Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 34

Total number of words is 3944
Total number of unique words is 2258
31.0 of words are in the 2000 most common words
44.2 of words are in the 5000 most common words
51.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Жасаған жарылқайын десе жолын табады ғой.
Генри қайтадан жол жүріп кеткен. Софья Париж қысының аязы мен
алагөбеңіне бойын үйрете алмай əлек болды. Спирос есеп қағаздарын
тексеріп, шығындарды өтеп, шаруашылық басқарумен айналысты.
Софья Андромахаға сүйкімді жас күтуші тауып, өзі барлық уақытын
жоғарғы бөлмелерде өткізіп жүрді: дəрігерлер оған баспалдақпен
көтерілуге рұқсат етпеген. Кейде оған Генридің байырғы достары —
француздар келіп кететін, кейде грек əйелдері — Хрустаки ханым
немесе Делингианни ханым бас сұғатын. Бюрнуфтер де Парижде еді.
Олар да келіп, гректің ыстық күні мен Эгей теңізінің қалқыма аралдары
жайлы естеліктер айтатын. Бірде Софья театрға барды. Онда биік
баспалдақпен жоғары көтерілуіне тура келді. Ойын ортасында өзөзінен үрейге бой алдырды. Қайтсе де бұл нəрестені сақтауы керек!
Есігін жауып алып жоғары бөлмеде жатқан Софьяның шаруашылық
жайынан хабары аз еді, ал Спирос болса французша екі ауыз сөздің
басын құрай алмайтын. Сол себепті үй шаруасы бетімен жіберілді.
Қызметшілер сұғанақтың жасай бастады. Софьяның дəрменсіздігін
көріп жұмысқа да жалқаусып кетті. Өтініштеріне дөрекі жауап
қайтаратын, көбінесе ашықтан-ашық бас тартатын. Жаңа қызметші
табу оңайлыққа түспеді. Жанына Андромаханы көмекші етіп алған
Софьяның тамақты бірнеше күн бойы ас үйде өзі дайындауына тура
келді. Спиростың жүзі сұрланып кетті — бұндай кезінде ол бибі
Викторияны еске салатын.
— Күні бойы тізе бүкпейсің. Дəрігер саған көп жүрмеуге əмір етіп еді
ғой.
Генриден қуанышты хаттар келіп тұрды — көрменің
ұйымдастырылуы ойдағыдай жүріп жатыр екен. Ойда жоқ жерден
ренішті хат келді. Банк арқылы бергізіп тұрған ақша оған қалайша
жетпейді? Бұл не қылған қырсыздық?
Софьяның қарызы шынында да көбейіп кеткен, бірақ бұған ол не
істей алмақ?
«Жұмсаған ақшама сонша қадалатының нең? Мен тіпті не істерімді
білмей жүрмін. Барымша үнемдеп жұмсауға тырысамын. Əр франкты
есептеймін...» — деп жазды Софья күйеуіне.
Хатында ол шығындардың неліктен көбейіп кеткендігін түсіндірді.
Бұған жауабында Генри татулық сұрапты: өткендегі ренішті хатын
жазған кезде құлағы қатты ауырып жүр екен. Құлағының ауруы
бұрынғыдан да күшейіпті. Софья ренжіп, налымасын. Рождествода
үйіне оралып, шаруашылық басшылығын өз қолына алмақ...
Бибі Виктория қайтадан ауырып қалыпты. Тағы да жүрек талмасы
ма екен? Катинго мен Мариго бұл жайында ештеңе жазбапты. Жауап
хатында Софья шешесін Парижге шақырды. Бибі Виктория: қуанақуана барар ем, бірақ дəрігер алысқа сапар шегуге бірер айға рұқсат
бермей отыр, деп жазды.
Ноябрьдің аяғына таман Софья Генриден күйінішке толы хат алды.
Ұнжырғасы түсіп кетіпті. Эфор Стаматакис Микеннен алтыншы
қабірді тауыпты! Бұл Шлиман тапқан бесеудің тап жанында екен.
Қабірде жартылай күйген екі қаңқа мен бірталай алтын бар екен.
Стаматакистің бұл жолғы еңбегіне ешкім дау айта алмайды. Қабірдің
орынын оған ешкім көрсеткен жоқ, өзі қазып шығарды! Генри патша
қабірлері жатқан агораны таппаса, Стаматакис те алтыншы қабірді
таппаған болар еді, деп өзін-өзі жұбатудан түсетін пайда шамалы.
«Біздің «Микеніміз» жақында ғана жарық көрді. Енді міне оған
толықтыру енгізуге тура келіп тұр. Мына ант атқан клерк аяғымыздан
оңдырмай шалды», деп жазды Генри.
Құлағы қайтадан қабынып, жан шыдатпай бара жатқан соң
Германиядағы дəрігер фон Трелчке қаралуға мəжбүр болды да,
Кенсингтон музейіндегі көрменің ашылуына қатыса алмады.
Генри Парижге шоқындыру мейрамының аз-ақ алдында оралды;
ертеңнен қара кешке шейін күңкілдеп, Стаматакис пен оның алтыншы
қабірін қарғап-сілеп жүрді де, ұзамай жиналып Афиныға аттанып кетті.
Король сарайына таяу маңнан, Панепистиму көшесінің бойындағы өз
меншігіндегі үлкен участоктен, Шлиманның сарай салдыра
бастағандығы жайлы хабар Софьяны мүлдем қуантқан жоқ. Бұдан
бірнеше жыл бұрын Генри Афиныдағы жұрт ауызына ілігіп жүрген
архитектор Эрнст Циллерді жалдап, оған сəн-салтанаты келіскен жеке
меншік үйдің жобасын жасауды тапсырған. Ауыз-екі əңгімеде бұны өзі
«Илион палаталары» деп дəріптейтін. Бірақ гректер өзін парвеню —
шошақай атандырып жүре ме деп қорқып, кішкене кідіре тұруды
ұйғарған. Циллер атқарылған жұмыстың есебін табыс еткен. Генри
ақыны жұмыстың болмашы бөлегіне ғана төлеген соң архитектор
сотқа арыз берген. Сонда ғана ақылы кірген Шлиман істі сотқа
жеткізбестен архитектормен толықтай есеп айырысқан. Енді, міне,
атақ-даңқының асқар шыңына көтерілген кезде, сіңірген еңбегін грек
үкіметі ресми түрде мойындап, дау-дамайлар ұмытылып, Микен
қазыналары грек эгидасымен Афиныда көрмеге қойылған кезде,
Генри Циллерді қайта шақырып, үш қатарлы үйдің жобасын аяқтауын
өтінген. Оның жиырма бес бөлмесі, балға арналған аумақты залы мен
бірінші қабатында көрмеге арналған бірнеше залы бар-ды. Бұл үйге
Генри «Илион палаталары» деген ат берді. Құрылысы екі жылда
аяқталмақшы еді. Үйдің орасан үлкен көлемі Софьяға онша ұнамаған,
сонда да іргетасын қалау салтанатына қатыса алмағанына қатты
налыды.
1878 жылдың 16 мартында ұлдары өмірге келді. Араларындағы
өкпе-реніштерінің бəрі адыра қалды. Генри грек əйелінен туатын
ұлына Одиссей деген ат беруді əлдеқашаннан армандап жүретін. Бірақ,
патша қабірлерін ашқаннан кейін бұл ойынан айнып, баланы «ердің
ері» Агамемнон атандырды. Софья аса қиналмай жеңілденген, балақай
да тəуір болатын. Бибі Виктория да февральда, қызы босанардан
бірнеше апта бұрын ғана келген; жігерлі де іскер бибі Виктория
шаруаны ұршықтай үйіріп, өзінің сүйікті грек тағамдарын даярлап
жүрген. Оның келгеніне Софья қатты қуанды.
— Бəлкім, шығыстың алпауыт сияқты сөйлеп тұрған шығармын!—
деп лепірді Генри. — Бірақ, қуанышымның қойныма сыймай кеткені
рас — енді Шлиманның аты өшпейтін болды!— Софьяның кереуетіне
еңкейіп, маңдайынан сүйіп алды да, сөзін əрі жалғады.— Сен маған ұл
тауып бердің — бұл мен үшін баға жетпес сыйлық. Ал, өзіңе не
сыйлағанымды қалайсың?
Софья көп ойланған жоқ:
— Маған Кифисьядағы сол бір əдемі үйді сыйла.
— Болады. Бүгін Афиныдағы агентімізге телеграмма жіберем.
Жазды сонда өткізіп, Агамемнонға өзен мен ағаштарды
таныстырамыз.
Ол Софьяға Грецияға тек май айында ғана қайтуға рұқсат етті. Бұл
кезде теңізбен жүзу — нағыз жан рақаты еді. Софья қайтып оралған
бойында Кифисьядағы өз үйіне көшіп алды да, оны грек дəстүрінше
мейлінше қарапайым, тіпті жұпыны етіп жабдықтады. Күйеуі оған
көмектескен жоқ, кедергі де келтірмеді. Бұл Софьяның жазғы мекені
болатын. Ал, өзіне арнап Генри троялық сарай салдырып, бүткіл
Европа мен Англиядан мебель, шырағдан, жыланкөз, декорациялық
шойын тор, кілем мен фарфор каталогтарын сұратып жатқан.
Арқалыққа арналған темірлер мен шойын торларды ол
Германиядан алдырмақшы еді, болашақ сарайына арналған кілемдер
де сонда тоқылып жатқан. Англиядан цемент, əйнек пен айна сатып
алған. Еденге төсейтін мəрмəрға Италияға заказ берді; өзі римдік өрнек
ойлап тауып, оны салдыру үшін Ливорнодан итальяндық тақта
төсеушілер жалдады. Кірпішті Аргостан алдырды. Грецияда ағаш аз
болғанымен, сарайдағы панелдер ағаштан жасалатын боп жобаланған.
Қонақ бөлмелері мен залдарға арналған картиналардың этюдін де өзі
салып, қабырғаларды безендіретін лайықты цитаттар іздеп, бүкіл
ежелгі грек əдебиетін ақтарып шықты.
Эрнст Циллер күнде таңертең Музалар көшесіне келетін, сосын
Генри екеуі жұмыс істеуге отыратын. Кейде ол түскі ас ішуге де қалып
қоятын. Түскі тамақтан соң Генри Панепистиму көшесіндегі
құрылыстың барысын бақылап қайтатын. Король Георг пен король
ханымы Ольга аптасына бір рет корольдік атқораға келіп кететін.
Панепистиму көшесімен өткен кездерінде сарайдың қалай биіктеп
бара жатқанына көз тігетін.
Софья Циллермен бұдан жеті жыл бұрын, Генри архитекторды
алғаш рет жұмысқа шақырғанда танысқан. Бірақ, ол кезде бұл жүрдімбардым, үстіртін танысу ғана болған-ды. Енді қазір үстелдің арғы
бетінде отырған Циллерге қадағалай көз тіккен ол бұның өз ісіне өте
жауаптылықпен қарайтынын, бірақ бұл жауаптылықтың, қуанышқа
орай, өлермендікке үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын аңғарды.
Киімі су жаңа, таза қырынған, ұштарын ширатып қойған əдеміше қара
мұрты бар. Əдемі етіп таралған қара шашы грек күнінің көңілді
сəулелерімен жылт-жылт етеді; келісті келбеті, шүңіректеу біткен қара
көздері кісі жанарын бірден өзіне баурап əкетеді. Ол архитектураны
көркем өнер деп есептейтін жəне гректер бұған күдік келтірмес үшін
биік те бос жағасына үлкен бант етіп байланған галстук тағып жүретін.
Париждік богема суретшілері ғана осылай киінетін. Циллер көне грек
архитектурасының
сипаттарын
Ренессанс
əшекейлерімен
ұштастырып, жеке меншік үйлер салатын. Бұл оны Афинының айтулы
архитекторы етіп шығарған еді.
— Мен өмір бойы шағын үйде тұрып келдім, енді кеңістікті аңсап
жүрмін. Бұған қоса үйдің сыртынан бірінші қабатқа бастайтын үлкен
мəрмəр баспалдақ жəне шатырдан терраса жасасам деп едім,— деп
түсіндірді Шлиман өз мақсатын.
— Сарай эллиндік-германдық сипатқа ие болады,— деп жауап
қатты Циллер бұған.— Қарапайым да көрікті, сонымен қабат айбынды
боп шығады. Іргелікке дөрекі өңделген гранит тақталарын
пайдаланамыз да, бірінші жəне екінші қабаттарға фасадынан жалпақ
та биік бес арка-лоджиялар жасау арқылы бұлардың тепе-теңдігін
сақтаймыз. Үйдің көзге жеңіл көрінетіні сонша, енді-енді ұшып кеткелі
тұрғандай əсер қалдырмақ. Бұның Афиныдағы ең əдемі үй боп
шығатынына ешқандай шүбə келтірмеңіз.
Генри толғанысын əзер тежеп, алақанын уқалады. Ал, Софьяның
жүрегінде мұз жатыр еді. Олар Музалар көшесінде алғаш отау тіккен
кездерінде Генри одан қай ауданды таңдау, қандай мебель алу керегі
жайлы ақыл-кеңес сұрап, бар шаруаға өзін қатыстырып отыратын. Ал,
мына ғимарат Генри Шлиманның өзіне-өзі орнатқан ескерткіш қана
боп шықпақ. Софья өзіне басу айты: «Бұл көре алмаушылық сияқты
ғой. Күйеуімнің ақыры Медичи сарайын мекендейтініне қуануым ғана
керек емес пе? Өйткені, мұндай сарай басқадан гөрі соған лайық қой».
Қайткен күнде де ол грек қызына тəн қасиет танытып, жақсы жұбай
боп қала бермек. Генридің осынау үйін қастерлеп, сонда тіршілік етіп,
құдай хош көріп, көмектессе, өзі жоқта шаруасын жүргізбек.
Генри бір сəтке бөлмеден шығып кеткен кезде Софья Циллерден
сыбырлап:
— Циллер мырза, Грециядағы атақты сарайлардай сарай салуға
адамды не нəрсе итермелеуі мүмкін?— деп сұрады,
Циллер Софьяға таңырқай қарап қалды. Қара көздерінде от ойнады.
—Айтулы ерлер айтулы үйлер салуға тиіс.
— Тұрғын үй ме əлде мəңгі тұратын ескерткіш пе?
Циллер бұқпантайламады.
— Бұл арада екеуі де есепте бар. Сарайда да жайлы жайғасып, жақсы
тұрмыс кешуге болады. Қиындау, бірақ əбден мүмкін. Əрине, тек
бейімің болса ғана.
— Ал, менің бейімім жоқ.
— Оны сезіп жүрмін, Шлиман ханым. Бірақ,
палаталарында» патша ханымындай күн кешесіз ғой.
сіз
«Илион
— Менің патша ханымы болуға құштарлығым жоқ.
Бірақ, Софья басқа бір жағдайды да аңғарып жүрген: бұл сарай
Генридің Афиныға біржола орын тебуді ұйғарғанын көрсеткен.
Лондонда олар бақытты күндер кешсе де, Генри тіпті: «Неге бізге
қадіріміз бар жерде қалмасқа?» десе де, Софьяның өз басы Грециядан
басқа еш жерге барғысы келмеген. Ол туған жерін жай ғана сүйіп,
ұнатып қана қоймайтын, өзін оның бір бөлшегіндей сезінетін.
Жүрегінен бастау алған артериялар қолы мен аяғына келіп кері
қайтпай, одан да əрі асып, грек топырағына, Эгей теңізіне барып
бойлайтын. Оның бойындағы күш-қуат та осылардан бастау алатын.
«Илион палаталары» неғұрлым сəнді болса, эллиндік идеяларға
неғұрлым көбірек қанықса, Генридің өз басының қасиеттері одан
неғұрлым толығырақ көрініс тапса, бұлардан қол үзу де Генриге
солғұрлым қиынға түседі. Жаңа үйлері король сарайынан басқалау
екенін байқаған Софьяның иығынан жүк ауғандай болды. Осынау
инабаттылықты көрсету үшін Генридің өзімен-өзі қалай арпалысқаны
оған бек жақсы мəлім еді. Генридің бар ықылас-ниетін жаңа үйі баурап
алды. Бұл үй оны Грециядан сондай арман еткен, бірақ əлі күнге шейін
ие бола алмай жүрген құрмет пен қошеметке жеткізбек.
Ал, Софья болса, бұл сарайға да біртін-біртін бой үйретпек. Генри
əлемнің əр түкпіріндегі айтулы адамдарды қонаққа шақырмақ. Жəне
олар бір емес бірнеше күндеп жатып қонақ болмақ. Екінші қабаттағы
басы артық жатын бөлмелер де сол үшін салынған ғой. Генри қайтадан
басы ауған жаққа жол шегіп кеткен кезде,— бір жақсы жері Афиныда
тармақ-тармақ жолдар көп: тас жол да, темір жол да, теңіз жолы да бар,
— ол жайдары мінезді үй иесі міндетін атқармақ. Өйткені, Генри қалай
қабылдау керектігін егжей-тегжейлі тəптіштей жазып, өзі жоқта үйіне
атақты адамдарды бұрын да талай қонаққа жіберген еді ғой. Софья
дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келгендерді қабылдап, мəрмəр
баспалдақтың жоғарғы жағында тұрған кейіпін көз алдына елестетті.
Тағы да жиырма немесе отыз жыл осылай өтпек. Генри Шлиман
«Илион палаталарының» қожасы, ал бұл күңі болмақ. Əйтсе де, жыл
сайын жаз шығатыны қандай жақсы. Софья Кифисьядағы, жыбырлақ
жылғаның жағасындағы биік ағаштар қоршауында тұрған жанға
жайлы үйін есіне алып, шаттана езу тартты.
«Микен» Англияда, Германияда, Құрама Штаттарда жарық көріп,
енді ұзамай француз тілінде басылмақшы боп жатқан шақта Генридің
аңсары қайтадан Трояға ауды. Жаңа пəрменге сентябрьден беріде қол
қойылмайтынын біліп, қайтадан мазасыздана бастады. Шаруаларын
бірыңғайлау үшін Парижге аттанып, одан құлағын емдетуге
Германияға барды. Бұдан соң Түркиядағы ағылшын елшісі сэр Остин
Лейярдпен кездесуге Лондонға жүріп кетті. Афиныда бірнеше күн
болып, ұлын көріп мауқын басып, біраз ойнатқан соң, Одиссейдің
сарайын іздестірмекке бір айға Итакаға аттанды. «Дарданелдегі» екі
кафенің екеуінде де Шлиманға əйелі мен балаларының қасында
болғаннан гөрі, далада жүрген жағымдырақ көрінеді деген өсек өрбіді.
Софья қаңғыбас Шлиманның елу алтыға келгенше бар бітірген
шаруасы ел ақтау болғанын, оны бір орында ұстап тұратын нəрсе
жалғыз-ақ қазба жұмыстары екенін еріккен желауыздарға қалай
түсіндірерін білмей əбігерге түсті.
Ақыры пəрмен де келді. Генри жаңбыр басталғанша, бар болғаны
екі-ақ ай қазатындығын мəлімдеді. Ғыссарлықта жайлы тұрғын үй
жоқтығы себепті Софьяға үйде, балаларының қасында қалуға тура
келді.
Бірақ, Софьяның ерігуге мұршасы болмады — ағасы Спирос
сырқаттанып қалды. Тұла бойы күйіп-жанып, басы ауыратынды
шығарды. Қатты жүдеп, кісі танымайтын халге жетті. Дəрігерлер
диагнозын дəл қойып бере алмады. Күн өткен сайын жағдайы да
ауырлай берді — денесінің сол жақ бөлегі жансызданып, еріні қисайып
кетті. Қол-аяғы қимылдаудан қалып бара жатты. Дəрігерлер бұның
сырқаты ісік пе əлде қан құйылу ма, əйтеуір, күрделі нəрсе екенін білді,
бірақ не емдеп жазуға, не азабын жеңілдетуге жəрдемдесе алмады.
Софьяның ішкен асы бойына батпай жүрді. Бейшара Спирос, алдымен
əкесінің мата дүкенінде қолбала қызметін атқарды. Кейін талай жыл
бойы өзіне арқа сүйер болды. Отыздан жаңа ғана асқан жігіт қой, бірақ
енді өз алдына кəсіп аша алар деймісің.
Генри Троядан декабрьдің басында оралды. Екі айдың ішінде, өзінің
айтуынша, көп нəрсе тындырыпты.
Яннакиске қазба басына қайта оралуға рұқсат беріліпті. Ол жұмысқа
жан сала кірісіп, Ғыссарлықтың солтүстік беткейіндегі бірнеше
құрылысты: құлыбының жалғыз ашқышын түрік чиновнигі Қадыр би
алған олжалар сақталатын шоланды жəне қазба орынын Троаданы
жайлаған қарақшылардан қорғайтын қарулы күзетшілер жататын
ағаш үйді жөндеп шығарыпты. Сондай-ақ, бақылаушыларға, малайлар
мен қонақтарға арналған барақтар, Шлиманның археологиялық
жарақтарына арналған сарай, шағын асхана мен атқора салыныпты.
Яннакис те өз бағасын біледі екен, Шлиманнан айына 60 доллар
жалақы сұрапты — орынын басатын адам жоғына көзі жеткен ғой.
Ренкейден інісін шақырып алып, екеулеп нан жəне шарап дүкенін
ашыпты. Сауда несиеге жасалғанымен, одан бұлар шығын көріп
жатқан жоқ еді. Өйткені, жұмысшылардың еңбек ақысын төлейтін
Яннакистің өзі болғандықтан, тиісті қарызын ұстап қап отыратын.
Сөйтіп, ол да жоқшылықтан құтылып, жаманаттан арылған-ды.
Жинаған ақшасына ұнатқан усадьбасын сатып алғалы жүрген.
Генри тапқан олжаларына разы-тұғын. Пəрмен бойынша табылған
олжаның үштен бірін ғана алатын; Қадыр би де бөліске салған кезде
Шлиманға тəуірі кетіп қалмауын қатаң қадағалап отыратын. Бірақ,
Шлиманның өзі де түріктерді алдауға ынталы емес-ті; мына
пəрменінен айырылып қалмауға тырысып, мерзімін ұзарттыру жағын
ойластырып жүрген. Олжалардың арасынан алтын моншақтармен,
сырғалармен, пластинкалармен, жамбылармен толтырылған ыдыстар
да кезігіпті. Шлиманның кітаптары мен мақалаларының, ғылыми
пікірталастарының арқасында Трояның есімі кеңінен танымал болғанды. Туристер əлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатқан. Генри оларға
қазба орынын аралатып, егжей-тегжейлі түсінік беріп, өз ой
пікірлерінің əділдігіне сендіріп бағатын. Ең жиі келетін қонақтар Бесік
шығанағында тұрған ағылшын əскери кемелерінің теңізшілері еді.
Фрэнк Калверт ағылшын королевасының кешірімін алды. Бірде түрік
сұлтаны яхтамен Шанаққалаға келіп қайтқан. Калверттің қызы, жас
бойжеткен, оған гүл шоғын ұсынып тұрып, келіссөз жүргізу үшін
королеваға жолыққан кезінде əкесі жайлы бір ауыз жылы сөз айтуын
өтінген. Сөйтіп, королева оған кеңшілік берген. Фрэнк бұған есі кете
қуанды. Шлиманды Микен олжаларымен құттықтау үшін Ғыссарлыққа
желдіртіп салт атпен жетті.
— Ендігəрі Трояны кім ашқандығы жайлы ешқандай айтыс болмақ
емес!— деді ол Шлиманға.— Трояны сіз аштыңыз!
Ескі таныстар құшақтасып көрісті. Фрэнк Қанай төбені қазбақ ойы
барын айтты.
— Қажетті құрал-сайман жəне бірнеше таңдаулы жұмысшымды
жіберермін,— деп уəде берді Шлиман.
Афиныдағы үйіне қайтып оралған Генри қамқор əкеге айналды.
Андромахаға күніне екі сағаттан неміс жəне француз тілдерін үйретіп
жүрді. Өмірге келген алғашқы күнінен бастап Агамемнон бас жағына
Гомердің кітабын жастанып жатып ұйықтауға тиіс болатын. Ал,
шоқындырғаннан кейін Генри ұлына «Илиададан» жүз жол жыр оқып
берді.
Балақайды шоқындыру үшін Шлиман Трояға жүрердің алдында
Триполистен епископ Вимпос келген. Сонау алыс жылдарда, Теоклетос
Вимпос пен Генри Шлиман жас кездерінде Петербургте жүрген шақта
грек елшісі қызметін атқарған Иоаннис Сутсос өкіл ата атанды. Ескі
достардың Афиныдағы жүздесуі қандай қуанышты болды десеңізші!
Генридің талап етуі бойынша, түскі қонақ асы əзірленген үстелге екі
баласы да отырғызылды. Күн салқын болғанымен Софья балаларын
жылырақ киіндіріп алды да, бəрі қала сыртына серуенге шығып
қайтты. Ал, ең бастысы — Генри қайтадан қайтымсыз ашынаға
айналды. Ал, Софья болса күйеуі өзінен суып кетті ме деп қорқып
жүрген.
Бірақ, Генриде тағы да бір махаббат пайда болған. Ол — аты əлемге
мəлім медик, Берлин университетіндегі патологиялық анатомия
профессоры, ғасырдың екінші жартысында бүкіл əлемдік
медицинаның көшін бастаған медициналық мектептің жетекшісі,
доктор Рудольф Вирхов еді. Бұған қоса Вирхов Берлин
муниципалитетінің жəне аштықпен күрес жөніндегі пруссиялық
комиссияның мүшесі болатын. Ол бірнеше саяси партияның негізін
қалап, ғылымның көптеген салаларының жаңашылы атанып, жүздеген
баспа еңбектер — анатомия, антропология мен археология салалары
бойынша монографиялар мен кітаптар, ғылыми шолулар жазған адам
еді.
Генри де, Софья да бұрын-соңды Вирховпен жүздесіп көрмеген. Рас,
Генри онымен хат жазысып тұратын жəне доктор Вирховтың көне
дəуірге көп көңіл бөлетінін біліп, жол қаражатын өзі көтеретін боп,
1872 немесе 1873 жылы Троадаға келіп қайтуға да шақырған. Бірақ, ол
кезде Вирховтың қолы тимеген еді. 1879 жылдың көктемінде Генри
Вирховты Троя қазбаларына тағы да шақырды. Бұл жолы, қуанышына
орай ,шақыру қабыл алынды. Софья Вирховты Трояға тартатын
жалғыз ғана нəрсе оның осынау көне қалаға деген сүйіспеншілігі
шығар деп ойлаған. Бірақ, ұзамай бұл ойының қате екендігіне көз
жеткізді. Генри Вирховқа Кенсингтон музейінде бір жылдай жатып
қалған трояльқ коллекцияның басын ашу қажеттігі жайлы жазған.
Жаңа экспозиция əзірлеп жатқандықтан музей коллекцияны алып
кетуін сұрап еді.
— Неге оны қайтадан Афиныға əкелмейсің? Оның орыны осында
емес пе?— деп сұрады Софья.
— Оған əлі ертелеу. Бəлкім, Луврда немесе Петербургте көрсетудің
орайы туып қалар...
— Бірақ, ол түбінде үйге оралады ғой?
Генри бұған жауап қайтарған жоқ.
Январьда Вирховтан хат келді. «Отаныңыздан қол үзіп кеткендей
сезінетіндігіңіз көңілсіздік тудыратын жағдай екені рас. Əрине, бұған
негіз де жоқ емес... Бірақ, тарихшы-ғалымдарымыздың тарапынан
қандай құқай көргеніңізбен, қоғамдық пікір қашан да өз жағыңызда
болғандығын білуге міндеттісіз», деп жазыпты Вирхов.
1879 жылғы февральдың аяғында Эмиль Бюрнуф,— бұл кезде ол
Парижде тұратын,— ғылыми консультант жəне бақылаушы ретінде
Трояға баруға келісім берді. Луиза əкесімен бірге бармайтын болды.
Софья да бұл жолы қазбаларға қатыспады.
«Софья, қымбаттым,— деп жазды Шлиман,— мұнда бізге арнап
салынған үй жоқ. Өзім десятниктер мен қонақтарға арналған барақтың
тоғыз бөлмесінің бірінде жатырмын. Қыбұлаққа дейінгі маңайда əйел
баласы атымен жоқ. Тұрмыс жағдайымыз өте жайсыз. Яннакистің де
жұмысы басынан асып жатыр. Маған жасап жүрген жалғыз ғана
жақсылығы — жексенбі күндері тамақ пісіріп береді. Бірақ, плитасы
өте нашар, өзің 1872 жылы алып келген плитаның өлімтігіне
татымайды. Поликсена да бұл жаққа адым аттап көрген емес, тұратын
орындары жоқ. Жұмыс қарқын алған кезде лагерьде 150 адам түнейді.
Мұнда бабың табылмайды. Бұл саған Дасистер семьясы қанатының
астына алған Микен емес. Қазір Троада қарақшылар тобырлары мен
шаруалар арасындағы шайқас аймағына айналды. Осынау
қаңғыбастардың айналысатын шаруасы —дүние талау, кісі өлтіру,
əйел зорлау болып тұр... Егер лагерімізде əдемі жас келіншек бой
көрсетсе, онда мен он емес, жүз күзетші жалдауға мəжбүр болар едім.
Соның өзінде де өзің жайында күндіз-түні алаң боп жүрер едім.
Балалармен бірге үйде бола бер, сүйіктім менің. Онда ешқандай қауіп
жоқ жəне көңіліңді аулайтын адамдар да бар. Өзіміздің жаңа əдемі
үйіміздің құрылысын қадағала. Мен осы айдың аяғында ораламын,
сосын жаз бойы бірге боламыз. Бір айды Кифисьядағы үйімізде өткізіп,
августта Кастелладан үй жалдап, отыз рет теңізге шомылу рақатына
кенелерміз..»
Софьяның үйде іші пысып жүрген. Бірақ, Генридің айтқанын
тыңдаған жөн шығар. Генриді осында, Музалар көшесінде, күтуден
басқа ештеңе қалмай тұр.
Доктор Вирхов Трояға барар жолында Афиныға соқты. Софья оны
түскі қонақасыға шақырды. Бір жағынан күйеуін тəнті қылған
ғалымның кім екенін көргісі келсе, екінші жағынан Троя қазынасына
қол созған бақталастың қандай адам екенін білгісі келген. Салған
жерден-ақ Софья өз ойында мүлде басқа адамның бейнесін жасап
жүргенін ұқты. Рудольф Вирхов, өзі қатты үрейленгендей, тырнағын
төндірген жыртқыш емес екен; сыпайы да сырбаз бұл кісі Генридің
ашқан жаңалықтары мен археологиялық түйсігін қатты қадір тұтады
екен.
Қонақ креветкалармен жəне балық қуырдағымен айналысып
жатқан кезде Софья оған зер сала көз тігіп отырды. Оның Генриден үш
ай үлкендігі бар еді, бірақ бір қарағанда айырмалары əлденеше жастай
көрінетін. Беті пергаментке ұқсас əжім-əжім, осынау бəкене адам
Берлинде der kleine Doktor деп аталатын. Кішкене көздері көзəйнек
астынан мейлінше мейрімділікпен, бірақ өңменіңнен өте қарайды екен.
Əдемі мұрты, кеміп бара жатқан иегін жасырып тұрған қаба сақалы
бар. Кескінінің мейлінше маңғаз көрінетіні сонша бұл адамның
кещелерге көңіл жықпастық жасамайтындығы бір қарағанда-ақ
байқалып қалатын. Ол басынан бақайшағына30 шейін қарсылық
білдіруден жаратылғандай адам еді. Бұл қарсылығы тек медицина мен
саясат саласынан ғана емес, сонымен бірге мүлдем тың сала — халық
денсаулығын сақтау саласынан да белгі білдіріп жататын. Сол
жылдары Герман империясын билеген Бисмарк оны иттің етінен жек
көретін, тіпті бір рет дуэльге де шақырғаны бар. Вирховтың бұған шексілесі қатып күлгені сонша, оған бүкіл Берлин қосылып,— мұндайды
кім көрген!— Темір канцлерді мазақтап күлген. Шлиман сияқты,
Вирхов үшін де тіл үйрену таза ауамен тыныстау тəрізді табиғи нəрсе
болатын. Ол латын, грек, көне еврей, араб, ағылшын, француз,
итальян, голланд тілін білетін. 1869 жылы, Софья мен Генри
некелескен жылы, Вирхов тұңғыш Герман археология қоғамының
негізін қалаған. Сондай-ақ, ол Антропологияның, этнологияның жəне
ежелгі тарихтың Берлиндік қоғамының негізін қалап, əрі емдеуші
дəрігер ретінде науқастарды қарап, Берлин муниципалитетінің
мүшесіне қатысты көптеген міндеттерді атқарумен айналысқан-ды.
Басқа да көптеген тəпелтек адамдар сияқты бұның да денсаулығы
мықты еді. Тəулігіне бірнеше сағат қана ұйықтап, бұрылуға мұршасы
болмай жүргеніне қарамастан шар ойнау мен тауға шығуға да уақыт
табатын.
Асханада жəне кейін Генридің кабинетіне барған кезде олар
немісше сөйлесті.
— Ғалым-медиктермен ешқашан сұқбаттасып көрмеп едім,— деді
Софья.—Өз салаңызда зерттеулер қалай жүргізілетінін айтып
беріңізші. Асығыс қорытынды шығарады, өз топшыламаларын
фактілерден жоғары қояды деген айыптауларды Генри өте көп естиді.
— Күйеуіңіздің бұндай күнəкарлығы бары рас,— деп езу тартты
Вирхов.— Бірақ, оның болжамдары ежелгі халықтарды зерттеу ісін
алға апаруға түрткі боп отырады. Тіпті қателігінің де келтіретін
пайдасы бар: арада белгілі бір уақыт өткен кезде оның өзі немесе
əріптес археологтары əлгі пікірдің ағат екеніне көз жеткізеді де,
ақиқатты анықтау үшін ілгері ұмтылады.
— Сіз өте мейірімді адамсыз, доктор Вирхов...
— Фрау Шлиман,— деп қонақ оның сөзін бөліп жіберді,— доктор
Шлиманға қарағанда менің жұмысым əлдеқайда жеңілірек қой. Біз
тұтас бір жаңа ғылым — патологиялық анатомияны аштық. Бірақ
материалымыз, адамның ағзасы, əрқашан көз алдымызда — біз
мəйіттерді анатомиялаймыз. Скальпель адамның ішкі органдарына
тереңдей енеді де, дерттің сырын ашып береді. Кейде біз де қателік
жібереміз. Əдетте бұның кесірінен науқас ауыр азап шегеді. Кейбір
қияли тұжырымдарымыз бен асығыс қорытындыларымыз доктор
Шлиманның болжамдарынан гөрі əлдеқайда көп зиян келтіреді.
Таным жолы осындай. Жұмысыңды тұлдырдан бастасаң, ақиқатқа
жету мақсатында жаңа идеялар ұсынуға батыл əрекет жасасаң, түптің
түбінде ғылымға қарапайым болса да əйтеуір өз үлесіңді қоспай
қалмайсың.
— Шіркін-ай, қазбалар басына қайта барар ма едім!— деп Софья
Вирховқа шын сырын айтты.
Бірақ, Вирхов Генриді қанша үгіттегенімен, Генри Софьяны
Троадаға ақыры шақырмады. Вирховтың жоқ-жітіктердің жағдайын
жақсартатын реформалар енгізу жөніндегі Пруссия үкіметіне жасаған
өтініші де тап осылай аяқсыз қалған.
«Трояға келуге сондай құмартып жүрсің ғой. Өзіңді қаншалықты
қатты сағынғаныммен, əзірше бұны қоя тұру керек. Күнде таңертең
жергілікті адамдар «қаһармандар қабірі» деп атайтын алыста жатқан
обаларға барамын. Сосын Ғыссарлыққа қайтып оралып, қазба барысын
бақылаймын — қазірдің өзінде жүзден астам жұмысшы жалдадық.
Келе қалсаң ұзақты күн бойына сенімен бір ауыз тілдесуге де уақыт
таппайтынымды осыдан көре бер. Ауа райы да онша болмай тұр.
Нағыз қақаған қыс», деп жазды Генри Софьяға.
Сосын мүлдем non sequitur31:
«Келесі жолықтырғаныңда доктор Вирховпен французша сөйлес.
Бұл тілді ол сенен гөрі шамалы біледі», деп қосып қойды.
Софьяның жалғыз ермегі балалары болды. Күнде таңертең оларды
серуенге алып шығатын. Сегіз жастағы тығыншықтай Андромаха
Агамемнонды арбамен қыдыртқанды ұнататын. Арбаны Генри
Англиядан алдыртқан. Түстен кейін Катинго немесе Мариго келіп
қайтатын, болмаса оларға өзі баратын; балалар ойнап, апалысіңлілілер əңгіме шертісетін. Кейде Софья түскі тамаққа Панайотисті
шақыртатын. Бір жылдан кейін ол Афины университетіне түсіп,
археологияны зерделемек боп жүрген-ді. Спиростың денесінің сол
жағы əлі күнге шейін жансыз-тұғын. Өне бойы дерлік төсекте жататын
да қоятын. Бірақ, Софья келгенде орынынан тұрып, бөлмеде əрлі-берлі
жүруге əрекет ететін.
«Ол маған сонша жыл қамқорлық жасады ғой, енді қамқорлық жасау
кезегі маған келді», деп ойлады Софья.
Арада бірнеше апта өткенде бибі Виктория да төсек тартып қалды:
бұл жолғы жүрек талмасы бұрынғыдан əлдеқайда ауыр болды. Доктор
Скиадарассис төсектен көп тұра бермеуге, диета бойынша
тамақтанып, көңілін көтеріңкі ұстауға кеңес етті. Күтуші жалдауға бибі
Виктория үзілді-кесілді қарсылық білдірді:
— Жанымдай жақсы көретін қызым тұрғанда күтушінің керегі не?!
Софья шешесі мен ағасын Колоннан өз үйіне көшіріп əкелді.
Музалар көшесіндегі үй лазаретке айналды — бір бөлмеге Спиросты,
екінші бөлмеге шешесін жатқызды. Балаларын өзінің жатын бөлмесіне
əкетті — матримониаленің екі жағына екі кішкене кереует қойды.
Ерлі-зайыпты тəжірибелі малайлар жалдап, оларды астыңғы
қабаттағы Яннакис пен Поликсенаның пəтеріне орналастырды. Спирос
есеп-қисап қағаздарын жүргізе алмайтындықтан, шаруаға қырым жоқ
деп қанша қақсағанымен бұл жұмысты енді өз міндетіне алуына тура
келді. Күнбе-күн бірнеше сағат уақытын Панепистиму көшесінде
өткізіп жүрді. Сарай күн санап емес, сағат санап өсіп бара жатыр еді.
Жалпы аумағы да айқындалған. Софья əр барған сайын аң-таң боп
қарап
қалатын.
Құрылыс
материалдарын
қабылдау
жəне
жұмысшыларға еңбек ақы төлеу жұмысымен Шлиман жалдаған
десятник шұғылданатын, бірақ жұмыстың жалпы барысына
Шлиманның өтініші бойынша Софья бақылау жасайтын.
— Бұл менің қолымнан келетін шаруа ма?— деп күйінетін Софья. —
Құрылыста жүздеген жұмысшы: неміс ағаш ұсталары, итальян тас
қалаушылары, француз сылақшылары, грек слесарьлары еңбек етеді...
Майдың аяғында Генридің үйде болмағанына үш ай толды. Софья
əбден діңкеледі. Үй-ішінің шаруасының өзінен — Конституция
алаңындағы симфониялық концерт пен Букур театрындағы ертеңгілік
ойындардан да бас тартуына тура келді, қонақ та шақырмады. Генри
жоқта оны есіне алған таныстары да кемде-кем еді.
«Жалғыз басты əйел кімге қажет дейсің», деп күйіп-пісті Софья.
Майдың ортасына таман Троядан күнге тотығып, күреңітіп кеткен
доктор Вирхов оралды. Бір ай бойы Троаданың флорасы мен
фаунасының үлгілерін жинастырыпты, «Қаһармандар қабірін»
қазыпты, Шлиманмен жəне Бюрнуфпен бірге салт атқа мініп алыс
аймақтарға серуен жасапты — тіпті Ида тауының төбесіне де
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 35
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.