Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 20

Total number of words is 3992
Total number of unique words is 2259
34.0 of words are in the 2000 most common words
49.0 of words are in the 5000 most common words
56.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
төсектен жұлып алды да, құм толтырған қапшықтай басынан асыра
көтеріп, бар күшімен еденге лақтырып кеп жіберді.
— Шлиман ханымның қасында бол. Қамқорлық жаса,— деп
бұйырды ол Поликсенаға. Өзі есінен танып қалған Фотидисті жерден
көтеріп алды.— Мына хайуанды,— деді Софьяға қарап,— өз бөлмеме
əкетем. Қожайын қайтып оралғанша тырп еткізбеймін. Қожайын
бұйырса, жанын жаһаннамға жіберем.
Ол Фотидисті алып шығып кетті. Поликсена орындығын төсекке
жақындатып, Софьяны қолынан ұстап жұбату айта бастады.
Софья көз жасына ерік беріп, түнімен еңіреп жылап шықты. Біресе
қалтырап тоңып, біресе күйіп-жанып жатты. Поликсена оның бетіқолын жуып алуына көмектесті, сосын шөткемен жақсылап шашын
тарап берді. Бірақ, маңдайы от боп жанып тұр еді жəне жүрегі де айнып
тұрған. Таң атқасын бірнеше қайтара құсып тастады.
— Кішкене ұйықтап алыңыз. Мен ешқайда кетпеймін, қасыңызда
отырам,— деп өтінді одан Поликсена.
Софья ұйқылы-ояу халде жатып көз шырымын алды, бірақ түндегі
сұмдықтың санасын сескендіргені сонша, əлденеше мəрте шошып
оянып айқай сап төсектен атып тұрды.
Генри Шанаққаладан таң алдында шыққан. Жолшыбай еш жерге
аялдамай суыт жүріп отырып, сəскеде үйіне келді. Софьяны көрген
бетте үрей толы үнмен:
— Ау, саған не болған?!—деп айқайлап жіберді.
Поликсена зып беріп шығып кетті.
Софья жүгіріп барып күйеуінің мойынына асылып, бар дауысымен
бақырып қоя берді. Генри өзі жоқта не болғанын анықтап білгенше
бірталай уақыт өтті. Софья мың мүдіріп əңгімесін ақыры аяқтап
шыққанда ол ашудан жарылудың аз-ақ алдында отырған.
— Қайда ана оңбаған? Тап қазір өлтірейін.
— Қажет емес,— деп сыбырлады Софья баяу үнмен.— Оның
сыбағасын Яннакистің өзі-ақ берді. Ол соның бөлмесінде жатыр.
Ұзамай ызадан қалш-қалш еткен Генри де қайтып оралды.
Яннакис ана хайуанға атша мініп алыпты. «Басын көтерген сайын
жақсылап жұдырық жегізіп қоям» дейді. Драмалидан арба əкелуге
адам жібердім. Яннакис ананы байлап жатыр. Біз оны Шанаққаладағы
түрмеге жөнелтеміз. Іріп-шіріп он жыл зынданда отырып көрсін. Оған
сол ғана лайық.
Софья бар күшін жұмсап, ойын жинақтауға тырысты.
— Жоқ, Генри, олай жасама. Бұны жұрттың білмегені дұрыс. Онсыз
да өзім ұяттан өртене жаздап отырмын.
— Қандай ұяттан? Не үшін?
— Өзім жайында жұрттың өсек таратқанын қаламаймын... Болған
оқиға жайлы деймін. Ондай əңгімені көтере алмаймын.
— Ешкім де ештеңе айтпайтын болады. Сол үшін саған уəде берейін.
Софья оның бетіне бетін басып тұрып, жалынышпен сыбырлап:
— Өтінем сенен, Эррикаки. Қайтарып жібере сал,— деді.
Біраз үнсіз тұрған соң Генри ақыры амалсыз келісті.
— Жарайды. Өзің өтініп тұр екенсің — жіберейін. Бірақ, бұл түбі
сонда бармай тынбайтын адам,— деді.
Генридің Софьяға деген қамқорлығы үдей түсті. Бір сəтке болса да
көзден таса қылмауға тырысты, өзі қазба басына кеткен кезде қасына
отыруға Поликсенаны жіберді. Үй сыртында түннен бетер түнеріп,
Яннакис сенделіп жүрді. Кешкісін Генри оны бала құсатып əлдилеп,
алақанына салып ұйықтатты. Софья жылауын қойған, бірақ оқтыноқтын денесін діріл кезіп кететін.
— Уақыт бəрін де ұмыттырады, қалқам. Теңіз суын сорған губкадай
ол да жағымсыз естеліктердің бəрін өз бойына жинап алады. Сосын сен
бұл губканы жағымсыз естеліктерімен қосып былай лақтырып
тастайсың.
— Əрине, ұзамай-ақ ұмытармын-ау. Менің қазба басына барғым
келеді. Қатты сағындым.
Күндіз Докостан, Генридің Шанаққаладағы агентінен, шабарман
келді. Бибі Виктория Софьяға телеграмма жіберіпті. Онда: «Əкең
күйсіз. Тезірек кел», делініпті.
Өкініш-күйініштерінің бəрі былай қалды. Икон алдына етпетінен
түсіп, құдайдан əкесіне денсаулық тілеп, жанұшыра жалбарына
бастады. Яннакис Генриді акропольға қарай созылған терең
траншеяның ішінен тапты. Софья заттарын тез жинастырды. Бірнеше
минуттан кейін Генри де келді. Телеграмманы оқыған соң, Софьяны
құшағына қысып ақырын ғана сүйіп алды. Сосын шабарманға ақша
беріп, күйме жалдауға жіберді. Америка консульдығындағы Джордж
Бокерге Константинопольдан Пирейге жүретін алғашқы пароходтан
каюта алып қою жөніндегі өтініші жазылған телеграмманы да
сонымен бірге жөнелтті.
— Біз бес күнде жетеміз. Сəті түссе тіпті төрт күнде жетіп қалуымыз
ықтимал. Əкеміз төзімді адам ғой, біз оған көмек көрсетіп үлгереміз,—
деп жұбатты ол оны.
— Жоқ, жаным, мені Шанаққалаға шейін шығарып сал да,
Константинопольдың пароходқа отырғызып жібер. Мұндағы жұмысты
тоқтатуыңа болмайды. Онсыз да бізге түріктер, түріктер болмаса
Фрэнк Калверт кез-келген минутта кедергі келтіруі мүмкін.
— Маған алдымен сен керексің.
— Жұмысың ойдағыдай жүріп жатса менің де көңілім тыныш.
Жалғыз жібергің келмесе, бəлкім, өзіммен бірге Поликсенаны ала
кетермін?
Генри Яннакиске сұрақты жүзбен көз тікті. Анау бұған бейне бір
медаль алғандай мəз бола езу тартты.
— Поли Шлиман ханымға күтуші болады. Əрі Афиныны да көріп
қайтады.
Пирейде кемеден баспалдақпен төмен түсіп келе жатқан Софья
қарсы алушылардың арасынан өзін іздеп мазасызданып тұрған
Спиросты көріп қалды. Бір жамандықтың болғанын бірден аңғарды:
əдеттегі бойкүйез Спирос жүдеп, өңі қуқыл тартып, іштей ширығып
кетіпті.
Софья жұдырығын тас қып түйіп алды. Спирос оны иығынан
құшақтады.
— Болған іске шара бар ма, қымбаттым...
— Папам қайтыс болды ма?
— Иə, өткен түнде.
— Ақыры қоштаса алмай да қалдым-ау.
— Келе жатқаныңды білді, өзі де сені көріп кетсем деп арман етумен
болды. «Мен үшін Софьяны бетінен түйіңдер, оны ардақ тұтқанымды
айтыңдар», деді үзілер алдында.
Софья басын Спиростың иығына қойып еңіреп жылап жіберді.
— Енді біз қайтпекпіз?— деп кемсеңдеді ол.— Бүкіл өміріміз
сонымен бірге өтіп еді ғой. Енді оның күлкісін де, əзіл-қалжыңын да
ести алмаймыз, ол құсап бізді жұбататын да ешкім жоқ.
— Сені түсініп тұрмын. Біз үшін бұл да бір Акропольдың аяқ
астынан жер қойнына түсіп кетуімен бірдей тосын оқиға болды.
— Мамам қалай?
— Нашар. Сен барғасын жеңілдер. Мынау сенің заттарың-ау деймін?
— Сонда ол немен ауырып еді, Спирос?
— Ол күн санап жүдей берді. Дəрігер бұны асқазан paгi дейді.
Афиныға келген соң Софья Поликсенаны Музалар көшесіне жіберді
де, өзі Спироспен бірге Колонға дейін күйме жалдады. Ол есіктің
қоңырауын қағам дегенше Мариго есікті ашып та үлгерді. Софья
бірден анасына барды. Құшақтасып алған əйелдер жұбату бермей ұзақ
жылап-сықтасты. Андромаха үйде жоқ еді. Георгиос қайтыс болғаннан
кейін Катинго оны өз үйіне алып кеткен.
Бибі Виктория Софьяны Георгиостың мəйіті қойылған қонақ
бөлмеге алып барды. Оған ең тəуір костюмі кигізіліпті. Көпшікпен сəл
биіктетілген басы көздері жұмық қалыпта шығысқа қарап жатыр. Бас
жағы мен аяқ жағында шырақ жанып тұр. Марқұмның жаны үйге
қайтып оралардай болса жағылған шамдар оған жол көрсетіп тұруға
тиіс-тұғын.
Бөлмеге семья мүшелері түгел жиналыпты. Бəрі де қара киініпті.
Достары мен туыстары бірінен соң бірі кіріп жатыр. Священник те
келіп, спитрахилін киіп, ладан тұтатып, қысқаша уағыз айтты. Мəйіт
жанында алқа-қотан отырған əйелдер дауыс салып жылай бастады.
Еркектер
көрші
бөлмеде
еді.
Əйелдердің
бірі
Георгиос
Энгастроменостың ізгі қасиеттерін тізіп, əлсін-əлсін жоқтау айтып
қояды.
Анасының қолын қатты қысып ұстап алған Софья тіл қатпастан
сазарып тұрды. Бөлмеге табыт əкелініп, оған Георгиостың мəйіті
салынып, гүлмен көмкерілді. Шырақтар өшіріліп, айнала қараңғы
тартты. Сосын «ұйқысыз жарық» жағылды. Бұл қырық күн бойына
жанып тұратын болады. Туыстары бөлмеде қалып, сыбырласа
сөйлесіп, Георгиостың қайырымдылығы мен қанағатшылдығын еске
алысып отырды.
Ертеңіне таңертең табыт шығаруға екі священник пен бір дьякон
келді. Төрт еркек табытты иықтарына көтерді. Қолдарына шырақ
ұстаған священниктер жол бастап жүрді, олардан кейін кадилосын
оңды-солды бұлғаңдатып дьякон келе жатты. Табыттың соңына бибі
Виктория мен балалары ілесті. Процессия көшенің бұралаңбұралаңымен шіркеуге қарай бет алды. Олардың қарасы көрінген
бойда əйелдер үйлерінің терезелерін тұмшалап, саудагерлер
дүкендерін жауып жатты.
Шіркеуде табыттың бас жағы шығысқа қаратылып қойылды, екі жақ
бетіне жақын-жұрағаттары отырды. Шіркеу қызметі бір сағатқа жуық
уақытқа созылды, сосын священник «соңғы рет сүю» рəсімін
орындауға шақырды. Софья əкесінің кеудесіндегі иконды сүйді.
Орындықтар есік жаққа қарай апарылды. Достары мен туыстары
бірінен соң бірі кеп көңіл айтып жатты.
Табыт жерлеу арбасына ауыстырылды. Шығарып салушылар
Афинының орталық зиратына дейінгі қайғылы жолды жаяу жүріп өтті.
Софья үшін бұл өмірімен қоштасумен тең нəрсе болды. Өйткені,
əкесінің өлімімен бірге өз бойындағы əлдебір нəрсе қоса шейіт
болғандай, жастық шағымен, кіршіксіздігімен қоштасқандай əсер
алған. Табыт қабірге түсірілген соң, священник төменге крест
сұлбасын жасап топырақ тастады да, шырағданнан май тамызып, бір
шөкім көмір мен ладан лақтырды. Софья мен туыстары бір-бір уыс
топырақ тастады. Қабірге топырақ толтырылды, жер бетінде жаңа
төмпешік пайда болды. Бейіттің жанында бірде-бір түйірін жерге
түсірмей тəтті нан желінді, шарап ішілді. Туыстары зират басына түрлі
тағамды мол ғып ала келіпті: Георгиос жерде əлі қырық күн қатады,
мына бата алған тағам оған жұмақ жақсылықтарын күту кезінде
көмегін тигізбек. Зираттан көңілдері жер боп оралды.
Софья Андромаханы алып келуге Катингомен бірге барды.
— Жүрегімде бейне бір тас жатқандай. Бірақ, Андромаха ештеңе
сезбеуге тиіс. Ол бəрібір дəнеңеге түсінбейді, тек көңіліне босқа алаң
кіреді.
Ертеңнен кешке дейін Софья мен Поликсена Андромахамен
айналысты. Қыз қақпай көрмей, ерке боп өсіп келе жатыр еді. Күндіз
Софья анасына барып қайтатын. Өзінің көңілсіз жаңалықтарын: не
істерін білмей дал боп жүргенін, анасының ұзақты күн бойы көзі
жастан кеппейтінін айтып Генриге күнбе-күн дерлік хат жолдап
жатты. Бибі Виктория күйеуінен мəңгі-бақи қол үзгендігі жайлы ойға
көндіге алмай жүрді.
Үші мен тоғызы беріліп, бейнебір марқұммен бірге той тойлап
жатқанның рəсімі жасалып, кутью желінді. Софья бұның бəрі де
мəжусилік ғұрып екенін білетін: бұлар ежелгі Грециядан ауысып, оны
христиандық дін өз мақсатына ыңғайлап алған. Осы сəт ол өткенде
Олимп маңында жолыққан кепке қайта кез болды; өзінің бірден екі
өмірді бастан кешіп жүргені, бұлардың екеуінің арасында мыңдаған
жылдар жатқаны жайлы ой арқасын аяздай қарып өтті.
Түн болса таң атып болмайтын, таң атса күн батып болмайтындай
көрінді. Тағы да қалай жарыларын білмей дағдарды: туыстарын тастап
кету де аянышты, Генриді жалғыз қалдыру да қиын. Өз басына салса
Генриге, Троадаға, құмырсқаның илеуіндей құжынаған жоталарына
жетуге ұшарға қанат таппай жүрген. Қашан көрісетіндерін білмей
абыржып біткен.
Генриден келген хат барлық қобалжуларын былай ысырып
тастады.
«Троя, 14 май 1873 жыл.
Ардақты да асыл жарым, ерте ме, кеш пе бəріміз де қадірлі əкейің
кеткен жолмен сапар шегетініміз жайлы ойды еске алсаң бəлкім сабыр
етерсің. Аялы алақаныңды аңсайтын қызымыз үшін сабыр ет. Кеткен
адамды көз жасы қайта оралта алмайтынын ойлап, сабыр ет. Жəне
оның нағыз шынайы бақыттың қызығына кенелетін басқа дүние үшін
бұ дүниенің əуре-сарсаңынан, қайғысы мен қасіретінен қол үзген нағыз
христиан екенін ойлап, сабыр ет.
Ал, егер қайғың бұған да басылмайтын болса, онда пароходқа отыр
да, өзіме кел. Жүректегі шеріңді тарқатып, сүйкімді жанарыңды
қайтадан ұшқын аттыру үшін қолымнан келгеннің бəрін де істеймін».
Софья Андромаханы Катингоға апарып тастады да, Поликсенамен
бірге заттарын жинастыра бастады. Спирос оларды Пирейге шығарып
салды.
Генри оны Шанаққаладан қарсы алды. Олар Калверттерге соққан
жоқ. Генридің бұл жолғы сапары, жалпы, жайсыз сапар болды. Скей
қақпасы мен Приам сарайын тапқандарын естіген Фрэнк өзіне тиесілі
бөлекті қазуға үзілді-кесілді тыйым салды. Жаңа губернатор Ибрагимпашаға
жасаған
визиттер
де
көңіл
көншітпеді:
Түркия
территориясындағы барлық археологиялық олжаларды қадағалап
отыратын заң ақыры жасалып бітіп, тек сұлтанның немесе халық
ағарту министрінің қол қоюын ғана күтіп жатыр екен.
Тас үйлеріне қадам басқан кезінде Софьяны Фотидис жайлы естелік
қайта оралып, азапқа салық жүре ме деген үрей буған. Бірақ, əкесінің
өлімі бұндай нəрселер жайлы естелікті былай серпіп тастаған екен. Əрі
ондай уайымға салынарлық уақыты да болмады: келген бойда Генри
оны Приам сарайынан табылған — піл сүйегінен жасалған жоралық
мүсіншелер мен қару-жарақты көрсетуге жұмыс бөлмесіне ертіп əкетті.
Ғажайып көркем вазалар да осында тұр еді — үш жылды қазба
жұмыстарының ішінде мұндай нəрсе ешқашан жолықпаған.
Афинаға арналған, жапалақтың басы бейнеленген, мойынында
алқасы бар қоңырқай ваза Софьяға əсіресе қатты ұнады. Біреуіне Генри
«көзілдірікті ваза» деген ат берді. Мұнда балтырына шейін жететін
ұзын бұрымды кариатида формасында жасалған тағы бір сауыт бартұғын. Ең соңынан Генри оған мойынында ұзын-шұбақ жазуы бар
вазаны көрсетті.
— Ақыры тауыпсың-ау, Генри! Мынау шешуге тұратын жұмбақ
болса керек! Бəлкім, бұл троялық жазу шығар? Бəлкім, сен троя тілін
тапқан боларсың?
Генри вазаны асқан сақтықпен қолына алды.
— Солай болса солай да шығар. Біз бұны Приам сарайының астынан
таптық. Сынып қалмас үшін жан-жағы таспен қоршалыпты. Өзімізбен
бірге Афиныға ала кетерміз. Бірақ, бұны,— оның дауысында өкініш
«сарыны бар сезілді,— шет жерден əкелулері де мүмкін ғой. Мысалға,
саудагерлерді алайық...
Бір десятник кем болғандықтан, Софьяға күні бойы қазба басында
жұмыс істеуге тура келді. Жотаның солтүстік-батыс жағынан акрополь
бағытына қарай Генри жаңа терең траншеяны қолға алып жатыр еді.
Ұзамай жолына зор қабырға көлденең тұрды. Бұны бөлшектеуге
бірнеше күн кетті.
Май айының соңғы күні таң атып үлгергенше болмай, бейне бір
зеңбіректен атылғандай күн шырқау көктен шығандап бір-ақ шықты.
Софья үстіне жұқа көгілдір блузкасын, зығыр юбкасын киіп, таранып
боп қалғаны сол еді, сырттан құлаққа таныс тұяқ дүсірі естілді. Бұл суға
түсуден оралған Генри болатын. Софья қалпағын шашына түйрей
салды да, онымен бірге кофе ішуге ас үйге барды.
Таңғы серуеннен жүзі алабұртып тұрған Генри Софьяға көңілді
дауыспен қайырлы таң айтты. Сағат төрттен он бес минут кеткенді.
Күрек, қайла, сүймендерін таратып алған жұмысшылар өз орындарына
беттеп бара жатты. Софьяның бригадасын Генри жаңа участокқа —
өздері Приам сарайы маңынан қамал қабырғасына жолыққан жерге
жіберуге ұйғарым жасады. Олар оңтүстікке қарай қазатын болады.
— Мына тереңдікте жұмыс істеу қиындыққа түсейін деп тұр, Генри.
Өртке шалынған қабаттың қалыңдығы бес футқа жетеді жəне тас
сияқты беріспейді.
— Үлгергендеріңше қаза беріңдер... Дүйсенбі күні тағы бірнеше
қайла қосармын.
Сағат таңғы жетіге қарай жұмысшылар ақыры жұмсақ қабатқа да
жетті. Одан соң биіктігі он футтай қабырғаны бойлап қазу жұмысы
өнімдірек жүре бастады. Шыдамсыздық жеңген Генри дамыл-дамыл
оралып соғып тұрды.
— Əзірге ештеңе табылған жоқ. Топырағы өте тығыз екен. Есесіне
мына бір күл қабаты үміттендіріп тұр. Мен біраз уақыт қалақпен
жұмыс істесем деп едім.
Бірақ, қалақты Генри өз қолына алды. Оның бұнымен мейлінше сақ
жұмыс істеп үйренгені соншалық, жер қойынында жасырынып жатқан
құмыраны немесе вазаны бірде-бір рет бүлдірген емес. Көріпкелдігінің
нəтижесі не боп шығарын абыржи күткен Софья жанында тұрған.
Кішкене қазғаннан кейін Генри сопақша патнасқа ұқсас үлкен мыс
қалқанға кезікті. Жүрелей кетіп үстіндегі шаңын сыпырып, бір шетінен
жоғары көтере берді де, сол бойда қайта жауып тастады. Дереу бойын
тіктеген ол Софьяға мəңгіре көз тікті.
— Софья, анда алтын жатыр. Көп алтын.
Софья жалт қарады: жұмысшылар алыста еді, олар ештеңе көрмеген
де, естімеген.
— Не істейміз?— деп сұрады сыбырлап.
— «Пайдос» жарияла.
— Таңғы сағат жетіде ме?!
— Бүгін менің туған күнім екенін айт. Ол жайында жаңа ғана есіме
түскен. Яннакис бəріне де толық жұмыс күнінің ақысын төлесін, сосын
дүйсенбіде бір-ақ көрісерміз. Бақылаушының да айтқандарыңды естіп,
жұртпен бірге кеткеніне көзіңді əбден жеткіз.
Софья жұмыстың аяқталғанын алдымен өз бригадасына
жариялады. Жұмысшылардың қуанғандары сонша, Софьяның туған
күн жайлы ойдан шығарған өтірігін аяғына шейін тыңдап үлгерместен
құрал-саймандарын тез-тез жинастырып та тастады. Софья капитан
Цирогианнистің, сосын Спиридон Деметриудің участоктарына барды.
— Пайдос! Жақсылап демалып, көңіл көтерулеріңізге тілектестік
білдіреміз. Толық жұмыс күніне ақы алыңыздар. Дүйсенбі күні
таңертең жолығысармыз.
Яннакис ақша қалтасын беліне байлады. Ақша төлеген бойда қойын
дəптеріне ықтияттап белгі соғып жатты. Софья жанында тұрды.
Яннакис соңғы адаммен есеп айырысқан кезде, бақылаушы да,
басқалары да түгелдей жотадан кеткен кезде, Софья оған:
— Яннакис, доктор Шлиман Поликсена екеуіңе қосымша демалыс
берді. Ренкейдегі туыстарыңа барып қайтыңдар,— деді.
Мəз болған Яннакистің екі езуі құлағына жетті.
— Көп рақмет, ханым. Поли шешесін сағынып жүр еді. Қазір кете
беруге бола ма?
— Бара беріңдер. Сосын өздеріңмен бірге капитан Цирогианнисті,
Лемпессис пен Деметриуді де ала келіңдер. Əрқайсысына елу
пиастрдан бер, өзіңді де ұмытпа.
Риза болған дəу жігіт тізерлей кетіп, Софьяның аяғын құшты. Бірер
минуттан соң самбырласа сөйлескен демалушылар есектеріне мініп ап,
Ренкейге қарай тепең қағып бара жатты.
Жотаның маңы құлаққа ұрған танадай тыныштыққа бөленді. Олар
оңаша қалды.
Генри көмбені қас қақпай қарауылдап тұрған. Софья Ғыссарлықта
жан баласы қалмағанын айтқан кезде əйелін шап беріп құшақтай алды.
— Сен қандай сұңғыла едің!
— Қане, не тапқаныңды көрейік.
Генри пальтосы мен жилетін шешіп, жағасын босатты да, қалқанды
былай ысырып тастады. Үстінде мыс қазан мен мыс табақ жатыр еді.
Одан соң көз жауын ала жарқыраған алтын флакон назарларына ілікті.
Софьяға дем жетпей қалғандай көрінді. Генри флаконды көмбеден
алып Софьяның қолына ұстатты.
— Таза алтын,— деді Генри дауысы дірілдеп. Сосын алтын тостақ
пен əдемі қос тұтқасы бар, қайық пошымында пішінделген алтын
кубокты алып шықты. Софья тасқа отыра кетіп, бұйымдарды ішкі
юбкасының етегімен ысқылай бастады. Бұлар да таза алтыннан
соғылған.
— Оған ешқандай күдік жоқ,— деп қостады оны Генри.— Ал, мынау
күміс бұйымдар: үш ваза, кубок пен табақша. Қалай шебер жасалған
дүниелер десеңші!
— Сонда біздің тапқанымыз не нəрсе, Генри?— деді Софья
сыбырлап.— Бұның көмбе екені анық. бірақ қалайша бəрі осындай
шағын аумаққа сыйып кеткен?
— Əнебір ұзынша мыс таспаны көрдің бе? Екі шетінде шеге қағатын
тесіктері бар. Менің ойымша бұл сандықты бекітетін ысырманыкі
болуға тиіс.
Қалақпен асықпай үңгіп жатқан ол мыс қанжарлар мен пышақтарды
бері алып шықты. Бір мезет оқыстан дауыстап жіберді де, орнынан
атып тұрды. Қолына мыстан соғылған төрт дюймдік кілт ұстап тұр еді.
— Кілт!— деп айқайлады Генри.— Сандықтың кілті. Сандықтың өзі
өртеніп кеткен, ал темір-терсегі сақталып қалған.
— Мен де кішкене қазып көрейінші,— деп өтінді Софья.
Күйеуі кішкене əрі жылжып отырды. Софья еңкейіп, көмбеден бір
үлкен күміс вазаны суырып алды. Бастарын түйістіріп, таласа-тармаса
ішіне үңіліскен олар аһ ұрып қалды: вазаның іші толған асыл заттар
екен.
— О, жасаған!— деді Софья дауысын созып. Софья талай уақытқа
шейін өзіне өзі келе алмады.
Сосын тағы да екі алтын кубок алып шықты. Бұлардың астында да
алтын сырға, сақина, түймелер мен білезіктер уыс-уыс боп шашылып
жатыр еді... Бірінші боп Генри сергіді.
— Жүгіріп үйге бар да, қызыл шəліңді алып кел. Бұл арада жан адам
болмағанымен сақтың жасағанымыз артық етпейді.
Үйлері екі жүз футтай ғана жерде еді, Софья тез барып келді. Генри
алтын флакон мен кубоктарды шəліге орап берді де, Софья оны үйге
апарып кереует астына тығып тастады. Қайтып оралған кезінде Генри
күміс вазалар мен кубоктарды, алтын əшекейлерді пальтосына орап та
қойған екен. Онысын өзі көтеріп, Софьяны көмбені күзетуге қалдырып
кетті.
Үшінші сапарда ол Софьяға асыл заттар салынған күміс вазаны
ұстатып, көпшіктің астына тығып тастауды тапсырды.
Мыс балталар мен пышақтарды, қалқанды Генри пальтоға орады да,
Софья қалған əшекейлерді, мыстан соғылған ысырма мен кілтті
қолына ұстады.
Үйге кірген бойда Генри алдымен есікті ауыр кресломен тіреп
қойды. Сосын терезе жапқыштарды жауып, Софьяға төсектегі
көрпелерді алып, таза сейсеп жаюға əмір етті. Күміс вазаны көтеріп,
ішіндегісін кереует үстіне ақтарды. Мұнда тіл байланарлықтай тамаша
нəрселер баршылық еді... Шаш түйінін ұстап тұратын алтын пластина.
Екі үлкен алтын диадема. Оның біреуі ұзындығы жиырма екі дюймдік
алтын лента түрінде жасалыпты. Самай жақтарына жеті-жеті
шолпыдан тағылыпты. Əр шолпысы бір-бірімен алтын шығыршық
арқылы үзбелестірілген он бір алтын жапырақшадан тұрады екен де,
төменде Афина бейнеленген кішкене медальонмен аяқталады екен.
Ал, маңдай жағында алтын жапырақшалармен безендірілген қырық
жеті қысқа шолпы салбырап тұр»
Екінші диадеманың ұзындығы жиырма дюйм болып шықты. Ол
түгелдей алтын шашақтардан тұрады екен. Самай жақтарына тұтастай
алтын жапырақшалардан түзілген сегіз-сегіз шолпыдан ілініпті.
Төменде жапалақ басты Афина мүсіншелері тербетіліп тұр.
Диадеманың маңдай жағы да құдайлардың алтын мүсіншелерімен
жəне алтын жапырақтармен безендіріліпті.
Генри бірінші диадеманы жоғары көтерді де, оны зор салтанатпен
Софьяның басына əкеп кигізді. Диадема оған шап-шақ екен.
— Əйел патша Шлиман! Əйел патша Софья! Троялық Елена!— деп
айқайлап жіберді Генри.
Қол жуғыш үстіндегі айнаның алдына келген Софья сусылдаған
алтын самалға қас қақпай қарап қалды. Құдай мүсіншелері салмақты
тамшыдай салбырап, жапырақшалар дыбыссыз діріл қағады.
— Ешқандай музейден мұндай ештеңе көрген емеспін!— деді Софья
ышқына үн қатып.
— Бұндайды бүкіл əлемнен іздесең таппайсың. Бұлар - тек қана
троялық дүниелер!
Генри былғары белбеулер мен қалқандарды, пышақ саптарын
əшекейлеуге қолданылатын алтын қаптырмаларды, алтын сырғалар
мен білезіктерді, жүзіктерді, жұлдыз, жапырақ, үш бұрыш, шеңбер
пошымындағы моншақтарды төсек үстіне уыс-уыс қып төкті.
Əйелін төсек шетіне отырғызып қойған Генри оның білегіне білезік
кигізіп, құлағына сырға тағып, саусақтарын жүзікке толтырды. Софья
оны бейнебір тұман арасынан көргендей халге ұшырап, тынысын
тартып тым-тырыс отыра берді.
Генри Софьяның алдына тізерлей кетті де, ернінен сүйіп алды.
Жанарында жалт еткен көз жасы ма əлде қуаныш ұшқыны ма — оны
айыру қиын еді. Сірə, құдай келбетін көзбе-көз көріп тұрған пенденің
бастан кешетін кебі бір болса тап осындай-ақ болатын шығар.
— Жаным, бұл олжамыздың қандай мəні барын анық аңғарып
тұрсың ба? Бұл Приам Троясын ашқанымыздың бұлтартпас дəлел ғой.
Міне, мынау Приамның қазынасы! Мұны мансұқ етуге кімнің дəті
бармақ? Біз ақыры жеңіп шықтық. Приамның қазына қоры қолымызда
тұр. Гектордың өлтірілгенін естіген кезде Андромаханың басынан
сырғып түсетін жалтылдақ жамылғы дегеніміз міне, мына жатқан
алтын пластина.
Софья басын қозғаған сайын алтын тіндер ақырын-ақырын
сыңғырлап тұрды.
— Генри, асыл заттар салынған сандықтың қабырға сыртында
қалуы қалай? Ол сарайдың қираған қалдықтарының арасында жатуға
тиіс емес пе еді?
— Егер басқа біреу оны бөтен жерге апарып тыққысы келмесе, ол
сонда жатар да еді ғой,— деп мырс етті Генри.— Шамасы, ол бұны ахей
əскері қақпадан лап берген кезде алып шықса керек. Əйел бұл
сандықты көтере алмайды, оны алған ер адам болуға тиіс. Өзін
ахейліктер өкшелеп қалғанын көрген ол зіл батпан сандықты былай
лақтырып тастаған ғой. Сандық жұмсақтау жерге барып түсіп,
топырақпен көміліп қалған да, көзден мəңгіге таса болған. Өзіміз де
қалқанға кездейсоқ жолыққан жоқпыз ба...
Софья келісім білдіріп бас шұлғыды.
Алтын бұйымдар дəнеңесі де құрымай сол қалпында сақталыпты, ал
мыс қалқан мен күміс жəне мыс бұйымдар мың жылдың тозаңнан
түстері тотығайын депті. Софья дөңгелек флакон мен қайық
пошымында жасалған кубокты жұмсақ шүберекпен сүртіп, жұмыс
бөлмесіндегі верстактың үстіне апарып қойды. Генри соңынан бір
адым қалмай еріп жүрді.
— Көруге көз керек!.. Трояда неткен тамаша шеберлер өмір сүрген
десеңші! Тас қалаушылық пен зергерлік еркектердің дүниедегі ең ескі
кəсібі екенін сен білуші ме едің?
— Трояда олар ойдағыдай еңбек етіпті. Генри, ал сонда мыналарды
қайтпекпіз? Мұнда мыңдаған алтын бұйымдар, мыңдаған түймелер
мен моншақтар бар... Оларды іріктеп бөліп, күнделікке сипаттап
жазамыз ба?..
Софья сөзін жұтып, оның көзіне қадала қарады: болған оқиғаның
маңызы олардың санасына енді-енді ғана жеткен-ді.
— Жоқ! Ештеңе де айтпаймыз, ештеңе де жазбаймыз!— деді Генри
үзілді-кесілді түрде.— Баға жетпес көмбемізді бұл арадан қалай алып
шығудың амалын ғана ойластыруымыз қажет.
— Олжамыздың бірде-бірін жұртқа көрсете алмаймыз ба сонда?
— Өйтуге болмайды. Жаңа заң қабылданып та қойылуы мүмкін.
Ондай жағдайда үкімет көмбені түгел кəнпескелейді.
Генри не істерін білмей абыржып, мазасызданып кеткен. Ең дұрысы
бұндай сəттерде онымен сөз таластырмау еді, бірақ Софья ойына
оралған сұрақтарының басын ашып алмақшы болды.
— Егер ескі заң əлі күшінде болса, музейге жартысын берер ме едің?
Генри оған ала көзбен қарап қойды.
— Əрине,— деп сөзін жалғай түсті Софья,— өзіңізге ең тəуірін
таңдап аламыз ғой: флаконды, диадемаларды...
— Сөйтіп көмбенің тұтастығын бұзамыз ба?! Гомердің Троясы мен
Приамның қазына қорын таптық екен дəлелден өзімізді өзіміз
айырамыз ба? Көмбені бүтіндей əкетуіміз керек. Біз оны дүние жүзінің
барлық астаналарында: Афиныда, Берлинде, Римде, Лондонда, НьюЙоркте көрсетеміз. Бұл тек маңдай теріміз бен арманымызға
адалдығымыздың ғана өтемі емес, бұл сонымен бірге патша сарайын
қазып шығарғанымыздың да айдан анық дəлелі.
Генри болашақ өмірін, жаңа қазбаларын осы көмбеге орайластырып
отырған болатын.
— Сонда сен бұны қалай алып кетпексің?
— Аполлон бейнеленген метопаны əкеткен жолмен əкетем.
— Ал, капитан Теодору Бесік мойнағына қашан келмекші еді?
— Бір жарым аптадан соң.
— Ендеше қазынаны тығып қоюдың амалын ойластыру қажет
шығар...
— Бұларды тазалап сүртіп, сұрыптап, ескі көйлектеріңе орап жол
сандығына салып тастаймыз. Сосын мен десятниктерге маусым екі
аптадан кейін, мəселен 14 июньде аяқталатынын мəлім етем. Бұл
жинала беруімізге тəуір желеу болады. Қазба жұмысын бірден
доғармаймыз, бірақ құрал-саймандарды біріндеп қайтар жолға əзірлей
береміз. Мен мұнда ештеңе қалдырмай түгел алып кеткім келіп тұр.
Қазба аяқталды, періштем. Біз дегенімізге жеттік. Мына көмбе, Үлкен
мұнара, Скей қақпасы, тас төселген жол, Приамның сарайы — бұдан
соң Трояның өмірде болғандығына сенбеу мүмкін бе?
Софья диадемасын алып қойды да, сейсепке төгілген алтындарды
бір жерге жинап үйе бастады.
— Адольф Лоран келген соң Европадағы күдікшілдердің ауызына
құм құю үшін одан өз жұмыстарымыз жайлы чертежге түсірілген ақпар
дайындап беруін өтінем. Екеуіміз бірлесе отырып жотаның Фрэнк
Калвертке тиесілі жағын қосып есептегендегі қалған бөлегіне
жасалатын қазбалар жобасын əзірлейміз. Бұл болашақ жұмыстардың
жобасы болмақ. Калверттермен əлі-ақ татуласып кететінімізге титтей
де күдігім жоқ.
Түні бойы олар бұйымдарды тазалап, сұрыптап, Софьяның ескі
костюмдері мен көйлектеріне орап сандыққа мұқияттап салумен
шұғылданды. Бұл жұмыс тек таң бозарып атқан кезде ғана аяқталды.
Генри күнделігін əкеліп, жиырма беттейін толтырды. Бірақ, бірде-бір
сипаттама жасаған жоқ. Генридің иығынан үңіле қараған Софья оның
желе-жортқан қаламына азар ілесіп отырды. Ол бір жазғанын қайта
сызып əуреге түсіп жатқан — бұрын күнделігін ешқашан бұлайша
шатпақтап көрген емес-ті. Мейлінше абдырап, əбігерленіп отырған.
Аса бай көмбе табылғанын айтқысы-ақ келеді, қай жерден табылғанын
көрсетуге құштарланады, бірақ көмбеден не табылғанын хабарлаудан
ат-тонын ала қашады. Қиын шаруа екені анық! Софья оның иығына
қолын қойды.
— Болашақта мына күнделікке көз жіберген адам сенің Приам
патшаның қазынасын қай жерден, қашан тапқаныңды айтпай-ақ
аңғаратын болады. Ал, енді ұйықтайық. Əбден діңкеледік қой.
Сандықты кілттеп, юбкаларыммен бүркеп, түкпірге қарай ысырып
қойдым.
Генри күнделігін жауып, жұмыс бөлмесіне апарып тастады.
— Бүгін жексенбі ғой. Бізді оятуға ешкім де келмейді,— деді Софья
ұйқылы-ояу үнмен.
Шаруалар егін орағына кіріскен-ді. Генридің қарауында алпыс
жұмысшы ғана қалды.
— Маған да керегі осы,— деді ол Софьяға.— Қазір алдымда тұрған
міндет біреу ғана, ол — Скей қақпасының оңтүстік жағындағы
қорғаныс қабырғаларын ақырына шейін аршып шығу. Менің
мақалаларым мен кітаптарымнан кейін Трояға қарай тəу етушілер
шұбыра бастайтындықтан, сарайды, əсіресе үстіңгі жағында кейіннен
салынған құрылыстары жоқ жиырма футтық бөлмесін, əлі де
қазыңқырасам деймін.
Үлкен мұнараның батысы мен солтүстік-батысынан жүргізілген
траншеяларды бір-бірімен жалғауға кедергі келтіріп тұрған биік
жарды опыру үшін ағаш үйлерін құлатуларына тура келді.
— Қандай өкінішті. Біз онда көптеген бақытты күндер өткізіп едік,
ол көптеген қуанышымызға куə болып еді,— деп өкінді Софья.
— Егер археолог боп қалатын болсаң ондай бақытты күндер бізге
əлі талай кезігер. Ал, біз сірə енді өмір бойы археолог болып қалған да
шығармыз,— деді Генри.
Көмбе жайлы біреудің бірдеңе біліп қоюы адам сенбейтін нəрсе еді!
Əуелі олар бұны жұмысшылардың жеке бастарының мазасыздығы
шығар деп жорамалдаған: өйткені, жұмысшылар орақтан кейін
өздерінің мұнда қайтып оралмайтындарын, жотаны тып-типыл ғып
қазу сияқты қызық-шыжығы аралас жұмыспен енді онша ұзақ
шұғылданбайтындарын біліп жүрген.
Генри жұмыс көлемін ықшамдап, Яннакис қол арбаларды тазалап,
майлап, жолға əзірлеп жатқан. Осының салдарынан қазбадағылардың
көңіл ауанына азды-көпті өзгеріс еніп, жұрттың мінезі түрленгені
байқалып та қалған. Қабырғаны тазалау барысын көріп қайтуға келген
Генри мен Софья грек жұмысшыларының өздеріне оқшырая
қарайтынын сезіп жүрді. Түріктер өзара сыбыр-күбір əңгіме айтып
тұрады да, бұлар жақындаса қоя қояды. Генри бір шатақтың шыққалы
жатқанын сезді. Бақылаушы Əмин əпенді бұлармен кездескен кезде де,
ең тəуір деген олжаларды былқ етпестен музейге бөліп алып жатқан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 21
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.