Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 29

Total number of words is 3969
Total number of unique words is 2122
33.8 of words are in the 2000 most common words
46.4 of words are in the 5000 most common words
53.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қазіргі кезде демалыста жүрген бір əскери адамды ұсынды. 3
ноябрьде, жұма күні, сол адаммен сөйлеспекке Генри Нафплионға
жүріп кетті. Жеткенше жаңбыр себезелеп тұрды. Олар тəжікелеспей,
тез келісті. Василиос Дросинос сабырлы да салиқалы, əрі қолынан іс
келетін кісі тəрізді көрінді. Ол Шлиманның «Пікірталас
парақтарындағы» мақалаларын оқыпты жəне оның Трояда жүргізген
қазбаларына қатты тəнті болыпты. Шлиманның шақыруын Дросинос
қобалжусыз қабылдады.
Ертеңіне, сенбі күні, Генридің жұмысшылары үлкен тақтаның —
Арыстандар қақпасының «табалдырығын» қазып шығарды. Қазір
қазбада жүз адам жұмыс істеп жатқан. Тура табалдырықтың қақ өзінен
қоладан əлде мыстан жасалған белгісіз мөр-сақина табылды. Мұнда,
Софья айтқандай, асқан сұлу екі жас əйел бедерленіпті.
— Маған олардың шаш түюлері қатты ұнайды,— деп қосып қойды
Генри.— Əрі қарапайым, əрі əдемі: Ал, отырған қалыптарын қарашы!
Қатар отырғандарымен екеуінің көзі екі жақта қыдырып жүр.
Арыстандар қақпасының жанынан моншаққа тізуге болатындай
етіп қақ ортасынан тесілген мөлдір қызыл тастар, əртүрлі жоралық
мүсіншелер, əдемі əшекейленген үш аяқ, кішкене күміс сақина, Генри
кір тасы деп тапқан цилиндр пошымындағы қорғасын кесегі жəне
Троядан əкелінген сырғалардан аумайтын, жуан алтын жіптен орап
жасаған алтын сырға табылды.
Ені сегіз футтай, табалдырық құсап жатқан тақтадан акропольға
кіріп-шығып жүрген əскери күймелердің доңғалақтары ойған із апанық көрініп тұр еді.
— Əйтсе де бұлардың əскери күймелерден қалған із екендігіне
күдігім бар. Əрине, əскери күймелер Арыстандар қақпасының астымен
өте алатын, бірақ əрі қарай баратын жолы жоқ қой. Тау беткейі өте тік,
ал агора мен циклоптық қабырғалардың ішкі бетінің аралығындағы
жер тым тарлық етеді.
Дүйсенбі күні Василиос Дросинос келіп, сол бойда-ақ
топографиялық чертеж жасауға кірісіп кетті. Күн көзі көрініп,
балшықты кептірген соң жұмыс та қыза түсті. Генри жартастан
ойылған қабірге қайтып оралды. Он тоғыз фут тереңдіктегі қабаттан
ойып өрнектелген алтын пластинкамен қапталған екінші ағаш түйме
ұшырасты. Трояны қазу кезінде төменгі қаладан табылғандарға қатты
ұқсайтын, түстері бірөңкей қара немесе қызыл боп келетін, айшықты
керамикалар кезіге бастады.
Келесі екі күнде Генри он екі алтын түйме, бірнеше алтын жапырақ,
шошқа сүйектерімен аралас жатқан көптеген адам сүйектерін, бір
үлкен балта жəне өте ерте заманғы, түстері бірөңкей бірнеше ваза
тапты. Шахтаның солтүстік бұрышындағы жұмысты тоқтатуға тура
келді — тік тақталардың қос қатары тап сол жердің үстімен өтетін.
— Мына жерден қазуға тəуекел етпей тұрмын, байқаусызда
опырылып кетуі мүмкін ғой,— деді Генри Дросиносқа.
— Дұрыс істеген екенсіз,- бұл қатарды қалдырған жоқ.
— Қабірге көр тонаушылар қол сұққан-ау деймін. Бағалы
дүниелерді алып, керек еместерін қалай болса солай қайтадан көме
салған. Қолдан жасалған керамика мен құмыра шарығында жасалған
бұйымдардың аралас жатқан күйде жолығуларының себебі де осы
болса керек. Əлде тақталардан шеңбер қабырға тұрғызған кезде
алдымен қабірдегінің бəрін сыртқа шығарып, кейін ұйпы-тұйпы ысыра
салды ма екен?
Жаңбыр қайтадан құйды. Генри Софьяны Дасистердің үйіне жіберді
де, өзі алғашқы қабірге қайтып оралды. Шахтаның түбіне су іркіліпті,
ұзамай жер батпаққа айналады. Генридің көңілі жасып қалды. Бұл
арадан жерленген адамның қаңқасын табам ба деп үміттеніп жүрген.
Жаңбыр басылған бойда ол қарапайым, өрнексіз бес футтық тақта
жатқан жартастың үстінен жаңа шахта қаза бастады. Бұл шахта
алғашқы қабірден шығысқа қарай жиырма футтай қашықтан салынған
болатын. Келесі күннің, сенбінің сəскесіне таман екінші қабірдің жай
топырақпен көмілген тас қабырғалары да көрінді. Төбелерінен тағы да
бұлт шоғырланып, жұмысшылар суды шылп-шылп кешіп жүрді.
— Қазбаны жалғастырудың мəні жоқ. Ертең таңертең жұмысты
тəмамдап, дүйсенбі күні Нафплионға аттанамыз,— деді Генри Софьяға.
— Шынында, басқа амал қалған жоқ. Ерте көктемде келіп
жалғастырармыз.
Көктем мен жазда істелетін жұмыс көлемін анықтау үшін Генри
тағы да екі шахталық қабірдің жатқан орынын тауып, жартастан
ойылған тас қораптарға шейін қазбақ болды. Бірнеше жұмысшыға
өрнек салынбаған тақталар табылған тағы бір алаңды қаздырып
қойды. Басқа бір бригада агорадағы əлденендей қоңырқай топырақ
көрінген тұсты қазып жатты. Бұл топырақ басқа жерден əкелінуі
мүмкін деген дүдəмал ой пайда болған. Төртінші қабірді дəл осы
жерден табатынына, тік тақталардың қос шеңберімен қоршалған
осынау орасан үлкен терраса ақырында өзі іздеген некрополь боп
шығатынына Генри көп үміт жүктеген.
Генри жұмысшылардан барынша тезірек қазуларын өтініп,
жексенбі күні жұмыс істегендері үшін үстеме ақы төлеуге уəде берді.
Жұмысшылар шапшаң қимылдай бастады. Құлпытас стелаларының
сынықтары мен айшықты бояуы бар керамика жоғарыға шығарылды.
Кешке қарай олар алғашқы деңгеймен салыстырғанда жиырма бес, ал
жартастың қойнына қарай он үш фут тереңдікке жетті. Шахтадан
топырақ шығару қиындық келтірді. Бұдан лейтенант Дросинос жол
тауып, жуан бұтақтардан баспалдақ жасап, себеттерге иыққа асатын
бау тағып берді. Жоғарыға топырақ шығару жұмысы едəуір жеңілдеді.
Тағы да екі фут тереңдеген соң бұған дейін мүлдем кездеспеген
бейтаныс нəрсе — бұл топыраққа басы бүтін жат саналатын өзен
малта тастарының қабаты ұшырасты. Генри жұмысшыларға
сүймендері мен күректерін былай тастап, əрі қарай пышақпен қазуға
əмір етті. Ұзамай-ақ малта тастар төсенішінің шегі де шамаланып
қалды. Оның ұзындығы бес футқа, ені үш футқа тең екен. Төменде
қандай əбігер боп жатқанын білмекке Софья да шахтаға түсті.
— Мына малта тастар қабаты нені білдіреді деп ойлайсыз?— деп
сұрады лейтенант Дросинос Генриден.— Оның адам қолымен
қойылғаны көрініп тұр ғой.
Генри ойланып қалды.
— Бұларды ана жерден былай шығармайынша, ашып айту қиын.
Қане, достар, малта тастарды түгелдей былай алып тастаңдар. Өте
абай болыңдар жəне тек қолмен ғана алыңдар.
Тастар мұқият түрде алынып, төрт қабырғаның іргесіне жиналып
қойылған кезде, астынан жұп-жұқа күл қабаты көрінді. Алтынның
жылт ете қалғанын Софьяның көзі шалып үлгерді. Қалай ойына
келгенін өзі де білмей, дереу қолын созып жіберіп, жылт еткен
металды күлмен көме салды да, бойын тіктеп, ештеңе болмағандай
жайбарақат кейіппен Генриге:
— Пайдос. Күн кешкіріп кетті. Қараңғы түсіп барады. Жұртты үйіне
қайтаратын кез болды,— деді.
Генри оның дауысынан толқып тұрғанын сезді.
— Ертең қайта келсін бе?
— Келсін .
— Əбден жақсы. Стаматакисті шақырайық па?
— Шақырған жөн шығар.
— Лейтенант Дросинос, рақым етіп, Стаматакисті шақырып
келіңізші.
Ымырт қараңғылығы жапқан агораның астында, жиырма жеті фут
тереңдіктегі қабір түбінде екеуі оңаша қалған кезде Генри сыбырлап:
— Анда не жатыр?— деп сұрады.
Софья оны ымдап қасына шақырды. Генри жанына барып тізерлей
кетті. Олар күл қабатын ақырын былай сырғытты — сол мезет
астынан үлкен алтын пластина шыға келді. Күлді саусақ ұшымен
ысырмалап, тағы бірнеше алтын пластина тапты. Олар пластиналарды
бір-бірлеп былай алып қойды — бұлар қаңқаның кеуде жағын жауып
тұрған болатын. Тіл қатпай, тек ентіге демалумен отырған олар бас
жақтағы алтын пластинаны да суырып алды — сол сəт екеуі жартылай
үгітіліп үлгерген бас сүйекпен бетпе-бет кезігіп қалды. Бас сүйекті
күлден тазартып, сол жерден алғашқылардан қалыңдау, бір-біріне
күміс сыммен үзбелестірілген тағы бірнеше алтын пластина тауып
алды. Қаңқаның басы шығысқа, аяғы батысқа қарап жатыр еді. Өз
əкесінің де осылай жатқаны Софьяның есіне түсті.
Софья əрең таныған қарлыққан дауыспен Генри:
— Міне, алғашқы патша қабірі. Бұл өзіміз тапқан, мыңдаған жылдар
бұрын көз жұмған алғашқы əмірші! — деді.
Софья тұла бойын билеген дірілден арыла алмай-ақ қойды. Мынау
өте кең қабір болатын, сірə, жерленген адам жалғыз емес шығар...
Шатқаяқтап шақ тұрған баспалдақпен қабір түбіне қаңбақтай домалап
түскен таматакис алтын пластиналар мен адам қаңқасына бақырая
қарап қалды да, өз көзіне өзі сенбегендей ысырып жіберді. Генри
қолма-қол нұсқау бере бастады.
— Алтынды бұл жерден бүгін кеште алып кету қажет.
Стаматакис келісті.
— Бірер құлаштай жұмсақ мата керек. Лейтенант Дросинос, сондай
бірдеңе таба алмас па екенсіз?
Генри қаңқадағы алтын пластиналарды сыпырып ала бастаған
кезде күн мүлдем қараңғы болып кеткен. Лейтенант Дросинос жүн
мата алып қайтты. Алтынның бəрі мұқият жиналып қойылған кезде
Генри Дросиностан түйіншекті жіппен жақсылап байлап тастауын
өтінді. Сосын осынау сиықсыз жүкті Стаматакиске табыс етті.
— Қазір бəріміз сіздің үйге барамыз. Пластинаны бас-басына
номерлеп, осының бəріне өзіңізден қолхат алмақпын.
Стаматакис бұны жөн деп тапты. Генри одан қабір басына күзет
қоюын өтінді.
— Менде күзетші жоқ.
— Ендеше, Деметриос пен Аякстан өтініп көрермін, сөзімді жерде
қалдыра қоймас.
Олар Дасистердің үйіне оралған кезде жұрт кешкі тамақтарын ішіп
те болыпты. Иоанна бұларға арнап плитаға екі құмыра қалдырыпты.
Əйтсе де асқа тəбеттері шаппады. Ештеңе жайлы ешнəрсе сұрамаған
Деметриос пен Аякс қолдарына мылтықтарын ұстады да, есектеріне
мініп, қамалға қарай тартты. Генри оларға нені күзету керегін
түсіндірмеген, бірақ бұның маңызды нəрсе екенін өздері-ақ ұққан
болатын. Күздің суық түнінде тоңып қалмау үшін жылы көрпелерін де
ала кетті.
Генри мен Софья түн ортасынан ауғанша ауыз жаппады. Бойларын
толғаныс билегендіктен ұйқы жайына қалды. Афиныға қайтып оралу
жайлы сөз етудің өзі қисынсыз еді. Софья тек таң алдында ғана
шамалы көз шырымын алды. Ал, Генри кірпік ілмей шықты.
Күн көкжиектен жаңа қылтиған кезде олар қазба басына барып та
үлгерген еді. Стаматакис те бұл жолы кешіге қойған жоқ. Сол арада
кеше қараңғыда көздеріне шалынбаған тағы да бірсыпыра алтын
табылды. Бұлардың ішінде — əрқайсысы төрт алтын лавр
жапырағынан тұратын бес алтын крест, төрт бөлек өрмелі алтын алқа
жəне бірнеше алтын жапырақ бар еді. Стаматакис тəрізді Софья да
бəрін қойын дəптеріне түсіріп, қолхат алғаннан кейін Стаматакиске
табыс етті.
Генри жұмысшыларға қабірді кеңейтуге нұсқау берді. Сағат
таңертеңгі он бірге таман қазбаның ені он екі футқа, ұзындығы
жиырма бір футқа жетті; биіктігі он футтай, ыстық ізі бар тастан
қаланған қабырғалар аршылды. Жаңбыр жауып, оларды тағы да
шахтадан қуып шықты. Софья кешке дейінгі уақытын əйелдермен
бірге брезент тігумен өткізді — қазбаны жаңбырдан қорғау қажет
болған еді. Кешкісін Деметриос пен Аякс брезентті акропольға апарып,
шахтаның бетін бүркеп тастады.
Жаңбыр сейсенбіде де күні бойы тынбай жауды. Генри жоғарғы
бөлмелерде тордағы жолбарыстай теңселіп, жаңбыр құдайының
басына он сегіз тілде ойлап тапқан қарғысын қалдырмай жаудырумен
болды. Софья күйеуін жұбатуға тырысып еді, онысынан түк шықпады.
Сəрсенбіде күн көзі көрініп, Микенді аз-кем дегдітті. Брезенттің
көмегі тиіпті — қазбада су онша көп емес екен. Генри шахтаға біраз
адам түсіріп оларға атам заман бұрын жерленген əмірші табылған
малта тастар қабатының оң жағы мен сол жағынан қазуға тапсырма
берді. Алғашқы екі фут аса мұқият түрде қайламен жəне күрекпен
қазылды. Тағы да екі жерден малта тастар қабаты көрініс берген сəтте
Генри жұмысшыларды басқа алаңға ауыстырды. Софья мен лейтенант
Дросинос үшеуі малта тастарды абайлап алып, əрменірек жинап
тастады. Тізерлеп отырған Генри мен Софья күлді асқан зор сақтықпен
былай сыпырып, үсті-бастарын алтын жапқан, жартылай өртенген
тағы да екі қаңқаны тапты. Генридің тынысы тарылып кетті. Ал,
Софьяның бойын үрей биледі. Өйткені, ол қабір ішінде, бұдан үш мың
жылдан астам уақыт бұрын тіршілік еткен патшалар жерленген, ылғал
басқан, қорқынышты қабір ішінде тұр еді ғой. Олардың мəңгілік
ұйқысын бұзуға қақы бар ма еді? Оның мəйітті мазақ етушілерден
немесе кəдімгі көр тонаушылардан қандай айырмашылығы болғаны?
Көрді қорлаушылар жан шошырлық қасіретке кезігеді демейтін бе еді?
Бас сүйектердің əрқайсысында бес-бестен қалың диадема бар
болатын. Əрқайсысының ұзындығы он тоғыз дюйм, орта
шамасындағы ені төрт дюйм еді — де бір-біріне мыс үзбемен
бекітілгенді. Бұлар Троядан жолыққан, шығыршығы мол шеңберше
тəрізді боп келетін ана екі диадемаға мүлдем ұқсамайтын. Күл
арасынан тағы да тоғыз алтын крест табылды. Сосын троялық
олжалармен ұқсастығы бар заттар көріне бастады: обсидиан жəне қола
пышақтар, қалың етіп алтын жалатқан жəне өрнек жүргізілген, мыс
шүмекті үлкен күміс вазаның сынықтары, күміс тостақ, айшықты етіп
сырланған, қолдан жасалған жəне құмыра шарығында əзірленген
керамиканың көптеген сынықтары, бірнеше терракоталық үшаяқ
кезікті. Генри үшін ең үлкен олжа — мүйіздері бар екі мүсінше-тұғын.
Бұл Гераның рəсімдік бейнесі болатын.
— Мүсіншелер — сонау ықылым замандар бұрын-ақ
мұндағылардың осы бейнедегі Гераға табынғандарының айғағы!— деп
шаттанды ол.
Стаматакистің мұрын астынан міңгір еткенін Софьяның құлағы
шалып қалды:
— Бұл ондай ештеңені айғақтамайды. Сіздің өз олжаларыңызбен
ғана айналысқаныңыз, ал теория жағын болжам мен қиялдың ара жігін
ажырата білетіндердің үлесіне қалдырғаныңыз дұрыс болар еді.
Генри қашықтау тұрғандықтан эфордың сөзін естімеген, бірақ оның
есесіне Софья Стаматакисті жиренішті жанармен түйреп өтті.
Малта тастардың төменгі төсенішінде ертедегі қабіршілер тұтатқан
алау тек ағзаны ғана ағызыпты, сүйектер сау қалыпты. Бірақ, Генридің
қаңқаларға қол тигізуі-ақ мұң екен, олар күлпарша боп уатылып кетті
— бұл жаңбырдың қырсығынан еді. Генри қалған сүйектерді жиып
алды — бəрі жиналғанда Троядан табылған үш қаңқадағыдан көп
болған жоқ.
— Трояда Гектор мен Патроклдың мəйіті де өртелген болатын,
бірақ сүйектері сау қалған,— деген ой айтты Генри Харватиға қайтып
келе жатқандарында.— Микендіктер өмірден өткен əміршілерін малта
тастардың қос қабатының арасына салып, ағзалары мен киімдерін
өртеу үшін астынан мызғытып от жағатын болған. Шамасы, бұл
негізінен санитарлық мақсатты ғана көздейтін болса керек.
Стаматакис оның сөзіне құлақ қойған жоқ.
— Кешке Афиныға телеграмма салам,— деп мəлімдеді ол.—
Табылған олжалардың каталогын құрастыру үшін көмекші беруін
сұраймын. Сосын алтынды күзету үшін солдат жіберулерін талап етем.
Бəріне жауапты жалғыз өзім. Бірдеңе ұрланып кетсе қайтпекпін.
— Мен де, Шлиман ханым да күдіктілердің қатарына жатпайтын
шығармыз, ө, Стаматакис мырза?— деп езу тартты Генри.
Мұндай толғанысты олар ешқашан бастан кешіп көрмеген. Генри
түні бойы лондондық «Таймсқа» мақалалар жазумен шұғылданды, ал
Софья афинылық «Эфимериске» кезекті мақаласын əзірледі. Ақыры
Софья шаршап, көз іліндірген кезінде сұмдық қорқынышты түс көрді:
терең моланың түбінде жалғыз қалған екен дейді. Қалай əлектенсе де
шыға алмай амалы құрып жатыр екен. Атам заманғы патшалардың
жартылай жидіген бас сүйектеріне жан бітіп, бұған қарап ежірейіп:
— Сен кімсің? Бізді неге мазалап жүрсің?— деседі...
Дасистердің үйі дүрлігіп жатты. Харватида алтынды жан баласы
көрмеген. Бірақ, қабірлерден қадым заманғы қаңқалар табылғанынан
бəрі де хабардар еді. Ал, Микен патшаларының қабірлерін біреу-міреу
қазар болса, одан айтып жеткізгісіз мол қазына табады деген аңыз
халық қаперінде күні бүгінге шейін сақталған-ды. Стаматакистің
əлдебір түйіншекті көкірегіне қыса ұстап, Харвати көшесімен жүріп
келе жатқанын жұрттың бəрі көрген. Алғашқы алтынды доктор
Шлиман мен Софья ханымның тапқанына Троададағы тəрізді мұндағы
жұрттың да ешқандай күдігі болған жоқ.
Спирос Софьяның қазына қоймасының дөңгелек залын тазартып
шықты — Софья да, Генри де мұнда көр тонаушылардың келіп
кеткенін мойындауға мəжбүр болды. Ромаидис Софьяны суретке
түсірді. Жүннен тоқылған жылы жекет, ұзын юбка мен қара қалпақ
киген ол үшбұрыштың астындағы ересен үлкен кіре беріс алдында тұр
еді. Жүмысшылары залдың ортасына топталып, төбелеріне
жоғарыдағы жарықтан күн сəулесі төгіліп тұрған. Бұл фотосурет көп
газетте басылып, Софья қазып шығарған толос, кейіннен
«Клитемнестра көрханасы» деген ресми есім алғанша «Миссис
Шлиманның қазына қоймасы» аталып жүрді.
Генри қазба жұмыстарын жаңбырға қарамастан жалғастыра берді.
Үшінші қабірді қазу басталды. бұл шаруа оңайлыққа түсе қоймады
— қабір орынын көрсетіп тұрған өрнексіз қос тақта куб пошымындағы
дырау тастармен бастырылып тасталыпты. Үш фут тереңдікте
жұмысшылар екі үлкен көлденең тақтаға кезікті, ал бес фут
тереңдіктен тағы да осындай үш тақта табылды. Уақыт өте келе
қабірдің орыны халықтың қаперінен шығып кетпеуі үшін, бұл тақталар
мен тастарды кейінгі ұрпақтардың орнатқанына Генри ешқандай күдік
келтірмеді.
— Қабірлерге ертедегі адамдардың қандай құрметпен
қарағандарын көріп тұрсыздар ма? Алғашқы құлпытастар бірте-бірте
топырақ астында қалып жатты, бірақ қабірлердің жұртқа жақсы мəлім
болғаны сонша, олардың орыны қайта-қайта жаңа құлпытастармен
белгіленіп отырды.
Жақпар тастан қашалған қабірге жетуге асыққан жұмысшылар сан
ғасырлық қатпарларда жиналған топырақты жан сала аршып жатты.
Тереңдік отыз футқа жетті, топырақ жоғарыға себеттермен əперіліп
тұрды. Осы арадан бірнеше ер адамның қаңқасы табылды. Бұлардың
ешқандай əшекейлері де, өздерімен бірге көмілген мүліктері де жоқ
еді. Осы маңнан көптеген семсер мен вазалардың сынықтары
ұшырасты; қаңқалар жидіп кеткен екен, жоғарыға шығаруға
жарамады.
— Бұлар, шамасы, патшаның оққағарлары шығар. Кейбір Жерорта
теңізі елдерінде патшалармен бірге олардың қызметшілерін, құлдары
мен оққағарларын да қоса көметін дəстүр болғаны белгілі жайт қой,—
деген түйін жасады Шлиман.
Бір тұста тіктеу жартастың астынан қазуға тура келді. Шлиман
жұмысшыларға тапқан олжаларының бас-басына, ол тіпті түкке
татымайтын нəрсе болса да, қосымша ақы төлеуге уəде берген.
Жартаста үлкен жарық бар еді, бірақ көне дүниелер дəл осы жартастың
астынан көптеп табылып жатты. Сол себепті екі жұмысшы жартастың
астына қарай жорғалап, ол жақтан жаңа олжалармен оралып отырды.
Солардың жұмысын бақылап тұрған Генри жартастың оқыстан
опырыла бастағанын көріп қалды. Жүгіріп барып жұмысшыларды екі
адымдай кейін сүйреп үлгерді. Іле жартас та гүрс етіп құлап түсті. Жанжаққа шашырай ұшқан жарықшақтар үшеуін де жерге жықты. Софья
жандəрмен Генриге жетіп, орнынан көтерілуіне көмектесті.
— Бəрі де ойдағыдай, жаным. Тырнақтай да жарақат жоқ.
Жұмысшылар да, құдай сəтін салғанда, сау-сəлемет. Троядағы оқиға
есіңде ме? Жоқ, басымыздан əлі бақ тая қоймаған екен.
Тағы да екі күн бойы жаңбыр нөсерлетіп, көшеге шығудың өзіне зар
болысты. Шлиман Стаматакистен алтын инталияларды суретке
түсіріп, өз күнделігіне сипаттап жазуға рұқсат сұрады. Стаматакис
илікпеді.
— Шоланға күндіз-түні күзететін қарауыл қойдым. Тіпті өзім рұқсат
берген күнде де ешкімді жібермеуге əмір еттім.
Жаңбыр тыйылған алғашқы күні-ақ Генри үшінші қабірге барар
жолды қазып шығарды. Бұл əлгі əбден үгітіліп кеткен қаңқалардан
тоғыз футтай төменде екен. Бір апта бұрын ол екінші қабірді қазып
алған, міне қарсы алдында тағы да өзеннің ірі малта тастары жатыр.
Астында аппақ саз қабаты бар. Басқа да қабірлердегідей бұның да
қабырғаларына тас қаланыпты, ал он футтан он алты фут аралығында
қабырғадан тепкішектер ойылыпты. Софья, Спирос пен лейтенант
Дросинос жоғарғы екі қабатты абайлап алып тастады. Ақ саздың
астынан сөздің шын мəнінде алтынға көмілген үш қаңқа шықты. Кей
тұстарында алтын аздап балқыңқырап, күйеге боялыпты. Атам
заманғы əміршілердің сүйектеріне көз тігіп қалған олар ойда жоқта
құйын соғып құлатып кете жаздағандай халді бастан кешті.
Тізерлей кеткен Генри сүйектерді зер сала қарап шықты. Сосын
мүрделердің арғы бетінде тұрған Софьяға жанарын қадап, толғана
сөйлеп кетті:
— Менің ойымша, бұлар əйел қаңқалары тəрізді. Қарашы, сүйектері
қандай майда, тістері қандай ұсақ. Ал, мына əйел əбден қартайып
барып қайтқан: тістері де толық емес, əрі нашарлау. Иə, бұрынғылар
қайтқан адамдарын кремациялаған деуге толық негіз бар, өйткені
денелерінің өртелгені ақиқат шындық. Қабір қабырғаларында от пен
ыстың ізі бар.
Əралуан өрнек жүргізілген, диаметрі екі жарым да үш дюйм боп
келетін алтын қаптырмалар алдымен ондап, кейін жүздеп жолыға
бастады. Барлық қаптырманы жинап, санап көргендерінде — артығы
да, кемі де жоқ тұп-тура жеті жүз дана боп шықты. Бұлар қаңқалардың
астында да, үстінде де, жан-жағында да шашылып жатқан.
— Алтын қаптырмалардың көпшілік бөлегін қабірдің түбіне жерлеу
алауын жақпас бұрын шашқан болулары керек, қалғаны жартылай
жанып болған мəйіттердің үстіне от сөнгеннен кейін қойылса керек,—
деді Генри.
Қабірдің тереңдігі небары төрт-ақ фут еді. Ол тұтастай қазылды. Күн
биік көтеріліп, жоғарыдан буалдырлау сəуле себезелеп тұрған.
Қаптырмалардың күлін үрлеп тастаған олар көз аудара алмай қарап
тұрды: бетіне бедерленген гүлдер, жапырақтар, көбелектер, құлпытас
тақталарындағы тəрізді меандрлық əшекейлер, аяқтары спиральдай
бұратылған, не сегізаяқ, не каракатица екені белгісіз, сегіз аяқты
жəндіктер асқан шеберлікпен бейнеленген еді.
Келесі олжа Софьяға кезікті: бұл үш бөлікке ажырап қалған алқа
болатын. Əр бөлегі өз алдына бетіне бедер жүргізілген асыл тас —
инталия боп табылатын: біріншісінде Гераклдің Немей арыстанын
өлтіріп жатқаны, екіншісінде кескілескен айқас үстіндегі екі жауынгер,
үшіншісінде алдыңғы аяқтарын жартастың кертпешіне асып, артқы
аяқтарына тік тұрған арыстан бейнеленген еді. Бұл алқа Троядан
табылғандардан да гөрі көнелеу көрінді.
— Арголидада алтын өндірді дегенді еш жерден оқымағам. Гректер
мұншама алтынды қайдан алулары мүмкін?— деп сұрады Софья.
— Трояны талқандағасын, бəлкім, Эгей жəне Жерорта теңіздері
арқылы шығыспен арадағы сауданы өрістеткен болар. Мына асыл
заттардың осылай дайын күйінде сатып алынуы да мүмкін, сондай-ақ
микендіктер алтынды жамбы күйінде əкелулері де ықтимал. Олардың
өз зергерлері болғаны дау тудырмайды. Мына қара, осы қазір тауып
алған керемет нəрсемді қара: шегіртке ме əлде шілделік пе бірдеңе —
алтын үзбелері бар жəне өздері он шақты боп қалады.
Олар жерлеу алауының екі жағында тізерлеп отырған
қалыптарында сағаттар бойы топырақты қазып, себезелеумен болды.
Осы уақыттың бəрінде де Стаматакис оларға суық та сақ жанарын
қадап, көз жазбай қадағалап тұрды. Əлсін-əлсін əлдебіреуі ішегін
тартып, таң-тамаша боп дауыстап жіберетін. Өйткені, мүлде ойға
келмеген олжалар мына көне қабірден көптеп жолығып жатқан-ды:
алтын грифондар, жатқан арыстандар, мүйізі қарағайдай бұғылар, шар
тəрізді домалақ əшекейлер, асқан шеберлікпен жасалған түйреуіштер,
айналасында көгершіндер көбелей ұшқан екі əйелді бейнелейтін
өрнек, каракатицалар, ұшып бара жатқан алтын грифон...
— Əшекейлердің көбінде тесік бар. Бұлар алқаның бөлшектері не
болмаса көйлекке қадалып қойылатын түйреуіштер шығар,— деді
Софья.
Бойын толғаныс билеп кеткен Генри ештеңе естіген жоқ: ол
қаңқалардың бірінің басынан айрықша əдемі алтын тəжді көріп қалған.
Оттың жалынынан қарайыңқырап кеткенімен, олжаларының ішіндегі
ең əдемісі осы еді. Тəж концентрациялық дөңгелекшелер түріндегі
барельефтік əшекей салынған шеңбер пошымында соғылыпты;
шеңберге отыз алты үлкен алтын жапырақ үзбелестіріліпті.
— Зергерлік өнердің өте бір озық үлгісі,— деп сыбырлады оған
Генри.— Бері жақындашы. Тəждің шеттерінде кішкене тесіктер бар
жəне бұларға байланған жіңішке сымдардың үзіктері де сақталыпты.
Осы сымдар арқылы тəж шашқа бекітілген болса керек. Стаматакис
алып қоймас бұрын тəждің саған қалай үйлесетінін көрсем деп ем.
Софья жанына кеп отырды да, Генри тəжді басына кигізді. Тəжге
тігілген отыз алты алтын жапырақ Софьяның басын нұржаулық
тəрізді айналдыра қоршап шыға келді.
— Мынау троялық диадемалардан əлдеқайда əдемі. Стаматакистің
шоланына барғасын осы тəжді киіп тұрған қалпында суретке түсіруге
əрекет жасап көрем.
Генридің соңғы сөздерін эфор естіп қалды.
— Қазынаны Афиныға апарғанша алтынды суретке түсіруді ауызға
да алуға болмайды,— деді ол сөзге араласып.
Генри оны жеккөрінішті жанармен түйреді. Софья орынына оралып,
қайтадан жерді қолымен қаза бастады. Көп ұзамай ол да алтын
диадема тапты.
— Генри мынаның ішіне бас сүйектің кішкене сынығы қыстырылып
қалыпты. Алып тастасам қайтер екен?— деді ол таң-тамаша боп.
— Ештеңені де қозғаушы болмаңыз. Оны не істеу керегін
Археологиялық қоғам шешеді,— деп əмір етті Стаматакис.
Олар осы қабірде, Генридің сөзімен айтқанда«əлемдегі алтынға бай
көмбеде», ұзақты күн бойына жұмыс істеді. Тағы да бес диадема
табылды. Əлі күнге шейін басып жатқан тозаңы шөткемен
сыпырылып тасталды. Сəлден соң Софья тағы да екі диадема қазып
шығарды. Сол күні барлығы тоғыз алтын диадема табылды.
— Бұл əйел патшалардың қабірі болуы керек.— Софьяның тынысы
тарылып кеткендей болды: мынау үш ұйықтаса түске кірмейтін
олжалар ғой!
— Біреуі ғана əйел патша. Қалғандары ханшалар жəне бəрі де бір
мезгілде жерленген, Бұл Клитемнестра емес, микендіктер оны қала
қабырғасының сыртына қойған. Себебі, мүрдесі акропольды
арамдайды деп есептеген. Апырмай, біз қай заманның қалтарысында
отыр екенбіз? Бұл Атрей заманы ма əлде тіпті Пелопс заманы ма екен?
Күл арасынан Генри екі ірі алтын жұлдыз, ортасынан алтын
шегемен бекітілген екі крест тауып алды. Бір қаңқаның жанында
қолдарын алға созып, қырынан тұрған əйел бейнеленген алтын
түйреуіш жатыр еді. Түйреуішке жабысқан топырақ пен күлді сүртіп,
тазартқан Генри оны Софьяға көрсетті.
— Бұл — грек əйелі,— деді бейнеге зер сала қараған Софья.— Оған
ешқандай күдік жоқ. Қырынан тұрған кескініне көз салшы: маңдайы
мен мұрыны бір сызықтың бойында емес пе? Ал, мына бақыраштай
көздері...
— Өзіңдікінен аумай қалған,— деп езу тартты Генри.
Софья басын көтеріп еді, алтын олжаларды қапшыққа ықтияттап
салып жатқан Стаматакис теріс қарап тұр екен.
— Ал, төстері қандай!... Сенен өтінерім, сабыр етіп, əрі қарай
салыстырмай-ақ қойшы,— деп сыбырлады Софья.
Күлді себелеп отырған олардың жерленгендер басына қойылған
байлықтың молдығына таңырқаулары таусылмады: алтын сырғалар,
алқалар, алты білезік, екі таразы, баланың көз ойықтары бар, уақыт
қатты тоздырып жіберген маскасы...
— Бұл қабірде бала да өртелген боп шықты,— деген тұжырым
жасады масканы қолына ұстап тұрған Генри.— Бағзыларда бұндай
дəстүрдің болғандығы жайлы Павсаний да айтып кеткен-ді. Шамасы,
бала шешесі өлгеннен кейін ұзамай-ақ қайтыс болған шығар. Алайда,
мұнда баланың сүйегі жоқ.
Софья екі скипетр қазып шығарды — бұл да патша қабірлері
табылғандығының белгісі еді. Скипетрлер күмістен жасалып, алтын
пластинамен қапталыпты, балдағы тау хрусталынан жонылыпты.
Сүйек тісті тарақ, алтын жəне янтарь моншақтар, түйреуіштер, балық
бейнеленген кубок, қақпағы тығыз жабылатын алтын қобдиша сияқты
алтын олжалар бұдан кейін де табылып жатты. Генри күл арасынан
қос тұтқасы бар, шар тəрізді əдемі ваза, қақпақтары бар үш кубок,
ешқандай əшекейі жоқ күміс ваза, күміс құман жəне тағы бір күміс
кубок тапты.
Бұл күні табылған ең соңғы олжа тұрған бойымен жұмбақ еді. Үш
қабірдің де бас жақтарында іші шіріген ағашқа толы кішкене мыс
қобдишалар жатқан.
— Менің ойымша, ертедегі мысырлықтардың алебастр валиктері
тəрізді мына қобдишалар да жерленгендердің басына жасталған дүние
болуға тиіс,— деген жорамал айтты Генри.
Осыншама ағыл-тегіл алтынға қарап тұрған Стаматакис ойда жоқ
жерден үрейге бой алдырды. Мына баға жетпес олжаның бəріне
жалғыз өзі ғана жауапты! Ал, егер бұларды ұрлап кетсе ше? Өзі ғана
жауап береді ғой. Яғни мансабы құриды деген сөз. Шахтаның
қабырғасына сүйенген эфор ентіге дем алып тұрды — өйткені, қазбаға
оның да араласуына тура келген.
— Доктор Шлиман, қазба жұмыстарын дереу тоқтатуға бұйырамын,
— деп мəлімдеді ол өз шешімін.
— Тоқтатқаны қалай?— Генри жанына кеп тізе бүккен
Стаматакиске таңдана көз тікті.— Көне қабірлер байлығын енді-енді
ғана ақтарып жатыр емес пе?
— Міне, дəл сондықтан да тоқтату қажет. Мынау деген баға жетпес
қазына ғой. Оған күзет керек. Бұндай жауапкершілікті жалғыз өзім
арқалай алмаймын. Мұнда губернаторды шақыру керек.
— Бос сөз! Екеуімізден артық сенімді күзетші жоқ. Бұл арадан бір
грамм да алтын жоғалмайды. Оның үстіне, маған берілген рұқсат
қағазда губернатор жайлы жалғыз ауыз сөз жазылмаған.
— Білемін. Бұны мен, эфор, сізге бұйырып тұрмын.
— Ал, мен бұйрығыңызды орындауға міндетті емеспін. Губернатор
өзіңізге қажет болса шақыра беріңіз.
Стаматакис өрмелеп жоғары шықты. Қазба басынан кеткісі келмей
қипақтап біраз тұрды да, алтынды күзетуге солдат жіберуді сұрап
жалбарынып, Нафплион мен Афиныға тағы да телеграмма жолдап
қайтты.
Патша қабірлерінен орасан мол қазына табылғанын Харвати
тұрғындарынан жасыру енді мүмкін болмады. Бұл көз көрмей, құлақ
естімей қалатын нəрсе емес еді. Бұны тіпті Шлимандардың жүзіне көз
тіккен адамдардың өздері де айтпай-ақ аңғаратын: олар
ойлағандарының орындалғанына қуанып, зор мақтаныш сезіміне
бөленіп жүрген. Микеннің үш мың жылдық құпиясын ашқан Генри мен
Софьяны тек Дасистер семьясы ғана емес, бүкіл поселок құрмет тұтты.
Өркөкірек, тəуелсіз грек Деметриос Дасис Генриге бас ие тəжім етіп:
— Басқалар сияқты мен де қателесіппін. Біз акропольде патша
қабірлері жоқ дегенбіз. Мен тіпті сізді бұған иландырып та қоя алатын
едім ғой,— деді.
— Жоқ, Деметриос. Сен маған: «Онда əйтеуір бірдеңе бар болса, оны
доктор Шлиман таппай қоймайды», деген жоқ па едің?
Ертеңіне олар төртінші қабірді қазуға кірісті. Оның орыны
құлпытаспен белгіленбеген, бірақ бұл араның топырағы агораның
басқа жеріне қарағанда қоңырқайлау еді. Бұдан сəл бұрын Софьяның
бригадасы осы арадан жиырма фут тереңдіктен, циклоптық зор
кесектерден қаланған, диаметрі алты фут, биіктігі төрт фут алтарьды
қазып шығарған. Генри сонда үшінші қабірді қазуды аяқтағанша
жұмысты тоқтата тұруын сұраған-ды. Қазір енді алтарьды абайлап
бөлшектеуге жұмысшылардың үлкен бір тобын жұмылдырып жатқан
— алтарь Афиныға аттандырылып, сонда қайта құрастырылмақ
болатын. Зор кесектер былай шығарылып тасталғаннан кейін
Генридің бригадасы қазуға кірісіп те кетті.
Календарь парағы жиырма бесінші ноябрьді көрсеткен. Күзгі
нөсерлердің қалайша құйып бермей тұрғаны таңқаларлық еді —
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 30
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.