Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 07

Total number of words is 3931
Total number of unique words is 2376
31.0 of words are in the 2000 most common words
43.5 of words are in the 5000 most common words
50.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
заманымыздан бұрынғы 480 жылы гоплиттер13 парсыларға аттанған
жолмен барды. Ауа жан сүйсінтер хош иіске толы болатын: март айы
аяқталып, шие мен алмұрт ағаштары гүл төгіп тұрған. Көз тартарлық
көркем деревня Кифисьяның үстімен өткен кездерінде Софья:
— Қарашы! Əр үйді айналдыра қоршап көк терек пен қарағай өсіп
тұр. Бұл ара Афинымен салыстырғанда теңіз деңгейінен биіктеу, сол
себепті жазда мұнда қоңырсалқын. Əкеміз бізді осында талай рет
пикникке алып келген,— деді.
Марафонда олар ұрыста қаза тапқан 192 афинылық кремацияланып,
жерленген үлкен обаға көтерілді. Генри Геродот кітабының осы оқиға
жайлы баяндалған бетін оқып шықты. Бұл — азаттық жолындағы
осынау айқас жайлы алғашқы тарихи мəлімет еді.
Үшінші сапарлары оңтүстікке, Коринфке бағытталған. Қылтаның
бұл арадағы ені бар болғаны төрт-ақ миль еді. Біздің заманымыздың I
ғасырында Нерон Италияға баратын теңіз жолын туралау үшін түбекті
каналмен кесіп тастауға оқталған. Бірақ, бұл жұмыс ұзамай тоқтап
қалған. Сол қазаншұңқыр он жеті ғасырдан астам уақыт бойына
пайдаға аспай жатқан болатын. Саяхатшылар осы жерден көне
Коринфке аттанды. Сол бұрынғысынша дорийлық сегіз зор бағананың
күзетінде тұрған Аполлон ғибадатханасы мен агораны аралап көрді.
Генри қамал-акрополь орналасқан жота мен жақын жердегі теңізді жіті
көзбен барлады.
— Қазам деушіге қазатын нəрсе баршылық екен. Тап біздің
табанымыздың астында да аса бай археологиялық қабаттар жатуы
əбден ықтимал.
Бір күні ұйқысынан оянған Софья Генридің күнделігіне əлденені
асығыс жазып жатқанының куəсі болды. Сыбдырды естіген Генри
жадырай жымиып, Софьяның жанына келді.
— Қайырлы таң, қарлығашым. Бүгін бақытты күн. Күнделігіме:
«Бүгін 1870 жылдың 5 апрелі. Біз Ғыссарлыққа аттанып, алғашқы
барлау қазбаларын жүргізбекпіз»,— деп жазып та қойдым.
Софья оның күтпеген жерден, кенеттен шешім қабылдай салатын
мінезіне əлі көндіге қоймаған.
— Түкке түсініп тұрғам жоқ... Немене, пəрмен келді ме?
Генри түнеріп кетті.
— Жоқ, рұқсат келген жоқ... Бəлкім, оны Константинопольға
барғасын алармын. Түсте Пирейден «Менцахех» пароходы жолға
шыққалы тұр. Түнде бəріміздің қалайда сонымен жүріп кетуіміз
керектігін аңғардым.
Софья ұйқыдан тезірек сергу үшін бетін салқын сумен шайып, кофе
ішіп алды.
— Генри, бұлайша асығыс аттануға болмайды. Ғыссарлыққа баруға
мүлдем даяр емеспіз ғой. Түріктер мəулет берген жоқ, құралжабдықтар да жоқ. Фрэнк Калверт саған Троадада қажет болатын қол
арба, қайла, күрек, басқа да заттардың тізімін жіберген еді ғой...
Афиныдағылары нашарлау болса, Константинопольдағылары қай бір
оңып тұр дейсің? Оның үстіне жотаның өзіне тиісті бөлегіне қазба
жұмыстарын жүргізу жайында Калверттің ресми келісімін де алған
жоқсың. Жоқ, бұл қиындау...
— Мені түсіну қиын ба, əлде менімен бірге бару қиын ба?— деп
Генри оның сезін бөліп жіберді.— Ешқашан қарсыласпаймын,
айтқаныңды тыңдаймын деп тоқсан тоғыз рет сөз бергенсің. Сол
сөздеріңе
сеніп
қалған
аңқау
басым
сені
барлық
бақытсыздықтарымның орынын толтыруға жасағанның өзі жіберген
періште екен дегем...
Бірақ, Софья тайсалмады.
— Мен айтқаныңды əрқашан тыңдап жүрмін, Генри. Бірақ, өзің
Трояда қазба жұмыстарын тең адамдарша бірлесе жүргіземіз деп ең
ғой. Егер мені «жасағанның жарылқауы» дейтін болсаң, бізге кеңесіп
шешім қабылдау қажет. Онда сені күтіп отырған ешкім жоқ. Оннан
астам тілді білгеніңмен, түрік тілін білмейсің.
— Мен оны үш аптада-ақ үйреніп аламын.
— Генри, бұл əп-сəтте өтетін албырттық. Коринфтің қозғаусыз
жатқан қалдықтары көңіліңді тербеп жіберген ғой. Қазба жұмысын
пəрменсіз бастайтын болсаң, түрік өкімет орындарымен қарымқатынасың қиындап кетеді. Басы бүтін тəуелді кезіңде олармен
көрісудің керегі не? Тағатың қалмай тұрғанын түсінемін. Өзім де
тағатсызданып жүрмін. Бірақ, əлденендей бір жаманшылыққа
ұшырасаң қайтпекпіз? Одан да асықпай біржола жиналайық.
— Сен, немене, мені істейтін ештеңе таппай жүр деп ойлаймысың?—
деп сұрады ол жақтырмаған сыңаймен.
—Асықпай тағы бір ойланшы.
Генри оны-мұны киімдерін, қағаздарын жинап шамаданға салып
алды да, номерден шыға жөнелді.
Софья не істерін білмей отырып қалды. Екі күн бойы номерден
шыққан жоқ, екі күн бойына тірі жан баласына жолыққан жоқ. Үшінші
күні қонақ үй басқарушысы келіп, төлем есебін табыс етті. Ашуланған
Генри алды-артына қарамапты: Софьяға көк тиын ақша қалдырмапты.
Осында тұра бере ме, əлде үйіне бара ма — оны да айтпапты. Оның
үстіне қашан қайтып оралары да белгісіз. Софья заттарын
жинастырып, кішкене иконын қорабына салып алды да, Колонға
баруға күйме жалдады. «Құдайым-ай, өмірім осылай өтер ме екен?
Апта сайын қайтып келіп, ата-анамның əбігерін шығарумен болар ма
екем?» деп ойлады ол туған табалдырығынан аттап бара жатып.
Бақытына қарай, қайғы-мұңға батуға мұрша-мұғдары қалмаған.
Осының аз-ақ алдында, «пальмалық жексенбіде», Ромвис алаңындағы
өздерінің Құдай анасы шіркеуінде құлшылық еткен. Бүгін құштарлық
аптасы басталды. Пасханы мерекелеуші православие адамы рухани
жағынан қайта түлейді. Құштарлық аптасының əр күні Софьяға
Христос азабын бұрынғыдан да айқынырақ сезіндіргендей болды.
Христостың құрбандығы құтқарушы алдындағы айыптылық сезімін
арттыра түсті. Өйткені, ол Софья үшін де азап шеккен еді ғой.
Ұлы бейсенбі күні ол таң алдында тұрды. Жатын бөлмесінің
терезесі шығысқа қарайтын. Күннің алғашқы шұғыласын аңдыған
шешесі терезеден қызыл шұға іліп жатыр еді. Мариго екеуі бірігіп он
шақты жұмыртқа пісіріп, оны қызыл бояумен бояды. Софья пасхалық
просфор пісіруге рұқсат сұрап алды. Плита жанындағы жанға жағымды
абыр-сабыр оны Ұлы бейсенбі — қасиетті де қаралы күн деген ойдан
аз уақытқа болса да алаңдатып еді. Софья анасымен жəне сіңлісімен
бірге таңғы намазда болды, балаларға бата беру рəсімін қызықтады.
Жеңіл-желпі түстеніп алған соң үй-іші түгелімен құштарлық жайлы он
екі інжілді тыңдауға əулие Мелетий шіркеуіне қайтып оралды.
Құштарлық жұмасында олар ораза ұстады. Күні бойы Софья нəр
сызбақ түгіл бір жұтым су да ішкен жоқ. Ac үйге от жағылмады.
Еркектер жағы Афиныға бармай қалды. Софья ұзақты күнді крестен
шығарылар кезді күтіп шіркеу жанында өткізді... Қоңыраулардың
мұңды зары астында крест серуені басталды. Жұртпен бірге Софья да
ғибадатхананың орта тұсынан арнайы жасалған биіктікке ілінген
плащаницаны14 айналып шықты. Қасиетті орын фиалка мен лимон
гүлдеріне көміліп тұр еді.
Ұлы сенбінің таңғы намазында шіркеудің сұрқайлау көркіне лавр
бұтақтары өң кіргізгендей еді. Тауап етіп болысымен Софья дөңгелек
тəтті нан — күліш пісіруге үйіне асықты. Əкесі мен Александрос
семіртілген пасха қозысын союға кірісіп те кетіпті.
Софья өз басындағы жайдың бəрін де ұмытты. Бұ дүниедегі
əурешіліктер өз мəнін жойды. Рухани қайратты тасытқан нəрсе —
мерекелік абыр-сабыр емес, Христос азабының аяқталуы, өлімнің өзін
тəрік қылған басқа өмірге, мəңгілік өмірге деген дəме еді. Ол өмірден
Софьяның да үміті бар-тын.
Түн ортасындағы тауап ету кезінде Софья қолына ғибадатханадағы
бас шырақтан тұтатылған аппақ шырақ ұстап тұрды. Құдіреті күштінің
қайта тірілгеніне шаттанып қоңыраулар күңгір қақты, көшелерде
зеңбіректер атылып, аспанда петардалар жарылды. Священниктер
мен діндарлар алаңға жиналып, христостануға кірісті. Софья жүзі
жадырап, жігері тасып, шат көңілде оралды.
Генри екі аптадан кейін келді. Айыбы барын біліп аздап
төменшіктегенімен, өзін өте сергек ұстады.
— Бəрі де өзіңнің айтқаныңдай болды да қойды,— деп мойындады
ол.— Пароходта бірінші кластың орын жоқ екен, ал сені екінші класпен
ала кетуге батпадым — ауасы ауыр екен. Түріктің жоғары əкімдері
мені маңына да жолатпады. Дүкендерінде жақсы қол арба, қайла деген
атымен жоқ. Ғыссарлықтың екінші бөлегінің иелері, Құмқалада
тұратын екі түрік менімен екі күн бойы қызылкеңірдек боп керілдесті.
Сірə, траншеяма қойлары құлап өледі деп қорыққан болса керек. Мен
екі жер қазушы жалдағам. Əуел баста төлем орнына өзіміз қазып
шығаратын тастарды алмақ боп келіскен — себебі олар Симоис
өзеніне көпір салып жатыр еді. Артынан келіп, айқай-шу шығарып,
адам сенбейтін ақша сұрады. Мен олардың меншігіндегі жердің
құнынан екі есе артық ақша ұсындым, сонда да олармен тіл табыса
алмадым. Жығылғанға жұдырық дегендей, оның үстіне Дарданелден
үкімет жіберген чиновник келіп, қазба жұмыстарын рұқсатсыз
жүргізгеніме пашаның наразылық білдіріп жатқанын, соған
байланысты ресми пəрменнің де кідіртіле тұратынын мəлім етті. Мен
жиналдым да жүріп кеттім. Бірақ, бір жақсы жері: сол бірнеше күннің
ішінде бар болғаны екі-ақ жұмысшымен ені қырық, ұзыны алпыс
футтай15 болатын қаланған тастар қатарын қазып шығардым.
Жотаның астында қала жатқанында енді ешқандай күмəн жоқ.
Константинополь базарынан ол Софьяға арнап əшекейлі күміс
білезік сатып алыпты. Пластина үстімен адам шашындай жіңішке
күміс жіптер жүгіртіліп, олар біріге келіп гүл шоқтарын бедерлеп тұр.
Ұзыншалау сəнді доға басы көкпеңбек эмальға шөктірілген тастармен
безендіріліпті. Осынау əдемі дүниені іздеп тапқанша табанынан
сарсылған болса керек.
Ал, Софья оның қайтып оралғанының өзіне мəз еді.
Софья өзін қонақ үйде күтіп жатыр деп ойлаған Генри телеграф
арқылы «Англетерден» номер ала қоймаған. Соған өкінген басқарушы
Шлимандарға тек мансарданы ғана ұсына алатынын айтты. Реніш
білдіргенімен, Генридің басқа жасайтын амалы жоқ-ты. Үш күннен
кейін алғашқы төлем есебін берген кезде өз көзіне өзі сенбеді.
— Мынандай жадау мезонинге жүз жетпіс алты франк төлеу деген
не сұмдық? Бұлардан мүлдем дерлік тамақтанбасақ та, есепке бəрін
толықтай енгізуге ұялмапты! Көрмегенім осы auberge16 болсын!
Ойында көптен пісіп жүрген жоспарын ортаға салатын бұдан артық
қолайлы сəтті іздесе таппайтынын аузы күйген Софья бірден аңғара
қойды.
— Генри, сен Ғыссарлықтағы қазба жұмыстары кем дегенде бес
маусымға созылатынын айтып ең ғой.
— Тап солай. Ондағы жұмыстарды осы уақыт ішінде аяқтап шыға
алсақ жақсы.
— Ендеше қысты Афиныда өткіземіз ғой. Мұнан үй жалдағанымыз
немесе тіпті сатып алғанымыз жөн шығар. Сенің өз кабинетің, ал менің
өз ас үйім болар еді...
— Жəне жайлы жатын бөлме де керек-ақ!
— Сен шаруамен бір жаққа кетсең... жəне жалпы... мамама қарай
жүгіруімнің қажеті болмайды. Өз үйімде шаруашылық жүргізбей
тұрып өзімді шын мəнінде тұрмысқа шыққан əйелдей сезіне
алмаймын.
— Əрі бірер балаға ана болуың да керек қой.— Генри оны еркелете
құшағына тартты.— Дəрігер атаулының бəрі жүкті болған бойыңда-ақ
асқазан бүрмесі атаулыдан арылатыныңды айтқан. Сен жынымды
келтіріп жүрген кездерде баламыз болғанын аса қаламағам. Балаларға
өкпе-ренішті емес, махаббатты үлгі еткен дұрыс қой.
Сосын Софьяны екі бетінен алма-кезек сүйіп алды да:
— Дұрыс айтасың. Өз үйіңде қуанышты тұрмыс құрсаң, бала тауып,
мені де тезірек қуанышқа кенелтесің. Саған қаланың қай бөлегі көбірек
ұнайды? — деді.
— Акропольдан екі кварталдай қашықта əлі құрылыс салына
қоймаған бір қолайлы жер бар. Сондай тыныш жер. Қала
алақаныңдағыдай анық көрінеді. Жазда шаң жоқ. Парфенонның
көлеңкесінде тұратын боламыз.
Ұзамай олар Музалар көшесінде орналасқан бір жаңа үйді таңдады.
Бұл неоклассикалық стильде салынған, қызметшілерге арналған
жартылай подвалы бар, екі қатарлы үй болатын. Жармалы сыртқы
есігі қызыл-қоңыр бояумен сырланған-ды. Қонақ бөлме мен асхананың
төрт бұрышты үлкен терезелері Музалар жотасының орманды
беткейіне қаратылған еді. Жоғары қабатқа үш жатын бөлме мен шағын
қонақ бөлме орналасыпты — бəрі де жарық, жақсы желдетілетін
бөлмелер; қонақ бөлмеден ашық верандаға шығуға болады. Сыртқы
есіктің үстінде айшықты торлар тұтылған кішкене балкон бар. Үйдің
күйдірілген қыштан өрілген бұғатын ұлу қауашақтарының
формасында жасалған медальондар жауып тұр. Үй сыртындағы бақтан
Пирей мен Коне Фалерон бой созады. Төменде қаладан теңізге қарай
талпынған Кифис көзге шалынады.
Үй Софьяға ұнады. Бөлмелері үлкен, төбесі биік, қабырғалары
розеткалар бейнесіндегі гипс жапсырмалармен безендірілген. Төменгі
бөлмелердің қабырғалары мəрмəр ұнтағымен сыланып, ақшылсұрғылт
мəрмəрмен
айқын
ұқсастық
тапқанша
тегістеліп
жылтыратылған. Ас үйдің, асхананың жəне дəліздердің едендеріне тас
тақталар төселген, ал өзге бөлмелерінікі ағаштан — ұзындығы əркелкі
тақтайшалардан құрауланған. Кіре беріс бөлмеден жоғары қарай
таянышының тіреулері ойып өрнектелген жалпақ ағаш баспалдақ
бастап апаратын. Көзден тасалау бұрыштан түрікше үлгіде жасалған,
екі бүйірінде тепкішегі бар, қыштан құйылған дəретхана отырғышы —
ватерклозет орын теуіпті.
Музалар көшесінің ұзын-ырғасы төрт кварталдан аса қоймайтын.
Үйлер көшенің бір жақ бетіне ғана орналасқан, ал қарсы бетінде,
жолдың ар жағында, ұшар басына Антиох Филопапптың бейіті
қойылған, өне бойына қалың ағаш өскен тастақты Музалар жотасы
жатқан-ды. Қала болғанымен орманның шеті есіктің табалдырығына
кептіреліп тұр. Дионис театры мен Одеон Герод Аттика тұсына көз
жіберсең, осы арадан үш кварталдай жерден, саты-саты мəрмəр
үйінділер үстінен бой көтерген Парфенонды көруге болар еді. Музалар
көшесі тұйыққа барып тірелетін, жаяу-жалпылап немесе күймемен
өтушілер кемде-кем еді. Қалаға күймемен бару үшін Акропольды
айналу қажет-ті; оның жанындағы портикке Софья бес-ақ минутта
жететін. Акрополь олардың аяулы достарына айналатын болды.
Ареопаг жотасы таяқ тастам жерде. Классикалық дəуде мұнда
Старейшиналар советі мемлекеттік шаруаларды жəне заң жолымен
шешілетін істерді талқылап, кісі өлтірушілерге сот жүргізетін.
Эсхилдың «Эвменидаларында» Агамемнонды өлтіргені үшін өз анасы
Клитемнестраның ажалына жеткен Оресті осында соттағаны
айтылады. Ареопаг жартасында қашалған баспалдақтармен Софья
жоғары көтеріліп қайтты. Агора жотасының ар жағынан төменде
жатқан қаланы, одан əріректен — жап-жасыл зəйтүн тоғайларын,
жүзімдіктерді жəне өне бойын жалбыз, жебір шөп, шалфей, лаванда,
терпентин жапқан, дүниедегі ең хош иісті балды жинайтын аралар
мекеніне айналған . Гимет тауын көрді.
Үйдің іргесіндегі участок та сатылатын. Генри оны да сатып алды.
Олар жан-жағы қоршаулы қоңыр-салқын бақ орнатуды ұйғарды:
пальмалар, гүлді бұталар отырғызып, шағын тоғандар қазбақшы
болды, жолға қиыршық тас төгіп, жүзім мен глицинияларға арнап екі
биік тор көз тұрғызуды ұйғарды. Жақында Фрэнк Калверттің
Шанаққаладағы көркем бақтарынан көргеніндей сегіз қабырғалы
шайхана салдыру үшін Генри ағаш ұстасын жалдады.
Үй сатып алған кезінде де, оған қажетті мүлік іздестірген шақта да
Генри мұндағы жазылмаған заңдарды аттап өтіп, үнемі Софьямен
ақылдасумен болды.
— Қандай мүлік қажеттігінен мүлдем хабарым жоқ,— деп шынын
айтты Софья.— Грек үйлері қарапайым жабдықталады. Бізде ағаш аз,
сол себепті мебельді аз жасаймыз. Ал, европалық мебельді алуға
қалтамыз көтермейді. Ромвис алаңындағы үйіміздегінің бəрі дерлік
кездейсоқ қолға іліккен немесе атамыз бен əжемізден қалған дүниелер
еді.
— Оқасы жоқ. Оның есесіне менде аздаған тəжірибе бар.
— Генри, сенің Париждегі пəтерің сондай тамаша, бірақ бөлмелерде
аяқ басатын орын жоқ. Мен орман арасындағы жалғыз аяқ жолмен
жүріп келе жатқандай əсерден арыла алмай қойғам.
— Француз бос орынды босқа құрыған орын деп есептейді.
Сондықтан ол орынға міндетті түрде кішкене жұмсақ орындық немесе
ойып өрнектелген үстелше қойылады.
Олар қажет дүниелерін іздеп, бүкіл Афиныны адақтап шықты.
Жатын бөлмеге өздері шырын айында ұйықтаған жалпақ төсек
орыннан айнымайтын итальяндық матримониалс — жұбайлар төсегін
тауып алды. Сосын жаңғақ ағашымен жасалып, атлас ағашымен
əшекейленген комодты қолға түсірудің орайы келді. Бұған іш киімдер
салынатын болды. Бір антиквар дүкенінен олар деревнялық ұста
жасаған француз шкафына кезікті. Бұл сырт киімдерге арналды.
Қуанарлық олжаның бірі қол жуғыш болды: қаңылтыр шылапшынды
көз таса қып тұрған қақпақтың ішкі беті айналы екен, əрі қос
қанатында туалет керек-жарақтарын қоюға арналған сөрелері де бар
боп шықты.
Өздері көптен армандап жүрген: ойып өрнектелген жуан аяқтары
бар, жаңғақтан жасалған үсті жылжымалы ағылшындық дөңгелек
үстелін ұшыратқандары асхана мүліктері үшін сəтті бастама болды.
Ұзамай бедерлі былғарымен қапталған отырғыштар да табылды;
олардың арқалығы мен аяқтарына қолдан өрнек салынған-ды. Бір
қабырғаға əйнек есіктері бар буфет қойылды,оған айшықты
бояулармен боялған керамикалық сорпа тостағы мен дрездендік
фарфор орналастырылды. Қарсы қабырғаға бағалы ағаштан жасалып,
өрнек жүргізілген шкаф қойылды. Бұл хрусталь мен күміс бұйымдарға
арналды. Төбеден қола шынжырға байланған, қоңырау формасындағы
зілмауыр фарфор шам салбырап тұрды.
— Үстелге тамақ əкеп қойып, ыдыс-аяқтарды жинап алатын жолдан
басқа бұрылатын орын қалған жоқ!— деп дауыстап жіберді Софья
соңғы, оныншы орындық, өз орынына барып қонжиған кезде.
Генри мырс етті.
— Бəлкім, қонақ бөлмеден көбірек орын қалдырармыз?— деп
сұрады Софья үмітпен.
Генри өз кабинетіне қоңыр ағаштан жасалған биік секретер əкеп
орнатты: ысырмалы əйнек жапқышы бар жоғарғы сөресіне кітаптарын
қойды, ал тұтастай жабылатын төменгі бөлегін документтерін, іс
қағаздарын, банкпен арадағы есеп-қисаптарын, күнделіктерін
сақтайтын бюроға айналдырды. Бұған қоса Генри бағалы ағаштан
Регенттік дəуірі стилінде жасалған, таға тəрізді шағын үстел сатып
алған. Бұл қолжазбаларды, жазу құралдарын, қажет бетінде ашылған
кітаптарды қалағаныңша ығы-жығы етіп үйіп қоюға сондай ыңғайлы
болатын.
Бұл кезде Софья ас үйдегі шаруаларымен асқан зор шабытпен
айналысып жатқан-ды. Ac үйі — терезесі ішкі аулаға қараған, үйдің
артқы бөлегіндегі кең бөлме еді. Софья бес конфоркалы, артында түтін
жүретін тұрбасы бар плита сатып алды. Ағаш ұстасы қабырғаға шам
қоятын екі сөре орнатып берді. Бұрышта тастан өрілген суағар, оның
үстінде су құйылған бақ тұрған-ды. Ошақтың жоғарғы жағындағы
жалпақ тақтайларға Софья қыш ыдыстарды орналастырды. Артқы
қабырғаға былғауыш, қалақша, бақыраш, өлшеуіш көзелектерге
арналған ілмектері бар тақтай қақты. Сол жақ қабырғадан құмыра
ілетін орын бөліп қойды. Софья кішкене дөңгелек үстел жəне талдан
тоқылған арқалығы бар екі орындық сатып алды. Ошақ иен плита
арасындағы есік аулаға бастайтын; аңызақты күндері есік ашық
тұратын.
«Генридің ойынша үйдегі ең басты бөлме — жатын бөлме, ал менің
ойымша — ас үй. Бұдан пайда көбірек»,— деп ойлады ол өз еңбегінің
жемісіне сүйсіне көз тігіп.
— Олжаларымызды үйге əкелетін кез туғанда шынымен тарлық
қылады екен,— деп ескертті Генри.
Олар Музалар көшесіндегі жаз айын айтарлықтай жақсы өткізді. Үй
қаладан жоғары орналасқандықтан жан сергітерлік самал үзбей соғып
тұратын. Музалар жотасындағы қалың тоғай сəскедегі ыстықтың
сағын сындыратын. Ертеңгісін Софья ұзақ уақыт бойына өздерінің
жаңа бағынан шықпайтын. Мұндағы Генри отырғызған бұталар мен
ағаштар тəп-тəуір көктеп тұрған. Софья француз жəне неміс тілдерін
үйренуге қайта кірісті. Əрқайсысына күніне бір сағаттан уақыт бөліп
жүрді. Генри бұл аз дегендей ағылшын тілін де қосақтап қойды.
Өйткені, қысты күні, Ғыссарлықтағы жұмысты тоқтатуға мəжбүр
болған кезде, Лондонға барып қайтпақ ойы бар-ды. Софьяның
мұғалимасы Англияда ұзақ жылдар бойы тұрып, тілді мүлтіксіз
меңгеріп алған кербездеу грек əйелі болатын.
Генри таң қылаң бергеннен оянатын. Қала үстінде қалқыған
кабинетінде отырып алып, түрік үкіметінің тікбақайлығын — бұны
енжарлық десе де артық болмас — жеңу мақсатында хаттар жаза
бастайтын. Сағат тоғызда тек ер адамдар ғана баратын «Ғажайып
Греция» кафесіне кететін. Мұнда жаңа газеттер оқып, əлемде болып
жатқан оқиғалардың ен ортасына енетін.
Софья түскі асты дəлме-дəл сағат бір жарымға əзірлейтін — күйеуі
дəлдікті ұнататын адам еді. Түскі астан кейін аз уақыт көз іліндіріп
алған соң олар Фалерондағы жаңа пляжға барып, салқын суға
шомылатын. Сағат сегізге қарай Конституция алаңына қайтып оралып,
өзара бəсекеде жеңістік бермей келе жатқан Яннакис пен Дор
кофеханаларының біріне бас сұғатын. Софья мұнан балмұздақ жейтін.
Орталық көше осы алаңға келіп кіретін еді, əлгі екі кафе соның екі жақ
езуінде тұрған. Осынысына орай бұларды жұрт Дарданелл»
атандырған. Өйткені, жаз айының ұзақ күнінде бұлардың жанынан
өтпейтін афинылық болмайтын. Қаптал жолдары кең еді, қатар
қойғанда үш үстелше еркін сиятын. Мұнда келушілердің негізгі
шаруасы өсек айту-тұғын: жандарынан кім өтсе соның басына су
құятын. Алаңға шыққан соң көзге ілінбей қалу қандай қиын болса, бұл
ақиреттен қашып құтылу да сондай қиын-ды. Кафенің келімсектері
қаладағы өзіндік бір ауызша газет сықылды еді.
Афинылық өсекшілердің өте бір сүйкімді ерекшелігі — өсекаяңдары құрбандықтың құлағына жетуі үшін жан салатын. Кəсіпке
келгенде Генри Шлиман данышпан, деп соғатын-ды олар, ал Трояны
қазу жөніндегі жоспарына қарасаң — ақымақ дерсің. Профессорлар да
осылай дейді. Білетін адамдар да, ғалымдар да ол бес жыл емес,
жиырма бес жыл қазсын мейлі, бəрібір құралақан қалатынына кəміл
сенімді. Əрине, бай адамның ерігуге еркі бар. Бірақ, басқалардың бұған
шынымен нанып қалып, онымен қосылып құр босқа сандалмағандары
жөн.
Августа Софьяның етеккірі кідіріп қалды. «Генри дұрыс айтады,
сəбилер өмірге сүйіспеншіліктің арқасында ғана келеді» деп ойлады
Софья. Генри ұлым болса деп армандап жүрген. Оны босқа
үміттендірмес үшін октябрьге шейін ештеңе айтпауға бекінді. Бірде,
өздерінің шайханаларында жайғасып кофе ішіп отырған кездерінде,
Софья əншейін соз арасында айта кеткендей болып:
— Генри, менің ойымша... жоқ оған көзім анық жетті... мені өзің тəуір
деп тапқан бір дəрігерге көрсетуің керек шығар,— деді.
Құп-қу боп кеткен Генри оған тесіле қарап қалды да, сабырлы
кейіпте:
— Ондай дəрігер — доктор Веницелос қой. Афины жұртшылығы
арасында ол үлкен беделге ие болған адам. Бала жіберіп, ертең
таңертеңге шақыртайын,— деді.
Доктор Мильтиад Веницелостың бетінің төменгі бөлегін өз
мамандығының айырым белгісі — қаба сақалы, ал жоғарғы бөлегін —
бақырайған зейінді көздерін өз салмағымен жаншып жіберердей əсер
қалдыратын қомақты көзілдірігі жауып тұрған-ды. Афиныда
медициналық жалпы білім алғаннан кейін ол Берлинде акушерлік
бойынша маманданған. Қазір біраз жылдан бері Афины
университетінің акушерлік кафедрасында профессор қызметін
атқаратын. Афиныдағы акушерлік клиниканы ашқан да осы кісі-тұғын.
«Шаршайсыз ба? Бойыңыз бей-жай тарта ма? Ертеңгісін құсқыңыз
келмей ме?» деп сұрады ол Софьядан. Жауаптарына қанағаттанған соң,
қарап шықпай-ақ осымен шектелгенді жөн көрді.
— Құттықтаймын сізді, миссис Шлиман. Жағдайыңыз өте жақсы.
Аман-есен жеңілденетініңізге сенемін.
Ағаттық жіберіп алмайын деп өзін өзі шақ ұстап тұрған - Генри осы
арада шыдамай кетті де, Софьяны шап беріп құшағына қысты:
— Бұл ұл бала болады! Оны Одиссей деп атаймыз. Ахиллестің анасы,
Фетиданың не айтқаны есіңде ме? «Бақытқа бөлеп Зевс мені, ұл
таптырды арыстай. Жас өркендей өсті ұлым жайқалып. Бақтағы əсем
гүлімдей оны баптадым» демей ме?
— Ал, егер қыз болса қалай атар едің?— деді Софья жасқана езу
тартып.
— Жоқ, Софья, Шлиманның есімін еркек бала иеленуі керек, бұл
айдан анық нəрсе!
Доктор Веницелос Софьяға жақтастық білдіре көз қысып:
— Шлиман ханым, жұбайыңызға ескертіп қойыңыз: мəпелі ағаш
мəуелі келеді,— деді.
Семьялық өмірлері қалыпқа түсе бастағаны сол еді, аяқ астынан
жаңа бір жайсыздық жолықты. Үйленгендеріне үш айдан аз-ақ асқан
кезде, 1870 жылдың январында, Екатеринаның Парижге өз адвокатын
жібергенін Генри Софьядан жасырып қалған. Ажырасу заң жолымен
жүргізілмеген деген желеуді бетке ұстаған адвокат Генридің екінші
некесін заңсыз деп тауып, оны сот жолымен қудаламақ еді. Париж
соты істі қабылдамады: өйткені Генри Шлиман — американ азаматы
болатын. Екатерина Нью-Йорктегі халықаралық заң бюросы немесе
Вашингтондағы Россия елшілігі арқылы ажырасу документтерінің
көшірмесін алғызып, ажырасу жөніндегі бұл шешімнің күшін сот
жолымен жойдыруға тырысатындығын мəлім еткен. Генри
Индианаполистегі адвокаты мистер Налтнерге хат жазып, заңға
қиғаштық жасалмауын барынша мұқият қадағалауын өтінген.
Енді, міне, осының бəрі дəл қазір, октябрьде жария боп қалғанын
қарасаңшы. Өйткені, Екатерина адвокат жалдап, істі нақ осы
Афинының өзінде қозғамақ ойын білдірді. Өрттей қаулаған өсек
«Дарданелге» де жетіп, қос кофеханада да бірдей лапылдап жатты.
Софья аса көп абыржыған жоқ: Генридің ажырасу документтерін
архиепископтың өзі көріп, заңдылығын танып, Софьяға некеге тұруға
рұқсат берген. Əңгіме азаматтық сот туралы болып тұрғанымен,
епископтарға да бұған куə ретінде қатысуға рұқсат. етілетін. Генри
Шлиманды архиепископқа алып барғанын, оған əлгі қағаздарды
көрсеткенін епископ Вимпостың растап беретініне шүбə жоқ.
Архиепископтың өзі де бұлардың некеге тұруына келісім бергенін
мойындайтыны кəміл. Ал, архиепископтың соттағы куəлігі анау-мынау
дүние емес.
— Бұны маған январьда-ақ неге айтпағансың? — деп өкпеледі
Софья.— Бұрынғы көзтаныстарыңның маған ашынаң сияқты
қарағандарының сыры енді түсінікті болды.
Генри əлдене деп міңгір етті де қойды.
— Бұл əурешілік оған не үшін керек болды екен? Кек қайтарғысы
келе ме екен?
— Жоқ, ол кекшіл емес.
— Бəлкім, ол сені əлі де сүйетін шығар?
Генри таңырқай қасын керді.
— Ол мені ешқашан сүйген емес.
— Ендеше күйеуге неге шықты?
— Мен оны мəжбүр еттім деуіме болады. Біз біраз жылдан таныс
едік, бірақ ұсынысымнан екі рет бас тартқан. Калифорнияда
байлығымды екі еселеп, Петербургке қайтып оралғанымда қарсылық
білдірерлік амалы қалмады.
— Ол саған үш бала тауып берді ғой.
— Рас,— деп ауыр күрсінді Генри.— Алғашқысын аңсап күткенбіз,
бірақ соңғы екеуіне алдап-сулап азар əке болғам. Байқауымша, ол тек
бір ғана адамды — мадам Роллерді ғана сүйетін. Екеуі араларынан қыл
өтпестей еді.
Бойын мазасыздық билеген Софья епископ Вимпосқа хат жазып
жіберді. Анау өзінің де астанадағы шаруалары шаш етектен мол
екенін, бірақ баруға мұрша таппай жүргенін, əйтсе де енді бірнеше
күннен соң барып та қалатынын айтып жауап қайтарды.
Жаңа үйлерінің кіре берісіне енген епископ қолдарын тəу ете
жоғары көтеріп, шоқындыру ишаратын жасады.
— Захарий баспанасына бас сұғып, жамағайындарының жанын
сақтап қалған Жасаған, бұл үйде тұратындарды да бақытқа кенелте
көр.
Ол Софьяға қолын созды, Софья оны сүйіп алды. Сосын епископқа
Екатеринаның грек соты арқылы бұның некесін заңсыз деп
таптырмақшы болған қоқан-лоққысы жайлы баяндап берді.
— Біздің шіркеуіміз бен орыстың православиелік шіркеуі өзара
ұқсас қой. Егер Генридің алғашқы əйелі орыс соты арқылы өз
некелерінің күші жойылмағаны жайлы шешім шығартса, онда бұл
біздің шіркеуіміздің қарым-қатынасына қандай да болса ықпал ете ала
ма?
Епископ Вимпос ойланып қалды.
— Бұндай жағдаймен бұрын кездестік пе, кездеспедік пе, соны біле
алмай отырмын. Архиепископпен ақылдасып көрейін.
Ол қайтып оралғанша Софья не істерін білмей дағдару мен болды.
— Қалқам, архиепископтың айтуынша, Генри 1869 жылдың июнь
айынан бері Құрама Штаттардың заңды азаматына айналып, Россия
императорының бағыныштысы болудан қалғандықтан, оның ажырасу
жайлы ісін қайта қарауға россиялық соттың да, басқа соттың да қақы
жоқ көрінеді. Егер қателеспесем, ол американ азаматтығын
Калифорнияда, бұл штат өзге штаттарға қосылған кезде алды-ау
деймін?
Софьяның қабағы кіртиді.
— Ол шынында да солай деген. 1850 жылы бұл штат штаттар
одағына қосылған кезде Калифорнияда болған ер адамдардың бəрі де
автоматты түрде азаматтың қабылдады деген. Бірақ, күнделігіне
қарасаң, Генридің онда 1851 жылдан əріде бармағаны байқалады.
Сосын ол Россияға қайтып оралды. Он бес жыл бойына сонда болып,
семья құрды, кəсіппен айналысты. Менің байқауымша, ол өзінің
американ екенін ажырасу қажет болғанша еске алмаған тəрізді.
— Оның азаматтық право алғандығы жайлы документтері қайда?
Үстелінде ме?
— Сонда. Жүріңіз, кабинетіне барайық.
Софья бюродан үш-төрт документ алып берді. Асықпай оқып
шыққан Вимпос оған абыржыған кейіппен көз тікті.
— Құрама Штаттардың байырғы азаматы екені шындыққа
жуықтайды... Бұл рас... Алғашқы қағаздарын Нью-Йорктің өзінде
түзетіп алыпты. Міне, мыналар. Мұнда ол Құрама Штаттардың
азаматы болғысы келетін тілегін білдіріп, барлық басқа елдің
алдындағы міндеттерінен бас тартады. 1851 жылдың 17 февралін
көрсеткен дата, өзінің қойған қолы жəне соттың мөрі бар. Келесі
қағазға да ол Нью-Йоркте, он сегіз жылдан кейін, 1869 жылдың 29
мартында қол қояды. Қабылдаған ант тексті де бұрынғыдай, Бұл күні
Джон Болан дейтін біреу «жоғарыда аталған өтінушіні, Генри
Шлиманды, өзінің жақсы білетіндігін, бұл өтінушінің бұған дейін
Құрама Штаттар территориясында бес жылдай, ал осы өтінішті берген
күнге шейін Нью-Йорк штатында бір жылдай тұрғанын» растап ант
береді.
Джон Боланның куəлігі негізінде Генри Құрама Штаттардың заңды
азаматы деп танылады.
— Бірақ, бұл шындыққа жатпайды ғой! Күнделігінде ол өзінің НьюЙоркке 1869 жылдың 27 февралінде, яғни сотта бой көрсетерден екі-ақ
күн бұрын барғанын жазады. 1851 жылы бір рет Сакраментоға
тоқтапты, сосын сол жылы Сан-Фракцискода бірнеше күн болыпты.
Екінші рет Сан-Францискоға 1865 жылы, Шығысқа жасаған
саяхатынан оралып келе жатып, жол-жөнекей соғыпты.
Софьяның өңі қуқыл тартып кеткен-ді. Епископ та дағдарып,
сақалын сауумен отырған.
— Егер ол азаматтықты жалған куəлік негізінде алған болса...
— Ажырасуы да заңсыз болып шығады ғой,— деді Софья жасын
жұтып.— Адвокатқа бұл даталардың сырын білудің түк қиындығы
жоқ. Ағатай-ай, енді не істесек екен?
— Генри алғашқы əйелінің өзі арыз беруіне, арыз бергенде басқа
жерде емес, Россияда арыз беруіне күш салуы керек. Солай етуге бола
ма?
— Болады.
— Қалайша?
— Ақшаның көмегімен. Генри оларға əжептəуір қаражат жіберген,
енді қазір оған өз дəулетінің бір бөлегін ұсынуына тура келеді.
— Ол бұндай іске барар ма екен?
— Шаруасы оңға баспай жатса, одан бір тиын алудың өзі ақирет.
Бірақ, енді оған бұл мінезін өзгертуіне тура келетін шығар. Мен
болашақ сəбиімнің бақытын ойлауға тиіспін ғой.
— Жасағанның өзі жар болсын,— деп езу тартты епископ.
Софьяның ойы Генриге де ұнады. Екатеринамен өзара бітім тапты
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 08
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.