Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 02

Total number of words is 3931
Total number of unique words is 2343
33.4 of words are in the 2000 most common words
47.6 of words are in the 5000 most common words
54.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
көздерімен көріп қайтпақ: міне, мына отырған миллионер — қырық
төрт жасында кəсіптен біржола қол үзіп, əлемді аралап шыққан, екі
кітап жазған. Шыққан тегі неміс, бірақ əуелі орыс, кейін американ
азаматтығын қабылдаған, енді грек қызына үйленіп грекке
айналмақшы! Осы өңірде туып-өскен, бұл араға:
Ақша қардай ақ Колонда,
Жасыл нуда жайқалған,
Қызыл барқын жапырақты жамылып
Күндіз-түні бір тынбай,
Қайғылы əнін боздатады бұлбұл құс2,—
деп өз өлеңімен өлмес өмір сыйлаған Софокл заманынан, бəлкім
тіпті осы өлкеде қайтыс болған сонау Эдип заманынан бері Колонда
бұдан артық есте қаларлық ерекше оқиға болмаған шығар. Антигона
соқыр Эдипті Афиныға бастап келе жатқан кезде, шаршап-шалдыққан
Эдип: «Қай өлкеге қадам бастық, қай халықтың қаласына
тақалдық?»деген сұрақ қояды. Сонда Антигона оған:
Сорлы əкем, Эдип, қаланың
Қабырғасы көрінер емес əзірге.
Ал, жері жомарт, талас жоқ:
Зəйтүн, лавр, жүзім өскен жетерлік,
Бұтақтарда сансыз бұлбұл əн салады сызылтып3,—
деп жауап береді.
Əулеттің үлкені ретінде ұзын үстелдің ең басына шешесі
жайғасыпты. Бибі Виктория өзінің криттік екенін ерекше мақтан
тұтатын. Криттіктер бостандық сүйгіш халық болатын. Шеттерінен
жүрек жұтқан жауынгер еді. Олар түрік үстемдігіне тістене төзіп
бақты, ал құрылықтағы Греция дін басыларының бастауымен азаттық
алғаннан кейін, он жылға толмайтын уақыт ішінде Критте де толқу
басталды. Криттіктер бауырмал жандар еді. Ал, семьядағы ынтымақ
басты шарт етіліп қойылатын. Бұдан соң бүкіл тұқымның ынтымағы
алға тартылатын. Бұл ынтымаққа семья мүшелері мен жақын-жұрағаттардан
басқа — мəңгілік адалдыққа серт еткен «қандас
туыстар» да кіретін. Криттіктердің таңқаларлық ерекшелігі —
мырзалығы мен сараңдығы еді. Басқаша сөзбен айтқанда, олар орайы
келгенде ойламаған жерден мəрттік жасау үшін жұмыртқадан жүн
қырыққан сараңға айналатын. Бұл өте тəкаппар халық-тұғын.
(«Олардың солай болатын жөні де бар», — деп сендіретін Софьяны
бибі Виктория). Христос дүниеге келместен бұрынғы 1600 жылдың
өзінде-ақ Крит бүкіл батыстың мəдени орталығына айналған-ды. Оның
сəнді сарайлары, көрікті қалалары көп болатын. Мұнда талантты
архитекторлар, суретшілер, мүсіншілер, атлеттер өмір сүрген-ді. Крит,
сондай-ақ Эгей теңізінің сауда орталығына да айналған. Оның сауда
кемелері Жерорта теңізіндегі барлық елдермен байланыс орнатты. Ал,
əскери флоты теңізде үстемдік жүргізді. Криттіктер құрылықтағы
Грецияның кез-келген бөлігін қол астына қарата алатын. Софья арал
халқының: «Құдай десең құрауыз жатпассың, құрауыз жата қалсаң
түсіңде тоярсың», «Ерте тұрған əйелдің бір ісі артық», «Өкінбестей өмір
сүр, өмірің жұртқа өнеге болсын» деген сықылды мəтелдерін
жастайынан құлағына құйып өскен-ді.
Шешесінің жанында Софьяның əпкейі, Ламбриду ханым отыр еді.
Əулет əкімшілігіндегі бибі Викториядан кейінгі адам осы-тұғын. Өзіне
қатысы шамалы болғанына қарамай кез-келген шаруаға киліге кетуге
құштарлығы да осынау жоғары дəрежесінің желігі болса керек.
Қонақтың оң жағында əкесі отыр екен. Бибі Виктория сірескен,
сергек қалыпта отырса, бұл кісі тіптен жайбарақат. Қалалық пəтерден
аман алып келген бірен-саран бағалы мүліктерінің ішінде белгілі грек
суретшісі Кастриотис бұдан екі жыл бұрын бояумен салған əкесінің
портреті де бар еді. Қазіргі үйлерінде ол қонақ бөлмеге ілінген. Софья
əкесінің жүзін ойша елестеткен кезінде көз алдына портрет пе, əлде
адамның өзі ме — қандай бейне елестейтінін анық айтып бере
алмайтын. Əкесінің əлпеті тартымды еді. Құлағының үстінде ғана бес
тал қыраулы шашы қалған қасқа бас, алпысты алқымдаған адам
болатын. Салбыраған ұзын мұрты бар-ды. Аласы мол үлкен көздері
жалғанға жеккөрусіз, жайдары жанармен қарап тұратын. Жастау
кезінде афинылық бауырларымен бірге түріктерден тəуелсіздік алу
үшін күресті. Көзге түсіп, награда алды. Бірақ, соғыс аяқталған соң
бұның да жауынгерлік жігері жасып қалды. Сабырлы да салмақты,
жақсы шарап пен тəтті тамақты тəуір көретін адамға айналды.
Қонақжайлылығымен, көпті өзіне үйіріп əкететін ақжарқындығымен
дүкенінен зат алушыларды тез баурап алатын. Балаларымен де тату
еді. Софья оны айрықша құрметтейтін. Ер балаларға анда-санда жекіп
қоятынымен, өзіне ешқашан дауыс көтеpiп көрген емес.
Алынбалы аң жағасын бантпен байлапты, ағылшын твидінен —
импорттың бетке ұстары!— тігілген əдемі костюмі кескінді кесек
денесіне құйып қойғандай үйлесіп тұр. Оң жақ қабағының үстінде
тыртық бар. Бұл — бала кезінде ит қауып алған жердің орыны. Оның
мінез-құлқы алақандағыдай айқын-ды. Ой əрекетінен гөрі іс-əрекетке
бейім бүл адам бұйырғанды қанағат тұтып, басқаға басын
ауыртпайтындай еді. Бір кездері өзіне жəне өз отаны Грецияға азаттық
жеңіп алған ол, енді əлемде əлденені өзгерту қажет деушілердің бəрін
ақылынан адасқан деуге бар-тұғын.
Алты бала бибі Викторияның қарауына басы бүтін берілгенді. Бұнда
тұрған сөлекет дəнеңе де жоқ-ты — Грецияда атамзаманнан осылай
болатын. Еркек — үй иесі, əйел — бар болғаны оның тілектері мен
талаптарын орындаушы ғана. Еркектің ісіне араласу ешкімнің ойына
келіп көрген емес. Бірақ, балаларды бағатын əйел еді, сондықтан ана
балаларын өз бауырына тұңғыш боп фригиялық патша Гордий түйген
түйінмен (Гордийдің Кіші Азияны жаулап алғаны троялықтардың
жадында қалыпты) байлап тастайтын. Ұлы Александр болса Гордий
түйінін қылышпен бір-ақ шауып, көріпкелдің болжамын бұлжытпай
орындап Азияны өзіне қайтарып алған-ды. Ал, грек балаларында тұла
бойларын түгел шырмаған туған ана түйінін шауып түсіретін
Александрдың қайратындай қайрат та, не оның қылпып тұрған
қылышындай қылыш та жоқ-ты.
Басқа балаларға қарағанда Софья еркелеу боп өсті. Арсакейонда
оқыған кезінде, əсіресе соңғы жылы ол əрдайым анасының аялы
құшағында болды. Бибі Виктория ақылды да ажарлы қызын жантəнімен жақсы көретін. Сондықтан Софьяға басқалар бастан кешпеген
бостандық берген. Өзінің артықшылығын аңғарған Софья толған
айдай толықси бастады. Анасының мезі қылар қамқорлығынан
арылуы — оған деген сүйіспеншілігін еселеп арттыра түсті. Екеуміздің
арамыздағы осынау сүйіспеншілікке ешкім де, тіпті болашақ жарым да
көлеңке түсірмеуге тиіс деп өзіне өзі серт берді.
Өзіне бола алыс сапарға шығып, жеті мың мильге4 жуық жерді артта
қалдырған адамның жүзіне ол əлі де болса тіктеп қарай алмай тұрған.
Тек дəл қазіргі — төңірегіндегі құлаққа ұрған танадай тыныштық
кезінде ғана өзінің қатты толқып кеткенін аңғарды. Əкесі қолын
созғанда тұла бойындағы дірілді əзер-əзер басты. Осынау апталар
ішінде ол келетін кісінің ұзын бойлы, келбетті, сері жігіт еместігін
ойлап өзін-өзі бекер əуреге салған: дəл осы сəтте көз алдына күтпеген
кереметті көлденең тарту үшін сана мен сезім əлемге аты жайылған
осынау ақыл-ой кеніші жайлы астыртын əрекет етіп жатқан-ды.
— Софья, мына кісі мистер Шлиман. Бізге құрмет көрсетіп, қонақ
боп келіп отыр. Мистер Шлиман, сізге қызым Софьяны таныстыруға
рұқсат етіңіз.
— Мадемуазель, — деп міңгірледі Шлиман. Сосын үстелде жатқан
кітапты алып, сөздің буындарына түсетін екпінді алмастырыңқырап
грек тілінде сөйлеп кетті. — Өткен жылғы саяхаттарым жайлы «Итака,
Пелопоннес жəне Троя» атты мына кішкене кітапшам жақында ғана
жарық көрді. Осыны сізге тарту етсем бе деп едім. Оқуыңызға жеңіл
тисін деп француз тіліндегі аудармасын сатып алғам.
Софья бас иіп, сыйлықты қос қолымен қабылдады; кітапша жұпжұқа болғанымен қолдарын қорғасындай салмақпен төмен тартып
бара жатты. Тұла бойы да қорғасындай ауыр тартып кетті. Өйткені,
қарсы алдындағы бейтаныс көп болса, өзінен бір дюйм5 ғана биік,
тапал адам екен. Түрі де қарып алатындай ажарсыз. Басының қасқасы
айқын тартып қалыпты. Бес тал мұрты бар. Қушықтау жақтары қансөлсіз. Көзі шаршаңқы кейіпте сығыраяды. Шашы удар-дудар. Көбелек
галстугы жағасымен үйлесім таппай тұр. Желетінде жуандау алтын
шынжыр салбыраған қоңыр костюм оны банк қызметшісіне немесе
мектеп мұғаліміне ұқсатып жіберген. Он екіде бір гүлі ашылмаған жас
қыздың көзіне қырық жеті жастағы бұл адам сүйегі саудыраған кəрі
боп көрінді. Бұл кісіге жаңа да қызықты өмір бастаудың орнына
осынау беймаза тірліктен көп ұзамай қол үзетініне қуану көбірек
жарасатындай еді.
Софьяның көңілі қалғаны сонша, жүрегі сыздап кетті. Жылап
жіберудің аз-ақ алдында тұрған ол бұрын ешқашан бастан кешіп
көрмеген наразылық сезімінің бойын кернеп бара жатқанын аңғарды.
Əрине, ол үлкендердің ақылына арқа сүйеп тұрмыс құру қажет екенін
білетін. Жасаусыз екі жылдан кейін де, төрт жылдан кейін де, тіпті
алты жылдан кейін де тұрмыс құра қоятынына үміттің жоқтығын
түсінетін. Көз жасын тежеу оңай, алайда қанша тырысқаныңмен де бұл
адамды ұнату қиын болатындығы жайлы ойдан қалай құтыларсың?
«Бармаймын!» деген сөз тілінің ұшына кеп тұрғанын сезді.
«Бірақ, семьямыздың болашағы менің күйеуге шығуыма
байланысты боп тұрса «бармаймын» деп қалай айтпақпын?— деді ол
қапылып.— Оған күйеуге шықсам ағаларым да үйленеді, Маригоға да
жасау жиналады, папам да кредит алады. Панайотисті де
университетке əзірлейміз...»
Тек үй-іші ғана емес, бүкіл Колон оған үмітпен көз тігіп отырған.
Ол еңсесін тіктеп алды да, саңқылдаған сұлу дауыспен:
— Кітабыңыз үшін көп рақмет, мистер Шлиман. Оның кіріспесін
грек тілінде оқып та шыққам. Теоклетос ағай «Мириа Осаның»6
үзіндіңіз жарияланған май айындағы санын əкеп берген,— деді.
Генри Шлиман тұңғыш рет езу тартты. Күлкісі жағымды екен.
— Ендеше, тіпті жақсы! Журнал Парижде басылады, бірақ мен оны
Грецияға да баратын шығар дегем. Айтқанымдай болды да шықты.
Софья сыпайылықпен бас изеді де, Вимпос əкей өзіне арнайы
əзірлеп қойған бос орындыққа қарай бет алды. Үйден үлкен күміс
патнос көтерген Мариго шықты. Патнаста қонақтардың санына сəйкес
су құйылған стакандар, қантпен қойыртылған шие салынған ваза мен
шай қасықтар салынған күміс сауыт бар еді. Мариго алдымен құрметті
қонақтан бастады, сосын қалған туыстарын аралап шықты. Тамып
кетпесін деп стақандарын төмен тосқан олар тəтті жидекті вазадан
қасықпен іліп ауыздарына салып, іле судан жұтып жатты. Мариго
босаған стакандар мен қасықтарды жинап, патносқа салып алды да,
үйге қарай беттеді.
«Тəтті қасық» рəсімінен кейін жағдай өзгеріп жүре берді. Бəрі де бірбіріне жеңістік бермей жапатармағай сөйлеп кетті. Софья мен Генри
Шлиман ғана үнсіз отырды. Софьяны əңгімеге тартпақ оймен Вимпос
əкей:
— Ұзамай біз досымызды доктор Шлиман деп атайтын боламыз.
Росток университеті — бұл оның туған қаласынан онша қашық емес —
мына қолыңда ұстап отырған кітап үшін Генриге философия докторы
атағын бергелі жатыр. Осы арқылы мұнда айтылғанның бəрі де
шындық екені дəлелденеді,— деді.
Софья не деу керегін білмей, үнсіз отырып қалды. Оған Шлиман
көмекке келді.
— Дəлелденбейді, қымбатты архиспископ,— деді ол сергек үнмен,
əлі епископ атағын да алмаған адамды шіркеу иерархиясының
шыңына бір-ақ шығарып,— Дəлелденбейді, бар болғаны тек
тұспалданады. Өз тұжырымдарымның дұрыстығын сөзбен емес, іспен
дəлелдеуім қажет.
— Сонда не істеуіңіз керек?— деп сұрады сыпайы түрде
жамағайындардың бірі.
— Трояны табуым керек! Геллеспонт сағасының қарсы бетінде
жатқан Ғыссарлықты қазып, Гомер «қасиетті Троя» деп атаған Приам
қаласын жарық дүниеге шығаруым керек. Алдымен қамал қабырғасын
іздемекпін. «Илиадада» Посейдон ол турасында:
Тастан қалап, бұзылмайтын берік қып,
Троялық тұрғындарға биік қабырға тұрғыздым,—
дейді. Осынау қабырғалар тек соғыстың соңғы, оныншы жылында
ғана қирады. Онда да ахейліктер айла жасап, троялықтарды өз
қаласына ағаш атты алып кіруге мəжбүр еткеннен кейін ғана. Аттың
ішіне жасырынған ахей жауынгерлері түнде қала қақпасын ашып
берді. Осы айланың арқасында ахейліктер Трояны басып алып, өртеп
жіберді. Үйлеріне қайту олардың ойларына да кіріп шықпаған, бүкіл
флотымен Тенедостың құмдауыт мойнақтарында бұғынып жатқан.
Генри Шлиман қызынып кетті: тыныш отыра алмай қозғалақтап,
көздері оттай жайнап кетті. Оның қалайша қолма-қол өзгеріп шыға
келгеніне Софья таң-тамаша боп қарап қалды. Бірақ, бəрінен қатты
əсер еткені — өз ісіне деген шексіз сенімділігі еді. Бұл оның
дауысынан-ақ анық аңғарылып тұрған.
«Илиадаға» жəне соған байланысты Трояға деген Софьяның
көзқарасын Гомер тілімен шұғылдануға жұмсаған бес жылы берік
қалыптастырған. Ал, оның Арсакейондағы ұстаздарының пікірі, өз
тарапынан, Афины университеті,— бір тəуір жері ол іргеде-тұғын —
профессорларынан қабылданған болатын. Софья Арсакейонда екінші
жыл оқып жүрген кезінде университет қабырғаларында ежелгі грек
тарихының танымал білгірі Вернардакистің:
— Түрік үстемдігінен құтылған грек халқы Гомер поэзиясының
тəтті шырынымен шөл басуға мүмкіндік алды. Гомер архитектуралық
тұтастыққа қол жеткізді. Бəрі де орын-орында, оқшау тұрған ештеңе
жоқ. Бірақ, бұның бəрі де Гомердің қиялынан туған хикаялар, бұндай
нəрсе өмірде болған емес,— деген дауысы құлаққа шалынған.
Профессорлық obiter dicta7 қас қаққанша Арсакейонға да жетіп
үлгерді. Мұндағы мұғалімдер мақтауға тұрарлық тұрақтылық
танытып, университеттің ауызынан шыққан əр сөзге сенетін. Сөйтіп,
Софья да: «Фридрих Вольф өзінің 1795 жылы жарық көрген «Гомерге
кіріспе» атты кітабында Гомер де, Троя соғысы да, тіпті Троя
қаласының өзі де ешқашан өмірде болмағанын біржола жəне басы
бүтін дəлелдеп берді», деген сенімге ие боп шыға келген-ді.
Софья абыржып кетті: он торт жасында мектеппен қош айтысқан,
сосын бес жыл бойы бақал дүкенінде күніне он сегіз сағаттан,— бұнда
кітап оқитын жағдай болмағаны белгілі,— бел жазбай еңбек еткен, өз
бетімен білім көтерген адам мұның мұғалімдеріне қайшы келіп,
ашықауыздар мен ақылынан алжасқандар ғана сенетін сандырақты
соғып отыр! Жиналғандарға байқатпай көз жүгірткен Софья олардың
да жүзінен скептицизм салқынын сезіп, бұндай ойда жалғыз өзі ғана
еместігіне куə болды.
Софья бұны Генри Шлиманның көріп, біліп отырғанын аңғарды.
Əйтсе де тыңдаушы қауымның сенбестіктерін сыпайылық сақтап
айтпай отырғанына сасатын сыңай танытар емес.
— Гректердің өз тарихын өздеріне баяндап, білгішсінгенімді айыпқа
бұйырмаңыздар,— деп биязы езу тартты ол.— Дінге жаңадан
қабылданғандар ғана өстеді. Олар діні жөргектен дарығандарға
қарағанда дінді əлдеқайда берік ұстанады. Бөтен жұрттың сенбестігі
сағымды сындыра алмайды. Сенбесе сенбей-ақ қойсын. Жердің күнді
айналатындығына да сенбегендер болған.
Энгастроменостар «Пандора» атты көпшілік ұнататын журналға
жазылған. Бұнда қазір «Гомер мəселесі» төңірегіндегі пікірталас
қайтадан қызу өршіп жатқан. Əйткенмен, пікірлердің дені: Гомер
дастандары — «поэтикалық сезімдер əлемі» дегенге саятын.
Георгиос Энгастроменос қонақты кішкене қолпаштап қоюды жөн
көрді.
— Мистер Шлиман, рақым етіп бізге сол қаланы қалай таппақ
ойыңыз барын айтып бере алмас па екенсіз? Оның өзі бұдан...
— Үш мың жыл бұрын қиратылған,— деп Шлиман жедел іліп əкетті.
— Бір мың екі жүз қырқыншы жəне бір мың бір жүз тоқсаныншы
жылдар аралығы.
— Иə...— деді Георгиос ойлы жүзбен дауысын созып.— Өрт шалған
жұрнақтардың əлдеқашан-ақ күл-топыраққа айналып кетуі əбден
мүмкін ғой.
Генри Шлиман бейілдене бас шұлғыды. Софья оның жүзіне қан
жүгіре бастағанын байқап қалды.
— Трояның теңдесі жоқ батыры жəне Приам патшаның лайықты
мұрагері қала жайында былай дейді:
Приамның тұрағын бұрын төңіректегі тайпалар Бақытты қала,
алтын мен мысқа бай қала деп атайтын.
Бұл жер қойнында сақталуға тиіс! «Илиададан» Приам сарайында
ұлдары мен келіндеріне арналған елу жатын бөлме, ауласында күйеуге
шыққан қыздарына арналған он екі жатын бөлме болғанын білеміз.
Сондай-ақ, Гектордың «бақытқа бөленген» үйі болғанын, онда «асыл
текті Андромаханың» қызметші əйелдермен бірге мата тоқу, жіп иіру
сияқты жұмыстармен шұғылданғанын білеміз. Міне, Гектор жексұрын
інісі Паристі ұрысқа қатысуға үгіттемек оймен оның үйіне келеді:
Троадаға əйгілі сəулетшілерді шақырып,
Бұл үйді өзі тұрғызған-ды; жігіттер
Қаладағы қамалдан, Приам мен Гектор үйі жанынан
Салып берді жатын бөлме, қонақ бөлме, ауласын.
Бұл үйлердің бəрі де тастан салынған, ал тас отқа жанбайды. Сосын
қаланың Скейлік жəне Дардандық қос қақпасы болғаны да бізге мəлім.
Бұлар қайда кетпек?! Бұған қоса онда əскери күймелер өтетін «сəндеп
жасалған сорап» пен Елена Приамға ахей көсемдері Аякс пен
Агамемнонды көрсеткен «Скейлік биік мұнара» да болған ғой. Бұлар
да, басқа да көптеген құрылыстар да сол баяғы қалпынша жатыр. Оны
кейіннен салынған үш немесе төрт Троя көзден жасырып, тығыздалып
басқан топырақ уақыт зардабынан қорғап тұр.
Софья ыңғайсызданып, жерден көзін көтере алмай отырған. Тіл
қатқан сəтінде Шлиман оның дауысында айырықша таңданғандық
барын байқады.
— Мистер Шлиман, сіз «Илиададан» соншалықты көп үзінді
айтасыз... Бейне бір оны түгелдей жаттап алған тəріздісіз. Бұл мүмкін
бе?
— Мүмкін болғанда да əбден мүмкін, мисс Софья. Бұл жолдарды
көне грек тілінде де, жаңа грек тілінде де сан қайталап оқығаным
сонша, бұлар менің қаперімде мəңгі ұмытылмастай сақталып қалды.
Оның үстіне Гомердің үмбеттері мен шəкірттері дастанды
жыршылардан жаттап, ұрпақтан ұрпаққа бір сөзін шашау шығармай
жеткізіп келген болса, маған да жаттап алмай не бопты?!
Оның мақамында мақтаныштың ұшқыны да жоқ-ты, ол құдды бір
əдеттегі шаруалар жайлы əңгімелеп отырғандай еді. Софья оған
ұрлана көз жіберіп, екі арада болған өзгеріске таң қалды. Енді оның
кеспірін келісімсіз деуге ауыз бармайтын, оны сақайған салиқалы адам
деп те айта алмайтынсың. Бейне бір аруағына мінгендей жүзі
алабұртып кетіпті. Денесін тіктеп алыпты. Үстіне киген костюмі де
тігінші қолынан шыққан қалпында бойына шап-шақ боп қона қалған.
Бойын желік билеп, қайраты тасып шыға келген. Дағдылы əсем
қимылмен мұртын сипап, шашын құлағының артына ысырып қойды.
Əсіресе көздері ерекше көңіл аударады: ақылды да айқын жанарында
біле түссем деген тойымсыз тілек тұр. Софья алғашқы əсерден
арылып, оған өзгеше ықыласпен зейін сала бастады.
Ескі достық қақын пайдаланған Теоклетос Вимпос Шлиманға
қаймықпай қарсылық білдірді.
— Сіз Троя, Троя дегенді көп айтасыз. Ал, шындығында бұл
болмаған, ақындардың ой-қиялынан туған дүние ғой. Сол сияқты Троя
соғысы да болмаған. Ағаш ат та, Ахилл мен Агамемнонның қолға
түскен əдемі əйелдің кесірінен шыққан шатағы да ойдан
құрастырылған. Бəрі де əншейін аңыз ғана.
Шлиман кеңк-кеңк күлді. Вимпостың шағып алатын шымшыма
сөздеріне құлағы үйреніп кеткен-ді.
— Білемін. Гомер де болмаған. Ұзақ ғасырлар бойына мыңдаған
өлеңшілер əрқайсысы екі-үш жолдан өлең шығарған. Сосын Христос
дүниеге келместен алты ғасыр бұрын афинылық тиран Писистрат жер
басып жүрген ақын біткенді жинап алдырған да, олар жыршылар
алқасына есте қалғандарын айтып берген. Жыршылар өлеңдерді
жүйелеп, дастан етіп шығарған... Тіпті Гроттың өзі «Греция тарихы»
атты еңбегінде Трояның өмір сүргендігін, сол сияқты «Илиада» мен
«Одиссеяны» шын мəнінде Гомердің жазғандығын дəлелдеу мүмкін
емес деп мəлімдейді. Несін айтасың!.. Ал, ұлы ақындар басқа пікірде
болды. Гете, Шиллер, Шелли, Пиндар мен Гораций Гомердің тарихта
болғанына шек келтірмеді. Өйткені, екі дастанды да біртұтас туынды,
бір құдіретті шабыттан шыққан жыр деп таныды.
Оның бақ ішіне бөлекше əр бітірген жігерге толы жіңішке дауысы
Софьяға айрықша əсер етті. Басын жерден көтермеген күйі жай ғана:
— Мистер Шлиман, сізге сұрақ қоюға бола ма?— деді.
— Əбден болады, сүйкімді бойжеткен.
— Мектепте бізді: екі дастанда да ертедегі құдайлар шешуші роль
атқарады, ал Олимп пен Иданы мекендеген бұл құдайлардың қазір жоқ
болып кетуі себепті «Илиада» мен «Одиссеяны» да құр ғана аңыз деп
топтау керек деп оқытқан еді.
Шлиманның көгілдір көздері күлімдеп қоя берді: оның айтыс десе
арқасы қозатын.
— Құдайлар жоғалып, ертегіге айналып кеткенімен, екі дастанда да
адамдар бар. Ал, аталған шығармалардағы адамға қатысты нəрсенің
бəрі де айна-қатесі жоқ ақиқат. Сондай-ақ, мен бұл құдайлардан аттонды ала қашу қажет деген тұжырыммен де келісе алмаймын.
Оларды Христос дүниеге келместен төрт мың жыл бұрын бағзы
адамдар ойлап шығарған. Жəне олардың өзге ескі діндердегі
құдайлардан аса көп айырмашылығы жоқ.
Ойда жоқ жерден əңгімеге бибі Виктория килікті.
— Біздер, христиандар үшін ежелгі Грецияның мəжусилік діні —
баланың ермегі ғана!
Софья бұған Генри Шлиман налып қала ма деп қорқып еді, анау
керісінше алабөтен ықылас танытып, бибі Викториядан мына пікірін
одан əрі тереңдете түсуін өтінді. Бұл құдайларды адамдар өз түртұлғасы мен табиғатына сəйкестендіріп жасаған, сосын өзекті
жандарды қорғап, жауын жасқап жүрулері үшін оларға адам
табиғатынан тыс қасиеттерді дарытқан деп түсіндірді шешесі.
— Ертедегі грек дінінен біз ешқашан ешқандай мағына іздеп
көргеніміз жоқ, оны қызықты ертегі ретінде ғана қабылдадың.
Шлиман желетін төмен тартып, қара галстугын жөндеп алды да,
аяғын аяғына айқастыра қойып, жауап іздеп ойланып қалды.
— Мен де, əрине, христианмын. Керек десеңіз тіпті пастордың
баласымын. Бірақ, ертеде өткен халықтардың сенім-танымы қазір
аңыздан гөрі тарихқа тəуелдірек. Мысалға, егер қазір осы баққа
троялықтар немесе ахейліктер кіріп келіп, өз дініміз жайлы айтып
жатқан əңгімемізді тыңдаса, олар да бұны аңыз деп тауып, біраз күлкі
қандырған болар еді. Мен пантеизмді ерекше қадір тұтамын жəне
адамдардың күн, дала, су құдайларына неліктен бас ұрғандарын да
түсінемін. Табиғатта шын мəнінде де құдіретті бірдеңе бар... Мен
ешкімнің сезіміне қиянат жасап отырған жоқпын ба?
Жасаса бəлкім жасаған да шығар, бірақ Энгастроменостар тəрбиелі
жандар еді. Софья естілетіндей етіп сыбырлай сөйлеп:
— Мистер Шлиман, сөзіңізде қаншалықты шындық барын
білмеймін, бірақ сенімділігіңіз мені қатты таңырқатады,— деді.
Шлиман одан көз аудара алмай қалған-ды. Бақ іші қара көлеңке
тартып у-шуға алданғандар арасынан əлдекімдер балаларын ертіп
үйлеріне қайтып та жатты. Еркектер жақын жылжып отырысты.
— Сонда сіз, шамасы, Гомерді де Данте немесе Шекспир тəрізді
тарихи тұлға деп есептейтін болдыңыз ғой?— деп сұрады біреу.
Дауысына қарағанда Ламбридис ағай болса керек.
— Оған сөз жоқ!— деді көңілі лепірген Генри Шлиман.— Ол Христос
дүниеге келуінен бұрынғы мыңыншы жəне тоғыз жүзінші жылдар
аралығында, Трояның іргесіндегі Смирнада туды. Оның балалары,—
əлде туыстары немесе шəкірттері ме екен?— Смирна маңындағы Хиос
аралында өзіндік бір ақындар отауын құрды. Олар аралдардағы жəне
Эгей теңізі жағалауындағы патшалар мен көсемдердің сарайларында
Гомер жырын лираға қосылып айтып жүрді.
— Гомер «Илиаданы» жазып шықты дегеніңізде, сірə, осынау ұлы
дастанды тудырған кезде ол Троя соғысы заманынан бері сақталып
келе жатқан жырларды пайдаланды дегіңіз келетін шығар?
Бұл сұрақты Софьяның ағасы əрі жақын досы Спирос қойған-ды. Ол
бұл кеште қарындасының қамын ойлап қатты қобалжып отырған.
— Рас,— деп келісті Шлиман сабырлы кейіпте езу тартып.—
Гомердің қолжазбасы қолымызға тиген жоқ жəне жалпы ондай
қолжазбаның болғандығын дəлелдейтін нақтылы деректер де жоқ.
Бірақ, дастандарын қағаз бетіне түсіріп кетуі де мүмкін нəрсе. Өйткені,
кейін «жан тебірентерлік жырлар» деген атпен «Тауратқа» енген
«Соломон жыры» да осы дəуірде жазылған болатын. Жазбаша əдеби
тіл жоқ кезде өзге құдіретті құрал — халық қапері қызмет етті. Троя
соғысы мен Одиссей сапарлары жайлы əңгімелер атадан балаға жетті.
Адамдар тек жер мен суға, ешкі мен қойға ғана емес, сонымен қатар өз
игіліктерінің ең қастерлі бөлегіне — халық тарихына да мұрагер
болған-ды. Ел тарихының əр ұрпақтың өз еншісіне айналып отыруы
айнымас заңдылық еді. Ақындар Гомерге дейін де болған, олар да
Ахилл, Гектор, Еленалар жайлы аңызды естіп, жыр шығарған. Ал,
Гомер болса, Трояға аяқтай сапар шекті. Бұрынғы бар жырлар мен
аңыздарды жинап, жүйелеп айтып беру үшін, «Илиаданың» да,
«Одиссеяның» да бір қолдан шығуы үшін — осы жалғыз мақсат үшін
əдеби тіл жасады. Гомер Троаданы зерттеп, бес саусағындай біліп
алды: міне, жота — мұнда сарай (түрікше — Ғыссарлық) орналасты;
міне, қос өзен — Ида тауынан оңтүстіктен Скамандр, солтүстіктен
Симоис ағып жатыр; бұлар теңізге барып құйып, Трояны үш бұрыштың
ортасына алып тұр; ұрыс та осы арада өтті. Ахейліктер Геллеспонт
жағасына бір мың бір жүз қырық кемесін сүйреп шығарып, жүз
жиырма мың адамға арнап қос тікті. Троя да Геллеспонттан онша
қашық болмауға тиіс: Гомер грек жаяу əскерлері өз қостарынан Троя
қамалына дейін кейде күніге екі қатынап жүргенін баяндайды.
Георгиос Энгастроменосты күдік қидалап отыр еді. Əдетте əкесі
əріптесі асқан ақылды адам ба, əлде асқан ақымақ адам ба — соны
айыра алмаған шағында ғана дəл осындай кепті бастан кешетін.
Əйткенмен айтқан сөзі мүлде басқа боп шықты:
— «Илиаданы» жүздеген адам зерттеген, бірақ Трояның қай төбенің
астында жатқанын бір де біреуі айтып бере алмаған...
— Олар үшін мен жауап бермеймін, Энгастроменос мырза. Мен тек
өзім үшін ғана жауап беремін.— Шлиман орнынан көтеріліп,
айналдыра қоршаған жамағайындардың алдында əрлі-берлі теңселіп
жүре бастады. — Павсанийдың «Эллада сыпаттамасын» жүздеген
ғалым оқығанымен, патша қабірлері мен қазына қоймасын əлі күнге
шейін Микеннің циклоптық қабырғасының сыртынан іздеп
жүргендері де, бəлкім, дəл осы себептен шығар.
Енді Софьяның таңырқауына тура келді.
— Патша қабірлері Микеннің қай жерінде екенін білесіз бе?!
— Мисс Софья, Колонға келесі келгенімде Павсанийды ала келуіме
рұқсат етесіз бе? Ол Микенге Христос туғаннан кейінгі екінші ғасырда
барғанымен, Персей бұлағын да, ішкі ауладағы Атрей мен оның
ұлдарының қазына қоймасын да өз көзімен көріп кетті. Сірə, оның қала
қабырғасының сыртындағы жұпыны бейіттерге де жолы түскен
шығар. «Клитемнестра мен Эгист қабырғадан аулақтау жерленген,—
деп жазады Павсаний. — Себебі, оларды Агамемнонның жəне онымен
бірге өлтірілгендердің сүйектері қойылған қаланың Ішкі жағына
жерлеу күпірлік деп табылған». Бұдан қамалдың қалың қабырғалары
болғандығы ап-айқын аңғарылып тұр ғой. Қабірлерді қиналмай
табатыныма көзім анық жетеді.
Бəрі де үнсіз отырып қалды. Мистер Шлиманның Тронның қайда
жатқанын шамалауы, оны қазуға деген құштарлығы ден қоюға тұрсынақ. Бірақ Микен патшаларының қабірі дегеніңіз... Жұмбақ миллионерге
деген сенімнің соңғы жұрнағын кешкі самал желпіп əкетті де,
жамағайындардың көңілі едəуір ортайып қалды.
Бұның есуас болуы мүмкін емес,— деп ойлады Софья. Соншалықты
көп сапар шеккен, екі кітап жазған, ақ-адал еңбегімен дəулет жиған
адам ғой. Өзімшіл болса өзімшіл шығар, əйтсе де жұртқа күлкі
боларлықтай кеще деймісің».
Мистер Шлиман,— деді ол дауыстап.— Егер жаңағы
айтқандарыңызға қалтқысыз сенетін болсаңыз, Трояны қазуға неге
қазірден кірісе бермейміз? Бізге сол түсініксіз болып тұр.
Шлиман орнына оралып, құдды күні бойы кетпен сілтеп титықтаған
кісідей, отырғышқа жалп етіп отыра кетті.
- Кірісімен мисс Софья. Түркияда қазба жұмыстарын жүргізу
рұқсаты керек. Оны алу оңайға түспейді. Мен өтінішімді жіберіп те
қойдым. Ресми документ қолыма тиген бойда-ақ қайла, күрек , қол
арба жинастыруға кірісер едім. Филология ғылымынан іргесін аулақ
салғанда ғана, ғалымдар, кітапханадан шығып жер қазуға кіріскенде
ғана археология өзінің балаңдық дəуренімен біржола қош айтыспақ.
Міне мен дəл осыны жүзеге асырмақпын. Сол себепті өзіме ұлты грек
жұбай іздеп жүрмін. Ол тілегімді тілеуші ақ періштем болады. Менің
гректік асыл қазынама айналады.
Оның дауысы дірілдеп кетті. Маңдайынан шыққан терді жұқа бəтес
орамалмен сорғызып алды.
Ойпырмай, оның грек əйелінің жағдайы өте қиын екен,— деп
ойлады Софья.— Егер Трояны немесе Микендегі патша қабірлерін
таппаса, бəріне кінəлі əйелі боп шығуы да ғажап емес қой».
Бибі Викторияның жексенбілік түстікке шақыруын Шлиман қуана
қабыл алды; жалпы, оған қашан келсе де қадірлі қонақ болатындығы
аңғартылған. Ол жұма күні де, сенбі күні де келген. Келген сайын əбден
ығыр боп қайтатын:
Энгастроменостардың бағы келімді-кетімділерден арылмайтын.
Колон халқы оның саяхаттары мен бастан
кешкен оқиғалары жайлы əңгімелерін тыңдауға əбден əуестеніп
кеткендіктен, Софьямен оңаша сырласудың сəті түспей-ақ қойған. Бір
оңтайы келгенде Софья оған:
— Грецияда жас қыздың оңаша қалуы оңайлыққа соқпайды. Біздің
священниктеріміз: «Он екі жасқа дейін баланы көзден таса
қылмаңдар!» дейді. Мысалға, мені үйіміздің қақ алдындағы Ромвис
алаңына да жалғыз жібермейтін. Жіптен секіргенімді, «класс»
ойнағанымды немесе дос қыздарыммен: «Əлдилеп ұйықтат ай мені,
мектепке ерте барайын!» деп қол ұстаса шыр айналып билеп
жүргенімді міндетті түрде ағаларымның бірі бақылап тұратын. Соңғы
емтиханымды тапсырғанға шейін мені тіпті Арсакейонға да жалғыз
жібермеген — қашан да ағаларым немесе күтушілер шығарып сап,
қарсылап алатын. Бірнеше ай ғана бұрын мен ақ кофталы, көк юбкалы,
бақылаудағы бала болатынмын. Грецияда қыздар күйеуге шыққанға
шейін осындай кедергілерге кезігеді,— деді.
Бұл Шлиманның көңілін орнықтырды да, ол жамағайындарының
еркектер қауымын Шығыс пен Мысыр жайлы əңгімеге қандыру
қызметіне қайта кірісіп кетті.
— Шлиман мырза, сол елдерге сапар шеккен кезіңізде сіз оларда
қандай ақша барын қайдан білесіз? — деп сұрады кішкентай
Панайотис.
Шлиман балақайға езу тартып күлді де, жанқалтасынан жуан қара
əмиянын шығарды.
— Мұндай əмияндар Европадағы даяшылардың бəрінде де бар,
бұнымен есеп айырысу жеңілге түседі. Мұнда бес қалташа барын көріп
тұрсың ба? Біріншісіне мен американ ақшасын, екіншісіне — француз,
үшіншісіне — неміс, төртіншісіне — орыс ақшасын, ал бесіншісіне —
Египет, Үндістан, Түркия, Жапония аккредитивтерін салып қоям. Ішін
ақтарыстырып жатпас үшін сыртқы бөліміне грек ақшасын салам.
Ақшаны көрген кезде ағайындылардың көздері жайнап кетті. Соны
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 03
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.