Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 24

Total number of words is 3867
Total number of unique words is 2222
31.8 of words are in the 2000 most common words
44.9 of words are in the 5000 most common words
51.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- Жылпостықтан қай-қайсысымыз да құралақан емеспіз. Егер менің
қолыма түскен үлгілер тəуірлеу көрініп тұрса, онда оны өздеріңізден
көріңіздер. Жіберген бақылаушыларыңыз мұрынына археологияның
иісі де бармайтын адамдар.
Софья керіс туғанын қаламады.
— Мырзалар, кофені қайда ішеміз? Баққа барамыз ба? Биыл ол өте
ерте гүлдеді. Көз жауын аларлықтай боп тұр,— деді.
Бəрі де баққа шықты. Қиыршық тас төселген жолмен бірнеше кадам
жүріп үлгермеген Детье ауыздығын шайнаған төрт ат жеккен мəрмəр
Аполлонды көріп қалды. Ақсаңдай басып метопаның жанына жетіп
барып, оған шұқшия қарады.
— Түріктікі ме?
— Гректікі.
— Оған таласым жоқ. Бірақ, түрік жерінен табылған ғой?
— Рас.
— Бізге тиесілі бөлік қайда?
— Басқа амалым болмады. Бұны екіге бөлу — мүсінді қиратумен тең
болар еді.
— Бесік шығанағынан грек кемесіне тиеп жіберген үлкен жүгіңіздің
не екені енді белгілі болды. Күзетшіміз сонда бірнеше секундқа ғана
кешігіп, жүкті ұстауға үлгере алмай қалған-ды.
— Бұл олжаның орынын сол бойда-ақ толтырғанбыз: орасан үлкен
он пифостың жетеуін Константинопольға аттандырғанбыз,— деп
Софья шыдай алмай сөз қосты.
— Бүл рас. Жəшіктерін жақсылап жасағандықтан олар бізге
бүлінбей жетті.— Детье Шлиманға қарай бұрылды.— Сіздің
талантыңыз бен қазба жүргізудегі табандылығыңызды аса қатты
қадірлейміз. «Куотерли ревью» журналының соңғы санында мен
Трояның тұрған орыны Ғыссарлық екендігі жайлы нық сенім
білдірдім.
— Оныңызға көп рақмет.
— Мына Аполлон турасында кітабыңыздан оқып білгенмін. Бірақ,
қазіргі əңгіме бұл жайында емес, алтын жайында. Біз өзімізге тиесілі
үлесті алуымыз керек. Кітабыңыз жарық көрген кезден бері түрік
үкіметі өзін бүкіл əлемнің алдында масқара болғандай сезініп отыр. Сіз
оны жерге қаратып кеттіңіз.
— Осының өтемі үшін мен талай нəрсеге тəуекел еттім ғой. Барлық
қаражатын өз мойыныма алып, жазда үш айлық қазба жұмысын
жүргізуді ұсындым. Өзіме елу мың долларға түскелі тұрған осы үш
айдың ішінде музейіңізді аузы-мұрнынан шығаратын көне дүниелер
тапқан болар едік. Музейдің өзін де өз есебімнен жөндетіп бермек
болдым. Бұндай мырзалықты бұрын-соңды естіп көріп пе едіңіз?
— Ешқашан естіген емеспін. Егер көмбе болмаса ұсынысыңыздан
қос қолдап жабысып айрылмас едім. Бірақ, сұлтан алтынның өзіне
тиесілі бөлегін талап етіп отыр. Сол себепті менде де басқа амал жоқ.
— Приам патшаның алтынын бөліп-жаруға болмайды. Оның үстіне
жұмысшыларым ұрлаған алтынды да иемденіп алдыңыздар. Ал, бұның
аз алтын емесі анық.
— Сонда бұл соңғы сөзіңіз бе?
— Иə. Тек бір ғана қосарым — өзіңізбен достығымды үзгім
келмейтінін айтқым келеді.
— Оның жөні болмас. Келесі жолы біз сотта ғана жолығатын
шығармыз. Сау-сəлемет болыңыз, доктор Шлиман. Сау-сəлемет
болыңыз, Шлиман ханым.
Соны айтып ол ақсаңдай басып бақтан шыға жөнелді, елшіліктің
бірінші секретары соңынан ерді. Бұл əңгіме Генриге айрықша əсер ете
қойған жоқ, ал Софьяның мазасыз толғаныстан жүрегі сыздап жүрді.
«Мен ың-шыңсыз тыныш өмір кешуге болмайтын адаммен бас
қосыппын. Ол не өзі бəле тілеп алады, не біреудің шатағына
шырматылады».
Филип Детье 1873 жылы Трояда табылған олжалардың
сыпаттамасын Шлиманның кітабынан алып, грек тіліне аударды.
Оттоман үкіметі жалдаған юристер алғашқы инстанциядағы грек
сотының председателіне қазынаны кəмпескелеу жайлы өтініш түсірді.
Бұған алтын бұйымдардың тізімі қоса тіркелді. Генри адвокаттарының
бірі Халкокондилис өтініштің көшірмесін Музалар көшесіне алып
келді. Кəмпеске жайлы естіген Шлиман дегбірсізденіп сала берді.
Бұл не деген сөз?— деп сұрады ол адвокатынан.
Халкокондилис бипаздап, асықпай əңгімеледі. Көзілдірігінің қалың
əйнегінің ар жағынан аңди қараған көздері құрттай өзгерісті қалт
жібермей қадағалап отырды.
Олар грек-түрік келісімінде көрсетілгеніндей, «сатып жіберуден жə
болмаса көзін құртудан сақтау үшін басы даулы нəрсені кепілдікке
алуды» талап етіп отыр.
Өтініш үшінші апрель күні берілді. Алтыншы апрель күні
құрамында үш қазысы бар алғашқы инстанцияның соты екі жақтың да
адвокаттарын тыңдады. Генри сотқа шақырылған жоқ. Афинылық бір
газет: «Өзін өзі қорғауына мүмкіндік беру үшін, соттың председателі
Шлиман мырзаны сотқа шақыруы керек еді. Шлиман мырзаға
əділетсіздік жасалды», деп жазды.
Екі күн өткен соң Шлимандарға соттың шешімі түс қайта сағат бесте
оқылатындығы хабарланды. Генри мен Софья мерекедегідей киініп
күймеге отырды да, сотқа келіп, соңғы қатарға жайғасты. Председатель
шешімді тұжырымдады:
«Алғашқы инстанцияның соты Оттоман үкіметі адвокаттарының
өтінішін бұлдыр баяндалуы себепті қараудан бас тартады. Азаматтық
істерді жүргізу ережесіне сəйкес, белгілі бір мүлікке талас білдірген
өтініш иесі сотқа оның толық та тиянақты сыпаттамасын табыс етуге
міндетті. Бұлай болмаған жағдайда өтініштің мағынасы бұлдыр,
қарауға жатпайды деп танылады. Мына көтеріліп отырылған істе
өтініш айтушылардың талабы Шлиман мырзаның өз олжаларын
сыпаттап жазған кітабының неміс тіліндегі басылымына негізделген.
Сот бұл сыпаттаманы толық емес деп есептейді. Алайда, өтініш
білдіруші аталмыш мүліктің толық сыпаттамасын табыс етер болса,
онда сот бұнымен танысуға əрқашан əзір».
— Мағынасы бұлдыр əрі қарауға жатпайды!— деді шаттанған Генри
осынау қуанышты оқиғаның құрметіне коньяк тығынын ағытып
тұрып.— Софидион, бұдан өткен тамаша сөздерді естіп көрдің бе?
— Соңғы кездері естімегенім рас. Бірақ, осымен бəрі бітті деп
ойлайсың ба?
— Егер Детье өзім білетін адам болса, əрине, бұнымен тынбақ емес.
Адвокаттары тізе қосып, алтын олжалардың толық сыпаттамасын
жасауға тырысатындары анық. Келесі жолы тыңдағанда сот істі біздің
пайдамызға шешпесе — халіміз мүшкіл. Өз қақымызды қорғап қала
алмаймыз. Құпия қоймамызды тауып алу да оларға қиындыққа
түспейді. Сірə, сандықты француз елшілігіне апарып қойғаным дұрыс
шығар.
Софьяның көңілінде наразылық пайда болды.
— Бұған қарсымын, Генри. Алтын сенімді жерде тығулы жатыр.
Егер Бюрнуф пен оның қызының қолына түсер болса, олжадан біржола
көз жазып қалуымыз ғажап емес.
— Оған қам жеме: құлыпқа өз мөрімді соғып, пешеттеп тастаймын,
ешкім де қол соға алмайды.
— Мен біреу қол сұғады-ау деп тұрғам жоқ. Бюрнуф пен қызы Троя
қазынасының Луврдан бір-ақ шығуы үшін қолдарынан келгеннің бəрін
жасауға тырысатынын айтамын.
— Көмбені көне қаланың керемет музейінде толық күйінде көрмеге
қою да, жалпы алғанда, жаман нəрсе емес. Оны қанша адам көреді
десеңші...
Софьяның жанары жалт етті.
— Сен оның үгітіне көнбеуге тиіссің! Троя қазынасын грек халқы
иеленеді деп маған уəде бергенсің.
Генри оны иығынан қаусыра құшақтап, жұбата бастады:
— Босқа таусылма. Қазынаны мейлінше сенімді жерге апарып
жасырудан басқа менде бөтен ой жоқ. Бүгіннен қалдырмай орын
ауыстырам.
Таяу жексенбіде, 1874 жылдың 14 апрелінде, Мариго əйелдер
гимназиясында математика пəнінен сабақ беретін Деметриос
Георгиадиске тұрмысқа шығатын еді. Генри шафер болатын. Софья
Гректің ұлттық банкінен төрт мың долларды,— бұл Генридің тойға
арнаған сыйлығы еді,— алып, оны жас жұбайларға берді.
Семьяларындағы осынау қуанышты оқиға Софьяның көңілін
алаңдатып, реніш-күйініштерін аз уақытқа болса да ұмыттырып
жіберді.
Үш күннен кейін Генри:
— Бюрнуфтер бізді ертеңге түскі қонақасыға шақырды,— деп
мəлімдеді.
- Соған баруға зауқым соғып тұрған жоқ.
- Неге соқпайды? Бұлар жақын достарымыз ғой. Олар ішкі есептері
бар адамдар. Құдай ақына, шу шығара көрмеші.
Софья бас тарта алмады. Əйтсе де таңертең киінген кезінде өте
ықылассыз болды. Бір шатақтың шығатынын іші сезген.
Басқа, қателеспеген екен. Қонақ бөлмеде аперитив ішіп отырған
кездерінде Эмиль Бюрнуф масайрап:
- Келіссөзіміз хақында Лувр музейінің директорына хат жібергем.
Кеше одан телеграмма алдым. Приам қазынасын Луврға беру
мүмкіндігі жайлы ойды қуана құптапты. Бүгін премьер-министріміз
Фортумен кездесіп, келісімін алмақ көрінеді,— деді.
Софья ашудан қалтырап кетті.
— Өйтуге қақыңыз жоқ еді ғой!
— Бар болатын, құрметті мадам Шлиман,— деп жауап қатты
Бюрнуф міз бақпастан.
— Оны қайдан алдыңыз?
— Өз жұбайыңыздан ғой, басқа кімнен болсын.
Софья күйеуіне мойын бұрды. Көзі ызадан жалтылдап тұр еді.
— Сонда сен бұны маған білдіртпей істеп жүрсің бе?
— Сабыр ет, қымбатты Софидион. Əзірше Луврға ешқандай ұсыныс
жасаудан аманмын. Эмиль екеуіміз бар болғаны қазынаны Грецияда
қалдырған дұрыс па, əлде шетелге əкеткен жөн бе, дегенді ғана
талқылағанбыз.
— Ендеше, Луврдың директорына Приам қазынасын өзімдікі деп
есептей беруіне болатындығын айтып хат жазып неңіз бар еді?— деп
Софья Бюрнуфқа дүрсе қоя берді.
Луиза Софьяның жанына келді.
— Əкем ондай ештеңе айтқан жоқ, Шлиман ханым. Бізде сондай
тəртіп бар. Ұсыныстарыңызды қабыл алмас бұрын бұны жоғарыдан
ресми түрде мақұлдатуымыз керек.
— Біз дейсіз бе? Біз дегеніңіз кім? Франция ма? Луврдың директоры
ма? Премьер-министр ме?
Луизаның көгілдір көздері бəз бұрынғы бедірейген қалпынан
танбады.
— Өзімді сіздердің жақын досыңыз санаймын. Біз сіздерге
қайткенде жақсы болатын жағын ғана ойластырып жүрміз.
Бұдан əріге Софьяның төзімі жетпеді — бойын ыза кернеп шаққа
шыдап отырған. Оны күйіндірген нəрсе жалғыз Бюрнуфтың
пысықтығы ғана емес еді, Софья көмбенің тағдырын ойлаумен-ақ,
діңкелеп болған. Жылға жуық уақыттан бері Ликабеттегі құпия
қоймаларын біреулер тонап кете ме деген үрейден арыла алмай-ақ
қойды. Одан қалса көмбені түрік өкіметі кəмпескелей ме деген үрей
жəне мазалады. Өстіп жүргенінде Генри келіп, қазынаның Францияға
біржола сапар шегуі мүмкін екенін айтып отыр.
— Маған сіздің қамқорлығыңыздың қажеті аз!
— Мадам Шлиман, менің қызыммен бұлай сөйлесуге тиіс емессіз ғой
деп ойлаймын.— Сөзге Эмиль Бюрнуф килігіп, екеуінің арасына кеп
тұрды.— Келіссөз жөніндегі барлық жауапкершілікті мен өз мойныма
алған болатынмын.
— Оған күмəнім жоқ!— деп шорт кетті Софья.— Амалын тауып
көмбені қолға түсіргіңіз келеді ғой. Бұл сізге, əрине, өте тиімді.
Директор ретінде пəлендей ештеңе тындыра алмадыңыз. Сосын осы
жолы орайын келтірсем, Парижде беделім арта түсер деп ойлапсыз
ғой. Ол ойыңыз орындалмас! Генри, менің үйге қайтқым келеді.
Содан үйлеріне оралғанша Софья бойын билеген дірілден арыла
алмады. Генри тіл қатпай түнеріп отырды да қойды. Үйге келген соң
Софьяға ілесіп жоғары көтеріліп, оны кіші қонақ бөлмеге шақырып,
есікті жауып алды.
— Софья, сонша күйгелектеніп саған не болды? Бəлкім, Эмиль өз
қамын ойласа ойлап та жүрген шығар. Бірақ, біз де құралақан
қалмаймыз ғой.
— Қалайша?
— Алтынға төнген қатерден біржола құтыламыз. Өйткені, түріктер
бізге бəрібір тыныштық бермейді. Күндердің күнінде кезекті бір сот
соларды жақтап шығатыны анық.
— Бұған мен ешқашан сенбеймін, адвокаттарың да сенбейді.
— Софья, сен шынымен ренжітіп тұрсың. Досым "емес, қасым
сияқты сөйлейтінің қалай?
— Афиныда қалуға заңды қақы бар дүниені одан "əкеттірмеуге
тырысқаным үшін енді мені қас санағаның ба!
Жоқ, Софидион. Афинының ондай қақы жоқ. Приам қазынасы біздің
мүлкіміз, қала берді бүкіл əлемнің мүлкі. Енді дауласудың қажеті аз.
Мен шешім қабылдап та қойдым.
Софья оған кірпік қақпай қарап қалды.
Қандай шешім?
- Приам қазынасын Луврға беруді ұйғардым. Троялық
коллекциямды соған беретінімді айтып, қазір отырып премьерминистр Фортуға хат жазам. Хатымның көшірмесін француз елшісі
маркиз де Габриакқа табыс етем. Ол маған бір аптадан соң Парижден
жауап телеграмма алатынымды айтқан. Сосын қазынамыз елші
арқылы Франция қарамағына өтеді.
Софьяның көзінен жас мөлт етті. Ол жеңіліс тапқан еді. Орнынан
тұрды да, бөлмеден шығып жүре берді.
Бұл бір берекесіз апта болды. Софья алтын жайлы да, Бюрнуфтер
жайлы да, Лувр жайлы да атап ауызға алмады. Генри де шешіліп
сөйлей қоймады. Бір-бірімен тек анда-санда, онда да амалдың
жоқтығынан, онда да жат адамдардай немқұрайды түрде ғана
тілдесетін. Күйеуіне адвокаттар келген кезде Софья əңгімеге
қатыспады. Генри суға шомылуға Фалеронға жалғыз барып жүрді.
Софьяның барлық ынта-ықыласы семья мен үй тірлігіне ауды. Ол
болған оқиғаға күйеуімен арадағы кикілжің ретінде қараған жоқ. Өзінің
шын мəнінде тең праволы əріптес санатынан шығарылып, қарапайым
грек əйелі дəрежесіне төмендетілгенін ұқты. Ал, əйелдің үй
шаруасынан тыс мəселелерде шешуші дауыс ала алмайтыны белгілі.
Алғаш рет оған он жеті жасында өз күйеуі мен туып-өскен семьясы
арасында таңдау жасауға тура келген; міне, енді жиырма екі жасында
қайтадан сондай таңдау жасауына тура келіп тұр. Өйткені, Афины да,
Греция да, ертедегі ахейліктер де оның өз семьясының мүшелері
болатын.
Бүл апта Генриге де оңай тимеген-ді. Көмбе тағдырының тоқырауда
қалғаны онсыз да күйгелек жанның əбден мазасын алып біткен.
Əлдебір астыртын түйсік арқылы Софья, апта аяқталып қалғанымен
Генри Парижден күткен телеграммасын əлі алмағанын аңғарды. Генри
келесі күндерде де көңілдене қойған жоқ. Керісінше, қабағынан қар
жауып, түксиіп жүрді. Жұмыстың соңынан көзілдірігін алып тастауды
да ұмытып кететін болды. 29 апрельде Константинополь музейінің
адвокаттары толығырақ етіп жазылған тағы бір өтініш түсірді.
Қарсыластарының бұл əрекетін Софья мен Генри бірігіп талқылаған
жоқ.
Генри тек он екінші күні ғана жібіді. Əдетінше сағат бір жарымда
түскі асқа қайтып оралған болатын. Бірақ, өңінде өзгеріс бар еді. Тіпті
жүріс-тұрысына шейін өзгеріп кетіпті. Ол Софьяға раушан мен
қалампырдан жəне иристен құрастырылған гүл шоғын ұсынып,
еңкейіп самайынан сүйіп алды. Бюрнуфтердің үйіндегі қонақасыдан
кейін бірде-бір рет бұндай батылдық жасамаған.
— Софидион, сенімен сөйлесуге бола ма?
— Күйеуімсің ғой, құлағым сенде.
— Маған ондай артықшылықтың қажеті жоқ.
Софья түскі астарын семьялық асханаға емес, қонақтарға арналған
асханаға алдырды. Клецки қосылған сорпамен болып кеткен Генри
бірден сөйлей қоймады. Тəрелкедегі сорпасы суып бара жатқан Софья
қолдарын тізесіне қойып тосып отырды. Сорпасын ішіп болған Генри
шат көңілмен езу тартты.
— Дəмді екен! Қатты қарыным ашып келіп едім. Он екі күннен бері
сүйсіне тамақ ішіп отырғаным осы.
— Жұмысың көп болса — соның өзіне тоқ боласың...
— ...дейді Криттің көне мақалы. Жаным менің, енді саған бүгін
таңертең не тындырғанымды баяндайын. Алдымен, ұсынысымды
қайтып алатынымды айтып премьер-министр Фортуға телеграмма
жолдадым. Сосын елші де Габриакқа өз уəдесінде тұрмауы себепті
Луврға Троя коллекциясының берілмейтінін хабарладым. Бұған қоса,
Француз археология институтынан көмбені алып кететінімді
Бюрнуфтерге мəлім еттім...
Софья үндеген жоқ.
— Қымбаттым, саған əділетсіздік жасаппын. Бұның əділетсіздігі
менің ойға алған нəрсемде емес. Өйткені, қалай болған күнде де алтын
қауіпсіз жерде сақталуға тиіс. Бұның əділетсіздігі — Бюрнуфтермен
жəне де Габриакпен жүргізген келіссөзімнен сені бейхабар
қалдыруымда, сенің келісіміңсіз коллекцияны Луврға беруге шешім
қабылдауымда. Жəне бұның саған ауыр тиетінін де білген ем ғой!
Саған — досыма əрі əріптесіме бұндай жөнсіздік жасамауға тиіс едім.
Алтынның жартысы сенікі ғой. Сен оны тауып, үйге əкелуге
жəрдемдестің.— Осылайша шерін тарқатып, ар-ұятын арашалап алған
Генри бірден шаруа жайына көшті.— Оттоман империясы талап етіп
отырған коллекцияны сыйлық есебінде қабылдаудан Францияның бас
тартатынын алдын-ала аңғаруым керек еді. Француздардың
Түркиямен шатасқылары келмейтіні белгілі!.
— Енді не істемексің?
— Айыбымды өтемекпін. Алдымен, өзімнің шексіз шыдамды,
ардақты жұбайымның көңілін аулаймын...
Екіншіден, тапқан олжаларымыз қойылатын, өзіміз Афиныға уəде
еткен музейдің құрылысына арнап шартты сыйлық есебінде екі жүз
мың франк аудардым. Гректер бұрын ұсынысымыздан бас тартқан.
Бірақ, уақыт та өзгерді, министрлер мен бас инспекторлар да басқа.
Коллекциямызды Афиныға мəңгілікке тарту ететінімді, оны
орналастыру үшін Афиныдан музей салатынымды қасиетті парызым
деп жұртқа жария етем.
Софья шаттана күлім қақты. Грек үкіметі де, ежелгі заман
ескерткіштерін қорғау жөніндегі департамент те өздеріне оң көзбен
қарамай жүргені оған жақсы мəлім-ді. Екеуі бір сағат бойына ауыз
жаппай əңгімелесті. Түскі тамақтан соң кішкене көз іліндірген олар
Андромаханы киіндіріп алды да, Жаңа Фалеронға суға түсуге аттанды.
Ұзақ айлар мен апталардан кейін қайта табысқан жандардай өздерін
шексіз бақытты сезініп жүрді.
Бірінші май күні сотта түріктердің жаңа өтініштері тыңдалмақшы
еді. Балкондар мен көше беттегі есіктердің мерекелік безендірулерін
тамашалау үшін олар бұл жолы сотқа жаяу барды. Кейін газеттер
жазғанындай, екі жақ та «ұзақ уақыт бойы сөз сапырумен болды».
Шлимандар соның бəрін сабырмен бастан-аяқ тыңдап шықты.
— Коллекциямыздың жаңа сыпаттамасын қайдан алғандарына
ақылым жетпейді. Өйткені, олардың қолында сенің кітабыңнан басқа
ештеңе де жоқ емес пе, ал одан алатындарын өткен жолы-ақ алған еді
ғой,— деп сыбырлады Софья.
Сот шешімін бірауыздан қабылдады.
Константинополь музейінің өтініші тағы да орындалмады. Доктор
Филип Детье Константинопольға шақыртылып алынды. Елші Ессат би
гректің сыртқы істер министріне хат жазып, Греция мен Түркия
арасындағы келісімнің 24-ші статьясын есіне салды. Осыған орай грек
үкіметінің грек сотының мынадай шешімін қалай бағалайтынын
білгісі келетінін де ескертті.
11 май күні Оттоман империясының адвокаттары апелляциялық
сотқа алғашқы инстанция сотының шығарған шешіміне шағым берді.
Бұл түріктер үшін мейлінше тиімді кез болатын, өйткені ағылшынның
бір газетінде олардың ойлаған ойларына дөп келетін мақала жарық
көрген. Ежелгі ескерткіштердің корольдік қоғамының апрель айының
аяғында Лондонда өткен мəжілісінде Чарльз Ньютон Троядан
табылған олжалар жайлы баяндама жасаған-ды. Ньютон берген
уəдесінде тұрып, Приам қазынасы жайлы тек Шлиман кітабында бар
нəрсені ғана баяндаған. Алайда, оның бұл хабарламасы ағылшын
парламентінде үлкен айтыс тудырды. Лорд Стэнхоуп тұрып: үкімет
Шлиман коллекциясының бір бөлегін сатып алу жөнінде ұсыныс
түсіруге ниеттеніп отырған жоқ па екен, деген сауал тастады. Бұған
жауап ретінде Бенджамин Дизраэли өзінің «бұндай əрекетке əлі əзір
еместігін» мəлімдеді. Талқылау барысы жайындағы есеп лондондық
«Таймс» бетінде жарияланып, қазір Афины жұртшылығы осы жөнінде
дуылдасып жатқан.
— Бұл қалай болғаны?— деп күйінді Софья.
— Ньютон досымыздың бұған қатысы жоқтығына сенімдімін.
— Оның коллекцияны сатып алу жайлы бізбен сөйлестім деуі
мүмкін ғой.
— Қауесет дегенің қусаң жеткізбейтін жүйрік. Барлық ірі
газеттерден орын сатып ап, алтынымызды саудаға салу жөнінде
ешқашан ешкімге ештеңе айтпағанымыз жайлы үзілді-кесілді
мəлімдеме жариялауымыз қажет.
16 май күні іс апелляциялық сотта, бес қазыдан тұратын алқаның
алдында қаралды; үстелдің орта тұсынан — председатель, оның оң
жағы мен сол жағынан алқаның мүшелері орын тепті. Софья мен Генри
мұндағы көңіл ауаны алғашқы инстанциядағы соттағыдан мүлдем
бөлек екенін салған жерден аңғарып қойды. Оттоман империясының
адвокаты папкасынан лондондық «Таймсты» алып, Троя қазынасының
бір бөлегін сатып алу мəселесі сөз болған парламенттік талқылау
жайлы есептен үзінді оқып берді де, бұны протоколға енгізуді өтінді.
Сондай-ақ адвокаттар сотқа Шлиманның Парижге, премьер-министр
Фортуға жəне француз елшісі де Габриакқа жолдаған телеграммалары
мен хаттарын да табыс етті. Адвокаттар Түркиямен арадағы шартқа
сəйкес грек соты «талас туып отырған мүлікті сатылып немесе
жойылып кетпеуі үшін кепілдікке алуға» қақы бар жəне солай етуге
міндетті, деген талапты алға тартты. Бұл ереженің шетел
азаматтарына да қатысы бар еді.
Күндізгі мəжілісте адвокаттары Генридің қазынаны иеленуге
қақылы екенін жақтап қызу сөз сөйледі. Бұған дəлел ретінде олар
Троядан табылған алтынның едəуір бөлегін Константинополь
музейінің қазірдің өзінде иемденіп отырғандығы жайлы «Пікірталас
парақтарында» жарияланған хабарды алға тартып, алтынды ұрлаған
өз жұмысшылары болуы себепті олжаның жартысы заң бойынша
Шлимандарға тиесілі екенін даулады. Адвокаттар Генридің адалын
айтып тұрғанына ант ішкеннен кейінгі арнайы мəлімдемесін оқып,
лондондық «Таймстың» хабарын жоққа шығарды. Бұл мəлімдемеде
Афиныға келіп кеткен Британия музейінің қызметкері мистер
Ньютонмен арада болған əңгімеде аталған адамның коллекцияны
Британия музейіне сату жайында сөз қозғағаны рас екені, бірақ оның,
Шлиманның, қазынаны біреу-міреуге сатудан үзілді-кесілді бас
тартқандығы айтылған-ды. Генридің қазынаны Луврға сыйламақшы
болғанынан адвокаттар, əрине, жалтарып кете алмады, бірақ бұны
«сату немесе жою» деп бағалауға болмайтынын тəптіштеді. Ақыр
аяғында олар қарсы талап қойып, грек сотына американ азаматы мен
шет ел арасындағы дауға араласып отыр деген айып тақты. Бұл тек
заңға қайшы ғана нəрсе емес, сонымен бірге конституцияны да
бұрмалаушылық
болып
табылады,
деді
адвокаттар.
Осы
айтылғандарға байланысты апелляциялық соттың алғашқы
инстанция сотының бастапқы екі шешімінің күшін жоюға ешқандай
қақы жоқ...
Күн кешкірген кезде председатель бес қазыдан тұратын соттың
алқасы екі жақтың да позициясын егжей-тегжейлі сарапқа салатынын
мəлім етті. Шешім осы аптаның ішінде шығарылмақшы.
- Ал, ертеңіне қасиетті синод Афины архиепископы етіп Вимпостың
іргелес көршісі, Мессенаның архиепископы Прокопиосты сайлап,
Теоклетос Бимпосты құлатып жіберді.
Епископ Вимпос Музалар көшесіндегі үйге соңғы рет кіріп шықты.
Жүздесу өте көңілсіз өтті. Афины архиепископы қайтыс болған кезден
бергі бір жылдың ішінде Вимпос оның ізбасары болатын шығармын
деген үміттің жетегінде жүрген. Генри мен Софьяның да шаттана
қоярлық дəнеңелері жоқ еді: Трояны ашу, таңғажайып олжалар — бəрі
де өткен күндер үлесінде қалған-ды, археологтар мен қалың
жұртшылық арасында атақ-даңққа ие болу жөніндегі үміттері де
ақталмады. Қазынаға таластан туған дау оны табу қуанышын су
сепкендей басып тастады.
Мазасыз ойлардан арылу үшін, əрі уақыт өткізу үшін Шлимандар
осы аптаны түгелімен көңіл көтеруге арнамақ болды. Күндіз
Конституция жəне Омониа алаңдарында қойылған концерттерге
барды, аты ауызға іліге бастаған афинылық сыбызғышы Роббионы
тыңдады, грек труппасының орындауында «Көл бақалар» комедиясын
көрді.
Арада алты күн өткен соң адвокаттарымен бірге апелляциялық
сотқа қайта барды. Председатель алқаның шешімін оқып берді.
Құлаққа ұрған танадай тыныштық орнап, сөздер қорғасындай ауыр
сорғалап жатты.
«Апелляциялық
сот
Шлиман
мырзаның
барлық
алтын
коллекциясын кəмпескелеп, оны Константинополь музейіне беруге
қаулы етті».
Генри мен Софья төбеден ұрғандай тым-тырыс отырып қалды.
Барлық алтын коллекция тартып алынып... Түркияға қайтарылсын!
Олар айтарға сөз таппай, алдарына жалынсыз жанармен үңіліп,
күйме қорабында қимылсыз отырған. Өкініш жүректерін өртеп бара
жатыр еді. Мұндай бақытсыздыққа тап болу мүлдем ақылға сыйымсыз
нəрсе сықылды көрінеді. Бұндай қуанышқа жолығамыз деген ой
Константинополь музейінің талабын қорғаушылардың үш ұйықтаса
түстеріне кірмеген шығар.
Əрине, Шлимандардың апелляция беру қақын пайдаланатындары
анық. Адвокаттары сасқалақтап қалғандарымен, қатты ашуланған
кейіп танытып, апелляциялық соттың шешімі заңсыз екендігін, сол
себепті Ареопаг — Грецияның жоғарғы кассациялық соты — міндетті
түрде оның күшін жоятындығын, бұған барлық негіз барын дəлелдей
бастады.
Генри Софьяға кіртие көз тікті.
— Олар мына сотта да ойлағанымыздың орындалуына барлық негіз
бар деп ант-су ішкен. Нəтижесін көріп отырсың. Бəріне кінəлі
лондондық «Таймстағы» əлгі ант атқан мақала ғой.
— Жəне сенің Луврға жасаған ұсынысың,— деп естілер-естілмес
сыбырлады Софья.
Үйге келген соң күйеуіне:
— Пальтоң мен қалпағыңды шеш, кішкене таза ауада демалайық.
Калипсоға баққа лимонад əкелдірейін. Афиныда мұз фабрикасын
салғандары қандай жақсы болды. Сатушылардан азын-аулақ мұз алып
қойғам,— деді.
Мұздың кішкене кесегін бокал қабырғасына сыңғыр еткізген Софья
күйеуінен:
— Егер Ареопаг істі қайта қарауға төменгі инстанцияларға
қайтармайтын болса не істемекпіз?— деп сұрады. Бұл дəл қазіргі сəтте
екеуін де толғандырып тұрған мəселе еді.
— Мен тек бір-ақ нəрсені білем — қазынаны ешкімге бермейміз. Бір
амалын тауып Англияға немесе Америкаға жөнелтіп жібереміз. Елші
Бокер осылай етуге əлдеқашан ұсыныс білдірген.
Софьяның көзі жасқа толды.
Ертеңіне таңертең Музалар көшесіндегі үйге қолдарында
апелляциялық соттың председателі қол қойған «тінту жүргізуге жəне
табылса əкетуге» рұқсат берген ордері бар соттың екі орындаушысы
келді. Олар үйдің, күнсая мен сарайдың қарамаған жерін қалдырмады.
Генри ана екеуі қайда барса сонда барып, арттарынан қалмай ерді де
жүрді. Ол тіс жарып ештеңе айтқан жоқты, бірақ бұл тыныштық
ашынған айқайға, қарғысқа толы тыныштық еді. Алтынды ақыры таба
алмаған орындаушылар лəм-мим деп ауыз ашпастан жөндеріне кете
барды. Генри есікті соңдарынан сарт еткізіп жапты.
Əйтсе де көңілдері тыншу таппай жүрді. Жұбаныш болған жалғыз
ғана нəрсе афинылық газеттердің: апелляциялық соттың ұйғарымы
заңды шешімнен гөрі саяси шешімге көбірек ұқсастау деп жазып
жатқандары еді. Күн жайма шуақ боп тұрған. Шлимандар азықтарын
алып, суға түсуге барып жүрді.
Бес күннен кейін адвокаттары Ареопагқа апелляция берді. Жоғарғы
сот апелляцияның қабылданғанын, бірақ оның тек күзде ғана
қаралатынын, өйткені алдағы тоқсан түгелдей кестеленіп қойылғанын
айтып жауап жолдады.
— Реніш-наламыздың бəрі осы жазда аяқталатын шығар деп ойлап
жүрсем,— деп күйінді бұған Софья.
— Ареопагтың апелляцияны қабылдағанының өзіне шүкіршілік
етейік: енді түріктер қазынаны талап ете алмайды. Мен аз ғана
уақытқа солтүстік Греция мен Пелопоннеске барып келсем бе деп
жүрмін. Егер кете қалсам Кифисьядағы жанынан өткенде көңілімді
бұрып əкетеді дейтін сол бір сүйкімді үйіңді жалдап аларсың.
Семьяңды да жаныңа алдыр, жазда өзіңмен бірге болсын.
Олар бақ ішінде серуендеп жүрген. Лимон ағаштары жеміс байлап,
бұталар көктемнің қою бояуларына қанығып та қалған. Генридің
бойында өзгеше бір ширақтық барын байқаған Софья оның басында
жаңа бір ойдың оянып келе жатқанын айтпай-ақ аңғарды.
— Софья, соңғы күндері маған мынадай бір ой келіп жүр.
Түріктермен арадағы жанжалда грек халқы, тіпті оның үкіметі де
маған жақ екенін сеземін. Мен соның өтемін жасасам деймін.
— Қалайша?
— Жүрші, Акропольге көтерілейік.
Олар орталық қақпаға келіп, кең баспалдақпен жоғары өрледі. Генри
XIV ғасырда салынған Венеция мұнарасына қарай бет алды.
— Мына мұнараны бұзу жөнінде үкіметке ұсыныс айтпақпын.
Шығынын өзім көтерем.
Софья күйеуінің мойынына асыла кетіп, сүйіп-сүйіп алды.
— Сен неткен ақылды адам едің! Мұндай сыйлықты грек халқы
ешқашан ұмытпақ емес.
Бұған рұқсат алу үшін халық ағарту министрі Валассопулос пен
ежелгі заман ескерткіштерінің бас инспекторы Эвстратиадиске бару
керегін білген Генридің көңілі пəсейіп қалды. Бірақ, олар Шлиманның
ұсынысына айрықша назар аударып, жазбаша рұқсат берді. Жалғыз
қойған шарттары: кейін Пропилей мен Одеон Герод Аттиканы қайта
қалпына келтіруге пайдалану үшін мұнараға қаланған тастар мен
мəрмəр тақталарды мұқияттап сақтау ғана еді.
Генри саты ағаш сатып алып, бұрынғы десятниктері Деметриу мен
капитан Цирогианнистерді шақырып, енді маман жұмысшыларды
іріктеуге кірісіп жатқан. Ойда жоқ жерден король Георг министрлеріне
Шлиманға берілген рұқсаттың күшін жоюға əмір етті.Генри
кабинетінде оңаша отырып алып, корольға хат жазуға кірісті.
«Акропольдегі Венеция мұнарасын бұзуға министрлерден рұқсат
сұрап алып едім, өйткені мұнара оның ұсқынын кетіріп тұр. Ол
Пропилейдің ең əдемі бөлегіне орналасқан, əрі тастарында эллин
мəдениетінің гүлденген дəуірінен қалған жазбалар бар. Пропилейді
осынау құбыжық қондырмадан арылту жөніндегі ұсынысымды бүкіл
грек жұртшылығы қуана қабылдаған-ды. Осы мақсатқа арнап ағаш та
сатып aп қойғанмын, бірақ, бақытсыздығыма қарай, аяқ астынан халық
ағарту министрі маған ендігі жерде Греция игілігіне еңбек етуіме
болмайтынын мəлім етті. Шамасы, əлденендей бір түсініксіз жайтқа
жолыққан сияқтымын. Əлде байқаусызда бір жағдаймен көңіліңізді
қалдырып алдым ба? Маған деген мұндай рақымсыздығыңыздың
себебі неде екенін түсіндірсеңіз екен. Сізден сұрайтыным бір ғана
нəрсе — осынау Венеция құбыжығын Акропольдан аластауға
мүмкіндік беріңізші».
Хаттың пайдасы тиді. Корольдің өзі Генриге жауап жаза
қоймағанымен, доктор Генри Шлиманға Венеция мұнарасын бұзуға
қаржы бөлуге рұқсат ету жөнінде ағарту министріне нұсқау берді.
Алайда, бұл жұмысқа оның тікелей араласуы хош көрілмеді. Мұнараны
бұзу Археология қоғамына жүктелді.
Күйеуінің көңілін жұбату Софьяға оңайлыққа түспеді.
— Бұл жұмысқа басшылық ете алмайтының, тікелей қатыса
алмайтын жаныңа бататындығын білемін. Бірақ, көздеген мақсатыңа
жеттің ғой. Ана кеспірсіз мұнара көп ұзамай-ақ бұзылады, көне тастар
ез орындарына қайта қонады. Бұл үшін Греция саған бəрібір қарыздар
боп қала бермек.
Төртінші июль күні Археология қоғамы мұнараны бұзу мақсатына
қоғам атына он үш мың драхма (2600 доллар) аударғаны үшін
Шлиманға хат арқылы алғыс айтты.
Жаздың самарқау-салқам, аңызақты күндері келді. Уақыт қарышты
қадамынан жаңылып, қамсыз-мұңсыз сырғанай бастады. Шлимандар
өздерімен бірге тағам толы себеттерін алып, ұзақты күнді теңіз
жағасында өткізуді əдетке айналдырды. Жаңа модадағы суға
шомылатын костюмдер тізені қымқа ғана қымтап тұратын. Бұған
шамданған əлдебір газет: «Еркектердің көз алдында жартылай
жалаңаш суға шомылып жүрген əйелдерге жиіркенбей қарамау мүмкін
емес», деп жазды.
Іштей өзара келісіп қойған адамдардай, Софья мен Генри екеуара
əңгімелерінде алдағы соттың жайын да, жалпы өз жұмыстарының
жайын да ауыздарына алмайтын. Тіпті олардың өмір тəртібі де өзгеріп
кетті. Ұзақты күнді далада өткізген олар үйлеріне қайтып оралған
бойларында-ақ жұлдыздарды жақұттай жылтылдаған верандаларына
шығып отыратын. Генри үстіне Парижде тұрған кездерінде тіктірген
төсек көйлегін киіп, қашан Софьяны ұйқы айналдыра бастағанша
жанында болатын. Олар кітап оқитын, əңгіме шертісетін. Софья
ұйықтап қалған кезде, кабинетіне кететін. Əлемнің əр түкпірінен күн
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 25
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.