Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 37

Total number of words is 3891
Total number of unique words is 2187
31.5 of words are in the 2000 most common words
43.1 of words are in the 5000 most common words
50.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ғой. Бірақ та, ақыры Грецияда қалу оның талайына жазылмаған екен,
герр доктор Шлиман мен гepp доктор Вирхов дұрыс істеді деп
ойлаймын: оның орыны шынында да күйеуімнің отаны болуға тиіс. Он
екі жыл отасқан өмірімде көрген жақсылығым үшін құдайға алғыстан
басқа айтарым жоқ. Сөзімнің соңында кайзер Вильгельмге,
кронпринцке, канцлер Биемаркқа, герр доктор Вирховқа жəне осынау
естен кетпес кешке келіп отырған ғылым мен өнердің өнегелі
адамдарының бəріне шын ризашылығымды білдіргім келеді.
Софья үстелінің қиыр шетіне, епископ Вимпос отырған жаққа көз
жіберді. Вимпостың жүзінен шынайы сүйіспеншілік шұғыла шашып
тұрғанын көрген Софья шыдай алмай кетіп, саусақтарын ерініне
тигізіп, сүйдім деген ишарат жасады.
ТОҒЫЗЫНШЫ КІТАП. ЕСІМІ МƏҢГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
I
1882 жылдың 1 январында Софья отызға толды. 6 январьда Генри
алпысқа келді. Екі туған күн «Илион палаталарында» бірге өткізілді.
Генри мен əйелінің арасындағы жас айырмашылығы тұп-тура екі есеге
жеткен.
— Отызға толғандағы көңіл күйің қандай?
— Өзімді кемеліне келген əйел тəрізді сезінем. Ал, өзіңнің алпысқа
толғандағы көңіл күйің ше?
— Мен бұрын алпысқа келгенде адам əбден қартайып кететін
шығар деп ойлайтынмын.
— Сонда қазір өзіңді қарт адам тəрізді сезінесің бе?
— Жоға. Бірақ, жаңағы ойға бой үйретіп алғанымды байқаймын.
Софья үшін уақыт сағатқа, күнге, аптаға бөлінгенді қойды.
Кифисьядағы бағының жанында ағып жатқан жылға сияқты уақыт та
баяу ағып жатты. Бұрын оның айлары мен жылдары Ида тауындағы
геологиялық қабаттар тəрізді бір-бірінен айқын жіктеліп тұратын.
Қазір бəрі тұтасып кетті. Барлық Троада əйелдері сияқты Софья да
уақыт дегенің Симоис жəне Скамандр өзендері секілді тоқтаусыз ағып
жатады деп есептеп жүрді. Отыз жас — кəмелетке əбден келген
адамның жасы. Қазір ол өткен күндердің оқиғаларына басқаша көзбен
қарай бастаған.
Генри Трояға қайта баруға құлшынып жүрді. Ол жаңа қазыналарды
армандап жүрген жоқ-ты. Əрине, қазыналар кезігіп жатса тіптен құбақұп қой, оның мазасын алған нəрсе — «Илион» жарыққа шыққалы бері
пайда болған күдіктер еді. Бұның шешімі Троя топырағында ғана
табылмақ-тұғын. Олар кітапханада, томар ағаштар жанып жатқан
камин алдында отырған. Генри өзін мігірсіз мазалап жүрген ойлары
жайлы Софьяға сыр айтуға оқталған.
— Гомер Троя жазығын, жоталарды, өзендерді, қару-жарақтар мен
үй жиһаздарын өз көзімен көріп келген куəгердей сыпаттайды.
Кішкентай қалашықты «айбынды», «сəн-салтанаты мол», «кең
көшелері бар дархан қала» деп атамас еді. Ал, өзіміз қамал
қабырғаларының ішкі жағынан қазып шығарған Троя алақандай ғана
алаңға орналасқан ғой.
Софья қоштап бас изеді.
— Үшінші қаланың қираған қалдықтары көрсетіп тұрғанындай,
Троя шағын ғана бекіністі мекен болса, оны ахейліктер армиясы
бірнеше күнде-ақ басып алар еді де, он жылға созылатын қоршау да,
Троя соғысы да бос сөз боп шығар еді.
— Əрине.
— Мұндай қалашықтың күйреуі аэдтерді ұлы шығармалар тудыруға
шабыттандырды дегенге де сену қиын. Онша көңіл қоюға тұрмайтын
бұл оқиға халық қаперінен де ұзамай ұмытылып кетер еді. Гомер дария
дастан толғамас еді.
Генри бүл кезде кітапхананы кезіп кеткен — ұзақтан-ұзақ серуендеу
оның дағдысына айналған-ды.
— Бір жерден қате жібердік. Соны қай жерден жібергенімізді
анықтағым келеді,— деді ол.
Генри ЖƏ.ҢЗ. қазбалар жайлы армандап жүрген. «Илион
палаталары» шешуші шабуылдың əзірлік жүргізу алаңына айналды.
Екі қонақ бөлмеге Вильгельм Дёрпфельдт пен Венадағы сыйлы
адамдардан кепілдеме алып келген Йозеф Хёфлер орналасқан. Генри
десятниктер де тауып қойды. Олардың екеуі Олимпиядағы қазбалар
кезінде тындырымды еңбегімен көзге түскен еді. Өзіне қызмет ететін
малай жəне аспаз əйел жалдады. Малайына Эдип деген есім берді,
аспаз əйел Иокаста атанды. Ұзамай аулаға қазба құрал-саймандары
тиелген фургондар бірінен соң бірі келе бастады: жүз күрек пен қол
арба, елу қайла, қырық сүймен, жиырма арба жиналды. Балалардың
шаттығында шек болмады, Трояны қазуға олар да құмартатын.
Пирейге бағыт алған соңғы фургон ауладан шыққан кезде Софья
иығынан жүк түскендей күрсініп алды: үй-ішіне де тыныштық
орнайтын болды-ау ақыры!
Генри февральдың ортасында кетті. Софья июльдің бас кезінде, күн
əбден жылынған шақта бармақ еді. Өзімен бірге Андромаханы ала
бармақ-тұғын. Генридің алғашқы хаттары ашу-ызаға толы болды.
Жалдаған күзетшісі қыс бойы күзетіп шыққандықтан барақтар мен
құрал-саймандар ойдағыдай сақталғанымен,— тек шатырларын су
өтпейтін березентпен жабу ғана керек боп тұр,— оларға түрік əкімдері
күн көрсететін емес екен. Үкімет тағайындаған бақылаушы Бедар-эддин Дёрпфельд пен Хёфлерге қандай да болмасын өлшеулер жүргізіп,
сурет салуға үзілді-кесілді тиым салыпты. Себебі, бұлар шпиондар,
Ғыссарлықтан бес миль жердегі Құмқаладағы қамалдың планын
қағазға түсіріп алмақ. Дёрпфельдтің арнаулы топографиялық
приборлар əкелуі де тегін деймісің... Екі архитекторға Генридің
қатарына қосылудан басқа амал қалмады. Ал, Генри болса жаңадан
қазып шығарылған қақпаларды, сыртқы жəне ішкі қабырғаларды,
үйлердің ірге тастарын тазартып жатыр еді.
Софья мен Андромаха келген кезде Троя жүз елу адам тұратын ызықиқы қалашыққа айналған. Генри оларға өз барағынан екі бөлме
босатып берді. Ал, тақтайлардан құрастырылған қарапайым сарай
асхана орынына пайдаланылатын. Яннакис пен Поликсена үстелге
үлкен гүл шоғын əкеп қойды. Он бір жасар Андромаханы Поликсена өз
қамқорлығына алды.
Түскі тамақ көңілдегідей боп шықты.
— Тұрмысың тəуір-ақ екен, Эррикаки,— деді Софья. — Чикагодан
əкелінген ет, тіл, ағылшын сүтсірнесі, шабдалы. Бұның бəрін қайдан
алып жүрсің?
— Азық-түлікті лондондық достарым «Шрёдер жəне компания»
жіберіп тұр.
Эгей теңізіне таңертеңгі шомылудан кейін Генри мен Дёрпфельд
Софьяны жаңа қазбаларды көрсетуге апарды. Софья жұмысшылардың
Ғыссарлықтың Генри бұрын қол тигізбеген бөлегіндегі эллиндік жəне
римдік ғимараттардың ірге тастарын аршып қойғандарына назар
аударды. Генри солтүстік беткейден 1872 жылы қазып шығарылған
ғажайып Аполлон тəрізді тағы да бірнеше метопа табам ба деп
үміттенген еді. Бұл араны жиырма бес жұмысшы екі ай бойы қазып,
əйелдің македондық кезеңге жататын мəрмəр басын ғана тапты. Генри
акропольдің шығыс жақ бетінде, таяу жерде жатқан театрды жанжақты зерттеп, өздері 1871 жылдың күзінде кезіктірген эллиндік
құдықты тазартты. Жотаның əлі зерттеле қоймаған шығыс жақ
бөлегінен ұзындығы екі жүз қырық фут траншея қазылды. Бұл үшінші
қала күйрегеннен кейін құрылыс алаңын кеңейту үшін жасалған
топырақ үйіндісі боп шықты. Акропольдан екі ғимарат қазып
шығарылды. Бұлар шамасы өртке кеткен қаланың ғибадатханалары
болса керек. Өздері қазір екінші қалаға жатады деп есептеп жүрген
басқа да үйлер сияқты бұл ғибадатханалардың да жойқын соққыдан
талқандалғаны көрініп тұр.
Сəскедегі тыныс кезінде Генри Софьяға:
— Басты қателігім — 1879 жылы екінші жəне үшінші қаланың ара
жігін дұрыс ажыратпағаным болды,— деп шынын айтты. — Өткен
жылдың өне бойында күдіктен бас қатырып жүрдім ғой. Өйткені,
үшінші, кішкентай қаланы Гомердің Троясы деп атау қиын еді. Орасан
үлкен блоктардан тұрғызылған қабырғалар — екінші Трояның
іргетастары екен. Мені шатастырған — өрт шалған қираған
қалдықтардың, қазір өзің көріп тұрғаныңдай, осы қабырғалардың
үстінде жатқан қабаты болды. Өртке шалдыққан кірпішті мен екінші
Троя қабырғаларының үстіне қаланған, одан көп кейінгі, үшінші
Трояның қалдықтары шығар деп ойлап қалдым. Дёрпфельд пен
Хёфлер кірпіш қабырғалардың бұрынғы елді мекеннің ірге тастарына
қаланғанына көзімді жеткізді. Екінші Троя өртке кеткен қала. Ол
үшінші елді мекеннен əлдеқайда үлкен. Екеуіміз қазір соның
территориясын аралап шығамыз. Оның қандай үлкен қала екенін өз
көзіңмен көресің. Мұнда акрополь, ғибадатханалар, сарайлар,
əкімшілік үйлері болған. Гомер сыпаттаған Троя нақ осы.
— Бірақ, мына қабырғалар қоршаған аумақта көп дегенде мың
адамның ғана тіршілік ете алатыны айқын ғой.
— Бұл да Гомерге қиғаш келмейді. Троялықтар акропольдың
сыртында тұрды жəне бəрі бірдей сарайларда тұрған жоқ. Олар да
микендіктер тəрізді алқапқа қоныстанды. Халқының саны қанша
болғаны бізге беймəлім, бірақ олардың қалың қол құрағанына дау жоқ.
— Сонда Приам сарайы мен қазыналарды қайтпекпіз? Біз нақ сол
үшінші Трояның ең үлкен ғимаратын сарай деп есептеп келдік емес
пе?
Генри бұған абыржи қоймады.
— Ана үлкен ғимарат шынында да үшінші елді мекенге жатады. Сол
себепті оны Приам сарайы деп атауға болмайды. Приамның сарайы
ахейліктер өртеп жіберген екінші қаланың территориясында болуға
тиіс. Оны əзірше таба қойғанымыз жоқ. Ал, енді қазыналарға келсек,
бұлардың Приамдікі болуы əбден мүмкін. Екінші қаланы қазып жатқан
кезімізде екінші қаланың мұнарасына тап болдық. Бұл мұнара нақ сол
өзіміз қоқыс арасынан қазына тауып алған жерде тұр екен.
Бұл əңгіме Софьяның жанына қатты батты. Бейнебір етжақын
адамынан айрылғандай сезімді бастан кешті. Себебі, Генри екеуі
осынша жылдар бойы нағыз Приам сарайын таптық деп сеніп жүрді
емес пе? Көңіл жұбатарлық бір ғана жай — қазынаның Приам
Троясынан табылғаны ғана. Ал, Скей қақпасы ше?
Генри өкініш білдіре бас шайқады.
— Ол да Скей қақпасы деп атала алмайды. Гомер қашанғысындай
бұл жолы да əділдік танытып отыр. Скей қақпасы, сол кезде
ойлағанымыздай , жазықтан қырық фут биікте емес, жазықпен бір
деңгейде болуға тиіс. Қазір мен оның акрополь қақпасы еместігіне
анық көз жеткіздім. Ол Троя төлеңгіттері тұрған төменгі қаланы
қоршаған қабырғадағы қақпа болса керек.
— Генри, бұл жайында қанша кітап пен мақала жазғаныңды ойлап
көрші. Енді кеп соның бəрінен бас тартпақсың ба?
Генридің бұған қыңа қоятын түрі көрінбеді.
— Афиныға барғанда Вирхов саған ғылымда бұндайсыз
болмайтынын айтпап па еді? Батыл зерттеушіге əр күн өз жаңалығын
əкеледі. Қателік жібергеніме зəредей де қиналмаймын. Оның есесіне
ақиқатқа бір табан жақындап тұрмын. Бұған тек қуанғаннан басқа не
істейін.
Софья мен Андромаха бірнеше апта ғана болды. Андромаха
Поликсенамен бірге көк шалғында қыдырып, Софья қазбаларды
зерделеді. Троада батпағы құрғап, көлбақалар қырыла бастаған шақта
Шлиман лагерінде безгек індеті бұрқ етті. Генри өз семьясы мен
қызметкерлеріне хининді аямай ішкізіп жүргенімен, жұмысшылар
жапатармағай науқастанып жатты. Қазба көлемі əжептəуір кеміп
қалды. Генри Вирховтан ашулы хат алды:
«Фрау Софья мен Андромаханы үйге қайтарыңыз. Зайыбыңыз өзін
қандай қадірлейтінімді біледі, сол себепті араласқанымды айып
санамас...»
— Вирхов дұрыс айтады,— деді Генри.— Өзім де мұнда тек июльге
шейін болғалы жүрмін. Таңертең Яннакис сіздерді Шанаққалаға
апарып салады.
Генри Афиныға безгекпен ауырып келді. Соған қарамастан келген
бойда-ақ Дёрпфельдті ақтап алу жолындағы қауырт жұмыстарға
кірісіп кетті. Түрік үкіметі архитекторға адым аттап бастырмаған.
Соңғы кездері жүргізілген қазба жұмыстары жайлы баяндайтын Троя
жайлы жаңа кітапқа тек Ғыссарлықтың ғана емес, сонымен бірге бүкіл
Троаданың толық етіп жасалған картасы қажет еді. Генри канцлер
Бисмаркқа қол үшін беруін өтініп хат жазды.
Осы тұста Түркиядағы Пруссия елшісі болып асқан шебер дипломат
Иозеф Мария фон Радовиц тағайындалған. Ол мəселені реттеу
жұмысына жедел кірісіп кетті де, ұзамай-ақ түріктердің көңілін
күдіктен арылтып берді. Дёрпфельд Троаданың планы мен картасын
жасауға аттанды. Кітабын жазумен жəне соңғы олжалардың
фотосуреттерін əзірлеумен айналысқан Генри барлық уақытын
кітапханада өткізіп жүрді. Ал, Софьяның уақыты Афины мен Кифисья
аралығында өтті.
1883 жылдың аяғында Дёрпфельд акропольдың ғылыми жолмен
жасалған алғашқы планын алып келді. Ол екінші қалаға баса назар
аударған еді. Планга Приамның қасиетті Троясының жекелеген
объектілері: мұнаралар, қамал қабырғалары, қақпалар, үй
қабырғалары, көшелер аса ықтияттылықпен түсірілген-ді. Ғыссарлық
жотасының келбетін толық көрсету үшін ол тіпті алғашқы, ең ескі қала
мен жаңа ғана қазып шығарылған, Приамның өртке шалдыққан
Троясының үстінен тұрғызылған үшінші Трояның да пландарын
сызған екен. Генри, Дёрпфельд жəне Хёфлер үшеуі жаңа карта жасап,
мұнда жаңағы үш қала үш түрлі бояумен белгіленіп қойылды. Майдың
аяғына таман Генри Троя жайлы жаңа кітаптың ағылшын жəне неміс
текстерін жазу жұмысын аяқтап шықты.
Сол шамада оны əлдебір түсініксіз ауру қатты мазалай бастаған.
Бірақ бұл жөнінде Софьяға ештеңе айтқысы келмеді. Оның құлағы екі
жағынан да қабынып кеткенін Софья білетін, өйткені ол қыс түскеніне
қарамай əлі де теңізге шомылып жүрген. Генри Германияға жүрмекке
жиналды — əуелі Лейпцигке барып, Брокгаузбен бірге «Трояға»
қатысты шаруаларды ыңғайластырмақ, сосын Вюрцбургтегі дəрігеріне
сосын, одан əрі қарай Анкерсхагендегі туыстарымен жүз көрісіп
қайтпақ. Бірақ, бұл жолы жалғыз сапар шеккісі келмей, Софья мен
балаларын да ала кеткісі келді. Олар Парижге, Лондонға, Уайт аралына
бармақ.
Июннің ортасына таман Оксфорд шақырып отыр: Куинз-колледж
оны осынау ғылым сарайының құрметті мүшесі етіп сайлапты. Міне,
енді ақыры Генридің қолына көне университет берген ғалымдық
диплом да тигелі тұр.
Генридің естеліктерінде шындық қай жерден аяқталып, қиял қай
жерден басталатынын Софья іштей сезінетін. Троя жайлы кітаптың
алғашқы беттеріне берілген өзі жазған өмірбаянда Росток
университетіне диссертация ретінде ұсынылған сегіз бет еңбектің
көне грек тілінде жазылғандығы — бұл саусақпен санарлық аз ғана ірі
ғалымдардың қолынан келетін еңбек болатын — айтылған еді. Ал,
шын мəнінде Генри бұны қазіргі француз тілінде34 жазған. Өткен
өмірін еске алған кезде ол жеке басының Одиссеясын ойлап шығарып
отырған эпик ақынға айналып кететін. Өткен оқиғаларды бүгінгі күн
оқиғаларымен жігін білдірмей жымдастырып жіберетін айрықша
дарыны бар еді. Ол өтірік айтпайтын, ойлап табатын: өмірінің
тақтасындағы ақ бормен жазылған ақиқатты өшіріп, орынына өткен
өміріне қатысты ойдан шығарылған аңызды қолы қалтырамастан
жазып жататын. Ал, қазбалар мен ғылыми шығармаларына келсек, бұл
арада оның кіршіксіз таза жəне толық сенім көрсетуге тұрарлық адам
екеніне ешқандай күмəн келтіруге болмайтын.
«Несі бар, кім-кім де өзінің жастық шағы туралы өзгеше ой түюге
қақылы емес пе?» деп ойлады Софья.
Андромаха мен Агамемнон Софьяны қуантып жүрді. Олар ақылды
да əдемі, сүйкімді балалар болатын. Тиринфте қазба жұмыстарын
бастауға өтініш жолдаған Генри жылдың соңғы айларын
кітапханасында жұмыс істеумен өткізді. «Илионды» француз тілінде
жариялауға əзірлеп, ағылшын, француз жəне неміс тілдерінде
шыққалы тұрған «Трояны» редакциялап жатқан. Ол Александростың
тұңғышының өкіл атасы атанған еді. Нəрестеге жөргек жабдығы мен
кішкене күміс крест сыйға тартты. Университетте археология
курсында ойдағыдай оңып жатқан Панайотиспен археология жайлы
ұзақ-ұзақ мəслихаттар өткізіп жүрді. Троададан қайғылы хабар келді:
Яннакис Скамандрға суға кетіпті. Софья мен Генри Поликсенаға хат
жолдап, көңіл айтты. Генри оған ай сайын пенсия төлеп тұруға уəде
берді.
Тиринфте қазба жүргізудің рұқсаты кешігіп жатты. Ежелгі заман
ескерткіштерінің бас инспекторы болып қазір Стаматакис істейтін.
Бірақ, Софья да, Генри де оған ешқандай ренжулі емес-ті: бейшара
небары отыз алты жаста ғана болғанымен өте қатты сырқат еді. Өмір
бойы армандаған қызметіне қолы жеткеннен кейін ұзамай төсек
тартып қалды. 1884 жылғы февраль айының бас кезінде халық ағарту
министрі Деметриос Вулпиотис Шлиманға рұқсат беруге Стаматакисті
ақыры көндірді. Қол арбаларын, қайла, күректерін алып, артыныптартынған Генри 15 мартта Нафилионға аттанды. Тиринф — бұрын
жүргізген барлық қазба жұмыстарының логикалық жалғасы іспетті
болатын. Микен мəдениетінің картинасына соңғы штрих салмақшы
еді.
Софья Вильгельм Дёрпфельдпен жəне оның өздерінде қонақ боп
жатқан көк көзді, сары шашты зайыбымен бірге «Илион
палаталарында» қалды. Дёрпфельд Софьядан бір жас кіші еді, ал əйелі
əлдеқайда жас болатын. Дёрпфельд жанына Панайотисті ілестіріп,
Тиринфке март айында жүрмекші еді. Софья мен фрау Дёрпфельд
апрельдің аяғында бармақ. Нафплионда олар «Этранже» қонақ үйіне
түспек.
Генри қазба жұмыстарына Нафплионнан жəне Тиринфтің
төңірегіндегі елді мекендерден алпыс албан жалдады. Харватидан
Микенді қазуға қатысқан он бес адам келді. Стаматакис Шлиманға
бақылаушы етіп Филиос есімді жас жігітті белгіледі. Дəл қазіргі
жағдайында Шлимандардың зықысын шығаруды ниет ете қоймаса да,
Стаматакис эфор Филиосқа қатаң нұсқаулар беріпті. Генри Софьяға
жолдаған хатында Микендегі дау-дамайға толы алғашқы айлар есіме
оралып жүр деп жазды. Филиос таңертеңгісін табылған олжаларды
түскі үзіліс кезінде көріп шығуға рұқсат бермейтін: ұрланып кетеді деп
қорқатын. Эфор өзінің Афиныдағы бастықтарына:
«Шлиман қазба жұмыстарын бір мезгілде төрт жерден бастап отыр.
Бір-бірінен алшақ орналасқан төрт қазба орынын бақылауға шамам
жетпейді», деген телеграмма жолдады.
Ақыры, эфор Филиос Микендегі сияқты мұнда да қазба жұмыстарын
тоқтаттырып тастады. Микендегі сияқты тағы да Генри Софьяға
телеграмма салып, ағарту министрінен эфор Филиостың басуын
өтінді. Өздерімен дос-жар Вулпиотис реніштерінің орынды екенін
түсініп, оларды толықтай қолдап шықты.
Софья Нафплионға фрау Дёрпфельдпен жəне француз суретшісі
Жильеронмен бірге апрельдің ортасына таман келді. Суретші көркем
керамика мен қабырғаға салынған живописті, оның ішінде əлде бұқа
үйретіп, əлде би билеп жатқан адамдар бейнеленгені белгісіз бір
фресканы көшіріп салумен шұғылданбақ еді. Келген күннің ертеңіне
Софья он бес минутсыз төртте оянды. Тездетіп үйреншікті жұмыс
киімдерін киіп алды. Нафплион мен Тиринфтің аралығында
шұбатылған батпақты ойпаң бар еді. Софья Генридің кеңесі бойынша
төрт гран хинин ішті. Олар жағамен жүріп өтіп ылдиға түсті — осы
арада сағат дəл төртте кішкене қайығы бар балықшы күтіп отыруға
тиіс еді. Генри ашық теңізде ұзақ шомылды. Сосын екеуі «Агамемнон»
кафесінен қара кофе ішті. Қонақ үй жанында оларды күйме тосып
тұрған. Жиырма бес минуттан соң, күн көтерілмей, Тиринфке келіп
жеткен екеуі күймені Дёрпфельдтерді алып келуге кері жіберді.
Таңертеңгі тамақтарын олар сағат сегізде ішті. Жұмысшылар бұл
кезде қос қабырғамен қоршалған көне Тиринф сарайының еденінде
демалып отырған. Бұл сарайды Генри жотаның биігінен қазып
шығарған. Циклоптың қабырғалар сол күйінде сақталғандықтан
мекеннің планын сызу Дёрпфельдке көп күшке түскен жоқ. Генридің
жүмысшылары тереңдігі небары үш-бес футтық қоқыс қабатының
астынан ұсақ тастардан түзілген мозаикалық едені бар, аумақты көне
сарайды қазып шығарды. Кей тұста қабырғалары да сақталған екен.
Бос топырақтың арасынан Микенде ұшырасқандарға өте ұқсас вазалар,
жоралық мүсіншелер табылды — бұл қос қамалдың қатар өмір
сүргендігінің тағы бір айғағы еді.
Генри мен Дёрпфельд қызық жаңалықтар ашты. Сарайдың өзінде
бағаналардың көптеген іргетастары сақталыпты. Есік ойықтарындағы
жалпақ тас табалдырықтар да сол күйінде жатыр екен. Шығыс беттен
үлкен пандус пен орасан зор күзет мұнарасы қазып шығарылды, биік
қабырғалармен қоршалған кірер жол бос топырақ пен қоқыстан
тазартылды, қомақты жарма қақпа табылды. Кірер жол мен қақпа сəнсалтанаты жəне көлемі жағынан Микенді. еске салатын. Бірақ, ең
таңқаларлық олжалары — төрт бағана тіреп тұрған болатын; бұ
залдың ұзындығы отыз алты, ені отыз футқа тең еді, қақ ортасында
ошаққа арналған үлкен шеңбері бар-ды. Ауыз үй, портик жəне
табанына тас төселген үлкен аула осы мегаронға жалғас жатқан; таяу
маңнан монша да ұшыраса кетті. Дəл осындай монша Микеннің
қазылмай қалған сарайында да бар деп аңыз етілетін. Ер адамдарға
арналған бөлме боп табылатын мегарон, Генри өзі ғибадатхана деп
топшылаған троялық екі ғимаратқа өте ұқсас еді. Ендеше, ол Троядан
да патша сарайын қазып шығарған болды. Бұл сарайлардың замандас
екендігі ешқандай күдік тудырмады.
Қазба жұмыстарын аяқтаған Шлиман Афиныға қайтып оралып,
Тиринф жайлы кітаптың алғашқы тарауларын жазуға кірісті. Жаңа,
1885 жылдың алғашқы күні Софья өз семьясын «Илион палаталарына»
түскі асқа шақырды. Шешесі жанына Панайотисті ілестіріп таяу баруға
ұйғарған. Олар Конституция алаңына жеткен кезде бибі Виктория
көкірек тұсының қатты шаншып кеткенін сезді. Панайотис
жандарынан өтіп бара жатқан күймені тоқтатты. Бибі Виктория үйдің
мəрмəр баспалдақтарымен жоғары қарай азар
дегенде көтеріліп, табалдырыққа жете бергенінде жығылып қалды.
Іштен Софья мен Генри жүгіріп шықты. Панайотис үй қызметшісі екеуі
шешесін жоғарыдағы жатын бөлмеге алып барды. Бибі Виктория
Софьяны бетінен бірнеше қайтара сүйді де, бəсең үнмен:
— Қарағым, сен маған көп жақсылық жасадың ғой... Сені Жаңа
жылыңмен жəне туған күніңмен құттықтауға келгем. Бірақ, енді... қош
бол демекпін, деді.
Сосын кереует жанында тізерлеп отырған Генриге қарай басын
бұрды.
— Қадірменді балам... мен үзіліп барамын... қоштасарда бетіңнен
сүйгім келеді.
Ол Генриді бетінен алты рет сүйді, бірақ қатты əлсіреп қалғаны
сонша, Генри тек еріндерінің жанасқанын ғана сезді. Бибі Виктория
көзін жұмған күйі үнсіз қалды. Дəрігер келген кезде ол жүріп те
кеткен-ді.
Софья туғандарымен бірге тағы да Энгастроменостардың семьялық
қабіріне барды. Священник «мəңгі есте болсынды» оқыды.
Софья тасқа айналғандай тым-тырыс тұрып қалған. Табыттың
қақпағына алғашқы топырақ барып түскен кезде ғана: «Есімің мəңгі
ұмытылмасын» деп сыбырлады. Күймемен үйлеріне қайтып келе
жатқан жолда құрғақ та қарлыққан дауыспен Генриге:
— Енді менің əкем де, шешем де жоқ. Енді мен аға ұрпаққа
айналдым,— деді.
Үйге, «Илион палаталарына» келген соң Генри қайғысын аз да
болса жеңілдету үшін оған бір жұтым коньяк берді. Арада бірнеше күн
өткеннен кейін Софья оның кітапханада сəн-салтанаты мол мазардың
эскизін сызып жатқанын көрді. Мазардың төбесіне төрт бағанасы жəне
цоколі бар миниатюралық грек ғибадатханасы орнатылыпты. Кең
көрханаға кіретін есіктің маңдайшасында жұмысшылармен бірге
Трояны қазып жатқан Генри бейнеленген фреска бар.
— О, жасаған, мынау немене?— деп таң қалды Софья.
— Бұны мен Циллерге берем,— деп жауап қатты Генри. — Осы
эскиз бойынша ол əдемі көрхананың жобасын жасайды. Өлгеннен
кейін екеуіміздің мəңгі бақи бірге болғанымызды қалаймын.
— Ондай сезімдерің үшін рақмет, қымбатты досым. Бірақ, мен
сенімен бірге осы үйде тұрғанымды жөн көрем.
— Мен алпыстың үшеуіне келдім. Кірпияз тəнімді алуан түрлі
түсініксіз аурулар мазалап жүр. Шынымды айтсам, өзім өлгеннен кейін
үш жылдан соң сүйектерімді қабірден қайта шығартқым келмейді.
Сенікін де сөйтпегендері дұрыс. Осы құрылысты салуы үшін Циллерге
өсиеттік нұсқау жəне елу мың драхма қалдырам.
Март айында Панайотис Стаматакис қайтыс болды. Генри мен
Софья оны жерлеуге қатысты. Баяғы дау-дамайды олар ұмытқан:
Стаматакис қайтыс болғаннан кейін Генри өзінің Тиринф жайлы
кітабында оны жылы лебізбен еске ала кеткен.
1885 жылдың бас кезінде Генри тындырымды да жігерлі
Дёрпфельдті Тиринфке аттандырды. Ол акропольдегі Тиринф
сарайының, қызметші малайларға арналған бөлмелері бар ортадағы
қамалдың, сондай-ақ қоймалары, ат қоралары, құлдар мен
тұтқындарға, басқа да шаруашылық қызметтеріне арналған бөлмелері
бар төменгі қамалдың карталары мен пландарын тез арада-ақ жасап
əкелді. Əйелдер тұратын бөліктен қабырғаға салынған живописьтің
адам мүсіндері мен геометриялық өрнектер бейнеленген
фрагменттері табылды. Əйелдер тұратын бұл бөліктің көптеген
бөлмелері, өз ауласы бар еді. «Одиссеядағы» Пенелопа сарайының
сыпаттамасына айна-қатесіз ұқсас болатын.
Жұмыс барысын бақылауды Дёрпфельдке тапсырған Генри
Тиринфке анда-санда ғана бір соғып тұрды. Кітапханадағы креслодан
Шлиманның ЖСІҢƏ. бастап жазған бір хатын тапқанша Софья бұған
қатты таңырқап жүрді.
«...Бірақ, мен шаршадым. Қазбалармен қоштасып, қалған өмірімде
тыныш тіршілік кешсем деген тілек пайда болды. Осынау қат-қабат
қарекетке бұдан əрі шыдай алмайтынымды сезіп жүрмін. Бұған қоса
тағы бір айтайын дегенім: күрегім топыраққа тиген бойда-ақ
археология үшін тұтас бір жаңа əлемді ашып беретін болдым. Трояда
да, Микенде де, Орхоменде де, Тиринфте де осылай болды. Қашанда
жер бетіне жаңа ғажайыптар пайда боп жүрді. Бірақ, тағдыр дегенің
тұрлаусыз əйел, оның менен жерініп кетуі де оп-оңай. Ондай жағдайда
өңкей сəтсіздікке жолыға бастар едім.
Бірнеше тамаша опера жазып, соны қанағат еткен Россиниді үлгі
тұтқым келеді. Кəсіптен, қазбалар мен кітап жазудан босағасын саяхат
жасаумен қайта шұғылданар едім...»
Бұл хат Софьяны қатты таңырқатты. Ол Генридің күн өткен сайын
əлсіреп, сырқаты артып бара жатқанын көріп жүрген. Бірақ, дəл осы
сəтке шейін қазбалар Генриді қызықтырудан қалғанын, зор
қуаныштарының қайнар көзі сарқылғанын білмеген. Жаңаны ашуға
ұмтылу қашан да жаңадан күрес бастауды керек етеді. Генри қалған
уақытын қол жеткенді қорғауға жұмсамақ. Софья бұл ойға біржола
көндіккенше бірнеше күн өтті.
Көктемде королева Викторияның Шлиманды ғылым мен өнердегі
жетістіктері үшін алтын медальмен наградтағаны туралы хабар келді.
Май айында Генри Лондонға жүріп кетті. Софья мен балалары оны
Франциядағы Булон-сюр-Мерден тосып алды. Мұнда олар «Павильон
Империал» қонақ үйіне тоқтады. Теңіз жағасында үш апта демалғаннан
кейін сол жақтан Швейцарияға барды. Мұнда Андромаха жеке
меншіктегі мектепке оқуға түспек еді. Швейцарияны аралап, СенМорис қонақ үйінде біраз тұрғаннан кейін олар Андромаханың мектебі
орналасқан Лозаннаға аттанды. Қыс айларын осында өткізуді
ұйғарысқан. Софьяның інісі Панайотис университетті тəмəмдап,
Француз археология институтының Беотиядағы қазбаларына үкімет
бақылаушысы боп тағайындалған. Сентябрьде қазбалар аяқталған-ды;
апасына қыдырып келген ол Афиныдағы Герман археология
институтының Генриді өзіне мүше етіп қабылдағанын хабарлады.
Генри бұған қатты қуанды.
— Оларға француздардікінен кем болмайтын əдемі ғимарат салып
беруім керек. Академия көшесіндегі қазіргі отырған үйлері құлаудың
аз-ақ алдында тұр. Олардан алатын арендалық ақымды өте аз
мөлшерде белгілеймін.
Генриді қайтадан мазасыздық биледі. Күтпеген жерден жолға
жиналды да, Германияға жүріп кетті. Одан соң Францияға, одан шығып
Константинопольға
жол
шекті.
Софьяны
таңқалдырып,
Константинопольдағы Империя музейінен 1878 жəне 1879
жылдардағы қазбалар кезінде тапқан олжаларының үштен екісін
сатып алды. Ұзамай «Илион палаталарына» көне дүниелер салынған
жəшіктер келе бастады. Коллекция Шлиманның жеке меншік
музейінен орын тепті. 1886 жыл да келді. Софья Лозаннада жалғыз
тұрудан жалығып, балаларын алып Афиныға қайтып оралды.
1885 жылдың ағуы мен 1886 жылдың басында Англияда,
Германияда, Францияда жəне Құрама Штаттарда Шлиманның
«Тиринф» атты жаңа кітабы жарық көрді. Оның екі тарауын
Дёрпфельд жазған. Шлиманның жақтастары оны қызыға оқып шықты.
Бірақ, 1886 жылдың көктемінде лондондық «Таймсқа» доктор
Шлиманның «орта ғасырлық сарайды көне дəуірдің қамалы деп
жаңылысып отырғаны» жəне «Византия заманының қираған
қалдықтарын бағзы замандікі деп шатастырғаны» жайлы мақалалар
жарық көрді. Бұл тиісулердің күтпеген жерден жəне тым дөрекі
болғандығы сонша,— Шлиманның тайыздығын дəлелдеу үшін тіпті
Троя мен Микен де мысал етіліпті,— өзін ақтап алуға ниеттенген
Генри Лондонға баруды ұйғарды. Дёрпфельд те онымен бірге кетті.
Эллин қоғамының июль айындағы арнаулы мəжілісі осы
пікірталасқа арналды. Шлиманның қарсыластары —«Таймс» газетінің
тілшісі, əрі осы газет редакторларының бірі У.Дж.Стилмен жəне
Тиринфте болып, қазып шығарылған қамалды зерттеп қайтқан
Пенроуз есімді архитектор еді. Шлиман мен Дёрпфельд фотосуреттермен, карталармен, суреттермен жəне Троядан, Микен мен
Тиринфтен табылған олжалармен негізделген мықты дəлелдер
келтірді. «Таймс» бетінде Генриді Макс Мюллер мен кейін Кносс
сарайын қазған Артур Эванс қорғады.
Бірнеше күннен кейін Генри Эллин қоғамы секретарынан хат алды.
Онда былай делінген еді:
«Пікірталастың жазбаларымен мұқият танысып шықтым. Доктор
Дёрпфельд екеуіңіз өздеріңізге тағылған айыптың бəрін де теріске
шығарған екенсіздер...
Қарсыластарыңыздың Тиринфтегі сарай көне дəуірге жатпайды
деген дəлелдемелері тас-талқан болды. Барлық білімдар адамдардың
пікірі осыған сайып отыр».
Алайда, бұл айтыс Пенроуз Шлиманның қонағы ретінде Дёрпфельд
үшеуі Тиринфке барып қайтуға келісім берген кезде ғана біржола
тəмамдалды. Үш археолог қазып шығарылған қамалды сол тұрған
орынында бірнеше күн бойы зерттеді. Нəтижесінде Пенроуз
зиялылық жасап, барлық айыптауларын қайтып алды.
Генри аяқталмаған хатында берген уəдесін орындап, саяхат жасай
бастады. Екі рет Египетке барып қайтты: алғаш рет 1887 жылы, екінші
рет 1888 жылы өзінің қадірменді досы Рудольф Вирховпен бірге
барды. Олар Нілді жағалап Луксорға шейін жетті. Осы сапарларының
арасында ол Циллер мен Дёрпфельдке Герман археология институты
ғимаратының жобасын жасауды жүктеген. Бұл ғимарат Пинакотон
көшесіндегі үлкен участокта салынып, 1888 жылдың жазында осы
институтқа арендаға берілді.
Шлиманның 1886 жылы ағылшын сыншыларының ауызына құм
құйғаны капитан Эрнст Бёттихерді тыныштандыра қоймаған.
Ғыссарлық — көне крематорий дегенді желеу еткен ол Шлиманға
шабуылын онан əрі жалғастырып жатыр еді. Генри оған да Пенроузға
қолданған қаруын қолдануды ұйғарып, Бёттихерді Трояға шақырды.
Бёттихер ұзақ уақыт қарсылық білдірумен жүріп, ақыры 1889 жылдың
декабрінде шақыруды қабыл алды. Генри əділ куəлік етулері үшін
Веналық көркем өнер академиясының профессоры Ниман мен кезінде
Микеннің атақты карталары мен пландарын жариялаған мойор
Стеффенді шақырды. Осы күнге дейін Трояда. табылған нəрселердің
бəрін егжей-тегжейлі зерделеумен шұғылданған олар таңның атысы,
күннің батысы қазба басынан шықпай жүрді. Генри шаршап, шалдыға
бастаған. шақта оған Дёрпфельд көмекке келіп отырды. Екі куəгер —
Ниман мен Стеффеннің екеуі де Шлиманның пікірін жақтап шықты. Ал,
капитан Бёттихер сол қыңырайған қалпынан танбады. «Ғыссарлық
дегеніміз — əдемі көне крематорий», деп жазды ол кейіннен
жариялаған жаңа мақалаларында. Бір таңқаларлығы, оның бұл
теориясы жақтастар таба бастады. Генри бұлқан-талқан боп жүрді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 38
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.