Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 11

Total number of words is 3874
Total number of unique words is 2337
32.7 of words are in the 2000 most common words
46.7 of words are in the 5000 most common words
53.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Софья үндеген жоқ. Генри қатаң ескерту жасады: жұмысшылар
жұмыс орындарынан тек белгіленген мерзімде — демалыс пен түскі ас
кезінде ғана кететін болсын деді. Жұмысшылар келісіп бастарын
шұлғыды, бірақ келесі қой тас жарқабаққа жақындай бергенде бəрі жан
ұшыра солай қарай жүгірді. Бұған тоқтау салу мүмкін болмады.
Теңіз бен Ғыссарлықтың жəне Қыбұлақтың аралығындағы батпақты
кеңістікте миллиондаған тарбақа бар-ды. Жаз айының ыстығы
батпақты кептіріп жібергендіктен, сентябрьдің аяғына қарай жаппай
қырылған тарбақа мəйіттері иістеніп, шіри бастаған. Троядағылар бұл
өңірге дағдылы безгек ауруының себебі осы деп білетін. Безгек жайлы
бұрын келіп-кетіп жүргенде естіген Генри Константинопольдан
хининді мол ғып əкелген еді. Осында өткізген алғашқы апталарының
аяқ кезінде үй иесінің он жеті жасар қызы безгекпен сырқаттанып, естүсін білмей жатып қалды. Генри мен Софья жұмыстан ымырт жабыла
оралған.
Есік алдында оларды Драмали ханым күтіп отыр екен.
— Қызым ауырып қалды. Батпақ уымен уланған. Көмектесе көріңіздағы,— деп ол Генриге қарай тұра ұмтылды.
— Көмектесіп көрейін,— деді Генри.— Сосын Софьяға бұрылып: —
Термометр мен медициналық сем кет əкеле қойшы,— деді.
Науқас қыз үй иелерінің жалғыз жатын бөлмелерінде, қабат-қабат
қып жапқан жылы көрпенің астында жатыр екен. Софья қызуын өлшеп
көріп еді: 102 градус20 болды.
— Он алты гран хинин береміз,— деген шешім қабылдады Генри.—
Никарагуада мен де батпақ безгегіне ұшырағам. Бір аяғым көрде, бір
аяғым жерде жатқан кезімде ойда жоқта дəрігер неміс ұшырасып,
алпыс төрт гранды бір-ақ асатты. Əйтеуір, амалдап аяғыма мініп
кеттім. Бірақ, қыз бала үшін мұндай мөлшер қауіпті болуы мүмкін.
Генри бір стакан су сұратып алды да, қыз дəріні сумен ішіп салды.
— Ертең таңертең жəне кешкісін, сосын арғы күні ертеңгісін де дəл
осындай мөлшерде ішкіземіз.
Кейін анықталғанындай, хинин — безгек ауруына таптырмайтын
ем болып шықты. Бірнеше күннен кейін жаңағы қыз үй шаруасын
тасқаяқтай қағыстырып жүрді. Доктор Шлиманның медициналық
мансабы осылай басталды. Күнде таңертең ұйқыдан оянғанында оны
Қыбұлақтан, Құмқаладан, Енишаһардан келген науқастар күтіп
отыратын. Троададан дəрігер немесе фельдшер дегенді шырақ алып
іздесең де таппайтынсың. Сол себепті, Генри мен Софья амалсыздан
жедел жəрдем міндетін атқаруға мəжбүр болды. Ғыссарлық басына
келгендерінде де осы көрініс аумай қайталанып, оларды науқастар
айналдыра қоршап алатынды шығарды. Бұлардың арасынан əйелдер
мен балалар да кезігіп қалатын. Генри əрқайсысына төрт рет хинин
ішуді белгілеп, Софья оның бұл нұсқауының мүлтіксіз орындалуын
қадағалап отыратын. Дəріні төртінші рет ішкеннен кейін пациенттер
тəуір бола бастайтын.
— Құттықтаймын сізді, дəрігер Шлиман! Бірде-бір науқасыңыз
шетінеген жоқ.
— Көп рахмет, сестра. Тек бір айыбы хининім таусылыңқырап
қалды. Константинопольға, ағылшын аптегіне хат жазып жіберші.
Драмали маңындағы жарасы мен жарақаты барлардың бəрі осында
ағылып жатты. Драмали үйінің алдындағы аула кешкісін жорық
емханасына айналатын. Софья үлкен қазанға су қайнатып, жараны
жуатын. Генри оған май жағып, Софья шүберекпен таңып беретін
Көмек көрсетілгендердің ешқайсысы екінші қайтып оралмайтын.
— Біз оларға көмектестік пе екен, əлде оларды орға жықтық па екен,
соны білер ме еді,— дейтін Генри кейде ойға батып.
Арада біраз уақыт өткен соң шаруалар оған ауру малдарын - түйе,
жылқы, есек, қойларын əкеліп көрсете бастады.
- Мен енді мал дəрігеріне айналдым. Мені не біледі дейді екен?!- деп
күңкілдейтін Генри.
— Бізді антиканың тұнбасы бар ғой.
— Ол сыртқы аурудың дəрісі ғой.
— Сен сыртқы ауруларды емдей бер, ішкі ауруларға құдай
тағаланың өзі болмас деймісің.
Əр күн өз олжасын алға тартып отырды. Траншеяның тереңдігі
қазір алты футқа жетіп, алға, жотаның төбесіне қарай алпыс футқа
жуық ілгерілеп кеткен болатын. Қос-қостан «көзі» бар, қызыл, сары,
қоңыр, қара керамикалық дөңгелекшелер ойда жоқ жерден көптеп
кезіге бастады. Бірде-біреуінің мұрты кетілмепті. Көпшілігінен
құмырашының жеке белгісі тəрізді бірдеңелер байқалды. Ұсақ
олжаларға жауапты адам Софья болатын. Генри табылған орыны мен
тереңдігін қағазға түсірген соң Софья дөңгелекшелерді олжа
жинайтын брезенттің үстіне əкеп қойды. Георгий Саркис үймеге
немқұрайды кейіпте көз жүгіртіп шықты. Софьяның үйге апарып
сүртіп, тазаламақ ойына ешқандай қарсылық білдірген жоқ.
Өздерінің жұмыс бөлмесінде Генри екі шетіне кірпіш қалап,
ортасына тақтай төсеп Софьяға арнап верстак жасап берген. Үш-төрт
дюймдік терракота бұйымдарын Софья мейлінше сақтықпен қолына
алып, салқын сумен жуып шықты. Беттеріндегі бейнелері айқындала
түсті.
— Қарашы, қымбаттым,— деп жанықтырды ол күнделігіне
шұқшиып қалған Генриді,— мынау өзіміз тапқан тұңғыш өнер
туындылары ғой! Қандай əдемі құс! Мына бір ат аяғын ойнап басып
барады. Ал, мыналар еліктер ме? Мына бір кішкентай қызға қарашы,
қолдарын қусырып тымпиып отырған түрін көрдің бе? Бұлар қандай
мақсатқа арналды екен? Қай заманда жасалды екен?
Қолына үлкейткіш шыны алған Генри ойланып қалды: алтарь, оның
үстінде қанат қаққан ара; бұқа, аққу, нəресте...
— Қандай мақсатқа арнап жасалғанына ақылым жетпейді. Мына
жоғарғы жағындағы қос тесік бір мағына білдіретін болса керек...
— Бəлкім, мойынға тағып жүру үшін немесе үйде икон ілетініміз
сияқты ғибадатханада іліп қою үшін бұл тесіктерден қайыс өткізілетін
шығар?
— Яғни атаулы тартулар дегің келе ме? Мүмкін солай боп шығуы
да... Ал, жасына келсек... бұлар қолдан жасалған, қарабайырлау, Рим
бұйымдары емес. Басқасын былай қойғанда, мысырлықтардың құмыра
шарығын Христос тумастан төрт мың жыл бұрын игергенін, ал
римдіктер мысырлықтардың бар жетістіктерін бойға сіңіргенін айтсақ
та жеткілікті.
— Пирамидалар тұрғызу өнерінен басқасын, де!
Генри қоштап мыңқ етті.
— Əрқайсысына күні көрсетілген қалақша тақ. Табылған орынын
менен көшіріп алуды ұмытпа.
Траншея он үш футтың тереңдікке жеткен кезде, бір күні таңертең
жаңбыр төпелеп құйды да кетті. Бұндай күні Ренкейден
жұмысшылардың келмейтіні анық болғандықтан, Шлимандар үйдегі
шаруаларын реттеп тастауды ұйғарды. Генри тапқан олжалары жайлы
Константинопольдағы Грек филология қоғамына егжей-тегжейлі есеп
жазумен шұғылданды. Олар бұның қандай материалын болса да
жариялауға келісім берген. Софья күнделікке соңғы табылған
бұйымдар жайлы мəлімет түсірген соң, үйіне хат жазуға кірісті.
Гректер жексенбі жəне шіркеу мерекелері күні жұмыс істемейтін.
Ал, мұндай мерекелер бірінің соңынан бірі жалғасып жататын.
«Қаншалықты кедей болғанына, бұл арадан жұмыс табудың
қиындығына қарамастан, тіпті сағатына үш жүз франк төлеймін десең
де, олар жексенбі күні жұмысқа аттап баспайды. Тіпті ішіндегі ең бір
елеусіз əулиенің мерекесі болса да бəрібір. «Əулиенің аруағы атады!»
деген жалғыз жауапты ғана естисің»,— деп жазған-ды Генри
күнделігіне.
Яннакис төңіректі шарқ ұра шарлап, жиырма бес түрік
жұмысшысын тауып келді. Олардың жұмысын бір-ер күн бақылаған
Генри:
— Азиаттық гректердің орынына бұларды қуана-қуана қабылдаған
болар едім. Өйткені, бұлар ұяты бар адамдар жəне ең бастысы,
жексенбі күні де, шегі де, шеті де жоқ шіркеу күндерінде де істейді.
Жəне қалай істейді дейсің! Сөз жоқ, мен оларға ақыны гректерге
қарағанда көбірек төлеуге тиіспін,— деді.
Бұдан былай, жексенбі жəне мереке күндері жотада сексенге жуық
түрік қара тер боп қимылдап жататын болды. Яннакис төңіректі тағы
бір сүзіп шықты.Бұл жолы құрал-жабдық қарастырған — күрек, қайла,
балталар, қырғыштар мен сүймендер жетіспей жатқан. Генри төрт
арба, сегіз өгіз жалдады — босатылған топырақты қолмен тасып
үлгеру қиындап кетіп еді. Өйткені, траншеяның тереңдігі жиырма
футқа жетіп, жотаның төбесіне таяп қалған. Жұмысшылар болса
əлдеқашан-ақ топ-топқа бөлініп, əртүрлі участоктарда қазып жатқан.
Генри бəріне бірдей барып үлгере алмай жүрді.
Бір күні кешкісін, жеңіл тамақтанып, тессек көйлегін киіп алған ол
аса қатты абыржыған кейіпте жұмыс бөлмесін кезіп кетті.
— Не болды, Генри?
— Бұдан əрі күтуге болмайды! Орталық траншеядан жан-жаққа
тарамдар тартып, топырақты солар арқылы шығару қажет. Маған
көмекші керек, бірақ оны қайдан таппақпын. Əлде, Шанаққалаға
барсам ба екен?..
— Əрлі-берлі жүрудің өзіне бірнеше күн жоғалтасың ғой, уақыт
болса аз қалды, ұзамай жаңбырлар басталады. Бəлкім, əзірше бірдеңе
ғып шыдай тұрармыз? Келесі жылы Афиныдан десятниктер ала
келерміз...
— Иə... солайы солай.— Ол Софьяға қабақ астынан қарап, езу тартты.
— Лайықтап жүрген бір адамым бар еді...
— Мен бе?— деді Софья сезіктеніп.
— Əрине, сен!
— Генри, бұл өңірде əйелдің ешқандай қадірі жоқтығы өзіңе мəлім
ғой. Сосын мені мұнда тыңдайтын да кісі жоқ — бəрі де əкемдей
адамдар...
— Бір амалын табарсың.
Софья күдіктене бас шайқады.
Генри бүйір траншеяларды негізгі траншеяға кесе көлденең
жүргізуді ұйғарды. Ертеңіне тиісті өлшемдерін белгілеп берді де, əр
траншеяға он адамнан іріктеп алып:
— Сіздерді Шлиман ханым басқаратын болады. Ол оқыған, білімді
əйел, менің жоспарларым оған жақсы мəлім. Не айтса да өзімнің
айтқанымдай көріп орындайтын болыңыздар. Бұл тəртіпті бұзғандар
дереу жұмыстан босатылады,— деп мəлімдеді.
Жұмысшылар түнеріңкі кейіпте тым-тырыс тұрып қалды. Неткен
масқарашылық десеңші! Өздерін қатын билеп-төстеп жүргені жария
болған кезде жұмысшы жолдастарының, қала берді ауылдағы
көршілерінің бетіне қалай қарамақ? Көрінген жұртқа мазақ боп қалай
жүрмек? Ең ақыры қазан-ошақтарының басынан да қаңқу арылмайды...
Софьяның оларға шын жүректен жаны ашыды. Өз қандастарының
қандай намысқой екендігі оған бесенеден белгілі еді. Ал, бұлардан
айырылуға жəне болмайды: Генри жұмысшы қолына зəру. Ендеше,
абзалы, көз алдарында көлбеңдемей, өзің бірдеңемен айналысуың
керек, немен шұғылдансаң онымен шұғылдан, əйтеуір, қол қусырып
қарап тұрмауың керек деп шешті ол. Күректі қолына алып, топыраққа
аяғымен нығарлай батырып, белгіні бойлап қаза бастады.
Жұмысшыларына жұмған ауызын ашқан жоқ, олар тұрған жаққа
бұрылып көз қиығын да салмады. Ал, бұл кезде аналар топ-топқа
бөлініп, қолақпандай ғып темекі орап, шылым шегуге кіріскен.
Топырақты беткейден темен қарай құлаштай лақтырған Софья
тыным таппастан қазып жатқан-ды. Шамалыдан соң сабасына түскен
жұмысшылар қолдарына күректерін ұстап, бір-бірлеп бері қарай бет
ала бастады. Бірақ, жұмыс жігерсіз, немқұрайды түрде істелінді.
«Мейлі, əзірше өкпелей тұрсын. Бүгін оларға ештеңе демей-ақ
қояйын. Əлі-ақ түсінісіп кетерміз»,— деп ойлады Софья.
Кешкісін Қыбұлаққа қайтып келе жатқан Генри
жұмыстарының берекесі болмағанын айтып, күйіп-пісті.
бұлардың
— Бəлем, олармен ертең сөйлесермін!
— Жоқ, өйтпе, Генри! Мен оларды өзім мойындатуым керек жəне
мойындатқанда
айтқаныма
құрақ
ұшып
тұратындай
етіп
мойындатуым керек. Осыған маған ерік бер.
Келесі күні таңертең жұрттың түгел шыққанының өзі кеп нəрсеге
татитын еді. Софья олармен жылы жүзбен, бірақ барынша салмақты
амандасты. Олар сол бұрынғы қалыптарынша қайлаларын асықпай
құлаштап, топырақ толған себеттерді асықпай апарып жүрді. Софья
ештеңе байқамаған кейіп танытумен болды. Бір сағатқа созылған
осындай жұмыстан кейін қара терге түсіп, өңі күреңітіп кеткен адамды
кезіктіру шынымен-ақ таңырқататын жағдай еді. Софья əлгі
жұмысшының маңдайына қолын тигізіп, от боп жанып тұрғанын білді.
Генримен ақылдасып алған соң, Яннакиске:
— Мына кісіні қашырға отырғыз. Қыбұлаққа алып барамыз,— деді.
Яннакистің науқас адамды екінші қабатқа қарай үйретіп бара
жатқанын Драмалилер онша жақтыра қоймаған. Бірақ, кейін
Яннакистің
жеткізгеніндей,
доктор
Шлиманның
«өтінішін
орындамауға батпапты, өйткені ол қыздарын ажалдан алып қалыпты».
Яннакис жұмыс бөлмесінің еденіне төсек-орын ыңғайластырды.
Софья хининнің он алты гранын өлшеп алып, кеберсіген ерінге су
толы стаканды тосты. Түнде ол жұмысшыға екінші дозаны, таң
алдында үшіншісін берді. Сауығып қалған жұмысшы күндіз қазба
басына өз аяғымен жүріп келді де, кешкісін жолдастарымен бірге үйіне
қайтты.
Ертеңіне таңертең екі бригаданың адамдары да қайла-күректерді
тез-тез таратып алды — жұмыс қызып сала берді.
Октябрьдің аяғына таман Қыбұлақта тұру адам айтқысыз қиындап
кетті. Жаңбыр көз аштырмайтын болды. Жол езіліп, аяқ алып жүргісіз
батпаққа айналды. Ауладағы мал бүрсең қағып, ықтасын іздеуге көшті.
Іңір қараңғысында жұмыстан қайтып келе жатқанда екеуі дəйім
аяқтарымен боқ басып кететін. Ауладан мүңкіген иіс жатын бөлменің
терезесін аштырмады. Кірпіш қабырғалар суықтан қорғай алмады.
Ішкі беті терлеп, жол-жол қып су сорғалатып, ісініп кеткен ағаш
еденнің үсті үнемі кілкіп тұратын. Сырт киімдері тозып біткен, əрі
дұрыстап кеуіп те үлгермейтін. Өздері төсекке діңкелері құри құлап,
төрт-бес сағат ұйқы құшағына берілетін.
Күндізгі сіле қатыратын ауыр еңбек пен осындай тұрмысқа қалайша
шыдас беріп жүргендерінің өзі таңқаларлық еді...
Ал, жұмыс күн өткен сайын қарқын алып бара жатқан. Жотада
күнбе-күн сексен адам қарекет жасамаған кез кем де кем еді. Генридің
бойында туа біткен инженерлік қасиет болғанымен, əзірше табыс
Софья жұмысшыларының жағында-тұғын. Оның жұмысшылары
орталық траншеяға таяу маңнан айта қаларлықтай əдемі көзелер мен
қарабайырлау шағын қыш ыдыстар қазып шығарды. Арасында бір
жарықшағы жоқ бүтіндері де, сау-тамтығы қалмай қирағандары да
бар-ды. Бұлардың ас құятын ыдыс-аяқ екендігінде күмəн жоқ еді. Тұтас
көзелерді Софья көзге түспесін деп бірден шүберекпен орап тастады;
номерлеп, табылған орынын тиянақтап жазып қойды. Ал, сынықтарды
не істерін білмеді. Олар төбе боп үйіліп жатқан жəне бəрінің бір
шаруашылыққа қатысты екендігі де күдік келтірмейтін. Бірақ,
бөлшектен бүтін құрастыру — орындалмайтын нəрсе сияқты көрінген.
— Бірін қалдырмай жинап ал,— деп əмір етті Генри.— Сосын жуып,
верстакқа қой. Кейін асықпай рет-ретімен жымдастырып, үйлесетін
бөлшектерін бір-біріне желімдейміз.
Олар көзелерді жуып, тазартып, сыпаттамаларын жазып, түннің бір
уағына шейін отырды. Сосын сынықтарды да мұқияттап жуып,
верстак үстіне жайып қойды.
— Жаңбыр үйге қамаған күні құрастырармыз,— деген ұсыныс
айтты Генри.— Жə болмаса, Афиныға барғасын айналысармыз. Онда
тіпті жақсы — жетпей қалған кесектерін қалпына келтіретін гипс бар.
Бізге өлі медуза немесе балық желімін қайнату керек.
Софья керамикада өрнек жоқтығына өкініш білдірді.
— Қарапайым ғана бұйым. Көркемдеу жағына құйттай да көңіл
бөлінбеген,— деп күрсінді ол.— Енді бұл бітеу балшықтың жасын
қалай анықтасақ екен?
— Кəртамыс екені күмəнсіз. Мені өкіндіретіні басқа нəрсе: əлі күнге
шейін бұлардың түбінен тамақтың тасқа айналған қалдығын таппай
жүрмін. Уақыт жеп қойыпты бəрін.
— Тамақтың сақталуы шынымен-ақ мүмкін бе?
— Оны кейін көре жатармыз...
Келесі олжалары — саз балшықтан жасалған «зырылдауықтар»
өткендегі «тартулардан» да бетер дал қылды. Олар қалыңдығы
шамамен бір дюймдей болатын жарты шар, конус, жанартау түрінде
мүсінделген еді, бəрінің де ортасында тесік бар-тұғын. Тесіктің
төңірегіне симметриялы түрде ливиялық өрнек жүргізіліпті.
Бұйымдарды қатарластырып қойған Софья Генриді қасына шақырды:
— Қарашы, құс та, аң да, ештеңе де жоқ — тек қана линиялар мен
штрихтар ғана. Ал, өткендегі қаптырмалар бұлардан гөрі
жоғарырақтан жолыққан сияқты еді. Сен қалай ойлайсың — мына
«зырылдауықтар» мүлдем басқа мəдениетке жататын дүниелер ме?
Генри бұйымды алып, аударып-төңкере қарап, суретіне үңілді.
— Мына «свастика» үнді өнерінде де, қытай өнерінде де кездеседі.
Иə, «зырылдауықтар» мен қаптырмалар əрқилы дəуірге жатады. Ал,
екеуінің қайсысы көнелеу дегенге келсек — бұл ойланатын мəселе.
Қай өнер көне — ливиялық өрнек пе, əлде нақтылы образды бейнелеу
ме? Бұл жөнінде Афиныдағы университет профессорларымен кеңесіп
көрерміз. Олар бұның жай-жапсарын жақсы біледі.
Тереңдік жиырма футтан əрі асқан кезде құдды қолмен
қойылғандай бірінің үстінен бірі орын тепкен, өртенген үйлердің
қалдықтары қылаң берді. Софья мұндайды өмірі көз алдына елестетіп
те көрмеген: ол қаланың ішінде, дəлірек айтқанда, қабат-қабат боп
орналасқан бірнеше қаланың ішінде тұр еді. Адамдар осы арада ұзақ
ғасырлар бойына өніп-өсіп, семья құрып, шаруашылық жүргізген. Олар
бірнеше дөңгелек омыртқа тауып алды: бұл əлдебір орасан үлкен
хайуанның немесе балықтың омыртқасы болуы мүмкін еді.
— Акуланың омыртқасы. Бұлардан ер адам қолға ұстайтын таяқ
жасалады. Шамасы, ерте заманда Эгей теңізінде акулалар болған-ау,—
деді Генри.
— Ал, сен болсаң ойыңда дəнеңе жоқ теңізге шомылып жүрсің!
— Ой, бұнда акула құрығалы қай заман! Гомердің дəуіріне жетпей-ақ
жоғалған,— деп күлді Генри.
— Сонда акулалар теңіз бетінен жүз фут биікке қалайша көтерілді
екен? Мүмкін, бұлар жер бетін су жайлаған дəуірлерден қалған
сүйектер шығар?!
— О да мүмкін...
Софья тереңдігі тізеден келетін траншеяда тұр еді. Шашын жинап,
төбесіне түйіп, шаң-топырақтан қорғау үшін түрік орамалымен
бастырып қойған. Генри оған жоғарыдан жадырай күлімсіреді.
— Бəлкім, басқаша болған шығар: акуланы жағада сойып, отқа
қуырған болар. Əдетте акуланың еті азық орнына пайдаланылмайды,
бірақ қарының ашса не жемеймін дейсің... Мұнда сүйектері əкелініп,
əртүрлі құралдар, қару-жарақтар жасалынған шығар. Өздері отқа да
беріспепті. Мына өртенген үйлердің жұрнақтарына көзіңді салшы. Осы
тереңдіктегі барлық үйді түгелдей от жалмағандай əсер қалдырады.
Тастан салынған қалалардың, көп болса, екі-үшеуін ғана кезіктірерміз
деп ойлаймын. Өзгелері төбесі қамыспен, сабанмен жабылған ағаш
үйлер еді. Қала тұтасымен жалынға орануы үшін, бəрі де күлтопыраққа айналуы үшін бір ғана ұшқын жетіп жататын. Күлдің мына
бір қабаты,— Генри қолымен нұсқап көрсетті,— мынадай суретті көз
алдыңа елестетеді: шаланың сөніп, шоқтың суығанын көрген адамдар
өрттің орнына қайтып келіп, бəрін тегістеп жазып, үстіне топырақ
тастап, қаланы қайта тұрғызған болса керек. Əдетте олар азықтүліктерін, құрал-жабдықтары мен жоралық бұйымдарын алып
үлгеретін де, өрттің басылуын Скамандр жанында тосатын. Əрине, бұл
үлкен бақытсыздық еді, бірақ жөндеуге, орнын толтыруға болатын
нəрсе-тұғын: төңірек сыңсыған ағашты — үй сал мейлің, отқа жақ
мейлің, жететін. Сөйтіп, бірнеше күннің ішінде өздеріне жаңа баспана
жасап алатын.
Келесі күні олар мидиялар мен устрицалар қауашақтарын қазып
шығарды.
— Өз туыстарым екенін танып тұрмын,— деді Софья қулана күлім
қағып.— Теңіз ырыздығын ұнатқандары көрініп-ақ тұр. Гомердің
айтуынша, олар да бидайдан нан пісіріп, арпа егіпті. Енді малдың
сүйектерін табу ғана қалды, сонда қандай ет жегендерін де білеміз.
— Бұл бізге «Илиададан» белгілі емес пе. Олар істікке түйреп бұқа,
қой, қаз, бұзау етін қуырып жеген; аңшылар қабан, бұғы, қоян аулаған...
Жалпы алғанда, ата-бабаларымыздың тағамы мейлінше əр-алуан
болған.
Таңқаларлық тосын жаңалықтар күн өткен сайын көбейе түсті.
Жотаның төбесіне тақау жерден, бар болғаны бес-ақ фут тереңдіктен
қазылып шығарылған үлкен ғимараттың жұрнақтары арасынан олар
ұзындығы он бестен жиырма бес дюйм аралығындағы үш мəрмəр
тақта тауып алды. Тақталардың бетінде шапқымен түсірілген жазу
бары байқалды. Сумен шайып жіберіп, əріптерге зер сала үңілісті.
Генридің өңі қуқыл тартып сала берді.
— Софья, мен көне жазуларды жолықтырсам деп қалай армандадым
десеңізші! Өйткені, мұндай олжа, əсіресе ол ғибадатханадағы жазу
болса, баға жетпес жаңалық əкелер еді!
Жекелеген сөздерді ажыратып оқып шыққан Софья оны білегінен
сипап, жұбату білдірді.
— Жоқ, жаным, бұл көне грек тілінде жазылған, əрі ғибадатхана
тақтасы болу-болмауы да екіталай.
Өйткені, «совет», «азамат», «салық», «жер иелену құқы» деген
сөздерді көрмеймісің?
— Иə, көріп тұрмын.— Ол Софьяға жалынсыз жанармен қарады.—
Бұл совет мəжілістерінің əлдебір ғимаратына қойылған тақта тəрізді.
— Саркис келе жатыр. Тақта қазып шығарғанымызды ол да көрген.
Бұларды жуып, тазартып, кешкісін сөздерін аудармақ ойымыз барын
айтшы.
Саркис тақталарды үйге əкетуге қарсылық білдірмеді: бұларды
таңертең қарап шықпақшы болды. Софья мен Генридің толғанысқа
берілгендері сонша, кешкі астарын жайбарақат іше алмады.
Жеделдетіп, жеміс-жидек пен балдан ғана ауыз тиді. Яннакис арбаға
тиеп əкелген тақталарын жоғары шығарып берді. Жазуларды тазарту
үшін қатқыл шөткемен ұзақ жұмыс істеуге тура келді.
— Ақыры біраз сөзін ажыратып оқыған екенсің, сен мына үлкенімен
шұғылдан. Ал, мен Вимпостың дəрістерін еске түсіріп қалған екеуімен
айналысып көрейін,— деген ұсыныс айтты Генри.
Түнгі сағат бірге таман Софья Генридің алдына мынадай текст
қойды (бірақ аударманың аса дəл боп шыққандығына кепілдік бере
алған жоқ):
«Диафен Поллеос Тимнит патшаға деген ақ адал ниетін, кез-келген
мұқтажға қол ұшын беруге құштарлығын əрдайым аңғартып келе
жатқандықтан, патша Совет пен халыққа алым-салық жинаушы
Тимнитке мəңгілік алғыс жариялауды жəне өз азаматтарының
қатарына қабылдауды міндеттейді. Оның құқы осы тақтаға жазылып
қойылсын жəне...»
Генри де азапқа бата отырып, ақыры өз тақталарындағы оқып
шықты. Онда да осы төңіректегі нəрселер сөз болыпты; аталған
адамдардың азаматтық құқы мен дүние-мүлік праволары белгіленіпті.
Ертеңгісін Генри шомылып қайтқанында оны аулада Саркис күтіп
тұрған-ды. Генри өздерінің жуас бақылаушысын жоғарыдағы
бөлмелеріне ертіп апарды. Саркис табылған олжаға деген
немқұрайдылығын ашықтан-ашық байқатып та қойған. Софья кофе
əкелді. Генри үш жазбаның да мазмұнын Саркиске түрік тілінде
түсіндіріп берді. Софья байқап қалғанындай, жазудың қай-қайсысына
да айрықша ықылас танытпай, бейтарап түрде баяндады. Соған орай
Саркистың үлкен тақтаны Шлимандарға қалдырып, екі кішкентайын
өзі алуы да заңды болатын. Ал, жазулардың ең жақсы сақталғаны, ең
толығы да осы үлкенінде еді. Саркисты шығарып салған соң Софья
күйеуіне қарап қуланып:
— Байқауымша, осы сен Саркисты тақыршаққа отырғызып кеттің-ау
деймін — əлде мен қателесіп тұрмын ба?— деді.
— Аздап жылпостық жасағаным рас. Американға армянды алдаудың
орайы жиі келе бермейді. Ондай жағдайдан айырылып қалудың өзі
күнə ғой,— деп мəз бола күлді анау.
Генри алғашқы мақаласын Константинопольдағы «Грек филология
қоғамының журналында» жариялады. Бұл оның күнделігіне күнбе-күн
түсіріп жүрген жазбаларының сөзбе-сөз дерлік көшірмесі болатын.
Мақала жылы қабылданды. Екінші есебін ол Афиныға «Пікірталас
парақтарына» жіберді. Бұнда да жақсы қабылданатынына үмітті еді.
— Ал, менің оған зəредей де күмəнім жоқ,— деді ертеңгі туалетін
аяқтап қалған Софья.— Өйткені, сен не тапқандарымызды ғана
жазасың, оларға ғылыми сыпаттама бересің, табылған тереңдігін
талдайсың. Трояның тұрған орыны жайлы айтысқа араласпайсың...
— Өйткені, мен «Троя — осында!» деп əлдеқашан-ақ. айтып қойғам.
Рим құдығы кезікті. Генри оның ішінде не барын білмекке кішкене
шұқылап көрмек болды. Жеңілдеу бір жұмысшыны таңдап алып,
беліне жіп байлап түсірді.
— Кез-келген жексенбіде келе беріңдер деген. Өз үйінің Трояның
жұртында тұрғанын саған дəлелдеу ол үшін үлкен қуаныш болатыны
анық.
Софья қуанғанынан қол шапалақтап жіберді.
— Ең болмаса бір күнді адам құсап өткізетін болдық-ау! Ванна
қабылдап, əдемі көйлегімді киемін. Бірақ, тұра тұр, алдымен үйден
келген хаттарды тағы бір оқып алайын. Андромаха жайлы
жазылғандарды оқығанымда бейне бір өзін көргендей болам, сонда
жаным да жай тауып сала береді.
Ваннадан соң Софья қызыл-күрең блузкасын, жасыл жүн костюмін
киді; алтын ілгектері жекетінің өңірінде жұлдыздай жылтылдап
тұрды.
— Сен жұмбақ адамсың, Софидион! Парижде сəн-салтанатқа бөленіп,
зиялы қоғам ортасында жүргенде көңіліңнің хошы болмай, үнемі
сырқаттанып қала беретінсің. Ал, мына жан шошырлық жағдайда,
ұзақты күн бел жазбай жұмыс істеп жүргенде үріп ауызға
салғандайсың!
Софья жауап орнына мəз бола езу тартты.
— Жоқ-ау, бұны қарай көріңдер деймін!— деп Генри екіленіп кетті.
— Тамағын да талғап ішпейді, ұйықтап та жарытпайды, сонда да
Праксительдің Афродитасы сияқты айдай сұлу қалпынан айныған
емес. Плиний оны мүсіншінің ең таңдаулы туындысы, жалпы жер
бетіндегі теңдесі жоқ керемет деп санаған. Ашық аспан астына
қойылған ол қай тұстан да анық көрінетін жəне қай жағынан қарасаң
да көңіліңе қуаныш себелейтін. Лукиан оның жартылай ашық тұрған
еріндерінен ерекше бір жұмсақ күлкіні, ал шаттыққа толы жанарынан
қуаныш ұшқынын көрдім дегенді айтады.21
— Өйткені мен бақыттымын, Эррикаки.
Бұл аса сирек айтылатын, құпия есім еді. Өзінің шынайы бақытты
адам екенін білдірген сезім Генридің бойын шымырлатты.
Күздің шуақты күні еді. Жолдың қос қапталы — бір жағы сонау
тауларға шейін, екінші жағы теңіздің қиян түкпіріне дейін — көзге
анық көрініп тұрған. Оппа қардан аумаған ақша бұлттар Иданы қос
қапталдан қаумалап, біртіндеп солтүстікке ойысып бара жатыр.
Арбалар жүріп тақырлаған қара жолмен Софья мен Генри үлкен жолға
барып қосылды да, оңға бұрылды. Енді бес мильден кейін Фимбраға22
жетпек. Мұнда 60-жылдардың басында Фредерик Калверт пен оның
дəулетті жұбайы өздеріне екі қабатты үй салдырған. Ал, Фредерик
Калверттің өзі он алты жыл бойы Британияның Дарданелдегі
генералдың консулы болып істеп келе жатыр еді. Інісі Фрэнкке
отанында шығарылған ауыр үкім Фредерик Калверттің мансабына
ешқандай əсерін тигізбеген тəрізді.
Үйге қарай беттеген жолда ұзына бойына теректер мен сары гүлдер
отырғызылған ұзын аллея бар-ды. Атшы бұлардың аттарын ұстап,
есікші қонақтарды алтын жалатқан қос есікке қарай бастай жөнелді.
Жексенбілік түскі асқа арнап киінген Калверттер Кентерберий
соборындағы мінəжаттан жаңа ғана оралған жандардай əсер
қалдыратын. Фредерик Фрэнктен гөрі толықтау болатын əрі жасы да
үлкен еді. Кілмиген көгілдір көзді, ұзын жақ сақалы бар, шалбар бет
адам-тұғын. Ағылшын жібегінен көйлек киген, шаштарын ақ қырау
шалған жұбайы да егде жасқа жеткен əйел еді. Үй иелері
Шлимандарды қуана қарсы алып, тор көзді шарбағы бар балконға
қарай бастады. Аперитивтен анда-санда бір ұрттап қойып отырған
олар миссис Калверттің өз қолымен отырғызылған зəйтүн тоғайларын
тамашалады. Миссис Калверт сондай-ақ тау бұлағының суын
жинайтын римдік акведук та жасаған еді.
Ағаш панельдермен қапталған асханада оларға əдеттегі ағылшын
түстігі берілді: арпа жармасынан қайнатылған сорпа, қаны тамған
ростбиф, Йоркшир пуддингі жас бұршақ, бисквиттер, ақ жəне қызыл
шарап əкелінді. Софья ағылшын тілінен сабақ алғанына қатты қуанды,
өйткені Калверттер басқа тіл білмейтін. Үстел басында мейлінше
ақжарқын əңгіме болды: Лондон мен Париж еске алынды, Афины жайы
əңгімеленді. Калверттер Афиныны айрықша ұнататын. Қыбұлақтағы
Драмалидің үйіндегі азапты өмірге Шлимандардың қалайша
табандылықпен төзіп жүргендері, онымен қоймай Ғыссарлықта
каторгалық жұмыс атқарып жатқандары жайлы жанға жағымды
таңырқау сөздер айтылды.
Миссис Калверт бұлардың азық-түлік жағын қалай ыңғайластырып
жатқандарын сұрады.
— Онша мəз емес,— деді Софья.
— Келесі жылы қазба жұмысын жеті-сегіз ай бойы жүргізбексіздер
ме?
— Күйеуім солай дейді.
— Мұндай мерзімге, əрине, өздеріңізбен бірге аспаз ала келесіздер
ғой.
— Мистер Шлиман көктемге қарай қазып жатқан жеріміздің
қасынан бір кішкене үй тұрғызсам ба деп жүр, оның іргесінде
шағындау шоланы бар ас үй де болмақ. Біз, шамасы, Афиныдан аспаз
əкелетін шығармыз немесе қазынашымыз Яннакисты пайдаланатын
болармыз.
— Ол ағылшын ба?
— Жоқ Түркиядағы грек. Түріне қарасаң қарақшы дерсің, ал
шынында қой аузынан шөп алмас момын. Біздің асыраушымыз сол
болып тұр. Жеміс-жидекті де, қоян, қой етін де, қайдан тапса да əйтеуір
тауып тұрады. Жексенбі күні бізге қандай түстік дайындап береді
десеңізші! Грек тағамдарын əзірлеуге кіріскенде Драмалилердің
дегбірін кетіріп, бет-бетіне бостырып жібереді.
Қонақ бөлмеде ликер ішіп отырған кездерінде Фредерик Калверт
қандай олжа кезіктіргендерін сұрады. Генри іргетастағы орасан үлкен
тастар жайлы, теңгелер мен медальдар, табынуға арналған терракота
бұйымдары жайлы айтты, көзелердегі өрнектер мен бейнелерді
барынша толық сыпаттап берді, акула омыртқасын да еске сала кетті.
Калверт бұл əңгіменің бəрін таңқаларлық төзімділікпен тыңдап
шықты.
— Əзірше айрықша ештеңе жоқ көрінеді,— деді ол. Сосын Софьяға
қарай бұрылды.— Күйеуіңізді қатты қадірлеймін, миссис Шлиман,
бірақ сізді айтам, сіз оның Троя жайлы мүлдем жалған ойда жүргенін
түсінетін боларсыз?— деді.
— Ол қандай жалған ой, мистер Калверт?
— Троя басқа жерде емес, дəл осы арада ғой! Жүріңіз, сізге серуен
кебіс тауып берейін де, «Илиададан» алған дəлелдемелерімді
алдыңызға жайып салайын.
Генри Софьяға көзін қысты да, креслосынан көтерілді.
— Тіпті жақсы болды. Сен Бунарбашыны көрсем деп
армандағансың, ал Фредерик Калверттен асқан экскурсоводты іздесең
таппайсың.
Атшы үй жанына семьялық күймені алып келді. Көздері бітелген
бастаулардың орынында пайда болған батпақты айналып өткен олар
Фимбру атты көне мекенге келіп кірді. Бұдан бірнеше жыл бұрын
Фрэнк Калверт осы арадан Аполлон ғибадатханасының жұрнағын
жəне бірнеше бағалы жазулар тапқан. Троаданы оңтүстігінен айналған
атшы оңға қарай бұрылды. Көп ұзамай кезіккен қорғаныс
қабырғаларының ізі бұл арада тағы бір көне қала барын паш етті.
Жотаның беткейлерінде қыш сынықтары шашылып жатыр еді.
Күймеден түскен Калверт иіле тəжім етіп тұрып:
— Мадам Шлиман, сізді ежелгі Троя
басуыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз!— деді.
топырағына
қадам
— Қуанғанымнан не дерімді білмей тұрмын, мистер Калверт, бірақ
бұған сену сондай қиын.
— Ендеше, сізге дəлелдемелер келтірейін. Маған еріп жүруге
мархабат етіңіз. Міне! Міне, Троя əйелдері өздерінің «жылтырақ
киімдерін» жуған қос бұлаң — мынау салқыны, мынау ыстығы. Байқап
көруіңізге болады.
Софья екі бұлақтың суына да қолын батырып көріп, аса көп
айырмашылығы жоғын аңғарды. Калверт алға қарай озыңқыраған
кезде Генри оның құлағына сыбырлап:
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 12
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.