Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 01

Total number of words is 3918
Total number of unique words is 2399
31.0 of words are in the 2000 most common words
44.4 of words are in the 5000 most common words
51.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Генри жəне Софья Шлимандар
жайлы өмірбаяндық роман
Орыс тілінен аударған
ҚҰРМАНҒАЗЫ ҚАРАМАНҰЛЫ
ҚАЗАҚ ОҚЫРМАНДАРЫНА
ҚАЗАҚ ОҚЫРМАНДАРЫНА
БІРІНШІ КІТАП. «СЕНУІҢ КЕРЕК!»
ЕКІНШІ КІТАП. «ГРЕЦИЯ — ҚҰТ ДАРЫҒАН ЖЕР»
ҮШІНШІ КІТАП. НЕ НƏРСЕНІ ДЕ БАСТАУ ҚИЫН
ТӨРТІНШІ КІТАП. ҚАСИЕТТІ МЕКЕН
БЕСІНШІ КІТАП. БҰЛ ТРОЯ МА ЕКЕН?
АЛТЫНШЫ КІТАП. УАҚЫТ КӨПІРЛЕРІ
ЖЕТІНШІ КІТАП. МИКЕН
СЕГІЗІНШІ КІТАП. КЕМЕЛ ШАҚ
ТОҒЫЗЫНШЫ КІТАП. ЕСІМІ МƏҢГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
АВТОРДЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ
ГЕНРИ ШЛИМАН ЖАЗҒАН КІТАПТАР:
ГЕНРИХ ШЛИМАН ЖƏНЕ «ГОМЕРГЕ ҚАТЫСТЫ» АРХЕОЛОГИЯ
«Грек қазыналары» атты биографиялық романымның қазақ тіліне
аударылып, «Жазушы» баспасы арқылы Қазақстан жұртшылығының
назарына ұсынылғалы жатқанын біліп, зор қуанышқа бөлендім. Бұл
хикая тек Алматының ғана емес, сонымен бірге барша Қазақстан
оқырмандарының көңілінен шығар деп сенемін. Олай ойлайтын
себебім, кітабыма материал жинау барысында Греция мен Түркияда
жүргізген зерттеулерім өзіме көп қуаныш сыйлаған; сондай-ақ,
кітабымның жазылуы да қанағаттанарлықтай көрінген. Өйткені,
шытырман оқиғалар жайлы, нəзік махаббат пен археологияда жаңа
бетбұрыс жасаған жетістік жайлы баяндайтын желілерді бір шеңберге
сыйғызып, жігін білдірмей жымдастыpy шын мəнінде де оңай шаруа
емесі анық. «Грек қазыналары» қазір отыз бес тілге аударылды жəне
өзіме келіп жатқан хаттардан оның жылы қабылданғанын аңғарып
отырмын.Баспадан шығып, санаулы айлар ішінде сатылып,
оқырманың тауып алған басқа да бірқатар романыма қарағанда, «Грек
қазыналары» атты бұл романым дүние жүзі оқырмандарына мейлінше
көп танылған шығармаға айналды. Бұның себебі кітапты менің
жазғандығымнан емес, Трояның табылуының өзі ерекше жан
тебірентерлік оқиға болғандығынан. Трояның тарихта болғанына, оны
Гомер жыраудың ойдан шығармағанына қалтқысыз сенген əлемдегі
жалғыз адам — егде тартқан болашақ зерттеуші Генри Шлиман мен
Софья есімді жас қыздың арасындағы махаббат та, өз тарапынан, жан
толғандырарлық.
Барша қазақ оқырманына шын ықыласты жолдастық сəлем
жолдаймын. Бұл кітаптың сіздерге де қуаныш сыйлауына тілектеспін.
Достық сезіммен, Ирвинг СТОУН.
Беверли Хиллс,
Калифорния.
31 декабрь 1982 жыл.
Өз «асыл қазынам»
Джин Стоунға арнаймын.
Афиныдағы Классикалық білім беретін американ мектебі
жанындағы Геннадий кітапханасының директоры Фрэнсис Р. Уолтон
мен оның қызметкерлеріне өзіме үлкен ілтипат көрсетіп, Генри
Шлиманның архивімен жүргізген жұмысыма жəрдем жасағандары
үшін жəне авторлық правоға ие болып отырған документтерінен
үзінді келтіруге рұқсат еткендері үшін шын жүректен алғыс айтқым
келеді.
Бақытыма қарай, Афиныда болған кезеңім Софья мен Генри
Шлимандардың Энгастроменос семьясының басқа да мүшелерімен
жазысқан бір үлкен портфель толы хаттарын Шлиманның соңғы
немерелері кітапханаға тапсырған кезбен тұспа-тұс келді. Сөйтіп,
ақыры бұл хаттар кітапханада бұрыннан сақталып келе жатқан əдеби
мұраға қайта қосылды. Хаттар Софья мен Генридің тұңғыш кездескен
күні мен жиырма бір жылдан кейінгі Шлиманның өлімі аралығындағы
қарым-қатынастарының жай-жапсарын толық та жан-жақты
сипаттайды. Бұл хаттарды семья мүшелерінен басқа еш адам көрген
емес. Тіпті 1953 жəне 1958 жылдары Шлиман ұрпағының көмегімен
оның хаттарының екі томдығын жарыққа шығарған Эрнст Майер де
бұдан бейхабар.
Толассыз заман толқыны
Ақиқатты жасырып, құпияның бетін ашады.
Не ғажапты күтуге одан болады...
Софокл. Аянт.
БІРІНШІ КІТАП. «СЕНУІҢ КЕРЕК!»
Кішкене шіркеудің қақ ортасына маргариткалар мен август айында
гүлдейтін хризантемалар шоқтарын жайып сап, құрбы қыздарына
əулие Мелетий иконын гүлмен безендіруге жəрдемдесіп жатыр еді.
Есіктен сіңлісі Мариго ентіге жүгіріп кірді.
— Софья! Американ келді! Сені айттырып жүрген доктор Шлиман
дейтін кісі келді!
Софья көрхана қабырғасындағы гүл өріміне қолын созған күйі
аңырып қалды.
— Қалайша? Біз оны сенбіге қарай соғар деп жүр едік қой.
— Ол жағын білмеймін. Əйтеуір, қазір ол кісі бақта жайғасып
лимонад ішіп отыр. Оны Вимпос ағай ертіп əкелді. Мамам саған тез
жетсін деді.
— Қазір барам. Мамама алдымен жуынып, киім ауыстырып
алатынымды айт.
Мариго мирт жəне аир бұтақтарымен безендірілген қос қабат ағаш
есіктен жүгіріп шығып кетті.
Гүлдерін еденге қойған Софья алуан түрлі геометриялық, өрнек
жүргізілген, қолдан тоқылған су жаңа кілемше үстінде — мереке
құрметіне қыздар шіркеудің тозған төсеніштерін осындай кішкене
кілемшелермен ауыстыратын — үнсіз тұрып қалды. Жұмыстарын
доғарған құрбылары да оған қызықтай көз жіберді.
Энгастроменос семьясы жаз тұратын үйлері бар, саялы, салқын
Колонға — Афины маңындағы шағын қалашыққа — оралған сайын бұл
қыздар былтырға шейін барлық жазғы серуеніне серік боп келген.
Əкесі банкроттыққа ұшыраған соң, биылғы жаздан бастап бұл қала
олардың тұрақты мекеніне айналған. Соқыр тиын шашау шығармай
үнемдеудің нəтижесінде жəне онсыз да қарызға белшеден батып
жүрген Вимпос ағайдың көрсеткен көмегінің арқасында үй-іші
Софьяның Грециядағы беделді оқу орыны — Арсакейон қыздар
гимназиясындағы соңғы оқу жылын аяқтап шығуына мүмкіндік
жасаған.
— Херете1,— деді Софья құрбыларына бəсең дауыспен. Соны айтып
шығар ауызға қарай беттеді.
Əулие Мелетий алаңы аптапқа оранып тұр. Пальма мен акация
саясындағы кафеде еркектер түрік кофесін ішіп отыр. Бетіне
қасықтары көлденең қойылған су толы стақандар күнмен шағылысып
жалт-жұлт етеді. Софьяның үйі шіркеуден қиғаштау орналасқан еді.
Күйіп тұрған алаңмен төтелей тартпай, күндегі дағдысын өзгертіп
алаңды салқындау қаптал жолдармен орағытты. Тағдыры талқыға
түспекші бұл кездесуге аса бір асыға қоймады. Бұдан жарты жылдай
бұрын, ағайы алғаш əңгіме бастаған сонау март айынан бергі
оқиғаларға байыппен ой жүгіртіп алғысы келді. Сол тұста он жеті
жасар Софья Энгастроменосқа мұның бəрі романтикалық əурешілік
тəрізді көрінген, енді соның шындыққа айналар сəті минут сайын
жақындап келеді.
Бұдан он үш жыл бұрын, 1856 жылы, Петербургте семинарияда
оқып жүрген Теоклетос Вимпос əлдебір орыстанған неміске көне грек
тілінен сабақ берген-ді. Тілді білуге айрықша құштарлық танытатын
бұл немістің қандай жаңа тілді болса да бірнеше аптаның ішінде-ақ
үйреніп алатын қабілеті бар-ды. Бірақ, ауыз толтырып айтарлық
жүйелі білімі жоқ-тұғын. Бүкіл өмір бойы дерлік — бұл кезде ол отыз
төрт жаста болатын — индиго, зəйтүн майы мен шайдың көтерме
саудасымен шұғылданып, товарының сапасы мен сатып алушылардың
талап-тілегіне асқан ықтияттылықпен қарауының арқасында мол
дəулет жиған адам еді. Жиырма төрт жасар семинарияшы мен Генрих
Шлиман достасып кеткен.
Генрих Шлиман 1822 жылғы 6 январьда Германиядағы
Мекленбургта, пастор семьясында дүниеге келді. Өз бетімен орыс
тілін үйреніп алған соң «Шредер жəне К» атты Амстердамның сауда
үйінің Петербургтегі өкілі боп белгіленді. Мұнда ол қожайындарына ақ
адал еңбек етіп, өз кəсібін жүргізуге рұқсат алды, Россия азаматтығын
қабылдады.
Алтын аласапыранының нағыз қызған шағында, 1850 жылы,
Калифорнияға аттанған Шлиман капиталын екі еселеп қайтты. Екі
жылдан соң Петербургке оралған бойда үйленіп, үш балаға əке болды,
ал Қырым соғысы кезінде үшінші рет байыды.
Əйтсе де оның некеде жолы болмап еді.
1869 жылдың көктемінде Нью-Йоркке барып, азаматтық право алу
жайлы документті өз атына жөндетіп алды да, ажырасу жөніндегі
қағаздарды реттеуге Индианаполиске тартып кетті. Осында жатып
өзінің ескі досы, бұл кезде Афиныда священник қызметін атқарып
жүрген Теоклетос Вимпосқа ұлты грек жас əйел қарастыруын қиыла
өтініп бірнеше хат жолдады. Вимпос əкей сол бойда-ақ өзінің
бөлелеріне барып, олардың бой жетіп қалған қызы Софьяны Шлиманға
айттырмақ ойы барын мəлім етті. Ендігі жерде өзін американ
мəнерінде Генри деп атай бастаған əлгі танысын мінездей келе ол
Софьяның ата-анасына Шлиманның Нева бойындағы қоймаларына
барған кезде не көргенін əңгімелеп берді.
— Іске жан-тəнімен берілгендігіне бола жұрт оны фанатик
атандырды. Қызметшілерінің үлесіне жеңіл-желпі міндеттерді ғана
қалдыратын. Саудагерлерді өзі қабылдап, олардың талап-тілегіне
айрықша ден қоятын. Қоймаларынан жөнелтілетін товарларды да өзі
тексеретін. Қырым соғысы кезінде орыс армиясы аса мұқтаж болған
индигоны жеткізіп тұру міндетін жеке-дара атқарды. 1863 жылдың
аяғына қарай, бар болғаны қырық бір жасында, кəсіптен қол үзерлік
дəрежеге жетті. Ол маған ақшаны жақсы көргенімен, оны тек
əлдеқашанғы арманын жүзеге асыруға — Гомердің Троясын іздеуге
жұмсайтын қаражат деп қана білетінін айтты.
Міне, осы адам Софья гимназияны бітіргеніне екі ай өткенде
Колонға келіп отыр.
Алаңның бұрышына жеткенде Софья аяғын ұшынан басып
бидегідей жеп-жеңіл жалт бұрылды да, үйіне қарай бет түзеді.
Шлиманның Вимпосқа Парижден жазған хатын езу тарта еске алды.
Ағайы бұны оған ескерткіш болсын деп берген. Софьяның оны сан
қайталап оқығаны сонша, түгелдей жаттап алған.
«Қадірлі дос, қалаңыз бен қалаңыздың халқын
қастерлейтінімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын..
жұбайымды бақытты ету жолына барлық күшім мен
жұмсаймын деп, сізге анам жатқан бейіттің топырағымен
Оның ештеңеге налып-ренжімейтініне сертімді берем, не
орындаймын, тек кішіпейіл де мейірімді болса екен...
қалайша
Болашақ
жігерімді
ант етем.
тілесе де
Сол себепті, жауабыңызға қоса бірнеше əдемі грек қызының
фотосуретін де жіберуіңізді сұраймын. Мен үшін өзіңіз таңдау
жасасаңыз тіптен жақсы. Сізден өтінерім: тұрмыстағы апаңыздай
мінезі жайдары əйел таңдаңызшы. Ол кедей, бірақ білімді, Гомерді
ұнататын жəне менің сүйікті Грециямның қайта өрлеуін қалайтын қыз
болсын. Шет тілін біле ме, білмей ме — бəрібір. Оның есесіне түрəлпеті нағыз грек, шашы қара жəне мүмкіндігінше əдемі болғаны жөн.
Əйтсе де оған қояр ең басты талабым — ақкөңіл де мейірімді болуы
керек. Бəлкім, сіз күтуші қызметін атқаруға мəжбүр боп жүрген,
бойынан маған қажет қасиеттер табылатын жетім қызды, мысалға,
мұғалім семьясында өскен қызды білетін шығарсыз?»
Софья үйге көше жақ есіктен кірмекші болды. Бұл есікті олар жалпы
сирек пайдаланатын, бірақ осы есік арқылы өтсе ғана бақтағылардың
көзіне шалынбайтын. Ал, бақта семьясы айтулы қонақты қабылдап
жатқан. Есіктің тұтқасын ұстай бере екі ойлы күйде іркіліп қалды.
Кірсе ме екен? Басқаша айтқанда — туғандары өзін күйеуге бермекші
боп отырған адаммен таныстықты бастаса ма екен? Тəуекел ету
қандай қиын десеңші!
«Əзірге Генри Шлиман да ешқандай тəуекел жасай қойған жоқ қой»
деп ойлады ол. Өйткені, оның Вимпос ағайға жолдаған екінші хаты
шешесін, «бибі Викторияны»— британдық королеваның əлпетін
айнытпай қайталамақ əрекеті үшін Колондағы жұрттың бəрі оны
осылай атап кеткен — үлкен уайымға батырған-ды.
Туыстық ішкі есеп жайлы туар күдіктердің алдын алу мақсатында
Теоклетос Вимпос Шлиманға Софьяның суретімен бірге тағы да екі
сұлудың карточкаларын қоса жөнелткен. Майдың бас кезінде
Шлиманнан жаңа грек тілінде жазылған хат келді.
«Мен кəнігі саяхатшымын, адамдардың кім екенін бет-əлпетіне
қарап-ақ ажырата алам. Сондықтан мына екі қыз турасындағы
пікірімді суреттері бойынша-ақ айтып берейін. Поликсена Густидің
арғы аталары итальяндар, бұны фамилиясы көрсетіп тұр. Жас шамасы
жағынан маған əйел болуға əбден жарап қалар еді, бірақ ол өз дегенін
орындатпай қоймайтын, сабырсыз, тынышсыз, кек сақтағыш қыз.
Мүмкін, мен қателесетін шығармын. Мүмкін, жүзбе-жүз кездескенде
оның бойында адамға тəн абзал қасиеттердің бəрі де барын
байқармын. Ал, Софья Энгастроменосқа келсек, ол өте сүйкімді,
кішіпейіл, мейірімді, ақкөңіл, шаруаға ұсынақты, көңілі сергек,
тəрбиелі қыз. Бірақ, амал қанша, мен сияқты қырық жеті жастағы күйеу
үшін тым жас».
Софья тұтқаны бұрады да, Энгастроменостардың қала сыртындағы
жұпыны болғанымен, жайлы үйіне енді. Қонақ бөлме мен асхананың
жанымен ас үйге қарай өтті. Дөңгелек шылапшынға плитада тұрған
үлкен бақтан қайнаған су құйды.
Суын төгіп алмау үшін жаймен басып тар баспалдақпен жатын
бөлмесіне көтерілді. Бөлмесі бұрышта еді, терезесі алаңға қарайтын.
Софья шылапшынды қол жуғышқа əкеп қойды. Аяғының астына
орамал төседі. Комодтан жұмсақ жөке, грек сабынын шығарды. Қатты
қырларын жұмсарту үшін сабынды суға тастады. Мойынынан
мықынына шейін созылған жыпырлаған көп ілгекті ағытып, ұзын да
кең көйлегінен сусып шықты. Оны бөлменің бұрышына, терезе
жапқыштың жанына апарып ілді. Бұл органди мен миткальдың
аралығындағы арзандау матадан тігілген, қарапайым гүлді көйлек еді.
Ромвис алаңындағы дүкенінде əкесі осындай кездемемен сауда
жасайтын. Іш киімдерін қола арқалығы бар енсіздеу кереуетке тастай
салды, арқалықтың шошақ бастарына шұлықтарын ілді. Жөкені
сабындап, денесін асықпай ысқылай бастады.
Болғасын сүлгісін қолына ұстап бойын тіктеді. Қол жуғыш үстіндегі
айнадан томпайып, тəп-тəуір өсіп қалған төсіне, қылдырықтай беліне,
талшыбықтай бұралған шымыр денесіне көз салды. Басқа грек
қыздарынан алабөтен айырмашылығы —аяқтары ерекше ұзын
болатын, сондықтан он жеті жастағы ол Арсакейондағы көп
құрбысынан сұңғақтау көрінетін. Дене бітімі мен мінезі жағынан
əкесінің туыстарына тартқан... Тұңғыш рет өзіне бұрынғыдан гөрі
басқашалау көзбен қарап отырғаны жайлы ой оны қатты толқытып
жіберді.
«Бұның бəрі өзімді ұнатушы адамның бар екендігінен, оның біздің
бақта отырғандығынан ба екен?— деп ойлады Софья.— Ол ғой қазір
əке-шешеммен бірге некеміздің жайын талқылап жатыр. Сонда менің
тəнім... ендігі жерде тек өзімдікі болудан қалмақ па? Енді оған күйеуім
мен болашақ балаларым ортақтаспақ па? Сонда қалай болар екен бұл?
Некеге тұрған кезімде де қыз күнімдегідей бақытты өмір кешер ме
екем?»
Төсегіне шығып алып, үстіне фиалка иісі аңқыған (шешесі комодына
кептірілген гүл сабақтарын салып қойыпты) жаңа іш киім, сүйкімді
ұзын сирағына шұлық киді. Сосын тағы да айнаға көз тастады. Бірақ,
бұл жолы тек бет-əлпеті ғана көрінді.
«Əлпетім,— ол лайықты сөз іздеді,— əжептəуір». Əйтсе де,
Арсакейонда оған əйелдің нағыз көркі — мінезі деп ұғындырған еді.
Өзін-өзі мазақтап бет-ауызын қисаңдатты да, айнадан бұрылып кетті.
Оны əлі ешкім ешқашан «тəуір қыз екен» деп атап көрмеген: бұл сөз
оған онша келіңкіремейтін. Есесіне кейбіреулер оның əлпетінен
сылқым сұлулықтың алғашқы нышандарын аңғарып үлгерді:
ақсүйектерге тəн шалқақтау бас қондырысы, кербез қимылдары мен
жүрегінде жанған оттың ұшқындары соның айғағындай еді. Ол
шынымен-ақ нəзік те жігерлі қыз болатын.
Июньде, мектеппен қоштасу салтанатында, Вимпос ағайдың
айтқанын ерекше сүйсініспен еске алды.
— Софья, кішкентай қарлығашым, бүгін жүзің шаттықтан гүл
жайнап тұр. Құлағыңның сыртына тарап қойған мына қарғаның
қанатындай қара шашың, екеумізге сенің шешеңнің ата-бабаларынан
дарыған қара қасың, бақыраштай қара көзің, қыр мұрының, əппақ бетің,
төменгі ерінің толықтау сүйкімді ауызың, ақыр соңында бейне бір
Олимпиядағы Фидий шеберханасында мүсінделгендей əсем иегің —
бəрі де классикалық Греция əйелінің əдемі ажары мен мінсіз
мөлдірлігін əйгілеп тұр. Өзің қарапайым да қайырымды болғаныңмен
жүзіңнен өктемдік, бойыңнан паңдық лебі еседі. Бұл да классикалық
Греция рухына тəн нəрсе.
— Теоклетос ағай, мынауың романтикалық сарындағы өлең болды
да шықты ғой!— деді тосын мадаққа таңырқаған Софья. Оның
туғандары өз сезімдерін онша көп ақтара бермейтін.
— Өкінішке орай, алғашқысы да, аңырғысы да осы. Бұны саған дəл
бүгін айтқым келіп еді, Софья. Ал, өзім университеттегі профессорлық
орынымды тастап, епископ болмақ ойым бар.
— Епископ дейсің бе? Ондашы, сен өмір бойы үйлене алмайтын
болдың ғой.
— Ол былай тұрсын, ғашық болуыма да жол жоқ. Əйелге ешқашан
махаббатым ауып көрген емес, Софья. Мен тек жасаған иеміз бен
шіркеуді ғана сүйдім. Инвеститурам ноябрьде, Мантинея мен Кинурия
епископы болмақпын.
Софьяның қонақты көруге аяқ астынан аңсары ауып, дəліз
терезесіне жақындады. Бақ ішіне көз жүгіртіп əкесі мен шешесін көрді.
Олар бұған арқасын беріп отыр екен, орталарында бейтаныс біреу бар.
Бұның Генри Шлиман екені анық, бірақ Софья оның жотасын ғана
көрді. Олардың қарсы алдында, үйге бетін беріп, тобығына шейін
келетін қап-қара священник сутанасын киген сұңғақ бойлы Вимпос
əкей жайғасқан. Денесі əлжуаз болғанымен, басы қазандай.
— Оның басы сондай болуға тиіс те. Əйтпесе соншама ақыл қайда
сияр еді,— деп түсіндірген-ді бірде əкесі.— Мен тек сондай басты
көтеріп жүруге мойыны қалай шыдайды екен деп қайран қалам.
Софья оның көкірек тереңінен күмбірлеп шыңнан əуезді үніне
сүйсіне құлақ түрді. Теоклетос Вимпос Софьядан жиырма жас үлкен
болатын. Қазір ол отыз жетіде еді, бірақ өңі əлдеқайда жас көрінетін.
Тумысынан афиналық Теоклетос Афины университетінің діни ілім
факультетін бітірген соң Москва мен Петербургте,— Генри Шлиманға
осы қалада болғанында сабаң берген,— өзі білімін əрі жалғады. Сосын
төрт жыл бойы Лейпциг университетінің стипендиаты болды.
Европалық екі ғұламаның жетекшілігімен көне еврей тілін зерттеді.
Философия докторы дəрежесін алды. Жиырма сегіз жасында Афины
университетіне қайтып оралып, теология профессоры боп
тағайындалды. Грецияда тұңғыш боп көне еврей тілінен сабаң берді,
«Көне еврей грамматикасының негіздері» деп аталатын тұңғыш
оқулықты жарыққа шығарды. Университетте профессор міндетін
атқара жүріп, алты жылдан соң священник дəрежесіне ие болды. Бірақ,
ол кезде тəу етушілермен тікелей жұмыс жүргізе қоймаған.
Софьяның ата-анасымен ақылдасу үмітін ол қыстыгүні Колонға
соғып кеткен. Оған енді Триполисте тұруға тура келеді. Епископтың
резиденциясы сонда. Бұл Пелопоннестің орталығындағы жері де, елі
де жадау таулы аудан еді. Оның үстіне қарызға да белшеден батқан —
ұзақ уақыт оңып, көп саяхат жасаған-ды. Əрі қарызға алған екі мың
долларынан өсімқорларға ай сайын екі процент төлеп тұратын. Əйтсе
де ол іздесең таптырмайтын күйеу бала болатын — афиналық зиялы
семьяның қай-қайсысы да одан ақшаларын аямас еді. Сонда бұл
жалақы төленбейтін епископтық қызметке қалай тəуекел етпек? Өзің
ұнатпайтын бақытсыз бейбақпен некеге тұрудан басқа қарыздан
құтылудың қандай жолдары бар?
Осы арада Генри Шлиман оған үлкен достық жасады. Париж банкіне
Вимпос атына чек жіберуге нұсқау жолдап, жағдайын дереу жеңілдетіп
берді. Бұл чек епископты ең шұғыл қарыздарынан құтқарды.
Генри Шлиман! Оның жұбай іздеу жөніндегі алғашқы хатын алған
кезде Теоклетос Вимпостың ойына бірден Софья оралған. Софьяны ол
сəби кезінен іш тартатын, бірақ айрықша достасқан кездері
қарындасының Арсакейонда оқып жүрген шағы еді. Өз көмегінсіз
Софья Эвклид геометриясы мен физикадан, Гомер мен Фукидидтің
күрделі сөз оралымдарынан сүрінбей өте алмас еді. Софья елгезек боп
өсті, ойнағанды да, күлгенді де ұнататын. Əйтсе де, ғылымды барынша
байсалдылықпен оқып-үйренді. Сөйтіп, он жеті жасында едəуір
есейгендік танытты.
«Жə, тек осы ғана ма екен?— деп езу тартты іштей Вимпос əкей.—
Ер адам бойжеткен жайлы не біліп жарытады дейсің».
Оның Софьяны ұзату жөнінде қамқорлық жасауы — əдеттегі
нəрсенің бірі еді. Грецияда қызы он жетіге толған ата-ана атаулының
бəрі қандай жасау əзірлеу қажеттігі жөнінде есеп-қисап жүргізе
бастайтын. Қыздардың өздері бұл шаруаға араласпайтын жəне
қалыптасқан дəстүрге қарсылық та білдірмейтін. Бірақ, бұл дəстүрді
Теоклетос Вимпос бұзып, Генри Шлиман жайлы ата-анасымен арадағы
əңгімелеріне Софьяның да қатысып отыруын талап етті. Сөйтіп,
Софьяның кандидатурасы ортақ ұйғарым нəтижесінде бекітілді.
Софья туысы əрі досы боп табылатын Теоклетосқа көз жазбай қарап
тұрып, жағына пышақ жанығандай осынау танауға көңіл қуанышын
тасытатын сəттер тағам толы үстел басында емес, кітап толы үстел
басында ғана келетіндігін еске алды. Профессор кезінде ұзын сақалы
бар-ды, бірақ шашын қысқа етіп алдырып жүретін. Бұдан үш жыл
бұрын, священник атанғасын, шашын өсіріп жіберуіне тура келген.
Енді міне сала құлаш боп өскен сол шашы клобук астынан салбырап
тұр. Священниктің өзіне өмірде бақытты болудан басқа тілегі
жоқтығына Софья имандай сенетін.
Шлиманның жотасына тағы бір көз жіберді. Бірақ ол жайында
ештеңе ойлаған жоқ. Күлəпарасы бар алқызыл желбегей жамылған
əулие Марияның сұлу да салқын келбеті бейнеленген икон алдына
тізесінен түсіп, жарылқауын өтініп жалбарына бастады.
Бəтестен тігілген ақ көйлегін апасы Катинго бұдан екі-үш жыл
бұрын, күйеуге шыққасын-ақ кимей тастаған. Өйткені, анасына
тартқан етжеңділеу болғандықтан сол кездің өзінде-ақ əлгі көйлек
денесіне тарлық еткен. Ал, Софьяға ол үлкенді, кестелі жағасының
ілгегін салып жатып көйлектің қолпылдап тұрғанын сезінді. Бірақ,
басқа жақсы көйлегі жоқ-ты. Əкесі қаражат қиыншылығына ұшырап,
пайда көзі боп отырған кездеме дүкені мен Софьяға қоса басқа да бес
баланы шоқындырған, сəн-салтанаты мол византиялық Дай-анасы
шіркеуіне жəне ең шетінен Акрополь бой созған Эвангелистрия
көшесіндегі ығы-жығы тіршілікке жоғарыдан паңдана көз жіберіп
тұрған Ромвис алаңындағы үйден айрылған күннен бастап-ақ
Энгастроменостар семьясы киім жаңарту жайлы ойдан ада-күде
ажыраған.
Ата-анасы Катингоның жасауын мол ғып əзірлеп берген соң оған
сағат жөндеуші шебер Иоаннис Синессиос үйленді. Бірақ, тойды
тойлап үлгергендері сол-ақ еді, Георгиос Энгастроменосқа қарызға
алған қомақты сомасын қайтару жөнінде талап қойылды. Компаньоны
елден тайып тұрды да, барлық жауапкершілік Георгиостың мойнында
қалды. Міндетін орындауға мəжбүр болған Георгиосқа əйелінің
жасауына сатып алынған сəнді үйімен қоштасуына тура келді. Бұл үйге
тып-тыныш бүйір көшеден кіруге болатын. Көптеген жатын бөлмесі,
үй төбесіне орнатылған бағы, іргеге жапсарлас тұрғызылған, ұлдары
жатып жүрген бөлмесі бар-ды. Əдемі қос есік айшықты балюстрадамен
көркемделген балконға бастайтын — кешкі астан кейін осында
жиналып, таза ауамен тыныстау айтып жеткізгісіз рақат еді. Міне, енді
қаланың сəнді көшелерінің бірі — Герместен қол созым ғана жердегі
Ромвис алаңындағы сол үй де Виктория Геладакистің жасауы жайлы
естелікпен бірге келмеске кете барды. Георгиос қазір өзінің бұрынғы
дүкенін өзі арендаға алған-ды. Бірақ, төлем ақысының көптігі сонша,
үш еркектің тапқаны— өзімен бірге үлкен ұлдары Александров пен
Спирос та жұмыс істейтін — тамаққа азар жететін.
Қоғамдық жағдайлары да жетісіп тұрған жоқ-ты. Софья мен Мариго
жасаусыз қалды — бұл іс жүзінде олардың тұрмыс құру жөніндегі
талабына тұсау салынды деген сөз. Панайотис, ең кенжесі, жасы онға
жаңа толғанына қарамай кітапқа айрықша құштарлық көрсетіп
жүргенімен, университетке түсе алмайтын болды.
Орта бойлы, етжеңділеу бибі Виктория өp мінезді, байсалды əйел
болатын. Көмірдей қара шашын ортасынан қақ жарып тарайтын.
Үстіндегі киіміне, тіпті, ас үйдегі əбігер кезінде де қылау түсірмейтін.
Софьяның шешесі атақты криттік семьядан шыққан-ды. Бұл семья
түріктерге қарсы тұңғыш бас көтерулердің біріне қатысып, кейін
Афиныға қашуға мəжбүр болған. Ол кезде Афины ласқа бөгіп жататын.
Тек тақауда, 1834 жылы ғана Грецияның астанасына айналған. Үйінен
айырылуы, семьясының атына сөз еруі бибі Викторияға аяусыз соңғы
боп тигенімен, шешесінің салқам жұбайына жолың болмады деп
ренжігенін немесе қолдарының қысқалығына налығанын Софья
ешқашан байқаған емес. Ал, Софьямен əрдайым ашық-жарқын еді.
Өздері үйде оңаша қалғанда,— əсіресе, Колонға көшіп келгеннен кейін,
— оған тіпті құпия сырларын да айтып жүрді.
— Қымбаттым Софья, бүл бəленің қырсығы саған да тимей
қоймайын деді-ау. Жасың он жетіге келді, ұзамай Арсакейонды
бітіргелі тұрсың. Əкең екеуіміз сені асықтырмақ емес едік —одан
құдай сақтасын! — бірақ, саған тең боларлық адам қарастыра
бастағанбыз. Енді бұны қоя тұруға тура келеді. Жасауың жоқ, ал онсыз
қоғамнан өзіңе лайық орын əперетін көңілің қалаған адамыңды
таппайсың.
Софья орындықтан ұшып тұрды да, шешесін бетінен сүйіп алды.
— Маматайым-ау, маған жиырма төртке дейін əлі жеті жыл бар ғой.
Оған шейін мені кім кəрі қыз дей алады?
Бұл сөз бибі Викторияның бойын дір еткізді.
— Софьяжан-ай, біздің таңдайтын жағдайымыз болмай тұр ғой:
деревняның кедей священнигі немесе провинциялық офицер кезіксе
де жарар еді... Əйтпесе эмигрант грек жолықса! Олар Египетте, Кіші
Азияда, Америкада дəулет жинап алады да, үйленуге отанына қайтып
оралады. Бұлар жасауға қызықпайды, үй шаруасын дөңгелентіп
ұстайтын тəрбиелі қыз іздейді.
Əңгіме тереңдеп бара жатқасын Софья оны үзіп жіберді:
— Мұғалималық орын қарастырып қойдым. Арсакейонның түлегі
ретінде маған тіпті сынақтан өту де қажет болмайтын болды...
Софья киініп те алған. Қою қара шашын шөткемен жылтырата
тарап, інжу көзді сырғасын тағып, киімдерін жиыстырып, төсегін
тəртіпке келтірген. Енді кідіруге болмайтын. Софья дəлізге шықты.
Оның терезесі баққа қарайтын. Жекжат-жұрағат атаулы түгел
жиылыпты. Софьяларын айттыра келген қисапсыз байлығы бар
беймəлім адамды көрмекке Колонның түкпір-түкпірінен асыға-үсіге
жеткен отызға жуық туысының дауысы ашық терезеден сампылдап
естіліп тұр.
«Тап сен ойлағандай үздіккен ештеңесі жоқ-ау,— деп мырс етті
Софья өз ойларына.— Соңғы күндері ол бүкіл Грецияны айттырумен
айналысты ғой».
Вимпос ағайдың апрель айының аяғында алған хатын үйлену
жөніндегі ұсыныс деп қабылдауға болатын.
«Достым, Софья Энгастроменос күндіз-түні ойымнан шықпайды.
Тек осы əйел ғана маған жұбай болады деп саған ант еткім келеді.
Бірақ, өзімді жұбай ретінде сезінуіме екі жағдай кедергі келтіріп түр:
біріншіден, ажырасуға ризалық алатыныма сенімім аздау; екіншіден,
семьялық жағдайларымның ырың-жырыңдығы салдарынан алты жыл
бойы əйелмен жақындаспағам. Егер дəрігерлер денсаулығымның
дұрыс екеніне көзімді жеткізсе, кідірмей Афиныға аттанамын да,
Софьямен сөйлесем. Келіссе — үйленем...
Софья нешеде? Шашының түсі қандай? Пианинода ойнай ала ма?
Шет тілдерін біле ме? Үй шаруасына қалай? Гомер мен басқа да ежелгі
авторларымызды түсіне ме? Парижге көшуге, Италияға, Египетке
сапар шегуге, күйеуі қайда барса сонда бірге ілесіп жүруге келісе ме?...»
Осылай дей тұрғанымен, Афиныда өткізген екі күнінің ішінде Генри
Шлиман басқа да «варианттарды» қарастырып үлгергенін Софья
білетін. Вимпос əкейдің айтуынша, бұл істе де ол өзіне тəн «немістік
мұқияттылық пен американдық ыждағаттылық» танытыпты. Өзінің
кездесулерін Вимпостан жасыру былай тұрсын, керісінше оған егжейтегжейлі мəлімет беріпті. Ол мисс Хариклей дейтінге кіріп шығыпты.
Бұл маған тəуір əсер қалдыра қойған жоқ — ұзын бойлы, қабағынан қар
жауған, болбыр біреу екен». Одан шыққасын жесір əйел Клеопатра
Лемонь ханымға аттаныпты. «Қайғыдан қартайған бейшараға
жолығармын деп ойлағам. Ал, мынау жас та жайдары əйел боп шықты.
Түріне қарап отыздар шамасында деуге болады. Қатты ұнап қалды.
Маған жібі түзу, жастау жесірге үйленген жөн-ау деген ой келіп жүр.
Өйткені, ол неке дегеннің не екенін біледі. Ұстамдырақ та
байсалдырақ. Ал, қыздар деген тəн қызығын тамашалауға тəнті
болады да тұрады».
Конституция алаңында орналасқан «Англетердегі» терезелері тұптура король сарайына қарайтын өз номерін келем деушілерге есігі
ашық неке кеңсесіне айналдырып жіберді. Афиныға əйел іздеп келгені
құлаққа шалынған бетте ажарына ақылы сай, бірақ — өкінішке орай!
— əлі есік көрмеген қыз өсіріп отырған афинылық зиялы семьялардан
ұсыныс қардай жауып кеткен.
— Егер мына жел-құйынның қимыл-əрекетіне ойша болжам
жасасаң, — деп түсіндірді Вимпос ағай Софьяға, — өткен екі күн ішінде
ол, менің байқауымша, кем дегенде он бес «вариантты» қарастырып
шығуға тиіс.
Софья мəз бола сықылық атты.
— Мистер Шлиманыңыз шынында да елден ерекше адам екен! —
Сосын салмақты кейіпке енді: — Бəрі жақсы-ау, бірақ бұндай желқұйынға мен қандай амал табар екем? Бүкіл өмірімде өз туыстарымнан
басқа еркекпен он минуттан артық сөйлесіп көргем жоқ қой.
Мистер Шлиманның осы қалай деген қыздың əрқайсысымен жеке
жүздеспек ниеті Софьяның күлкісін келтіріп қана қойған болса, оның
ата-анасы бұған намыстанып, қатты абыржып жүрген: олар үшін бұл
неке жан қысылғанда жəрдем беретін құтқарушыдай көрінген.
— Мистер Шлиманның ел ақтап жүргені ұят емес пе? Семьямыздың
абыройын неге ойламаймыз? — деп налыды бибі Виктория Теоклетос
Вимпосқа.
— Бұл оның қанына сіңген қасиет, апа. Петербургта кəсібін қалай
жүргізгенін көргенмін: онда да дəл осындай əдіспен дəулет жиған.
Мистер Шлиманның құр фотосуретке қарап үйленбей, ойланыптолғанып барып тоқтау жасауы өздеріңіз үшін де үлкен дəреже ғой.
Энгастроменостар күңкілден тыйылды. Əйткенмен, əлдебір
мазасыз сезім бибі Викторияның бойын билеп алған-ды. Қалай
дегенмен, Шлиманды семья мүшесі етіп қабылдау Маригоға тəп-тəуір
жасау əзірлеп, кенже ұлын университетке түсіру деген сөз еді. Бұл
сондай-ақ, дүкенді товарлармен қамтамасыз ету деген сөз-ді. Өйткені,
үйлерін сатқаннан кейін Энгастроменостар кредиттен құралақан
қалған.
Софья осыны жақсы түсінгендіктен мына некеге ешқандай
қарсылық білдірмеген.
«Кімге берсе — соған шық» — Грецияда бұл дəстүр баяғыдан барды.
Ол баққа еніп, Генри Шлиманмен жүздеспекке бет алды.
Күннің ыстығы қайтып, бақ іші қоңырсалқын тартқан. Жүзім
сабақтарының арасынан баданадай баттиған жемістер əлі де көз
тартады. Бақты бұдан көп жыл бұрын Георгиос Энгастроменостың өзі
отырғызған. Мұнда анар, бадам, өрік, таңқурай, жайқалған сары
жапырағы бар, хош иісті мускус қауыны есетін. Ағаш үстел мен
орындықтар өте қарапайым болатын. Бұлар өз ғұмырында көп
адамның — Энгастроменостардың ағайлары мен апайларының жəне
басқа да жекжат-жұрағаттарының, сондай-ақ бибі Викторияның
төркіні — Геладакистердің де əжетіне жараған. Бұлардың да Колонда
жаз тұратын үйлері болған.
Софьяны көрісімен бəрі де орындарынан ұшып тұрды. Бұл күтпеген
нəрсесі еді. «Мені таққа отырғызып та қойған болды ғой» деп ойлады
ол.
Жүрегі тулап кетті. Амстердамдық аукционнан индиго таңдағандай,
мистер Шлиманның өзіне өзгеше ықыласпен шұқшиятынын алдынала біліп, алғашқы жүздесуде барынша сабырлы болуға тырыспағы
жайына қалды.
«Жаңалық қалай жылдам жүреді!» деп таң қалды ол. Алаңнан өтіп,
жуынып, киінгені — айналымға келмейтін аз уақыт еді, жақынжұрағаттары болса жексенбілік тəуір киімдерін киіп, балаларын
шұбыртып жетіп те үлгеріпті. Жер астынан шыққан жікті өз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 02
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.