Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 06

Total number of words is 3944
Total number of unique words is 2319
32.8 of words are in the 2000 most common words
47.1 of words are in the 5000 most common words
54.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сарайға қайтып оралады. Атрей інісін кешірген түр көрсетіп,
татуласқандарының құрметіне той жасамақшы болады. Сөйтеді де,
Фиестің ересек ұлдарын өлтіріп, етін ұсақтап турап, қуырып, бал
татыған тағамды Фиестің алдына қояды. Інісі бəрін жеп болған кезде
ағасы оған не жегенін айтып береді. Құдайдан Атрей тұқымының
басына бақытсыздық жаудыруды тілеген Фиест аман қалған жалғыз
баласы Эгисті ертіп қаша жөнеледі...
— ...кейін бұл баласы Агамемнон Трояда жүрген кезде
Клитемнестраның көңілдесіне айналады. Сосын Агамемнон қайтып
оралған түні Клитемнестраға оны өлтіруге көмектеседі,— деп қосып
қойды Софья.
Генри оған риза кейіппен езу тартты.
— Дəп солай. Бірақ, сен асығыңқырап кеттің. Атрей қайтыс болады.
Ұлдары патшалықты бөліп алады: Агамемнон — астанада, Микенде,
інісі Менелай — Спартада билік жүргізеді. Бір жорықта Агамемнон
өзіне жұбай боларлық əйелді олжалайды. Бұл жайында
Клитемнестраның өзі былай дейді. Сол жерін оқып берейін.
Есіңде ме, Агамемнон, күшпенен мені алғаның...
Қан майданда Танталды — күйеуімді өлтірдің.
Ақ төсімнен ажыратып баламды, құлдыққа сатып жібердің.
Есіңде ме, Зевстің ұлдары мен ағаларым ардақты
Жақсылап тұрып сазайыңды бергені,—
Аң тұлпар мінген оларды ұмытпаспын өмірі,—
Есіңде ме, бас сауғалап Тиндар қартқа барғаның?
Қайтадан мені, əйеліңді, қайтарып берді қолыңа.
Айтшы, Атрид, басымды иіп аттағалы есіктен
Адал əйел болмап па ем?
Арылды ма шаңырағың шаттықтан?
Ошағыңа қуанышпен оралып, кететінсің қайта аттанып...
Бұндай адал əйелді кез-келген патша таппайды..
Жаман əйел жетерлік...
Генри оқып болған кезде Софья оның құлағына сыбырлап:
— Артыңа қарашы,— деді.
Генри мойын бұрып қарады да, қалшиып отырып қалды:
Авлиданың кедей-кепшіктері бөлмеге топырлай кіріп, арт жаққа үнтүнсіз жайғасып жатыр еді. Тіпті жұмыс киімдерін де ауыстырып
үлгермепті, бірақ тап-таза боп жуынып алыпты. Генридің əңгімесін
ынта қоя тыңдап, ілгері еңсеріле түскен. Жүздерінде ошақтағы оттың
сəулесі ойнайды. Олар оқи да, жаза да білмейтін. Оны былай қойғанда,
өз өмірлерінде бірде-бір пьеса да көрмеген. Бірақ, мəңгі қастерлі
игіліктерінің бірімен Генри Шлиман өздерін қайта жүздестіріп
отырғанын бүкіл жан-дүниелерімен сезінген еді.
Софья Генридің толқып кеткенін көрді. Авлида оған бұдан артық
сый тарта алмайтын. Күйеуінің қолынан ұстады да, сыбырлап:
— Генри, өтінем сенен, айта түсші!— деді.
— Мақұл... Менелай өз қалыңдығын қырғын-сүргінсіз-ақ тапты.
Бірақ, кейін сол қыздың қырсығынан осы Авлидада бір мың бір жүз
қырық кеме мен жүз жиырма мың жауынгер Трояға аттану үшін
желдің оңнан соғар сəтін тосып жатты. Леданың күйеуі Лакедемон
патшасы Тиндардың Елена атты асқан сұлу қызы бар еді. Ол
Клитемнестраның сіңлісі болатын. Екеуінің де əкесі — құдайлардың
ішіндегі ең құдіреттісі Зевс еді. Аққу кейіпіне енген Зевс Ледамен
ашына болған. Қызын ұзатуды ұйғарған Тиндар қай патшаны немесе
көсемді таңдарын білмей дағдарады. Ақыры бəрін сарайына шақырып,
сайысқа түсулерін сұрайды. Еленаның сұлулығына естері кеткен
бекзадалар сол сарайдың өзінде-ақ бір-бірінің қанын төгудің аз-ақ
алдында қалады. Тиндар оларды Еленаның өз қалауына тоқтаймыз,
егер кімде-кім сол қалаулыға қандай да бір зəбір көрсететін болса
қалғандарымыз жиылып кеп зəбір көрсетушінің көзін жоямыз, деп
ант-су ішуге мəжбүр етеді. Елена Менелайды таңдайды.
Генри кең тыныс алып, əңгімесін əрі жалғады.
— Содан бір күні Спартаға мол тартумен Троя патшасы Приамның
баласы Парис келеді. Бұл бір кескіні келіскен, келбетті жігіт еді. Оны
қонақжайлықпен қарсы алған Менелай бір шаруасымен Критке барып
келмек болады. Сол екі арада Парис Еленаны алып қашады. Кейіннен
Елена өз ықтиярымен кетпегенін, əйел құдай Афродита арбап
тастағанын айтып ақталады. Елена мен Парис үш күнде Эгей теңізін
кесіп өтіп, Геллеспонтқа келіп жетеді. Менелай бұрынғы
бақталастарын өз уəделерін орындауға шақырады. Сөйтіп, Трояға жол
шегуге, Еленаны қайтарып, еркектерін бауыздап, бала-шағаларын
құлдыққа салуға, қаласын түп-тұқиянын қалдырмай өртеп жіберуге
ниеттенген көсемдер мен патшалар, жауынгерлер Авлидаға
жиналады.
Бірақ, осынау əдемі айлақта үлкен флот үмітсіз отырып қалады.
Əуел баста теңіз тулап, буырқанып бой бермесе, кейін айлар бойы лүп
еткен самал жоқ жым-жырт тыныштық орнайды. Əскер арасында
алауыздық пайда болады. Сарбаздар дереу Трояға аттануды, қаланы
талан-таражға салуды талап етіп,. өйтпеген жағдайда тараймыз,
елімізге қайтамыз деп қиғылық сала бастайды.
Сөйтіп жатқанда, Троя жорығына қатысушы көріпкел Калхас:
аңшылықтың əйел құдайы Артемида — ол желге де əмір жүргізетін—
өзінің қасиетті киігін атып алған Агамемнонға аса қатты ашулы екенін,
сол үшін қызы Ифигенияны құрбандыққа шалуды талап етіп жатқанын
хабарлайды. Агамемнон фессалиялық Ахиллмен некесін қидырам
деген желеумен Микеннен қызын алдырады. Қызын мамықтай
тамағынан өз қолымен орып жібереді. Қаны «тазарту суы» құйылған
табаққа шүмектеп ағады. Ифигенияның Агамемнонға айтқан арызын
оқып берейін.
Əкетайым, аяғыңның астында
Жапырақтай жатырмын жалғыз қалтырап.
Мен осындай шарасызбын.
Бірақ, мен Туып ем ғой өзіңнен.
Өмірімді үзбеші менің мезгілсіз!
Жарық дүние қандай жақсы,
Жердің асты қандай жаман — аяшы!
Сені алғаш «əке» деген мен едім,
Сен де мені «қызым» дедің ең алғаш.
Есіңде ме, еркелеп, тырмысқаным тізеңе?
Ұнатушы ең мұны өзің де, жан əкем!
Бұдан соң Ифигения анасы Клитемнестраға арнап тебірентерлік
қоштасу сөзін айтады.
...Тыңдашы менің, жан анам,
Жүрек жарды сөзімді. Атридке ашуланба сен бекер
Қалай ғана қарсыласпақ біз сықылды міскіндер!
...Маған бүкіл Эллада, бүкіл ұлы Эллада,
Көз тігіп тұр: дəрменсіз де қорғансыз бұл құрбандық
Олар үшін: тура жол, Трояның күйреуі;
Еленаның намысы, арсыздығы Паристің. —
Фригиялықтар жазасы һəм ұрпаққа үлгісі:
Екінші əрі варвардың тəуекелі тұрмасын
Күйеуі бар грек қызын ұрлауға!
Генри кітаптың алғашқы бетін ашып, жұмсақ та əуенді дауыспен
пьесаны бастан-аяқ оқып шықты. Ал,Софья болса тыңдаушылардың —
Авлида тұрғындарының жүзінен көз аудара алмай отырды. Əйелдер
жастарын сүрткілеп, еркектер ата-бабалары ауыр еңбекпен күн
кешкен осынау туған деревняларының көне болғанымен күні бүгінге
шейін көп ештеңе өзгере қоймаған дəурені жайлы хикаяға басы бүтін
беріліп, ел титыңдап қалған-ды.
«Бəрі де мейірімді христиандар,— деп ойлады Софья
отырғандардың жүзіне алма-кезек көз жүгіртіп.— Бірақ, Артемиданың
желді тежеп тұрарлық билігі болмағаны ешқайсысының ойына
келмейді. Сондай-ақ, Ифигения құрбандыққа сонау есте жоқ ескі
заманда ғана шалынып қоймай, өздері ертеңді-кеш аяқ басып жүрген
мына жағалауда күні бүгін де шалынып жатқаны, қаны тазарту суы
құйылған табаққа əлі төгіліп тұрғаны олардың ойларына да кіріп
шықпайды...»
Толғаныстан сөз таппай сасқалақтаған асхана иелері мен келушілер
доктор Шлиманға алғыс жаудырып жатты. Кезін жас жуған Мариго
оны бетінен сүйіп алды, ал адам танымастай өзгеріп кеткен сүлесоқ
Спирос Генридің иығын қолымен сығымдап қойды. Софья мен Генри
өз бөлмелеріне кетті. Софья күйеуін мойнынан құшақтап, мейірлене
сүйді.
— Сен бəрімізді таңқалдырдың. Бейне бір осынау қайғылы оқиғаға
қатысушыдай боп кеттің. Біздің иланбасқа амалымыз қалмады.
Генри кекесінмен бас изеді.
— Жоқ, мен шын айтып отырмын. Сенің сеніміңді бұрын да бөлекше
қадір тұтатынмын, бірақ басы бүтін қабылдай қоймағам. Ал, енді қазір
құйттай да күмəнім жоқ: Трояда болған, соғыс та болған; ал ахейліктер
өртеп жіберген қала біздер барып өзін жарық дүниеге шығаруымызды
тосып жатыр.
«Англетерде» оны шешесінің жазған хаты күтіп жатыр екен:
«Қымбаттым Софья, оралған соң Колонға соғып кетші. Генри
жұмыспен шұғылданып жатса, сенің аз уақытқа болса да қолың
босайтын шығар деп ойлаймын».
Софья шешесінің сырын жақсы білетіндіктен, жалғыз өзің ғана кел»
деген емеуірінін айтпай-ақ аңғара қойды.
Соған қарағанда, маңызды шаруа болса керек. Кемелері Пирейге
таңғы тоғызда келген болатын, ал қазір сағат он бір еді. Генридің
алдында жедел жауап қайтаруы қажет бір буда хат жатқан.
— Фрэнк Калверттен дым жоқ,— деп кіржіңдеді ол.— Қазір
Константинопольдағы британ жəне американ елшілеріне хат жазғалы
отырмын. Олар сұлтанға ықпал ете алатын адамдар.
— Менің Колонға барып қайтуыма қарсы болмайсың ба? Мамам
шақырып жатыр.
— Ендеше, босқа уақыт жоғалтпас үшін түскі тамақты осында
əкелулерін өтінермін. Кешкі асқа қарай сені алып кетуім керек пе, жоқ
па — соны айтып бір жапырақ қағаз жібере саларсың. Асылы, қараңғы
түскенше қайтып оралғайсың.
Бибі Виктория қызын ықылассыз, тіпті салқындау құшақтады.
— Саған не болған, мама?
— Оңған ештеңе жоқ.
— Жүр, ас үйге барып бір-бір шыны аяқ кофе ішейік.
Олар қарапайым үстелдің басына, бір-біріне қарама-қарсы жайғасты.
Əдетте бұл үстелде көкөніс туралып, ыстық плитадан алынған
кастрөлдер қойылатын. Үйдегілердің бəрі жан-жаққа тарап, үй ішінде
құлаққа ұрған танадай тыныштық орнайтын күндердің бірі еді.
Құбырдан сыздықтай аққан судай, терезедегі жарық та өлусіреп тұр.
Плитадағы бір көзеде бадана қайнатылып, екіншісінде окра пісіріліп
жатыр.
Бибі Викторияның бедірейген жалпақ бетінде жылу жоқ еді, толық
еріндері ерекше қатты жымырылып кетіпті, ортасынан айырылған
мойылдай қара шашы тарлау тақиядай басына тып-тығыз
жатқызылыпты.
«Мамам ер мінезді,— деп ойлады Софья.— Біреулер оны өктем
көреді. Менің күйеуге шыққан əйел екендігім жайлы ойға əлі көндіге
алмай жүр. Парижде қанша жалғыздыққа ұшырағаныммен, менен қол
үзу, мені ақыл-кеңессіз қалдыру оған да, əрине, оңай тиген жоқ».
— Мама, сен бірдеңені жасырып жүрсің. Бұны Парижден оралған
бойда-ақ сезгем.
— Тауып айттың,— деді бибі Виктория көңілсіз.
— Маған сіздер Генриді ықылассыз қарсы алғандай болдыңыздар.
— Саған күйеу таңдауда қате жібердік-ау деп қорқам. Сараңға
шығуыңа жол бердік білем.
— Генриді сараң дейсіңдер ме?! Түк те олай емес. Рас, аңша
ұстатпайды, бірақ, маған ақшаның қажеті де жоқ. Оның есесіне қалаған
жағыма алып барады, не керегімді алып береді.
— Туыстарымыз сені семья үмітін ақтамады деп жүр.
Бұндай сөзді естудің ерсі көрінгені сондай, Софья өз құлағына өзі
сенбеді.
— Миллионерге күйеуге шықтың екен, Парижде айлап тұрады
екенсің, бриллиант тағып, үлде мен бүлдеге оранып отыруың керек
еді.
Софья өзінің қызыл ала гүл төгілген жүннен тоқылған қоңырлау
көйлегіне көз жіберді. Қарапайым екенінде сөз жоқ, бірақ əсте де
қарабайыр емес. Матасын өзі таңдап алған. Тігінші де барын салған:
бұл тік жаға, ұзын жең, қынама бел, кең етек көйлек болатын. Софья
көйлегін тізесі тұсынан тегістей сипап қойды да, жəймен ғана:
— Бұл көйлектің несі жаман? Өзіме өте ұнайды,— деді.
— Білмеймін, білмеймін... Сенің орныңда... Сосын мына маржан
алқаны мойныңнан неге тастамайсың?
— Себебі, бұл Генридің алғашқы тартуы. Маған аяулы сезімдер
сыйлаған тарту.
— Аяулы сезімдер — біз сияқты кедейлерге ғана керек қасиет. Бай
адамның əйеліне мына көйлегің мүлдем келісімсіз. Бұған тек асыл
тастар ғана көрік бере алды. Ламбриду əпкейдің айтуынша,
пароходтан түскен кезіңде жетім қыздай көрініпсің.
Софья абыржып, ас үйдің ішін кезіп кетті.
— Мама, сен Генри жайлы жалған ойда жүрсің. Ол мені Париждегі ең
тəуір деген тігіншілерге алып барды. Көйлектерімнің көптігі сонша,
киіп тоздыруға өмірім де жетпейтін шығар. Бриллиант тағуға əлі
жаспын, ал қымбат терілердің біздің климатта қажеті қанша?
— Бəрібір сондай заттарың болуға тиіс. Сен ерекше жағдайда жүрсің.
Генри бəрін сатып əперуге міндетті-тұғын.
— Генри маған талай-талай тамаша нəрселерді тарту етті. Ол тіпті
өзіме ұнап қалған сағатты алдыру үшін Англияға адам да жіберді.
— Батылырақ болу керек.— Бибі Виктория жақтырмай бас
шайқады.— Бұрын айтқанымнан шықпаушы едің. Қазір қасарысатын
өнер тауыпсың.
— Мама, мен ешқашан айтқаныңнан шыққам жоқ, бірақ қазір өз
алдыма бөлек үй болған əйелмін ғой...
— Сен небары он сегізде ғанасың. Өзіңнен жасы үлкен, көпті көрген
адамдардың айтқанына құлақ қойғаның мақұл. Сен əлі сəбисің ғой.
— Мама,— деп ауыр күрсініп алды Софья,— сонда маған не қыл
дейсің?
— Сенің Шлиман мырзаң бірде-бір уəдесін орындамады. Біз оны
жатып жастық, жайылып төсек боп қарсы алып ек, онымызға түкірген
де жоқ.
— Құдайым-ай!— Софьяның түсі қуқыл тартып кетті.— Сірə, менің
асқазаным тағы да Париждегідей түйілейін деді-ау деймін.
— Біреудің іші, біреудің жүрегі ауырады. Мысалы, менің жүрегім
ауырып отыр.
Түскі асқа Георгиос, Спирос пен Александрос үшеуі бірге келді. Бұл
күнгі дастархан жұтаңдау болатын, əрі өте тез ішілді. Түскі тамақтан
кейінгі дағдылы ұйқыдан бəрі де бас тартып, өкпе-реніштерін Софьяға
оқша жаудыра бастады. Бірақ, Софьяда бұдан қорғанарлық дəрмен
қалмаған: шешесімен арадағы таңертеңгі кикілжің əбден діңкелетіп
кеткен.
Шлиман некелесу қарсаңында семьяға тойға тарту есебінде бағасы
150000 француз франкіне тең бриллиант алқа сыйлаймын деген
уəдесін орындамағаны үшін айыпталып жатыр еді. Шарттың бұл
тармағының анықтығына бибі Виктория бас тігуге бар-тын. Бұл
сияқты батылдық көрсетпегенімен, əкесі де дүкенін қайта
жабдықтауға жəне импорттық заттар сатып алуға Генридің қырық мың
франк уəде еткенін айтты. Мариго өзінің жасауына деп жиырма мың
франк уəде етілгенін хабарлады.
— Алғаш рет естіп тұрмын! Бұны маған бұрынырақ неге
айтпадыңдар?— деп күйінді Софья.
— Сені мазаламайық дедік. Күні ертең тұрмыс құрғалы отырған
баламыздың ақша жайлы əңгімемен басын қатырғымыз келмеді,—
деді əкесі.
Софья ұзақ уақыт бойы тіл қатпады. Басы мең-зең боп, не дерін
білмей мəңгіріп қалды. Мүлгіген тыныштықта сағат тілінің тық-тық
соққаны анық естіліп тұрды. Бір уақта жұртқа қарап бас көтергенінде
жанары ызамен жалтылдап тұр еді.
— Мама, жаңағы алқа жайлы Генри сенің өзіңе уəде етті ме?
— Жоқ, маған емес.
— Сонда кімге?
— Вимпос ағайға.
Софья абдырап қалды.
— Папа, ал дүкенге арналған ақша жайында ол кімге айтып еді?
— Бұны да Вимпос ағайға айтыпты.
— Мариго., Авлидаға барған кезімізде сен жасау жайлы лəм демеген
болатынсың. Генри оны саған қашан уəде етіп жүр?
— Ол бұны епископ Вимпосқа уəде етті.
Софья Спиросқа қарай бұрылды. Анау ерінін жымырып, теріс
айналып кетті.
— Вимпос ағай алдамауға тиіс. Ол священник қой. Мама, бұл тек
саған ғана емес, маған да ауыр тиіп тұр. Бұл мен үшін Парижде бастан
кешкен азабымнан да ауыр азап.— Софья кідіріп қалды.— Берген
уəделерін күйеуімнің есіне салып, орындауын талап етуден басқа
ештеңе қалған жоқ. Папа, мен оған кешкісін үйге келуін, жолай
дүкеніңе соғып, сені ала келуін, маңызды шаруа барын айтып қағаз
жазып жіберем.
Кешкісін жарығы мол қонақ бөлмеге келіп кіргенінде Генри аса
абыржулы көрінді.
Халың қалай, қымбаттым? Жазған қағазың жан шошырлық қой.
Сырқаттанып қалғаннан саумысың?
— Мəз боларлық дəнеңе жоқ,— деді Софья оның құшағынан тезірек
босануға асығып.
— Не боп қалды? Таңертең сау сияқты едің ғой.
— Туғандарым сенің той алдында толып жатқан уəде беріп,
артынан бəрін ұмытып кеткеніңді айтты.
Генри қуқыл тартып, құнысып жүре бергендей көрінді. Бұл кейпі
Софья оны алғаш рет əулие Мелетий мерекесі қарсаңында бақ ішінде
кездестіргендегі кейпіне ұқсап кетті.
— Сонда қандай уəдемді орындамаппын? Ешкімге ешқандай уəде
беруден аман сияқты едім.
— Бөлеміз, епископ Вимпос, бізге немесе əйеліңізге бриллиант
колье сыйлайтындығыңыз жайлы айтқан,— деп үн қатты бибі
Виктория.
Софья Генридің бір сəтке өз құлағына өзі сенбегендей ақтарылып
қалғанын көрді. Сосын ол қалпынан тез арылып, ширыққан сезімімен
шапшаң сөйлеп кетті.
— Аса қадірлі қайын енеміз, епископ жалған сөйлемейтін адам.
Сіздер оның сөзін басқаша түсініп қалғансыздар-ау деймін. Оның
үстіне, хат жазған сайын одан байлығым жайлы ешкімге ештеңе
айтпауын өтінетінмін. Аса құрметті қайын атамыз,— ол Георгиос
Энгатроменосқа бұрылды,— епископ менің атымнан сізге сондай уəде
бергені рас болған күннің өзінде, тіпті бұл рас болмаса да мейлі, бəрібір
өзіңіздің құралайдай қызыңызды бриллиантқа сатып үлкен күнə
жасаған екенсіз. Арам ойыңыздың орындалмауы сізге лайықты жаза
болып табылады. Біз христиандармыз, бізге өз қыздарымызды сату
жараспайды.
— Бриллианттар — Софья екеуіңіздің өз шаруаларыңыз,— деп
Александрос шыдамсыздана сөзге килікті.— Ал, кездемеге тиісті
ақшаны қайтпексіз?
— Мен ондай уəде берген емеспін.
— Тіпті Маригоның жасауына да уəде берген жоқсыз ба?— деп бұрқ
етті ызадан жарыла жаздаған Виктория.
— Мен саған уəде бердім бе?— деп сұрады Генри қыздан.
— Вимпос ағай бердіңіз деді.
«Неткен сұмдық! Неткен масқарашылық!» деп опынды Софья. Осы
тұста есіктен жаңа кейіпкер — Ламбриду əпкей бас қылтитты. Оның
ұрыс-керіс атаулыға айрықша сезімталдығы бар-ды: маса да тап
осылай қанның иісін қиядан сезеді. Оның келуі семьяны жаңа жігерлі
күшпен толықтырғандай болды. Ақиқаты сол, Генри Шлиман жұрттың
бəрін алдап жүр. Ол өте сараң адам, ең қажет деген нəрсеге ғана
шығынданады. Алғашқы əйеліне жəрдемдесуден бас тартыпты, тіпті
балалардың мұқтаждығымен де есептеспепті. Софьяға ата-аналары
жайлы ойлауға, олардың алдындағы өз парызын орындауға тыйым
салыпты...
Бүл кезде Софьяның басы айналып, жүрегі лобли бастаған. Күйеуі
отырған жаққа көзін сүзе қарап, дауысы қырылдап:
— Мен мұндай адаммен тұра алмаймын,— деді.
Бұл сөзден Генри тұзаққа түскендей тығылып қалды.
— Ендеше, жолың ашық! Ажырасам, жағдайыңды да жасаймын.
Өзіңе грек күйеу жəне сондай бала тауып алуыңа болады. Мен жайлы,
— ол Ламбриду əпкейді оқты көзбен атты,— жаңағы сандырақтарды
қайдан естіп жүргеніңіз таңқалдырады. Ливорнодағы грек консулы
Вретос мырзадан емес пе екен? Ол алғашқы əйелімнің өкіл
орындаушысы болатын. Софья екеуіміз шырын айымыз кезінде
соққанымызда, ол бізге барынша ілтипат көрсетіп баққан. Шамасы,
оның біз жайлы ойы өзгерген-ау. Ол ешқашан Петербургте болған
емес, алғашқы əйелімді көзбе-көз көрген емес, сөйте тұра бəріне кінəлі
менің жаман мінезім деген өсек таратады!
Ол Софьяға бұрылды.
— Бұның бəрі де жала екенін өзің білесің,— деді өкпелегендей
болып.— Өз əйелін мен сияқты құрметтейтін адам кемде-кем шығар.
Егер «мұндай адаммен» тұрғың келмейтін болса, онда оған кінəлі өзім
ғанамын: жасөспірім қызға үйленбеуге тиіс едім. Сонда да сен бəрібір
мені жұрттың көзінше жерден алып, жерге салуға жол бермеуің керекті.
Қамқор туыстарының қоршауында отырған Софья тіл қатқан жоқ.
Басы мəңгіріп кеткен-ді. Генри есікке қарай беттеді. Істің насырға
шапқанын аңғарған бибі Виктория соңынан ұмтылды.
— Генри, қымбаттым, кетпей тұра тұр. Қазір бəрін де реттейміз.
Ақ көңіл Георгиос Энгастроменостың жүрегі елжіреп, Генриге қарай
қол созды:
— Доктор Генри! Сіздің аузыңыздан шыққан улы сөзді тіпті ең
жексұрын жауымнан да естімегем! Өз қызымды қуыршақ құсатып
сатып жіберіппін! Ұлттық дəуірлеу заманында бостандық пен теңдік
үшін өзін құрбандыққа шалуға барған грек мұндай сұрқия қылмысты
өңі түгіл түсінде де ойлай алатын ба еді! Əйеліңіздің ата-анасы мен
туыстары семьяңыздың бақытын көре алмайды дегенді қайдан
алдыңыз? Софья екеуіңіздің бақытты тұрмысыңызға титтей де
таласымыз жоқ. Маған əлгі бриллианттардың түкке қажеті жоқ, ол
жайында ойлап та көрген емеспін. Софьяға біздің басымыздағы
жайсыздықтың бəрін естен шығаруға, тек өз үйі, оның игілігі мен
рақаты жайлы ойлауға əмір еткенмін. Мен оған сізді сүйіп, сізге адал
болғанда ғана бақытқа жететінін айтқанмын...
Генри есікті шалқайта ашып шығып кетті. «Англетерге» қайтып
оралып, келесі күні керек заттарын шамаданына салып алды да,
аралдарға аттанды. Жалғыз сапар шегу себебін сұрағандарға март
айында теңіздің тыныш болмайтынын, Софьяның толқын соғып
ауырып қалатынын сылтауратты. Семья бұл желеуді одан əрі
жетілдіре түсті: Генри қазба орындарын көріп қайтуға кетті десті.
Бірақ, Колон сияқты құйттай қалашықта сыр сақтау қиындау.
Көршілері Софьяға мүсіркей көз тігіп жүрді.
Софья қыз кезіндегі төсегінде түнімен дөңбекшіп шықты. Біресе
туғандарымен соншалықты дөрекі сөйлескен Генридің қылықтарына
ұялып, беті от боп жанды. Біресе Генридің берекесін кетірген
бəлеқорлықты неге бірден тойтарып тастамағанына қынжылды.
Өйткені, оның алғашқы некесі жайлы өсек-аяңды таратып жүрген
адвокат Вретос екені белгілі еді ғой. Семьясына Петербургтен керемет
көрікті үй қалдырса да, оларға материалдық жəрдем көрсетпейді,
Россияда оның сараң деген аты шыққан деп сендіріп жүр. Ал, Генридің
Софьяға:
— Мені сараң деуге бола ма? Жиырма жыл бойы ата-анама
көмектесіп келдім, тұрмыс құрғандарына шейін қарындастарыма да
жəрдемдестім, шарап өндірумен шұғылданатын інімді қаражатпен
қамтамасыз етіп тұрдым,— деп күйінішпен шағым айтқаны бар-ды.
Парижде, үйіне деген сағыныштан сарғайып жүрген кезінде, Софья
оған ата-анам мен аға-інілерім жайлы ойлауға тиым саласың деп
өкпелеген. Сонда ол:
— О не дегенің! Егер оларды есіңнен шығарған болсаң, мен де сені
сол сəттен бастап сүймеген болар едім,— деген-ді.
Күн өткен сайын көңілі ауыр тарта түсті. Генриге де жеңіл тиіп
жүрген жоқ-ты. Ол Сиросқа да, Делосқа да, Санториниге де — ешқайда
да бармаған. Номерінде отырып алып, Софьяның өзіне — өкпелеп, ал
ата-анасына — айыптап, хат соңынан хат жолдаумен болған. Софьяға:
«Өзіме немереге татитын қызға үйленем деген ой үш ұйықтасам
түсіме кірмеген. Парижде жүргенде есіл-дертің тек үйге қайту болғаны
— мені сүймегендігіңнің, маған өз ықтиярыңмен шықпағандығыңның
айқын дəлелі»,—деп жазды. Тағы да соған: «Шырын айда жəне
Парижде, бір-бірімізді сондай сыйлап, қадірлеуші едік. Мен сені пір
тұтамын, бірақ маған анадай айып таққан кезіңде саған деген көңілім
суынып сала береді»,— деді.
«Парижге жолдаған хаттарыңызда,— деп жазды Генри қыздың
əкесіне,— сіз Софьяны мұндағы үйінің жағдайы жайлы алаңдамай, өз
семьясы жөнінде қам жеуге сендіріп бақтым дейсіз. Бірақ, рождество
алдында аударған ақшамды алғаннан кейін сіз Софьяны менен тағы да
көмек сұрауға итермеледіңіз...»
Софья жүдеп кетті, құр сүлдері ғана қалды. Күндіз күнді кешкірте
алмай азаптанатын, ал түнде таңды атқыза алмай алас ұратын.
Алғашқы аптаны өйтіп-бүйтіп өткізгенімен, келесісінде күйеуін сағына
бастағаны сезіліп қалды. Бірақ, қадірменді туғандарының көңілін таба
алмаған адаммен қалай татуласу керегін білмеді.
Семья мүшелері де күйіп-пісумен болды: ересек адамның үй-ішінің
күңкіл-шүңкіліне бола сонша бүлінгені несі екен? Бұның бəрі де, сірə,
Генридің грек еместігінен шығар. Айтылған нəрсе айтылған жерде
қалмай ма? Виктория мен Георгиос Энгастроменос реніштерін ұмытып
та кетті. Өздерін айыпты сезінбегендері екі бастан.
Қай нəрседе де айқындық болуын қалайтын Генри Шлиманның
қонақ бөлмедегі əңгімеден кейін епископ Вимпосқа хат жазып
жібергенін Софья білмейтін. Бұл хатында ол Софьяның ықыласына ие
болу жолында өзі берді делінген уəделердің бəрін жалықпай жіпке
тізген.
Екінші аптаның аяқ шеніне таман бөлмесінің терезесінен сыртқа көз
тігіп тұрған ерікті тұтқын Əулие Мелетий алаңына күйме келіп
кіргенін, оның өз үйлерінің алдына кеп тоқтағанын көрді. Күймеден
таза қырынып, жинақы киінген, бірақ қабағы қатыңқылау Генри
шықты. Софья жүгіріп төмен түсіп, қоңырау шырылдаған бетте есікті
де ашты. Олар байсалды амандасты.
— Колонға Вимпос ағай келді,— деді Софья.— Сенің жолдаған
хатыңа байланысты келгенін, бірақ біздермен тек өзіңнің көзіңше ғана
тілдесетінін айтып хабар жолдапты. Қазір Панайотисті жіберіп
шақыртайын.
Үй-іші баққа шығып, бірауыздылықтарын аңғартқандай үстелді
айналдыра қоршай отырды. Софья да солардың қасына кеп жайғасты.
Алысырақта əрлі-берлі теңселіп Генри жүрді. Ұзамай бақтың есігінен
үстіне священниктің қара киімін киген Теоклетос Вимпос бой көрсетті.
Қатты ашуға мінген қадым заманғы Иеремиянің көзіне ұқсап кеткен
көздері үстіндегі киімінен де қаралау боп көрінді. Үй-ішімен
немқұрайды түрде амандаса салды да, Генриге қарай бет алды.
— Қадірлі оқымысты досым, сізді көргеніме шын жүректен
қуаныштымын жəне батамды беремін.
— Аса құрметті архиепископ, сіз нағыз досым екенсіз — шақырған
бойда-ақ жетіп келдіңіз.
— Хатыңызды Сиростан алып, қатты қапаланып оқып шықтым...
— Біздің бəріміз де қапалымыз, Вимпос ағай,— деді Софья бəсең
үнмен.
— Жасаған иеміз Иисус Христостың атымен ант етемін,— деп сөзін
əрмен жалғады епископ, сол бұрынғысынша жалғыз ғана Генриге
қарап сөйлеген қалпы,— мен ешқашан сіздің атыңыздан
Энгастроменос ханымға бриллиант уəде еткен емеспін. Энгастроменос
ханым қызымды сізбен таныстыр деп құлдық ұра өтініш етті. Өзіңіз
жайында тек сіздің адал да, абзал адам екеніңізді ғана айттым.
— Басқа ештеңе айтқан жоқсыз ба?
— Тек осы ғана. Қалғанының бəрі — ойдан шығарылған, өтірік!
Қандай да бір болмасын сыйлық, қандай да бір болмасын ақшалай
көмек немесе жасау жайында аузыңызға да алған емессіз. Жасағанға
жалбарыныңыз, сонда сіздің адалдығыңыз айдан да анық жарқырап
көрінеді.
Бақ ішінде құлаққа ұрған танадай тыныштың орнады. Софья
күйеуінен көз аудара алмай қалған-ды. Сосын тұрып, жанындағы атаанасына назар салды.
— Мама,— деді ол бибі Викторияға ызалы кейіпте көз тігіп,—
күйеуім алқа уəде етті деп саған кім айтты? Вимпос ағай ештеңе
айтпаған боп шықты ғой!
— Ім-м... Менің де ол айтты деген дəнеңем жоқ. Маған Ламбриду
əпкей айтқан. Вимпос бөлеміз осылай деді деп ант-су ішкен.
— Папа, ал саған күйеуім қаржы жағынан көмектеседі деп кім айтып
жүр?
— Сол Ламбриду əпкей-дағы.
Мариго сұрақ күтпестен жылап қоя берді.
— Кешір, Софья, мен ешкімді ренжіткім келмеп еді. Ламбриду əпкей
маған мистер Генри жасауыма қам жасайды деді. Бұны Вимпос ағай
айтты деді.
Епископ Вимпос Панайотиске «бері кел» деген белгі берді.
— Ламбриду ханымды шақыр. Қазір келсін. Мен айтты де.
Ламбриду ханымның түрінен аса қатты абыржығандығы байқалды.
Амал-əрекетінің іске аспай қалғанын аңғарғандай еді. Төккен терінің
текке рəсуа болғанын қарашы. Епископ оны қолына жақындатпады.
— Əңгіме былай, құрметтім. Ендігі жерде бұл семьяға ешқандай
араласыңыз болмауы қажеттігін айтатын кез жетті-ау деймін. Атаанаңыз бұлармен дос болып еді, өзіңіз бұларға қас боп шықтыңыз. Енді
сізді ешкім де «əпкей» деп атамайды. Сөйтіп, менің досым Шлиман
бұлардың бас-басына қымбат тарту береді дегеніңіз рас қой?
— Рас еді, епископ.
Ондай əңгімені қайдан шығарып жүрсіз?
Сіздің сөзіңізге қарай, солай ұғынғам, епископ.
Бірақ, мен ондай ештеңе айтқан емеспін ғой.
— Ендеше, кещелігімнен басқаша түсініп қалғанмын ғой, епископ,—
деп Ламбриду ханым бұлтарып кетті.— Мен тек қана жақсылық
ойлағам, оларды қуантпақ болғам.
— Керісінше жасадыңыз. Семьяға іріткі салдыңыз. Оның қандай
кесірі болатынын да білмеген ештеңеңіз жоқ. Жазықсыз жапа
шектіргеніңіз үшін мистер Шлиман мен Софьядан кешірім өтінуге
мархабат етіңіз. Сосын мына бақтан қараңызды өшіріп, екінші қайтып
төбе көрсетуші болмаңыз. Құдыққа түкірушіге құрмет жоқ.
Оны жөніне жібергеннен кейін епископ Софьяға бұрылды.
— Қалқам, сені айыптамаймын. Сен əлі жассың, туғандарың
алдындағы парыз бен күйеуің алдындағы парыздың айырмашылығын
ажырата қойған жоқсың.
Ұяттан беті от боп жанған Софья үстел басында отырғандарды
ызалы жанармен шолып өтті.
— Өзімізді өзіміз қандай масқарашылыққа ұшыраттың десеңші!
Əсіресе мен шектен шығып кеттім. Əуелі Вимпос ағаймен сөйлесіп
алмағанымыз қалай? Неге өзім солай істемедім, неге отпен ойнадым?
Мен неткен милау едім! Жанға əсіресе қатты бататыны — осы күнге
шейін өзіміз тек жақсылықтан басқа ештеңе көрмеген адамның арына
тидік емес пе? Генри,— ол күйеуіне қарай қадам басты,— кешір бізді!
Басқа не айтамын? Ұзатылған қыз жақындары мен туғандарының
шылауынан шықпауға тиіс деп ойласам менің де əлі сəби болғаным
ғой. Енді саған ешқашан қарсы шықпаймын, адалдығыңа ешқашан
шүбə келтірмеймін. Мен сені сүйемін жəне соңғы демім біткенше
сенімен бірге болғым келеді.
Одан əрі сөйлеуге Софьяның шамасы жетпеді. Генри оны құшақтап,
бауырына тартты.
— Болашақта барлық жаманшылық атаулыдан бірлесе қорғанатын
боламыз, Софидион.
Олар тағы бір шырын ай өткізетіндей еңбек сіңірген. Генри Софьяға
туған топырағын таныстыруды ниет қылды. Екі ат жегілген күйме,
əскери винтовкалармен жəне күмістелген қорабы бар пистолеттермен
қаруланған оққағарлар жалдады. Тауда қарақшылар қаңғырыстап
жүрген-ді.
Алғашқы маршруттары жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырда
салынған Филе қамалына бағытталды. Күймені төменге, акведук
жанына қалдырған олар биіктегі екі мың футтың тауға көтерілуге
кірісті. Жолай талай рет тоқтап, дем алып, таудың, қойнаулар мен
алқаптардың көркін тамашалады. Көне қамалдың іргесіне жеткен соң
тамақтанып алды.
Генри кітап оқуға кірісті. Фивыдан жүзге жуық қарулас жинаған
Фрасибул қорғаныссыз қалған Афиныға жорыққа тап осы арадан
аттанған болатын. Билеп-төстеуші отыздың озбырлығын жойып,
қалаға бостандық алып берген-ді. Бірақ, Генриді басқа бір ой
алаңдатып отырған. Кітапты жауып, қалтасына салды да, Софьяны
қарынан ұстады.
— Софидион, туғандарыңа жаның ашитынын түсінемін. Мен өзімнің
жеңгенімді де, олардың жеңілгенін де қаламағанмын. Маған бір ой
келіп жүр.
Софья оны қас қақпай тыңдап қалды.
— Əкеңді Афиныдағы коммерциялық өкілім етіп тағайындауды
ұйғардым. Оның тұрақты жалақысы болады. Бұған қоса, импорттық
товарлар сатып алуы үшін біраз мерзімге кредит ашпақпын. Бұл оның
жағдайын жақсарта түсетіні кəміл.
— Жақсартқанда қандай!
— Кішкентай Маригоны да ұмытқан жоқпын. Гректің ұлттық
банкіне оның атына төрт мың доллар саламын. Мариго күйеуге
шыққан кезде сен оны жастарға тарту ететін боласың.
Софья еңірей жылап, күйеуінің құшағына құлай кетті.
«Талап ету, күштеу жолымен келсең, əмиянын өлсе де ашпайды. Ал,
өз еркіне салсаң, көңілі қалаған шақта кімді де болса қарық қылады».
Бірнеше күн өткен соң — бұл жолы да оққағар ілестіре шыққан,—
екеуі Марафонға барып қайтты. Олар ұрыс даласына біздің
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 07
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.