Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 05

Total number of words is 3921
Total number of unique words is 2376
31.9 of words are in the 2000 most common words
45.3 of words are in the 5000 most common words
51.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
де аманбыз. Тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк. Жер бетіндегі ең үлкен, ең
көркем ғибадатхананы — əулие Петрдің соборын көрдік. Ол сондай
əдемі! Ватикан музейіне барып, Сикстин капелласын, Рафаэль
бөлмесін, грек жəне мысыр мүсіндерін көрдік» (Римнен).
Келіншегінің ата-анасына жолдаған хаттарына Генри «Софьяның
бақытты жұбайы» деп қол қойып жүрді. Кейде Софья туыстарына өзі
куə болған қызықтарды да хабарлайтын:
«Венецияда мені қаладағы бірнеше көшеден басқасының бəрі
тұтасқан теңіз екендігі қатты таңырқатты. Күймемен жүрудің орнына
мұнда қайықпен жүреді. Қайықтары табыттан аумаған: тап сондай қапқара көне жартылай жабық. Падуяға барғанымызда университетте
болдық. Онда бізге отыз жыл бойына жұмыс істеп тұрған машинаны
көрсетті. Олар мұны мəңгілік двигатель деп атайды екен. Ал, мен
мұндай двигительді күнбе-күн өз жанымнан көріп жүрмін: Генри
музейге кəдімгі жұрт құсап бармайды, баса көктеп кіреді, сосын
төбесіне өзінің туын тігеді».
Генри оған қыш-құмыра бұйымдарына соғылған белгілер мен
салынған əшекейлерді танып-білу жолдарын үйретті. Бұйымның түрі,
сырдың сапасы, тұтқасы, түбі мен мойыны қандай өзгерістерге
ұшырағанын ажырата білуге баулыды.
Бұның жер жəннаты екеніне дау жоқ. Маған мұндағының бəрі де
ұнайды, бірақ бəрінен қатты ұнайтыны — Генри екеуміздің бірбірімізді сүйетіндігіміз. Біз ылғи бір-бірімізге қамқорлық жасаймыз,
сондықтан əрқайсысымыз екі есе бақыттымыз. Менің кішкене
қиналып жүргенім тіл үйрену жағы боп тұр. Қазір мен күніне төрт
мəрте бір-бір сағаттан шұғылданып жүрмін. Көбіне оқытушы əйелмен
бірге əзірленем, кейде Генридің өзі де үйретеді».
Бұған қоса Генридің неміс тілі оқытушысын да жалдағанын, сондайақ кітапханасындағы Гете жəне Шиллер кітаптарын пайдаланып,
Софьямен өзі де шұғылданатынын ол үйіне жазбаған. Генри
Сорбоннадан параллель жүйе бойынша француз жəне грек тілдерін
үйрететін профессор тауып, оны Софьяның шығармаларына бас-көз
қып қойған-ды. Генридің өтініші бойынша Софья күн сайын шығарма
жазатын.
Софьяның күнбе күнгі он сағаттың оқуын місе тұтпаған ол оны
Париж университетіне студент етіп тіркеткен. Əйтсе де Софьяға бұл
азап өте ұнап жүрді. Əсіресе, кешкісін өздерінің жанға жайлы
кітапханаларында Генри дауыстап кітап оқыған кезде айрықша
рақатқа бөленетін. Ғыссарлықтағы қазба жұмыстары басталғанға
шейін Генри Софьяның: Винкельманның «Ертедегі өнер тарихы»,
Бельцонидың Мысыр көрханаларын ашуы, Геркуланумнен табылған
мəрмəр жəне қола мүсіндер, Помпейдегі он жеті ғасыр бойы жанартау
пемзасының астында жатқан қабырғаға салынған суреттер сияқты
археологиялық əліппелермен жақсы танысып алғанын хош көрген.
Софьяға білім беру жөніндегі құлшынысында Генридің бір өзі бір
университетке татитын. Софьяның үйде шұғылданатын ешқандай
шаруасы жоқ-ты. Бибі Викторияның айтқаны айнымай келді — аспаз
боп істейтін француз əйел оған тіпті ас үйге бас сұғуға да рұқсат етпей
қойды. Кір жуушы əйел мен күтуші əйелдердің қолдарының
сұғанақтығы барын Софья байқап жүрді, бірақ бұған қалайша тыйым
салуға болатынына ақыл жеткізе алмады. Генри оған киімкешектеріне қарайтын күтуші жалдаған. Түскі қонақ асыларға
күйеуінің өзі қам жасайтын; шақыратын адамдар тізімін əзірлеп,
Эрнест Ренанды жəне басқа да жан тыныштығын бұзушыларды қонақ
ететін.
Жастығына байланысты, əрі тіл білмейтіндіктен Софья, əрине,
ортақ əңгімеге араласпайтын. Бірақ, бұған онша көп уайым жемейтін.
Оның өзінің алабөтен үлкен уайымы бар еді: ол үйін сағынып жүрген.
Туған-туыстары, Афины, Греция — бұларсыз көңілінің хошы
табылмаған. Ал, Генри бұны түсінбей-ақ қойды.
— Парижге есің кете ғашық болмау деген не сұмдық?!
— Генри, грек семьясының туысқандық ынтымағының беріктігі,
европалыққа, бəлкім, түсініксіз де шығар. Біз бір-бірімізді бірнеше
сағат көрмесек өле жаздаймыз. Семьялық ынтымақтың өміріміздегі
мəні орасан зор. Бұлайша азап шеккеннен аяғым сынып үйде
отырғаным əлдеқайда артық,— деді Софья.
Ағасы Спиросқа: «Қалай тұрып жатырсың дейсің бе? Бəрі де
ойдағыдай. Күні бойы тіземнен сөздік түспейді, гимнастикадан да
сабақ алып жүрмін. Кейде үйді сондай қатты сағынамын. Рас, күйеуім
мені онша көп оңаша қалдырмайды. Серуенге алып шығады, театрға
жə болмаса өзім өте жақсы керетін циркке алып барады» деп жазды.
«Көңілімді тыныш таптырмай жүрген жалғыз нəрсе,— деп сырын
айтты сіңлісі Маригоға, сіздерден жырақтап кеткенім. Тəңірім маған
бақытқа сараңдық жасамады, бірақ туыстарыммен байланысты үзіп
алдым». Əкесіне жазған хатында:»Қадірменді папашым, сағынышты
сəлеміңді алдым. Мың қайтара оқыған шығармын. Мені
ұмытпағандарыңа қуанып, жасым тыйылмады».
Софья оларға көмектесудің жолын таппай қиналды. Ал, көмектесу
өте қажет болатын! Генриден той шығындарына деп мың алты жүз
драхма алғаннан кейін ендігəрі ешқашан ештеңе сұрамауға уəде
берген. Сол себепті сөзінде тұрғысы келді. Ал, өз қолында ақша жоқ-ты.
Өйткені, əйеліне ұсақ-түйек алуға ақша беру жайлы ой Генридің
қаперіне кіріп те шықпаған.
Шынында да бұндай ақшаның оған қандай қажеті бар еді?
Қызметшілер мен саудагерлерге, тігіншілерге тиісті ақыны Генридің
өзі төлеп, төлем есебін ықтияттылықпен гроссбухқа жазып қоятын.
Күйеуі əзірше ешқандай талабына тоқтау сала қойған жоқ, бірақ егер
Софья бұрын да қолына ақша ұстамаған болса, қазір оның қажеті
қанша? Өз ойының рулеткасын қанша айналдырғанымен шаригі
барып қайта-қайта «нөлге» түсе берді. Өзінде не керектің бəрі де болса
ұсақ-түйекке жұмсайтын ақша немесе чек сұрауға аузың қалай
бармақшы?
Бұның соншалықты өкінішті болатынының тағы бір себебі — Генри
Шлиман дəулетінің қандай екенін шамамен болса да көз алдына
елестете алатын. Оның Париждегі төрт үйі үш жүз алпыс мың долларға
бағаланатын. Бұл оның қозғалмайтын қоры еді. Осы үшін өзіндегі орыс
облигацияларының бір бөлегін төлеген. Арендалық ақы оған шаш
етектен пайда келтіріп жатқан. Сосын тек бір ғана Қырым соғысының
өзінен екі миллион сом, яғни шамамен төрт жүз мың доллар табыс
тапты. Оның Санкт-Петербургте, Лондонда, Гамбургте, Нью-Йоркте,
Парижде өз банкирлері мен агенттері бар-ды. Ол Нью-Йорк пен
Кубадағы темір жол компанияларының, Англиядағы заводтар мен
фабрикалардың акционері болатын... Жылдық кірісі қомақты соманы
құрауға тиіс еді. Генридің ерте ме, кеш пе əйтеуір бір орайын тауып
туғандарына көмектесетініне күдік келтірмеген. Бірақ, қазір париждік
қызықтарға басы бүтін беріліп, басқа ештеңені ойлайтын емес. Олар
жайлы ойға алғанынша олар қайтып күн көрмек?..
Төркінін ойлап алаң болғандықтан, күтушіге лық толы үйлеріндегі
қуанышқа көңілі жібімеді. Барқытпен тысталып, алтын жалатқан
мебель де, операдағы ложа да, жібек жəне атлас көйлектері де
қуантпады. Көңілі мүлдем құлазып кеткен шақтарында үйіне, Грецияға
қайтып оралғысы да келді; бұлай жүргеннен сонда барып мұғалима
боп жұмыс істеп, шама-шарқынша ата-анасына көмектескені
əлдеқайда артық.
Рождествоға орай Генри оған Англиядан арнайы алдырған əдемі
сағат сыйлады, ал Георгиос Энгастроменосқа — чекке тіркелген
хатында жазғанындай, «мерекені атап өту үшін» мың франк аударды.
Осынау екі жүз доллар оларды ең болмаса мереке күндерінде бір
тойындыратынын ол қайдан білсін! Софья туғандары бұған
қуанатынын біліп шаттанды. Сондай-ақ Генриге де риза еді, өйткені
бұны ол өз ықтиярымен істеген болатын.
Біраз уақытқа шейін Греция мен үйі жайлы ойдан жеңілдеп қалған,
бірақ осы тұста үш ұйықтаса түсіне кірмеген жақтан бір жайсыздық
жолықты. Бірде, декабрьдің орта шенінде, екеуі кітапханада Генридің
Германиядағы қарындасы жазған хатты оқып отыр еді, ойда жоқ
жерден телеграмма келді. Телеграмма Петербургтен жіберіліпті, оған
Генридің он төрт жасар ұлы Сергей қол қойыпты: Генри қыздарының
үлкені, он екі жасар Наталья қан қағындысынан қайтыс болыпты.
Генри үш күн бойы жатын бөлмеден шықпай қойды, тамақ ішуге де
зауқы соқпады. Əкелік парызымды атқара алмадым деген оймен өзінөзі азаптаумен болды. Егер Петербургте болса, тəуір дəрігерлерді
шақырар еді, Наталья аман қалар еді...
Баласынан
айрылған
əкенің
сезімі
Софьяға
беймағлұм
болғандықтан, ол күйеуіне тек ақыл қосу арқылы ғана басу айтты.
— Сенің Петербургтегі агентің Гюнцберг мырза доктор Кауцлер мен
доктор Эккті шақырғандарын жазыпты ғой. Олар жақсы дəрігерлер
ме?
— Тамаша дəрігерлер.
— Егер Петербургте болсаң, сен де соларды шақырар едің ғой?
— Оған сөз бар ма?
— Ал, шешесі ше? Ол да Натальяны жақсы көретін бе еді, оған
қамқорлық жасайтын ба еді?
— Əрине.
— Ендеше, саған тірелген ештеңе жоқ екен ғой.
— Өзім қасында болсам ол ауырмаған болар еді.
Олар болса мені бейне бір оның ашынасындай санайды»,— деп
налыды Софья өзімен өзі оңаша қалған сəтте.
Уақыт өткен сайын Генридің күйініші де күңгірттене түсті. Ал,
Софья үшін Париждің кісі қызығарлық қасиеті қалмады. Қыс та келді:
жаңбыр жауып, күн суытып, қар ұшқындады, аспанды сұр бұлт
торлады. Серуенді қоя тұруға тура келді. Софья салқын тигізіп алды,
Генри тұмауратып қалды. Рождествоға орай шешесі бір қорап печенье
салған-ды. Ет-бауырын елжіреткен естеліктерін ұзаққа соза түсу үшін
Софья оны күніне бір-біреуден, таңертеңгі тамақтан кейін жеп жүрді.
Жаңа жыл мейрамы,— бұл Софьяның туған күні болатын,— өте
көңілсіз өтті. Ал, бес күннен кейін ауру меңдеген Генри ақыры төсек
тартып жатып қалды. Жаңа, 1870 жылдың əр күнін артта қалдырған
сайын ол аса қатты абыржып, мазасызданумен болды. Өйткені, түрік
үкіметі қазба жұмыстарына келісім беруге асықпай отырғанды. Туған
жерінен табаны ажыраған он сегіз жасар бойжеткен жаңа топырақты
жатсынып жүрсе, қырық сегіз жастағы жігіт ағасы түріктерді
асықтыратын амалдың жоғын ойлап аласұрумен жүрген-ді.
Жылдамдық, жігерлілік, есеп — оның атын шығарған (жəне —
дəулетін арттырған деп қосып қоялық) нəрселер, міне, осылар еді.
— Адамның ақылына сыймайтын нəрсе ғой бұл,— деп кіржіңдеді ол.
— Үкімет немесе бірінші министр осындай жай қағазды жаза
алмайтыны қалай? Олар ұтпаса, ештеңеден ұтылмайды ғой. Ұзын
арқан, кең тұсауға салудың не қажеті бар? Осындай оп-оңай шаруаны
кейінге сырғытудың керегі не?
Бұл сауалдардың бəрі де ашынғандықтан айтылып жатқанын жəне
оны «шыдай тұрмен»— осынау ізгі қасиетті оның суқаны сүймейтін —
жұбата алмайтынын Софья жақсы түсінді. «Мен жаспын ғой,
асықпауыма əбден болады, ал оның күтіп отыратын уақыты жоқ».
Ұлы уəзір алыста болғандықтан, Генри өшін Софьядан алып жүрді.
— Бүйтіп Парижде тұрғаныңа болайын! Есіл-дертің Греция. Бар
арманың туғандарыңмен табысу, гректің көк аспанымен көрісу! Қашан
сенің ақылың толады? Қашан сен өзіңді қадір тұтатын күйеуіңнің
жанында адам құсап өмір сүресің? Үйіңе деген сағынышың
берекетімізді бұзып болды.
Оқу-тоқу Софьяның басын қатырып жіберді. Тамаққа деген
тəбетінен де айрылды. Генри француз дəрігерді шақырды, ол асқазан
бүрмесі деген диагноз қойды. Парижде жұмыс істеп жүрген грек
дəрігер Ішектен кілтипан тапты.
— Мүмкін, Софьяны Германиядағы шипалы суларға апару қажет
шығар?— деп сұрады одан Генри.
— Неге оны өз үйіне апармасқа? Пирейге шомылсын. Оның суы
бұны қалай сауықтырып шығарғанына əлі-ақ өзіңіз де таң қаласыз.
Бəріне себепші Софьяның жалғыздығы екеніне көз жеткізу
қаншалықты ауыр тигенімен, əйеліне деген сүйіспеншілігі ақыры өз
дегенін жасатпай қоймады. Ол Софьяны Афиныға алып баруға,
Константинопольден келетін пəрменді содан күтуге ұйғарым жасады.
Софья өзі үшін Генридің көп нəрсені құрбан етіп отырғанын: бойы
үйреніп қалған, барлық жағдайы бар үйін қонақ үйдегі номерге
айырбастап, кітапханасы мен есімдері елге танымал достарынан қол
үзгелі отырғанын білді. Бірақ, қазіргі жағдайының жанына батып
жүргені сондай, бұл құрбандықты қабыл алмасқа шарасы болмады.
Ертеңіне таңертең, жексенбі күні, Софья мен Генри туғандарының
үйіне жүріп кетті. Əулие Мелетий алаңы мерекеге орай гүл
өрімдерімен безендіріліпті. Маскарадтық костюм киген балалар
көшені шуға толтырып жіберіпті. Софья мен оның туғандары талай
сағат бойы ауыз жаппады. Бақ ішінде басталған əңгіме мерекелік
дастарқан үстінде одан əрі жалғасты. Софья саяхаттары жайлы, Париж
жайлы айтты, үйдегілер жекжат-жұрағаттары мен көңіл жақындары
жайлы сөз өрбітті. Кейде бірнеше адам бірден сөйлей жөнелетін:
таңсəрідегі торғайлар ғана терезе алдынан тап осылай сайраушы еді.
Тағы да туғандары Генриге жете көңіл бөлмегендей көрінді.
Күйеуіне көз тастай, жүзінен мазасыздықтың немесе шарасыздықтың
белгісін таба алмады — тек олардың таусылмас əңгімелеріне таңырқап
отырғандығын аңғарды. Ымырт үйірілген шақта күйменің
көпшіктеріне жайғасып отырып алып, қонақ үйге қайтып келе
жатқандарында Генри: «Түптеп келгенде сен олардікі емес,
өзімдікісің!» дегенді білдіргісі келгендей оны өзіне қарата тартып,
құшырлана құшақтады. Сосын сөзіне мысқылды мəн қосып:
— Ақылдым-ау, осынша көп сөйлеуге, бірақ түк ештеңе айтпауға
бола ма екен?— деді.
Софья оған таңдана көз тікті.
— Тыныстау қандай керек болса, сөйлеу де сондай керек нəрсе,
Генри! Бір-бірімізге не айтып жатқанымыздың мəні болмаса болмас,
бізге тек дауысымызды естігеніміздің өзі қуаныш.'
Генри ойланып қалды. Сосын оны сүйіп алды да:
— Дұрыс айтасың, Софидион. Бір-бірін сүйетіндер үшін бірдеңе
айтып бас қатырудың қажеті жоқ. Олар тек бірге болса болғаны,— деп
салды.
Дүйсенбіде, «Англетерде» тұра бастағандарының үшінші күні,
Софья таң елең-алаңнан Афины көшелерін кезуге кетті. Қайтып
оралғанында, үстінде халаты, алдында бір шыны аяқ кофесі бар Генри
жазу үстелінде отыр екен. Оның қолтаңбасы қиқы-жиқы болғанымен,
анық оқылатын. Софьяға жүзін бұрып, сағат алтыдан бері тосып
отырғанын айтты. Сосын Афинының ұйқыдан оянуы жайлы əңгімені
үлкен ықыласпен тыңдады. Ысырылып, креслодан орын босатып,
Софьяны жанына отырғызып алды да, қант салған ыстық кофеден бір
шынысын құйып берді.
— Шанаң қаладағы Фрэнк Калвертке хат жазып жатырмын. Оның
ұлты ағылшын. Қырым соғысы кезінде Британ флотын жабдықтаудан
миллиондаған пайда тапты. Жеке меншігіндегі участоктардың ішінде
Ғыссарлық жотасының да жартысы бар. Маған қазба жұмысын
жүргізуге рұқсат етті. Жалпы, ол жотаны тұтастай қазуға мəулет
алуым үшін қолынан келген көмегінің бəрін жасап жүр. Айтпақшы,
оның да аздаған əуесқойлығы мен оқымыстылығы бар: Британияның
«Археология журналында» Троаданың көне топографиясы жайлы
бірнеше мақаласы жарық көрді.
Серуендеп, сергіп қайтқан Софья оған жайдары жүзбен көз тікті.
— Оқып көруге бола ма?
Хатты қолына алып, күбірлеп оқи бастады: «Ғыссарлықта қазба
жұмысын қашан бастар екенмін деп тағатым қалмай жүр. Егерде
пəрмен қолыңызда болса, қажетті жабдықтар мен құралдардың тізімін
тағы бір рет жазып жіберуді қиынсынбасаңыз екен. Өйткені, Парижден
асығыстау аттануымыз себепті, бұның бəрін қыста жазған хатыңыздан
көшіріп алуды ұмытып кетіппін. Пəрменді алғандығыңызды
хабарлаған бойда бəрін тауып аламын.Папамның басындағы
жағдайлардан кейін олар ешқайда шыққан жоқ қой.
Ұсынысының тиімді-тиімсіз жақтарын безбендеген Генридің ойына
Софья ошарыла құлақ тігіп қалды. Міне, ол ақыры бір шешімге келіп,
келіскендігінің белгісі ретінде езу тарта күліп бас изеді де, иығын
қомдап қойды.
— Халкидаға пароход қашан жүретінін біліп алайын, сосын сен
Колонға барып оларды шақырып келерсің.
Тап сол күні кешкісін Пирейден Халкидаға пароход жүретін боп
шықты. Екі ара он бес сағаттың жол екен. Генри үш каютаға заказ
берді. Спирос орта бойлы, төртпақтау келген бойкүйездеу жігіт
болатын. Жасы жиырма бірге қарап тұрған. Софьяны айрықша жақсы
көретіндігін, бала кездерінде оны көзінің қарашығындай қорғап
жүргенін есепке алмағанда, бұл жігіттің бойында бөтенше бір жігер
оты бар дегенге сену қиындау еді. Генри үшін ол өте жұмбақ жантұғын:
ештеңе оны қызықтырмайтын, ештеңеге ықылас танытпайтын.
Болашақта кім болғың келеді деген сұраққа Спирос сəл ыңғайсызданып
тұрды да:
— Мен өзі болдым да ғой... Əзірше əкемнің дүкенінде жұмыс
істеймін. Сосын Александросқа көмектесемін. Оның бір өзіне қиындау
тиеді ғой. Ал, өзіме дəнеңе де қажет емес,— деп жауап берді.
Генри сенімсіздікпен бас шайқады. Ал, Софья: «Генри өмірдегі
жалғыз мақсат байлық немесе билік деп ойлайды. Тумысынан
қарапайым болу — тумысынан бір қолы, не бір аяғы жоқ кемтар
болумен бірдей деп ойлайды»,— деп іштей мырс етті де қойды.
Он төрт жасар Маригоны мылжың деуден гөрі мыжу деген дұрыстау
болар еді. Қырынан қараған кездегі сүйірлеу бет бітімі де оны құсқа
ұқсас етіп тұрған, бірақ жалпы алғанда бет əлпетінде əдемілік бар-ды.
Іштеріндегі аузына бір минут тыным болмағаны да осы еді. Тек
Генриді айрықша құрмет тұтатындығы ғана кей сəттерде тілін тістетіп
қоятын — ал бұның өзі шын мəнінде де таңырқауға тұратын нəрсетұғын.
Пирейге дейін олар поезбен барды. Жетіден он бес кеткенде
пароход та жолға шықты. Саяхатшылар кішкене салонда жайбарақат
отырып кешкі тамақтарын ішті де, палубаға шығып сүттей жарық ай
астында əудем жерде қалып бара жатқан аралдарға көз тікті.
Аралдар пошымы жағынан теңіз жануарлары: кит, дельфин, акула,
тюленьге ұқсайтын. Міне, енді орман жануарлары да өте бастады:
жақпар тастардан өрілген бастарын биікке созған керік, аю, елік.
Софья мен Спирос бала кездерінде — үй-іші жаздыкүні Критке,
Миконосқа жəне басқа да жақын аралдарға жол шеккен шақта —
осынау мүсіндерді тірі жануарларға балап, ойынға айналдыратын.
Теңіз тыныш еді, төңіректе лүп еткен самал жоқ-ты. Олар палубада
түннің ортасына шейін отырды. Пароход биік жартастың басына сəнсалтанаты мол Посейдон ғибадатханасы салынған Сунион мүйісін
алыстан орағытып бара жатты. Бұларға оның он бес мəрмəр бағанасын
түгел санап шығуға болатындай көрінді.
Таңертең сағат жетіде тұрған олар бірден палубаға көтерілді. Софья
өздерінің Марафоннан өтіп те кеткендерін, енді көп ұзамай тұп-тура
Халкидаға бастап апаратын ені 70 ярдтай11 шағын бұғазға енетіндерін
айтты. Ренри Софьяны қолтықтап алды. да, жалпақ көсілген
жағалауды көрсетпекке бортқа қарай беттеді. Осы жерде, құрғақта,
Авлида некрополінің айналасында, ахейліктердің кемелері жатқан-ды.
Генридің бойы толғаныстан дірілдеп кеткен екен, Софья оның қолын
қатты-қатты қысып қойды. Тұрақтары түрлі түсті бояумен белгіленген
болатын. Əрине, бұған жер бетінен жойылып, халық қаперінен
жоғалған тайпалар кірмеген. Авлида жағалауындағы ахей лагерінің
планы жеке параққа түсірілген-ді.
Софья Спирос пен Маригоны қастарына шақырып алды да, төртеуі
жағаны бойлап терістікке, Халкида портына қарай жүрді. Енсіздеу
айлақты тақыр жоталар таға тəріздене қоршап тұрған: ағаш атаулыны
римдіктердің өздері-ақ мачта үшін құртқан. Осының бəрі Гомердің:
«Авлида — тастақты жер» деген сілтемесіне сай келіп-ақ тұр еді. Қиыр
солтүстіктен құртақандай ауыз көрінеді. Кемелер ашық теңізге бірінің
соңынан бір тізіліп осы ауыз арқылы ғана шыға алатын. 1140 ахей
кемесі бұғаздан дəл осы жолмен шығып, Спорадының жанымен
Лемнос арқылы Эгей теңізіне өтіп, Дарданелге бағыт ұстаған-ды.
Генри толқын шығарып тастаған бір таяқшаны тауып, қалтасынан
бəкісін алып, үшкір етіп ұштады. Сосын, картасына қайта-қайта
қарағыштап қойып, құмға лагердің орналасу тəртібін сыза бастады. Ол
бұған бар ынтасымен кірісіп кеткен-ді. Соған қарап тұрған Софья:
сүйікті ісімен шұғылданған кезде оның адам танығысыз өзгеріп
кететіндігіне тағы да тағы көз жеткізгендей болды. Араларындағы
отыз жас айырма адыра қалды. Құм бетіне Агамемнонның аумақты
лагерін бедерлеп жүрген Генри жағада лақтай ойнақ салды.
— Міне, мына жерде, қалың қолдың ортасында, Микеннің жəне
Грецияның қомақты бөлегін қол астына қаратқан Микен
патшалығының12 əміршісі Агамемнон тұрды.
Ол мұны Софьяға, өзінің көмекшісіне əрі əріптесіне айтып жатыр еді.
Ал, Спирос пен Мариго төңіректеріндегі таңқаларлық көріністі
тамашалап аулақтау тұрған.
— Агамемнонның шатыры қарамаймен ысталған жүздеген қайық
пен мыстұмсық кеме қоршауында тұрды. Оның қос қанатына — қай
жерде екенін көруің үшін тас лақтырайын — екі айбынды көсем:
солтүстікте — қырық кемесі бар Аякс, оңтүстікте — мыңға жуық
жауынгері, елу кемесі бар Ахилл орналасты. Агамемнонның оң жағына
«аңша құмды Пилостың ақ шашты əміршісі», ақылды ақсақал Нестор
орналасты — оның тоқсан кемесі бар болатын. Бұның қарсысында
Агамемнонның інісі, Спарта патшасы Менелай тұрды — ол алпыс
кемені бастап алып жүрмек. Оның жанынан, лагерь алтарының
іргесінен оншақты қызылтұмсық кемесі бар айласы мол Одиссей орын
тепті. Криттіктердің қуатты жасағы — сексен жүрдек кеме жəне сегіз
жүз алпыс жауынгер осы маңнан орын алды. Олардың қарсы алдында
аргивтіктер тұрды — бұлардың да сексен кемесі бар болатын.
Оңтүстікке қарай бірінен кейін бірі — елу кемелі беотиялықтар,
қырық-қырықтан кемелері бар фокейліктер мен магнеттер орналасты.
Ал, солтүстікке қарай жаңағыдай рет пен — елу кемелі эвбей қосыны,
алпыс кемелі ардақ батырлары жəне қырық кемелі эпейліктер орын
тепті.
Бұл өте үлкен лагерь болатын. Бұнда қырық көсем бастап келген
жүз жиырма мың жауынгер орналасты. Əр қосын өз алдына оқшау
тұратын, өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ететін. Бірақ, Трояға сапар
кідіріп жатыр еді — жел оңнан соқпай тұрған. Əлденеше ай босқа өтті.
Жауынгерлер ішімдікке салынып, əртүрлі ойындар мен жарыстарға
əуестеніп кетті... Тіпті айбынды Ахиллдың өзі де адамдарын ырқынан
шығарып алды. Еврипидтің «Ифигенияның Авлидаға сапары» атты
шығармасында оның:
Туған елден һəм сүйікті Фарсалдан
Эвриптің жағасына əскерімді əкелдім...
Енді маған бұларды ұстау керек тəртіпте.
Сарбаздарым күні-түні қыстап жүр:
«Айтшы, Ахилл, Авлидада неге отырмыз телміріп?
Илионға неге тартпаймыз? Аттанайық тезірек!
Əйтпесе біз аттанамыз ауылға
Ұйқылы-ояу атридтерге мөлию бізге қол емес!» —
дейтіні есіңде ме?
Софьяны қолынан тас қып ұстап алған Генри оны лагерьдегі бір
тұрақтан екіншісіне бастап апарып жүрді.
— Жұдырықтасу, күрес, жаяу жарыс жəне əскери күймелер жарысы,
диск лақтыру бəсекелері кезінде түрлі тайпалар өкілдері арасында
шатақ та көп шығып тұрды. Сірə, талай адамның бас сүйегі уатылған
болса керек. Басқа да жағымсыз жəйттер көбейіп жатты: желкендер
ескіріп, мачталар шіріп, азық-түлік таусылыңқырап қалды. Күңкілшүңкіл көбейді. Артемида қолайлы жел тұрғызып, жеделдетіп жолға
шықпақ үшін Агамемнон оған өзінің беті ашылмаған қызы
Ифигенияны құрбандыққа шалуға мəжбүр болды. Сөйтіп, Агамемнон
қосынды қожырап кетуден сақтап қалды.
Генри құлашын керді.
— Бұл арада қандай орасан үлкен мекен орын тепкенін көз алдыңа
елестетіп көр. Шын мəнінде, үлкен қала орнады. Ондай қаланы
ахейліктер бұрын-соңды көрмеген болатын. Оның кең көшелері мен
келте көшелері де, қол өнершілер, саудагерлер мен сауда жасаушы
əйелдер тұратын кварталдары да болды. Манағы қомақты қырық
шатырға мыңдаған ұсақ кенеп шатырларды, ағаштан тұрғызылған
бастырмалар мен үйлерді, аң қамайтын қашаларды, қашыр үйрететін
алаңдарды қос...
— Генри,— деді Софья ойлы жүзбен,— бір кемеге бар болғаны елу
адам ғана сиятын еді ғой. Əскери күймелерді бөлшектеп, бос
орындарға орналастырсын-ақ делік. Сонда олар аттарын қайда
тиеген? Тіпті Трояны қоршаудың оныншы жылында да — «Илиада»
осы жылғы оқиғалардан басталады ғой — олардың аттары азайған
түрі көрінбейді. Сонда олар аттарын да бөлшектеп, бұрыш-бұрышқа
тығып тастағаннан сау ма?
Генри мəз бола күлді де, Софьяны суық желден қорғамаққа
құшағына қысты.
— Бөлшектеуге ағаш ат қана көнеді ғой, аңқауым-ау! Өздеріне керек
атты олар Троя төңірегінен де тауып алмады деймісің? Троялықтар
мен олардың одақтастарында жақсы аттар жетершілік болған ғой.
Қолға түскен троялық баукеспе Долоннан жасырған жерін біліп алған
Одиссей мен Диомед фракиялықтардың жылқысын айдап əкетеді емес
пе? Долонның өзі Ахиллдың Фессалиядан əкелген аттарын қуып
кетпек болған əрекеті үшін жан тапсырады ғой.
— Генри, сен өзіңді өзің ұстап бердің! Егер Ахилл аттарын
Фессалиядан — өз елінен əкелген болса, басқаларының да сөйтпесін
қайдан білдің? Бəлкім, олардың арнаулы жүзбелі ат қоралары болған
шығар?
— Бұл жайында аңызда ештеңе айтылмапты, ақылдым. Жə, мен
қойдым. Ахейліктер аттарын Трояға бұл арадан қалай апарғандығы
жайлы енді өзің ойланып көр.
Софья жеңісіне мəз болғандай таңдайын таң еткізіп, оған масаттана
көз тікті.
— Аттармен қоса мені оқиға мерзімі де мазалап жүр. «Илиаданы»
Трояны қоршаудың оныншы жылынан бастаған Гомер ағаттық
жіберген жоқ па екен? Егер Авлидадағы бірнеше айдың ішінде
желкендер мен мачталар шіріп кеткен болса, Геллеспонттағы он жыл
ішінде олардың несі қалмақ?
— Тауда ағаш жетершілік болатын, сондай-ақ олар кенеп тоқи да
білетін,— деп тойтарды Генри түк саспастан.
— Генри, бірде сен маған тоғыз санын гректер қасиетті деп
санайтынын айтқансың. Акропольдың тоғыз есігі бар. Тоғыз саны
«Илиадада» шектен тыс көп қайталанады. Ауырып жүрген кезімде,
Парижде тіпті оның тізімін де жасай бастағанмын. Агамемнон Христің
ұрыста қолға түсірген қызын қайтарудан бас тартқанда абыз
Аполлоннан ахейліктерді жазалауды өтініп жалбарынады, сөйтіп,
«тоғыз күн бойы жасақ басына жебе жауады». Жолдастары
Патроклдың мəйітін жуған кезінде «жарақатын тоғыз жыл сақталған,
қымбат маймен толтырады». Гефест Ахиллға сауыт-сайман соққанда
қалқанына «тоғыз бөрібасар төбетті» бедерлейді. Приам Ахиллдан
Гектордың мəйітін қайтаруын өтінгенде: «Гекторды өз үйімде тоғыз
күн аза тұтсам деп едім»,— дейді.
— Жетеді! Ұмытпағаның көрініп тұр,— деп Генри оның сөзін бөліп
жіберді.
Софья тым елтіп кеткендіктен күйеуінің күйгелектене бастағанын
аңғара қоймады.
— Қала қабырғаларының іргесінде болған тоғыз жыл қырғыннан
кейін Еленаның Приамға барлық ахей батырларының аттарын алғаш
рет атап шығатыны да таңқаларлық нəрсе емес пе? Скей мұнарасында
тұрған Еленаның оған өзінің бірінші күйеуі Менелай мен Аяксты
көрсететіні есіңде ме?
— Ондайдың есімде бары рас,— деді Генри мысқылмен.
— Бəлкім, осының бəрі бізге Гомер «тоғыз жыл» дегенді
символикалық мəнде қолданды деуге ерік беретін шығар?
— Жоқ, біз оған сенуіміз керек!— деді Генри үзілді-кесілді түрде.
.— Тоғыз жыл... Осынша уақытқа жетерлік тамақты олар қайдан
алды екен?
— Олардың өздерінің азық-түлік отряды болды...
— Мейлі, болсын-ақ,— деді Софья тайсалмай.— Бірақ, патшалар,
көсемдер мен жауынгерлер осынша уақыт бойына өз патшалықтары
мен өздері атқаратын міндеттерден қалайша қол үзіп кетті екен?
Өйткені, елдерінде төңкеріс болуы да мүмкін еді, қарақшы көршілері
немесе варварлар шабуыл жасауы да ғажап емес-ті. Менің ойымша,
«тоғыз жыл» дегені қоршау басталғалы бері өткен тоғыз ай жəне бəрі
де сол Гомер əңгімелеп отырған жылдағы айлар болса керек. Басқаша
айтқанда бұл: «Əбден діңкелетіп, қажытқан қоршау» деген мағына
береді-ау деймін.
— Жұмыртқа тауыққа жөн көрсетеді,— деді Генри кекетіп.
Софья намыстанып, басын тік көтеріп алды.
— Өзіңнің жақсы ұстаз боп шыққаныңа қуансаң етті.
Генри жалт бұрылып қонақ үйге қарай жүріп кетті. «Не айтқың
келсе де айта бер, тек менімен салғыласпа» деп криттіктер тауып
айтқан-ау,— деп ойлады Софья соңынан еріп келе жатып.— Оқасы жоқ,
қазба жұмыстарын бастап кетсек академиялық айтыстарға уақыт та
қалмайды. О, жасаған, ұлы уəзірдің жүрегін жібіте гөр. Генриге рұқсат
қағазын жылдамырақ жібере көрсін!»
Аздап көз іліндіргені жəне кешкі тамақтың жақындағаны Генриді
көңілдендіріп жіберді. Жаңағы жөнсіздігі үшін Софьядан кешірім
өтініп, Спирос пен Маригоны қолтықтап алды да, бəрі қонақ үй
жанындағы əдемі асханаға қарай беттеді. Мұнда олардан бөтен қонақ
жоқ еді. Софья жыланкөз жалатылған тақталармен қапталған ағаш
үлдірік алдындағы үстелді таңдады. Үлдірік ет шабатын үстел мен қол
жуатын науаны көзден тасалап тұрған болатын, бірақ бөлменің
бұрышындағы ошақ көрнекі жерден орын тепкен-ді. Үй иесі əйел
соның жанында жаңа сойылған қойды мүшелеп жатыр еді. Генри мен
Спирос салқындатылған рецина ішіп отырды.
Софья Генриден «Ифигенияның Авлидаға сапарын» дауыстап оқуын
өтінді. Кітапты өздерімен бірге ала келген. Тамақты ішіп болғасын
олар ошақ жанына жайғасты. Генри кітапты тізесіне қойды. Қуанып
кеткен қожайын үлкен ұлына көршілерін шақыртты.
Кітапты парақтап отырған Генри бейне бір ойын одан əрмен
жалғастырған адамдай сөзін сөйлемнің ортасынан бастап кетті.
— ...адамзат тарихының қандайы да тек өз заманында өмірге келіп,
сол заманмен шектеліп қалмайды. Ол бұрынғы ұрпақтардан бастау
алып, болашаққа қарай жол тартады. Осынау ақиқатты алдымен
дəлелдейтін нəрсе — Троя тарихы.
Ағаштың сытыр-сытыр жанған дыбысы Софья жанын рақатқа
бөлеп, Генридің майдақоңыр дауысымен əдемі үйлесім тауып тұр еді.
Бірақ, Генридің өңі жүрегін баураған жігер отынан, өзінің екі бірдей
сүйікті ісі — тəлім беру жəне қызық əңгімелер айтумен шұғылдану
қуанышынан алабұртып кеткен-ді. Шырын айында, одан соң Парижде
Софья оның əңгімелері неліктен əсерлі болатындығының себебін
аңғарып та қойған: Генри бұл хикаяларға жан-тəнімен сенетін, бұлар
ол үшін əрі шынайы тарих, əрі көркем əдебиет боп табылатын.
Сондықтан
да
ол
білгенін
балын
тамыза
баяндайтын;
тыңдаушыларын тарихтың тұңғиығына жетектеп, оларды мыңдаған
жыл бұрын болған оқиғалардың ортасына енгізіп жіберетін.
— Əңгімемізді тарихымыздың түу басынан бастайық,— деді Генри
сөзін жалғап.— Бірақ бұнда айтылатындардың бірқатарын сіздер
мектеп қабырғасынан-ақ білетін шығарсыздар. Греция мен Трояның
өткенін, сондай-ақ Микеннің күйреу себебін түсіну үшін бізге одан да
əріректегі дəуір тарихына үңілуге тура келеді. Грецияның оңтүстігінде
қадым заманда өмір сүрген патшалардың бірі Пелопс деген кісі еді.
Пелопоннес соның есімімен аталған. Пелопстың Атрей жəне Фиест
дейтін екі ұлы болды. Үлкен ұлы Атрей əкесінің тағына мінді. Бірақ
інісі Фиест іші тар, залым адам-тұғын. Алдымен, ол ағасының əйелімен
ашына болады, сосын сарай сақшыларының арасына іріткі салады.
Атрей қастандық əзірленіп жатқанын аңғарып қалып, інісін
балаларымен қосып қуып жібереді.
Арада бір жылға жуық уақыт өткенде Фиест кешірім сұрамаққа
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 06
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.