Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 08

Total number of words is 3977
Total number of unique words is 2392
32.4 of words are in the 2000 most common words
46.6 of words are in the 5000 most common words
54.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
да, анау бұнымен орыс соты арқылы ажыраспақшы болды. Сөйтіп, бұл
жайсыздық та осылайша сəтімен аяқталды.
Іле-шала жаңасы жолықты: Франция мен Пруссия арасында соғыс
басталды. Генри туған жеріне іш тартатын. Бірақ отанынан он тоғыз
жасында қол үзіп, одан соң жиырма жылдай орыс азаматтығын
қабылдаған ол, Афины десе ішкен асын жерге қоятын Софья құсап
Парижге айрықша бауыр басып қалған-ды. Сол себепті француздарға
бүйрегі бұрып тұратын. Герман снаряды Сен-Мишель алаңындағы өз
үйімен жапсарлас тұрған үйді күл-талқан ғып қопарып тастады деген
хабар жеткен кезде əлгі сезімдерінің өзін алдамағанына анық көз
жеткізген. 1870 жылдың 19 сентябрінде немістер Парижді қоршауға
алды. Күн өткен сайын: «Булон орманы оталып қалыпты», «Елисей
далаңындағы жəне Тюильридегі ағаштар құрыпты», «Астананы аштық
жайлап, париждіктер жылқы атаулыны түгел жеп қойыпты»,— деген
қорқынышты қауесет те молая түсті.
Сөйтіп жүргенде суық хабар келді: өз дəулетінің елеулі бөлегін
құрайтын төрт үйінің төртеуі де атыс кезінде ойран болыпты.
Кварталда халық тығыз тұратындықтан адам көп қырылыпты. Генри
есеңгірегендей халде жүрді. Апталар бойы Парижден анық хабар ала
алмай арпалысумен болды. Ақыры, бұл азаптан арылу үшін
Константинопольге барып қайтқанды жөн көрді.
— Софья, мен Сафуат паша есігінің алдына отырып алып кетпеуге
ұйғардым. Аяғың ауыр кезде жалғыз қалдырғаным өзіме де онша
жағып тұрған жоқ, бірақ шоқыну мейрамына тарту ретінде пəрмен
əкеп берем ғой деген сенімдемін. Менің əлі екі айға жуық уақытым бар.
Түрінің жабырқаңқы көрінгендігі сондай, ұстап қалуға Софьяның
батылы жетпеді.
Генридің табалдырықтан əрі аттауы-ақ мұң екен, Музалар
көшесіндегі үйді Софьяны жəне қалаша тұрмыс құруды сағынған
Энгастроменостар басып алды. Сондықтан Софья жалғыздықтан жапа
шеге қойған жоқ. Шешесі үй-іші өте ұнататын тағамдарды дайындап,
сағаттар бойы ас үйден шықпайтын. Софья таң елең-алаңнан тұрып,
аралап сатушылардан ешкі сүтін, жаңа піскен бөлкелер мен дəмді май,
көкөніс, түнде ғана ауланған балық сатып əкелетін. Сатушылар
дөңгелек себеттерге салынған балықтарын шелектегі сумен оқтыноқтын дымқылдап, бастарына қойып көтеріп келе жататын. Жексенбі
күні ол түскі асқа күркетауық таңдап алып жүрді.
— Бəрі де бұрынғыдай!— деп шаттана үн қатты бір жексенбіде бибі
Виктория түскі ас əзірленген үстелді айнала қоршап отырған таныс
тұмсықтарға жағалай көз жіберіп.
Генриден хат онша жиі келе қойған жоқ, бірақ онда
жазылғандардың жай-жапсары көңілге тоқ көрінетін. Халық ағарту
министрі бұған қажетті участокты Генридің өзі Құмқаладағы
түріктерге уəде еткен сол баяғы екі жүз долларға сатып алуға
мейірбандылықпен ұсыныс жасапты. Оған американ жəне ағылшын
елшілері жəрдемдесіп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, түрік тілін үйренуге
де кірісіпті, қазірдің өзінде үш мыңдай сөз біледі екен.
Ол рождествоға шейін келе алмады. «Құр қол оралмайын деген ғой.
Оның үстіне бұл намысқа да тиетін нəрсе. Шоқыну мейрамына қарай
пəрмен алып қайтайын деп жатқан болар»,— деп жұбатты өзін-өзі
Софья.
Бибі Виктория рождествоны өз үйлерінде өткізуді жөн деп тапты.
Софьяның бала көтергеніне бесінші айға кеткен, іші де əжептəуір
дөңгеленіп қалған. Өз бойыңда жаңа өмірдің белгі беруін сезіну
шынымен қажап нəрсе ғой. Гермес көшесіндегі магазиндер
витриналарында үрмелі шар, қол шам, картон қоңыраулар мен
періштелер қоршауындағы муляж яслилер пайда болды. Орталық
көшелерде арзан ойыншық сатушылар сенделіп жүрді.
Софья шешесіне рождестволық тəтті нан пісіруге жəрдемдесті.
Георгиос нанды пышақпен шоқындырды да, тілімдеп кесе бастады.
Алғашқы тілімді Əулие Марияға, екіншісі — жоқ-жітіктерге арналды,
қалғаны үйдегілерге бөлініп берілді.
Жаңа жылда олар Ұлы Василий əулие күнін мерекелеп, алаңда гимн
айтылуын тыңдады, өздері де қосылып айтты.
Генри Софьяның туған күніне шейін орала қоймады жəне 6
январьға, шоқыну мейрамына шейін де келе алмайтындай көрінді.
Софья сондай жалғызсырап жүрді.
Ол тек 24 январь күні ғана оралды — пəрмені де жоқ, əрі əбден
ашушаң боп кетіпті. Саусақ буындарын сыртылдатып отырған Генри
өзінің əбден тауы шағылғанын айтты. Пирейге баратын жүк кемесі
барын біліп, кеме жүрерден бір сағат бұрын ғана жиналып жолға
шығыпты.
— Мен саған базардағының бəрін сатып əкелер едім, жаным, бірақ,
көңілім пəс болғандығы сондай... Тіпті, не ойлап, не қойғанымды да
білмеймін...
Софья қолынан келгенінше тыныштандырып бақты.
— Түріктер мені Мысыр зираттарын тонаушылар тəрізді алтынкүміс іздеуші авантюрист деп есептейді. Өз байлығымды арттыру
үшін алтын іздеп жүрмегеніме, қираған қаланы іздеп жүргеніме
оларды ақыры сендіре алмай-ақ қойдым. Маған бүкіл əлемдегі
əріптестерім мен заказ берушілерім сенеді, жалғыз-ақ түрік үкіметі
сенбейді!
— Генри, есіңде ме, тапқанының жартысын беріп отыруға
міндеттеніп, қазба жүргізуге рұқсат алған шетелдіктердің бəрі де бұл
келісімді бұзып, олжаларын еліне алып кеткенін айтып ең ғой.
— Солай болғаны рас.
— Ендеше, түріктер қайдан сене қойсын. Бəлкім, олардың көңілін
тыныштандыратын бір амал табу керек шығар.
— Қандай амалды айтып отырсың?
— Мысалға, ой-ниетіміздің адалдығының белгісі ретінде уəзірге мол
етіп кепілдік қалдырсақ.
Генри басын төмен салып, оған бейнебір көзілдірік үстінен
үңілгендей болды.
— Бет алды құла дүз лақпау керек,— деді ол ескертіп.
Аяқ киімін, пиджагі мен желетін шешіп, кереуетке көлденең құлай
кетті.
— Өз төсегіме жататын да күн болады екен-ау. Томпиған топ-толық
əйелім де қасымда. Келші бері, құшақтайын. Одиссей қалай, мазаламай
ма?
— Қойдан жуас.
Константинопольдағы шаруасының шырқы соңғы аптада бұзылған
еді. Уəзір — сұлтанның бірінші министр! — оны 1 январь күні
қабылдап, жылы қабақ көрсетіп, ертеңіне тағы келуін сұраған. Ертеңіне
ол Генриге жаңа Оттоман музейінің директорына археологиялық
зерттеу жұмыстарының толық программасын тапсыруды ұсынды.
Генри бірнеше бетті толтырып, онысын директордың қолына табыс
етті. Бұдан соң Шлиманға 8 январь күні халық ағарту министрі Сафуат
пашамен кездесетіндігі хабарланды. Министр оған Ғыссарлықтың
екінші жартысына ие болып отырған Құмқаладағы түріктер түрік
үкіметінің жарлығы бойынша өз жерлерін Генриге бес мың пиастрға,
яғни
екі жүз долларға сатады деп ашып айтқан. Бұдан соң
тапқандарының тең жартысы Оттоман империясының пайдасына
кететіндігін есте ұстай отырып қазба жұмыстарын бастай беруіне
болатын. Генри келісімін берген.
Сафуат паша оны тек он күннен кейін ғана шақырды. Генриді үлкен
ілтипатпен қарсы алып, кофе əкелуге əмір етті. Сосын онымен түрікше
анау-мынау əңгіме айтып отырып, сөз арасында:
— 8 январь күнгі екеуара əңгімемізден кейін Дарданелл
провинциясының губернаторына телеграмма жіберіп, Ғыссарлықтың
екінші жартысын менің есебімнен қазынаға сатып алуын сұрағам. Біз
бұл жердің құны нақтылы қанша болса сонша — яғни үш мың пиастр
төледік. Бүгіннен бастап біздің министрліктің рұқсаты бойынша қазба
жұмыстарын бастай беруге еріктісіз,— деді.
Генри ашудан жарылып кете жаздады. Өзіне уəде етілген жерді өз
қолына қаратып алып, алдағанын айтып, Сафуат пашаға дүрсе қоя
берді.
— Өзім білетін алты мың түрік сөзінің ішінде бірнеше былапыт сөз
де бар-ды. Еркімнен айрылғаным сонша, тіпті пашаға қол жұмсай
жаздап шақ қалдым.
— Құдайым-ай! Енді рұқсаттың жағдайы не болар екен?— деп
шошынды Софья.
— Оның күші жойылды. Минотавр өзін өлтіруге келгендерді
жайратып сап жата беретін Кносс сарайындағы жер асты
шытырманының кіре беріс ауызына қайта кеп тұрмыз.
— Ал, əлгі американ елшісі Уэйн Маквей саған қамқорлық жасаудан
бас тартып жүрмес пе екен?
— Жоқ, бас тартпайды. Шынымды айтсам, ол маған үлкен қателік
жасағансың дейді. Əңгіме тек менің ашу шақырғанымда ғана емес.
Шамасы, мен түрік тіліне əлі де онша жетік болмауым керек, сол
себепті Сафуат пашаның қандай уəде бергенін аңғара алмай қалыппын.
Сафуат паша, сірə, «Біз жерді сатып аламыз — сосын қазба
жұмыстарын бастай беруіңізге болады» деген шығар, деп ойлайды
Маквей. Ал, мен оны: «Біз жерді сізге арнап сатып аламыз — сосын
бастай беріңіз»,— деген мағынада ұғыппын. Айырмашылық азғантай,
бірақ бұл менің шамданып, шала бүлінуіме себепші болды.
Софья оны маңдайынан сүйді.
— Оқасы жоқ, жаным, сəби өмірге келгесін ісіміз де оңға басады. Енді
көп күте қоймассың — доктор Веницелое апрельде босанасың деп жүр.
Сосын бəрі де қалпына келеді.
Франция мен Германия арасындағы бітімге қол қойылған бойда-ақ
Генри үйлерінің жағдайын өз көзімен көрмекке Парижге жүріп кетті.
Бақса, Париждің ойраны шыққаны жайлы қауесет, «Дарданеллдегі»
басқа да бықсыма əңгімелер сияқты жай ғана жел сөз боп шықты. Төрт
үйінің төртеуі де есен-сау қалпында тұр екен. Булон орманының да
көркіне қылау түспепті. Елисей далаңы мен Тюильридегі ағаштар да
аман көрінеді. Париж қашанғысындай жарқырап, жайнап тұр! Жалғыз
ғана жағымсыздау жəйт: өзіне — сондай-ақ басқа да үй иелеріне —
1871 жылдың аяғына шейін тұрғындардан пəтер ақы алуға тыйым
салыныпты. Бұл он ай бойы зиян шегеді деген сөз.
Март жəне апрель айларында Софьяға артық жүріс ауыр тие
бастады. Екіқабат кезінде айрықша бір қиындыққа кезікпегені сəбидің
сау-сəлемет дүниеге келетіндігіне деген сенімді нығайта түскен еді.
Екі балаға ана боп үлгерген апасы Катинго Музалар көшесіне жұқа ақ
полотноның тұтас бір теңін, шілтерлер мен ленталар əкелді: бөпеге
киім-кешек əзірлейтін кез жеткен. Тігінші əйел аптасына əлденеше рет
келіп, нəрестеге арнап көйлек тігіп жүрді. Бибі Виктория бұларды
суыртпақ суыру арқылы əсемдеумен айналысты. Софья Катингомен
бірге барып талдан тоқылған бесік сатып алды. Оны тұтастай ақ
жібекпен көмкеріп, тюльден масадан қорғайтын шымылдық құрды.
Грек əйелінен туатын бала жайлы ой Генридің жүрегін қуанышқа
бөлейтін. Бұл өз маңдайына грек қазыналарын табуды жазған
жасағанның əмірімен беймəлім түрде үйлесім тауып тұрғандай
көрінетін. Бірақ, соңғы кезде Софья оның қабағында кірбің барын
аңғарып қалған еді. Апрельдің аспанда ақша бұлттар аңқыған бір
ажарлы күнінде олар өз бақтарындағы қиыршық тас төселген жолмен
қол ұстаса қыдырыстап жүрген. Берекесіз ойлар бойын билеген Софья
одан:
— Генри, немене, көңіліңді мазалап жүрген бірдеңең бар ма?— деп
сұрады.
— Иə, бар... Ақша жайы. Соңғы екі жылда пəтер ақыдан мың
доллардай жоғалттым. Үйлер алқам-салқам, жөндеу жұмысы
жүргізілмеген — материал да, жұмыс қолы да жетіспей жатыр.
Басқарушы Парижден хат жолдап, бұларды бұрынғы қалпына келтіру
үшін қыруар қаржы керегін айтады.
— Сұрағанымды айып етпе, Генри.— Софья жанындағы сəкіге тізе
бүкті.— Кішкене шуаққа отыра тұрайықшы.
Ол Софьяға сүйсіне қарап, қарнынан алақанымен қақты. Сосын
иығына қолын салды.
— Шынымды айтсам, Софидион, жайсыздық тек осымен
шектелмейді. Ойда жоқта мені жер мəселесінің жұтатып бара
жатқанын байқап қалдым.
— Қайдағы жер? Түк түсініп тұрғам жоқ.
— Дінді жаңадан қабылдағандар секілді мен де жансебілмін, жаным.
Сен Афиныны ардақ тұтасың, өйткені Акропольдың көлеңкесінде
тудың. Ал, бөгде жұрттың біразы бұны шақ басқан, ыстық, əрі суға да
тапшы, алпыс мыңға жуық тұрғыны, тас төселген 6ipнеше ғана көшесі
бар, əкімшілігі де адам аяйтындай жүдеу қала — басқаша сөзбен
айтқанда, болашағы жоқ қала деп атайды. Өткендегі муниципалитет
сайлауында бар-жоғы алты мыңға жуық адам ғана дауыс беріпті! Бірақ,
бұл қала маған əлемдегі атақты астаналармен бір қатарда тұрғандай
көрінеді. Константинопольдан əлек-шəлегім шығып қайтып
оралғанымда жалпыға тəн қаржыға тапшылық пен Лаврия күміс кен
орындарындағы сəтсіздік Панепистимудағы өзім көптен көз тігіп
жүрген сол бір тəуір участоктың қожаларын икемге келтіріп қойыпты.
Түбінде біз сол жерден өзімізге үй тұрғызатын шығармыз. Олар бұрын
тағайындаған бағама — алпыс сегіз мың драхмаға қуана-қуана келісім
берді.
— Ақшасын қолма-қол төледің бе?
— Сөйтуге тура келді. Бірақ, мен тек сол участокпен ғана шектелгем
жоқ. Отыра тұр, кабинетімнен карта əкелейін.
Ол Афины картасын алып келді. Мұндағы қызыл квадраттарға көз
сүрінетін.
— Бұлардың бəрі де өзім сатып алған участоктар. Маған жердің
бағасы мейлінше арзандағандай көрінді, ұзамай барлық басқа
астанадағылар сияқты бұнда да қайта қымбаттай бастамақ. Қолма-қол
төлейтін ақша қазір айналымда өте аз, кредиттер жабылып жатыр,
сондықтан жер иелері неғұрлым тезірек, көбірек сатуға құштар...
Қаланы аралап көріп, уақыты жеткенде тағы да қандай жерлерді
сатып алуға болатынын белгілеп қойдым.
Софья оның сатып алған жерлерінің молдығына қайран қалды.
Генри бұрыштағы участоктарды алуға құштар екен. Солардың бірі —
қаланың қақ ортасындағы, Ұлттық кітапханадан бір квартал
əріректегі, көлемі 54000 шаршы футтай участок еді. Бұның қарамақарсысынан, көшенің арғы бетінен тағы да екі үлкен участокты
иемденіпті. Сосын жаңадан салынып жатқан Француз археология
институтының іргесіндегі жотадан бірнеше участокты бір-ақ сатып
алыпты. Сондай-ақ, Политехникалық мектеп пен Ұлттық музей
маңындағы құрылыс салынбаған жерлердің бірнеше кварталын да су
тегінге түсіріпті.
— Күндердің күнінде балаларымыз Афинының қақ жартысын
иемденетін болады. Ал, əзірше бізге Екатеринаның таққан айыптарын
ақтап, сараң бола тұруға тура келеді.
Софья көп қиналмай босанды. Доктор Веницелос сəбиді
матримониале үстінде көтеріп алып, құйрығынан шапалағымен шартшарт қағып қойды. Бала əкесінің ашуланғандағы дауысымен шар етіп
шыңғырып жіберді. Есік сыртында аңдып тұрған Генри сол бойда-ақ
бөлмеге жүгіріп кірді.
—Ұл ғой, доктор?
Бұл сауалдан гөрі, сол сауалға қайтарылған жауап тəрізді естілген
еді.
— Білмеймін. Əлі қараған жоқпын.
— Ендеше қарасаңызшы, ойбай-ау!
Доктор қызылшақаны əрлі-берлі аударып:
— Қыз бала. Сондай сүйкімді. Құттықтаймын,— деді.
Генри күйінішін күшпен жеңіп, əйеліне қарай бұрылды:
— Қалайсың, Софидион?
— Өте жақсы. Сен ренжіп тұрсың ба, Генри?
Ол еңкейіп, Софьяны маңдайынан сүйді:
— Мəпелі ағаштың мəуесі көп болады.
Бірнеше күннен кейін Софья тұрып та кетті. Баласын емізу жантəнімен беріле атқаратын рақат ісіне айналды. Енді Генри əке болған
шақта Софьяның да оған деген көзқарасы аз-кем өзгеріс тапқан-ды:
Генри оған бұрынғыдан да ыстық көріне түскен. Өйткені, екеуі
бірлесіп жаңа өмірге жан берген еді. Генри қызалақты қатты ұнатып,
оған көп уақытын бөлетін болды. Бастапқы өкінішінен із де қалмады.
Ол қызын Андромаха деп атауға ұйғарды.
— Неге Андромаха демекпіз?— деп таңырқады Софья.— Одан да
Мария, Лукия, Навсикая деген сияқты қарапайым есімдердің бірін
алғанымыз дұрыс емес пе?..
— Себебі, Андромаха — гректің көне тарихындағы ең бір ардақты
есімдердің бірі.
Басқа мəселелерді шешу бұдан гөрі қиынырақ, соқты.
Энгастроменостардың өз немерелері мен жиендерінің өмірге
келгендігіне шаттанғандары соншалық, ата-анасы, аға-інілері мен апасіңлілері Музалар көшесіндегі үйден күні-түні бір шықпай, ана мен
баланы өбектеумен болды. Мұндай мөлшердегі Энгастроменостар
Генриге шектен тыс көптеу көрінді.
— Мен əлі нағыз грекке айналғаным жоқ, жиырма төрт сағат бойы
төбемнен тік басып жүре алмаймын. Айналайын, мына сапырылысты
ретке келтіріп, маған кішкене тыныштық берші.
Софья апасы Катингоның алғашқы баласына өкіл ана болған. Енді
бұлардың қызына өкіл ата болуға Спирос тілек білдірді. Софья
əйелдерді көмекке шақырып, шоқындыру қуанышына арналған түстік
əзірлеуге кірісті. Бақ ішіне жүз кісілік ұзын ағаш үстелдер қойылды.
Генри бірнеше жəшік шампан сатып алды. Спирос қант қосылған
бадамды пакет-пакетімен тасып, Софья оны қызғылтым тюльге орады.
Жексенбі күні таңертең олар күймеге мініп, Құдай анасы шіркеуіне
аттанды. Тауап ету жаңа ғана аяқталыпты. Византиялық архитектура
үлгісімен салынған сүйкімді шағын шіркеудің ғасырлар бойы ладан
түтінімен ысталған ішкі жағы да мейлінше қарапайым екен. Бағаналар
мен доға тəрізді арқалықтар шіркеуді төрт бөлікке бөлетін. Бұның ең
үлкен бөлегі ортасындағысы еді жəне ол күмбездің тап астына
орналасқан-ды. Өңделмеген он бір футтық мəрмəр бағаналардың
үстіндегі қабырғалар мен төбе фрескалармен безендірілген болатын.
Қақ ортада, жұрттың нақ төбесінде, алтын тəжді Христос қалықтап
тұрған-ды.
Жұрттың бəрі «Құдай анасының келуі» атты биік иконның жанына
ұйлығысты. Ағаш тақтайдан ойылған бұл иконның өне бойы алтыннан
жасалған сақина, білезік, креске керу мүсіндеріне толы еді. Спирос
бəрінің шырағын жағып берді де, əрқайсысы Əулиеңіз шырағданына
бір-бір шырақтан қойып шықты. Христостың оң қол жағындағы
қабырғалар мен төбеден əулие Иоанн, əулие Харлампий мен екі
жебірейіл, сол қол жағынан — сəби Иисусты көтерген Мария, «Құдай
анасының келуі», он екі шадияр мен тағы да екі жебірейіл көз тігіп
тұрған-ды. Епископтың орыны төменде, оң қол жақта болатын. Ақ
мəрмəрдан жасалған кафедраға шілтер тəрізді өрнек жүргізіліпті.
Шіркеуге жұрт тез жиналды. Бəрінің де, тіпті балалардың да
қолдарында шырақ бар-ды. Жораны бастар алдында Софьядан сыртқа
шығып, екінші есіктің жанында, кіре берісте күте тұру өтінілді.
Жібектен тігіліп, нəзік көгілдір лентамен жиектелген ұзын ақ фелонын
сусылдатып алтарьдан священник шықты. Спирос бір бөтелке зəйтүн
майын, бір кесек сабын, хош иіс тарататын заттарын шығарды.
Қолына жібек матаға ораған биік шырағын ұстаған ол алтарьға қарай
қадам басты.
— Нəрестеге қандай есім бересіз?
— Андромаха.
Балалар қызының есімін хабарламаққа Софьяға қарай ытырыла
жөнелді. Бəрінен озып бірінші келгеніне Софья сақтап қойған тиынын
ұстатты. Енді оған шіркеуге кіруге болатын.
Алтарь баспалдағына купель — екі жағында тұтқалары бар үлкен
қола астау қойылып та үлгерген екен. Дьячок оған алдымен ыстық су,
сосын салқын су құйды. Андромаханы шешіндірген соң священник
фелонын сыпырып, рясасының жеңін түріп жіберді де, нəрестені өз
қолына алды. Дьячок бөтелкені ашып, Спиростың қос алақанына май
құйды. Спирос нəрестенің денесін маймен сылап шыққан соң,
священник баланы суға үш мəрте батырып алды. Əр батырған сайын:
— Құдай құлы Андромаха шоқындырылып жатыр,— дегенді
дауыстап айтып тұрды.
Зəресі қалмаған Андромаха жан дауысы шығып бақырып жатты.
Дауысының қатты шыққаны соншалық, үш шынжырға байланып
төмен салбырап тұрған
төбедегі шам шайқалып кетердей көрінді. Олар Андромаханы
тездетіп арғы бұрышқа апарып, құндақтап тастады. Мойынына
қылдырықтай алтын шынжыры бар алтын крест ілінді.
Құттықтаудың астында қалған ата-аналары қонақтармен сүйісіп
жатты. Катинго бəріне пакетке салынған кəмпит үлестірді. Ең үлкен
пакет құттықтаудан қалжыраған Спиросқа арналған болатын.
Қонақтыққа бара бастаған шақтарында Софья өзінің кеудесі мен
бөксесінің біршама толығып қалғанын байқады. Көйлектері тарылып
кетіпті. Күйеуінен əкесінің дүкеніне барып, жаңа көйлекке мата
қарасақ қайтеді деп өтінді.
— Ескілеріңді кеңейтіп кисең болмай ма?— деді Генри.
— Неге? Өйтсем, бұлар бұрынғы көркін жоғалтады ғой. Киімкешегімнің көзге қораш болмауына қашан да көңіл бөлуші едің.
— Қазір мен артық ақша жұмсамағанымызды жөн көріп жүрмін.
— Генри, бұған көп ақша кетпейді ғой...
Күйеуіне бұл өтініш онша ұнаған жоқ.
Софья нəрестенің өмірге келуі жақсы өзгерістер əкелетін болар,
пəрмен алып, Ғыссарлық сапарына шындап əзірлік жасауға кірісетін
шығармыз деп ойлаған. Бірақ, күндер өтіп жатты. Айтарлықтай
жаңалық бола қоймады. Генри дегбірден айрыла бастады. Дəл осы
тұста əкесі мен ағасы Александростың Генриден тағы да көмек сұрауға
ойы кеткенін қайтерсің. Олар Генриді алдаусыратып дүкендеріне
шақырып алып, өз кредиттері арқасында кеңейген товарлар
ассортиментін көрсетіп тұрып, шаруаларын одан əрмен түзей түсу
үшін тағы да үстеме қаражат беруін өтінді.
Генри бас тартты: олар бұның көмегін жақсы пайдалана біліпті, енді
товарды өз ақшаларына алсын!
Бибі Виктория Афиныға қайтып оралып, Софья мен немересіне
жақын отырғысы келді: Генри үй сатып алса, бұлар да басқа тұрғындар
құсап ақы төлеп тұрар еді...
Генри бұдан да бас тартты. Софья екі жақтан бірдей өкпе-реніш
естіп, екі оттың ортасында қалды.
Тағы да үй ішінің шырқы бұзылды. Софьяның асқазаны қайтадан
бүріп ауыра бастады. Генри министрді бекер ренжіттім-ау деген ойдан
күйзеліп бітті. Сол бір сорақы жағдайды оның ұлы уəзірге жеткізетіні
анық. Жеткізсе — қазба жұмысын жүргізу мүмкіндігі біржола
жоғалмақ. Ой-армандарының басына осылайша су құйылмақ. Масқара
болды деген осы! Трояны қазатындығы жайлы бөскендерінің бəрі бос
былшыл боп шықты. Өзін кеңкелес кеше біреу ғып көрсетті. Жұрттың
бəрі оны мазақ ете күліп, кездескен жерде теріс айналып кететін
болады. Бұдан əрі қайтіп өмір сүруі керек? Əлде қашса ма екен?
Грециядан қашып кетсе қайтер екен? Софьядан да қашса? Өзінің
масқара болғанын жан баласы естімеген меңіреу түкпірге барып
жатып алса?... Июнь айында оған онсыз да Константинопольға бару
қажет еді, сөйтіп олар құр босқа күйзеліп, күтіп отырғаннан осының өзі
жақсы деп шешті. Генри аттанар алдындағы түнде Софья икон
алдында ұзақ жалбарынды.
— Құдіреті күшті құдай-ана, сөзіме құлақ сала гөр, қол ұшыңды бере
гөр, өйткені мен бейшарада өзіме өзім көмектесетін дəрмен қайдан
болсын. О, кемеңгер де кеңпейіл ана, өзіңнің шарасыз пендеңе
шапағатыңды тигізе гөр. Түрік əкімдерінің мейірімін түсіріп, Генриге
қазба жұмыстарына рұқсат алып бере гөр. Сонда екеуміз Трояға
аттанар едік. Жалғыз ғана тілегім — күйеуіммен бірге еңбек етіп,
Гомердің мəңгі жасайтын қаласын табу ғана. Екеуіміз сол үшін
үйленгенбіз, махаббатымыздың тірегі де сол. Онсыз біздің, Андромаха
екеуіміздің, күніміз қараң. Мен қызымды Колонда қалдырам, бұнда
оған өте жайлы болады. Ал, өзім Генримен бірге Троадаға, некеміздің
негізгі тұрақ-мекеніне кетем. Осыны өзіңнен Христос атымен
жалбарынам.Əумин.
Ертеңіне таңертең Генри Пирейге жүріп кетті.
Софья мен Андромаха оның қайтып оралуын күтіп, апта соңынан
апта өткізіп жатты. Софья күніне екі мезгіл ағылшын тілімен
шұғылданып жүрді.
Августың басында Лондоннан телеграмма келді:
«Ардақты Софьямды шын жүректен құттықтаймын. Қазба
жұмыстарын бастау жөніндегі түріктердің рұқсат қағазы қалтамда
жатыр. Табанды төзімділігің мен көмегің үшін алғысым мен
сүйіспеншілігімді қабыл ал. Бірге еңбек ету арқасында біз əлемдік
мəдениетке өз үлесімізді қосатын боламыз.
Өзіңді жан-тəнімен сүйетін күйеуің Генри».
Софьяның жанары жасқа толып кетті. Қызын қолына алды да,
шөпілдетіп сүйе бастады.
— Енді ісіміз оңғарылатын болды, Андромаха!
Түсте шешесі келді.
— Біраз күнде Генри де оралмақшы,— деді оған Софья.— Тездетіп
керек-жарақтарымызды сатып аламыз да, Дарданеллге жүріп кетеміз.
Андромаханы саған қалдырамын. Оны үй-ішінің бəрі жақсы көреді.
Ешкім өгейсітпейді. Біз жұмыстарымызды қысқы жаңбырлар
басталған кезде аяқтаймыз...
ҮШІНШІ КІТАП. НЕ НƏРСЕНІ ДЕ БАСТАУ ҚИЫН
Константинополь Софьяға қатты ұнады. Портта үлкенді-кішілі кеме
мен қайықтан көп нəрсе жоқ еді. Тар көшелермен топырлап алуан
елдің адамы өтіп жататын. Олардың ішінде түріктер де, арабтар да,
татарлар да, маңғолдар да, мысырлықтар да бар еді жəне бəрі де
ұлттық киімдерімен жүрген. Нөмерлерінің балконынан Босфор көзге
ілінетін. Кіші Азия да қол созым жерде тұрғандай еді. Аспанмен
таласқан мұнаралардан азаншылардың мұсылмандарды намазға
шақырған дауыстары құлаққа шалынатын. Генри оған қаланы
аралатып, жарқыраған күмбездерді, ескі қаланың табанына тас
төселіп, төбелері тас галереялармен бүркелген тар көшелерін, биік
дуалдардың ар жағындағы бақтарды, православие шіркеулерінің бірбіріне тығылыса орналасқан, пияздай бұлтиған бастарын көрсетіп
шықты. Төбесі жабық орасан үлкен бамарда жүздеген қол өнерші
өздерінің қап-қараңғы ойықтарына малдас құра жайғасыпты. Ұзын да
енсіз дəліздің он бойынан от жылтылдап, күміс жəне мыс
бұйымдардың бетіне сəуле ойнатады.
Бір күні сəскеде қонақ үйге қайтып келе жатқан олар түрік
моншасының жанынан өткен. Генри Софьядан шомылып шыққың
келмей ма деп сұрады.
— Егер өзің бірге барсаң барайын,- деді екі ойлы болған Софья.
— Сені ертіп апарып,жиырма екі пиястр төлеп кетейін.
Бірақ,əйелдерге кешкі намазға мешітке кіруге болмайтыны секілді,
маған да əйелдер бөлегінде қалуға рұқсат жоқ.
Генри кеткенде пайда болған абыржу сезімі ұзамай ақ тұла бойын
түршіктірген басқа бір сезіммен алмасты. Жайлап шешіне бастағаны
сол еді, тыр жалаңаш екі мегера жетіп кеп, қас қаққанша бойындағы
бар киімін сыпырып алды. Қолына ақ сейсеп ұстатып, аяғына ағаш
шəркей кигізіп, жарқыраған тап-таза ақ мəрмəр залға алып кірді.
Қабырғадағы, едендегі, төбедегі саңылаулардан ыстық леп соғып тұр.
Софьяның бойынан тер саулап қоя берді. Ыстық су мен салқын су
ондаған ванналарға үздіксіз сарқырап ағып жатыр. Əр жерге ағаш
сəкілер қойылыпты.
Албасты тəрізді амазонкалар сəкіге сейсепті жайып жіберді де,
аузымен ауа қармап қалған Софьяны екпетінен жатқызып, түкті
шүберекпен ыспалай бастады. Сосын арқасына аунатып, басынан
бастап башпайларына шейін сабындап жуып шықты. Софья өзін бас
еркінен айрылған адамдай сезініп, тағы да не боларын тағатсыздана
тосумен жатты. Денесін ыстық сумен, сосын салқын сумен бір-бір
шайып алған əйелдер оны суы шылқылдаған еденге тігінен тұрғызды
да, екі сейсеппен орап, көрші бөлмеге кіргізіп, жұмсақ диванға əкеп
отырғызды.
Софья ұйып бара жатқан денесінің шамалы солық тартқанынан
басқа ештеңе сезіне алмай, бірер минуттан соң тəтті ұйқыға еніп те
кетті. Оянғанында жанындағы орындықтың арқалығында киімкешектері ілулі тұр еді. Киініп алды да сыртқа шықты. Монша иесінің:
— Мынадай сұлулық пен мынадай денсаулық үшін мадам Шлиманға
бір өмір аздық етеді ғой,— деген сөзі көпке шейін құлағынан кетпей
қойды.
Генри оны номерде күтіп отырған. Ол да өзін өзі ұстай алмай
комплимент айтып қалды, сосын:
— Енді тұтас екі ай бойына біз тек теңізге ғана шомылатын
боламыз,— деді.
Софья жауап орнына жұмбақ кейіппен жымиды да қойды.
Пəрмен қалтада жатқан, ұлы уəзір мен Сафуат паша бұларға оң тілек
айтқан. Сөйтіп, ақыры өздерінің американ жəне британ
миссияларындағы достары — Уэйн Маквей мен Джон Портер Браунды
«мерекелік түстікке» шақыратын да шақ туған. Генри олар туралы өте
көп əңгімелегенімен, Софьяның бұл кісілерді көріп отырғаны осы еді.
Жаз айында Софья ағылшын тілін əжептəуір меңгеріп қалғандықтан
дəмді палау желінген дастарқан басындағы уақыт та мейлінше көңілді
өтті.
Генри «Шыбын» пароходынан каюта алды. Бұл кемешік
капитанының шарабы — бүкіл флоттағыдан артық екеніне ол өз
тəжірибесі арқылы көз жеткізген-ді. Мəрмəр теңізінен олар түнде өтті.
Пароходтың Европаны Галлиполь түбегімен бірге Кіші Азиядан бөліп
тұрған Дарданелге енгенін көру үшін кешкісін ұйқыға ертерек жатқан.
Таң салқын болды. Капитан екеуін мостикке шақырды. Олар бұғаздың
қос қапталындағы жасыл желекті тау пейзажын ұзақ тамашалады —
əлгінде ғана алыстан мұнартқан биік тау біртіндеп борттың іргесіне де
тақалды.
Бұларға Греция мен Италиядан шығып, Мəрмəр теңізіне қарай бет
алған, дауыл дал-дұл қылған жүк кемелері қарсы ұшырасып жатты.
Эгей теңізіне дейінгі жолдың үштен біріндейі ғана қалған кезде,
бұғаздың ең бір енсіздеу тұсына таялғанда кемелері əдемі жерге
орналасқан портқа, Кіші Азиядағы солтүстік түрік провинциясының
астанасы — Шанаққалаға келіп кірді. Капитан бұлардың багаждарын
түсіруге барынша мұқият қарауға уəде берді. Балалар қол жүктерін
көтерді де, бəрі топылып Николаидистің порттағы шағын қонақ үйіне
қарай бет алысты.
— Дереу губернаторға бару керек,— деді Генри жолда.— Пəрменге
оның да қол қоюы қажет. Министр міндетті түрде сөйту керек деп
ескерткен. Сонда қазбаларымызды жергілікті өкімет орындары да
заңдандырған боп шығады. Сонсоң ат-арба жалдап, жүктерімізді
тиейміз де, Ғыссарлық қайдасың деп тартып кетеміз.
Олар қала көшелерімен бар болғаны бірнеше минут қана
жүргенімен, Софьяның алған əсері айтып жеткізгісіз көп еді. Ығыжығы, портты қала — Шанаққала шын мəнісінде лас деревня ғана
болатын. Түйе керуені, Кпропага шығарылатын ағаш тиелген арбалар
ойқы-шойқы былғаныш көшелермен əрең жол тауып өтіп жатыр.
Бұралқы иттер үйір-үйірімен босып жүр. Дүкендері тас қараңғы,тар
бөлмелерден орын теуіпті. Жəне сатып алатын да ештеңелері жоқ-ты.
Мұнан,сондай-ақ жарнамалары қолдан жазылған грек кофеханалары
мен ресторандары да кезігіп жатты.
— Мен өзімізді Түркияда жүрміз ғой деп қалсам,- деді Софья.
— Гректер бұл жерді бізден бұрынырақ біліп қойыпты. Ауа райы да,
жер бедері де Грецияға өте ұқсас болғандықтан, олар мұнда ерте
заманнан қоныс аудара бастаған. Бұл өңірде тəуір жерлер жетерлік еді.
Губернатордың үйі қаланың басты көшесінде, пристаньға таяу
маңда орналасқан-ды. Шолақ көшенің о жақ, бұ жағына көз жүгіртіп
шыққан Софья көп үйдің маңдай жағының ені он екі футтан
аспайтындығын көріп таң-тамаша болды.
— Генри, үйлерін қушитып салғандары несі? Əлде жер қымбат па?
— Менің ойымша, бұған қысты күні Эгей теңізінен соғатын жел
кінəлі болса керек. Үйлерін ұзын қылған себептері маңдайдан ұратын
дүлей дауылға кедергі аз жолықсын деген ғой.
Губернатор Ахмет паша қара торы келген, сымбатты да сабырлы
адам екен. Бұларды түрік дəстүрінше қонақжайлықпен қарсы алып,
кофе əкелуге əмір етті. Пəрменмен асықпай танысып шыққан соң
мейлінше мейірімді үнмен тіл қатты:
— Халық ағарту министрі Шанаққалаға келетініңіз жөнінде жəне
нендей мақсатыңыз бары жайлы мені хабардар қып та қойған. Алайда
мына пəрменнің негізінде сізге Ғыссарлықта қазба жүргізуге рұқсат
бере алмаймын.
Софьяның таң қалғаннан көздері жыпылықтап кетті, ал Генри
ауызын ашып қалды.
— Неге... неліктен?! Менің ресми рұқсатым бар, оны сіз өз
қолыңызда ұстап отырсыз!
— Документте қазба жұмысын жүргізетін жеріңіздің шекарасы
айқын көрсетілмеген. Ұлы уəзірден бұдан гөрі нақтылау нұсқау алуым
керек.
Софья Генриге «сабыр сақта» дегендей ым жасады, бірақ анау əлі
шектен шыға қоймаған.
— Мəртебелі мырза, əйеліміз екеуіміз бұл арада бірнеше жыл жұмыс
істемек ойымыз бар. Бізге достық пейілмен қамқорлық көрсетесіз ғой
деп сенеміз. Егер Константинопольдан бұдан да гөрі айқынырақ
нұсқау алғыңыз келсе, маған телеграф арқылы сұрау салуға мархабат
етсеңіз қайтер екен? Əрине, барлық шығынды өз мойыныма алам ғой.
— Сөйтуге болар еді, бірақ одан пайда жоқ.
— Қалайша?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 09
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.