Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 16

Total number of words is 3921
Total number of unique words is 2296
32.0 of words are in the 2000 most common words
45.1 of words are in the 5000 most common words
52.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жатқандықтан сүйегі отқа өртенбей аман қалған. Тəжірибелі хирург
тауып, қаңқаны қалпына келтіріп беруін өтінсем деп тұрмын.
Софья үнсіз қалды. Генридің кещеленіп кеткені сонша, бұл əңгіменің
Софьяның жанына қатты батып тұрғанын аңғармады. Мына нəзік
сүйектер өзінің түсікке айналған сəбиін есіне салып еді — ол да
шамамен осындай болатын. Сол ойына оралып, жүрегі қан жылап
тұрған. Бір мезет басы айналып жүре берді де, əлі құрып, күйеуінің
аяғын құша құлап түсті.
Содан Софья үйде, төсекте ғана есін жиды.
— Яннакис пен Фотидис зембіл жасап, сені осында алып келді,—
деп түсіндірді Генри.— Айтшы, не болды саған, жаным?
— Əлгі сүйектер түсік тастағанымды есіме салды.
Генридің өңі қуқыл тартып кетті.
— Неткен түйсіксіз топас едім! Сол қалай ойыма келмеген? Сені
сүйектерге жақын жуытпау керек еді ғой!
Софья стаканнан су жұтып, кебірсіген ерінін жібітті.
— Босқа күйзелме, Генри. Бұл еркімнен тыс нəрсе болды. Жəй тек
ішімде бірдеңе үзіліп кеткендей көрінді.
Доктор Аретайостан жауап келді. Доктордың пікірі Генридің
ойлағанынан өзгешелеу екен: «Ұрықтың «сүйектері анасы босану
үстінде қайтыс болып, кремацияланып, өлі туған бала урнаға
анасының күлімен бірге жерленген жағдайда ғана сақталуы мүмкін».
Генри кеңейе түскен траншеядағы жұмысшылар санын екі есе
көбейтті. Ұзамай олар үйдің жұрнағына, сол күні кешке таман сарайға
ұқсас құрылысқа жолықты. Генри балаша қуанды. Қашалған ірі
тастарды мұқият қарап шықты. Араларындағы жігіт пышақпен
шұқылап, қызғылтым топырағын конвертке салып алды. Сосын
Софьяны жанына шақырды.
— Үйлер мен сарайларды қиратудың оңай болғандығының себебі
енді түсінікті: тастар балшықпен ғана бекітілген. Қабырғаны итеріп
қалсаң, бүкіл үй бірден жалп етеді. Мына қаланған тастарды босатып
алсақ, астынан көптеген қызыққа кезігетініміз анық.
Күміс пен мыс бұйымдарды, шегелерді, қанжарлар мен сақиналарды
тазартуды олар түн ортасы ауа аяқтады. Одан соң сипаттамаларын
жазды. Софья толғаныстан ұйықтай алмайтын шығармын деп ойлаған,
бірақ көпшікке басы тиюі мұң екен, сағат бестен кете бір-ақ оянды.
Генри оған бір шыныаяқ кофе əкеп берді. Өзі теңізге шомылып та
үлгерген-ді.
Қаланған тастарды босатып алу жұмысына олар таңертеңнен
кірісті. Сəскеге таман жұмысшылар үлкен үй мен сарайдың бос
топырағын шығара бастады. Жолай ошақтар, ашық аулалар, ішкі
қабырғалар, есіктің табалдырықтары, жануарлардың сүйектері,
қабанның азу тістері, ұсақ қауашақтар, өгіз бен қошқардың мүйіздері
табылды.
Түстен кейін де көп қызық олжалар жолықты; көне қабырғалар куə
болған тіршілік өзінің бет-бейнесін таныта бастады. Кешкі
тамақтарын ішкесін олар қалпына келтіру мақсатында ірілеу
терракота сынықтарын іріктеп алды. Яннакис бəрін жуып берді.
Поликсена балық желімін қайнатып, Шлимандар ас үстелінде отырып
көзелерді құрастырумен айналысты. Бірсыпыра сынықтары жетіспей
жатқандарына қарамастан олар бұрын-соңды көз көрмеген небір
ғажайып құмыралар мен вазаларға жан бітіріп те қойды. Бұлардың
арасында: ұстайтын тұтқасы бар, үш жеріне қошқар мүйізі
бедерленген,
түсі
сарғыштау
үлкен
тостақ;
бүйірлерінде
шығыршықтары бар — шамасы төбеге ілуге арналған болса керек —
түбі жалпақ, қара ваза; бүйірлері кірігіп кеткен қос құты түрінде
жасалған, шүмектері құстың мойынынан аумайтын, айрықша назар
аударуға тұрарлық бір қызыл ыдыс бар-ды.
Арғы ата-бабалардың тұрмыстағы тіршіліктерінің кейбір өзіндік
ерекшеліктері де аян боп қалды. Мысалға, мына мəдени қабатта
тұрғандар қоқысты аяқтарының астына, жер еденге тастай беретін
болған. Сөйтіп, одан аяқ алып жүре алмайтындай жағдайға жеткен
кезде сырттан топырақ əкеп еденді биіктетіп, тиісінше үйдің
қабырғасын да өсіріп, шатырын да бірер футқа жоғары көтеріп
отырған. Софья бұл жорамалды жақтаудан үзілді-кесілді бас тартты,
Қоқысты неге сыртқа шығарып тастамасқа? Жаңбырдың өзі жуып
əкетпей ме?
- Ақылдым-ау, Троадада жарты жыл бойына тамшы тамбайтын
кездер жиі боп тұрады ғой.
— Ендеше, отқа жағып жіберсе неғылады?
— Сүйектер мен қауашақтарды ма? Жағып көр.
— Жарайды, онда оларға жөн көрсетпей-ақ қойдым.
Олар жотаға тереңдей ене отырып, траншеяны кеңейткен
кездерінде қиынды қатпарлардан тағы да үш қаланың тұрқы көрінді:
үй қабырғалары мен көшелер, шөгінді топырақ қыртыстары — өзіндік
архитектурасы, өзіндік канализация жүйесі бар, бір-біріне ұқсамайтын
үш дəуір. Төменнен санағандағы екінші мəдени қабат жотаның
төбесінен есептегенде отыз үш фут тереңдікте жатқан (оның
қалыңдығы он фут еді); үшінші қабат жиырма үш фут пен он үш фут
аралығында еді; төртінші, жоғарғы қабат, жотаның төбесінен алты
футтай жерде аяқталатын. Салынған кездерінде төрт қаланың төртеуі
де аяқтарының астында не жатқандарынан бейхабар
болғандықтарына талас жоқ-ты: бір қабырға екіншісіне мінгесіп тұр,
деңгейлері де сақталмапты. Үйлер болса құрып кеткен бұрынғы көше
жобаларына біресе бүйірін, біресе арқасын беріп орналасыпты. Бұл
араға адамдардың екі мың жылдың өмір нəтижесі қатталған еді. Дəл
қазір жота қопарылыстан шатыры ұшып кеткен, сөйтіп, бөлмелері,
қабырғалары мен дəліздері, есіктері мен едендері, ішкі аулалары
аңырайып ашық қалған алып ғимараттан аумайтын.
— Ғажап!— деп таңданды Софья.
— Төрт қабатты да қазу керек. Бірақ, сонда екінші қабатты қалай
қазбақпын? Қалған екеуі басыма құлайды ғой,— деді Генри əрі-сəрі
болған кейіпте.
Екінші қаладан табылған алғашқы бағалы олжа — іргесі тас
болғанымен, қабырғалары бөренеден тұрғызылған үйлер еді. Қаланы
тып-типыл қып жайпаған өрт кірпіштерді керемет жақсы етіп
күйдіріпті: олар жер сілкінуге де, жаулардың шапқыншылығына да
қынбапты. Осындай сенімді баспананың ығында қалған арийлік діни
символдар салынған керамика да, тамаша қызыл кубоктар да — Генри
тұмарға: «Шампан ішуге арналған, қос берік тұтқасы бар орасан зор
бокалдар», деп жазды — мүлдем дерлік бүлінбеген күйінде
сақталыпты. Софьяның қуанышы қойнына сыймай жүрді.
— Генри, балық желімінен ақыры құтылатын болдың-ау! Қарашы,
қандай əдемі ваза: мынау шошқа ғой, міне, алдыңғы жағында делдиген
танауы, арт жағында ұстайтын тұтқасы бар. Қандай əдемі! Тап қазір
музейге апарып қойсаң да болады.
— Музей дегенді аузыңа алма,— деді Генри,— Əйтпесе, шыныменақ музейге жол тартып жүрер. Константинопольдық - музейді айтам...
Бұны жасыра тұруымыз керек. Бұл əділдікке жата ма, жатпай ма —
оған тіреліп жатқан əңгіме жоқ!
Биіктігі бес, бүйірлері кейде үш футқа дейін баратын шаруашылық
жəне жерлеу урналары жер қойнынан көптеп шығып жатты. Брезент
үстінен: əйел құдай Афинаның қасиетті құсы — жапалақ бейнесінде
жасалған, бірақ, əйел емшектеріндей емшектері, тəу етіп жоғары
көтерген қолдары бар вазалар; тұрба тəрізді ұзын мойынды шар
тəрізді ыдыстар; терракоталық қаптырмалар — қасиетті өмір
бəйтерегі мен күн құдайы символдарымен шебер көркемделген
атаулы тартулар; Генри өзі Индия мен Персиядан, кельттердің
жоралық бұйымдарынан бұрын да кездестіріп жүрген «свастикалы»
сынықтар орын тепті. Ал, ас үйлік бұйымдардан — ыдыс-аяқтар, май
мен шарап құюға арналған пифостар кезігіп жатты. Қару-жарақтар
жағы да көп күттіре қоймады: мыс айбалталар, найзалар, жебелер,
сапылар табылды. Таныс заттарды көздері шалған бақылаушысолдаттардың да бойына желік кіріп траншеяға секіріп түсті де, дем
арасында өз үлестерін бөліп алды. Генридің əдеттегідей өз пайдасына
арамдық жасауына үлгертпеді.
Кешкісін əскери олжаларды тазалап отырған ол мұрын астынан
міңгірлеп:
— Оларға енді не істерсің, олар да троялықтар тəрізді жауынгер
адамдар ғой. Əлде тек өздерімен де есептесу керегін ескерту үшін
солай етті ме екен?— деді.
Қолапайсыздау бұрылған Генри өртенген үйдің сарғыштау күлінің
арасынан табылған балқыған металл мен сымдардың түйіншегін
үстелден түсіріп алды. Ертеңгісін олар бұған онша мəн бермей, себетке
тастай салған. Кейін ол жайында ешкім еске алмаған. Əлдебір сым
үзіліп кетті де, темір қорапшадан сыңғырлап асыл заттар төгілді. Екеуі
дереу тізерлей кетіп, алақандарымен еденді сипалай бастады.
Генридің қолына үш білезік ілінді.
— Мына қызықты қара. Оттың
жабыстырып тастапты,— деді ол.
қызуы
сырғаны
білезікке
Шамның шамалы жарығында əлдене болар-болмас жылт еткендей
болды. Софья қорапша ішін қопарыстырып, екі жағы да
жұлдызшалармен безендірілген алтын сырға тауып алды.
— Алақаныңды аш,— деді Софья.— Приамның қазына қоймасының
алғашқы қарлығашын қабыл ал. Өлім алдында Гектордың Ахиллға:
Алтын мен мыс қанша керек — сұрағын,
Əкем менен асыл анам айтқаныңды береді,—
деп жалбарынатыны есіңде ме? Бір қызығы, Гомер Троадада алтын
кендері болғандығы жайлы ештеңе айтпайды.
— Бұл маңайда алтынның болмағанына кəміл сенемін. Троялықтар
алтынды Грециядан келген керуендерден таланттап26 сатып алып
отырған. Ал, алтыннан əдемі жиһаз жасайтын зергерлер өздерінікі,
жергілікті жердің адамдары еді. Бері қара, егер біз бір сырға тапқан
болсаң онда басқасын да табатын шығармыз! Алтын білезіктер,
кубоктар мен диадемалар да табылар... Софья, сезіп тұрмын, Троя
осында...
Июльдің
екінші
жартысында
күн
қатты
ысып
кетті.
Жұмысшылардың көйлектері терден кеппей қойды, дененің
қымтаусыз қалған жері күйіп, күлбіреп шыға келетін болды. Бұл азап
аздай-ақ солтүстіктен, Қара теңіз бен Мəрмəр теңіздерінен Дарданелге
қарай қатты жел есіп, жердің шаңын аспанға шығарып, көз
аштырмады. Софья ақ матадан яшмак тігіп алды, бұл оның басын көз
саңылауы ғана бар бітеу қауашаққа ұқсатып жіберді.
Августте шаруалар егін жинауға кірісті. Жұмысшылар саны едəуір
кеміп қалды. Генри Галлиполь түбегіндегі герман консулына хат
жазып (өткен жылы анау бұған өзінің бірнеше мақаласын жіберген),
жұмысшы қолын табуға көмек көрсетуін сұрады. Тап сондай өтініш
Константинопольдағы ағылшын консулына да жолданды. Бұл
хатында Генри Шанаққалаға дейінгі жол қаражатын өзі өтейтіндігін
айтты. Екі дипломат та қанағаттанарлық жауап қайтарды. Тағы да жүз
елу жұмысшы жиналып, төрт қаланы қатарынан қазуға кірісті.
Босатылған топырақты былай шығару мəселесі күн өткен сайын
күрделілене түсті. Жұмысқа бөгет болмауы үшін оны мейлінше
алысырақ апарып төгуге тура келді. Константинопольдағы ағылшын
консулы тағы да он өгіз арба мен он қол арба тапты. «Таксиархис» оны
Бесікке алып келді.
Герман консулынан да он өгіз арба мен қырық қол арба келді. Ол
қырық жұмысшы жіберген. Генри бұлардың жол қаражатын ғана өтеп
қоймай, оған қоса ішетін тамағы мен жататын орындары үшін де ақша
төлейтін болды. Осы бір ғана күннің шығынына ой жүгірткен
Софьяның жүрегі жиі-жиі соғып кетті.
— Биылғы маусымның саған қазірдің өзінде қаншаға түсіп
отырғанын есептеп көрдің бе?— деп сұрады күйеуінен.
Үстел үстінде шашылып жатқан піл сүйегінен жасалған
мүсіншелерді күнделігіне тізіп отырған Генри басын көтеріп, Софьяға
таңырқай көз тікті.
— Оған арнайы кітап ашқаным жоқ, бірақ жалпы соманы, əрине,
шамалаймын ғой.
— Сонда, сенің ойыңша, осы маусымда біз қанша жұмсамақпыз?
— Бұл маған бəрібір. Қанша қажет болса сонша жұмсаймыз.
Софья ойша есептеп көріп, жұмыстың қазіргі қарқыны сақталып
отырса бір маусымда елу мың доллар жұмсалатынын анықтады.
Жүрегі зырқ ете қалды, бұл деген бір əулеттің үрім-бұтағына жетер
дəулет қой!
Афиныға жайдан-жай Арсакейонды сыйлай салған бір бай болған;
тағы бір қалталы адамға Эжен Пиа Конституция алаңынан сəнсалтанаты мол тұрғын үй тұрғызған. Ешқандай пайда түспейтін шаруа
үшін елу мың доллар шашатын бұл екеуінен басқа адам бүтін
Грециядан табыла қояр ма екен? Софья оның басын төмен тұқыртып
алған түріне көз тікті: Генри табылған фетиштерді өзі Шығыста
болғанында көрген əулие-əмбиелердің мүсіншелерімен салыстырып,
жыбырлаған ұсақ əріптермен бір парақтан соң бір парақты толтырып
жатыр еді.
«Троя жолында банкроттыққа ұшыраудан да қорықпайды», деп
ойлады Софья.
Алаң мен траншеяларды қолына «Илиаданы» ұстап аралап жүрген,
олжаларға ойлы көзбен үңіле қарап жүрген Генри Лисимах салдырған
ғибадатхана Александрдың өзі келіп көрген троялық көне
ғибадатхананың қираған орынында тұруға тиіс деген қорытындыға
келді. Сөйткен соң Аполлон табылған ғибадатхананың жұрнағы
жатқан жерге қайтып оралып, төменге, ірге тастың астына қарай
қазуға ұйғарым жасады.
Таңертең өзі жобасын көрсетіп берді де, Макрис пен Деметриудің
бригадалары ені жиырма футтың траншея қазуға кірісті. Түскі үзілістің
алдында Софья не жаңалық барын білмекке күйеуінің жанына келді.
Келсе анау ауызымен ауа қармап тұр екен.
— Сырқаттанып қалғаннан саумысың?— деді шошып кеткен Софья.
Анау жауап орнына жұмысшылар топырақтан арылтып жатқан
қабырғаны нұсқады. Қабырға Лисимах ғибадатханасының іргетасынан
да төменіректе болатын.
— Қалыңдығы алты фут жəне төмен қарай кем дегенде он футқа
дейін барады,— деді ол дауысы қырылдап.
Жұмысшылар қабырғаның шетіне тезірек жетуге жанығып, жын
соққандай жылдам қазып жатты.
— Іргетасындағы тастарды көрдің бе?— деп Генри Софьяны
қолынан ұстай алды.
— Қандай орасан үлкен тастар!
— Бұл — қабырғаның о баста бұдан əлдеқайда биік болғандығын
көрсетеді. Гомер оның биіктігі жайлы асырып айтпаған боп шықты. Ал,
ең бастысы — тастардың циклоптық əдіспен қалануы.
Софья тұла бойының дірілдеп бара жатқанын байқады.
— Генри, сонда сен... Сонда сен Посейдон мен Аполлон тұрғызған
қабырғаны тауып тұрсың ба?
— Оған зəредей де күмəнім жоқ. Бұл — алғашқы қабырға. Оның
іргетасы жоғарыдан есептегенде қырық төрт фут тереңдікте жатыр.
Қабырғаның үстінен көзің көріп тұрғанның бəрін, тіпті Лисимахтың
ғибадатханасын да, мына көне қабырға өз иығымен көтеріп тұр.
Олар тіл қатпастан тым-тырыс тұрып қалды. Тек күректердің
күмілжіңкі шықылы мен қол арбаға түсіп жатқан топырақ дыбысы ғана
құлаққа шалынады. Софья сыйқырланғандай кейіппен сыбырлап:
— Құттықтаймын сені. Сен дұрыс болжапсың, басқалардың бəрі
қателесіпті,— деді.
Генри қолын жоғары көтеріп, аттай тулаған жүрегін алақанымен
басты.
— Приам қабырғасын тапсақ, қалғанын да табамыз.
Бір күні, августың орта шеніне таман, Яннакис үйге ұшып кірді де,
Софьяны Генриге қарай сүйрелей жөнелді. Келсе анау терең
траншеяның ернеуіндегі террасада əрлі-берлі теңселіп жүр екен.
— Мен бір ғажайып құрылысқа кезіктім. Соған кеп тірелдік те, алға
қарай адым аттауға зар боп қалдық. Бір қызығы, мен оңтүстіктен өзіме
қарай бет түзеген Фотидиспен бір түзу сызықтың бойында жұмыс
істеп жатырмын. Оның траншеясы бізден онша алыс емес. Бірақ, менің
оған қарай өте алмай сорлап тұрғанымды қарасаңшы! Жүрші,
көрсетейін. Біз солтүстік жағынан шықтық.
Софья траншеяны көлденең кесіп жатқан, тастан қаланған тік жарға
мұқият зейін салды.
— Бұл қабырғаның жалғасы болып жүрмесін.
— Солай да, олай емес те! Тұрпатына қарағанда бұл қамал
қабырғасына ұқсайды. Ал, олай болса неге оқыстан едəуір кейін
шегініп кеткен? Өзі ана, оңтүстік жағынан да осылай ілгері
озыңқырамай ма екен?
Биікке көтерілгендіктен алқынып, Фотидис жетті. Маңдайындағы
тер моншақтарын қасқасы айқындала бастаған төбесіне қарай
сүрткіштейді. Əлденеден абыржып, дегбірі қалмай тұр.
— Доктор, біз тұйыққа тірелдік. Жолымызды қаланған тастардың
қалың қабаты кесіп өтті. Екі жүз футтай жерді артта қалдырдың, əйтсе
де мұндайға алғаш жолығып тұрмыз. Түк түсінсем не дейсіз. Бəлкім,
барып көріп шығарсыз?
— Ол қамал қабырғасынан оңтүстікке қарай озыңқырамай ма?
— Иə, он бес — жиырма футтай ілгерілейді.
Шлимандар бір-біріне бақырая қарап қалды.
— О, құдіреті күшті тəңірім!—деп жіберді Генри.— Софья, ойбай-ау,
бұл Үлкен мұнара ғой!
Көз жасы бетін жуып жүре берді.
— Троя мұнарасы ма? Приам Еленадан қабырғаға жақындап қалған
ахей көсемдері жайлы сұрайтын мұнара ма?— деді Софья тілін
кəлимаға азар келтіргендей болып.
Генри қазбаларға шалбарсыз немесе сағатсыз келсе келер,
бірақ«Илиадасыз» келмес. Сюртугінің қалтасынан кітабын шығарып,
көзілдірігін киді де, беттерін парақтап, үшінші жырдан қажетті тұсын
тауып оқи жөнелді.
Келе ғой бері, қарашығым! Отыра ғой қасыма,
Бұл арадан көресің тұңғыш күйеуің мен туыс, жақынжаранды.
Сен кінəлі емессің мүлдем; құдайлар ғана кінəлі —
Ахейліктерге маған қарсы аяусыз соғыс аштырған.
Отыр да айтшы, есімдерін мына ерекше ерлердің:
Кім анау — ахей əскерінің алдындағы айбатты ер?
Ахейліктерде одан да асқан бар екен зор алыптар,
Бірақ, мұндай сымбатты ерді көзім менің көрмеген....
Бұдан соң алтыншы жырдан да бірер жол оқыды:
Ахейліктер күші басым деген хабар мазалап
Илиондық мұнараға зəулім бет алды...
Генри мен Фотидис өз бригадаларын мұнараның іс, қос қапталына
— солтүстік жəне оңтүстік бетіне салды. Генри қойын дəптеріне есепқисап жүргізіп, Софьяға өз ойларын айтып берді.
— Менің есебімше, біз мұнараның орта белінде тұрмыз. Төмен қарай
жиырма фут жерді жəне, бəлкім, жоғары қарай да жиырма футтай
жерді тазарту керек болатын шығар.
— Мəселе осынша топырақты қайда тастауға тіреліп тұр ғой.
— Оны мүмкін болғанынша алыс апару керек.— Ол Яннакиске
бұрылды.— Тезірек ат-арба жинастыр. Ал, оған шейін біз,— ол енді
Софьяға қарап сөйледі,— қол арбамен таси тұрамыз.
Мұнараның жоғарғы жағын қазып жатқан Генри ұзындығы отыз
футтай батыңқы жерге жолықты. Бұл придан ол мыс найзалар мен
жебе ұштарын, екі жақты ара, мыс жəне күміс шегелер, көп сүйек
тапты. Бұл жер садақшылардың баспанасы болғанға ұқсайды.
Августың аққа кептірер аңызақты тəуліктеріндегі көп күндік жан
беріп, жан алған жұмыстың нəтижесінде, солтүстігі мен оңтүстігінен
бірдей аршылған мұнара Генридің орталық траншеясының ұзына
бойына көлденеңдеп тұрып алды. Яннакис бар болғаны жеті ат-арба
ғана тапты. Бірақ, осының өзі тастай қатты тығыз топырақты сыртқа
тасуды жеделдете түсті. Бұл бор мен əк тасты қыртыс болатын.
Мұнараның солтүстік жағынан биіктігі он бес, ені алпыс бес футтай,
тұтасымен əк тастан құралған оба бой созып тұрған — шамасы, мұны
мұнараға ірге тас төсерде троялықтардың өздері қазып шығарған
болса керек. Жұмысшылар обаны қақ жарып арғы бетіне өткен кезде
Генри мұнараның солтүстік жағы дəу-дəу кесек тастардың үйіндісінен
тұратындығына көз жеткізді,— тек жоғарғы бөлегінің ғана өріле
орналастырылғандай сипаты бар екен. Бұған керісінше, Троада
жазығына қараған оңтүстік жағы ірге тасынан төбесіне дейін қашалған
əк таспен теп-тегіс, түп-түзу етіліп қаланыпты. Тастардың арасына саз
балшықтан ерітінді құйылыпты. Қалыңдығы қырық футтай екен.
Кешкісін Генри Софьяға өзін мазалап жүрген күдіктер жайлы айтып
берді:
— Бəрінен бұрын мені мұнарамыздың биіктігі бар-жоғы жиырма
фут қана екендігі абыржытып жүр. Мұнараның іргетасына қаланған
ана дəу қойтастардың аспаннан түсуі мүмкін емес қой!
— Əбден мүмкін, Генри! Мұнараның қазіргі биіктігі мен жотаның
биіктігі арасында əлденеше қала орналасқанын ұмытпасаң етті.
Қаламын сияға батырып алған Генри күнделігіне былай деп жазды:
«Бүтіндей басып қалған қиратындылардың арқасында ғана мұнара
бізге қазіргі қалпында жетіп отыр. Троя күйретілгеннен кейін де көп
нəрсенің өз орындарында қала беруі, қабырғалары мен қорғаныс
қалқаларынан айырылған троялықтар мұрагерлерінің қиратынды
арасынан бой көтерген құрылыстардың тастарын босатып алуы əбден
ықтимал. Шөгінді топырақтың көлеміне қарағанда мұнара
акропольдың батыс бұрышында тұруға тиіс. Бұл өте бір оңтайлы
орын: осы арадан бүкіл Троада жазығы, оның ар жағындағы теңіз —
Тенедос, Имброс жəне Самофракия аралдары алақандағыдай анық
көрінеді. Бұл ара Трояның ең биік нүктесі. Сол себепті мен мұны
троялықтарды тықсырып тастаған «ахейліктердің басым күші» жайлы
хабардан мазасызданған Андромаха асыға бет алған«Илиондық зəулім
мұнара» деп мəлімдеймін. Отыз бір ғасыр бойы жер қойынында
жатқан, мыңдаған жылдар бойы бірінің орынын бірі басқан сан алуан
халықтардың тынымсыз тіршілігін бастан кешкен бұл мұнараға
қайтадан жан бітті. Енді қазір ол бүкіл жазық үстінен болмаса да, оның
солтүстік бөлегі мен Геллеспонт үстінен төңірегіне үстем көз тігіп тұр.
Қаһарман Грецияның осынау қасиетті де ұлы ескерткіші Геллеспонт
арқылы өтушілердің көз алдында əрқашан асқақ көрініп тұра беретін
болсын. Бұл ара арманшыл жастардың білімге деген ынтызарлығын
арттыратын, Грецияның асыл əдебиеті мен тілін ардақ тұту
мақсатында арнайы сапар шегетін орынына айналсын».
Ертеңіне тағы бір тосын олжа тап болды: қырық екі футтық
тереңдіктен үйдің орыны мен əйелдің қаңқасы кезікті. Əсіресе
айтарлықтай берік, адам таңқаларлық ұсақ тістері бар бас сүйек жақсы
сақталыпты. Бұл ересек адамның алғашқы қаңқасы еді!
— Троя қызын да таптық-ау аңыры! Егер мына сүйектер сөйлеп
кетсе, небір қызықты хикаяларды естіген болар едік-ау!— деді Генри
алақанын уқалап.
— Сүйектер неге сарғыш?— деп сұрады Софья.
— Бұл өрт кезінде өлген əйел. Афиныға барғасын қаңқаны қалпына
келтіреміз.
— Ал, Оттоман музейіне қай бөлегін бересің?
— Бақылаушылар — діндар адамдар. Олар сүйектің маңына да
жуымайды. Бұл басынан бақайшағына шейін біздікі.
Саусақтарының ұшымен бас сүйектің төңірегіндегі күлді қопсытқан
Софья сақина, үш сырға жəне алтын түйреуіш тауып алды. Екі сырға
мейлінше қарапайым еді — дөңгеленте иілген алтын сым ғана
болатын. Оның есесіне мейлінше əдемі етіліп жасалынған үшіншісінің
бес алтын тамыр жүгіртілген жапырақшасы бар-ды. Сақина үш тінді
алтын жіптен өріліпті.
Генри əшекейлерді алақанына салып, үңіле көз тікті. Сосын
мардамси езу тартты.
— Неге ғана троялықтар Мысырдағыдай пирамидалар тұрғызып,
өздерінің патшаларын бар дүние-жиһаздарымен жерлемеді екен!
Қаншама қазына қазып шығарып, əлемге əйгілеген болар едік!
— Сенде тойым жоқ екен, Генри. Үлкен мұнара мен қамал
қабырғасы қандай қазынаңнан да артық емес пе?
Августың ортасында батпақ безгегі əбден құтырынып кетті.
Жұмысшылар оннан, жиырмадан, отыздан, топ-тобымен қатардан
шығып жатты. Хинин бəріне бірдей жетпеді. Генри Софья екеуінің
күндік сыбағаларын арттырып, Яннакис пен Поликсенаға жəне
жұмыскер десятниктеріне төрт граннан беріп тұрды. Бірінші боп
Поликсена, одан соң Яннакис пен десятниктер науқастанды. Үшінші
аптаның аяғына таман қазба басында санаулы адам ғана қалды. Бұл
кезде Шлимандар да біресе күйіп-жанып, біресе қалтырап, берекелері
кете бастаған. Сырқаты Поликсенаның сұрқын қашырып жіберді.
Зордың күшімен бас көтерген десятниктер күзгі жапырақтай дірілдеп
жүрді. Генри оларға хининді аямай ішкізумен болған. Ақыры ол да
таусылды.
— Қымбаттым, қанша өкінішті болғанымен, осымен тəмамдауға
тура келеді-ау деймін. Тағы бір айдай шыдаймыз ба деп ойлағам,
өйткені, күн өткен сайын қызық олжалар да көбейіп бара жатыр еді,
Бірақ, дұрысы Троададан қазір аттанып кеткен ғой деп ойлаймын.
Безгектің бəсеңдейтін түрі көрінбейді. Бірақ, алдымен Шанаққалаға
барып келуім қажет. Фотограф əкелем — Афиныда қазбаларымыздың
толық көрінісі қажет болады. Сондай-ақ, Шанаққалада мені
Константинопольдан келген топограф та күтіп жатыр — оған хат
арқылы хабарласқам. Ол жотаның егжей-тегжейлі планын жасап
береді.
Екі күннен кейін Генри фотограф неміс Зибрехтпен жəне топограф
грек Сисиласпен бірге қайтып оралды.
— Өзіме қажеттінің бəрін суретке түсірттім-ау деймін, əйтеуір,—
деді ол Софьяға.— Тек негативтер сорлатып кетпесе тəуір болар еді!
Соры қайнаған Зибрехт! Қара матаның астында күні бойы күнге
шыжыды!
Софья жиналып болып та қалған.
— Қашан жүреміз?
Жайлы баспаналары мен жақсы тамақтарының септігі тимегендей
жүдеп-жадап, арып кеткен олар бір-біріне үнсіз көз тікті.
— Константинопольдан Пирейге пароход бес күннен кейін жүреді.
Макрис пен Деметриуға жататын орын, өзімізге каюта алдым. Фрэнк
Калверт табылған олжалардың өзіне тиесілі бөлегіне есі кете қуанды,
бірақ бəрін алудан бас тартты. Үй-іші боп көңілдеріне ұнағандарын
ғана іріктеп алды. Қалғанын өзімізбен бірге Афиныға əкетеміз.
Генри күзетші жалдады. Көп қаржы жұмсап алдырған күрек, қайла,
сүймен, шығырлар мен қол арбаларды Яннакис ас үй мен десятниктер
жатқан үйге ыңғайластырып жинады. Генри күзетшіге айлық жалақы
белгілеп, қазба басына жиі келіп тұруды, құрал-жабдықтардың
бүтіндігін апта сайын тексеруді міндеттеді. Сондай-ақ оған алдағы
жылдың бас кезіне, Шлимандар қайтып оралатын кезге қарай лагерь
мен үйлерді дайын қылу, жүз елу жұмысшы əзірлеу жұмысы да
жүктелді.
Төрт күннен кейін олар қазбаларға қарай бастайтын қақпаның
алдында тұрды. Генри жұмысшылармен есеп айырысып, алғысын
айтып, январь айында қайтып келуге шақырды. Сөйтіп, өз. үйлерінің
табалдырығын аттай бергендері сол еді, төрт ай бойына тамбаған
жаңбыр сұрапыл нөсер боп құйды да кетті. Олардың дер кезінде
жиналғаны жақсы болыпты: енді бұл араны əлденеше апта бойы аяқ
алып жүре алмайтын батпақ басады.
Ертеңіне таңертең Генри Софьяны күн шұғыла шашқан шақта
оятып, мұнараға ертіп келді. Софьяның қолында күнделік, қалам, сия,
бір бөтелке француз шарабы бар еді. Олар қамал қабырғасына
жақындаған кезде күн де едəуір көтеріліп, Иданың биік шоқыларын
шырақтай жарқыратып, Дарданелдің жүйрік ағынын жүзіктің көзіндей
жылтылдатып жіберген. Генри мұнараның бір кездегі биіктігімен бір
деңгейде тұрмақ үшін Софьяны іргедегі құм төбеге білегінен тартып
шығарып алды. Сосын бойын тіктеді де, өзіне, Софьяға, бүкіл
адамзатқа айтқандай боп, мынадай сөздерді жазды:
«Жұмсалған зор шығындарымның жəне осынау құлазыған түкпірде
бастан кешкен барлық жайсыздық жағдайсыздықтарымның,
азаптарымның өтемі үшін, əсіресе өзім ашқан елеулі жаңалықтарым
үшін, осынау қасиетті мекеннің атын өзгертуге хақым бар ғой деп
ойлаймын жəне бұл талабымды жер жүзінің зиялы жұртшылығы ерсі
көрмес деп сенемін. Құдай сынды Гомердің құрметіне оның мəңгі
жасар, даңқты атауын қалпына келтіріп, бұл жерді «Троя» деп
атаймын, ал осы жолдар жазылған акропольды «Трояның пергамосы»
атандырамын».
Софья езу тарта күліп, күйеуін қолынан ұстады. Сосын оған
мейіріммен жəне шынайы сүйіспеншілікпен көз тігіп:
— Əумин,— деп сыбырлады.
БЕСІНШІ КІТАП. БҰЛ ТРОЯ МА ЕКЕН?
Афиныдағы сентябрь айы жанға жайлы мерзім. Солтүстіктен Эгей
теңізінен толқындаған ақ самал — əскери күймеге мінген Аполлон
тəрізді көк зеңгірде көсем көлбеген шуақты күні, ызғарлы лебі бар күз
келе жатқанын еске салып тұрғандай.
Шлимандарды бала бағатын қыз бен Андромаха жəне күтуші əйел
қарсы алды. Екеуінің келуіне орай үйдің іші-сырты тап-таза етіп
жарқыратылған екен. Арада бірнеше күн өткенде олар безгектен
құлан-таза сауығып кетті: туған үйдің түтіні жылы деген ғой. Аяғы
маймиған Андромаха бір жас бес айда болатын. Ата-анасын көріп мəзмəйрам бола былдырлады.
Олар уақыттарының көбін бақта өткізіп жүрді. Ағаштар бой соза
бастапты. Қуанышқа орай, пальмалар қурамай аман қалыпты.
Глициния артқы қабырғадағы қатар-қатар ағаштарды қоңырсалқын
жасыл кілеммен жауыпты. Тап-таза мөлдір сумен толтырылған
фонтан бақтың ауасын əрлендіріп жіберген. Құс күркеде көгершіндер
көңілді əуенмен уілдесіп отыр. Сегіз қабырғалы күнсаяны қаумалай
өскен жүзім оны жайлы орынға айналдырыпты. Софья кейде түскі
астың дастарханын осында жаятын.
Ұрлап əкелінген сұлу Аполлонға арнап Генри фонтан жанынан
тұғыр орнатты. Енді шай ішетін күнсаяда Андромаханы ойнатқан
кезінде Софья метопаны анық көріп отыратын болды. Үйде жұмыс
істейтін жер қалмағандықтан Генри бақтың арғы түкпірінен төбесі
жабық шағын павильон тұрғызып, табылған көзелер мен вазаларды,
жоралық мүсіншелерді, сауыттарды, балғалар мен балталарды,
табақшаларды тазалап, қалпына келтіретін ұзын верстактар орнатты.
Афинылық достарына өз олжаларының көрмесін əзірлеу үшін олар
ертеңгісін таңғы салқынмен осы шеберханаға келіп жұмыс істейтін.
Сағат онда Генри төмен түсіп, қалаға барып, «Ғажайып Грециядан»
шетел газеттерін оқитын. Оқып отырып дағдысынша бірнеше шыныаяқ кофе ішетін. Ал, Софья түскі тамақ əзірлеуге ас үйге кететін. Азықтүлікті ертеңгісін саудагерлерден өзі сатып алатын, жетпегенін
қызметші əйел базардан барып алып келетін. Өмірдің қалыптасқан
ағымына қайта оралған қандай жақсы еді! «Аспаздық та басқа өнерлер
сияқты өнер, тек бір артықшылығы — жемісін күнде жеп отырасың»
деген халық ауызынан шыққан қанатты сөздің əділдігіне Софья қайтақайта көз жеткізіп жүрген.
Мысалға, бүгін ол шараппен тұздықталған теңіз сегізаяғын əзірледі:
ніл дорбасын сылып тастап, зəйтүн майына пияз қуырды, лавр
жапырағын қосты. Етті сарымсақ қосылған томат шырынымен, шарап
сірке суымен жəне жаңғақтармен бұқтыру оған өте ұнайтын. Ыстықтан
жүзі албырап кететін, ас үйдің. іші алуан түрлі тəтті иістерге толатын.
Сағат дəл бір жарымда Генри түскі тамаққа оралатын.
Энгастроменостар əзірше топырлап мазаларын алып жатқан жоқ-ты.
Алғашқы жексенбіде-ақ жүздесу қуаныштарына арнап семьялық түскі
ас əзірлеген Софья оларға Генридің демалып, тоқырап қалған
шаруаларын ретке келтіруі керектігін еппен ескерткен. Түскі тамақтан
соң көз іліндіріп алған Шлимандар,— ал бұл кезде төменде Афины
түгел қорылға басып жататын,— қаланың қақ ортасымен Фалеронға
суға түсуге баратын. Генри тұрақты пайдалану мақсатында өзі ұнатқан
Иоаннис Мальтезос есімді делбешінің күймесін жалдаған. Əкесі
Андромаханы да өздерімен бірге ала жүрмек болды.
— Мен оған жүзу үйреткім келеді. Осы бастан үйрене бергені дұрыс.
Софьяның таңырқамасқа амалы қалмады: əкесі белінен демеп
тұрған қызы суға сүйсіне шомылып, аяқ-қолдарымен бірдей
шалпылдатып, айтып жеткізгісіз рақатқа бататын.
Кешкі сегізге қарай олар «Дарданелдегі» Яннакистің немесе Дордың
кофеханасындағы
үйреншікті
үстелдерінде
отырады.
Досжарандарымен жəне туыстарымен негізінен осы жерде жүздесіп,
сұқбаттасады.
Қызын алдына отырғызып алған Софья оған балмұздақ береді.
Үйлеріне сағат тоғызда қайтып, жеңіл кешкі астан кейін тағы да бір
сағаттай бақта демалады. Афинының қап-қара аспанын алтын ай
аралап жүреді. Шлимандар ерте жатып, таң алагөбеңде оянады.
Генри өзінің Троя (ол енді Ғыссарлықты тек осылай ғана атайтын
болды) жайлы есептерін грек, неміс француз жəне ағылшын газеттері
мен журналдарына жолдап жатты. Грек ғалымдары онымен салқын
сыйласатын. Француз академиктері ашықтан-ашық əжуа ғып, неміс
филологтары оған өркөкіректікпен менсінбей қарайтын. Бірақ,
ағылшындар таң-тамаша болып жүрді. Ал, Шлиман жайлы лондондық
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 17
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.