Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 03

Total number of words is 4014
Total number of unique words is 2349
33.3 of words are in the 2000 most common words
48.3 of words are in the 5000 most common words
55.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
байқаған қонақ теңгелерді балаларға қолға ұстап көруге берді. Ақшаны
айырықша ұнататын Александрос:
— Шлиман мырза, сонда сіз басқа ел ақшаларының бір-біріне қалай
теңдесетінін қайдан білесіз?— деп сұрады.
— Əмиянның қайырмасындағы мына бір ақ карточканы көріп
тұрсың ба? Мұнда өзімнің шаруам тірелген барлық елдің валюта
бағасы тіркелген. Бұл менің өз биржам. Карточкамды ай сайын
ауыстырып тұрам. Мəселен, бүгін бес драхма Американың бір
долларына тең. Бір драхма француздың бір франкіне тең. Төрт
рейхсмарка бір долларға, британиялық Фунт - жиырма бес француз
франкіне айырбасталады. Ал, орыстың бір сомы үш франк тұрады...
Ол Панайотиске қарап көзін қулана сығырайтып: Түнде əмиянымды
басыма жастанып жатам, өйткені ұйқышылмын, көп ұйықтаймын.
Оның үстіне, ұйықтап жатып тəтті түстер көрсем бөтен өлкелерге
кетіп қалуым да ғажап емес,— деп қосып қойды.
Панайотис əзілге шат дауыспен жауап қайтарды.
— Сөйтіп, таңертең тұрғаныңызда ақшаңыздың əумин болғанын бірақ біледі екенсіз ғой!
— Дəл солай, Паннайотис. Мен шамамен алты тілде т,с көрем.
Түнімен əлемді аралап, таңертеңге шейін ақшамды тауысып алам.
Теңгелерді Софья ұстап көрді.
«Панайотис
қалжыңдасудан
қайырымды адам».
да
тартынбайды.
Ақжарқын,
Жексенбі күні ертеңгісін, кофе ішіп болысымен, Энгастроменостар
бүкіл семьясымен алаң арқылы əулие Мелетий шіркеуіне қарай бет
алды. Олар ішке кірген жоқ - шағын шіркеуде құлшылық ету қызметін
атқарып жатқан священниктер мен қариялардың өздерінен ақ орын
ауыспайтын. Есік алдына топырласқан діндарлар сыпсыңдасып əңгіме
соғып, ара-арасында дұға мен əнді де іліп əкетіп тұрды. Мезгіл-мезгіл
есіктен священник бой көрсетіп, бұларға бата беріп қояды. Бұндай
сəтте қай-қайсысы да үш мəрте шоқынып алады.
Шіркеуден оралған бойда олар түстік қамына кірісті. Софья
Афиныда да өздерінің тап осылай ала таңнан тұрып, шешесімен жəне
аспаз əйелмен бірге жаңа піскен помидор, ақ жасымық немесе туралған
петрушка қосылған, ақ шарапта бұқтырылған қой еті секілді əлдебір
айырықша тағамды əзірлеу жайын асықпай ақылдасатындарын еске
алды. Софья тамақ ішуге де, тамақты əзірлеуге де жауаптылықпен
қарауға тəрбиеленген болатын. Грециядағы ұлттық ерекшеліктердің
бірі осы еді. Қыз балалар ас үйге үш жасынан баулына бастайды. Бұл
ойын да, баланы алдарқату да емес, құпиялар сырын аңғартуға
бағытталған өзіндік тəрбие тəсілі. Өйткені, теңіз байлығын есепке
алмасақ, тау-тасты Грецияда тағам қат еді жəне оған үлкен
қиындықпен қол жететін. Жартылай аш жүру немесе тіпті ашығу
гректерге таңсық нəрсе емес: ақшасы бар адамдардың өздері сатып
алатын ештеңе таппайтын қиын күндер əр ұрпақтың дерлік өмірінде
кездесіп отыратын. Еврипидтің:
Тағам толы үстелің
Əнсіз-ақ көңіл баурайды8,—
дейтін жолдарына байырғы гректердің қай-қайсысы да бейілмен
бас шұлғыр еді.
Түскі астан жəне түстіктен қалған тағам желінетін кешкі астан
бұрын дұға оқылатын. Шіркеу мерекелері кезінде Георгиос
Энгастроменос нанға шоқындыру ишаратын жасайтын, өйткені нан
Христостың символы еді. Қалған бөлегін бибі Виктория сүйіп алатын:
бұл қасиетті нан деп саналатын.
Ac үстелі грек үйінің қуанышы еді. Гректер мол тамақты алдарына
алып асықпай жеп отырғанды, болмаса күні бойы аузына бірдеңе сап
шайнап жүргенді ұнататын. Сондай дағдыларының салдарынан
əйелдер жағының бөкселері дөңгеленіп шыға келгенімен, бір ғажабы,
еркектері сыптығыр қалпында қала беретін. Георгиос Энгастроменос
қана бұл санатқа қосылмайтын — сірə, бұндай ақжарқын адамдар үшін
бəрінің де молырақ берілуі əділетті болса əділетті де шығар.
Бибі Виктория, Софья, Мариго жəне бір күнге жалданып, бұрышта
кастрөл қырып жатқан аспаз əйел төртеуі наубайханаға апаруы ғана
қалып тұрған, иісі бұрқыраған дəмді тағамдарды əзірлеу үшін талай
сағат бойы талмай жұмыс істеді. Егер үйде лайықты плита жоқ болса
немесе жаздыкүні үйге от жаққылары келмесе əйелдер кастрөлдерін
наубайханаға апаратын. Нан мен бисквиттің күндізгі пісірімін ұзын
сапты күрегімен пештен шығарып қойған наубай бірнеше цент ақы
алып, тамақтарын əзір ғып беретін. Əр тағамды пісіруге қанша уақыт
кететінін ол жақсы білетін.
Сол күні таңертең бибі Виктория қызына:
— Арманыңнан бір шығып қал, Софья. Ұзамай бұған зар боласың,—
деген-ді.
— Неге?
— Өйткені, бай адамдар əйелдерін ас үйден аулақ ұстайды. Олар
аспаз жалдайды.
— Біздегі бай əйелдер тамақты өздері пісіреді ғой. Мен де өзім
əзірлейтін боламын. Гректер тамақты өз əйелдерінің даярлағанын
ұнатады.
— Солайы солай. Бұнсыз өмірдің қызығы не? Бірақ, болашақ күйеуің
қалай тыраштанбасын мейлі, бəрібір грек емес.
Қонақ пен үй иелері бақ ішіне, жапырағы ширатылған жүзімдік
көлеңкесіне жайғасқан. Еркектер узо-анис қосылып, сүт түстес реңкке
жеткенше салқын су араластырылған күшті жүзім шырынын ішіп
отырған. Софья мен Мариго узоға басытқы етіп: сүт-сірне қосылған
шпинаттан дайындалған ыстық тағам — тиропитас, тұздалған ірі
зəйтүн жемістерін, күрішпен жəне дəмді тұздықтармен фаршталған
помидорлар, жүзім жапырағына оралған құйттай голубим —
долмадакьялар, тұздалған каракатица — каламирья, қуырылған сары
сегізаяқ, күріш, кептірілген жүзім, дəмді тұздықтар, петрушка
кептелген мидия. қызыл уылдырықпен сарымсақтан жасалған —
тарамосалат, помидормен жəне пиязбен араластырып зəйтүн майында
сəл-пəл қуырып алған, жұқалап туралған баклажан — имам байлди
меце, сондай-ақ тілімдеп кесілген, бұрышталған грек шұжығы —
луканик əзірлеген еді.
Генри Шлиман бибі Викторияға: мецетакья — басытқылар неткен
көп жəне неткен дəмді еді деген комплимент айтты.
— Өзім ғана емес, қыздарым да мақтауыңызға тұрарлық. Түскі
тамақты дайындап болғанымша, Софья шпинаттарды, мидиялар мен
долмадакьяны əзірлеп те қойыпты,— деп жауап қатты бибі Виктория.
Шлиман тəрелкеден бір кесек шпинат алып, үстелдің арғы бетіндегі
Софьяға көз жіберді. Бүгінгі жып-жылы жексенбі сəскелігінде Софья
тіптен құлпырып кеткен еді. Ac үйден алаурап шыққан ол оңтайын
тауып бетін хош иісті сумен шайып та алған-ды. Үлкен қара
көздерінен қуаныш ұшқындап, жатық етіп таралған қара шашы
жылтырай төгіліп тұрған. Үстіне бүйірлерінде бүрмесі бар əдемі
көгілдір жібек көйлек киіпті. Сол материалдан жасалған бүрмелі аспа
иықтарынан бері өтіп, төсіне жеткенде бант боп байланыпты. Əдеттегі
көйлектеріне қарағанда бүгінгі көйлегінің төсі аздап ашықтау екен. Сəл
тарлау соғып тұрғаны болмаса əп-əсем. Софьяны жарқыратып
киіндіруге ақшаларының болмағанына бибі Виктория қатты өкінді.
— Шлиман мырза сонау жердің түбінен менің сəн-салтанатымды
қызықтау үшін келмеген шығар,— деп қарсыласты Софья.
— Тəуір киінгенге не жетсін,— деді бибі Виктория беріспей. Осынау
викториандық кербез шешенің шамына тиетін сөз айтпай қалай
шыдарсың!
— Бұның көркімді кетіріп тұрған ештеңесі жоқ қой, мама! Мен өзіңе
тартқанмын — күн өткен сайын толысып келемін, көйлегім соны
дəлелдеп тұр.
— Бұған енді не дерсің!— деді бибі Виктория күңкілдеп.—
Жеңілтектік деген осы! Əкелеріңнің туыстары осындай еді —
солардан жұққан ғой саған. Шлиман мырза сонау жердің түбінен сенің
жүрегіңе үңілгелі келіп отыр ғой.
Софья мəз бола күліп жіберді.
— Бəсе, бəсе! Бетім мен белімнен көз аудармай сұқтана қарауы
жаман еді-ау!
Шешесінің көңілін жықпау үшін Софья атадан балаға мирас боп келе
жатқан қастерлі заттарын — алтын түйреуішті тағып алды.
Терезе қақпақтарын жауып, салқындатып қойған асханаға кіретін де
уақыт боп қалған. Софья дастархан əзірлеуге, тағам ауыстыруға
қолғабыс етті. Бұл үшін де біраз тіресуге тура келді: шешесі оның
«үстел басқарып отыруын» қалаған.
— Мама, Шлиман мырзаны алдаудың қажеті жоқ. Король ханымына
ұқсап қол қусырып қарап отырғанымнан гөрі, бар жұмысты жұртпен
бірдей атқарып жүргенімді көру оған зор ғанибет қой. Өйткені, оған
қазба жұмыстарын жүргізетін көмекші керек емес пе.
— Ол қызметші əйел іздеп жүрген жоқ!— деп бұрқ етті шешесі.
Софья мен Мариго əуелі жұмыртқа мен лимон қатқан тауық
сорпасын əкелді. Одан соң үстел басындағы жұрт қуана қарсы алған,
тісіңде күтірлеп жататын қуырылған қызылқанаттар — барбундер
ұсынылды. Балықтан кейін Софья қуырылған балапан, одан соң
күріштен жасалған палау мен қойдың сан етін, майға сүздірілген
помидор мен лимон шырынына шыланған жасымық алып кірді.
Бақбақ сабағынан туралған салат укроппен, зəйтүн жемістерімен жəне
ешкі сүтінен жасалған бал татитын ақ сүтсірне — фет тілімдерімен
көмкерілген еді. Десертке — жылытылған гимет балына батырылған
грек жаңғақтары, рахат-лукум, қызғылт жапырақтардан жасалған
мұраппа мен почмиктер, апельсин, бадам пирожныйы, сондай-ақ,
азаттық жолындағы соғыстан соң заңды мақтаныш кофесі деп атала
бастаған түрік кофесі əкелінді.
Түстіктен соң бақ ішіне шыққан Шлиман желетінің қалтасынан
салбырап тұрған алтын бауын алақанымен сипалап қойып:
Аузыңнан дəмі кетпейді. Гректердің қандай шебер аспаз екені
Европаға əлі беймəлім,— деді.
Орнынан көтеріліп, Софьяға қарай жүре түсті де, тосылып тұрып
қалды: түскі тағамдарын ішіп болған жамағайындары топырлап
қақпадан кіріп келе жатыр екен. Ұзамай бақтың іші қайтадан қонаққа
толды.
Колондағылардың Софьяға деген қарым-қатынастарының қалай тез
өзгергені таңқаларлық! Бұрын ол кім еді? Тəп-тəуір білімі бар қабілетті
қыз ғана болатын. Зиялылардың балалары оқитын Арсакейонды, үздік
бағамен аяқтап шықты. Бірақ, семьясының соңғы семестрге төлейтін
ақшаны əрең-əрең тауып бергені де жұрттың қаперінде.
Ал, енді ше?! Ертеңгісін шешесімен бірге жаңа піскен таба нан сатып
алу үшін базарға барғанында еркектер онымен қалпақтарын шешіп,
бас иіп амандасты, жігіттер таң қалғандарын жасыра алмай,
көздерімен ішіп-жеп бітті, құрбы қыздары қызғаныштарын білдіріп
қоймауға тырысып, ебедейсіз езу тартып, кемпірлер шамадан тыс
шаттана құтты болсын айтып жатты.
— Колондағы ең атақты кісі мен тəріздімін,— деп сыбырлады ол
шешесіне.— Шетелдің бір бай адамы біздің үйге қонаққа келді — бар
болғаны сол-ақ қой! Ол тіпті əлі ұсыныс та жасаған жоқ, ал мыналар
мені ұзатып та жіберіпті.
— Ол ұсыныс жасайды,— деп сендірді бибі Виктория.— Келіп
жүргендегі мақсаты да сол. Сен десе есі кететінін жұрттың бəрі байқап
қалды.
— Ал, мен оның Гомер десе есі кететінін көріп те, естіп те жүрмін,—
деп күлді Софья.
— Саған тек күлкі керек.
— Күлкісіз өмір көңілсіз.
Келесі күні таңертең Шлимак оған сыйлық жіберді. Сыйлығына
қосып хат та жолдапты.
«Афины, 6 сентябрь 1869 жыл.
Қымбатты мисс Софья, мына маржан алқаны қабыл алуға мархабат
етіңіз. Абайлап ұстаңыз — жібі онша берік емес. Моншақтарды шашып
алмау үшін оны жібек жіппен ауыстыру керек болар. Тəңір
жарылғасын, аса қадірлі ата-анаңыздан Сізді енді қашан көруіме
болатынын біліп, жазып жіберіңізші. Бұл кездесудің көп жұрттың
көзінше емес, оңаша жəне жалғыз рет емес, əлденеше рет болғанын
қалар едім. Өйткені, менің ойымша, біз бір-бірімізді жақсырақ біле түсу
үшін жəне мінезіміз үйлесер-үйлеспесін анықтау үшін кездесеміз ғой.
Егер сыйластыққа, махаббатқа, мейірімділікке негізделсе некеден
сəулетті сарай жоқ, ал егер оның негізінде арам ой немесе тəн рақаты
жатса, барып тұрған тозақ сол.
Екінші некеге көзімді тарс жұмып қойып кететіндей ақылсыз етіп
жаратпағанына құдайға алғысым шексіз. Егер афинылық дəстүр Сізбен
жəне ата-анаңызбен оңаша жиі жүздесуге, сөйтіп Сізді жақсырақ біле
түсуге мүмкіндік тудырмайтын болса, бұдан былай мені ойға алмай-ақ
қойғаныңыз да жөн.
Өзіңізге деген шынайы құрметіме илануыңызды өтінем.
Генри Шлиман»,
Хатты оқып, таңқалғанынан не дерін білмей, есін енді жиып
отырғаны сол еді, екінші шабарман жəне келді.
«Қымбатты мисс Софья, бүгін сағат екіге он бес минут қалғанда
қадірменді анаңызбен бірге станцияға келе алмас па екенсіз? Одан сіз
Ламбридис мырза мен оның аса құрметті зайыбын жолықтыратын
боласыз. Сосын бəріміз Пирейге барамыз. Пирейден қайық алып,
шамалы серуендейміз. Бізді өзіңізбен жүздесу қуанышынан қалыс
қалдырмас деген үміт білдіріп, өзімнің шынайы құрметіме шандырғым
келеді.
Тəңір жарылғасын, жауап ретінде екі-үш ауыз сөз жазып жіберіңізші.
Г. Ш.»
Софья ешқашан қайықпен жүзіп көрмеген; өз отандастарынан бір
өзгешелігі су десе тұла бойы түршігіп қоя беретін. Он жетіге
толғанынша теңіз сырқатына ұшырамаған жылы болмаған.. Тіпті жаз
айында үй ішімен бірге сенімді пароходпен тиіп тұрған жерге - Эгину
немесе Андрос аралдарына «табиғат көркін тамашалауға»
шыққандарында да ауырмай қалған кезі жоқ-ты.
— Не істеуім керек?- деп дағдарды ол.— Эгейдің қыбыр еткенімді
қалт жібермейтіні белгілі — тағы да долданып шыға келетіні анық.
Шлиман мырзаның сөзін де жерге тастай алмай тұрмын: ол да бұрқанталқан болып дауыл тұрғызуы мүмкін.
— Шлиман мырзаға жауап жаз. Шақырғанына қуанышты екеніңді,
бірақ əкеңнің келісімінсіз шақыруды қабылдай алмайтыныңды, ал əкең
кешігіп жатқанын түсіндір. Шлиман мырзаның өзі кешкі асқа келсін,
оңаша отырып асықпай əңгімелесулеріңе жағдай жасап бағармыз.
Жауапты жібергені сол еді, қарыны ашқан Георгиос Энгастроменос
та оралды. Шлиманның екі хатын оқып шығып, əйелі мен қызына
қадала көз тікті.
Мəселе айқын — бару керек. Келісіміңді айтып, Шлиман мырзаға
дереу хабар жібер. Ал, сен, Викторин, деп жалғастырды ол сөзін сол
баяғы сұсты кейіппен,— Ламбридистерді əңгімеге алдандырып,
«Софья мен Шлиман мырза өз шаруалары жайында аз да болса
сырласып алуына қам жаса. Əуесқойлығың жеңіп, тыпыршып тыныш
таба алмайтын болсаң теріс қарап отыр.
— Тек Шлиман мырзаның көңілі үшін ғана болмаса. Жалғыздық
адамды жүнжітіп жібереді ғой,— деп келісе кетті Виктория.
Шлиман қайықтың ең үлкенін таңдаған. Бірақ, Софьяға бұл шамадан
тыс шағын əрі орнықсыз көрінді. Айлақтан шыққанша бəрі де
ойдағыдай болғандықтан Софья бұл жолы, бəлкім, бəрі де сəтімен бітер
деп үміттеніп те үлгерген. Əйтсе де ашық теңізде күннің жүзін қара
бұлт жауып, қатты жел тұрып, қайықты жаңқадай жұлқи бастады.
Софьяның жүрегі көтерілді. Ал, Шлиман болса, ұлыған желді де, қыз
жүзінің қуқыл тартып сала бергенін де байқамағандай еді: серіктері
оларға арқасын беріп отырған, қазір оған керегі де осы болатын.
— Мисс Софья, маған неліктен күйеуге шыққыңыз келеді? — деді ол
тəуекелге бел буып.
«Апырмай, сұрайтын жерді тапқанын қарашы! Мен құр сүлде
отырмын ғой!» деп ойлады Софья.
Шлиман ағынан жарылып айтатын жауап күткендей мойнын созып
жіберіп, оған міз бақпай қадала қарап қалды. Софья əбігерге түскен
асқазанын тыныштандырмаққа тырысып қинала жұтынып алды да,
ішін қолымен басып отырған күйі таңқаларлық аңқаулықпен:
— Себебі, ата-анам маған солай бұйырды,— деді. Шлиманның өңі
бозарып кетті. Софья оны да толқын шайқап титықтатқан екен деп
ойлаған, бірақ келесі сəтте-ақ көзінен ашу оты ұшқын атып, жүдеулеу
жүзі күреңітіп сала бергенін көрді.
— Сіз əрі жас, əрі білімді əйелсіз. Сізден мұндай мүлəйім жауап есту
жаныма батып отыр, мисс Софья,— деді ол қарлыққан дауыспен.—
Мен өзім қарапайым, қақ-соқта жұмысым жоқ, семья қуанышын ғана
ойлайтын адаммын. Біз үйленсек тек қазба жұмысын бірге жүргізу
үшін, Гомер рухын бірге қастерлеу үшін ғана үйленеміз.
Теңіз одан əрмен толықсып, ақ көбіктене бастады. «О, жасаған ием,
осыдан аман құтқарсаң, екінші əрі суға аттап аяқ баспас едім!» деп
жалбарынды Софья.
Құрғап кеткен еріндерін жалап алды да, сертінің өрескелдеу боп
шыққанына мырс етті: су бетімен құрғақпен жүргендей еркін жүретін
жалғыз хақ тағаланың өзі ғана ғой. Əбден берекесі кетіп бітті, бірақ,
мына мінез-құлқы басқаға ұқсамайтын, бітімі бөлек адамның алдында
сыр жасырмау қажет деп ұйғарды.
— Мистер Генри, жауабымнан соншалықты шошынуыңыздың жөні
жоқ. Грецияда қыздарының тұрмысқа шығуына ата-аналарының
өздері қам жасайды — осы лайық-ау деген күйеуді өздері іздеп табады.
Менің ата-анам да солай істеп отыр. Мен де олардың айтқанынан шыға
алмаймын. Бұл бір жағынан жақсы да ғой: бүгін жібі түзу қыз болсам,
ертең жібі түзу əйел болмаймын ба?
Бұл оны онша көп тыныштандыра қоймады.
— Сонда маған күйеуге шығуыңыздың басқа ешқандай себебі
болмағаны ма? Тек қана ата-анаңыздың айтқанын тыңдағандықтан
шықпақсыз ба?— деп өзеуреді Генри одан əрі.
Жүрегі көтеріліп, лақ еткізіп құсып жіберудің аз-ақ; алдындағы
Софья бұл азаптың енді қаншаға созыларын білмей аласұрумен
отырған. Ойлары бытысып кеткен ол: «Сонда бұл не дегенімді тілеп
отыр? Оған таңданамын, өз пікірін қорғаудағы батылдығын құрмет
тұтамын, дегенімді ме? Бұны айттым. Керек болса, тіпті ойларын
ұнататындығымды да аңғарттым. Енді не үшін таңданбақпын тағы?
Өзі де бүкіл өмірімнің мəні осынау ізденістерде деп жүр ғой. Ұлты грек
əйел арманымды орындауым үшін қажет деді ғой. Сонда мен нені
айтуды ұмыттым екен? Жəне қазір, жаным көзіме көрініп отырған
кезде, оны қалай еске түсіре алмақпын?»—деп күйінді.
Бұлт арасынан күн сығалады. Софьяның да көңілі жадырап сала
берді.
«Білдім, білдім! Неліктен ол бүкіл əлемде беделге ие боп жүр дейсің?
Неліктен бойжеткен қызы бар грек семьясының бəрі оған ынтық боп
жүр дейсің? Себебі біреу — ол миллионер! Бұндай байлар жайлы біз
тіпті естіген де емеспіз. Осының бəріне ол жүйелі білімсіз, жақынжарандарының көмегінсіз, жалпы ешкімнің жəрдемінсіз өз күшімен
қол жеткізді. Оның мақтануға қақы бар».
Софья басын көтеріп, барынша шат дауыспен:
— Себебі, сіз бай адамсыз!— деп мəлімдеді.
Генридің жүзі көн тəрізденіп кетті.
— Маған күйеуге шыққыңыз келетінінің себебі — менің байлығым
екен ғой. Адам ретінде ешқандай қадір-қасиетім болмағаны ғой!
Ендеше, осымен əңгіме де тəмам. Сіз туралы енді ештеңе ойламауға
тырысармын.
Соны айтты да, ескекшілерге мойын бұрып:
— Портқа қайтыңыздар!— деп бұрқ етті.
Бибі Виктория түпкі бөлмеге барып жатып алды. Король
ханымындай сымбатты, салиқалы да сабырлы əйел көз жасын күшпен
тежеп жатыр еді. Осы күнге шейін Софья шешесінің жылағанын көрген
емес. Шешесі тіпті бастарына бақытсыздық туып, үйлерінен
айырылғанда да көзіне жас алмаған. Енді міне — неткен
масқарашылық десеңші: Энгастроменостар сорлы адамдар боп шықты!
Мистер Шлиман басқа қалыңдық іздемекші.
Софья да өз бөлмесіне барып, кілттеніп алды. Шлиманның айнып
қалғаны жанын күйзелтіп жіберген еді. Өзінің үй-ішіне қаңдай қасірет
əкелгенін аңғарған кезде егіл-тегіл еңірей жылады. Түні бойы көз
ілмей жатып, турашыл да шыншыл жауаптары Генри Шлиман сынды
тəкаппар да шамшыл адамды шынымен қанағаттандырмайтынын
ұғынды. Ол сирек ұшырасатын қасиеттердің иесі. Өмірінің екінші
бөлегін басқаша құруға деген батыл шешімі, мінезінің турашылдығы
мен адалдығының өзі неге тұрады? Міне, болашақ жұбайы оны осы
қасиеттері үшін ғана қадір тұтуға тиіс қой, деп кінəлады өзін. Поезбен
Пирейге бара жатқан жолда Ламбридис мырзаның мистер Шлиманның
тіл үйренуге қолданып жүрген айрықша əдісі жайлы айтқаны есіне
оралды. Ол бір кітапты екі тілде: бірін — өзі білетін, екіншісін —
жаңадан үйреніп жүрген тілде дауыстап оқиды екен.
— Жалпы алғанда, біз əр елдің тіліне орай əртүрлі ойлап, əртүрлі
əрекет етеміз,— деді Шлиман.— Неміс тілінде мен ауызша да, жазбаша
да кесек турап кетем, ағылшынша — сыпайымын, тіпті кішіпейілмін
деуіме болады, француз тілі мені кекесінмен сөйлеуге итермелейді. Ал,
грекшем қалай, мисс Софья?
— Ауыз-екі тілде сіз нағыз грексіз, келелі істе кеңпейілдік
көрсетесіз, шамалыға шұқшия қарайсыз. Ал, жазуыңыз,— Софья сөз
таппағандай қиналып қалды,— құдды бірден барлық тілде
жазылғандай.
Ол бұны комплимент деп қабылдады да, ішкі қалтасын
қопарыстырып, тасқа басылған жазуы бар парақтардың бір будасын
алып шықты.
— Мына брошюра жақында ғана Нью-Йорктен келді. Бұны
американ филологтарының май айындағы съезіне арнап жазғам.
Рұқсат сұрап алды да, мақаласының бас жағын оқып берді. Софья
тағы да таңғажайып өзгерістің куəсі болды: оның қарсы алдында
отырған адам орта жастардағы, келбеті де көз тарта қоймайтын мырза
емес еді. Жанарынан ұшқын атқан, бойын тік те тəкаппар ұстайтын
сүйкімді жас жігіт еді. Ым-қимылдарында да рухани күш-қайратына
лайықты жігерлілік пен жарасымдылық бар-ды.
«Тіл үйренуге университет курсында қанша уақыт болу керек?» Бұл
сұраққа жауап ретінде мен V Карлдың I Францискіге айтқан: «Əрбір
жаңа тілді үйрену арқылы жаңа өмірге ие боласыз»,— деген сөзіме
жауап бергім келеді. Себебі, бөгде елдің тілін білу оның əдебиетімен,
əдет-ғұрыптарымен танысуымызға жағдай жасайды...
Жаңа ғана қылаң берген таңның жарығы алаңнан бері өтіп,
Софьяның бөлмесіне келіп енді. Түні бойы кірпік ілмей, алуан түрлі ой
кешіп шыққан қыз өзінің есейе түскенін сезінді. Мистер Шлиманға
былай жауап беруі керек еді:
«Менің сізбен тұрмыс құрғым келеді, себебі сізді қадір тұтамын.
Жүйелі білім ала алмағаныңызға қарамастан, сіз тамаша ғалым жəне
лингвист боп шықтыңыз. Əйеліңіз, көмекшіңіз жəне адал досыңыз
ретінде сізбен бірге Троя мен Микенді қазу, сөйтіп жоғалған қазынабайлықтарды əлемге қайтарып беру жайын ойыма алсам, жүрегім
аттай тулайды. Мұндай құрметке ие болуды көзі ашық, көңілі сергек
əйелдердің қай-қайсысы да арман етері анық. Сізге жұбай болғым
келетін себебім де осы».
— Иə, кеше осындай ақылды болсамшы,— деп күрсінді ол.
Бірақ, теңіз сырқатынан кеудесінде шықпаған жаны отырғанда
бұндай ақыл қайдан келе қойсын.
Осындайдай ойсыздыққа орын бергеніне өкінеді, ал туғандарының
шаруа-жағдайларын түзей алмайтыны есіне келгенде еңсесі тіптен
түсіп кетеді. Күн сəуле шашырата бастаған кезде киінді де, кофе ішуге
əрі дүкеннен оралған əкесі мен ағаларына Генри Шлиманмен арадағы
алғашқы «оңаша сұқбаттасуының» нəтижесін айтып беруге төмен
түсті. Олардың таңырқауында шек болмады: Софьяның жауабында
нендей сөлекет нəрсе бар еді?
— Мистер Шлиман əлемді шарлап, көп сапар шеккен адам,— деді
əкесі таң-тамаша болып.— Біздегі тəрбиелі семьяларда қыздарының
тұрмыс құруына ата-анасы қам жасайтынын оның білуі керек еді ғой.
Сен оған шындықты айтыпсың — бұған ренжитін не бар?
— Софья сүйетінін айтып ант-су ішсін деген ғой!— деп үн қатты он
төрт жасар Мариго.
— Мұншалықты аңқау болар ма!— деді бибі Виктория. Ол күйеу
баладан айырылғанына көндігіп, енді қызын аналық мейіріммен аяп
жүрген.— Софья онымен көп кездескен жоқ, оның үстіне үйден де адам
арылмады... Бұны былай қойғанда, қыз бар болғаны он жеті-ақ жаста
ғой. Ал, өзі махаббат дегеннің тойдан кейін ғана келетінін білмейтін
бала болса бір жөн...
— Ол менен сүйетінімді айтуды күте қоймаған шығар,— деп
күбірледі Софья.— Жəне мен айта да алмас едім. Бұның жалған екенін
ол бəрібір дауысымнан біліп қояр еді.
Істің барысы бұлайша бағыт алып бара жатқанына абыржыған əкесі
қызының көңілін көтермек үшін:
— Софья, қалқам, бұның өзі ойлағанымыздай болып шықпады ғой.
Баяғыда көлеңкелер театрына апарғаным есіңде ме? Бұнда да тап
сондай боп отыр. Бірнеше сағатқа ғана созылған шағын спектакль.
Енді міне оның да шымылдығы түсірілді. Елестер таңғы тұмандай тез
сейіледі,— деді.
Бірақ, жоқ жерден Александрос ашу шақырды.
— Критте: «Құстың өзі шоқыса, құдай да оны құр қалдырмайды»
деген мақал бар. Шаруашылығымызды түзеп алатын-ақ жағдай еді.
Сүйгендігімнен шығамын деген бір ауыз сөзді айтқанынан келіп-кетер
не бар еді? Бүгін болмаса ертең шындыққа айналатын ақиқатты айтуға
қадірлі қарындасымызға не бөгет болды екен? Ақиқат! Ол ешқашан да
қарын тойдырып көрген жоқ. Ал, біздің ерке қызымыз өмірлік серік
іздеп жүрген жалғыз басты адамды алдарқататын сөзді айтуға да
бəлсінеді.— Ол Софьяға қарай бұрылды.— Сен бізді де, мистер
Шлиманды да бақытсыз еттің.
Кеше теңізде сен бүкіл Энгастроменостар семьясын суға батырдың.
Генри Шлиман бірнеше күн бойы тым-тырыс жатып алды. Бұл тым
ұзаққа созылған ауыр сынақ еді. Бұған шейін Софья қайғы азабын
тарту дегеннің не екенінен бейхабар-ды. Семья басына ауыр күн туған
кезде, жалпыға ортақ күйзеліс оны жай желпіп қана өткен. Қазіргі
жағдай мүлдем басқа еді: қазір бəріне кінəлі өзі ғана болатын. Оңаша
отырып өзімен өзі арбасқан кезінде ызаға булығып қалатын.
«Сол бір əңгімені теңізде неге бастады екен? Егер ол тек өз басының
ғана қамын ойламайтын болса, менің құр сүлде отырғанымды байқар
еді ғой... Ол сезімтал емес пе еді?
Бірақ, оның басқа мүмкіндігі болды ма?— деп тоқтатты ол өзін.—
Айналасынан адам арылмады. Бəрі де аңырайып соның ауызына қарап
отыратын. Оңтайын тауып, сұрақ қоюы да орынды... Критте қалай
деуші еді? «Жоғалтсам сырғамды жоғалттым, құлағымның тесігі өз
орнында» деуші ме еді?
Жұрт та енді оған ерекше көңіл аудармайтын болды. Өйткені,
ықыластары суып қалған. Жекжаттары да бас сұғуды қойды. Көрші
қыздар мысқылдап мырс-мырс күліп, жігіттер тура қараудан тайсалып,
ересектер сыпайы-салқын кейіп көрсетіп жүрді. Колон қайтадан
бұрынғы қалпына түсіп, Афинының адамы аз, тек жазғы маусымда
ғана тірлік нышанын танытатын ұйқылы-ояу серіктес қалаларының
біріне айналды.
Вимпос ағай көңіл сергітерлік хабар əкелді. Шлиманнан хат алыпты.
Неапольға бармақ боп жиналып жүр екен. Софьямен таяу арада
жүздесе қоймайтын тəрізді. Бірақ, күндердің күнінде шын берілген
достың қажет болса, Софья өзін еске алар деп үміттенеді екен.
— Ренжіп, налыма. Сары уайымға да салынба,— деп жұбатты оны
Вимпос əкей.— Мистер Генри «Англитер» қонақ үйінде жападанжалғыз қамалып отыр. Бəріңнен гөрі соған қаттырақ батты-ау деймін.
Есіл дерті сіздермен татуласу. Мистер Шлиман тек қошемет-құрметті
ғана емес, сонымен бірге сан соқтырған сəтсіздіктерді, жəбір-жапаны
да көріп өскенін ұмытпа, балақай. Мысал ретінде бақал дүкенінде
істеген бес жылын алайық. Үй-күйі, жанашыры жоқ-ты. Таңның атысы,
күннің батысы мігірсіз қызмет етіп, кешкісін дүкендегі сөренің астына
құлай кететін... Амстердамда ол үйдің шатырын мекен етті. Бұл мекені
қыста тісің-тісіңе тимейтін суық, жазда тынысыңды тарылтатын
тымырсық еді. Ал, тамағы — бір тілім нан мен бір кесім қатқан сүтсірне
болатын. Өйткені, алатын аңысы аз-ды, əрі кітапқа үнемдеу керек-ті...
Россияда дəулет жиғаннан кейін де ол — біз сол тұста танысқанбыз
—«бірінші гильдиялық саудагер» сатысынан əрі аса алмады.
Үйленгенсін де оған ақсүйектер қауымына жол ашылмады. Семьялық
өмірінің өзі де онша оңып тұрмаған. Тағдырдан осындай тауқымет
тартқан адамға кеңпейілдікпен, кешірімділікпен қараған жөн.
Софья туыс ағасының қара клобук астынан қуқылтым тартып
көрініп тұрған жүдеу өңіне тесіле қарап қалды. Өзін бірінші боп ыңғай
білдіруге итермелеп отырғанын сезді.
— Сонда оған хат жазып, кешірім сұрауым керек пе?
— Оны өзің білесің.
— Генри ренжімеуі үшін не деуім керек болады?
— Ойланып көрсеңші.
— Мақұл. Қатемізді жөндеуіміз қажет.
Спирос таза парақ əкеп берді. Софья бөлмесіне көтерілді де, тіпті
таяуда ғана тəлім берген ұстаздары да тани алмайтын, айқын
қолтаңбамен:
«Қымбатты мистер Генри! Кетіп бара жатқаныңыз қандай өкінішті.
Айтқан сөздерімді көңіліңізге ауыр алмаңыз. Жас бойжеткен тек солай
ғана жауап беруге тиіс шығар деп ойлағам. Ертең кіріп шықсаңыз өзім
де, ата-анам да қатты қуанып қалар едік»,— деп жазды.
Конвертті желімдеген соң төмен түсіп, төргі бөлмеге келді. Хатты
қонақ үйге əкесінің өзі апарып бермекші болды.
Ертеңіне жауап келді:
«Байлық — неке қуанышын көбейте түсетін ғана нəрсе, бірақ семья
бақыты онымен өлшенбейді. Егер зайыбым маған ақша үшін немесе
Парижде сылаң қағып жүру үшін тұрмысқа шығатын болса, онда ол
ертең-ақ Афинысын тастап кеткеніне оңбай өкінетін болады. Себебі, ол
мені , өзін де бақытсыз етеді. Болашақ зайыбым мені алдымен адам
ретінде қадірлеуі керек...»
Оның жол жүретіні анық көрінді.
Бибі Виктория Софьяға айрықша сенім көрсетті білем. Келген хатты
да ашып қарамады, кейін жазатын жауабына да көз жүгіртіп шығуды
өтінбеді. Бұл үшін оған қызының алғысы шексіз болатын. «Шамасы, ол
өз шаруамызды тек мистер Генри екеуіміз ғана реттейтіндігіміз
жайлы ескертілген болуы керек. Шыны да сол ғой. Бірақ, мен не
жазсам екен? Ол ақылды адам, əйтсе де кедей болса қалыңдық іздеп
Грецияға келмейтінін түсінбейді. Өзі бай, өзі кедей осынау кінəмшіл
адамға Париждің маған текке керек емесін қалай ұғындырсам екен?!»
«Қымбатты мистер Генри! Пирейге сапарымыз кезіндегі жауабыма
көңіліңіздің қалғанын біле тұрсам да, сол бір алғашқы жүздесулерде
жүрегімді шаттыққа толтырған шұғылалы шақтарды қайта
оралтарсыз деп сеніп, хатыңызды асыға күтіп ем. Бірақ хатыңыз мені
қайғыға батырды. Өзім туралы қандай ойда екеніңізді аңғарғаннан
кейін бұрынғы жайдары пейіліңіздің кайта оралуын тілеп құдайдан
жалбарынумен болдым. Бұрынғы ниетіңізден таймай, Афиныдан сенбі
күні жүрмек боп отырғаныңызды жазыпсыз. Бұл мені соңғы үмітімнен
айырайын дегеніңіз ғой. Мен үшін бұның қандай қасірет екенін
білсеңіз етті. Сізден жалғыз ғана өтінішім — ең болмаса жүреріңіздің
алдында соғып кетсеңіз қайтер еді. Мейірбан жүрегіңіз бұл тілегімді
жерге тастамас деген үмітпен, зор құрметпен, Софья Энгастроменос».
Бұл күні де, келесі күні де жауап болмады. Хат жазуға ерінбеймін,
күн сайын қуана-қуана он шақты хат жазып тастаймын деп Софьяға өз
ауызымен айтқан адам үшін бұндай шабандық ақылға сыйымсыздау
көрінді. Софьяның еңсесі түсіп кетті: Шлиманның Шип мəнінде жүріп
кеткелі жатқаны, семья абыройын сақтаудың амалын жасауға
мүмкіндік бермейтіні айқын боп қалған. Оқиғаның бұлайша өріс алуы
оның діңкесін құртты, өйткені үй ішіндегі жағдай жан шошырлық еді.
Шлиманның есімін ешкім ауызға алмайтын, бір-бірімен де сирек
тілдесетін, онда да амалдың жоқтығынан сөйлесіп тұрғандай
көрінетін. Бəрінің де көңіл хошы жоқ, ренішті, наразы. Кешкі тамақтың
алдында, тəбеті жоқтығын желеу етіп, өз бөлмесіне
көтерілді де, төсегіне барып жастығын құшақтап құлай кетті... Софья
ненің күйігіне бола жылап жатыр еді? Бəлкім, астанадағы бұрынғы
бақытты тіршілігіне кайтып оралу үмітінен айырылған ата-анасын
аяған болар? Бəлкім, тұрмыс құрса өзі аз да болса қарайласып тұратын
бауырларының тағдырын ойлап налыған болар? Əлде өз басының
орашолақтығына, қарапайым нəрсенің ыңғайын таба алмағанына
өкінді ме екен? Мүмкін, осының бəріне жəне оған қосымша бас айналар
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 04
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.