Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 14

Total number of words is 3939
Total number of unique words is 2302
32.0 of words are in the 2000 most common words
45.3 of words are in the 5000 most common words
53.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Яннакис, Шлиман ханымға қыз таптың ба? — деп сұрады Генри.
— Қайдағы қыз? Не үшін?— деп таңқалды Софья.
— Саған əрі құрбы, əрі күтуші болатын бір қыз керек. Қазір мұндағы
жағдай былтырғыдан басқаша. Ренкейлік жұмысшылар үйлеріне тек
сенбі күні кешкісін немесе шіркеу мерекелері қарсаңында ғана қайтып
жүр. Осы араға лагерь құрып, бірнеше қабат одеялға оранып
ұйықтайды. Оларға арнап су құйылған бөшкелер, дəретханалар
орнаттырдым. Азық-түлік дүкені де бар, бірақ олар тамақтарын
дүйсенбі күні өздерімен бірге ала келеді. Біз, өзің көріп тұрғаныңдай,
«Ғыссарлық» атты ауылдың іргесін қалап жатырмыз. Мұнда еркектер
көбейіп кеткендіктен сені үйде жалғыз қалдыруға болмайын деп тұр.
Екі езуі құлағына
тағатсызданып тұрған.
жеткен
Яннакис
əлдене
айтқысы
кеп
— Қожайын, мен қызды таптым,— деді.
— Əб-бəрекелді. Ол мұнда қанша уақыт бола алады?
— Қанша қаласаңыздар сонша. Қашып кетпеуі үшін оған үйленіп те
қойдым.
Бұл шынымен таңқаларлық жəйт еді. Қырықтың қырқасына жаңа
шыққан Яннакис былтыр ғана үйленуден ат-тонын ала қашып, азар да
безер боған. Біреуге əмір жүргізу қолымнан келмейді, ал əйеліңді
лайықты қалыпта ұстамасаң болмайды дегенді сылтауратқан. Себебі,
Азияда солай... Енді ол өзін бұлар үшін құрбандыққа шалған боп тұрау?
— Ол қыз қайда, Яннакис?
— Қазір көрсетем.
Яннакис ас үйдің шоланына зып беріп кіріп кетті де,
тартыншақтаған жұбайын қолынан сүйрелеп сыртқа алып шықты.
— Міне Поликсена, қожайын. Біз өзі бір жағынан туыспыз да. Бұл да
Ренкейден.
Кірпігін төмен түсірген Поликсена алдымен Генриге, сосын Софьяға
бас иіп, естілер-естілмес үнмен:
— Қызметіңізге əзірмін,— деп күбірледі.
Бұл өзі жасы он алтылардағы, таза киінген, сүп-сүйкімді қыз екен.
Бойы Яннакистің қолтығынан ғана келетін. Грек қызы болғандықтан
бетін бүркемепті. Үстіне кең етекті, ұзын жең ақ көйлек киіп, басына
шəлі тартыпты. Ұялшақтау болғанымен, еті тірі, елгезек екені, онымен
тіл табысып кететіндері аңғарылып та қалды.
Ac үйдің екі бос қабырғасына Яннакис жүз фунттық; қапшықтарды
қатар-қатар етіп қаластырып жатыр еді. Бұларда жоқ емес жоқтың бəрі
бар-тұғын: кофе, қант, бадана, жасымық, кептірілген бұршақ, жас
бұршақ, жарма, күріш, кептірілген інжір мен мейіз, жаңғақ, ұн... Ал,
Яннакис болса сырттан жаңа пакеттер мен бумаларды кіргізіп жатқан.
Бұларда макарон, корица, мускат жаңғағы, ваниль, фисташкалар,
томат пастасы, үгітілген сүтсірне, патока бар еді. Көшеде өз кезегін
күтіп пикуль мен май шабақ салынған бөшкелер, зəйтүн жемістері мен
сардиналар тұрған... Берік етіп байланған түйіншектер шешіліп,
қапшық ішінде не бары тексеріліп жатты.
— Паһ, иісін-ай! Сауда үйіндегіден аумайды,— деп қуанды Софья.
Генри өзінің шат күлкісін жасырып та əлектенбеді.
— Өткен алты аптада əбден ашықтым. Енді соның есесін қайтаруым
керек.
— Ə-ə, мені неге күткеніңнің себебін енді білдім ғой: саған аспаз
керек болған ғой.
— Мен — аспазбын! Троададағы ең таңдаулы аспаз — мына менмін!
— деп өpe түрегелді Яннакис.
Ойда жоқ жерден Поликсена дауыс қосты:
— Бұл еркектердің ісі емес. Асты өзім əзірлеймін.
— Жоқ! Ac үйде мен қожайынмын!— деп кесіп тастады Яннакис.
Түрі де қуқыл тартып сала берді.
— Тамақты бəріміз кезекпе-кезек дайындайтын боламыз,— деп
күлді Софья.
Генри оны қазба басына алып барды. Көк шалбар, қызыл тақия
киген жүмысшылар жотаның үстінде жосып жүр еді.
— Мынау нағыз құмырсқаның илеуі ғой!— деп жіберді Софья.
— Дұрыс айтасың: қазір мұнда жүз отыз адам жұмыс істеп жатыр.
Құрал-саймандарымыз да əбден жарап тұр, əсіресе қол арбаларымыз
бен қуыс күректеріміз керемет.
Олар жотаның оңтүстік шетіне қарай бет алды. Бұл арада жыл
санауымыздың төртінші ғасырында Жаңа Илион қаласы орын тепкен.
— Бұл төңірек содан бері елсіз қаңырап жатыр.
Қырық бес адамдық бір бригада төмендегі жазықтан жайпақ
беткеймен жоғары өрлеп бара жатыр еді. Бұл жұмысқа аяғына биік
қонышты ағылшын бəтеңкесін, басына шахтер дулығасын киген бір
бейтаныс адам басшылық жасап жүрген.
— Афиныдан десятник қызметіне шахтер тауып алар ма еді дегенім
есіңде ме? Сөйткен шахтерім мені өзі іздеп тапты. Бұл кісі Георгиос
Фотидис дейтін осы араның грегі. Австралия кен орындарында жеті
жылдай жұмыс істепті. Үйін сағынып қайтып оралыпты да, көрші
деревнядағы бір жас қызға үйленіпті. Көптен жұмыссыз жүр екен, əрі
əйелін де қалың малсыз алған көрінеді. Тоннель салуда тəжірибесі
барын естіген бойда жұмысқа қабылдадым. Өз ісін жетік білетін боп
шықты. Екінші үйімізде қонып жүр.
Софьяны қолынан ұстаған Генри кең қазылған траншеяға түсіп, оған
Фотидисті таныстырды. Анау темір телпегін шешіп, қолын жүрегіне
қойып тəжім етті.
— Фотидис, миссис Шлиманға не істеп жатқандарыңыз жайлы
айтып беріңізші,— деді оған Генри.
— Айтқанда да қуана-қуана айтамын, доктор Шлиман.
Ол грекше өте таза сөйлейді екен. Сөз саптау мəнері білімді адамның
сыңайын танытып тұр.
— Миссис Шлиман, біз жазықтан қырық алты футтық белгіге дейін
көтерілмекпіз. Доктор Шлиманның ойынша, сол арада құрылыққа
табан тіремекпіз. Бұдан кейін жотаны бүйірлеп, Макрис пен Деметриу
бригадаларына қарай бағыт ұстаймыз. Соларға кездескенімізде
траншеямыз бүкіл жотаны құрылық деңгейінде, яғни Гомердің Троясы
деңгейінде, қоршап алатын болады. Доктордың ойы осындай.
— Басқасынан айныса да доктор енді бұл ойынан айнымақ емес,—
деп қосып қойды Генри селқостау ғана.— Жүр, Софья, солтүстік
беткейге барып, не болып жатқанын көрейік.
Олар жотаның үстімен борсаңдап, тағы бір бригада биіктігі жиырма
алты футтық жартастың беткі топырағын босатып жатқан жерге
жақындады. Шлиман Троя акрополі тап осы арада деп топшылаған.
Жотаны үш-төрт мың жылдың шөгінді топырақ қабаты басып жатқан.
Бұны бейне бір сыртқы қабық десек, ортасындағы шаттауығы —
алғашқы Троя орналасқан жартас еді. Міне, Шлиман осы шаттауықты
азуға басып көрмек болатын. Ал, қабығын түкіріп тастамақ-тұғын.
Сол тұсқа қарай қадам баса берген Софья əлдебір заттарды көзі
шалып, таң қалғанынан талып түсе жаздады.
— О, жасаған! Өңім бе, түсім бе?
— Шынымен-ақ, əдемі емес пе? Бұларды in situ көруің үшін тұрған
жерлерінен қозғамауды өтінгем,— деп шаттанды Генри.
Бұл көрініс шынымен-ақ таң қалдыратын: он қызғылтым пифос24
белуарына дейін қазып шығарылған қалпында траншеяда қаз-қатар
тізіліп тұр еді. Бұлардың биіктігі, шамасы, жеті футқа жететін болса
керек, ал көлденеңі бес фут-тұғын.
— Генри, бұл немене? Нендей мақсатқа пайдаланылған? Жəне
неліктен соншалықты биікте, əрі қаз-қатар тізіліп тұр?
Генри масаттана тамағын кенеді.
— Мына топырақ қабырғаларға қарап тұрып, көз алдыңда көше
жəне бір емес бірнеше көше тұрғанына, онда қираған үйлердің
жұрнақтары жатқанына сену қиын. Ал, мына ғажайып пифостарда май,
су, бидай, арпа сақталатын...
— Сонда бұнда сақталған қорларын олар қалай алатын болған?
Баспалдақ арқылы шыққан ба?
— Мүлдем керісінше, сүйіктім. Тізелеріне түсетін болған.
Софья оған сасқалақтай көз тікті. Сол бойда-ақ бəрін түсіне кетті.
— Сонда бұлар жерге көмулі тұрған дегің келе ме?
— Əрине. Əдетте үйлер бір-ақ бөлмеден тұратын. Оның ішіне мына
пифостарды кіргізсең семьяға сыртқа жатуға тура келер еді. Сол
себепті, олар бұны үйдің алдына мойнынан келтіріп көміп қоятын.
Жотадан қырық алты футтай төмен түскен кездерінде Софья тағы
да таңданғаннан не дерін білмей тұрып қалды: ол Генридің ұлы
жоспарының алғашқы нобайларын, жұмыс алаңының алғашқы
нышандарын көрген-ді. Деметриудің жер қазушылары траншеяны
жоғарыдан, жотадан төмен қарай тартқан болатын. Макристің
жұмысшылары өз траншеяларын солтүстіктегі тік беткеймен жүргізе
отырып, бұлардың жолын кесе-көлденең қиып өткен. Екеуі бірігіп он
бес мың текше ярд топырақ босатқан. Бұл алаңқай жотаны жүз елу
футтай жерінен орағытқан-ды: осы плацдармға орныққан Шлиманның
адамдары цитадельді жауып тұрған — Генри бұған имандай сенетін —
топырақ үйіндісін қопара бастамақшы еді. Бір заманда бұл цитадель
ахейліктердің он жылдың қоршауынан да қыңбаған қалың тас
қабырғалармен қоршалған болатын. Жазыққа қарай бастайтын жол да
осы жерден табылуға тиіс еді.
— Генри, шынымен-ақ Гомер Илионының жеріне аяқ басып тұрмын
ба?
— Мен бұған құйттай да күдіктенбеймін. Сен түсінемісің,— Генри
жігерленіп кетті,— бізге ең бастысы қабырғаларды табу ғой. Мына бір
биіктесінге отырайықшы.
Ол сюртугінің қалтасынан «Илиаданы» алып,
Аполлонмен əңгімелесіп тұрған жерін оқып берді:
Посейдонның
Илионның жолында
Мəңгі өлместерден өзіміз
Ұмыттың-ау тер төгіп,
жəбір көрген күндерді.
Кронид берген əмірмен,
тəкаппар Лаомедонға
Жай ғана шартты ақыға
жыл бойы жұмыс жасадық.
Тепкісін де тырп етпестен көтердік.
Трояның халқына қалың қабырға тұрғыздым,
Биік те берік тас қамал қорған болды қалаға.
Бұған қоса біз жарма есігі бар қақпаны да іздестірмекпіз. Ол
жайында кішкене кейінірек айтылған:
Қарт Приам, қасиетті мұнарада отырған,
Қорқынышты Ахиллесті көріп қалды бір кезде:
Трояның ұлдары топырлап қашып барады,
Қаһарына шыдай алмай батырдың.
Жылады патша еңіреп, сосын, жерге түскесін,
Қақпашы есіл ерлерге əмір етті айқайлап:
«Сарбаздар қашып қалаға түгел келіп кіргенше
Қақпаны ашық ұстаңдар.
Оларды қуған, өкшелеп
Пелид те қалды өкшелеп! (...)
Жасақтар ішке кіргесін,
ес жиғасын қамалда,
Қақпаны қайта жабыңдар,
жармаларын бекітіңдер жақсылап»
Олар үйлеріне қайтып оралды. Яннакистің
нəтижесінде ыстық тамақ та дайын болған екен.
ыждағаттылығы
— Плита,— деді ол мақтанып,— жұмыс істеп тұр. Муссаку, күріш
палау, шараппен шыланған қуырылған ет əзірледім. Пеш — ол да
жұмыс істеп тұр. Бір белке грек нанын пісірдім.
Генри өзі ұнататын түрік шарабының тығынын ашты.
— Ғажайып та ұлы жаңалықтар үшін ішейік!
— Бұл үшін ішуге болады. Мұнда сол үшін келдік. Бірақ, мен
алдымен өзімізге арнап салынған мына үйдің шаңырағынан бақыт
арылмауы үшін ішкім келеді.
— Біз тек Троя акрополін əлемге паш еткенде ғана бақытты
боламыз. Бұл күдік келтіргіштердің аузына құм құяды,— деді Генри
Софьяға қадала көз тігіп.
«Несі бар, дұрыс айтады. Біздің бақытымыз Трояны табатынтаппайтынымызға байланысты боп тұр ғой. Тек ешқашан ешқандай
өкініш білдірмеуге тиіспін. Өйткені, неге басымды байлағанымды
білгенмін»,— деп ойлады Софья.
Тамақтан соң Генри Софья Афиныда болған кезде өздерінің не
қазып шығарғанын көрсету үшін оны жұмыс бөлмесіне алып барды.
Табылған
олжаларды
материалы
бойынша
сұрыптамапты.
Керамиканы, тас пен сүйекті табылған орындарына қарай бөлек-бөлек
етіп үйіп қойыпты.
— Біз əк тастар мен малта тастардан тұратын төсеніш таптық. Бұл
жотадағы үйлердің орнықтылығын арттыру үшін пайдаланылған
болса керек. Төсеніштің астындағы топырақ тастан да қатты боп
қалыпты. Сол арадан үйлердің жұрнағын жəне мына жатқан заттарды:
диорит балта мен сақпан доптарын, кремний пышақтар мен лавадан
жасалынған дəн үгіткіштерді, жапалақ басы қондырылған мына бір
əдемі мəр-мəр пұттар мен қыштан жасалған үш бұрышты
батырғыштарды, терракоталық қауашақтарды таптық...
— Таңертең бұларды тазалауға кірісемін. Өлшемін жасап,
сыпаттамасын жазамын. Өзіммен бірге біраз балық желімі мен
алебастр ала келгем.
— Тіптен жақсы болды. Мұнда саған жұмыс жетершілік.
— Бірақ, менің де қазғым келеді!
— Ендеше былай келісейік. Таңертең менімен бірге алаңқайда бол,
ал түскі астан кейін үйде қалып жазбалар жүргіз, лондондық «Тайме»
пен «Аугсбургер альгемайнеге» арналған мақалаларымды ретке
келтір.
Софья сөрелерден күміс түйреуіш, əшекейлерді құйып шығаратын
қалып, əдемі бояулармен көркемделген қираған ыдыс, қарайып кеткен
қола инелер, мыс найза тапты. Диориттен жасалған балғалар мен қара,
қоңыр, сары түсті керамиканы бір-бір сипап өтті. Құмыра шарығында
жасалған ыдыстар, ер адамның пішіні бейнеленген вазалар мен
өздеріне бұрын-соңды жолығып көрмеген формадағы бөтенше
вазалар, шампанға арналған бокалға ұқсас кубоктар, ұзын мойынды
қара құты, іші бос жерлеу урналары, таңқаларлық айшықты
бояулармен безендірілген сынықтарға толы себеттер, қыштан
жасалған, əлдебір жазулары бар мөрлер, үш аяқты құмыра — бұл
шамасы əйелді бейнелемек болса керек, өйткені тиісті жерінде
емшектері бар-тұғын — өзі алдарына бөлек-бөлек жинастырылып
қойылған-ды.
— Мұншама мол дүниені жылдам реттей алмайсың. Əттеген-ай, о
бастан осында болмағанымды-ай! Топырақ арасында жатқан жерінде
танысып, бойымды үйретіп алар едім-ау.
— Біраз айналысқасын бойың былай да үйреніп кетеді.
— Бұлардың қай заманның заттары екенін шамалай алмайсың ба?
— Жотадағы қалаларымыз сияқты бұлар да шым-шытырық
араласып кеткен. Біраз нəрсе жұмыс барысында-ақ белгілі боп қалар,
ал дəлме-дəл анықтауға университеттегі афиналық достарымыз көмек
көрсетер. Менің ойымша, қазір ұйықтаған жөн-ау деймін. Сен бүгін
əбден шаршадың ғой.
Яннакис одеялдар салынған жəшіктерді ашты. Поликсена олардың
төсегін əзірледі.
Мəз-мəйрам боп күлген Софья күйеуінің мойынына асыла кетті.
— Жаным менің Эррикаки! Қазір сен нағыз атлас сейсеппен
тысталған нағыз жүн одеял жамыласың, сосын өзіңді жұмақта
жатқандай сезінесің.
— Өзің жанымда болған кезде өзімді қашанда сонда жүргендей
сезінем.
Софья оқыстан оянып кетіп жастықтан басын жұлып алды:. бетінде
бірдеңе жорғалап бара жатыр екен! Шыңғырып қалып, əлгіні қағып
жіберді де, жерге секіріп түсті.
— Генри! Мың аяқ!
— Жоқ, бар болғаны қырықаяқ,— деді анау ұйқылы-ояу үнмен.
— Немене, оның шаққаны қауіпті емес пе?
— Шақса ғана қауіпті.
— Жоқ, енді ұйықтасам тек қана тас бүркеніп ұйықтайтын болам.
Софья бетін тағы бір сипап өтті.
— Киелі аруақтар, қорғай көріңдер!
— Оларға биікке көтерілу қиындау соғады. Одан да Яннакиске
кешке қарай төбені сыпырып қоюды тапсырған жөн.
Генри сағат төртте оянған кезде күн əлі қараңғы болатын. Құр аттар
Симоисқа əн сағатта алып барды. Софья суға түскен жоқ. Олар қайтып
келе жатқанда жүн Иданың қыр арқасынан жаңа ғана қылтиып,
айналаға алқызыл нұрын тарата бастаған еді. Дарданелдің шұғылаға
бөленген шырайлы келбетін көру үшін Софья сəл орағытыңқырай
жүрді. Бірер минуттан соң Самофракияның да жон арқасы жалындап
қоя берді. Өткен жылы таңның атуын Ғыссарлықтан алғаш
тамашалаған кезінде Софья жүрегін кернеген шаттықтан есінен тана
жаздаған. Ал, қазір көңілі олай өрекпіген жоқ: өйткені туған
топырағында жүргендей сезім пайда болған.
Яннакис бұлардың алдына кофемен бірге əлдебір қоймалжың
нəрсені əкеп қойды.
— Мынау немене? Хининнің жаңа түрі ме?— деп сұрады Софья.
— Хининді біз жазда, батпақ кепкен кезде ғана
ішеміз,— деп жауап қатты Генри.— Мынау «жылан шөбінің»
тұнбасы. Тапқан олжаларыңның арасынан жыландар да ұшырасып
қалады. Жуандығы жауын құртындай ғана қоңырқай, улы жыландар.
Жұмысшылар күнде таңертең осыны ішеді. Мұны ішсең жыланның
шаққаны қауіпті емес.
Поликеснаны үй жинауға қалдырып, сағат бес жарымда шығыс
беттегі етекке келгендерінде, Яннакис кішкене қақпасы бар шарбақ,
жанына барып та үлгерген екен. Қақпадан өткендерді кітабына
белгілеуге кірісіп кетіпті. Еңбекақы қазір кешкісін емес, аптаның
аяғында төленетін. Жұмысшыларға бақалшы кредит ашыпты.
Толықтай есеп айырысу сенбі күні кешкісін жəне шіркеу мерекелерінің
қарсаңында ғана жүргізілетін. Төлемге керекті ақшаны Генри енді тек
еңбекақы төленетін күні ғана алатын болды. Оны Шанаққаладағы
агенті Докос дейтін мырза жеткізіп отыратын.
Генри Софьяға жаңа бақылаушыларды — түріктің екі солдатын
алыстан нұсқап көрсетті. Таныстырып жатуды жөн көрмеді.
— Ескі танысымыз Георгий Саркистің қадірін енді білетін
шығармыз! Мыналар қимылдағанымызды қалт жібермейді. Олармен
тек ресми түрде, салқын сөйлесіп жүрмін. Белгі-қазықтар жотаның
түріктерге тиісті жағын Фрэнк Калверт меншігінен бөліп тұр.
Бақылаушылар өз үлестерін мемлекеттік участоктан табылған
олжалардан ғана алмақ. Бірақ, мен тəуір ақыл таптым, оларды
үйіміздің
табалдырығынан
да
аттатпаймын.
Музейлерінің
коллекциясын осы арада, олжа табылған жерде, түскі үзіліс кезінде
немесе кешкісін, жұмыс аяқталған соң жинақтасын. Табылған
заттарды тазартылғаннан кейін көрулеріне жол бермеу керек.
— Олар сыбағаларын жөндеп таңдай ала ма?
— Бұндай сұңғылалық оларға қайдан келсін. Қарапайым солдаттар
ғой. Жуылған зат па, жуылмаған ба, бəрібір — əйтеуір жартысын
алғандарына мəз.
Софьяның бригадасына ол он адамнан артық бере алмады.
Бұлардың бірқатарымен Софья былтырғы маусым кезінде бірге жұмыс
істеген. Жаңадан келгендер де оған достың пейіл көрсетіп жатты.
Генри чертежін берді: орталық алаңның қос қанатынан отыз екі
футтық екі терраса салу керек (төбеге таянғанда олар тағы да он алты
— он тоғыз футқа көтерілмек). Бұлардың ені жиырма, ұзыны жүз фут
болуға тиіс.
Чортежда бұл террасалардан жан-жаққа тағы да шағын траншеялар
тартылатыны көрсетіліпті.
— Ақыры бəрі қопаруға кеп саяды екен, жотаны қақ төбесінен
бастап қазып, қол арбаларға тиеп басқа бір жаңқа көшіріп тастаған
тиімді емес пе?— деді Софья.
— Жоқ, Софья, біздің мақсатымыз жотаны көшіру емес. Шөгінді
топырақты тексеруден өткізіп — бəлкім, бірдеңе тауып қалармыз?—
сосын барып аулаққа апару керек. Ал, өзіміз қазып шығарған
қабырғаларды, қамалдар мен ғибадатханаларды, сарайларды, көшелер
мен қақпаларды — бұлардың бəрін бүлішкесіне де тимей, сол тұрған
орнында қалдыруымыз қажет.
Фотидис келіп, екінші террасаның жобасын белгілеуге көмектесті.
Темірден жасалған қуыс күректердің, мықты қайлалар мен жақсы етіп
жасалған ағылшын қол арбаларының жұмысты жылдамдатып
жібергеніне Софьяның қуанышы шексіз болды. Босатылған топырақ
себеттерге немесе қол арбаларға салынып жатқан кезде Софья да
барынша сақ тұратын. Табылған заттарды тіпті əуестікпен тазартып
та əуре болмастан бір жерге жинай беретін.
Сағат он бірде түскі асқа үзіліс жарияланды.
Генридің жіті қадағалауымен Фотидистен, Макристен жəне
Деметриуден тиесілерін алған бақылаушылар Софья террасасына
келді. Бөлектеу жатқан сынықтарға олар назар да салған жоқ. Софья
Генриге қуанышты жанармен көз тастап қойды. Афиныға барған соң
олар бұл сынықтарды құрастырады да, қарасаң көз тоймайтын əдемі
бояулармен, өрнектермен əшекейленген əдемі вазаларға ие боп шыға
келеді.
Түскі астың жағдайын Генри былай шешкен. Яннакис тамақты
барлығына арнап даярламақ; Шлимандарға тамақты асханаға апарып
бермек те, қалғандары — үш десятник, Яннакис пен Поликсена ас үйде
тұрған қарабайырлау үстелдің басында ішпек. Яннакистің
ыждағаттылығы адам таңданарлық еді. Ертеңгісін жұмысқа
шыққандарды белгілеп болғасын жақын маңдағы бірнеше ауылды
аралап, елеулі олжаға ие боп, төрт тауық тауып қайтыпты!
Майдың аяқ шенінде Генри жоғарыдан үдемелеп түсіп жатқан
топырақ пен кесектерді төмен құлатуға арналған бірнеше тас қабырға
тұрғызуға жарлық берген. Алғашқы қаланған қабырға оған мүлдем
ұнаған жоқ. Жұмысшыларға да бұған жақын баруға тиым салды.
Фотидиске əлгіден жоғарырақтан, күнде көптеп қазылып алынып
жатқан ірі тастардан екінші қабырға тұрғызу тапсырылды. Бұйрықты
орындап шыққан Фотидис мақтанып:
— Бұл қабырға қырық жыл бойы қыңқ етпейді,— деді.
— Оған таласым жоқ. Бірақ, оны бірден бекітіп қойған жөн,— деді
Генри.
Қабырғаға тіреу орнатуға алты жұмысшы бөлінді. Арада аз уақыт
өткенде қабырға гүрс етіп құлап түсті. Генридің жан түршігерлік ащы
айқайын естіген Софья жанұшыра жетіп барды. Генри шашын жұлып,
секіріп жүр еді: əлгі алты адам құлаған қабырғаның астында жұмыс
істеп жатқан болатын.
Сол арадағылардың бəрі, тіпті əудем жерден келіп жеткен
Фотидистің жүмысшылары да жан-дəрмен күн тастарды былай
лақтыруға кірісті. Генри де оларға есі ауысқан адамдай екілене
көмектесіп жатты.
— Фотидис, жұмысшылар тастың астында қалды деп ойлайсыз ба?
— деп сұрады Софья.
Бəріне кінəлі өзім деп білген ол үрейден алайған көзін Софьяға
аударды.
— Оларды соңғы рет көрген кезімде, мадам Шлиман...— деді де сөзін
жұтып кідіріп қалды.— Мəссаған! Аналарды қараңыз! Өздері шығып
келе жатыр, сайтандар!
Соны айтып, бейнебір шаңды желпігендей тездетіп үш мəрте
шоқынып алды. Софья құлаған тастардың арғы бетінде аласұрып
жүрген Генриге айқай салды:
— Генри, Генри, мұнда кел! Адамдар аман!
Генри бұлардың қасына келді. Сол жақ беті жиі - жиі тартып кетеді.
Аман-сау құтылып шыққандардың қолын кезекпен-кезек қысып
шықты.
— Бұл — адам сенбейтін нəрсе,— деді ол Софьяға.— Бұны басқаша
түсіндіру қиын. Өйткені, олар қабырғаның нақ түбінде жұмыс істеп
жатыр еді ғой. Ескірмеген балалар мен есалаңдарға жасағанның өзі
жар болады, деседі. Оның маған кім деп қарағаны бір өзіне аян.
Ақылдым, əлгі оқиға мені əбден діңкелетіп кетті. Жүрші, үйге барайық.
Поликсена бізге кофе əзірлеп берер.
Қоп-қою қара кофеден бір ұрттаған соң, шыны аяғын былай ысырды
да, үстел үстінен созылып Софьяны қолынан ұстап, қатты-қатты
қысып қойды.
— Софидион, бүгінгі күн одиссеямыздағы соңғы күн болар ма еді,
қайтер еді. Ана алтауы қаза тапса, бізді ешқандай ақша да, айла да
құтқара алмас еді. Троада əйелдерінің грек əйелдеріне қатты ұқсайтын
бір қасиеті — күйеулерін аспан мен жердегі барлық рақаттан артық
көреді.
— Бұл солай болуға тиіс те ғой.
Софья құдай-ана иконы алдына тізесінен түсіп, адамдарды аман
алып қалғаны үшін алғыс айтты.
— Ана қабырғаны қайтадан тұрғызбаймын,— деп шешті Генри.—
Топырақ пен тасты төмен лақтыру аяқ пен қолға зақым келтірсе
келтірер, бірақ өмірге зақым келтіре қоймас. Бұған қоса біз сақтану
шараларын да жасаймыз. Қыбұлақтан бір-екі бала жалдап алам: олар
бəрін бағдарлап тұрады да, төбеден тас домалар кезде: «Абайлаңдар!»
деп айқай салады. Сонда жұмысшылар да былай шығып үлгереді.
Айлар мен апталар бірінен соң бірі өтіп жатты. Қиындықтар да көп
болды, қуаныштар да аз жолықпады. Жүз елу адам баспалдақтар мен
террасалар жасап, орларды ортан белінен кертіп, үңгірлерді опырып,
аңқыған аңғарлар орнатып, жотаның жұлма-жұлмасын шығарды.
Софья жотаның кескіні күн өткен сайын өзгеріп бара жатқанын байқап
жүрді. Бұрын ол таулардың өсуі де, өшуі де мүмкін екендігі, əйтеуір
мəңгі бақи бір қалып пен күйде қалмайтындығы, оларға түрлі табиғи
күштер əсер ететіндігі, оның ішіндегі оң құдіреттісі адам екендігі
жайлы мүлдем ойланбаған. Биіктен жотаның жырымдалған кеспіріне
назары түскен сайын көз алдына түрлі суреттер елестейтін. Бірде бұл
оған Криттегі, Кносс сарайының астындағы лабиринттей (мұнда Тезей
Динозаврды өлтіріп, Ариаднаның жолдан жаңылдырмайтын
арқауының көмегімен сыртқа шыққан болатын) зор шытырманды еске
алатын. Басқа бір мезгілдерде, əсіресе ертеңгісін жəне кешкісін, шұрық
тесік жота оған алып омартадай, екінші Гимет тауындай елес беретін.
Ақыр аяғында жан-жақтан тұмшалаған тастар мен лаваға
тəкаппарлықпен қарап тұрған жалғыз ғана ағашы бар сөнген жанартау
кратерінің көрінісі көз алдына келетін.
Июнь айы адам айтқысыз ыстық болды. Жұмысшыларына жағдай
жасауды ойлаған Генри Драмалидың үлкен ұлын таяу жердегі салқын
қайнардан поселкеге су тасуға жалдады. Бұл семьяның тағы бір өкілі
есекке шағын бөшкелер артып, суды траншеяларға апарып жүрді.
Июннің орта шенінде, күннің ыстығы əбден күшейіп алған кезде,
жотаға он бөшкедей су əкелінетін. Бірақ соның өзі жетпей қалатын.
Солтүстіктен дауылға бергісіз дүлей жел соға бастады. Құтырына
ұйтқыған күлдей ұсақ шаққан бет-ауызын қорғау үшін Поликсена
Софьяның басын қалпағымен қосып жұқа мөлдір жібекпен орап
тастады. Оның есесіне жыландар қарасын жоғалтып, күндегісін күнде
уға қарсы дəрі ішілмейтін болды.
Тымық кештерде олар таза ауада тамақтанып, күннің Эгей теңізіне
батқанын тамашалайтын. Бояулар қандай ғажап құбылушы еді
десеңізші! Əуелі теңіз беті қызғылтым шұғылаға шыланатын, сосын
өрттей лаулап алқызыл тартып шыға келетін, артынан ол сөніп,
күлгін-көктеніп сала беретін де, жарық жоғалып, аспанда жұлдыздар
жана бастайтын.
Жанға жайлы жылы кеш еді. Самал жел шағын тоғайдан апельсин
иісін жеткізіп тұрған.
— Мен теңізді сан түрлі кейіпте көрдім,— деді Софья ойлы жүзбен.
— Оның қара, күл түстес, көгілдір, таңғы мезгілдегідей көкпеңбек жəне
дəл бүгінгідей алқызыл болатынын білемін. Бірақ, Гомер айтқандай
«шарап түсті теңіз» дегеннің қандай болатынын өмірі көрген емеспін.
Генри төс қалтасынан сигарасын шығарып, сағат шынжырына
байланып, бұлғаңдап жүрген кішкене алтын бəкісімен ұшын кесті де,
тұтатып, түтінін рақаттана бұрқ еткізді.
— Ахиллдың ата-анасының үйлену тойына қатысып отырған
құдайлар мен əйел құдайлардың ортасына Эрида əкеп тастаған «айтыс
туғызған алтын алма» да бір, бұл да бір нəрсе. Немесе көңілін аударып,
кідірту үшін жарыс кезінде Атлантаның аяғының астына лақтырған
Меланионның үш алтын алмасын мысалға алайық. Бұлай етпесе,
Аталантаға үйленудің орынына бұрынғы əріптестеріне ұқсап ажалға
үйленетінін ол білген болатын...
— Сен аздап ауытқып кеттің-ау деймін, жаным. Алтын алмалар
жайлы бірдеңе айтайын деп пе едің?
— Ешқандай алтын алма болмаған. Грецияда ешқашан алтын алма
болып көрген емес, ал алтын апельсиндердің болғаны рас. Ертегідегі
алтын алмалардың кəдімгі апельсиндер боп шыққаны шынында да
күлкілі емес пе? Жарайды, қалжың өз алдына, «шарап түсті теңіз»
жайында маған бір ерсілеу ой келіп жүр. Бұл арада Гомер теңіздің түсін
емес, қоймалжыңдау түрін айтып отыр-ау деп ойлаймын. Тек бұны
университеттегі достарымызға айта көрме. Олар барлық абыройбеделімнің басына су құйып. жүрер. Жəне жай суды емес, «шарап түсті»
суды!..
Күн сайын бір жаңалық болып жатты. Оңтүстік беткейдегі өткен
жылы тас қабырға табылған тұстан үш жүз ярдтай қашықтан, Фотидис
қазып жатқан жерден о заманғы тас ойған орын табылды. Бұл — осы
жотада бертінгі христиандық дəуірге дейінгі тастан тұрғызылған
барлық Троялардың құрылыс материалы алынған орын болатын.
Апанның аңқайған ауызын қалың бұталар бүркепті. Генри мен Софья
бос карьерге түсті.
— Міне, мынау троялықтардың Троаданың басқа бір жерінде,
мысалға Бунарбашыда емес, дəл осы арада құрылыс жүргізгендерінің
тағы бір айғағы. Іздесең таптырмайтын құрылыс материалы жəне ең
бастысы — қол астында,— деп түйді Генри.
Келесі күні араларына балшықтан ерітінді құйылған, қашалған ірі əк
тастардан қаланған үй қабырғасы табылды. Барлық тастың да көлемі
бірдей еді жəне шектен тыс шебер өңделіпті: Генри біздің дəуірімізге
дейінгі оныншы ғасыр деп белгілеген осынау қабырғаның үсті
таңқаларлық тегіс болатын.Қабырғаның астында сары жəне қоңыр
түсті күл қабаты жатқан. Бұл төбесін қамыспен жапқан ағаш
құрылыстардан қалған қалдықтар еді.
Арада екі күн өтті. Олар əлгі үйдің ірге тасының деңгейінен
есептегенде төмен қарай тағы да он үш футтай тереңдеді. Кенет тағы
да қабырға кезікті! Қалыңдығы алты футтай. Генри жерге сылқ етіп
отыра кетті.
— Жеттік-ау ақыры! Бұл құрылықта тұруға тиіс.
Софья да, əрине, сондай ойда-тұғын.
— Енді аз-маз есеп-қисап жүргізіп көрелік.— Генри айрықша
абыржып кеткен еді.— Мынау жотаның төбесінен отыз үш фут
төменде. Ал, үлкен алаңқай — қырық алты фут төменде. Қырық
алтыдан отыз үшті алып тастаймыз — он үш қалады. Олай болса, бұл
қабырға төмен қарай əлі де он үш футқа созылуға тиіс қой.
— Ал, егер олай болмаса ше?
— Оны тексеру керек. Ол үшін мына əдемі үйімізді бөлшектеуге
тура келеді.
— Бұған тимеші! Бəлкім, басқа бір реті табылар.
— Басқа ешқандай реті жоқ. Егер қабырға құрылықтағы жартасқа
орналасқан болса, онда мен оған, əрине, тимеймін.
Бірақ, қабырға өздері ойлағандай нəрсе боп шықпады. Ол
алғашқысынан əлдеқайда көне, түк ештеңесі қалмай қираған басқа бір
үйдің іргетасы боп шықты.
— Əлі де сол бұрынғыша Троя деңгейіне жеткендігімізге ешқандай
дəлелдеме жоқ. Ал, қазғанымызға екі айдан асты,— деп реніш білдірді
Генри кешкісін күндізгі олжаларды каталогқа енгізіп отырып.
Түрегеліп, бөлме ішінде əрлі-берлі теңселіп жүрді. Бəрі де мың мəрте
тексеріліп, есеп-қисабы жүргізілген болатын.
— Ана бір соңғы ірге тасты қай замандікі деп ойлайсың?
— Ежелгі троялықтардың ең жақын ізбасарлары екені анық.
— Ендеше, оның несіне күйініп тұрсың — жақындап қалыппыз ғой.
Ол Софьяның қолына жапалақтың басы бейнеленген, онша көп
бүліне қоймаған вазаны ұстатты. Тазартып, табылған мүліктер
тізіміне енгізу қажет.
— Дұрыс айтасың. Күйгелектенбеу керек.
Фрэнк Калверттен хат келді. Онда əйелімен бірге Фимбрудағы
ағасына қонаққа бара жатқанын, қандай нəтижеге қол жеткізгендерін
көрмекке жексенбі күні түстен кейін Ғыссарлыққа соғатынын
хабарлапты. Яннакис пен Поликсенаны көмекке шақырған Софья
жексенбілік түскі астың егжей-тегжейін ойластыра бастады. Үстелге
грек тағамдары қойылуы керек. Бұл қонақтардың талғамынан шығуға
тиіс.
Сенбі күні түс қайта Генри жетпіс жұмысшы алып бұрынғыларымен
қосып есептегендегі үшінші, жүз футтың террасаны жасауға кіріскен.
Осы арадан Фрэнк Калверттің бөлігі басталатын. Солтүстіктегі құлама
жартастың нақ жиегінен Генри жер бедерінде ойыстық барын
байқады. Өлшеп көріп, ұзыны жүз, ені жетпіс алты фут екенін білді.
Яннакис Софьяны шақырмаққа үйге қарай жүгірді. Софья келген соң
Генри оған бұның варварлық сипаттағы тас алатын орын екенін
түсіндірді. Тап осылай римдіктер де Колизейді құрылыс
материалдарының қоймасы ретінде пайдаланған болатын.
— Түрік зираттарының жанынан өткенде құлпытас орнында
мəрмəр кесектер тұрғанын көргеніміз есіңде ме?'
— Əрине, есімде. Сен бұларды Ежелгі Грециядан қалған белгілер
дегенсің.
— Рас-рас. Түріктер бұнда жүздеген жылдар бұрын болып, мəрмəр
тақталар мен бағаналарды алып кеткен. Егер олардың əкеткендерінің
бəрін жинаса ғибадатханасы, мəжіліске арналған залы мен сарайлары
бар қала пайда болар еді. Бұл мына жотада тас пен мəрмəрдан
тұрғызылған бірнеше қала көміліп жатқандығының тағы бір айғағы.
Ымырт жабылып, жұмысшылар қайтуға жинала бастаған кезде
Генри қия беткейден шошайып шығып тұрған, көркемдеу жұмысы
жүргізілгендігінің белгісі бар мəрмəр тақтаның шетін байқап қаған.
Бастапқыда ол бұны жаңа заманға дейінгі 310 жылы Ұлы
Александрдың қолбасшысы Лисимах салдырған ғибадатхананың
қалдығы ма деп ойлаған. Тақта айырым сызығына мүлдем жақын
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 15
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.