Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 17

Total number of words is 3841
Total number of unique words is 2450
30.8 of words are in the 2000 most common words
43.3 of words are in the 5000 most common words
50.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
«Таймстан» құлақтанған американдар оның есептерін аса қызғылықты
«шығыс» хикаясындай көріп, құныға оқып жатты.
Май айында жолға шығарының алдында Софья Генриден афинылық
«Пікірталас
парақтарына»
арналған
мақала
алған.
Генри
грамматикалық қателерін түзету үшін оны бір туыстарына көрсетіп
алуды жəне крест пен «свастиканың фотосуретін жасатуды өтінген.
Георгиос Энгастроменос бұған өзі бас-көз болуға уəде берген. Жарық
көрген мақаласын оқып шыққан Генри жынданып кете жаздады: оны
ешкімнің түзеп, жөндемегені былай тұрсын, баспахана да өз
тарапынан жаңа қателер қосыпты. Жəне бұлар жай грамматикалық
қателер болса ештеңе етпес еді: жекелеген сөздердің өңі өзгеріп
кетіпті! Ал, бұл айтар ойдың мағынасын бұрмалайтын. Бір-екі абзацты
шолып шыққан Софья бұған анық көз жеткізді: текст адам танымастай
боп бүлінген, репродукцияларға көз салған кісі онда крест пен
«свастика» бейнеленді дегенге өлтірсең де сенбейтіндей. Генридің
бұрқан-талқан болуының жөні бар еді.
— Қателердің көптігі жəне шектен тыс келеңсіздігі сонша, жұрт мені
мазақ қып күлкіге айналдыратыны анық. Мына қойыртпақтың астына
қойылған қолды өзімдікі деп мойындағаннан ондай қолымды кесіп
тастағаным артық!—деп күйіп-пісті ол.
Осынау мағынасыз мақала мен Георгиос Николаидистің осы
журналдағы жер-жебіріне жетуі Афины университетіндегі ғалым
мамандармен ара қатынасын қатайтып жіберді.
Алайда, достары безінген жоқ. Эмиль Бюрнуф оған екі лаборант
бекітіп берді — бұлар өткенде Шлимандарға сынықтардан ваза
құрастыруға жəрдемдескен жас жігіттер еді. Екеуіне де Генри ақыны
жақсы төледі. Сондай-ақ ол Луиза Бюрнуфты да көмекші етіп алды.
Сөйтіп, бұл қыз күнде ертеңгісін бақтағы шеберханаларына келіп,
жуылып, жүйеге түсіріліп, номерлері белгіленіп, верстактарға
жайылған олжалардың суретін салумен шұғылданып жүрді. Генридің
оны қолпаштап:
— Суреттерін айнытпай салыңыз. Бұл суреттерді Троя жайлы
кітабыма енгізбекпін,— деген сөзі жел бітірген көгілдір көзді сұлу
бикеш ақсары шашын арқасына жайып жіберіп, биік орындыққа орғып
мінетін.
Шынтуайтына келгенде, Луизаның көмегіне тіреліп тұрған қандай
мұқтаждық барын біле алмағанымен, Софья олардың жұмыс
барысындағы достық қарым-қатынасына наразылық білдіре қоймаған.
Өйткені, олжаларды фотограф күн сайын суретке түсіріп кететін.
Осынау творчестволық ынтымаққа бибі Виктория ғана басқаша көзбен
қарады.
— Мынау кім? — деп сұрады ол Софьядан.
— Луиза Бюрнуф, Француз археология институты директорының
қызы. Генридің штаттағы суретшісі.
— Генридің мынадай сұлу қызбен күнбе-күн жүздесіп жүруі
жақсылыққа жеткізе қоймайды. Бұл керек десең өте қауіпті нəрсе.
— Неге қауіпті?
— Еркектер дегенің ғашық болғыш келеді... Ал, Генри болса құдай
қайраттан да, абырой-атақтан да кенде қылмаған адам. Қармаққа
осындайларды ғана түсіруге құмар болады...
— Кімдер, балықшылар ма?— деп Софья əңгіменің соңын қалжыңға
айналдырып жібергісі келді.
— Балықшылар емес, ақылы бар, ар-ұяты жоқ қыздар. Іздестірсе,
Афиныдан сурет сала білетін талай жас жігіт табылады.
Софья ернін жымқырып, иегін қайқаң еткізді.
— Мама, сен бұл тақырыпта енді ешқашан əңгіме қозғаушы болма,
білдің бе?
Жарты жыл бойына ештеңе оқымаған Генри (анда санда бір келіп
тұратын «Пікірталас парақтары» есеп емес) жаңалыққа сусап қалған.
«Ғажайып Грецияға» жасалынатын күн сайынғы сапары
қанағаттандыра қоймағасын афинылық барша баспасөзді жаздырып
алды. Софьяны да əлемдегі оқиғаларды бағдарлап отыруға баулыды.
Əйтсе де əйелінің өз шаруалары бастан асып жатыр еді: ол Варвакейон
мектебінде неміс тілінен дəріс алып, тамаша педагог Н. Контопулос
ханымның көмегімен француз жəне ағылшын тілдерін үйренуді одан
əрі жалғастырып жүрген. Генри өзіне де кеңшілік жасаған жоқ-ты:
Ұлттық кітапханадан алынған ежелгі өнер, мифология жəне діни
символика жайлы кітаптарды күніне бірнеше сағат бойы қатарынан
тапжылмай отырып зерделейтін, сөздіктер оқитын.
Афинының өзі де қазбалар орынын еске салатын: көшелер
қопарылып, қорғасын жəне мыс тұрбалар барлық жерде де. тау-төбе
боп үйіліп жатқан. Қалалық су құбырын салу жаңа ғана аяқталып, енді
жеке үйлерге су болу жұмысы басталып жатыр еді. Генри де, əрине,
бұндай жақсылықтан құр қалмауға тырысты жəне бұл дер кезінде
жасалған əрекет болды: сектябрьдің ортасында күн керемет ысып
кетті. Түнде олар барлық терезелерін аңқитып ашып тастайтын, бірақ
бəрібір ауа жетпейтін. Тек шыбын-шіркейден қорғайтын тор тұтылған
ашық террасаға ауысқан кезде ғана кішкене жан шақырысты. Ал, үйге
су келіп, бақта фонтан атқылай бастаған шақта — бұдан асқан рақат
өмір болмады.
Қалада кəсіпкерлік қауырт өріс алды. Рухани өмір таласында да
жандану бары байқалды. Аз уақыттың ішінде əлденеше журнал мен
альманах: ғылыми «Атеней», саяси «Истерн гардиан», əдеби
«Парфенон», əйелдерге арналған «Пенелопа» өмірге келді. Генри
бұлардың бəріне де жазылды. Ұлттық музей өздерінде мақтаулы
тұрған көне теңгелер каталогының бірінші томын басып шығарды.
Генри оны сатып ап, Софьяға сыйлады.
— Бір семьяға бір нумизмат керек-ақ.
Генри енді астананың қоғамның өмірінен қалыс қалмауға шешім
қабылдады. Софья бұған қарап Греция оның Отанына айналған екен
деген тұжырым жасады. Профессор Куманудис жəне Ксавье-Джон
Ландерермен бірге олар Конституция алаңындағы фонтанның
ашылуына қатысты; өмір бойы құрғақшылық қинатын көріп келе
жатқан афиналықтар бұл ғаламатты ұзақ уақыт есте сақтайтын шығар.
Сондай-ақ олар Афины университетіндегі күзгі семестрдің ашылуына
да қатысып, ректордың акт залындағы кіріспе лекциясын тыңдады.
Бюрнуф оларды Француз археология институты құрылысының ірге
тасын қалау салтанатына шақырды; грек үкіметі құрылысқа арналған
жерді Ликабет тауының етегінен бөлген. Француз елшісі Ферри осы
оқиғаға орай салтанатты қонақасы берді. Бұған шақырылған санаулы
адамдардың ішінде Шлимандар да болды. Генри Софьяны жоқжітіктерге жұмыс тауып беретін үйді ұйымдастыру мəселесімен
шұғылданатын Əйелдер ассоциациясына кіруге көндірді. Мұнда іс тігу,
жіп иіру, кесте төгу ісі оқытылуға тиіс еді. Қамқоршылары король
ханымы Ольганың өзі болатын. Дайын өнімді базарға апарып сатып,
түскен қаражатты оны өндіргендерге бөліп беру көзделген.
— Қоғамнан өзіңнің лайықты орныңды алатын кез жетті,— деген
Генри.
Софья мойынсұнып, шешесінен алған дəрістерін есіне түсіріп,
аптасына екі рет кесте төгуден сабақ беpiп жүрді. Ассоциациядағы
матроналар оны қуана қабылдап, Қыбұлақтағы тұрмыстары,
Ғыссарлықтағы қазба жұмыстары жайлы əңгімелерін сүйсіне тыңдап
жүрді.
Афиныда американдар онша көп емес-ті. Сол себепті американ
елшісінің қызы мен Нью-Йорк мэрінің ұлының неке қияр салтанаты
мен одан кейінгі үйлену тойларының Шлимандарсыз өтпегені де
өзінен-өзі түсінікті болатын. Сол тойда олар екі жылдан бері Құрама
Штаттардың Түркиядағы елшісі қызметін атқарып жүрген Джордж
Бокермен танысқан. Бокер археологияны айрықша қадірлейді екен.
Шлиман мақалаларының да біразын оқыпты. Үйлеріне барып, тапқан
олжаларын көрмекке құштар болды. Кешкі қонақасы ішті. Керамикаға
керемет қатты сүйсінгенін білдірді. Оттоман музейі өз пайдасына деп
бөліп алған дүниелерден бірде бір бұйымды көрмегенін айтты. Ал,
əскери күймедегі мəрмəр Аполлонды көргенде, көз аудара алмай тымтырыс тұрып қалды.
Генри есеп жазу жұмысын одан əрі жалғап, оларын «Пікірталас
парақтарында» жариялату үшін өз қалтасынан ақша төлеп жүрді. Сол
тұста бір күтпеген оқиға болды: журнал иесі олардың дəл жандарынан
үй сатып алды — бұл Музалар көшесіндегі 8-ші үй еді. Редакция да
осында орналасты.
— Мақалаларымызды апарып, гранкаларын əкелу үшін алысқа
бармайтын болдық,— деп мырс етті Генри.
Генри Лейпцигтегі Ф.А. Брокгаузбен жəне Париждегі «Мэзонев жəне
К°» баспасымен троялық күнделіктерді жариялауға шарт жасасты.
Баспагерлердің екеуі де бір-бір шағын кітапшадан жəне
брошюраланған немесе папка ішіне бос парақ күйінде салынған
фотосуреттер мен қолдан салынған суреттерден туратын екі жүз
комплект басып шығаруға міндеттенді.
Генри қатты ақ қағаз іздеп, Афиныны ақтап жүріп, ақыры нағыз
пергамент тапты.
— Кітабымды 1873 жылдың аяғына шейін шығартқым келеді. Сонда
академиялық топтағы оқымыстылар да бізбен санасатын болады,—
деп ол Софьяға шынын айтты.
Мəдени тұрмыс кешуді мақсат еткен олар театрдан «Сауланы»
тамашалады, «Тимолеон» трагедиясын көрді; шетелдіктерге арналған
қонақ үйде лейпцигтік пианист Ольга Дюбуаны тыңдады. «Ғажайып
Грецияға» таяу маңнан жаңа отель мен ресторан салынған болатын.
Бұлардың ашылу салтанатына Шлимандар да шақырылды. Мұндағы
тұрмыстық қызмет көрсетудің жаңа түрі Софьяны қатты таңырқатты.
Ресторан үйде той-томалақ өткізуге, қонақасылар беруге көмектесетін
аспаздар мен даяшылардың арнайы штатын ұстайтын.
— Қонақтарыма беретін қонақасымды өз қолыммен даярламайтын
күн басыма ешқашан туа қоймас,— деді Софья салтанатты түрде.
— Олай ант-су ішуге болмайды. Бəлкім, мен жүз елу адамды бір-ақ
шақырармын. Сонда қайтесің?
— Сен ондай көп шақырма. Қонақ шағын болса, отырыс та
көңілдірек болады.
Қала Генридің ойлағанынан да жылдам өркендеп, өсіп жатыр еді.
Көшелер тас көрпе жамылып, кешкісін шам жарығына шыланып
тұратын болды. Құрылыс қарқынмен жүргізіліп жатты. Ат жегілетін
темір жол тартуға шешім қабылданды. Континенттік Европадан,
Англиядан, тіпті сонау алыс Америкадан келіп жатқан туристер үшін
«Нью-Йорк» атты жаңа отель тұрғызылды. Генридің жер
участоктарының бағасы төрт есе қымбаттап кетті. Қалада қылмыс
жасаушылық көбейе түсті. Газеттер ұрлық жайында жазбайтын күн
кемде-кем еді. Аптекші Г. Церахистің қызметшісі Николаос
Каритаракис дейтін біреу түнде қожасының сейфін бұзып, үш жүз
драхмасын ұрлап алыпты. Каламиоту көшесіндегі дүкеннен екі жарым
мың драхма ұрланыпты. Бұл ұрыларды полиция іздеп таба
алмағанымен, Колокуристің галантерея магазинінде тонаушылар
тобын түгелімен тұтқындапты.
Бұл өзі, жалпы, өте мазасыз жыл болды. Афины халықаралық
шатақтарға үздіксіз шырматылып жатты. Солардың ішіндегі ең көп шу
шығарғаны — «Лаврия мəселесі» деген атаққа ие болды. Мəселе көне
күміс кендерін тазартып, пайдалануға тірелген. Греция бұл кендерді
өз жеке меншігім деп жариялады. Ал, Франция мен Италия ондай
жағдайда Греция жеріне басып кірмекке қоқан-лоққы жасады. Өйткені,
кендерді игеру жұмысын жүргізіп жатқан Серпиери компаниясы
акцияларының негізгі бөлегі осы елдер азаматтарының қолында еді.
Константинопольдық фанариоттардан27 діни тəуелсіздікке ие болуды,
ал шын мəнінде Түркиядан саяси тəуелсіздікке ие болуды көздеген
Болгария шіркеу-анадан іргесін аулақ салды. Бұл екі елдің қарымқатынасын шиеленістіріп жіберді. Шлимандар кафедралды соборда
қасиетті Синодтың бірінші секретары архимандрит Аверкийдің
болгарлардың бөлінуі жайлы уағызын тыңдаған. Архимандрит дін
тұтушыларға арнаған уағызын:
— Бұл солтүстіктің салқыны,— деп аяқтады.
— Сонда ол нені мегзеп отыр?— деп сұрады Софья күймеге
мінгеннен кейін.
— Россияны. Ол бөлінуге кінəлі орыстар деп есептейді.
Ертеңіне орыс елшісі архимандрит Аверкийді орнынан түсіруді
талап етті. Архимандрит Афиныдан аласталды.
— Жағдай жақсарып келеді. Грецияның бірден үш мемлекетпен —
Франция, Италия жəне Россиямен жанжалдасуы шынында да күлкілі
жайт қой,— деп түсіндірді Генри.
Ішкі саяси жағдай да шиеленісіп кетті. Жетекші партияға жататын
министрлер отставкаға шықты да, король I Георг парламентті таратып
жіберді. Жаңа сайлау 1873 жылдың январь айының аяғына белгіленді.
— Өкінішке орай, біздің дауыс беруге қақымыз жоқ: мен —
американмын, сен — əйелсің,— деді Генри.
— Менің жайым — басы ашық нəрсе, ал сенің азаматтықты
қабылдауыңа болады ғой. Грецияны ардақ тұтады екенсің, неліктен
оның толыққанды азаматы атанбасқа?
— Жоқ, одан да американ болып қала бергенім жақсы.
Константинопольда
көзің
жеткеніндей,
мұның
өзіндік
артықшылықтары бар. Оның үстіне ұлтыңның атын төртінші рет
ауыстыру дегеннің өзі де онша жағымды емес қой — жұрт мені
жеңілтек біреу деп ойлап қалмай ма? Айтпақшы, бүгін газеттен
Ұлттың кітапхананың кітаптарын кешіктіргендер абонементтен
айрылады деген хабарландыруды оқыдым. Ал, мен болсам
алғандарымды əлденеше ай бойы қайтармай жүрмін! Тап қазір апарып
тапсыруым керек, əйтпесе мені шынымен-ақ мəңгілік аластап
жіберулері ықтимал.
Əкелінген көне дүниелерді тазалап, тəртіпке келтіру жұмыстары
тоқтаусыз жүріп жатты. Доктор Аретайос өз көмекшісімен бірлесе
отырып əйелдің де, ұрықтың да қаңқаларын қалпына келтірді.
Аретайос бұларды тірнектелген жəшіктерде сақтау қажеттігін айтты.
Генри осындай жəшіктер жасату үшін сол бойда Плакадағы
шеберханаға заказ берді.
Тазалау, каталогын жасау жəне суретін салдыру жұмыстарын
тəмамдағаннан кейін Генридің артқы қабырғадан баққа қарай сегіз фут
сұғынатын күнқағар орнатуға ойы кетті. Сол жерге верстактар
жасалды, оған биіктігі жеті фут пифостар, қоңырау орынында
пайдаланылған тұтқалы қыш ыдыстар, айбалталар сияқты елеуге
тұрарлық ерекше олжалар қойылды. Қонақ бөлме қауқиған
мебельдерден босатылып, ұзын үстелдер енгізіліп, бұларға құс тұмсық
құмыралар, құм сағаты тəрізді етіліп жасалған қара вазалар, шампан
ішуге арналған бокалдарға ұқсас қызыл кубоктар орналастырылды.
Көңілі жай тапқан Генри бақ пен үйдің арасында азы кіріп, көбі шығып
жүрді.
— Шлиманның шағын музейі,— деді Софья.
— Мен сондайымның болғанын тілеп те едім ғой, періштем!
Үлкенін кейіндеу тұрғызам. Тəуірірек участок табуым керек. Ал, қазба
жұмыстарын түгел тəмəмдаған кезде бəрін сүйікті қаламызға тарту
етеміз.
Октябрьдің аяқ шеніне таман «шағын музей» қонақтарды
қабылдауға дайын боп та үлгерді. Түскі қонақасы ішуге жəне өздерінің
археологиялық олжаларын тамашалауға Генри ең алғаш профессор
Стефанос Куманудисті шақырды. Көрген дүниелері Грек археология
қоғамының секретарына қатты əсер етті. Көне бұйымдарды жинаушы
жəне антиквар ретіндегі көп жылдық тəжірибесіне сүйене отырып,
бертінгі грек мекендерінен табылған бірталай олжаның жасын дəл
анықтап берді.
— Кейбір бояу реңктері мен өрнектер көне керамиканы зерттеу
негізінде
қалыптасқан
түсінігімізді
кеңейте
түсетіндігін
мойындамасыма болмай тұр. Мұндағылардың көбін өз басым тұңғыш
рет көріп тұрмын! Сонымен бірге мен, əрине, сізді уəдеңізге тұрып,
құрылыққа жетуіңізбен құттықтаймын. Мына суреттегі Үлкен мұнара
мен қорғаныс қабырғалары сіздің ойыңызша Гомер Троясына жата ма?
— Оған ешқандай күдігім жоқ, бірақ дəлелдей алмаймын.
— Тырысып көріңіз.
Бұдан кейін келген қонақ профессор Ксавье-Джон Ландерер болды.
Олжалар оны да таңырқатты.
— Қателеспесем, бұл тапқандарыңыздың тең жартысы ғана ғой?
— Дəл солай. Жəне ең тəуір жартысы-ау деп ойлаймын,— деді Генри
масаттанып.
Ландерер өз лабораториясында зерттеу үшін Ғыссарлықтың əртүрлі
қабатынан табылған бірнеше қыш сынығын беруін өтінді.
— Троя демей, Ғыссарлық деп отырғанымды айыпқа бұйырмаңыз.
Мен циник емеспін, скептикпін. Мына үлгілерді өзіме бұрыннан
белгілілерімен салыстырып, түрлі түсті саз балшықтың химиялық
құрамын анықтағым келеді. Сонда ғана керамикаңыздың жасын
белгілі бір дəрежеде ғылыми түрде негіздеуге болады.
Кезекті бір жексенбіде олар Джон Лэтам мен Эжен Пианы жəне айық
жүрген аз ғана сəттерінің өзінде зор жұмыс алаңын жобалауға негіз
болған, жотаның тамаша планын жасап берген инженер Лоранды
шақырды. Бұл үшеуі археологиялық объектілерден гөрі қазбалардың
суреті мен топографтың чертеждеріне көбірек үңілді. Əңгімелері
бірыңғай техникалық, инженерлік сипатқа ие болды.
Олжаларды өз көздерімен көріп, ғылыми жəне көркемдік құны
жайлы ой түюлері үшін Афины университеті мен Политехникалық
институт профессорларына да шақыру жіберілді.
— Мен де Арсакейондағы ұстаздарымды шақырайыншы. Олар да
мені мақтан етсін,— деп өтінді Софья.
— Оған сен əбден лайықсың, Софидион.
Алдымен бірен-сарандап, артынан топ-тобымен ғалымдар да келе
бастады. Генри оларға үлкен ілтипат көрсетті: əрқайсысымен жеке
сұқбаттасып, ештеңе жасырмай бəрін алдарына жайып салды. Белгілі
бір бұйымның қандай деңгейден, қандай қабаттан табылғанын
түсіндірді. Əйтсе де бəрі бірдей ойынан шыға қойған жоқ: біреулері
күдіктеніп, екіншілері кері тартып, өңгелері салған жерден дау
шығарып, бас дегенді құлақ деуге шейін барды. Софья Генридің
төзімділік көрсеткеніне таң боп жүрді. Ол біреумен ұстасып қалудан
қорқып, тек сұрақтарға жауап берумен ғана шектеліп отырды. Бұл тіпті
өзін мұқату мақсатындағы сұрақтар болса да былқ етпеді: бар болғаны
кітаптарға жүгіне берді — ал кітаптар қашан да қол астында дайын
тұратын.
Күйеуі скептиктердің сенімін өзгертті деуге Софьяның ауызы
бармайтын. Бірақ, келген адамдардың ой-пікіріне аз да болса өзгеріс
енгенін аңғарып қалған. Бұрын бұлар Генри Шлиманды ақшасын қалай
шашуды білмей жүрген миғұла миллионер деп ойлап келген болса,
енді мына дүниелер мен фотосуреттер, техникалық жағынан мүлтіксіз
чертеждер мен пландар оларды доктор Шлиманның шын мəнінде де
қадым заманғы жəне көп қабатты мекенді ашқанына əбден сендірген.
Əрине, бұл ешқандай да Троя емес. Трояны гомеридтер28 ойдан
құрастырған. Бірақ, бұл жотаның өзіне жұмсалған қыруар шығынды,
уақытты, күш-қайратты ақтайтын аса бағалы археологиялық объект
екендігіне
ешқандай дау жоқ... Софья осы тұрғыдағы ойларын Генриге айтып
көріп еді, анау мырс етті де қойды:
— Арқадан қалқандарына да алда разы болсын дейміз де, қайтеміз.
Бір жылдан соң олар: «Иə, бұны Троя десек Троя дей қояйық, бірақ бұл
əсте де Гомердің Троясы емес», дейтін шығар. Ал, арада екі-үш жыл
өтіп, қазба жұмыстарымызды əлдеқашан аяқтаған кезімізде бұрынғы
жырларына қайта басатындары кəміл.
Теңіз салқын тарта бастаған кезде Софья жол азық дайындап
алатын да, Генри мен Андромаха үшеуі Афиныдан бірер миль
жырақтағы, Гимет тауының беткейіндегі Кесариани монастырына жол
шегетін. Бұл V ғасырдағы византиялық базиликаның жанына X
ғасырда орын тепкен монастырь болатын. Бұлардың маужыраған
тыныш өмірін жүз жасаған кəрі ағаштар қоршап тұрған. Олар XI
ғасырда салынған шіркеуі бар Дафни монастырына барып, оның лавр
тоғайында
да
қыдырыстап
қайтып
жүрді.
Монастырдың
архитектурасында готикалық күмбезді дəліздер мен өркешті
қабырғалар əлі сақталып тұрған. Генри қала сыртына қыдыруға
шыққан кезде Элевсинге баруды айрықша ұнататын. Бұл көне
замандардағы, сыры мен шыны құпия боп қалған атақты мистериялар
орыны еді. Баспана бергені үшін əйел құдай Деметра Элевсинге бидай
масағын сыйлап, оған жер өңдеуді үйреткен болатын.
Серуенге шыққанда Генри міндетті түрде өзімен бірге
хрестоматиясын да ала шығып, Андромаханы əлдилеп отырған
Софьяға осынау қасиетті орындар жайлы тарихи мəліметтер мен
халық аңыздарын оқып беретін.
— Андромаханың əлі есін
түсінбейтіні қандай өкінішті.
білмейтіні,
сенің
сабақтарыңды
— Мен өзіңді қалай оқытсам, оны да солай оқытатын болам. Тек
төрт-бестерге келсін. Сосын кірісем.
Ноябрь жаңбырлары басталған кезде ол Германияға барып келмек
болды. Реттейтін шаруалары бар-ды, əрі келесі қазба маусымына
қажетті тəуірлеу жарақтар қарастырмақшы еді. Тек соның кетуін күтіп
тұрғандай Андромаха қызуы көтеріліп, төсек тартып жатып қалды.
Софья доктор Веницелосты шақыртты, бірақ ол да дəрменсіз боп
шықты. Бибі Виктория өзі білетін ем-домын жасап, Софьяны барынша
жұбатып бақты: бұндай қызу баланың бəрінде де болады, көп ұзамай
басылады деп сендірді.
— Өздерің де осылай ауырғансыңдар.
Андромаха он күн бойы ауырды, немен ауырғанын ешкім білмеді,
Генридің жоқтығы себепті қызының тағдырына деген барлық
жауапкершілік Софьяның өз мойнында болатын. Жазатайым бір
жамандық бола қалса Генри ешқашан кешірмес еді. Парижде болған
кездерінде орыс əйелінен туған қызы Натальяның қазасына қалай
қатты қайғырғанын, кімді айыптарын білмей алас ұрып, ақыры бəріне
өзін кінəлі етіп шығарғанын Софья əлі ұмыта қойған жоқ-ты. Сол
себепті Андромаханы он күн бойы қолынан түсірмеді. Түн баласына
ұйқы көрмей, сағат сайын шошып оянып, салқын компресін жаңартып,
құдайына сыйынумен болды. Спирос күні-түні қасынан шықпай,
қолғабыс жасап жүрді.
21 ноябрь күні қасиетті құдай анасы Əулие Марияның
ғибадатханасына тəу ету мерекесі болды. Софья Андромаханы
шешесіне қалдырды да, күймеге отырып, Ромвис алаңындағы Құдайана шіркеуіне аттанды. Христостың шешесімен аттас пəк қыздарға
толы шіркеудің ішінен ладанның хош иісі аңқып тұр еді. Софья
шырағын жақты да, ортасына алтын крест пен Əулие қыз бейнесі
кестеленген қызыл атлас жабылған аналойдың жанына жақындады.
Бейнеге бас иіп тұрып қызының тəуір боп кетуін тілеп жалбарынды.
Үйіне оралғанда оны мəз-мəйрам болған бибі Виктория қарсы алды:
— Мына ғажапты қара деймін! Шіркеуге барып келгеніңше аурудың
да беті қайтты. Андромаханың қызуы қалпына түсіп келеді!
Талай күннен бері жанын жегідей жеп жүрген үрей сейіліп, Софья
икон алдына айрықша ырзашылықпен тізерлей кетті.
Екі күннен кейін Генри де қайтып оралды. Өзі үйден аттанғалы бері
қызының қатты сырқат болғанын естіп, не дерін білмей тұрып қалды.
Андромаханы қайта-қайта құшақтап сүйіп, əйеліне абыржи көз тікті.
Əрине, Андромаханы аяймын, бірақ өзің де мені қатты таңырқатып
тұрсың. Науқас баланы он күн бойы қолдан түсірмеу деген не сұмдық!
Егер ол жұқпалы аурумен ауырса ше?! Шыныңмен-ақ Андромаха өзіңді
өзің осылай құрбандыққа шалуыңның арқасында тəуір болып кетті деп
ойлайсың ба? Тəуір боп кеткеніне, əрине, шексіз қуаныштымын. Бірақ,
өзіңді бұлай азаптауға болмайды ғой, жаным-ау...
Бұдан арғысын естігісі келмеген Софья оның ауызын сүйіспен
жапты.
— Оған қоса жүдеп те кетіпсің,— деп күйінді Генри.— Егер өткенде
уəделескеніміздей өзіңді Олимпке алып барсын десең, екі-үш күн
тынығып алуға тиіссің.
Жауап орнына Софья күйеуіне жадырай езу тартты.
Келесі бейсенбіде олар австриялық пароходқа отырып, Пирейден
Фессалоникиге жол шекті. Бір жарым күндік саяхатты Софья
ойдағыдай өткерді: кесте тігумен айналысты, Мольердің грек тіліне
жаңартылып аударылған шығармаларын оқыды. Салоникиде кішкене
қайық жалдап алған олар Литохорон атты портты мекенге барды.
Жолшыбай жандарынан үйір-үйір балық жүйткіп жатты, бірақ бір
жақсы жері теңіз тыныш-тұғын. Литохороннан Олимптің нақ іргесінен
орын тепкен кішкене деревняға шейін салт атпен үш сағаттық жол еді.
Мұнда қарапайым ғана селолық қонақ үй бар-тын. Генри екінші
қабаттан терезелері тау жаққа қараған екі бөлме алды. Қалың
перделерді былай ысырып, терезе қалқандарын ашты. Құдайлар
мекен қылған Олимп тауы өзінің барша сəн-салтанатымен көз
алдарына кеп тұра қалды. Осында келе жатқан жолдың өзінде-ақ
Олимп бұлт пен тұман арасынан оқтын-оқтын бой көрсетіп қап
отырған. Қазір енді бар тұлғасымен көрініп тұр еді.
— Қасиетті құдай ана!— деді Софья таң-тамаша болып.
— Сен құдайларды шатастырып алдың!— деп күлді Генри.
Бірақ, оның өзі де осынау керемет көрініске елтіп қалған. Аспанға тік
шаншылған тау көз жетпес биікте қалықтап тұрған. Бұл — қасына
жақындаған нəрсенің бəрінің қасиетін жойып, көзге қораш етіп
жіберетін алып асқар болатын. Оны тіпті тау, немесе тау шоқылары
деп атау да қиын-ды; бұл — жердің қиыр шетінен тұрғызылған, тірі
жанды əрі аттатпайтын тас қамал еді.
— Басым айналып барады,— деп Софья шынын айтты.
— Ал, менің қуаныштан жүрегім жарылып кете ме деп қорқып
тұрмын,— деді Генри. — Зевс пен Гераның, Аполлон, Гермес, Гефест,
Афина, Афродита, Арес, Гестия мен Артемиданың — бəрінің де өз
сарайларын осы таудың биік шыңдарына салғандарына таң қалатын
ештеңе жоқ. Бұл жерден оларға бəрі де алақандағыдай көрініп тұратын
болса керек.
Олардың қонақ бөлмесі ас үйдің үстіне орналасқан еді. Өз ошағы
бар-тұғын. Генри қожайынды шақырды. Анау ошаққа от жағып, бір
бөтелке рецина, бұрышталған басытқы беріп жіберді. Ошақтың алдына
үстел қойылып, үстіне жаңа дастархан жайылды. Қызыл ала
бояулармен безендірілген қарапайым ыдыс-аяқ орналастырылды.
Ұсақтап туралған нан қосып қуырылған, ерітілген май құйылып,
сарымсақ себілген омлет əкелінді.
Кешкі тамақтарын ішкен олар қоюлана түскен қараңғылықтан қыр
арқалары айқын көрініп тұрған Олимпке жылы төсектен көз тікті.
Генри таудың тұлғалы тұрғындарын еске алды.
— Ең əдемі сарай Зевс пен Гераның ұлы, əрі ұста, əрі суретші ақсақ
Гефестің сарайы екен. Ондай сарай тіпті Зевстің өзінде де болмаған
көрінеді. Оның сыны мен сипатын біз «Илиададан», Фетиданың
Ахиллге жаңа қару-жарақ соғып беруін өтінгелі — бұрынғы қаружарағы Патрокл қаза болған кезде жоғалып кетеді — Гефесті іздеп
Олимпке келген жерінен кезіктіреміз:
Сол шамада Фетида жеткен-ді Гефест үйіне —
Ақсақ шебер өзіне жылтылдақ мыстан жасаған,
Олимптегі ең сəнді, жұлдыздай жанған отауға.
Терге батып жатыр еді құдай көрік жанында.
Жедел үрлеп, жиырма үшаяқ жасауға бірден кіріскен —
Жиһазы мол үйінің қабырғасына қоймақшы.
Астына əкеп олардың алтын дөңгелек орнатты:
Өз-өзінен өлместерге жақын жылжып барады,
Өз-өзінен оралады үйге қайта, таңырқатып көргенді.
— Неткен сұлулық. Қараңғыдан жарқ-жұрқ етіп тұратын сол бір
сəнді отаулар көзіме əне бір қарлы қабатың үстінде тұрғандай елес
береді,— деп күбірледі Софья.
— Зевстің мыс қабырғалы сарайы болған,— деді Генри əңгімесін əрі
жалғап.— Сондай-ақ, Гефест анасы Гераға арнап жатын бөлме жасап
беріпті. Оның:
...Құлыппенен құпия, өлместерден ешкім əлі ашпаған
Бекітілген-ді есігі. Соған барып кіргесін
Жапты Гера жалтыраған жармаларын есіктің.
Классикалық грек текстерін оқыған кезінде Генридің бойы
салтанатты сезімге бөленетін. Дауысы діріл қағып, қатайып, Одеон
Герод Аттикада жиналған мың сан көрермен алдында Еврипид пен
Софоклдың драмасында ойнаған актерлердің дауысындай айқын да
əуенді боп кететін. Ал, күнделікті əңгімеде кейде қиқылдап та қалатын.
— Бейне бір Олимптің нақ өзіндегі сəнді сарайда жатқандай жаным
жай тауып жатыр,— деп Софья күйеуіне қолын созды.
Софья ұйқыдан оянған кезінде күн сəулесі Олимптің терең
əжімдермен қатпарланған қатулы өңіне шақырая шағылысып тұр еді.
Генри əдеттегісінше сағат төртте тұрып, жолбасшысымен бірге
таудың етегіне жүріп те кеткен. Жалғыз аяқ жол қия жақпарлар
арасымен бұралаң қағып жоғары өрлеп бара жатқан. Генри тауда
бірнеше сағат қана болмаққа ұйғарды. Асқар төбеге бəрібір жете алмақ
емес — ол үшін биікте, ормандағы үйшікте қонып, деревняға ертеңіне
кешкісін ғана оралуы керек. Софьяны соншама уақыт жалғыз
қалдырғысы келмеген.
— Олимпте əдеттегідей жалпақ жоталардың жоқтығының өзіндік
мəні бар,— деген еді ол соның алдында Софьяға. — Аспанның өзімен
бой таластырған үшкір басты шыңдар бірінің үстіне бірі мінгесіп
жатыр. Жоғары қарай өмір бойы өрмелегеніңмен құдайлар құжырасын
ешқашан көре алмайсың. Олар əрине ешқайда жоғалған жоқ, бəрі де өз
орындарында тұр. Құдайлар онда сол бұрынғыларынша той тойлап,
лира шертіп, əн салып, қызғаныштан күйіп-жанып, бір-бірін аяқтан
шалып, бір-біріне ор қазып жатыр. Олардың биік мекеніне адам аяғы
жетпейді. Ал, құдайлардың өздері Олимпке Идадан ұшып келеді. Адам
болса ұша алмайды. Бірде Леонардо да Винчи Сеттиньяно маңындағы
жотадан — сол төңіректе Микеланджело да мекен еткен — ұшып
байқап көрген. Бірақ бұл əрекетінен түк те өнбеді, тек аяғын
сындырып тынды. Бұдан: құдайлармен теңесем деп босқа əлектенбе,
деген қорытынды жасауға болады.
Қожайынның əйелі кофе алып кірді. Софья қолына Мольердің
кітабын ұстап диванға кеп қисайды да, ойға шомды. «Біз ғой қазір
Трояны қазып, Приамның мəңгі өлмес қаласын іздеп жатырмыз.
Троялықтардың қалай өмір сүргенін білгіміз келеді. Ал, көне
құдайлардың қалай өмір сүргендері жайлы не білуге болар еді?»
«Илиаданы» ашты да толғаныстан жүрегі діріл қағып, алғашқы
жырдағы мына жолдарды оқыды:
...Аппақ өңі жарқырап, жымиды Гера жадырап,
Езу тартып, баласынан алды күміс кубокты.
Кубокпен көсіп, балдан тəтті нектарды үлкен көзеден
Оң жақтан Гефест өлместерге үлестірді біртіндеп.
Кубок ұстап сабылғанын көріп ұста
Гефестің Аспанның шат тұрғындары айран-асыр күлді көп.
Шат құдайлар күн батқанша осылай Той тойлады;
Аполлонның лирасының сыңғырлаған
сазына
Сыңғырлаған тəтті əуенмен музалар жауап қайтарып,
Жүректерді шомылдырды шаттыққа.
Кешкіргенде күннің күміс сəулелері сетінеп,
Демалмаққа кетті өлместер үйлеріне жылыстап...
Кітап соңына Генри Гомерде кездесетін деректерді бірнеше парақ
етіп жазып қойыпты. Онда жай киімдер мен сəнді киімдердің, жерлеу
мен жерлеу жораларының, майдан жарақтарының тексте кездесетін
тұстары көрсетіліпті. «Құдайлардың Троя соғысына араласуы» атты
рубрика Софьяның назарын аударды. Сосын Генри көрсетіп қойған
беттерді парақтай отырып, Брисеиданы тартып алған Агамемнонға
деген Ахиллестің ашу-ызасы жайлы хикая мен Зевстен ахейліктерді
жеңіліске ұшыратуды сұрап жалбарыну жайлы Ахиллестің Фетидаға
өтініш білдіретін жерін тағы бір қайталап оқыды. Бірақ, Гера
ахейліктерге іш тартатын, сол себепті ерлі-байлылар арасында айтып
жеткізгісіз шатақ шығады. Гефест ата-анасын əрең дегенде
татуластырады. Сөйтіп, Гера ахейліктер Трояны тек бір жылдан кейін
ғана қирататындығын хабарламаққа Афинаны Одиссейге жібереді... Ал,
мына жерде Менелайдың қаһарынан қорғау үшін Афродитаның
Паристы бұлт арасына жасырып қойғандығы айтылған...
«Біз қандай таңқаларлық тұрмыс кешіп жүрміз десеңші,— деп
ойлады ол.— Бір қарағанда кəдімгі қазіргі заманның адамдары
тəріздіміз: Лаврия мəселесі жайлы айтысамыз, соғыстың болмауын
тілейміз. Генри жоқ-жітіктердің балаларына арналған мектепке қаржы
беріп жүр. Афины көшесінде күзетсіз қыдырған король мен оның
ханымын көрген кезде Генридің: «Европада бұндай нəрсенің болуы
мүмкін емес. Греция — демократиялық ел», деген сөзді қыстырмай
қалмайтын кезі жоқ. Қасиетті Синодтың кезекті сессиясының ашылу
салтанатында діни əмірші діндарларға білім беру қажеттігін айтты.
Сонда мен шыдай алмай: «Ендеше, эпископ Вимпосты Триполистен
неге шақыртып алмайсыздар?» деп дауыстап жібердім.
Солай бола тұрғанымен, біз Гомердің заманында, Христос өмірге
келгенге дейінгі 1000 жəне 900 жылдар аралығында тіршілік етіп
жүрміз. Генри Германияда, Францияда, Скандинавияда, Англияда
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 18
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.