Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 04

Total number of words is 3953
Total number of unique words is 2417
32.0 of words are in the 2000 most common words
45.6 of words are in the 5000 most common words
52.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қызық əрі көз жетпейтін беймəлім болашағының ойраны шыққанына
күйінген шығар.
— Мен Генри Шлиманды сондай жақсы көрем, ардақ тұтам,— деп
сыбырлады ол.— Тұрмыс құрғаннан кейін оны жан-тəніммен ұнатып
кететінімді білем. Мамам да папамды, Катинго апам да өз күйеуін
бірден ұнатпаған ғой. Онымен тұрмыс құрғым келеді. Ол мені сүйеді:
көзім бар ғой, көріп жүрмін. Шіркін-ай, не істесем екен?
Ол таң атқанша жылаумен болды. Ертеңгісін шешесі шақырғасын
төменге түскенде көзі қызарып, бұлаудай боп кеткен-ді. Бақса, Генри
Шлиманнан хат келген екен. Софья баққа кіріп, креслоға үйге арқасын
бере жайғасты да, қолы дір-дір етіп конвертті аша бастады. Айбақсайбақ əріптермен асығыс жазылған жолдар көз алдынан көлбеп өтіп
жатты:
«...Мен əуейі ойлардан аулақпын. Жап-жас сұлу қыздың қырық
жетідегі, əрі кескінінде де керемет ештеңе жоқ еркекке ғашық бола
қоймайтыны маған айдан анық. Бірақ, өзімді мінезі өз мінезімнен
аумайтын, ғылымды да ардақ тұтып, қадірлей білетін əйелдің
сыйластығына ие болуға жарайтын шығармын деп есептегем. Егер
мұндай шəкірт менен өмір бойы дəріс алуға байлам жасайтын болса, ол
мені сүйіп те кететін шығар деп санағам. Өйткені, махаббат
сыйластықтан ғана туады. Ал, мен өз тарапымнан жақсы ұстаз болуға,
əр бос минутымда оны филология мен археология сырына
қанықтыруға. тырысар едім».
Софья басын шалқайтып жіберіп, мəз бола сықылықтай күлді.
— Оған не керегін енді түсіндім. Ол менің өзім ұсыныс жасағанымды
қалайды! Сонда бұл оның көңілін орнықтырады: барлық шартын
қабылдаумен катар, əйелі, шəкірті жəне Трояны қазудағы көмекшісі
болуға қуана келісетініме көзі жетеді. Мейлі, солай-ақ болсын — қазір
қолма-қол хат жазам. Генри Шлиманның қарсы алдында қайықта
отырған аңқау қызың енді мен емес!
Ертеңіне Вимпос əкей бəрі де ойдағыдай деген хабар əкелді. Бірақ,
өзі, өкінішке қарай, бұлардың некесін қия алмайды екен. Себебі,
епископ міндетін атқаруға кірісуіне байланысты, шіркеумен жəне
діндарлармен дидарласу үшін бүгін Триполиске жүріп кетпекші.
— Соңғы хатыма жауап ала қойғам жоқ қой. Сен қайдан білесің,
бəлкім...
— Маған оның өзі айтты. Бүгін таңертең айтты. Саған өлердей
ғашық. Соңғы күндері Афинының тағы да талай бойжеткенімен
сырласқан көрінеді. «Софьядан артық ешкімді таппадым»,— деді
маған. Сосын: "Шын мəнінде де сирек кезігетін грек қазынасын тауып
қойған екенсіз. Сол үшін шын жүректен алғыс айтуыма рұқсат етіңіз»,
— деп қосып қойды. Ол аздап кітаби тілмен сөйлейді. Сондықтан,
Софидион, жұбайың жартылай кəсіптің адамы, жартылай litterateur9
екенін болашақта есте ұстауың қажет.
— Мамама хабарлау керек. Ол мүлдем титықтап бітті. Мистер Генри
бізге қашан келмекші?
— Ертең. Қазір ол саған сақина іздеп жүр.
— Той қашан екенін айтқан жоқ па?
— Алдағы бейсенбі мен жұмада, жə болмаса сенбіде — бұл сенің
өзіңе, сосын пароходқа байланысты:сіздер шырын айларыңызды
Италияда өткізесіздер. Мен əулие Мелетийде кішкене кідірем —
некелеріңізді қию жайында нұсқау беріп кетем.
— Ағатайым-ай! Осындай қуанышта өзіңнің бірге болмайтының
қандай өкінішті! Менің қалыңдық болғанымды — сен, сенің епископ
болғаныңды — мен көре алмайтын болдым-ау.
— Оқасы жоқ, қалқам: қиын күндерде біз үнемі бірге боламыз.
Бірнеше айдан соң сіздер ораласыздар. Мистер Генри түрік үкіметі көп
кешіктірмей рұқсатын беріп те қалар деп сеніп жүр.
Барлық қайғы мен қасіреттің бетін аулаққа бағыттан,Вимпос əкей
Софьяны үш мəрте шоқындырды да,сол қолының үш саусағын қыздың
маңдайына тигізді — маңдайыңнан бақ кетпесін...
Софья өзі аздап тыныш тапқанымен, ата-анасы əлі де əрі-сəрі халді
бастан кешіп жүрген. Софья мистер Шлиман жайлы сұрақтардың
бəріне де жауапты қысқа қайырды.
— Ертеңге шейін шыдаңдар, ертең бəрі де белгілі болады.
Генри Шлиман түске таман келді. Күйменің баспалдағынан жепжеңіл секіріп түсті. Күлкіден жүзі жарқырап кеткен. Қырынып, мұртын
да теп-тегіс етіп бастырған. Үстінен «Англетердегі» шаштараз
шылқыта жаққан лосьон иісі аңқып тұр. Төпелеп хат жазып жатқанын
еске алмағанда, мистер Шлиманның аптаға жуық уақыт бойы төбе
көрсетпей қойғандығы жайлы ешкім жұмған ауызын ашқан жоқ. Софья
үстіне Катингоның ақ көйлегін киді. Шлиман оны алғаш рет осы
көйлекпен көрген. Сəл-пəл кеңдігі бар бұл көйлекті кигенде ол тіптен
жасарып кетті. Бірақ, орындалған міндетін сезіну қуанышынан
сəулеленген көздері он жетідегі жас қыздың емес, басалқалы əйелдің
көздеріне ұқсайтын.
Бақ ішінде Генри Шлиман қыздың ата-анасына Сан-Франциско
қаласы толайым-тұтасымен отқа кеткен 1851 жылғы өрт жайлы əңгіме
айтып отырды. Жақында ғана Ростоктан докторлық дипломын
алыпты, соны көрсетуге əкеліпті.
— Бұл үлкен дəреже ғой, доктор Шлиман!— деген мақтау айтты
Георгиос.
Шлиманның жүзі шаттыққа шыланды.
— Өз фамилиямның осынау атаққа қосақтала айтылуын алғаш естіп
тұрмын! Шынында да жағымды-ақ. Алайда, мен үшін маңыздысы
дəреже емес, басқа.— Оның дауысы қатқылдау естілді.— Ғылыми
дəреже маған өңге жұрт жұмысыма үстіртін қарамауы үшін керек.
Университеттер өз бетімен білім алғандарды қадірлемейді.
— Қазба жұмыстарыңыздың өзі-ақ көп нəрсені аңғартпай ма?—
Софья таңырқай қасын керді.— Трояны ашып берсеңіз, оған кімнің
қандай таласы болады дейсіз.
— Болғанда қандай, мисс Софья! Əлі-ақ өзіңіз көрерсіз. Бірақ,
докторлық дəреже қоғамдық пікірде орнықтылық береді.
Ол Софьядан ата-анасымен оңаша сөйлесуге рұқсат сұрады. Софья
кешірім өтініп, кофе даярлауға кетті. Ac үйдің ашық тұрған терезесінен
бақтағы толғанысқа толы дауыстар анық естіліп жатты.
— Энгастроменос мырза, Энгастроменос ханым,
Софьямен некелесуіме ризашылық етулеріңізді өтінем.
сіздерден
Софья қазір əкесі шыдай алмай қарқылдап күліп жіберетін шығар
деп қорыққан. Өйткені, əлдеқашан шешіліп қойған нəрсе жайлы сұрау
күлкілі еді. Əйтсе де əкесі сыр берген жоқ.
— Бұл ұсынысыңыз, қадірлі доктор Шлиман, мен үшін үлкен құрмет.
Сіз сияқты сұңғыла адамның сүйікті қызым Софьяға үйленуге көңіл
білдіргені мен үшін зор бақыт, əрі мақтаныш. Оның сізбен бірге
бақытты болатынына кəміл сенем. Қызымды сізге шын көңілден
берем.
— Бұрын əйел жібергенімді айып санамайсыз ба?
- Жоқ. Бөлем Вимпос өзіңізбен бірге архиепископқа барғанын, ол
сіздің ажырасу куəлігіңіздің заңды күші барына көз жеткізгенін айтқан.
Православие шіркеуі үш мəрте ажырасуға рұқсат етеді.
Шлиман бибі Викторияға бұрылды.
Мен қадірлі анасының да ризашылығын алсам
— Өз қызымызға өзіміз жау болатындай бізге не көрініпті..Бұндай
бақыттан бас тарту — зұлымдық болар еді.Бізге бүкіл Греция қызғана
көз тігіп отыр ғой! Шлиманның өзі кеп қызымды алып, айырықша
құрмет көрсеткен бұндай жағдай енді қайтып кезігер ме! Тағдырға
қарсы тұрар болсақ, бізді эриниялар мен фуриялар азапқа салар.
Кофе құйылып болғанша Софья қолдарын тізесіне қойған күйі
болашақ күйеуіне қадалып қарады да отырды...
«Ол өте мейірімді де сезімтал, бірақ мінезі жаман. Тек өзін-өзі ұстай
білетіні ғана қуантады...»
Барлай қараған жанарды байқаған Генри Шлиман Софьяға жүзін
бұрды. Қалтасынан қара барқыт қорапшаны шығарып, қақпағын ашты.
— Мисс Софья, қадірлі ата-анаңыздың көзінше мына жүзікті қабыл
алуыңызды өтінем. Асыл тасы сырғаңызға үйлесетіндейін табуға
тырыстым.
Қыз жүзікті саусағына кигізді. Қызғылтым сəуле төккен крем түсті
ақшылдау асыл тас айрықша əдемі-тұғын. Астанадағы зергерлік
дүкендерді адақтап шыққаны аңғарылып тұр. Софья оған риза
пейілмен езу тартып, алғысын білдірді. Толғаныс сəттеріндегі
əдетінше Шлиманның жүзіне қан ойнады.
— Осы сақинаны өзіңізге тарту ете отырып, мисс Софья, сізге
үйлену жайлы ұсынысымды да айтқым келеді. Ата-анаңыздың
келісімін алып та қойғам.
«Ренжіскеніміз бен бірнеше күн көріспегеніміздің пайдадан басқа
зияны болмаған екен-ау,— деп ойлады Софья.— Бұған қуанбасам
ренжімеймін. Алғашқы жүздесуімізден бері небары он алты күн ғана
етті, ал мен болсам өзімді бірнеше жасқа есейіп кеткендей сезініп
жүрмін. Айтатыны жоқ, некеміз жеңіл болмайды. Қиындық көп
кезігеді. Бірақ, өз тарапымнан ештеңені ушықтырмаймын, өйткені
жанына ненің ауыр тиетінін жақсы білем».
— Рақмет сізге, мистер Генри,— деді ол.— Сақина үшін де,
ұсынысыңыз үшін де рақмет. Екеуін де қуана-қуана қабылдаймын.
Біраздан соң мистер Генри кетпекші болды. Ол француз мəнерімен
сыпайы түрде Софьяны қолынан сүйді, ал шешесінің қолына,— қызы
көріп қалды,— конверт ұстатты.
Ата-анасы Софьяны құшақтарына қысып, сүйіп алды. Үйге кіргесін
Софья шешесінен:
— Мистер Шлиманның жаңағы берген конвертінде не бар?— деп
сұрады.
— Білмеймін, қызым. Жүрші, үстел басына барып қарайық.
Бөлме іші күн сəулесіне көміліп, үш ұқсас кескіннен жанды барельеф
жасап тұр еді. Бибі Виктория конвертті жыртып, ішінен қонақ үй
бланкісіне оралған бір уыс алтын теңге алып шықты. Ақшаны үстел
үстіне қойып, қағазды жазды да:
«Құрметті бибі Виктория, мына бір болмашы тартуды мисс
Софьяның іш киімдері мен шұлығына жұмсауға рақым етерсіз»,—
деген жазуды оқыды.
— Əрі жомарт, əрі жұмбақ мырза екен!— деді бибі Виктория.— Іш
киімі мен шұлығы несі? Ақыры берген екен, барлық жасауға
жететіндей ғып бір-ақ бермей ме?
Софья сықылықтай күлді.
— Оның тап осылай істегенін қалайша түсінбей тұрсың, мама!
Мынау бір емес, бірнеше жасауға жететін ақша ғой...
Неке қиярға небары алты-ақ күн қалған. Көңіл тыныш
тапқандықтан бұл əзірлікке əбден жеткілікті еді. Король сарайы мен
асқан бай семьялардан шыққандардан өңге грек қыздарының бəрі той
көйлегін тіктірмейтін, жалға алатын. Əкесінің кездеме дүкені Гермес
көшесіне жақын орналасқан-ды. Георгиос Энгастроменос затқа
сықасқан «той дүкендері» қожайындарының бірқатарымен дос еді.
Софья жаңа ғана ине-жіптен шыққан, етегі тобыққа түсетін ұзын ақ
атлас көйлекті қиналмай-ақ тапты. Көйлектің шілтерлі фатасы мен
жалпақ шлейфі бар-ды. Əлі мүлдем иыққа ілінбегендіктен оны денеге
шақтау қиындыққа түспеді. Софьяның төсі афинылық құрбыларына
қарағанда толықтау болатын сирағы да ұзындау еді.
Генри жасауға тек ең қажет дегендерін ғана сатып алуға кеңес берді.
Өйткені, олар Сицилия мен Неапольде,Римде,Флоренция мен
Венецияда бірнеше күннен ғана болып, бірден Парижге аттанбақ. Онда
барғасын Сан Мишель алаңындағы алтыншы үйдің тұтас бір қабатын
алып жатқан Шлиманның сəн-салтанаты мол апартаменттерінде
тұрмақ. Жалпы алғанда, Парижде оның төрт үйі бар. Парижге барғасын
Софьяның киім-кешектері мен туалетіне таңдаулы тігіншілер қам
жасайтын болады.
Күндер зымырап өтіп жатты. Үй іші тəртіпке келтіріліп,
əшекейленді. Баққа гүл өрімдері ілінді. Софья шешесімен екеуі ұзақты
күнді Афины дүкендерін аралаумен өткізіп жүрді. Генри итальян
көшелерін, музейлері мен ғибадатханаларын аралауға арнап бірнеше
пар аяқ киім алуы керегін айтқан. Олар күнбе-күн кездесіп тұрды. Əр
кездескен сайын ол бұрынғысынан жасара түскендей əсер
қалдыратын. Генри Пирейден үйлену тойлары өтетін күні жүретін
«Афродита» пароходына жеке каютаға заказ беріп қойды.
Сол тұста бір күтпеген жағдай болды. Генри Шлиман Георгиос
Энгастроменосты нотариалдық кеңсеге шақырды. Бір маңызды
документке қол қоюы керек екен. Кешкісін əкесі үйіне қайтып
оралғанда Софья одан:
— Ол немене, папа? Некеге тұру шарты ма?— деп сұраған.
— Жоқ, бұл барлық байлық пен биліктен айыру актысына ұқсас бір
нəрсе.
Бибі Виктория күйеуіне аң-таң боп аңырая қарады.
— Бұнымен не айтқың келеді сонда?
— Не айтпағымды жақсы біліп тұрмын, бірақ бұның неменеге қажет
болғанына түсінбеймін. Шлиман өзі тірі кезінде де, кейін өлген соң да,
Софья оның дəулетіне таласпауы қажет деген шартқа ресми түрде
келісім беруімді өтінді. Тек өзіне қамқорлықпен қараған жағдайда ғана
Софьяға өсиет бойынша бірдеңе қалдырмақшы білем.
Бұл жаңалықты естіген үй іші мелшиіп отырды да қалды. Ойларына
азық болған нəрсе бұрын ешқашан қаперлеріне кірмеген жəйт еді.
Барлығынан да қаттырақ ашынған адам бибі Виктория болды.
— Айтар ауызға ұят! Үйленгелі отырған əйелін мұрадан құралақан
қалдырмағы қалай?
— Ол əсте де мені мұрадан құралақан қалдырайын деп отырған жоқ
қой, мама,— деп тыныштандырмаққа талпынды Софья.— Байлық оған
оңайлықпен келген жоқ. Сол себепті оны өз қолында ұстап тұрғанда
ғана көңілін тоқ санайтын шығар.
— Жағдайымыздың қандай екенін көріп жүр. Жаңа семьясына
көмек көрсетсе несі кетеді!— деп салды өзін оңбай алданғандай
сезінген Александрос.
— Ол əлі көмектеседі, Александрос. Тек асықтырмау керек. Вимпос
ағай қолы ашық деді ғой. Бірақ, түртпекке төзбейді екен. Жас жұбай
атанып, бақытты тұрмыс құрған кезімізде, өзі-ақ ешқандай ескертусіз
дүкендеріңіздің жағдайын жөндеп береді. Бұған кəміл сенем. Егер
қымбатты ата-анам жоқшылық зарын шегіп отырса, күйеуім оған
көзжұмбайлық жасап жүрсе, миллионердің əйелі бола тұрып бұған
қалайша төзбекпін? Қалайша оған жəрдемші əрі жан серік болмақпын?
Бұны оның өзі-ақ түсінеді.
— Сенейік!— деді бибі Виктория мен Александрос қосарлана үн
қатып. Сосын соңғысы: — Басы онша жақсы басталып отырған жоқ,—
деп қосып қойды.
Той болардан бір күн бұрын Георгиос Энгастроменос шіркеу мен
неке қиярға төлейтін ештеңе қалмағанын айтты.
— Тіпті ештеңе қалған жоқ па, папа? Тіпті де ештеңе жоқ па?
Георгиос ыңғайсызданып, сол жақ иығын қиқаң еткізді.
— Ештеңе де... Ақшаның қалғаны тойға əзірлікке кетті.
Софья дəнеңе деген жоқ. Не айтқылары келгенін аңғарып қойған.
Егер əкесі туыстарынан немесе дос-жарандарынан қарыз алмақшы
болса, қызына шаруасының шалқайып қалғанын хабарламаған болар
еді.
— Сонда қанша керек?
— Үш жүз драхма.
Софья ойша есеп жүргізіп, бұның алпыс доллардай (болатынын
шамалады.
Анау-мынау əртүрлі ұсақ-түйекке осы да жетіп жатады. Кейде күйеу
балалар бұндай шығынды өздері-ақ көтеріп кетеді,— деп əкесі қинала
езу тартты.
Жарайды, папа, бірдеңе ғып табармыз.
Іштей тас-түйін боп бекініп алды да, толғанысын білдірмеуге
тырысып ақша жайын əдеттегі шаруа сияқты етіп əңгімелей бастады.
Дөп басқан екен, Генри таңырқаушылық та, тосырқаушылық білдіре
қоймады. Қалтасынан əмиянын суырды да, сыртқы бөлімінен грек
ақшасын шығарды.
Бұл бір есте қаларлықтай көрініс болғаны анық! Еркектер
бастарына көгілдір шашақты қызыл тақия, үстеріне кестелі ұзын жеңді
куртка мен тізеге дейін келетін юбка, аяқтарына да осылай
кестеленген шұлық киіпті. Киім маталарының түсі өңкей алқызыл мен
жасыл. Иықтарынан арқаларына қарай жалпақ пелериналар асылған.
Қарттар жағы беліне қылыш байлап алған. Əйелдер омырауында сəнді
воландары бар, алтын жіппен кестеленген ұзын көйлек киген. Бастары
мен иықтарына ақшылтым селдір орамал салған. Кейбірі ақ жіппен
кесте жүргізген əдемі юбка киген. Кейбірінде шілтерлі жаға, белін
қатты тартып байлаған көгілдір корсаж, бастарында бір жағына
қисайтыңқырап киген шашақты тері телпек, мойындарында ірі
моншақтар бар.
Той болатын күні таңертеңнен-ақ күн көңілдене жадырап тұрған.
Бірақ, жаздың өтіп, күздің келгені ауаның өзінен-ақ аңғарылып қалып
еді. Софья түске дейінгі уақытын киінумен, үйге бір кіріп, бір шығып
жүрген апасы Катинго мен сіңлісі Маригоның, тəтейлері Гелми мен
Ламбридудың, бөлелері Евгения мен Еленаның ақыл-кеңестері мен игі
тілектерін тыңдаумен өткізді. Тек шешесі ғана көзіне түсе қоймады: ол
түні бойы тамақ əзірлеп, ертеңгісін бəрін наубайханаға жөнелткен
болатын.
Əулие Мелетий алаңы үлкен мереке қарсаңындағыдай
безендірліпті: ағаш арасына транспарант керіліп, үй төбелеріне жалау
ілініпті, магазин витриналары көз тартатындай көркемделіп, кафе
алдындағы үстелдерге гүл салынған вазалар қойылыпты.
Кешке қарай той шеруі жолға шықты. Інісі Софьяның шлейфін
көтерді. Қалыңдық қолына раушан гүлдестесін ұстап келе жатты.
Раушан гүлшанақтарының тұтас бір өрімі жерге тиер-тимес боп екі
бүйірінен төмен салбырап тұрды. Генридің өз сыйлығын көріп, көңілі
көтерілетінін біліп, Софья маржан алқасын да тағып алған. Шоқынған
күнінен бері мойынынан тастамай жүрген кішкене күміс кресін
көйлегі жасырып тұр.
Орталарынан дəліз тəрізді жол қалдырып, алаңда топырлаған
туыстары мен достары оны қол шапалақтап қарсы алды. Қатты
толқып келе жатқан Софья болмашы езу тартқан қалпы жерден көзін
көтермеді.
Генри оны шіркеудің лавр мен мирт бұтақтарымен көмкерілген
есігінің алдында күтіп тұрған. Қара сюртук пен шалбар, крахмалданған
ақ жейде киіп, ақ галстук пен манишка тағыпты. Ақ қолғап киіп, жібек
қалпағын қолына ұстап тұр. Софья оның жүзі қуқыл тартып кеткенін
байқады.
Қалыңдық византиялық архитектураның асқан зор жетістігі
саналатын əсем шіркеудің ішіне енді. Ладан иісін жүрегі дірілдей
жұтып, епископтың мінбесіне, қабырғаның қара мəрмəріне, алтарьды
жауып тұрған шымылдыққа, сол жақ жəне оң жақ бөліктердегі Мария
мен Иисусты, сала құлаш аппақ сақалы беті мен қолын ғана ашық
қалдырған жебеп-желеуші əулиелер Мелетий мен Иоаннды барлық
хал-қадары дерлік қалпында, жағымды да жанды бояулармен
бейнелеген панноларға тебірене көз тікті. Дінге жан-тəнімен берілген
Софья ғибадатханаға енгесін жаны бірден жай тауып, үрей атаулыдан
арылып шыға келді.
Қақ ортада əулие Мелетийдің гүл шоқтарына оранған орасан үлкен
иконы тұрған. Иконостас георгин, сары хризантема, маргаритка
өрімдерімен, жасыл жапырақты бұтақтармен əшекейленіпті. Патша
қақпаларының баспалдақтарына гладиолус салынған вазалар
қойылыпты... Тоз-тозы шыққан ескі кілемшелерді ауыстыру үшін
жамағайындары қолдан тоқылған айшықты жаңа кілемшелер əкеліпті.
Алтарь алдына ақ полотно жабылған ұзын үстел қойылған. Үстелде
Таурат, шарап құйылған кубок пен күйеу əкелген екі неке сақинасы
жатыр. Күйеудің сақинасына «Софья», қалыңдық сақинасына «Генри»
есімдері бедерленген. Софьяның қара шашындағы аппақ неке тəжі
керемет көз тартып тұр. Қыздың оң жағында - үстіне түгел ақ киген,
қолына жуан шырақ ұстаған кішкентай жиені Костаки, ал сол жағында
—кішкентай бөлесі Костаки. Бұл да үстіне ақ киіп, қолына шырақ ұстап
алған.
Шіркеу лық толы еді. Орындық жоқ болғандықтан бəрі де түрегеп
тұрған. Софья мен Генридің басына ақ гүлі бар неке тəждері кигізілді.
Регенттің шат дауысы естіліп, хор əн айта бастаған кезде священник
жас жұбайларды аналойды үш айналдырып өткізді де, бүгінгі шафер
Спирос тəждердің орынын алмастырып қойды. Священник əулие
Павелдің Өсиеттерінен жəне əулие Иоанан Інжілінен Кана
Галилейскийдегі неке жайлы жазылғанды оқып шықты. Бірақ, жүрегі
аттай тулаған Софья бəрін бірдей ести алған жоқ.
«О, құдіреті күшті хақ тағала... Адам қабырғасынан əйел жасап
берген жəне «өсіңдер, өніңдер, жер бетін жайлап, оны өз
ықтиярларыңша билеңдер» деп бата берген.. жəне некеде біртұтас боп
бірігуге кеңшілік көрсеткен... Сондықтан да адам əкесі мен анасынан
жырақтап, əйеліне барып жабысады, сөйтіп екеуінің тəні тұтасып
кетеді... Ал, хақ тағала кімді қосақтар болса, ешкім соларды ажырата
алмайтын болсын...»
Софья екі сағатқа созылатын əндету, бата қылу мен Қасиетті
жазбаларды оқуға шыдамдылықпен төзуге əзірленген. Өйткені,
шоқындыру мен үйлену тойын шіркеу адам басындағы аса маңызды
оқиғалар деп есептейтінін бала кезден білетін. Осынау салтанатты
сəттің қасиетіне көлеңке түсірмек ойдан аулақ болғанымен, афинылық
бойдақтардың: «Неке қию рəсімінің ұзаққа созылатыны сонша, одан ес
жиюға кейін жұбайыңмен бірге өткізетін бүкіл ғұмырың жетпейді»,
деген қалжыңын еріксіз есіне алды.
Священник батасын беріп, сақиналар алмастырды. Софья мен Генри
кубоктағы шараптан ауыз тиді: ендігі жерде қайғыны да, қуанышты да
бірге өткерісетін болады. Священник əулие троица атынан жас
жұбайлардың өміріне бата беріп, тəждермен төбелерінен үш мəрте
шоқындыру ишаратын жасады. Діндарлар құдайға құлшылық етіп
жатты. Священник Інжілді парақтап шықты.
«О, құдіреті күшті жəне қайырымды хақ тағала, өзіңнің құлдарың
Генри Шлиман мен Софья Энгастроменосқа мейіріміңді төге гөр.
Өмірді өз ишаратыңа сай өткізулері үшін бұл бойжеткенді күйеуіне —
өзінің əміршісі, сенің құлыңа — сөзсіз бағынатындай ете гөр. Бұларды
да, о, хақ тағала, Авраам мен Сараны жарылқағаныңдай жарылқай гөр.
Бұларды да Иаков пен Асенефаны жарылқағаныңдай жарылқай гөр.
Бұларды да Моисей мен Сепфораны жарылқағандай жарылқай гөр.
Бұларды да Нұхты кемесінде қорғағаныңдай қорғай гөр. Бұларды да
Ионаны киттің құрсағында сақтағаныңдай сақтай гөр...»
— Рахиль құсап түзу жолдан тайма,— деді священник Софьяға.— Өз
күйеуіңді сүй жəне ережені есте сақта. Өйткені жасағанның басыңа
жазғаны сол...
Олар ерлі-зайыптылар атанды.
Əйелдер жылап, Софьяны құшақтарына қысып, еркектер бетінен
сүйді. Сіңлісі Мариго келіп жатқандарға лентамен байланған пакетке
салынған тəтті бадам үлестірумен болды. Жауап ретінде бəрі де
Маригоға: — Ендігі кезек сенікі,— деп сыбырлады.
Гректердің үйлену тойы — көп адам қатысатын қуанышты мереке.
Əкесі үлкен темір бидондар тауып, узоға толтырып қойды. Жергілікті
шарап саудагерлері бірнеше бөшке рецина жіберді. Бибі Виктория
бармағынан бал тамған кондитер ретінде танымал болғанымен, бір өзі
дым да жасап үлгере алмас еді. Оған туыстары көмектесті: əрқайсысы
бір-бір үлкен патнас көтеріп келді. Шоколад кремі бар ерік пирогі,
кремді торт, сап-сары меренг пирогі, бал қосқан печенье, айранға
ашытылған пирог, жаңғақ плиткалары, қант қосылған адам, бадам
пирожныйы, қатпарлы самсалар.
Жекжат-жұрағаттар, тілеулес достармен қатар, жай жүзтаныс
кісілер де, қаладағы жəне даладағы көршілері де келіпті. Қазір азықтүлік қымбат. Генри берген ақша шығынның шағын бөлегін де
өтемейді. Алпыс емес, екі жүз алпыс доллар қажет болады! Беймаза
ойлардан көңілі алай-түлей боп кетті.
«Əкем ақшаны қайдан табар екен? Некеқиярға қажет алпыс
долларға бола амалы құрығанда тағы да екі жүз долларды қайдан
алмақ? Өсімқор тек айына екі процент төлесең ғана береді. Бұл өмір
бойы борышты боп өтеді деген сөз. Ата-анам өзім үшін ғана осылай
шабылып жатыр ғой. Олар өр мінезді жандар, ешкімнен кем
болғылары келмейді. Мен болсам қазір тұрмыс құрдым. Енді уайымқайғы деген басыма кіріп те шықпайтын болады. Мен Мессинада таңғы
шапақты тамашалап жүргенде, олар атар таңды борыштың батпандай
жүгін арқалап қарсы алады. Жоқ, бұған жол бермеуге тиіспін».
Софья əкесін оңаша шақырып алды да, шынын айтқызды. Ол мың
алты жүз драхма, басқаша айтқанда, үш жүз жиырма доллар
қарызданып қойыпты.
— Папа-ау, бұны ертең төлеу керек болады ғой!
— Ол ертең ғой. Ал, бүгін деген — ол бүгін. Бүгін сенің тойың. Жұрт
бізді аш-жалаңаш екен деп ойламасын — келсін бəрі, сенің бақытың
үшін алып жіберсін!
Софья күйеуін тауып алып, жағдайды түсіндірді. Семья намысын
қолдан бермеу керек қой.
— Генри, қымбаттым, алғашқы өтінішім ақша жайлы болғаны
жаныма қатты батады. Бірақ, басқа амалым болмай тұр. Оларды
кіріптар қып кете барғым келмейді. Менің бір тілегімді орындашы.
Болашақта енді ештеңе сұрамауға уəде берейін.
— Өткендегі алпыс долларды əкең қайда жіберді?
— Кредитінен айырылмау үшін священниктер мен саудагерлерге
төлепті.
Генридің қабағы жиырылып кетті.
— Сен əйелімсің, сүйікті Софья. Сол себепті менен не сұрауға да
қақың бар... Бірақ, тек өз қажетің үшін ғана сұра. Семьяңның өз
ықтиярым мен келісімімсіз менен пайда таппақ ниеті бар-ау деген ой
аза бойымды қаза қылады. Əкеңнің соншалықты шалқып кеткені —
үйлену тойымыз өтіп жатқан күні сенен ештеңе аямайтынымды біліп
жүр ғой.
Софья басын сілки көтеріп, бетіне қасқая қарады.
— Жоқ, мен олай деп ойламаймын! Олар ондай адамдар емес. Өр
мінезді десең келісуге болар. Мəрттікті ұнатады. Бірақ, адал жандар.
Сондықтан ертеңгі қиындықты ертеңге қалдырып отыр.
Генри ернін жымқырып алды да, əмиянын шығарып, Софьяға мың
алты жүз драхманы санап берді. Софья күйеуіне жабыса кетті де,
бетінен сүйіп алды.
— Көп рақмет. Сен сондай мейірімдісің.
Генри езу тартқан болды.
— Күн аралатып қана.
— Сен бұған өкінбейсің.
Оның жанарында түңғыш рет ойнақы от тұтанды.
— Мен тек бір ғана жағдайда — Эгей қайтадан құтырынып кетсе
ғана өкінетін шығармын. Сенің қандай мықты теңізші екенің мəлім
болғандықтан шырын айымызды, Софидион, Сицилияға барып,
құрылыққа қайта аяқ басқанша кейін қалдыра тұруымызға тура келедіау деймін.
ЕКІНШІ КІТАП. «ГРЕЦИЯ — ҚҰТ ДАРЫҒАН ЖЕР»
София «Англетердің» жоғарғы қабатындағы өз номерлерінде
пердесі түсірілген терезе алдында дыбысын сездірмей киініп тұрған.
Төменде жасыл кілемдей қарауытқан Конституция алаңы Афинының
қақ төрінен орын теуіп, гректердің əлемге астамси көз тігетін орынына
айналған жотаға қарай жылдам өрмелеп бара жатыр. Алаңның шығыс
жақ шетінен газ шамдарының жарығына шыланған ақ сарай бой
созады. Гректер мұны бертінде құрылып, біртіндеп құралып жатқан
мемлекетті басқару үшін Бавариядан шақыртылған король Оттонға
арнап салған-ды.
Вестибюль бос еді — сағат таңғы төрттің кезі болатын. Көшеге
шыққан бетінде денесін түнгі салқын қамады. Құдайға шүкір, қыс
аяқталып, күн жылынып келе жатыр. Қара-қошқыл тапал бұлттар тас
төбесінен төніп тұр, ал жұлдыздардың жарқырай жанғандары сонша,
енді болмаса сəулеге айналып сау етіп төгіліп кететіндей-ақ. Жаны жай
тауып, өзін өмірдегі барлық қызыққа ортақ адамдай сезінді. «Афиныда
өмір сүру,— деп ойлады ол,— əлемнің нақ жүрегінде өмір сүру деген
сөз. Осынау түнгі тəтті ауаны бір жұтып, осынау таңғы көк аспанға бір
көз жүгіртудің өзі-ақ өмірдің қандай қызық екенін, оның не үшін
жаратылғанын айтпай-ақ аңғартып береді».
Айдың айбалтаға ұқсас бітімі түрік тепкісінің көңілсіз күндерін еске
салғандай. Жасыл бояумен сырланған, төбесіне Афина бастары
қондырылған биік қаңылтыр шырағдандар пальмаларды, шоқ-шоқ боп
өскен ақ жəне сары гүлді акацияларды, бұрыш ағаштарын жəне
жуықта ғана басылған қалың жаңбырлардан кейін қызғылтым тарта
бастаған ащы апельсиндерді қараңғылық құшағынан бөліп тұр.
Кофеханаларда түнге қарай жиналып қойылатын орындықтар ұйқы
шақырарлықтай боп үйіліп жатыр. Көше сыпырушылар қаптал жолға
шелектен су шашып, соргодан жасалған сыпырғыштарымен қоңсықты
іргедегі арыққа сырғытып жатыр.
Күн жайлап жоғары өрлеп бара жатыр еді. Таңғы шапақ жүрегін
қуанышқа толтырды. Əр жерінде бір ағаш өскен беткеймен жотаның
басына көтерілді. Жоғарыда жалғыз Акрополь ғана тұрған, ал Афины
төменде, аяқ астында жатқан. Күлдей ұсақ ақ ұнтаққа ұқсап аспаннан
таңғажайып сəуле төгіледі. Бейне бір Зевс қаладағыларға құтты қадам
тілеп, көк зеңгірге құдіретті қуат дарытып жатқандай. Еріксізден
еріксіз: «Греция — құт дарыған жер» деген ой оралды.
Грецияда сəуле — қимыл-əрекетін қадағалауға болатын сыртқары
нəрсе емес. Сəуле адамның ағзасына сіңіп, ақыл-санасына араласып
кетеді де, тəннің таусылмас қуатына айналады. Бұл — ішкі сəуле. Əр
адамда ол əрқилы. Өмірді мəнді де мағыналы ететін де осы. Гректің
күні адамды жалын боп шарпымайды: ол оны оңды-солды көктеп
өтеді, құдды бір қосалқы жүректей кеудесінде от боп жанады. Сөйтіп
тамыр-тамырда қуат тасқынын тудырады. Аралдарда да, құрылықтағы
Грецияда да, Эгей теңізінде де — барлық жерде де осындай грек
сəулесі мен грек күні. Бұл да кəдімгі Парфенон тəрізді игілік. Бұндай
нəрсені жер бетінің басқа бөлегінен жолықтыра алмайсың.
Мысырлықтар Күнді пір тұтатын, ал гректер болса оны өз көкірегінде
сақтайтын.
Себетін төбесіне көтерген наубай алда адымдап барады. Онда
ыстық бөлкелер бар. Соңынан құмыра құшақтаған бақташы қалмай
еріп келеді. Ыстық бөлкеге майды қалай алмас екенсің енді! Қарны
ашыңқырап қалған Софья бөлкесін ə дегенше тауысып та қойды.
«Аяғына тарлау гетр, үстіне тізесіне жететін алабажақ жейде киген,
басына желкесінен түйінделген алқызыл бір байлар тартқан мынадай
бақташыны Парижден сірə де кездестірер ме едің?» деп ойлады ол.
Бірақ, ұзақ таңырқап тұруға уақыты болмады: арқалаған жүктерінің
ауырлығынан еңкіш тартқан, айқайдан дауыстары қарлыққан көкөніс
сатушы əйелдер жақындап қалған-ды. Иықтарына ұзын-ұзын
тізбектер асқан сарымсақ сатушылар да таяп қапты. «Сарымсақ көз
тиюден сақтайды» деген сөзге Софья бала жасынан сенетін. Көшелер
афинылық дағдылы əндерін айтуға кірісті: айнала-маң кішкентай
есектерге артылған үлкен жүк себеттерінің сықырына толып кетті.
Есектердің өздері төңірегінен түк ештеңе көріп келе жатқан жоқ-ты, ал
оларға артылғанды жұрттың бəpi көріп тұрған. Жемістер мен жаңа
ғана жүйектен алынған көкөністер — помидор, қияр, картоп...
Табалдырықтан бері аттаған əйелдер түскі тамаққа қажеттерін таңдап
алып жатыр. Жауапты минуттар.
Бəрінен күркетауық сатушыға қараған қызық-ты. Ол екі жүзге жуық
тауығын ұзын шыбығымен қуалап, жол-жөнекей жанжалдасқандарын
тыйып, беткеймен баяу жоғарылап келе жатыр еді. Шамасы,
деревнядан түн ортасында шыққан болуы керек. Оның саудасы ұзақ та
машақатты жүріп жатты. Өйткені, əйелдердің қай-қайсысы да арзан
бағаға тəуір тауық алуға əрекет жасап бағатын. Саудасын аяқтаған
бақташы:
Күркетауық! Күркетауық! Қораз, шіби, балапан! Деп өңешін жырта
айқайлап əрі асатын.
Жап-жасыл боп жарқыраған зəйтүн тоғайлары, көгілдір аспан —
Италия оны осындай жаймашуақ кейіпте қарсы алған. Софья бейне-бір
өз үйінде жүргендей сезімде болған. Түптеп келгенде, Италия жеріне
бірінші боп қоныстанған троялық Эней мен оның ұлы Асканий емес
пе?! Мессина мен Венеция10 аралығындағы музейлерде қыруар қазына
сақтаулы тұрған: живопись, мозаика, керамика, жазу жазылған
тақталар, көне мүсіндер, қару-жарақ, жұмыс құралдары, теңгелер...
Генри одан əдебиеттерді көбірек оқуын, көрген-білгенін тереңірек
зерделеуін талап етті. Үйіне күн аралатпай хат жазып тұруға уақытты
қалай тапқаны таңқаларлық.
«Құдайдың маған не үшін мұндай тағдыр сыйлағанына таңым бар.
Мені бақытты еткен атаң-даңқта, айналамдағылардың айрықша
ықыласы да емес, Генридің мейірімді қамқорлығы ғана. Мен оған
күйеуге шыққаныма өкінбеймін жəне ешқашан өкінбейтін боламын.
Қадірменді анашым мен жайында уайым жемесе екен» (Мессинадан).
«Жасағанның жақсылығы арқасында аман-есенбіз. Күймеге отырып
күні бойы қала аралаумен болдық. Мұндағы ауа райы да, көне дəуірдің
керемет ескерткіштері де маған өте ұнайды. Помпей мен
Геркуланумда болдың... Бүгін Соррентоға барып, сонда қонамыз»
(Неапольдан). «Менің денсаулығыма келетін болсаңдар, біздің екеуіміз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 05
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.