Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 22

Total number of words is 3844
Total number of unique words is 2330
31.8 of words are in the 2000 most common words
43.4 of words are in the 5000 most common words
50.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
көрсететін бағалы мүлкі жоқ. Бергендерімізді жəне болашақта
беретіндерімізді көрмеге қою үшін тиісті жөндеу жұмысын жүргізуге
қырық мың франк ұсынамын. Бұл олардың ашуын басатыны кəміл.
Софья енді Генриге қарсы сөйлеудің қажет еместігін қойды. Барлық
іс-əрекетінің жоспарын жасап та үлгеріпті жəне бəрі де ойлағандай боп
шығатынына сенімі де нық. «Қазбалар аяқталды,— деп ойлады Софья
өкінішпен,— енді мен көмекшісі емеспін, үй бағар əйелімін. Ал, əйелге
сынап-мінемек түгіл, күйеуінің жұмысына қол сұғуына да болмайды.
Мейлі, басқа да грек əйелдері сияқты, айтқанды тыңдайтын, əдепті,
жақсы жұбай боп жүрсем де жетер».
Мақала «Аугсбургер альгемайнеде» 26 июль күні жарық көрді де,
кешікпей-ақ үлкен шатақ шықты. Берлиндегі түрік елшісі мақаланың
мазмұнын телеграф арқылы қолма-қол Константинопольге, халық
ағарту министріне мəлім етті, ол сол бойда телеграф арқылы
Афиныдағы түрік елшісі Есат бимен хабарласты. Есат би гректің ағарту
министрі Каллифронасқа наразылық білдірді. Грек үкіметі
түріктермен арадағы жағдайды шиеленістіруге құлықты емес-ті; осы
таяуда ғана түрік сұлтаны гректің Үлкен крест орденімен
наградталған. Екі елдің арасындағы достық қатынас жаңа-жаңа
реттеліп келе жатқан. Енді соған қауіп төніп қалғандай еді. Күлкілі
жағдай да кезікпей қоймады: күдіктен көз ашпаған бір жергілікті газет
Шлиманның алтын олжаларын Афиныда қолдан жасалған деп соқты.
Каллифронас та ізін суытпай іске кірісті. Алдымен, Трояда табылған
көне дүниеліктерді сақтайтын музей салу жөніндегі Шлиманның
ұсынысын қайтарып тастады. Бұл аз болғандай, Шлиманның
Олимпияны қазу жөніндегі тілегін белден басып, бұл правоны Пруссия
археология қоғамына алып берді: бұл қоғам да грек үкіметіне сондай
өтініш айтып жүрген.
Афины жұртшылығы Шлимандардан сырттай бастады. Тек
туыстары ғана айнымады: өйткені, қандас адамдардың бір-біріне
деген адалдығы гректер үшін жазылмаған заң болатын. Таныстары да,
бұлар бейне бір жұқпалы ауруға шалдыққандай, жуымай қойды.
Университеттегі таныстары араларын аулақ салмағанымен, ақысын
аңдып, Музалар көшесіндегі үйге баруға аса бір асығыстық
байқатпады.
Софьяның мақаланы жариялама деп жалынғанын жадынан
шығарған Генри əйелінің қыр соңынан қалмай ана бөлмеге кіріп, мына
бөлмеге барып, ашына сөйлеп жүрді:
— Олардың өйтуге қақы жоқ! Трояны ашқаным үшін маған бүкіл
əлемнің мəдени жұртшылығы алғыс айтулары керек! Соның ішінде
алдымен Греция алғыс айтуға тиіс!
Өз көңілін аздап болса да тыныштандыру үшін ол
Константинопольдағы американ елшісі Бокерге хат жазды. Түріктің
халық ағарту министрі Сафуат пашаға арнаған татулық тілеген
жолдамасын да қоса салып жіберді. Бұл жолдамасында ол Детьеге
айтқан ұсыныстарын қайталап: Трояда бірлесе жүргізілетін үш айлық
қазбалардың барлық шығынын өзі көтеріп алатынын, табылған
нəрселерді түгелдей түрік үкіметіне табыс ететінін жəне
Константинополь музейін өз қаражатына жөндететінін хабарлаған.
Сафуат паша жауап қайтарған жоқ. Ал, Бокерден қысқа ғана құрғақ
жауап келді:
«Оттоман өкімет орындары заңды бұзғаныңыздан гөрі, олжаны
Константинополь музейімен тең бөлісу жайлы өзіңіз қол қойған
жазбаша келісімді мансұқ еткеніңізге қатты реніш білдіріп жатыр.
Өзіңіз. «Приам қазынасы» деп атап отырғаныңызды аман-сау алып
кеткеніңіз, бəлкім, ғылым үшін тиімді болса тиімді де шығар, бірақ
Түркиядағы болашақ қазбалар үшін бұл əрекетіңіздің үлкен қырсығы
тие ме деп қорқам; түрік үкіметінің бұған наразылығы сонша, шет
елдік атаулыға қазба жүргізуге тыйым салуға бар».
Шаңқай түстегі август аңызағы жан шыдатарлық емес еді.
Шлимандар күн сайын Фалеронға барып үш-төрт сағат суға шомылып
қайтатын. Афинының басқа да көптеген үйлеріндей, бұлардың
үйлеріне де дамыл-дамыл су келмей қалатын. Өйткені, от боп жанған
шаңдауыт көшелерге шашуға су шақ келмейтін. Ертеңгілік Генри
кабинетін жауып алатын да, жанын ауыртқан жайсыздықтарды
ұмытпақ болып, ағымдағы шаруаларына қатысты хаттар жазуға
кірісетін. Оның шаруаға басы бүтін беріліп кеткені сонша, əйелін
үйленгендерінің төртінші жылдығымен құттықтауды да естен
шығарды. Сөйтіп, ештеңе тарту еткен жоқ. Оларды қалаға аттап
баспады десе де болар еді.
— Ең дұрысы — дауыл тынғанша үңгірде тығыла тұрған,— деді
Шлиман.
Оның үстіне қалада əрлі-берлі жүрудің өзі қиындап кеткен —газ
құбыры тартылып, көшелердің астан-кестеңі шығып жатқан. Генри
алғашқылардың бірі болып газ компаниясынан төменгі жəне жоғарғы
бөлмелерге жарық беретін жабдық сатып алды. Жұмысшылар бір апта
бойы жарды ойып, еденді қопарып, үй-ішінің берекетін кетірді. Оның
есесіне Генри өшіргішті қосып, газ шамдарды сіріңкемен тұтатып,
бөлмелер самаладай жарыққа толып шыға келген кезде
қуаныштарында шек болмады.
Генри шаруаға бүтіндей беріліп кетті де, көңілсіз жағдайларды
біржола жадынан шығарды . Ал, Софья үшін азапты күндер басталды.
Троядан, күнделікті көңіл толқытар олжалардан жырақтап қалған ол
ар-ұжданы алдында азап шегумен жүрген. Болған оқиғаға оның да
Генриден кем қатысы жоқ еді. Алтынды астыртын түрде үйге əкелуге
көмектесті, өз сандығына жасырды, сосын қашан Бесік мойнағына
алып барып «Омониа» пароходына тиегенше көз жазбай қарауылдап
жүрді. Генри оның ақыл-кеңесін əрдайым құлағына іле бермейтін,
əйтсе де көмекшісі ретінде мақтауын жеткізіп, «Аугсбургер
альгемайнеге» арналған мақаласында операцияға қосқан үлесін бүгешігесін қалдырмай баяндаған. Қазір бұл мақаланы бүкіл Европа оқып
жатыр. Оттоман империясы оларды грек соты арқылы жауапқа
тартатыны жайлы сыбыс тарады. Октябрьдің ортасында Софья ақыры
табылған алтынның тең жартысын Түркияға қайтару жөнінде өтініш
жасауға тəуекел етті.
— Не үшін?
— Азаптан құтылайық та.
— Менің азап шегіп жүрген ештеңем жоқ.
— Оның есесіне мен азапқа түсіп жүрмін. Ар-ұжданым алдында таза
болуым үшін қазынаның жартысын беруге əзірмін.
— Детье өз хатында алтынды Константинопольға тұтастай
қайтаруымызды сұрайды. Музейді тазартып, тəртіпке келтіріп,
көмбені түгелдей көрмеге қоюға уəде береді.
— Сен оларға жартысын ұсынып па едің?
— Жоқ.
— Неліктен?
— Себебі, олар жаңа заңдарын қабылдап та қойыпты. Приам
қазынасын көздеріне көрсетер болсам бəрін тартып алатындары анық.
Рождество
мерекелерін
тойлауға
Афиныға
Шлиманның
шақыруымен бір атақты адам — Британия музейінің антикалық көне
дүниеліктерін сақтаушы Чарльз Т.Ньютон келді. Олар көптен хат
жазысып тұратын. Ньютон, ақиқатын айтқанда, троялық олжаларды өз
көзімен көріп кету үшін ғана келген. Қадым заманғы терракоталық
мүсіншелердің, піл сүйегінен жасалған бұйымдардың, тас пұттардың,
қару-жарақтардың ғылыми жəне көркемдік құндылығы оны қатты
таңырқатты. Бұның бəрі де Гомер дəуіріне жатады деген айқын пікір
айтты.
Үшінші күні ағылшын сыпайы түрде:
— Алтын олжаларға көз салуға болмас па екен? Аузымнан артық сөз
шықпайтынын білесіздер ғой,— деді.
Шлиман ойланып қалды. Қонағына Приам қазынасын көрсетуге
құштар-ақ, бірақ — өте қауіпті! Ньютонды Ликабетке ертіп апара
алмайтын: бұл төңіректе екі шет жерліктің жүруі күдік туғызатын.
Ақыры тəуекел етті. Рождество күні, бүкіл Афины шіркеуде отырған
кезде, Ликабетке Спиросты жіберіп, екі диадеманы, əрқайсысында
төрт мың моншақтан тізілген екі алқаны, бірнеше білезік пен сырғаны
алып келуді тапсырды.
Шлиман қонақ бөлмедегі есік-терезені түгелдей жауып, шамаданды
ашып қалғанда ағылшынның көзі атыздай боп кетті.
— О, тəңірім!—деп дауыстап жіберді.— Неткен сұлулық! Жəне
тұтастай тап-таза алтын! Қолға ұстап көруге бола ма?
Бұйымдарды мұқият қарап шыққан ол:
— Бұл дүние жүзінде теңдесі жоқ олжалардың бірі. Бірақ та,
достарым-ау, бұның ұрының мүлкі құсап аузы құлыптаулы сандықта
жатқаны жөн бола ма? Мыңдаған адам көріп, көз тойдыру үшін
əлемдегі ең ірі музейдің көркіне айналғаны абзал емес пе?— деді.
Шлиман езу тартты.
— Сіз Британия музейін мегзеп тұрсыз ғой?
— Олжаларыңызды ең құрметті орынымыздың біріне орналастырар
едік.
— Солай екені солай, мистер Ньютон,— деп Софья сыпайы ғана
қарсылық білдірді,— бірақ Трояның көне дүниеліктері Афиныға
берілетін боп қойған.
Сіздер бұны Британия музейіне сыйласын деп отырғаным жоқ.
Коллекцияларыңыз шамадан тыс қымбат дүние.
— Сонда бұны сатып алғыңыз келіп пе еді?— деп сұрады Генри.
— Өздеріңіз əділетті түрде белгілеген бағаға сатып алуыма болар
еді деп ойлаймын. Əрине, мұндай үлкен соманы бірден жинай қою да
оңайға соқпас...
— Құрметті мистер Ньютон,— деді Софья салқын ғана,—
коллекциямызды сату жайлы ойдан аулақпыз. Түркиямен арадағы
қатынасымыз жақсарған бойда оны Грецияға тарту етеміз.
Ньютон Шлиманға сұрақты жүзбен көз тікті. Анау бір сəтке мүдіріп
қалды да:
— Менің ойым да сондай. Коллекцияны сатпаймыз. Бірақ,
ұсынысыңызға мейлінше тəнтіміз,— деді.
Чарльз Ньютон Лондонға жүріп кеткен соң ұзамай «Левантин
хабаршысы» газетінде бір қызықты хабар жарияланды. Нассиф паша
Калифатли
жəне
Енишаһар
елді
мекеніндегі
Шлиман
жұмысшыларының үйіне тінту жүргізіпті. «Көптеген алтын алқа,
білезік, сырға жəне бірнеше алтын жамбы» табылыпты. Алтын
кəмпескеленіп, айыптылар абақтыға жөнелтіліпті.
Мақаланы оқып шығып, бір-біріне аңтарыла қарап қалды. Генри
біресе ашуланып,— жұмысшылардың алдауға дəттері қалай барды
екен?— біресе қуанды. Өйткені, бұл Трояда көмулі жатқан алтынның
көптігін тағы бір дəлелдеп берген-ді. Енді оның көне дүниеліктері
Афиныда əзірленген деп ешкім айта алмайды.
— Генри!— деді Софья шаттанып.— Бұл Константинополь
музейінің ақыры өз үлесін алғанын көрсетіп тұрған жоқ па? Төрт оқа
алтын шамамен он бір фунтқа тең. Аз емес қой. Түріктер риза шығар.
— Олай ойласаң қателесесің, қуанышым. Бұл тек тəбеттерін аша
түскен болар!
Софья самай шаштарын саусағымен жинап, құлағының артына
ысырды.
— Олай болса, бізге неге ана кəмпескеленген алтынның жартысын
талап етпеске? Пəрменге жүгінсек, өйтуге толық қақымыз бар ғой.
Мақаланы қайталап оқып жатқан Генри басын көтерді.
Софья ойнақылана күлді.
— Бұл ұпайымызды теңестірер еді.
Афины архиспископын сайлау үшін 1874 жылдың 21 январында
синод екінші рет жиналды. Триполистен епископ Вимпос келді. Ол
келетін күні қалалық мəжіліс залы жанына елуге жуық адам жиналды.
Көпшілігі студенттер еді. Олар: «Тео Вимпос — архиепископ! Тео
Вимпос — архиепископ! » деп айқай салды.
Сегіз адамнан тұратын полиция отряды жиынды қуып таратты. Бұл
оқиға жайлы хабар қалаға жайылды. Афиныда бұрын-соңды бұндай
оқиға болып көрмеген. Синодта пікірталас туып, қызу айтыс жүрді.
Ақыры бұ жолы да ешкім сайланбады.
Келесі күні парламент өз жұмысын бастады. Осының құрметіне
король сарайы бал ұйымдастырды. Шлимандар оған шақырылған жоқ.
«Трояның көне бұйымдары» 1874 жылы январьдың аяқ кезінде
жарыққа шықты. Бұл бір көркем де қомақты фолиант еді. Алдағы
күннің қамын ойлаған Шлиман өз кітабына дос адамдарды күнілгері
тауып та қойған. Афины университеті археология факультетінің
профессоры Ефтимиос Касторкиске кітабының гранкалары мен
фотосуреттердің толық комплектісін жіберген. Профессор ұзамай
алпысқа аяқ басқалы тұрған. Тарих пен археологияны Германияда
зерделеген-ді. Университет кафедрасына 1858 жылы ие болған. 1850
жылы Касторкис халық ағарту министрін Археология қоғамын
қайтадан ашуға үгіттеп көндірген еді. Өзі осы күнге шейін соның
мүшесі болатын. «Трояның көне бұйымдарының» оған айрықша əсер
еткені сонша, коллекцияны көріп шығуға өтініш білдірді. Шлиман
профессорды жексенбі күні үйіне қонақасыға шақырды. Касторкис
олжаларға бірнеше сағат бойы үңіліп, жасын анықтауға əрекет жасады.
— Алтынды, шамасы, тек айқай-шу басылған соң ғана көретін
болармын?— деп сұрады ол.
— Сіз оны алғашқылардың бірі боп көресіз,— деп сендірді Шлиман.
Ағылшын премьер-министрі Гладстон он бес жыл бұрын «Гомер
жəне Гомер өмір сүрген дəуір» деген атпен үлкен еңбек жариялап,
антика əлемінің білгірі атағына ие болған адам еді. Шлиман оған
«Итака, Пелопоннес жəне Троя» атты кітабын, сосын «Аугсбургер
альгемайнеде» жарияланған мақаласын салып жіберген. Гладстон
троялықтардың грек тілінде сөйлегеніне сенімді еді, Шлиман да сол
пікірді жақтайтын. Ол ағылшын премьер-министрінен жылы лебізді
хат алды.
«Тапқан фактыларыңыздың ежелгі тарихты танып-білуге тигізетін
көмегі ерекше зор. Ал, өзімнің бұларға қуануымның тағы бір себебі —
Гомер текстінен алған түсінігіммен дəл келеді екен»,— деп жазды
Шлиманға ағылшын премьер-министрі.
Шлиманның «Аугсбургер альгемайнедегі» есебін сыни көзбен
талдаған Оксфорд тарихшысы Макс Мюллердің мақаласын жариялаған
ағылшынның беделді апталығы «Академия» Гладстонға қолма-қол
қарсылық айтты. Сөз ауаны барынша сабырлы бұл мақала Шлиман
тапқан мыңдаған жапалақ басты мүсіншелердің əсте де гректің əйел
құдайы Афинаны бейнелемейтіндігін, мұндай мəлімдемеге негіздің
аздығын тілге тиек ететін. Сондай-ақ, Шлиманның Троядан Приамның
қазынасын тауып алуы да бекер: ахейліктер бұндай мүмкіндікті босқа
жібермей, оны соғыс олжасы ретінде ала кеткен болар еді, делінді.
Софья мен Генридің кешікпей-ақ көздері жеткеніндей, «Трояның
көне бұйымдары» да дəл осындай кереғар пікір туғызды. Эмиль
Бурнюф «Ревю де Монд» журналына көкке көтере мақтаған рецензия
жариялады. Бұны Шлиман ашқан жаңалықтарды Француз
академиясының мойындағаны деп ұғуға болатын. Оның есесіне неміс
археологтары, Шлиманның сөзімен айтқанда, «қан ішуге құштар
болды». Оған археология тұрғысынан алғанда, кешірілмес күнə жасады
деген айып тағылды. Өзінің Троясын іздеу барысында көне
қабырғаларды, үйлер мен ғибадатханаларды қиратты... Сондай-ақ,
ақылға сыйымсыз жорамалдар жасап, кісі күлерлік қағидаларды алға
тартады, онысын келесі тарауларда өзі қайтадан жоққа шығарады. Бір
сөзбен айтқанда, бұл не істеп, не қойып жүргенін өзі де білмейтін
ноқай, əрі оған қоса айтары жоқ алаяқ: фотосуреті кітапқа енгізілген
алтын бұйымдардың бəрін Константинополь мен Таяу Шығыстағы
басқа да қалалардың базарынан сатып алған...
Софья да сойқаннан тыс қалмады. Əсіресе, Римдегі екі жас неміс
ерекше көзге түсті. Шлиманның кітабындағы: «Үмітімнің ақыры
ақталғаны үшін жасағанға айтар алғысым шексіз, сондай-ақ қазынаны
шəлісіне орап, сақтап қалған əйеліме де өмір бақи борыштымын деп
білемін», деген жолдарды оқып алған əлгі бойы өссе де ойы өспеген
нақұрыстардың «күлкіден ішегі үзіле жаздайды». Келесі күні біреуі
үстіне əйел киімін киіп, қолына қызыл түйіншек ұстап бір жерге
қонаққа барады. «Шлиман ханым», деп таныстырады оны жұртқа
қасындағы серігі. Бала жігіт шəлісін сілкіп қалады да, сынық
құмыралар мен тесік кастрөлдер сау етіп еденге төгіледі... Олардың бұл
қылығы ауыздан ауызға тарап кетті.
— Олар не істерін білмей, қызғаныштан жарылайын деп жүр,— деп
жұбатты жұбайын Генри.
Бірақ, ол өз атына айтылып жатқан балағат сөздерді тып-тыныш
тыңдап отыра беретін адам емес-ті. «Жуыспайтын жорамалдар
жасағаны» жəне «қиялға құрық байлағаны» үшін өзін жерден алып,
жерге салып жатқан газеттер мен журналдарға қарсы пікір жазып,
үстел басында сағаттар бойы сарсылып отыратын. Құрылықтағы
барлық үлкен қалалардан жəне Англиядан арнайы жалдаған адамдары
оған өзі жайлы жазылған мақалаларды үзбей жолдап тұратын.
Мақалалардың ішінде мақтайтындары да, даттайтындары да кезігетін.
Осының бəріне өзі жауап қайтарып, өз басы жайлы, Троя жайлы, оны
қалай танып-білгендігі, қалай ұнатқандығы жайлы барлық шындықты
жіпке тізетін.
«Тынымсыз жан. Мұнда да Троядағыдай мігір таппастан тəулігіне
жиырма сағаттан жұмыс істеп жүр», деп ойлады Софья.
Бірақ, Софьяның өзі де ғылымның əріп кеміргіштерімен айқаста
Генримен қоян-қолтық жүрген жоқ па? Бұл айқас оңай айқас емес.
Бұның да өзінің үскірігі, солтүстіктен соғатын сүйектен өтер суық желі,
аңқа кептірер аңызағы бар, бұнда да улы қарақұрттар көп... Сол себепті
де олар қашан күллі əлем Шлиман ашқан жаңалықтардың ұлылығын
ұғынғанша, Шлиманды Дарданелдің сағасындағы тас дəуірінен қалған
көзге қораш деревняны Гомердің аты аңызға айналған Троясы осы деп
ауызынан ақ көбік аққанша дəлелдеп жүрген суайт санағандарын
қойғанша, қашан күллі əлем оны айтулы ғалым əрі археолог ретінде
танып, еңбегін əділ бағалап, қазіргі заманғы археологияның атасы
атандырғанша күрестерін тоқтатпақ емес.
Сот алдында Константинополь музейінің атынан айтылар талапты
əзірлеу үшін түрік елшісі Ессат би үш грек адвокатын жалдады.
Адвокаттар соттан іс музейдің пайдасына шешіле қалатындай болса,
Шлиманның үйі мен бүкіл дүние-мүлкін кəмпескелеуді өтінді.
Генри өзін қорғауды Афинының көрнекті адвокаттары Лукас
Халкокондилис пен Леонидас Делагеоргиске жүктеді.
Шіркеудегі құлшылықтан қайтып оралған Генри мен Софья
мебельдері орынынан қозғалып, комод жəшіктері ашылып қалғанын
көрді.
— Бізге тінту жүргізіліпті ғой!— деп дауыстап жіберді бойын ыза
кернеген Генри. Біреулер үйде адам болмайтын кезді əдейі аңдып
жүрген боп шықты.
— Генри, егер олардың бүйтуге қақы болса қайтесің?
— Ол қайдан шыққан заң?! Бұл деген қылмыс қой. Бұны юстиция
министрі мен полиция басқармасына хабарлаймын. Айыптыларды
таппай қоймаймыз.
Шақырылмаған қонақтар алтынды қалай таппаған болса, Шлиман
да оларды солай таба алмады. Полиция бастығы жекеменшік үйге
басып кіру өз адамдарының дəстүрінде жоғын хабарлады. Юстиция
министрі соттың тінту жүргізу жайлы қаулы қабылдамағанын, өйткені
үкімет бұған бəрібір келісім бермейтінін мəлімдеді. Ессат бидің
адвокаттары түріктердің халықаралық нормаларды мұншалықты
өрескел бұзушылыққа бармайтынын айтты.
— Пирейдегі баждан барлық көне бұйымдарды Грециядан алып
кетуге рұқсат берулерін сұраймын,— деді Генри тістеніп.
Софья төбеден ұрғандай тосылып қалды.
— Олжаларымыз осында болады, кейін Грецияға тарту етіледі деп
маған уəде берген жоқ па едің?
— Оны бір жаққа апарғалы отырған ештеңем жоқ. Егер сот
түріктердің пайдасына кəмпескелеуге ұйғарым жасаса, оны басқа елге
əкету үшін ресми рұқсат алып қойғым ғана келеді.
Сол тұста түрік өкімет орындары Яннакисті қайтадан тұтқынға
алып, сатқындық жасадың деп айыптап, абақтыға қамап тастаған.
Үкімет тағайындаған бақылаушы Əмин əпендіге де штраф салынған.
Оның да төбесіне қауіп бұлты үйіріліп тұрған. Шлиман түрік халық
ағарту министріне үзілді-кесілді наразылық білдірген хат жолдап,
«бұдан артық саң күзетшіні табу қиын болатынын» мəлімдеді. Əмин
əпенді қызметімен қоштасқанымен, тұтқынға алыну жəне «өз
қызметінде өрескел кемшілік жібергені үшін» жауапқа тартылу
қаупінен құтылды.
Шлиманды мазасыздық билеп алған. Өзін өзі торға қамалғандай
сезініп жүрген. Оқиғалар барысы ырқынан шығып бара жатқан шақта
оның саяхатқа кететін əдетін Софья білетін. Бұл жолы қайда тартар
екен: Лондонға ма, Парижге ме əлде Берлинге ме? Оны таң-тамаша
қалдырған Генри:
— Микенге барамыз. Пароход Пирейден Нафплионға дүйсенбі күні
таңғы сағат алтыда жүреді,— деді.
Софья күйеуінің жүзіне қадала көз тікті. Соңғы айларда жүдеді, тіпті
азып кетті десе де болатындай еді: ұрты суалып, бет сүйектері
шодырайып тұр. Бірақ, жігер-қайратының сарқылатын түрі көрінбейді.
— Барлап, байқап қайтайын, саған да аралатайын. Микенді қазуға
рұқсат сұрауды ұйғардым.
— Ойбай-ау, өтінішімізді қайтарып тастамады ма?
— Олай деуге əлі ерте. Бізден тек Олимпияны ғана алып қойды,
онда қазба жүргізу Пруссияға тапсырылды. Ал, Микен ешкімнің көзіне
түсе қойған жоқ. Бұдан екі күн бұрын халық ағарту министрі
Каллифронас отставкаға шықты. Жетпіске жақындап қалған адам ғой.
Оның кетуі бізді бір кедергіден құтқарды. Бүгін барып өтініш берем.
Генри қайтып оралысымен Софья одан нəтиже қандай болғанын
сұрады.
Ағарту министрінің портфелін енді Иоаннис
иемденетін болыпты. Шлиман онымен таныс емес-ті.
Валассопулос
— Өтінішімді алып қалды. Бар болғаны сол-ақ. Одан бірнеше күнге
Микенге барып, жағдайын байқап, жобалар жасап қайтуға бола ма, деп
сұрадым. Аралап көруге əркім-ақ ерікті, деп жауап қатты, бірақ
қазбалар жүргізуге тыйым салды.— Генри иығын қиқаң еткізді. Сосын:
— Арголида шығанағының жағалауы ғажайып əдемі жер. Саған
ұнайтындығы кəміл,— деп қосып қойды.
Дүйсенбі күні таңертең олар Пирейден пароходқа отырды. Артық
ештеңе де алынған жоқ, жалғыз ғана ауыр жүктері: Павсанийдің
«Элладаның сипаттамасы мен Эсхилдің «Орестеясы» ғана еді.
Өздерінің бұл сапары Софьяға қашып, қара батыру сияқты боп "
көрінді.
— Бұншалықты асығудың не қажеті бар? Түріктер сені тұтқындауға
ордер алудан аман ба?— деп сұрады ол күйеуінен.
— Əзірге ала қойған жоқ,— деп Генри көңілсіздеу езу тартты.—
Жаңа министр өтінішімді қайтарып тастамастан бұрынырақ жүріп
кетуге асықтым.
Февраль айының ортасы еді. Софья теңізден жақсылық күте
қоймаған. Ойлағанындай болды да шықты. Бірақ, ұзамай толқу
басылып, өзін сергек сезініп, жан-жағы қоршалған, кішкене тымық
мойнақтары, қамал қабырғасындай тұтасып жатқан, теңізге таяп келіп
тоқтаған таулары бар Идра мен Спеценің көз тоймас көркін қызықтап
отырды. Пароход Арголида шығанағына еніп, құйттай қамалы бар
күзетші аралдың қалқасынан Нафплион қаласы жақұттай жарқыраған
солтүстікке қарай бағыт алды.
Нафплион — афиналықтар айрықша ұнататын демалыс орыны еді.
«Олимп» атты жанға жайлы қонақ үй бөлмелерінің терезелері теңізге
қаратылған-ды. Ал оның ас үйінде əзірленетін, теңізден таңертеңгісін
ғана ауланған палтустан, теңіз алабұғасы мен пикшадан жасалған
балық филесін жұрт айрықша ұнататын. Түн салқын болды.
Шлимандар тағы бір одеял мен шам сұратып алды. Софья кішкентай
иконын кереует жанындағы тумбочка үстіне əкеп қойды: жат бөлме
бірден жылыұшырап сала берді. Генри біраз жыл бұрын Лондоннан
сатып алған Микен жайлы кітаптарын шығарды.
— Шынымен-ақ таңқалуға тұрарлық нəрсе,— деді ол Софьяға.—
Павсаний Микенде біздің дəуіріміздің екінші ғасырында болып,
«Элладаның сипаттамасында» оған едəуір орын беріпті. Содан бері
Микен жайлы ештеңе жазылмады десе де болғандай. Микен жайлы
алғашқы кітап тек 1810 жылы ғана жарық көрді, одан кейінгі жиырма
бес жыл ішінде тағы да үшеуі өмірге келді. Авторларының бəрі де —
ағылшындар. Саяхат десе ішкен астарын жерге қоятын олар
Арголидаға келіп, Микендегі қамал мен оның Тиринфтегі егізін жанжақты сипаттап жазып, суретін салды. Содан бері қырық жыл өтсе де
ежелгі астана мен ғажайып Микен мəдениеті жайлы əлі ешкім ештеңе
жаза қойған жоқ. Біздің жұмыс күнделігіміз осы олқылықтың орынын
толтырар еді, тек қазуға рұқсат алсақ екен. Ағылшын Додуэл 1819
жылы жарық көрген «Грецияға саяхат» атты кітабында не деп
жазғанына құлағыңды сал: «Грецияда археолог айтып жеткізгісіз мол
олжаға кенелетін жер — жалғыз ғана Микен. Жүйелі түрде
жүргізілетін ауқымды қазбалар көнелігі жағынан жəне мəн-маңызы
жағынан осы күнге дейін табылғандардың бəрінен де асып түсетін
дүниеліктерді əлемге əйгілеп берер еді». Бұл сөздер маған арналған.
Мұны мен елу бес жыл кейін естіп отырмын.
— Бұны жаңа министрдің де естігені жаман болмаған болар еді,—
деді Софья ұйқылы-ояу үнмен.
Алдын-ала шақыртылып қойылған күйме қонақ үйдің қасына дəлмедəл сағат таңғы алтыда келді. Күн көзі жаңа ғана қылтиып келе жатқан.
Генри шығанаққа барып суға шомылып та үлгерген. Олар асықпай
жүріп отырды. Жол қысқы жаңбырлардан кейін батпаққа айналған
жасыл шабындық ортасымен өтті. Осынау шұрайлы жерде Грециядағы
ең құнарлы шөптер өсетін. «Илиадада» Гомердің Аргосты «жылқыға
бай», «жылқылы аймақ» деуі де тегін болмаса керек-ті. Нафплионнан
бір мильдей қашықтаған соң олар Тиринф қамалының циклоптық
қабырғаларының қасынан өтті. Стратегиялық жағынан маңызды
жотаға орналасқан қамал теңізден жасалатын шабуылдан
сақтандырып, бүкіл Арголида шығанағына асқақ көз тігіп тұрған.
Тиринфте Троя түбінде жараланған жаужүрек Диомед патшалық
құрған-ды. Осынау қаһарлы құрдас-қамалдардың бір-біріне тым таяу
орналасқаны бұрынғының да, қазіргінің де тарихшыларын шынымен
таңырқатумен келген. Ақыры: Микен мен Тиринф — одақтас
мемлекеттер, алайда, көлемі жағынан шағындау қамал-қала Тиринф
Агамемнонның вассалы болған деген пікір қалыптасқан.
Тұяқтар тасқа бірқалыпты тоқылдайды. Доғал кесектерден қаланған
қабырғалар да қалмай еріп келеді. Софья қазіргі заманның жүк
көтеретін шығырлары мен крандарының қауқары азар жететін бұл
тастарды ежелгі гректердің қалай орнынан қозғап, жоғары
жылжытқандарына таңданды.
— Рас, ежелгі мысырлықтар ересен үлкен пирамидалар тұрғызудың
да амалын тапқан ғой. Бірақ, гректердің мынаны қалай салғанына
ақылым жетпейді.
Мыңдаған жылдар бойы жиналған шөгінді қатпарлары бар,
өздерінің Ғыссарлығына айна-қатесіз ұқсас жотаға тағы бір бұрылып
көз жіберген Софья:
— Тиринфті біреу-міреу қазып көрді ме?— деп сұрады.
— Берлиндегі грек елшілігінің қызметкері, біздің кітабымызды
француз тіліне аударып жатқан адам ғана талап еткен. Онда да бір күн
қазды да тастап кетті. Тиринф мені де қызықтырады, бірақ асықпасам
деймін.
Олар провинцияның əкімшілік жəне сауда орталығы боп табылатын
бай қала Аргосқа келіп кірді. Келген бойда префектіге барып ізет
білдірісті. Префект оларды əдеттегі ресми ілтипатпен қарсы алды.
— Микенде бір апта болатынымызды өкімет орындарына хабарлап
қойғымыз келіп еді.
— Онда қазба жұмыстарын жүргізбейтін боларсыз?
— Жоқ, қазбаймын. Тек қатпарлардың тереңдігін өлшеу үшін əр
тұстан бірнеше барлау шурфтарын ғана салмақпын.
— Егер шурфтармен шектелсеңіз, сізге ешкім кедергі келтіре
қоймас. Оның үстіне жоспарларыңыз жайлы маған мəлім етіп отырсыз
ғой.
Енді жол оларды Арголиданың солтүстік бөлегіне қарай бастаған.
Жер бедерінің сұрқы да адам танығысыз өзгеріп сала берді: бұл
араның жері құрғақ та жалаңаш еді, жаңбырды ұшар бастары бұлт
жамылған тау қыраттары ұстап қалатын. Күйме оңға бұрылды да,
жүрісі баяулап қалды — жол тастақты беткеймен тік өрлеп бара
жатқан. Жоғары көтерілген соң төңіректің көрінісі тағы өзгеріп кетті:
Микен қамалының етегіне жасыл-көк егістіктер, бақтар мен
жүзімдіктер айнала қоршаған шағын ғана Харвати деревнясы орын
теуіпті. Сегіз кішкене қыстау шарбақ жанында сыпсыңдасып өсек
айтып тұрған əйелдердей бір-біріне тығылыса орналасыпты.
Делбеші екі қатарлы үйдің алдына кеп тоқтады. Бұл кіремітпен
жабылған жайпақтау шатыры, төменгі қабатында екі үлкен терезесі,
əдеттегідей жарма есігі бар, балконына тор тұтылған, деревнядағы ең
əдемі үй болатын. Үйдің қос қапталында бұрыш ағаштары өсіп тұр:
аталықтары оң жағына, аналықтары сол жағына отырғызылыпты. Үй
артындағы тоғанда қаздар жүзіп жүр, ауланы тауықтар мен
күркетауықтар кезіп жүр, əріректен көгершін күркесі көзге шалынады.
Есік қағып, ішке енген Генри көп кідірмей-ақ қайта шықты.
Қуаныштан мəз-мəйрам.
— Атағымыз алдымызды орап кетіпті. Үйдің иелері Трояны
қазғанымызды естіген екен. Микенді де қазуымыз мүмкін екенін біліп,
қатты қуанысып қалды. Қазір жоғарыдағы бөлмелерін босатып жатыр.
Онда екеуіміз ғана тұратын боламыз. Үй иелерінің фамилиясы —
Дасис.
Дасистердің тұрағында өздерін қонақ үйдегіден кем сезінген жоқ.
Оларға терезелері күн жаққа қаратылған кең де жарық екі бөлме
берілді. Бұл араның топырағында жүзім, інжір, бадам, апельсин, қауын,
помидор, пияз, бұршақ, салат мол өнім беретін; құнарлы шабындықтан
хош иісті мал азығы дайындалатын. Осынау үлкен мекен-жайда төрт
ұрпақ тату-тəтті тұрмыс құрып жатқан-ды. Үй мен жер оларға арғы
аталарынан мұра боп қалыпты. Шаруашылықтары да үлкен: қойешкілері, есектері, жылқылары, иттері бар...
Софья мен Генри алдымен қарттармен танысты. Бірақ, үй
шаруасының билігі орта буынның — қырық бестегі Деметриос пен
Иоанна Дасистердің қолында екен. Олардың Гомер кейіпкерлерінің
есімдері қойылған: Аякс, Диомед, Агамемнон атты үш ұлы бар боп
шықты; екі қызы тұрмыс құрып, өздері де ана атанып үлгеріпті.
Харватида ер жеткен ұлдардың туған шаңырағын тастап кетулері өте
сирек: үйленіп, балалы-шағалы болса да ата-анасымен бірге тұрады.
Ата-аналары қартайған шақта шаруа билігін өз қолдарына алады.
Жол жүріп келген қонақтар жуынып-шайынуы үшін жоғарыға
жылы су құйылған шылапшындар əкелінді. Софья бөлмелерді көріп
шықты. Жатын бөлмедегі кипарис ағашынан жасалған үлкен
кереуеттің матрасына қойдың жүні толтырылыпты. Екінші бөлмеде
енсіздеу екі кушетка, үстел мен орындықтар тұр — кітап қоятын,
күнделік жазатын орын бар екен, деді Генри.
Ac үй жалпыға ортақ бөлме саналатын-ды — веранданы есепке
алмағанда, семья мүшелері түгелдей бас қосатын жалғыз кең бөлме
осы болатын. Түскі асты əзірлеуге əйелдердің бəрі де қатысып жатыр
еді, бірақ олардың Иоаннаның дегенінен шықпайтыны анық
аңғарылып тұрған. Софья балалық шағын, өздерінің Ромвие
алаңындағы, мата дүкенінің үстіндегі пəтерлерін көз алдына елестетті.
Бибі Викторияның да өзінің үш қызын аспаздық өнерге тап осылай
баулығаны есіне оралды. Иоанна Софьяны ас үйге шақырды,
қыздарының бірі жалпақ жүн юбкасының сыртынан алжапқыш байлап
берді. Міне, енді Софья да əйелдермен əзілдесіп, помидор мен
бұрышты фарштауға көмектесіп жатыр. Əйелдер үстеріне ақ кофта,
балтырларына дейін келетін ұзын, қолдан тоқылған сарафан киген.
Еркектер жар жағалата қойылған талдан тоқылған орындықтарға
жайғасып, шылым шегіп, əңгіме шертісе бастады.
— Доктор Шлиман, бізде де Троядағы сияқты қазба жүргізесіз бе?—
деп сұрады Деметриос.
— Əзірше үкіметтен рұқсат ала алмай тұрмын.
Үй иесі бейне бір: «Үкімет дейді! Соның да сөзі сөз болып па!» дегісі
келгендей, қолын бір-ақ сілтеді.
— Менің онымен тату болуым керек. Мұнан тапқандарымның бəрін
Грецияға беруге уəде еттім.
— Ал, əлгі қағаздарыңызды алғасын бұл арадан не іздемек ойыңыз
бар?
— Агамемнонның сарайын іздеймін.
— Дұрыс. Ол осында. Жоғары жақта, тауға таяу бір жерде.
— Оған қоса патша қабірлерін де іздесем деймін.
Оқыс жаңалықтан Деметриос отырған орындығынан құлап қала
жаздады.
— Кімнің қабірлерін дейсіз?
— Трояны қиратып, қайтып оралған кезде Клитемнестра мен
Эгисттің қолынан қаза болған Агамемнон мен оның ат айдаушысы
Эвримедонның, Кассандра мен оның егіз баласының қабірлерін...
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 23
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.