра тұруға кеңес берді — олар қазір бұдан да гөрі маңыздырақ ішкі
шаруаларымен шұғылданып жатқан. Сөйткен соң Софья министрлік
пен университеттегі таныстарының табалдырығын тоздырып,
Георгиос Милессиске ықпал етуді өтіне бастады.
Ноябрьдің аяқ кезінде жазған хатында Генри: Италиядан
музейлерде жоқ көне дүниеліктерді табудың орайы келетін емес.
Шамасы, менің маңдайыма ежелгі замандармен шұғылдану жазылған
шығар», деп шағым айтыпты. Дəл осы тұста Генри түрік сыртқы істер
министрі Рашит пашаның Афиныдан өзінің қазіргі адресіне
аударылған хатын алған-ды. Онда Константинопольдағылардың жаңа
пəрменге жылы қабақ көрсетіп отырғандары хабарланған. Генри тез
жиналды да, алғашқы пароходпен Пирейге аттанып кетті.ж
Рождествоға санаулы күндер қалғанда Рашит пашадан екінші хат
келді: шамасы, теріс ойдағылар прекеттерін қойса керек; егер
Шлиманның өзі Константинопольға келетін болса пəрменді алып
қалары анық. Софья күйеуін Жаңа жыл мен шоқындыру мерекелері
қарсаңында жібере қойғысы келмеген. Бірақ, Генриді ұстап тұру қиын
болды — Рашит пашаның хаты оған қанат байлағандай еді. Оның
үстіне Генри бармай қалып, жағдай өзгеріп кететін болса тағы да өзі
кінəлі боп шыға келеді ғой. Рождество мен шоқындыру Софья үшін
қадірлі мерекелер екенін Генри білетін, сол себепті оны өзімен бірге
кетуге қолқалай қойған жоқ. Əйтсе де, егер пəрмен ала қалатындай
болса Троададағы үш айлық қазбаларға жайлап əзірлене беру
керектігін ескертті. Софья келісті. Генри үй ішіндегілердің бəріне
сыйлық сатып əперді де, Константинопольға жүріп кетті. Ол жақтан
жазған хаттарында қуанарлық ештеңе жоқ еді.
«Сол бұрынғыша қиындықтарға кезігіп жүрмін,— деп жазды ол
Софьяға.— Өзімнің шамам жетер емес. Тек Троядағы ашқан
жаңалықтарыма деген жұрттың ынта-ықыласы мен шетел елшілерінің
ерекше ілтипаты, олардың Гомерге жəне оның Илионына деген
ықыласы ғана сүйеніш боп жүр...»
Арада бір апта еткен соң Генри пəрменге бүгін-ертең қол қойылғалы
жатыр деп хабарлады. Ол «Византия» қонақ үйінің тəуір номеріне
орналасқан-ды. Барлық бос уақытын «білімдар да атақты
шетелдіктер» арасында өткізетін. Генридің қуанышына орай, үстел
басындағы əңгіме бірден жеті немесе сегіз тілде жүреді екен. Бірақ, ол
бір қымбат досын жоғалтыпты: Джордж Бокерді Россияға елші етіп
ауыстырып жіберіпті.
Алайда, ескі көйлектерін ала шығуды ескертіп, Генри өзін
Константинопольға шақыртқанша тағы да əлденеше апта өтті. Софья
февраль айының басында жүрмекші боп, пароходқа билет сұратып та
қойған. Генри ырза-тұғын. Үстел басындағы достары Софьяның келуін
асыға күтіп жүргенін, бұл арадан оның «бұрын ешқашан бастан кешіп
көрмеген рухани лəззатқа кенелетінін» айтып хат жазып жатқан.
Нақ сол шамада халық ағарту министрі Софьяға амал-əрекеттерінің
ақыры нəтиже бергенін, таяу күндерде Грецияда қазба жүргізуге
рұқсат алып қалатындығын аңғартты. Софья күйеуіне өзінің əзір шыға
алмайтынын айтып телеграмма жолдады. Генри налығанымен,
қайтсең де кел деп қасарысқан жоқ: пəрменіне əлі күнге шейін қол
қойылмаған-ды.
Генри Пирейден археологиялық құрал-жабдықтарының бір бөлегін
ғана əкеткен. Қалғанын қажетіне қарай Спирос салып жібермек еді.
Генри мен оның достары Константинопольда тыным таппай əрекет
еткенімен, сонша сарыла күткен пəрмені тек бесінші майда ғана
қолына тиді. Жіберген телеграммасын оқып отырған Софья Генридің
осынау қуанышты хабарды: «Одиссейдің Троядан қайтар жолда бастан
өткерген он жылдың азабы менің осынау айлар ішінде
Константинопольда бастан кешкен азабымнан əлдеқайда жеңіл болған
шығар», деп бейнелеп жеткізген сөздеріне езу тартпай қала алмады.
Əйтсе де, Софья əзірге қозғалмай-ақ қойсын. Яннакис бұлардың
бұрынғы үйлерінің қирап қалғанын хабарлапты. Шаруалар есіктерезелерін сындырып, шатырдағы кіреміттерді түгелдей сыпырып
əкетіпті. Төбеден жаңбыр ағып, бөлмелердің бəрін бүлдіріпті. Онымен
қоса қазбаларды да тəртіпке келтіру керек екен: қабырғалары құлап,
траншеяларды тереңдігі он футтай лай балшық басыпты. Скамандр
тасып, жота мен теңіз аралығындағы жазықты үш рет суға бөктіріпті.
Тіпті жолымыз болып тəуір ағаш ұсталарын тапқан күннің өзінде де,
ескі үйдің орынына тұрмысқа жарамды жаңа тас үй тұрғызу үшін жəне
қосалқы жайлар қалқайту үшін əлі де талай апта керек, деп жазды
Генри. Трояда тұруға болатын жағдай жасалған кезде Софьяны дереу
шақыртып алуға уəде берді.
Бірақ, Софья ақыры шақыру ала алмады. Ғыссарлыққа барған Генри
бəрінің бетімен жіберіліп, ойран-ботқасы шығып жатқанын көрді.
Яннакиске Трояда жұмыс істеуге рұқсат етілмеді. Бейшара жігіт бір
жолы тіпті шейіт болып кетем бе деген қауіпті де бастан кешіпті.
Шанаққалада бұрынғы губернатор отыр еді, бірақ оның бұған деген
ілтипаты өзгеріпті. Енді Шлиманға тек таза қанды түріктерді жалдауға
ғана рұқсат етілген. Бұл жұмысшы күші тұрақты жетіспейді деген сөз
еді. Бақылаушы болып Іззет əпенді деген кісі бекітілді. Ол адамды
ығыр қылатын тəртіп орнатты. Шлиманды қас қағым уақыт жалғыз
қалдырмай, күндіз-түні салбаңдап соңынан еретін де жүретін. Ақыры
барлық сұйық балшықты қотарып тауысқан кезде — ал, бұл шектен
тыс азапты жұмыс еді — Приам сарайының маңынан алғашқы қызық
олжалар кезіге бастады. Бірақ, Іззет əпенді бұларды фотоға түсіруге
тыйым салды. Қабырғалар мен тас төселген көшелердің суретін салуға
да рұқсат етілмеді.
Шыдамның шегіне еткен нəрсе губернатор Ибрагим пашаның келуі
болды. Ол Ғыссарлыққа Шлиманның не істеп жатқанын көру үшін жол
шеккен.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 26
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.