Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 09

Total number of words is 3988
Total number of unique words is 2436
30.5 of words are in the 2000 most common words
45.0 of words are in the 5000 most common words
52.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Маған егжей-тегжейін көрсететін карта керек.
Ал, бұны телеграф жібере алмайды. Сəл шыдай тұрыңыз, екі-үш
күннен кейін бірыңғайланып қалар.
Генри жəрдем сұрағандай Софьяға жалынышпен көз тікті.
Əйелдердің мұндай əңгімеге араласуы əдепсіздік болса да ол тəуекел
етуге бел байлады.
— Мəртебелі мырза, осынша уақытты қалайша босқа өткіземіз?
Өйткені, бүгін жиырма жетінші сентябрь ғой. Қателеспесем, қара
жаңбырлар сіздерде ноябрьде басталады-ау деймін?
— Дəл солай, миссис Шлиман. Көз аштырмайтын қалың жаңбыр
басталады.
— Олай болса бізге əр сағат қымбат екенін өзіңіз де түсініп отырсыз
ғой. Бəлкім, қазба жұмыстарын бастай беруге рұқсат етерсіз де,
пəрменге жаңа карта келіп жеткен соң қол қоярсыз?
— Егер рұқсат етілмеген жерден қаза бастасаңыздар қайтпекпіз?
Онда мені ыңғайсыз жағдайда қалдырасыздар ғой.
«Құдайым-ай, бұл кісі орынымнан айрылып қалам деп қорқып
отыр-ау»,— деп ойлады Софья кең де жақсы жабдықталған, биік
терезелері бұғазға қаратылған кабинетті көзбен шолып тұрып.
— Губернатордың да жағдайын түсінуге болады. Оның
Константинопольға бүгіннен қалдырмай сұрау салатынына кепілмін,
— деді Софья былай шыққасын.
Генри бірдеңе деп міңгірледі де қойды. Қызбалығы барын еске
алғанда бүгін ол өзін өте өнегелі ұстады деп шешті Софья.
- Жүр, Калверттердікіне барайық. Бұл арадан онша алыс емес,—
деген ұсыныс айтты Генри.
Қаланың жарыса жүгірген бас көшесінен олар биік темір қақпаларға
қарай бұрылды. Жоғарыға тепкішектер ойып өрнектелген доға тəрізді
есікке барып тірелді. Сол жерде бұлар да тоқтап, төңіректеріне көз
тікті. Бес десятинаға бақ үш жағынан бірдей бұталармен жəне биік
теректермен қоршалыпты. Сондай-ақ, Англияның көп турлы
картасының формасында жасалған шағын тоған, фонтондар,
гүлзарлар, кішкентай театр, гүлді бұталармен көмкерілген соқпақтар
мен ашық верандасы бар балалар ойнайтын үйшік көздеріне
шалынды. Олар қай тұсқа көз тоқтатарын білмеді — бұлардан басқа
тағы да көлеңкесі қою күнсаялар, ат қоралар мен ит қоралар бартұғын... Жəне қайда қарасаң да жасыл желектен көзің сүрінетін..
— Өмірімде бұдан асқан əдемі парк көрсем неғылдейсің.
— Бұрын бұл ара батпақты сай-сала болатын,— деп мырс етті
Генри.— Жаңбырдан кейін жарты жыл бойы су кілкіп жататын. Фрэнк
Калверт бұны арзан ақыға сатып алды да, жақын жоталардан
мыңдаған арба топырақ əкеп төкті. Сосын өз семьясына арнап парк
орнатты.
Жиырма бөлмелі зəулім үй итальяндық Ренессанс стилінде
салыныпты. Терезелері ойып өрнектелген тас карниздермен
көмкеріліпті. Екінші қабатта, нақ ортада, балкон бар. Оған əйнектелген
үш жарма есік қаратылған.
Малай оларды ішке кіргізді. Асхана мен кітапхана терезелерінен —
парк көрінеді екен, ал қонақ бөлме мен жатын бөлмелердің
терезелерінен қараған адамның жанары Дарданелмен оның ар
жағындағы Галлиполь түбегінің жасыл жоталарына қарай жүгіріңкіреп
кетеді екен.
— Мен де Панепистимудан дəл осындай үй салдырсам деймін. Бірақ,
біздің үйіміздің терезелері көне Фалерон мен Пирейге қарайтын
болады.
Фрэнк Калверт оларға музыка бөлмесінің балкон жақтағы есігінің
алдынан жолықты. Жел тұрып, теңіз толқып, тас төселген серуен
жолдарына жасыл балдырларды құшақ-құшағымен шығарып жатқанды. Калверт көзі қап-қара, сиректеу мұрты бар, жұқалтаң келген сұңғақ
блондин екен. Үстіне костюм киіп, галстук тағып алыпты, бəтеңкелері
де жалтырап тұр — дəл қазір лордтар палатасына кірсе де
болатындай. Түрі жас көрінеді, қырық үште деуге ауыз бармайды.
Бірақ сыртқы салиқалылығына қарамастан Софья оның бойында
əлдебір жүрек жабырқатар салқындық барын аңғарғандай болды.
— Ақыры келдіңіздер-ау əйтеуір! Миссис Калверт екеуіміздің күтекүте төзіміміз таусылып еді.
Фрэнк те, алдыңғы екі ағасындай, Мальтада, ағылшын консулының
семьясында дүниеге келген. Үлкендері Фредерик те консул болып,
інілеріне Троадаға баратын жолды ашып берген. Ұзамай-ақ мұнда оны
өкшелей басып Құрама Штаттардың тұңғыш консулдық агенті,
ортаншылары, Джеймс Калверт жол шекті.
Ағайынды үшеу Троада жерінің едəуір бөлегін иемденді.
— Ғыссарлыққа аттанғанша мұнда қанша уақыт болмақшысыздар ?
— Губернатор Константинопольдан жаңа картаны алғанша, үштөрт күндей болатын шығармыз.
— Ендеше, біздікіне түсіңіздер. Мұнда тəуір қонақ үй жоқ.
Заттарыңызды əкелуге күйме жібертейін.
Асықпай ішілген түскі астан кейін мадам Калверт өзін сағынып
қалған балаларына кетті де, күйеуі қонақтарын кітапханаға қарай
бастады. Кітапхана тұтасымен Англиядан, қала сыртындағы əлдебір
сарайдан көшіріле салынғандай еді: бөлменің қабырғалары Вальтер
Скоттың, Вордсворттың, Теннисонның, Диккенстің, Теккерейдің
кітаптарына сықасып тұр. Былғары мұқабалардың сыртындағы алтын,
күміс, қызыл əріптер көзді қариды. Фрэнк каминге от жағып, қызыл
былғары креслоға кеп жайғасты.
— Ұлы мəртебелі королева үкіметіне жолдаған өтінішіңіздің
жағдайы нешік?— деп сұрады Генри.
Аз-кем үнсіздіктен кейін Калверт оған жалынсыз жанармен көз
тікті.
— Сол баяғы күйде... Алға жылжытайын деп қанша əлектенсем де
болатын түрі жоқ. Зайыбыңыз менің жағдайым жайында білетін бе
еді?
— Оған ештеңе айтқан жоқ едім.
— Ендеше, басқа біреу қара күйе жаққанын күтіп отырмай өзім-ақ
баяндап берейін.
Ол салмақты креслосын бұрып, Софьяға қарама-қарсы орналасты.
Қазіргі дəулетіме бұдан он бес жыл бұрын, Қырым соғысы кезінде
ие болғам. Ол кезде түрік жəне грек тілін білетін мұндағы жалғыз
ағылшын мен едім. Ағаларымды есепке алмаймын - ресми қызмет
атқарғандықтан олардың ештеңеге араласуға қақы жоқ-ты. Сөйтіп,
Британ флотын азық-түлікпен жабдықтай алатын адам жалғыз өзім
боп шықтым. Бұл іске мен бар ынта-шынтаммен кірістім — Кіші
Азияның бұл бөлігіндегі бірде-бір бас қой мен бірде-бір қап астық
менің ықтиярымсыз сатылған жоқ. Егер мен болмасам, Дарданелдегі
флотымыз аштыққа ұшырар еді де, орыстар соғыста жеңіске жеткен
болар еді. Тəп-тəуір табысқа ие болған шаруалар өз рыноктары жайлы
ойларын былай жиып қойды. Соған орай менің де үкіметтен
жоғарылау баға сұрауым заңды еді. Соғыс аяқталған соң олар мұнда
арнаулы комиссия жіберді. Комиссия азық-түлікті қандай бағамен
сатып алғаным жайлы мəлімет жинап, төрт жүз проценттен табыс
тапқан деп шығарды. Бұны алыпсатарлық деп жариялап, Лондонда
сыртымнан сот жүргізіп, сатқын деп кінəлап, өлім жазасына кесті. Ал,
соғыс жүріп жатқан кезде,— деп қосып қойды ол аз-кем үнсіз
отырғаннан кейін,— бұл бағаға олар қуана-қуана келіскен болатын,
өйткені басқа амалдары жоқ-ты...
Оның бойындағы салқындықтың себебін Софья енді ғана
түсінгендей болды. Жиырма алты жасында, əлі өндір жас кезінде,
баюдың сəті түсіпті; саспай, сабырлы əрекет етуінің арқасында
миллионер боп шығыпты. Шынтуайтында, бұл күнде ол Троаданың
аса бір ықпалды төресіне айналған болатын. Жұмыс істеуге деген
қажеттілік те өз мəнін жоғалтқан. Ал, ақшасын Британия үкіметінің
құрығы жете алмайтын жерде — Швейцария банкілерінде ұстайтын.
Өздеріне бөлінген жатын бөлмеде екеуден екеу қалған кезде Софья:
— Қандай таңқаларлық жағдай! Мистер Калвертті ағылшындар өлім
жазасына кесіпті. Дəл осындай істерің үшін орыстар саған қошемет
көрсеткен еді ғой,— деді.
— Біз түрлі процентті қанағат еткен адамдармыз, Софья. Фрэнк
британдық флотқа тапсырған азық-түліктерінің əр партиясынан төрт
жүз процент таза пайда алып отырды. Мысалға, бір отар қойға жүз
доллар төлеген болса, бұны ағылшындарға бес жүзге сатқан. Төрт жүз
долларды қалтасына басқан.
— Ал, өзің қанша тауып ең?
— Біршама бар-ды. Өйткені, соғыс жағдайымен де санасуға тура
келген. Белгілі бір мөлшердегі жүкке жүз доллар төлесем, орыстардан
шамамен екі жүз елу сұрадым, яғни жүз елу немесе сол шамадағы
долларды пайда қылдым. Соғыстың аяғына қарай төрт жүз мың доллар
таза табыс алдым. Фрэнктің бағасымен сатсам мен де миллионға
жақындатқан болар ем. Бірақ, мені қанағатшылдық тəрізді абзал
қасиет танытты деп ойламай-ақ қой, бұл арада басқадай ескеретін
жағдайлар болды. Фрэнк қандай да бір бəсекеден тыс еді — үкімет
белгілеген жабдықтаушылардың қай-қайсысы да жүз долларға бір
отар қой сатып ала алмайтын. Ал, Петербургтегі саудагерлердің
көпшілігі-ақ патшаға индиго жеткізіп бере алатын. Сондықтан,
бағамды белгілеген кезде бəсеке жағдайын есте ұстамасыма болмады
дандайсуға салынсам барлық келісімшарттарымнан айырылатын едім.
Менің Россияда сый-сияпатқа бөленуімнің, ал Фрэнктің өз отаны —
Англияда сатқын атануының мəні, міне, осында.
— Генри, сен өзіңді тым төменсітіп жібердің. Сен тіптен өзгеріп
кеттің.
— Айналайын, мен жайында жаңылыспа. Менің қайтадан құр алақан
қалған кезім болған жоқ. Байлығымның бастамасын Қырым
соғысынан əлдеқайда көп бұрын, сауда істері арқылы жасадым. Сосын
оны Сакраментода екі есе арттырдым. Бұл — Калифорниядағы бір
қалашық. Оған інімнің басына ескерткіш қойғалы барғам. Ол безгектен
қайтыс болған. Өте бір қолы солғын жігіт-ті. Артында қалған
мүліктерін ыңғайластырмақ ойым бар еді, бірақ серігі барлық ақшасын
алып тайып тұрыпты.
— Алтын өндіретін кен орындары жайлы маған ешқашан ештеңе
айтқан емессің. Бірақ, онда үлкен табысқа жеткеніңді білемін.
— Табысқа жеткенім рас, бірақ мен алтын іздемегем. 1851 жылы
Панама мойнағы арқылы Сан Францискоға барғанымда кен
орындарында ине шаншар жер жоқ-ты. Сакраментоға келген алтын
іздеушілердің көпшілігінің қалтасында көк тиын қалмапты. Бұларға
азық-түлік пен құрал-жабдық қажет еді, ал оларға кредит беруге ешкім
тəуекел етпейтін. Өйткені, бұлар.алған аванстарын қайтара қояды
деудің, үміті аз-ды. Айына он екі процент əдеттегі шарт болатын.Мен
Ротшильдің Лондондағы банкісімен хабарластым да, өз банкімді
аштым. Салғаннан-ақ тасым өрге домалай жөнелді. Қырым соғысы
басталар қарсаңда артарлықтай айналым капиталым бар-тұғын. Ақша
ақшаға қарай жүгіреді, деген сөздің жаны бар, ақылдым. Əйтсе де
қанағат ететін де шақ туған: үш еселенген балығым бір Трояны қазып
шығуға əбден жететін. Сөйтіп, міне екеуіміз осында келіп, Дарданелға
көз тігіп отырмыз, алдымызда ұлы істер күтіп түр.
Жұмсақ жүн одеялға қымтаныңқырай түскен, көзі ілініп бара жатқан
Софья:
Жарылқайын десе жасағанның жолына кім көлденең тұрсын,— деп
күбірледі.
Константинополь картаны салып жібергенше азапқа толы он бір
күн өтті. Бұған жұрттың бəрінен көбірек қуанған адам, шамасы, Генри
Шлиман қыр соңынан қалмай қыңқылдап əбден зəрезеп еткен
губернатор болса керек. Софья уақытын миссис Калвертпен бірге
өткізіп жүрді. Əйелдер кітап оқып, паркте қыдыратын. Ленч пен кешкі
шай оларға сонда апарып берілетін. Кешкі шай «ағылшынша» деп
аталатын: бой сергітетін қара шаймен бірге помидор немесе қияр
қосылған сэндвичтер, май мен джем, күлшелер əкелінетін. Калверттер
шалқыған бай тұрмыс кешіп жатқан-ды, өздерінің малайлары,
күзетшілері, бағбандары бартын. Шұғыл шаруаларын сылтауратқан
Генри ұзақты күн қаладан шықпайтын. Софья оның шамалы іске бола
шарқ ұрып, соған бар көңілі мен пейілін жұмсай білетін қабілетіне
сүйсінетін. Өйткені, дəл қазір оған қандай да болса əйтеуір бір іспен
шұғылдану қажет-ті. Бірақ, Генри бос жолдыбай шапқылап жүрген
жоқ-ты: құрал-жабдықтарға арналған берік арба, жол жүруге жайлы
күйме, сонымен бірге қазба жұмыстарына қатысып, табылған олжаның
жартысын Оттоман музейіне бөліп тұратын бақылаушы жалдаған. Бұл
бақылаушының есімі Георгий Саркис болатын; ұлты армян еді, сот
кеңсесінде екінші секретарь боп істейтін. Генри оған күніне жиырма
үш пиастр (бұл тоқсан екі центке тең) еңбек ақы төлеп тұруға уəде
берді.
Губернатордың пəрменге қол қою салтанаты сəскеде өткізілді.
Софья мен Генри ертерек түстеніп алған. Калверттермен құшақтасып
қоштасқан соң, Қыр бұлаққа қараңғы түскенше жетіп алмақ оймен
сағат екіге қарай жолға шықты. Қол арбалар мен күректер, төсек-орын
мүкəммалы жəне басқа да жабдықтар тиелген ырдуан арбалары
бұрындау кеткен. Жол біраз уақытқа дейін жазықпен, Дарданелді
жағалап жүріп отырды. Көкпеңбек аспан көкпеңбек теңізбен астасып,
күн ыстық жалын төгіп тұрды. Міне, енді тау жоталары да жақындап,
биік асуларда аттары мыңшыңдай бастады. Генри күймеден түсіп,
жанына ілесіп жүрді. Айнала маңдары тұтасқан жасыл орман болатын.
Қос қапталдарындағы ағаштар биіктен бастарын түйістіріп, бұларды
қоңырсалқын құшағына алып тұр еді.
Олар жолда бір-ақ рет қана аялдама жасады — Ренкей ауылына
тоқтап, кофе ішті. Ал, кешкі астарын ымырт жабылған кезде,
Калверттердің аспаздарына алғыс жаудыра отырып, күйме ішінде
ішті.
Үлкен жолдан ойқы-шойқы жайдақ жолға бұрылған кездерінде
төңірек əбден қараңғы тартып кеткен-ді. Бақыттарына қарай келе
жатқан жерлері жазық болатын, делбеші де жолды жақсы білетін.
Түнгі сағат тоғыздардың шамасында олар шырт ұйқыда жатқан Қыр
бұлаққа келіп кірді. Бұл бір жамау-жасқау саклялардан құралған, оңнан
да, солдан да көшелер кесіп өтіп жатқан жүдеу ауыл еді. Көшелері
балшыққа батқан лас болатын, əрі енсіздігі сондай жалғыз арбаның өзі
сығылысып əрең өтетіндей еді.
— Мынадай тас қараңғыда үйімізді қалай табасың?— деп сұрады
Софья.
— Ол осы ауылдағы жалғыз қос қатарлы үй. Мына қызықты қара, біз
əлі бірде-бір итті оятқанымыз жоқ, əйтпесе олар бүкіл ауылды
бастарына көтерген болар еді.
Ауылдың арғы шетінен бір ит шəу етті.
— Ұйқысыздықтан азап шегіп жатқан түрі бар-ау, шамасы,— деп
күбірледі Генри.
Сол-ақ екен, жан-жақтан абалап үріп берген дауыстан құлақ
тұнардай боп, құр сүлде бұралқы иттер арбаны айналдыра қоршап
алды.
Генри делбешіні иығынан түртті, сол мезет арба да тас дуалмен
қоршалған, лас аулаға қарай бұрылды. Софья оның бір бұрышынан
тандыр, екінші бұрышынан қамба орын тепкенін байқады. Бұлардың
екі аралығында төбесі ағашпен жабылған ұзын мал қора бар-ды.
Бүйірдегі есік ашылып, қолына май шам ұстаған үй иесі бой көрсетті.
Оның аты Драмали еді; үстінде етегі тізесінен асатын жүн көйлегі,
басында жатарда киетін телпегі бар.
— Күндіз де, түнде де тыным жоқ. Таң атқанша тоса тұрсаңдар нетті
деп күңкілдеді ол.
— Қай жерде тосамыз? Қойлардың жанында ма?— деп сұрады
Генри. — Қане, жарық қылыңыз, өз бөлмемізге көтерілейік.
Мұрын астынан міңгірлеген үй иесі оларды ағаш баспалдақ арқылы
Генридің Шанаққаладағы агенті жалдаған бөлмелерге алып келді.
Софья Афиныдан тəуір шамдар мен май ала шыққан, бірақ бұлар қазір
сейсеп, одеял, көпшіктермен жəне зиянкес жəндіктерге шашатын
улармен бірге арбада түнеп қалған. Софья көнетоз матрасты
тыжырына түрткіледі.
— Босқа əуре болма, Софья, олар бəрібір өріп шығады.
— Онда матрас əкелу керек еді ғой.
— Қандай ақымақпын! Əрине, сөйту керек еді! Тұра тұр, осы біздің
арбамыз да келді-ау деймін. Барып шам мен сейсептерді əкелейін.
Олар шамға май құйған соң, жарықта матрасты мұқият қарап
шықты. Жықпыл-жықпылының бəрі құжынаған қандала екен. Софья
янтарь майының ба талмаған бөтелкесін алып, заттарының арасынан
шөткесін іздеп тауып, матрастың жоғарғы беті мен бүйірлерін баппен
майлады. Болған соң Генри оны аударып берді де, бəрі де сол ретпен
қайталанды. Генридің өзі кереуеттің темір жақтауларын медициналық
жасыл спиртпен сүртті. Сосын шамның əйнек абажұрын алып тастап,
пілтесін шығарыңқырап, отпен шарпыды. Софья матрасты спиртпен
жəне бір сүртіп өтті де, бөлмені желдету үшін терезені ашып қойды.
Бірақ, терезеден таза ауаның орнына мал қораның иісі ғана кірген-ді.
Софья төсегінің бас жағындағы кішкене үстелге Құдай-ана иконын
қойды. Шамаданынан төсек киімдерін шығарды. Үйден əкелген
сейсептерінің шеттерін матрастың астына тығыздап енгізіп, үстіне екі
одеял жайды. Бас жақтарына зығырдан тоқылған жұмсақ матамен
тысталған екі көпшік тастады. Киім ілгіштерді ыңғайлады. Сосын
шамды сөндірді де, сілесі қатып шаршап, төсегіне құлай кетті.
— Ең болмаса қандалалар мазаламаса екен. Діңкем құрып жатыр,—
деді Софья жалбарынғандай болып.
— Таңертең құр аттай боп шығасың,— деп жұбатты Генри.
Генри оны оятқан кезде аспанның шығыс жақ бөлегі жаңа ғана
алабұрта бастаған.
— Тезірек киін, періштем, мұндағы таңның алғашқы шапағын
Ғыссарлық төбесінде тұрып көргенің дұрыс.
Софья бетін салқын сумен шылап, тісін жуып алды. Үстіне туыстары
тым қарабайыр деп тапқан, бірақ жұмысқа киюге əбден жарамды
қоңырқай шыт көйлегін киді. Аяғына Палермо, Неаполь жəне Рим
көшелерін кезген, ұлтаны қалың башмағын ілді. Генри қанша
асықтырғанымен, Софья төсек-орындарын жинап, сейсептері мен
одеялдарын төмен түсіріп, үй иесі əйелге кейін бəрін күнге жаю
керегін ыммен түсіндірді.
Сосын олар үй иелерінің жып-жылы ас үйінде отырып кофе ішті,
бірақ тамақ жеуге тəбеттері шаппады.
— Біздің Түркияда: ертеңгісін ұйқыға тойып тұрамыз, тамақты тек
күндіз ғана ішеміз деседі,— деп сөз қыстырды Драмали.
Генри хининнің əрқайсысы төрт грандық екі порциясын өлшеп
алды. Олар бұны күнбе-күн ертеңгісін ішіп тұратын болады, өйткені
жаз бен күз айларында Троадада безгек ауруы етек алады. Мал
қамайтын қаша қызметін атқарып тұрған аула арқылы өткен олар
жазық далаға шықты. Сонан соң тұрадан тура Ғыссарлыққа қарай
тартты. Бұл бір күтімсіз жатқан жер еді. Тек қойлар ғана жайылатын.
Таңғы ала-көбеңде жазықтың бетін сатпақ қар жапқандай əсер
қалдыратын. Софья аяқ астына еңкейе қарап, өз көзіне өзі сенбей
аңырып қалды: жердің беті уатылған қыш кесектерінен көрінбейді
екен. Кейбірінде тіпті бояудың ізі де сақталыпты. Софья жерден
вазаның тұтқасын, сосын мойынын тауып алды. Аздан соң сол маңнан
оның түбін, бүйір сынықтарын да тапты.
— Генри,— деді көңілі алабұртып,— тук түсінсем бұйырмасын!
Мұнда миллион сынық жатыр! Бірақ, бұның қоқыс тастайтын жер
емесі анық қой?
— Əрине,— деп езу тартты оның аңғалдығына Генри.
— Бұның аспаннан жаумағаны да белгілі. Ендеше, бұларды жер
бетіне жаңбыр жуып шығарған ба?
— Сен əлдеқашан құрыған қаланың жұрнағын аяққа басып тұрсың.
Софьяның үлкен қара көздерінде от ұшқындап, беті алаурап кетті.
— Сен, немене, аяғымыздың астында не жатқанын біліп тұрсың ба?
— Бүл арада жаңа заманның екінші немесе үшінші ғасырында
жасаған римдік үлкен қала жатыр. Археолог бұл жерден ұзындығы
тұтас бір мильге созылған көшелерді, үйлер мен дүкендерді,
ғибадатханаларды тапқан болар еді. Бірақ, бұны ешкім де қазбайды.
Себебі, атқаратын жұмыс адам айтқысыз көп, ал қала мүлдем жас,
еткен еңбекке татымайды.
Генридің аршынды адымына азар ілесіп келе жатқан Софья оны
қолпаштаңқырап қойды.
— Бұл əлгі өзің айтып жүретін тарих сахнасындағы nouveau
arrivee17 дейтіндердің қатарына жата ма?
— Дəл солай. Ал, біздер əлі ешкім таппаған, ешкім зерттемеген
цивилизациямен шұғылданбақпыз. Трояда адамзаттың алғашқы
мекені біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылы пайда
болды. Əйткенмен, Троя өзінің гүлдену дəуіріне тек Приам тұсында,
мың екі жүзінші жылы ғана жетті. Қолымызға күрегімізді алып осы
ғасырлар қабатына барғанымызда ғибадатханалары бізге олардың
ұстаған діндері жайлы айтып береді, таблицалары тілдерін үйретіп,
патшалар үрім-бұтағының тағдырын баяндайды. Қару-жарақтарын
қолға ұстап көріп, олардың өз жауларын қалай өлтіргендерін білеміз,
теңгелері қалай сауда жасағандарын айтып береді, жерлеу
урналарында сақталған ата-бабалары сүйектерінің күлі біздің
заманымызға жетеді. Салған үйлерінің іргетастарына ойлы көзбен
үңіліп, олардың қандай тұрмыс кешкендерін: тоқшылықта əлде
жоқшылықта тұрғандарын, тағамдарын қалай дайындағандарын,
нендей тамақ ішкендерін анықтаймыз. Алтын, күміс жəне қола
бұйымдары қол өнері қандай дəрежеде болғанын көрсетеді... Біз
олардың қазына қоймасын табамыз...
Осы айтылған əңгіменің өне бойында Софья оны үнемі қоштап бас
шұлғып отырды, сосын Генридің сөзін шынайы тербіреніспен əрмен
жалғап:
— Тарихтың ең қызықты кітаптары тасада тығылып жатыр
демексің ғой сонда? Ең беделді куəгерлер міне, мына жерде, ал,
олардың тілін табу өзімізге байланысты дегенді айтпақсың ғой?—
деді.
— Оған қоса біз күнбе-күн есеп беріп отыруымыз керек. Сен
қабілетті шəкіртсің, Софидион. Өзімнің докторлық дəрежемді
екеуімізге тең бөлемін, сосын сені Германияда «фрау доктор Шлиман»
деп атайтын болады.
— Бұл мен үшін тым зор құрмет қой,— деп мырс етті Софья.
Сыртынан қарағанда бұл қарапайым ғана жота болатын, əйтсе де
басқаларынан биіктеу əрі қомақтылау еді. Үстінде жайылған қойлар
шөпті ашқарақтана бырт-бырт үзеді. Жайпақтау келген оңтүстікшығыс беткейі тұтастай дерлік тақыр. Олар жоғары көтерілді. Жота
сексен футтай биікке бой созып тұрған-ды; солтүстік-батыс жағында
тағы да жиырма алты футқа жоғары өрлеп, төбесі жайпақтау боп
бітетін. Қойын дəптеріне көз жүгіртіп алған Генри бұрынырақта бір
келгенде жазып қойған өлшемдерін айтты: жотаның ұзындығы
шамамен мың футтай, ені жеті жүз футтан сəл артық екен. Тіпті осы
арада, жотаның нақ өзінде тұрғанда да, бұл цифрлар Софьяға
оншалықты ұғынықты болған жоқ. Бұны өзі жақсы білетін бір
нəрсемен салыстырып көруі керек еді.
— Бұл сонда Конституция алаңынан үлкен ғой, солай ма, Генри?
Ұзыны шамамен король сарайы мен Арсакейон аралығындай, ал ені
Акропольдай ма?
Генри оның осынша ежіктегеніне күлгенімен, жалпы алғанда бұны
дұрыс деп тапты. ;
Олардың арқа жағынан бейне бір өзінің дəл уақытында
көтерілгендігіне күдігі бардай, жайымен жылжып күн шығып келе
жатыр еді. Қақ алдарындағы Троя алқабынан — бір заманда қанға
бөккен үшбұрыш үстінен сарғылтым бу бұрқырай бастады.
Оңтүстіктен сарқыраған Скамандрдың жалпақ арнасы мен
солтүстіктен сылдыраған Симоистың жұқалтаң жылғасы күміс
қабыршақтанды. Күн көкжиектен биік көтерілген кезде Софья екі
өзеннің де Дарданелге барып құятынын, одан əрі Эгей теңізіне
жалғасатынын көрді. Тұла бойын толғаныс билеген ол көз алмай қарай
берді...
Батыс жақтарында бар болғаны үш мильдей жерде Эгей теңізі
толқып жатыр. Ал, солтүстік беттерінде, дəл сондай қашықтықтағы
Құмқаланың іргесінде Дарданелдің теңізге тоғытылар алдындағы
соңғы тыныш мойнағы бар-ды. Осы жағалауда ахей флоты өз
батырларын он жыл бойы күткен. Жақын маңнан бірнеше оба көрініп
тұр. Генри бұларға, халық ауызындағы аңызға қарағанда, Ахилл,
Патрокл, Аякс пен Приам жерленгенін айтты. Фрэнк Калверт
Приамның бейітін қазып көріпті, бірақ дəнеңе де таппапты.
Скамандрдың жарлауытты жағасын бойлап жеті түйеден құралған
керуен өтіп бара жатыр. Керуенді салт атты адам бастап барады. Генри
қолымен сол жақ қанатты нұсқады: сол тұста, жотаның биігінде, үрпиіп
Енишаһар деревнясы тұрған. Көне Сигей тап соның астында жатқан.
Оның ар жағынан Имброс, Самофракия аралдары көлбейді. Көк
аспанды қою түтінмен ыстап, Геллеспонттан Эгей теңізіне қарай
құнжың қағып қара пароход жол шегіп барады.
Жағалаудан екі мильдей жерде, əлгілердің сол жағында, оңтүстік
бетте, Тенедос (түрікше — Бозжанда) аралы жатыр. Софья гректер
Афина-Палладаға ағаш ат тарту етіп, Трояны қоршаудан босатып
үйлеріне қайтқан түр жасаған кезде, бүкіл ахейлік флот осы аралдың
тасасына, осының кең көсілген жалғауларына жасырынғанын еске
алды. Ағаш аттың ішінде Менелай, Одиссей, Ахиллдың ұлы Неоптолем,
басқа да ахей батырлары тығылып жатқан-ды. Троялықтар зілмəуір
атты Скей қақпасы арқылы ішке сүйреп кіргізіп, Акропольге алып
келеді. Көпті көрген адамдар бұны қамалдың солтүстік жақтағы
құлама қабырғасынан төмен тастап жіберуді талап етеді. Əйтсе де
бұған қарсылар дегендерін жасатпай қоймайды. Троя ұйықтап қалады.
Ахей флоты түнде мойнаққа қайтып оралады да, ағаш атқа
жасырынған батырлар оларға қамал қақпасын ашып береді. Трояға
баса көктеп кірген жауынгерлер «мəңгі қаланы» тұп-тұқиянын
қалдырмай өртеп жібереді. Ер адамдарын түгел дерлік қырып, балалар
мен əйелдерді құлдыққа айдап əкетеді. Қаланы талан-таражға
ұшыратып, артында үйінді тастар мен өрттің күлін ғана қалдырады.
— Ал, гректер болса Трояны жеңдік деп бөседі! Оларды арамдық
жасау арқылы арандатқан болсақ, оған мақтанатын не бар? Он жыл
бойы қоршағанда түк бітірмесек, ашық айқаста жеңе алмасаң, оның
несі мақтаныш?
Генри оны таңғы салқын желдің өтінен қалқалап, құшағына тартты.
— Трояны жеңу мүмкін емес-ті, өйткені ол құдайлар атасы Зевстің
қамқорлығында еді.
— Гректер троялықтарды асқан тапқырлықпен, бірақ арамдықпен
алған кезде құдайлар атасы қайда болған?
— Шамасы, əрі қарындасы, əрі зайыбы Гера алдап қармаққа
түсіргендегідей жағдайда болған шығар,— деді Генри аз-кем ойланып.
— Гомер былай дейді ғой:
Эгиохтың патшасын адастырсам қалай ақылдан
Деп Зевстің жұбайы танакөз ой толғатты.
Құдай əйел жүрегіне ақыры мына ой жақты:
Идадағы Зевске барса сəнмен киініп,
Бəлкім, жатар төсекке, махаббатқа мас болар,—
Бал қынабы əйелдің терең əрі тəп-тəтті,—
Ақылы мен ағзасын басар ұйқы бір қатты.
Зевс Гераны көрген бетте:
Жатамыз қазір төсекке, рақатқа бірге батамыз.
Гера, бұндай сезімді — құдайға жə пендеге —
Бастан кешіп көрмеген ем ешқашан!—
деп жедел жауап қатады.
Күйеуінің алабұртқан өңіне көз тіккен Софья: «Бір нəрсеге құлай
сенсе, сол бұның бар ықылас-пейілін баурап алады, басқаның бəрі
былай ысырылып қалады» деп ойлады.
Ал, Генри əңгімесін əрі жалғап əкеткен болатын:
— Қатты ұйқыға енген Зевсті Гераның құшағында қалдырған
Жанбаурағыш-ұйқы ахейліктер лагеріне ұшып барып, теңіз құдайы
Посейдонға белгі береді. Ол адам кейпіне еніп, ахейліктер сапының
алдына шығады. Сөйтіп, бұлар троялықтарды қан-жоса қып қырып,
қамал қабырғаларына қарай қайта тықсырып тастайды. Құдайлардың
адамдар ісіне араласуының нəтижесі, міне, осындай. Ал, троялық ағаш
атқа келсек, зымиян Гера Зевсті амалын тауып тағы бір алдарқатқан
болса керек...
— Жəне қалың ұйқыға батырғаны сондай,— деп еліге іліп əкетті
Софья,— оянғанында Троя тас-талқан боп қирап, ахейліктер үйлеріне
аттанып та кеткен ғой.
— Үйлеріне бəрі бірдей орала қойған жоқ. Микенге қайтып келген
Агамемнон сол күні-ақ өз үйінде өлім тапты. Менелай мен Елена ғана
Спартаға аман-сау жетті, бірақ оның есесіне Одиссей өзінің Итакасына
бару үшін азапқа толы он жылды басынан кешіріп, Пенелопаны көрсе
қызарлардан азар қорғап қалды. Сансыз көп грек қайтар жолда, теңізде
қырылды. Солармен бірге бағзы Грецияның айбыны мен атағы да
мəңгіге су түбіне кетті. Ұзамай солтүстіктен дорийлықтар тап берді,
одан соң ирониялықтар үстемдік орнатты. Микен цивилизациясы
күйреп, жаңа мəдениет жапырағын жайды.
— Сонда барлық оқиға осы жерден бастау алды ма?
— Иə, көгершінім, барлығының бастау көзі тап осы ара. Ертеңнен
бастап біз соны іздеуге кірісеміз.
Жотаның етегінен екі атты жетектеп келе жатқан қожайынның
үлкен ұлы бой көрсетті. Төмен түскен соң Генри Софьяның атқа
мінуіне көмектесті.
— Париж манежінде алған сабақтарыңның пайдасы тиетін кез осы
шығар,— деді Генри.
— Мен одан тек құлауды ғана үйреніп шықтым-ау деймін.
— Бұл өте жуас ат. Біз жаймен жүреміз.
Алдымен, ол Софьяға жотаның тіктеу беткейіндегі
бұлақтарды көрсетті. Бұлардың бірінен ыстық, екіншісінен салқын
су ағып жатыр еді. Троя əйелдері осы бұлақтардың басында
«жылтырақ киімдер» жуатын. Сосын Скей қақпасының жанында өскен
еменнің орынын көрсетті. Соғысты тезірек аяқтауға асыққан Гектор
Ахиллмен дəл осы арада жекпе-жекке шыққан еді.
— Қазір бізге жотаны үш рет айналып өту қажет. Ахиллмен жекпежекке бет алған Гектордың бойын үрей билепті. Сол себепті, қашан
өзін əйел құдай Афина тоқтатып, Ахиллмен сайысуға үндегенше
жанталаса жүгіріп Трояны үш айналып шығыпты. Трояның өмірде
болғандығына сенетін ғалымдар да жоқ емес, бірақ олар Трояның
тұрған орыны деп Бунарбашы ауылын атайды. Ал, сол Бунарбашыны
Гектор ешқашан да үш мəрте айналып өте алмаған болар еді. Оның
үстіне ол Геллеспонттан сегіз жарым мильдей қашық орналасқан.
Əйелдерге арналған ерде тербетіліп отырған Софья:
— Бір реті келгенде Бунарбашыға барып қайтсақ қайтеді? Трояның
онда орналасуы мүмкін еместігіне мен де көз жеткізейін,— деді.
Олар жотадан жырақтап кетті. Шамамен бір мильдей жүрген соң ояң
да аяқталып, олар еңістегі етегі теңізге барып тірелетін биік қыратқа
көтерілді. Ұзамай екеуі құдайлардың жаз жайлауы — Ида тауынан
бастау алатын арналы əсем Скамандрдың жағасына келіп жетті. Генри
аттарды терек бұтағына байлады. Шегіршін, үйеңкі, жыңғыл, қамыс
қаулап өскен жағалау қалың қорысқа айналыпты. Бейне бір бұрыннан
таныс орынға тап болғандай Софья жан-жағына жайбарақат көз
жүгіртті.
— Жан досы Патроклдың өлімі үшін Ахиллдың троялық
боздақтарды баудай қырған жері мынау екен ғой! Ахиллдың оларды
көп қырғаны сонша, мəйіттер арнаны бітеп, өзеннің теңізге барар
жолын бөгеп тастапты! Соған өзен құдайы қатты ашуланып, Ахиллден
өш алуға таудай толқын жіберіп, анау басын азар аман алып қалыпты,
— деді Софья. Сосын толғаныссыз, байыпты əуенмен:—Генри, жалпы
сол өзен құдайы деген шынымен болған ба? Мысалға, ол Ахиллды
артынан қалмай қуып, мына алқапты суға бөктіріп жібере алар ма еді?
— деп сұрады.
— Ол жылда қыстыгүні сөйтеді. Ноябрьде өзің де көрерсің.
Олар қайтадан атқа қонды. Батпақты жерлер молайып, теңіз лебі
айқынырақ сезіле бастады. Аттар ара-арасына қызғылтым гүлдер
өскен биік шөпті төсімен жапырып келе жатты. Софья аяғын өрге
қарай тартып, ылғал тимес үшін көйлегінің етегін жиыңқырап қойды.
Олар жоғарырақ көтеріліп, қарсы алдарынан жарты ай тəрізденіп
жалпақ көсілген құмдауыт жағалауды — Дарданелдің Эгей теңізіне
қосылар алдындағы соңғы мойнағын жолықтырды. Симоистың суын
сіміріп алған Скамандр да тап осы арадан теңізге тоғытылады екен.
Əріректен Құмқала ауылы көзге шалынады, оның қарсы бетіндегі
Галлиполь түбегінен шамшырақ бой созады.
Генри аттарды тұсап қоя берді де, шат дауыспен:
— Міне, гректер он жыл бойы орын тепкен лагерьге де келіп
жеттік! Троялықтар ахейліктерді кемелерге қарай тықсыра бастаған
шақта олар осы арадан қорғаныс қабырғасын тұрғызып, троялық
əскери күймелер өтіп кетпеуі үшін жағасына аран орнатылған .жалпақ
орлар қазған болатын. Əйткенмен, қабырғадан да, ордан да өтудің
орайын тапқан жекелеген троялық жауынгерлер ақыры ахей
кемелеріне от қойған,— деді.
Бұның бəрін Софьяның өзі де білетін, бірақ Генридің айтқысы кеп
тұрғанын байқап, қарсылық етпеді.
— Қабырға тұрғызылып, ор қазылғанға дейін троялықтар
табандылықпен шайқаса отырып, біраз «басымдыққа жеткен. Таң
атысымен жау тосқауылының тас-талқанын шығарып, гректерді
теңізге тоғытпақ оймен олар қараңғы түскен кезде шеп құрып далада
түнеп қалатын. Агамемнон Ахиллмен арадағы шатаққа өзі кінəлі
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 10
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.