Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 31

Total number of words is 3940
Total number of unique words is 2237
31.8 of words are in the 2000 most common words
45.6 of words are in the 5000 most common words
53.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
аргостықтар жаулап алғанға дейін болып кеткен деген ұйғарым
жасалды.
Бірінші декабрь күні таңертең тағы бір таңқаларлық олжа табылды.
Жұмысшылардың шағын тобы солтүстік қабырғаның жанын қазып
жатыр еді. Көп ұзамай малта тастар қабаты көрінді. Генри əдетінше
жұмысшыларды жоғары жіберді де, Софья мен профессор Финдиклис
үшеуі күл басқан малта тастарды былай ысыра бастады. Үшінші
сүйекті олар осы арадан тапты. Алтын маска майысып қалғандықтан,
оған қарап марқұмның кескінін анықтау мүмкін болмады. Генри оның
маскасы мен көкірегін жапқан алтын пластинасын көтеріп алды —
бəрі де тұрған орындарында сілейіп қатты да қалды. Марқұмның басы
мен кеудесі бұзылмай сол қалпы сақталыпты. Беті кəдімгі тірі адамның
бетіндей еді. Жазық маңдайы, жұқа еріндері, жұмық қабақтары,
кіршіксіз аппақ тістерінің қос қатары — бəрі-бəрі сол күйінде болатын.
Тек қысқалау қыр мұрыны ғана — олар оның мұрыны осындай болуға
тиіс деп жобалаған — жетіспей тұр. Марқұмға қабірдің тарлық еткені
сонша, басы тура мағынасында ішіне тартылып кетіпті. Көкірек жағы
да жақсы сақталыпты, əйтсе де арада мыңдаған жылдар өтуі
салдарынан қабырғалары омыртқаларына кірігіп қалыпты. Жанбас
сүйегі де орын-орнына боп шықты, бірақ бұдан өзге дене мүшелерінен
ештеңе сақталмапты.
Кескіні шынында да керемет еді. Нағыз қажырлы да қайратты
адамның кескіні-тұғын. Көзі тірісінде өте келбетті кісі болғандығына
күмəн жоқ-ты. Тілін кəлимаға енді ғана келтірген Генри Софьяға:
— Агамемнонның келбетін көз алдыма тап осындай кейіпте ғана
елестетіп жүргем,— деді.
— Апырай, Генри, бір емес үш Агамемнон тауып алғаның тым көптік
етпей ме? Ахейліктер əскерін осы үшеудің қайсысы басқарғанына
ақыры бір тоқтам жасауың қажет қой деймін,— деді Софья налығандай
боп.
— Оның рас,— деді амалы таусылған Генри.— Ана бір алғашқы
ғаламат сұлу маска, соз жоқ, Агамемнонның маскасы. Бірақ, астында
бет əлпеті сақталмаған. Мен өзім өмір бойы іздеп жүрген адамды, оның
кескінін көріп тұрмын, ал маскасы мүлдем басқа жерден жолықты.
Енді маған осы жұмбақтың шешуін табу керек.
Олар сүйекпен бірге қойылған заттарды қарастыруға кірісті.
Көкірек пластинасы біршама қалың екен, бірақ өрнек салынбапты.
Ұзындығы он алты, ені он дюйм боп шықты. Мəйіттің оң жағынан екі
қола семсер табылды. Біреуінің сабы алтынмен апталыпты. Бар
болғаны бір ғана фут тереңдіктен Генри он бір қола қанжар, алтын
пластинкалар, жүзден астам алтын қаптырма тапты. Софья өзі қазып
жатқан жерден он екі алтын пластинка тауып алды. Оның біреуінде
бұғыны қуып бара жатқан арыстан бейнеленіпті. Осы арадан үлкен
алтын кубок табылды.
Генри профессор Фидиклиске бұрылды.
— Мына мəйіттің мұншалықты жақсы сақталғаны шынымен-ақ
ғажап нəрсе. Мен бұған қол тигізуге қорқып тұрмын — басқа да
қаңқалар құсап, күлге айналып кетуі мүмкін ғой. Мəйіттерді қалай
бальзамдауға болатынын білмейсіз бе?
— Бұны сақтап қойғыңыз келіп пе еді? Өкінішке орай, ондайдан
хабарым жоқ. Жəне мұндай өнерпаз адам бүкіл Арголидан да табыла
қоярына күдігім көп.
— Ендеше, Нафплиондағы суретшімізді шақыртудан басқа амал
қалмайды. Оған дереу мұнда келіп, мына көне дəуір патшасының
портретін салуы қажеттігін хабарлау керек. Мен оның кескінін кейінгі
ұрпақтарға жеткізгім келеді.
Генри шахтадан шықты да, қалтасынан блокнотын алып, қазбалар
басына тез келуін өтініп, Перикл Комненосқа телеграмма жазды.
Сосын қайтадан төмен түсті. Күн қараңғыланып бара жатқан.
— Мəйітті бүлдіріп алмас үшін жұмысты таңертең жалғастырған
жөн болар.
— Қабірді мына күйде қалдырған қауіпті емес пе? Мына арада əлі
талай алтын бар ғой,— деді Софья.
Генри Софьяны қуаттап шықты. Шырақ жарығында да жұмыс
істеуге болады, деді. Профессор Финдиклиске сыпайы түрде болса да
билігін пайдалануға тура келді.
— Алаң болмаңыздар, солдаттар мұнда ешкімді жібермейді.
Жұбайлардың көнбеске шарасы қалмады. Генри Стаматакисті
төменге шақырып, алтындар мен асыл заттар, көкірек пластинасы мен
маска салынған соңғы жəшіктерді табыс етті. Айқайлап, жоғарыдан
арқан түсірулерін өтінді. Сол арқанмен жəшіктерді ерсілі-қарсылы
шандыған Генри тағы да айқайлап, жоғары көтеруге болатынын
хабарлады. Жəшіктерді жоғарыдан Стаматакис қабылдап тұр еді. Ол
жіпті шешіп, əр жəшіктің бетін кенеппен жауып, арбаға апарып тиеп
жатты. Жəшіктер түгел тиеліп болған кезде, сыртынан бəрін одеялмен
жауып тастады. Арбаны күзетуге түрінен жан түңілетін бір солдат
қойылды. Бірақ, бұл бекер жасалған сақтық болатын. Атам заманғы
патша қабірінен алтын ұрлауға кімнің дəті жететін еді? Арголида
тұрғындары мұндай арсыздар адам айтқысыз ауыр азапқа ұшырайды
деп сенетін. Генри Троададағы жер қазушылардың əулиелер
мейрамында жұмыстан бас тартатындарын, өйткені əулие күнəкарды
жазаламай қоймайды деп қорқатындарын есіне алды. Ертеңіне
таңертең олар қазба басына Дасистер фургонымен барып, мың
жылдың топырақты себелеу жұмысына қайта кірісті. Ұзамай, жүгіріп
бара жатқан үш арыстан бейнеленген үлкен алтын кубок, одан соң
тағы да екі кубок пен шағын тостақ табылды. Қабірдің жанынан
бірнеше күміс кубок пен үлкен ваза жолықты. Бұлар жерленгендерге
тиісті мүлікке ұқсаңқырамайтын. Топырақты кішкене бəкісімен
қопсытып отырған Софья сусын ішетін алебастр тостақ қазып
шығарды. Ал, Финдиклис екі басты бүркітті еске салатын көптеген
алтын жапырақша тапты: жапырақшалар сабағынан бірігіп
тұрғанымен, бастары əр жаққа қаратылған еді.
Перикл Комненос түскі үзілістің алдында салт атпен келді; артына
бөктерген қоржынында эскиздік блокноттар, холст, қыл қалам мен
майлы бояулар бар-ды. Генри оны сол бойда-ақ шахтаға түсірді.
Комненос алдымен қарындашпен нобайын салғысы келетінін айтты.
— Кескіндеме — төл шаруаңыз,— деді оған Шлиман.— Нені қажет
деп тапсаңыз соны жасаңыз. Тек бейне барынша дəл боп шықса болды.
Бірер күннен кейін оны жоғары көтереміз бе деп тұрмыз.
Қалғандары жоғары шығып, тас тақталардың үстіне жайғасып ап,
декабрьдің майда шуағында тамақ ішуге кірісті. Бірақ, олар оңаша
отырған жоқ еді. Соның алдында жұмысшылардың кейбірі Микен
əміршісінің мəйітін көріп қалған болатын. Бұл əңгімені көбейтіп
жіберген. Кеп кешікпей осынау адам естімеген ерекше оқиға жайлы
жер қазушылардың бəрі де хабардар боп үлгерді. Қазір олар ауызы
аңқайған қабірдің жанында тұрған. Жүздерінде үрей аралас таңырқау
бар.
— Ұзамай біздің жаңалығымыз жайлы бүкіл Арголида білетін
болады. Бұл хабар жер-жерге жасын оғындай жылдам тарайды,— деді
Генри.
Сəскеге қарай акропольге айнала-маңдағы деревнялардың
тұрғындары ағыла бастады. Кейбірі есектері мен аттарына мініп,
өңгелері фургонға тиеліп, бірсыпырасы жаяу келіп жатты. Биіктеу
жерге шығып алған олар əлі күнге ағзасынан арылмаған бағзы адамды
көз қиығымен болса да көріп қалу үшін қабір ауызына мойын созысып
тұр еді. Түс ауа Аргостан күймелер келе бастады. Деметриос пен
Спиросқа қабір ішінде қалуға тура келді. Əуесқойларды əрменірек
ұстау үшін солдаттар қабірді айналдыра арқан керіп қойды. Бұл бір
жағынан қауіпсіздікті сақтауға да жақсы болды — абайсызда біреуміреудің апанға құлап кетуі де кəдік қой. Акропольға кейіндеу
келгендер алғашқы сəтте аң-таң боп ауыздарын ашып қалатын да,
артынан таңдана таңдай қағысып, төпелеп сұрақ жаудырысып
жататын. Ал, бұрындау келгендер аз да болса тоят тапқандықтан
олардан гөрі сабырлырақ сөйлесіп тұратын. Генри, Софья мен
профессор Финдиклис үшеуі мəйітті бальзамдай білетіндерді
іздестіріп, ондайлар жоқ болған күнде сондай өнері бар шеберді
естіген адамдарды сұрастырып, бір топтан екіншісіне барумен жүрді.
Тізерлеп отырған қалыптарында аса мұқияттылықпен жұмыс
істеген Генри мен Софья кешке қарай қалқан тəріздес табақшалар,
алтын шүмегі жəне тұтқасы бар күміс вазаның жоғарғы бөлегін,
тұтастай өрнек салынған жүздеген алтын қаптырма, жалпақ алтын
лента — бұның қандай мақсатқа пайдаланылғанына олар ақыры ой
жеткізе алмай қойды — тапты. Төңірек қараңғыланған кезде пышақ
қынына арналған алтын əшекейлер, пышақтың ойып өрнектелген
сүйек жəне мəрмəр саптары табылды; тағы да кішкене тереңірек
қазған кезде бірнеше үлкен мыс ыдыс пен төрт бұрышты ағаш
жəшікке кезікті. Жəшіктің екі қабырғасына арыстан мен ит
бедерленіпті. Ағаш суға бөккен губка тəрізді екен. Генри жоғары
көтеріп үлгермей жатып уатылып кете ме деп қорыққан. Бірақ, олай
болмай шықты; ашық ауаға кезіккен .жəшік тас тəрізді боп қатайып
қалды. Күл арасынан қыш сынықтары көптеп ұшырасты; шағын
қабірдегідей мұнан да тағам қалдықтары — негізінен алғанда
устрицалар — жолықты.
Кеше ғана көз жұмғандай кейіптегі марқұмның жанында күні бойы
жұмыс істеген Софьяны əлдебір мистикалық үрейлі сезім баурап алды.
Ықылым заман бұрын дүниеден өткен əмірші құдды өзінен көз
аудармай қарап жатқандай көрінді де тұрды. Сол тұсқа қарай бұрылса
болғаны, əміршінің əдемі кескіні жанарын бірден өзіне баурап алатын.
Көне дəуір патшасы оған əлдене айтқандай болатын. Софья оның не
айтып жатқанын түсінбейтін, оның тілін білмейтін; бірақ осы соңғы екі
күнде Генри екеуінің бір мезгілде қос тарихи дəуірде: Христос
туғаннан бергі 1876 жылда жəне артында тіршілік белгісінен тұлдыр
да қалдырмаған үш мыңнан астам жылды аттап өткен мына əміршінің
заманында өмір сүріп жүргендерін бұрынғыдан да айқынырақ сезіне
түскен. Əлдебір алтыншы сезім арқылы Софья оның өмір сырына
қанып та қалғандай еді. Ал, оның бұл өмір жайлы бар білетіні тек Троя
мен осындағы, Микендегі қазбалар ашқан нəрселер ғана болатын.
Софья бұл патшадан қорыққан жоқ — оның өңі сұсты емес еді, тек
кесек мінезділігін ғана танытып тұрған. Бұл билік жүргізген ұлан
байтақ Микен патшалығында өмір сүрер болса Софья өзінің бақытты
ғұмыр кешерін сезінді. Бірақ, күйеуі де əмірші ғой. Ол өз əлеміне əмір
жүргізеді. Мына фантастикалық қойма-қабірлерді ашу — Генри
Шлиманның, тек жалғыз соның ғана арқасы. Генридің арқасында
адамзат микендіктердің қалай тіршілік етіп, өмірден өткендерін
білетін болады. Бəлкім, тіпті ежелгі цивилизацияның тұңғиықтағы
құпия сырларын да ашып қалар. Ойда жоқ жерде оның бойында бір
өрескел тілек — мұнысын ол тіпті Генриге де айта қоймас еді — пайда
болады: «Шіркін-ай, дəл қазір қасымызда Гомер болар ма еді!» деді.
Олар Гомердің сипаттап кеткендерінің көбін тауып, растады ғой, енді
«Илиада» мен «Одиссея» ешқашан да ойдан шығарылған деп айтылмақ
емес.
Декабрь айының бүгінгі, екінші кеші ерте түсті. Жұрт тарады.
Солдаттар түні бойы қабірден бір адым аулақ шықпауға ант беріп,
күзет алауын жаққанша Генри мен оның жанындағылар қабір қасынан
кеткен жоқ.
Ертеңіне, үшінші декабрь күні, құлақ естіп, көз көрмеген ғажапқа: о
заманғы ата-бабаларының бұл өмірге қайта оралуына куə болуға
құмартқан жұрт бүкіл Арголиданың түкпір-түкпірінен ағылып келе
бастады. Солдаттар кедергілерін əлі алмаған, өйткені қабірдің ішіне
түсуге құлшынғандар көбейіп кеткен еді. Генри агораның ортасында
Нафплионның полицмейстерімен Аргостың префектісімен əңгімелесіп
тұрған. Үстіне көк блуза киген, көзіне əйнегі қалың көзəйнек таққан
орта жастардағы қасқа бас адам жандарына жақындады. Қолында
қатты түйіп байлаған буыншағы бар.
— Префект мырза, мархабат етіп, мені доктор Шлиманға
таныстырыңызшы. Бір ұсыныс айтсам деп едім,— деді ол.
— Бұл кісі Спиридон Николау, Аргостағы фармацевтіміз,— деді
префект Шлиманға бұрылып.
Генри күлімдеп қоя берді.
— Сіз өзім күтіп жүрген адамсыз-ау деймін!
— Иə, доктор Шлиман, солай болса солай да шығар. Соңғы күндері
аптегіме таныстарым жиі келгіштеп, бальзамдай білетін адам іздеп
жүргеніңізді
айтып
еді.
Ежелгі
мысырлықтардың
қалай
бальзамдағандары жайлы біраз нəрсе оқығам;олар бұзылудан сақтау
үшін мəйітке шайырлар мен хош иісті заттар себеді екен. Туыстары
туған жеріне апарып жерлемек болғасын теңізшілер мəйіттерін
бальзамдауға Нафплионға екі рет шақыртылғанмын. Бұл мақсатқа
сандырақ ерітілген спиртті пайдаландым. Əдісім нəтижесіз болмағанға
ұқсайды, өйткені, қаза тапқан теңізшілердің семьяларынан алғысқа
толы хаттар алғам.
— Хош келдіңіз!— деп дауыстап жіберді Генри.— Бізге керегі де сіз
едіңіз. Жүріңіз.
Генри фармацевтке төмен түсуге жəрдемдесті. Николау мүрдені
асықпай көріп шықты да, буыншағынан қажетті жарақтарын алды.
— Менің тек сыртынан ғана бальзамдайтынымды сіз, əрине, түсініп
тұрған боларсыз?
— Құдай ақына, қыл қаламыңыз қай жерге шейін жетсе сол жерге
дейін бальзамдай беріңіз. Сосын біз патшаның астына темірден немесе
ағаштан жасалған қалқан еткіземіз де, осы қалпында бүлдірмей
жоғары көтеруге əрекет жасаймыз.
Фармацевт тостағанға спирт құйды да, оған кішкене қалташадан
санда рак шайырының шарап түсті сарғыш мөлдір қиыршықтарын
септі. Шлиманға масаттана көз тастап қойған ол:
— Доктор Шлиман, менің ойымша мына жазық маңдайдан бастау
керек-ау деймін. Сосын төменірек жылжып, ауызына, тістеріне, иегіне,
кеудесіне қарай ойыссам...— деді.
— Мейлі, мейлі,— деп Генри оны шыдамсыздана бөліп кетті.— Сіз
мамансыз ғой, не істесеңіз де өз еркіңіз.
Суретші Комненос бөгет жасағандарына наразы еді.
Генри оны жұбатуға тырысты:
— Сіз тамаша портрет жасадыңыз — аумаған өзі.
— Бірақ, əлі аяқтағам жоқ қой!
— Əрине. Өзіне өзі талап қойғыш суретші қол жеткенді қашан да
місе тұтпақ емес. Сізден өтінерім, құдай ақына, Спиридон Николаудың
көне дəуірлік досымызбен шұғылдануына бөгет жасай көрмеңізші. Ол
мына баға жетпес мүрдені сақтап бергелі отыр. Мүрдені қабірден
бүлдірмей алып шығудың амалын іздестіруге кіріскен кезімізде сіз де
портретіңізді аяқтап үлгересіз.
Ахей патшасын қалай бальзамдайтындығын көрсетуді талап еткен
аргостықтар солдаттарды тапап кетердей боп тұр еді. Софья бұлардың
ішіндегі ең бір өлермендері қоршауды бұзып өтіп, тереңдігі отыз үш
фут шұңқырға құлап түсе ме деп қорықты. Леонидас Леонардас пен
префектіден жұртты тыныштандыруды өтінді. Бірақ, қалай
бальзамдайтындығын көруге деген құштарлықтың күштілігі сонша,
жұрт тыныш таба қоймады.
Спиридон Николау жіңішке қыл қаламмен екі сағат бойы
тапжылмастан жұмыс істеді. Бальзамдап біткен соң бойын тіктеп,
блузасына тиіп кеткен лақ тамшыларын қағып тастады.
— Міне, доктор Шлиман, енді ескі досыңыз жайлы қам жемеуіңізге
болады-ау деп ойлаймын. Бұл, əрине, нағыз бальзамдауға жатпайды,
бірақ бұзылудан сақталғаны анық. Афиныға алаңсыз апара беруге бол
тындығына кепілмін.
Фармацевтің жұмысына зер салмаққа төмен түскен профессор
Финдиклис Спиридон Николауға Грек археология қоғамының атынан
алғыс айтты. Генриді аң-таң қылған профессор қалтасынан əмиянын
шығарып, атқарылған жұмысқа қанша төлеу керегін сұрап алды да,
фармацевтпен қолма-қол есеп айырысты.
— Профессор, сіз мені таң қалдырып тұрсыз!— деп дауыстап
жіберді Генри.— Қазба жұмыстарымен айналысқан жылдарымның
ішінде бірде-бір адам мен үшін бір драхма да шығын шығарып көрмеп
еді.
Профессор Финдиклис əжептəуір боп қалды.
— Мұндай шығындарды қоғам өз мойынына алуға ұйғарған. Сол
үшін белгілі бір мөлшерде қаражат бөлген. Əміршіні жоғары көтеруге
жəне оны Афиныға алып баруға жұмсалатын шығынды да өзім
өтемекпін.
Фармацевт рақметін айтып, баспалдақпен жоғары көтерілді. Жұрт
оны қол шапалақтап қарсы алды. Софья төмен түсіп, еркектердің
қасына келді.
— Тиісті өлшемдерін алдым. Қазір префектімен бірге Аргосқа
бармақпын. Одан лайықты темір қалқан тауып, мəйіттің астынан
өткізіп көреміз,— деді Генри.
Дасистер үйінің жанына жеткенде Софья түсіп қалды да, Генри
префектімен бірге əрі қарай Аргосқа кетті. Екеуі қаладағы ұстаға
барып, көрсетілген өлшем бойынша қалыңдау темір қаңылтырдан
зембіл жасауға заказ берді. Кешке қарай ол да əзір болды. Генри
Харватиға күймемен қайтты. Темір қалқанын күйменің арт жағына
байлап əкелді. Деметриос пен Аякс оны шешіп алды да, ертең таңертең
акропольға апармаққа арбаға сүйеп қойды.
Міне, тағы бір ұйқысыз түн. Генри таң бозарғанша тыным таппай
сөйлеумен болды. Ұйқы қысқан Софья діңкесі құрып, оқтын-оқтын
қалғып кетіп отырды. Генри Троя мен Микенге деген ынтызарлығы
оянған балалық шағын есіне түсірді; одан соң осынау адам
таңқаларлық жаңалықтар ашылған соңғы күндердің оқиғаларын
егжей-тегжейін қалдырмай суыртпақтады.
Күн шекесі қылтиған шамада бұлар да тұрып, киініп алды.
Дасистердің үй-іші түгел оянған екен. Ac үйдің үстеліне буы
бұрқыраған ыстық кофе əзір етіліп қойылыпты. Деметриос пен Аякс
темір қалқанды арбаға тиеді. Генри мен Софья, профессор Финдиклис
үшеуі Арыстандар қақпасына есекке салт мініп кетті.
Бірнеше жұмысшы темір қалқанды шахтаның түбіне зордың
күшімен азар дегенде түсірді. Сосын мəйіттің астына төселген малта
тастардың орта шенінен үңгіп, қуыс жасауға кірісті. Осынау ұзақ
ғасырлар ішінде əлденеше метрлік қалың шөгіндінің салмағынан
жаншылған тастар қабір табанындағы топыраққа тығыз кірігіп қалғанды. Генри мен профессор жұмысшыларға жан-жақтан жарыса үңгуге
рұқсат берді — енді бальзамдалған мүрде уатылып кетеді деп
қауіптенбеуге болатын. Алайда, əміршіні үш мың жылдың төсегінен
ажыратып алудың, сөйтіп қуысқа темір қалқанды сұғудың орайы
ақыры келмеді.
— Доктор Шлиман, шамасы, басқа бірдеңе ойластырмаса болмайдыау деймін,—деді профессор Финдиклис бірнеше сағат бойғы босқа
əурешіліктен кейін.
Дегбірі қалмаған Генри қоштап басын изеді.
— Көріп тұрмын. Ойластырып та қойдым. Мəйіттің төңірегінен
тайыздау траншея қазсақ, сосын оны көлденеңінен кеулей үңгісек
қайтар еді? Сонда біз қалыңдығы екі дюйм болатын қабатты кесіп алар
едік те, оны малта тастарымен жəне мүрдемен қоса жоғары көтерер
едік.
— Жоғарыға темір қалқанмен көтереміз бе?
— Жоқ. Көтерген кезде бүлдіріп алмас үшін ағаш жəшікпен
көтереміз. Бірнеше тақтай əкеліп, жəшіктің табанына лайықтап
шегелеп, жаңағы қабаттың астынан өткіземіз де, жан-жағына
қабырғаларын шегелейміз. Сонда досымыз жəшіктің ішінде қалады.
Дасистердің екеуі деревняға тақтай əкелуге кетті. Ал, Генридің
бригадасы траншея қазып, малта тастардан жасалған төсеніштің
астын үңгіп жатты. Олар күрекпен жəне пышақпен ғана жұмыс жасады.
Бұған бірнеше сағат кетті. Тақтайға жіберілген Деметриос та оралды.
Жұмысшылар тақтайларды төмен түсіріп, бір-бірлеп əлгі кеулей
үңгіген қуысқа сұқты да, жан-жақтарына қабырғаларын қақты. Аумаған
төрт қабырғалы жəшік болды да шықты.
Көне дəуір патшасын қалай шығаратынын көрмекке жұрт қабір
төңірегіне қайта топырласты. Жұмысшылар берік арқан əкеліп,
жəшіктің астынан өткізіп, үзіліп түспесі үшін шандып байлап тастады.
Генри мен Софья, профессор Финдиклис үшеуі баспалдақпен жоғары
көтерілді. Он шақты жұмысшы бағалы жүкті жоғары тарта бастады.
Асықпай-саспай, сүйемдеп көтеріп жатты. Уақыт өтпей қойды. Генри
қолын қатты қысқаны сонша, Софья саусақтарының сүйегі уатылып
қалған екен деп ойлады. Міне, ақыры ауыр жəшік жоғарыдан төбе
көрсетті. Сосын былайырақ, апарылып, агора алаңына салтанатпен
орналастырылды.
Енді жұртты тежеудің қажеті жоқ-ты. Бұнда келгендердің бəрі де
Микен əміршісінің кескінін көруге құмар еді. Тəртіп ойдағыдай болды.
Кезекке тұрған жұрт бейне бір бұл кеше ғана дүниеден өткен, енді
Афины соборында аза төсегінде жатқан Греция короліндей-ақ, мүрде
жанынан үнсіз шұбырып өтіп жатты.
Əміршіге соңғы аргостық кеп қол қусырды.
Генри азалы жүк салынған жəшікті арбаға тиеуге əмір етті. Жұрт
наразылық білдіріп шуласып қоя берді.
— Доктор Шлиман, біз оны Харватиға өз иығымызға салып
апарамыз. Бұл біз үшін зор құрмет.
Жəшіктің екі жанына үш-үштен алты адам кеп тұра қалды да,
иықтарына көтеріп алды. Екі адам алдынан, екі адам артынан тұрды.
Сосын шеру орнынан қозғалды. Шеруді Генри мен Софья бастады.
Олардан кейін профессор Финдиклис пен Спирос, одан əрі сол жағында
— Леонидас Леонардос, оң жағында — Аргостың префектісі бар
Стаматакис келе жатты.
Бұл шын мəнінде де салтанатты шеруге айналған-ды. Шеру
Арыстандар қақпасынан өтіп, одан əрі бұралаң жолмен төмен қарай
тартты. Төңірек тез қараңғыланып бара жатқан. Олар деревняға келіп
кіргенде ымырт жабылып та кетті. Көше толы лапылдаған шаралартұғын —көрші деревнялардың шаруалары текті аталарын уақытша
мекеніне шығарып салуға келіпті.
Стаматакистің шоланында біреу Софьяны қолынан ұстады. Бұл
Иоанна Дасис еді. Көзінен жас сорғалап тұр.
— Иоанна, саған не болған?—деп таң қалды Софья.
— Мына соры қайнағанды аяп тұрмын. Мыңдаған жылдар бойы оны
ешкім мазаламаған. Қабір қойнында, мəңгілік мекенінде жатқан
жерінде ешкім оған зиян жасай алмайтын. Ендігі жағдайы не болар
екен?
Мейірбан əйелді иығынан құшақтаған Софья жұбатпаққа тырысты.
— О не дегенің, Иоанна, енді ол мəңгілікке қадам басты ғой! Ол
Афиныдағы əдемі археологиялық музейде өмір сүретін болады. Оған
бас иіп тəжім етуге, адалдыққа ант беруге əлемнің барлық түкпірінен
адамдар ағылып келіп жататын болады!

 
СЕГІЗІНШІ КІТАП. КЕМЕЛ ШАҚ
Афинылық газеттер Шлиманның археологиялық экспедициясының
Микеннен қайтып оралғанын хабарлап, экспедиция тапқан кейбір
ғажайып олжалардың сыпаттамаларын жариялады. Пристаньда
оларды достары қарсы алды. Алтын салынған жəшіктер пароходтан
түсіріліп, Омониа алаңына таяу орналасқан Грек ұлттық банкінің
подвалына жөнелтілді.
Музалар көшесіндегі үйлеріне Софья мен Генри зор абыроймен
оралды. Софья үй шаруасына құлшына кірісіп кетті. Андромаха одан
бір адым ажырамады. Жүзі бал-бұл жанып қуанып жүрді: келесі
көктемде Микенге ол да бармақ. Генри құпия қоймаларына соның
троялық қазынаның орнында тұрғанына көз жеткізіп қайтты. Үй іші
қуаныш пен бақытқа кенелді. Бірақ, алтын олжаларды суретке түсіріп,
суреттерді Лондондағы баспагері Джон Мэррейге жібермек болған
Генри ұзамай жаңа жайсыздыққа килікті. Бұны ол өз жоспарларына
жасалған «əбден ойластырылған обструкция» деп атады.
Олжаны суретке түсіруге рұқсат алу үшін Генри алдымен
Археологиялық қоғамның президенті Филиппос Иоаннуға барды. Ол
тура жауаптан жалтарып кетті. Өйткен соң Генри халық ағарту
министрі Георгиос Милессистен жəрдем сұрады.
— Сəл шыдай тұрыңыз. Стаматакис келсін,— деді оған министр.
Бұл Шлиманның қитығына тиіп кетті де, кекесінмен:
— Əрине, күзетші дегендерің дөкей кісілер ғой,— деді.
— Археологиялық қоғам солай ұйғарып отыр.
Одан соң Шлиман Микенге Бразилия императоры дон Педроны
ертіп келген өзінің досы Стефанос Куманудиске аттанды. Куманудиске
екі жүз фотосурет жасау үшін қанша уақыт кететінін жəне бұның
қандай машақаты көп жұмыс екенін, себебі «Микен» Нью-Йоркте де,
Париж бен Лейпцигте де біртектес гравюрамен жарияланатынын
баяндады.
— Қымбатты досым, шыдамсыздануыңыздың себебін жақсы түсініп
тұрмын. Алайда, Археология қоғамы жəшіктерді ашуға өз құрамы түгел
қатыссын деп қаулы еткен.
Бұдан басқа баратын ешкімі жоқ-ты. Король I Георг телеграммаға
жауап қайтармады, бұл король сарайының есігі оған жабық деген сөз
еді. Жұрттың көзінше сабырлылық сақтауға мəжбүр болғандықтан
Генри бар ашу-ызасын үйіне келген соң ақтарып, еденге төселген
төсенішті таптау жəне өкімет орындарын сөгу арқылы шер тарқатып
жүрді.
— Шынтуайтына келгенде, қазынаны тапқан мен емес пе? Барлық
шығынды көтерген де мен емес пе? Осынау баға жетпес сыйлықты
Грецияға мен тарту еткен жоқпын ба?
Уақыттың өтіп бара жатқаны оның зықысын кетіре түсті. Софья
тыныштандыруға тырысқанымен, бұған Генри тоқтай қоймайтын, əрі
өзінің де əбден мазасы кетіп бітетін. Бір күні таңертең Софья қоңырқай
шілтермен əдіптелген қарала жүн көйлегін киіп алды да, Ефтимиос
Касторкиске аттанды. Бұл кісі Микенге инженер жіберіп, ол
Арыстандар қақпасы мен қазына қоймасын қазуды одан əрі
жалғастыруға рұқсат берген.
— Сізден сұрайтыным бір ғана нəрсе: жəшіктерді ашатын мерзімді
қоғам мүмкін болғанынша таяу күнге белгілесе. Маған осыған
жəрдемдесеңізші.
Қоңыр көздерінің жанарын бос кеңістікке қарай қадаған Касторкис
бірнеше секунд ой кешті.
— Археология қоғамы Ұлттық банкке тек Жаңа жылдан кейін ғана
баруға қаулы етті. Бұл күнді бері таман жылжыту үшін қолдан
келгеннің бəрін жасауға уəде берейін. Бұл үш апта жұбайыңызға
мəңгілік сияқты көрінетінін білемін, бірақ мен де қарап отырмай,
Шлиман
мырзаның
көңілін
тыныштандырудың
шараларын
ойластырармын.
Ертеңіне Генри 14 декабрь күні халық ағарту министрлігіне келуін
сұраған шақыру қағаз алды. Олжалар салынған жəшіктердің бірі
ашылмақшы екен. Жəшікке Гераның ең тəуір деген мүсіншелері,
Арыстандар қақпасының кілті, шаш түйіндері əдемі екі əйелдің бейнесі
бедерленген мөр-сақина мен жауынгерлер бейнеленген үлкен вазаның
сынығы салыныпты.
Министрліктен үйіне қайтып оралған Генриді король Георгтың
шақыру қағазы күтіп жатыр еді. Король оларды ертең қабылдамақ
көрінеді.
Профессор
Финдиклис
Генри
Шлиманның
өз
телеграммасында ештеңені асырып айтпағанына, Микен алтыны көне
бұйымдардың əлемдегі ең бай коллекциясы боп шығуы ғажап
еместігіне корольді ақыры сендірген екен.
Осынау салтанатты визит үшін Генри мен Софья модасы көнелеу
болғанымен, ең тəуір киімдерін киді. Бұл өткен жылы ағылшын
премьер-министрі Гладстонның шақыруымен қауымдар палатасына
барып, парламент террасасында шай ішкен кезде киген киімдері еді.
Олар күймеден орталық есік алдынан түсіп, вестибюльге өтті де,
гофмейстердің қабылдау бөлмесіне кірді. Анау дəліз арқылы
қонақтарды корольдің жеке кабинеті жанындағы аудиенция залына
енгізді. Гофмейстер доктор Шлиман мен Шлиман ханымды корольге
ресми түрде таныстырып өтті. I Георг олармен жылы жүзбен
сəлемдесті. Ол қос қатар етіп алтын түйме қадалған, тік жағасы
алтынмен əдіптелген қаракөк адмирал мундирін киіп шыққан еді.
Король Оттонды құлатқан əскер басылар бұдан он үш жыл бұрын I
Георгты таққа отырғызған; қазір ол отыз бір жаста болатын.
Генри мен Софьяға корольдың қарсысындағы кресло ұсынылды.
Софья тіл қатқан жоқ, бірақ есесіне Генри қабірлердің қалай
табылғаны, қазыналардың қалай қазып шығарылғаны жайлы майын
тамыза əңгімелеп берді.
Ол əңгімесін аяқтаған кезде король:
— Сізге көп рақмет. Сенсеңіз, менің де Микен алтынын көргім кеп
аңсарым ауып жүр. Маған мəлім болғанындай, Археология қоғамы
жəшіктерді жаңа жылдың алғашқы күндерінде ашпақшы-ау деймін,—
деді.
Əміршінің жылы лебізіне мəз-мейрам боп қуанған Софья сарай
баспалдақтарымен төмен түсіп келе жатып:
— Досымыз Касторкисісе көп рақмет: шынында да ең жақын күнді
белгілеген екен,— деді.
Генри риза болған күлкімен жауап берді.
— Сен қандай ақылдысың, Софидион.
— Қалған екі аптаның ішінде Лондондық «Таймсқа» арналған соңғы
мақалаңды жазып бітіріп, күнделігіңнің өзің айтып жүрген беттерін
жөндеп шығатын бол.
Генри оған ойнақы жанармен көз тікті.
— Басқаша сөзбен айтқанда: күйіп-пісуді қояйын ба? Музалар
көшесіне тыныштық орнатайын ба? Жарайды, ендеше, сөйтейін.
Генри таң қылаң бергеннен тұрып, «Таймсқа» арналған мақаласын
жазуға кірісетін, кітабына арнап күнделігіндегі қажет жазбаларды
көшіретін. Сағат онда «Ғажайып Грецияға» барып кофе ішіп,
европалық газеттерді оқитын. Сағат дəл бір жарымда үйіне қайтып
оралатын; түскі тамақтан кейін аз-кем көз іліндіріп алған соң Софья
мен Андромаха үшеуі қала сыртына шығып серуендеп қайтатын.
Яннакис пен оның семьясына Ренкейде тұру тіптен қиындап кеткен
еді. Сол себепті Генри үшеуіне — Яннакис пен Поликсенаға жəне
ұлдары Гекторға Пирейге келуіне жететін жол қаражат жіберді.
Олардың өз ошағы болуы үшін Софья үйдің жартылай подвалдық
бөлегін жөнге келтіртіп қойды. Жат жерде жүріп жұтап қалған бұл
гректер қайтадан бас бостандығына ие боп, Шлимандардың қамқор
қанатының астына енгендеріне шат-тұғын. Ескі қожайындарымен
жүздескен дəу жігіт Яннакис бір тізелеп отыра кетті де, Софьяның
қолын сүйіп, көзіне жас алып:
— Өзіңіздің құлақ кесті құлыңыз,— деп сыбырлады.
Поликсена Софьяны бейне бір ұзақ уақыт көріспеген туған
апасындай құшақтады. Генри Яннакиске үй мен бақтың күтімін
жүктеді. Өз жалақысын Яннакис банкіге аударуды өтінді: Ренкей
маңындағы бір шаруашылық көңіліне ұнап жүр екен.
Январьдың алғашқы күні ашық болды. Бет шымшитын шытқыл аяз
ғана бар еді. Құдай-анасы шіркеуінде құлшылық еткеннен кейін, олар
сол жақтан Ұлттық банкіге барды. Директордың кабинетіне
Археология қоғамының мүшелері түгел жиналды. Кейбірінің əйелдері
Əйелдер ассоциациясына мүше екен. «Эфимеристегі» мақалаларына,
əсіресе қазба жұмысына қатысып, əлемге «Шлиман ханымның қазына
қоймасы» атты ғажайып ғимаратты тарту еткеніне риза болған олар
Софьяны бетінен кезекпен-кезек сүйіп жатты. Қоғамның президенті
Филиппос Иоанну жиналғандарды подвалдағы қоймаға қарай бастады.
Қойма есігінің алдында қарулы күзетші тұр екен. Банкінің директоры
мен қоғамның президенті қалталарынан дербес кілттерін шығарды.
Ауыр есік айқара ашылды.
Ең соңынан эфор Стаматакис кірді. Эфор Афиныға Шлимандар
король қабылдауында болғаннан кейін, таяуда ғана оралған. Өзімен
бірге олжалар салынған тағы да он үш жəшік ала келген. Бұлар да
банкінің подвалына тығылған. Алтын салынған жəшіктердің салмағы
небары отыз-ақ фунт еді, ал құлпытастар мен өрнекті стелаларды
қосып есептегендегі қалған олжалардың салмағы алты мың фунт
болатын.
Мұздай суық тас қораптың ішіне енген соң бақылаушы бірнеше газ
шамдарын жақты.
Қоғамның президенті Шлиманнан алдымен қай жəшікті алғысы
келетінін сұрады. Генри зер сала қарап шыққан соң елеулі де ерекше
олжалар: диадемалар, маскалар, көкірекке жабылған алтын
пластиналар мен кубоктар жатқан жəшікті нұсқады. Харватида
жəшіктерге мөр соққан Стаматакис суырылып алға шықты. «Патша
қабірлерін өзі тапқан адамдай аптығуын қарашы», деп ойлады Софья.
Мұнда келгелі бері Шлимандармен əлі бірде-бір рет жүздесіп көрмесе
де, олардың бар-жоғына назар аудармаған эфор мəрді бұзып, жəшіктің
қақпағын ашты. Сөйтіп, алтын маскаға қарай қолын соза бастағанда,
Генри де шыдай алмады :
— Стаматакис мырза, мына қазыналарды жəшікке мен
орналастырған болатынмын, сол себепті жəшіктен өзім шығарғаным
жөн шығар.
Стаматакис үн қатпастан əрмен қарай жылыстады. Генри алдымен
екінші қабірден табылған бірнеше алтын диадеманы алып шықты. Бір
сəтке төңірек тым-тырыс тынып қалды да, əлдебіреудің дем
жетпегендей аузымен ауа қармағаны, əлдебіреудің: «О, ғажап!» деп
дауыстап жібергені естілді.
Генри мəйіттердің қалай жерленгені жайлы айтып берді, малта
тастар қабатын атап өтті, қаңқалардың қалай жатқызылғанын
сипаттады, тек сосын барып қана патша алтындарына ойысты.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 32
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.