Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 39

Total number of words is 3537
Total number of unique words is 2100
26.8 of words are in the 2000 most common words
39.3 of words are in the 5000 most common words
45.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жолыққандарынан айнымайтын. Алайда, бір заманда сарай
қабырғаларының сылағын жапқан полихромдық бояулардың көптеген
кесектері күтпеген жерден кезіккен жан сүйсінерлік жаңалық болғанды. Фрескалардың басым көпшілігі — шым-шытырық шырматылған
спиральдар мен розеткалар негізгі желі етіп алынған өрнекті
композиция боп табылатын; бұлардың бірі, жоғарыда атап
өткеніміздей, Орхомендегі көрхана төбесіндегі ойық өрнекті айнытпай
қайталайтын. Сондай-ақ, тіршілік иелерінің суреттері де кезікті: бір
үлкен фрагментте есі кете би билеп тұрған тыр жалаңаш жас жігітті
арқалай құтырына мөңкіген ашулы бұқа бейнеленіпті. Шлиман ол
кезде бұндай суретке ұқсас бейнені еш жерден жолықтыра қоймаған.
Оның Тиринфті қазудан алған сабақтары мейлінше толымды болды.
Шлиманның ғалым ретінде қалыптасуын жеделдете түскен де осы
қазба еді. Бір кезде өзі ойланбастан ғибадатхана деп атаған Троядан
тапқан ғимараттарының шын мəнінде Тиринф акрополіндегі сарай
əліптес мегарон типті тұрғын үйлер екенін түсініп, бұл қателігін
«Тиринф» атты кітабында батыл түрде мойындады. Қазба басына
келіп кеткен Э. Фабрициус жас жігіттің бұқаның үстінде тұрып
жоралық би билеуін бейнелейтін сюжет Крит ыдыстары мен
гаммаларында жиі кездесетіндігін көрсетеді. Бұл Шлиман
ізденістеріне жаңа бағыт белгілеуге себепші болады. Сөйтіп, ол Критті,
айбарлы əмірші Миностың аты аңызға айналған шытырманы — Кносс
сарайын нысанаға алады. Шлиман Кноста қазба жұмысын бастауға
əлденеше рет талпыныс жасайды,— бұны И.Стоун тіпті ауызға да
алмайды,— бірақ, бұл əрекетінен ештеңе өнбейді. Археологтың
криттік Одиссеясы ақыры жүзеге аспай қалады.
Шлиманның бұдан басқа да ой-жоспарлары мол болатын. И.Стоун
оның «Приам қазынасын» Эрмитажға ұсынғанына қысқаша тоқталып
өтеді, бірақ Шлиманның өзге де ғұмырнамашылары сияқты ол да есімі
əлемге əйгілі археологтың 80-ші жылдары Россия мемлекетінің
территориясынан қазба жұмыстарын жүргізуге ниеттенгенін
ескермейді. Өзінің ұлы Сергей арқылы əрекет еткен Генрих Шлиман
1882 жылы Археологиялық комиссияға Кавказдың Қара теңіз
жағалауының оңтүстігінде қазба жүргізуге, барлық шығынын өзі
көтеруге ұсыныс түсіреді. Табылған олжаларды түгелдей Эрмитажға
табыс етуге міндеттенеді. Шамасы, Шлиманды антикалық авторлар
айтып кеткен ежелгі Эллада мен Колхида арасындағы байланысты іс
жүзінде тексеріп көру жұмысы қызықтырған болса керек. Фрикстің
алтын жабағысы жайлы, аргонавтардың Аэт патшалығына жорығы
туралы, қарттарды жас жігітке айналдыратын құпияны білетін
сиқыршы Медея жайлы жəне басқа да грек аңыздары оқырмандардың
есінде шығар.
Мемлекет қазынасы мен Археологиялық комиссияға қыруар пайда
əкелетін бұл ұсынысқа жармаса кеткен осы комиссияның председателі
И.А. Васильчиков Шлиманның Россияға келуіне жəне қазба жұмысын
жүргізуіне рұқсат алып беру мақсатында сарай министрімен хат
жазыса бастайды. Осынау хаттардан мұндай рұқсатты алуға əлдебір
«саяси жəне азаматтың сипаттағы себептердің Шлиман мырзаға Ұлы
мəртебелінің рұқсаты мен Ұлағатты кешірімінсіз Россияға қайтып
оралуға» кедергі келтіретіндігі аңғарылады.
Сірə, Софьяға үйленген Шлиманның Екатерина Лыжинамен
алғашқы некесін Россияда ресми түрде бұзбағаны осынау шаруаны
жүзеге асыруға бөгеуіл болған тəрізді. Россияның сол тұстағы заңдары
бойынша бұл үшін «барлық дүние-мүлкі мен құқынан айырып бір
жылдан үш жылға дейін Сібірге жер аударуға үкім кесілетін.
Сондай-ақ, американ азаматтығын қабылдаған Шлиманның орыс
азаматтығынан ресми түрде шықпағаны да əсер етуі ықтимал. Бұл да
Россия империясының заңдарына қиғаштау соғатын. Қалай болған
күнде де, бірден екі мемлекетке адалдыққа ант берген, əрі екі əйел
алған аты əлемге мəшһүр бұл адамға қарсы орыс үкіметі іс қозғай
қоймай, жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырса керек. Осы аталған
себептер болмаса біз жолы болғыш археологтың тағы бір Одиссеясы,
дəлірек айтсақ Аргонавтикасы жайлы айтып берер едік.
Енді міне арада жүз жыл өткен кезде, XX ғасырдың 70-ші
жылдарының аяқ шеніндегі ғылым жетістіктері тұрғысынан Генрих
Шлиманның қазба жұмыстары мен зерттеушілік қызметін қалай
бағалауымыз
керек?
Замандастары
мен
кейінгі
толқын
археологтардың ол турасындағы алып-қашты кереғар пікірлері
арасынан қай бағытты таңдасақ болады? Өйткені, «Абзалы,
Шлиманның Трояны қазбағаны жөн еді, жарты ғасыр өткен соң Блеген
бұл жұмысты одан əлдеқайда жақсы атқарып шығатын еді!» деген
наразы дауыстар күні бүгінге шейін естіліп қап жүр ғой. Жəне бұны
айтатындар археология əуесқойлары емес, көпті көрген профессура
ғой.
Иə, қазіргі археологиялық тəжірибе тұрғысынан қараған кезде
Шлиманның қазу əдістері расында да адам айтқысыз сорақы көрінеді.
«Өкінішке орай, ғимараттың орасан үлкен өңделген тастардан
қаланған, ұзындығы 18, ені 13 метрлік іргетасын қиратуға мəжбүр
болдық. Оның астынан үш жазу жолықтырдық.» «Сондай-ақ, мен
күндізгі деңгейден 10,65 метр тереңдіктен жасыл түсті қыштан
жасалған, ені 0,2 метр шағын науа таптым. Шамасы, бұл
шаруашылықта пайдаланылған суды ағызуға арналған болса керек.»
«Трояның өзіне жету үшін көптеген құрылыстың қалдықтарын құрбан
етуіме тура келді. Бұлардан мен тек солтүстік жəне оңтүстік жақтағы
бірнеше қабырғаны ғана сақтап қалдым.» Бұл археологтың өзі
мойындаған фактілер ғана.
«Төменіректен, он футтай тереңдіктен, дорийлық стильде өңделген
екі тонналық мəрмəр тастар кезікті. Генри бұларды Лисимах
ғибадатханасының бөлшектері деп тапты. Тастарда ешқандай жазу
жоқ еді, сондықтан Генри көп ойланбай-ақ төменге, жазыққа қарай
домалатып жіберуге əмір етті.» Бұл И.Стоунның сөзі. Шындыққа
мейлінше жақын сөз. Өйткені, бұлар Шлиманның троялық
күнделігіндегі жазбаларға негізделген еді. Илиададағы Афинаның күн
сəулетті ғибадатханасының декорын қалпына келтіруге мүмкіндік
беретін архитектуралық бөлшектер осылайша құрыды.
Қазіргі заманғы археологиялық методика көне қабаттарды зерттеу
үшін жоғары қабаттағы құрылыс қалдықтарын — онда да оларды
мұқият фиксациялағаннан кейін — қиратуға рұқсат етеді, алайда
бұндай рұқсат тек қалдықтар өте болымсыз, бөлшек-бөлшек күйде,
осы жерде тұрған ғимараттардың бітімін көз алдына елестетуге
мүмкіндік бермейтіндей жағдайда жеткенде ғана беріледі. Сол себепті
де, Грек археология қоғамы Шлиманның Микендегі қазбаларын
бақылауға жұмсаған эфор Стаматакистің — романда ол ғылымдағы
чиновник ретінде кемсітіле суреттеледі — неліктен күйіп-пісіп
жүргенін түсіну де онша қиынға соқпайды. Гомерді пір тұтушы бұл
адамның алапат қимылынан аса қатты абыржып жүрген аталған
қоғамдағы басқа да əріптестері секілді Стаматакис те грек халқының
ұлттық байлығы боп табылатын ежелгі ескерткіштерді толықтай
сақтауға ынталы еді. Шлиманның Тиринфте жүргізген қазбалары
кезінде византиялық шіркеудің жұрнақтарын сақтап қалған екінші бір
эфор Филиостың əрекеті де əбден орынды болатын. Себебі, бұл да
мəдени ескерткіш қатарына жататын.
Микен патшаларының шахталық қабірлерін қазу жайына келсек —
бұл бір кездері Шлиман өз дəулетін екі еселеп қайтқан
Калифорниядағы алтын аласапыранын, əлдебір археологиялық
Сакраментоны еске салатын. Жүмысшыларды маңдарына жуытпай,
үшеуден үшеу айға жуық уақыт бойы жанқиярлықпен жұмыс істеп,
алтын əшекейлердің ертегіде ғана кездесетін, адам айтқысыз əдемі
коллекцияларын аң-таң болған əлем жұртшылығына бірінен соң бірін
тарту етіп жатқан ерлі-зайыпты Шлимандар осынау қабірлердің
ғылым үшін аса қажетті дəл сыпаттамалары мен пландарын жасауды
іс жүзінде естен шығарғанды. Қуаныштары қойындарына сыймаған
қазушылардың қабірдегі жиһаздарды мүрдеден тезірек сыпырып,
жоғары қарай жедел жөнелтудің қызығына түсіп алғандары сонша,
ақыр аяғында «алтыны мол Микеннің» айбарлы əміршілерінің киген
киімдері мен сəн-салтанатын, жерлеу жорасын қайта қалпына
келтіруге қажетті көптеген маңызды бөлшектер жоғалып, əртүрлі
комплекстердің араласып кетуіне жол берілді.
Алайда, бұндай елеулі жаңсақтықтарға қарамастан Шлиманды бұл
жерде де тым қатты жазғыруға болмайды. Егер, өзге тəжірибелі
мамандардың археологиялық қазбаларына қатысып мол өнеге жиған
болса, өз қазбаларын бастаған мезгілде ол да мейлінше сақтың жасап,
жұмысын жүйелі жүргізер ме еді, кім біледі. Əйтсе де сол тұстағы
археология ғылымының əлі де балаңдау болғанын, алғашқы
қадамдарын енді-енді ғана жасап жатқанын ұмытпау керек. Троядағы
алғашқы қазбаларға тəн траншеялық əдісті сол кездегі дипломды
археологтар да кеңінен пайдаланып жатқан. Бұған қоса зерттеушінің
өзі де үнемі ізденіс үстінде болғанын ескеру қажет. Оның «ғылыммен
ынтымақтасқандығының» символы тəрізді көрінген Дёрпфельдпен
творчестволық одағы «гомерлік əйелмен» некеге тұрғанындай сəтті
одақ болды. Шлиманның көп нəрсеге көзі ашылып, болжам-жорамал
айтуда асығыстыққа жол бермеуге ұмтылды, салмақты да салиқалы
ғалым ретінде қалыптаса бастады. Ақиқатына келсек, қол қусырып
қарап отырған адам ғана қателік жасамайды, деген мəтелдің шынында
да жаны бар ғой.
Шлиман «Гомердің Троясын» аша алды ма? Бұл сұраққа «ашты» деп
те, «ашпады» деп те біржақты жауап қайтару қиын. Иə, Троя — ұлы
аэдтың қиялынан туған дүние емес, Ғыссарлық жотасының сан
ғасырлық қатпарларының астында жасырынып жатқан шындық
екенін ғылыми жұртшылыққа алғаш дəлелдеп берген, дəлелдегенде
тып-тыныш кабинетте қолына қалам ұстап отырып емес, қазба
басында қолына қайла ұстап тұрып дəлелдеген адам Генрих Шлиман
екені рас. Алайда, жасыратын не бар, Троя Гомердің, тіпті Гомердің де
емес, кейінгі буын грек жазушылары мен ақындарының ойдан
шығарған нəрсесі дегеннен жармасып айрылмай жүрген ғалымдар
арасындағы бёттихерлер əлі де баршылық.
Дегенмен, табылған қала Гомердің Троясы ма еді? Шлиманның өзіне
сөз берейік: «Бүгін бақылаушы Фотидис ұлу тастың əдемі етіп
өңделген кесек тақталарынан қаланған үлкен бастионды қазып
шығарды. Қаламаға цемент те, əк те пайдаланылмапты. Əйтсе де бұл
бастион Лисимах заманынан беріде болмаса əріде салынбағанға
ұқсайды, оған қоса бізге кедергі келтіріп тұр. Сонда да оны қиратуға
қолым көтерілер емес — əдемілігі сонша, көркіне көз тоймайды. Бұны
сақтап қалған жөн». Сөйтіп, Гомер Троясының сымбатты мұнарасы
өзінің сындарлылығының арқасында ғана Гомерді пір тұтушының өз
қолымен қиратылудан аман қалды.
Гомер Троясының, Приам мен Гектор Троясының мəселесі — бұдан
гөрі кеңірек те күрделірек «Гомер мəселесінің» бір тармағы ғана. Оның
себебі, «Илиада» мен «Одиссеяны» өмірге келтірген адамның жеке
басы жайлы бір-біріне қарама-қайшы пікірлерді ұстанған унитарийлер
мен аналитиктер ғылымда күні бүгінге шейін жақ-жақ боп
қызылкеңірдек айтыс жүргізуде. Алғашқылары екі дастанды да бір
ұлы ақынның төл туындысы десе, соңғылары аталған шығармаларды
бірнеше жыраудың творчестволық еңбегінің жемісі деп біледі.
Қазіргі заманның туристері «бедекер» типті жол көрсеткішті қалай
пайдаланып жүрсе, өз саяхаттары мен қазба жұмыстары кезінде
Шлиман да Гомерді солай пайдаланып жүрді. Қадірменді қари
сыпаттап қалдырған нəрсенің қандайына болса да қалтқысыз сенді.
Сөйтіп, өзі қазба жүргізген Ғыссарлықтан Скей қақпасын, Приам
сарайын, оның қазына қоймасын, т.б. дүниелер таптым деп
жариялады. Шынында да солай ма? Қазіргі гомертану ғылымында
«Илиаданың» біздің дəуірімізге дейінгі IX немесе VIII ғасырда дүниеге
келгені, оны дүниеге келтірген жырау (немесе жыраулар) ертеден ел
ауызында келе жатқан аңыздарды — Троя соғысы жəне ахейлік
батырлардың туған жерге оралуы жайлы оймаларды пайдалана
отырып, негізінен сол өзі өмір сүрген қоғамды сыпаттайтыны жайлы
пікір басқаларына қарағанда мейлінше ден қоярлық деп танылып
отыр. Əрине, бұл екінші мыңжылдықтағы Микен мəдениетіне тəн
жекелеген ерекшеліктердің осынау дария дастанға енуіне бөгет
жасамағаны анық.
Ахейліктер жорығы мен «Приам қаласының» қиратылуы антикалық
əдебиетте өте кең аумақты — б. з. б. 1334 жыл мен 1136 жылдар
аралығында даталанады. Əйтсе де аталған оқиғаның ХІІІ ғасырда
болғандығы жайлы тұжырым көбіректеу кезігеді. Бұл сілтемелер
Шлиман зерттеген қаланың мəдени қазбаларынан қандай көрініс
тапқан? Дёрпфельдтің Трояда жүргізген жұмыстарынан кейін, əсіресе
американдық К.У. Блегеннің басшылығымен жүзеге асырылған аса
тыңғылықты қазба жұмыстарынан кейін бұл ескерткіштің эллиндік
жəне римдік Илионды есепке алмағанда 46 мəдени қабаты бары
анықталды. Археологтар бұларды сегіз ірі горизонтқа топтастырды.
Дёрпфельд алтыншы горизонттан сұрапыл өрттің ізін тапты. Ал, біраз
кейін бұл қаланың соның алдында жер сілкінуден зардап шеккені
дəлелденді. Осы себепті неміс археологы (оның пікірін өзге ғалымдар
да қолдады) Гомер жырлаған «Приам қаласы» деп VI Трояны атады.
Ал, Блеген болса Гомердің Илионы деп Vila Трояны атап, оған да
Дёрпфельд өз қабатына белгілеген дəуірді белгіледі. Бірақ, қазір бұл
жорамалдың да қайшылықтары бары байқалып отыр. Соңғы жылдары
Грецияда жүргізілген археологиялық зерттеулер б. з. б. XIII ғасырдың
орта шенінде Микендегі көптеген цитадельдің шұғыл түрде бекініс
жұмыстарын жүзеге асырғанын көрсетіп берді. Шамасы, ахейліктердің
өздері əлдебір тайпалардың тегеуірінін сезген болса керек. Сондықтан,
ел-жұрты елеңдеп отырған шақта олардың бір қиырдағы Геллеспонт
жағалауына коллективтік экспедиция ұйымдастыруы көңілге қона
қоймайды.
Осы тұрғыдан алғанда қамалдың қалың қабырғаларын кезіктіріп
таң-тамаша болған, «Приам қазыналарын»— адам айтқысыз мол
алтын көмбені кезіктіріп керемет қуанышқа бөленген Шлиманды
Приам патшалық еткен заманнан 1200 жылдан астам уақыт бұрын
тұрғызылған II Трояны Гомер жырлаған қала деп есептегені үшін
жазғыруға қақымыз бар ма? Радио көміртегілік анализ тəрізді қазіргі
заманғы аса дəл анықтайтын əдістерге ие болған бүгінгі
зерттеушілердің өзі Трояның жасын белгілеуге келгенде алты түрлі
жорамал жасап отырса, тың топыраққа күрек қадаған Шлиманға
қандай кінə арта аламыз? Бұдан былайғы қазба жұмыстарында
археологтың шындыққа мейлінше жақын келгенінің өзінде үлкен мəн
бар: өзі армандаған «Агамемнон қазынасы» Микендегі шеңбер
қоршаулы зираттағы қабірге «қаһарлы қолбасшы Атрид» зымиян
Клитемнестраның қолынан қаза тапқаннан бар болғаны 300 жыл
бұрын салынған еді.
«Абзалы, Шлиманның Трояны қазбағаны жөн еді...» Бірақ, бұл арада:
«Гомерді зерттеуші ғалым филологтар айтыстарын əлі қанша уақыт
жалғастырар еді, сөйтіп бұл айтыс археологтардың қанын қыздырып,
олардың арасынан Гомерге имандай сенетін басқа бір Шлиман шығып,
«Приам қаласының» өмірде болғандығын қолына күрек алып дəлелдеу
үшін, Агамемнонның қабірі мен Тиринф сарайын іздеп табу үшін тағы
да қанша жыл керек болар еді?» деген заңды сұрақ туады.
Шлиманды Колумбпен салыстырған ғұмырнамашы Г. Штольдың
«Индияға баратын теңіз жолын іздеп, соны тапқанына титтей де күдігі
болмағандығы Колумб ерлігінің құнын кеміте ме? Тапқан көмбесі
Приамнан мың жыл бұрын билік құрған əкімнің меншігі болғанымен,
бұны қателесіп Приам қазынасы деп есептегені Шлиман еңбегінің
маңызына нұқсан келтіре ала ма?»— деген сөзімен келіспеске
болмайды.
Иə, Шлиман алғашқы қарлығаштардың бірі болды жəне оның
ғылымға сіңірген ең басты еңбегі — археологтардың, тарихшылар мен
филологтардың ақыл-ойында төңкеріс жасағанында деп білу керек.
Оқыған, көзі ашық азаматтар мен қарапайым тоғышарларға ол жаңа,
беймəлім əлемнің есігін ашты, ал ғалымдарды — əрине, олардың бұны
қобалжусыз, қарсылықсыз қабылдай қоймағаны рас — бұл əлемнің бір
кезде өмірде болғандығына, .ол тек таңырқауды ғана емес, сонымен
бірге тыңғылықты зерттеуді де керек ететіндігіне сендірді.
Кейінге көз жіберсек, Шлиман қолына күрегін алып, сүйікті Гомері
үшін айқасқа түсіп жатқан жылдарда сан жағынан да, сапа жағынан да
қарын ашыра қоймайтын археологтар қауымы немен шұғылданып еді,
дегенге келсек, Шлиманның тыңнан жол тартушы ретіндегі рөлі
айрықша айқындала түседі.
Австриялықтар Самофракия аралындағы «Ұлы құдайлардың»—
Қабірлердің қасиетті мекенінің тұтас бір комплексін қазумен қызу
айналысып жатты. Соның алдында ғана осы жерден қазір Луврдың
орталық кіре берістерінің біріндегі баспалдақтардың көркін келтіріп
тұрған Никаның орасан үлкен мəрмəр мүсіні табылған. Француздар
күн құдайы Аполлонның Делос пен Дельфыдағы екі ірі қасиетті
мекеніне назар тікті. Мүсіндер мен жазбалардың өте көп мөлшерде
табылуы олардың еңбегіне лайықты өтем болды. Ал, немістер
Альтисті — «құдайлар мен адамдар əміршісі» Олимпиялық Зевстің
қасиетті тоғайын жүйелі түрде зерттеп жатты. Гректердің өздері де
қол қусырып қарап отырған жоқ. Олар Афины іргесіндегі ежелгі
заманда мистерияларымен аты шыққан қасиетті мекен Элевсинді жəне
əрі ғибадатханалар комплексі, əрі эллиндік ойкуменнің түкпіртүкпірінен шипа іздеушілер ағылып келіп жатқан санаторий боп
табылатын Эпидаврды қазумен шұғылданды. Сəл кейін Греция мен
Кіші Азиядағы антикалық қалалар зерттеліне бастады. Бұл қазбалар
көркемдік тұрғыдан керемет құнды, ғылыми тұрғыдан аса маңызды
орасан мол олжаға кенелтті. Алайда, «қадым замандық» жоталарға
күрек батыру немесе грек тарихының «ерлікке толы» дəуіріне
жататын, жұртқа мəлім акропольдың үстінен траншея тарту, қазба
жүргізу ол кезде бірде бір архитектордың, археологтың немесе
əуесқой-меценаттың ойына келмеген.
Иə, Шлиман Греция мен Кіші Азияның қола дəуірдегі тіршілігін
зерттеген археология Колумбы болған адам еді. Бір қызығы, ол өзіне
беймəлім түрде бірден екі Американы ашқан-ды. Өйткені, II Троя
қабырғаларын шөгінді қатпарлардан тазартып жатқан археолог
үшінші мыңжылдықтағы «Гомерге дейінгі» дəуірдің пердесін сыпырып
жатқанын біле қойды ма екен? Əйтсе де, Шлиман ашқан жаңалықтар
əріптестерінің таным-түсінігіне төңкеріс жасады. Бұл оның көзі
тірісінде-ақ, Троя мен Микен олжалары төңірегінде айтыс лапылдап
жатқан шақтың өзінде жолын қуған археологтардың шыққандығынанақ айқын көрініс тапты. Жетпісінші жылдардың аяқ шеніне таман
Микен толостарына ұқсас көрханалар Аттикадан, Афины маңындағы
Спата мен Менидиден қазып шығарылды. 1888 жылы грек археологы
Цунда Спартаның оңтүстігіндегі Вафиодан күмбезді көрхананы аршып
алып, əлемге ахей өнерінің жаңа сұңғыла туындыларын табыс етті.
Атақты Кносс сарайын қазу жайлы ой жас Артур Эвансқа СаутКенсингтон музейіне қойылған Троя қазыналарын тамашалап тұрған
кезінде келуі де кəдік емес-ті. Шлиман өмірінің соңғы жылдарында
көксеген бұл арманды ағылшынның жас археологы жүзеге асырды.
Бірақ, ол Шлиман сияқты дəрменсіз емес еді — Шлиманның
жаңалықтары мен қатар жаңылыс басқан жағдайлары да көп адамның
көп нəрсеге көзін ашқан. Ертедегі аңыздардың ақиқаттығын растап
бергендей Кносс сарайы шын мəнінде де шытырман екен: сансыз көп
бөлмелер, баспалдақтар, дəліздер, залдар, галереялар, жарық келетін
жабықтар, аулалар, қоймалар, жуынатын бөлмелер... «Минос сарайы»
жай шытырман емес археологиялық шытырман екен: осынау орасан
зор комплекс ұзақ ғасырлар бойында сан рет қайта салынып, өртке
ұшырап бүлініп, жер сілкінуден қирап, қайта тұрғызылыпты. Жаңа
Тезейдің бұл шытырманнан абыроймен өте білгенін атап айту керек.
Ал, оған «Ариаднаның арқауы» болған нəрсе Дёрпфелд пен басқа да
археологтар қолданған қазба əдісі еді.
Кностың орасан үлкен салтанат залы, ғажайып əдемі фрескалары,
айшықты бояумен сырланған ыдыстары, нəзік өрнектермен
əшекейленген геммалары мен мөрлері қазір бүкіл əлемге белгілі.
Сарайдың өзі Криттің тарихын, саяси жəне əлеуметтік құрылымын,
экономикасын зерттеуге таптырмайтын материалға айналды. Бірақ,
таяуда Эванстың да Вундерлих дейтін сыңғырлаған əдемі фамилиясы
бар өз бёттихері шықты. Ол: «Кносс сарайы — орасан үлкен көрхана,
яғни өзіндік бір колумбарий» деген «таңғажайып» теория ұсынды.
Егер Бёттихер «Троя — крематорий» теориясын негіздеу үшін күлді
тілге тиек етсе, мынау сарайда өте көп мөлшерде кезігетін гипсті
тұрғын үй құрылысына жарамсыз материал дегенді желеу етеді.
Алайда, халықаралық ғылыми конференция шақырмай-ақ жаңа
бёттихер бұрынғы Бёттихердің кебін киетіндігіне күдіктенбеуге
болады.
Шлиманның жаңалықтары мен қол жеткізген табыстары, жаңсақ
ойлары мен жорамалдары негізінде эллин халқының ежелгі тарихы
жайлы жаңа ғылым — микенология өркен жайды. Үстіміздегі
ғасырдың 50-ші жылдарының басында Микендегі Клитемнестра
көрханасының астынан— 1876 жылы Софья Шлиман аршыған
көрхананың астынан!— грек археологы Г. Милонас патша қабірлерінің
екінші дөңгелек зиратын тауып, қазып шығарды. Бұл қабірлерден де
көптеген тамаша алтын əшекейлер табылды. Ал, ең бастысы, Шлиман
қазған қабірлердің жасын анықтауға жəрдем жасады. Отызыншы
жылдардың аяқ шенінде К. Куруниотис пен Трояны тыңғылықты
зерттеп шыққан К.У. Блеген басқарған бірлескен грек-американ
экспедициясы кемеңгер қарт Нестор патшалық еткен Пилостағы
керемет əдемі сарайға қазба жүргізуге кірісті. Күні бүгінге шейін
жүргізіліп жатқан осынау зерттеулер нəтижесінде табылған басқа да
құнды олжалар арасынан қыш тақталарды ерекше атап айтқан жөн.
Бұл тақталарға көне жазу таңбаларымен — Б линиялық жазуымен —
жазылған шаруашылыққа катысты жүздеген документтер, Пилос
сарайының тұтас бір архиві табылды.
Тіл маманы Джон Чадвикпен бірлесе отырып, 1953 жылы Кносс пен
Пилос тақталарындағы жазуды оқып шыққан ағылшын Майкл Вентрис
микенология ғылымында орасан зор бетбұрыс жасады. Жазулар грек
тілінің көне диалектісінде жазылған боп шықты. Бұл жаңалық
ғылымға ахейлік Греция мен Криттің əлеуметтік құрылымы мен
экономикасы жайлы алғашқы нақтылы мəліметтерді тарту етті.
Вентристің ғажайып жаңалығына қазіргі күннің қырқасынан көз
жіберер болсақ, тағы да Шлиман еріксіз еске оралады. Егер мүрдеден
алтын масканы алып жатқан Шлиман қарсы алдындағы адамның жай
эллиндік идеал ғана емес, Агамемнонның тап өзі екеніне ешқандай
шүбə келтірмеген болса, Б линиялық жазуының шешуі табылғанша
бұл таңбалардың грек тілінің дыбыстарын беретіндігіне сенген адам
саусақпен санарлық-ақ еді. Осы арада: «Егер Вентристің жаңалығы
бұдан ширек ғасыр бұрын емес, əлдеқайда көп кейін дүниеге келген
болса ғылым қанша жылға кешеңдеп қалар еді?» деген басқа бір
салыстырмалы сұрақ ойға оралды. Егер осылай болса, қазір біз
микенология жайлы кітаптар мен мақалалардың қомақты
библиографияларын шығара алар ма едік?
Микендегі, Тиринф пен Кностағы қазба жұмыстарынан кейін көп
ұзамай-ақ, Крит пен құрылықтық Грецияда екінші мыңжылдықта
этникалық жағынан туыс болмағанымен, бір-біріне өте ұқсас
мəдениеттер дамығаны, бұлардың өкілдері бірде бейбіт сауда жүргізіп,
бірде бір-біріне теңіз арқылы жойқын шабуылдар жасап отырғаны
анықталды. Ал, бұл кезде Гомер жырға қосқан «шарап түсті теңіздегі»
топырлаған
Эгеида аралдарында нендей оқиғалар болып жатыр еді? Олардан да
өзіндік ерекшелігі бар — киклад мəдениеті табылған. Ол криттік —
миной мəдениетіне де, микендік — эллада мəдениетіне де туыс-тұғын.
Осынау туыстық барлық болмысымен жарқырап көрінуі үшін тағы бір
буын жетіспей тұрғандай еді.
Мұндай буын осы таяуда ғана Фера (Санторин) аралындағы
Акротири деген жерден табылды. Грек археологы С. Маринатос осы
арадан екінші Помпейді — б.з.б. XVI ғасырда сұрапыл күшті жанартау
жарылысы кезінде өзінің кенжелеу тағдырласы тəрізді пемза мен
күлдің қалың қабатының астында қалған, көшелері, көп қабатты үйлері
бар бүтіндей бір қаланы қазып шығарды. Бүлінбей аман қалған қос
қабатты, кейде тіпті үш қабатты тұрғын үйлердің ішінен археологтар
өз орындарында тұрған мебельді, үй-іші жиһаздарын жолықтырды.
Міне, ағаш төсек. Оның астына ықтиятты үй иесі пияз бен сарымсақ
салған ыдыстар қойыпты. Міне, асқан шеберлікпен тоқылған себет. Ал,
Кносс пен Тиринфтегі, Пилостағы фрескаларды еске салатын, бірақ,
өзіндік ерекшеліктері мол, реалистік белгілері айқын фрескалары
қандай ғажайып əдемі еді десеңізші! Мына қабырғада қолдарына
қолғап киген екі балаң жігіт бокспен шұғылданып жатыр; мына жерде
қарлығаштар бұтақ арасымен бұлталаңдап ұшып жүр; ана арада
суретші кеме апатын бейнелепті — бəлкім, жердің діріл қаққанын
сезген бойда асыл мүліктерін ғана алып, кемелеріне қарай жанталаса
жүгірген арал тұрғындары да өз ажалдарын осылай тапқан шығар.
Санториннің апаты көп адамның ойын Атлантидамен астастырды.
Шлиманның басқа бір Америкасы — Кіші Азияда да елеулі
жаңалықтар ашылған еді. Қазір Троя — Анатолияда зерттелген қола
дəуірінің ондаған ежелгі мекендерінің бірі ғана. Бірақ, ол
археологияның классикалық ескерткіші атын жоғалтқан жоқ; басқа
ежелгі қалалардың жасы Троя хронологиясымен салыстырылып
отырылады. Қолдан топырақ үю арқылы тұрғызылған жоталардағы
осынау мекендерді қазу барысында бұнда тіршілік еткендердің
тарихын, тұрмысын, мəдениетін, діни нанымдарын, тайпалардың
қоныс аударуын жəне т.б. анықтауға мүмкіндік беретін көптеген
деректер табылды.
Соңғы жылдары «Гомерге қатысты» археология саласында да
қызықты жаңалықтар ашылды. Егер Дёрпфельд ахейліктермен
арадағы сауда нəтижесінде Трояға тап болған микендік ыдыстардың
ондаған сынықтарын ғана — оған алтыншы горизонтты «Приам
қаласы» деуге негіз болған нəрселер де осылар еді — тапса, Милеттегі
— Қара теңіздегі қаптаған иониялық отарлар ошағындағы жуырда
жүргізілген қазбалар бұл метрополияның іргесін б.з.б. XVI ғасырда
Грециядан жүзіп келген ахейліктер қалағанын ашып берді.
Милетпен көршілес басқа да мекендерден жолыққан олжалар да
Кіші Азия жағалауындағы осынау ауданды отарлауға ежелгі
гректердің ерекше мүдделі болғандығын, олардың қуатты Троя
патшалығымен бақталас өмір кешкендігін байқатты. Троя соғысын
жырға қосқан аэдтер мен Гомердің ойдан қиыстыруға онша көп
құштарлық танытпағандығын осының өзі-ақ көрсетіп тұрған жоқ па?
Жаңадан табылған мəліметтер бір құпияның жұмбағын
шешкенімен, өз Колумбыларын керек ететін көптеген жаңа
проблемаларды іле-шала алға тартып отырады — ғылымда дəйім
осылай. Ал, осынау жұмбақтар тізбегіндегі алғашқы буын боп
табылатын Троя — өзіне тұңғыш күрек қадаған адамның
табандылығы мен ерлігінің мəңгілік ескерткіші боп қала бермек.
***
Осы очерктің бас жағында қойған сұрағыма қайтып оралып, оған
жан-жақты да толық жауап бере алғаныма күдік келтіріп отырмын.
Шынтуайтында, бұндай жауаптың қажеті де жоқ тəрізді. Тартымды
кітаптың соңғы бетін жапқан оқырман бұның басты кейіпкері хақында
романнан туындаған өз əсерін қалыптастырып, осы бір шын мəніндегі
айрықша тұлға жайлы өз таным-тұжырымын көңілге түйгені абзал.
Ендеше, осы жолдардың авторына Шлиманның археолог ретіндегі
бейнесі Шлиманның адам ретіндегі бейнесін көлеңкелеп кетпесін
деген тілек айтудан өзге ештеңе қалмайды. Өйткені, Шлиман бізге
алған беттен қайтпайтын, көздеген мақсатына жету жолында қандай
қиындықтан да қайыспайтын қайсар адам ретінде ардақты.
Тағы бір айта кететін нəрсе бар. Көп жұртты Шлиманның адам айтса
сенгісіз, шектен тыс жолы болғыштығы таңырқатады. Бұл орайда
кейбіреулер тіпті атышулы Поликрат пен оның сақинасы жайлы
аңызды да еске алып жүр. Иə, жолы болғыш археологтардың да,
қырсықтан көз ашпайтын археологтардың да бары рас. Өзімнің
түбегейлі сенімім бойынша, бақыт құсы тек бір қарағанда ұсақ-түйек
тəрізді көрінетін нəрселерді қалт жібермей қаперде ұстай білетін,
жүйелі түрде, талмай ізденетін, уақытша сəтсіздікке бола «қармағы
қаппаған» балықшы құсап бір орыннан екінші орынға тұра шаппайтын
зерттеушінің ғана қолына қонатын болса керек. Шлиманның жүріп
өткен жолын осы тұрғыдан зерделеп көрсек, оның сенсация іздеп
əртүрлі ескерткіштер арасын ала шаң қылмағанын, археолог ретінде
өз жұмысын мақсатты, жүйелі жəне жан-жақты ойластыра отырып
жүргізгенін, басқа да көптеген қабілеттеріне қоса байқағыштық,
аңғарғыштық тəрізді тамаша қасиеттерге ие болғанын, бүкіл өмірін бір
идеяға — Гомердің əділдігін дəлелдеуге бағыштап еңбек еткенін
көреміз. Г.Штольдың тауып айтқанындай, Шлиман — ағып өте шыққан
жай ғана құйрықты жұлдыз емес, күні бүгінге шейін жарқырай жанып
тұрған жұлдыз.
Ал, уақыт болса адамдар жүрегінде «адамзаттың ғажайып балалық
шағында»— ұлы эллин мəдениеті заманында жанған Прометей
отының ешқашан өшпейтіндігін көрсетіп отыр. Осынау өшпейтін
оттың бықсымай, маздай жануы үшін ғылым тарландарының талай
ұрпағы өздерінің барлық қайратын, табандылығы мен талантын сарп
еткен болатын.
Ю.ВИНОГРАДОВ.
тарих ғылымдарының кандидаты.

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.