Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 30

Total number of words is 3934
Total number of unique words is 2135
31.6 of words are in the 2000 most common words
44.7 of words are in the 5000 most common words
51.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
өйткені екі аптадан кейін-ақ Микен суға бөгіп жатуға тиіс-тұғын. Генри
жұмысшыларын асықтыра түсті. Төртінші қабірді — төрт тас
қабырғаның нобайын — олар Софья тапқан алтарьдың астынан, алты
фут тереңдіктен ұшыратты. Бұл іштеріндегі ең аумақты қабір боп
шықты — ені он сегіз, ұзыны жиырма төрт фут екен. Алтарь оның нақ
ортасына орналасыпты.
Төмен қарай бес фут тереңдікке олар тез-ақ жетті. Малта тас көзге
шалынған бетте Генри жұмысшыларды босатып жіберді де, əрі қарай
Софья мен Спирос үшеуі қаза бастады. Дымқыл да ызғарлы шұңқырда
тізерлеп отырған күйлері топырақты пышақпен қопсытуға кірісті.
Табанды еңбектері текке кетпеді. Ұзамай-ақ малта тастардың үш
дюймдік қабаты көрінді; оны сыпырып тастау онша қиындыққа
түспеді. Астында қалыңдығы бір дюймдей ақ саз қабаты бар екен.
Қабірдің бір қабырғасы жартастан қашалыпты; биіктігі он футтай бұл
қабырға көлбеулеу болатын жəне бұған да тепкіштер ойылыпты. Басқа
қабірлердің қабырғалары сияқты қалған үш қабырға да тастан
қаланып, кристалдың сланец қиыршықтары қосылған ақ сазбен
сыланыпты. Саз қабатын абайлап алған кезде астынан ағаш көмірі мен
киімнің күлі, баяу жанған отпен өртелгендігінің белгісі бар екі қаңқа
шықты. Бұлар да басқа қабірлердегіге ұқсасты, бір ғана
айырмашылығы — беттерінде үлкен алтын маскалар жатқан болатын.
Жерлеу отынан жəне қатпарлардың ауыр салмағынан бір маска əбден
бүлініпті. Генри оны қол орамалымен сүртіп көрген, бірақ мыңдаған
жылдар бойы жатқан күл асыл металға берік кірігіп қалған екен.
Масканы Софьяға ұсынды.
— Зейін салып қарашы, Софидион. Бет-əлпетінің нобайын аңғаруға
болады-ау деймін. Бұл, əрине, жас жігіт қой — жүзі сопақша, кең
маңдайлы, гректерге тəн ұзын мұрынды, ауызы кішкентай, еріні де
жұқалау. Көздері жұмық, бірақ кірпіктері мен қабақтары анық
ажыратылады.
Екінші маска мүлдем басқа кейіпті бейнелейтін. Бұл жай ғана маска
болмай, патшалардың ертедегі зергерлер жасаған, қайтыс болғаннан
кейінгі портреті боп жүрмесін! Екінші масканы қолына алып, зер сала
қарап шыққан Софья осы ойын орнықтырып та қойған. Əміршінің жүзі
дөңгелек, жақтары етжеңділеу, маңдайы қушықтау, мұрыны сорайған
ұзын еді; ауызы кішкентай, еріні жұқалау болатын. Алғашқы
маскадағыдай бұның да көздері жұмық, кірпіктері мен қабақтары анық
көрініп тұр.
Маскалар ақырын ғана былай шығарылып қойылды. Стаматакис сол
бойда-ақ қағып ап, қапқа тығып тастады. Қатты толғаныс үстіндегі
үшеу — Генри, Софья мен Спирос күлді қопсытып отырып, бес үлкен
мыс қазан тауып алды. Төртеуінде тек күл мен топырақ қана бар екен,
ал бесіншісіне ернеуінен келтіріліп алтын толтырыпты. Оның ішінде
сурет бедерленген алтын фольгамен қапталған жүздеген түйме бар
боп шықты. Бұған бір шаттана үн қатып қойған олар пышақтарын
қолдарына алып жұмыстарына қайтадан құлшына кірісіп кетті. Келесі
олжа — сиырдың күмістен соғылған үлкен басы болды. Оның
жартылай шіріген ағашпен толтырылған қайқы мүйізі алтыннан
жасалыпты. Маңдайында — өрнекпен безендірілген диаметрі екі
дюйм алтын күн бар. Қуаныштан жүзі нарттай жанып шыға келген
Генри:
— Бұл Микеннің қамқоршысы Гераның бейнесі екеніне дау жоқ—
деп дауыстап жіберді.
Олар тездетіп түскі тамақтарын ішіп алу үшін ғана үзіліс жасады.
Жиырма үш футтың тереңдікке қайта түскен бойда оларға тұтас бір
арсенал кезікті: мұнда жиырмаға жуық қола семсер мен көптеген найза
бар боп шықты. Ағаш қынның алтын əшекейлері мен екінші қабірдегі
бірінші қаңқадан табылғанға айна-қатесіз ұқсас бірнеше алтын
қаптырма-инталиялар да осы арада жатыр еді.
Жұмыс күнінің аяғына дейін тағы да бірнеше қола қазан, күміс жəне
алтын вазалар қазып шығарылды. Бұлардың ара-арасында көптеген
ұсақ алтын пластинкалар шашылып жатқан-ды. Спиростың да жолы
болып, аса сирек кездесетін, алтыннан құйылған белдік тапты.
Əйтсе де жұмысты тоқтатуға тура келді. Оны тоқтатуға себепші
болған нəрсе губернатордың келуін жаны қалмай күтіп жүрген
Стаматакистің бұйрығы емес, Археологиялық қоғамның қойған талабы
еді. Сол күні Афиныдан телеграмма келіп, онда профессор Спиридон
Финдиклистің жедел түрде Микенге бара жатқаны хабарланып, доктор
Шлиманнан қазба жұмыстарын уақытша тоқтата тұру өтініліпті. Екі
жұмыс күнін босқа жоғалту өте өкінішті болды, өйткені бүгін-ертең
жаңбыр жауып кетуі ықтимал-ды. Бұл өкініштерінің орынын
толтыратын жалғыз ғана нəрсе — Микенге ескі достары профессор
Финдиклистің келе жатқандығы еді. Профессор август айында
өздерімен бірге Тиринф пен Микенді аралап көріп кеткен.
Стаматакистің көңілі жай тапты — бағалы олжалардың тағдырына
енді жоғары бастықтар жауап бермек. Оның үстіне алтын олжалар мен
қабірлерді күзету үшін Микенге солдаттар жіберілді деген хабар алды.
Ол тіпті Софья мен Генриге жексенбі жəне дүйсенбі күндерінде өз
шолаңында жұмыс істеуге де рұқсат берді. Екі күн бойы тынымсыз
еңбек еткен олар Микен жайлы болашақ кітапта айтылатын көптеген
маңызды олжалардың сипаттамасын жазып үлгерді.
Дүйсенбі күні таңертең, шоланға барардың алдында Генри
Лондондық «Таймсқа» арналған мақаласын жазып бітірген. Мұнда ол:
төртінші қабірден əзірге екі қаңқа ғана табылды, əйтсе де ежелгі дəуір
авторларының жазбаларында айтылатын «батыр қолбасшы»
Агамемнон, Кассандра, Эвримедон мен олардың серіктерінің дəл осы
қабірде жерленгені анық, деп жазған-ды.
Профессор Спиридон Финдиклис сейсенбі күні таңертең таң
алагөбеңде келді. Соған қарағанда Нафплионнан түнде шықса керек.
Генри оны сол бойда шоланға ертіп барып, табылған қазыналарды
көрсетті. Айран-асыр болған Финдиклис жүздеген əшекейлерді,
маскалар мен диадемаларды есі кете аударып-төңкерістірді.
— Сіз шынында да патша қабірлерін тапқан екенсіз!— дегенді де
айтып қалды.
Профессордың бұл сөзіне көңілі өскен Генри:
— Жүріңіз, қазба басына барайық. Төртінші қабірден басқа да
мүрделерді табатынымызға күмəнім жоқ. Дүниеден өткен патшаларды
өз көзіңізбен көргеніңізді қалап тұрмын — олар басынан бақайшағына
шейін алтынға көмілген. Ауызбен айтып жеткізгісіз көрініс!— деген
ұсыныс білдірді.
Жотаға олар атқа салт мініп кетті. Жолда келе жатқан кездерінде
Генри досына əлсін-əлі көз қиығын тастап, оның ғылымда қол
жеткізген табыстарын саралаумен болды. Финдиклис университетті
Афиныда аяқтап, докторлық диссертациясын Германияда жазған.
Грецияға қайтып оралған соң алдымен орта мектепте сабақ беріп,
кейін университеттің грек филологиясы профессоры боп сайланған.
Ұзақ уақыттар бойына грек Археология қоғамының вице-президенті
болған. Бұл екі адам бір-бірін қатты қадірлеп, сыйласатын, бірақ
ғылымға деген қарым-қатынастары мүлдем қарама-қайшы еді.
Шлиманға шамадан тыс тез тұжырым жасайды жəне онысын сол
бойда баспа бетіне жариялап жіберуге асығады, соның салдарынан өз
пікірін өзі жоққа шығарып жатады деген кінə тағылатын. Ал,
тіршіліктегі тəуекелшілдігі бір басына жетіп артылатын Финдиклис
жинақтаған материалдарын жариялауға келгенде шектен тыс сақтық
жасайтын. Ол қазір алпыс екіде еді. Бірақ осы жасқа келгенше бірде-бір
мақала жариялап көрмеген-ді жəне бір əріптесінен өзі өлген соң
барлық жазбаларын өртеп жіберуді өтінген болатын. Ол Шлиманның
батылдығын қадір тұтатын. Сөйте тұрғанымен, көзқарастарын,
тұжырымдарын, тіпті жай жорамалдарының өзін жүз мəрте тексеріп
барып жариялау дегеннің не екенін білмейтін бұл ержүректің ерте ме,
кеш пе, ғылыми адасудың Микен патшаларының қабірлерінен де гөрі
тереңдеу шұңқырына құлайтынына сенімі толық еді.
Жолай профессор Финдиклис Софья қазып шығарған дромос пен
қазына қоймасын көрмекке кідірді. Микенге август айында келген
кезінде бұл арада елеусіз ғана оба тұрған-ды. Ол Софьяны ғылымға
қосқан жаңалығымен құттықтады. Өткен жолы келгенінде Арыстандар
қақпасына барар жолды топырақ пен тастан, циклоптық кесектерден
тұратын қалыңдығы он футтың қатпар жауып жатқан. Шлиманның
еңбегін ерекше жоғары бағалаған профессор мақтауға сараңдық
жасаған жоқ — ежелгі заманның ғажайып ескерткіші қазір толық
аршылып, көрер көзді сүйсіндіріп тұрған болатын.
Олар төртінші қабірдің ішіне түсті. Профессор Финдиклис табылған
екі қаңқаны қарап шықты. Шлиман бұларды жоғары көтеріп
əлектенгісі келмеген.
— Көне дəуір патшалары екендігіне күмəн жоқ,— деді профессор.—
Бірақ, не себепті бұл қабірде басқа да жерленгендер бар деп ойлайсыз?
— Өзіңіз көріп тұрған жоқсыз ба, біз мына аумақтың тек үштен бірін
ғана түбіне дейін қаздық қой.
Генри Деметриосты, Аяксты жəне тағы да екі Дасисті шақырып
алды. Қолдарына күрек, себет ұстаған жер қазушылар баспалдақ
арқылы төмен түсті. Таяқтың ұшымен тік төрт бұрыш сызып берген
Генри топырақтың беткі қабатын абайлап алып тастауларын сұрады.
Ол бұның астынан тағы бір малта тастар төсенішін тауып қалармын
деп үміттеніп тұр еді. Олар екі сағаттай қазып, топырақты жоғары
тасумен болды. Күректерге ұсақ тас іліге бастағанда Генри бұрынғы
əдеті бойынша жер қазушыларды босатып жіберді. Профессор да іске
кірісіп кетті. Көп ұзамай топырақтың соңғы қабаты сылынып, малта
тастар көрінді.
— Егер мұнда қаңқалар болса, онда олар малта тастардың осы
қабатының астында жатыр. Қаңқалардың астында осындай қабат жəне
бар. Қайтыс болғандарды кремациялаудың мұндай əдісі жайлы бұрын
ешқашан естімегенмін. Малта тастардың бұл екі қабаты, шамасы,
оттың тартымын азайтып, киім мен ағза жанып кетіп, сүйектер мен
асыл заттардың аман сақталуын қамтамасыз ететін болса керек.
Қабірден тағы да үш жерлеу алауы табылды. Үстеріндегі малта
тастар қабатын алып тастаған кезде бастары шығысқа қаратылған үш
қаңқа көрінді. Алтын маскаларды көзі шалған Финдиклис өзін-өзі
ұстай алмай таңдана дауыстап жіберді. Қаңқалардың кеуде тұсын
жалпақ алтын пластиналар жауыпты, бастарында — розеткалармен
жəне қалқан тəрізді қаптырмалармен əшекейленген алтын тəж бар. Бір
қаңқаның жанынан жапырағы жыпырлаған үлкен гүлі бар білезік
ұшырасты.
— Қандай үлкен білезік, қарапайым пенделердің қолына емес,
аяғына тағуға болатындай,— деді Генри масаттанып.
Таң-тамаша болған профессор Финдиклис білезікті шыр айналдыра
қарап шықты. Осы арадан екі үлкен алтын мөр-сақина табылды.
Бірінде екі айғыр жегілген əскери күймеде отырған аңшы, екіншісінде
майдандағы қанды шайқастың эпизоды —бір жауынгердің үш
дұшпанына дес бермей жатқаны бейнеленіпті.
Софья, Спирос, Генри жəне оларға бүгін қосылған профессор
Финдиклис төртеуі жаңадан табылған үш қаңқаның төңірегінде бүгжең
қағып жатты. Айналатын жер жоқ еді. Таспен қапталған тоғыз футтың
қабырға көлбеулеу болғандықтан қабірдің түп жағы тарыла түсетін.
Сəске түсте Софья Аяксты жұмсап, қабірдің ішіне тамақ алдырды.
Сондай-ақ, қол жуатын су мен қол сүртетін таза шүберек те əкелдірді.
Софья еркектерді кішкене кідіре тұруға көндірді. Жарға арқаларын
сүйеген күйлері жерге отыра кетіскен олар шарап ішіп, нан, сүтсірне,
зəйтүн жемісін жеді. Əрі маскалар мен тəждерді, білезіктерді бір
қолдан екінші қолға өткізіп, зергерлік шеберлікке таңдай қағысумен
болды. Бұлардың қай заманға жататындығы жайлы өз болжамдарын
айтысты. Үшінші масканы зер сала қарап отырған Генри:
— Мына масканың езуіндегі əжімдер, жұқа еріндерін қатты
жымқырып алған үлкен ауызы бұның егде адамның портреті
екендігіне күдік қалдырмайды,— деді.
Финдиклис маскалардағы кескіндердің біздің заманымызға жеткен
мүсіндердегі батырлар мен құдайлардың кескіндеріне мүлдем
ұқсамайтынын атап өтті. Бейне бір көне қабірдің сызды салқынынан
тоңазыған денесін жылытқысы келгендей Генри Софьяны иығынан
аялай құшақтады.
— Мына маскалардың осы арада жерленген атам заманғы
патшалардың əлпетімен портреттік ұқсастығы бар шығар, деген
болжамды бірінші боп Софья ханым айтты,— деді ол мақтанышпен.
— Шынында да бұлар осы патшалардың портреті болуға тиіс,— деп
келісті Финдиклис те.
Тағы да бірнеше сағаттай қазған олар тоғыз алтын ыдыс тапты.
Біріншісі — қос тұтқасы бар үлкен тостақ еді, одан соң əрқайсысында
тоғыз-тоғыздан параллель жүргізілген концентрациялық сызықтары
бар екі алтын кубок, қақпағы жəне үлкен тұтқасы бар шарап құятын
əдемі құмыралар жарыққа шықты. Бұлардың бірқатары айқыш та
ұйқыш қиылысып жататын линиялық өрнекпен айшықталып,
екіншілері
семсерлер
бедерленген
жалпақ
жиектемемен
əшекейленіпті. Бір кубоктың тұтқасы алтын шегелермен шегеленіпті.
Бұған Генри бəрінен ұзақ шұқшиды.
— Дəл осындай кубокты Троядан, қадым заманғы төрт қаланың
ішіндегі ең көнесінен, елу фут тереңдіктен тапқаным бар-ды. Тек бір
айырмашылығы ол саздан жасалған болатын.
Жардың нақ іргесіндегі үшінші қаңқаның астын қазып жатқан Софья
күлдің арасынан салмақты алтын кубок тауып алды. Оның белдеу
тұсына он төрт розеткадан тұратын өрнек жүргізіліпті. Тіпті кубоктың
тұтқасына да əшекей салыныпты. Финдиклис оны қолына ұстап
салмақтап көрді — алтынның салмағы төрт фунттай бар-тұғын.
— Мына кубок өздеріңіз Микеннен тапқан өнер туындыларының
ішіндегі ең таңдаулыларының бірі,— дегенді айтып қалды ол шаттана
күлімсіреп.
Ортадағы қаңқаның астындағы малта тастар қабатын қазып жатқан
Генри тұтқалары шығыңқылау келген, екі алтын көгершінмен
əшекейленген тағы бір үлкендеу кубок тауып алды. Толғаныстан жүзі
құп-қу боп кеткен ол Финдиклиске көз жіберді.
— Мына кубоктың «Илиададағы» Нестор
сипаттамасына аумай ұқсап тұрғанын қараңызшы:
кубогының Нелид үйден ала шыққан əкелді əсем кубокты Өне бойы алтын шеге.
Төрт тұтқасы бар шығыңқы. Əр тұтқада алтыннан соққан екі ұрғашы
көгершін Жем шоқып жатқан тəрізді. Түбі оның қос қатпар.
Олар күн қараңғы тартқанша қазумен болды; Спирос та, өзге үшеуі
де небір ғажап дүниелерді бірінен соң бірін тауып жатты; таң-тамаша
болған дауыстар да жиі естіліп тұрды. Спирос ұзын да тік тұтқасы бар,
бітімі бөлекше күміс құмыра тауып алды. Міне, розеткалық əшекеймен
безендірілген, иыққа ілетін үш алтын аспа жарық дүниеге келді. Міне,
шашылып жатқан үлкенді-кішілі янтарь моншақтар — барлығы жүз
дана екен. Генри оның бір уысын жанындағыларға əперді де, аналар
қолдан қолға өткізіп, қарай бастады.
— Приам қазынасындағы мыңдаған алтын моншақтар тəрізді
мыналардың да алқа түрінде тізілгені айқын,— деді Генри.—
Профессор Финдиклис, мына моншақтардың патша қабірлеріндегі
қазына арасынан табылуы янтарьдың Микен дəуірі кезінде аса жоғары
бағаланып, қымбат əшекейлер даярлауға пайдаланылғанын
дəлелдемей ме?
Үзілді-кесілді пікір айтуға қаны қас Финдиклис əдетіне сіңген
əдісіне басып:
— Бəлкім, дəлелдейтін де шығар. Көне дəуір тарихы жайындағы
кітаптарды ақтарып көру керек. Афиныға оралған соң Ұлттың
кітапханаға барармыз,— деді.
Ертеңіне олар таң елең-алаңнан тұрды. Генри алтыннан соғылған
үш миниатюралық ғимарат тауып алды. Бұл оны дал қып қойды.
Мұқият қарап шыққаннан кейін олжасын Софьяға көрсетті, ол
профессор Финдиклиске берді. Үшеуі де жарыса сөйлеп, өз
болжамдарын айтып жатты.
— ...Бұл сонда не болуы мүмкін?.. Ғибадатхана макеттері ме?..
Біреуінің шатырының үстінде қос көгершін бар. Бағаналары да қамал
қақпасындағы арыстандар арасындағы бағана тəрізді!
Қабір қазу жұмысы басталғалы бері тұңғыш рет тізерлеген
Стаматакис те малта тастар мен күл-топырақты қопарыстыруға кірісті.
Енді қабірдің түбінде бес адам жанталаса жұмыс істеп жатыр еді.
Табылған олжалар да өте көп болатын: төрт алтын диадема; əсем
ернегі бар жіңішке алтын белдік; əлде шаш түйрегіш, əлде əншейін
əшекей екені белгісіз салмақты алтын түйреуіштер; сом алтыннан
құйылған арыстан күшігі; ортасы дəнекерленген үш алтын
пластинадан жасалған жұлдыз; алтын сақиналар; жұқалау алтын
пластинкадан жасалған екі кішкене балта; майырылған тісі бар мыс
шанышқы; алебастр вазалар; құмыраларға арналып сүйектен жасалған
əдемі қақпақтар; аяқтары буйвол аяғы пошымында пішінделген,
ортасы қуыс мүсінше — шамасы, бұл ваза орынында пайдаланылған
болса керек...
Уақыттың қалай өткенін ешкім байқамады. Бет-ауыздары күйе-күйе
боп, саусақ арасынан топырақ себелеп жатыр. Күн салқын болғанымен,
оқтын-оқтын алақандарының қырымен тер тамшыларын сыпырып
тастайды. Шалбарларының тізелері ақ сазға боялды, Софья
юбкасының да балшыққа былғанбаған жері қалмады.
Кешке таман, күн еңкейген кезде, оларға тағы да мол олжа кезікті:
алтын фольгамен қапталған, крест пошымындағы түймелер; жүзге
жуық кішкене алтын гүл, жүзден астам дөңгелек алтын қаптырма,
тағы да ұзын қарамы жүзге жуық, ойып өрнектелген, қалқан тəрізді
алтын дискі... Олар енді таңырқап-таңданудан да тыйылған, өйткені
жаңа бұйымдар жер қойынынан бірінен соң бірі шығып жатқан
болатын: күміс кубоктар, тостақтар, вазалар, имектеу алтын тұтқасы
бар ағаш тарақ, бір қалыпта құйылған тəрізді елуге жуық алтын
каракатица, обсидианнан жасалған жебе ұштары, дүниеден өткен
əміршілердің дулығаларын əшекейлеуге пайдаланылған қабанның
алпыс тісі... Бұл жолы «Илиаданы» профессор Финдиклис жатқа соқты:
...Лаэртид ердің басына тері дулыға кигізді, Қайыспенен ішінен
қатты етіліп таңылған; Ал, сыртынан азулары ақсияды қабанның,
Қатар-қатар етіліп, дулығаға қадалған; Төбесі оның сырнамен жұмсақ
қапталған...
Енді мыс семсерлер, найзалар, ұзын селебелер шыға бастады.
Сондай-ақ, жалпақ бас алтын шегелермен безендірілген алебастр тұтқа
да табылды.
— Алебастрдан жасалған мынадай шар тəріздес тұтқаларды
Троядан да тапқанбыз, бірақ бұның қанжар сабы екенін білмегенбіз,—
деді Генри.
Софья да сөз қосты.
— Есіңде ме, Генри, сен бұларды есік тұтқалары шығар немесе
асатаяқтың балдағы болар деген болжам жасап ең ғой?
Күн қараңғыланған кезде, отыз мыс ыдыс пен үш аяқты қазан қазын
шығарылды: «Илиада» мен «Одиссеяда» мұндайлардың ойын
жеңімпаздарына табыс етілетіні айтылған. Ал, қабірдің іші əбден
қараңғы тартып кеткен кезде олар тау боп үйіліп жатқан устрица
қауашақтарына тап болды. Бұлардың кейбірінің ауызы жабық еді.
— Ежелгі Мысырдағыдай мұнда да қабірлерде тағам
қалдырылатын,—деп түсіндірді Генри.— Ал, айналамызда шашылып
жатқан керамикалық сынықтар Грецияда күні бүгінге шейін сақталып
келген тағы бір дəстүрді: дүниеден өткен достың қабірі үстінде су
құйылған ыдысты сындыру рəсімін еске салады.
Айрықша нəзік алтын бұйымдарды жоғарыға қапқа сап көтерген
кезде шеттері опырылып қалатынына Стаматакис үшінші қабірді қазу
кезінде-ақ көңіл аударған. Сол себепті Харватидағы ағаш ұстасына
бірнеше шағын ағаш жəшік жасаттырған. Маскалар, диадемалар,
білезіктер мен алуан түрлі əшекейлер жер қойнынан жарық дүниеге
ағыл-тегіл ақтарылған бұл күні ол олжаларды жəшіктерге өз қолымен
мұқияттап орналастырып, қақпақтарын қиюластырып жауып,
жанындағы жəрдемшілерінің біріне беріп тұрған. Ал, анау мұны
баспалдақпен жоғары шығарып, Афиныдан келген төрт солдат
күзеткен арбадағы басқа жəшіктердің қасына апарып қойып жатқан.
Күндізгі жұмыс тəмамдалып, қалған жəшіктер жоғары көтерілді.
Олар үйге арбаның соңынан еріп жаяу қайтты. Стаматакистың үйіне
жеткесін арбадағы жүк жерге түсірілді де, солдаттар күндіз табылған
қазынаны шоланға кіргізуге көмектесті. Солдаттар шығысымен
Стаматакис есікті жауып, екі жерден шам жақты. Қатты
шаршағандарына қарамастан бəрі де айрықша шат көңілде болатын.
Жəшіктердің қақпағы ашылған бойда қазына төңірегіне топырласып,
жер май құйылған шамдардың жарығымен жұмсақ жылтырап жатқан
көне алтынның сұлулығына сұқтана қарасып тұрды.
Шлимандарды қандай зор жұмыстар күтіп тұр еді десеңізші! Əр
бұйымды өз алдына суретке түсіріп, сипаттамасын жазып, каталогқа
енгізу керек-тұғын. Ал, қазір тек осынау тамаша бұйымдарды қолға
ұстап көруден басқаға мұршалары жоқ-ты. Есік қағылды. Стаматакис
ішке Иоанна Дасис пен оның үлкен қызын кіргізді. Олар ыстың тамақ
пен бір бөтелке узо əкеліпті. Үстеріне жүннен тоқылған қоңырлау
жекет киіпті (түнге қарай қатты суытып кететін). Еркектер мия
тұнбасын жұтып алған соң, зор тəбетпен тамақ ішуге кірісті. Іштеріне
ел қонғаннан кейін, əскери кеңес ашты. Алтынды қалай сақтаған жөн?
Есен-аман қалпында Афиныға қалай жеткізу керек? Стаматакис адам
танымастай боп өзгеріп кеткен еді — кішіпейіл де жайдары, инабатты.
Өз дегені болмаса көнбейтін қыңырлықтан жұқана да жоқ. Бір кезде ол
профессор Финдиклистен дəріс алған-ды.
— Профессор,— деді ол,— Афиныға қайтарда мына алтынды
өзіңізбен бірге ала кетсеңіз нетер еді? Мен бəрін де мұқият буып-түйіп
берем, жаныңызға солдаттар ереді, олар қазынаны пароход бортында
күзетіп тұрады.
— Қарсы емеспін. Қоғамға телеграмма салып, Пирейге күзетші
жіберулерін сұраймын. Ол жерден қазына бірден Ұлттық банкіге
апарылатын болады.
Софья Генридің тістеніп алғанын, өңінде ызалы күлкінің табы
барын аңғарды. Софья оның ойын оқып тұрғандай еді: «Қабірлерді мен
таптым. Бұларды қазып, ежелгі заман патшаларының сүйектерін
ашқан да — мен. Көне цивилизацияның орасан мол қазынасын жер
бетіне алып шыққан да — мен. Əйтсе де мені былай ысырып тастап
отыр. Тіпті ақылдаспайды да. Мына баға жетпес коллекцияға
ойларына не келсе соны жасамақ. Ал, Афиныда тіпті атым ауызға да
алынбайтын шығар. Шын мəнінде осының бəріне менің арқамда ғана
қол жетіп отыр ғой. Бұған қанша еңбек, ақша, ақыл мен қайрат
жұмсадым десеңші! Бірақ, бұлар үшін бөтен, жат біреу боп шықтым.
Енді оларға қажетім жоқ...»
Дасистердің үйіне қайтып келе жатқан жолда олар акропольдың
басынан жанып тұрған отты көрді — жылынудың қамын жасаған
солдаттар күзет алаңында от жағып жатыр еді. Генри таң-тамаша боп
тұрып қалды — оған тарих тіріліп кеткендей көрінген. Серіктеріне
арнап айтқаннан көрі, өзіне өзі сөйлегендей болып:
— Микен жаңа дəуірге дейінгі 468 жылы құлаған болатын. Енді,
міне, арада екі жарым мың жыл өткен кезде, қамалда қайтадан əскери
гарнизон орналасып, бүкіл Аргос алабына анық көрінетін алау жанып
тұр. Бұл алау бізді Клитемнестра мен оның нақсүйеріне Агамемнонның
Троядан қайтып келе жатқанын хабарлап, төбе-төбенің басында от
лапылдаған заманға оралтқандай боп тұр...— деді.
Екінші бөлмеге орналасқан профессор Финдиклиске қайырлы түн
айтқан Генри мен Софья өз бөлмелеріне өтті. Софья ұйықтауға жатты
да, Генри қағаз-қалам алып, кішкене тумбочканы алдына қойып,
король I Георгке телеграмма жаза бастады:
«Атадан балаға жеткен аңыз бен Павсанийдың жазбаларында
Клитемнестра мен оның нақсүйері Эгист той үстінде өлтірген
Агамемнонның, Кассандраның, Эвримедонның жəне олардың
серіктерінің көрханалары деп есептелетін қабірлерді тапқанымды
Сіздің ұлы мəртебеңізге зор қуанышпен хабарлаймын. Қабірлер тас
тақталардың қос шеңберімен қоршалыпты... Мен одан орасан мол
қазына — таза алтыннан құйылған көптеген көне бұйымдар таптым.
Тек осы қазыналардың өзі ғана бір музейді толтыруға жетер еді
жəне өзінің орасан зор байлығымен əлемдегі басқа музейлердің
бəрінен асып түсіп, Грецияға мыңдаған шет елдіктерді шақырар еді.
Барлық іс-əрекетімнің дем берушісі ғылымға деген махаббат болуы
себепті мен, əрине, қазыналардан ештеңе дəметпеймін. Оны Грецияға
сыйға тартуды өзіме бақыт санаймын. Бұл қазыналар болашақ ұланғайыр ұлттың байлық негізделетін іргетас болсын».
Генри шырт ұйқыда жатқан Софьяны иығынан қозғап оятып алды.
Оянған бойында қолына телеграмманы ұстатты.
— Есімімізді көлеңкеде қалдырғым келмейді. Афиныға қайта
оралып, олжаларымызды сараптауға кіріскенімізде бізге онсыз да көп
кедергі келтірілмек. Троя мен Приам қазынасынан кейінгі кепті бастан
кешіп, тағы да талай уақыт сабыларымыз анық. Мен өзім шабуылға
шыққанды жөн көрдім.
Софья телеграммаға көз жүгіртіп өтті. Мақұлдап бас изеп, парақты
Генриге ұсынды.
— Дұрыс істедің. Криттіктер
жауырыныңды көрсетпе.
айтатындай:
жауға
ешқашан
Ертеңіне, 30 ноябрь күні таңертең, Генри меандр өрнегі бар
құлпытас стеламен белгіленген бесінші қабірді қазуға кірісті. Бұл кезде
Софьяның жұмысшылары жиырма футтан артығыраққа тереңдеп,
тағы да екі қарапайым стелаға кеп тірелген-ді. Ал, тағы да үш футтан
кейін қабірдің өзі де табылды. Шахтаға Генри, Софья, Спирос,
Финдиклис пен Стаматакис бесеуі түсті. Бұлармен бірге түскен
Деметриостың таңдаулы жер қазушылары қабір түбіндегі топырақты
түгелімен жоғары шығарды. Қабірдің ұзындығы — он екі, ені — он,
тереңдігі бар болғаны екі футқа тең еді. Бұл ең тайыз қабір болатын.
Малта тастардың жоғарғы қабаты алынғаннан кейін астынан тұла
бойын түгел күл жапқан қаңқа кезікті. Генри бас сүйектен алтын
диадеманы босатып алды. Диадемаға концентрациялық шеңберлер,
сақиналар, стилизацияланған гүлдер тəрізді əдемі əшекейлер
салынған екен. Алтынның басқа барлық ашық жеріне спираль өрнегі
жүргізіліпті. Генри бас сүйекті қолына алып еді, ол сол бойда-ақ күл
боп уатылып кетті. Қаңқаның бергі бетінен найзаның ұшы, қысқалау
екі қола семсер мен екі қола пышақ қазып алынды. Қаңқаның арғы
жағында жұмыс істеп жатқан Софья көлденең сызықтармен жəне
шырша өрнегімен безендірілген алтын тостақ тауып алды. Қабірден
қолдан жасалған жəне құмыра шарығынан шыққан керамикалық
ыдыс-аяқтардың сынықтары өте көп кездесіп жатты. Ең соңынан
табылғаны мысыр фарфорынан жасалған жасыл ваза болды. Тағы да
бірнеше сағат бойы қазғандарымен ештеңе ілікпеді.
— Мəз емес,— деді Генри шағынып.— Төртінші қабір алтынға
сықасып жатқан. Жарайды, ендеше, бірінші қабірге қайта оралайық.
Жаңбырдың салдарынан ол толықтай қазылмай қалғанды.
Соның алдында ғана Спиростың бригадасы оны қазуға кірісіп те
кеткен. Енді оған Деметриостан жиырма жұмысшы алған Генри кеп
көмектесе бастады. Олар агораның деңгейінен есептегенде жиырма
футтай тереңдікке жетті; тəжірибе жиған Генри тағы да он футтай қазу
керегін білетін. Ауа таза болатын, аздаған самал бар-ды. Шалшықтар
кеуіп кеткен. Жұмыс өнімді жүріп жатты. Он екі де жиырма екі фут
аумақтағы жердің топырағы босатылды. Дымқыл топырақ себеттер
арқылы тасылды. Түскі тамақ пен сəскелік үзіліске бір сағаттай қалған
кезде қабірдің циклоптық блоктардан қаланған қабырғасы аршылды.
Тереңдей түскен сайын шұңқыр да тарыла бастады. Ақыры саз
балшықпен бекітілген, кристалдың сланецтен жасалған қаптама да
көрінді.
Міне, көзге таныс малта тастар қабаты. Оны абайлап алып тастаған
кезде шахтаның оңтүстік қабырғасының жанында басын күншығысқа
қаратып жатқан алғашқы қаңқа табылды. Бұл еңгезердей ер адамның
қаңқасы еді: ұзындығы бес жарым футтай қабірге денесі азар сыйған
түрі бар. Өңіне көз жіберген бұлар таңданғандарынан аһ ұрып
қалысты. Бұндай келісті келбеттің маскасын ешқайсысы бұрын-соңды
көрмеген. Қыр мұрыны, қабақтары жұмық үлкен көзі, кескекті ерге тəн
еріні, шоқша сақалы, сəл биіктеу қасы жəне ұштары жоғары
ширатылған мұрты бұның зиялы эллин екендігін танытып тұрған.
— Бұл — əміршінің кескіні! Жай əмірші емес, ұлы əміршінің!— деп
дауыстап жіберді Генри.
Спиридон Финдиклис Генриге қарап мейіріммен мырс етті.
— Бүл — Агамемнон! Бұған титтей де шүбə жоқ!— деп лепірді
Генри.— Дұрыстап қараңыздаршы! Келбетінде қаншама қайрат, қаһар
бар десеңізші. Тек əмір ету үшін жаралған жан ғой бұл! Агамемнонның
сүйегін де таптық-ау ақыры!
Профессор Финдиклис сыпайылық сақтап тіл қатқан жоқ.
Софья ғана сабырлы түрде:
— Генри, Лондондық «Таймс» пен король Георгқа Агамемнон мен
оның серіктері төртінші қабірде жерленген деп хабарлап та қойған жоқ
па едің?— деді.
— Археология дегенің осындай. Қазбаның əр күні əрқилы жаңалық
əкеледі, сөйтіп, бұрынғы тұжырымыңды басы бүтін өзгертіп жібереді,
— деді Генри.
Енсіздеу терең қабірдің ішінде тұрған профессор Финдиклис бейне
бір жалқау шəкіртін жөнге салып жатқандай байыпты да бəсең
дауыспен:
— Қымбатты доктор Шлиман, ғылымның бірінші қағидасы —
ақиқат шындық екенін айғақтайтын дəлел таппайынша өз пікіріңді
əйгілемеу екенін білмейсіз бе?— деді.
Генри ренжіген де, ашуланған да жоқ.
— Солайы солай, профессор Финдиклис. Бірақ, бұл қағида көңіліме
қоныңқырамайды. Оның үстіне менің жұмыс тəсілдерім де бөлек. Мен
қазбаларымның барысы жайлы əлем жұртшылығы күн сайын, сағат
сайын хабардар болып отырғанын қалаймын. Расында да, мен болжамтұжырымдарымды жұртшылыққа барынша жылдам жеткізуге
тырысамын — бұл менің жұмыс тəсілім. Егер де келесі бір олжа
қателескенімді көрсетіп жатса, онда қателігімді жұрт алдында
мойындап, дəл қазір өзім имандай сеніп жүрген жаңа қорытындымды
алға тартамын. Сонда жұрт олжаларымызға ғана куə боп қоймай, ойқиялымыздың өрісін де қадағалап отырады. Сөйтіп, осынау өте бір
қызықты жұмысқа өздері де қатысып жүргендей əсер алады.
Профессор Шлиманды əкелік мейіріммен, сүйсіне арқадан қақты.
— Бəрекелде, доктор Шлиман. Адам қай істе де өзіндік бетін
жоғалтпауы керек.
Олар жұмысқа қайта кірісті. Өкінішке орай, Агамемнонның бас
сүйегі ашық ауаға шығысымен күл боп уатылып кетті. Генри мұрын
астынан міңгірлеп бір сыбап алды. Софья мен Финдиклис
Агамемнонның көкірегін жапқан алтын пластинаны қарап жатыр еді.
Оның ұзындығы екі футтай, ені бір футтан сəл-ақ астам болатын.
Үстіңгі жағы дөңестеліп, Агамемнонның көкірек бітімін көрсетіп
тұрған. Пластинаның бүкіл жоғарғы жағы спиральды филигранмен
əшекейленіпті. Шлиман мен Финдиклис екеуі пластинаны көтеріп
алды. Бірақ, астында ештеңе қалмаған боп шықты. Бұғанасын — олар
осылай жорамалдады — мейлінше көркем безендірілген жалпақ
алтын лента жауыпты. Қаңқаның екі жағында он бес қола семсер, аяқ
жағында тағы да он семсер жатыр. Семсерлердің көпшілігі шамадан
тыс үлкен болатын—«ердің ері» ғана тап осындай семсер тағуға тиіс
еді. Сүйекпен бірге салынған заттар арасынан найзалар жəне алтын
жалатқан қанжар сынықтары кезікті. Қабірдің тарлығына қарамастан
жұмыс қызу жүріп жатты. Уыс-уыс янтарь моншақтар, алтын
цилиндрлер, сынғаны мен бүтіні аралас алтын жапырақтар табылды.
Осы арадан күміс вазалар да, күміс қысқаштар да, алтынмен апталған
қола шүмекті алебастр вазасы да көрініс берді. Соңғы вазаның ішінде
бір уыс алтын қаптырма бар екен.
Бұдан соң олар солтүстік беттегі іргелес қабірге ауысты.
Өкініштеріне қарай, қабір тоналған боп шықты. Жоғарғы малта тастар
қабаты да жоқ, саз да жоқ, тек күлі ғана жатыр. Қаңқада да ешқандай
əшекей қалмапты.
— Осы қабірді қаза бастаған кезімізде он екі алтын қаптырманы
қалай тапқанымды енді түсіндім,— деді Генри.— Тонаушылар ұзын да
тар шахта қазып, мына қабірдің дəл үстінен түскен. Сосын алтынды
тездетіп жинап алып тайып тұрған.
— Сонда олар бұны қашан тонаған?— деп сұрады Софья.
Бүл қабірдің топырағы да мыңдаған жылдар бойына сығымдалған
тығыз топырақ болатын. Сол себепті тонаушылар мұнда Микенді
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 31
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.