Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 19

Total number of words is 3993
Total number of unique words is 2196
31.2 of words are in the 2000 most common words
46.5 of words are in the 5000 most common words
54.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
инженер деген аты бар ғой, Фотидистің көңілі жайланды. Ұзамай ол
Генриге хатшылық қызмет атқарып, грек газеттеріне арналған
ақпарларын тазалап көшіріп беретін болды. Бірақ, жанына əсіресе
қатты жағатын шаруасы — Софьяға терракотаны жууға көмектесу
жəне сынықтардан құмыра құрастыру еді. Осы мақсат үшін өз
ықтиярымен ас үйде балық желімін қайнататын.
— Бір қолыңмен құмыра құрастырғаныңмен, екінші қолыңмен
жүректерді жусатып жатырсың. Ол саған мөлиіп қарайды да отырады,
— деді Генри Софьяға.
Күн қатты суыта бастаған кезде олардың Трояға келгеніне үш
аптаға айналып бара жатыр еді. Градусник түнде Фаренгейт бойынша
23° суықтықты көрсетіп жүрген. Тас үйде, əрі жүн көрпе жамылып
жатқандардың ұйқыларының шырқы онша бұзыла қоймаған. Ал,
десятниктер түнімен тістері тістеріне тимей сақылдап тоңып шықты.
Сүйектен өтетін солтүстік желінен тығылатын жер таппадық, деп
шағынды Фотидис ертеңгісін. Шамдар өшіп, су қатып қалыпты. Бəрінің
де сұрқы қашып кетіпті.
— Күн жылынғанша үйлерімізді айырбастай тұруымызға тура
келетін шығар. Мұнда оларға əлдеқайда жылы болады,— деген ұсыныс
айтты Софья.
— Сөйтсек сөйтейік. Əйтпесе түгел төсек тартып қалулары кəдік.
Яннакиске төсек-орындарымызды алмастыр дейін. Көрпеден тоқа
қоймаспыз. Оның үстіне екеуіміз жатқан соң жылы болады ғой.
Айырбас жасалғаннан кейін десятниктер тас үйде ұйқылары қанып
тұрды. Ал, Шлимандардың ұйқыларында маза болмады. Қазба
орынында траншея іші жылы-тұғын, соның өзінде де жігіттер
бастарына бөрік, үстеріне пальто киіп, бөкебай байлап жүрді.
Бесінші күн дегенде ертеңгісін аспаннан күн көзі қылтиды. Жел де
тынды. Троада қайтадан жылынып сала берді. Яннакис пен Фотидис
Шлимандардың кереуетін тас үйге қайта кіргізді. Фотидис жасаған
қамқорлығы үшін Софьяға алғыс жаудырумен болды.
Яннакис күндіз жаңа жұмысшылар іздестіріп ауыл-ауылды кезіп
кететіндіктен, Генри таңертең жəне түс кезінде «пайдос» жариялау
міндетін Софьяға жүктеп қойды. Софья бір топтан екіншісіне барып,
қолымен ауызын қалқалап үзіліс болғанын айқайлап айтып жүрді.
Ойламаған жерден жаңа бір жайсыздықтар жолықты. Смирналық
əлдебір саудагер жұмысшыларды өніміне қарай төленетін жұмысқа —
мия тамырын қазуға еліктіріп алып кетті. Мұнда олар күніне елу цент
табатын, ал Генри бар-жоғы отыз бес қана төлейтін. Өйткені, кеш ерте
түсетіндіктен жұмыс күні əлі қысқа болатын. Сөйтіп, жұмысшылардың
жартысы тамыр жинап, шырын əзірлеу жұмысына ауытқып кетті. Енді
екі аптаға шейін оларды қайтып оралады деп күте қою қиын еді.
Яннакис ауыл-ауылды қанша шарласа да тапқаны татымсыз болды.
Генри қатты мазасызданып жүрді: себебі уақыт текке өтіп жатқан.
Күн жылынып, аспан бұлтсыз ашық боп тұрды. Жұмыс қолына
зəрулік те өтелді. Күн ұзара түсті. Генри еңбек ақыны көбейтті. Оның
бригадасы ғибадатхананың төңірегін тазалап, он бір мың текше ярд
грунт пен бос топырақты былай шығарды. Бұл қуанарлық жетістік еді.
Басқа бригадалар да өз участоктарында енді-енді жұмыс жасап жатты.
Көңіл бөлуге тұрарлық олжалар сағат сайын дерлік табылып тұрды.
Олардың арасында егіншілікке қатысты тұңғыш олжалары — мыс қол
орақ, мыстан соғылған қару-жарақ, найза мен жебелер, қалпағы бар,
ұзын да жіңішке мыс шегелер бар еді. Үлкен мұнараның солтүстікбатыс бетімен орағыта траншея жүргізіп жатқан Генридің бригадасы
бірінің үстінде бірі кесе көлденең тұрған, қалыңдықтары он футтай қос
қалың қабырғаға кезікті. Үстіңгі қабырға əжептəуір аршылған кезде
Генри Софьяны шақырып алып, мұнда құрылыс материалының
орнына коринфтік бағаналардың пайдаланылғанын көрсетті. Астыңғы
қабырға да айрықша болатын; оған қаланған қомақты қойтастардың
көбінде тас қалаушы əлде құрылысшы салғаны белгісіз — сигма,
дельта, ипсилон белгілері бар-ды.
Жұмыс жүйеге түскесін Софьяның тіршілігі де қалыпты арнасын
тапты. Генри таңертең шомылып қайтқан соң Софья онымен бірге
отырып кофе ішетін, сосын өз жұмысшыларына барып, түске шейін
қазба басында болатын. Ертеңгісін табылған олжалар түс кезінде
жұмыс бөлмелеріне əкелініп те қойылатын. Софья Əмин əпенденің
қойын дəптерін қолынан тастамайтынын көріп жүрген. Бұған тек
іштей күлетін де қоятын. Ол бəрін жазып үлгере алмайтын, өйткені бір
мезгілде бес жерде болып үлгеруі мүмкін емес-ті. Əмин əпенде
олжаның жартысын алу жайында онша көп бас ауыртып жүрген жоқты,
себебі жаңа заңның таяу апталарда-ақ қабылданатынына сенімі
мол еді. Заң қабылданса Шлимандардың өздері-ақ бəрін
Константипольға жөнелтпек. Онда барғасын музейдің директоры өзіне
керегін өзі іріктеп алады ғой...
Софьяның көңіл күйі сергек болатын. Күн сүйіп, жел қағып, екі
бетіне қан жүгіре бастаған. Сонда да Генри оған түскі астан кейін аздап
көз іліндіріп алуға, қазба басына күннің қызуы қайтқан кезде қана
келуге қолқа қылды. Софья жоқта оның жұмысшыларына өзі бас-көз
боп жүретін. Тас үйдің іші жанға жайлы, қоңырсалқын еді. Ұйықтап
тұрған соң Софья Поликсенаға барып, ертеңгі түстік жайын келісетін.
Екеуі бірігіп алып Яннакистің аспаздыққа əуестігін əжуа етісетін.
Февраль айының аяғына қарай Генридің қол астында күн сайын жүз
алпыс адамнан жұмыс істеп жүрді. Мұнараны, қамал қабырғалары мен
ғибадатхананы топырақтан арылту жөніндегі жұмыстар барынша
қарқынды жүргізіліп жатты. Генридің көңілі тоқ еді. Əуел баста Фрэнк
Калвертке тиесілі бөлектегі қазба жұмыстарын жеделдетпек боп
ұйғарған болса, енді жаңа заңның қатері оны одан əрмен жанықтыра
түскен. Сондықтан қазір траншеялар мен орлар, террасалар барлық
жерден бірдей қазылып жатқан-ды. Генридің бригадасы суырылып
алға шыққан. Олар мұнараның шығыс жағынан қазып жатыр еді, ал бұл
жерден жотаның оңтүстік беткейі қол созымда болатын, яғни қоқысты
төгетін жер тиіп тұрған-ды. Бұл жағдай оны жұмыс ыңғайына түзету
енгізуге итермеледі. Бұрын қол арбаға топырақ тиеуге арнайы адам
белгіленсе, енді тиеуді де, тасуды да бір жұмысшы атқаратын болды.
Жынына тиіп жүрген нəрсесін ашық айтудан жалтарған Генри түрік
шарабының қымбаттап кеткеніне шағынды:
— Былтыр екі бөтелкесі бес центке түсетін еді, қазір сегіз сұрайды!
— Бірақ, бұл сондай тамаша шарап қой, Генри. Сен оны француз
шарабынан да артық көресің ғой.
— Шарапты жамандап отырғам жоқ, бағасының қымбаттап кеткенін
айтам.
Жұмысшылардың жер астынан табылған терракота жыландарының
мүйіздерін мұқияттап тұрып сындырып тастайтындықтары да
жынына аз тиіп жүрген жоқ-ты. Троадада бұл мүйіздер құтырудан
жəне басқа да көптеген аурулардан сауықтырады деген сенім тараған.
Мысалға, өткен жылы бір азамат осындай мүйіздердің бір құмырасын
жинап алған-ды. Бұның бəрі де сандырақ екенін түсіндіріп қанша
арпалысқанымен, оларды сенімнен тайдыру мүмкін болмады.
Шіркеулер мен көпірлер құрылысына тас алмақ оймен жотаға
шаруалар келгіштей бастады. Жақсы етіп қашалған үлкен кесектерді
беткеймен төмен домалату əрі ауыр еді, əрі көп уақытты керек ететін.
Сондықтан Генри айтқандай «азапты» жұмыс атқарып, зор кесектерді
икемге ыңғайлы бөлшектерге бөліп бейнеттенуге тура келетін.
Жұмысшылар тасты «турап», бір-бірлеп жазыққа домалатқанша
келімсектер тапжылмай тосып отыратын. Сосын сол жерден əлгі
тастарды асықпай-саспай арбаларына тиеп алатын.
Олардың өздеріне титтей де көмек көрсетпейтіндері Генридің
зығырданын қайнатып жүрді. Айтпаған сөзі, істемеген амалы қалмады.
— Тастарды ұсатып, жотадан төмен түсіруге көмектескендерге
бұларды басы бүтін иемденуге ерік берем.
Бандының басшысы қолдан ораған темекісін түкірігімен бір сулап
қойып, иығын қиқаң еткізді:
— Бұлар онсыз да біздікі ғой.
— Жоқ, бұл менің тастарым! Бұларды қазып шығару маған қанша
ақшаға түскенін білесіңдер ме? Тек жақындап көріңдер, сендерді қайда
жөнелтер екенмін!— деді ызадан жарыла жаздаған Генри күйіп-пісіп.
— Сізге бұларды қазып шығаруға ғана ерік берілген, ал қазып
алынғаннан кейін бұлар жалпыға ортақ боп саналады,— деп жауап
қатты банды.
Оларды Софья да үгіттеп көрді. Енишаһардан келген христиан —
гректерге ол жергілікті диалектіде сөйледі:
— Демек, қоңыраухана салмақшы болған екенсіздер ғой?
— Солай.
— Жаратқанға жақындай түспексіздер ғой?
— Ой, оған тас шақ келе ме.
— Шіркеу сіздерге жақыныңа жəрдем бер дегенді үйретпеп пе еді.
— Біз оқымысты емеспіз, біз үй тұрғызуды ғана білеміз.
Олар бұрынғысынша жотаға күн сайын келіп жүрді. Траншеяларды
тазарту үшін жұмысшылар да бұрынғысынша тастарды бөлшектеумен
əуре боп жатты.
Үлкен ғибадатхана Генриді магнитше тартты да тұрды. Бұл арадан
ол бірнеше тамаша жаңалық ашты. Ғибадатханаға су жеткізіп тұрған
төрт қыш құбыр (ұзындығы жиырма екі, көлденеңі он екі дюйм) жəне
көне грек сөздері қашалған үш мəрмəр тақта тапты. Жазуларда бұл
тақталарды ғибадатханада сақтау керектігі айтылыпты. Генридің
көңілі судай тасыды: « Ғибадатхана» деген сөз айтылса, бұл «Афина
ғибадатханасынан» басқа не болуы мүмкін. Басқа ешқандай қасиетті
мекен «ғибадатхана» атана алмақ емес! Оның үстіне бұл ғимарат
шығысқа қаратылып тұрғызылған жəне құрылысы жағынан афинылық
Парфеноннан ешқандай айырмасы жоқ. Ол үш тақтаның үшеуін де
жұмыс бөлмесіне алып келіп, жылы сумен жуып шықты. Софья тексті
аударуға кірісті. Тақталардың жасын біздің заманымызға дейінгі
үшінші ғасыр деп белгілеуге əбден болатын.
Аударып болғасын Софья оған ыңғайсыздана көз тікті.
— Жаным, көңіліңді қалдырғым келмейді, бірақ бұлардың культке
ешқандай қатысы жоқ. Патша əлдекімге жер тарту етіпті... Есіңде ме,
бізге бұндайлар кезігіп еді ғой.
Бірақ, қиялына қанат байланған Генриді жерге қайта оралту кеш
боп қалған-ды.
— Онда тұрған ештеңе жоқ. Ана тақталарда ғибадатхана дейтін
атымен ауызға алынбайтын, ал мыналарда бұларды ғибадатхана
ішінде сақтау керек деп арнайы атап көрсетілген ғой. Солай емес пе?
— Солайы солай...
Оның ғибадатхана ішінен бүлінбеген сау мүсін таба алмауы жақсы
əсер еткен жоқ. Қаза-қаза ақыры еденге жеткендерінде тас тақталарға
тірелді. Басқа ештеңе де таппады. Генри мүсіндерді діншіл фанатиктер
мен қараңғы құл-құтандар жойып жіберуі мүмкін деп есептеді.
Ғибадатхананың едені топырақ болса, сандаған ғасыр ішінде мүсіндер
жерге сіңіп, сақталып қалған болар еді. Ал, тас еден вандалдар
келгенше оларды жер бетінде ұстап тұрады ғой.
Ғибадатхана
іргетастарының
астынан
Генри
жарқырата
жылтыратылған əскери балта тауып алды. Бұрынғының шеберлері
құрал-жабдықтарының жұтаңдығына қарамай осындай тамаша
дүниелерді қалай жасағандарына тағы да таң-тамаша болды.
Заттар көптеп табылып жатты. Жұмыс бөлмелері аузы-мұрнынан
шығып тұрды. Мұнда жапалақтың басы бейнеленбесе де, əйелдің
емшегі, кіндік жəне артына қайырылған тəрізді, бұратылған қолдар
бейнеленген терракоталық вазалар да бар еді. Жұмысшылар себетке
салып, граниттен жасалған лақтыратын шығыршықтар, диорит
егеулер, балғалар мен пышақтар əкеп жатты. Траншеялардың бірінен
олар шарап құюға арналған ыдыстардың орасан мол жиынтығын
тапты. Бұлардың биіктігі алты фут болатын. Март айы туып, күн ұзара
түсті. Табылған олжаларды тазалап, қалпына келтіріп, сұрыптаумен
шұғылданған Полихрониос Лемпессис пен Фотидис түннің бір уағына
шейін жұмыс істеп жүрді. Кейде оларға Яннакис пен Поликсена да
көмектесетін. Софья енді қазбаға бармайтын болды: күндіз табылған
олжаларға сипаттама жазу үшін оған кешкісін үстел басында
тапжылмай алты сағат отыруға тура келетін. Генри үстелдің бір
бұрышын өзі меншіктеніп, күндіз істелген жұмыс жайлы егжейтегжейлі есеп жазатын. Кейде ол грекше, көбінесе немісше немесе
французша жазатын. Қалта компасын жанынан қыл елі
қалдырмайтын. Сондықтан жаңадан табылған қабырғалардың қай
тұсқа, қалай бағытталғаны қашан да дəлме-дəл қағазға түсіріліп
отырылатын.
— Өзімізге тиесілі бөлікті бұл арадан əкету керек-ау деймін,— деді
бір күні ол Софьяға.
Бұл маусымдағы алғашқы алтынды Софьяның жұмысшылары
тапты. Алтын қалпақты екі мыс шегені — алғашқы олжасын
алақанына қысқан күйі жүгіріп Генриге келді. Күйеуі қуаныштан
күлімдеп кетті.
— Жарайсың!
Ол əсіресе Үлкен мұнараны айрықша мақтан тұтатын. Күнделігіне:
«Тек жотаның етегіндегі жазықтың ғана емес, оңтүстікке қарай құлаш
созған барлық адырлардың да үстінен асқақ қарап тұрған бұл
мұнараны бір көру үшін жер түбінен жол шегіп келудің өзі артық
болмас еді», деп жазып қойған-ды.
Мұнараның батыс жағынан жұмысшылар бір ерекше үлкен үйдің
қалдығын тапты. Оның иесі асқан бай адам болғанына күмəн жоқ-ты:
бірнеше бөлмесінің еденіне əдемі етіп қызыл тастан қашалған
тақталар төселіпті. Биікке, аспанға қарай көз тіккен Генри «өзіне-өзі
сөйлегендей болып:
— Жөн. Əзірге бұл мұндағы ең зəулім үй. Ал, Приам сарайын қашан
табар екенбіз?— деді.
Көктем ерте келген-ді. Март айының ортасына қарай Троаданы көз
жауын алатын көрікті кілем — сарымсақтың қызыл-қошқыл түсті шоқ
гүлдері жапты. Ағаш бұтақтары бүр жара бастады. Бірақ, күннің жедел
қызып кеткені сонша, жаңбырсыз қыстан кейінгі батпақтар бірден
кеуіп, көлбақалар жаппай қырыла бастады. Жұмысшылар безгек тиіп,
бірінен соң бірі төсек тартып жатты. Генри хининді мол ғып ала
келген. Өзі, Софья, десятниктер мен суретші Лемпессис дəріні еселеп
ішіп жүрді. Жұмыс күні ұзара түскен соң еңбекақыны тағы да
арттырып, он пиастрға (қырық цент) жеткізді.
Бірқалыпты, жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқан осы күндерде ол айта
қаларлықтай олжаға кез болды. Мөп-мөлдір тау хрусталынан
арыстанның басы формасында жасалған скипетр балдағын тапты.
Ертеңгілік үзіліске шейін əзер шыдаған Генри бұны зор мақтанышпен
Софьяға əкеп көрсетті.
— Бұрын бұл арадан хрусталь кезіктірмегенбіз,— деді ол.— Ерте
замандарда жуық мандаты тауларда арыстан дегеніңіз қаптап жүрген
болуы керек. Гомер бұлар жайында көп айтады. Тек жиі жолықтырып
жүргенде ғана бұл хайуанның өзіндік ерекшеліктерін соншалықты
шеберлікпен бейнелеп беруге болатыны анық.
Қызық олжалар сағат сайын дерлік табылып жатты. Арыстанның
басына таяу жерден тау хрусталынан жасалған алтыбұрыш пен қара,
ақ жəне көгілдір тамырлары бар мəрмəр пирамида табылды. Бұларға
қоса ауыздыққа ұқсас, мыстан жасалған əлдебір құрал, мыс пышақтар,
найзаның тастан қашалған ұштары ұшырасты. Мұнараның жоғарғы
алаңқайынан тұңғыш рет музыкалық аспаптардың бөліктері — өрнек
салынған, піл сүйегінен жасалған түтікше мен үстінде үш тесігі бар,
ортасы қуыс жалпақтау сүйек кезікті.
— Егер осылай жалғаса беретін болса, біз шынымен-ақ троялықтар
тұрмысын толық біліп алатын шығармыз,— деп қуанды Генри.
Қазба бағытын сəл-пəл өзгерткен Генри өздерінің тас үйлерінің қақ
алдында үлкен ойыстың барын байқады. Он футтай тереңдіктен
жұмысшылар əдемі етіп жасалған бірнеше үлкен ыдыс тапты. Сорпа
құятын ыдыс тəрізді əдемі қара ваза Софьяға қатты ұнап, оны бірден
бөлек алып қойды.
— Үйге барған алғашқы кеште-ақ саған көкөніс қосылған қой
сорпасын пісіріп берем,— деді ол Генриге.
Сəл төменіректен бірнеше үлкен бақыр табылды. Біреуінің
тұтқалары бар екен жəне биіктігі екі футтай боп шықты.
— Сен біреудің ас үйіне кіріп кеткеннен аманбысың? Енді тек істікке
шаншылған қой етін табудан басқа ештеңе қалмаған сияқты,— деді
Софья.
Он үш жəне жиырма алты фут аралықтағы тереңдіктен үй
қабырғаларын аршып алған жұмысшылар ыдыс-аяқтардың аса бай
қоймасының үстінен түсті. Вазалардың бəрі де бір-біріне ұқсамайтын
өзгеше пішінде жасалған дүниелер еді. Солардың арасынан Софьяға
əсіресе əйелдің емшегі бейнеленген, қос тұтқасы бар жылтыр қара ваза
айрықша ұнады.
Софья Генриден өздерінің тас жəне ағаш үйлерінің төбесіне лəйлек
ұяларын жасауын өтінді. Түрік ауылдарында лəйлектен көп нəрсе жоқ
еді, кейде бір шатырға бірнешеуі ұя салатын.
— Германияда лəйлектер үйге бақыт əкеледі деген сенім бар,— деді
Генри.
— Оған қоса жəндіктер мен көлбақаларды да құртады. Олар бізге
қырықаяқтарды жоюға жəрдемдесе ме деп ойлағам.
Генри бұл жұмысты ағаш шебері — түрік Мастроянниске тапсырды.
Ол ұяларды ойлағандай етіп қатырып жасап берді, бірақ, неге екенін
белгісіз, лəйлектер бұған жоламай қойды.
— Шамасы, біздің үйлерімізге бақыт қонбайтын болғаны ғой,— деді
Генри күйінішпен.
— Бос сөз. Жотадан ара-тұра жел соғатындықтан, лəйлектер
ұямызды бұзып кете ме деп қорқатын шығар,— деген сылтау айтты
Софья.
Март айының аяғына таман жұмысшылар үйді-үйіне тарап кетті:
жүзім сабақтарын қиятын уақыт болған. Жотадағы жұмыс мүлдем
дерлік тоқтап қалды. Тапқандары да татымсыз еді: сырт пошымы
жебеге ұқсас алтын табақша мен бүлінбеген терракоталық урна
ішіндегі əйелдің жақсы сақталған бас сүйегі ғана. Вазаның түбінде күл
мен сүйектер, қоладан жасалған шаш түйреуіш те жатқан.
Солтүстіктің ызғарлы желі қайтадан соғып берді. Тіпті үй ішінде де
бой жылыту қиын болды. Ұзақ кештер бойына Шлимандардың
қолынан қалам түспейтін. Генри саусақтарының сіресіп икемге келмей
қалғанына қарамай мақалаларын жазып, оны көшіріп жатты. Тас
үйлерін тағы да десятниктерге беріп, жатар алдында ағаш үйлерінің
пешіне толтыра от жағып қоятын болды. Осының салдарынан олар бір
рет өлім ауызынан қалды. Өйткені, ошақтары ағаш еденнің үстіне
орнатылған. Бірде Генри түн ортасында əлдебір мұрынжарды иістен
оянып, еденнің бірталай жері мен үйдің қабырғасы жанып жатқанын
көріп есі шығып кетті. Жалма-жан Софьяны көрпеге орап, көтеріп
алып үйден жүгіріп шықты. Осы арада əйелі де оянды.
— Не боп қалды?..
— Өрт!... Бөлме түгел жанып жатыр. Осы арада бола тұр. Мен
жұртты шақырайын.
Десятниктер де жетті. Генри жанған қабырғаға су шашып, Фотидис
отты өшірмекке еденді қапшықпен сабалауға кірісті. Капитан
Цирогианнис пен Деметриу еденнің тақтайларын қақыратып,
шалаларды топырақпен көміп жатты.
Көрпеге қымтана түскен Софья осынау арпалысты кіре берістен
бақылап тұрды. Түгелдей қарайып кеткенімен қабырға құлаған жоқ.
Еденнің жартысына жуығы жанып, тек төсек орындары тұрған жердегі
бөлегі ғана аман қалды. Поликсена шай əзірледі.
— Яннакис, төсегімді тас үйге алып бар,— деп əмір етті Генри.—
Оған Шлиман ханымды жатқызамыз. Ал, қалғандарың тез барып киініп
алыңдар, таң атысымен мынаған жаңа еден төсеуіміз керек.
Күннің ызғары алты күнге шейін қайтпады.
Апрельдің бас кезінде ауа райы əбден жақсарды. Генридің
қарауында қайтадан жүз елу адам жұмыс істей бастады. Мұнараның
жоғарғы жағынан бір үй кезікті. Бөлмелерінің саны сегізден асады
екен. Тапқан олжаларының арасында түбінде металдың қалдығы
сақталған мыс қорытатын қазан, мыс жамбыларды құюға арналған
қалыптар мен қара, қызыл жəне қоңыр түсті көптеген қыш сынықтары
бар еді. Бір бөлменің еденіне теп-тегіс əк тақталар төселіпті. Басқа
бөлмелердің қабырғаларының бəрінде де қара дақтар бары байқалды.
— Ал, мына бөлмелердің еденіне ағаш төселген. Өрт шалып,
қабырғаларының төменгі жағы қарайып қалыпты,— деді Генри.
Пасха мерекесі келіп, гректер той тойлауға деревняларына кетті.
Ұлы бейсенбі күні Софья таң қараңғысынан тұрып, шығыс жаққа
қараған терезелеріне қызыл мата керіп қойды. Поликсена жұмыртқа
пісіріп, оны қызылға бояды. Софья ақ доғаш пісірді. Кешкісін Тауратты
қолына алып, икон алдына тізесінен түсті де, Інжілден құштарлық
жайлы оқыды. Құштарлық жұмасында олар ораза ұстады. Сенбі күні
ертеңгісін Софья икон тұратын сөреге қою үшін жазықтан гүл теріп
келді. Кешкісін дөңгелек тəтті нан пісірді. Яннакис ас үй жанындағы
кішкене қашада арнайы семіртілген тоқтыны сойды. Жексенбі күні
Софья икон алдына шырақ жағып, мерекелік түстікті Поликсена мен
өзі пісіретін боп Яннакисті көндірді.
Мерекелерден кейін Софьяның бригадасы айта қаларлықтай олжаға
жолықты: сұр граниттен жасалған, биіктігі бес футтай құрбандық
шалатын сайман тапты. Бауыздауға арналған жоғарғы бөлегі жарты ай
түрінде жасалған-ды, төменде қақ ағатын жасыл сланец науасы бар еді.
Сайман тамаша сақталыпты.
— Бұны осы күйінде қалдырайық. Келгендер көрсін,— деп ұйғарды
Генри.
Софьяның участогі олжаға бай көрінгесін Генри оған тағы да
оншақты жұмысшы қосып берді, өзі де одан алшақ кетпей, таяу маңда
жұмыс жүргізді. Үміті ұзамай-ақ ақталды да: олар толықтай сақталған
екі қаңқа тапты. Бұл — жауынгерлердің сүйектері тəрізді көрінді,
өйткені жандарында жылқы қылынан айдар таққан дулығалары мен
мыс найзалары жатыр еді. Генри «Илиаданы» парақтады.
Троялықтардан алғашқы боп Антилох жауды түсірді:
Сауыт киген Эхополды — Фализий батыр үмбетін,
Удар-дудар дулығадан жедел келіп түйреді.
Тесіп өтті маңдайын...
Бақылаушы келіп,
қалдыруға рұқсат етті
құрбандық
шалатын
сайманды
орнына
— Қаңқаның біреуін алмайсыз ба?- деп сұрады Софья қандай жауап
боларын білсе де.
— Жоқ, қажет емес.
— Ендеше, тіпті жақсы. Екеуін де өзімізбен бірге Афиныға алып
кетеміз.
Генри ұста шақыртып, үлкен жəшік жасатты. Күндіз қаңқаларды
соған мұқияттап салып, жұмыс бөлмесіне апарып қойды. Кешкісін
қаңқалар суретін салып отырған Лемпессис Генриге:
— Қандай үлкен əрі сонымен қабат сопақ бас-сүйектер. Бұндайды
көріп тұрғаным осы. Доктор, бəлкім бұлардың түрін өзгерткен мына
ауыр дулығалар болар?— деген сұрақ қойды.
— Олай деп ойламаймын. Өйткені, олар мұны тек шайқас кезінде
ғана киген ғой. Əйел бас сүйегіндегі ұсақ тістер тəрізді бұл да бір
троялықтардың өзіндік ерекшеліктері шығар.
Лемпессис пен Фотидисті босатқаннан кейін Генри Софьяға өзінің
ойына оралған жорамалдары мен болжамдарын айтып берді.
— Жауынгерлерді мұнараның үстіңгі жағынан таптың. Приамның
сарайы мұнарадан онша қашықта болмағаны жəне одан қосарлы Скей
қақпасына қарай жəне одан əрі жазыққа, майдан алаңына қарай тас
төселген жол өтетіні мəлім. Құрбандық шалатын сайман мен қаңқалар
мұнараның шығыс жағынан табылды. Əлгі жол мен Скей қақпасы
оның батыс жағында, Троада бетінде болуға тиіс.. Ертең таңертең сол
бетке жұмысшылар болу керек.
Арада төрт күн өткен соң, 9 апрель күні, олар жолды да тапты. Жанжағын кеңейтіп қазып, тас төселген бұл жолдың ені он жеті фут екенін
анықтады. Генри жүрегі жарылардай қуанды. Оның лепірген көңілі
жүмысшыларды да шат сезімге бөледі. Жұмысшылардың
шаттануының тағы бір себебі — жұмысты жақсы істегендері үшін
жəне тəуір олжа тапқандары үшін Генри оларға жиі-жиі үстеме ақы
төлеп тұратын. Күйеуінің көрегендігіне таң-тамаша болған Софья
төменірек түсіп, қабырғаның шетіне кеп тоқтап, топырақ пен қоқыс
тиелген қол арбалардың жан-жаққа жедел жол шегіп жатқандарына
қадала қарап қалды.
— Енді жолды қалай қарай тазартпақсың — төменге жазыққа қарай
ма, əлде жоғарыға, Приам сарайына қарай ма?— деп сұрады.
— Фотидиске алпыс адам береміз, төмен қарай, жотаның етегіне
қарай қазады: сол жерде Скей қақпасы болуға тиіс. Ал, өзім жүз
адаммен жоғары өрлеймін. Мұншалықты əдемі етіп төселген жол
міндетті түрде жотаның биігіндегі ғимаратқа барып тірелуі керек.
Отыз үш футқа созылатын жолды тазартып, жазыққа жетуі үшін
Фотидиске бір аптаға жуық уақыт қажет болды. Қақпа дегеннің қарасы
да көрінген жоқ! Оны өртеніп кетті деп есептегеннің өзінде
құрсаулары мен болттары сақталуға тиіс еді ғой!
Кешкісін Шлимандар əріптестері тамақтанып жатқан ас үйге келіп,
жұртпен бірге асқа отырды.
— Сөйтіп, ешқандай қақпа жоқ дейміз бе?— деді Генри.— Неліктен
олай?! Егер мен қамал қақпасына қарай тықсырылып келе жатқан
армияға қолбасшылық еткен болсам, қосарлы қақпаны жотаның
етегіне қойған болар едім. Өйткені, оған жаудан бұрын өз солдаттарым
мен əскери күймелерім еніп алуы керек қой.
Ертеңгісін Генри жолдың басталатын тұсы осы-ау деген шамаға
шейін жотаның бойымен жоғары қарай қанша жер өрлеуі керегін
есептеп көрді. Өзі Приам сарайы деп қалтқысыз сеніп жүрген «зор
ғимараттың» орналасқан жері де сол арада болуға тиіс еді. Осы есебі
бойынша оған жотаның түріктерге тиесілі жағынан жетпіс сегіз
шаршы фут жер қазу керек екен. Жолшыбай ол бірінің үстіне бірі қымқиғаш орналасқан кейінгі қабырғалардың үш қатарын аршып алды:
шамасы, кейінгі құрылысшылар бұл жерде өздерінен бұрын да
құрылыс жүргізілгендігінен бейхабар болған болса керек. Кейін
салынған грек қаласының қалдықтарын қазып жатқан Генри Мысыр
иероглифтері жазылған вазаны тауып алды. Бұл Троя мен Мысыр
арасында сауда байланысының болғандығын дəлелдейтін. Соның
сүйісіп жатқан ғашықтардың барельефтік бейнесі бедерленген
табақша жарық дүниеге шықты; мүсінді шебер қолдың жасағаны
айтпай-ақ аңғарылып тұрған-ды. Жиырма фут тереңдіктен Генри бір
үлкен қыш тостақтың тұтқасын тапты. Тұтқа бұқаның əсем етіп
жасалған басымен көркемделіпті. Софья қол шапалақтап жіберді.
— «Тана көзі жалтылдаған əйел құдай Гера» есіме түсіп кетті.
Генри жеті текше ярдқа жуық топырақты тазартқан кезде үлкенүлкен үйдің қалдығы жалаңаштанды: кейін салынған жаңалауы
үстінде, көнелеуі астында орналасқан еді. Екеуі де өрт кезінде құрбан
болыпты: айнала-маңы күл-күбір мен өртке шалдыққан қоқыстан
көрінбейді. Төменгі үйдің қабырғалары қалың да қомақтырақ еді, əрі
нақ жолдың үстінде тұрған.
— Адамдар жолды мына көне үйді салған кезден-ақ пайдалана
бастаған боп тұр ғой.
Софья да өз ойын айтпақ еді.
— Егер жол тура Приам сарайынан шығатын болса, онда...
— Əзірше бəлен деу қиын. Қосарлы Скей қақпасы қайда?! Ол
жотаның етегінде болуға тиіс еді ғой.
— Неліктен оны міндетті түрде сонда болуға тиіс деп ойлайсың?
Жолды жоғары қарай əлі түгел аршып біткен жоқпыз ғой,— деп Софья
оны жұбатпаққа əрекет етті.
Генри оған ашулы көзбен жалт қарады.
— Бəрібір бұл жол бізді көздеген жағымызға апармайды.
— Гомерге сенсек, солайы солай. Бірақ, ол соғыстан кейін екі жүз
жыл өткен соң жазған еді ғой. Екі жүз жыл ішінде мұндағыны тегістей
жаңартып жібергендері анық. Гомердің өзі қақпаны көрмеуі де мүмкін.
Тарихи шындыққа нұқсан келтірмегенімен, халық қаперінде қалған
естелікте қақпа қырық-елу футқа былай ығысып тұруы əбден ықтимал.
— Бұның құлаққа қонымды. Қақпаның аты да сол аңыз арқылы
жеткен еді ғой...
Кейіндеу салынған үстіңгі үйді бөлшектеуге бірнеше күн кетті.
Төменгі үйдің дөңестеу жерде тұрғызылғандығы анықталды. Бұл оның
маңызды мекен екендігінің белгісі еді. Бір мезет үй қабырғаларының
арасындағы ашықтан орасан үлкен мыс ысырмалар көзге шалынды.
Генри сол бойда-ақ Софьяны шақыртты. Софьяның жұмысшыларына
да жеңіл тиіп жатқан жоқ еді: қайта-қайта қабырғаларға кезігіп, жолды
тазартуды баяулатып алған болатын.
Ысырмаларды қолына қыса ұстап тұрған Генри жүгіре басып
жеткен Софьяға тас қабырғадағы ойықты нұсқады. Бір кезде бұнда
жарма топсалары бекітілген-ді.
— Құдайым-ай! Скей қақпасын тауыпсың ғой!— деді Софья
қуаныштан жылап тұрып.
— Əзірше тек біреуін ғана таптым. Енді екіншісін табуым керек.
Генридің қатты толқып кеткені соншалық, тіпті, Софьяға тіктеп
қарамаған да еді.
Қабырғаны бойлап он жеті фут жоғары өрлеген Шлимандар екінші
қақпа бекітілген орынды да тапты — бұл көне үйден бес-ақ футтай
жерде екен. Генриді айналдыра қоршап алған жұмысшылар қақпа
орналасқан орынға зер сала көз тігіп тұрды.
— Қақпа неліктен үйдің қабырғасынан ойылған? Жауынгерлер мен
ат жегілген əскери күймелердің үйді көктей өтуі мүмкін емес қой?—
деп сұрады Софья.
Генри титтей де тосылған жоқ.
— Екінші қақпа үлкен ішкі аулаға қаратылған. Көшелер осы арадан
бастау алып, сан тарамға бөлініп қала аралап кететін болған. Гомердің
былай дейтіні бар емес пе:
...екпіндей басып шықты Гектор үйінен,
Келген ізбен, жинақы сəнді жолменен
Жақындап та қалды жайлап, Трояны жалпақ қақ жарып,
Қақпасына Скейдің (қаладан шығар жол еді бұл жазыққа)
Осы жерден аяулы жары Андромаха жолықты оған
асыққан...
Сілесі қатып шаршаған Генри түнімен көз іліндіре алмады.
— Үйдің қақпадан жоғарырақ тұруы жəне оның анау-мынау емес,
алапат үлкен үй екені бұның Троядағы ең елеулі құрылыс
болғандығына ешқандай күдік қалдырмайды-ау деп ойлаймын.
Шайтан алғыр, Приамның сарайы осы емей не дейсің!
— Бұл Приамның сарайы болса, онда оның астында қазына
сақталған қойма болуға тиіс қой.
— Шанаққалаға барып Зибрехті алып келуім керек боп тұр — жолды
жəне қақпа орналасты-ау деген жердің белгілерін суретке түсіру қажет.
Мосье Пиаға телеграмма жолдап, Лоранды жіберуін өтінемін:
қазбаларымыздың планын жасап, акропольды тұтастай аршып алуға
əзірлік жүргізуіміз керек.
Қазір ғой біз түріктерге тиесілі бөлекте жүрміз, егер акрополь
Фрэнк Калверттің участогын қамтитын болса қайтпекпіз?— деді
Софья абыржып.
Генридің қабағы түсіп кетті.
Онымен татуласуға тырысып бағамын. Бірер күн менсіз тұра аласың
ғой?
— Яннакистен Поликсенаны сұрап алармын.
Генри таң қараңғысында жүріп кетті: жол қашықтау еді. Софья ерте
тұрып, күні бойы сарай қабырғаларының ішкі бетіндегі қазба барысын
бақылады. Түскі тамағын Поликсенаның мылжыңын мəз бола тыңдап
оңаша ішті де, кешкі асын жұртпен бірге ас үйден ішті. Поликсенаның
ыдыс-аяқтарды жинап болуын тосып отырды да, болғасын оны ертіп
тас үйге оралды. Келгесін үйіне хат жазды, жаңа олжаларды журналға
тіркеді. Яннакис кіріп, сағат он бірге таянғанда үсті-үстіне есіней
бастады.
— Сендер ұйықтай беріңдер,— деді Софья.
— Қаласаңыз қасыңызда қалайын,— деген тілек білдірді Поликсена.
— Рақмет, қажет емес. Яннакисті ұйықтата бер.
Түн ортасында төсегіне жатты да, сол бойда ұйықтап кетті. Біреу
түртіп қалғандай оқыстан шошып оянғанында қанша уақыт
ұйықтағанын бірден біле алмаған. Жанында біреу жатыр еді, ал кім
екенін тас қараңғыда анық ажырата алмады. Іле керемет сасық иіс
қолқасын қапты: Фотидис сондай нас жігіт-ті. Софья шошынып, не
істерін білмей қатты да қалды. Фотидис оны құшақтап бауырына
тартты. Сол мезетте Софья да жанталаса қимылдап қарсылық көрсете
бастады. Фотидис өлерменденіп сілекей-сілекей ауызын жақындатпақ
болады. Софья оны бетінен бар күшімен ұрып жатыр. Жып-жылы боп
аққан қаннан қолы да былшырап кетті. Фотидис басын сілкілеп қойып,
бірнеше рет боқтап алды.
— Яннакис! Мұнда кел! Мұнда!— деп айқайлады Софья.
Фотидис алақанымен Софьяның ауызын жапты. Софья саусағымен
оның көзін шұқып алды да, анау ауырғаны жанына батып ойбайлап
жіберді.
— Яннакис! Яннакис! Мұнда кел!— деп айқайлады Софья.
Тағы бір боқтап алған Фотидис оның қолын қайыра бастады. Софья
ақырғы қайратын жұмсап жанұшыра тайталасып жатты.
«Құдайым-ай, мына есалаң мені шынымен-ақ зорлап кетер ме екен»,
деп ойлады дəрмені құрып бара жатқан Софья.
Есік айқара ашылды. Жартылай жалаңаш Яннакис пен оны өкшелей
басып Поликсена кіріп келді. Фотидисті көрген бойда Яннакис оны
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 20
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.